Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Клуб знакомств
Участники клуба
Новый участник
Личные настройки
Помощь
Последние темы всех форумов:

Народ, кто знает хороших целителей в Астане...
Инвестиции в недвижимость...
Тегін ақша беремін.. ...
40-50 жастагылар танысу...
Дистрибьюция в Казахстане! ...
Дам деньги в долг без залога в Алматы...
Адал жар іздеу ...
Мусылман жігітпен таныскым келеді. ...
Суррогат ана керек ...
Императрица Казахская ...









Бизнес Номады

Беказат Ожанов / Участники клуба kazakh.ru

Псевдоним (Ф.И.О.): Бекзат ( Ожанов Беказат Ерланович )
Дата регистрации: 2017-06-02

Фамилия: Ожанов
Имя: Беказат
Отчество: Ерланович
Ник: Бекзат
Пол: мужской
Национальность: Казак
Дата рождения: 1996-07-06
Место рождения: Балхаш
Семейное положение: Холост
Страна проживания: Казакстан
Город проживания: Балхаш
e-mail: beka.969600@mail.ru
ICQ:  87471040910
Хобби: Работа
Немного о себе: Кому надо узнает
Ищу: Хочу прзнокомитса с хорошой воспитанной девушкой


Личная гостевая книга.

страницы:    1   

автор сообщение
annie
annie4luvly@hotmail.com
13-12-18 19:04
Сәлеметсіз бе
Мен ата-анндым, табиғатта бөлісетін және сүйетін өте жақсы көрінетін қыз, мен де өмірге және шыншылға арналған мейірімді адаммын. Мен сіздермен тығыз қарым-қатынаста болуға мүдделімін, себебі сіздің профиліңізді көргенде сізге ұнады. мені өзімнің пошта мекен-жайымда жазыңыз, мен сізді тыңдауға өте қуанышты боламын және сізге өзім туралы көбірек мәлімет беремін, сондай-ақ поштаңызды қайтарған кезде өзіммен бірге суретімді алмасамын. Сізден сүйіспеншілігіңізді естуді күтемін.
Кайсар
kaisar_sanim
28-03-13 12:12
Бекзат Саттарханов Алланын казакка жиберген мандайындагы жулдызы ет амал канша тагдырдын жазганы. Аллах ози берди ози алды конемиз барине бауырлар

той
87770721193
12-10-12 15:39
Асаба.музыкант.бейнетаспа.фототусирилим.(монтаж) бишилер(ар улттын)
Мырзабек
Ofthebest94@mail.ru
02-06-12 06:42
Ешким кирмейтин болганба сайтка?кирип турындар,сухбаттасайык агайындар,таныс болайык.
Мырзабек
Ofthebest94@mail.ru
01-06-12 17:53
Айсулу Саттархановага.сизбен хабарласып Бекзат агам жайлы ангимелеским келеди.егер мумкиндиги болса.мен Око.мактарал ауданы Аден-ата ауылынын тургынымын.менде бокс суйер жигитпин.5ши сыныбымнан бери бокспен айналысамын.менин арманым Бекзат агамдай алемди багындыру.казыр Жетисай каласында Балалармен жасоспиримдер спорт мектебинде бокс болиминде жаттыктырушымын.менин шакирттеримнин бариде Бекзат агамды оте катты жаксы кореди!баршаларынызга улкен рахмет.
Мырзабек
Ofthebest94@mail.ru
01-06-12 17:44
Ассаламу алейкум агайындар.менин козиме жас толып отыр,окиништен,ызадан,жынданудан...ех казактар неге бир биримизди коре алмаймыз,неге казактарга коре алмаушылык кандарына синген.Бекзат агамды ешким ешкашанда умытпайды.агам манги жастардын журегинде!лаиым агамнын жаткан жайы жайлы топырагы торка,жаннаттан болгай.амин.мен жане биз казактын жигиттери,кыздары,аяулы ардакты,агамыз Бекзатты мангилик журегимизде сактаймын.
Айсулу Саттарханова
aikona....95@mail.ru
06-03-12 15:50
Фазылбек ага жане форумды окып,пiкiрлерiн бiлдiрушiлер! Сiздерге мын алгыс! Алланын нуры жаусын! Агатайымды катты сагындым.омiрiнiн ен сонгы кунi менiн бетiмнен суйiп,аузыма тукiрiп кеткенi алi есiмде.ол кезде 5 жасар кыз болсам да,Бекзат агам есiмде.бiрге кыдырушы едiк..менi апамнан кызганушы да едi. АГАТАЙЫМ сiз бiздiн мангiлiк журегiмiздесiз! Жаткан жерiнiз жайлы,топырагыныз торка болгай! Амин!
Нурдаулет
nukunai_2001_01@mail.ru
24-04-10 23:00
маган Бекзаттын омирбаяны керек тауып бериниздерши отиниш!!!!!
Назым
nazymdju@mail.ru
06-04-10 21:52
Бекзат Саттархановтың Сидней олимпиадасында халқымыздың көк байрағын желбіретіп арқасына жамылып, әнұранды айтып, қуаныштан ба, әлде туған еліне деген перзенттік махаббатынан ба, көзіне жас алып тұрған бейнесі әлі күнге көз алдымда. Оның мезгілсіз қаза болуы бүкіл халқының жүрегін сыздатты. Бірақ оның сол бейнесі естен кетпейді. Өкінішті !!! Жатқан жері жайлы болсын! Сондай азаматтар көп болсын!
Раушан.Туркестаннан
05-04-10 15:24
кеше 04.04. Бекзаттын туылган куні. Бекзат тірі болганда бугинде 30-га толар едІ. небары 20 жасында омирден откен, мине 10 жылда сыргып оте шыгыпты. Аллагада жаксы адамдар керек екен. Осындайда еске омир деген отпелі, бул омирге кимдер келип кетпеди деген соз ериксиз еске туседи екен.
Ляззат
Liazzat86mail.ru
02-04-10 09:04
БЕКЗАТ - тек Казакстаннын гана емес, алем ШОК ЖУЛДЫЗЫ! жарк етип, тез сонген ондай жулдыздар биздин "аспан алеменде" коп ак! мысалы - Мустафа Озтурик! жулдыздарымыздын тағдырынын кыска болуы мумкин мандайымызга жазылган шыгар!
Аселёк
10-04-09 10:28
Мен Бекзаттын қалай қаза тапқанын білім келеді. Қастандықпен аварияға ұшыратты деп естігем
Казак
09-04-09 19:46
11 сауир 2009 ж. Астанада Бекзатты еске алу кеши отеди екен. Бекзатка деген Сагынышымызды басып кайтайык
Жан
gumi_zhan@mail.ru
13-03-08 11:25
Бекзат меніѕ аєам!Я Мне оны Ґте ќатты жаќсы кґремін. Біраќ оны ќайта ґмірге јкеле алмайтынымыз мені ќатты ќынжылтады. Бекзатты жаќсы кґрмеген бўл Ќазаќстанда жан бар ма екен?
ИЯ, Бекзат ќасиетті Тїркістан ќаласыныѕ перзенті. Бетке тўтар азаматы. Біздіѕ оймыздан Бекзат есімі еш уаќытта ўмыталмайды. Бекзат бїкіл Ќазаќ халќына жеѕіс сыйлады.Ол жеѕістіѕде жемісін аяєына дейін кґрмеді. Бўл жеѕіс оєан еѕ ауыр кїшпен келді. Ол жеѕісті баєаламаєан пенде де жоќ шыєар. Ол бїкіл дїние жїзіне ќазаќ деген халыќтыѕ бар екенін мойындатты. Біздіѕ Тїркістан ќаласында Бекзат атында "Бекзат Саттарханов " атты спорт кешені бар. Јрине меніѕ маќтанєаным емес. Біраќ ол Бекзатќа аз болады. Мен ќазір Тїркістан ќаласында Бекзатќа арнап салынып жатќан ескерткіш туралы естідім. Біраќ оныѕ рас не ґтірік екенін білмей дал болып жатырмын. Бекзатќа ескерткіш керек - аќ.

Берік
issaev_berik@mail.ru
12-03-08 18:49
фотографиясы сіздерде барма?
Alashym
29-08-07 11:08
Bekzatty jastarga ulgi etu kerek. Jolbastar koshbashysy etu kerek. Jastarymyz kazir sheteldin jastaryna eliktep lagyp ketti...
Сантай
m_hassaq@mail.ru
22-08-07 07:12
Бекзатты жасөспірім балаусаларға ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ идеалы етіп, жан-жақты жарқырата ашып көрсетер кино туынды өте қажет. Бұл жастарды ҰЛТТЫҚ РУХЫН ширықтырып, Отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеп, шыңдайды. Бір сәттік пайда көздемей, ең алдымен саналы түрде ҰЛТТЫҚ РУХТЫ көтеруді көтеруді мақсат тұтқан ӨР МІНЕЗДІ ҚАЙСАР РЕЖИССЕР табылар ма екен???
Akmeshit
11-06-07 20:32
Bekzat kazakhtyn bir tuma zhuldyzy edi... Ol bolashagy bar keremet sportshy edi. Men onyn olimine ne sebep bolganyn ali bilmeim, birak bireu kastandyk zhasady ma degen kudik bar.
Усойқы
фром Шошанай
24-05-07 15:04
Ақбөкен қарғам, мынаны ұмытпа:

Тұлпарлар даңқы таңменен таңға асады әлі,
Аңыз боп келер ұрпаққа жалғасады әлі!
Құлагер шабыс мәңгіге тоқтамайды да,
Батыраштар да "Жантық!"-тап қалмасадағы!
Усойқы
19-05-07 08:13
Акан сері өте дұрыс айтасың! Бірақ тірілерінің де қадіріне жете білейік! Ермахан бар, Бақтияр бар, атасы басқа болса да Ольга Шишигина бар
Усойқы
19-05-07 08:09
Жиырма жыл, жиырма ғасыр, жиырма жас!
Қазақ -қапыл, құдірет құйынға мас.
Жиырма ғасыр, жиырма бір қазанынан
Аққан жұлдыз Бекзатқа бұйырмады ас!

Бұйырмады, жиырма бұйырғаны!
Жиырма қыршынының қиылғаны!


акбокен
16-05-07 21:46
Бекзаттан қалған бокстың қолбағын кім киер екен?
Оразалының баласын әкесіндей кім суйер екен?
Заманбектің жарын қандай пенде ұғар екен?
Алтынбектің арын тағы кімдер жығар екен?


Гүлмира
zh_gulmira@mail.ru
20-04-07 02:23
Иә, Бекзаттай біртуар азаматтар мен қазақтың бетке ұстарларын ұмытпауымыз қажет!

Осындай ұлтжаншылдық мәні бар мақала жазғаныңа ризамын!!!
Магжан
13-04-07 13:06
Бекзат біздін арымыз
Деп жылаймыз алі біз
Арын сактай алмаган
Айыпкерміз баріміз

Автор: К.Сарыбаев
АканСері
10-04-07 09:29
Бекзат бізді әлемге танытса енді біз Бекзатты әлемге танытуымыз керек...
Асан
09-04-07 13:24
Қайран Бекзат...
Антивирус
04-04-07 16:54

ФАЗЫЛБЕК бауырым!!!
ҚАЗАҚТЫҢ ҮНІНЕ уызыңда қанғаның көрініп тұр. Нағыз ҚАЗАҚСЫҢ!!!
Өзіңді "АНА ТІЛІ" газетінің 2006 жылғы №8 санындағы "Жасырын ӘЛЕМ мемлекетін" білесіз бе? "деген мақалаңнан бері сырттай таныймын. Сол мақалаң көп "КАЗАХты" ұйқысынан оятты ғой, соның бірімін.
Бүгінгі талқыға салып отырған тақырыбың да керемет!!!

Осы орайда, ӨЗІҢНЕН де, КӨПШІЛІКТЕН де сұрайтыным:

6000 жылдық тарихы бар, дүние жүзіндегі музыка аспаптарының АТАсы, қазақтың бүгінгі қоңыр үні өзгерген домбрасының жағдайын, ата-бабаларымыз биік деңгейге көтеріп, ұрпағының қолына ұстатқан ұлттық өнердің басқа да көптеген түрлерінің бүгінгі ахуалын сұрап, соңғы 100 жылда қалыптасқан жағдайды түзеуді талап ететін ,
Қазақ халқының мыңдаған жыл тарихы бар, ұлттық болмысқа негізделген спорт түрлерінің бүгінгі жағдайын зерттеп, соңғы 100 жылда осы салада өшкен қазақ рухын көтеру мақсатында, қаржыландыру жағынан «батыстық үрдістегі» өнер мен спорт түрлерінің көлеңкесінде қалып келе жатқан ұлттық өнер мен спорт түрлерін қолдайтын Егемен Еліміздің ҮКІМЕТІ бар ма? Бұл сұрақты қоюға, мына ақпарат негіз болды:
"... Астана қаласында жобалық құны ТӨРТ МИЛЛИАРД теңге болатын ВЕЛОТРЕК салынады..."
Осы қаржыға қаншама БЕКЗАТТАРДЫ тәрбиелеуге болады???
Соңғы 15 жыл ішінде ҰЛТТЫҚ спорт пен өнерге және "батыстық үрдістегі " спорт пен өнерге қанша қаржы бөлінді екен???
КІМ осы міліметтерді бере алады!?
БҮКІЛ ҚОҒАМ БОЛЫП СҰРАЙЫҚШЫ, бауырлар!!!


Балауса
04-04-07 14:38
Тірі болса, Бекзат жарыќтыќ б‰гін 27 жасќа толар еді. 2008 діњ Олимпиадасына дайындалып ж‰рер еді. Таѓдардыњ жазѓанына не істейсіњ. Осындай арыстар аман болсын. Бекзатќа еліктеп, µсіп келе жатќан жасµзспірімдерге оныњ рухын берсін.
Фазылбек
mustanov@parlam.kz
04-04-07 08:47
ҒАЖАЙЫП ЖҰЛДЫЗ
немесе
ҰЛТ РУХЫНЫҢ ЖАРҚЫЛЫ

Қазақ халқының асыл ұлдары жатқан қасиетті Түркістан топырағының ғажайып бір жаратқан тағдыры – Бекзат Саттарханов. Бүгін отансүйгіш жастардың мақтанышы, байтақ жеріміздің алдаспан намысы Бекзат батырдың туған күні. Осы Бекзат арқылы бәлкім қасиет дарыған топырақтан ата-бабаларымыздың рухы қазақ халқының әлсіреп бара жатқан рухын бір көтергісі келгендей ме қалай? Әрине Түркістанда топтасқан еліміздің бетке тұтар ел ағалар аруағының тілегін Аллаһтағала қабыл қылған шығар. Қалай болғанда да бодандықтың бойға жайылған уын бір сәт болса да қайтарған Бекзат қазақ халқының рухын найзағайдай жарқылдатып кетті. Сол сәтті еске түсірер болсақ, елдің рухы оянып, әр жүректе намыс оты алаулап жанды және ұлтының ұлы қуаныштарына қуана алмай жүрген ұлтсыздардың қаны қызып, көзінде рух жарқылы көрінді десек артық айтқандық емес шығар. Оған дәлел тәуелсіз еліміздің туын ең бірінші болып көтерген Бекзат батырды Алматы әуежайынан бастап, қабіріне жерлегенге дейін 3 ай бойы көше-көше сеңдей соғысқан халық нөпірін, ал тәні Бекзаттың айналасында жүрмесе де Қазақстанның әр түкпіріндегі рухы бір, тілеулес болған халықтан келген хаттарды айтуға болады. Өйткені халық рухын біржерге топтастыратындай Бекзаттың жеңісі ұлтымыздың зарығып, зорға жеткен жеңісі еді. Бекзаттың анасы «баламның алғаш рет халықтың баласы екеніне Алматы әуежайынан күтіп алар кезде балама қолым жетпей шетте қалғанымда барып бір-ақ сезіндім» деп еді. Қазақстан тәуелсіздік алғанда қуанбаған халықтың бұлай шаттануының себебі, рухани тәуелсіздік жолында халықтың рухани бір сілкінісіне себепкер болды деп ойлаймын.
Ешкім күтпеген жерден Олимпиада шыңын бағындыруы ата-баба рухынан нәр алып өскен Бекзат тәнін рухының күштілігіне бағындыра білген тұлға. Ұлттың намысын қалай қорғау керек екенін айтып жүретін Бекзаттың жанарынан от шашып тұрып «Қалайда қазағымның көк туын көкте желбірету үшін бар аруақты шақырып кірдім айқасқа. Барымды салдым. Жоғымды халқымның құдіретінен сұрап алып салдым» деген сөзі бар еді. Қазақ халқының руханиятына терең тамыр жіберген Бекзат түсінде Ахмет Яссауи бабасы мойнына алтын медаль таққанын Сидней Олимпиадасы алдында-ақ айтып жеңімпаз болатынына сенімді болған екен. Сонымен бірге жеңімпаз болардың алдында Ахмет Яссауи кесенесінің күнбатыс беті түгел алтындай жарқырап тұрғанын суретке түсіріп алған Түркістан қаласының бас сәулетшісі Бақытжан Әшірбаевтың мұрағатынан көруге болады. Ал қаза боларының алдында ғана жолға жүрерде Ахмет Яссауи кесенесіндегі ата-баба әруағына құран бағыштап сыртқа шыға берген Бекзаттың киімін есіктің ішкі тұтқасын іліп жібермей қалыпты. Бәлкім бұл оқиғалар кездейсоқ болар, не болғанда да Бекзат Аллаһтың ғажайып жаратқан құбылыс иесі екенін мойындаудан басқа шараң жоқ.
Иә, Бекзат о дүниелік болғанмен, оның рухы, оның жастық жалыны оны еске алған сайын барлығымызға жігер беріп тұратыны анық. Сондықтан да Бекзат туралы жақсы көркем, деректі фильмдер, балаларға, ересектерге арналған отансүйгіштік бағыттағы кітаптар, қысқасы ұлттық рухтан нәр беріп тұратын туындылар заманымыздың сұранысы болып тұр. Кезінде ауылдағы қатал тағдырдың қиындықтарына мойымаған Бекзат, тынымсыз тер төксең әлемді мойындатуға болатындығымен жастар арасына үлкен толқу алып келді. Әсіресе ауылдағы жастар «ауылдағы бала да еңбектенсе әлемді мойындатуға болады екен-ау, біздің де қолымыздан келеді екен ғой» десіп жүрді. Соның әсерінен спорт мектептеріне шектен тыс, белгіленген мөлшерден 3-4 есе көп балалар қабылданып жататын. Осыларды ескере отырып, Бекзат тұлғасын дәріптеу – жастар арасында отансүйгіштікті, ұлттық сүйіспеншілікті, ұлттық сананы оятудың ең ұтымды жолы екенін естен шығармаған абзал. Ол үшін қоғамның барлық сегменттерін тарту қажет.
Кез-келген дамыған ел болашағын баянды ету үшін өз жастарына ие болып, жастарын соңына ертетін, ұлттық тәрбиеге қарай бастайтын көшбасшылары болады. Ал бізде Қазақстанның болашағы жастарымызға мемлекет тарапынан жүйелі түрде мемлекеттілік тәрбие жүргізіп жатқан жоқ. Егер де жастарымыздың санасының уланып немесе санасының бөтен елге тәуелді болатын болса, болашағымыздың бұлыңғыр тартуы деп түсінген дұрыс. Қазіргі таңда жастардың өмір сүру, дүниені тану, жүріс-тұрысы бөтен елге жаппай еліктеуі жақсылық емес. Бұл әрине шетелдік миссионерлердің ешқандай кедергісіз еркін үгіт-насихат жүргізуінің жемісі. Жалпы адам баласында кез-келген ауруға қарсы иммунитет болатыны сияқты бізде де шетелдік психологиялық соғысқа қарсы күресе алатын иммунитетіміз – ұлттық идеологиямыз қажет. Жер шарындағы әлсіз халықтарды жұтып жіберіп жатқан жаһандану заманы басталған тұста, оған төтеп беретіндей құлдық санадан бас көтере алмай жүрген аға ұрпақтың жайы белгілі, сондықтан тек үміт кейінгі ұрпақ жастарда болып тұр. Ал соңғы үмітіміз – жастарда ұлтты сақтап қалатындай ұлтсүйгіштік сана қалыптаспай жатыр. Ол үшін бөтен елдің идеологиясын насихаттап жатқан шетелдік тұлғадан гөрі, Қазақстан деген елді қалай сүюде үлгі бола білген, ұлтының рухани мәдениетіне терең тамыр жіберген, тұлғасынан ұлттық рухтың иісі аңқып тұрған және жастарға отансүйгіштік жолында көшбасшылыққа сұранып тұрған тұлға Бекзатты жастарға насихаттау. Осы арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде басты құрал болып табылатын – жастар қаһарманының бейнесін сомдауға болады. Бұл дегеніміз еліміздің жанды бөлігі саналатын – жастардың санасында отансүйгіштік сезімді жандандыра отырып, қоғамымыздағы көптеген келеңсіздіктердің алдын алып, саяси тұрақтылыққа бастап баратын бірден-бір жол. Өйткені, Қазақ елінің азаматы екенін мақтанышпен айтып, өзін осы Отанның бір бөлшегі ретінде сезінетін қоғамның белсенді бөлігі – жастарымыз Отан жолында кез-келген істі атқара берері сөзсіз. Сондықтан қазіргі таңда тәрбие көздерінің бастысы теледидар болғандықтан, жерге адам кейпінде түскен – қазақ халқының айбыны Бекзат туралы телебағдарламалар туындыларын/өнімдерін шығару арқылы жастар санасына сіңіру қажет. Осыны ескеріп, мемлекет көтеруі керек жүкті отансүйгіш журналистер қауымы жұмылып көтерсе екен деймін.

Фазылбек Абсаттарұлы
Астана қ.



страницы:    1   

Ваше сообщение
Ваше имя:
Ваш e-mail:
Текст:
Код на картинке:

обновить код
 




Добавить свою анкету →









© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube