Ассалаума ғалейкум ТӨЛЕНГІТ бауырлар . Қалдарыңыз қалай ? Кім не деседе Төленгіттер 24 тайпадан біріккен Ғұндардың бір тармағы . Теле ұлысының бір бұтағы . Төленгіт ішіндегі СЫРҒАЛЫ РУЫ қай облыстарда тұрады . Шежіресін тарқата алатын кісілер барма . Бар болса менің почтама жазып жіберсеңіздер . Алдын ала РАХМЕТ .
Сәлем төлеңгіттер! меніңруым төленгіт. Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Құрманғазы ауылынанмын.Жаңғақ төлеңгітімін деп естіп келдім осы уақытқа дейін. Әкемнің туыстары Кекіл толеңгітпіз дейд. Бір әкеден бір шешеден туып тұрып екі түрлі төлеңгіт болмайтын шығармыз. Әкем БҚО, Жаңақала Айдархан ауылында туған. Атамыз ерте өмірден озғасын әжем 7 бала-шағасымен төркін жағына (әкемнің нағашылары) паналап Бөкей Ордаға келген. Естуімше Қамыс-Самар елінде (Жаңақала) қоныс тепкен төленгіттерді Самар төлеңгіті деп атаған.Түп тамырын білгім келед. Аталарымды танитын, көзі көрген, или шежіремізді танитындар болса хабарласыңыздар маған. Почтама жазыңыздар.тарихпен қоныс тепкен жерлері бойынша қарасам Қалмақ төлеңгітіне жататын сияқтымыз. Точно дуан төлеңгіт или ұялы төлеңгіт емеспіз. Ордада осы екі төлеңгіт көп тараған. Қазақстан бойынша төлеңгіттер барлық облыста бар екенін естіп жүрмін. Бәріңде аман сау жүріңдер. менің пікірім бойынша төлеңгіттер аса бауырмал емес. Қызуқанды жандар деп ойлайм. Сұрамыс,Байғара,Қанәлі, Бірімжан,Алдамжар,Айдаубай деп жаттағам. Қанәліге дейін дұрыс . бірақ әрі қарайғысы қате болуыда мүмкін. Барлық төлеңгіттерге жалынды сәлем менен.
Ассаламалейкум бауырлар! Мен Караганды облысы Каркаралы ауданы Жамбыл ауылынын Кузшы Толенгитпин, атамнын айтуы бойынша улкен атамыз Семейдин Баршатас деген жеринде аталас бауырларымен омир сурген, бирак ашаршылык уакытында, нан издеп осы Каркаралы тонирегине мекендеген. Енди сол Баршатас жериндеги аталас бауырларымызды издеймиз, баршатас толенгиттери окысаныздарр почтама жазып жибериниздер
Ассалаумағалейкум бауырлар. Біздің ватсапта Төлеңгіттерге арналып ашылған ватсап группамыз бар. Ішінде 150 ден астам қандастарымыз бар. Барлықтарыңыз қосылыңыздар. 8778 942 18 68 нөміріне жазсаңыздар болады
Ассалаумағалейкум. Мен толенгітпін, әкемиз дүниеден ерте өткен, алайда Әемиздин ағасы бар 80 жаста, Имбаев Ким Талдықорған қаласында тұрады, шыққан жеріміз Аягөз ауданы жанындығы Шұбартау, үлкендердің айтуынша Сары табыннанбыз, 7 атамыз Нұрбай-Арғынбай-Бйқадам-Құдас-Имбай-Тілеген-Тлеужан. Өзім Өскемен қласында тұрамын, туысқандар хабарласыңызда шежірені жалғастырайық 87021190444
сәлеметсіздерме бауырлар мен Төлеңгітпін оның ішінде қырғыз
Абыл
30-06-18 08:43
ҚАРАҚАЛПАҚТЕКТІ ТӨЛЕҢГТТЕР
Қарақалпақтекті төлеңгіттер Атырауда, Самарада, Семейде, Сырбойы өлкесінде, Бесқала жерінде, Бұқар жұртында және Байсын жағында бар екен. Бұлар да кезінде қарақалпақтардың әртүрлі рулары мен тайпаларынан құралған. Мысалы, қазаяқты, тобықты, тиекті, ішекті, сырғалы, мұғалы т.б.
Asalam Ualeikum Aga bAuirlar Mugal Tolengit bolamiz biz Barwana Alla Uilerine bereke men Intimak bersin 87786601995 Alla koldap aman bolaik barimiz Wimkaladanbiz
Мен осы уакытқа дейін ойлаушы едім тек мұғалы, мамадайыр, қырғыз төлеңгіт бар деп. Көп екенбізғой бауырлар. Білместе едім бұндай форум бар екенінде. Алланың қалауымен өмірге тағы бир төлеңгіт келді атасы мұғалы деп қойды. Интернеттен іздейтін əдетіміз бар емеспе мұғалы деген сөз қайдан шықты. Солай осы форумды таптым. Өте өте қуаныштымын.
Байжукенов Гаухарбек Ахатайұлы еңбек ардагері. Семей қаласынан. Жоғарыда көптеген адамдардың сұрақтарына жауап ретінде:
Төлеңгіт 3 атаға бөлінеді:1. Қазақ. 2. Қалмақ. 3. Құсшы
1. Қазақ өз ішінде тарайды:
1.1. Мамашық-Жылгелді-Сыбан-Бегіш. 1.2. Мамадайыр-Жалаң-Өмірзақ-Боран.
2. Қалмақ өз ішінде тарайды:
2.1. Уанас-Қанай-Қонай-Тақай-Ақтабын-Қаратабын-Сарытабын-Аю-Жөлке-Қараешкі-Жемет-Құлтан.
3. Құсшы өз ішінде тарайды:
3.1. Қарымсақ-Меңдібай-Жоба-Тазқұсшы
Ұлы Отан соғысына да қатысып, «Ұлы Отан соғысы» ордені мен көптеген медальдармен марапатталып, елге аман-есен оралды. Жастайынан аштық пен жалаңаштықтың дәмін татып, көпшіл әрі әділ болып өскен ол бұл өмірде адалдықпен, адамгершілікпен өтіп, тоқсан бір жасында қайтыс болды. Балалары Мақметқали, Айдарбек совхоз директоры болып, еңбек етіп, Шұбартау экономикасын арттыруда өзіндік үлесін қосты.
Аманбаев Ахмедияр Байжүкенұлы ( 23.02.1917-22.03.1970ж) Ұлы Отан соғысына официер шенінде қатысты. Соғыс комиссариатында жұмыс істеді. Соғыстан кейін жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаз, мектеп мүдірі болып жұмыс атқарды. Ағамыз Ахмедиярды «Көкшей» деп атаушы едік. Жас бала күнінде өте сотқар, тентек болған, жеңгелері: «Саған көк шешек келсін» деп көп айтқаннан кейін Көкшей атанып кеткен. Аудан бойынша сол кездерде орыс тілінің мықты маманы (ұстазы) еді. Күйдіргіден (рактан) елу үш жасында қайтыс болды.
Байжүкенұлы Ахатай (3.05. 1924-28. 02.1968ж) он сегіз жасында Ұлы Отан соғысына қатысып, соғыстан ауыр жараланып, денесінде, аяғында бірнеше мина жарықшағымен, кеудесінде орден-медальдары жарқырап, елге оралды. Соғыстан кейінгі Шұбартау ауданы бойынша төрт техникум бітірген адамдардың бірі еді. Шұбартау ауданындағы тұтынушылар қоғамының бас есепшісі, төрағасы болып қызмет атқарды. Соғыста алған жаралар салдарынан , небәрі 44 жасында ерте өмірмен қош айтысты. Әкеміз қайтыс болғаннан кейін, соғыс кезінде тапсырылмаған «За боевые заслуги» медалы 1970 жылы аудандық военком жанұясы, балалары бізге тапсырды. Әкеміз өте сауатты адам еді. Сол кездегі зейнетақысы жетпіс бір сом болатын. Сол зейнетақысына түгелдей газет-журналға жазылатын. Газет-журналдарды оқып қана қоймай, номерлеп тігіп қоятын. Әкемнің ақындық-жазушылық өнері де бар еді. Екі қалың дәптер өлең-жырлары бар болатын. Ол кезде институтта оқуда болдым, әкем қайтыс болғанда бірінші курста оқитынмын. Кейіннен сол дәптерлерін таба алмадым, соған әлі өкінемін. Өлең, әңгіме жинақтарын ешқандай баспаға берген емес. Сол кездерде өлең жазып жүрген «Шоқан» кеңшарының тұрғыны Елубек Байтақов өлеңдерін әкеме әкеп, оқытып, сынатып отырушы еді. Кейін осы Елубек Алматыға көшіп кетті. Ол Қазақстан журналистер одағының мүшесі, айтулы ақын болды. Соғыстан кейінгі уақытта барлық заттар, азық-түлік, шикізат дайындау мекемесінде болушы еді. Жүн-теріге айырбасталатын дүкендер ол кезде болмаған. Жүргізуші- киномеханик болып, «Калинин» кеңшарының төрт фермасын қамтамасыз еттім. Сол кездерде әкемнің жақсылығын халықтан көп естідім. Қандай қысылып барған адамдарға көмек-жақсылығын аямаған, барлық ағайын-туыстарға қамқор бола білген.
Байжүкенұлы Шахатай (1930-19.12.2007ж) мал дәрігері, ферма меңгерушісі болып «Сталин» колхозында, кейінгі Ш. Уәлиханов атындағы совхозында зейнеткерлікке шыққанша аянбай еңбек етті.
Байжүкенқызы Дамила (1911-4.08.1966ж)- өте шебер тігінші, он саусағынан өнер тамған ісмер еді. Баласы Амангелді Әбдіхалықұлы партия ұйымының хатшысы, совхоз директоры т. б. ауыл шаруашылық саласында басшылық қызмет атқарды.
Жанарбек Шүленбайұлы – Құсшы аталығынан. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Ш. Уәлиханов атындағы кеңшардың «Тұлпар» қой өсіруші комсомол-жастар бригадасының бұрынғы тәлімгері. Социалистік Еңбек Ері, «Ленин» орденінің иегері. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген жастар ұстазы. Республикалық дәрежедегі зейнеткер.
Шаймағанбет Оразбекұлы Мақашев- Өмірзақ аталығынан. Партия, совет шаруашылық орындарында басқару жұмысында ерекше көзге түсті. Шұбартау аудандық партия комитетінің 1970-1985 жылдар аралығында бірінші хатшы болып жұмыс атқарды. Республикалық дәрежедегі зейнеткер. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанда ғана емес, бүкіл Одақ көлемінде үлкен абыройға ие болып, даңқы шықты. Ол ұйымдастырған қой өсіруші комсомол-жастар бригадасы бүкіл Қазақстанда етек жайды. Бастама көтерген Шұбартау ауданының комсомол ұйымы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталды.
Тілеухан Мұхаметжанұлы- құсшы аталығынан. Партия ұйымының хатшысы, совхоз директоры, әкімнің бірінші орынбасары т. б. ауыл шаруашылығында басшылық қызмет жасады.
Баяхметұлы Шакен –құсшы аталығынан. 1925 жылы туған. Екі жоғары оқу орнын бітірген. Агроном және ғалым-зоотехник. Бас маман, шикізат дайындау мекмесінің төрағасы т. б. басшылық қызтеттер атқарды. Еңбек ардагері.
Мелия Бижанұлы- найман-төлеңгіт аталығынан. Белгілі айтыскер ақын. Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Аудандық партия комитетінде бірнеше жылдар бойы жауапты қызметтер атқарған.
Мұхамедиярұлы Матметқали (1933-12.11.2007ж)- құсшы аталығынан. Шұбартау ауданындағы жалғыз егін совхозында «Алғабаста» бірнеше жылдар бойы директор болып жұмыс атқарып, отан қорына астық тапсыруда өзіндік үлесін қосқан. «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» орденінің және бірнеше медальдың иегері. Еңбек ардагері.
Мұрат Тоқтарұлы- құсшы аталығынан. Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Бұрынғы Шұбартау ауданының «Жаңа өмір», «Шұбартау шұғыласы» газетінде жиырма жыл бойы редактор болып жұмыс жасаған. «Ақ тай дүрбелеңі», «Күзгі бүлік» деректі повестерінің, «Айғыз алауы» кітабының авторы.
Баяхметбаев Темірбек- құсшы аталығынан. 1943 жылы туған. Семей зоотехникалық малдәрігерлік институтын бітірген, мал дәрігері. Шұбартау ауданының асыл тұқымды қой совхозы «Сарықамыста» бас мал дәрігері болып еңбек жасаған. «Калинин»совхозында он төрт жыл совхоз директоры болды. Шұбартау ауданының әкімі болып қызмет жасады.
Нығметжанқызы Мәкіш- құсшы аталығынан. Шұбартау ауданында жиырма төрт жасында аудандық партия комитетінің хатшысы болып қызмет атқарды. Семей облыстық радио-телевидениеде жауапты жұмыс жасады. «Семей таңы» газетінде көп жылдар бойы еңбек етті.
Төлендіұлы Бәкіжан- жалаң руынан. Семей облысы, Абыралы ауданында «Социалистік малшы» газетінде редактор болып жұмыс жасады. Ұзақ жылдар бойы колхоз басқармасы, совхоз партия ұйымының хатшысы болып қызмет атқарған.
Мұхамедиярұлы Айдарбек- құсшы аталығынан. 1947 жылы туған. Жоғары білімді. Ғалым-зоотехник. Шикізат дайындау мекемесінің төрағасы, совхоз директоры болып қызмет атқарды. 2010 жылдан зейнеткер.
Мұхамедиярұлы Батырбек- құсшы аталығынан. 1940 жылы туған. Семей медициналық институтын бітірген. Хирург-терапевт. Бұрынғы Шұбартау ауданының тубдиспансерінің бас дәрігері, Семей облысының «Ауыл» курортының, Аякөз қаласының теміржол емханасының бас дәрігері болып еңбек етті.
Айтақов Сандыбай Нұрмағанбетұлы – құсшы аталығынан. 1936 жылы туған. Музыка саласының маманы. Шұбартау ауданының мәдениет бөлімінің директоры болып жұмыс істеді.
Айтақов Болатбек Нұрмағанбетұлы (1943-1997ж)– құсшы аталығынан. Жоғары білімді мал дәрігері. «Горный», «Бақанас» кеңшарында бас мал дәрігері болып жұмыс атқарған.
Байжүкенов Алтынбек Ахатайұлы- құсшы аталығынан. 1945 жылы туған. Жиырма бес жыл жинақ банкасының директоры, салық мекемесінің озық қызметкері аталып, еңбек еткен. 2008 жылдан еңбек демалысында.
Байжүкенов Бүркітбек Шахатайұлы – құсшы аталығынан. 1960 жылы туған. Алматы политехникалық және ұшқыштар жоғары оқу орнын бітірген. Денсаулығына байланысты ұшқыш болып жұмыс жасай алмады, қазірде инженер маманы.
Қызғарин Құралбек Балташұлы - құсшы аталығынан. 1967 жылы туған. Алматы ауыл шаруашылық институтын бітірген. Құрылыс инженері. Кірпіш заводының директоры болып жұмыс атқарды. Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша мемлекеттік стандарт мекемесінің бастығы болып еңбек етуде.
Көпбаев Олжабек- құсшы аталығынан. 1944 жылы туған. Шұбартау ауданының «Калинин» кеңшарында бас инженер, Шұбартау аудандық жол жөндеу мекемесінің бастығы болып жұмыс жасаған.
Тілеуханұлы Қуандық- құсшы аталығынан. 1969 жылы туған. Жоғары білімді. Заң қызметкері. Өскемен, Курчатов, Аякөз қалаларында прокурор қызметін атқарған.
Тоқтаров Нұрлан Мұратұлы- құсшы аталығынан. 1961 жылы туған. Жоғары білімді. Ғалым-зоотехник. Бұрынғы Шұбартау ауданының «Калинин» совхозында бас зоотехник болып жұмыс атқарған. Қазіргі уақытта Семей қаласындағы «Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірді пайдалану жөніндегі» көп салалы кәсіпорынның директоры.
Алпысұлы Махмет (1925-2006ж)- құсшы аталығынан, есеп саласының қызметкері. Зейнеткерлікке шыққанға дейін колхозда, кейінгі «Горный» кеңшарында бас есепші, ферма меңгерушісі, жұмысшылар комитетінің төрағасы қызметін атқарған. Еңбек атқарған. Барлық туған-туыстар атын атамай Қапа деген ардагері. Барлық еңбек өтілін бір жерде атқарған.
Мұсанов Талдыбай Тәтімбетұлы (1939-1999) – құсшы аталығынан. Есеп саласының озық қызметкері. Шұбартау ауданы, «Жорға» кеңшарында бас есепші, бас экономист болып өмірінің соңғы күндеріне дейін еңбек етті.
Алпысов Маратбек Махметұлы- құсшы аталығынан. Алматы ауыл шаруашылық институтының агрономия факультетін бітірген. Мақаншы ауданының бірнеше совхозында, Шұбартау ауданы «Горный» совхозында бас агроном болып жұмыс жасаған.
Бұрынғы Шұбартау ауданының экономикасын, мәдениетін өркендетуде Шұбартау төлеңгіттерінің үлес салмағы айтарлықтай. Жер жаннаты аталған Жетісумен салыстырғанда Шұбартау ауданының жері қып-қызыл тас екені шындық қой. Жер көлемі үш млн. елу мың гектар. Алайда он жеті мыңнан ғана асып отырған халықпен 386 мың қой, 14,3 мың жылқы, он мың ірі қара өсіріп, кезінде мемлекетке қыруар ет пен жүн тапсырды. Халқы он жеті мың емес, он бес- жиырма мың болатын колхоздар мен совхоздар аз емес. Бірақ олар елу-алпыс мыңнан артық қой өсіріп отырған жоқ. Міне, осылармен салыстырғанда ғана Шұбартау халқының жартысын құрап отырған ру төлеңгіттердің қаншалықты зор жұмыс атқарып отырғанын, халқының батыр халық екенін, қандай қиындықтарды болса да жеңе отырып, жанқиярлықпен еңбек ететінін біле аласыз. Сонда ғана олардың еңбегіне, адамгершілігіне, патриоттығына дұрыс баға бере аласыз. Осы интернационалдық руды құрып, нығайтқан, ту тіккен батыр Жаназардың, оның мәңгілік досы , ақыл иесі Өмірзақтың топырағы торқа болып, есімдері мәңгі ұмытылмасын.
Мен, Гаухарбек Ахатайұлы осы шағын шежірені жазудағы мақсатым Төлеңгіт ұрпағынан тараған айтулы азаматтардың, ақын-жазушылардың, батырлардың халыққа сіңірген еңбегін жұртшылықпен таныстыру және кейінгі өсіп келе жатқан ұрпақтарымыз өз ата-жұртын білсін деген оймен сызба- нұсқаларды ұсынып отырмын.
Оқырмандарыма кестелерде жіберілген кемшіліктер болса түсінушілікпен қарап, атаулар мен реттік санынан қателіктер кетсе түзетіп, ұрпағымызға дұрыс жеткізер деп сенемін.
Бабамыз Аманбай зираты Қарағанды облысы, Балхаш қаласына қарасты Саяқ кентінен жеті шақырым жерде.
Атамыз Байжүкен (Баймұхамбет) зираты бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданының Шоқан Уәлиханов совхозы, Қарауыл төбесінен үш шақырым «Склад» қыстағы жанында.
Нағашым Шақантай батыр Жауғашарұлының қасиетті мүрдесі жатқан, мазары тұрған (1706-1791ж.) Қарауылтөбенің баурайында Баяхметбай (1879-1977ж), оның жолдасы Керімбала (1900-1990ж), Қызғара (Ермұхамет) (1842-1974ж), жолдасы Зейнеп (1910-1977ж), Мұхамедияр (Әкше) (1906-1997ж), оның екінші жолдасы Тұйған (1916-21.09.1993ж), Шахатай (1930-19.12.2007ж), оның жолдасы Дәметжан (1938-1988ж), Мақметқали (1933-12.11.2007ж) зираттары орналасқан.
Шұбартау ауданының бұрынғы орталығы Баршатас ауылындағы зиратта Айтақ (Нұрмұхамет) (1879-1967ж), жолдасы Теңге (1906-1990ж), қызы Кабира (1930-1987ж), Әкем Ахатай (3.06.1924-28.02.1968ж), шешем Әзімбайқызы Дүкен (1928-1953), екінші шешеміз Сегізбайқызы Сақымаш (1935-08.10.1989ж), Ахмедияр (Көкшей) (23.02.1917-22.03.1970ж), жолдасы Зейнеп (1923-1980ж) жерленген.
Алпысұлы Махмет (20.03.1925-2006ж) зираты Семей қаласы Знаменка трассасы бойындағы зиратта, жолдасы Нұрғантайдың зираты Семей облысы, Шұбартау ауданы, Горный совхозында.
Айтақұлы Сандыбай (05.01.1936-2008ж) Аякөз қаласынан Баршатасқа шыға беріс жолдың оң жағындағы зиратқа, жолдасы Төлеуқас (1938-1982ж)- Алғабас совхозының зиратында. Айтақұлы Болат (1943-1997ж) Семей облысы, Шұбартау ауданы, Бақанас совхозында жерленген.
Қарымсақтың бір туысы таз құсшы, оның балалары Текежан, Майбас, Жантас, Секей, Сахайдан- Әбдіғалым, Құрманғали. Әбдіғалымнан: Бекен, Төлеу, Сайлау, Болат, Тлеубек, Нұрбек. Құрманғалидан: Әскерия, Тілеукен, Алдаукен.
Балхаш, Саяқ өңіріндегі төлеңгіт- құсшы ұрпақтарын Амангелді Әбдіхалықұлы өз шежіре кітабында (2010 жылы шыққан) толық жазғаннан кейін мен оларға тоқталғамын жоқ.
Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі. Жеті атасын білмеген жетесіз.
Әкеден балаға мирас болған, ұрпақ жалғастығы, Ата-бабалар арманы ұзағынан сүйіндірсін.
Шежірені жазуда пайдаланылған әдебиеттер
1. Адольф Янукович күнделігі. 1846ж.
2. Бірәлі және Арысланбек Тәукин сұлтандарының мәліметтері. 1853ж.
3. Әлихан Бөкейхановтың шежіресі.
4. Өлкетанушы Ю. Поповтың жазбалары. Санкт-Петербург.
5. Абылқайыр Құлықбаев шежіресі.
6. Омбы архиві. Опись-2, іс-2808, фонд-3.
7. Омбы архиві. Опись-1, іс-774, фонд-67.
8. Жазыбай баласы Сүйінбайдың айтуы бойынша баласы Тайтөлеудің жазбалары. 14. 01. 1962ж.
9. «Шұбартау шұғыласы» газеті. 5/9. 05. 1991 жыл. Дербес зейнеткер Сейсенбай Бауовтың «Төлеңгіт тарихы» атты тарихи мақаласы.
10. «Семей таңы» газеті. 24. 10. 1992жыл.
11. «Ертіс өңірі» газеті. 07. 06. 2006 жыл.
12. Шөлбайұлы Нұрғали жазбалары. 15. 12. 2006 жыл.
13. «Ертіс өңірі» газеті. 27. 06. 2007 жыл.
14. Әкем Ахатайдың бірге туған ағасы Аманбаев Мұхамедияр Байжүкенұлының жазып кеткен шежіресі. 30. 12. 1983 жыл.
15. «Аякөз жаңалықтары». №42. 14.12..2006 жыл.
16. «Тарихыңды танып біл». Әзімхан Сәдуақасұлы. 1996 жыл. «Төлеңгіт тарихы» бөлімі -271 бет.
17. Байжүкенұлы Қызғара (Ермұханбет) баласы Балташқа ата-тек туралы жазбалары. 15. 06. 1956 жыл.
18. Әкем Байжүкенұлы Ахатайдың жазбалары. 1960-1967 жылдары.
19. Өзімнің елден сұрап жинаған жазбаларым. 25.06.2005- 30.12.2010 жыл аралығы.
Гаухарбек Байжукенов Ахатайұлы еңбек ардагері. 2012 жылы менің Шұбартау төлеңгіттері жайлы "Төлеңгіт жайлы деректер" атты кітабым жарыққа шықты. Байжүкенов Гаухарбек Ахатайұлы 1947 жылы 1-қаңтарда Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Баршатас ауылындағы «Киров» атындағы он бір жылдық мектебін бітірген. 1965-1967 жылдары Баршатас мәдениет бөлімінде жүргізуші-киномеханик болып жұмыс атқарған. 1967-1972 жылдары Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітіріп, ғалым-зоотехник мамандығын алған. 1972-1996 жылдарға дейін бұрынғы Семей облысы Шұбартау ауданының совхоздарында бас зоотехник, мал азығы жөніндегі орынбасар, т. б. ауыл шаруашылық саласында басшылық қызмет атқарған. 1996 жылдан 2010 жылға дейін №4 «Қалалық территориялық медицина бірлестігінде» шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. 2010 жылдан зейнеткерлікте. 1992 жылдан Еңбек ардагері. Үлгілі отбасы. Жұбайы Құдайбергенқызы Зәуре екеуі немере-жиен сүйіп отырған абзал жандар.
Алғы сөз
Кетпе ұмытып, ойлан тек пен түбіңді.
Ю. Баласағұн.
Аңыздың бәрі алдай бермейді, кейде ол ақиқат шындықтан да нақты.
Ә. Ростан.
Шежіре- араб сөзі. Қазақша бұтақ, тармақ деген ұғымды білдіреді. Шежіре жазу оңай емес, көп ізденіп оқу керек.
Мен өзім естіген-білгендерімді, әркімдерден сұрастырғанымды, әкемнің бірге туған ағасы Мұхамедиярдың (Әкшем. 1906-1997ж.8) баласы Айдарбекке 30 қараша 1983 жылы жазып кеткен шежіресін пайдаланып, қысқаша төлеңгіттен тарайтын ұрпақтарды балаларымыз біліп жүрсін деген ниетпен ұсынып отырмын.
Шұбартау төлеңгіттері үлкен үш халықтан: қазақтан, қалмақтан және қырғыздан құралған интернационалдық ру. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп аталған қазақ пен қалмақ арасындағы қырғын соғыстан бұрын пайда болған ру. Мамадайыры-қазақ, құсшы-қырғыз, қалмағы-қалмақ (жоңғар). Төлеңгіт руының ішінде бұл негізгі үшеуінен басқа бірнеше рулар бар. Мәселен, найманнан қосылған ру бүгінге дейін «найман-төлеңгіт» аталады. Ұлы жүз ошақты руынан қосылған ру қазірде де «ошақты», оңтүстіктен келіп қосылған (біреулер қызылбас, кейбіреулер сарт дейді) рудың аты «оңажыт», ал сабанның арасынан тауып алған баладан тараған рудың аты «сабаншы» аталады. Сол сияқты қайдан келіп қосылғаны мағлұм емес (ұмытылған) ұсақ рулар да бар. Сондықтан да халық оны «Жаназардың туына, Өмірзақтың құтына жиналған сиырдың бүйрегіндей қырық рудан құралған төлеңгіт» деп атайды. Үлкендер осылай деп келген, қазірде осылай дейді.
Жаназар- қалмақ руынан шыққан ту тіккен батыр, қалмақтарға қарсы азаттық соғысының батыры. Өмірзақ- мамадайыр руынан шыққан ақыл иесі, ел басқарушы. Екеуі бірігіп төлеңгіт руын құраған. Үлкен ақсақалдардың үзбей айтып келе жатқан әңгімесі бойынша (аңыз деуге болмайды) қалмақтарға қарсы соғыстың кезінде қырық үй ғана қалған. Аш, жалаңаш болған. Жаназар қалмаққа қарсы жорыққа кеткенде, Өмірзақ елді басқарып, жалғыз боз биенің сүтін күніне бір үйге сауғызып отырған. Тебержін деген кісіге кезек келгенде биеден сүт шықпай қойған екен, ол биенің емшегін кесіп алыпты. Сауын бие өліп, етін қырық үйге бөліп беріп отырғанда, Жаназар келген. Ол Тебержінді өлтірмек болған. Өмірзақ ара түсіп, жанын сауғаға сұрап алған, бірақ рудан қуып жіберген. Ал Жаназар оған «аузың асқа, тұқымың атқа жарымасын, бір жерге екеуіңнің басың бірікпесін» деп теріс бата беріпті. Шұбартау төлеңгіттерінің 250 жылдың ар жақ, бер жағына созылған тарихында елден осы Тебержіннен басқа ешкім кетпеген. Ал, басқа жақтан келіп қосылғандар аз болмаған, ол қосылу үзілмеген.
Кейін төлеңгіт руы өсіп 2500 түтін болған. Негізінен арғынға жататын Қарқаралы аға сұлтандығына (Қарқаралы округіне) қараған. Сарыарқадағы қоныстанған жері Қаракесек, Керей, Тобықты, Матай, Қаракерей, Содыр елдерімен шектесіп жатқан. Қалмақтармен соғыстан кейінгі соңғы 200 жылдан артық уақыт ішінде өсіп, осындай дәрежеге жеткен. Сиырдың бүйрегіндей қырық рудан құралсада, төлеңгіт руының ұжымы мықты болған. Тіпті, рудың халқы көбейген кездердің өзінде бертінде де ұсақ рулардың арасында да үлкен жанжал болмаған. Ал, одан бұрынғы ертерек кезде де рулардың арасында ұсақ кикілжіңнің өзі болмаған көрінеді. Қайта қаңғырып қалған, жетім қалған үлкен-кіші, бала-шағаға дейін әкеліп тәрбиелеген. Қазығұл, Қазыбек деген екі баланы Өмірзақ бала етіп асырап алған. Содан тараған «дейт» деп аталатын ру қазірде де бар. Олар өсіп-өркендеген кезде сексен түтін болыпты. Жоғарыдағы аталған оңажыт, ошақты, сабаншы, найман-төлеңгіт сияқты ұсақ рулардың бәріде әртүрлі жолдармен келіп қосылған, жүздеген түтінге дейін өсіп өркендеген.
Жаназар мен Өмірзақ бір-бірімен жанқияр ажырамас дос болған. Іс жүзінде ажыраспай, араларынан қыл өтпей дүние салған. Екеуі ел басқару, төлеңгіт болып біріккен рулардың бірлігін сақтау, қашанда ел-елмен дұрыс қарым-қатынас жасау, қонақ күту, барымта алмау, қандай да болмасын елмен елдің арасында араздық туғызатын жолсыздықтар жасамау, жастарды достық, жауынгершілік рухта үлкенді сыйлауға тәрбиелеу, некелесу, тағы да сол сияқты дәстүрлер жөнінде өсиеттер қалдырған. Бұл өсиеттердің бәрін қол астына қараған ірілі-ұсақты рулардың бәрі бүгінге дейін берік сақтап, орындап келеді. Мәселен, үш арыс: Мамадайыр, Құсшы, Қалмақ қана өзара қыз алысып, ал олардың ішінде ұсақ рулар, яғни «аталы елдер жеті атаға толса да, қыз алыспайтын болсын, қыз алыссаңдар бірліктерің кетеді, тұқымдарың азады» деп айтқан өсиеті кейінге дейін мықты сақталып, орындалып келеді. Бұл соңғы даналық өсиеттің өзі қазіргі генетика ғылымымен ұштасып жатыр. Мұны бұзушылар жастар арасынан енді-енді ғана шығып жатыр. Олар орнатып, кейінге өсиет етіп қалдырып кеткен бір дәстүр- көрші елдермен сыйластықта болу да берік сақталып келеді. Мәселен жондағы Жобалай керей атанған көршісімен бауырмал қатынас орнатқан Төлеңгіттер Шұбартау болысы аталса, бұл керейлер Дағанды болысы атанған. Жобалай керей өсіп-өркендеген кезінде үш мыңдай түтін болған еді. Өмірі көрші отырған осы екі болыс ел арасында ешқандай атыс-шабыс өз алдына кижілжің болмаған. Алда-жалда бірлі-жарым адамдар арасында келіспеушілік бола қалса, ол дереу реттеліп, жөнге келтіріліп отырылған. Кейін 1928 жылдары екі болыс тұтас бір ел болып бірігіп, Шұбартау ауданы атанған. Бұл екі ел осы арада бірге өмір кеше бастағаннан бері қашанда бір ел ретінде қарым-қатынас жасап отырған. Мұндай бейбітшілік сүйгіш қасиеті көршілеріне де әсер етпей қоймаған, сондықтан көршілері де бұларға көбінесе сеніммен қараған.
Қаракесек ішінде Қара-Шор аталатын үлкен және азулы елдің айттырып қойған жесірі Салиха деген қыз атастырып қойған күйеуін менсінбейді. Оған барғысы келмейді. Төлеңгіттің Оспанқұл деген кісісімен көңіл қосады. Оспанқұл оны алып қашады. Қара-Шордан жүз адам келіп, қыздың елін шаппақ болады. Оған төлеңгіттен бір кісі барып: «Қыздың төркінінің жазығы жоқ, шапсаң бізді шап, өйткені қызды біз алып қаштық. Олар ештеңе білмейді» деген. Оспанқұл содан кейін дереу өзінің немере туысы Бижанұлы Әзімбай деген кісіні Қара-Шордың ең беделді, әділ биі Кенжеге жібереді. Кенже қырық кісімен келіп, қыздың қалыңмалы үшін жүз түйе, айыбы үшін бес ат, тоғыз түйе төлетіп, бітім қылған. Керейлер болыс ел болса да, болыс төлеңгітті шауып алмай, бейбіт бітім жасаған. Мұның өзі көршілерімен төлеңгіттердің өмір бойы салқынқандылықпен бейбіт қатынас жасап келуінің нәтижесі еді. Тағы бір мысал: Құнанбайдың тұсында төлеңгіт Бектұрған деген адам Құнанбайдың Рысай дегенінің қызы Қалипаны баласы Көпжасарға алып бермек болып құда түсіпті. Олар онша менсініңкіремей, тауып бере қоймас деп, «Егер қалыңмалына бірыңғай жүз ақбас тайлақ әкеп берсең ал» деген екен. Бектұрған көріпкелі де бар батыр адам екен. Екі сөз айтпай «Жарайды» деп кете барыпты. Өзі бай емес, кедейлеу адам болса керек. Бір жылдан кейін жүз ақбас тайлақты тізіп апарып беріпті де, артынан құдаға барып, қызды қашан ұзатып беретінін біліп кел деп Иманқұл деген батыр баласын жіберіпті. Ол барса ашып жауап бермей, екі ұшты сырғытпа жауап айтса керек. Менсініңкіремей отырғанын сезіп, киіз үйде оттың басында отырып, ыза болып кетсе керек: «Қалыңмалыңды бердік, енді не қыл дейсің, бәрібір аламыз. Егер алмасам, маған серт бермесең, саған серт.»-деп бес саусағын жазып, от басындағы шымға қолын сұғып-сұғып алыпты да, түрегеліп жүре беріпті. Құнанбай: «Қойыңдар, біздікі дұрыс емес, жуас демеңдер, жуастан жуан шығады. Көрдіңдер ғой, берсеңдер қолыңнан, бермесеңдер жолыңнан алатын түрі бар, қызды енді созбай беріңдер» деп бергізген екен. Көпжасар мен Қалипадан Құдайберген деген ұл туған. Құдайберген Қаракесектің Қиынды деген қызына үйленген. Одан Есенгелді деген ұл мен Гүлжан атты қыз дүниеге келген. Қиынды бертінде жетпісінші жылдарда қайтыс болған.
Төлеңгітті құраған үш арыс: мамадайыр-қазақ, құсшы-қырғыз, қалмақ-жоңғар деп аталатын тармақтардың шығу тегін көнекөз қарттар бүгінге дейін былайша әңгімелейді.
Тайшы деген қазақ баласы нағашысы қалмақ ханына қонаққа барады. Жастардың өнерін сынағанда Тайшы садақтың оғын жеті кетпеннен өткізіп жібереді. Мұны көрген қалмақтар ойланып қалады, егер түптің түбінде соғыс бола қалса, жиен болғанымен бұл зиянын тигізуі мүмкін деп, оны мас қылып, білдірмей екі жауырынның шеміршегін алып тастайды. Өзі жетім, бірақ өте пысық, күш-қуаты артылып-төгіліп жүрген, сондықтан ел билеушілеріне ұнамай жүрген Мамыт деген қалмақ баласы бар екен. Сол Мамыт Тайшыға оның жауырынының шеміршегін қалмақтардың мас қылып алып тастағанын айтып қояды. Тайшы оған нанбайды. «Маған сенбесең, садақ тартып көр»-дейді Мамыт. Тайшы садақ тартып көрсе, оғы бір кетпеннен ғана өтеді. Мұны білген соң Тайшы бұлар өлтіріп тастаудан да тайынбас деп қалмақтарға білдірмей еліне қашып кетеді. Досы қалмақ баласы Мамыт та Тайшымен бірге қашып кетеді.
Төлеңгіттің, оның ішінде қалмақ руының үлкендері Мамытты көбінесе «Желден» деп атайды. Әдетте ылғи желден-Тайшы деп сөйлейді. Осы жерде үлкендер айтып келе жатқан бір аңыз әңгімені айта кеткен артық болмас.
Үлкендер қалмақта Зеңгі баба атанған әулие сиыршы болған, қызметіне риза болған хан оған қызын берген екен. Сол әулиенің үрлегенінен (демінен) қыз жүкті болып, Мамытты тапқан, сондықтан ол Мамыт «Желден» атанған, «біз әулиенің тұқымымыз» деп отыратын. Бұлай дейтіндер қазірде де бар. Біз мұны әркім өз атасын басқалардан артып етіп көрсетуге тырысатын әдеттен туған шығар деп ойлаймыз.
Төлеңгіт руының құралуы жөніндегі айтылып келе жатқан әңгімелер мен аңыздардың бәрі дерлік шындық деуге болады. Өйткені 250 жылдың аржақ-бержағында болған оқиғалар. XIX ғасырда өмір сүрген француз жазушысы Э. Ростанның «Аңыздың бәрі алдай бермейді, кейде ол ақиқат шындықтан да нақты» дегені бар. Олай болса төлеңгіт жөніндегі аңыз-әңгімелердің бәрі Э. Ростан айтқанындай, «ақиқат шындықтан да нақты» деуімізге болады.
Тайшы кейін қалмақтармен болған бір соғыста қаза табады. Соғыстан соң Мамыт арғынның бір топ батырларымен бірге Қарқаралы өңіріне келіп орнығады. Солардың бірі арғынның Мамадайыр деген батырынан «Мамадайыр» руы, Мамыттан «Қалмақ» руы өсіп тарайды. Мамадайыр арғынның Қуандық руының Алтай атасынан шыққан адам екен. Қазан Революциясынан бұрын Алтайдан Иса деген кісі бастаған бір топ адамдар Шұбартауға келіп, Мамадайырларды көшіріп әкетпекші болған. Бірақ жүздеген жылдар бойы тұрып, мекендеген жерлерін қимай, «Осындағы елмен бауырласып кеттік»- деп көшпеген. Исаның тобын сый-құрмет көрсетіп, шығарып салған.
Ертеде қырғыздың бір дәулетті адамы қайтыс болып, бәйбішесінің балалары еншіге ортақ болады деп тоқалдан туған Қарымсақ деген баланы өлтірмек болғанда, байдың жылқышысы жүйрік атқа мінгізіп, оны қазақ арасына қашырып жібереді. Қарымсақ келіп Боран деген атадан қыз алып, төлеңгіттің Қанай деген атасымен көршілес болып, осы күнгі Балхаш көлінің маңына орналасады. Содан өсіп-өркендеп, одан «Құсшы» руы тараған. Құсшылардың бір қатар адамдары қырғыз еліне ауық-ауық барып қайтып жүрген. Құсшы Танабай атамыз туысын іздеп неше қайтара қырғыз еліне барып жүрген адамдардың бір. Ақыры сол қырғыз жерінде дүние салды.
Өмірзақ даладан тауып алып, баласы етіп асырап алған, жоғарыда айтылған екі баладан тараған «Дейт» аталған рудың да түп-тамыры қырғыз.
Мамадайыр- өз ішінде Боран, Жолақ, Өмірзақ аталатын үш руға бөлінеді.
Құсшы- тұтас бір ру. Аталарға бөлінеді, руға бөлінбейді.
Қалмақ- уанас, қонай, тақай, ақтабын (кейін бір себептерден «Таз» аталған), сартабын, қаратабын (бұл кейінгі үшеуі үш ағайынды деп те аталады), желке, аю, жемет, қараешкі, құлтабан аталатын рулардан құралады.
Бұлардан басқа төлеңгіттке әртүрлі жолдармен келіп қосылған «Ошақты», «Найман-төлеңгіт», «Оңажыт», «Сабаншы» тағы басқа ұсақ рулар кіреді. Бұған Мамадайырмен бірге туған «Мамашық» аталатын ру да қосылады.
М. Қашқаридың «бір-бірімен мың болады, тама-тама көл болады» дегеніндей, қазіргі қазақ елін құрап отырған рулардың ұзақ уақыт ішінде бір-бірлеп дерлік жиналып құралған қазіргі Шұбартау төлеңгіттерінің жайы осындай.
Енді оның қалай «Төлеңгіт» аталғаны жөнінде ешбір дерек жоқ. Тіпті бұл туралы үлкен адамдарда ештеңе айтқан емес. Біздің ойымызша, бұл атты көрші елдер қоюы мүмкін. Ханға қызмет істейтін төлеңгіттер әртүрлі рулардан ғана емес, әртүрлі ұлттардан да құралған ғой. Солар сияқты қазақтың талай руларынан жиналып жатқан ел болған соң, дәл ханға жиналған төлеңгіттер сияқты деп төлеңгіт атаған болар. Алғашқы да оған барынша қарсы болғанымен уақыт өте келе әбден үйренгеннен соң өздері де солай атап кетуі мүмкін ғой.
Тарихта мұндай мысалдар көп емес пе. Мәселен, немістердің аты дойтч, орысша сөйлей алмайды, мылқау-немец деп атаған орыстар ғой. Кейін кеңес еліндегі немістер өздерін немістерміз деп кетті ғой. Сол сияқты біздің еліміздің халықтары бірқатар елдерді қытай, фин, армян, грузин деп атап келе жатқан жоқ па, ал олардың хань, суами хай, картвели деген аттары да бола тұрса да!
Парсы тарихшысы Рашид-ад-диннің айтуынша, Жалайырдың он баласының бірінің есімі Төлеңгіт. Ал Алтайда төлеңгіт аталатын халық әлі де бар. Орыстар оларды тау қалмақтары деп атап келген. Мүмкін Мамыт осылардың біреуінен келген шығар. Сондықтан Төлеңгіт атанып кеткен болар. Мұның бәрі болжам, шындығын тап басып айтатын адам бұрын да болмаған болу керек. Егер ондай адам болса, ел арасында сол жайында сөз болып, бүгінге дейін айтылып келер еді.
Төлеңгіттен атақты адамдар көп шыққан. Жаназармен қоса қалмақтарға қарсы соғысқан оның бірге туған ағасы Ерназар, інісі Құназар және туысқандары Боздақ, Тақай, Өтеулі сияқты көптеген батырлар Абылай ханмен бірге болып, тізе қосып соғысып, жеңіске жетіп отырған. Жұрттың көзіне түскен Ерназар бір соғыста қалмақтардың қолына түсіп қалады. Қалмақтың сыншысы: «Мұның тегі қалмақ болғанмен, әбден қазақ болып кеткен және өзінің иесі бар адам екен, қолға қапыда түсіп қалыпты. Егер көзін жоймасақ, кешке қашып кетсе, басыңа заманақырды осы орнатады.»- деген соң, сол күні Ерназарды отырған киіз үйінің айналасына отын үйгізіп, үймен қоса тірідей өртеп жіберіпті.
Құназардан бірде қарудың ең жақсысы не дегенде: «Қолға не түссе, сол қару» деген екен. Осының реті келіп дәлелдегендей-ақ соғыста Құназардың қолында еш қару болмапты, қалмақтар қаумалап келіп қалғанда мінген құнанының бір қолын жұлып алып, сонымен ұрып, қалмақтарды жусатыпты. Мұны көрген қазақтар «Құнан батыр» атап кеткен. Қазірге дейін ел құнан батыр деп атайды. Оның ұрпақтарын бүгінге дейін құнан батырдың тұқымы дейді. Ал, Жаназардың өз кіндігінен тараған ұрпақтары да қазірде аз емес, өсіп-өнген атаның бірі.
Жаназар мен Құназар ұрпақтары олардың әкелерінің атымен «Уақас» деп аталатын қалмақ руын құрайды. Ал, Боздақ, Өтеулі батырлардың тұқымдары «Қанай» деп аталатын қалмақ руына жатады.
Тақай да көзсіз батыр болған. Айласы жаннан асқан батыр екен. Ері артқы және алдыңғы қасы жоқ ашамай сияқты жайдақ болса керек. Соғыста аттың жалына жабысып та, екі қабырғасына жатып та, тіпті кейде ат бауырына жатып алып көрінбей шаба береді екен. Бір соғыста аттың жалына жабысып, қалмақтың мергендеріне тұтқиылдан қарсы шапқанда, садақтың оғы арқа омыртқасын тегіс сыдырып кеткен екен, содан қаза тауыпты. Ұрпақтары қалмақтың «Тақай» аталатын руын құрайды.
Бірде Абылай хан қалмаққа қарсы соғысқа аттанып бара жатып, қазақ қолын Жаназарды тосқызып, екі-үш күн аялдатыпты дейді. Бұған ел азғантай адамдарды күттің деп наразы болыпты. Жаназар суыт жүріп, Абылай қолына түнде жетіп ұйықтап қалса керек. Абылай Жаназарды шақыруға кісі жіберіпті. Шақырушы сарбаз келсе, Жаназар шалқасынан түсіп ұйықтап жатыр, екі емшегін екі қара шұбар жылан еміп жатқанының үстінен түсіпті. Қорқып кетіп Абылайға айтса, Абылай оны көріп ішін тартқан екен. Қазақтар мұны естіп бір түйсінше, соғыстағы қамал бұзған ерліктерін көріп бір түйсінген екен. Абылайдың азғана қолды неге екі-үш күн тосқанын сонда ғана барып түсінген екен. Жаназардың және қасындағы батырлар тобының атағы содан кейін көпке тараған.
Қазақтардың қалмақтарға қарсы азаттық соғысында асқан ерлік көрсеткен Тіленші, Байсақ деген батырлар төлеңгіттің «Мамадайыр» қазақ руының «Жалаң» деп аталатын тармағынан шыққан. Қырғын соғыстан аман қалып, сүйегі Шұбартау ауданындағы «Шұбартау» совхозының жерінде жерленген. Қатар тұрған екі зират Қосбатыр деп аталады. Тіршілігінде тізе қосып бірге соғысқан қосбатыр атанған екі батыр өлгенде де бірге жерленіп, зираттары да Қосбатыр атанып, мәңгі ескерткіш болып қала берген.
Төлеңгіттің құсшы руынан шыққан Қойтан әрі батыр, әрі әруақты адам болған. Мүрдесі осы күнгі Қарқаралы ауданындағы «Қасым Аманжолов» кеңшары, Сарыобалы бөлімшесіндегі Ақтайлақ өзенінің бойына жерленген. Оның мүрдесі жатқан жер қазірге дейін «Қойтанның жорығы» деп аталады. Ұзындығы үш шақырым. Бұрынғы кезде бұл жерге төлеңгіттер мен қаракесек руының адамдары жыл сайын жиналып, қой сойып, құран оқып, екі жақ болып балуан күрестіріп, ойын өткізіп отырған. Науқас адамдар ауруына шипа болсын деп түнейтін киелі жер.
Өлі разы болмай, тірі байымайды демекші, 2005 жылы 8-17 маусымда Қойтан батыр ұрпақтары басына алты қырлы етіп, силикат кірпіштен биіктігі 3020 метр мазар орнатты. Мрамордан биіктігі 2080 метр, салмағы 1,1 тонна арапша, қазақша «Өтес ұлы Қойтан. Руы-құсшы. Ұрпақтарынан» деген көк тас қойылды. Мазарды салуда Мақұлбекұлы Әскербек, жұбайы Рауза, оның балалары Төлеубек, Оразтай, Айдар, Гүлмира, келіні Анар, Таубекұлы Серікбол, Берікболұлы Болат, құрылысшылар Нұрмағанбетұлы Думан, Саша ерекше еңбек етті. Мраморды ( көк тасты) Алматы қаласында жасатып, Қойтан ұрпағы Рақымжан баласы Ертуған жеткізді. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қ. Аманжолов кеңшарының Сарыобалы бөлімше тұрғындары Теміржанұлы Бауыржан, Бағдатұлы Мәди 9- мамыр 2003 жылы мрамордан «Қойтан әулие. Руы-төлеңгіт» деп бізден бұрын ескерткіш қойған екен.
Қазіргі уақытта да Қойтан батыр мазарына сол маңайдағы Қарағанды облысының халқы жылда мал сойып, құран бағыштайды, науқас адамдар басына түнейді.
Қойтан батыр (Әулие) мазарының ашылу салтанатына Алматы, Талдықорған, Балхаш, Саяқ, Семей қалаларынан батырдың ұрпақтары, немерелері мен шөпшектері келді. Батырдың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан үлкен, кіші кесенесін әкелді.
Бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданынан батырдың ұрпақтары, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ ССР-ның Еңбек сіңірген жастар ұстазы Жанарбек Шүленбайұлы, Еңбек Қызыл Ту ордені мен бірнеше басқа да орден-медальдармен марапатталған, кеңшар басшысы болып қызмет атқарған Мұхамедияр баласы Мақметқали, оның баласы Манарбек, Байжүкенұлы Шахатай, Ізтөлеуұлы Шыңғыс, Сахайұлы Нұрбек, Ахмет ұлдары Оралбек, Әнуар, Марксұлы Қуан, Семей қаласынан- Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Мұрат Тоқтарұлы, оның інісі Төлеген, баласы Нұрлан, Мұхатұлы Әбибек, Смекейұлы Жұмаш, Ахатайұлы Гаухарбек, Қайратұлы Қуаныш және Қарағанды облысы Аманжолов атындағы кеңшар, Сарыобалы бөлімше тұрғындары барып, тағзым етіп, құран бағыштап қайтты.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Мұрат Тоқтарұлының ас кезіндегі
Қойтан бабаға арнауы
Текті баба жатырмысың дамылдап,
Жәрдем күткен ұрпағыңды қабылдап.
Шапағатың бақыт сыйлап талайға,
Дені сау боп өмір сүрді жалындап.
Шуақ шашып, үміт артқан көңілге,
Аңыз болдың ұлан-байтақ өңірге.
Ақ тілегін арнай келген аналар,
Сәби сүйіп, риза болды тәңірге.
Жырлар едім деректерім көп емес,
Артық айту, жалған айту жөн емес.
Қинайтынын білсеңіз ғой Киелім,
Өзің жайлы тылсым жұмбақ көп емес.
Білмей келсек қадіріңді кеше гөр,
Танытпады сұрқай заман кешелер.
Оқыды ғой құранды да жасырын,
Дерек айтар әкелер мен шешелер.
Дін дегенің у деп бізді түңілтті,
Елесіне коммунизм сүңгітті.
Қиын екен сырып тастау бір күнде
Ойға сіңген 70 жылдық үгітті.
Ленинизм болды бізге құрандай,
Өстік біздер көсемдерді ұрандай.
Жаназасын шығартпады марқұмның
Үндеместер аңдып жүрген жыландай.
Бәлкім содан жұмбақ болды Бабалар,
Ескерусіз жатты талай Даналар.
Киелі деп айту қайда ол кезде
Аңдып жүрсе басқан ізді жаналар.
Тұрғаным жоқ Баба сізге ақталып,
Заман өтті тұрар біздер сақтанып.
Егемендік азат етті бұғаудан,
Даңқыңызбен жүрміз бүгін мақтанып.
Алатаудай, Жетісудей жеріңнен,
Қарқаралы, Шыңғыстаудай беліңнен.
Келді туыс, келіп жатыр тағы да
Өзің өскен Шұбартаудай еліңнен.
Жақын туыс Оралбек пен Әскербек,
Іс бастады әруағыңды қастерлеп.
Бар керекті таба жүріп Төлеубек,
Сапар шекті өр-қиялы тасқа өрлеп.
Кеште болсақ ақ тілекті қабылдап,
Жатқан Баба мәңгі орында дамылдап.
Қастерлейді тірлігіңді ұрпағың,
Аманатын Бабалардың орындап.
Дамыл алғай әруақты Киелім,
Елеп жүргей ақын елін, Би елін.
Жебей жүргей Төлеңгіттің қандасын
Ортақ сізге Алаш Қазақ бар елін.
17 маусым. 2005 жыл.
Төлеңгітте от ауызды, орақ тілді дейтін кейбір шешендерде өткен. Қара ешкі руынан Балбала, дейт руынан Байсары, сарытабан руынан Тілеміс, Оңажыт руынан шыққан Кемелбек сияқты шешендердің мірдің оғындай тауып айтқан сөздерін көнегөз ақсақалдар қазірге дейін айтып келеді. Жазық деп аталатын ақын қыз Мамадайыр қазақ руының Өмірзақ деп аталатын тарауынан шыққан. Айта кету керек, төлеңгітті Жаназармен бірге құрысқан ақыл иесі кісі Өмірзақтың аз кіндігінен тараған ру қазірге дейін «Өмірзақ» аталады.
Жазықтың ақындығы, адамгершілігі, білгірлігі, сезімталдығы жөнінде 1846 жылы ұлы жүздің Россияға қосылу рәсіміне қатынысу және Қарқаралы округіне қараған елдің мал саны мен жан санының санағын жүргізу жөніндегі экспедицияға қатынасқан поляк ревалюционері, ұзақ жылдар қазақ даласында айдауда болған, Адольф Янушкевич өзінің күнделігінде жазып қалдырған. Енді сөзді А.Янушкевичтің өзіне берейік. Ол былай дейді:
« Жолым болмай-ақ қойды: ұзын пышақты көкірегіне сұғатын, киіз үйдің төбесінен сыртқа шығатын атақты бақсыны ешбір жерден ұшырата алмай-ақ қойдым. Тарақтылардың ауылында оның үстінен шыққан болып едім, бақсы жол жүріп кетіпті. Керейлерге келсек ол тағы кетіп қалған. Соқыр ақын қызбен жолығысу ниетіміз де осылай болмаса игі деп қорқамын. Айтушылар оны төлеңгіттердің ауылында деп үміттендіріп жүр. Оның шынында да қазір аударарлық бірнеше өлеңін маған Хохлов жатқа айтып береді. Сондықтан ақын қызды көрмей кету өкінішті болар еді...
Таулы тасты жерлерден өтіп, төрт сағаттан кейін төлеңгіттердің Көксай немесе Ұзын аталатын тау шатқалына келдік. Олардың ел билеушісі Құдайменде бізді қарсы алды. Бұл болмаса суырып салма соқыр ақын қыздың бар екендігін мен көптен естігенмін.
Танысуға болмас па екен деп біз бәрінен бұрын оған ынтық болдық. Сұлтан мырза оны бізге сол бойда-ақ алып келді.Оның есімі Жазық, туа зағип екен... Жүзі едәуір көрікті, қызыл шырайлы, болар-болмас шешек ізі бар.
Біз оның «Алатау-дәнсу» толғауын жырлап беруін өтіндік. Мұнда оның руының Алатау маңында уақытша болуы жайлы баяндалады. (А.Янушкевич патша әндері мен қазақ сұлтандарының қысымымен рудың Алатау жаққа ауып барып тұрып келгені жөніндегі жырды бастан аяқ қарасөзбен баяндаған. А.Янушкевич пен оның қасындағыларға бұрыннан белгілі болуына қарағанда бұл толғау емес, қисса болуы да мүмкін.)
Кенесары туралы жыр толғамаспа екен ден сұрап едік, ақын қыз ол туралы бірде-бір өлең шығармағанын айтты, сірә өтірік айтты білем. Орыстар туралы аузына келгенін айтпау үшін қазақ старшиналары оның құлағына ақырын сыбырлап, ескертіп қойған сияқты. Мұны біз Жамантай туралы шумақты жазып жатқанда айқын аңғарғанбыз. Тіпті бірде киіз үйден шақырып алып, оның құлағына әлде бірдеңені айтып жатқанын байқадық. Біздің ақын қызымыз батыл, бәріне жарқырай күліп, жауап береді. Біздің қонақ кәдемізге көңілі өсіп, ол қоштасарда да жанынан өлең шығарып қоштасты. Біз оның талантына қатты таң қалдық. Ол толғауларын табан астында шығарады, ұйқас ырғағы қатаң сақталады. Тілді еркін меңгергендігі байқалады, ал дауысынан тек әйелдерге ғана тән бір ғажайып сезімталдық сезіледі. Мен оны тебірене тыңдадым. Ең атақты мадонналардың әнін тыңдағанда да мұндай әсер алмаған болар едім. Қазақ тілін білмегеніме қатты ашуландым, оның үстіне біздің тілмаштарымыз сиқырлы өлең сөздерін түсіне де, аузына да алмады. Оларға Жазықтың жырлары тіпті шалыс көмескі болып көрінетін сияқты. Ғұмыры кітап бетін ашпаған бұл адамдардан не қайыр, не үміт. Әйтсе де ақын қыздың өз ойларын шиыршық атып толғанта түйіндейтінін, толғаудың әсіресе ұйқастары ғажап екенін оларда мойындады». Бұған сөз қосып айту енді орынсыз. Амал не осындай төкпе ақын қыздың өлеңдері бізге жетпеді.
Осы Жазықтың ең жақын туысы Әзімбай Бижанұлы бертінде қазақтардың Сарыарқаны қалмақтардан босатқан соғысына арнап «Сарыарқа» қиссасын, осы соғыстың атақты қолбасыларының бірі, өзі батыр, өзі от ауызды, орақ тілді жырау Ақтанбердіге арнап «Ақтанберді-Жаскілең», қазақ өміріне арнап «Көшпелі» деп аталатын қиссалар және көптеген замана толғауларын шығарған төкпе ақын. Әзімбай Бижанұлы 1922 жылы алпыс сегіз жасында қайтыс болды.
Әзімбай Ақтанберді толғауларын тегіс жатқа білген. Басқа жыршылардың бәрі содан үйренген. Көнекөз үлкендердің айтулары бойынша атақты ақын, жыршы, атқұмар сері, қоныстары жапсарлас отырған Шашубайдың өзі де Ақтанберді толғауларын Әзімбайдың өз аузынан үйренген. Соның бірі «Күмбір-күмбір кісінетіп» дап басталатын толғауын Сәбит Мұханов Шашубайдан жазып алып, өзі шығарған кітаптарына енгізген. Әзімбай Ақтамбердінің отыз екі жолдан тұратын осы толғауын негізге ала отырып, жетім бала Ақтанбердінің қой күзетіп отырғандағы арманы етіп (жыршылар Ақтанбердінің зары дейді, біз оны монологы дейміз) кеңейтіп, жүз жолдан асырып, қиссаның кіріспесі деп алған. Әрі қарай Ақтанберді мен оның баласы Жаскілеңнің басынан кешкен ғажайып оқиғаларды баяндай отырып, Ақтанбердінің армандарының іске асқанын жырлайды.
Кезінде Ақтанбердінің толғаулары мен Әзімбай шығарған қиссаларды жаттап алып айтушылар Шұбартауда көп болған. Солардың айтуынан бұл толғаулар мен қиссалар қазіргі Семей, Талдықорған, Алматы, Жезқазған, Қарағанды облыстарына кең тараған. Тиым салынғанына қарамастан басқа қиссалармен бірге бұл қиссаларды Өмірбек Тілемісов, Жүніс Мыңжасаров, Мұқатай Дәулетов, Шөкей Қоңыршин, Сердалы Әлібаев, Қызғара Аманбаев сияқты талайлар жырлаған. Бұлардың бәрі дүние салды. Ең соңғы жыршы- Могиканың соңғы тұяғы Қайралап Бейсекин. Қайралап 1988 жылы көз жұмды. Ақтанбердінің толғауларының жеке шумақтарын жазушы Мұхтар Мағауин жыршы Сердалы Әлібаевтан көзі тірісінде сәті түсіп, кездесіп қалып, жазып алған, «Бес ғасыр жырлайды» атты кітапқа енгізіп үлгереді. Тегінде Шұбартауда туып өспесе де Ақтанбердінің туын тігіп, өзінің тума асылындай ардақтап, дүйім жұртқа танытып келе жатқан Шұбартау халқы оны мақтаныш етеді. Ақтанбердінің аты өшпейді, мәңгі жасады. Олай болса Әзімбайдың аты да онымен бірге жасай береді.
Әзімбаймен немерелес Оспанқұл Меңаяқұлы өзі малсыз адам болса да, ел басқаруға қатысқан, неше рет болыс болып сайланған адам. Елге қылдай қиянат жасамаған. Үлкендер оны Қарқаралы округіндегі жиырма екі болыстан асқан адам деп айтады. Мәселен, кейде үлкен ұлық қалып, қыстан жұтап шыққан елге көп салық төлеуге тура келген жағдайда, тағы сол сияқты халыққа басқа да ауыртпалықтар түскен кезде жиырма екі болыс Қарқаралыға жиналып, «Төлеңгіттің болысы Оспанқұл келсін» деп тосып отырады екен. Төлеңгіттің болысы Оспанқұл келген соң тілмашты ертіп ұлыққа кіргізеді. Оспанқұл ұлыққа тілек-талаптарын тегіс орындатқызып шығады екен. Сондықтан оны жиырма екі болыстан асқан деп шын дәріптеген. Шұрайлы Шұбартау өңірінің Жорға ауылының Бесбұлақ баурайы Меңаяқұлы Оспанқұлдың (1856-1907 ж.) кіндік қаны тамған, ал небәрі елу бір жылдан кейін мәңгілік мекеніне айналған қасиетті жер.
2006 жылдың мамыр айының 26 жұлдызында Өмірзақтың бір ұрпағы Оспанқұл Меңаяқұлының туғанына жүз елу жыл толуына орай есімін әспеттеп, шөбересі Алтынбек Мұхамедияұлы бабасының туған жерінде ас бергені айтулы оқиға болды. Асқа Шығыс Қазақстан облысынан, Қарағанды, Алматыдан, Астанадан, қырғыз елінен Алтынбектің қызметтес жолдастары, Оспанқұлдың туған-туыстары жиналып, бабалар басына тағзым етті. Арнайы баба басына есімі жазылған құлпытас қойылды.
Осы жерде ас туралы айтпас бұрын сәл шегініс жасап, Оспанқұлдың әкесі Меңаяқ пен шөпшегі Алтынбекке қатысты жайларды баяндауымыздың еш әбестігі болмас. Елі парасаттылығын мойындаған Меңаяқ өмірден озғанда ұлы Абай аза тұтып, дұға оқып, «Меңаяқ өз атының басын өзі алып жүретін адам еді» деуі мен «Елді билеуден адамның өзін -өзі билеуі қиын» деген түйінін қазық еткен сөз бар. Оспанқұл әулетінің кейінгі буындары болыстың ұрпағы, бай тұқымы ретінде кеңес үкіметінің қуғынына ұшырап, қырғыз жерін паналап өсіп-өнген. Тек араға жарты ғасырдан астам уақыт салып Әлпиевтер елге оралған. Тектінің ұрпағын іздестіріп, қандастарының ортасына оралуына Шұбартаудағы ағайындары Жанатай мен Әміржанның үлесі айтарлықтай. Бұрындары Алтынбек Әлпиев бабасының атамекендерімен іргелес ауыл Айыртас тұрғындарының әлеуметтік тұрмысының жақсаруына да демеуші болып, шағын автокөлік пен бір миллион екі жүз мың теңгенің балалар қалашығын тұрғызып, бильярд үстелін сыйға тартты. Баршатас ауылындағы №1 орта мектепке бес млн. теңгенің парта, орындық, тақта мен компьютерлерді, мектепке шағын электр станциясын тарту етті. Аудан тұрғындарының қолдауымен Баршатас №1 орта мектебіне Меңаяқұлы Оспанқұлдың есімі берілді.
Аста жүздей киіз үй тігіліп, осы өңірде бұрын-соңды болмаған, кейінгілерге үлгі боларлықтай, айта жүретіндей іс қалдырды. Тойда көпшіліктің желіге тамашалайтыны балуандар белдесуі мен қол күресі өз арнасымен өтіп, жеңімпаздары анықталды. Астың түйе балуандары болып Семейлік Қуаныш Жұмабекұлы мен тәлімгері Мәдениет Жанатаев, інілік ізетпен жолын берген Зекен Шаймардановтардың есімдері аталды. Қуаныш қанжығасына асыл тұқымды орыс жылқысын, Зекен қазақтың Қамбар ата түлігін байлады. Ал, қол күресінде алматылық А. Асумян (мың АҚШ долларын), баршатастық Д. Қарымсақов (бес жүз) және жорғалық С. Аязбаев (төрт жүз) үздіктер деп танылды. Ат бәйгесіне төрт жүз ат- құнан қатысты. Бәйгеге тігілген алты автокөлікті Атырау, Қызылорда, Алматы, Талдықорған, Аякөз, және қырғыз елінің атбегілері қанжығаларына байлады. Ас салтанатының бағдарламасындағы Роза Рымбаеваның, Сәкен Қалымов, т. б. гала концертін тамашалады. Көпшілік қауым астан үлкен қанағаттанарлық сезіммен тарқасты.
Халқымыздың осындай ізгі істеріне, мұң-мұқтаждарына қол ұшын беріп жүрген кәсіпкер Алтынбекті өзімен бірге араласып жүрген досы қызғанышпен қапылыста қастандықпен өлтірді. Алтынбекті туған-туыстары әкесінің қасына қырғыз еліне апарып жерледі. Алтынбекпен тіршілігінде танысудың маған сәті түспеді. Әкем Ахатайдың шешесі Күлипа Омарқұлқызы- Байжүкеннің жолдасы Омарқұл мен Оспанқұл немере. Сонда Алтынбек маған нағашы, мен жиені боламын. 26 мамыр 2006 жылы Оспанқұл Меңаяқұлының туғанына 150 жыл толуына орай шөбересі Алтынбек Мұхамедияұлы бабасының туған жері Шұбартау өңірінің, Жорға ауылының Бесбұлақ баурайында ас беріп, той өткізгенде жұмыс жағдайымен тойға барып қатыса алмадым. Әкемнің туған інісі Байжүкенұлы Шахатай балаларымен тойға қатысып, Алтынбекке жолығып, қалай нағашы болатынын түсіндіріп айтыпты. Ағамыз Шахатайға шапан жауып, «Мен ол кезде жаспын ғой, көп біле бермеймін. Кейін кеңінен отырып әңгімелесерміз.»-деген. Алайда Алтынбек қапылыста қастандықпен өлтірілді. Жолығып танысудың сәті түспеді. Әкемнің бірге туған ағасы Мұхамедияр (Әкшем) (1906-1997ж) баласы Айдарбекке 30 қараша 1983 жылы жазып кеткен шежіреден қалай туысатынын біліп отырмын. Алтынбек бабасы Меңаяқұлы Оспанқұл атындағы мектептің (үш қабатты) барлық есік-терезесін жаңа үлгідегі пластикалық есік-терезеге ауыстыртты. Мектеп ұжымына жаңа ВАЗ-07 автомашинасын тарту етті. Жақсы адамның жақсылығын айт, нұры тасысын демекші, Алтынбектің жоспарлы жұмысы мен армандары көп еді. Жорға кеңшарындағы Әулие бұлақтан (Әулие қыз) демалыс орнын ашпақшы еді. Бұның алғашқы жұмыстары да басталып еді. Қазақ Совет энциклопедиясының екінші томы, 60- бетінде Әулие бұлақ (Әулие қыз деп ел-жұрт атайды) кварцит жарығынан шығады, суы тұщы (минералдығы 620мг/л), сульфатты, магний-кальцийлі, қышқылды, температурасы 7° С . Су құрамында темір (97 мг/л) бар. Тәуліктік өнімі 26 м. Бұлақ суынан көмір текті газ шығып жатады. Суы химиялық құрамы жағынан Карелиядағы «Марциал су» курортының шипалы бұлақтарына өте ұқсас. Суын қан толықтыру, қан айналысын жақсарту мақсатында және де басқа ауруларды емдеуге қолдануға болады деп жазылған.
Семей қаласының Алматы тас жолы кіре берісінен «Сары» деп аталатын үлкен базарын салғызып еді. Қонақ үйі, мал сою пункті, асхана, қырықтан астам контейнер қойғызып, үлкен сауда орталығы болады деп жоспарланған. Алайда, Алтынбек қайтыс болған соң, бұл базар өз мәнінде жұмыс атқарып отырған жоқ. Тек машина сататын, күзде ауыл шаруашылығының (сенбі күндері) өнімдерін сататын орын болып отыр. Тек Алматы, Семей қалаларында емес, Астанада да үлкен базар салғызды. Қазіргі күнде жұмыс істеуде.
Қазан төңкерісінен кейін де төлеңгіттен білікті адамдар көп шықты. Академик Орынбек Жәутіков қалмақ руының «қара ешкі» аталатын тармағының тумасы. Атақты биші, қазақтың байырғы биін де, қазіргі жаңарған биін де меңгеріп қана қоймай, дүние жүзі халықтарының талайының билерін өздерінен артық билеген, қазақтың ұлттық биін әлем халқына таныстырған, Қазақстанда тұңғыш хореграфиялық мектепті ұйымдастырушы ұстаз Шара Жиенқұлова төлеңгіттің құсшы руының тумасы. Төлеңгіт ішінде жалаңнан тарайтын Тілеу атамыздан Қайырбек есімді орақ тілді, шешен әрі суырып салма ақын болған. Оның мекені Емелтау ауылының (Шұбартау совхозы) терістігінде он бес шақырым Қайырбектің «Қара доңғалағы» деген үлкен қоңыр төбенің түбінде. Қайырбектің Тәти, Сәти атты балалары болған. Олардың өлең шығаратын ақындық өнерлері болмаған. Қайырбек қартайып, тоқсаннан аса өмірден өткен, ал әйелі өзінен бұрын қайтыс болып, өзі баласының қолында қалады. Бала- келінннен жақсы күтім көрмесе керек. Қайырбек қартайып өз қойын бағып, далада жүрген кезде бір замандасы келіп, амандық айтысып, қал-жағдайын сұрасыпты.Оған өз жағдайын айта бастаған Қайырбекке: «Е, шешенім қартайдың ба, ертек айтқаныңа қарасам. Одан да бір-екі ауыз өлеңмен айтып бере салмайсың ба?» дегенде Қайырбек бөгелмей:
Жорта алмас қалың қардан қалың киік,
Тартқаным Шайқы өлгелі бәрі күйік.
Тәңірден тілеп алған Тәтиіме ,
Жақпадым қой бақсам да шарық киіп.
Тәтиім мал бақ десем, мал бақпайды,
Сөйлесіп көрінгенмен жалбақтайды.
Азғана қалған малды билеген соң,
Тайлақтай бас білмейтін шалқақтайды.
Қызы мен қатынының тіліне еріп,
Шоқпарын маған қарап салмақтайды.-
депті.
Шайқы- әйелінің аты. Шайқы көп жылдар бала көтермей, баланы зарығып барып көріпті. «тәңірден тілеп алған Тәтиім» дейтіні осы екен. Тәтиге анасы жүкті кезінде Қайырбек Жетісуға ақшамға (астық іздеп) кетіпті. «Мен түс көрдім, үй жағдайы қиын екен» деп үш-төрт күндік жерден салт атпен шауып үйіне келсе, әйелі үш күндей толғатып, босана алмай жіпке асылып тұрған жерінен түседі. Әйелі ерін көріп жылап жібереді. Сонда үйде тұрған жеңгелері қалжыңдап: «Сені ғана тосып тұр, енді босанады. Сағынған соң көзіне жас алғаны ғой, бір ауыз өлеңіңе қарап тұр, айтып жіберші» -дегенде қамшысын екі бүктеп тұрып:
Кілтең жерде қинады-ау мына қатын,
Бала тауып көрмеген бұла қатын.
Ата-ананың жоралғысы осы емес пе
Асылып ала құрда шыда қатын.
Жаутаңдап маған қарап мұңайғанша,
Одан да бір тәңірге жыла қатын.
Жалғыздық жеті атамнан үзілген жоқ,
Құрымаса болады деп жұрағатым.
Қашанғы тауып берген балаң құрысын,
Құдайдан бір жаныңды сұра қатын.- депті.
1928 жылы бұрынғы Қарқаралы уезі, Семей губерниясына қарасты екі болыс (Шұбартау, Дағанды болысының) елі біріктіріліп «Шұбартау» ауданы құрылды. 1939 жылға Алматы облысының құрамында болды. 1997 жылдан бастап Аякөз ауданының құрамында. Шұбартау өңірі ауданның батыс бөлігінде орналасқан. Шұбартау болысы уездік қала Қарқаралыдан ең шалғайда орналасып, ең жақын деген ауылдарының өзі екі жүз елу-үш жүз шақырымдай жерде болды. Адам саны жөнінен Шұбартау болысы Қарқаралы уезінің жиырма екі болысының арасында төртінші орын алатын. 1897 жылдың санағының деректері бойынша он бір ауылда 1900 түтін (шаруашылық) және 8376 адам, оның ішінде 438 жан ер адам, 4018 әйел адамдар бар деп тіркелген. Болыстың Шұбартау деген атауы 1878 жылдан бастап қалыптаса бастады. Оған дейін Төлеңгіт болыстығы деп аталатын. 1853 жылғы есепте: Қарқаралы округі бойынша Төлеңгіт болысында 6 ауыл, 753 шаңырақ, 1459 ер адам, 1239 әйел адам, 6067 жылқы, 720 ірі- қара, 42424 қой-ешкі болды. ( Омбы мұрағаты: опись-2, іс-2808, фонд-3). 1896 жылғы есепте: Ауыл саны-12, шаңырақ саны-1956 болды. ( Мұрағат: опись-1, іс-774, фонд-64).
1853 жылы Қарқаралы аймақтық приказіне берген мәліметтерінде Бірәлі және Арысланбек Тәукин- сұлтандар және Жандарбек Құдабаев Төлеңгіт болысында төлеңгіт руының мекені, оның Мамадияр руының бір тармағы екені, құрамында қарақырғыздар, құсшы және қалмақтар бар екенін хабарлайды. (Юрий Попов- өлкетанушы, Санк-Петербург қаласы)
Төлеңгіттер мекені- Шұбартау жері таланттар мен өнерлілерге өте бай. Абайдың шәкірті Уәйіс Шондыбайұлының өнер үрдісі үздіксіз жалғасып, кейінгі мәдениет министрі, композитор Еркеғали Рахмадиев, музыка саласының профессоры Бекен Жылысбаев, әнші Ұлан Кенжебеков сияқты өнер тарландары, Қазақстан халық жазушысы Мұхтар Мағауин, академик Р. Нұрғалиев, ақын-жазушылар М. Рашев, Т. Тілеуханов, Х. Әбіков, Н. Айтов, Т. Есімжанов, М. Жақып- Шұбартау өңірінің мақтаныштары. Халық қаһармандығының айғағындай болған Совет Одағының батыры Мұхатай Әбеуұлының даңқы өшкен жоқ. Социалистік Еңбек Ерлері: Рзықбай Тілеуберлин (нағашым), Жанарбек Шүленбаев (ағайым), Тілеуқабыл Өмірбеков, көптеген орден-медальдардың иегерлері: Махметқали Мұхамедиярұлы, Қайрат Нағашбекұлы, Марлен Мұқашұлы, Мәкен Байтөлегенова, Тілеукен Бөдесова, Біліс Кәрімбергенов, Исатай Кәкіжанов, Шаймағанбет Мақашев т.б. ерекше ұйымдастыру, басқару қабілеттерімен, еңбектерімен көзге түсті.
Кейінгі толқын інілерден де ғылым жолына түскендер баршылық. Кәрім Ақанбаев- химия, Еділ Дадамбаев- медицина, Бақытжан Майтанов- филология, Бекен Кемелбеков- техника, Қадырберген Қаспақов- экономика ғылымдарының докторлары. Өріс Тәттібеков- философия, Жеңіс Өмірбеков- физика-математика, Асқар Мыңжасаров- философия, Клара Мыңжасарова- филология, Шаймұрат Мыңжасаров- медицина , Шайзада Мыңжасарова- өнер, Шаменова Самал Ерболқызы- филология, Шаменов Мерей Ерболұлы- техника ғылымдарының кандидаттары.
Өзім көзін көрген, әкемнің (Ахатай 3.05. 1924-28.02. 1968ж) әкесінен Байжүкен (1895-1942ж) бірге туған Аманбай балаларының есімдері мен мінез-құлықтарына тоқтала кетейін. Аманбайдан Нұрахметбай, Баяхметбай (1879-1977ж), Айтақ (1879-1967ж; шын есімі- Нұрмұхамет), Байжүкен (1885-1942ж; шын есімі-Баймұханбет), Қызғара (1842-1974ж; шын есімі-Ермұхамбет) бес ұл бала болған, қыз бала болмаған.
Нұрахметбайдың туған, қайтыс болған жылдарын білмеймін. Талдықорған облысы Сарыесік өңірінде болған. Кезінде көзін көрген үлкендерден сұрап алу есте болмады. Көзін көрген үлкендер өмірден озды. Сол кездегі заман талабы да ата тарату, дінге сенім білдіруге, дәріптеуге тиым салды емес пе?
Баяхметбай дінге берілген аласа бойлы адам еді. Біздер Байаға деп атаушы едік. Бертінге дейін өзінен күш-қуат кеткенше, машинаға (техникаға) мініп жүрген адам емес, түйемен немесе жаяу жүретін. «Жерді, көкті құртқан көк темір» деп техниканы ұнатпайтын.
Айтақ, шын есімі Нұрмұхамбет орақ тілді, шешен, суырып салма ақындық өнері бар, шежіреші адам еді. Осы мінез-қабілетіне қарап, жеңгелері айтсын-айтақ деп атап кеткен. Барлық құжаттарына шын есімі жазылмай, Айтақ деп жазылып, балалары да осы фамилияны иемденді.
Байжүкен, шын есімі Баймұханбет ұста, зергер, ағаштан түйін түйген шебер болған. Қалай Байжүкен аталғанын білмеймін. Есте қалдырып, аты аталып жүрсін деп шөбересінің аты Баймұхамет деп қойылды.
Қызғара, шын есімі Ермұхамет шежіреші, суырып салма ақын, ертедегі толғаулар мен қиссаларын жатқа айтатын. Суырып салма ақындығы баласы Төлешке қонған. Қызғара аталуы Аманбайда қыз бала болмай, ер жеткенше қызша киіндіріп, халық (ел-жұрт) қызды- қара деп атап, содан Қызғара атанған. Туғандағы шын аты құжатқа жазылмай, Қызғара деп жазылып, ұрпағы түгел Қызғарин деп жазылып, осылай аталып кетті.
Қосағаш ауылының ( бұрынғы Ш. Уәлиханов атындағы совхоз) тарихында өзіндік орны бар жарқын тұлғалардың бірі Аманбаев Мұхамедияр Байжүкенұлы. Ол ұзақ жылдар бойы колхоз төрағасы болып, жемісті еңбек етті. Мұхамедиярдың арнайы білімі болмаса да тәжірибесі мол, көп жылдар басқару саласында жұмыс істеп ысылған, ауыл шаруашылығығының қыр-сырын жетік меңгерген білгір, жер жағдайына, ел сырына қанық басшы болды. Мұхамедиярды көбінесе туған-туыстары, ауыл халқы атын атамай, «Әкше» деп атап кеткен. Кейінгі жылдары ауыл совет төрағасы қызметін атқарып, зейнеткерлікке шықты. Туған-туыстар арасында өте сыйлы, ел ағасы болды. Әкшем- өзінің қызметіне адал, ісін жетік білетін, халық жағдайына жақсы қарайтын, ел сыйлаған басшы болды. Ұлы Отан соғы
Елмурат
24-08-17 18:52
Караалпактын кытай арысы казаяклы тайпасынан тараган толенгит боламыз. Баримиз Шахаман (Коккоз) батыр урпагымыз.
Мен қазақ төлеңгіттерінің алдында олардың дұрыс бағасын бермеген тарихшылар атынан кешірім сұраймын. Төлеңгіттерді Қазақ хандығының басқару жүйесінен қалған негізгі артефакттардың бірі десек те болады, ал біз оларды төрелердің маңындағы құлдары деп түсіндірдік !
Ұлт және Ұлыс
6 -мақала: Төлеңгіттер және олардың Қазақ хандығының басқару жүйесіндегі орыны
Биліктің ең негізгі сыртқы белгісі – басқару аппараты. Бұл ұғымның ішінде әкімшілік- территориялық бірліктердің басшылары, мемлекеттік алым-салық жүйесін іске асыратын фискалдық чиновниктер, әскери және қауіпсіздік қызметі сияқты толып жатқан билік жүйесінің құрамдас бөліктері мен тетіктері бар. Егер біз осы тұрғыдан қарасақ хандық дәуірде қазақ қоғамында монархиялық биліктің нұсқасы бар сияқты көрінеді. Себебі қоғамның ішінде «ақ сүйек» атанған қара халыққа қарағанда ілкі артықшылықтарға ие әлеуметтік топ- төрелер бар. Қазақ халқының саяси тарихында төре институтының алатын орыны ерекше. Егер қазіргі заман тілімен түсіндірсек «төре» дегеніміз саяси қызметкері, мемлекет заңының орындалуын қадағалаушы адам. Біздің пайымдауымыз бойынша «төре» сөзі өте көне ұғымдардың бірі, оның шығу тегі қазіргі қолданыстағы «мемлекет» сөзінен де әрі. «Мемлекет» араб сөзі, оның мағынасы –империя, мемлекет, патшалық. Еуразияның көне тұрғындары көп заман мемлекет сөзінің орнына «ұлыс» атауын қолданып келді. Сонымен бірге орталық билік ту тіккен орда қызметі, оның жұмысын басқаратын аталықтар институты біздің тарихнамада әлі зерттелеген жоқ. Қазақ хандығы жаңа құрылған кезеңде орталық билікті күшейту мақсатымен саяси басқару тетігі есебінде өмірге енген тәртіптің бірі- аталықтар институты. Аталық басты міндеті Орда қызметін үйлестіріп отыру. Орыс деректерінде аталықты «дядька» деп атайды, яғни ханға жол сілтеп, жөн көрсетіп отыратын үлкен тұлға және жанашыр ақылшы адам.
Қазақ ордасының және қызметтегі төрелерінің маңына төлеңгіттер жиналды, ол бір жағынан хан-сұлтанның әскери қосыны, бір жағынан нөкері, бір жағынан елшілігін атқаратын адамдар. Ресейде Иван Грозный тұсында қалыптасқан дворяндықтың дәл біздің төлеңгіттерден айырмашылығы шамалы. Біздің тарихнамада төлеңгіт пен құлдың айырмашылығы әлі ашылмағандықтан әлі күнге төлеңгіттерге дұрыс баға берілген жоқ. Деректерге қарасақ төлеңгіттердің әлеуметтік орыны қара қазақтан жоғары. Олар елшіліктерге, келіссөздерге белсене қатысады, жауапты тапсырмаларды атқарады және алатын жол ақысы да өзгелерден мол, сол себепті төлеңгіттерді мемлекеттің, немесе мемлекет билігіне жауапты ”ақ сүйек” топтың басқару функциясын іске асырушы тетік есебінде қарастыруға болады.
Төлеңгiттiктi күрделi әлеуметтiк құрылымға тән құбылыс деп қабылдауға болады. Бiрiншiден - төлеңгiттердiң шығу тегi әр қилы: оның құрамында өзге этностардың да, қазақтың да болуы мүмкiн, екiншiден әлеуметтiк орыны да әр қилы, олардың iшiнде маңызды саяси шаруаларға жүретiнi, байлары, сонымен қатар мiнерге аты, iшерге асы жоқ кедейлерi де бар. «Төлеңгiттер» деп төре маңына жинақталатын, төренiң қамқорлығындағы адамдарды атайды. Олар малдарына төре таңбасын басады, төренiң ұранын шақырады, бейбiт уақытта төренiң шаруашылығын қарап, жаугершiлiкте ең сенiмдi жауынгерлерге айналады. Кіші жүз Мақаш Бекмағанбетов құрастырды деген шежіреде төлеңгіттерге мынадай сипаттама беріледі: «Кіші жүздің 25 таңбалы баласына Төлеңгіт кірмейді. Төлеңгіт өз алдына топ басы. Бірақ адам аты емес, топқа берілген таңбаның аты дейді. Төлеңгіт әр халықтан қосылып, шеніне, нәсілдеріне танылып көбейіп «Төлеңгіт» деген таңбаға ие болған. Ханнан алған таңбасына ие болған Төлеңгітті қай хан болса да нәсілдес болғасын, оларды жақтап, «хан таңбалы төлеңгіт» деген». Хан ордасы маңында төлеңгіттердің көп жиналуы орталық биліктің мықтылығын қамтамасыз етеді, ол бір жағынан әскери қосын, бір жағынан нөкер, бір жағынан хан-сұлтанның шаруасын атқаратын адамдар. Ресейде Иван Грозный тұсында қалыптасқан дворяндықтың төлеңгіт институтынан айырмашылығы шамалы. Жаугершілік тұсында сырттан түскен тұтқынның көпшілігі төлеңгіт атанып кетеді, құлдарды азаткер қылса, олар да төлеңгіт қатарына қосылады, өзге елді шауып-шаншып айдап келсе олар бала-шағасымен төлеңгітке кіреді (мәселен Абылай заманында қырғыз, қалмақ, башқұрт, түрікмен т.б. тұтас ауылдарымен төлеңгіт қатарына енген). Сонымен қатар бірлі-жарым іргесі бос, ағайыны момын, малына билігі болмаған қазақ та ауылымен пана іздеп келіп төренің қолтығына кіреді. Төлеңгiттер қатарын жорықта қолға түскен тұтқындар, жарлы-жақыбайлар, өз руынан қорған таба алмаған адамдар, әртүрлi себептермен күштi ханның қанатының астында болғысы келгендер толтырады.
ХVІІІ ғасырдың ортасында шығыс аймақты қайтарып алу жолында жасалған қайратты қадамдардың бірі төре және төлеңгіттердің үлкен топтарының шекаралық алқаптарға қоныстануы. Алғашқыда төлеңгіттердің үлкен топтары Алтай және Тарбағатай бағытында аталықтар әулетінен Өмірзақ мырза бастаған Мамадайыр, Мамашық топтарымен бірге Әбілпейіз сұлтанға еріп аттанады. Шұбартау-Шыңғыстауға келгендердің ұрпақтары арасында «бұл елдің бірлігі үшін керек» деген сөз мәтел болып сақталып қалды. Шығыс өңірге аттанып бара жатқан Әбілпейізге Әбілмәмбет хан өзінің сенімді, шығу тегі қалмақ, қырғыз, татар төлеңгіттерінен Жаназар батырды бас қылып бірнеше ауыл берді. Осылайша «Өмірзақтың дәулетіне, Жаназардың қуатына жиналған» ел көп заман Әбілпейізге де, оның балаларына да, тіпті немерелеріне де қызмет етті.
Қаракерей Найманның ішінде Орта жүздің атақты сұлтандарының бірі Бөкейдің ұрпағы Санияз төре Әбілпейізді ағалап келіп билік құрыпты дейді (Қырық сан Барақ, одан Бөкей, одан Шыңғыс, одан Көшек, одан Санияз, одан Қамбар). Осы Санияздың маңындағы ел Зайсан, Мааңырақ маңында өздерін бүгінгі күні Саниязбыз деп атайтын бір үлкен қауым. Шежірелер «Санияз деген ру анығында оннан астам ұлттан, қырыққа жуық ру өкілдерінен құралған. Санияз төре мен оның баласы Қамбар төренің төлеңгіттері: татарлар Шәрәпи ауылы атанады, түрікпен әулеті – Мірмұхамбет ауылы, қырғыз әулеті – Мөшкен ауылы, орыс әулеті Михаил-Меңдібай ауылы, моңғол әулеті – Иіс ауылы, ағайынды орыстар Даниил мен Давид әулеттері Даниял-Дәуіт ауылы атанған. Бұлардан басқа қалмақ, башқұрт, қытай, ұйғыр, дүңген т.б. елдердің өкілдері араласқан. Санияздар өздерін «төреміз» демейді «саниязбыз» дейді, ал Санияз төренің өз кіндігінен тараған әулеттері өздерін «саниязбыз» демейді – төреміз дейді». Осы құрама ел төрелерімен бірге Қытай сияқты алып империяның қаһарынан қалған қазақты қорғап тұрғаны сөзсіз.
Қазақ хандары орталық билікті күшейту үшін кіші-гірім соғыстарды қашанда жүргізіп отырады. Жаугершілік тұсында қазақ рулары жауға жеке-жеке жем болмас үшін, екі тізгін, бір шылбыр өзіңде деп, бас билігін хандарына-сұлтандарына тапсырады. Жаудың бетін қайтарып, жан тыныштанғаннан кейін тәубесін ұмытып, өкпелеп шыға келеді. Міне, осындай кезеңдерде хан билігіне негізгі сүйеу болатын күш -төлеңгіттер. Олар хан ордасы маңында тек шаруашылық істермен ғана айналыспайды, сонымен бірге саяси өмірден туындайтын күрделі тапсырмаларды да орындайды. Осы себепті төлеңгіттерді біз әртүрлі елшіліктер құрамынан, сауда керуендерінің қорғаушылары арасынан, хат-хабар қызметінен, сыртқы елден келген елшіліктерді қарсы алушылар ішінен, халықаралық кездесулерден жиі көреміз. Атыраулық зерттеуші А.Шамғонов «1757 жылы Жәнібек сұлтан Петербург қаласына сапар шеккенде орыс үкіметі олардың жол ақысын төлеген. Мысалы сұлтанға күніне -50 тиын, би-батырларға -20 тиын, төлеңгіттерге-10 тиын, тілмаштарға-5 тиын, ал солдаттарға -3-ақ тиын. Осының өзі төлеңгіттердің хан сарайында алатын орнын анық көрсетіп береді»,- дейді. Төлеңгіттердің көбі Ордадағы қызметтерді бірнеше аталарынан бері атқарған кәсіби әулеттерден болды. Төленгіттердің көбі хан Ордасында қызмет істеп, сол маңда тұрғандықтан, ханзадаларға арналып ашылған медреселерде оқып білім алды. Бұл, оларға хатшылық, елшілік, шетел елшілері мен салық жинау сияқты сауаттылықты қажет ететін қызметтерді тапсыруы үшін қажет болды және аталықтар тарапынан бақыланды.
Әбiлқайыр мен Нұралы сұлтанның өте маңызды шаруаларын тындыратын адам ретінде Байбек Ағлұқ төлеңгiт белгілі. Абылайдың 1759 жылы Қытайға жiберген елшiлiгiнiң «құрамында 25 қазақ пен төлеңгiт бар» екені белгілі. П.Рычков «кiнәлi адамдарды жазалайтын хан жанындағы ерекше қызметкерлердi төлеңгiт деп атайды»,- дейдi. 1767 жылы Қоқанд басшысы Ереденеге қарсы дайындық кезiнде Абылайдың сәлемiн ру басыларына жеткiзушiлер Дайыр сұлтан мен Көшек төлеңгiт. Абылай сұлтан 1762 жылы Орынбар өлкесінің губернаторы Давыдовқа жазылған хатында «мен өз төлеңгiттерiмдi қазақтардан кем көрмеймiн, себебi олар менiң басыбайлы жалшыларым емес. Оларды жақсы көргендiктен өз қасымда ұстаймын, бiрге көшiп жүремiн»,- дейді.
Әбiлмәмбет хан 1737 жылы қашып келген башқұрт-қырғыздарды төлеңгiт қатарына қосам деп керей руымен ренжiседi. Ханға ренжiген керей руы өздерiне сұлтандыққа Әбiлқайырдың ұлы Ералыны шақырып алды, яғни қазақ рулары хандардың қолында төлеңгiттердiң тым көбейiп кетуiн қаламаған. Төлеңгiттер хандар мен сұлтандардың ауылдарына кейде тұтас ауыл, немесе жеке үй, тiптi салт бас-сабау қамшы келiп қосыла бередi. С.Броневский Сiбiр қазақтарының төрелерiнде бұхарлықтар, ташкентiктер, қарақалпақтар, башқұрттар және қалмақтар төлеңгіт болып қызмет жасайды дейдi. Абылай ханға байланысты көптеген деректерден оның қарамағындағы төлеңгiттердiң көбi 1771 жылы Едiл қалмақтарының Жоңғарияға қаша көшуiнiң кезiнде қолға түскен қалмақ пен түркiмен екенiн бiлемiз. Кiшi жүз төрелерiнiң қолында қалмақтармен қатар башқұрттар, түркiмендер көп болды. Төлеңгiт ұстауға қатардаға төренiң бәрi мүмкiндiк ала бермеген. Олардың негiзгi жинақталған жерлерi хан мен сұлтандардың ордасы. Хан-сұлтанның қасына жиналған төлеңгіт қауымы саяси билік дағдарысқа өздерінше ру құрып немесе іргедегі қазақтың руларына сіңіп кетіп жатады.
Түйіндеп келгенде, Төлеңгіттер институты қазіргі Қазақстан Республикасы әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің аналогы ретінде жұмысын атқарған және олар орталық билікті іске асыру құралы, орданың орындаушы әкімшілік қызметкерлері. Олар ру, тайпа, ұлыстарға басшы бола алмайды, өздерінің лауазымдарына сәйкес міндеттерін атқарды. Сол себепті төлеңгіттерді әр түрлі елішіліктер құрамында, халықаралық кездесулерде, сауда керуендерінің қорғаушылары арасында, хат-хабар қызметінде, сыртқы елден келген елшіліктерді қарсы алушылар ішінен көреміз.
Профессор Ж.О.Артықбаев
Жанаман Қазаяқлы
25-12-16 04:42
Казак туленгитлерине каракалпак бауырласларынан салам!
Меним әжем Шәкібала Бахы қызы руы толенгіт қусшы уш ағайынды кісі болған. 1930 ашаршылық жылдары кезинде бауыры Заманбектен адасып қалған Семей немесе Саяк жактарда балалры болуы мумукін соларды іздеймін !!!!!!!! Өтінем комектесіндерші туыскандарымды табуға !!!!!
Сәлеметсіздер ме? мен де Төлеңгітпін. Әкем шежіре болған адам. Балалық шағымда шежіре тарату, тарихты естумен өстім. Әкем қайтқалы барлық туыс, қандастарымды білсем, көрсем деймін. Шұбартау ауданында төлеңгіттер өте көп.
Ассаалямуалейкум бауырлар! Біз Атырау облысы Құрманғазы ауданында туып оскен Нұрлан атты жолдасым. Төленгіттің бөлімдерін білгіміз келеді. Бізге атамыз Төленгіттің "тоғымы" деген оның неге солай аталғанын біле алмай қалдық. атамыз марқұм боп кетті.Менде Төлеңгіттің келінімін, бірақ оның бөлінетінін білмеппін. Төлеңгіттер туралы нақты ақпараттарыңыз болса менің почтама жіберіңіздер. Әсіресе төлеңгіттердің нешеге бөлінетіні туралы деректер қызықтырады.
Мен қарақалпақ қытай қазаяқлы тайпасынан болам. Бабамыз хан қасында қызмет еткен, хан тамғасын алған.
Алмасбек
08-01-16 10:18
" Тауық- құс емес, Төлеңгіт- құл емес" деп Ақсақ Темір айтқан.
Қазыбек
08-01-16 10:09
Жау шапса халық "Төлеңгіттеріміз қайда?"- деп алдынғы шептен табылатын батыр, жаугер ұлдарын іздеген. Алты жасынан бастап балаларын атқа отырғызып, садақ тартуға үйреткен Төлеңгіттер тарихтағы- спартакшылер, викингтер сияқты соғыс өнерін жетік менгеріп өскен. ( Қамшыбек Молдабекұлы)
Қазыбек
08-01-16 09:57
Ассалаумагалейкум Төлеңгіттер мен Ордабасы ауданындағы Төлеңгіттің мұғалымын.
"Қарақалпақ" бауырыма (03-09-15 06:29)
Ассалаумалейкум!!! Мен сол сіз айтқан Көккөз батырдың ұрпағы боламын. Сіздің айтқан тарихыңыз дұрыс - бұл әңгіме бізге дейін Атадан-балаға ауызекі жеткен. Өткен жылы Көккөз батырдың тарихы мен ұрпақтарының шежіресін алғаш рет кітап қылып шығардық.
Мүмкіндік болса - маған хабарласыңыз!!!
Бектөре
15-11-15 23:03
Бұрынғы уақытта хан-сұлтандар өз маңайына қорған үшін қарақалпақтардан нөкер алып, кейін ала соларды жеке ауыл етіп жібереді екен. Бұларды «төлеңгіттер» деген. Осы жайлы деректер Мұхтар Әуезовтің жазбаларында да кездеседі. Жалпы, сол нөкерлердің кейбірі қазірге дейін «төлеңгіт» атын сақтап қалса, біраздары әлі күнге шейін «қарақалпақ» атанып жүр. Олардың басқа руларға кірігіп кеткендері бар. «Қарақалпақ» атанып жүрген рулардың шын тегін сұрастырып қарағанда, олардың біреулері «кенегес», біреулері «маңғыт», енді біреулері «қытай» т.с.с болып шығып жатады. Ары қарай сұрастыра берсең, тағы да бір аталары бар екені белгілі болады. Хан-сұлтандардың дәстүрлі ұстанымында өз нөкерлерін қарақалпақтардан алуында белгілі бір сыр бар сияқты.
Ассалаумағалейкум тумаларым !!! Менде Төлеңгіттін Төресімін мені мазалайтын сауал бізді неге мал баққандар құлдар деп тарихқа енгізген бізді неге жүзге жатқызбайды біз не адам емеспізбане сонда? Менде мынандай ой бар тарихқа жаналық енгізейік біз құлдар емеспізғой қолдайтындар болса жазындар почтама мен сендерді күтем !!!
ШКО Семей қаласы Шұбартау ауданы.Төлеңгіт, Төлеңгіт ішінде Оңажыт!!!) (Алматы қаласынан)
Мурат
17-09-15 16:37
ТУЛЕНГИТТЕР жасасын!
Жандарбек
06-09-15 05:40
Қызық дерек! Осындай батыр бабалар рухы қолдасын баршамызды.
Қарақалпақ
03-09-15 06:29
КӨККӨЗ БАТЫР ҲӘМ КӨКЖАЛ БАРАҚ
Қазаяқлы Қараша палўанның туқымында Көккөз батыр деген өткен. Оның шын аты Манас екен. Арғы ата-бабаларын «Көпуста» деп те атапты.
Көккөз батыр әўелде Хийўа ханының найыбы болыпты. Найыптың хызмети өз қарамағындағы халықтың хабарын ханға билдирип турыў ҳәм салықтың ўақтында жыйналыўын тәмийинлеў екен. Хан найыпларының абырайы сарайдағылардан кем болмапты. Көккөз батырдың сусы басым болып, ханнан ўәкиллик алған салық жыйнаўшыларды өзи басқарып, оларды бассындырмайды екен, басқаларға да пай бермейди екен. Сарай ҳәмелдарлары да Көккөзден айбынатуғын болыпты. Олар ханлық ғәзийнесине түсетуғын салықты өзлери қабыллап алғаннан кейин, оннан жырып қалады екен. Бара-бара олардың араны ашыла баслайды. Баста аз-аздан алса, кейин ала алқымды мүдиў кеңейтипти.
Ғәзийнеге түсетуғын салық муғдары кемейгеннен ханда да гүман пайда болады. Ал, сарай ҳәмелдарлары Көккөз батырдың хан алдына барып қойыўынан қорқып, астыртын ойласық қылады. Олар өзара келисип, биринен кейин бири Көккөзди ханға жаманлап бара берипти. Ҳәмме бирдей жайсыз хабар жеткизе бергеннен соң хан Көккөзден шын қәдиксирейди ҳәм барлық ҳәмелдарларды алдына шақырып алып, олардың пикирин бирме-бир тыңлайды. Бир-бири менен тил бириктирген сарайдағылардың сөзи бир жерден шығып, Көккөзге жаза соралады. Хан Көккөзди хызметин алыўға буйрық береди ҳәм оны жазалайтуғын болады.
Бул ўақ Сырдың арғы жағындағы қарақалпақларды Барақ султан қайта-қайта шаўып турған тус екен. Жаўыз болғаны ушын журт оны «Көкжал Барақ» деп атапты. Көкжал Барақ қарақалпақты бир емес, бирнеше мәрте қатара шабады. Ол мың-мыңлап малды, он мыңлап жанды алдына салып айдап, Арқаға кетеди. Көкжал Барақ қарақалпақтың бир бөлегин өзине қосып алған Абылқайыр ханның да ордасына топылыс жасап, оны да жазым қылады. Сол туста, Абылқайыр ханның баласы Ералы султан Көккөздиң Хийўа ханының найыбы ҳәм Елибай қарақалпақларының белли батыры екенин еситеди. Ералы султанның ордасында да бирнеше қарақалпақ батырлары болып, Көккөздиң хабарын солардан билип турған екен ҳәм оның өз сорамына келиўиниң тилегинде екен. Ералы султан Қырда «хан» деп аталған.
Хийўа ханының сыртынан жаза буйырғанын өз тилеклеслеринен еситкен Көккөз бир түнде елди тик аяққа турғызып, барлық малы-жаны менен Ералы султанның журтына атланады. Кетеринде Елибай жерин туўысқаны Қара батырға тапсырады. Көккөздиң изине ергенлер көп болып, бир тайпа ел Сырдың арғы тәрепине өтип кетеди. «Журт үстине журт келсе – ол да ханның дәўлети, журт үстинен журт кетсе – ол да ханның зәўмети» деп өз журтына аз емес, бир тайпа елдиң Көккөз батырдың басшылығында келгенине Ералы султанның кеўили шад болады. Елибай журтшылығы Ералы султанның журтын «Әли қалмақ» деп жақтырмаса да, оларға қосылған өз баўырласлары «Байсары балалары» барлығы ушын қарым-қатнасты да үзгиси келмейди. Сол аралықта орда ийесиниң Бараққа қарсы урысажақлығын еситип, сырттағы қарақалпақ батырларының базылары олар менен биригеди. Оның үстине Көккөз баслаған бирпүтин қол тағы келеди. Сөйтип, Ералы хан қарамағында Арыс балаларының қарасы көбейеди.
Ералы хан Көккөзди исенимли билип, көп өтпей оны өз ордасына нөкербасы етип қояды. Ханның ордасын қорғаған Көккөз басшылығындағы қарақалпақ нөкерлери туқым-тебериги менен «төлеңгит» аталып, төре әўладларының қасына жайласады.
Көккөз сарайдан кеткеннен кейин оның айыбы жоқ екени белгили болып, Хийўа ханы оны алдыртқысы келипти. Өзиниң исенген адамы болғаннан кейин ағайинлерин жиберип шақырттырады да. Бирақ, Көккөз келгенлерди кери қайтарады. Ералы хан да өз батырын жибергиси келмейтуғынын мәлимлейди. Көккөз күнде өз нөкерлери менен серик ойынын өткереди екен. Ералы хан Көккөздиң ер минезин ҳәм жәң майданында сыналған нағыз сәрдар екенлигин аңлап, оған әскер дүзиўди буйырады. Тез арада сайлы-сайлы жигитлерден әскер дүзиледи. Көккөздиң исине кеўили толған хан оны әскербасы етип жәриялайды. Әскер ойыны өте береди.
Бир күни Ералы хан әскер ойынын көрип, олардың қан майданға түсиўге таяр екенин аңлайды. Ол Көккөзге әкеси Абылқайыр ханның кегин қайтарыў ушын Көкжал Бараққа қарсы атланысқа шығыў кереклигин айтады. Көкжал Барақ бир қарақалпақты емес, Сыр бойындағы барлық аўыл-аймақты тоз-тоз еткен екен. Ол Түркистандағы хожалар Көкжал Барақтың үстинен ҳүким шығарып қойғанлығын да батырдың есине салады. Көккөздиң тилеги де Барақ султан менен жекпе-жекке түсиў екен. Көккөз өз әскериниң урысқа таяр екенлигин билдиреди. Көккөз бенен оның нөкерлериниң де ойы бир жерден шығады. Көккөз Қорасан бабаның әўлады Ер Сейитпенбет пенен дос екен. Ол урысқа атланарда хожалардың пәтиўасын7 көрип, Ер Сейитпенбет пирден пәтия алады. «Я, Арыслан бап!», «Я, Қорасан баба!», «Я, Ақпышақ!» деп пирлер менен ата уранды айтып шыққан батырлар урысқа атланады. Көккөздиң қасына баласы Жумақай да ереди.
Бир айға шамалас жүргеннен кейин булар Барақ султанның қолы менен ушырасады. Бир-бирине хабар салғаннан кейин таярлығы бар еки тәрептиң қолы да урысқа кирисип кетеди. Көкжал Барақтың әскерлери көп екен. Әўелги гезде Барақтың күши басым көринсе де, «қаналастың, қарындастың қаны ушын» деп шыққан батырлар урысқа пәтленип түседи, қарсыласларын састырады. Бирақ, Барақ султан Арқаға қарай шегине отырып, ҳийле-тәсилди көбейтеди. Ойламаған жерден постырма8 қойып, Көккөз қолын бираз шығынға ушыратады.
Ашық майданда урысып қалған Көккөз әскерлери тосын ҳүжимлерден албырайды. Оның үстине Арқада қыс ерте түсип, жыллы жақтан барған жаўынгерлер буған шыдамай, өзлерин суўыққа алдырып алады. Әскердиң саны сепсий баслайды. Аўыр жараланған нөкерлерди Көккөздиң өзи изге қайтарады. Урыс бирнеше айларға созылып кетеди. Көккөздиң адамы азайып қалса да, қайтпай урыс сала береди. Ақыры Көккөз батыр Көкжал Барақты жеңеди. Көкжал Барақ қарақалпақтың атышуўлы батырының қолынан усылай қаза табады.
Көккөз батыр қолы Көкжал Барақты жеңген гезде Ер Сейитпенбет пир қатты аўырып жатырған екен. Ол жаны үзилерде Көккөздиң күшиниң басым екенин, оны әрўақ қоллап турғанын, Жумақайдың да урысқа түскенлигин ҳәм жақын арада олардың жеңис пенен оралатуғынлығын айтады. Ер Сейитпенбет пир Қармақшының тусындағы Сәрбулақ деген жерге дәпин етиледи.
Ералы хан Көккөз батырдың жеңис пенен киятырғанын еситип, ақ түйелерди сойдыртып, уллы тойды баслап жибереди. Батырды сән-салтанат пенен күтип алады. Жеңис пенен оралған нөкерлердиң барлығына саўға береди. Той үстинде Көккөз батырға асық жилик услатады. Көккөздиң ерлиги ушын оған «Шаҳаман» деген атақты берип, хантамға сыйлайды. Көккөз батыр урпағы енди қазаяқлының қазтамғасы менен қатар, төрелердиң хантамғасын да еншилейди. Көккөз батырдың исми шежиреге «Шаҳаман» деп киргизиледи ҳәм бул атақ журтшылық арасына кең жайылып кетеди.
Ассаалямуалейкум бауырлар! Менде Төлеңгіттің бірімін, бірақ оның бөлінетінін білмеппін. Төлеңгіттер туралы нақты ақпараттарыңыз болса менің почтама жіберіңіздер. Әсіресе төлеңгіттердің нешеге бөлінетіні туралы деректер қызықтырады.
Менде төлеңгітпін. ШҚО, Үржар ауданы, Қара-бұйрат ауылының тумасымын! Төлеңгіттер туралы нақты ақпараттарыңыз болса менің почтама жіберіңіздер. Әсіресе төлеңгіттердің нешеге бөлінетіні туралы деректер қызықтырады.
улугбек
28-03-15 06:41
Мен улугбек төленгитпін туркестан аумағында 300 үй толенгиттер тұрады атам мусахан толенгиттер президенті барлыгымыз тату тәтті турамыз
Ассалаумағалейкум!!! Амансыздарма бауырларым. Менде Төлеңгіттің бірімін, бірақ оның бөлінетінін білмеппін. Бір білетінім Төлеңгітпін десем Қарақалпақсыңба дит, Осы сөз үшін біраз дауласамын, қазақ екенімді дәлелдеу үшін. Нұрбегрген жинеіме айтарым бар, бұл сайттағы Төлеңгіттер танымал адамдарды атап өткен себебі Төлеңгіт руының қазақ ұлты екенін дәлелдеу үшін, Барак Обаманы өзіңе туыс қыла ғой саған қалдырдық..... Өзінің қазақ екенін дәлеулдеу үшін жанталасып келе жатқан румыз. Түріміз қазақ, жанымыз қазақ, дініміз қазақ, салтымыз қазақ, ең бастысы жүрегіміз-Қазақ, бұдан басқа не дәлел керек, ал тарихқа үңілсек нағыз қазақ көзі көк, шашы сары болған дит, бірақ ондай қазақ көрмедім, барлығы көзі қоңыр қысыңқы, қара торы ғой солай емеспе бауырлар.... Сондықтан бауырларым ешқашан қазақ екендеріңе күмәндарың болмасын.!!!!!!!!!!!!!
Төленгіттер туралы екі томдық кітапты бірінші рет Қазақстан бойынша Жасымбаев Ернұр Төкенұлы , Кемелбеков Бекен Жасымбайұлы жазған және Арғын Алтай туралы кітапта жақсылап тұрып талдап жазылған.
Ассалаумагалейкум бауырлар мен Тамды жеринде Бабыл бабадан тараган Толенгіт боламын Бабыл бабадан тараган толенгиттер болса хабарласамыз байланыс телефон 87081020008
Толенгиттин шежресин ким билед менин сегизинши атамнан томен карай аталады Жетибай-Лаха-Мырзабай-Койшыбай-Жарымбет-Елеу-Алибек осы кисилерди танитын адамдар болса жауапжазындар.
Бәріне сәлем! Қарап отырсам, Төлеңгіттер көп екен)Мен де Төлеңгітпін (мұғалы) Астанадан боламын. Қазақстанның әрбір аймағында біздің руластарымыз жүргені мені қуантады.
жаназардын ак туынын астында жаугашапкан толенгиттер кайдасындар!кашанга тардайтарап журемиз!баскалар сиякты ата жұртта жиналыптос кагыстыратын кун кашан туат!
Менин акем бурынгы Семей обылысы Шубартау ауданында турган казир Семейде турамыз,толенгит ишинде актабын одан кейн баянбаймы,атамнын айтуыншакалмак екенбиз бул сайткашыккандагы максатым актабын ишиннен тарайтын баянбай жанбырдан калган туыстарым бар ма екен деген оймен шыгып отырмын.каншааитканмен кандастарыммен араласкым келет
Қытай жылнамаларының бірі - \\"Жаңа таңнама\\" атты шежіре еңбекте:\\"Ғұн ұрпақтары(ХVIII ғ.) - 15 ата. Соның бірі - Теленгіт(Төлеңгіт)\\",-деп жазылыпты(тарихшы Зардыхан Қынаятұлының дерегі). Сондай-ақ, \\"төлеңгіттердің басым бөлігі найман мен қырғыздардың арасына сіңісіп кеткен\\" деген деректі де айтады. Ендеше, төленгіттер ешқандай жалшы-малшы емес, ежелден келе жатқан Ғұн тайпалаларының бірі деуге негіз бар. Біздің тағы бір білетініміз - қарақалпақ халқының Қазаяқлы аталығына жататын Төленгіт деген ру бар. Олар да өзін \\"Төре Төлеңгітпіз\\" деп айтады. Қазақтың шежіре кітаптарының бірнешеуінде: \\"Жеті Жарғыда\\" Сұлтан(төре) мен Қожаны өлтірсе 7(жеті) адамның құны, Төлеңгітті өлтірсе 2(екі) адамның құны төленеді\\" деп жазылған деген мағлұматты келтіреді. Ғұлама А.Сейдімбектің \\"Қазақтың ауызша тарихы\\" атты еңбегінде қазақта жүзден тыс 5 тайпа мен 14 ру бар екендігі туралы мәлімет бар. Сол бес тайпаның бірі Төлеңгіттер дейді. Демек, қазақпен бірге тарихы тереңде жатқан, Көккөз сияқты белгілі батыр, Ш.Қажығалиев сияқты әйгілі сазгер шыққан Төлеңгіт бауырларымыздың шығу тегі туралы \\"мыс,мыстарға\\" нүкте қоятын кез жетті-ау!
1 куни бир окуда агайым сурайды руын нел деп толенгит десем кандай ру дид аксуйек десем монголдардан тараганба дид ол жагын билмим тек билетиним толенгит екенимди
шешемнин котинен шыкканымды билем деп жауап бердим, арыс,акдала,дермене шымкент,шамши ауылы шауилдирдин толенгиттерин танитындарын болса связ га
Саламатсыздар ма? Алматыда Төлеңгіттер туралы кітап шығыпты деп естідім. Соны қайдан сатып алуға болады.
Манас
24-05-14 08:31
"Қытайлық" емес, "Қытай Т..." деп айтылады. Қытай - iргелi қарақалпақ елi. Одан Қазаяқлы тайпасы тарайды. Қазаяқлыдан Т. аталған аталарымыз бiр ру болып қалыптасқан.
Жеке Куәлігіңіз, аты-жөніңіз қазақ тілінде болмаса, сіз қандай қазақпын деп ойлайсыз?
Әкеңіздің, атаңыздың, бабаңыздың атын ұмыттырам деген заман өтті, аты-жөніңізді, тегіңізді Жеке Куәлігіңізге қазақ тілінде жаздырсаңыз, Алла тағала сізді қолдайды!
Бүгінгі күннен бастан, әр азамат, отбасы, ауыл, аудан, қала, облыс болып, түгел қазағым Қазақ Елінің нағыз азаматы атына лайықты жұмыс жасайық, өмір сүрейік, балаларымыз бен немерелерімізге қазақ екенімізді дәлелдейік.
Не істеу керек:
1. Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш жазып, Туу туралы Куәлігіңізді жаңадан таза қазақ тілінде жаздырасыз,
2. Қазақ тілінде жазылған Туу туралы Куәлік негізінде Жеке Куәлік және қажет болса Паспорт аласыз,
3. Басқа құжаттарыңызды қазақ тіліне аудармайсыз, бәрі жарамды, заңды құжат болып есептелінеді.
Сонда ғана біз аты-жөнімізге қарап қазақ екенімізді, бір үлгіде аты-жөнімізді жазатын Қазақ Елінің, ұлтымыздың төлқұжаты болатын жағдайға жетеміз.
Мысалға: менің атым Нұрлан әкемнің аты Ізден атамның аты Есенғазы. Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуiрдегі № 2923 Жарлығына байланысты Туу туралы Куәлігімді және жеке Куәлігім мен Паспортымды Нұрлан Ізденұлы ЕСЕНҒАЗЫ деп алдым.
Сонда ғана қазақ тілінде жазу сауаты дұрысталады, неге десеңіз сіздің жеке Куәлігіңіз таза қазақ тілінде ғой!
Президенттiң ұлттық тарихи сананы қалыптастыру жөнiндегi тапсырмасына орай, маусым айында Мемлекеттiк хатшы Марат Тәжиннiң қатысуымен өткен Қазақстанның ұлттық тарихын тереңнен зерделеп-зерттеу мәселелерi қаралған жиын тарихымызды тануда үлкен бетбұрысқа жол ашып отыр. Егемендi ел болғалы өткен тарихымыздың беттерiн шаңнан тазартып, азды-көптi болса да зерттеуге мүмкiндiк алдық. Дегенмен, әлi де болса бұл жұмыс жүйелi жолға қойылды деп айтуға ертелеу.
Осы тұрғыдан қарағанда, төлеңгiт тарихына қазақ ғалымдарынан гөрi шетел ғалымдары мен жазушылары көбiрек көңiл бөлгенi байқалды. Төлеңгiттердiң тарихын зерттеуге А.П.Уманский, Л.П.Потапов, В.В.Радлов, Н.А.Аристов, И.Г.Георги, Л.Н.Гумилев, Г.Ф.Миллер, Г.П.Самаев, П.А.Чихачёв және И.С.Тенгереков сияқты көптеген әйгiлi түрколог ғалымдар атсалысқан.
Қазақ тарихшыларының арасында төлеңгiттер туралы алғаш құнды пiкiр айтқан белгiлi қазақ жазушысы М.Мағауин өзiнiң «Шыңғыс хан» атты деректi тарихи хикаясында «Төлеңгiт «Түгел тарихта» Шыңғыс ханның дәргейiне келтiрiлген қонысы шалғай тайпалардың қатарында айтылады. Татар даласының терiстiк сыртында, орманды алқапта тұрады, сондықтан да «ағаш-елi» атанатын қауымға жатады. Бұлардың тiршiлiк кебi ортақ – негiзiнен аңшылық болғанымен, тұқым-тегi де, тұрмыс-салты да әрқилы деп жазған Рәшид-әд-Дин. Ал, төлеңгiттiң түрiк нәсiлдi екенiн атап көрсеткен. Төлеңгiт (теленгут, теленгит) – түрiк әлемiнiң шығыс атырабында қалыптасқан ежелгi рулардың бiрi. Түп негiзi (толанко, доланьге) ғұн жұртының бiр әулетi саналатын, қытай деректерiнде гаогүй аталған Теле тайпа бiрлестiгiнен бастау алады» деп жазады.
Төлеңгiт тарихы И.Тенгерековтiң «Төлеңгiттер» деген тарихи-этнографиялық очеркiнде бесiншi ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан басталады. Төрт жүз тоқсан екiншi жылы төлеңгiттер Юэбань мемлекетiн жойып, оның орнына Төлеңгiт хандығын орнатады. Төлеңгiт хандығы солтүстiк және оңтүстiк бөлiктен тұрады. Солтүстiктiң билеушiсi – «Ұлы император», оңтүстiктiң билеушiсi – «Мұрагер ханзада» лауазымына ие болды. Бiрақ 495 жылы Төлеңгiт хандығының оңтүстiк бөлiгiн, ал бiр жылдан кейiн солтүстiк бөлiгiн эфталиттер өздерiне тәуелдi етiп, жау боп келген жужандарға қарсы қоюға ниеттендi. Эфталиттер одақтық келiсiмге сәйкес 508 жылы төлеңгiттердi жужандармен соғысып жатқан қытайларға көмекке жiбередi. Пулэй көлiнiң маңында болған соғыста төлеңгiттер Мивоту ханның басқаруымен жужандарды талқандайды. Осы соғыста жужандардың ханы Футу қаза болады. Әкесiнiң өшiн алу үшiн Чеуну хан 516 жылы Төлеңгiт хандығына шабуыл жасап, оны талқандайды. Мивоту ханның iнiсi Ифу қысқа мерзiмде Төлеңгiт хандығын қалпына келтiрiп, 521 жылы жужандарды төлеңгiт жерiнен қуып шығады. Дегенмен, ақыры 540 жылы төлеңгiттер жужандардан жеңiлiс тауып, Төлеңгiт хандығы жойылады. Арада он жыл өткенде, төлеңгiттер өздерiнiң ата жауы жужандардың езгiсiнен құтылу мақсатында бас қосып, Түрiк қағанатының жетекшiсi Бумын қағанның жужандарға қарсы күш бiрiктiру ұсынысына келiсiм бермей, 550 жылы Батыс Жонғариядан Жужан мемлекетiне қарсы жорыққа шығады. Төлеңгiттердiң өз ұсынысына көнбегендiгiне ызаланған Бумын өзiне қарасты тайпаларды бастап, оларға орта жолда шабуыл жасайды. Төлеңгiттер өздерiнен әлдеқайда күштi әрi қуатты Түрiк мемлекетiнiң құрамына өз еркiмен қосылуға мәжбүр болады. Төлеңгiттердiң жужандарға қарсылығын пайдалана отырып және оларды толық жою мақсатында 552 жылдың қыс айында Бумын Жужан мемлекетiне қарсы жорыққа шықты. Бұл жорықта төлеңгiт сарбаздары Түрiк қағанаты әскерлерiнiң басты күшiне айналды. Осы жорықта Бумын жужандарды толық талқандап, Ел ханы дәрежесiне (титул) ие болады. Түрiк қағанаты хандары 630 жылға дейiн төлеңгiттердi негiзгi (соғыс) қорғаныс күшi есебiнде пайдаланып келдi.
Мұхтар Мағауиннiң айтуына қарағанда, төлеңгiттер «Ғұн ұлысына жалғас Ұлы Түрiк қағанаты кезiнде тоғыз-оғұз құрамындағы саны мол әрi жауынгер, негiзгi рулардың қатарында, Толы өзенiнiң аңғарында жасапты. Алып мемлекет екiге бөлiнгенде Көк Түрiк – Шығыс қағанат құрамында қалады. Бұл кезде Ұлы Даланың орталық-шығысындағы Запқан өзенiнiң бойында қоныстанған екен».
630-1207 жылдары аралығында төлеңгiттердiң өмiрi жөнiнде тарихи мәлiметтер кездеспейдi. Тек, Л.Н.Гумилев «Древние тюрки» деген еңбегiнде төлеңгiттер «1207 жылы Жошы хан бағындырған тәуелсiз тайпалардың қатарында кездесетiндiгi» айтылады. Осы негiзде 630-1207 жылдары аралығында төлеңгiттер Оңтүстiк Сiбiр атырабында тәуелсiз мемлекеттер қатарында өмiр сүрдi деп жорамалдауға болады. Он үшiншi ғасырда Шыңғыс хан империясы бiрнеше Ұлысқа ыдыраған кезеңде төлеңгiттер Угэдей Ұлысының құрамында қалады. Он төртiншi ғасырдың соңында төлеңгiттер Ойрат хандығының құрамына өттi.
Он алтыншы ғасырдың екiншi жартысында Орталық Азияда Ойрат хандығы билiгiнiң әлсiреуiне байланысты төлеңгiттер телеуiт және өзара туыстас басқа да түрiк тектi рулармен бiрлесе отырып, дербес Төлеңгiт ұлысының туын көтередi. Үш жарым ғасырдан кейiн өз мемлекетiн құру, төлеңгiттер өмiрiндегi үлкен тарихи оқиға болды. Төлеңгiт хандығы Оңтүстiк Сiбiр жерiнiң қазiргi кездегi Ресей Федерациясының Алтай Республикасы, Новосiбiр облысы, Омбы, Том және Кемер облыстарының бiраз бөлiгiн, Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының бiраз бөлiгiн алып жатқан, қазiргi кезде Құлынды даласы деп аталатын, патша заманында Төлеңгiт даласы болған территорияға орналасқан едi. Төлеңгiт хандығы төлеңгiттердiң Батыс Сiбiрдегi ең iрi әскери-саяси бiрлестiгiне айналып, Төлеңгiт хандығы мен Ресей арасында әскери-саяси одақ құрылып, оның шарттары ХVII және ХVIII ғасырдың отызыншы жылдарына дейiнгi арада төлеңгiт және орыс халықтарының қарым-қатынастарының негiзi болып келдi. Төлеңгiт хандығы 1717 жылға дейiн Ресей империясының колонизаторлық пиғылына тосқауыл болып келдi. Он сегiзiншi ғасырдың бас кезiнде Төлеңгiт хандығына жоңғарлардың қысымы күшейе түстi. Елдiң тәуелсiздiгiн сақтап қалу мақсатында, Шал хан жоңғар билiгiмен бiтiмге келiп, төлеңгiт әскери күштерiнiң бiраз бөлiгiн Цэван Рабдан ханның қарамағына беруге мәжбүр болады. Төлеңгiттердiң Жоңғар хандығына тәуелдiлiгiн пайдалана отырып, Цэван Рабдан хан 1713 жылдың жазында «орыстардан қорғау» деген желеумен төлеңгiт халқының басым көпшiлiгiн Жоңғар хандығының iшкi аймағына, қазiргi кездегi Қырғызстан территориясына көшiре бастады. Тек сол кезден бастап, Ресей колонизаторлары Обь өзенi арқылы Оңтүстiк Сiбiрге енiп, Төлеңгiт хандығының жерiн иемдену мақсатында әскери қорғаныстарын салып, қазiргi Алтай өлкесi, Новосiбiр, Том және Кемер облыстары жерiнде қалған төлеңгiттердi өзiне қарату саясатын жүргiзе бастады. 1756 жылы Жоңғар хандығы Қытай империясынан жеңiлiс тапқаннан кейiн, Цин империясының эмиссарлары төлеңгiттердi қытай мемлекетiнiң қарамағына өтуге шақырды. Бiрақ төлеңгiттер қытай геноцидiнен құтылу мақсатында 1756 жылдың 21 маусымында өз ерiктерiмен Ресей империясының құрамына кiредi. Сонымен, Мұхтар Мағауиннiң сөзiмен айтқанда, жүз елу жылдан астам ұзақ уақыт бойы терiстiкте Ресей өктемдiгiне, түстiкте ойрат шапқыншылығына төтеп берiп, тәуелсiздiгiн сақтап тұрған, Алтай төңiрегiндегi түрiк тектiлер арасында «ала қайыңнан көп төлеңгiт» мемлекетi жойылды.
Ал қазақ даласына кең тараған төлеңгiттер тарихына келер болсақ, бұл жөнiнен әртүрлi жорамалдар ғылыми тарихи-танымдық, көркем әдебиеттерде көп жазылған және ел аузында да айтылып жүр. Мысалға, Даниярбек Дүйсенбаев «Домалақ ана» тарихи-деректi естелiгiнде төлеңгiттердiң шығу тегiн «...Үйсiннiң екiншi әйелi Қытай патшасының қызы Ля Рюньнен – Төре туады. Бұл есiм «екi асыл тектi тұқымның ұрпағы» деген ұғым бередi. Төре жас кезiнде нағашы жұртында болып, патша ордасында тәрбие алады. Ғылым үйренiп, әскери өнерге жаттығады. Бiлiмдi, қайратқа мол, батыр Төре туған өлкесiне керi оралып, нағашы атасы Сунның тiкелей ықпалымен ел басқару iсiне араласады. Төре ұрпағынан кейiн атақты хандар, көсемдер, шешендер, батыр нояндар көп шықты. Үйсiн қайтыс болған соң жүктi қалған әйелi тағы да ұл табады. Оған Төлеңгiт деген есiм қойылды» деп жазады. Ал талдықорғандық Құлтай Нұрқалбайұлы Жетiсу газетiнде жарияланған «Жердiң аты, атаның хаты» деген мақаласында «...төлеңгiттер қай халықтың, ру-тайпасының арасында өркендеп өмiр сүрсе де, өздерiн сонау ХII ғасырдан бұрын өмiр сүрген он рулы жалайырдың бiр бұтағы санайды. Бiр ескертiп айтарым, төлеңгiттердiң IХ ғасырда жалайырдың 10 руының бiрi болғанын тарихшы Рашид ад-Диннiң жазып қалдырғаны белгiлi. Қазiр төлеңгiттер қазақтың үш жүзiнiң iрi, белгiлi ру-тайпаларында бар екендiгiн шежiрелерден оқып, бiлiп жүрмiз. Төлеңгiттер мен төрелер тек қазақ хандығы, оның iшiнде Абылай ханның үрiм-бұтақтарына тән ретiнде айтылып, жазылып жүр. Бұл тарихты бұрмалау, ХVIII ғасырда пайда болған тұжырым» деп жазады. М.Мағауиннiң айтуы бойынша «...Бұл ру Қазақ Ордасында хан жасағы саналған. Мысырдағы мәмлүктер сияқты, негiзiнен әскери құрылым, сонымен қатар, тиесiлi шаруашылығы бар. Үш жүз құрамынан тысқары қалуы – Қазақ ұлысына кейiннен келген себептi. Бiздiң байыбымызша, Қара қалмақпен қатар, Құба қалмақпен де көп соғысқан Есiм хан заманында алыстағы Алтай, Барабы, Құлынды далаларынан тұтқын емес, ерiктi бодан ретiнде көшiрiлiп әкелiнген жұрт. Ешкiмге тәуелсiз, тек хандық өкiметтiң ғана тiрегi болуы сол себептi. «Төренiң төлеңгiтi» атанып, үлкен құрметте болған және қанды майданда үнемi алғы лекте шапқан…».
Қазақстан Республикасының Бiлiм және Ғылым министрлiгi, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi шығарған «Дәстүрлi қазақ этнографиясы» атты жинақта төлеңгiттер жайлы былай дейдi: «...XVIII ғасырда дәстүрлi қазақ қоғамының этноәлеуметтiк организмiнiң бiр жүйесi ретiнде қалыптасқан құбылыс – төлеңгiттер институты болып табылады. Көшпелiлер мемлекеттiлiгiндегi дәстүр талапқа сай «ақсүйектердiң» маңайына шоғырланған төлеңгiттер, саяси билiктi нығайтудың ерекше құралы ретiнде қызмет атқарады. Қолда бар деректерден аталмыш кезеңде, төлеңгiттер хандар мен ұлыс сұлтандарына өте сенiмдi адамдары екенiн дипломатиялық және орда iшiндегi маңызды iстердi тындыратынын, осылардың ең бастысы, әскери қызметшiлерi болғанын көремiз» (31-бет). ...Ұлыс сұлтандары мен хандардың беделiнiң өсуi олардың маңына төлеңгiттердiң, яғни жаугершiлiкте әскери тiрек бола алатын дәстүр шеңберiнен тыс адамдардың шоғырлануына әкелдi. Мемлекеттiк билiктiң тұтқасын ұстап отырған хандар мен ұлыс сұлтандарының қазақ даласының этноқауымдық бiрлестiгiнде саяси салмағы мен беделi осы төлеңгiттердiң санына байланысты болған. Мәселен, XVIII ғасырда қазақ халқының тағдыры Еуразия аренасында мүлдем жойылып кетуден аман сақтап қалған Абылай ханның потестарлық және саяси билiктi мықтап ұстап отыруына төлеңгiттер үлкен үлес қосқан. Бұл орайда Ш.Уәлиханов өзiнiң еңбектерiнде төлеңгiттер Абылайға қарсы ел iшiндегi iрiткi дау-дамайларды басып, тыныштандырып отырған деп жазған» (34-бет). «...Демек, жоғарыда келтiрген деректер негiзiнде төлеңгiттер XVIII ғасырда хан мен сұлтандардың қоғамдағы беделi мен билiгiн нығайтуға атсалысатын жасақ пен әскери күш қызметiн атқарған» (35-бет). «... Бұл тұрғыда ХҮIII ғасырдағы төлеңгiттер институтының қоғамдағы орны жөнiнде анық деректi Абылай ханның өзi берген. «Мен өз төлеңгiттерiмдi де қазақтардан кем көрмеймiн, себебi, олар менiң басыбайлы жалшыларым емес. Оларды жақсы көргендiктен, қасымда ұстаймын, бiрге көшiп жүремiн», - дейдi әйгiлi хан» (37-бет). Бұл деректен екi нәрсенi анық байқауға болады: Төлеңгiттердiң қазақ руларының арасынан шықпағандығы, екiншiсi, жау жағынан қолға түскендер еместiгi.
Ал кеңес заманында жарық көрген ғылыми анықтама кiтабымыз «Қазақ Совет энциклопедиясында» төлеңгiттер жайлы былай жазылған: «Төлеңгiттер – қазақ сұлтандары мен ханның қасындағы феод. тәуелдi адамдардың әлеуметтiк қауымы. Бұлар – әртүрлi әлеуметтiк жiктерге жататын, сұлтандар мен хандарды паналап, бұл үшiн оларға қызмет етуге мiндеттi болып келгендер...» (ҚСЭ т.11, Алматы, 1977, 125-бет).
Осы қағидадан кеңес заманында қарапайым халық түгiлi, зиялы қауым да шыға алмады. 2006 жылы жарық көрген бас сөздiгiмiз «Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы» бұл тұжырымды «жетiлдiре» түскен сияқты. «Төлеңгiттер – дәстүрлi қазақ қоғамындағы ақсүйектерге (хандар мен сұлтандар) қызмет етушi адамдардың әлеуметтiк қауымы. Негiзiнен жаугерлiк замандарда сырт елдерге жорық жасау барысында қолға түсiп, билеушiлердiң жеке иелiгiне берiлген соғыс тұтқындарынан тұрады. Сондықтан олар үш жүздiң ешқайсысына да кiрмейдi, тек төрелерге ғана қызмет ететiн әлеуметтiк топ болып есептелген...» (ҚҰЭ т.с. Алматы. «Қаз.энциклопедиясы». 2006, 471-бет).
Тұтқындардың тұтқындаған елдiң қорғаны бола алмайтынына көз жеткiзу үшiн тарихшы болудың қажетi жоқ шығар. Осы орайда тарихшы-шежiрешi Момбек Әбдәкiмұлының «Осы күндерi, бейауыз, тарихтан тым хабары жоқ кейбiреулер «Төлеңгiттер төрелердiң қызметшiсi, малайы ғана болған» десiп жүр. Ақиқатында төлеңгiт тарихы олай емес. Бұл тайпа да нешеме заманалардың дүрбелеңiн бастан өткерген, өсiп-өну кезеңiнде небiр қаһармандық пен зобалаң жолдардан өтiп, бүгiнгi күнге аман-сау жеткен, өзiндiк ауыз толтырып айтарлықтай шежiре-тарихы бар қауым. Бiр әттең-айы, төлеңгiттер тарихы өткен ғасырлар қойнауында шаңға басылған күйi әлi толық зерттелмей жатыр» деген сөздерiн келтiргiм келедi.
Қазiргi заманда төлеңгiттер елiмiздiң барлық аймағында кездеседi және «...қазақтағы кез келген ру сияқты, төлеңгiт те өзiнiң әлмисақтағы болмысын сол күйi сақтап...» қалмағанмен, қай жерде кездессе де, бiр-бiрiн қандас санап, қыз алыспайды. Төлеңгiттер мәнжу-қытай шапқыншылығы кезiнде қанды қырғынға ұшырап, қай тайпаларға қосылып өмiр сүрсе де, адал қызметiмен өсiп-өркендеп, аттарын тарих сахнасында ХХI ғасырға дейiн сақтап келе жатқанын ұмытпағанымыз жөн.
Мәлiк ЖҮНIСБЕКОВ,
Бәйдiбек ауданының және Арыс қаласының
Құрметтi азаматы, Қазақстанның
Құрметтi байланысшысы.
Қытай мұрағаттарында сақталып, кейінірек қолға тиіп отырған мына құжатта: 1758 жылғы ақпан айында хатталып, тіркелген «Қазақ тайпаларының саны туралы» деген тізбеде: «Орта жүзде: тарақты, арғын, найман, керей, уақ, төлеңгіт, қыпшақ қатарлы 7 тайпа бар», екендігі көрсетіледі де, олардың саны, кімнің билігінде екендігі құжат түрінде жазылған.
«Тарақты тайпасының 400-ге жуық отбасы Наймантай батырдың билігінде. (Тарақты Байғозы батырдың әкесі Наймантай батыр. –З.Т.)
Қанжығалы арғынның 2000 отбасы Бөгенбай батырдың билігінде;
Қаракесектің 2000 отбасы Қазыбек бидің билігінде;
Алтай-арғынның 3000 отбасы Нияз батырдың билігінде,
Абақтың 500 отбасы Нияз батырдың билігінде, бұрынғы тексеруде бұл тайпа тізім дәптерінде болмаған. (Қарқаралы сыртындағы Көкшетау керейлері емес пе екен? –З.Т.)
Атығай-арғынның 1000 отбасы Жәпек батырдың,
Қарауыл-арғынның 2000 отбасы Итқара батырдың,
Бәсетиін-арғынның 2000 отбасы Жанұзақ батырдың,
Тобықты-арғынның 1000 отбасы Қарпық бидің,
Қозған-арғынның 1000 отбасы Төлеуке бидің,
Төртуыл-арғынның 2000 отбасы Бабеке бидің,
Арғын майлы-балта руының 1000 отбасы Итқара батырдың,
Баба-арғыннның 500 отбасы Бабаназар бидің қарауында.
Жоғарыда аталған арғынның 11 руы жылдың төрт маусымында Обаған-Тобыл, Ханшаған-Мөде қатарлы жерлерде көшіп-қонып, мал бағып жүреді...
Биыл Алтай-арғындардың Қазыбек би, Нияз батыр сынды адамдары Қарқаралы, Қазылық (Ежелгі ауыз әдебиетінде «он екі Қазылық ой Түндік» аталған: Қарқаралы, Қу, Кент, Боқты, Мыржық, Едірей, Қызыларай, Бұғылы, Тағылы, Баянаула, Желтау, Далба, кейде «Арқадағы «бес Қазылық» аталған: Қарқаралы, Қу, Едірей, Мыржық, Кент таулары аймағы. –З.Т.) жерлеріне қоныстанған.
Төлеңгіт тайпасының 1000 отбасы Жаназар батырдың билігінде болған.
Терістаңбалы тайпасының 1000 отбасы Жарылғап батырдың билігінде;
Қаракерей-байжігіт найманның 10 000 отбасы Қабанбай батыр мен Дәулетбай батырдың билігінде;
Матай-найманның 10 000 отбасы Олжабай мен Аталықтың билігінде;
Садыр-найманның 1000 отбасы Малай батырдың билігінде;
Төртуыл-найманның 1000 отбасы Тұңғатар бидің билігінде;
Болақшы-найманның 500 отбасы Таз батырдың билігінде. Бұрынғы тексеруде бұл тайпа тізім дәптерінде болмаған.
Көкжарлы-найманның 1000 отбасы Барақ батырдың билігінде;
Бура-найманның 2000 отбасы Жаубасар батырдың билігінде;
Бағаналы-найманның 2000 отбасы Малар батырдың билігінде;
Ашамайлы-керейдің 10 000 отбасы Тұрсынбай батырдың (Балта-керей Тұрсынбай атанаған батыр. –З.Т.) билігінде;.
Абақ-керейдің 1000 отбасы Қожаберген батырдың билігінде;
Ителі-керейдің 1000 отбасы Жантөре батырдың билігінде.
Уақ тайпасының 1000 отбасы Сары Баянның билігінде;
Уақ тайпасының 1000 отбасы Тілеу батырдың билігінде.
Уақ тайпасының Бармақ батыры 500 отбасын басқарады.
Ергенекті-уақ руының 1000 отбасы Есенқұл батырдың билігінде.
Жаңа уақтың 500 отбасы Сары батырдың билігінде. Қыпшақ тайпасының 3000 отбасы Қошқарбай батырдың билігінде;
Жоғарыда айтылғандай, үлкендеу ру-тайпалардың жалпы саны 35, олардағы отбасының саны 68 000 астам.(7.36-42).
Зерттеуші Бақыт Еженханұлы бұл құжаттың маңызды мағлұмат екенін атай келе, «мәліметтерді қазақ даласына барған мәнжу елшілері Абылай ханның өз аузынан естіп, жазып алғанына» (7.42). көз жеткізген. Демек, бұл деректердің асыл дәйегі берік екендігіне сенуге болады.
Зарқын Тайшыбай,
М.Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры.
Ассалаумағалеикум барша төлеңгіттерге!!! Бауырлар кім біледі Іле Алатауының Тарбағатаймен түйіскен тұсында Уанас қақпасы (Жоңғар) деген, Мамыт - Уанас тұқымы Жаназар батырдың атымен байланысты ма? Осында жазыңыздар.
Қытай жылнамаларының бірі - "Жаңа таңнама" атты шежіре еңбекте:"Ғұн ұрпақтары(ХVIII ғ.) - 15 ата. Соның бірі - Теленгіт(Төлеңгіт)",-деп жазылыпты(тарихшы Зардыхан Қынаятұлының дерегі). Сондай-ақ, "төлеңгіттердің басым бөлігі найман мен қырғыздардың арасына сіңісіп кеткен" деген деректі де айтады. Ендеше, төленгіттер ешқандай жалшы-малшы емес, ежелден келе жатқан Ғұн тайпалаларының бірі деуге негіз бар. Біздің тағы бір білетініміз - қарақалпақ халқының Қазаяқлы аталығына жататын Төленгіт деген ру бар. Олар да өзін "Төре Төлеңгітпіз" деп айтады. Қазақтың шежіре кітаптарының бірнешеуінде: "Жеті Жарғыда" Сұлтан(төре) мен Қожаны өлтірсе 7(жеті) адамның құны, Төлеңгітті өлтірсе 2(екі) адамның құны төленеді" деп жазылған деген мағлұматты келтіреді. Ғұлама А.Сейдімбектің "Қазақтың ауызша тарихы" атты еңбегінде қазақта жүзден тыс 5 тайпа мен 14 ру бар екендігі туралы мәлімет бар. Сол бес тайпаның бірі Төлеңгіттер дейді. Демек, қазақпен бірге тарихы тереңде жатқан, Көккөз сияқты белгілі батыр, Ш.Қажығалиев сияқты әйгілі сазгер шыққан Төлеңгіт бауырларымыздың шығу тегі туралы "мыс,мыстарға" нүкте қоятын кез жетті-ау!
Орыстың тарихын немістер бұрмалап жазды деп Ломоносов айтқандай, Төлеңгіттің тарихын қеңес үкіметінің «тарихшылары» оңды-солды жазды. Мұхтар Мағауин көрсеткендей неге біз Рәшид-әд-Динге жүгінбейміз? сол ғұмырда жинаған деректеріне сүйеніп талай халық тарихын танып отыр. Қазақ халқын құраған негізгі тайпалардың бірі Төлеңгіттер. Рәшид-әд-Диннің жазуы бойынша Ғұн – Жалайыр – Төлеңгіт.
Рюрик швед (Варяг) орыс халқын құрды деп немістер жазған. Негізінде Варяг дегеніміз орыстар! славян халқын құраған ежелгі тайтпа. Орыстар енді ғана өз тарихын қолға алып жатыр. Олардың Рәшид-әд-Дині – Нестор летописец! Төлеңгіттер де Варягтар сяқты Қазақ халқын құраған негізгі тайпалардың бірі. Варягтар да Төлеңгіттер сяқты жауынгер болған.
Тағы бір айтарым «тарихшыларға» неге аты аңазға айналған Төлеңгіттің Уанасынын тараған Жаназар, Ерназар, Құназар атты ағайынды батырлардың тарихын неге жазбайсыңдар? Олардың Абылайхан түсында елімізді, жерімізді жандарын беріп қорғағандығы өтірік пе? Төлеңгіт бауырлар Абылайханмен үзеңгілес соғысқан Жаназар батырдың атын үкіметке мойындатып мектеп кітабына енгізбейінше, Төлеңгіттерге көзқарас өзгермейді.
Орыстың тарихын немістер бұрмалап жазды деп Ломоносов айтқандай, Төлеңгіттің тарихын қеңес үкіметінің «тарихшылары» оңды-солды жазды. Мұхтар Мағауин көрсеткендей неге біз Рәшид-әд-Динге жүгінбейміз? сол ғұмырда жинаған деректеріне сүйеніп талай халық тарихын танып отыр. Қазақ халқын құраған негізгі тайпалардың бірі Төлеңгіттер. Рәшид-әд-Диннің жазуы бойынша Ғұн – Жалайыр – Төлеңгіт.
Рюрик швед (Варяг) орыс халқын құрды деп немістер жазған. Негізінде Варяг дегеніміз орыстар! славян халқын құраған ежелгі тайтпа. Орыстар енді ғана өз тарихын қолға алып жатыр. Олардың Рәшид-әд-Дині – Нестор летописец! Төлеңгіттер де Варягтар сяқты Қазақ халқын құраған негізгі тайпалардың бірі. Ал кешіріңіздер қеңес үкіметінің және де кейінгі бір-бірінен көшіріп диссертация жазған, Төлеңгіттер қазақ емеске дейін әкелген «тарихшылары» оттамасын. Варягтар да Төлеңгіттер сяқты жауынгер болған.
Ассалаумағалейкум қазақтар! БҚО. Жаңақала ауданынан Төлеңгіттің ТӨРЕСІМІН! Менің шыққан жерім Бөкей Ордасының ҰЯЛЫ ауылынанмын. Төре төленгіттердің туған жері ҰЯЛЫ... Ағылшында Робингуд болса, Қазақта Төленгіт!!!
Орыстың тарихын немістер бұрмалап жазды деп Ломоносов айтқандай, Төлеңгіттің тарихын қеңес үкіметінің «тарихшылары» оңды-солды жазды. Мұхтар Мағауин көрсеткендей неге біз Рәшид-әд-Динге жүгінбейміз? Рәшид-әд-Дин сол ғұмырда жинаған деректеріне сүйеніп талай халық тарихын танып жатыр. Қазақ халқын құраған негізгі тайпалардың бірі Төлеңгіттер. Рәшид-әд-Диннің жазуы бойынша Ғұн – Жалайыр – Төлеңгіт.
Cәлем бердім руластарым,менің елім ТӨРЕ ТӨЛЕҢГІТ.сіздерге біраз жинақтаған ақпарат бергім келеді.Википедиядан алған мағлұматтарды оқып шығуларыңызды өтінемін.(Төлеңгіттер – дәстүрлі қазақ қоғамындағы ақсүйек-төрелерге (хандар мен сұлтандар) қызмет етуші адамдардың әлеуметтік қауымы. Негізінен жаугершілік замандарда сырт елдерге жорық жасау барысында қолға түсіп, билеушілердің жеке иелігіне берілген соғыс тұтқындарынан тұрды. Сондықтан олар үш жүздің ешқайсысына да кірмейді, тек төрелерге ғана қызмет ететін әлеум. топ болып есептелген. Олар хандар мен сұлтандардың барлық шаруашылық жұмыстарын атқаруға міндетті болды. Т-дің енді бір бөлігі – сұлтанның немесе хан ордасында билеушілердің жеке басын қорғайтын әскери жасақ, бейбіт уақытта олардың тапсырмаларын орындаушы, зекет, соғым жинаушы, сот биліктерін орындатушы шабармандар міндетін де атқарған. Мыс., Абылай ханмен бірге 1000-нан астам Төлеңгіттер отбасы көшіп-қонып жүрген. Ресей өкіметінің 1822 жылғы жарғысына сәйкес хандық жойылғаннан кейін Қазақстандағы жағдайға байланысты бұл әлеуметтік қауым үлкен өзгерістерге ұшырады. Хандық жүйенің жойылуына байланысты қазақ билеушілері өз Төлеңгіттерін асырау, ұстап тұру мүмкіндіктерінен айрылды. Сондықтан жеке шаруашылығы бар Төлеңгіттер біртіндеп басқа руларға қосыла бастады. Кейбір рулар ішінде төлеңгіт деген атаулар пайда болды. Орта жүз бен Бөкей хандығында бұрынғы Төлеңгіттерден жеке төлеңгіт рулары шықты.)
2013 жылдың Қазан айының 19-шы жұлдызында Балхаш қаласында үлкен конференция өтеді екен.Ол конференцияға бүкіл дүние жүзінің түпкір-түпкір елдері Швейцария,Амерка,Араб мемлекеті сонымен қатар Германия және Украинадан ТӨЛЕҢГІТТЕР жиналмақшы.Айтығыздаршы бұндай конференцияны ешқандай ру тарихта ұйымдастырмаған.Әттең оқу кезі әйтпесе барып төлеңгіттердің шығу тарихын біліп,жаңа рулас туыстарымды тауып қайтар едім))))
салам бауырлар, менде толеңгітпін оның ішінде Құсшымын, қарағанды облысынан
туленгут
19-09-13 08:53
Тамдыны билемиз. Ол жакта каракалпак туленгуттери мен ногай туленгуттери бар. Олар да казак халкымен аралас жасаган бауырлар. Коккоз батыр каракалпактарда би болган. Теги кытай, казаяклы, копуста.
Ассалаумағалеикум барша төлеңгіттер менде төлеңгітпін көккөзден тарағанбыз тараз қаласында тұрамын. туылған жерім ТАМДЫ ол жерді біреулер біледі біреулер білмеиді.
Ассалаумағалейкум төре Төленгіттер!менің ойымша төре төленгіттер тарихта жазғандай хандардың қол астындағы малшы емес, ханның тыншысы болған,қазақтардың ішінде ондай тыншылыққа өте мықты сарбаздарды естігенім бар.ТӨРЕ ТӨЛЕНГІТТЕР АЛҒА!Түспек Әділ
Рәшид-әд-Дин шежіресінде төлеңгіт аталары таратылмайды. Жаңа замандағы деректер бойынша, Алтай өңіріндегі, оқшау отырған, яғни өзінің әуелгі қалыбына жақын төлеңгіт жұртында: мұндұс, тодош, ырғыт, көбек, сағал, тоғұл, тонжон, орсақ деген және қыпшақ, алмат (ежелгі керейдің бір бұтағынан), найман, төлес, меркіт есімді тармақтар бар екен. Бұлардың бастапқысы – төлеңгіттің өзіне ғана тән деп шамаласақ, соңғылары – кейінгі жаңқа-жарқадан қосылған жұрт деуге тиіспіз. Ал қазақтағы төлеңгіт: мамадайыр, құсшы, қалмақ, дейіт, табын, найман, жемет, қара ешкі, уанас, жалаң, таз, жөлке, оңажыт, боран, телеу деп жіктеледі. Тек бір ғана сөз – мұндағы «қалмақ» – кәдімгі қалмақ емес, XV–XVI ғасырлардағы Дәшті-Қыпшақ көшпенділері құрамында аталатын рудың бір ұшқыны, немесе әуелгі біртұтас төлеңгітпен бірге келген аттас қауым болса керек. Төлеңгіт шежіресінде қалмақ табы Желден деген кісіден тарайды. Бұл желден және табын, телеу, таз бен жалаң Алтайдағы төлеңгіт руының ішіндегі кіші аталардың қатарында саналады.
Қазіргі қазақтағы аталы басқа тайпалар сияқты, төлеңгіт руынан шыққан тұлғалар да ел өмірінде елеулі із қалдырды. Абылай хан заманындағы қолбасы Жаназар батыр, XIX ғасырдың алғашқы жарымында өткен ақын қыз Жазық, XIX–XX ғасырлар шегінде жасаған күйші Дина Нұрпейісова, XX ғасырдың екінші жарымында атаққа шыққан математик Орынбек Жәутіков, Қазақ ұлт аспаптар оркестрін түрлентіп, қайта құрған дирижер Шамғон Қажығалиев, классик жазушы Тәкен Әлімқұлов, белгілі әдебиет сыншысы Зейнолла Серікқалиев осы ежелгі жұрттан болатын.