Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Танысу
Тақырып: Махаббат жаска карамайды!!!


Авторы Xабарлама
Ай - Ару
айта алмаймын
10-10-09 03:32
Менин жасым 29 да бирак менин суйетин жигитим 24 те жас алшактыгымыз 5-жас болсада мен одан жас коринем айтарым мен оны катты жаксы корем ол да тек киыны ата анамыздын карсы болуында !!! менин басымдагы жагдай отти ме сиздерде уйленип жаксы боп турып кеткендериниз бар ма??? Жауаптарынызды асыга кутем !!! Тек мени айыптап жазбаныздаршы отинем !!! Ол менин ен алгашкы махаббатым !!! Себеби мен бурын жигитпен журип кормегенмин мумкин ол менин тагдырым болар !!! Мен енди кайтем онсыз мен омиримди елестете де алмаймын!!!

Авторы Жауап
Айжамал
Сұлу қызға
14-10-09 15:09
Молодец! Денем түршігіп кетті, сенімен толық келісемін.
Cұлу қыз
14-10-09 13:15
Ал мен келіспеймін!Сезім сезіммен, бірақ өмірге тіке, алыстан болжалап қарау керек. Қашанда қыз бен жігіт жасты болсын жігіттің психологиясы, ой-өрісі, ойлау қабілеті 3 жыл артта қалады, яғни мейлі оқыған болсын, мәселе ақылы таяздықта емес ер адамның есею процессі әйелге қарағанда кеш жүреді, сондықтан ол сенен 5 жас кіші болса 8 жас кіші болып саналады. Екіншіден: жарайды отасып шаңырақ көтердің дерлік олардың достарымен араласасын, күйеуің кіші болғаннан кейін досы да сенен ең аз дегенде 5 жас кіші, бірақ елдің бәрі сенің сүйіктің сияқты үлкенге үйленбейді ғой-оның келіншегі ең аз дегенде 2 жас кіші болады, сонда бірге шүйіркелесетін әйел қауымы сенен ең аз дегенде 7 жас кіші болады, әйтпесе одан да жас алшағы көп болады. Ал енді сұрақ: Сен махаббатын үшін сондай жас қыз бен жігіттің ішінде жүре алар ма едің?Жасы кіші болғаннан кейін олардың әңгімелері мүлдем қызықтырмауы мүмкін; өзің де күйеуің де сенің жасыңды жасырып жасартып айтуы мүмкін. Ол 1 жыл емес қой, өмірлік қосағың өне бойы жасыңды жасырумен немесе сенің жасыңды сұрай қалса күйеуің де елең ете қалуы мүмкін, олар біліп қояр ма екен, кәрі қыз алғаны несі деп толқуы мүмкін. Жас жігітке шықсаң өзіңнең өзің келісіп тіпті туған күніңді де атап өткің келмес, өйткені барлығы сол жас мәселесі: мысалы тост сөйлейді, нешеге толдың?дейді тағы алшақтық көзге көрініп тұрады: жігітің 25те болса, сен мерейтойыңды жасап жатасың -30ға толып, олар таға шегін тартады: 30 ға толып жатсың ба? деп, түсінесің бе ол 1, 2 тым құрығанда 3 те емес бақандай 5 жас!Алғашында білінбес, бірақ уақыт өте, балалы болғаннан кейін жас келіншектің өзінің реңі тая бастайды, ал сенің жағдайында рең өз алдына онымен қатар сен күйеуіңнен үлкенсің, ол айдан ашық болып жасың да реңің де білініп тұрады, ал жолдасың сол қалпы сарыүрпек балапан сияқты біраз жылдарға дейін өзгермейді, сен болсаң жанында апасы сияқты болып қаласың, оны өзің де сезесің, көзіңмен көресің, сонан соң ішің жанады от болып, өйткені ол көзі жылтырап кейінгі толқынға - жас қыздарға қарайды. Ол қалыпты құбылыс және де жолдастары да ашық айтуы мүмкін неге өзіңнен үлкен қыз алдың? кіші болмаса да қатарласың табылмады ма? деп. Ондай пікірлерден кейін ол да бұзыла бастайды, жастармен жүргісі келеді, және жүреді. Сен соның бәріне төзе аласың ба?Махаббатың үшін көзіңді жұма аласың ба? Біле тұра шаңырағыңның ұйытқысы ретінде іштей тына аласың ба?Бәлкім бауырларың бар шығар, бәлкім күйеуің өзің қамқоршы болып еркелетіп жүрген бауырыңың қатарласы немесе тіпті одан да кіші болуы мүмкін.Өз туған ініңмен қатар адамның әйелі ретінде сезіну намысыңа тимеспек пе екен? Мен намыстанар едім!Ол жігітпен тұрмыс құрсаң келешекте мен өмірде кездесетін мәселелерді талқылауға тырыстым. Енді өзің тұжырым жаса!Бақыт тілеймін!
Ай - Ару
айта алмаймын
13-10-09 20:47
Ақбота рахмет сізге мені қолдап түсінгеніңізге !!!
Ақбота
Akbota 7 @ mail.ru.
13-10-09 08:39
Ең бастысы екі адамының арасындағы шынайы сезім мен адалдық. Ал, жас ерекшелігіне байланысты қоғамда көптеген теріс пікірлер туындайтыны белгілі. Бірақ та көптеген жұптар жас айырмашылығына қарамастан бас қосып, бақытты ғұмыр кешуде. Сондықтан өзіңізге әрқашан да сенімді болып, тек қана жарқын болашаққа сенгеніңіз дұрыс.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube