Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Кітап жазсақ деймін


Авторы Xабарлама
Пенде
pendee@mail.ru
10-11-09 15:10
Қадірменді форумшылар!
Осы форумға келіп, талай қызықты, қиын, адам басына салмасын дейтіндей жағдайды бастан өткерген адамдармен сырластым. Өмір жайлы білгендерім арта түсті. Кинода ғана болады дейтін оқиғалар біздердің де басымыздан өткен екен және өтіп те жатыр екен. Осындай жағдайларды әңгімелейтін бір интернет-кітап секілді бірдеме ұйымдастырсақ қалай болады?
Өздеріңіздің бастан кешкендеріңізді сыпаттап беретіндей мақала жазсаңыздар. Оны бір сайтқа жинасақ деген ой бар. Бұлай айту себебім, мүмкін, бір-біріміздің өміріміздегі жағдайлардан үлгі-өнеге, сабақ алармыз деген ой болатын.

Ұсыныстарыңыз бен қосыпаларларыңыз болса пікір білдіріңіздер.

Авторы Жауап
алия
20-12-09 13:38
бастаңғы
окырман
окып кориниз
12-11-09 18:43
окырман
12-11-09 18:36
http://zhastar.biz/news%2Bview%2B4.html

кызык макала бар
Есті
12-11-09 11:28
Пенде, бір жігіттерге тапсырған болатынмын, хостинг жағын, бірақ оларда жұмыс көп болып қолдары тимей жатыр-ау деймін. Сайттың дизайнын да соларға тапсырғанмын. Ақшасын да келіскендей болғанбыз. Егер хостинг жағынан көмектесетін болсаңыз жақсы болып қалар еді. Менің поштам, яғни дүкеннің поштасы kausar_mz@mail.ru немесе мына жерден уақытша интернет парақшасын жасап қойғанбыз http://kausar-mz.24net.kz/ осында жазсаңыз да болады.
Пенде
pendee@mail.ru
12-11-09 11:09
Азамат, сәлем!
Жазыңыз. Шығармаларыңызды күтеміз.
Азамат
12-11-09 09:31
Мен жазуға шебер адаммынжәне менің де өмірімде сан-қырлы нәрселер болды, оныда қоссам ба деген ойым бар еді.Мысалы;Адал достың дұшпандығы, Махаббаттан жолым болмау, Өнерлінің өрісі кең,Мен барлық маман иесі болдым деген сияқты.
Торғын
Пенде
12-11-09 07:49
Айтпақшы, форум жұртын таңғалдырып, тамсандырған, қыздар үшін шешілместей жұмбақ болған Пенде інішектің жасын сұлу сылқымдар білді, енді қымсынбай бастаңғы жасай беруге болатын шығар?! ;)))
Торғын
Пенде
12-11-09 07:35
Хммм, бәсе, *Көпті сүргеннен сұрама, көпті көргеннен сұра* деп атам қазақ бекер айтты ғой деп пе едіңдер?! :) Көзге мақтап көлгірсігендей болмай-ақ қояйын, *Асыл - тастан шығады, ақыл - жастан шығады* - осыдан-ақ аңғаруға болатын шығар :)))
Пенде
pendee@mail.ru
11-11-09 18:20
Торғын,
Сөз тапқанға қолқа жоқ дейді ғой сол дана халқыңыз. Менің жасым жиырма бірде әзірге.
Торғын
Пенде
11-11-09 15:45
Ұялып қалған секілдісіз ғой?! Біздің дана қазақта "Ел мақтаған жігітт қыз жақтаған" деген сөз бар ғой, соған орай жазғаным, қыздар мақтамаса өзіңізге арнайылап тақырып ашпас еді :)
Ағасы дегенді айтпау үшін Сіздің қаншада екеніңізді білуге осы жердегі барша қыздардың құмарлық сұрағы туып тұр деген ойдамын айып етпесеңіз, қыздың жасын сұрамайды, бірақ жігіттің жасын сұрауға болатын шығар? ;)
Пенде
pendee@mail.ru
11-11-09 13:47
Торғын, жоқ, олай емес. Бұлай айтeымның себебі, кеше бір адам ойымен құрыастыра алмайтындай жағдайды оқыдым. содан кейін осындай ой туды.
аға дегенінің маған ыңғайсыздау екен :) Жасым үлкен де емес сияқты

Қыздардың мақтады дегенін қалай түсінеміз?

Сара, әрине, жақсы қараймыз.
Торғын
11-11-09 10:23
Сірә, Пенде ағамыз қыздардан жақсы лебіз естіген соң, шабыттанып жатқан секілді ғой ;)))
Іске сәт ағасы, ойыңыз дұрыс екен, оңынан болсын!!! Ел мақтаған жігітті қыздар жақтайды ғой деген ойдамын :)
сара
sala0715@gmail.com
11-11-09 08:42
мені қосуға қалайсыңдар. менде көмектесемін.
Пенде
pendee@mail.ru
10-11-09 20:29
Лия, ниетіңізге көп рахмет. Сіз боп, біз боп бір дүние жазармыз :)

Есті, сайтыңызға хостинг жағынан көмек керек емес пе? Көмек керек болса, мен де сізге көмектесейін. Кейіннен жабылып бір іс тындырармыз, Құдай қаласа.
Есті
10-11-09 19:20
сол жерге
Есті
10-11-09 19:19
Пенде мына ойыңыз қызық әрі жақсы ой екен. Мен кітап дүкенін ашқаныма бір жылдан асты. Құдай қаласа жақын арада сол дүкеннің сайтын ашуға дайындап жатырмыз. Мүмкін сол сайттан бір орын ашып сол жазуға қарайсыздар?
Лия
10-11-09 17:56
мен косылам, комектесемиз.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube