meni bir jigit katty jaksy koredi al magan unamaidy baiagy sezimim olgen birak bauyr basyp kalganmyn... ol ote jaksy adam juregin jaralagym kelmeidi...
Авторы
Жауап
Сезім
06-12-09 17:44
Онмен ұзақ кездеспей жүріп көріңіз, мүмкін сезіміңізді бағаламай жүрген шығарсыз. Егер айырылысып кетіп түсінсеңіз кеш болып қалады, сондықтан жақсы жігіт болса онымен қоштасуға асықпаңыз, жақсы жігіттер кезіге бермейді, іздеп жүріп ондай жігіттерді таба алмай жүр, қолыңыздағы бағыңызды байқамай қалмаңыз. Ал егер шыныменде ұнамайтынын түсінсеңіз, нақты шешімге келіңіз, оның жүрегін жараламаңыз, әлден айтқаныңыз жөн, сіз ғана емес ол да уақыт өткен сайын бауыр басып қоштасу қиындап, сезім мен бауыр басуды айыра алмай қаласыздар. Қайтып айтамын деп жүрген шығарсыз, өтірік күліп, жалғанмен жүргенше, шындықты айтып, таза болған дұрыс. Мейлі шындық жылатса да, ол шындық болып қалады.