Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Мұншама ұсақ болармыз ба?..


Авторы Xабарлама
Мамыр
10-12-09 11:15
Осы форумды оқып отырсаңыз, ылғи бір күнделікті бықи тірліктен аса алмаған ұсақ тақырыптардан аяқ алып жүре алмайсыз. Қазіргі күнгі бүкіл қазақ қыздарының бар проблемасы - төсек қатынасы болса, бүкіл қазақ жігіттерінің бар проблемасы - қыздардың қыздығы... Ой, сұмдық-ай! Елдің ертеңі болар жастарымыздың мұншалықты ұсақ, қыбыр-жыбыр болғаны шошытады. Ойбай-ау, секстен өзге айтар әңгіме жоқ па жастар арасында? Бір өзге дүниені білейін, көрейін деп ұмтылған жас сирек-ау... Ең болмаса сол қыбыр-жыбыр мәселесін халықтың алдына жайып салғанда, қатесіз, сауатты жазсашы. Сөйлемдері де ұқсас, ешқандай сөз байлығы, ой байлығы дегеннен жұрдай! Енді осыншама қыбыр-жыбырдың деңгейін көріп отырған өзгелер бізді қалай менсінсін? Ұят! Ұят, тіптен. Сорлы қазақ, қашан оянасың, айтшы?

Авторы Жауап
bir kasakh
22-12-09 18:07
жә, жә... біраз ұрсып алдыңыздар :)
қазақтың қамын қазақ күйттемесе, ешкімнің ісі болмасы рас.
Мамыр айтқандай, "қазақ жастарының бар бас ауыртар тақырыптары секс" болса онда оңған екенбіз...бірақ осыны олардың санасына сіңіріп берген кім? кім оларға сексті "стандартты әңгіме" түріне енгізіп берген? ақыл айту арға тәуелсіз болып кететін де кездері бар-ау осы...
өзіміз арланайық, ақыл айтпас бұрын (сіздерге қатысы жоқ)... ел басшылары арлансын...теледидардан ақыл айтып, "маскүнемдік пен жезөкшеліктің белең алып бара жатқанын, нашақордың СПИДке ұрынатынын . бұл істің жаман екенін, бұдан тиылу керек" екенін айтып, сайрап отырған тізгін ұстарлар арлансын!
және кім қалай ойласа, соның құзырында...


Алаш азаматы.
20.12.2009 ж.
22-12-09 17:43
Сен саясатпен айналыспайын-ак дегенмен де, саясат сенимен айналысады деген рас екен...Журегин " казак" деп согып турган кезде сен ешкайда кашып кутылмайды екенсин... осы, озин ауасын жутып,суын ишип,нанын жеп,топырагын басып журген жериннин мунын жоктап, адилетсиздиктерге коз жумып оте алмайды екенсин... Ондай болу ушин мен " манкурт" болуым керек шыгар...
Мамыр
22-12-09 11:33
Кейде кейбір нәрселердің түрткі болуымен ойланып қарасам, шошып кете жаздаймын: қарап отырсаңыз, еліміздің ертеңін, ұлтымыздың қазіргі жайын, тіпті өзіміздің өреміздің қамын жейтін адамдар ат төбеліндей ғана-ау. Шындығында, адамдардың көпшілігі қарын тоқтау мен киім бүтіндеудің қамынан арыға аса алмайды. Ал ондайлар өте көп, тым көп. Жас болсын, кәрі болсын, қыз болсын, жігіт болсын, бір жартылай ояу жүрген сияқты. Бәріне бей-жай, самарқау қарау, айнала отқа оранса да өзім аман жүрейін деген пиғыл, дүниенің топалаңы шығып жатса да маған тиіспес екен деген өзімшілдік...
Кейбір студенттермен сөйлессең, Желтоқсан, Тәуелсіздік, қазіргі дағдарыс пен билік, ұлт пен ұлттық құндылықтар дегеннен мүлдем бейхабар. Ал жастарымыздың дені әйтеуір қазақша сөйлейді деген аты болмаса, тілдері тым жұтаң. Әлдебір қалжың айтсаң, соған мәз болып, көзі жайнап кетпек, ал маңызы салмақты жайттар туралы әңгіме қозғасаң, қайтадан самарқау кейіпке енеді..
Кейде әр нәрсеге шыж-быж болып жүріп, ойлаймын, "осы неге мен де өзгелер сияқты мойнымды тұлыбымның жағасына тығып алып, тыныш жүрмеймін, жанымды күйттемеймін, осыдан келіп-кетер не бар" деп. Бірақ әдет деген жаман екен. Одан да ақ қарға болып, енжарлықпен, бейжайлықпен, самарқаулықпен, жауапкершіліксіздікпен, қаталдықпен күрессек, өзгеден бұрын, өзіміздің өміріміз жеңілдей бастайды деп үміттенем.
Фан
21-12-09 14:50
Дұрыс айтасын,жарайсын!
Алаш азаматы.
20.12.2009 ж.
20-12-09 15:16
Көтеріп отырған мәселелерің дер кезінде қозғалып отыр.Қазақ форумындағы ұсақ-түйек тақырыптардан көз сүрінеді.Ұлттық мүддені қозғайтын мәнді тақырыптар болса қандай жақсы.Ондай тақырыптарға пікір алысып,өз ой-пікіріңді де еркін жазасың.Оның жас ұрпақты тәрбиелеуде де маңызы зор.Ақикат-Адайдың кейбір сөздерімен келісемін...
Ұлпан
20-12-09 14:20
Cөйлеу демекші, біз қазақша бірде бір орыс сөзін қоспай, таза сөйлей аламыз ба? Тіпті таза сөйлегендердің өзі мыңқ-мыңқ етіп, сөзін анық айтпай, ауыздарын жыбырлатып тұрады. Шешен сөйлеп, әр сөзін қадағандай нық айтатын адам аз. Содан кейін қазақ тілінің әдемілігін танытып көр. Мына жердегі "махаббатшылдардан" өре сұрағаныңыз қызық екен.
Мейіржан
16-12-09 21:00
Біршама нәрселер кітап оқуға байланысты сияқты. Кітап оқымағаннан кейін рухани өресі төмен болады.
(((
12-12-09 13:31
Сыртынан бәле жауып ұстатып жіберу, ғайбаттау, өсектеу, кеміту, көре алмау, жек көру, сатқындық - бізге жабысқан қарғыстай! Өкінішке қарай, жоғарыда аталғандардан "таза" өмір сүре алмаймыз. Тыныш жүрсең де түртпектейтіндер табылады. Бір құдайға ғана сенемін және өзіме. Адам баласы өзгермелі, құбылмалы, ауыз ашып сенетін заман емес!
Пенде
pendee@mail.ru
11-12-09 23:18
Сөзіңіздің жаны бар, Маке. Қарныңыздың ашқанын түсінуге болады. Алайда, не амал, егер жетіп тұрған деңгейіміз сол болса?!

Қазіргі қазақ ояу, бірақ көкірегіндегі көзі жабық болғандықтан ба, санасы оянатын емес әлі.

Өзіңіздің айналадағы адамдарға айтып, жөнге келуіне көмектессеңіз, сіз сияқты адамдар осылайша көбеймесе, басқаша көбейтін түрі жоқ.
АҚИҚАТ - Adai - (^_^)
11-12-09 22:32
Кәзір өз қара басын ойлаитын заман десек қателеспеитін шығармыз, ай қайдан кәзір махаббат қымбат біздің қазақтар ұрыс-керіске шебер, бір тақырып ашсаң ұрыс-керіс болып кетеді болғызбауғада тырыссаңда ақыры болады, кәзір интернетте төгелі мықты қырамыз-жойамыз деп отырған біреулер артынан соғыс болса бір есіктен сыртқа қадам баспайтын шығар тығылып сен-шықта мен шық болатын шығар.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube