Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Нағыз Қазақ


Авторы Xабарлама
Нұрлан Ізденұлы
nurlan-bi@mail.ru
04-01-10 08:18
Өлкетанушы-тарихшы Аманғали Әміржанұлына қолдау корсетейік ағайын.
2009 жылдың 11-ші ақпанында Ақтөбе қаласындағы «М.Стиль» баспаханасынан «Ақиық-арман. Кіші жүздегі Таз руының шежіресі» деп аталатын екі томдық еңбек жарық көрді. Бұл еңбек Кіші жүздегі Таз руының толық шыққан тұңғыш нұсқасы болып табылады. Туындыгер Аманғали Әміржанұлы бұл еңбекті шығару жолында ұзақ жылдар бойы еңбек етті, толымды тер төккен зерттеушілік-сараптаушылық жолдан өтті, сонау 1970 жылдан бері шежірені тірнектеп жинап келеді. Нәтижесінде 1985 жылы және 1997 жылы екі қомақты нұсқа дайындалды. Кеңес заманында шежірені жариялауға рұқсат берілмегені белгілі, сондықтан да ол алғашқы шежірелік деректерін 1997 жылдан бастап республикалық мерзімдік баспасөз беттерінде жариялай алды және бұл деректерімен бұған дейін қалыптасқан қателіктерді түзетті, ал, 2002 жылдың 4-ші қаңтарынан бастап Таз руының жекелеген аталарының .бөлек-бөлек шежірелерін «Тастүлек (Кіші жүздегі Таз руының шежіресі)» атты шағын кітапшалар түрінде шығаруды жүзеге асырды, бұл топтаманы 2008 жылдың 16-шы қарашасында отыз төртінші кітапшамен аяқтады. Бұған қоса 2007 жылы «Таз руының шежіресі» деген топтамамен бес кітапша шығарды, олардың ішіндегі «Кіші жүздегі Таз руы» кітапшасында әулеттің шежіресі мен тарихына жалпы шолу берілді, «Байұлы Таздың тарихы» кітапшасына ру туралы бұрын-соңды жарияланған ғылыми-тарихи шежірелік деректер жинақталды, «Жұртыма бұл ерлерім қорған болған» атты үшінші кітапша оның сегіз халық батыры туралы мақалалары топтастырылды, соңғы «Жұртыма қасиетімен демеу болған» және «Жұртыма бұл адамдар қамқор болған» кітапшаларында әртүрлі адамдардың және А. Әміржанұлының Таз әулетінен шыққан әулиелер, билер, басшы қызметкерлер жөніндегі деректі мақалалары берілді. Осы аталған 39 кітапшадағы деректер «Ақиық-арман. Кіші жүздегі Таз руының шежіресі» деп аталатын екі томдық еңбекке негіз болды.
Туындыгер Аманғали Әміржанұлының мекен-жайы: Атырау қаласы, 87013788352, 8(7122)215314 үй, e-mail: amangali52@mail.ru


В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube