Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Қоғамдағы белсенді топтар


Авторы Xабарлама
Майгүл
maigul-18@mail.ru
26-02-10 08:35
Қазіргі күннің адамдары соның ішінде жігіттері екі тапқа қана бөлінген сияқты. Бірі о дүниенің қамынан басқаны ойламайтын, оранып, одан қалған жерін сақалмен жауып, тұмшалап, адамның бәрін кәпір көретін, жұртпен араласқанды күнә санайтын діншіл топ та, екіншісі бұл дүниеде ойына келгеннің бәрін жасай беретін сөйтіп қыздарды жолдарынан тайдырып, ақылдарынан алжастыратын, тағдырларын тәлкек ететін жынды топ. Ащы болса да шындық, өкінішті болса да қазіргі қоғамда белсенділік көрсетіп жүрген осы екі топ қана. Сонда бұл екі топқа да жатпайтын, екі топтың да қылықтарын жат санайтын тәрбиелі де мәдениетті, көзі ашық, қарақты, екі дүниенің рахатын бірдей көруге ниеттенген адамдар қайда?! Олардың тобыры қайда?! Неге белсенділік танытпайсыңдар?! Осы екі топтың жетегінде, бірінің етегінде кете бересіңдер ме? Қазақы намыс қайда? Қарындасты сыйлау, ағаға қарсы келмеу, сөзге тоқтау деген қазақ халқының Ұлы қасиеттері қайда кеткен? Ұсақталмаңдар қазақтар! Дінді сыйла, ұлттық мүддеңді де ұмытпа, қазақ халқының тәрбиесі, қалпы, дәстүрі ислам қағидаларына еш қайшы келмейді. Сондықтан адамдар, қазақтар қазақ болыңдар! Ал, мен қазақпын деп соққан жүрегі бар, қазақ елі көркейсін деген тілегі бар қазақтар не дейсіңдер?


Авторы Жауап
муслим
Майгүл
01-03-10 06:16
Шәкәрім Құдайбердіұлы
/1858-1931/

Өлімнің хақ екенін көрсең де,
Өлместей омыраулап, шатасың.
Дозақтың барын біліп жүрсең де,
Күнәға, әлің келсе, батасың.
...Аллаһтың ақ өлімі келгенде,
Амалсыз қара тастай қатасың.....


Ахмет Байтұрсынұлы
/1873-1937/

...«Аллаһтап», ал кітапты қолдарыңа! –
Құлдарын құдай сүймес жалқау болған....
Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!
Арнап хат жазайын деп алдым қалам.
Сені онда, мені мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай еді Хақ Тағалам!...


Міржақып Дулатұлы
/1885-1935/

...Әуелі үйренетін бір ғылымың,
Өзіңнің мұсылманша дін ғылымың.
Шарттарын Исламның кәміл білсең,
Ақыреттік азық берер шын ғылымың....
...Я, Аллаһ! Талапкердің бақытын аш,
Ақ жүрек пайдалы іспен атағын шаш....


Мұқағали /Мұхаметқали/ Сүлейменұлы Мақатаев
/1931-1976/

Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,
Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?!
Құбылаға бет алып қол қусырып,
Сәждеге бас қоятын қайда күнім?
Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,
Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.
Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,
Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін....
Я, Аллам!
Жаратушы жалғыз Ием!
Медет бер, жапандағы жалғыз үй ем!
Хал сұрар, жәй түсінер бір пенде жоқ,
Жүрек жүн, ойым опат, жанды жүйем....
Аллаһ – ақиқат.
Аллаға сеніп өтем,
...Арамдыққа баспаймын - жолы бөтен!

«Он ғасыр жырлайды», Алматы-2006

Нуржанбай
nurjanbay@mail.ru
26-02-10 13:42
Ер болсын, айел болсын арбир азамат Қазақстаннын тыныштығы үшін күні-түні әрекет етіп, қызмет қылсын!



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube