Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Қара магиянын күшін қалай жоюға болады?


Авторы Xабарлама
Шарасыз жан
03-03-10 14:34
Қадірменді бауырлар, құрметті замандастар! Сіздермен ой бөліскенді жөн көріп отырмын. Сөге жамандамайсыздар. Мен 19 жасымда бір құрдастармен туған күн отырысына барған болатынбыз. Ондай жерде, әрине, жаңа танысулар болатыны белгілі. Сол кеште өзімнен 1 жас улкен қызбен танысып, әңгімелескен болатынбыз. Одан әрі ештеңе болған емес. Бір күндері әлгі туған күнін тойлаған танысым, туған күн кешінде танысқан қыздың боларда-болмай менін фотосуретімді сұрап, қайтадан алып келетінін айтып болмапты. 1-2 күннен кейін, өзімнен өзім сол қызды көргім кеп, аңсап тұратынды шығардым.
Қойшы, 1 жылдан кейін, ата-анамнын қарсы болғанына қарамастан әлгі қызға үйлендім. Алайда, жанұя деген аты ғана, ешқандай береке болмады. Ол жанымда болсам журегім өзінен-өзі қысылып, тарығып, мазам кетеді. Жанынан кеткенше асығып тұрам. Ал ол болмаса, ең керекті нәрсем жанымда болмағандай куй кешем. 3-4 жылдай сөйтіп жүрдім. Арамызда бала да болмады, бала көтереді, өзінен өзі түсіп қалады. Күндердің күнінде ойламаған жерден сол келіншегімнін ескі құрбысын көргем. Ол кісі мені көріп таңғалып, өзінің маған айтар әнгімесі бар екенін білдіріп, соны тындауымды өтінді.
Туған күн кешінен кейін әлгі болашақ әйелім, маған катты ғашық болғанын, мен оған көңіл бөлмесем, мені қалайда өзіне қаратып алатынын дос құрбысына айтқан екен. Бірнеше күннен кейін екеуі қаланың бір шетіндегі сыған кемпіріне барып, әлгі менін фотосуретімді апарып оқытқанын айтты, маған әңгімесін айтып отырған адам, сол кезде маған айта алмағанына өкініп отырғанын айтты. Бірақ ол кемпір өліп қалғанын білетінін және айтты.
Мен қазыр онымен тұрмаймын, алайда озі не кейде шешесі түсіме жиі кіріп, бетіме қарап дөрекі айқайлап күліп шақырады. Өзімді зорға ұстап жүрмін. Кейде асылып өлуге шақыратындар елестеп жүр. Әбден миым қатты.
Көп айтып мазаларыңызды алсам, кешірерсіздер. Алайда, маған осы қара магияны шешетін жақсы балгерлер туралы хабар берсеңіздер, қай жерге де барып қаралуға барамын. Рахмет уақыт бөлгендеріңізге.

В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube