Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Былай тартсам арбам сынады, былай тартсам өгіз өледі


Авторы Xабарлама
Жан сұлу
30-01-06 12:23
Халайық, менің шешілмей жатқан проблем бар. Осы жаз айында маған 2 бөлмелі пәтер беріліп еді. Сонда жалғыз тұрмау үшін, таныс қызымды шақыртып едім, ол екеуміз обой жапсырып, тұрып жатқанда, менің туған әкпем бізге келіп тұрды. Үшеуміз де жақсы тұрып жатыр едік, әкпемнің жігіті бар еді, сол кісі (жасы 40 шамасында) әкпеме күнде келіп, қонып қалып жүрді. Адамның бетіне тіке қарап сөйлемейтін мен оларға ешнәрсе айтпадым. Жігіті күнде қонуды әдетке айналдырды. Тиянақтай екі бөлмеде жүру ыңғайсыз болып кетті. Әрі қыздардың өз секреттері бар емес пе, одан да жұрдай болдық, әрине әкпеме жақсы. Қасымдағы қыз бір күні маған айтқаны Анау әкпеңнің жігіті қашанғы біздің жанымызда қона береді деп. Мен әкпеммен ол жайында сөйлесіп едім, жақында сырға тағуға барады соған дейін шыдаңдар деп сұрады. ей мейлің деп тағы үндемей жүрсем, қасымдағы қызбен әкпемнің арасында ұрыстар болып жүр екенін тағы білдім. Енді әкпеме жігітін қондырмауын өтінсем, мен ана сенің қызыңмен тұра алмаймын, менің жігітім емес ол күйеім, сондықтан анау қыз тұрса тұрсын тұрмаса кетіп қалсын дегені. Енді мен не істерімді білмей отырмын. Былай айтсам қасымдағы қыз ренжиді, былай айтсам әкпем ренжіп отыр. Айтпақшы әкпем айтқаны; Ол саған ешкім емес, мен сенің бауырыңмын деп маған ультиматум да қойды. Ал қасымдағы қыз мені түсінетіндей тек ол қыстың көзі қырауда қайда бармақ?
басым қатты не істеймін?

Авторы Жауап
Жан
Семей
11-02-06 15:40
Мына бала тәрбиешісі мен дворник мындада жур (Камшат пен Алем). Қарағым Жан сұлу өзің бір жігіт кіргізіп ал сол дұрыс болар. Жақсы көретініңді, олда сені сүйсін.


Камшат
02-02-06 14:13
Жансұлу!
Бұл жерде сенің әкпең ақымақтау адам сияқты ғой өзі, әрине сен менің сөздеріме ренжіме, тек барлық бәлені бастап отырған сол сияқты ғой, қарап отырсам, қараптан қарап қасыңдағы жолдас қызыңның зардап шеккенін айтсаңшы. Әкпеме жездем сай деп анау жігіті де ұятсыз адам ба, қалай өзі???...
не де болса, дұрыс істеген сияқтысың.
Әсел
31-01-06 23:39
Өте дұрыс жасадыңыз.
Дұрыс
31-01-06 18:43
Өй акылыннан айналайын сол.Оте дурыс жасадын.Енди еш камыкпа
Жан сұлу
31-01-06 13:45
Бүгін әкпеммен сөйлетім. Ол маған қасымдағы қызбен ұрыстырдың деп кінә тақты. енді сен жоқта екеуміз екі комнатада отырмыз деді. Аанау жігітіне айттым, ағатай мына екі қыздың арасында ұрыс болып жатыр, сізден өтінем бұл үйге тек қонақ болып келіп, ерте кетіңізші дедім. Әкпем екеуіңізіздің араларыңызға түсуден аулақпын, тек сіз еркексіз, өзіңіз шешімін тауыңыз дедім, оғавн әкпем ренжіті. сен неге маған айтпай оған айтасың деді, мен әкпеме бұрынна бері айтып келе жатқанымды мойындамай қойды. Енді сені менің жігітім жек көреді деді. Мен айтқаным егер ол мені жек көрсе ендігәрі менің үйіме аяғын баспасын деп едім, әкпем саған керегі дос болса соны құшақтап отыр, көрем екен , сенің өлігіңе де келмес ол дочың деді. Менің басым әбден қатты. Дос қызым онда мен квартира іздестіре берейін, әкпең екеуіңнің араларыңа түсіп жүргендей жаман болып жүрмін деді. Мен оған айттым, менің әкпем ешкіммен сыйыспаған, сыйыспайтын да секілді, енді мен екеуінде шығарып жіберуді ұйғардым, өйткені екі жақты болғым келмейді. Ренжіген адам ренжи берсін, мен оларға тек жақсылықтан басқа ешнәрсе жасамадым деп ойлаймын...
Жан сулу
31-01-06 12:03
сіздің айтқан советіңізді қалай тусінсем екен, мен шын кенес сурап едім
Алем
31-01-06 09:06
Жан сұлу!

Егер қасыңдағы дос қызың болса, соны қалдыр! Әпкеңді қосағымен қосып шығарып жібер, егер шығара алсаң, бәрібір саған абырой әпермейді. Жолдас қызың кетсе, Әпкеңді қосағымен шығара алмай қаласың, ұрыс болады, содан соң сенде Әпкеңде, Жездеңде қарабет боласыңдар. Баспанасы жоқ еркек қалай үйленеді, үйі жоқ болса?, сенің үйіңде тұрады, саған кедергі болады.
Өз басым шаршап келгенде еркін демалып еркін жүретін ең болмағанда бір бөлмең болу керек.
Үйіңде сөзіңді өткізіп айта алмайтын адам болса, оғанда жүйкең шаршайды, тағы жаман атты болып қаласың туыстарыңа. Мен өзім көп жылдар азаттық жолында күрескен адаммын деп мақтанып қояйын, әзілғой!

Хакер
31-01-06 06:50
Сјлем. Ол жігіт наєыз есуас екен. жігіт болса басќа їй тауып тўрып, сонда не істегісі келсе істей берсін. Сен оны ќуып шыќ. Сґз болмау керек.
Қанат
31-01-06 00:35
Қалай айтсам болады әпкеңәздің күйеуі ұятсыз адам секілді. Бір жағынан туыста керекғой. Дос қызыңды да әпкеңді де ақылға шақыр бұл дүниеде адам адамға қонақ. Мүмкін жарасып кетер.
әә
30-01-06 22:18
әпкенді, жезденді, касыңдагы кызды бәрін бір бір жұдұрұқпен койып койып жіеріп үйден куып шыктагы өзің жалгыз отыр.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube