Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Танысу
Тақырып: Орыс казак кызынын устинде жатыр


Авторы Xабарлама
Berik
01-04-10 11:17
орыстың қойнына қазақтың қызын сал. Сонда ғана қызық…
Астанадағы Кенесары хан мен Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы абажадай жаңа жарнама жұрттың жанарын еріксіз тартады, таңдантады. Көзім алғаш түскенде мен де таң қалдым. Атқа теріс мінген қыз бен жігіт тұр. Шыттай киінген жігіт жадырап қарайды. Жанындағы жартылай жалаңаш, салдақы-сайқал кейіпті қыз атқа көлденең отырып, жігітке асылып қылымсиды. Жануардың теңкиген сауырының өзі семіз әйелдің бөксесінен аумай қалған. Түк түсінбедім. Бұл не?

Жазуын оқығанда барып ұғындық. «Қазақфильмнің» су жаңа өнімінің жарнамасы екен. Аты – «Казахстанско-российский фильм «Ирония любви». ТМД-ның 600 кинотеатрында көрсетілмек комедия. Қазақстанның, Ресейдің, Украина мен Белорустің ең ірі киноалаңдарында жүргізіледі. 600 көшірмесі бірден жасалған тұңғыш кино. Әлбетте, жарнама тілі де, кино тілі де – орысша.

Ат көтіне теріс міңгізіп отырғызған жарнамасынан-ақ осы фильм де қазақты оңдыртпаған-ау деп күдіктеніп едім. Расында солай екен. Кинода қазақтың қызы шолжаң, аласуан. Өзімдікі дұрыс деп есептейтін әумесер қыз кафеде кім бірінші кездессе соны жар қылмақ. Онысы – Иван. Қыз дегеніңді қыртына ілмейтін шешесінің еркетотайы. Жолы болмайтын жігіт. Шолжаң қыз соны өзіне қаратпақ болып шала бүлініп жүреді. Шарасыз қалғанда тапқан амалы – жігітті жығып салып, өліп-өшіп сүю. Комедияның сиқы осы.

Астанада осы комедияның тұсаукесер рәсімінде «Қазақфильмнің» президенті Ермек Аманшаевтың айтуынша, Отандық фильмдердің қатары тағы да бір романтикалық кинотуындымен толықты. Қазақстан-Ресейдің көптен күткен жобасы. Бұл туынды кинокомпанияның жастарға, өскелең ұрпаққа ұсынған базарлығы. Сөзбе-сөз келтірсек: «Бұл өзі негізі жастарға арналған фильм. Комедиялық жанрында түсірілген. Мен ойлаймын, әсіресе 15-25 жастар аралығындағы біздің көрермендер үшін қызықты болады».

Қайдағы қызық? Бұл тағы да ұлтты мазақтың астында қалдыру. Қазақ ұлтын масқаралау, келемеждеу. Қатты күйіндім. Осы киноның басы-қасында жүрген ұлты қазақ азаматтарының намыссыздығына налыдым. Бұл біздің халықты қорлайтын фильм. Неге дейсіз ғой?

Қазақ өз тарихында кешпеген қорлығы, өткермеген өткелегі аз – қасіретті халық. Ата жауларымыз сәби демей, шал демей, көзіне түскенін қынадай қырып, атақонысынан бостырып, ақтабан шұбырынды етіп жіберген кезеңдер болған. Қорланған қазақ, намысы тапталып ашынған жыраулар тісін қайрап, кекке шөлдеп жыр төкті.

«Туырлығын тілмесем,

Керегеңді кертпесем.

Қанікейдей көріктіңді,

Тінікейдей тектіңді

Аямай төс астына баспасам

Жер басып тірі жүрмен-ді» деп шамырқанды. Сол намысы қамшы болды. Өлмедік! Арман жырын Ақтамберді төккенде:

«Әлпештеген аруын,

Ат көтіне мінгізіп,

Тегін олжа қылар ма екенбіз, – деді үзеңгісін шіреп. Арман асқақ еді. Алаш боп қалғанымыз да сондықтан. Яғни, бұдан түсінеріміз – қазақ ұғымында, дәстүрлі ұлт танымында ел намысын таптаудың, жұрт қорлаудың шыңы – қызын масқаралау! Атқа теріс міңгізу!

Енді қараңызшы! Соңғы жылдары қазақ осы масқаралаудың астында қалды. Мына жарнамалардағы көрініс не айтып тұр? Ел аман, жұрт тынышта қазақтың аруы көрінгенге қолжаулық. Алаштың арда ұлдарына емес, бөтеннің мекіренгеніне мауығып тұр. Тексіздердің төсінің астында мылжаланып жатуы үйреншікті құбылыс. Киноң да, жарнамаң да жұрттың көзін соған үйретті. Қазақтың қызын жаппай мазаққа айналдыру. Апыр-ау, кімге не жаздық? Жанымды шыжғырып, арымды таптардай бейбақ қазақ несімен жақпай жатыр?

…Кино арқылы ұлттың имиджі қалыптасады. Мысалы, түсірген фильмдеріне қарап-ақ үнділердің махаббатқа адалдығын, соғыс туралы киноларында орыстардың дұшпанға рақымсыздығын, қиындыққа төзімділігін, тағы бір елдердің туындыларынан солардың еңбекқорлығын, бекзаттығын, кірпияздығын таниды. Сөйтіп, бүтін ұлт сондай деген ұғым жұрт санасына тастай болып бекиді. Ал, соңғы жылдары түсірілген Қазақстан кинолары қазақтың қызы жәлап, жігіті намыссыз, ұлты қор дегенді шартарапқа жайып жіберді. Осыған бір мысал. Францияның «Консьюмер» қаласына барған жастарымыз куә болған оқиға. Алшаң басып қастарына келген шетелдік қолындағы долларын жылтыңдатып, бір қарындасымызды ойнас жасауға шақырған. Тапа-тал түсте, тамам жұрттың көзінше. Қыз қорланып жылап жіберген. Қасындағы бауырымыз ашуға мініп, әлгі делқұлының бет-аузын тас-талқан етіпті. Содан шыққан шатақтың анық-қанығын тексере келгенде, таяққа жығылғаннан «Бұл қай басынғаның?» деп сұрамай ма? Сөйтсе байғұс: «Қазақстанның «Борат» деген киносынан түсінгенім, сол елде қыздың бәрі жезөкше. Ақшаға сатыла береді. Менің жазығым не? Ана қыз ақша тапсын, өзім бір рақаттанып қалайын деп едім» деп қарап тұр дейді. Міне, бір «Бораттың» қазақты «танытқаны».

Кино былай тұрсын, айтушысы келіскен анекдоттардың өзі халықтың бет-бейнесін айқындап тастайды. Анекдот біткенде «чукча» ақымақтықтың шегіне жеткен халық. Енді қанша марапаттасаңыз да «Академик чукча бар» дегенге кімді сендіресіз? Сондай-ақ, шешен ұлтын қалай даттасаңыз да шетінен қорқақ дегенге ешкім иланбайды. Ал енді, қазақ киносы дәл осы бағытта кете берсе, біздің ұлт әлемге қай қырынан танылады? Алаштың ибалы, инабатты, тәрбиелі, өнегелі қыздарын абыройсыздыққа тели беру кімге тиімді?

Ей, намыссыз немелер! Қазақ атанған сценарист, продюссер, режиссерсымақ қансыздар! Қарындасымызды бөтеннің төсіне қайта-қайта бүктеп салып берген имансыздар! Соншама тексізденіп не көрінді?

Егер «дәл мұнда тұрған не бар?» десең, осы «Ирония любвиде» неге жігіт қазақтан, қыз орыстан таңдалмаған? Ұят-аяттан жұрдай қыз орыстан болса тіпті нанымдырақ болмас па еді? Жоқ, өйте алмайсың! Себебі, сендерден басқа еш ұлттың азаматы өз қандасын мазақтайтын, халқын қорлайтын кино түсіруге жол бермейді. Ұлттық намысты сезінбейтін, тарихынан мақұрым, дәстүр-салтынан жырақ кеткен өздеріңдей мәңгүрттер ғана бөтен ұлт не айтса соған көнеді. «Қазақфильмді» басқарып отырған, жасы елуге аяқ басқан азаматтың айтып отырған сөзі анау. «Жастарға қызық болады» дейді.

Қазір бүтін ТМД елі қазақ қызының әңгүдіктігіне ішек-сілесі қатып, күлкіге қарық болып жатыр. Намысты қазақ жастарының жігері құм болып, рухы әлсіреп қалды. Қайсысы кімге қызық?…

Төлеген ЖӘКІТАЙҰЛЫ www.namyz.kz jurnalinan

Авторы Жауап
Арайлым
aikon.auezov@mail.ru
17-07-13 20:23
Бул соракылыкты бiреу бiлсе бiреу бiлмейдi,есiмiз бар кезде оз дарежесiнде котерiп, алдын алмасак кейiн оте кеш болады агалар! (будан откен касiрет жок казактын кызы ушiн
kazakh
26-04-10 09:40
/Қазақ атанған сценарист, продюссер, режиссерсымақ қансыздар!/
Булар акша ушин арны саткан арсыздар гой!
Оте окиништи осындай сумелектердин елге акыл айтуы. Оз бала-шагасын сол омирге косса дурыс болар еди. Баскалардын аркасында емес...
Бауыр
zhiembet1978@mail.ru
24-04-10 19:19
Берік бауырым жаған жайларың өте орынды Бұндай жағдайлар тек қана өнер ия болмаса кино саласында емес баска кескелген жерде жетерлік Елімісдегі жауапты орындардың көбін білімі жоғары болса да ұлттық намысы жетклксіс немесе мүлде жұрдай дүмбілес шалақасақ адамдар басқаруы жалғаса берсе алдағы 4-5 жылда коп өсгеріс болмай сісдер мен бісдердін , бісден кейнгі бауырлардың елге қысмет қылғысы келетін асаматтардың жігеріміс құм бола бере ме деп қорқам
Бану
banu_011
03-04-10 09:21
Ассаламагалейкум.Ќазаќтыѕ соры ќайнаєанда, сґзбен болса да намысн ќорєаєан Берік аєа.Мен сізге толыќ ќосыламын "Ќазаќфильімінде" кетіп жатќан ќателіктер,жоќ ќателік емес сораќылыќтар, біріншіден- режиссерлардыѕ кетіріп жатќан орны томас ќателіктері.Екіншіден сол киноєа тїсіп жатќан ќазаќ ќыздарыныѕ аќшаєа,атаќќа ќўмарлыєы болып отыр.Мардымсыз масќара атаќќа ќазаќтыѕ ќаракґз ќыздарыныѕ соншама неге ќўмар балєанын тїсінбей-аќ ќойдым.Естеріѕізде болса "Келін" фильімінде ќандай шу болды,неге сол намыстарына тигізіп айтќан бір сґзді ќўлаќтарына ілмегенін ма?"Таяќ еттен,сґз сїйектен" ґтетініѕ ќазаќ јр ќашанда алєа ќойып соєан ќарай амал жасайтын.Ал кјзіргі "Ќазаќфильіміне не болып бар жатыр,Мемлекет соншама ќаржысын ќазаќты масќаралау їшін тґлеп отыр ма?Бўл мјселені судыѕ астында ќалыќтатып ќоймай,су бетіне шыєаруымыз керек.Ол їшін бўл мјселе Ел Басына жету керек, жеті да єой біраќ соны ќолєа алу керек, керек емес міндет болу шарт.Сондыќтан біздіѕ ќолымыздан не келеді?Жай єана айту.
berik
03-04-10 08:50
казка айтады гой" итте болса озимиз гой" деп неге олларга жанымыз ашымау керек, ертенги урпакты жоятын солар болгандыктан айтып айтып тура жолга тусулерине себеп болуымыз керек. оларга емес, озимиздин кейинги урпакка жаным ашиди, соларга карап куртылып кете ме деп(((
жергілікті
03-04-10 06:57
ия буны осы аптада бекболат тілеуханда мәжілісте көтерді! бірақ қыңқ деген қазақ болмады, қайта тілеуханды күлкі айналдырып келемеж қылды, басқа айтарың құрып қалды ма дегендей...
Дос
123
01-04-10 18:31
Берік, казах.ру деген сайтта мұны несіне талқыға салып отырсың? Имансыздан туғандарды "қарындасым" деп несіне жалған намысты қозғап отырсың? Жарылып кетсең де, осы дүниеде солардың дегені болады... Мына жастардың санасын улап, дүниемен арбап өрбітіп жатқан заманда қазағыңның ертеңгі күні де күмәнді.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube