|
Нұрлан
yessengazy@mail.ru
08-06-10 17:27 |
|
Мүмкіндігі шектелген балалар мен жасөспірімдерге көрсетілетін әлеуметтік, медициналық және педагогикалық көмектердің жаңа жолдары!
Мұғалімдерден, дәрігерлерден, әлеуметтік қызыметкерлерден және ата-аналардан келіп түскен сұрақтарға қысқаша жауаптар:
1. Ақтөбеде облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мемлекеттік мекемесі(ПМПК ММ) қашан құрылды, облыста неше ПМПК ММ-сі бар, аудандардан ПМПК ММ-сі ашылама ?
Облыстық ПМПК ММ-і Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылы шыққан « Мүмкіндігі шектелген балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы » № 343 Заңының 8 бабының, 3 тармағын орындау мақсатында, Ақтөбе облыстық әкімінің 04.02.2003 жылы бекітілген № 23 қаулысы негізінде және облыстық білім басқармасының бұйрығы бойынша құрылды.
Аталған Заң бойынша 60 мың балаға бір ПМПК құрылуы қажет, Республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Ақтөбе облысында бүгінгі күні екі ПМПК жұмыс жасауда: облыстық ПМПК ММ облыстың 12 ауданының, Алға облыстық балалар үйінің, Тамды көмекші мектеп-интернатының және Жайсаң арнаулы мектеп-интернатының мүмкіндігі шектелген балаларын тексереді. Қалалық ПМПК ММ Ақтөбе қалалық білім бөліміне қарасты мүмкіндігі шектелген балаларды тексереді. Облыс бойынша 240 мың бала бар, сондықтан тағы екі ПМПК ашу керек:
1. № 3-ші ПМПК ММ-ін Қандыағаш қаласынан құру - темір жол бойындағы( Мұғалжар, Шалқар,Темір, Байғанин аудандарының) 60 мың балаларды тексеруге қолайлы жағын ойлау мақсатында;
2. № 4-ші ПМПК ММ-ін ескі қаладан ашу – Алға және Хромтау аудандарының балалары мен қазіргі қалалық ПМПК-ның артық балаларын қамту үшін.
2. ПМПК ММ-нің негізгі міндеттері ?
1. 0-ден 18 жасқа дейінгі балалармен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеру, психикалық және дене бітіміндегі ауытқуды анықтау;
2. балалармен жасөспірімдердің дамуындағы ерекшеліктерді анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру жүргізу, диагнозын қою, оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жұмысқа орналастырудың оған сәйкес жағдайын анықтау;
3. баланың көңіл-күйінің өзгеруіне байланысты білім мекемесінің бір түрінен екіншісіне ауыстыра отырып, қажет болған жағдайда оған бастапқы қойылған диагнозын растау, анықтау және өзгерту енгізу;
4. баланың деңгейіне қарай психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсету, оларды арнайы білім беру саласында тәрбиелеуді және оқытуды, әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5. дамуында, мінезінде жеңіл ауытқу, кемістіктері бар балаларды, соның ішінде арнаулы түзеу білім мекемелеріне жіберуге жатпайтын балаларды емдеу, тәрбиелеу, және оқыту жөнінде ата-аналарға(заңды қамқоршыларына), мұғалімдерге және дәрігерлерге кеңес беріп көмек көрсету.
3. Қандай мамандар жұмыс жасайды ?
Мұғалімдерден – дефектолог(олигофрено мұғалім, сурдолог мұғалім, тифло мұғалім), түзеу(коррекциялық) психологтар, логопед, әлеуметтік мұғалім, түзеу әдіскерлер, түзеу тәрбиешілер;
Бала дәрігерлерден – психиатр, невролог, ЛОР( сурдолог ), окулист, медстатист, педиатр және медбибі.
4. Қандай мекемелермен бірігіп жұмыс атқарады ?
Облыстық ПМПК-сы білім және ғылым министіріне қарайды, сондықтан аталған Заң бойынша әкімшілікпен және облыстық, қалалық, аудандық білім бөлімі арқылы – денсаулық сақтау және әлеуметтік мекемелермен, көрсетілген тәртіп бойынша бірігіп жұмыс жасаймыз.
Аудандық білім бөліміндегі балалардың құқығын қорғайтын және қамқоршы маманы, 0-18 жастағы мүмкіндігі шектелген балалармен, жасөспірімдермен атқарылған жұмыстарға аудан бойынша жауапты, облыстық ПМПК ММ-не есеп береді.
5. Тексеріске кімдер жолдама береді ?
Облыстық ПМПК-нан тексерістен өтуге жолдаманы:
1. мектептердің психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумі(ПМПк) шешімімен мектептер мен бала-бақшалар директорлары;
2. ерте жастан мүгедектіктің алдын алу мақсатында 0-3 жастағыларды скринингі тексерістен өткізіп диагнозын анықтап бала дәрігерлері;
3. 0-18 жасқа дейінгі мүгедектерді әлеуметтік қызыметкерлер мен дәрігерлер.
Бірақ, барлығыда аудандық білім бөлімімен байланысып, тіркеліп барып жіберулері қажет. Аудандық білім бөліміндегі балаларды қорғау және қамқорлау маманы бұл жұмыстардың барлығына жауапты, аудан бойынша 0-ден 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген балалар мен жасөспірімдерді есепке алады, қамқорлайды, қадағалайды, құқығын қорғайды. Егер облыстық ПМПК-на өздігінен келе алмайтындар болса, оларды дайындап, тізімін(15 баладан кем болмауы керек), аудандық білім бөлімі облыстық ПМПК-на жібереді. Жоспар бойынша және аудандық білім бөлімінің кезектен тыс шақыруымен облыстық ПМПК-сы аудандарға барып тексерістер жүргізіп, кеңес береді.
ЕСКЕРТУ: Ақтөбе қаласына тексеріске келетіндер алдын-ала Облыстық ПМПК-ның 8(7132)550284 тіркеу бөліміне хабарласып, тіркеліп барып келулері қажет. Неге десеңіз: біріншіден облыстық ПМПК мамандары аудандарға іс сапарға шығып кеткенде келуі мүмкін, екіншіден ата-аналар келгенде құжаттары түгел балмауы жиі кездеседі, үшіншіден облыстық ПМПК-на негізсіз қаралуға келеді.
6. Облыстық ПМПК ММ-не тексеріске баланы неге ата-анасы әкелу керек, мұғалімі не дәрігері әкелсе болмайма? Тексерілгендерді қайда жібереді ?
Мүмкіндігі шектелген балаларды тексеру міндетті түрде ата-анасының(заңды қамқоршысының) қатысыуымен бірге өткізіледі және мұғалімі мен емдеуші дәрігері бірге келіп кеңес алуына болады. Кейде ата-анасының орнына, баланы жақын туыстары тексеріске алып келеді, қабылдамасақ ренжиді, сіз өз балаңызды апаңыз не енеңіз психиатр, дефектолог, психолог тексерісінен өткізуге әкелуіне рұқсат берер ме едіңіз десем, жоқ дейді. Егер баланы әке-шешесі тастап кетсе, немесе әке-шешесі қайтыс болған болса, не уақытша келе алмаса, баланы жағдайлары көтерсе, туыстары асырап алуына болады, не Үкіметтің жетім балалар үйіне тапсырады. Бірақ бұның бәрі Заң арқылы шешіледі, қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін, заңды қамқоршы не асыраушы ретінде толық жауапкершілікті бір туысы өз міндетіне алуына болады. Бұл жұмысқа жауапты аудандық білім бөліміндегі балалардың құқығын қорғайтын және қамқорлайтын маман.
Толық тексерістен кейін Тамды, Жайсаң және басқа арнайы мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен кластарына жібереді, бірақ ата-анасының(заңды қамқоршысының) келісімі қажет. Егер ата-анасы(заңды қамқоршысы) баласын арнайы балабақша, мектептерге жібергісі келмесе, тұрғылықты жеріндегі мектептерде арнайы(Жайсаң арнаулы мектеп интернатының) не көмекші(Тамды көмекші мектеп интернатының) бағдарламамен оқытуына толық құқығы бар.
Кейде ата-анасы түсініп, келісіп арнайы мектеп-интернатқа баласын оқытуға береді, артынан бір себептермен баланы өздері өтінішпен шығарып, үйіне алып кетеді. Ауылына барғасын мектеп қабылдамайды. Бұл дұрыс емес, баланы мектепке қабылдап, көрсетілген бағдарламамен оқыта беру қажет. Неге ата-анасының және мектеп директорының түсінбегенінен бала зардап шегуі керек?
Мектептер бұған дайын болғаны жөн, көмекші және арнайы бағдарлама бойынша түзеу педагогикасының тәртібі бойынша облыстық ПМПК-ның ұсыныстары толық орындалуы қажет. Мектептерде бұл жұмысқа жауапты ПМПк төрағасы, яғни, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Аудандық білім бөліміндегі бала құқығын қорғайтын маман және мектеп директоры бұл жұмыстарды қадағалап тұруға міндетті.
7. Түзеу диагностикалық топтар (ТДТ) қашан ашылды, олар немен айналысады ?
Облыстық ПМПК-ның жанынан 01.01.2007 жылы 2 ТДТ-р ашылды: 1.Ауыр ауытқушылықғы бар балалар мен жасөспірімдерге және
2.Ерік-жігеріндегі және тәртібіндегі ауытқушылығы, соның ішінде ерте жастағы бала аутизімі барлар үшін.
ТДТ-ң негізгі мақсаттары: түзеу психологиялық-педагогикалық шараларды анықтау үшін танымдық даму ( тіл, ес, зейін, қабілеттілігі т.б психикалық функциялары ) ерекшеліктері мен дәрежесін анықтау, эмоциялық ерік жігерін, жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуын танып білу, диагнозын белгілеу, педагогикалық-медициналық қортынды шығару, баланы оқыту мен дамыту үшін тиімді бағдарламаны іріктеу мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру.
ТДТ-қа 3 жастан 16 жасқа дейінгілерді 1 айдан 1 жылға ПМПК-ның жолдамасымен, ата-анасының(заңды қамқоршысының) келісімімен қабылданады, психолог, дефектолог(олигофренопедагог), логопед, психиатр, невролог, тәрбиешілер және педиатр мен медбибі - массажист күніне 4 сағатқа дейін тегін қызымет көрсетеді.
Түзеу сабақтары жеке баламен және топпен бірге жүргізіледі. Сабақтардың ұзақтығы баланың жеке ерекшелігі мен мүмкіндігіне байланысты.
8. Аудандардағы психологиялық-педагогикалық түзеу ( ППТ ) кабинеттері қашан ашылды, неге барлық аудандарда жоқ? ППТ кабинеттерімен ППТ кластарының айырмашылығы неде ?
Аталған Заң бойынша Ақтөбе облысының Шалқар ауданынан 2004 жылы, Қарғалы ауданынан 2005 жылы, Мұғалжар мен Хромтау аудандарынан 2007 жылы және Темір мен Қобда аудандарынан 2008 жылы ППТ кабинеттері ашылып жұмыс жасауда. Қалған 6(Алға, Әйтеке би, Байғанин, Ойыл, Мәртөк, Ырғыз) аудандардан ППТК ММ-ін облыстық әкімнің жоспары бойынша құрылады. ППТ кабинеттері облыстық бюджеттен қаржыландырылады, аудан орталықтарынан ашылады. Ал ППТ кластарының штаты мектептерден бөлінеді, яғни, ППТ кластарын мектеп директорлары аша алады. ППТ кабинеттері мен кластарына мүмкіндігі шектелген балалар мен жасөспірімдерді облыстық ПМПК-ның жолдамасымен қабылдайды. Заң бойынша арнайы мамандар(психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік мұғалім) болмаса, бастауыш кластың мұғалімдерін, тәрбиешілерді және қазақ тілі мұғалімдерін арнайы курстардан оқытып алады. ПМПК-ның қортындысымен арнайы кабинетке не класқа қабылданған бала, деңгейіне қарай, қатарымен, өз класында оқып жүріп, қосымша түзеу көмегін алады, біріңғай бөліп тастауға болмайды.
Мысалға: шет тілі, физика, химия т.б. сабақтарға кемтар балалар қатыспауына байланысты, психологтің, олигофрено мұғалімнің(дефектолог), логопедтің, әлеуметтік мұғалімнің көрсетілген сағатына сай, бағдарламасына қарай қосымша түзеу көмектерін алады. Балалар аз болған жағдайда түзеу сабағын өткізген сағатына ғана айлық төленеді.
ППТ кабинеттерін құруға аудан әкімі мен аудандық білім беру мекемесінің бастығымен бірігіп ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан орталықтарынан бөлек ғимарат пен арнайы мамандар дайындауда.
9. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум(ПМПк) немен айналысады, қайда орналасқан?
ПМПк барлық мектептерде, мектеп директорының бұйрығымен құрылады. ПМПк құрамында төрағасы(оқу ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары), дефектологтар(олигофренопедагог), психологтар, логопедтер, әлеуметтік мұғалімдер, елге сөзі өтетін сыйлы мұғалімдер, педиатр, хатшы т.б болады. Мүмкіндігі шектелген балалармен жасөспірімдерді арнайы не көмекші бағдарламамен түзеу педагогикасымен оқыту, жақсылық үйрету, тәрбиелеу, қамқорлау, қорғау т.б мәселелермен айналысады. Облыстық ПМПК-на балаларды тексеріске жіберуге шешім шығарады. Егер өздігінен қалаға келе алмайтындар болса, олардың тізімін аудандық білім бөліміне береді. Аудандық білім бөлімі барлық мектептердің ПМПк тізімдерді алып тексеріп, анықтап, құжаттарын дайындатып облыстық ПМПК-сына мүмкіндігі шектелген балалармен жасөспірімдерді ауданға келіп тексеруіне ұсыныс жібереді. Облыстық ПМПК-сы аудандарға іс сапарға шығып мүмкіндігі шектелген балалармен жасөспірімдерді тексеруге міндетті. Облыстық ПМПК-ның ұсыныстары, нұсқаулары, кеңестері толық орындалуы қажет.
Жұмыс барысында байқағанымыздай, кейбір мектептер педсовет пен ПМПк шатастырады. Осыдан-ақ сол мектепте мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жүргізілмейтіні, ПМПк құрылмағанын, мектеп директоры Заңды білмейтінін және аудандық білім бөлімі бұл жұмысты қадағаламайтынын көруге болады.
ПМПк төрағалары Тамды көмекші мектеп-интернатымен, Жайсаң арнайы мектеп-интернатымен, қаладағы № 7 арнайы түзеу мектебімен және аудан орталықтарында орналасқан психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерімен тығыз байланыста болғаны дұрыс.
Аталған кемшіліктер болмау үшін аудандық білім бөліміндегі балалардың құқығын қорғау маманы ПМПк жұмысын және облыстық ПМПК-ның ұсыныс-нұсқауларының орындалуын бақылап отыруы қажет. Мектептердегі ПМПк төрағалары аудандық білім бөліміндегі бала құқығын қорғайтын маманға 1-ші және 3-ші тоқсанда мүмкіндігі шектелген балалармен атқарылған жұмыстар және тізім бойынша қабылданғандар, кеткендер, келгендер және қалғандары жөнінде есеп береді.
10. Әлеуметтік қызыметкерлер және әлеуметтік мұғалімдер немен айналысады, қандай мекемелерге қарайды?
Әлеуметтік мұғалім мектептерде жұмыс жасайды, мектептегі ПМПк бірлесіп баланың жеке және әлеуметтік мәселелерін шешу тәсілдерін, есебін, әлеуметтік педагогикалық жұмыс үлгілерін анықтайды. Қоғамда, ортада, үйде, мектепте жеке қатынасының орнығыуына бейімдейді. Білім беру бөлімдерінде әлеуметтік қорғау, дамыту, тәрбиелеу шараларын жүзеге асырады. Үйімен, жәрдемақы алуымен, балалардың құқықтарын қорғау жұмысымен айналысады. Баланы оқытатын мұғалімдермен, ата-анамен, әлеуметтік қызыметкерлермен, жеке тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста болады.
Мүгедек балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсетуді, облыстық ПМПК қортындысы бойынша әлеуметтік қызыметкерлер атқарады. Әлеуметтік қызыметкерлер жергілікті әкімшілікке және әлеуметтік қорғау мекемесіне қарайды, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру бөлімдері мекемелерімен бірлесіп, өзіне бөлінген мүгедек балалардың үйіне барып, қажеттілігін анықтап, өмірге биімдеу, үйрету, тәрбиелеу мақсатында ата-аналарына Заңдарды түсіндіріп, көрсетіп, көмектеседі, қадағалайды, ортамен қарым-қатынас орнатады. Облыстық ПМПК-ның ұсыныстары толық орындалуы керектігін ата-аналарға, мұғалімдерге, дәрігерлерге, әлеуметтік мұғалімге және әкімшілікке ұғындырып, бірлесіп жұмыс жасайды.
Мүгедек балаларды әлеуметтік қолдаудың бағдарламасын орындайды. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша тегін әлеуметтік көмек көрсетеді.
Өз міндеттерін дұрыс білмейтін, түсінбейтін, арнайы курстардан өтпеген, маман емес «әлеуметтік қызыметкерлер» мүгедек балаға үйден әлеуметтік көмектерді дұрыс көрсетпейді, соның салдарынан ата-аналар арызданып, көмекті басқа жақтан іздейді. Сондықтан әкімшілік тікелей бұл жұмыстарды қатаң қадағалап отырғаны жөн.
11. Осы Заңға байланысты денсаулық сақтау мекемесі немен айналысады?
Аталған заңға байланысты, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірінің «Ерте жастағы балалардағы психологиялық-физиологиялық ауытқушылықтарын скринингін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» 29.01.2003 жылы шыққан № 83 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы 24 шілде 2009 жылғы «Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ережесін бекіту туралы» № 379 бойынша, 0 – ден 3 жасқа дейін скринингтік тексеру өткізіп, диагнозын анықтап, есепке алынған балаларды облыстық ПМПК-на мүгедектіктің алдын алу мақсатында, оқыту, тәрбиелеу, өмірге биімдеу, демеу мәселелерді шешу үшін тексеріске жібереді. Ай сайын скрининг кезінде анықталған балалар арасында психикалық-дене бұзылыстары бар балалар туралы облыстық ПМПК-на ақпарат береді. Тоқсан сайын ПМПК-на жолданған балалар туралы мәліметтерді салыстыру жүргізледі. Аудандық бас педиатр бөлек арнайы журнал арнайды. Анықталған балалардың тізімінің көшірмесін аудандық білім бөліміне береді. Өздігінен қалаға келе алмайтындардың тізімі бойынша, облыстық ПМПК-сы ауданға барып тексеріс жүргізеді.
Кейде дәрігерлер аталған бұйрықта көрсетілген 0-3 жастағыларды тексеруді, кемтар балаларды анықтауды, жалпы 0-18 жастағыларды тексерістен өткізу скринингімен шатастырады. Ата-аналар балаларын ПМПК-на қаратқысы келмейді, уақыт өткізіп алады, бірақ аудандық білім бөліміндегі бала құқығын қорғайтын маман ата-аналарға, дәрігерлерге түсіндіріп, кемтар баланы уақытында ПМПК-нан тексерістен өткізіп алу қажет.
Көбіне кемтар балаларды мектеп ПМПк анықтап, шешіммен облыстық ПМПК-на тексеріске жібереді. Ондай олқылықтар болмау үшін аудандық бас педиатр, педиатрлар, психиатр, невролог, ЛОР, окулист кемтар балаларды 0-ден 3-ке дейін тексеріп, анықтап болулары қажет. Мектеп жасына дейін кемтар баланы қайда оқыйтынын шешіп алған дұрыс. Сондықтанда аталған Заң бойынша бірігіп кемтар баланың құқығын қорғап және қамқорлау керек. Аудандық денсаулық сақтау бөлімінде бұған жауапты бас педиатр аталған бұйрық бойынша журнал жүргізіп қана қоймай, ата-аналар балаларын толық дәрігерлік тексеруден дер кезінде өтізуін қадағалап отырады. Есепке алынған кемтар балаларды аудандық білім бөліміндегі бала құқығын қорғайтын маманға хабарлап, уақытында облыстық ПМПК-нан тексеріске өткізуге міндетті.
12. Үйден оқуға кім ұрықсат береді?
Үйден оқуға анықтаманы ауылындағы емдеп жатырған дәрігер, ал мүгедек балаға үйден әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынысты облыстық ПМПК береді. Көбіне осы екі сұрақты шатастырады. Кемтар баланы емдеуші дәрігері үйінен барып қарап, тексеріп мектепке баруға денсаулығының жарамайтынын анықтаса, үйден оқуға бекітілген тәртіппен анықтама береді. Ата-анасы анықтаманы мектеп директорына не ПМПк төрағасына тапсырады, ВКК анықтамасы негізінде мектеп директорының бұйрығы бойынша мұғалімдер балаға үйіне барып сабақ береді (яғни қосымша қаржы бөлінеді). Бұл жұмыстарға жауапты емдеуші дәрігері мен ВКК төрағасы, үйден оқуға анықтаманы денсаулық сақтау министірінің бекіткен «үйден оқуға жататын аурулар тізімі» бойынша береді. Қажет болса облыстық ПМПК-сы оқу бағдарламасына кеңес береді.
Кейбір мектептер және ВКК үйден оқуға анықтаманы облыстық ПМПК-нан сұратып, кемтар баланы мектепке қабылдамай қояды. Ақтөбе қаласына шалғай ауылдан келіп, ата-аналар шығынданады, екі ортада бала зардап шегеді. Негізсіз кемтар баланы жолдамамен жіберген дәрігер Заң алдында жауап береді. Ондай олқылықтар болмау үшін, аталған заң бойынша әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру мекемелері әкімшілікпен ақылдасып, ата-ананың келісімімен бірігіп жұмыс жасау қажет.
Ата-аналарда өздерінің құқығын біліп, Заңдармен танысып, кеңес алып, балаларын қорғай білгені жөн.
13. Үйден оқыйтын мүгедек балалармен жасөспірімдердің ата-аналары немесе заңды өкілінің шығыстарын өтеу үшін қосымша қаржылай қандай көмектер беріледі ?
Үйден оқытылатын мүгедек балалардың ата-аналары немесе заңды өкілінің шығыстарын өтеу үшін бір мүгедек балаға 1 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде аудандық маслихаттың шешіміне байланысты аудан әкімінің Қаулысы бойынша, аудандық бюджеттің есебінен қаржы бөлінеді.
Растайтын құжаттарын ұсынған жағдайда өтініш берген айынан бастап тоқсан сайын төленеді.
14. Дефектолог мұғалім, психолог мұғалім, логопед мұғалім, сурдолог мұғалім, тифломұғалім, әлеуметтік мұғалім және психиатр дәрігер, невролог дәрігер мамандарын қандай оқу орындары дайындайды ?
Арнайы мұғалімдерді: Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы( Алматы қаласы, 050008, Байзақов көшесі, 273-А, телефоны 87272547783) және дефектология факультеті бар педагогикалық институттар оқытады;
Бала дәрігерлерді(психиатр, невролог, ЛОР, окулист,педиатр): М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина акедемиясы және педиатрия факультеті бар барлық медицина акедемиялары дайындайды.
15. ПМПК-на жылда қаралу, тексерілу қажет пе?
ПМПК-на кемтар бала өмірінде 1 рет ғана қаралады, берілген қортынды, ұсыныстар бойынша жұмыс жасау қажет. Егер қортындыда қайта қаралу керек деп жылы жазылса ғана, көрсетілген уақытында қайта тексерістен өтеді. Облыстық ПМПК-сы берген қортындының түп нүсқасы ата-анасында, бала куәлігімен бірге болады. Қортындының көшірмесін тиісті көрсетілген мекемелерге апарып береді. Қортындыдағы нұсқау-ұсыныста көрсетілген бағдарлама бойынша, кемтар бала 9 класты бітіргенше қатарымен бірге оқыйды. Егер мүмкіндігі шектелген бала көмекші бағдарламаны игерген болса, онда 9 класты бітіргесін «Тамды көмекші мектеп-интернатының» аттестатын, ал арнайы бағдарламаны игерсе «Жайсаң арнайы мектеп-интернатының» аттестаты беріледі. Мүмкіндігі шектелген бала көмекші не арнайы бағдарламаны игермесе, сандарды, әріптерді білмесе, онда 9 класты бітірді деген анықтама беріледі.
Кейде мүмкіндігі шектелген балалар көрсетілген бағдарламамен 10-11-ші кластарда оқып жүреді, сосын ҰБТ тапсыру кезінде, түсінбеушіліктер туындайды. Не болмаса мүмкіндігі шектелген балаларға 9 кластан кейін мектептің аттестатын береді, бұл да бала құқығын шектеу болып саналады. Сондықтан ата-анасына алдын ала түсіндіріп, 9 кластан кейін мүмкіндігі шектелген бала, түзеу бағдарламасы 10-11 кластарда қаралмағандықтан, көмекші бағдарламасын игергендер әрі қарай оқуға жатпайтынын мектепке қабылдағанда, алдын-ала ескертіп айту қажет. Арнайы бағдарламаны игергендерді, ата-анасының келісімімен, баланың біліктілігіне қарай профтех лицейлерге мамандық алуға оқытады. Мүмкіндігі шектелген балаларды 9 кластан кейін, мүмкіндігіне қарай жұмысқа орналасуына көмектесу қажет, еңбекке баулыған жөн. Мектептердегі психолог, әлеуметтік мұғалімдер не қарап отыр түсініксіз.
Қортындыдағы ұсыныстар түсініксіз болса, аудандық білім бөліміндегі балалар құқығын қорғау маманынан, тұрғылықты жеріндегі мектептің директорынан, ПМПк төрағасынан, бас педиатрдан, әлеуметтік қорғау маманынан не облыстық ПМПК-на қабарласып толық кеңес алуға болады.
16. Аудандарда мүгедек балаларға әліде дұрыс қамқорлықтар жоқ, көбі Заңдарды білмейді, осындай мәселелермен кім айналысуы қажет ?
Перзидентіміздің, Үкіметтің мүгедектерге көрсетіліп жатқан қамқорлығы шексіз, жылдан-жылға жақсарып келеді, енді тағы не береді деп отыра бермей, аталған Заңда көрсетілгендей әкімшілік, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру мекемелері және жергілікті жердегі азаматтар ары қарай көтеріп алып кетулері қажет. Ең бастысы кемтар, мүмкіндігі шектелген және мүгедек балалар осы қамқорлақтарды сезініп, қатарға қосылуларына көмек беруіміз керек.
Заң бәрімізге бірдей, ол үшін:
1), кемтар, мүмкіндігі шектелген және мүгедек балалардың ата-аналары Заңдардың орындалуын тиісті мекемелерден талап етулері қажет;
2) жергілікті әкім Заңның орындалуын қадағалап, керек жағдайларды: лифт, мүгедектер арбасы жүретін жол, пандус, мүгедектерге арналған автокөлік т.б қолдан келгенше жасағандары дұрыс;
3) аудан орталығынан арнайы мектеп интернаттар, балабақша құру, сауықтыру орталықтарын ашу т.б. мәселелерді шешкен жөн.
Аудандық білім бөлімінің балалардың құқығын қорғаушы маманы бұл жұмыстарды қадағалап отырулары қажет. Ал енді мүмкіндігі шектелген, кемтар балалардың бәрі мүгедек деп қабылдау дұрыс емес. Аталған Заң бойынша әлеуметтік қорғау, денсаулықты сақтау, білім беру мекемелері бірігіп, әкімшіліктің қолдауымен, ата-аналардың қамқорымен мүгедектікті болдырмау, алдын алу, кемтар балаларды қатарға қосу мәселесімен бірігіп айналысады.
Әкімшілік бала құқығын қорғау мақсатында, аталған Заңда бекітілгендей, атқарылған жұмыстар жөнінде әлеуметтік қорғау(әлеуметтік қызыметкерлердің үйден мүгедек балаларға көмек көрсетуі, Үкіметтің мүгедектерге бөлген көмектерін толық алуы т.б.) , денсаулық сақтау(ерте жастан 0-ден 3 жасқа дейін диагноздарын анықтап болу, ПМПК-нан тексерілуін толық қамту, мүгедектіктің алдын алу т.б.) және білім беру(ПМПк құру, ППТ кластарын ашу, кемтар баланы өз деңгейіне қарай оқыту т.б.) мекемелерінен тоқсан сайын ақпарат алып, жұмыстарын қадағалап отыру қажет. Ең бастысы ПМПК-нан 0-ден 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген балалар мен жас өспірімдерді дер кезінде, кешіктірмей тексерістен өткізуінің нәтижесін бақылап және ПМПК-ның ұсыныстарының толық орындалуын қадағалау керек.
Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтік, медициналық, педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдістерін айқындайды, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты мәселелерді шешуге, балалар мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған.
Облыстық ПМПК ММ-ің барлық қызыметтері тегін екенін ескерулеріңізді сұраймын.
Кемтар, мүмкіндігі шектелген және мүгедек балаларға әлеуметтік қорғау, білім беру және оңалту мен емдеу мәселері бойынша сұрақтарыңыз болса төмендегі мекен-жайға хабарласыңыздар:
Ақтөбе қаласы, индекс 030012,
Т.Рысқұлов көшесі, 200-а,
облыстық ПМПК ММ.
Аялдама-АПК(Ақтөбе политехникалық колледжі),
автобустар: 20 және 28,
телефондар: тіркеуші – 550284,
басшы – 8(87132)550422(жұмыс),
242095(үй), +77014552854.
e-mail: aktobeoblpmpk@mail.ru.
Облыстық ПМПК басшысы: Н.Есенғазы
Ескерту:
2006-2009 жылдары Ақтөбе облыстық газеті мен 12 аудандық газеттерде жарық көрді.
Орыс тілінде: «Современные подходы к охране детей и подростков с ограниченными возможностями!» тақырыбында, ҚР «Психология, Социология, Политология», Журналға Март, 2009 год шықты. стр.:78,79,80,81,82.
Кемтар балалардың құқығын қорғайтын жаңадан Заң, Қаулы, бұйрықтардың шығуына байланысты толықтырылуымен.
08.06.2010 жыл.
|
|