Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу
Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Дін - діңгек
Тақырып: Пайғамбарымыздың інжу-маржан сөздері

страницы:    2   1    в начало »   

Авторы Xабарлама
Жансая
13-06-10 07:43
Пайғамбарымыздың інжу-маржан сөздері

«Қайда жүрсең де Алла тағаладан қорық! Егер әлде бір қате іс істесең, оны жуып-шаятын ізгілік жаса! Адамдармен әрдайым жақсы мінезбен қарым-қатынаста бол!»

«Иман келтірмейінше жұмаққа кірмейсіңдер! Ал бір-біріңді жақсы көрмейінше толық иман еткен болмайсыңдар. Ендеше сендерге бір-біріңді жақсы көруге себеп болар істі көрсетейін бе? Бір-бірлеріңе сәлем беріп, араларыңда тыныштық пен бейбітшілікті жайыңдар!»

«Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер. Сонда араларыңда сүйішпеншілік оянады».

«Шынайы мұсылман - өзгеге қолымен де, тілімен де зиян тигізбеген адам»

«Өздеріңе қалағанды өзгеге де қаламайынша толық иманға жетпейсіңдер»

«Кімде-кім дүниені қаласа, Құранды басшылыққа алсын! Ал кімде-кім ақыретті қаласа, Құранды басшылыққа алсын! Ал кімде-кім дүниені әрі ақыретті қаласа, Құранды басшылыққа алсын!»

«Кімде-кім Аллаһ ризалығы үшін кішіпейіл болса, Аллаһ тағала оның дәрежесін көтеріп, зор қылады. Ал кімде-кім тәкаппарланса, Аллаһ тағала оның дәрежесін түсіріп, қор қылады».

«Шындықты ұстанған сенімді мұсылман саудагер - Қиямет күні шейіттермен бірге болады»

«Үлкендерімізге құрмет көрсетіп, кішілерімізге мейі-рімдік танытпаған адам бізден емес».

«Адамдардың көбі мына екі нығметтің: денсаулық пен бос уақыттың қадірін білмейді».

Авторы Жауап
Alntynbek
11-11-12 17:14
«Шынайы мұсылман - өзгеге қолымен де, тілімен де зиян тигізбеген адам»
Муса
02-10-12 12:18
Исламда террор жоқ.
Айгерым
tomash-93
12-09-12 10:49
МАААААШ АЛЛАХ АЛАНЫЊ Н¦РЫ ЖАУСЫН СІЗДЕРГЕ АЛАХ РАЗЫ БОЛСЫН
Али
29-08-12 19:01
Мұсылман адам қандай бақытты! Қандай жағдай болсын ұтылмайды.
Ахмет
28-04-12 20:06
Міне ислам деген осы. Исламда террор жоқ. Исламда тіпті адамның көңіліне тиуге болмайды.
Хасан
05-02-12 19:48
Жәбирдің (р.ғ.) былай дегені риуаят етіледі:
Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) қабірді сырлауға, үстіне отыруға, кесене тұрғызуға, (топырағын) биік етіп көтеруге және оған бір нәрсе жазуға тыйым салды» (Мүслим, Әбу Дәуд, Нәсәи, Тирмизи, Хаким, Бәйһәқи, Ахмәд).
Ибраһим
20-12-11 17:58
«Өздеріңе қалағанды өзгеге де қаламайынша толық иманға жетпейсіңдер» ХАДИС
Ниграпса
хадистер
06-12-11 06:19
«Аллаһ тағала мұсылман құлының басына келетін шаршап-шалдығу, ұзаққа созылған ауру-сырқау, уайым, құса-мұң, күйініш және қайғы-қасірет секілді қандай да бір ауыртпалық үшін, тіпті қолына немесе аяғына кірген кішкене тікен үшін де күнәларын жарылқап кешіреді»
Ниграпса
хадистер
04-12-11 18:27
«Араларынан әлдекім қандай да бір жаман қылық көрсе, оны қолымен дурыстасын. Егер оған шамасы келмесе, тілімен түзетсін. Тілімен де дұрыстай алмаса, жүрегімен дұрыстауға тырыссын (яғни, сол жағымсыз істі жүрегімен жазғырсын). Бұл - иманның ең әлсізі»

«Мұсылманның діндегі кемелдігінің белгісі - өзіне қатысы жоқ нәрселерден бойын аулақ ұстауы»

«Егер Аллаһ тағала құлына жақсылық қаласа, күнәларының жазасын дереу осы дүниеде береді. Ал егер құлына жамандық қаласа, күнәларының жазасын қиямет күні толықтай тартқызу үшін кейінге қалдырады»

Қазақ
06-11-11 18:54
Ассалямуғалейкум мұсылман бауырлар, қасиетті құрбан айт құтты болсын!!!Дін Ислам жасасын!!!Қазақ елі көркейе берсін,Әмин!!!
Есен
06-11-11 17:30
АЙТТАРЫҢЫЗБЕН!
МҰХАЛИ
11-10-11 10:36
ЖАНСАЯ пайғамбар емес Расул де күнаға батасың.Екіншіден қазақтың інжу маржан сөздері қысқа да нұсқа айтылатын МАҚАЛ МӘТЕЛДЕРІ исламның қорқыта беретін мылжын сөздерінен МЫҢ АРТЫҚ .Бас болса ойланып салыстыр.
Ботагөз
08-10-11 18:51
Міне Ислам деген осы!
Ибраһим
18-09-11 12:07
Хадис «Адамдардың көбі мына екі нығметтің: денсаулық пен бос уақыттың қадірін білмейді».
Iman
28-08-11 14:38
Жылына бір рет Рамазан айында келетін қасиетті Қадір түнінің рухани салмағы орасан зор екені көпшілікке аян. Әйтседе, қалың бұқара қасиетті кешті ерекше ілтипат көрсетіп, ұлықтағанымен, Қадір түнінің тарихы мен мән-мағынасына терең үңіле бермейді. Құдай-Тағаланың кәләмі Құран-Кәрімде қасиетті кеш хақында «Қадір» сүресінің бар екені белгілі. Ендеше, таным-түйсігімізді арттыру мақсатында осы сүренің түсіндірмесін назарларыңызға ұсынбақпыз.


Қадір сөзі не мағына береді?


Құран-Кәрімге алғаш түсіндірме жасаған мәшһүр ғалым Ибн Кәсир «Қадыр» сөзінің төмендегідей үш мағынасы бар екенін айтып өтеді.

Бірінші, «Қадір» сөзі «үкім түні» мағынасын береді. Осыған байланысты Қадір түні дегенде Алланың тағдырды үкім ететін түні деген ой түюге болады. Бұл жердегі тағдыр ұғымы, әуелгі тағдырдың паш етілуі болатын. Өйткені Құран-Кәрімде: «Ол кеште барлық хикметті істер айырылады» (Дұхан, 4) деп бұйырылған.

Екінші, «ұлы және орасан зор» мағынасын береді. Яғни, Қадір түні ұлы және орасан зор болған аса құнды түн деген сөз. Ұлы және орасан зор болатын себебі, бұл түннің салмағы мың айдан да қайырлы. Бұл хақында Құран-Кәрімде: «Қадыр түні мың айдан да қайырлы» (Қадыр, 3) деп баяндалады.

Үшінші, «сығыстыру» мағынасын береді. Осыған орай зерттеушілер тарапынан Қадір сөзі нығыздау мағынасын береді деген жорамал айтылады. Өйткені, бұл түні бүкіл періштелер жер бетіне түскеннен кейін оларға жер-жүзі тар келіп, сығылысады. Бұл хақында Құран-Кәрімде: «Періштелер және Жебірейіл с.ғ.а ол кеште Раббыларыңның рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі» (Қадыр, 4) деп бұйырылады. Ислам ғұламаларының айтуына қарағанда, «сығылысудағы» мақсат «үлкен қайырлы істердің жүзеге асуы, сондай-ақ Пайғамбарымыз с.ғ.а-ға. Хира үңгірінде Жебірейіл (с.а.у)-ға алғашқы уахи түсіргенде, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у)-ның жаны сығылғандығы белгілі.


Құран-Кәрімнің алғашқы аяты қасиетті кеште түскен


Қадыр түні несіменен ардақты деген мәселеде ислам ғұламалары осы түні алғаш рет Құран-Кәрім аяттарының Пайғамбарымыз (с.а.у)-ға паш етілгендігімен байланыстырады. Базбір тәпсіршілердің топшылауынша, Құран-Кәрімдегі: «Негізінде Құранды Қадыр түнінде түсірдік» деген аят, осы түн хақында айтылған. Келесі бір тәпсіршілер бұл құтты күнді Шабан айының он бесінші түніндегі Барағат кеші деп біледі. Себебі, көптеген тәпсіршілер Құран-Кәрімнің келесі бір сүресіндегі «Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік...» (Дұхан, 3) деген аятты Барағат түні деп түсіндіреді. Ал, атақты Ибн Кәсир өз шығармасында Ибн Аббастың мынандай риуаятын алға тартады: Алла-Тағала алғашқыда Құранды мұртын бұзбастан тұтас Лаухи-Маһбухздан (тағдыр тақтасы) көк жүзіне түсірді. Соңынан біртіндеп, көк жүзінен оқиғалардың барысына қарай жиырма үш жылда Пайғамбарымыз (с.а.у)-ға нәзіл етті». Осы риуаятқа сәйкес, тәпсіршілер Құранның Лаухи-Маһбуздан көк жүзіне тұтас түскен күні Шабан айының он бесінші жұлдызындағы Барағат кеші деп, ал, Құранның көк жүзінен Пайғамбарымыз (с.а.у)-ға алғаш паш етілуі Рамазан айындағы Қадыр түні болған деп жорамалдайды.

Қадыр түнінің ерекше қасиеттілігі - бұл құтты кештің мың айдан да қайырлы болуы. Бұл турасында Құран-Кәрімде: «Қадыр түні мың айдан да қайырлы» (Қадыр, 3) деп баяндалады. Құран-Кәрімнің бұл аятының Хақ Елшісі (с.а.у)-ға қалай паш етілгендігі хақында Ибн Әбу Хатм, Жүніс Али Ибн Үрбенің мынандай риуаятын алға тартады: «Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.у) Исрайл ұрпақтарының ішінде Аюб, Зікірия, Хазикал, Нұн атты төрт адамның Алла-Тағалаға сексен жыл тоқтаусыз һәм мүлтіксіз құлшылық жасағандығын айтады. Сексен жыл бойы ешбір кінәратсыз құлшылық еткендерін естіген сахабалар таңдай қағысады. Осы сәтте, Жебірейіл періште Пайғамбарымыз (с.а.у)-ға: «Қадыр түнінің не екенін білесің бе. Қадыр түні мың айдан да қайырлы» (Қадыр, 2-3) деген аятты нәзіл етіп, Жебірейіл (с.а.у); «бұл сенің үмбетің таңдай қағысқаннан да жоғары» дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у) аталмыш аятты сахабаларға паш еткенде, олардың қуанышында шек болмаған еді».

Әлбетте, бұл иллаһи жарылқау Тәңірі-Тағаланың мұсылман жұрағатына деген ерекше қамқорлығы мен рақымдылығы болатын. Мың айды жылдарға шағатын болсақ, сексен үш жылдан астам уақыт болады. Адам өмірі де орташа есеппен жетпіс-сексен жыл шамасында. Бір түннің мың айдан да қайырлы болуы, яғни, Қадыр түнінде Хақты ұлықтаған адам, бүкіл ғұмыр бойы құлшылық еткен болады. Бұл дегеніміз, қасиетті Қадыр түнінің шапағатына бөленген адамның жаны иншалла қиямет күні жасыл бақ жаннатта шалқиды деген сөз.


Жұмаққа жолдама әперер иллаһи мүмкіндік


Имам Ахмет Ханбалидің риуаят етуі бойынша, бірде Рамазан айында Пайғамбарымыз (с.а.у) : «Рамазан айы келді. Бұл қасиетті бір ай. Бұл айда ауыз бекітуді Алла сіздерге парыз қылды. Бұл айда жұмақ есіктері ашылып, тамұқ есіктері жабылады. Шайтандар шідерленеді. Бұл айдың сондай бір түні бар мың айдан да қайырлы. Бұл түннің шарапатынан мақұрым қалған - шынында мақұрым қалған саналады» деп бұйырған. Бұл хадис-шарифті атақты Несейй де өз шығармасында айтып өтеді. Сондай-ақ, Бұхари мен Мүслімнің шығармаларында Пайғамбарымыз (с.а.у) мынандай хадис-шарифі баян етіледі: «Кім Қадыр түнін иман және ықыласпен құлшылық жасап өткізсе, бүкіл күнәлары кешіріледі». Бұл қасиетті түнді құлшылықпен өткізген мұсылманға, періштелердің салауат айтып, оған бейбіт өмірді тілейтіндігі хақында, Сайд ибн Мансур және өзгеде ғұламалар мынандай риуаятты жеткізеді: «Бұл түн - бейбітшілік түні. Бұл түні шайтанның жамандық жасауға қауқары жетпейді. Бұл түні барлық істер белгіленеді (тағдыр жазылады) және рызықтар айырылады».

Шынында да мың айдан да қайырлы болған Қадыр түнінің мүмкіндігінен мақұрым қалу, мына беу дүниеде ертеңгі күнгі ақырет үшін ешбір рухани азық жинамай, ондағы есеп күні иллаһи шуақтан құр алақан қалу деген сөз. Байыбына бара білгенге, Хақ-Тағаланың бір түндік құлшылықты мың айдан астам уақыттық құлшылыққа теңестіруі, Оның адам баласына деген ерекше мейірімділігі болатын. Тамұқтың есіктерін тас бекітіп, жұмақтың қақпасын айқара ашып, бізді жай күндері арбайтын шайтанды шідерлеп, бір түндік ғибадатты мың айлық құлшылыққа балап, мәңгілік жасыл бақ жаннатта жаның жай тапсын деп, қол бұлғап шақырып тұрған Тәңірі-Тағаланы қалайша ерекше мейірімді демейсің. Бұл шуағы мол мейірімнен құр алақан қалған, шынында да мәңгілік бақыттан құр алақан қалды деген сөз.

Қадір кешін қай күннен іздейміз?


Ал, Қадыр түні Рамазан айының қай түні дегенге келетін болсақ, Құран-Кәрімде бұл турасында нақты дерек болмағанмен, Пайғамбарымыз (с.а.у) мынандай хадис-шарифтері бар:

«Іштеріңіздегі базбір адамдардың түсіне қарағанда Қадір түні алғашқы жеті күнде көрінеді. Ал тағы бір адамдарға соңғы жеті күнде көрінген. Сіздер Қадір түнін соңғы он күннен іздеңіз» деп бұйырды.

Тағы бір хадис шарифінде: «Сіздер оны соңғы он күннің тақ күнгі кештерінен іздеңіз» деген болатын.

Қадір түні туралы ең кең көлемде айтылған хадис шарифтердің бірі Әбу Сайд ал-Худридің риуаяты болып табылады. Ол былай дейді: «Мұхаммед (с.а.у) Рамазанның алғашқы он күнінде иттифак (күні-түні Алла-Тағалаға құлшылық жасау) жасады. Одан кейінгі ортадағы он күнінде жабағы жүннен жасалған Түрік шатырында иттифак жасады. Шатырының есігінің орнында саздан жасалған перде болатын. Пайғамбарымыз (с.а.у) бұл пердені алып, шатырдың бір бұрышына қойды. Содан кейін шатыр терезесінен басын шығарды. Дүйім жұрт оған жақын келді. Ол былай деді: «Мен Қадір түнін іздеп алғашқы он күнде иттифак жасадым. Содан кейін ортадағы он күннен іздеп тағыда иттифак жасадым. Кейін маған періште келіп: «Қадір түні соңғы он күнде» деді. Және: Менімен бірге иттифак жасағандар қаласа соңғы он күнде де иттифак жасасын». Ол адамдар Пайғамбарымыз с.ғ.а бірге иттифак жасады. Пайғамбарымыз (с.а.у) оларға: «Маған Қадір түні тақ түні көрінді» деді.

Атақты ибн Кәсир өз тәпсірінде «Пайғамбарымыз (с.а.у) дүйім жұрттың алдында Қадыр түні қай күні келетінін айтар шақта, екі мұсылман бір-бірімен жанжалдасып, бұған қабақ шытқан Алла Елшісі (с.а.у) : «Мен сіздерге Қадыр түнінің қай күні келетіні хақында айтуға келген болатынмын. Пәленше деген екі адам бір‑бірімен жаға ұстасты. Мен де Қадыр түнінің қай күні келетінін айтқым келмеді. Бәлкім, бұл сіз үшін қайырлы. Бірақ, сіздер Қадыр түнін тоғызыншы, жетінші, бесінші түндерінен іздеңіздер» деген риуаятты алға тартады. Имам Шафи бұндағы Пайғамбарымыз (с.а.у)-ның Қадыр түнінің қай түні келетіндігін айтпақшы болғандығы, сол жылғы Қадыр түнінің қай түні келетіндігін жеткізбекші болған деген пікір айтады.


Қасиетті кештегі айтылар дұға-тілек

Хз. Айша анамыздың жеткізуіне қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.у) әрбір жылы Рамазан айының соңғы он күнінде ерекше иттифак ететін болған. Базбір ғалымдар бұл иттифактағы мағына, соңғы он күнде әйелдермен жақындаспау мағынасын береді деген көзқарасты айтады. Ислам ғұламаларының көзқарасынша Қадыр түнінің ең нақты айтылған мерзімі Убей б. Кааб р.а жеткізген риуаяты. «Ол өзінің бауырының Қадір түні Пайғамбарымыз (с.а.у) айтуымен Рамазан айының жиырма жетінші түні болып белгіленгенін айтады». Ислам ғұламалары осы деректерге сәйкес, қасиетті Қадыр түні Рамазан айының соңғы он күнінде, оның ішінде тақ күндері, тақ күндердің де жиырма жетінші түні болуы ықтималдығын алға тартады. Осы пәтуаның негізінде бүгінгі күні сан мыңдағын мұсылман жұрағаты қасиетті Қадыр түні ретінде Рамазан айының жиырма жетінші түні деп біледі. Осы түні мұсылмандар жаппай Құдай-Тағалаға құлшылық етіп, жасаған күнәлары үшін кешірім сұрап, ақыретінен зор үміт етеді.

Имам Ахмет Ханбалидің жеткізген риуаяты бойынша «Хз. Айша анамыз Пайғамбарымыз (с.а.у)-нан : «Қадыр түнінің қасиеттілігіне сай, қалайша дұға етсем болады» деп сұрайды. Сонда, Пайғамбарымыз (с.а.у) : «Аллаһым сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, мені кешір» деп дұға етуді ұсынған». Иә, әсілі, адамзат баласы нәпсімен бірге жаратылғаннан кейін, кей шақты мына сынақ әлемінде аяғын шалыс басып, күнаға бататыны анық. Әрине, мұндай сындарлы шақта ішкі тасырын иманына жеңдіріп, күнәдан бойын аулақ ұстаған болса, құба-құп. Алайда, адам баласы дәйім, бір сызықтың бойымен жүріп тұра алмайды. Кейде, адамның аңғармай, алып-ұшып жүріп от басатыны белгілі. Бәлкім, арамызда күнәдан пәк адамдар болуы да әбден мүмкін. Дегенмен, «мен күнәдан пәкпін» деп көкірек қағуымызға жол жоқ. Пәк болсақ та, басын иген мәуелі ағаштай кішірейгеніміз абзал.


Бұл кеште қандай амал істегеніміз абзал

Ислам ғұламалары қасиетті Қадыр түнін төмендегіше атқаруды үндейді:

Бірініші, бұл түнде Алланың рызашылығы үшін ғибадат жасап, намаз оқып, құлдық сезімдерімізді арттыруымыз керек.

Екіншіден, Құран Кәрім оқылып, тыңдалып, түсінунге ынта қойып, Құран Кәрімге сүйіспеншілік пен байланыстар орнатылуы тиіс.

Үшіншіден, Пайғамбарымыз (с.а.у) салауат айтып, оның шапағат етуінен үміттеніп, оның үммбетінен болғанымызды саналы түрде сезініп, оның жолын берік ұстануымыз шарт.

Төртіншіден, Уағыз-насихат тыңдап, сұхбаттар құрып, күнделікті күйбең тіршілік барысында жүрекке түскен кірбіңді жуып шайып, көңілге ұялаған көмескіліктен арылуыға тиістіміз.

Бесіншіден, Қадір кешінің маңызына байланысты және Қадір түніне қатысты жеткілікті мағұлмат беретін дін адамдарымен сұхбат құру керек. Әсіресе, адам өз өзімен сұхбаттасып, қателіктерін танып, кемшіліктерін жоюға күш салуға, адамдармен достық қарым қатынасын күшейтуге, бірлік пен біртұтастықты арттыруға мән беруі тиіс.

Алтыншыдан, Тәубе мен истиғфар жасап, өз нәпсісін есептен өткізіп, қателік жасаудан сақсынып, қайырлы істерді жасауға құмбыл болуы шарт.

Жетіншіден, Алланы зікір етіп, тефеккур (терең жақсы ойлану) етіп, Алланы еске алғаннан жүрек тынышталады.

Ұлы Жаратушының ұшы қиыры жоқ құдіретімен жоқтан бар болған жаратылыстың сырларын нәзік тефеккур (жақсы терең ойланрып) етіп, иманымызды күшейтуіміз қажет.

Сегізіншіден, Жиі-жиі дұға жасауымыз керек. Өйткені, дұға адамды Ұлы Жартушыға жақындататын дәнекер десек болады. Пайғамбарымыз (с.а.у) бұл түні көбінесе мына дұғаны жасаған: «Аллаһүмме иннеке афүввин түһиббүл афве фа фү анни». Яғни, «Аллаһым сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, мені кешіре гөр».

Тоғызыншыдан, Қадір түнінің күндізін де бейне кеш секілді өткізу ләзім. Осылай болған болса, мүбәрак түннің рухтарға төккен шұғыласы сіңімді болып, жүректің қақ төрінен орын алары сөзсіз.

Оныншыдан, Бұл Қадір түнінің құрметіне Раббымыздан бүкіл исі бүтін мұсылмандардың күнәларының кешірілуін тілеуіміз керек. Қадыр түнінің жақсылыққа мұрындық болуын, достық пен бауырмашылдықты арттырып, ислам әлемінің біртұтастығын және күллі адамзатты апаттардан сақта деп тілеуіміз шарт.


Түйін


Иә, шынында да Қадыр түні атына заты сай, адамзат баласының келешегі үшін аса қадырлы һәм маңызды. Хақ-Тағала адам баласына шайтанның арбауына тез көндігетін нәпсіні беріп сынап, өзінің аса мейірімділігімен бұл тығырықтан сытылып шығатын даңғыл жолды да меңзеген. Ол даңғыл жол - қасиетті Қадыр түні тәубеге келіп, ынты-шынтымен кешірім сұрап, жан-тәнімен Хаққа жалбарынып, болашағына зор үміт артып, Тәңірінің дәргаһы жасыл бақ жаннатқа жол тарту жолы. Лайым, осы жол - барша адамзатқа нәсіп болғай
Әділ
01-08-11 14:58
Машаллаһ!
Еркежан
13-07-11 16:19
Намаз (салят) - это многогранный акт поклонения. Намаз является вторым столпом (рукн.) Ислама и постоянное совершение намаза (салята) является самым основным требованием в исламской религии. Мусульманин обязан ежедневно совершать пять раз в день намаз (салят) в своё время. В хадисе посланник Аллаха, мир ему и благословение Аллаха, сказал: «Самое лучшее деяние – это намаз, совершенный в начале отведенного для него времени». Намаз (салят) состоит в основном из произнесений аятов Корана.
Қанат
11-06-11 18:43
Намаз жайлы хадистер жазсаңыздар! Өтініш!
Хасан
04-06-11 18:12
Әл-‘Ирбәд ибн Сәрия айтады: "Бір күні таң намазынан кейін Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға бір уағыз айтты, ол уағыздан біздің көздерімізге жас келіп, жүректеріміз тітіркенді. Сонда бір адам: «Бұл қоштасушы адамның уағызы ғой! Әй Аллаһтың елшісі, бізге не өсиет етесіз?», - деп сұрады. Сонда ол: «Мен сендерге тақуа болуларыңды, сондай-ақ тіпті егер эфиопиялық құл сендерді басқарса да, оны тыңдап, оған бағынуларыңды өсиет етемін. Араларыңда кімде-кім ұзақ өмір сүрсе, онда көптеген келіспеушіліктерді көреді. Сондықтан бидғаттан сақтаныңдар, себебі олар – адасушылық! Араларыңда кімде-кім сол уақытқа дейін өмір сүретін болса, онда менің Сүннетімді және ізгі халифалардың сүннетін азу тістеріңмен жабысып ұстаныңдар!»" Әбу Дәуд 4607, әт-Тирмизи 2676, Ибн Мәджәһ 43, 44, әд-Дәрими 1/44. Хадистің сенімділігін әд-Дыя әл-Мәқдиси «Иттибә’ әс-Сунән» 1/79, әл-Харауи «Заммул-кәләм» 1/69, әл-Бәғауи «Шәрху-Ссуннә» 102, Ибн ‘Абдул-Бәрр «әл-Джәми’» 1758, Әбу Ну’айм «әл-Му’табир» 78, Ибн әл-Қайим «И’ләмул-мууәққи’ин» 4/140, Ибн Раджәб «Джәми’ул-улюми уәл-хикәм» 391, Ибн Кәсир «Тухфәту-тталиб» 46, Ибн Хәджәр «Мууәфиқахул-хабәр» 1/137, әл-Әлбәни «әс-Сәхиха» 937 кітаптарында растады.
Сержан
06-04-11 17:30
2132. (7509). Сообщается, что Анас, да будет доволен им Аллах, сказал:
Я слышал, как пророк, да благословит его Аллах и приветствует, сказал:
«В День воскресения мне будет предоставлено право заступничества, и я скажу: “О Господь мой! Введи в рай тех, у кого было в сердце (веры хотя бы) с горчичное зерно!” — и они войдут (в рай), а потом я скажу: “Введи в рай тех, у кого было в сердце (хоть) что-нибудь (от веры)!”»
Анас сказал:
«И у меня до сих пор стоят перед глазами пальцы посланника Аллаха, да благословит его Аллах и приветствует ».

Ескендір
20-03-11 13:44
Исламда террор жоқ
Омар
12-03-11 11:04
Хазірет Айша анамыз өте жомарт еді. Бірде екі баласын ертіп қайыр сұрап келген әйелге жаны ашып, берерге ештеңе таппай бір құрманы ұстатып, шын пейілімен шығарып салғаны бар.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жақын досы Халифа Муауия хазірет Айшаға рамазан айында азық-түлік жіберген еді. Жіберген азығы айлар бойы жеуге болатындай өте көп еді. Айша анамыз өз үйін ойламай, келген азықтың барлығын ауылдағы жағдайы нашар отбасыларға таратып береді.

Кешке қарай көмекшісі Үммү Дүре ауыз ашарға бір нәрселер дайындамақшы болды. Қараса, үйде бірде-бір азық жоқ. Жағдайды хазірет Айшаға айтып:

- Уа, мүміндердің анасы, тым болмаса келген азықтан кішкене болса да үйге қалдырмадыңыз ба? - деді.

Хазірет Айша:

- Үммү Дүрре, мен өзімді еш ойламаппын. Және бізден де нашар тұратындар бар ғой, соншама азықты ұстап тұрғаным ұят болар. Аллаһ тағала бір жолын көрсетер. Сабыр етейік. Бүгін кешке де аузымызды сумен ашармыз.
Ербол
05-03-11 10:57
“Адам үйiне кiрген және асқа отырған уақытта “бисмил-ләһ” десе шайтан жанындағы жындарға: “Бүгiн сендер үшiн түнейтiн орын да, жейтiн ас та жоқ”, – дейдi. Ал, егер адам үйiне кiргенде “бисмил-ләһ” деп айтуды ұмытса шайтан жындарға: “Бүгiн сендер үшiн түнейтiн орын бар”, – дейдi. Ал, егер асқа отырғанда да “бисмил-ләһ” деп айтуды ұмытса шайтан: “Бүгiн сендер үшiн түнейтiн орын да, жейтiн ас та даяр”, – дейдi.” Хадистi Жәбирден р.а. Имам Муслим риуаят еттi.
ҚАЗАҚтан
28-02-11 06:31
Хадис шәрифте бұл жайында былайша баяндалады:

«Қиямет күнінде ғылым үйреніп оны үйреткен және Құран оқыған кісіні Аллаһтың құзырына алып келеді. Аллаһ Тағала оған берген нығметтерін есіне салады. Ол да есіне түсіріп, растайды. Одан:

– Ал бұл нығметтерімді қалай қолдандың? - деп сұрайды.

Ол болса:

– Ғылым үйрендім, үйреттім және сенің ризашылығың үшін Құран оқыдым, - деп жауап береді.

Аллаһ Тағала:

– Өтірік айтасың. Сен «жұрт ғалым екен десін деп» ғылым үйрендің, «өте керемет оқиды екен десін» деп Құран оқыдың. Расында, сен үшін осылай да айтылды, - дейді. Сонан соң әмір беріледі де, ол адам екбетінен тозаққа тасталады» (Мүслим, Имара 152).
К21
К21
27-02-11 14:18
Әлхамдулиллаһ
Айнұр
20-02-11 14:50
Міне ислам осы. Исламда террор жоқ.
Асан
14-02-11 14:27
Ассалямуғалейкум Бауырларым! Мәуліт құтты болсын! Міне, шын құлдардың әрекеті! Аллаһ фитнаны тоқтатып тек осындай тақырыптарда жүретін күндерімізді жақындатсын, Әмин!
Серік
13-02-11 15:05
“Маруан Әбу һурайраны (р.л.ғ.) Хуләйфаға әкiм етiп тағайындаған едi. Әбу һурайра (р.л.ғ.) онда анасымен бiрге бiр үйде тұрды. Әбу һурайра (р.л.ғ.) бiр шаруамен үйiнен шығудан бұрын анасы жататын бөлменiң есiгiнiң алдына келiп: “Анашым! Сiзге Аллаһ Тағаланың сәлемi, рахметi мен берекетi болсын! Менi тәрбиелеп өсiргенiңiз үшiн Аллаһ Тағала сiздi рахметiне бөлесiн!”, – деп айтатын. Анасы оған (р.л.ғ.): “Қартайған шағымда менi құрметтегенiң үшiн Аллаһ Тағала сенi де рахметiне бөлесiн, балам!”, – деп жауап беретiн. Әбу һурайра (р.л.ғ.) сырттан үйiне кiрерiнде де осы сөздi айтатын.”
Bekzhan
30-01-11 07:36
Ислам әдептері

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын

Дұғаның әдептері

Құран мен сүннеттегі дұғаның қасиеттері:(фазилеттері, артықшылықтары)

Аллаһ Тағала айтты: "Менің пенделерім сенен Мен туралы сұраса ақиқатында Мен оларға жақынмын, Маған дұға жасаса (тілек тілесе) жауап беремін. Ендеше, оларда Менің әмірімді орындасын. Иман келтірсін, мүмкін олар тура жолға түсер" (Бақара-186).

Және Аллаһ Тағала:" Немесе қиналғандар (қысым көргендер) Өзіне дұға қылып жалбарынғанда оған жауап беріп, жаманшылықты қайтаратын және сендерді жер бетінде орынбасар қылатын кім? Аллаһпен қатар басқа Тәңір бар ма? Өте аз естеріңе аласындар" (Нәмл-62).

Нұғман Ибн Баширден жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): Шын мәнінде дұға – нағыз ғибадат!, деді де, содан кейін «Раббыларың айтты»-деп: "Маған жалбарыныңдар (дұға жасаңдар) Мен сендерге жауап беремін. Шын мәнінде Маған ғибадат қылуға тәкәппарланатындар қор болған күйде тозаққа кіреді" деген аятты оқыды –делінген. (Ғафыр – 60). Абу Дауд, Тирмизи, Ахмад, Албаний сахих хадис деген.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: "Аллаһтың алдында дұғадан құрметтірек (қадірлірек) еш нәрсе жоқ". Ахмад, Тирмизи, Абу Хурайрадан, Албаний сахих хадис деген.

Пайғамбарымыз және (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: "Аллаһқа дұға қылып жалбарынған әрбір мұсылманның тілегінде күнәлі немесе туысқандық байланысты үзетін нәрсе болмаса, Аллаһ төмендегі үш түрлі сипаттағы жауаптың бірімен оның тілегін қабыл етеді: Ол оның тілегін тез арада қабыл етіп, сұрағанын береді немесе Ол оның тілегінің сауабын қиамет күніне қалдырады, я болмаса оның тілегіне орай тағдырында жазылған жамандықты алып тастайды". Сонда сахабалар: "Ендеше біз көп дұға қыламыз"-деді. Бұған пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Ал, Аллаһ одан да көп береді"- деп жауап қайтарды". Бұхари, Ахмад, Хаким Абу Сағид аль-Худрийден келтірген.

Дұғаның тағдырда жазылған жамандықты қайтаратынына ғұламалар былайша түсіндірме береді:" Адамдардың дұға қылуының (тілек тілеп жалбаруының) өзі оның тағдырында жазылған нәрсе. Әр нәрсенің себебі бар сияқты дұға тағдырда жазылған жамандықтың қайтарылуына себепкер болады. Хадисте келтірген бұл мәлімет дұға қылуға құштарлықты оятады, арттырады. Мысалы, толық иман келтірсең жәннәтқа баратының немесе жұмыс істесең табыс табатының тәрізді, неғұрлым көбірек дұға қылсаң соғұрлым өміріңнің жақсылыққа қарай өзгеруіне ықпал етесің. Сонымен қатар дұғаның тағдырдағы жамандықты қайтаруын былайша түсіндіруге болады, Аллаһ Тағала біреудің маңдайына ауру жазса ал, ол адам шипа тілеп дұға жасаса, Жаратушы Раббымыз оны науқасынан айықтырады. Бұлай дұға қылу оның тағдырында жазылса да дұға бейне бір тағдырдағы жамандықты қайтарғандай әсер қалдырады.

Пайғамбарымыз және (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былайдеген:"Аллаһ (Тағала айтқан: "Ей, Адам баласы! Сен Маған дұға қылып жалбарынуыңды және үміт артуыңды[1] тоқтатпайынша, қандай күнәжасағаныңа мән берместен, Мен сені кешіре беремін"". Ахмад, Хаким Анастан келтірген. Албаний сахих хадис деген.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жаратушы Раббымыздың былай дегенін де хабарлайды: "Менің құлым Мені қандай деп ойласа, Мен сондаймын (яғни, Аллаһ пендесі Өзінен нені күтсе, соны істейді), сөйтіп, ол қай жерде Маған дұға қылып жалбарынса, сол жерде Мен онымен біргемін (яғни, оған көмек беремін)". Абу Хурайрадан, Бұхари мен Муслим келтірген.

Аллаһтың елшісінен (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мынадай хадис жеткен: "Аллаһ – Пәк, Ол Өзінен сұрамағанға (Оған жалбарынбағанға) ашуланады". Абу Хурайрадан Тирмизи, Ибн Мажа келтірген Албаний хасан хадис деген.

Осы деректерден мына нәрселерді аңғарамыз:

1. Бұл аяттар мен хадистер дұғаның ұлы артықшылығы мен қасиетін және дұғаның ғибадаттың ең маңызды, әрі абзал түрлерінің бірі екенін көрсетеді. Себебі, дұға пендені өзінің Жаратушы Раббысына жақындастырып, байланыстыратын және Аллаһқа аса мұқтаждығы мен Оның алдында өзінің дәрменсіздігін танытатын құлшылықтың түрі болып есептеледі.

2. Сондай-ақ, Аллаһ Тағала Өзіне жалбарынушы әр пендесіне жауап беруді міндетіне алады.

3. Дұға – Аллаһты көркем есімдерімен, сипаттарымен еске алатын зікір, әрі Одан қажет сұрайтан тілек болып табылады.

Аллаһқа жалбарынушы адам дұғасының қабыл болуына себепкер болатын кейбір әдептерді сақтағаны жөн. Осы әдептер неғұрлым сақталса , соғұрлым дұғаның қабыл болуына игі ықпалы болады. Солардың кейбірі:

1. – Дұғаны ықыласпен жасау. Ықылас дегеніміз, Аллаһ Тағалаға серік қоспай, әрі ниетін риадан таза ұстап, яғни, кісі көрсін деп амал жасаудан алыс болып, бір ғана Аллаһтың разылығы үшін, Одан ғана сұрау.

Дұға құлшылықтың бір түрі дедік. Ал, серік қосушылық ғибадаттың қандайда бір түрін Аллаһтан басқаға арнау. Серік қосушылық ауыр, кешірілмейтін күнә болғандықтан, одан барынша сақтану керек. Мысалы, пайғамбарларға, әулиелерге, аруақтарға, отқа, Аллаһтан өзге нәрселерге жалбарыну, әрі олардан жәрдем сұрау серік қосушылық болып табылады.

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай деп әмір береді: "Кәпірлер жек көрсе де Аллаһтың алдында діндеріңді тазартып Оған ықыласпен дұға қылыңдар"(Ғафир-14).

Және былай деді: "(Ей, Мұхаммед!) "Мен өз Раббыма дұға қыламын және Оған ешкімді серік қоспайман"-де". (Жын сүресі-20)

Ал, пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: "Егер сұрасаң Аллаһтан сұра, егер жәрдем тілесең Аллаһтан жәрдем тіле!" Ибн Аббастан Тирмизи жеткізген.

2 – Аллаһтың дұға қылушыға жауап беретініне күмәнсіз сену.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: "Аллаһтың жауап беретініне (яғни, дұғаны қабыл алатынына) күмәнсіз сеніп дұға қылыңдар". Тирмизи, Хаким келтірген. Аль-Албаний сахих хадис деген.

3 – Дұғаны жүректің қатысуыменен жасау.

Яғни, бар ойыңызды, ниетіңізді дұға қылдыруға жұмылдырып, шын жүректен беріліп сұрау. Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: "Аллаһтың жауап беретініне кәміл сеніп, дұға қылыңыздар, сондай-ақ Аллаһтың, жүрегі өзге нәрсеге алаңдаулы, бейқам, қаперсіз жанға жауап бермейтінін біліңіздер". Тирмизи келтірген Албаний сахих хадис деген.

4 – Аллаһқа Құран мен Сүннетте келген дұғаларды қолданып жалбарыну.

Құран аяттары – сөздердің ең қадірлісі, құрметтісі, әрі ең дұрысы. Өйткені, ол –Аллаһтың сөзі. Ал, пайғамбарымыздың (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзі – Аллаһ Тағаладан келген уахи. Сондықтан оның сөзі қысқа да нұсқа, әрі мағынасы терең күйде келген. Ендеше Құран мен Сүннеттегі дұғаларарды пайдаланып жалбарыну оның қабыл болуының тездететіні сөзсіз. Әрі бұл дұғалар сөзі аз, қысқа болғанмен дүние мен ақыреттің жақсылығын бірдей қамтиды. Мысалы, Аллаһ Тағала былай дейді: "Адамдардың кейбірі:"Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық, ахыретте де жақсылық бер және бізді тозақ отынан сақта"-дейтіндер бар". (Бақара-201).

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дұға қылатын: "Я Аллаһ, амандығымның кепілі болған дінімді дұрыстай гөр, және менің бұл дүниедегі өмірімді дұрыстай гөр, сондай-ақ менің Өзіңе қайтып оралғандағы ахыреттік өмірімді дұрыстай гөр, әрі менің өмірімді жақсылықтардың қосымшасы қыла гөр, ал, менің өлімімді күллі жамандықтардан құтылуым қыла гөр". Муслим келтірген.

5 – Аллаһқа үмітпен және қорқумен бойұсынған және жалынышты күйде, дәрменсіздік пен мұқтаждығымызды таныта отырып, төменшіктікпен дұға қылу.

Осыған орай Аллаһ Тағала пайғамбарларды сипаттап, былай дейді: "Шын мәнінде олар ізгі істерге ұмтылатын және Бізге үмітпен әрі қорқып дұға қылатын, сондай-ақ олар Біздің алдымызда бойұсынушылық танытатын". (Әнбия-90).

Тағы бір аятта: "Айюб та Раббысына:"Мен бір жамандыққа ұшырадым. Ал, Сен Рахымдылардың ең Рахымдысысың"-деп жалбарынатын"-деген.(Әнбия-83).

Және тағы бір аятта: "Закарияныда есіңе ал. Ол Раббысына:"Раббым! Мені жалғыз қалдырма. Сен ең жақсы Мұрагерсің"-деп жалбарынды"-деген.(Әнбия-89).Және: "Раббыларыңа жалына отырып жасырын (бәсең үнмен) дұға қылыңдар. Шынында, Ол шектен шығушыларды жақсы көрмейді"-деген.(Ағраф-55-56).

Бұл аяттардан біз Аллаһтың алдында Оған мұқтаждығымызды, Оның алдында бейшара, дәрменсіз екенімізді танытып, жалынып, жалбарынып дұға қылғанымыздың жөн екенін аңғарамыз. Жалынып, жалбарыну – дұғаның рухы, онсыз дұға жаны жоқ өлі нәрсе тәрізді. Жалынып, жалбарынудың бірнеше көріністері бар. Солардың кейбірі мынадай:

1) Сұраған нәрсені ерінбей, жалықпай ,қайта-қайта табанды түрде сұрай беру.

2) Қос алақанды жайып қолды жоғары көтеру.

3) Бәсең үнмен, әдеппен сұрау.

4) Дұғаны қыбылаға қарап жасау.

5) Аллаһтың дұғаға сай келетін көркем есімдерін, сипаттарын дәнекер қылып сұрау. Мысалы; "Иә, Рахман Аллаһ, рахым ете гөр!", "Иә, Ғафур Аллаһ кешіре гөр!", "Иә, Құдіретті Аллаһ қолдай гөр!"-деген сияқты.

Осыған орай төмендегі хадистерді еске ала кетсек дейміз:

"Бадр соғысы болған күні Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мүшріктер (кәпірлер) жаққа қарап еді, олардың саны мың екен. Сахабалар үш жүз он тоғыз еді. Соны көріп, қыбылаға бұрылып, екі қолын көкке көтерді де, бәсең үнмен Раббысына жалбарына бастады: "Я, Аллаһ, нені уәде етсең, маған соны бере гөр. Я, Аллаһ, егер мұсылмандардың бұл тобы өліп кетсе, жер бетінде саған құлшылық қылатын адамдар қалмайды"-деп жалынып жалбарынғаны соншалық, иығындағы жамылғысы түсіп қалды. Сол тұста Абу Бакр, Аллаһ одан разы болсын, келіп, Пайғамбарымыздың (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жамылғысын иығына жауып, артында тұрып былай деді: "Я, Аллаһтың елшісі! Раббыңа осы жалбарынғаның жеткілікті. Ол саған уәде еткен нәрсесін береді". Осы оқиғадан кейін мынадай аят түседі: "Сол уақытта Раббыларыңа жалбарынуда едіңдер. Сонда Ол: "Шынында сендерге ерген мың періштемен көмек беремін"-деп тілектеріңді қабыл етті". (Әнфал-9).

Бұл хадисті Омар ибн Хаттабтан Муслим, Ахмад, Тирмизилер келтірген.

"Туфайл ибн Амр ад-Дауси (Даус руының көсемі) Пайғамбарымызға (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: "Даус руы тіл алмай бас тартты. Сен оларға қарсы дұға қыл"-деді. Сол кезде Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сауабы болсын) қыбылаға қарап, екі қолын көтерді. "Дауыстықтар құритын болды"-десті адамдар. Ал, Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жалбарынды: "Я, Аллаһ! Дауыстықтарды тура жолға сала гөр және оларды алдымызға келтіре гөр!". Бұхари мен Муслим Абу Хурайрадан жеткізді.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жиі айтатын дұғалардың бірі мынадай еді: "Жүректерді ауытқытып, өзгертіп тұратын Аллаһ! Менің жүрегімді Өз дініңде бекіте гөр, нығайта гөр!". Анастан Тирмизи келтірген.

Абу Бакр Ас-Сыддық баяндайды: Мен Пайғамбарымызға (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен cәлемі болсын) былай дедім: "Я, Аллаһтың елшісі! Маған намаздың соңында қылатын дұға үйретші". Сонда Аллаһтың елшісі былай деді: "Сен; "Я, Аллаһ! Мен өзіме көп зұлымдық қылдым. Күнәләрды Сенен басқа ешкім кешірмейді. Ендеше мені Өзіңе ғана тән кешірімділігіңмен кешіре гөр және маған рахым ет. Шын мәнінде Сен өте Кешірімді, аса Рахымдысың!"-деп айт"-деді. Бұхари мен Муслим келтірді.

6) Өзіңнен бастап, кейін басқа мұсылмандарға дұға қылу.

Аллаһ Тағала Өзінің елшісіне әмір етіп, былай дейді: "Ендеше біл, Аллаһтан басқа ешбір Тәңір жоқ. өзіңнің және мүмін ер, әйелдердің күнәләрі үшін кешірім сұра". (Мұхаммад-19).

Ал, Нұх пайғамбар туралы Құранда былай делінген: "Раббым! Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні және мүмін ерлер мен әйелдерді кешір!"-деді". (Нұх-28).

7) Дұғаны табанды түрде, жалықпай қайта-қайта сұрау және оны Аллаһ Тағаланың қалауына қалдырмау. Мысалы: "Кешіргің келсе, кешір. Бергің келсе, бер"-демеу. Себебі бұлай сұраған адам Аллаһ Тағалаға мұқтаж еместей көрінеді. Әрі Оның дұғасын қабыл қылатынына сенбестік танытатын тәрізді. "Айта салайын, бере қалса нем кетеді?"-деп немқұрайлық көрсеткендей болады. Бұл оның сұраған нәрсесіне тым мұқтаж еместігін білдіреді. Кімде-кім осындай қалыпта дұға қылса, оның ғибадтынан жалынып-жалбарыну, мұқтыждық, яғни, ғибадаттың рухы байқалмайды. Және Аллаһ Тағаланың алдында әдебінің төмендігін көрсетеді. Сондықтан дұға қылушы адам бар ықылас-ынтасымен жалынып, табанда түрде, қайта-қайта, әрі мұқтаж жанға тән төменшілікпен, сондай-ақ Аллаһтың бәрін естіп, бәрін көріп, дұғасын қабыл қылып жауап беретініне, құлдарына жақын екеніне, бар нәрсеге құдіретінің жететініне кәміл сеніп, жалбарынғаны қажет. Бұған дәлел, Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: "Сіздердің ешқайсыларыңыз "Я, Аллаһ, егер қаласаң, мені кешір. Я, Аллаһ, егер қаласаң, мені жарылқа"-демесін. Бірақ, керегін табанды түрде сұрасын, әрі Оған қатты мұқтаж екенін көрсетсін". Бұхари мен Муслим Абу Хурайрадан.

8) Дұғаны Аллаһ Тағаланы мадақтап және Оның елшісі Мұхаммедке (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтып бастау және осылай аяқтау. "Бірде пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әлде бір кісінің өз дұғасында Пайғамбарға (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтпай жалбарынғанын естіді де:"Ол асығыстық жасады"-деді. Содан соң оны шақырып алып, оған және басқаларға мынадай ескерту жасады:" Егер сіздердің біреулеріңіз жалбарынсаңыздар, ол тілегін өзінің Раббысын мадақтап және ұлықтап бастасын. Содан соң пайғамбарына салауат айтсын. Одан кейін барып өзінің қалағанын сұрасын". Фадала бин Убайдтан Тирмизи келтірген. Аль-Албаний сахих хадис деген.

9) Жалбарынған кезде құбылаға бет бұру. Бұған жоғарыда келтірген Омар бин Хаттабтың Бадр соғысы және Даус руы туралы хадисі дәлел бола алады.

10) Дұғаны екі қолды жоғары көтеріп сұрау.

Абу Муса аль-Ашғари : Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жалбарынып тұрып екі қолын жоғары көтергені сондай, мен оның қолтығының ақтығын көрдім"-дейді. Бұхари жеткізген.

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейтін: "Шын мәнінде, Аллаһ Ұялушы және Жомарт. Егер Оның құлы Оған екі қолын жоғары көтеріп дұға қылса, оларды (екі қолын) құр қайтаруға ұялады". Салман аль-Фарисиден Тирмизи келтірген.

11) Ислам рұқсат еткен нәрселерді дәнекер қылып Аллаһқа жалбарыну.

Соның ішінде:

А) Аллаһтың көркем есімдері мен сипаттарын дәнекер етіп дұға қылу. Жаратушы Раббымыз былай деп әмір етті:"Аллаһтың көркем есімдері бар. Оған сол есімдермен дұға қылыңыздар!" (Ағраф-180).

Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Тағалаға Оның сипаттарын еске ала отырып жалбарынатын: "Я, Мәңгі Тірі, я, ешнәрсеге мұқтаждығы жоқ Аллаһ, Сенің рахымдылығыңмен жәрдем тілеймін, менің барлық ісімді оңғара гөр, және мені өз-өзіме бір сәтке де тапсыра көрме".

Ә) Аллаһтың ризалығы үшін жасалған ізгі істерді дәнекер етіп жалбарыну.

Осыған орай Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына оқиғаны баяндаған еді: "Бірде сендерге дейін өмір сүрген үш адам жолға шығып, сапарда жаңбырдан пана іздеп бір үңгірге келіп паналады. Алайда олар үңгірге кірген кезде таудан бір тас домалап түседі де, одан шығар жолды тығыздап жауып тастайды. Сонда олар: "Ақиқатында бұл тастан сендерді Аллаһ Тағалаға өздеріңнің ізгі істеріңді дәнекер етіп, сол үшін Оның сендерді осы қиыншылықтан құтқаруын тілеп, жалбарынуларың ғана құтқарады!"-десті. Содан соң олардың бірі өзінің бала-шағасынан да, үй-қызметшілерінен де бұрын ата-анасын тамақтандырып, Аллаһ ризалығы үшін әке-шешесіне айрықша қамқорлық көрсеткенін айтып, сол үшін құтқаруын өтініп, Аллаһ Тағалаға жалбарынған кезде, тас аздап жылжиды. Содан кейін екінші жолаушы өзінің бір қызға өлердей ғашық болғанын, бірақ оның оң қабақ танытпағанын, сол арудың қуаңшылық жылы қатты тарыққан кезінде, ақша үшін жігіттің еркіне көнуге келісім бергенін баян етеді. Дей тұра қыз мұның Аллаһтан қорқуы керектігін есіне салған кезде, Аллаһтан қорыққандықтан ғана әлгі аруға берген ақшасын да алмастан, мүмкіндікті пайдаланбай, оны жібере салғанын айтып, сол үшін құтқаруын өтініп, Аллаһ Тағалаға жалбарынған кезде тас тағы біраз жылжиды, бірақ үңгірден шығу мүмкін емес еді.Кезек үшінші жолаушыға жетеді. Ол басынан өткен мына жағдайды баяндайды. Өзі жұмысқа жалдаған малайларының бірі еңбек ақысын алмай кетіп, арада уақыт салып, қайта оралып, ақшасын сұрағанда, ол жоқта әлгінің еңбек ақысын пайдаланып, көбейткенін, кейін ол ақшаға көптеген мал-дүние алғанын әңгімелеп, сол түйелерді, сиырларды, қойларды, қызметшілерді көрсетіп, осының бәрін ақысын сұрап келген әлгі адамға бергенін, мұны тек Аллаһтың ризалығы үшін істегенін айтып, көмек сұрап жалбарынғанда, тас олар үңгірден шыға алатындай жерге дейін жылжиды". Абдуллаһ бин Умардан Бұхари мен Муслим жеткізген.

Бұл хадистен ізгі істің Аллаһтың алдында қандайлық жоғары дәрежеге ие болатынын аңғара аламыз. Ал, Аллаһ Тағала тақуа пенделерін сипаттай келіп былай дейді: "Олар: "Раббымыз! Иман келтірдік. Күнәмізді кешір де, от азабынан сақта" дегендер". (Әлі-Ғимран-16). Бұл аяттан көріп тұрғанымыздай олар, Раббыларынан дұға тілеп жалбарынғандарында, өздерінің ең абзал ісі-имандарын дәнекерлік етті.

Сол сияқты "Фатиха" сүресінде дұға жасаудағы әдептің осы көрінісіне тамаша мысал бола алады. Сүренің бас жағында Жаратқан Раббымызға мадақ айтып Оның көркем есім-сипаттарын атап, содан соң "Бір Өзіңе құлшылық етеміз, бір Өзіңнен жәрдем сұраймыз"- деп амалымызды дәнекер етіп, содан кейін "Бізді тура жолыңа түсіре гөр! Қаһарыңа ұшырағандардың, адасқандардың жолына емес, Өзіңнің нығметіңе бөленгендердің жолына бастай гөр"-деп дұға қыламыз.

Б) Салихалы мұсылмандардың өзіңе дұға жасауын өтіну. (Олар тірі, әрі өтінішін еститіндей болуы шарт)

Сахабалар Аллаһтың елшісінің (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде өздері үшін дұға қылуын өтінетін еді, ал құрғақшылық кезінде жаңбыр тілеп Аллаһқа жалбарынуын сұрайтын. Осыған дәлелдердің бірі Укаша ибн Мухсанның хадисі. Ол хадисте Укаша Пайғамбарымыздан (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің есепсіз, азапсыз жаннатқа кіретіндердің қатарында болуын Аллаһтан сұрауын өтінген. Және осыған дәлел болатын тағы бір хабар Анас ибн Маликтен келген хадис. Ол хадисте Анас ибн Малик былай деген: "Расында хазреті Омар Аллаһ одан разы болсын, егер жаңбыр жаумай қуаншылық орнаса, Әбді Муталибдтің ұлы Аббасты дәнекер етіп жаңбыр сұрайтын. Ол кісі (Омар): "Иә, Аллаһ! Біз Сенен Пайғамбарымызды (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде дәнекер етіп жаңбыр сұрайтынбыз. Жаңбыр жаудыратынсың. Ал, енді Пайғамбарымыздың (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ағасын дәнекер етіп жаңбыр сұраймыз. Бізге жаңбыр жаудыра көр!"-дейтін. Бұхари келтірген.

Бұл хадисті имам Санғани өзінің "Субуль Ас-салам" атты кітәбінде Зубейр ибн Баккардан риуаят етіп, ол жайында былай деген: "Аббас имамдыққа шығып: "Иә, Аллаһ! Расында бүкіл қиыншылықтар күнәнің себебінен орнайды. Және ол қиыншылықтар тек тәубемен ғана кетеді. Шынында мына қауым менің Пайғамбарыңа (ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақындығымды себеп етіп, Өзіңе мені дәнекер қылып жаңбыр сұрауда. Мына бір күнәлі қолдарымызды көтере отырып , шынайы тәубе етіп, біздереге жаңбыр бере гөр-деп сұраймыз!-деді. Осы тілектің артынша аспанда таудай қара бұлттар тіресіп, жерді жаңбырмен құнарландырды"
АЙША
25-01-11 14:18
Тамақтанудың әдептiлiк кiтабы
Тамақтану әдебi

Тамақтың алдында “бисмилләһ” деп айту
"إذَا أَكَلَ أَحَدُكُم فَلْيَذْكُرِ اسْمَ الله، فَإِنْ نَسِيَ أَنْ يَذْكُرَ اسْمَ الله فِي أَوَّلِهِ، فَلْيَقُلْ: بِسْمِ اللهِ أَوَّلَهُ وَآخِرَهُ"

“Тамақты жеуден алдын Аллаһ Тағаланы еске алыңдар (яғни, “бисмил-ләһ” (Аллаһ Тағаланың атымен) деп айтыңдар). Тамақты жеуден алдын Аллаһ Тағаланы еске алуды ұмытқан жағдайда: “Тамақтың басын да, соңын да Аллаһ Тағаланың атымен жедiм (бисмил-ләһи ауәләһү уа ахираһү)”, – деп айтсын.” Хадистi Айша анамыздан р.а. Имам Тирмизи риуаят еттi.

"كُنْتُ غُلاَماً فِي حِجْرِ النَّبِيِّ صلى الله عليه وسلم. وَكَانَتْ يَدِي تَطِيشُ فِي الصَّحْفَةِ. فَقَالَ لِي: "يَا غُلاَمُ! سَمِّ اللهَ، وَكُلْ بِيَمِينِكَ، وَكُلْ مِمَّا يَلِيكَ"

“Мен бала шағымда Нәбидiң с.а.с. қолында болдым. Тамаққа отырғанда менiң ыдыстың жан-жағына қол жүгiртiп тамақтанатын әдетiм бар едi. Бiр күнi тамаққа отырғанымызда Нәби с.а.с. маған: “Ей, бала! “Бисмил-ләһ” деп, оң қолыңмен және алдыңдағыңды же”, – деп айтты.” Хадистi Ьумар ибн Әбу Сәләмадан р.а. Имам Ибн Мажәһ риуаят еттi.

"إِذَا دَخَلَ الرَّجُلُ بَيْتَهُ فَذَكَرَ اللهَ عِنْدَ دَخُولِهِ وَعِنْدَ طَعَامِهِ قَالَ الشَّيْطَانُ: لاَ مَبِيتَ لَكُمْ وَلاَ عَشَاءَ، وَإِذَا دَخَلَ فَلمْ يَذْكُرِ اللهَ عِنْدَ دُخُولِهِ قَالَ الشَّيْطَانُ: أَدْرَكْتُمُ الْمَبِيتَ، فَإِذَا لَمْ يَذْكُرِ اللهَ عِنْدَ طَعَامِهِ قَالَ: أَدْرَكْتُمُ الْمَبِيتَ وَالْعَشَاءِ"

“Адам үйiне кiрген және асқа отырған уақытта “бисмил-ләһ” десе шайтан жанындағы жындарға: “Бүгiн сендер үшiн түнейтiн орын да, жейтiн ас та жоқ”, – дейдi. Ал, егер адам үйiне кiргенде “бисмил-ләһ” деп айтуды ұмытса шайтан жындарға: “Бүгiн сендер үшiн түнейтiн орын бар”, – дейдi. Ал, егер асқа отырғанда да “бисмил-ләһ” деп айтуды ұмытса шайтан: “Бүгiн сендер үшiн түнейтiн орын да, жейтiн ас та даяр”, – дейдi.” Хадистi Жәбирден р.а. Имам Муслим риуаят еттi.
"كُنَّا إِذَا حَضَرْنَا مَعَ النَّبِيِّ صلى الله عليه وسلم طَعَاماً لَمْ نَضَعْ أَيْدِيَنَا، حَتَّى يَبْدَأَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم، فَيَضَعَ يَدَهُ. وَإِنَّا حَضَرْنَا مَعَهُ، مَرَّةً، طَعَاماً. فَجَاءَتْ جَارِيَةٌ كَأَنَّهَا تُدْفَعُ. فَذَهَبَتْ لِتَضَعَ يَدَهَا فِي الطَّعَامِ، فَأَخَذَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم بِيَدِهَا. ثُمَّ جَاءَ أَعْرَابِيٌّ كَأَنَّمَا يُدْفَعُ. فَأَخَذَ بِيَدِهِ. فَقَالَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم: "إِنَّ الشَّيْطَانَ يَسْتَحِلُّ الطَّعَامَ أَنْ لاَ يُذْكَرَ اسْمُ اللهِ عَلَيْهِ. وَإِنَّهُ جَاءَ بِهَذِهِ الْجَارِيَةِ لِيَسْتَحِلَّ بِهَا. فَأَخَذْتُ بِيَدِهَا. فَجَاءَ بِهَذَا الأَعْرَابِيِّ لِيَسْتَحِلَّ بِهِ. فَأَخَذْتُ بِيَدِهِ. وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ إِنَّ يَدَهُ فِي يَدِي مَعَ يَدِهَا" ثُمَّ ذَكَرَ اسْمَ اللهِ تَعَالَى وَأَكَلَ"

“Бiз Нәбимен с.а.с. дастархандас болғанымызда, Ол с.а.с. асты қолына алмастан бұрын тамаққа қол созбайтынбыз. Бiр күнi Нәбимен с.а.с. бiрге дастархан басында отырғанымызда, бiр қыз артынан жау қуып келе жатқандай асығыс келiп тамаққа қолын созды. Сол уақытта Нәби с.а.с. оның қолынан шап бердi. Бiраз уақыттан соң бiр бәдәуи (шөл дала тұрғыны) келiп, ол да қызға ұқсап қолын тамаққа соза бергенiнде, Нәби с.а.с. оны да қолынан шап берiп: “Расында, шайтан “бисмил-ләһ” деп айтылмаған асты өзiнiң несiбесi деп бiледi. Осы мақсатта ол мұнда алдымен қызды алып келдi. Алайда, мен оны қолынан ұстап қалдым. Кейiн шайтан мұнда мынау бәдәуидi алып келгенде, мен оның да қолын астан қайтардым. Шыбын жаным иелiгiнде болған Аллаһ Тағаламен ант етемiн! Мен мынау екеуiнiң қолын ұстап тұрған уақытта шайтанның қолы менiң қолымда едi”, – дедi. Кейiн “бисмил-ләһ” деп жей бастады.” Хадистi Хузайфадан р.а. Имам Муслим риуаят еттi.
"كَانَ رَسُولُ الله صلى الله عليه وسلم جَالِساً وَرَجُلٌ يَأْكُلُ فلَمْ يُسَمَّ حَتَّى لَمْ يَبْقَ مِنْ طَعَامِهِ إِلاَّ لُقْمَةٌ، فَلَمَّا رَفَعَهَا إِلَى فِيهِ قَالَ بِسْمِ الله أَوَّلَهُ وَآخِرَهُ، فَضَحِكَ النَّبِيُّ صلى الله عليه وسلم ثُمَّ قَالَ: مَا زَالَ الشَّيْطَانُ يَأْكُلُ مَعَهُ، فَلَمَّا ذَكَرَ اسْمَ اللهِ اسْتَقَاءَ مَا فِي بَطْنِهِ"

“Бiр адам Расулуллаһтың с.а.с. жанында отырып “бисмил-ләһ” деп айтпастан тамағын жедi. Тамақтың соңғы түйiрi қалып, оны аузына жақындатқан уақытта есiне түсiп “бисмил-ләһи ауәләһү уа ахираһү” (тамақтың басын да, соңын да Аллаһ Тағаланың атымен жедiм) деп айтты. Сол кезде Нәби с.а.с. күлiп: “Шайтан мынаған қосылып асты жеп жатқан едi. Алайда, ол “бисмил-ләһи ауәләһү уа ахираһү” деп айтқанда, шайтан жегеннiң бәрiн құсып жiбердi”, – дедi.” Хадистi Умаййа ибн Махшиден р.а. Имам Әбу Дауд және Имам Ән-Насаи риуаят еттi.
"كَانَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم يَأْكُلُ طَعَاماً فِي سِتَّةِ نَفَرٍ مِنْ أَصْحَابِهِ. فَجَاءَ أَعْرَابِيٌّ فَأَكَلَهُ بِلُقْمَتَيْنِ. فَقَالَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم: "أَمَا أَنَّهُ لَوْ كَانَ قَالَ: بِسْمِ اللهِ، لَكَفَاكُمْ. فَإِذَا أَكَلَ أَحَدُكُمْ طَعَاماً، فَلْيَقُلْ: بِسْمِ اللهِ، فَإِنْ نَسِيَ أَنْ يَقُولَ: بِسْمِ اللهِ، فِي أَوَّلِهِ، فَلْيَقُلْ: بِسْمِ اللهِ، فِي أَوَّلِهِ وَآخِرِهِ"

“Расулуллаһ с.а.с. алты сахабамен бiрге тамақтанып отырған уақытта бiр бәдәуи келiп “бисмил-ләһ” деместен тамақтың соңғы екi түйiрiн бiрақ асап жеп қойды. Сол кезде Расулуллаһ с.а.с.: “Расында, мынау “бисмил-ләһ” деп айтқанында тамақ барлығыңа жететiн едi. Бiреулерiң тамақ жеуден бұрын “бисмил-ләһ” деп айтыңдар. Жеуден бұрын айтуды ұмытса: “Бисмил-ләһи ауәләһү уа ахираһү” (тамақтың басын да, соңын да Аллаһ Тағаланың атымен жедiм) деп айтсын”, – дедi.” Хадистi Айша анамыздан р.а. Имам Тирмизи риуаят еттi.
"مَنْ أَكَلَ طَعَاماً فَقَالَ: الْحَمْدُ للهِ الَّذِي أَطْعَمَنِي هذَا وَرَزَقَنِيهِ مِنْ غَيْرِ حَوْلٍ مِنِّى وَلاَ قُوَّةٍ، غفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ"

“Кiмде-кiм асын жеп болғаннан кейiн: “Осы аспен менi тамақтандырған. Мен ешбiр қулық етпей, қуатымды жұмсамасам да, маған осыны ризық етiп берген Аллаһ Тағалаға мақтау болсын”, – деп айтса бұрын iстелген күнәлары кешiрiледi.” Түсiнiктеме: “…ешбiр қулық етпей…” - әлсiздер қорегiн - қулықпен, қуаттылар – күшпен табады. Бiрақ әлсiзге де, қуаттыға да нәсiп ететiн Аллаһ Тағала. Сондықтан, барлық мақтау жалғыз Аллаһ Тағалаға тән. Хадистi Муьаз ибн Әнастан р.а. Имам Әбу Дауд және Имам Тирмизи риуаят еттi.
Алдына қойылған асқа мiн тақпау

"مَا عَابَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم طَعَاماً قَطٌّ. كَانَ إِذَا اشْتَهَى شَيْئاً أَكَلَهُ، وَإِنْ كَرِهَهُ تَرَكَهُ"

“Расулуллаһ с.а.с. алдыға қойылған асқа мiн тақпайтын. ұнаса жейтiн, ұнамаса жемей қоя салатын.” Хадистi Әбу һурайрадан р.а. Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.
"عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللهِ: أَنَّ النَّبِيَّ صلى الله عليه وسلم سَأَلَ أَهْلَهُ الأُدُمَ. فَقَالُوا: مَا عِنْدَنَا إِلاَّ خَلٌّ. فَدَعَا بِهِ. فَجَعَلَ يَأْكُلُ بِهِ وَيَقُولُ: "نِعْمَ الأُدُمُ الْخَلُّ. نِعْمَ الأُدُمُ الْخَلُّ"

“Нәби с.а.с. үй-iшiнен ас қатығын сұраған едi олар: “Бiзде сiрке суынан (уксустан) басқа ешнәрсе жоқ”, – дедi. Нәби с.а.с. сiрке суын алып келудi бұйырып оны тамаққа қосып: “Сiрке суы қандай жақсы, сiрке суы қандай жақсы”, – деп жей бастады.” Хадистi Жәбир ибн Абдуллаһтан р.а. Имам Муслим риуаят еттi.
Көппен жеген ас берекелi
"عن وحشي بن حرب: "أَنَّ أَصْحَابَ النَّبِيِّ صلى الله عليه وسلم قَالُوا: يَارَسُولَ اللهِ! إِنَّا نَأْكُلُ وَلاَ نَشْبَعُ، قَالَ: "فَلَعَلَّكُمْ تَفْتَرِقُونَ؟" قَالُوا: نَعَمْ، قَالَ: "فَاجْتَمِعُوا عَلَى طَعَامِكُمْ وَاذْكُرُوا اسْمَ اللهِ عَلَيْهِ يُبَارَكْ لَكُمْ فِيهِ"

“Сахабалар: “Я, Расулуллаһ с.а.с.! Бiз ас жегенiмiзде тоймай қалып жүрмiз”, – деп айтқанда Расулуллаһ с.а.с.: “Сендер жеке-жеке болып тамақтанатын боларсыңдар?”, – деп сұрады. Иә. Бiр-бiрiңмен дастархандас болып, ас жеуден бұрын “бисмил-ләһ” деп айтыңдар. Сонда жеген астарың сендер үшiн берекелi болады.” Хадистi Уахши ибн Харбтан р.а. Имам Әбу Дауд риуаят еттi.

"طَعَامُ الإِثْنَيْنِ كَافِي الثَّلاَثَةِ. وَطَعَامُ الثَّلاَثَةِ كَافِي الأَرْبَعَةِ"

“Екi адамға жеткен ас, үш адамға да жетедi. Үш адамға жеткен ас, төрт адамға да жетедi.” Хадистi Әбу һурайрадан р.а. Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.
"طَعَامُ الْوَاحِدِ يَكْفِي الإِثْنَيْنِ. وَطَعَامُ الإِثْنَيْنِ يَكْفِي الأَرْبَعَةَ. وَطَعَامُ الأَرْبَعَةِ يَكْفِي الثَّمَانِيَةَ"

“Бiр адамға жеткен ас, екi адамға да жетедi. Екi адамға жеткен ас, төрт адамға да жетедi. Төрт адамға жеткен ас, сегiз адамға да жетедi.” Хадистi Жәбир Ибн Абдуллаһтан р.а. Имам Муслим риуаят еттi.
Асты өз алдынан жеу


"كُنْتُ غُلاَماً فِي حِجْرِ النَّبِيِّ صلى الله عليه وسلم. وَكَانَتْ يَدِي تَطِيشُ فِي الصَّحْفَةِ. فَقَالَ لِي: "يَا غُلاَمُ! سَمِّ اللهَ، وَكُلْ بِيَمِينِكَ، وَكُلْ مِمَّا يَلِيكَ"
“Мен бала шағымда Нәбидiң с.а.с. қолында болдым. Тамаққа отырғанда менiң ыдыстың жан-жағына қол жүгiртiп тамақтанатын әдетiм бар едi. Бiр күнi тамаққа отырғанымызда Нәби с.а.с. маған: “Ей, бала! “Бисмил-ләһ” деп, оң қолыңмен және алдыңдағыңды же”, – деп айтты.” Хадистi Ьумар ибн Әбу Сәләмадан р.а. Имам Ибн Мажәһ риуаят еттi.
Ерлан
17-01-11 14:35
Бұл дүние сынақ Аллаһ тағала кімді тура жолға салса оны ешкімде ажырата алмайды,ал кімді тура жолдан адастырса оны ешкім тура жолға сала алмайды.Бауырлар хадис сүннетпен жүрейік.
Ерлан
erlan_37213@mail.ru
17-01-11 14:28
Ассалауму алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ мұсылман бауырлар , менің намазхан бауырлармен аралассам деймін erlan_37213@mail.ru
Айжан
15-01-11 08:44
Машаллаһ!
Жәмилә
07-01-11 17:22
Дүниеге келген сәбидің құлағына азан мен қамат оқып ат қою, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дәуірінен жалғасып келе жатқан сүннет амалы. Тирмизидің «Сүнән» атты кітабында пайғамбарымыз (с.ғ.с.) немересі Хасан дүниеге келгенде, оның оң құлағына азан, сол құлағына қамат оқығандығы туралы айтылады. (Тирмизи, Әдаһи, 15)
Сонымен қатар оқылған азан мен қамат, сәбиге жасалған алғашқы иман қадамы болып табылады. Өйткені азанның мағынасы мен мазмұнында тәкбір (Алланың Ұлылығы), таухид (Алланың жалғыздығы), пайғамбарлық және намаз сияқты діннің негіздері қамтылуда.
Сондай ақ сәбиге жақсы ат таңдаған жөн. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жөнінде бірнеше өсиет пен ескертулер жасаған. Бір хадисте: «Қиямет қайымда әркім аттарымен және әкелеріңнің есімімен шақырыласыңдар. Олай болса жақсы ат қойыңдар» деген. (Бухари, Әдеб, 108)
Дүниеге келген сәбиге бір жетіге дейін ат қою абзал. Сонымен қатар бұл дәстүрді кез келген адам, азан мен қамат оқу арқылы жасай алады.
Илияс
ilal_92@mail.ru
25-12-10 07:13
Куран окылатын уйге берекетпен мейiрiмдiлiк турактайды.Мундай уйге перiштелер жиналып шайтандар кашады.*Абу Хурайра*
Гульмира
guma089@mail.ru
22-12-10 13:40
Пайғамбар(с.а.с) былай дейдi:"Кiм күнәнiң қараңғылығынан шығып,бойұсыну,құлшылық жолына туссе,Алла оны мал-мулiксiз де байытады,себепсiз де колдайды,туыс-таныссыз да абыройын арттырады"

Адам
16-12-10 08:15
Кімде-кім ауру адамның жағдайын сұрап барса

«Кімде-кім ауру адамның жағдайын сұрап барса, жетпіс мың періште таң
атқанша ол адам үшін салауат айтады. Ал таңертең барып көңілін сұраса,
періштелер күн батқанша салауат айтып тұрады. Ол үшін жұмақта орын
дайындалады».

(Әбу Дәуіт, Жәнаиз, 7; Тирмизи, Жәнаиз, 2
Мұса
08-12-10 17:55
Аллахка ен жагымды, ен суйкімді нарсе не?
Сахаба Абдуллах ибн Масуд (р.а.) бір куні Пайгамбарымыздан: «Аллахка ен жагымды, ен суйкімді нарсе не?», – деп сураганда Аллах Елшісі оган былай деп жауап катады: «Кешіктірілмей, уакытында окылган намаз». Сахаба арі карай сурагын жалгастыра туседі: «Уа, Аллахтын Елшісі, ал одан кейінгі ен ізгі амал кайсысы?» дегенде Аллах расулы: «Ата-анана жаксылык жасау» – деп жауап катады.
Абай
05-12-10 06:57
Малик ибн Анас

Оның толық аты-жөнi Әбу АбдуллаҺ Мәлик Ибн Анас Ибн Малик ибн бу-Амир әл-Асфахани. Исламдағы ұлық мужтахидтердiң бiрiнен саналатын Малик Ибн Анастың бабасы бу Амир Пайғамбардың, салла АллаҺу алейҺи уә сәллам, сахабаларының бiрi болған, ол Бадр соғысынан басқа барлық ғазауат жорықтарына қатысқан. Имам Маликтiң атасы табиғиндердiң бiрiнен едi және ол қастандықпен өлтiрiлген Осман халифтiң мүрдесiн түн iшiнде бейтке апарушылардың бiрi болды.

Малик Ибн Анасты басқа да ұлы имамдармен бiрге ғұлама ғалымдар “мужтахидуна мутлақ”, яғни, iлiмде өте биiк дәрежеге жеткен адам деп есептейдi.


Имам Малик һиджраның 93 жылында (715 ж.) Мәдина қаласында дүниеге келдi. Ол кiшкене күнiнен Ислам iлiмiне бой ұрып, Мәдинадағы хадис iлiмiнiң аса көрнектi бiлгiрi бу Сухейл Нәфиден, фиқҺ саласының ғалымы Рабиа Ибн Абдурахманнан сабақ алды. Содан кейiн имам Малик Абдурахман Ибн Хирмиза әл-Ағраж әл-Хашимидiң үйiрмесiнде 13 жыл өмiрiн бiлiм жинауға сарп еттi. Уақыт өте келе имам Малик Мәдинадағы белгiлi ғалымдардың бiрiне айналды және Мәдинаның имамы болды.

Одан бiлiм үйрену үшiн, фиқҺ және хадис iлiмi салаларында оның iзiн қуу үшiн оған халифаттың әр түкпiрiнен адамдар келiп жататын.

Имам Маликтiң өзi былай деп айтқан: “Мен өз қолымен 100000 хадис жазып шықтым”. Ол хадистердi негiзiнен өзiнiң ұстазы, ибн Омардың, ради АллаҺу анҺума, серiгi болған бу Сухейл Ибн Нәфиден, Ибн Шихабтан әз-Зәхирден, бу Зинардан, Абдуррахман ибн Қасымнан, Айша бинт Саад Ибн бу Уаққастан т.б. келтiрiп отырған. Ал одан хадистердi алып келтiрушiлер Суфиан ас-Саури, АбдуллаҺ Ибн Мубарак, аш-Шафии, Мухаммад Хасан аш-Шайбанилер болған.

Имам Шафии былай деген: “Егер қандай да бiр хадис Маликтен келтiрiлсе, онда ол – жарық жұлдыз”.

Анас Ибн Мәлик 900 шейхтан бiлiм алған, ал оның 300-i табиғиндер едi.

Егер әлдекiм имам Мәлiкке фиқҺ саласынан сұрақ берсе, онда ол оған ауызша жауап берген немесе қағазға жазып берген. Ал егер одан хадис жөнiнде сұраса, онда ол алдымен тазаланып, дәре талатын, сосын хош иiс себiнiп, жұпарланатын, содан кейiн барып хадистердi айта бастайтын. Мұның бәрiн ол АллаҺтың Елшiсiнiң, салла АллаҺу алейҺи уә сәллам, хадистерiне деген құрмет сезiмiнiң арқасында iстейтiн.

Бiр күнi имам Малик Пайғамбардың, салла АллаҺу алейҺи уә сәллам, хадисiн әңгiмелеп отырған кезiнде оны шаян шағып алады, бiрақ ол әңгiмесiн тоқтатқан жоқ. Қашан ол хадистi толық айтып болған кезiнде, оны шаян шаққанын аңғарып қалған жанында отырған серiктерi одан әңгiменi неге тоқтатпағанын сұрады. Сонда ол былай деп жауап қайтарды: “Мен РасулуллаҺтан, салла АллаҺу алейҺи уә сәллам, ұялдым”.

Бұл ұлық кiсiнiң тақуалығының шегi жоқ едi, оның өлер алдында айтқан мына сөзi соның бiр көрiнiсi: “Мен өзiм шығарған әр пәтуам үшiн өзiме бiр-бiр дүре соғылғанын қалар едiм”. Ол мұны пәтуа берушiге жүктелетiн жауапкершiлiктiң ауыр жүгiн сезiнгендiгiнен айтқан болар.

Бiр күнi имам Маликтен алыс жұрттан халықтың жұмсауымен бiр адам келдi. Ол одан қырық шақты сұрақтың жауабын алып қайтпақшы едiм. Сол үшiн ол алыстан ат арытып, бiр ай жол жүрiп, Мәдинаға көп қиыншылықтармен жеттi. Ол адамның кейбiр сұрақтарына имам Малик жауап бере алмады: “АллаҺтың атымен ант етемiн, мен бұл сұрақтардың жауабын бiлмеймiн”. Сонда әлгi адам қатты таңқалып: “О, Имам! Менi жұртым жiбердi ғой… мен сонау алыстан жеттiм ғой… мен оларға қайтып барғанда не деймiн?”, – дедi. Имам Малик айтты: “СубханаллаҺ! Сен оларға турасын айт: “Малик бұл сұрақтардың жауабын бiлмедi деп”. Имам Малiктiң iлiмде биiк дәрежеге жеткенi соншалық, одан тiптi, бұрын өзi сабақ алған кiсiлерi келiп бiлiм үйренетiн. Сөйте тұра имам Малик қарапайымдылығы мен кiшiпейiлдiлiгiнен ешуақытта танған емес. Ол бiр сөзiнде былай деген: Мен тек қана адаммын, тура да болам, кей кезде қателесемiн де. Егер менiң сөздерiм және пiкiрлерiм Құран мен суннаға тура келсе алыңдар да, тура келмесе тастаңдар”.

Имам Малик АллаҺтан шын қорқатын, нағыз құлдарынан едi. Оның АллаҺтың бiрлiгi жөнiндегi түсiнiктерi сахабалардың түсiнiктерiмен сәйкес келiп жататын. Халид Ибн Муслимнiң риуаяты бойынша имам ад-Дарукутни әңгiмелейдi: “Мен Маликтен: АллаҺтың сипаттары туралы не дейсiз?” – деп сұрадым. Ол оған былай деп жауап бердi: “Қалай келдi (яғни, түстi), солай қабыл етiңдер (яғни, өзгертпеңдер).

Ибн Абдул Барр әңгiмелейдi: “Адамдар имам Маликтен: “Қиямет күнi АллаҺ Та`ала көрiне ме?” – деп сұрады. Сонда ол: “Ия”, – деп жауап бердi және Қиямет сүресiнiң 22-23 аяттарын дәлел етiп келтiрдi”.

Жағраф Ибн АбдуллаҺтың риуаяты бойынша бу Нуғайм айтты: “Бiр күнi бiз Малик Ибн Анаспен бiрге отырған едiк. Сол кезде бiр кiсi келiп: “й, АбдуллаҺтың әкесi, Құранда АллаҺ Та`ала: “Рақымды тақтың үстiне көтерiлдi”, – деп айтты, сонда қалай көтерiлдi? – деп сұрады.Оның бұл қылығына имам Малик қатты ашуланып, басын көтерiп алды, қолына ұстап отырған талдың бұтағын тастай салды да былай дедi: “Қалай дегенiң ақылсыз (яғни, түсiнiксiз) сұрақ, көтерiлуде белгiсiздiк жоқ, бұған иман келтiру уәжiп, ал бұл туралы сұрау бидғат. Мен сенi бидағатшы деп есептеймiн”, – дедi де оны қуып жiбердi”.

Имам Маликтiң былай дегенi бар: “АллаҺ Та`ала аспанда, ал оның iлiмi барлық жерде”. Ал иман туралы: “Иман – бұл сөзбен және амалмен болады, көбейедi және азаяды”. Тағы бiрде былай деген: “Егер адам АллаҺ Та`алаға серiк қоспай, үлкен күнәларға батып кеткен болса, бiрақ кейiн тәубаға келiп, нәпсiден тыйылса әрi бидғаттан аулақ болса, онда ол жәннатқа кiредi”.

Мәлик Ибн Анас белгiлi кiтаптардың бiрi, – “л-Муатта” деп аталатын хадистер жинағының авторы боп табылады. Имам Шафии бұл кiтапқа былай деп баға берген едi: “Жер бетiнде АллаҺтың Кiтабынан кейiнгi Маликтiң кiтабынан жақсы кiтап жоқ”. Ол тұста әл-Бухаридiң “Сахих әл-Бухари” – деп аталатын хадистер жинағы әлi дүниеге келмеген болатын. Ал бүгiнгi таңда ғалымдар АллаҺтың Кiтабынан кейiнгi ең жақсы кiтап әл-Бухаридiң “Сахихтары” деп есептейдi.

л-Муаттаның екi нұсқасы ғана сақталған:

1. Имам Маликтiң ең көрнектi шәкiртi Мухаммад ибн әл-Хасан аш-Шайбани нұсқасы.
2. Иахия әл-Лейси әл-Андалуси нұсқасы.

Бұлар белгiлi бiр тақырыптар бойынша жинақталған ең алғашқы хадистер жинақтарынан едi.

Исламның ұлы ғұлама ғалымдарының бiрi имам Малик Ибн Анас һиджраның 179 жылы (785ж.) рабиғул-әууәл айының жексенбiсiнде қайтыс болды. Оның мүрдесi Мәдинадағы әл-Бақи қорымының есiгi тұсына жерлендi.

Имам ан-Науауидiң айтуы бойынша, имам Малик жан тапсырар алдында былай деген: “Болған нәрсенiң және болатын нәрсенiң барлығы АллаҺтың құзырында”.

Күллi мұсылман қауымы iлiмнiң биiк дәрежесiне жеткен деп санайтын имам Малик өлiп бара жатып: “Мен түк бiлмей өлiп бара жатырмын!” – деп айтқан екен.

Әсел
28-11-10 06:52
Хазреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

"Өз қате-кемшілігіңді көрмей, өзгенің қате-кемшілігін бетіне басудан сақтан!"

(Имам Ахмед)

Адамбаласы, өзінің ғана кемшіліктерін көріп, солардан-ақ қолы босамауы керек. Басқаларының кемшіліктерімен айналысу, оларды ортаға салу, адамға күнәдан басқа ешқандай табыс әкелмейді
Кәрім
21-11-10 06:59
\"кімде-кім намаз оқыса және сол оқыған намаза оның ашық және жасырын түрдегі жамандықтар істеуіне бөгет болмаса, намазы тек қана оның Аллаһқа деген ұзақтығын арттырады
ара
15-11-10 06:21
1. Мен Расулаллаһтын (с.ғ.с): “Пенде мен иман және күпірліктін арасын бөліп тұратын тұратын нәрсе- намаз. Намаз оқымаған адам Аллаһқа серік қосқан болады”, - деп айтқанын естідім.
Саубаннан (р..л..ғ) имам Табарани риуаят
етті

2. “Алла Тағала парыз екенін біле тұра намаз оқымаған пенденің істеген барлық жақсылығын жоққа шығарады. Тәубесіне келмейінше ондай пендеге Аллаһтың қамқорлығы нәсіп болмайды”.
Омар ибн Хаттабтан(р..л..ғ) имам Бухари
риуаят етті

3. Олар мен біздің арамыздағы сертті нәрсе- намаз. Кім намазды тастаса ол кәпір болады.
Түсініктеме: Олар- кәпірлер
Бурайдадан (р..л..ғ) имам Тирмизи риуаят
етті

4. Намаз оқымағанның иманы, дәреті болмағанның намазы болмайды.
Хадисті Әбу Дарда” у риуаят етті

5. Кісі мен күпірліктің арасын бөлетін нәрсе - намаз.
Жәбир ибн Абдуллаһтан (р..л..ғ) имам Муслим,
Ахмад, Насаи, Тирмизи риуаят етті

6. Аср намазын оқымаған адамның істеген амалдары күйеді
Бурайдадан (р..л..ғ) имам Бухари риуаят етті

7. “Бір кісі келіп: “Я, Расулаллаһ (с.ғ.с)! Исламда Аллаһ Тағаланың ең жақсы көретін амалы қандай амал?”, деп сұрады. Ол (с.ғ.с): “Уақтылы оқылған намаз. Себебі, намаз – діннің тірегі, ал намазды тастағаның діні болмайды”, - деп жауап берді.
Омардан (р.л.ғ) имам Байһақи риуаят етті


Алтын
15-11-10 06:11
«Нәпсісінен есеп алып (оған ие болып), өлімінен кейінгісі үшін амал еткен – ақылды адам. Ал нәпсінің (шегі көрінбес) арман-тілектерін орындап, әрі Аллаһқа босқа үміт артып, қалауын сұраған – бейшара, әлсіз адам» (Тирмизи, Қиямет, 26).
Хасан
24-10-10 08:04
Хадистер

Бір күні сахаба Әбу Һурайра (р.а) Пайғамбарымызға (с.а.с) келіп:

– Қиямет күні сенің шапағатыңа ие болатын ең бақытты адам кім, ей, Аллаһтың Елшісі?, -деп сұрағанда, хазреті Пайғамбар (с.а.с):

– Сенің хадис үйрену талабыңның кереметтігін білгендіктен бұл хадисті ешкімнің сенен бұрын сұрамайтынын сезген едім. Қиямет күні менің шапағатыма ие болатын ең бақытты кісі - "Лә иләһә иллаллаһ***" деген адам, -деп жауап қатты."

(Имам Бухари)

* Аллаһтан басқа тәңір жоқ
Айнық
14-10-10 15:10
Мүминдердің әмірі Әбу Хафс Омар ибн Хаттаб (р.а) Аллаһ елшісінің (с.а.с): “Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты және расында, әрбір адамға ниет еткені тиесілі. Сондықтан кім Аллаһ пен Оның елшісіне қоныс аударатын болса, онда ол Аллаһ пен Оның елшісіне қоныс аударған болып табылады. Ал кім қол жеткізетін дүние немесе үйленетін әйел үшін қоныс аударса, онда ол сол қоныс аударған нәрсесіне қоныс аударған (болып саналады)”,-дегенін естідім”,-деп риуаят етеді.
Адай
12-10-10 06:28
Жансая қарындасыммен басқа да бауырларыма Аллаһ сауаптан жазсын, міне нағыз ислам деген осы, бәріңіз осындай жерде жүріңіз
Хасан
10-10-10 08:08
«Мұсылманның ішіндегі ең абзалы – мінезі ең жақсысы».

«Мен тек жоғары парасаттылық үлгісін көрсету үшін жіберілдім»
Кәрім
26-09-10 07:45
Помни об Аллахе - и Он, помня о тебе, защитит тебя; помни об Аллахе - и ты почувствуешь, что Он перед тобой. Если ищешь ответа на вопрос, спрашивай у Аллаха; если ищешь помощи, взывай о ней к Аллаху". // хадис от Абу Абасса Абдуллы // Ат-Тирмизи

"Каждый мусульманин - брат мусульманину, а потому он не должен притеснять его. Всякому, кто поможет в нужде своему брату, Аллах поможет в его собственной нужде. Всякого, кто оградит мусульманина от напасти, Аллах оградит от тягот в День Суда". // хадис от Абдуллы бин Умара // Сахих аль-Бухари

"Не завидуйте друг другу; не испытывайте ненависти по отношению друг к другу; не отворачивайтесь друг от друга, а будьте, о слуги Аллаха, братьями. Один мусульманин - брат другому мусульманину: он не притесняет его и не предает его интересы, он не лжет ему и не оскорбляет его призрением. Очень дурно для каждого человека испытывать чувство презрения по отношению к своему брату мусульманину". // хадис от Абу Хурейра // Муслим

"Вера в Бога Единого заложена в каждом ребенке отроду, и только родители делают его иудеем, христианином или язычником". // хадис от Абу Хурейра // Сахих аль-Бухари

"Поистине, Аллах любит мягкость (доброту) в каждом деле". // хадис от Аиши // Бухари и Муслим

"У верующего есть шесть особых обязательств (по отношению к другому) верующему: он навещает его во время его болезни, присутствует на его похоронах, отзывается на его приглашение, приветствует его при встрече, желает ему благого, и искренен (сердечен) по отношению к нему в его присутствии и отсутствии". // хадис от Абу Хурайры // Бухари и Муслим

"Помни об Аллахе - и ты узришь Его. Поминай Господа во дни благоденствия - и он вспомнит о тебе в дни твоих тягот. И знай - победа приходит только с терпением и стойкостью духа; печаль сменяется радостью, а на смену тяготам приходит счастье". // хадис от Абу Аббаса Абдуллы // Ат-Тирмизи

"Всевышний Аллах смотрит не на вашу внешность и состояние, а на ваши сердца и поступки". // хадис от Умара бин аль-Хаттаба // Сахих аль-Бухари

"Поистине, мягкость, в чем бы она ни выражалась, украшает, а ее отсутствие, в чем бы оно ни выражалось, поистине очерняет (порочит)". // хадис от Аиши // Муслим

"Кто призывает делать добро, тому – награда, подобная награде того, кто его делает". // хадис от Абу Мас‘уда Укбы // Муслим

"Не сообщить ли вам, кому запрещен Ад? Запрещен он каждому, кто близок (к людям), снисходителен, мягок, прост (в общении)". // хадис от Абдуллаха ибн Мас‘уда // Тирмизи

"То достоинство, за которое большинство людей войдут в Рай, это их набожность и хороший тон поведения". // хадис от Абу Хурейра // Ат-Тирмизи

"Не пренебрегай ничем из одобряемого, хотя бы тем, чтобы встретить своего брата с радушным лицом". // хадис от Абу Зарра Джундаба // Муслим

"Лучшим из людей является тот верующий, который дерзает на Господнем промысле всей своей жизнью и всем своим добром". // хадис от Абу Сайда аль-Кудри // Бухари и Муслим

"Улаживайте разногласия между мусульманами, так как злоба между ними губительна". // хадис от Абу ад-Дарда

"Богатство человека не в изобилии мирских благ. Истинное богатство - это богатство души". // хадис от Абу Хурайры // Муслим

"Если ты испытываешь чувство любви к своему брату, поспеши сказать ему об этом". // хадис от Абу Каримы // Абу Дауд и Тирмизи

"Живи в этом мире как чужестранец или случайно забредший путник. Если вы доживете до вечера, не тешьте себя иллюзиями. что будете живы утром, а доживете до утра, не будьте уверены, что останетесь живы до вечера, и берите из вашего здравия - в счет болезни, а из вшей жизни - в счет смерти". // хадис от Ибн Умара // Сахих аль-Бухари

"Мусульманин - это тот, кто никогда не причиняет вреда другому мусульманину ни языком, ни руками ..." // хадис от Абдуллы бин Амр аль-Аас // Муслим

"О люди, вам следует сохранять спокойствие, ибо, поистине, благочестие проявляется не в спешке". // хадис от Ибн Аббаса // Сахих аль-Бухари

"Беритесь за такие дела, которые вам по силам, ибо, поистине, Аллах не устанет награждать вас, пока вы не устанете совершать благие дела". // хадис от Айиши // Сахих аль-Бухари

"Тот, кто восстанавливает мир между людьми, даже путем измышления какой-нибудь доброй неправды, не является лжецом". // хадис от Умм Культум бинт Укба // Сахих аль-Бухари

"По отношению друг к другу верующие подобны строению, отдельные части которого поддерживают друг друга". // хадис от Абу Мусы // Сахих аль-Бухари

"Тот, кто находится среди людей и делит с ними их невзгоды, получит лучшую награду у Аллаха, нежели тот, кто сторонится людей, не разделяя их беды". // хадис от аль-Хассана ьин Али // Ат-Тирмизи

"Никто из вас не должен молится о своей скорейшей смерти, потому что, если вы хороший человек, у вас будет больше возможностей увеличить количество благих поступков. Если же вы нехороший человек, у вас появится шанс исправить свое дурно прошлое". // хадис от Абу Хурейра // Аль-Бухари и Муслим

"Делая запретным, то что дозволено Богом, вы совершаете грех, а возводя дозволенное в ранг закона для себя, вы удостаиваетесь награды". // хадис от Абу Зарра // Муслим

"Один человек попросил Пророка дать ему совет, который Пророк считает особо важным. Пророк сказал: никогда не поддавайся порыву гнева. Человек повторил свой вопрос несколько раз, но каждый раз Пророк отвечал: никогда и ни при каких обстоятельствах не поддавайся порыву гнева". // хадис от Абу Хурейра // Бухари

"На пути Аллаха истинно воюет тот, кто воюет за торжество Господнего Слова". // хадис от Абу Мусы // Сахих аль-Бухари

"Не будет помилован тот, кто сам не проявляет милосердия к другим". // хадис от Джарира бин Абдуллаха // Сахих аль-Бухари

"Праведник, который силен духом и телом, более угоден Аллаху, нежели тот, кто слаб и немощен, хотя оба они несут добро. А потому стремитесь к тому, что идет вам на пользу и крепит ваши силы, не будьте небрежны и не проявляйте апатии в борьбе". // хадис от Абу Хурейра // Муслим

"Что бы узнать, что такое праведность, обратить к своему сердцу. Праведность - это то, что не беспокоит душу и сердце, а прегрешение - это то, что недобро шевелится в душе и тяжело мечется в груди". // хадис от Вабиса ибн Мабада

"Когда Всевышний Аллах возлюбит кого-нибудь, Он подвергает его испытаниям. Тот, кто принимает их и с честью выдерживает, получает довольствие Аллаха". // хадис от Анаса бин Малика // Ат-Тирмизи

"Старайтесь облегчать, а не усугублять положение вещей, старайтесь давать людям только добрые вести. Не заставляйте их сторонится вас". // хадис от Анаса бин Малика // Сахих аль-Бухари
Азамат
17-09-10 14:37
ХАДИС ҒЫЛЫМЫ ЖАЙЛЫ ҚЫСҚАША МАҒЛҰМАТ
1. “Хадис” сөзiнiң мағынасы
“Хадис” сөзiнiң тiлдiк мағынасы – жаңа, сөз, әңгiме. Шарғи мағынасы – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтқан сөздерi, iстелген iстерi мен төрелiктерiнiң жинағы.
2. “Хадис” пен “сүннәт”-тiң айырмашылығы
Мухаддистердiң (мухаддис – хадис ғалымы) айтуынша “хадис” және “сүннәт” сөздерi шарғи мағына жағынан бiр-бiрiне өте жақын. Толығырақ айтқанда, “хадис” және “сүннәт” – Пайғамбардың (с.ғ.с.) айтқан сөздерi, iстеген амалдары, шарғи үкiмдерi. Алайда, бұл екi сөздiң түпкiлiктi мағыналарына үңiлер болсақ, арасында бiршама айырмашылық барын аңғарсақ болады.
“Хадис” – сөйлеу және айту арқылы келген хабар. Әрi Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзi не болмаса iстеген амалы “хадис” деп айтылады. ғұламалардың кейбiрi “хадис” сөзiнiң “жаңа” деген мағынасы бар екенiн ескере тұрып, оны “қадим” (ескi, бұрын болған) сөзiне қарсы мәндес сөз ретiнде қолданып, “қадим” дегенде Қасиеттi Құран Кәримдi, ал “хадис” дегенде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөздерiн назар тұтқан. Осы себептен ғұламалардың көпшiлiгi Аллаһ Тағаланың сөзi болған Қасиеттi Құран Кәримдi “хадис” деуден сақтанған.
“Сүннәт” сөзiнiң тiлдiк мағынасы – жол. Шарғи мағынасы – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) iстеген iсi, ұстанған дiни жолы. Бұған дәлел ретiнде “хадис” және “сүннәт” сөздерiнiң түпкiлiктi мағынасынан хабардар болған ғұламалардың: “Бұл хадис қиясқа, сүннәт пен ижмаьқа (ижмаь - ғалымдардың ұжымдық қаулысы) қарсы келедi”, “хадис имамы (ғалымы)”, “сүннәт имамы”, “хадис және сүннәт имамы”, - деген сөздерiн келтiрсек болады.
3. “Құдси” хадис
Хадистер iшiнара “нәбәуи” және “құдси” (сөзбе-сөз: қасиеттi) болып екi түрге бөлiнедi.
“Нәбәуи хадис” - сөзi және мағына жағынан тек Пайғамбарға (с.ғ.с.) қатысты болған хадис. Мысалы: “Менiң атымнан жалған айту басқалардың атынан жалған айтқандай жай нәрсе емес. Кiм менiң атымнан жалған сөз айтса, тозақтан өзiне орын әзiрлей берсiн.” (Имам Бухари және Имам Муслим)
“Құдси хадис” - Құран аяттары тәрiздi анық уахи (хабар) етiлмеген дiнге қатысты Аллаһ Тағаланың бұйрығы. Осы себептен “құдси хадис” дәрежелiк жағынан Құран аяттары мен “нәбәуи хадистiң” арасында тұрып, “Аллаһ Тағала айтады…” деген сөзбен басталады. Осы себептен, кейбiр ғұламалар: “Құдси хадис” – Аллаһ Тағаланың сөзi”, - деген пiкiрде болған. Алайда, ғұламалардың көпшiлiгi: “Құдси хадистiң” сөзi - Пайғамбардан (с.ғ.с.), мағынасы – Аллаһ Тағаладан”, - деп айтқан. Әбу Әл-Бақоның “Күллийатү Әбил-Бақо” атты еңбегiнде осы айтылғанға қатысты былай деген: “Құран –анық уахи арқылы Аллаһ Тағала хұзырынан түсiрiлген сөз және оның мағынасы. Хадис құдси – илһам (көңiлге салу) немесе түсiнде хабар ету арқылы Аллаһ Тағала хұзырынан келген сөз.”
4. Хадис ғылымындағы дәрежелер
“Риуаят етушi” – хадистi айтып берушi. “Риуаят” сөзiнiң өзi – “айтып беру”, “айту”, “хабар ету” деген мағынаны бiлдiредi.
“Муснид” – хадистi, оны айтып берген адамдардың тiзiмiнде қателеспей айтып берушi. “Муснидтiң” хадис ғылымы саласында арнайы бiлiмi болуы шарт емес. Оның мiндетi тек хадистiң мәтiнi мен тәртiп бойынша оны риуаят етушiлер тiзiмiн айны-қатесiз айтып беру.
“Мухаддис” – хадистi, оны айтып берушiлердi, олардың қандай адам екенiн (мысалы, өтiрiк айтпайтын немесе жалған сөйлейтiнiн) бiлген, мүмкiндiгiнше хадистердi жатқа бiлген, “кутубу ситта”-ны, Имам Ахмад ибн Ханбалдың “Муснад”-ы, Имам Байһақидiң “Сунан”-ы мен Имам Табаронидiң “Муьжам”-ын оқып, зерттеген, әрi бұған қоса мың жүзге жуық хадистердiң мәтiнiнен хабары болған адам.
“Хафиз” – хадис ғылымымен шұғылданғандардың арасында ең жоғары дәреге ие болған адам. “Хафиздер” түрлiше сипатталған. Кей ғалымдардың пiкiрiнше ол сипаттамалардың кейбiрi төмендегiше - Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннәттәрiн бiлiп, олардың муснидтерiнен хабары болу. Тек дұрыстығында күмән болмаған хадистермен амал етiп, iшiнде қайшылық болған хадистердi жатқа бiлу. Хадистердi мағынан жағынан айыра бiлу. “Хафиздер” мыңдаған хадистi жатқа бiлумен ерекшеленген. Мәселен, Имам Бухари: “Мен жүз мың сахих (дұрыстығында күмән болмаған) және екi жүз ғойри сахих (дұрыстығында күмән болған) хадистi жатқа бiлемiн”, - деп айтқан. Алайда, “хафиздер” мыңдаған хадистердi жатқа бiле тұрып, қате не болмаса жат нәрсенi Исламға телуден сақтанып, оның белгiлi мөлшерiн, яғни сахих хадистердi ғана риуаят еткен. Мухаддистердiң мұндай тақуалығына қатысты Әл-Аьмаш былай деп айтқан: “ғылым, шариғатқа бiр “уау”, “әлиф” не болмаса “дәл” (яғни, бiр әрiп) қосудан көрi, аспаннан жерге құлап жан тапсыруын артық көргендердiң қолында болды. Ал, қазiргi таңда ғылым ойланбастан ант ететiндердiң (яғни, ынсапсыздардың) қолына өттi.”
“Хаким” – хадис ғылымында керемет көп хадистердi жатқа бiлетiн, оның назарынан кейбiр хадистер ғана шет қалғандай шалқар бiлiмдi адам.
5. Иснад және муснад
Иснад сөзiнiң екi мағынасы бар. Оның бiрiншiсi – хадистi айтқан кiсiсiне тиiспеу. Екiншi мағынасы – хадис мәтiнiне жеткiзетiн рауилердiң шежiресi (тiзбегi). Сонымен қатар, мағынасы жағынан жақын болу себебiнен хадис ғылымында “иснад” сөзiмен қатар “санад” сөзi де қолданылуы мүмкiн. өйткенi, “санад” сөзiнiң тiлдiк мағынасы – “таяныш, сүйенiш” болса, ал хадис ғылымы саласында “иснад” тәрiздi – “мәтiнге жеткiзетiн рауилердiң шежiресi” мағынасында қолданылады.
Иснадтың маңыздылығына жайында Имам Аузағи: “Иснадтың жоғалуы – iлiмнiң жоғалуы”, - десе, белгiлi ғалым Абдуллаһ ибн Мүбарак: “Иснад – дiн, егер иснад болмаса кiм не қаласа соны айтады”, - деп айтқан.
Иснад – риуаятты бiреуге сүйеу, яғни “пәленше айтты” деу. Ал олай дейтiн кiсi хадистi кiмнен естiгенiн, ол ұстазы хадистi кiмнен нақыл еткенiн, оның соңы Пайғамбарға (с.ғ.с.) тұтаса ма, жоқ па екендiгiн толығымен, жаңылмай, шатастырмай айта бiлуi қажет. Осы талапқа жауап бере алмаған “мен мухаддиспiн” дей алмайды. Демек, иснадсыз, бiреуге сүйемей хадис айтудың қадiр-құны жоқ. Мұса пайғамбардың Таураты қанша мадақтаса да, сонау кiтапты қабылдап алған пайғамбарынан неше мың жылға ұзақтап кеттi, ал Iнжiлдiң нұсқаларының көптiгiнен христиан дүниесiнiң басы қатып отыр. “Жоханнан” (от Иоанна) немесе “Матайдан” (от Матфея) деп жазылған кiтаптың “от”-ты айтып отырған кiсiнiң кiм екендiгiн бiз түгiл, соншама ынталы христиандардың өздерi де бiлмес. Тiптi, сол дәрiптелген Iнжiлдiң қай тiлде түскенiн де ешкiм дөп басып айта алар ма екен? Ал (Құран аяттарын былай қойғанда) Исламда “дағиф” (сенiмдiк дәрежесi әлсiз) хадистiң де иснады бар, оны айтқан кiсi мен оны тiркеген жандар атаулы. Ислами кiтаптарда күдiк тудыратын тұжырымдар жоқ.
6. Хадистердiң түрлерi
Хадис, дұрыстығында күмән болу немесе болмауына байланысты “мақбүл” (қабыл етiлетiн) және “мардуд” (қабыл етiлмейтiн) болып бөлiнедi. “Мақбүл” хадистi – сахих (дұрыстығында күмән болмаған), “мардуд” хадистi – дағиф (әлсiз, нашар) деп айтады. Сонымен қатар, екеуiне де ортақ болған хадистi “муштәрәк” деп атайды.
Дiн саласында хабары аз адамдардың арасында көп кездесетiн жағдай - оң-солына жетпей Пайғамбар (с.ғ.с.) не болмаса сахабалардың р.л.ғ. аузынан шықпаған сөздi “хадис” деп айтуы. Мұндай жағдайда ондай адамның айтқан сөзi “хадис” емес, жалған болады. Бұл айтылғанға мысал ретiнде Имам Хакимнiң сөзiн келтiрсе болады: “Бiзге Мухаммад ибн Хатим Әл-Каши келдi. Ол Абдi ибн Хумайд атынан хадис айта бастады.
Әбдi қашан қайтыс болды? – деп сұрадым.
206 жылы – дедi ол.
Бұл кiсi Әбдi ибн Хумайдтын өлген соң 13 жыл кейiн хадис естiптi.”
Мұндай әңгiме “маудуь (жалған) хадис” деп айтылады.
7. Сахих хадис
Хадис саласында дұрыстығына қарай хадистердiң дәрежелерi болады.
Сахих – муснады мен иснады үзiлмеген және нұқсансыз, оны айтушы мен одан риуаят етушiнiң ақыл-есi дұрыс, дұрыстығында күмән болмаған хадис.
Сахих хадистер iштей “мутауатир”, “ахад”, “машһур”, “мустафиз”, “азиз” және “ғариб” болып бөлiнедi.
1) Мутауатир – рауилердiң шежiресiнде тек шыншыл, жалғандыққа барматын рауилердiң айтқан хадистер. “Мутауатир” хадистер өз кезегiнде:
Мутауатир ләфзи – сөзi (лебiзi) де, мағынасы да “тауаутур” үкiмiнде болған хадис. Мысалы: “Менiң атымнан әдейi жалған сөйлесе, тозақтан орнын дайындай берсiн” хадисi. Бұл хадистi жиырмадан аса сахаба р.л.ғ. риуаят еткен.
Мутауатир маьнауи – мағынасы “тауаутур” дәрежесiне жеткен, сөзi тауатур дәрежесiнде емес. Мысалы, намазда қол көтерiп құлақ қағу, дұғада қол көтеру сияқты хадистердi жүз қаралы сахаба риуаят еткен. Осы тәрiздi хадистер тым көп, бiрақ түрлi орындарда әртүрлi себептерге байланысты келiп, олардың арасында дұғада қол көтеру белгiсi ортақ болып жеткен. Дұғаның басқа түрi жоқ.
Мұндай хадистердiң түрi көп, мысалы, мәсiнiң немесе етiктiң үстiнен мәсiх тарту, намазда екi қолды көтеру және: “Аллаһ Тағала бiр пендесiн көркейтсiн, ол Менiң айтқан хадисiмдi естiп…” деп басталатын хадисi. Бiз мұндай хадистi iздесек тым аз.
2) Әәхәд – бiр ғана адам риуаят еткен, “мутауатир” хадистiң дәрежесiне жете алмаған хадис. “Әәхад” хадистерiнiң үкiмi дәлелдi, зерттеудi қажет етедi.
3) Машһур – бұл да “мутауатир” хадистiң дәрежесiне жете алмаған, үш немесе одан көп мухаддис риуаят еткен хадис. Мысалы: “Аллаһ Тағала ғылымды суырып алмайды…” хадисi. Хадистi Имам Бухари, Имам Муслим, Имам Тирмизи, Имам Ибн Мажәһ және Имам Ахмад риуаят еткен.
4) Мустафиз – машһурге ұқсас, бiрақ машһурге қарағанда жалпылау хадис. “Мустафиз” хадистiң рауилерi екеуден артық болуы шарт.
5) Азиз – рауилерi екеуден кем болмаған хадис. “Азиз” хадистiң рауилерi екiден артық болуы мүмкiн, алайда екiден төмен болмауы тиiс.
“Машһур” хадистiң иснады дұрыс болса, “мустафиз” және “ғариб” хадистерiнен жоғары тұрады. Ал, “ғариб” деп бiр ғана рауи риуаят еткен хадистi айтады.
8. Хасан хадис
ғұламалар “хасан хадистiң” түсiнiктемесiне қатысты түрлi пiкiр айтқан. Соның iшiнде “қандай хадис “хасан” болады?” деген сұраққа – “муттафақун ьаләйһи” болмаған, яғни Имам Бухари мен Имам Муслим “Сыхахтарына” енбеген сахих хадистер” деген жауап бар. “Хасан” хадис “сахих” және “даьиф” хадистерiнiң арасындағы дәреженi иеленедi.
9. Даьиф хадис
Даьиф – “сахих” және “хасан” хадис сипатында болмаған, яғни, иснады мен муснадында және мәтiнiнде белгiлi дәрежеде кемшiлiктерi болған мен хадис. Даьиф хадистер iштей “мурсал”, “мунқотиь”, “муьдәл”, “мудаллас”, “муьалләл”, “мудтариб”, “мақлүб”, “мункар” және “матрук” болып бөлiнедi.
10. Бүкiл әлемге әйгiлi мухаддистер және олардың еңбектерi
Қазiргi таңда кеңiнен тараған, түгел Ислам әлемi мойындаған ең алғашқы алты хадис кiтабы “Сыхах ситтә” – “Атақты Алтау” деп аталады. Оқырмандар үшiн осы “Атақты Алтауды” таныстырған артық болмас, өйткенi бұл еңбектердi жазған кiсiлер хадис ғылымында Ислам әлемiнiң маңдайына бiткен алты жұлдыз iспеттi қаралады. Бұл “алтылықтың” алғашқы төртеунiң жазбагерлерi түркi тектес жандар едi, олар: Имам Бухари, Имам Муслим, Имам Тирмизи, Имам Насаи. Имам Әбу Дауд та Иранның Систан уәләятынан, ал “Систан” сөзiне Файрузабади сөздiгiнде мынадай түсiнiктеме бар: “Систан” – араби “сижистан”, әсiлiнде “сақстан”, сақ тайпалары жасаған жер”.
1. Әбу Абдуллаһ Мухаммад ибн Исмағил ибн Муғира ибн Бардызда (Бiртiзбе болуы да мүмкiн) Әл-Бухари Әл-Жуьфи. 194 һижрада 13 шәууәл айында Бухарада туылған. 256 һижраның Рамазан айының айтында қайтыс болды. Ол жетiм өскен, жастай Құранды жаттаған, 9 жасында хадиске қойған. 210 һижрада анасы және бауырымен қажылыққа барып, хадис ғылымы жолында сонда қалды. Ол 16 жылда “Әл-Жәмиьус-Сахих” кiтабын жазып, оған 600 мың хадистен 9000 хадистi терiп қосты. Имам Бухари жастай көзден зағип болып қалады. Анасы дуалы ауыз, өте пәк кiсi болатын. Соның дұғасының себебiнен Имамның көзi ашылды. Оған түсiнде Ибраһим пайғамбар келiп: “Ей, пәкиза жан! Хақ Тағала мейiрi түсiп, сенiң дұғаңның арқасында балаңның көзi қайта қалпына келдi”, - деп хабар бердi. Ол кiсi қайтыс болып, жерленген соң, оның қабiрiнен қанша уақыт өте жағымды хош иiс тарап жатты. Бұған сол Хартаң қыстағы тұрғындарының бәрi де куәлiк еткен.
2. Имам Муслим, ол Әбул-Хасан Муслим ибн Хажжәк ибн Муслим Ән-Нисабури (206-261 һ.ж.) Ирақ, Хижәз, Шам елдерiн аралаған. Имам Бухариден де пайдаланған, оны бағалай бiлген. Имам Ахмад, Исхақ ибн Роһайуһ және басқа ғұламалар оның ұстазы болды. 4000 түбiр, негiз болған, қайталанбас хадис кiтабы “Сахихтi” жинақтады.
3. Үлкен хафиз, “хүжжәт” – iлiмi хадисте уәж, дәлел, Әбу Иса Мухаммад ибн Иса Ибн Саура Әт-Тирмизи. Имам Бухари мен Ибн Мәдинидiң шәкiртi. Хадис жат алуда оны жұрт үлгiге айтатын. Ол өзiнiң кiтабын былай дейдi: “Мен бұл кiтапты аяқтап, Хижәз, Ирақ және Хорасанның ғұламаларына көрсеттiм. Олар разыдық бiлiдiрдi. Кiмнiң үйiнде осы кiтап тұрса, мысалы оның үйiнде бiр пайғамбар сөйлеп тұрғандай”. Имам Тирмизи 209 жылы туылып, 279 һижрада Термiз қаласында қайтыс болған. “Әл-Жәмиь” кiтабының жазбагерi.
4. Хафиз, Исламның шайхы, Әбу Абдур-Рохман Ахмад ибн Шуғайб ибн Әли Әл-Хорасани Ән-Насаи Әл-Қази. “Сахих” атты хадис кiтабын жинақтаған. өз заманында Мысырдың ең көрнектi машайхтарының (ұстаз) бiрi болып, iлiмi хадис бабында “рижәл” (хадис риуаятшылары) және хадис мәтiндерi бойынша сұңғыла ғалым едi. Имам Насаи 215 һижрада туылып, 303 жылы Палестинада қайтыс болды.
5. Әбу Дауд: Сулеймен ибн Ашғас ибн Исхақ Әл-Әзди Сижистани. “Сунан” аталатын хадис кiтабының аâторы. Имам Мухаммад ибн Исхақ Сағани айтады: “Дәуiт пайғамбарға темiрдi жұмсартып бергендей, Аллаһ Тағала оған да хадистi иiп бердi”. Хадис хафиздерiнiң бiрi Мұса ибн Ибраһим былай деген: “Мына жалғанда Әбу Дауд хадиске, о дүниеде жәннат үшiн жаралғандай. Онан артық жан көрмедiм”. Ол 202 һижрада туылып, 275 жылы дүние салған.
6. Ибн Мажәһ: муфассир (тафсиршi), хафиз, Әбу Абдуллаһ Мухаммад ибн Язид Әл-Қазуини. “Ибн Мажәһ” әкесi Язидтiң лақабы. 209 һижрада туған, 273 жылы, Рамазан айында қайтыс болды. Бұл кiсiнiң “Сунан” атты хадис жинағы бар.


Ардақ
11-09-10 09:16
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

"...Аллаһтың әмір еткендерін орындап, тыйым салғандарынан сақтансаң Аллаһ та сені сақтайды. Аллаһтың заңдарына бағынсаң Аллаһ әрдайым жаныңда болады. Тілейтін нәрсеңді тек қана Аллаһтан тіле. Көмек сұрасаң, тек қана Одан көмек сұра. Мынаны жадыңнан еш шығарма, адамдар бәрі жиналып саған көмектеспек болса, Аллаһтың саған жазған нәрсесінен басқасына көмектесе алмайды.
Адамдардың бәрі жиналып саған зұлымдық жасамақ болса, Аллаһтың сен үшін жазғанынан асып еш нәрсе істей алмайды. Себебі, қаламдар тоқтатылып, парақтар баяғыда кеуіп қалған."

(Тирмизи; Муснәд)
Абдуррахман
31-08-10 07:35
Хазреті Пайғамбар (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

"Аллаһтың әмір еткендерін орындап, тыйым салғандарынан сақтансаң, Аллаһ та сені сақтайды. Аллаһтың заңдарына бағынсаң, Аллаһ әрдайым жаныңда болады."

(Тирмизи)
Kaz
29-08-10 09:40
Хазреті Пайғамбардың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

- Бауырыңа ол жауыз болса да, жәбірленуші болса да жәрдем ет, -деп айтты. Мұны естіген сахаба таң қалып:

- Жәбірленушіге жәрдем етермін, ал жауызға қалай жәрдем етемін, - деп сұрағанда Пайғамбар (с.а.с):

- Оған жауыздық іс-әрекетін тыюға көмек беруің - оған сенің жәрдемің болады,
- деп жауап берді.

(Бухари, Тирмизи
Хасан
27-08-10 07:38
Хазірет Жабир (р.а) Пайғамбардың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) былай дегенін риуаят етеді:

\"Кімде-кім мұсылман баласының абыройы мен ар-ұятына нұқсан келетін бір жағдайды көре тұра, оған көмек бермей жалғыз қалдырса, Аллаһ Тағала ондай адамның өзін көмекке өте мұқтаж кезде жәрдемсіз жалғыз қалдырады.\"

(Ахмәд ибн Ханбәл, Әбу Дауд)
Азамат
25-08-10 07:58
Ақыретпен салыстырғанда бұл дүниенің мәні тек қана саусағыңызды теңізге батырып қайта шығарғанда саусағыңызда қалған су тамшысы секілді. Адам теңізден қаншасын қолымен ала алатынына қарасыншы
Асан
23-08-10 07:11
Қандай тамаша форум, Аллаһ бәріңе сауаптан жазсын, әмин
Мария
22-08-10 08:28
"Жәннәттықтар жәннәтқа кіргендерінде бір жариялаушы оларға былай дауыстайды:

– (Ей жәннәттықтар) шүбәсіз сендер жәннәтта мәңгі өмір сүресіңдер, еш өлмейсіңдер. Ауруға шалдықпайсыңдар, үнемі дендерің сау болады. Қартаймайсыңдар, әрқашан жас болып қаласыңдар. Шексіз нығметтерге қауышып, еш уақытта дерт пен қайғы көрмейсіңдер."
Берік
20-08-10 08:06
"Мына екі сипат мұсылманның бойында болмайды: сараңдық пен жаман мінез."

"Бір-бірлеріңізге сыйлық беріңіздер. Шүбәсіз, сыйлықтар сүйіспеншілікті арттырып, жүректен қатыгездікті аластатады."

"Бір адам дұғасының қабыл болуын және қиыншылықтан құтылуын қаласа, таршылыққа ұшыраған адамға жәрдем етсін."

Артықбаев Бекмырза
bekmirza_93@mail.ru
16-08-10 21:59
Bul duniede eki adamnan esep suralmaydi . bireui ali tuilmagan bolsa ekinwisi kaytis bolgan adam
Хадиша
16-08-10 08:32
айғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадисінде былай дейді:

«Үлкен күнәлардан сақтанып жүрген адам үшін бес уақыт намаз, екі жұма және екі Рамазан, сол аралықта істеген күнәларына кәффарат болады» (Муслим, Таһарат, 5).


Нәпсіге деген қарым-қатынасты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай сипаттайды:

«Нәпсісінен есеп алып (оған ие болып), өлімінен кейінгісі үшін амал еткен – ақылды адам. Ал нәпсінің (шегі көрінбес) арман-тілектерін орындап, әрі Аллаһқа босқа үміт артып, қалауын сұраған – бейшара, әлсіз адам» (Тирмизи, Қиямет, 26).
Ахмад
10-08-10 13:52
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамдардың ең қайырлысы – адамдарға пайдалы болғандар. Адамдардың ең жаманы – адамдарға зиянды болғандары»,– деп ескерткен.


страницы:    2   1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
(сообщения с e-mail модерируются быстрее)
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов