Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Танысу
Тақырып: Мусылман бауырлар, Хиджаб кимейтін мұсылман қыздарға қалай қарайсыңдар?


Авторы Xабарлама
Мусылман қыз
Salima8750@mail.ru
20-07-10 10:24
Асслаумағалейкум УаРахматтулахиУаБаракатух бауырлар. Намаз оқитын, бірақ Хиджаб кимейтін қыздар, олар қандай қыздар? Менің көп таныстарым бар, Хиджаб кисе - сектантка дейді, енді не істеу керек?

Авторы Жауап
Жадыра
30-04-13 21:06
салем муылман жамағат. Қазір көп қой жаман ат. Алла сақтап солардан, Қорғанайық қаламат. Сабыр етіп ар іске, Шукирлік ет ар істе. Алла төзім берсекен сабыры жоқ пендеге. Насіп етіп ақжолын, Тозағынан сақтасын. Ата-ананың үмітін, Әрбір бала ақтасын! Қыз намысын сактасын. Амин!
Айгерім
karatamyr
02-09-10 13:36
Мына өлең кімді болса да ойландырары хақ. Арымыз бен тәнімізді сақтайық, қазақ қыздары! Намысқой жігітке Алла разы болсын, аумин, Аллаһу акбар!
Намысқой
02-09-10 13:14
ХИДЖАБ
авторы: Серік Мақұлбекұлы (лирик ақын)

Айтпа дейсің орамал жайлы мүлде,
Қымтанған - болып еді қайғы кімге?
Тақымын көріп епті жігіттердің,
Талай қыз үйретілген тай күнінде.
Көзге ұрып тұрса ашық құлын мүсін,
Дәметіп қарар небір зұлым кісің.
Жалаңаш жарнамаға көз үйреніп,
Арсыздық жайлап, елім, бүлінді ішің.
Қызыңда қызғанатын не қалып ед,
Ұяты он жасында жоғалып ед.
Намысы он бесінде тоналып ед,
Оңаша қалып бөтен бозбаламен,
Үйіне түнделетіп оралып ед.
Кісіге тік қарамас ұятты қыз,
Нұрымен сүйсіндірер шуақты жүз.
Қорғаған абыройын ару көрсек,
Біз надан сұмпай көрген сияқтымыз.
Байыпсыз байбаламын салады ақыр,
Дінменен бір келердей заман ақыр.
Ашық қыз көшеде өскен жеміс сынды,
Көрінген қолын созып ала алатын.
Санасы кім бар бүгін уланбаған,
Қурап бір қалатындай қу болмаған?
Қызыңның бетін сүйіп белін ұстар,
Суық қол су жыландай сумаңдаған.
Көп қазақ хиджап көрсе қапаланар,
Күйініп, оқты көзбен атады олар.
Аңырар ақыретте азап көріп,
Қыздарын қызғанбаған ата-аналар.
Құранға қарсы шығып халқым оңбас,
Өзен боп жанарлардан сарқырар жас.
Орамал тарту – жат ел дәстүрі емес,
Алланың бұйрығы бұл талқыланбас.
Қазағым, қашан сенің ойының оңған?
Ойнасты дәстүр қылдың айнығаннан.
Жездесі балдызының төсін мыжып,
Жеңгесі қайныларын қойнына алған.
Жексұрын мінезің көп, ырбаңдайтын,
Нәпсіңе кезің бар ма құл болмайтын?
Құрдасың әйеліңе қол жүгіртіп,
Құдасы құдашадан құр қалмайтын.
Байқап ал байлайтынын кім бағыңды,
Бұрған жөн жақсылыққа тіл-жағыңды.
Біл, қазақ, орамалды сөккеніңде,
Шайтанның сөзін сөйлеп тұрғаныңды.

Айгерім
karatamyr
02-09-10 10:43
Арине, Бірақ қазір заман талабына сай етіп, тағы да басқа стильдермен шығарылып жатыр. Оның өзі біз әжептәуір жақсы.
Берiк
Вiko75@yа.ru
02-09-10 09:46
Биреулер хаджапты араптики онын казакка еш катысы жок дегенди айтады. Ал негизинде бурынгы атам казак хиджапты казак халкынын салт дастурине сай кимешекпен саукелемен уйлестирип Алланын буйрыгын орындады емеспе
Айгерім
karatamyr
02-09-10 09:27
Ондай қыздар хиджаптың бізге қандай қызмет атқаратынын білиейді. Өз күнәларын өздері көтереді де. Менің ата-анамда басында қарсы болған. Ал қазір мүлдем басқа. Бұл өмірдің сынағынан аман-есен өтіп, тек жәннәтта көрісейік ИншаАллаһ!
Кимде ким кулип турып куна жасаса тозакка жылап киреди.
muslim.siko@mail.ru
22-07-10 12:38
Уа алейкум ассалам уа рахматуллахи уа баракатух. Ой бауырым ондай создердин дым салмагы жок. Жай гана созгой. Бауырым Аллага иман келтирсениз, намазга жыгылып хиджап кисениз, артынша сынак келеди, сол сынакка сабыр етсениз иншАлла артында улкен сауап бар. Сабыр етиниз. Пайгамбарымыздын с.а.у омир баянын окыдынызба? Катты кызыгамын, кандай адам десенизши. Сол заманда пайгамбарымыздан оз туыстары бет бурган болатын, есинен алжыган деп катты создер айтатын, намаз окып жаткан кезинде устине жана сойылган туйенин шек карынын устине тогип жибере салатын. Биздер пайгамбармен салыстырганда кайда оган, биздерде болып жаткан сынак ашейн, жай гана гой. Ендеше сынакка сабыр етиниз. Сабыр сабыр сабыр иманнын жартысына тен келеди. Адамдар айтса айта берсин сиз оган ман бермениз ойткени ол диннен мулдем хабары жок адам ал сиз Алхамдулилах Аллага иман келтирип Алланын разылыгын табуда хиджап кидиниз. Алла разы болсын. Алла фирдаус жаннатын насип етсин. Амин! Ендеше сабыр етейк бари жаксы болады, иншАлла жер бети исламды али-ак мойындайды. Алла сабырлылармен бирге
Рахымжан
rahim.kaka.1987@mail.ru
21-07-10 12:28
Уагалейкум уассалам уа рахматуллахи уа баракатух!Сиз сабыр сактап журе бериниз иншАллах



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube