Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Қазақ тілі
Тақырып: Руно жазуы


Авторы Xабарлама
Нұрлан би
yessengazy@mail.ru
26-01-11 15:34
Руно жазуы
Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Аманқос Мектеп-тегі осылай дейді
- Сіз руно жазуына көшу керек деген пікірдесіз. Руно жазуы туралы түсіндіріп берсеңіз.
- Біздің жазуымыз да, мәдениетіміз де ерте дамыған. Руно дегеніміз – тасты жасампаздықпен сөйлетудің өзі. «Алтын адам» жанындағы күміс тостағандағы жазуымыз бар. Содан бастап есептегенде біздің жазуымыздың тарихы алты-жеті жүз жылға жетіп тұр. Бұл руно жазуымен есептегенде. Ғұбайдолла Айдаров қазақтың маңдайына біткен рунолог-ғалымы еді. Ол рунология бойынша көптеген кітаптар қалдырды, «Күлтегін», «Тоныкөк» «Білге қаған» – бәрін-бәрін зерттеді.
Руно таңбамен белгіленген. Таңба жай таңба емес, оның бәрінің ортақ жүйесі бар ілім. Ол – ілімнің бір бөлшегі. Барлық таңбаны қосқан кезде біздің ұлттық алфавитіміз шығады. Әрбір таңбада сыр бар, ақпарат бар. Рулық таңбалардың барлығы рунологияның шығуына себеп болды. Осы жазу Еуропаға барды. Атилланың кезінде Еуропа осы жазуды пайдаланды. Содан кейін барып латын, грек жазулары пайда болды.
Түркологтар біздің тарихымызды, жазуымызды көп зерттеді. Бірақ олардың өздерінің мүдделері болды. Радлов: «Екі қазақ кездессе, өлеңдетіп сөйлейді», – деген. Қазір екі қазақ өлеңдетіп сөйлессе, дендері сау ма деп күдікпен қарайтын болдық қой. Ғұбекең хақас, гагауыз, әзірбайжан, грузин, түркімен және басқа бірнеше тілді жақсы білді. Сол кісінің кітаптарын оқыдым, зерттедім. Қазіргі кезде Тайжан Досанов мықты рунолог саналады. 1997 жылы сол жігітпен таныстым. Содан кейін рунологиямен шұғылдануға тура келді. Осы жазуды үйренуіміз керек. Сонда ұлтымыздың тарихын, ертедегі ғылымын зерттей аламыз. Платон, Пифагор, Аристотельдер оқыған осы жазуды.
Жақында Венгриядан ғалымдар келді. Олар руноны біледі екен. Егер осы жазуды енгізетін болсақ, түркі халықтарымен де, қазақтың өз ішінде де рухани жақындық күшейе түседі. Рушылдықтан арыламыз. Трайбализмнен арыламыз.
Біздің жазу-сызуымыздың, мәдениетіміздің, тұтастай идеологиямыздың тарихы әріде жатыр. Алайда біздің мәдениетіміз сыртқы бүліншілікке ұшырады. Араб шапқыншылығы кезінде мәдениетіміз зардап шекті. Арабтардың Әл-Муслим Әл-Кутиба деген қолбасшысы болды. Сол мыңдаған адаммен ондаған жылдар бойы біздің дала толған ескерткіштерімізді қиратты. Қиратқан себебі, біз көшіп-қонып жүрген халықпыз ғой. Біз тұтасымен жауынгер әскерміз. Сол мінез, сол дала өмірінің дағдысы бар бізді басқа дінге өткізу қиын болды. Сондықтан бүкіл мәдениетімізді қирату арқылы, бүкіл білікті адамдардың көзін жою арқылы осы дінді қабылдатты. Діннің өзінің де қаупі көп.
- Сонда бізге дін керек пе, керек емес пе?
- Қай діннің де өзінің саясаты бар. Қазіргі Ислам дінінің де өзінің саясаты бар. Шетелден оқып келіп, біздің ғасырлар бойы тәжірибеден, сынақтан өткен салт-дәстүрімізді бұзатын, шариғат былай дейді деп соғатын молда, имамдардың қажеті жоқ. Біз – көзіміз ашық, көңіліміз ояу халықпыз.
- Ұлттық идеология туралы пікіріңізді білсек…
- Идеология – кең ұғым. Адам мен макрокосма, микрокосма, адам мен табиғат арасындағы үйлесімді, сәйкестікті, үндестікті насихаттау керек. Суға түкірме, құдыққа түкірме, күлді баспа, көкті жұлма, жерді шұқыма деген тыйымдар – осының бәрі идеологияға жатады. Табиғат-Ананы әлдилей білуіміз керек. Сонда басқаша қарайды. Экологияны қорғауымыз керек. Алдында айттым ғой, анау ана жақтан, шетелден оқып келді деп еліктей бермеуіміз керек. Миссионерлерден сақтану қажет.
Мемлекеттің идеологиядағы қазіргі ұстанып отырған басты бағыты – халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру. Бұл тұрғыда біршама жұмыстар атқарылуда. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқын ала түсуде. Бірақ біздің мүмкіндігіміз әлі көп. Тек соны халық игілігіне жарата білу – басты мақсат. Қазақстан алпауыт мемлекеттермен шектесіп жатыр. Сондықтан бүгінгі билік шекарада келіспеушілік болмауы үшін жұмыс істеуде. Сыртқы саясатта татулық, бейбітшілік болуы керек. Біреудің айдап салғанынан сақтану қажет. Ынтымақтастық қажет. Бізді геноцид, репрессияның екі рет машинасы тапап өтті. Ашаршылық пен соғысты бастан өткердік. Мысалы, Байғанин ауданы территориясында отызыншы жылдары 68 мың халық болыпты. Кеңес үкіметінің кемелденген деген уақытында 28 мың адам болған. Демек, қырылған халықтың орнын толтыра алмай жүрміз. Қытайға, Ресейге қашты. Тартылған өзен-көл сияқтымыз. Көлдің де кемеліне келетін кезі болады. Біз өзен-көлдің кемеліне келуі үшін күресуіміз керек. Қазір Байғанин ауданының тұрғындары 20 мыңға да жетпейді. Қазақтың қаймағы, алтын басты адамдар ауылда еді.
Мемлекеттің ішкі саясатында сыртқы және ішкі миграцияға көңіл бөлініп, ғылыми тұрғыдан баға беру керек. Тағдырдың тәлкегімен ел ауып кеткен бауырларымызды отандастарымыз деп бауырымызға тарту керек. Солтүстік облыстардағы сулы-нулы жерлерге орналастырып, жағдай жасаса, олар еңбектеніп, сырттан алған тәжірибесін біздің тәжірибемен ұштастырып, жүзеге асыра алады. Сондай-ақ, ішкі миграцияда халықтың көші-қонын зерттеп, тиімді жерге орналастыру қажет деп ойлаймын.
Егер қолдан қырып тастамағанда, халқымыз 35-40 миллионға жеткен болар еді. Идеологияның әрісін айтпай-ақ қояйын, берісін Алашордадан іздеу керек. Халел Досмұхамедұлы, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсыновтардың жалғасы үзілмеген болар еді. Әлихандар қандай адам болды! Әлмұхан Ермеков Ленинмен екі сағат сөйлескен. Бұл Әлекеңдердің қаншалықты биік, интеллектуалдық деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Солардың тәрбиесін көрген Рысқұловтар қандай болды. Сәкен, Бейімбет, Ілиястар ірі тұлға ғой. Іріден ірі туады. Ірінің көлеңкесі де, жарығы да мол болады. Олардың шапағатын көрген ірі адамдардың ұлтына қашан да пайдасы зор. Өзінің көлеңкесінен қорқатын адамдардан сақтану керек. Бір басшының қабылдауында болдым. Кеңес үкіметінің құлар уағында. Бір телефон шыр ете қалып еді, онша қозғала қоймады. Екінші бір телефон шыр ете қалып еді, әртіс болып шыға келді. Тұтас спектакль көріп шықтым. «Бойы бұлғаң, сөзі жылмаң, кімді көрсең мен сонан», – деп Абай айтқан.
- Қазақ тілі, қазақ баспасөзі туралы не айтасыз?
- Қазақты «Дала уәлаяты» газетімен тәрбиеледі. Қазақтың журналистикасы «Дала уәлаятымен» басталған жоқ. Ол қазақты ұстап отыруға арналған патшаның газеті еді. Біздің санамызды игеру үшін ашқан газет. Шындығы осы. Шындық – қанжар. Дұрыс ұстамасаң, тіліп түседі. Өзін қазақ баспасөзіне арнаған Жиенғали Тілепбергенов секілді ғұламалар өмірден өтіп кетті.
Ахметтер түрлі мысалдармен жазды. Журналистиканы айтқанда, осы кісілердің шеберлігін үйрену керек. Әлихан Бөкейхан жер туралы «Башқұрттың жері» деген мақала жазған. «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда» дегенді эпиграф қылып алады. Осының өзі шеберлік қой. Қазақ журналистері осындай шеберлікті үйренуі қажет.
- Алаш ардақтыларын зерттеуге қалай келдіңіз?
- ҚазМҰУ-дың филология факультетін бітірдім. Ғылыммен айналысқым келді. Тіл білімі институтына орналастым. Аспирантураға түстім. Бөлім бастығы Жұбаныш Аралбаев рухани жағынан көп қолдау жасады. «Айқап» журналының қоғамдық-саяси лексикасы» деген тақырып алдым. «Айқап» араб графикасымен жазылған ғой. Сол журналды оқу үшін араб графикасын үйрендім. Қазанға бардым. Біраз дүниені қарадым. Журналдың жоқ сандарын іздедім. Ахмет Байтұрсыновтың, Мұхамбетжан Сералиндердің кезіндегі жазбаларды оқыдым. Кандидаттық диссертациямды қорғайын деп жүргенімде 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы болды. Сүйегі қураған Алашты тіріліп жатты деп шықты. Маған Алашты зерттеуші деп жала жапты. Сәл кейін Ахмет Байтұрсыновты ақтауға байланысты комиссия құрылды. Оның құрамында Ісмет Кеңесбаев, Рабиға Сыздықова, Әбдуали Хайдаров, Шора Сарыбаевтар болды. Төте жазуды білетін болғасын маған Ахметтің еңбектерін зерттеу жұмыстары тапсырылды. Екі жылдай Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Уфа, Орынбор, Ташкент, Алматы архивтерін қарауға рұқсат берді. Алашты зерттеуге мүмкіндік болды. Алашты тарихтан өшірмек болды ғой бұрын.
Міржақыптың, Ахметтің біраз шығармаларын таптым. Ахметтің қызы Шолпан апайға әкеліп бердім. Міржақыптың қызы Гүлнар апай көзі тірі ғой, қазір 90-нан асып кетті. Оған да біраз материал тапсырдым. Бірқатар шығармаларды өзімде сақтап қалдым. Тек Байтұрсынов туралы қырықтың о жақ-бұ жағында еңбек жаздым. Телжан Шонанұлының еңбектері жинаулы тұр. Енді соны шығарсам деймін.
Алаш қайраткерлері бастық болуды мақсат еткен жоқ, ұлтты алға сүйреді. Олар заңды білді, заңсыздықты баяндап, айта білді. Алаштың мақсаты қалай болғанда да мемлекет құру еді. Әділетсіздіктің жанға батқаны, жергілікті әкімсымақтардың сатқындығы әсер етті. Содан олар қазаққа қорған болғысы келді. Инженер, дәрігер, мұғалімдер қажет еді. Сондай білікті адамдар шықты. Халыққа қызмет етті. Олар бір мамандықпен қалып қойған жоқ, ғылымның бірнеше саласын қамтуға ұмтылды. Халел Петербургтің әскери медициналық академиясына 1903 жылы түсіп, 1909 жылы бітіріп шықты. Оқуға түсер кезде латын тілінен қосымша емтихан тапсыратын болған. Бір айдың ішінде латынды меңгеріп алады. Бұл тума талантты көрсетеді. 1909 жылы «Қанды жексенбіні» көзімен көрген Халел кедейлердің жағдайына төзбеді.
- Кедей, бай дегенге қалай қарайсыз?
- Баяғының байлары табиғи жолмен, ақылмен байыған адамдар. Олар тұтас ауылды асырады. Малды өсіру үшін табиғаттың құбылыстарын зерттеді. Малды баға алатын адамға бақтырды. Өзінің қызметкері ретінде қарады. Ал большевиктер бай-кедей деп бөліп, қазақты байлықтан айырып бақты. Байлардың өзі ілімді, білімді игерген жандар. Жақсы өмір сүру үшін еңбек ету керек.
- Қазақ тарихының жазылуы қандай деңгейде?
- Қазір тарихты жазғыштар көбейіп кетті. Бұл тақырыпты көп созбайын. Біз құжаттар жеткілікті болса да, Алашорданың өзін зерттеп болған жоқпыз. Кезінде билік басына келген большевиктер барлық рухани байлығымызды жойып жібергісі келді. Енді тәуелсіздігімізді нығайтуымыз керек. Тілден айрылып қала жаздадық. Әр елдің ғылымы сол елдің мүддесіне байлаулы. Қазақтың тарихына қазақтың көзімен қарау керек. Мұстафа Шоқайдың, Ахмет Байтұрсыновтардың көзімен қарауымыз керек. Сонда ғана тарихымыз түгелденеді.
- Сіз ақтөбеліксіз ғой?
- 1954 жылы Байғанин ауданында Жарқамыста дүниеге келдім. Жарқамыста 3 сынып орысша оқыдым. Бір орыс қызы үшін мектеп ашылды. Мен мектеп жасына толмаған едім. Орыс мектебінде бала жетпей жатқасын мені қабылдаған. Біз орысша білмейміз, мұғаліміміз қазақша білмейді. Мұндай да қызық болған.
Әкем фотограф болды. Соғыста топограф болған адам. Шешем де фотограф болған. Ол кезде қазақ әйелдерінен фотограф шығуы қызықты жайт қой. Атамыз мектеп ашқан кісі.
Ақтөбелік болғаннан кейін елге алаңдап отырамын. Облыстың басшысына риза боламын. Елеусін Сағындықов елге қажеттің бәрін бітіріп отыр. Рухани саладағы қызметтері қаншама! Бұл кісі қазақша ойлап, қазақша жұмыс істейтін адам екен. Рухани, эстетикалық тәрбиеге көп көңіл бөледі. Бізге осындай басшылар керек. «Қан мен тер» трилогиясы – биік классикалық шығарма. Жақында осы шығарманың кейіпкерлеріне ескерткіш қойды. Керемет емес пе!
Бердібай КЕМАЛ.


Авторы Жауап
Ғалия Майкотова
maikotova.040571@mail.ru
22-02-12 15:50
Аманқос ағай! Біз сізге ризамыз. Көп жаңалықтар ашып жатырсыз. Ұлт мүддесі жолында атқарып жатқан жұмыстарыңыз сәтті болсын.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube