Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда. Ойсыздар өздерін бақыттымын деп санайды. Біздің жалғыздықты сезініп қамыққанымыз оларға түсініксіз, Өткінші кездесулерден, күмәнді рахаттан басқа қуанышты білмеген олар мен сияқты шарқ ұрмайды. Мәңгілік басымыз қосылмай кете беретінімізді түсініп, сезініп болдым. Иә, не ойласа да, не айтса да, не істеуге тырысса да бәрі бір ешкімді ешкім түсінбейді. Сансыз жұлдыздары самсаған көкте не болып жатқанын жер білмейді емес пе.
Адамдар да солай. Басқа адамның әлемінде не болып жатқанын білмейді. Біз бір-бірімізден аспандағы жұлдыздырдан да алыспыз. Өйткені біздің ойымыз қол жетпе қиянда.
Адамдармен үнемі бірге болып түсінбеу қандай азап. Біз бір-бірімізді бір қабырғаға бірге матап тастағандай сүйеміз, бір-біріміздің қолымыздан ұстағанымызбен біріге алмаймыз. Басқа, бөтен адамды толық тануға деген азапты қажеттілік біздің жанымызды жегідей жейді, бірақ біздің барлық әрекетіміз бекер, мойындауларымыз жеміссіз. Бірге болуға тырысу арқылы біз тек бір-бірімізден алшақтай түсеміз.
В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.