Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Қазақ тілі
Тақырып: Сабақ


Авторы Xабарлама
alma
alma090473@mail.ru
28-02-11 09:28
Учитель ОСШ № 6 г. Темиртау Карагандинской обл. Атамбаева А.Н.

7-сынып.
Тақырыбы: Ұлттық тағамдар

Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының ұлттық тағам түрлерімен таныстыру, өзге ұлт оқушыларының қазақ тілде сөйлеу жазу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының ақ дастарқанын қадірлеуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: 1. Ұлттық тағамдар суреттері
2. Қазақтың дарқан дастарқаны
3. Сызбалар
4. Кәртішкелер

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру сәті
а. Сәлемдесу
ә. Диалог
II. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қайдан келдің бауырсақ?
III. Негізгі бөлім
Мұғалім: Балалар көктем айында қандай мейрам болады?
Ықтимал жауап: Наурыз мейрамы
Мұғалім: Дұрыс. Наурыз мейрамын қалай қарсы аламыз?
Оқушы: Ұлттық киімдер киеміз, мерекелік шаралар болады, әр түрлі тағамдар дайындалады.
Мұғалім: Қандай тағамдар?
Балалар білетінін айтады.
Мұғалім: Ал осы тағамдар бір сөзбен қалай айтылады?
Оқушы: Ұлттық тағамдар.
1. Жаңа тақырып
а. Фонетикалық минутка
Мұғалім: дәптерді ашып бүгінгі күнді тақырыпты жазамыз.
Бүгінгі тақырыбымыз: Ұлттық тағамдар
Мұғалім: Тақырыбымыздағы қазақ тіліне тән дыбыстарды атаңдар
«Ұ» дауысты жуан қысаң еріндік
«Қ» дауссыз қатаң
«Ғ» дауыссыз ұяң
Мұғалім: Дәптерлеріңе жазыңдар, жазбаша әріп таңбасын.
ә. Сөздiк жұмысы:
Сүттен жасалған тағамдар - молочные продукты
Еттен жасалған тағамдар - мясные продукты
Ұннан жасалған тағамдар - мучные продукты

б. Таблицаны керектi сөздермен толықтыр:

Сүттен жасалған тағамдар Еттен жасалған тағамдар Ұннан жасалған тағамдар


Керектi сөздер:
бесбармақ, iрiмшiк, бауырсақ, айран, құырдақ, шұжық, сүт, нан, құрт, шелпек, қазы

в. Тапсырма: жаңа сөздердi дәптерге көшіру, сөз тіркестерін құрастыру.

IV. Мәтінмен жұмыс: оқу, аудару, тапсырманы орындау.

Ұлттық тағамдар

Қазақтың ұлттық тағамдарына: сүттен жасалатын (ақ тағамдар), еттен жасалатын (қызыл тағамдар), ұннан жасалатын (дән тағамдар) тағам түрлерi бар.
Сүттен жасалатын тағамдар: сүт, қымыз, шұбат, iрiмшiк, уыз, май, балқаймақ.
Еттен жасалатын тағамдар: қазақша ет, шұжық, құырдақ, қазы қарта, сүр ет, бүрме, кеспе.
Ұннан жасалатын тағамдар: нан шелпек, таба нан, күлше, төңкерме, бауырсақ, құймақ.
Бұл тағамдар адам ағзасына өте пайдалы. Ас туралы мақал – мәтелдер көп:
1) Ас – адамның арқауы.
2) Ас иесiмен тәттi.
3) Арпа, бидай ас екен
Алтын, күмiс тас екен.

1. Мәтіннен зат есімді теріп жазу
2. Сын есімдерді теріп жазу
3. Етістікті теріп жазу
4. Қорыту
Мақал-мәтелдермен қорытындылаймыз:
1) Ас адамның арқауы
2) Ас иесімен тәтті
3) Аш кісінің ашуы жаман
4) Асты қорлама құстырар
5) Аш бала тоқ баламен ойнамайды
Тоқ бала аш болам деп ойдамайды
6) Ішің ауырса аузыңды тый
7) Ас атасы нан
8) Ет етке, сорпа бетке
9) Досыңның асын жауындай іш
10) Асты аттама, досты даттама
11) Шай ішсең көңілің жай
12) Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.

V . Үйге тапсырма

Шығармашылық жұмыс: «Ұлттық тағамдар»

VI. Бағалау



Авторы Жауап
Дако
Dako_97_97_97_97@mail.ru
19-02-12 18:10
Жаксы тарбие сагаты екен




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube