Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Қазақ тілі
Тақырып: Азамат бол !


Авторы Xабарлама
Нұрлан би
yessengazy@mail.ru
22-04-11 14:03

Жеке куәлігің қазақ тілінде болмаса, сен қандай қазақ азаматысың?

Нағыз қазақ азаматы қандай болу керек? Басына бақ қонса, бай, бастық, батыр болу оңай, бірақ, азамат болу қыйын дейді. Азамат деген сөзге ер адам да, әйел адам да кіреді. Азамат - дұрыс адам деген мағына береді. Нағыз қазақ азамат болу үшін адам бірінші өзінен бастау керек, сосын балалары мен тума-туысқандарына, ұжымы, көрші-көлем, ағайындары, алыс-жақын тумаларына үлгі көрсетіп, ақыл кеңес беруі қажет.
Ол үшін аты-жөнін, яғни, атын, әкесінің атын, тегін қазақ тілінде Жеке куәлігін жаздырудан бастайды.
Тәуелсіз Қазақ елі, Қазақстан Республикасы болғаннан бері ов, ев, ин дерді алып тастап, Қазақ азаматтарына аты-жөнін, тегін қазақ тілінде жазуға Заң бойынша ұрықсат етілген.
Не істеу керек:
1. Халыққа қызымет көрсету орталығына барып, өтініш жазып, Туу туралы куәлігіңді таза қазақ тілінде жаздырасың,
2. Қазақ тілінде жазылған Туу туралы куәлік негізінде Жеке куәлік аласың,
3. Сосын, салық төлеу куәлігін(РНН) қайта аласың,
4. Әлеуметтік жеке код(СИК) бергенде аты-жөнің қазақ және орыс тілінде жазып беріледі.
5. Басқа құжаттарыңды қазақ тіліне аудармауыңа да болады, бәрі жарамды, заңды болып есептелінеді, неге десеңіз әлеуметтік жеке кодта бұрынғы, қазіргі аты-жөнің екі тілде жазылып тұр.
Бүгінгі күннен бастан, әр азамат, түгел отбасы, ауыл, аудан, қала, облыс болып Қазақ елінің нағыз азаматы атына лайық жұмыс жасайық, өмір сүрейік, балаларымыз бен немерелерімізге қазақ екенімізді іспен көрсетейік.
Әкеңнің атын ұмыттырам деген заман өтті, әкеңнің, атаңның, бабаңның, яғни, аты-жөніңді, тегіңді Жеке куәлігіңе қазақ тілінде жаздырсаң, Алла тағала да, ата-баба әруағы да сені қолдайды, ризашылығын береді деп ойлаймын.
Сенің Жеке куәлігіңді біреу келіп қазақ тілінде жазып бермейді, әрбір кеудесінде намысы бар адам соны ескеруі керек.

Ақтөбе қаласы, Нұрлан Ізденұлы ЕСЕНҒАЗЫ, 8(7132)779380 үй, 8(7132)550422 жұмыс, 87014552854, e-mail: yessengazy@mail.ru


В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube