Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу
English talk
Правила
Поиск по разделу
Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия












Общение

Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Алла көрсеткен түзу жол Ислам


Авторы Xабарлама
Сәкен
30-06-11 14:56
Құдайға шүкір Қазақ сонау ата-заманнан мұсылман халқы болып табылады оған 11 ғасырда өмір кешкен Жүсіп Баласағұн Қожа Ахмет Яссауи бабаларымыздың қалдырған еңбектерінен көз жеткізуге болады.
Бүгінгі күні қазақ арасына іріткі салғысы келіп жүрген адамдар және өкінішке орай, солардың айтқанын құптап жүрген надандар бар. Олар бізге сендерге ислам деген жат, ол арабтың діні немесе қазақ қыздары ешқашан хиджаб кимеген деген сияқты сөздер айтады, одан қалса «сендер исламға емес бұрынғы ұмыт болған аңыз әнгіме болып қалған тенгрианствоға сеніңдер» - дейді. Бұның бәрі, қазақты қазаққа жау етіп бөліп әлсірету.
Осы айтылып жүрген сөздерге тоқталып кетсек.
Біріншіден - жоғарыда айтылғандай ислам діні бізге жат емес, ол біздің ата-бабаларымыздың діні жәнеде ислам Аллахтың бүкіл адам баласына жіберген нұры.
Екіншіден - хиджаб мұсылман қыздарының (әйелдерінің) киімі, яғни ұятты жерлерін жауып, қысқа немесе жабысып тұратын киім кимеу, жәнеде мұнда бетті жауып алу міндетті емес. Ал енді қазақ қыздарының хиджаб кию мәселесіне келсек, онда қазақ қыздарының ұлттық киімдеріне қарайық барлығы хиджаб тәртібіне сай келеді, қысқа жабысқақ немесе ар жағы көрініп тұратын киімдер емес. Енді орамал мәселесін көтерсек, ия қазақ қыздары күеуге шыққанша орамал тақпаған, бұл қазыр біздерге мұсылман тәртібін ұстамаған болып көрінер, бірақ мұндада еш ағаттық жоқ. Себебі бәрмізге белгілі, қазақ ру-руға бөлініп көшіп-қонып жүрген, ал бір рудың адамдары бір-біріне туысқан бауыр болып келеді, сол себепті қазақ бір рудың ішінде қыз алыспаған. Сондықтан қазақ қыздары күеуге шықпай тұрып орамал тақпағаны - әкесі, ағасы, көкесі, інісі және туған бауырларының арасында жүргендіктен тақпаған, бұл Шариғатқа қарсы келмейді.
Үшіншіден - Мұхамед пайғамбар жіберілмей тұрып, еуропалықтар қалай жалғаз құдайы бар христиан дініне сенсе, солай бабаларымыз түркілер ЖАЛҒЫЗ ҚҰДАЙ Тәңірге сиынған. Құранда бұның барлығы ашылып жазылған, Мұхамед пайғамбардан бұрын Аллатағала жердегі әр ұлтқа елші жіберген, ежелгі түркі-парсы әлемінде кең жайалған Жаратушы діні (зороастризм), Мұса, Давид, Иса жәнеде көптеген ұмыт болған пайғамбарларды. Бырақ уақыт өте келе сол замандағы құдайдың жіберген сүрелері жоғалып немесе өзгертіліп кеткен, мысалға христиандардың библиясының көп жерлері жоғалып, көптеген өзгерістер енгізілген, ал түркілердің Тәңірге сиыну дінінен, тек қана аңыз әнгімелер ғана қалған. Бұның барлығы құдайдың жібірген хақ дінін бұрмалап, өзгертіп, адамдарды дұрыс жолдан тайдырған. Сол себепті жерге соңғы пайғамбар Мұхаммед жіберілген жәнеде құран соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедке қалай түссе, бүгінгі күнге дейін сол қалпында сақталған, еш бір әріпі немесе еш бір үтір-нүктесі өзгертілмеген. Бұл айтылған жайттың барлығы - христиандардың құдайы, ежелгі түркілердің Тәңірі немесе басқада бір жаратушыға сиыну, түптеп келгенде бір Аллаға сиынғандықтарын көрсетеді. Сол себепті, Алланың жолымен дұрыс жүру, ол ислам дінін ұстану.


В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail: (будет виден всем)
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2014   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Интернет-агентство «Браффорд»Реклама | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создание и управление —
«Ижанов и Партнеры»