Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу
English talk
Правила
Поиск по разделу
Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия












Общение

Общение: Список форумов
Форум: Дін - діңгек
Тақырып: Мұсылмандар бөлінбейік

страницы:    « в конец    6    5   4    3    2    1    в начало »   

Авторы Xабарлама
раиан
zhuzbaeb1977@ru
17-08-11 12:17
бол1нгенд1 бор1 жеид1

Авторы Жауап
ортаңғы жолдағы Ханафит
06-11-13 08:50
Ақидаға байланысты Ханафиттер мен Салафиттер арасындағы пікірталас http://www.youtube.com/watch?v=emR7b-o_cAs
ортаңғы жолдағы Ханафит
02-11-13 05:41
ортаңғы жолдағы Ханафит
25-10-13 10:11
Ә Й Е Л _ адам _ Н А М А З Ы
http://www.youtube.com/watch?v=OSv2ytdG4U0
ортаңғы жолдағы Ханафит
10-10-13 20:56
Имам Маликтің «ХАДИСПЕН ЖҮРЕТІН» білімсіздер жайында айтқаны.

Бүгін өзіміз көріп отырғандай өте кең тараған жағдай - кейбір мұсылмандардың өздері кездестірген әрбір сахих хадиске амал жасауы, және бұны пайғамбарға (сау) бағыну, деп есептеуі. Сонымен қатар, қандай да бір хадиске сәйкес келмейтін қандай да болмасын имамның пікірін кездестірсе, бәлкім, бұл хадис бұл имамға жетпеген шығар, деп айтады. Осындай әрекеттерімен олар өздері адасып, және қарапайым адамдарды адастырып, оған хақысы болмаса да, өздерінше иджтихад жасайды. Фикхтағы көптеген имамдар өздері жеткізген кейбір хадистерге қайшы үкім шығарған. Бұл артықшылық берудің (тарджих) кейбір себептерінің нәтижесінен шығады. Бұл мәселені түсіну үшін усул әл-фикх ілімін жоқ дегенде бастауыш деңгейде түсіну керек.
Осындай мысалдарды, өздері жеткізген хадистерге амал жасамаған екі үлкен ғалым – имам Малик пен шейх ибн Маджишуннан келтіріп көрелік.

Маликит ғалымы шейх Шамсуддин ар-Рағи «Интисар әл-Факыри-с-Салик ли Тарджихи мазхабил имам Малик» кітабында имам Маликтің сөзін жеткізген:
«Бір адам имам Маликке: Уа, Әбу Абдуллах! «Сатушы мен сатып алушының ... таңдау еркі бар» деген хадисті білесің бе? Имам Малик: «Иә, мен бұл хадисті сен әлі Бақы зиратында балалармен ойнап жүрген кезде білетінмін» деп жауап берді. Сонда әлгі адам имам Маликтен: «Сен неге бұл хадиске амал қылмасаң да «Муваттада» бұл хадисті мәлімдедің?» деп сұрады. Имам Малик оған: «Мен оны біліп тұрып, сен сияқты надандар түсінсін деп, қалдырдым» деп, жауап берді». (Шамсуддин ар-Рағи, "Интисар әл-Факыри-с-Салик", 1/225. Бейрут: "Дар-ул-Гарб әл-Ислами", 1981 жыл)

Екінші риуайат үлкен факих маликиттік шейх Ибн әл Маджишуннан (827 жылы өлген) келген. Оның шәкірті Ахмад ибн әл-Муаззал жеткізген. Оны шейх Кади Ийад "Тартиб әл-Мадарик уа Такриб әл-Масалик ли Ма’арифати Ғаләми Мазхаби Малик" кітабында келтіреді:
Ибн әл-Муаззал: «Бір адам Ибн әл Маджишуннан: «Сіз неге өзіңіз хадистер жеткізесіз, сосын оларды қалдырасыз?» деп сұрады. Ибн әл Маджишун оған: «Біз оларды біліп тұрып қалдырғанымыз түсінікті болуы үшін» деп жауап берді». (Кади Ийад, "Тартиб әл-Мадарик", 1/45. Рабат: "Визарат әл-Авкаф" 1965 жыл)

Ескерту: «біз оларды қалдырдық» дегеніміз – «оларға байланысты Шариғат шешімін (үкімін) қалдыру». Ал қандай да бір хадиске байланысты Шариғат үкімін қалдыру әр түрлі себептерге байланысты болады; мысалы, хадистің әлсіздігіне байланысты да, қандай да бір кемшілігіне байланысты да, немесе ол күшін жойған (отмененный) хадис, немесе басқа хадис бар, т.с.с.

ортаңғы жолдағы Ханафит
07-10-13 20:49
«Ү Ш _ Н Е Г І З _ және оның дәлелдері» трактатындағы бірінші негіз: РАББЫСЫН ТАНУға хадиситтердің Аллаһтың кейбір сипат-есімін өздерінің алдын-ала құрылған ақидаларына лайықтап КЕМСІТІП, ЕЛЕМЕЙ берген түсініктеріне(шархына) кейбір түзетулер мен толықтырулар: (қз. 30-08-12 10:35)
ортаңғы жолдағы Ханафит
23-09-13 22:41
Ә Й Е Л _ адам _ Н А М А З Ы Н Ы Ң _ ер адам намазынан _ А Й Ы Р М А Ш Ы Л Ы Ғ Ы

Әбу Джағфар ат-Тахауи: «Умм уд-Дарданың бір аяғының үстіне екінші аяғын қойып отырып намаз өтегенін Ибраһим Әбу Абалаһ көргенін хабарлаған» деген хадис жеткізген.
(Тухфат әл-Ахиарби-Тартиби Шарх Мушкил әл-Атар ли, Әбу Джағфар ат-Тахауи: 2 том, 338 бет; ал Хафиз Миззи бұл асарды «Тахжиб әл-Камәл» кітабында келтірген: 22 том, 468 бет)

Имам Байхаки ер адам мен әйел адамның намазының айырмашылығының негізгі ұстанымын: «көлегейлену (скрытность) - әйел адам мен ер адамның намаз оқу тәртібінің арасын бөлетін фактор болып табылады. Әйел адам барлық амалды көлегейлене істеу керек» деп айтып кеткен. (Ас-Сунан әл-Кубра алил-Байхаки: 2 том, 222 бет).

ҚОЛ КӨТЕРУ

Хафиз Нуруддин Хайтами: Уәил ибн Худжр Аллаһ елшісі оған: «Уа, Ибн Худжр намаз оқыған кезіңде қолдарыңды құлақтарыңа дейін көтер, ал әйел адам қолдарын кеуделеріне дейін көтеруі керек» деп айтты – деді. (Маджма уз-Зауаид: 2 том, 103 бет; Ила ус-Сунан: 2 том, 156 бет)

СӘЖДЕ

Имам Абу Дауд «Марасил» кітабында келесі хадисті жеткізген:
Язид ибн Әби Хабиб: «Аллаһ елшісі намаз оқып жатқан екі әйелдің жанынан өткен. Ол оларға: «Сәждеге барған кездеріңде дене мүшелерің жерге тиюін қадағалаңдар, өйткені бұл жағынан әйел адам еркектерге ұқсамайды деді» деп мәлімдеген. (Марасил Аби Дауд, 118 бет; тағы да бұл жайында «Ас-Сунан әл-Кубра алил-Байхаки» кітабында, 2 том, 223 бет)

Имам Байхаки келесі хадисті жеткізген:
Абдулла Ибн Умар: «Аллаһ елшісі: «Әйел адам намазда отырғанда бір санын бір аяғының үстіне қойып, сәждеге барғанда ішін сандарына қысып ұстау керек, өйткені бұл оның қимылдарын көбірек көлегейлейді. Шүбәсіз, Аллаһ оған қарап тұр және періштелеріне: «Уа менің періштелерім! Куә болыңдар, мен оны кешірдім» деп айтады», деп мәлімдеді. (Ас-Сунан әл-Кубра алил-Байхаки: 2 том, 223 бет).

Келесі үзіндіні Байхаки келтірген: «Әли: «Әйел адам сәждеге барғанда сандарын бір-біріне қысып ұстау керек» деп айтты» (Ас-Сунан әл-Кубра алил-Байхаки: 2 том, 222 бет)

Муджахид: «Муджахидке ер адам әйелдер сияқты ішін сандарына қысып ұстау ұнамаған»

Хасан әл-Басри: «Хасан: «Әйел адам сәждеге барғанда қолдары мен аяқтарын денесіне қысып ұстау керек, деп айтты» деп Хишаам жеткізген» деді.

Имам Абдур-Раззак: «Ибраһим: «Әйелдер сәждеге барғанда бөкселері көтерілмеуі үшін еркектер сияқты аяқ-қолдарын созып тұрмай қолдары мен ішін сандарына қою керек» деп айтты» деп жеткізді. (Әл-Мусаннаф ли Абдур Раззак: 3 том, 138 бет).

Бұл мәлімдемелерге сүйене отырып факихтер келесі ережені шығарған:
«Әйел адам сәждеге барғанда денесін жинау керек және ішін сандарына қысып ұстау керек, өйткені бұл амалдар оны көбірек көлегейлейді» (Әл-Хидая: 1 том, 53 бет).

ОТЫРУДАҒЫ КҮЙ

Әбу Ханифаның «Муснад» кітабында: «Аллаһ елшісінің заманында әйелдер қалай намаз оқыған – деп Абдуллаһ ибн Омардан сұраған. Ол: «әдепкіде әйелдер тараббу (бір аяғын екінші аяғының үстіне қойып отыру) кейпінде отырған. Одан кейін оларға денесін жинау, бір жағына икемделіп, денесін толық жинап сол жақ жамбасына отыру бұйырылған» деп жауап берді» деп атап өтілген. (Джами уль-Масанид: 1 том, 400 бет).

Бұл мәлімдемеден көретініміз - әдепкіде әйелдер тараббу кейпінде отырғаны, кейіннен бұл бұйрықтың күшін жойғаны.

Әбу Бакр ибн Әби Шайбах: «Ибн Аббастан әйел намазы жайында сұрағанда «Әйел денесін жинап, бір жағына икемделіп, сол жақ жамбасына отыру керек» деп жауап қайтарғанын» мәлімдеді. (Әл-Мусаннаф ли Ибн Әби Шайбах:1 том, 270 бет).

Осы айтылғандарға сүйене отырып факихтер: «Әйел адам аяқтарын оң жағына қойып сол жақ жамбасымен отыру керек, өйткені бұл оны бәрінен артық көлегейлейтін қалып» деп шешім шығарды. (Әл-Хидая: 1 том, 55 бет).

Имам Әбу Джағфар ат-Тахауи: «Әйелдерге байланысты намазда оларды бәрінен артық көлегейлейтін қалыпта (позада) отыру керек екенін біздің ғалымдар (ханафиттер) мәлімдеген» деп айтты. (Мухтасар иктилаф әл-уләма: 1 том, 212 бет).

http://www.azan.kz/islam/blog/id/1625.html

ортаңғы жолдағы Ханафит
28-08-13 19:30
...
9. Егер, жәй ғана хадис мәтіндерін (текстерді) Сунна, деп ойласақ , онда бұл нағыз дін болмайды, бірдемені сөзбе-сөз түсінетін, көргенінен жазбаушылық (буквоедство) қана болып шығады. Бұндай сенімде, Аллаһ сөзімен жүруді ауыстыратын, Бұхариге деген табынушылық көрініп тұрады. Құран түскеннен кейін көп жылдардан кейін пайда болған қандайда бір хадис ЖИНАҚТАРЫНЫҢ құтқарушы миссиясына Исламда дәлел жоқ және болуы мүмкін емес. Тағы да қайталап айтамыз, Сахих Бұхаридің ішіндегі хадистер Бұхари туылмай тұрғанда да болған, ал ЖИНАҚ көп жылдан кейін пайда болды. Имам Бұхари бұл хадистерді жинап, дұрыстығын (сахихтығын) өз көзқарасындағы тәсілмен (айта кететіні, бұл Исламдағы абсолюттік жалғыз тәсіл емес) дәлелдеді. Сонымен, Радикалистердің көзқарасы бойынша, «Бұхариге дейін ешқандай ғалымның Сунна жайында толық бағалы білімі болмаған», болып шықпай ма? Онда «хадиситтердің» логикасы бойынша, кез-келген ғалым имам Бұхариден төмен болып шығады, және Сахих Бұхариді оқып шыққан кез-келген Радикалист, Бұхариге дейін өмір сүрген ғалымдардан артық болып шығады. Міне неге Радикалистер көп ғалымдарды сөгеді және өздін олардан артық санайды. Бұхариге және сәл төменгі дәрежедегі басқа хадис жинаушыларға табыну – Радикалистер нәпсілерінің өздерін ұлықтауға және нағыз білімпаздық пен руханилықты теріске шығаруға, деген құмарлығын тудырады... (қараңыздар 02-04-12 22:15)
ортаңғы жолдағы Ханафит
22-08-13 12:39
Н А М А З _ к е з і н д е _ Қ О Л _ К Ө Т Е Р У _ ж а й ы н д а

Имам Абу Ханифа (рахматуллаһи ‘алейһи) Хаммадтан жеткізген, ал ол Ибраһим Нағтан, ал ол Асвадтан, ал ол: «Абдуллаһ ибн Мас‘уд тек бірінші тәкбірде ғана екі қолын бірге көтерді, бұдан кейін бұны қайталамады және “Аллаһ елшісі (сау) осылай істеген, деп айтты” деді.(«Имам Ағзам муснады» 1 том, 355 бет).

Абдуллаһ ибн Аббас(р.а) намаздағы тек алғашқы кіріспе тәкбірде ғана қол көтеру жайындағы хадистерді жеткізген. (Табрани, «Мусаннаф ибн Аби Шейба» 1 том, 237 бет, «Маджма‘уз заваид» 3 том, 238 бет, «Найл Әл-Фаркадайн» 118 бет, «Насбур-Раиә» 1 том, 290 бет және т.б.)

«Мен Аллаһ елшісінің (сау) намаздың басында қолдарын көтергенін көрдім, одан әрі намаз біткенше қолдарын мүлдем көтермеді» (Әбу Дауд 1 том, 126 бет)

«Аллаһ елшісі (сау) намаз бастар кезде “Аллаһу әкбар” дегенде қолдарын бас бармағы құлақтағы азандық тұсына жеткенше көтерді, бұдан кейін қолдарын мүлдем көтермеді» (Әбу Дауд 1 том, 125 бет, Тахауи 1 том, 110 бет, «Мусаннаф ибн Аби Шейба» 1 том, 237 бет, «Мусаннаф ‘Абдурраззак» 2 том, 70 бет, Дар Кутни және тағы басқалар Бара ибн ‘Азибтың сөзінен хадис жеткізген).

Әбу Даудте бұл хадис: «Ол екі қолын тек бір рет көтерді» деген сөздермен келеді.

‘Әлкаманың айтуы бойынша: «‘Абдуллаһ ибн Мас‘уд: “Мен сендерге Аллаһ елшісінің (сау) намазы туралы мәлімет берейін бе?” деп айтты. Одан кейін ‘Абдуллаһ ибн Мас‘уд орнынан тұрып тек бір рет рафа‘ ядейн жасады, және бұдан кейін оны қайталамады» (Тирмизи, Насаи 1 том, 158 бет).

Сахих Бұхаридегі әрбір тәкбірдегі қол көтеру жайындағы хадистерге келер болсақ, бұл күшін жойған (отмененный) хадистер. Кезінде имам Шафиғи мен имам Ахмад Ханбалға басқа жаңа хадистер жетпегендіктен Шафиғиттер мен Ханбалиттер осы хадистерді намазда қолданады. Ал Ханафиттер мен Маликиттер жаңа хадистерді қолданады. Негізі 4 мазхабтың төртеуі де дұрыс. Бірақ атеизм идеологиясынан жаңа шыққан Қазақстанда исламға жаңа келген мұсылмандар арасында фитна болмауы үшін Ханафи мазхабын ұстану абзалырақ...
http://www.azan.kz/islam/blog/id/1189.html
http://www.islam.uz/fiqh/raznoglasiya/1557-2012-12-20-03-59-35.html

ортаңғы жолдағы Ханафит
22-08-13 12:36
Н А М А З Д А Ғ Ы _ т ә к б и р д е _ қ о л д а р д ы _ Қ Ұ Л А Қ _ Т Ұ С Ы Н А _ д е й і н _ К Ө Т Е Р У _ ж а й ы н д а

Малик ибн Хувейрис: «Расулуллаһ (сау) “Аллаһу акбар” деп айтқанда қолдарын құлақ тұсына дейін көтерді» деп айтты. Басқа хадисте: «Қолдарын бас бармағы құлақтағы азандық тұсына жеткенше көтерді» деп айтты. (Муслим 1 том, 168 бет).

Уайл ибн Хаджар: «Расулуллаһ (сау) намазға тұрғанда қолдарын иықтарына дейін көтергенін, ал бас бармақтары құлақтары тұсында болғанын. Бұдан кейін ол “Аллаһу акбар” деп айтқанын» көргенін жеткізген. (Әбу Дауд 1 том, 121 бет).

Уайл ибн Хаджар басқа хадисте: «Мен Аллаһ елшісі (сау) намаз бастағанда қолдарын құлақ тұсына дейін көтергенін көрдім. Бірнеше күннен кейін сахабалардың намаз бастағанда қолдарын кеуделеріне дейін көтергенін көрдім, бұл кезде олардың үстінде жылы киімдер мен жамылғылар болған еді» деп жеткізген. (Әбу Дауд 1 том, 121 бет).

Бұл хадистен көретініміз, егер (қыста) қолдар жамылғының астында болатын болса сахабаларда болғандай оларды иықтан жоғары көтеру мүмкін емес. Бірақ Аллаһ елшісі (сау) көрсеткендей, қолдар бос кезде, оларды құлақтағы азандық тұсына жеткенше көтеру керек. Егер бас бармақтар құлақтағы азандыққа тисе оқасы жоқ, өйткені бұл арқылы адам қолдарының дұрыс деңгейге дейін көтерілгенін біледі. Әйтпесе адам қолдарын құлақ деңгейіне дейін не көтергенін, не көтермегенін көре алмайды. Бұл жағдайда ол қолдарының дұрыс деңгейге дейін көтерілгенін сенімді сезінгенмен қатар Аллаһ елшісінің (сау) сүннетін орындайды. Жалпы алғанда, бас бармақтар құлақтағы азандыққа міндетті түрде тиюі шарт емес.

ортаңғы жолдағы Ханафит
22-08-13 12:34
Сүнниттердің (Ахли сүннет уәл жамағат) Хадиситтерден (Ахли хадис уәл жамағат) негізгі айырмашылығы:
Хадиситтер барлық хадистерді буквально түсінеді, ал сүнниттер аяттар сияқты хадистердің (ғалымдар көрсеткен) шарх-тәпсіріне қарайды...
«Аллаһ аспанданың» шархы: Имам ан-Науауидің шархында «аспанда» сөзі Аллаһтың ЗАТЫН қозғамайды, тек Аллаһтың ҰЛЫҚТЫҚ қасиетіне байланысты айтылады. (қараңыздар 22-07-13 16:09 және 13-07-13 10:53)

Ара.
@@@
21-08-13 07:58
Мулiк(16) аяттагы АСПАНДАГЫНЫН дегендi,ибн Масгуд Аллаh деп тапсiрлеген.
Ара.
@@@
21-08-13 07:55
Бухари:абу Бакiр"ей,Мухаммедке сенгендер,Мухаммед олдi.Аллаh кокте,Ол олмейдi,корушi,бiлушi"
ортаңғы жолдағы Ханафит
21-08-13 06:55
...
8. Мазхабтың қарсыластары өздерін де өзгені де алдайды. Олар білімсіз надан адамдарды имам Абу Ханифа немесе имам Шафиғи мазхабымен жүруден бұрылып кетуге азғырады, сонымен қатар имам Бұхари ТАКЛИДІН (дәлелсіз ілесуді) жақтайды. Олар, білімсіз надан адамдарға: «Құран мен Сахих Бұхариден шариғат заңдарын өздерің іздеңдер» деп үйретеді. Олар қандай негізге сүйеніп тек Бұхари Шарифті ғана басшылыққа алады? Қанша ТАКЛИДСІЗ жүруге тырысқанымен олар бәрібір оның бір түрімен жүруге мәжбүр болады. Қандайда бір дәлелге сүйену үшін олар Бұхари таклидінің немесе тағы басқа біреудің таклидінің қолдаушысы болып шыға келеді. Бұл жерде еске сақтайтынымыз, біріншіден, олардың, сахабалар мен табиғиндардан тәлім алған имамдардан айырмашылығы – олар (хадиситтер), кітапқа жазылған хадистерді, өздерінің қалай түсінгенінің негізінде (түсінгені бойынша) әрекет жасайды. Екіншіден, имам Бұхари, белгілі бір тәсілдің негізінде, жүз мыңдаған хадистерден тек бірнеше мыңын ғана іріктеп алды. Бұл тәсілге күпіршілер сөзсіз сеніп, іс жүзінде дәріптейді, күмән да келтірмейді, өздеріне ұнаған хадис жинағының бір әрпінен де азғана болса да ауытқымайды. Бұл: «имам Бұхари немесе тағы басқа біреу, барлық жағынан ешқашанда қателеспейді» деген, соқыр сенім. Ал шынын айтқанда, бұндай «бұхаризмді» ғалымдар қолдамайды. Бұл – жалған сенім немесе табыну, жаңадан ойлап шығарылған БИДҒАТ емес пе екен?
Сонымен, шариғат қайнар көздерінің ақиқатын мақұлдау үшін таклид қажет екенін түсінуіміз керек. Қазіргі қолымыздағы тек Құран кітабы таклид негізінде мойындалады. Сондықтан табыну тәртібін де таклид негізінде қабылдауға біз мәжбүрміз... (қараңыздар 02-04-12 22:15)
ортаңғы жолдағы Ханафит
16-08-13 22:26
«eeeee» бауырым! Видеоңның соңындағы әдресті көзіңді ашып, жақсылап қарап ал! Мектеп программасындағы Астрономияны жақсылап оқы, Күн жерді айналмайды, бүкіл планеталарымен бірге (күн системасы) галактика центрін айналады. Жер (күн системасының ішіндегі басқа планеталар сияқты) Күнді айналады және өз осінде айналады... Спираль тек Галактика центріне қатысты мәселе... Бірақ соқыр Фанат не түсінер дейсің?!
ортаңғы жолдағы Ханафит
16-08-13 21:25
1990 жылы 2 тамызда Ирак Кувейтті отарлаған кезде саудиялықтар шошып, олар саудиялықтардың жерін де отарлайды деп қорықты.
Олар ирактықтардың саудиялықтарға қарсы шабуылына қарағанда ең дұрысы кресшілерден (американдықтардан) көмек сұрау деп ойлады.

Осы жағдайға байланысты, Америка әскерін Сауд Аравиясының территориясына кіргізу жөнінде шешім қабылдау керек болды. Бұл шешім Ибн Баздың басшылығындағы «Сауд Аравиясының Фатуа бойынша Тұрақты Комитетінен» қолдау тапты.
Бұл шешімге Усеймин, Ибн Баз, Бакр Абу Зейд қол қойды.

ибн Бааздың фәтуасы, 172 бет:
«Шариғатта Мұсылмандар мен олардың елін жаудың амалына қарсы қорғануға Мұсылман еместерден көмек сұрауға болатындығында ешқандай күман жоқ, тіпті қажеттілікке қарай бұған міндетті»
Бұл Фатуа уссуль ғалымдарының:
«Егер мұсылман екі жаман таңдаудың арасында тұрса ең дұрысырағын таңдауы керек» деген негізіне сүйенді.

Бұл Сахих Муслимдегі пайғамбарымыз Мұхаммедтің (сау) «Біз Көп Құдайшылдарға Көп Құдайшылдарға қарсы көмек бермейміз» дегенінен шығатын:
«Көп Құдайшылдардан көмек қабылдамаймыз» дегенге сәйкес келмейді.

«Мы не помогаем многобожникам против многобожников» Сахих Муслим.
«Мы не принимаем помощь от многобожника»

Ибн Баз Америка әскерін Сауд Аравиясының территориясына кіргізу жөнінде Фәтуа шығарып, болашақта да өз шешімін қорғады. Ал басқа ғалымдар Усеймин, Бакр Убу Зейд, Фаузан тағы басқалар бұл Фәтуаға қарсы шықпады. Бұл Фәтуа 1990 жылы шықты, ал Ибн Баз бен Усеймин 1999 жылы қайтыс болды. 9 жыл бойы бұл ғалымдар сабақ өткізді, кітап жазды, Фәтуалар шығарды. Олар Шешімнің қате болғанын немесе Америка әскерін кіргізу жайындағы Фәтуаны шығаруға кімнің мәжбүрлегенін бір рет те айтқан емес?
eeeeeeeee
16-08-13 13:40
сен жаксы коретин галымдардын далелдери бойынша бердим, сен солардын созинен шыкпайсынгой, мен Ахли сунна галымдарынын биринши фатуасын айттым, кейн сен жаксы коретин буддият,христиан,ервей галымдарынын далелдерин келтирдим, олар биринши кун айналмайды деди, кейн айналады деди
eeeeeeeee
16-08-13 13:37
жан жактан малимет издеп корсей, буддистпа христанба сен жаксы коретин галымдар баргой, казир сен солардын кателескен жагын алып турсын кун айналмайды дейди , сол галымдарын баргой мусылман емесдер кун айналатынын далелдеп шыкты,
ортаңғы жолдағы Ханафит
16-08-13 09:23
Ибн Баз ақыр түбі жердің дөңгелектігін мойындаған, бірақ жердің айналатынын мойындамаған. Өйткені, жердің айналатынын мойындаған жағдайда бүкіл ақидасы бұзылар еді...

http://www.binbaz.org.sa/mat/8640
Ибн Баздың сайтындағы жазбаның соңғы абзацтың басын қарап көрелік:

«Ибн Қайимнан жеткізген мақаламда көрсетілгендей мен жердің дөңгелектігін мойындаймын, бірақ жердің АЙНАЛАТЫНЫН _ МОЙЫНДАМАЙМЫН...»

ортаңғы жолдағы Ханафит
15-08-13 10:57
«eeeee» бауырым! хыхыхыхы, мектепті бітіріп пе едің? Әлде 5-ші сыныпта оқисың ба? Сенің ютубтағы көрсеткен сілтемең watch?v=EEmW2F_yHVM Буддизмді насихаттайтын “Твоя Йога” сайтының материялы. Қашаннан бері Хадиситтер Буддистермен біріге бастаған? Ахли хадистің ғалымдары дәлелді Буддистерден ала бастаған ба? «Дуниауи галымдарың» Буддистер ме?
Ақша табу үшін осы сияқты видеоларды ютубқа көп салады. Мақсат – бұл видеоны көп адамдардың қарауы. Сонда Буддизмді насихаттауға және ақша табуға болады.
http://prosmo3.ru/zarabotok-v-internete/urok-44-kak-zarabotat-na-youtube-yutub/ Как зарабатывать на youtube
Осы сияқты АВАНТЮРНЫЙ видеоларды сен сияқты ЗОМБИРОВАННЫЙ фанаттар көп қарайды. Видеоңды өзің көзіңді ашып, жақсылап қарап шық! Видеоңдағы мына сөздерді жақсылап оқы: «Солнце – это не центр Галактики. Солнце вращается вокруг центра Галактики. Поэтому планеты вращаются по спирали». Бұл саналы адамдар үшін жаңалық емес. Бұдан тек ЗОМБИРОВАННЫЙ адамдар ғана: «Күн жерді айналады» деп, қортынды жасай алады. Бұны түсіну үшін қарапайым мысал келтірейік: «Үйді айналып жүрген велосипед». Бұл жердегі велосипедтің бір «Доңғалағы – Күн системасы», доңғалағының «Осі – Күн», спицасындағы «Отражатель – Жер», «Үй – Галактика центрі». Үйге қатысты диаграммада Отражатель спираль бойынша қозғалады, ал доңғалағының Осі шеңбер бойынша қозғалады. Доңғалағының Осіне байланысты диаграммада Отражатель доңғалақтың Осін айналады. Бұдан: «доңғалақтың Осі Отражательді айналады» деп қортынды жасауға ешқандай негіз жоқ! Яғни, Күн системасы барлық планеталарымен бірге Галактика центрін айналады, күн планеталары күнді айналады. Жыл мезгілдерінің келуі де осы себептен.

eeeeeeeee
13-08-13 23:06
отирк жала жаппа Ибн Базга , http://www.youtube.com/watch?v=A0gGf87UmYs
eeeeeeeee
13-08-13 23:00
watch?v=EEmW2F_yHVM. ахли суннанын галымдарыны далелди куран мен хадистен алады, мине сен козинди ашып кара жерди кун айналады , , казирги танда далелдеген дуниауи галымдар
eeeeeeeee
13-08-13 22:41
Түн мен күндіз үздіксіз ауысып жатады. Олардың ауысуы тоқтап қалған, үзіліп қалған кездері ешқашан болмаған. Қаншама автокөліктер мен ұшақтардың мықтылығына қарамастан, ақырында бұзылып, жарамсыз болып қалады. Ал түн мен күндіздің ауысуы тоқтаған ба еді? Жоқ, өйткені ол аса Дана, өте Құдыретті Аллаһтың ісі. Аллаһ былай деді: «Барлығын ең кемел түрде істеген Аллаһтың жаратқаны осындай!» (Нәмл сүресі, 88-аят).
Күн де Аллаһтың ұлы белгілеріне жатады. Аллаһ оны жаратқаннан бастап, Қияметке дейін керемет жүйемен жылжиды. Ол өзінің орнына қарай барады: «Күн өз орнына қарай жылжиды. Бұл – аса Үстем, бәрін Білуші Аллаһтың тағдыры» (Ясин сүресі, 38-аят). Күннің көлемі мен әкелетін пайдасына қарасақ, оның шынымен де Аллаһтың ұлы аяттарының қатарына жататынын аңғарамыз. Пайдасы жайында айтар болсақ, ол өз жылуын денелерге, ағаштарға, өзендерге, теңіздерге жеткізеді. Оның бізден алыс болғанына қармастан, бәрібір де оның ыстығын сеземіз. Сондай-ақ, күн жер бетіне жарық түсіріп, адамзатқа баға жетпес пайда әкеледі.

ортаңғы жолдағы Ханафит
11-08-13 23:26
http://www.ibnothaimeen.com/all/Contact.shtml Ибн Усейминнің сайтымен байланыс
http://ahlutaqwa.blogspot.com/2012/04/blog-post_7242.ht...12/04/blog-post_7242.html Ибн Усейминнің ФАТУАСЫНЫҢ орысша аудармасы

ортаңғы жолдағы Ханафит
кейбір Ф А Т У А Л А Р
11-08-13 22:09
http://www.ibnothaimeen.com/all/noor/article_6463.shtml Ибн Усейминнің сайты және оның ФАТУАСЫ
http://ahlutaqwa.blogspot.com/2012/04/blog-post_7242.ht...12/04/blog-post_7242.html Ибн Усейминнің ФАТУАСЫНЫҢ орысша аудармасы
http://www.ibnothaimeen.com/all/shaikh/article_17998.shtml байланыс
http://www.youtube.com/watch?v=Re41Y8ATniQ Күн жерді айналады – шейх Мухаммед бин Усеймин
http://www.youtube.com/watch?v=nihruLwhgc0 Ибн Баз және сфералық (жайпақ) жер
YouTube: فتوى بن عثيمين أن الشمس تدور حول الأرض

(кейбір Ф А Т У А Л А Р қз. 18-09-12 02:03)

eeeeeeeee
10-08-13 21:08
менин басым бар илимим аз илимдилерден сураймын , не че кателеспейтин адам жок, сен озин кателеспейтин адам сиякты сойлемеш, сен маган ангиме айтпаяк кой, сенин акылна мен муктаж емеспин , сен маган ешким емессин,ответ жазбаккой мына жерге кыстырылма, вавще сени жактырып турган жокпын ары емес бери сайдан косыла салдын мына жерге акидан тура болатьн болса мына матрудиге жаз
watch?v=7J3w7VQ4XdU
/watch?v=A0gGf87UmYs
Мусылман
06-08-13 08:38
еееее
Сен өзінің басын жоқ па? Ибрахим ұстаз немесе Дарын дейсин
Если что кезинде Дарын қателескен болатын, одан кейн оны шли ешким тындай бермиды
Бауырым, адас па! өзин оқы достоверный источниктарды, әркімнің сөзіне ермей

ортаңғы жолдағы Ханафит
03-08-13 07:25
...7. Егер адам мазхаб ұстанатындардың дәлелдерін зерттеп түсінудің орнына қайта-қайта «Құран мен Сунна, Құран мен Сунна» деп айта берсе – бұл дәлел келтіргенге ұқсамайды, арбап, дуалауға ұқсайды. Құран мен Сүннетті білу бұдан артпайды... (қараңыздар 02-04-12 22:15)
ортаңғы жолдағы Ханафит
03-08-13 07:20
Арман Қуанышбаев бауырымызға Аллаһ разы болсын!
eeeeeeeee
25-07-13 00:50
сен Арман Куанышбаевсынба,
ортаңғы жолдағы Ханафит
24-07-13 11:03
http://www.youtube.com/watch?v=5zjG1ncxdis&NR=1&feature=endscreen
Күң туралы хадисті Имам ан-Науауидің тәпсірлеуі
ортаңғы жолдағы Ханафит
22-07-13 16:09
Х А Д И С И Т Т Е Р _ Ф И Л О С О Ф И Я СЫ

Хадиситтердің «Кто твой Господь?» лекциясында айтқаны: «... «на(в) небе (фи сама)» мы должны понимать, как «НАД небой», т.к. если говорить «ходить по земле» это не значит, что «ходить ВНУТРИ земли», а «ходить НА земле». Поэтому мы должны понимать «на(в) небе (фи сама)», как «НАД(фоуқу, ғаләл) небой», семь небес расположены рядами, поэтому, получается «НАД(фоуқу, ғаләл) НЕБЕСАМИ»...»

Хадиситтер осы ФИЛОСОФИЯСЫ арқылы белгілі хадистегі күңнің «АСПАНДА(фи сама)» сөзін «Аспанның ҮСТІНДЕ», одан кейін «Аспандардың ҮСТІНДЕ» деп өзгертіп 2 рет БИДҒА жасады. Имам ан-Науауидің бұл хадис туралы шарқында «аспанда» сөзі Аллаһтың ЗАТЫН қозғамайды, тек Аллаһтың ҰЛЫҚТЫҚ қасиетіне байланысты айтылады (кейбір «атағы көкке шарықтады», «төбесі көкке жетті», деген қазақша сөздердің ауыспалы мағынасы сияқты, арапша Аллаһтың ҰЛЫҚТЫҒЫНЫҢ бәрінен ЖОҒАРЫ – БИІКТІГІН көрсетеді). Имам ан-Науауидің айтуы бойынша, аспан Аллаһтың Затының бағытын білдірмейді, Қағба - намаздың қыбыласы болса, Аспан(көк) – дұғаның қыбыласы...

Хадиситтер өздерінің осы сияқты негізсіз ФИЛОСОФИЯСЫ арқылы «Аллаһтың ЗАТЫН қозғауға болмайды» деген қағиданы бұзады, өздері ТҮСІНБЕГЕН, немесе өздерімен КЕЛІСПЕГЕН басқалардың НАҚТЫ Логикасын «философия» дей салады. Философияның не екенін өздері біледі ме екен? Адамдардың бәрі өздері сияқты ақыл-ойы шектеулі деп ойлайды ма екен? Өздерінің ЗОМБИРОВАННЫЙ екенін сезеді ме екен? Бұның бәрі Исламның негізгі жауының Радикал элементтер арқылы мұсылмандарды бөлшектеуге арнап алдын ала құрылған жоспары екенін біледі ме екен?...

eeeeeeeee
21-07-13 22:10
Ортангы жолдагы ханафит бауырым сиздин далелиниз куран мен хадистен болса далел келтириниз, устаздарга звандасын оларда далел келтирсин кимнин далели куран мен хадиске сай келеди екен, бул жердеги максат талас емес, акикатты айту, сиз звандап записке басып осында койыныз ссылканызды ,
eeeeeeeee
21-07-13 13:30
Ибрахим устаз- 87074186666
Дарын ұстаз:8 778 129 75 27
Ұстаздың уақытының тығыздығына байланысты және звондаушылардың көп болғанына байланысты ұстаздың нөмірі көбінесе сағат 11:00 — ден 13:00 дейін қосылады.
осы устаздарды мен тындаймын, егер сиз созинизди далелдегиниз келсе осы устаздарыма хабарласынызда записке басып алыныз, осында койыныз корейк сиздин далелинизди ,,,

ортаңғы жолдағы Ханафит
21-07-13 11:53
«Кто твой Господь?» лекциясындағы Ықылас сүресінің 4-ші аятының тәпсіріне байланысты хадиситтерге жауап: қараңыздар ДИАЛОГ (01-06-12 21:52)

Хадиситтер ФИЛОСОФИЯСЫ: қараңыздар (11-03-13 08:26) және (09-03-13 11:32) және Кейбір КӨЗҚАРАСТАР (15-10-12 21:05) және (15-10-12 21:16)

ортаңғы жолдағы Ханафит
20-07-13 22:57
Абдуллаһ ибн Аббас: «Не жайында болса да ойланыңдар, тек Аллаһтың ЗАТЫ жайында ойланбаңдар, ақиқатында жетінші көк пен Күрсінің арасы жеті мың жыл, ал Ол бәрінен жоғары» деп айтты. (Ибн Къудама «Исбат Улюв» 34 бет, сонымен қатар Байхакьи «Асма уа сыфат» 420 бет)

Күдіксіз, жер бетіндегі әрекет ететін жан иелерінің ішіндегі ең жаманы ақылын істетпейтін саңыраулар мен мылқаулар-дүр! (Әнфал сүресі, 8/22)

Аллаһ кір-қоқысты ақылын істетпейтіндердің үстіне жаудырады (Йұнұс сүресі, 10/100)

Ант болсын! Сендерге ескертуші бір кітап түсірдік. Сонда да ақылдарыңды жұмсамайсыңдар ма? (Әнбие сүресі, 21/10)

«eeeee» бауырым! берген сілтемеңдегі ұстазыңның «Кто твой Господь?» лекциясындағы Ықылас сүресінің 2-ші аятының тәпсірін тыңдап көр! Бұл ұстазыңыздың Аллаһ Тағаланың «Ас-Самад» сипат-есімін кемсітуіне қарсы жауап бергенбіз. Бұның шет жағасын (28-05-12 20:00) күнгі ДИАЛОГТАН қарап көр!
Ықылас сүресі жайында (30-04-12 08:37) күнгі комментен қарап көріңіздер.

«Шындығында Қиямет күні, Аллаһ Өз құлдарынан фәни дүниеде берілген ақыл-ой деңгейiне дәл лайықтап есеп алады» (хадис)

Аллаһ Тағала Нахл сүресінің 11-12-13 аяттарында айтқанындай ақыл иелерінің ойлау қабілетін әр-түрлі қылып жаратқан: түсінетін адамдар, пайымдайтын адамдар, ғибрат алатын адамдар.

Ғибрат алу – жақсы, егер ғибрат – дұрыс болса,
Түсініп ғибрат алу – одан жақсы,
Пайымдап ғибрат алу – бәрінен жақсы. Қараңыздар (21-03-13 19:57)

eeeeeeeee
20-07-13 15:07
eeeeeeeee
20-07-13 15:01
сен акылына сала бермесей, бул гайыпкой, канша айтам гайып, гайып, гайып, Аллах сендерди тура жолга салсын!!!
ортаңғы жолдағы Ханафит
17-07-13 19:51
«eeeee» бауырым! Кез-келген хадис дәлел бола алмайды. Тіпті сахих хадистің өзі Құран аяттарымен тексеріледі, аятқа қарсы хадис есепке алынбайды, немесе бұл хадис шарх-тәпсірді қажет етеді... Қараңыздар (11-09-12 04:12)
Аллаһ Ғаршыға қандай есім-сипатымен Истауа?
«Ар-РАХМАНУ ғалал-Ғарш Истауа» (20-Таха сүресі, 5 аят)
«Ол, сондай көктер мен жерді және екі арасындағыларды алты күнде жаратып сосын Ғаршыны ИСТАУА, Ол, аса ҚАМҚОРшы (стәуә ғаләл ғарш әр РАХМАНУ), оны білгеннен сұра» (25-Фурқан сүресі, 59 аят)
Аллаһ Ғаршыға «Ар-Рахману» есім-сипатымен Истауа (қз. 17-05-12 10:42)
Түннің үшінші жартысында бірінші көкке Аллаһтың Қамқорлығы (Рахманы) ерекше түседі...

Біз Дарын бауырымызды өте құрметтейміз. Аллаһ Тағаланың бұйрығымен ол бауырымыз себеп болып көптеген Қазақтар Исламға келді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей ол бауырымызға мін таға беруден аулақпыз. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды», «Көш жүре түзелер» дейді Қазақ.
Сіз ол бауырымыздың алғашқы лекциялары мен кейінгі лекцияларын салыстырып көріңіз, арасы жер мен көктей. Сондықтан да ол көптеген Радикалистерге ұнамайды... Қараңыздар (27-03-13 22:28)

Жәннат ғайып, яғни басқа өлшемде, ешқандай адам оның қай БАҒЫТТА екенін көрсете алмайды.
Имам әбу Ханифа, өзінің «Әл-Фиқһул-Әкбар» кітабында:
« والله تعالى يُرى في الآخرة، ويراه المؤمنون وهم في الجنة بأعين رؤوسهم بلا تشبيه ولا كيفية، ولا يكون بينه وبين خلقه مسافة »
«Иман келтіргендер жұмақта Аллаһты өз көздерімен көлемсіз және ташбиhсыз [кейіпсіз, орынсыз, бағытсыз, яғни ұқсатусыз] көреді, сонымен қатар Жаратушы мен жаратылғандардың арасында арақашықтық болмайды» деп айтты.

Ал хадиситтердің айтуы бойынша, Ғаршы аспанда болса, онда оның жоғары жақта БАҒЫТЫ бар, яғни біздің материялдық өлшемде орналасқан. Аллаһтың Ғаршыға ИСТАУАСЫН – Хадиситтердің: «Аллаһ аспандағы Ғаршыға ОРЫНСЫЗ, БАҒЫТСЫЗ көтерілді» деп айтуы: «Қазақстанның ШЫҒЫС жағында Қытай елі орналасқан, оның ар жағындағы Корея Қазақстанға БАҒЫТСЫЗ орналасқан» деп айтумен бірдей...

Қорыта айтқанда Ғаршының БАҒЫТЫ бар, Жәннаттың БАҒЫТЫ жоқ.

eeeeeeeee
15-07-13 14:16
Дарын Мубаров- Истауа http://kiwi.kz/watch/aeo0m2mff0re/ осынын кайтадан тындашы
eeeeeeeee
15-07-13 14:05
Куран мен хадис далел, сонда сенин айтпагын хадис далел бола алмайма, хадистер кайдан келди айтшы



страницы:    « в конец    6    5   4    3    2    1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail: (будет виден всем)
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2014   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Интернет-агентство «Браффорд»Реклама | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создание и управление —
«Ижанов и Партнеры»