Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу
Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Сүйікті жазушыңыз?

страницы:    « в конец    9    8    7    6    5   4    3    2    1    в начало »   

Авторы Xабарлама
Мен
17-04-06 19:02
Адамдар, қандай кітап оқып жатырсыңдар? соңғы оқыған кітаптарымызды айтып ой бөлісейік, жақсы кітаптармен бөлісейік. Қазір осы кітап оқитын адам бар ма? Осыны білгім келеді.

Авторы Жауап
Қара бала
kr_kz90@mail.ru
03-02-09 12:39
Сәлем Отандастар!!!

Маған Көроғлы дастаны керек еді. Көмектесіздер ме?
калалык кыз
03-02-09 07:13
Жақында "Жалын" баспасынан бір топ жас қаламгердің кітаптары шықты. Оқып шыққан адам өкінбейді.
айка
Aika_19_86
30-01-09 18:31
сырмақ туралы бар болса маған беріңізші. Рахмет
айка
Aika_19_86
30-01-09 18:29
Сырмақ дипломдық жұмыс
жан
96jantik
29-01-09 18:52
сәлем бәріңе мен "Шың" атты кітапты таппай жатырмын көмектесіңдерші
епвквкп
21-01-09 22:35
гүлер роза

Ерүйсін
20-01-09 11:04
маған Қажығұмар Шабданұлының "қылмыс" романы журналист болып, қалам қуатым қалыптасуға көп көмек көрсетті. мен үшін біреулер айтатын көркемдігі аз "Қылмыс" романы деген сөз қате. егер, сол жазушылар өздері қырық жыл түрмеде отырып алты томдық шығарма жызсыншы. Қыжығұмар "халық жазушысына" лайықты тұлға.
нәнқара
жоқ
16-01-09 19:32
маған ақындар ұнайды мысалы есенғали раушановтың ұлт туралы жазғандары . бірақ ол жазбай кетті дейді.
нәнқара
жоқ
16-01-09 19:31
есенберлин туралы оқығым келіп еді түк таппадым. неге оны зерттемейді.
нәнқара
жоқ
16-01-09 19:28
маған ақындар ұнайды мысалы есенғали раушановтың ұлт туралы жазғандары
Эльвира
ell.1
15-01-09 18:57
маєан Шерхан Муртаза жайлы реферат керек. Оныѕ ґмірі жайлы жјне шыєармашылыєы керек
Дін
Diboh_mail ru.
24-12-08 13:05
Єуезов µмірбаяны
Гаухар
Гаухар @mail.ru
23-12-08 20:01
сұлтанмахмұт торайғұровтын шығармалары
Даяна
21-12-08 09:44
маған Сырбай Мауленовтін биографиясы керек қазақ тілде
Жулдыз
ERKECHKA@mail.ru
19-12-08 13:14
макатаевтын киік жайлы поэмасын билесиздер ме? оте керек болып жатыр.алдын ала рахмет
asilzat
adilzat_ob
09-12-08 15:00
Салеметсиздер ме,әдебиет сүйер кауым
Н±рзия
Мамбеткереева
19-11-08 13:46
Маѓан М±хтар аѓаныњ µлењдері.шыѓармалары µте ±найды. Соныњ ішінде Желтоќсан оќиѓасы туралы шыѓармашылыѓы.Оќып кµріњіздер µкінбейсіндер.
Сандуєаш
www.sandu88.88@mail.ru
13-11-08 11:23
Јділбек аєа, саламатсыз ба? Менде сіздіѕ шыєармаларыѕыздыѕ кґбі бар. Кґѕілге ќонымды туындыларыѕыз їшін рахмет. Маєан ґте ќатты ўнады. Ќаламыѕыз ары ќарай ўштала берсін. Ќарындасыѕыз Сандуєаш. ЌазЎУ
Ақерке
akerke_990 list.ru
04-11-08 14:01
Салеметсіздер ме?маган Мұхтар Шахановтын олендері керек. Бар болса маган жіберулерінізді сураймын! рахмет
Мөлдір
12-10-08 21:38
Салем достар. Біздің халқымызда дарынды жазушыларымыз және олардың керемет шығармалары өте көп. Соның бірі Қабдеш Жұмаділовтің "Тағдыр" атты романы. Оқып көріңіздер өкінбейсіздер.
Ханшайым
anarka_1mail@ ru
09-10-08 20:50
Әрбір жазушының өзіндік ерекшеліктері болады.Кез-келген көркем шығармадан өзіңнің жан-дүниеңе жақын кішкене болса да қажетті нәрсе алуыңа болады.Сол себепті де кітапты көбірек оқыңыздар деп кеңес беремін.Сүйіп оқитын жазушыларым:І.Есенберлин,М.Мағауин. "Көшпенділерді" оқыңыздар , өкінбейсіздер.
hanil
09-10-08 19:07
Al men songi kezde karis tilindegi korei kitaptarin okip katirmin. Jana bastagandiktan kop narse aitalmaimin. Men okigan birnehse kitap aserli boldi. Kalai aitsam eken...감동적이다. Kuletin jerinen jilaitin jeri kop.
Толеген
Ориол.25
02-10-08 09:35
Жігіттер қыздар кел бір Аллаға сиынып оқылық.Әдебиет бұл адам өмірінде жол салушы бір бағыт деп айтсам қтелеспеймін өзім Абайдың қара сөздерін сүйіп оқймын


Мағираш
24-09-08 08:42
Маған Ақ білек романы керек. Таппасандар, сындырамын! Үш күн срок сендерге. Табыңдар, тез!
Ануар
Anvar.k86@mail.ru
23-09-08 22:06
Маган казакша шоу багдарлама Реферат керек, бреуде болса почтага лахтырасалынызшы!!!
Сандуғаш
sandu_nurseitova@mail.ru
03-09-08 16:45
Тұрар Рысқұлов Алаш партиясы және оның бағдарламалары туралы рефераттар болса беріңіздерші
Жанызак
janyzak@mail.ru
08-08-08 21:02
Интернетте қазақ китепқанасы бар ма?
Мисалы, қырғыз китепқанасы мына даректе (мекен жайда):
http://www.kitep.info


Алия
Aida 9797@ mail.ru
27-07-08 14:35
маєан Абай жолы романы керек, егер 3 кїніѕ ішінде болмаса ґлтіремін!!! Тїсіѕдіѕдерма???
БИР КАЗАК
kuat_nurlanov@mail.ru
24-07-08 18:51
Халайык Мухтар Шаханов туындылары кажет еди мумкин болса болисиниздерши
ќараќыз
19-06-08 10:14
Жазушылар жайлы јѕгімеґрбіп жатыр екен. жалпы жазушылар ішінде Јуезовтан соѕ Д.Исабековтыѕ шыєармаларын ўнатамын.Ќўрметті јдебиет сїйер ќауым, Исабеков шыєармаларын оќыѕыздар!
Жанболат
janbolat_janbo@mail.ru
22-05-08 05:04
Маган Ресей федерациясы туралы реферат керек
муха братуха
21-05-08 09:23
маєан жаз туралы шыєарма тауып беріѕдерші!!!
Қайрат
15-05-08 16:01
Жас алаш
25.04.2008 - Қажығұмарды халқымен қауыштырайық!


Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» атты романының 1 -ші кітабын оқып шығып, біз мынандай бір ақиқатқа көз жеткізгендей болған едік...

Әдетте жазушылар өзінің көргенін, білгенін, пікірлегенін, түйгенін, түйсінгенін жазады. Қаламгердің көркем шығармасына қарап отырып, оның нені жақсы көріп, нені жек көргенін, қандай адамды ұнатып, қандай адамды ұнатпағанын, тіпті шараптың қандай түрін жаратып, қандай түрін жаратпағанына дейін білуге әбден болады. Өйткені, қандай жазушы болмасын, өзінің көркем шығармасына өз талғамы мен танымын, өз құлығы мен қылығын міндетті түрде кіріктіреді.

Сонымен қатар, жоғарыда біз айтқан әдеби қағиданың аясына сыймайтын жазушылар да болады. Бұл жөнінде орыстың аса көрнекті сыншысы әрі пәлсапашысы Василий Розанов былай дейді: «Достоевскийдің өз ұлтымен, яғни орыс ұлтымен біте қайнасып, тамырласып, бірігіп-кірігіп, екеуінің біртұтас ортақ денеге айналып кеткені соншалық, Достоевскийдің көркем шығармаларындағы кейіпкерлердің көңіл-күйі - ұлттың көңіл-күйіне, кейіпкерлердің тағдыры - орыс халқының тағдырына, олардың жылағаны - орыс ұлтының көз жасына, ауырып-сырқағаны - орыс ұлтының денсаулығына, арып-ашқаны - ұлттың жүдегеніне, күлгені - ұлттың қуанышына, ренжігені - ұлттың ашу-ызасына айналып кеткен. Рас, мен Достоевскийді өз шығармаларында жеке басының шындығын жазбады деп айта алмаймын. Бірақ, Достоевскийдің шығармаларындағы оның өз жеке басының шындығы да ұлттың басындағы шындыққа айналып кеткен. Ал Достоевский мұны қалай айналдырды, қайтіп айналдырды, оны мен айтып бере алмаймын. Және мұның құпиясын да Достоевский өзімен бірге О дүниеге ала кетті ғой деп ойлаймын. Бір білетінім, мұндай жазушыны «ұлттың көңіл-күйінің барометрі», «ұлт тағдырының барометрі» деп атау керек!»

Біз бұл жерде Достоевский мен Қажығұмарды салыстырайын деп отырған жоқпыз. Айтайын дегеніміз, Қажығұмар да - «ұлттың көңіл-күйі мен ұлт тағдырының барометрі» деп атауға лайықты тұлға. Біз оқыған «Қылмыс» романының 1-ші кітабы оны осылай бағалауымызға толық негіз бола алады. Өкінішке қарай, біз өлі күнге Қажығұмардың «қаламшылық өнерінің» (Ж.Аймауытов) қадірі мен қасиетіне жете қойған жоқпыз. «Қылмыс» романының 1-ші кітабы жарық көргеннен кейін бұл шығарма әдеби ортада (Қазақстан Жазушылар одағында, «Қазақ әдебиеті» газетінде, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет жөне өнер институтында, немесе ҚазМҰУ-де) кеңінен өрі жан-жақты талқылануға тиісті еді. Маман-әдебиетші, маман-ғалымдардың пікірі тыңдалуы керек еді. Бірақ, бұған мойнымыз жар бермеді...

Әсіресе, бізді тәнті еткені - Қажығұмардың ішкі еркіндігі. Жазушы ретіндегі ішкі еркіндігі. Тұрар Рысқұлов 1932 жылғы ашаршылық жөнінде «Қазақ аулы аштықтан жаппай қырылып жатыр, бірақ дәл осы қазақ аулымен іргелес отырған орыс поселкесіндегі жұмыскерлер нанды бөлке-бөлкесімен шошқаларына беріп жатыр. Жуындыға араластырып. Бұған қалай ғана мән бермеуге болады?!» деп жазды. Дәл осы жағдай біздің ашаршылық туралы жазылған романдарымызда (бұрын жазылғаны бар, кейін жазылғаны бар) сөз етілді ме? Сөз етілген жоқ! Өйткені, біз шындықтың өзін емес, шындықтың көлеңкесін ғана суреттеуге әбден дағдыланғанбыз. Және соған мейлінше машықтанып кеткенбіз. Ал Қажығұмар ұлттың көңіл-күйі мен ұлттың тағдырына қатысты маңызды оқиғалар мен мәнді құбылыстарды, тірі детальдарды бізге ұқсап аттамалап та кетпейді, немесе қолдан қисындырып та әуре болып жатпайды. Шынайы қалпында, тарихи қалпында, көркем қалпында бере біледі. Біле білсек, бұл да - үлкен мектеп.

Бір жақсы жері, Қажығұмар қазақ кеңес жазушылары сияқты Горькийді, Демьян Бедныйды, Маяковскийді, Николай Островскийді пір тұтқан жоқ. Екіншіден, Қажығұмар Қытайдың классик жазушыларын, оның ішінде Лу Синьді өте жетік білгенге ұқсайды. Осы факторлар Қажығұмардың тапшылдыққа ұрынбауына, саясатқа бейімделмеуіне игі әсер еткен сияқты. Қазақ кеңес романдарында «қазақ - үйренуші ұлт, орыс - үйретуші ұлт» ретінде суреттелсе, Қажығұмардың «Қылмыс» романында «қытай - аға ұлт, қазақ - іні ұлт» дейтін жарамсақ «принцип» мүлде ұшыраспайды. Атымен жоқ. Бір сөзбен айтқанда, Қажығұмар - құлдық психологияға ұрынбаған, қазақтың ежелгі еркін, арда, бұла, сыншыл, тәуелсіз, бекзат мінез-қалпын сақтаған жөне оны берік тұтынған сирек жазушылардың бірі. Сондықтан да Қажығұмардың тағдырына, қазіргі күнгі хал-ахуалына қазақ зиялыларыда бей-жайқарай алмаса керек.

«Жас Алаш» газеті Қажығұмардың тағдырына қатысты бұдан бұрында бірнеше рет мәселе көтеріп, арнайы мақала жариялаған-ды. Ал енді бүгін тағы да осы мәселеге оралып соғуымызға Қажығұмар Шабданұлының рухани інісі, көрнекті жазушымыз Қабдеш Жұмаділовтың редакциямызға арнайы телефон шалуы түрткі болды. Енді Қабдеш Жұмаділовтың сөзіне құлақ түрелік:

- Дүниежузі қазақтар қауымдастығының басшысы Талғат Мамашұлымен кәдімгідей кеңірдектесіп қалдым...

- Неге кеңірдектесіп жүрсіз, Қабеке?

- Қажығұмар Шабданұлының алты кітаптан тұратын «Қылмыс» романының барлық қолжазбасы дәл қазір менің қолымда. Бұл қолжазбалар менің қолыма қалай түсті деп сұрасаңшы енді сен?

- Иә, қалай түсті?

- Қытай өкіметі Қажығұмардың бірде-бір дүниесін сыртқа өткізбейді. Қатаң қадағалайды. Содан сонау Шәуешекте ұйқамақта жатқан Қажығұмар бұл қолжазбаларды маған жасырын жолдармен жіберді. «Контрабандалық жолмен» десең де болады тіпті, «Ең болмағанда Қазақстанда осы «Қылмысым» түгел жарық көрсе екен... Айналайын, Қабдеш, өзің бас-көз боларсың!» деп маған үшбу сәлемхат та жолдапты. Әуелі бұл алты кітаптан тұратын «Қылмыс» романының қолжазбасын Дүниежүзі қазақтар қауымдастығына алып бардым. Обалы не керек, олар бұл романның бірінші кітабын жарыққа да шығарды. Енді қалған 5 кітабын да жарыққа шығарар деп әрі күттім, бері күттім. Тым-тырыс... Содан Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының басшысы Талғат Мамашұлына бардым. «Біз 1-інші кітабын шығардық қой, қалғанын шығара алмаймыз...» дейді. «Біз соңғы 5 жылда оралман жазушылардың 30 кітабын шығардық!» дейді тағы да тоқмейілсіп. «Оу, сол сендер шығарған 30 кітаппен мен де таныспын. Олардың бәрі жабылып «Қылмыс» романының қолына су құюға жарамайды. Ақыр шығарған екенсіңдер, «Қылмыстың» 6 кітабын да толық шығарыңдар! Әдебиет дегеніміздің өзі шындық емес пе?! Ал шындықтың көкесі - осы «Қылмыста». «Қылмысты» тұгел басып шығарып, Қажығұмардың да, оқырманның да сауабын алыңдар!» десем, Талғатекең көнер емес. Көнбеген соң, қолжазбаны қайтарып алдым.

- Қаржылары жоқ шығар?

- Қаржыдан бұрын ниет жоқ па деп қалдым...

Қажығұмар қырық жыл Қытайдың түрмесінде жатты. «Қылмыс» романын да түрмеде жатып жазды. Темекінің сыртқы сорабына, тамақ орайтын қаудырлақ қағаздың қиындысына, қойшы әйтеуір, қолына түскен қағаз атаулыға бір сөйлемнен, екі-үш сөйлемнен жаза берген ғой. Және Қажығұмар осы қиындыларды нанның кеуегіне тығып, шылымның ішіне орап, таныстары арқылы сыртқа жөнелтіп отырған ғой.

«Түрмеде жоғалып кетер, не болмаса күзетшінің қолына түсіп қалар...» деген оймен. Міне, бұл роман осындай аса қиындықпен жазылып, одан кейін айрықша тауқыметті жолмен қайта тірнектеліп жиналған, адамның басына бермесін, ересен машақатты һәм азапты жолмен дүниеге келген роман ғой. Енді неге біз Қажығұмардың осындай жанкешті еңбегін, жанқияр ерлігін сыйламаймыз? Неге немкетті қараймыз?

- Айтпақшы, Қажығұмардың Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтың атына жазған хатынан не хабар бар?

- Одан да ешқандай хабар жоқ. Өзінің президентке жолдаған хатын да Қажығұмар менің атыма жіберген-ді. Содан бұл хатты өңдеп-жөндеп, президенттің атына жібердік. Хаттың мәтінін бір емес, екі бірдей газетке бастырдық. Бірақ, президент әкімшілігі тарапынан ешқандай хабар да, жауап та жоқ.

- Қажығұмардың жағдайы нешік, ауру-сырқаудан аман ба, бұл жөнінде не хабарыңыз бар?

- Ұйқамақта жатқан адамның жағдайы қай бір жақсы болады дейсің?! Жатыр Қажығұмар сол өзінің Шәуешегінде. Ешқайда шығармайды, ешқайда жібермейді. Қажығұмардың Қазақстандағы туыстары (ағасы, ағасының ұл-қыздары) арнайы шақырту жіберген-ді. Бірақ, Қытай өкіметі бұл шақыруға құлақ асар емес...

Дәл қазір Қажығұмардың жасы 85-ке келді. Қайран жазушының есіл-дерті - Қазақстанға оралу. «Өлсем де, өзге елде емес, өз елімде өлсем екен...» деп армандайды. Ал енді біздің еш қаракетсіз, қол қусырып отырысымыз мынау... Қыл аяғы Қажығұмардың «Қылмыс» романын да толық басып шығара алмай отыр емеспіз бе?! Өзгеге келгенде өгіз қара күшіміз бар да, өзімізге келгенде неге тым тарылып, қусырылып қаламыз, осы? Осыған көзім жетпей-ақ қойды...

Әңгімелескен Әмірхан Меңдеке


РЕДАКЦИЯДАН: Ұлтымыздың аса көрнекті жазушысы, сөз өнерінің айтулы шебері Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романының қолжазбасы қолымызда бола тұра, оны әлі кунге дейін толық басып шығара алмай отырғанымыз және Қажығұмардың елге оралуына ешқандай септігімізді тигізе алмай отырғанымыз - шынында да, өте ұят нәрсе. Бұл - біздің ар-ұятымызға ғана емес, елдігімізге де сын. Ұлтымызға да сын. Мемлекеттілігімізге де сын. Азаматтығымызға да сын.

Осы ретте «Жас Алаш» газетінің ұжымы мынадай бастама көтеруге ниеттеніп отыр. Оның біріншісі - қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының елге оралуына қолдау білдіруші азаматтардың қолын жинау. Бұл ретте редакцияда бастамашыл топ құрылды. Бастамашыл топтың жетекшісі - белгілі саясаткер, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы. Екіншісі - Қажығұмардың «Қылмыс» романының 6 кітабын толық етіп баспадан шығаруға ұйтқы болу. Қазақ әдебиетінің алтын қорын онан әрі байыта түсетін мұндай шығарманың кешікпей жарық көруіне қаржылай көмек көрсетем деген азаматтарға «Жас Алаш» газеті өз есеп-шотын ұсынады. Көмек қолын созам деген меценаттарымыз бен өнер жанашырларына әрдайым есігіміз ашық.


«Жас Алаш» ЖШС-ның банкілік дерегі:

Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 22 үй.

СТН 600900126581 е/ш 200467585 БанкЦентрКредит АҚ

МФО 190501719


Ескерту: Ақша аударғанда есеп-шотты көрсеткен соң «Қылмыс» романы үшін» деген белгіні міндетті түрде қою керек.


«Жас Алаш», № 33 (15283), 24.04.2008 ж.


Аслан
Aliba007@inbox.ru
15-05-08 12:47
Ассаламу алейкум,маған Шынғыс Айтматовтың өмірі жайлы реферат керек?кімде бар көмектесіп жіберіңдерші№рақмет

06-05-08 18:30
Ілияс Есенберлин туралы керек
Asel
Kazah_2006@mail.ru
30-04-08 22:11
Габиден Кулахметов "Кол тубине кеткен ел", "Серинин сонгы салеми", "Уйири жок кокжал", " Из кесу", "Жалдамалы жендет" окинишке ораи бул кисинин шыгармашылыгы китап бетине коп шыкпады. Жул шыгармаларды "Жас Алаш" газетинен окуга болады. Егер бул кисинин омирин ажал кимаганда, елине тарту етер шыгармасы аз болмас еди. Окиништи...
БАУБЕК
30-04-08 10:54
Соңғы кезде тұщымды қысқа әңгімелерді сүйіп оқитын болдым, жақсы жазатындар баршылық қой...
Сағыздай созып, Мұхтардың тілімен жазамын деп, айдалаға кетіп қалғандарға жаным ашиды...
Тым шорт кететіндердің де оқырмандары тым аз...
Өз басым алтын ортаны сақтап, іші мен сырты таранған сұлуды көз алдыңа дөңгелетіп әкелетін көркем әдебиетті аңсап жүрмін...
Қайрат
25-04-08 09:12
Бұл тақырыпта ең басында Оқырманның 18.04.06 қазақ әдебиетінің алтын қорына О. Сүлейменовтің "Аз и Я" кітабын қосқанымен келісе алмаймын, өйткені түпнұсқасы орысша жазылған дүниенің қазақ әдебиетіне қатысы болуы мүмкін емес. Әдебиеттің жалғыз критериі тіл емес пе? Сол үшін қазақша жазылғанды қазақ әдебиетіне жатқызамыз. Басқа тілден аударылған шығарма басқа әдебиеттің жемісі болып қала береді. Ал автордың нәсілі қазақ болғанымен оның басқа тілде жазғанын қазақ ете алмайды. Мысалы, менің нәсілім неміс бола тұра ылғи да ағылшынша жазсам мені неміс әдебиетінің өкілі деуге бола ма? Сол сияқты менің түсінбейтінім неге Әнуар Әлімжановты қазақ әдебиетінің өкілі етіп оқулық пен энциколопедяларда да жазып жүр?
форумда
Қайрат
25-04-08 09:00
Мен сыйлайтын кейбір қаламгерлер қазірге дейін дұрыс бағаланбай келетін қазақ прозасының биік шоқтығы Ақан Нұрмановтың "Құлан ажалы" романы деп кесіп айтты. Осыған байланысты бұл романды оқып шығып бұндай пікірмен келісуге болады деп айта аламын.
Асылбек
sauran91@mail.ru
25-04-08 00:10
менин атым Асылбек. маған Есенберлин туралы материал тауып бересіндерма өтінемін
Қайрат
k_alimzhan@ok.kz
24-04-08 15:13
ШАБДАНҰЛЫ, ҚАЖЫҒҰМАР
Жазушы, ақын, драматург. Қытай қазақтары жазба әдебиетінің негізін қалаған тұлғалардың бірі болып саналады.
Жазушылық таланты, адами адалдығы және өз көзқарастарына қатаң беріктігі үшін әсіресе Қытай қазақтары арасында зор беделге ие.

ӨМІРБАЯНЫ
1925-ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде туған.
1930-жылдардың басында Қазақстанды жайлаған ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Шығыс Түркістанның Дөрбілжін ауданына ауып барған.
1940-ж. Дөрбілжін қаласындағы орталау мектепті бітірген.
1941-1945 жж. Үрімжі қаласындағы (Шығыс Түркістан) педагогтік мектепте оқыған.
1944-ж. Үрімжіде оқып жүрген кезінде ұлттық азшылықтар көтерілісіне байланысы бар деген айыптаумен Қытай билік орындары тарабынан қудаланып абақтыға түскен.
1946-1951 жж. Дөрбілжін орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген.
Жергілікті халықтардың мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі «Қазақ-қырғыз ұйымын» басқарған.
1952-ж. қызмет бабымен Үрімжі қаласына шақырылып әуелі «Одақ» журналының, кейін «Шұғыла» журналының бас редакторы болды.
1958-ж. «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен бас бостандығынан айырылып сотталған. Кесілген жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде өтеп, сол абақтыда 22 жылдай мерзімді өткереді.
1980-ж. жазасын өтеп әрі ақталып бостандыққа шығады.
1986-ж. желтоқсанында ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады деген айыптаулармен, шетел жансызы деген желеумен 15 жылға бас бостандығынан айырылып жазаланады. Жаза мерзімін Үрімжі қаласының № 1 түрмесінде өткізеді.
Қытай үкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты заңсыз қудаланғаны үшін Қ.Ш. қамауда отырған кезде адам құқығын қорғау «Халықаралық рақымшылық» («Amnesty International») ұйымы оны «ар тұтқыны» деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен.
1999-ж. – халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Қазір Шәуешек қаласында (Шығыс Түркістан) үй қамауы мен полиция қадағалауында, яғни «мырза қамақта» тұрып жатыр.
Әйелі мен бала-шағасы бар.

ШЫҒАРМАЛАРЫ
1943-ж. – «Сол үшін» деген тұңғыш өлеңі «Малшы» газетінде жарияланады.
1950-жж. – «Біздің үй» поэмасы және басқа өлеңдер мен дастандар баспа бетін көреді.
1956-ж. – «Бақыт жолында» повесі басылып шығады.
1978-1986 жж. аралығында Қ.Ш.-ның көптеген шығармалары жазылып жарық көреді, оның ішінде «Өгейлер» романы (1985) «Тарбағатай» журналында жарияланады.
Қ.Ш.-ның ерекше шығармасы – «Қылмыс» атты алты томнан (кітаптан) тұратын романы. Бұл романның бірінші томы 1982-ж. Шыңжаң халық баспасында (Үрімжі) басылып шығады. Екінші томы да сол баспа арқылы 1985-ж. жарық көреді.
«Қылмыстың» бірінші кітабы кейін Қазақстанда да басылады (Шабданұлы Қ. Қылмыс. Бірінші кітап. Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2005).
Романның арқауы – Қазақ даласына Кеңес өкіметінің орнауынан басталып, 1930-1940 жж. Шығыс Түркістандағы ұлттық азшылықтардың азаттық қозғалысына дейін тарихи және күнделікті оқиғаларды баяндайды. Шығарманың тілі уытты саяси әжуа мен мысқылға толы.
1989-ж. – «Пана» романы. Бұл шығарманың негізгі кейіпкері – Шығыс Түркістан қазақтары ұлт-азаттық қозғалысының қаhарманы Зуқа батыр Сәбитұлы болып табылады. Жазушы романды түрмеде жазып бітірді. «Пана» романы Қазақстанда жарық көрді (Қар.: Шабданұлы Қ. Пана. Алматы: Көркем, 2004).
Өтініш хат // Қазақ әдебиеті (Алматы). 2006-ж., қаңтардың 20-26. № 3. Бұл арызды қарт қаламгер Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы жазып, ашық хат ретінде газетте жариялатып көмек сұрайды.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
1. Ахметбекұлы А., Зейіпханұлы Е. Қажығұмар Шабданұлы // Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. Алматы: «Білік» баспа үйі, 1999. 337-б.
2. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 2005. 286-б.
3. Шабданұлы Қ. Өтініш хат // Қазақ әдебиеті (Алматы). 2006-ж., қаңтардың 20-26. № 3.


ҚАЖЫҒҰМАР ШАБДАНҰЛЫ ТУРАЛЫ
1. Шабданұлы Қ. Өтініш хат // Қазақ әдебиеті (Алматы). 2006-ж., қаңтардың 20-26. № 3.
2. Шарахымбай Б. «Қылмыс» пен «Пананың» тұсауы Атажұртта кесілді // Қазақ әдебиеті (Алматы). 2005-ж., желтоқсанның 23-29. № 51.
3. Шәкен Ж. Тас түрменің дауысы. Көрнекті жазушы Қажығұмар Шабданұлының шығармашылығы туралы // Қазақ әдебиеті (Алматы). 2005-ж., желтоқсанның 2-8. № 48.
4. Меңдеке Ә. Қажығұмарды халқымен қауыштырайық! // Жас алаш (Алматы). 2008, сәуірдің 24-і. № 33.

Айтпақшы, Ә. Меңдекенің мақаласымен қоса жасалаштықтар Қ. Шабданұлының "Қылмыс" романын толық бастырып шығаруға ақша жинауға жар салды.
Жоғарыдағы материалда қателіктер жіберген болсам, сын-ескертпелер қабылдауға дайынмын.

Қайрат

Көтібар
deleted
23-04-08 17:07
Менің сүйікті кітабым "Гарри Поттер"!
Ескендирова
Мадина
16-04-08 19:56
Ілияс Туралы тауып беріндерші, ґтінемін
Нұр апа
Азарина
16-04-08 08:46
Яндекс,Рамблер тагы басқа анықтама сайттарына кіресің де Әуезов деп тақырыпты жаз, найти деп бас ,тауып береді.
НАЗЕРКЕ
AIGANIM 92 @ MAIL.RU
15-04-08 23:16
"Шўєаныѕ белгісі" Бейімбет Майлинныѕ шыєармасын міндетті тїрде оќыѕыздыр!
Азорина
azorina@bk.ru
14-04-08 15:13
кешірініздер... маган -Ұлтын суйген ұлы жазушы(Әуезов шығармаларындағы халық өмірінің шынайы суреті)деген шығармаға комек тесіндерші!!! жалынамын)))
Нұр апа
10-04-08 11:44
Жартыбас,саған қандай ақындардың өмірбаяны керек?Мен Шәкәрімді жазып жатырмын, аяқтаған соң жіберемін.Абай,Мұқағали керек пе?
менннн
07-04-08 16:51
сабыр адай - *єр ќазаќ — меніњ жалѓызым*

Жазира
1020
07-04-08 15:58
Менің ойымша барлық жазушы бірдей дей алмаймын, дегенмен көпке күйе жағуға да болмайды.
Салтанат
Saltanat71@inbox
04-04-08 00:51
Мектепте 3 класымнан бастап ќолыма тїскен кез келген кітапты бас алмастан оќитынмын.Їлкен-їлкен томдарды 3-4 кїнде аяќтайтынмын. Орысша болсын ќазаќша болсын мейлі. Ќазаќ жазушыларын мумкін тїгел дерлік, ал кґптеген шет ел жазушыларын оќыдым. Ґз басым кітап оќудыѕ кереметін, рахатын, тјрбиесін айтып жеткізе алмаймын. Соѕєы жылдары кітап оќуєа уаќытым болмай жїр. Ал меніѕ колледжде 2-ші курста оќитын ўлым мен 9-шы сыныпта оќитын ќызым мїлдем оќымайды.Оќыѕдар деп жалына жалына шаршадым. Мен кітап оќымайтын адамдарды мјѕгїрт адамдар деп есептеймін. Оќыѕдар!!!
Жартыбас
онр
26-03-08 15:30
уа, халқым... маған әрбір қазақтың ақындарының өмірбаяны керек еды. көмектесе аласыңдар ма?
Елдос
24-03-08 18:21
Жаксы Ќазаќ жазушылары ґте кґп!!! Ќўдайга шукур!!!
Ерекшеси Муктар Магауин таризди. Бауыржан Момышулы, Ќасым Ќайсеновтер тамаша.

Ержан
АГУ КZ
21-03-08 09:38
"Махаббат ќызыќ мол жылдар" Јзілхан Нўршайыќов. Сіздердіѕ кґѕілдеріѕізден шыєатынына кјміл сенемін.

Дарий
19-03-08 08:57
Долы сен ешексіњ
Данияр
17-03-08 14:47
Сырбай Мауленов туралы µмір


Асема
asema90.90.90@mail.ru
17-03-08 12:49
І.Есенберлин туралы реферат тауып беріндерші!
Бахтияр
www.baha@g.ru
16-03-08 11:15
Бердібек Соқпақбаевтың әңгімелері қызық,терең мазмұнды,мұңды.
Оқыңыздар,өкінбейсіздер!!!

Бахтияр
16-03-08 11:12
Маған Бердібек Соқпақбаевтың әңгімелері ұнайды.Әсіресе" Балалық шаққа саяхат"әңгімесі өте қызық.Ондағы терең мазмұнды,мұңды өмір адамды тебірентпей қоймайды.

Алтынай
09-03-08 17:23
Сырбай мауленов "кош бол саулем"
Менмен
19-02-08 21:27
Айнаѓа!!!
Маѓауин жайлы кµсіле сµйлеуге болар еді. Мен осы жазушыдан керемет шыѓармалар к‰тетін сияќтымын. Шынында соњѓы жылдары Атам±ра кітапханасы сериясымен шыќќан кітаптарын оќып шыќтым. Яѓни, соњѓы єњгімелерін. Ќазаќ єдебиетінде жањашылдыќ іздерін байќаѓан секілдімін. Мысалы, Ќуыршаќ. Єрине кей кездері б±л єњгіме Акутагаваны еске т‰сіруі м‰мкін. Алайда осы шыѓармадар ќазаќ єдебиетінде болар болашаќ µзгерістерді кµрдім. Жалпы Маѓауин керемет жазушы. Єлемге шыѓарда бетке ±стар біртуар деп маќтай берсек те болады. Біраќ ол артыќ-ау деймін. Ал енді Дидар Амантайдыњ Ж±лдызда шыќќан Т‰нгі жарыќ немесе басќаша аты Кітаптар мен г‰лдер еген соњѓы романын оќыдым. Єсер - єсерленгендей-аќпын. Маѓауинге бєрекелді. Осындай т±лѓалардыњ болуын ќ±птамын.

Ал оќырман ќауымѓа Акутагава мен Кафканы оќыѓанды ±сынар едім. Єсіресе ќолына ќалам ±стаѓан ж±ртшылыќќа. Б±л екеуініњі берері кµп. Т‰ркістаннан



страницы:    « в конец    9    8    7    6    5   4    3    2    1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов