Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Елдi мекендер, ауылдар, калалар
Тақырып: Байганин ауданы


Авторы Xабарлама
Bratandaringo
Beksh.nogai@bk.ru
20-04-12 22:38
Байганин ауданы ногайты ауылынын жастары кайда?
Байганин жастары кайда?

Авторы Жауап
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.rz
15-12-18 07:36
Нұрлыбай Қошаманұлы
15 декабря 2017 г. в 10:57 ·
"ЖҰМЫСШЫ ТАБЫ - барлық еңбекшілер мен қаналушылардың алдыңғы қатарлы күрескері, гегемоны" (Ленин ата).

Қоғамның қозғаушы күші Қарағанды шахтерлерінің талабы орынды. Бүгінде Қазақстанда тап күресі шиеленісіп, ушығып тұр. Оны да ушықтырып отырған да қазақстандық билік. Айнала қоғамдық теңсіздік өсіп, дәулеттілер мен дәулетсіздердің арасы алшақтап, жалдамалы еңбектің буржуаға тәуелділігі артып барады.

"Мемлекет пен буржуа монополистердің сыбайластығы - ерте ме кеш пе жұмысшы табын және барлық еңбекші қарапайым халықты қанаудың тереңдеуіне әкеледі. Буржуа монополистердің мемлекеттік монополистермен сыбайластығы ішкі қайшылықты одан әрі шиеленістіре түспек" - деген екен қайран Ленин атам.

15.12.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.rz
12-12-18 18:06
ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА

Жасыратыны жоқ, бүгінгі жүйе өздеріне сын айтатындарды ешқашанда қабылдай алмайды. Оң өзгеріс қажет дегендерді жек көреді. Бұл жүйе қашанда айтқанымен жүретін, ықпалынан шықпайтындарды артық көреді. Айтайын дегенім, менің ФБ желісінде жазғандарыма лайк басқаны үшін кейбір азаматтарды әкімішікке шақырып, мәселесін қарапты. 30-шы жылдарға тән зиялыларымыздың басына түскен өзіндік саяси көзқарасы үшін тергеп, тексеру қайта туғандай.
Иә, мен бүгінгі жүйеге мақтаудан көрі сынды жиі айтамын. Билікке айтарым, ақыл-ой жетілісуінің түп тамыры сыншылдықта, оны қабылдай білуде, ақыл-парасаттың тәуелсіздігінде жатыр.
Азаматтың азат ойын тұншықтыра алмайсыздар. Менің жазбаларыма лайк басқаны үшін әкімшіліктің азаматты тергеуге алуы әрине шектен шығушылық, заңнан тыс. Сондай-ақ менің жазғанымды бөліскені үшін басқаның жапа шегіп, қиянатқа душар болуын да қаламаймын.
Саяси көзқарасы, ұстанымы үшін азаматқа негізсіз тергеу ұйымдастыру, демократиялық көзқарасты тұншықтыру, оларға қарсы жазалау шарасы деп қабылдаймын...

12.12.2018.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.rz
09-12-18 19:54
ҚЫТАЙ ЖАҒЫНАН ҚАЗАҚСТАНҒА ЭКОНОМИКАЛЫҚ, МЕМЛЕКЕТТІК АГРЕССИЯ БАСТАЛДЫ.

Мәжіліс қытай инфесторларын салықтан босату туралы келісімді ратификациялау туралы Заң жобасын мақұлдады. Жалпы капиталдандыру сомасы 55 млрд долларды құрайтын «Жібек жолы» қоры Қытайдан ірі инвесторларын елімізге тартпақшы. Қытай миллиардтарды өңдеу өндірісі мен инфрақұлырым салаларына салады. Осы жоба аясында екі мемлекет арасында жалпы 55 жоба жүзеге асырылмақшы.
Демек, қазірдің өзінде Қытай Қазақстанның экономикасына ықпалын жүргізе алатын жағдайға жетті деген сөз.

Әрине, мұндай ірі жобаны іске асыруға Мәжіліс, Министірлер кабинеті өздігінен бара алмайды. Бұл тек қана бір кісінің, яғни Президенттің белден басқан бұйрығымен іске асырлып жатқан қауіпті қадам. Бұл жобаның артында Н.Назарбаев тұр. Осылайша қытай қазақ жеріне жоспарлаған өз ұпайын түгендеуге мықтап кірісті.

Қазірдің өзінде еліміздің мұнай-газ ресурстарының басым бөлігін қытай инвесторлар бақылайды. Бүгінгі Қазақстанда 5-7 мыңға жуық қазақ-қытай бірлескен кәсіпорындары жұмыс істейді. Қытай Қазақстан экономикасында ықпалды күшке айналып барады. Тоқсаныншы жылдардың басында Қытайдың ұлттық мұнай компаниясы /ҚҰМК/ Қазақстанға алғашқы қадамын жасады. Жер астында 121 миллион тоннаға жуық мұнай қоры бар Кеңқияқ пен Жаңажол кенiштерiн игеру құқығына ие болған алғашқы шетелдiк компаниялардың бiрi де осы едi. Бұдан соң 2000 жылы Қытай тарапы акция пакетiнiң 85,3 пайызына қожайындық ететiн «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясын құруға қол жеткiздi. Бүгінде ақция меншігі 98%.

Осы тұста айта кетер тағы бір басты мәселе — Қытай мемлекеттік инвестициялық компаниясының - Қазақстандағы ең үлкен мұнай-газ компанияларының бірі — "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясының акциясын сатып алуы. Нәтижесінде еліміздің мұнай нарығындағы үлесі 55-60 пайызға жетіп жығылды. Қытай компаниялары үлесінің мұнай-газ өндірісінде барынша ұлғаюы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін БЕЛГІ (SOS!!!).

PetroKazakhstanды сатып алғанда баспасөз мәлiмдемесiн таратқан қытайлықтың: «Бұл біздің Қазақстанға бағытталған iскерлiк экспансиямыздың бiр бөлiгi болып табылатын табиғи таңдау» дегенін неге ұмытамыз. Отарлау мәселесiн ашық айтудан жасқанбаған қытайлардың басты мақсаты осы.

Парламенттен үміт аз. Халықтың сөзін сөйлейді, мүддесін қорғайды деп үміттенген өкілетті билік, мәжіліс, жергілікті мәслихат депутаттары өз сайлаушыларын сатып кетті.

Халқыма айтарым, бұған шыдап отыра беруге болмайды. Қоғамдық пікір, халық, Қазақстан үкіметі Қытайдың экономикалық және геосаяси мүдделерiнiң бұдан әрi тереңдеуiне жол бермеуi тиiс.

Қытай тарапынан Қазақстанға экономикалық, мемлекеттiк агрессия басталды. Елге топан судай қаптаған қытай өнідірісін, иммигранттарын арнайы қабылданатын заңмен ғана тоқтатуымыз керек....

09.12.2018.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
09-12-18 05:06
16 желтоқсан - ЖАҢАӨЗЕН ҚЫРҒЫНЫ күні...

2011 жылдың 16-17 желтоқсаны – Қазақстан тарихындағы ең қасiреттi һәм қаралы күндер. Жаңаөзеннiң Ынтымақ алаңында халыққа оқ атылды.
Бұл екі жақты қанауға - шетелдіктер мен ішкі буржуалардың тізе батыруына, тәуелділікке қарсы көтерілген жұмысшылар наразылығы еді. «Қаражамбас», «Ерсай», «Өзенмұнайгаз» мұнайшылары 7 ай бойы ереуілге шыққанда «жергілікті билік», «Қазақ Үкіметі» олардың талабын орындаудан бас тартты. Билік, құқық қорғау органдары 7 ай бойы мәселені шешудің орнына, керісінше қоқан-лоққы жасаумен келді. Оларды осы аралықта талай мәрте сотқа сүйреп, әкімшілік жазалау шараларын қолданды. Жазықсыздан жұмысшылар жұмыстан шығарылды. Ереуілшілер де халық та осының бәрінен әбден титықтады. Әрине билік тарапынан болған мұнай белден басу халықты ашындырды.
Оқиға бүгінгі саяси билік өмірлік маңызы бар мәселенің түйінін шешуде қауқарсыз екенін, жағдайды ушықтырмай реттеу қабілетінің жоқтығын тағы көрсетті. Керісінше, олар байлықтары мен құлқындары жолында өз халықына мылтық кезенуден да тайынбайтынын дәлелдеді. Сөйтіп, қазіргі қазақ билігі өз халқына қарсы қару қолданып, ҚОЛДАРЫ ҚАНҒА БАТТЫ.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАНАУ Маңғыстау өңірі ЖҰМЫСШЫЛАРЫН ақыры осындай бас көтеруіне әкелді. Халықтың ашу-ызасы тағы да 1986 жылғы желтоқсандағыдай жанар таудай атылды. Бұған бірден-бір себепші болған да, итермелеп арандатқан да билік еді.
Жау сырттан шапқан жоқ, халықтың, елдiң тыныштығын қорғауы тиiс полицейлер көздеп тұрып, жұмысшыларды қуалап жүрiп атты. Айдың-күннiң аманында қан төгiлдi. Келесi күнi күштiк құрылымдар Шетпеде бас көтерген жұртты да жусатып салды.
Халықты қанға бөктiрген оқиғадан берi сегіз жыл өттi. Осы сегіз жылда не өзгердi? Билiк бастапқыда кiнә артқан жазықсыз жандардың басым бөлiгi түрмеден босап шықты. Бiрақ үш азамат әлi де нақақтан-нақақ қамауда отыр. Жаңаөзеннен опыр-топыр бiрнеше сот процестерiн өткiзген билiк «Алға» партиясы мен тәуелсiз ақпарат құралдарын экстремистiк деп танып, сот шешiмiмен жапты.
Қанды оқиғадан кейiн билiк пен қоғам бұдан қандай сабақтар алды деген тақырыпта көп ой қозғауға болады. Дегенмен осы жылдардың iшiнде оқиғаның шындығын ашуға бастайтын «Халыққа оқ атуға бұйрық берген кiм?», «Алаңда болған оқиғаны ұйымдастырушы кiмдер?» деген ең басты сауалдарға әлi де жауап берiлген жоқ.
Жазаланғандар өздерінің құқы үшін көшеге шыққан жұмысшылар мен жастар болды.
Жаңаөзен мен Шетпеде қаза тапқан азаматтар тізімі:
1. Құбайдуллаев Байбек, 21.07.1989;
2. Аязов Шадияр Елжанұлы, 21.01.1978;
3. Оңғаров Серiк Алпысбайұлы, 12.11.1959;
4. Юсупов Радик Расулович, 1987;
5. Тұрғанбаев Аманбек Төреханұлы, 07.05.1984;
6. Көшеров Жаңаберген Жаймұханұлы; 16.11.1979;
7. Дүйсекенов Атаберген Хасанұлы, 27.10.1987;
8. Әбдiкәрiмова Жанар, 11.04.1974;
9. Көшеров Рахат, 11.03.1995;
10. Мұналбаев Нұрлан Дүйсенбайұлы, 08.01.1982;
11. Құлқайров Атабай Бөребайұлы, 19.07.1967;
12. Шұпашев Жарас Қалдыбекұлы, 29.09.1973;
13. Дүйсенбаев Бекесжан, 08.11.1953;
14. Тоқсанбетов Төлеген Диханбайұлы, 03.04.1968;
15. Базарбай Кенжебаев, 1961;
16. Оразай Мәмбетназар;
17. Төлегенов Төребек, 1981;
18. Аңдамасов Юсуп (Мәйiтi соққыдан адам танымастай болған, жертөледен табылған);
19. Боженко Александр (Салоходин) Валериевич, 22.01.1989.

Барлық жерде тәуелсіздік (өкініштісі, біз шынайы тәуелсіздікке біз әлі жеткен жоқпыз) жолында құрбан болған 1986 - Алматы, 2011 - Жаңаөзен батырларын еске алайық, оларға дұға бағыштайық!!!

02.12.2018.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
09-12-18 05:04
ШАЛҒАН ҚҰРБАНДЫҚТАРЫҢ ҚАБЫЛ БОЛСЫН ЖАҢАӨЗЕНДІКТЕР!

Бүгін Маңғыстау облысы Тентек ауылында Жаңаөзен құрбандарына АС берілді. Жаңаөзен халқы азалы. Әрбір қазаның астында тұншыққан үндер кетті. Ол үндердің тірілер құлағына шалынбай жер қойнауында іздеушісі жоқтай жата беруі мүмкін емес. Шындық бүгінгі жүйенің шынайы бет-пердесін ашуға, оларың іс-әрекетіне тарих алдында бүгінгі күн тұрғысынан баға беру үшін қажет. Халқымыздың басына түскен қандайма бір қиын кезеңінде де бей-жай ілесуші емес, қашанда еріне пана болар бұқара көптің жағында болайық ...

Адам соты емес «АР» сотының алдында биік болайық. Бауыржан бабамыз айтқандай: «Ар» – айналамыздағы жақсылық пен зұлымдықты, шындық пен жалғандықты, әділдік пен әділетсіздікті айыратын адамгершілік ұғым». Адамгершілігімізге көлеңке түсірмей қылмысты жасыруға емес, ашуға көмектесейік. Адамнан емес АЛЛА-дан қорқайық...

09.12.2017. Н.Қ.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
07-12-18 09:11
БІЗГЕ ШЫНАЙЫ АЗАТТЫҚ КЕРЕК....

Жасыратыны жоқ қазіргі кезде бізде мемлекет басындағы шенеуніктер басты заң бұзушыларға айналып, бір адамға табыну өршіп, заңдылықты қадағалау мүмкін болмай бара жатыр. Бір сөзбен айтқанда Қазақстан халқы өзгеге тәуелді құл күйге қайта түсті.
Бүгінгі жағдайымыз бұрынғыдан да қорқынышты. Бұрын бір ғана Мәскеуге тәуелді болып келсек, қазір әлемнің алпауыттарына (қытайға) бағынышты елге айналдық.
Ағылшын жазушысы У.Годвин: «Мемлекетсіз қоғам – анархизмге келеді» - деген, мемлекеттік эгоизм асқынып, қоғамдық мүддеден алшақтап барады. Ал, анархизмнің негізгі көздеген идеясы - еш нәрсемен шектелмейтін жеке бастың бостандығын үгіттеу. Қазіргі қазақстандық басқару жүйесі де қазақты отарлықтан құтқарып, азаттыққа жеткізбеді. Әлеуметтік, экономикалық, саяси реформаның кешенді жүргізілмеуі, тағы да келесі ғасырда қазақ халқының тірі қалу, қалмау мәселесіне айналды.
Биліктің өзі мемлекеттік құрылымның басты даму тетігі болып табылатын оның қоғамдық-саяси қатынастар институты партияларын қиратумен айналысуда. Өркениетті елдің ақиқаты шынай айтыста туатынын сезінбеген билік, қоғами қалыпты сынды жабайы дауға айналдырып, одан қылмыстық астар іздейтін ЖАЗАЛАУШЫ МЕМЛЕКЕТКЕ айналды.
Мемлекеттігіміздің негізіне қауіп әкелетін елдегі экономикалық коррупциямен күреседі, оның алдын алады деген ҰҚКД-ті көп жағдайда өз қызметінен ауытқып, керісінше жемқорлықты бүркемелеп, саяси қайраткерлерге, демократиялық ағымдардың жетекшілеріне қарсы саяси террор, қастандық ұйымдастырумен жүр. Анық қырсығына іліксең болды, олар үшін ердің құны түк емес, түрмеге қамайды да тастайды. Бұл өте қауіпті бағыт.
Мемлекетті, қоғамды ДЕГРАДАЦИЯҒА әкелетін себептерді ғылым былай классификациялайды: 1. Қоршаған ортаның ластануы; 2. Қауіпті аурулардың (спид, оба, нашақорлық т.б) өсуі; 3. Демографиялық жедел өзгерістер (иммигранттар есебінен); 4. Ұлттық мәдениеттің уағыздалуының әлсіреуі; 5. Жемқорлықтың асқынуы; 6. Жұмыссыздық пен сауаты төмен білімсіздердің көбейуі. Осының барлығы бүгінгі Қазақстанды дендеген белгілер, медицина тілімен айтқанда аурудың СИМПТОМДАРЫ.
Назарбаев басқарғалы Қазақстанды шетелдіктердің отарлау саясаты күшейіп, біз мемлекеттігімізден айырылып бара жатырмыз. Бар меншікті жекелерге сатып жіберіп, тамшылатып берген салық есебінен ғана күн көремін деген экономикалық саясаттан мемлекеттің ұтары аз.
БҮГІНДЕ халық өздерінің әлеуметтік тірлігінің төмендігі, барлық проблема елдегі саяси жүйенің жетілмегенінен, Қазақстан экономикасын шарпыған жемқорлықтың айналасынан туындап жатқанын түсіне бастады.
Бізге бір адамға бағынған емес, уақыт пен халық мүддесіне жауап бере алатын, оның бірлігіне, ел тұрақтылығына қызмет ететін, ұлттың ары мен намысын қорғайтын таза да әділетті, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесімен айқындалған, шынайы халықтық ПАРЛАМЕНТТІК билік керек.
ҚАЗАҚ Мемлекетіне нәубет болып үйіріле бастаған жоғарыда айтылған әлеуметтік, экономикалық, саяси жайлардан арылатын шынайы РЕФОРМА, АЗАТТЫҚ керек.

07.12.2018.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
04-12-18 19:24
ПАРЛАМЕНТСІЗ ҚАБЫЛДАНҒАН ЗАҢДАР ЗАРДАБЫН ТАРТЫП КЕЛЕМІЗ...

Президент авантюралық жолмен екі мәрте Парламентті таратты. Сөйтіп, ҚР президентіне заңдық күші бар актілер, қаулылар шығаруға негіз болатын шексіз құқыққа ие болды (Заң 15.12.1993 ж.). Бұл өкілеттіктің авантюралық зардаптарын халқымыз әлі тартып келеді. Өкілеттіңктің үлкен зардабы - афшорлық аймақтарға миллиардтардың кетуіне жағдай жасады.
Дәлел келтірейік: ҚР Президенті кезінде өзінің шексіз өкілеттігін пайдалана отырып, 1994 жылдың 1 ақпанында "Жек тұлғалар үшін шетелдік валютада жасырын есеп-шоттар енгізу" №1537 жарлыққа қол қойды. Бұл онысыз да қалт-құлт етіп тұрған бюджеттің жағдайын қиындатты. Одан кейін ұрлыққа жол ашқан бұл АКТ 1995 жылдың 27 наурызында шыққан заңдық күші бар №2-230 Жарлықпен толықтырылды. Бұл заңдар бойынша жеке тұлғаларға (резидент және резидент еместер) фамилиясы, аты жөні көрсетілмеген салымшыларға ешқандай құжат көрсетпей-ақ банктерден жасырын есеп-шоттар ашуға мүмкіндік берілді. Нәтижесінде миллиардтар шетелге ағылды.
Әлі есімізде оның мұнысын И.Тасмағанбетов Теңіз кен орны акцияларының шетел банктеріне салынғанын, Президенттік "Жасырын валюта қоры туралы" жарлыққа қол қойғанынымен түсіндіргені. Осылай миллиард доллар шетел банктеріне салынды. Президенттің осы өкілеттігінің өзі бірнеше ұрпақтың терімен және қанымен жасаған игілігін талан-таражға салуға, талапайға түсіруге кең жол ашып берді. Халық мұны ұмытқан жоқ.
Бүгінде Конституция мен "Президент туралы" Заңды мұқият оқыған адам Президенттің құқықтары шектеусіз, ал жауапкершілігі тіпті жоқ екеніне көз жеткізеді.
Сол тұста "Конституцияны" парламентсіз, "Президент туралы" Жарлықты да парламентсіз өзі жазып, өзі қол қойғанын ескерсек, Назарбаев өзінің жеке билігі режимінің құқықтық базасын Заңдармен өзі бекітіп алғанын көреміз. 1995 жылы референдум арқылы (шынайы бүкілхалықтық емес) өзінің жеке билігін нығайтуға бағытталған жаңа "Конституцясын" қабылдап алды. Осыдан кейін бүгінгі қазақстандық жүйені авторитарлық демей қалай дейміз. Ал, жаупкершілігі жоқ шексіз биліктің, авторитаризмнің түптің - түбінде диктатураға алып келетіні - аксиома.

04.12.2018.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
26-11-18 13:47
ҚЫТАЙ СОҚҚЫ БЕРУГЕ ӘЗІР

Кешеге дейін Қытай Халық-азаттық армиясының ұстанып келген қағидасы тек сырттан келетін басқыншыдан елді қорғау яғни қорғаныстық сипатта еді. Бірақ бұл соңғы кезде өзгеріске ұшырады. Әлемдегі қазіргі күрделі жағдай, саяси ойындар, күшті мемлекеттердің әлсіздерге әскери күш-көрсету т.б мәселелерді есепке алған қытай генералдары армия стратегиясына өзгерістер енгізіп, «күтпеген соққы» жасау әзірлігіне кірісті деп жазады South China Morning Post. Басылым, Халық-азаттық армиясын заманауи қарумен жарақтандырып, үнемі әзірлікте ұстаудың бір себебі, Қытайдың әлемдегі ықпалы арта түсуінен һәм АҚШ пен екі арадағы жағдайдың қиындауынан деп жазады. Осыдан біраз бұрын, Қытай басшысы Си Цзиньпин ашық түрде әскерилерге алдағы уақытта болуы мүмкін үлкен соғысқа сақадай-сай тұру үшін әзірлікті шұғыл түрде жүргізу керектігін ескерткен. Әрине Қытай басшысының қауіп етіп айтатындай реті бар. Өйткені АҚШ пен сауда соғысын ғана емес, әскери қақтығысқада түсіп қалу қауіпі артып келеді. Себеп белгілі ол – Оңтүстік Қытай теңізінде туындап отырған жанжал жәнеде Тайвань мәселесі.Тайвань демекші АҚШ Қытайдан бөлініп жеке өмір сүріп келе жатқан аралдағы мемелкетті үнемі қолдап келді. Жақында ғана осы маңға АҚШ бірнеше әскери кемелерін аттандырды. Әрине бұл Тайваньды түбі өзіне қосып алу үшін тыраштанып жатқан Қытайға ұнамасы хақ. Содан болар Бейжің мен Вашингтон арасындағы дүрдараздылық арта түскен. Ал Қытай басшысының әскерилерге «үлкен соғысқа даяр тұрыңдар» деуінің сыры осыда. Тағы бір мәселе, соңғы жылдары Қытай Еуразия, Африка және Оңтүстік Америка бағытында жүрігізіп отырған саяси-экономикалық экспанциясын һәм ол жақтағы мүддесін қорғау үшін, қарулы күштердің қуатын пайдалануды да көздеп отырғаны анық.

26.11.2018.


Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
05-11-18 10:31
М.Тайжанға

М.Тайжан мырза, бізге де көп сөзділік қажет емес. Өзің 24 бапты өзгертуге құқығың бар, дауыс тізімінде, комиссия мүшелігінде барсың. Енді сен не бітіріп отырсың? Бұл сұрақ бізге емес, саған қойылуы керек. Өзің айтқан "бұл бапты" өзгерту сенің, және комиссия құрамындағы сен сияқты басқалардың жұмысы. Ол жерде "дауыс беру құқы жоқ" бізге не дегің келіп отыр.
Мұхтар, "Жылымшы сөз, жиіркендіріп тындырар" - деген бабам қазақ, жер мәселесінде ол жерде "бас жарып, көз шығарардай" кесімді көптің сөз айта алмасаң, сенің құның біз үшін бір тиын...

04.11.2018.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
01-11-18 10:13
\"СҰЛТАНОВШЫЛДАР\" КОМСОМОЛДЫҢ ЗОРЛЫҒЫН ЖУЫП-ШАЙҒЫЛАРЫ КЕЛЕДІ...

Біз компартияны, комсомолды сөккенде, олардың озбырлығы үшін сөгеміз. Ал, кешегі комсомолды тойлағандар: \"комсомолдан өстік, оқытты, тоқытты, жамандығын көрмедік\" деп жатты. Бәрінің ойлары: \"қазақ қырылса да бекер қырылған жоқ, прогресс жолында қырылды\" - дегендей болды. Коллективтендіру кезінде бір қазақ емес, бүкіл КСРО халықтарының зардап шекті, қырылды. Біз үшін компартия мен комсомолды әшкерелеу анайы заманның зорлығын дәлелдеу үшін, тарихтан сабақ алу үшін қажет.
Бүкіл прогрестің өзі адам баласын аман сақтау үшін, адам игілігі үшін жасалады.
Ендеше адамның Алла сыйлаған өмірін қандықол компартия мен комсомолдың идеясы жолында құрбан етуге \"сұлтановшылдардың\" қақы жоқ...
Сол себепті қазақтың 3/2-ін қырып (геноцид), дінінен, тілінен, тарихынан, жерінен айырғаны үшін қандықол, қарақшы \"компартия\" мен \"комсомолды\" бұдан былайғы жерде терористік ұйымдар санатына енгізіп, насихаттауға ЗАҢМЕН тыйым салынсын!!!

31.10.2018.
Н.Қошаманұлы
nurlibai@1958yandex.kz
15-10-18 04:41
Болат Ильясов для Шыңғыс хан — Ұлы ҚАЗАҚ! (Құрылтай. Форум-ФАКТЧЕКИНГ)
13 октября в 6:32
Чингисхан казах (продолжение)...

Если читать Рашид ад-Дина внимательно, то как я писал, в империи самого Чингисхана уже была одна трансформация названия племен с названия татар на название могол (не монгол)... Даже этот факт несмотря на достоверное историческое свидетельство Рашид ад-Дина не признается монголоведением... Почему? Ответ очевиден... В этом случае тюрки-татары очень быстро обнаруживаются в "степи татар" Махмуда ал-Кашгари в Казахстане, а не среди шивей в Маньчжурии... А этого допускать монголоведению никак нельзя.... При этом, родоплеменной состав племен на одной и той же территории остался неизменным! И этот же родоплеменной состав на одной и той же территории сейчас называется казахами... Причем, этот же родоплеменной состав фиксируется на родине Чингисхана в Могулистане... Но, самое важное такого родоплеменного состава нет в Монголии и уже не будет никогда... Что это означает? А это означает, что Монголия это не родина Чингисхана, хотя бы потому, что ни "монгол", ни "боржигон" (это уже современные самозванцы) нет в списке племен Рашид ад-Дина...
Мало кто замечает или же никто не замечает, что Рашид ад-Дин с списке племен не упоминает "монгол"!
Не упоминает Рашид ад-Дин в списке племен и боржигон (уже современные самозванцы в Монголии)...
Кого упоминает в списке племен Рашид ад-Дин? Это найманы, кереиты (кереи), джалаиры, меркиты, конраты, канлы и сами чингизиды (торе)... Даже татар (уничтожены самим Чингисханом) как племя привел Рашид ад-Дин в списке племен, а вот "монгол" и "боржигон" (современные самозванцы) нет!
Именно эти племена вначале как татары-тюрки, затем как тюрки-моголы, а сейчас как тюрки-казахи фиксируются одним и тем же родоплеменным составом и на одной и той же территории... Но, самое главное все это ясно и однозначно зафиксировано в достоверных исторических источниках, причем с этническим и географическим описанием их территории у Махмуд ал-Кашгари, Карпини, Рубрука, Рашид ад-Дина, Амир Тимура, Мирза Мухаммад Хайдара, Абулгази Багадур хана...
Иначе, мы с XI века по XVII век видим этническое и географическое описание одних и тех же племен, на одних и тех же территориях, которые сейчас носят название казахи!
Вывод Чингисхан - казах....
Н.Қошаманұлы
nurlibai@1958yandex.kz
14-10-18 06:12
Айсулу Кадырбаева "ШХ қазіргі 1911 жылы Ресей Патшалығының қамы үшін Барон Унгерн Мангол деп атап жіберген халыққа ешқандай қатысы жоқ", - деп жазылған пунктке байланысты бір пікір: өздеріңіз айтып отырған "1911 Ресей патшалығының қамы үшін" жұмыс істеген Барон Унгерн де, 1923 жылы Тұрар Рысқұловты жұмсап, арнайы комиссиямен Моңғолия мемлекетін құрғызған В.И. Сталин де халхаларды "Моңғол халқы",- деп атауға не ұсыныс, не бұйрық берген жоқ. Сондай-ақ, ол жердің халхалары, бізге осылар осындай мүмкіншілік жасап жатыр екен деп, өздерінің халха атын жойып, "моңғол халқы" болып аталып кеткен жоқ. Олар күні бүгінге дейін Сталин құрып беріп кеткен Монголия атты мемлекеттің халхалары. Олардан "Халхалар! Сіздер монғол халқы болып жазылғыларыңыз келе ме?" - деп сұрап жатқандарыңыз бар ма? Олардан сіздерге: "Иә, біз халха емес, құрылған мемлекеттің атына сай моңғол халқы болып жазылғымыз келеді", - деп жауап берген біреу бар ма? Жоқ!!! Еш кім де жоқ!!! Олардың санасына "Моңғол тарихы", "Моңғол тілі", "Моңғол тілінің грамматикасы" деген түсінікті сыйғызу мүмкін емес. Өйткені, ол атаулардың барлығы түрік дүниесіне қарай жетелейтін атаулар. Ал, "Моңғолия менің мемлекетім",- деп отырған халхаларыңыз (қалмақтарыңыз) өздерінің ТӨЛҚҰЖАТТАРЫНДА ұлтын "ХАЛХА" деп жаздырады. Ал, енді арғы жағын үйлестіріп көріңіз... Халхалардың бастары қатып отырған бір ғана нәрсе бар - ол - қазіргі Моңғолия өздерінің тарихи атажұрты емес екені. Ондай жағыдайда не істеу керек?! Логикаға салсақ, таңдаудың қандай болғаны миға сыймды, - халхалар (қалмақтар) өз атынан бас тартып, өздерін "монғолмыз" деп атауы керек пе (әрине, оны мойындата қою оңай болса)? Немесе, "Бұл жердің ежелгі тұрғындары, яғни мемлекет құрушы халқы түрік тұқымдас моғолдар екен", - деп, уәждесуі керек пе.? Мемлекетті құратын, қандай да болмасын, халық десек, - құрылған мемлекет сол мемлекетті құрған халықтың атауымен аталуы шарт. Ең болмағанда, біздің елдегі "Ежелгі қазақ жерінде құрылған Қазақстан мемлекеті" деген секілді, үндестікте болса. Қазіргі Монғолия мемлекетінің мемлекет құрушы халқында ол да жоқ, бұл да жоқ. Керісінше, мемлекеттің "Монғолия" атауы сол мемлекеттің мемлекет құраушыларының бірі, - мейлі, ол "Мұңыл" деп аталсын, - мейлі, ол "Моғол" деп аталсын, - СОЛАРҒА ЖАҚЫН. Бәлкім, бұл мемлектеттің Мемлекет болып құрылуы барысында, оған "мұғұл", "мұңыл", "моғолмен" дыбыстық жақындықта "Монголия" атауының берілуінде, астанасының "Ұлан Батыр" аталуында, белгілі бір дәрежеде, саяси ұстаным жатқан шығар. Өйткені, кімнің атынан, кімнің тапсырмасымен барса да, Тұрар Рысқұлов түрік дүниесіне болмасын дейтіндерден емес еді ғой...
8
Управление
Нравится · Ответить · 31 нед.
Айсулу Кадырбаева
Айсулу Кадырбаева Ой қайталау: еш жерде "Моғолия мемлекетінің мемлекет құраушы халқы - моңғолдар" деген атау жоқ. Моңғолияны "Менің мемлекетім", - деуші халхалардың Қазақстанды "Менің мемлекетім", - деуші бізде өмір сүріп жатқан басқа ұлт-ұлыстардың өкілдерінен айырмашылығы - сол мемлекеттің тұтқасына қолдары ілігіп, басшылық рөлде отырғандығы. Аренада: Саясат және Тарих!!!
Н.Қошаманұлы
nurlibai@1958yandex.kz
14-10-18 05:42

Нұрлыбай Қошаманұлы поделился публикацией.
14 октября 2016 г. в 21:46 ·

Айсулу Кадырбаева
14 октября 2016 г. в 21:36
Ұлтымыздың жанашыры ретінде, халқымызға жасаған жақсылықтары мен игілікті істері Алладан қайтсын! Елді ел қыламын деп жүріп, қапы кеткен талай азамат бар. Соның бірі Сайын ағамыз еді. Әлі есімде, 1991 жылдың шілде айларының іші, мен Жазушылар одағының "Халық шығармашылығы" демалыс үйінде "Орал казак-орыстарының патша ағзамға қызымет етуінің 400 жылдығы" деген желеумен, Қазақстанның батыс өңірінде автономия құрмақшы болған сепаратистерге қарсы наразылық акциясын жариялаушы оралдықтар атынан, аталмыш шараны болдырғызбау мақсатымен, жоғары орындарға жолданып жатқан атышулы "Есқалиев мырза, есіңді жи" деген Мәлімдеменің ең соңғы өңдеуінің үстінде отырғам. Кенет, біреу есік қақты да, артынша, үстінде сүліктей қара костюм, Сайын Шапағатов ағамыз кіріп келді. Ағалы-қарындасты екеуіміз ол жақ-бүл жақтағы ақуалды айтысып, біраз әңгімелестік. Көзге оңалыңқырағандай көрінген, сөйтсем, екі бүйректің жұмысы нашарлап, денеге ісік кіре бастаған екен.Сөз арасында өз жағыдайынан осы бір сырды аңғартқан ол,күйзелісті кескінмен маған қарап: "Ай, Айсұлу қарындасым, Алматыдан алған бұл ем-дом, ендігі жерде, менің жаныма араша түсе алмас,.. бекер-ақ жатқан екем осы ауруханасына",- деді. Құдайым кешірсін, санамды Оралдағы аласапыранның дерті шалып, әбден басым айналып қалған мен ол кездері ол кісінің ішкі жағыдайын ұғынып, демеу көрсетерліктей халде емес едім... Кейін,.. "Сайын шапағатов ағамыз қайтыс болыпты" деген хабарды естігенде, төбемнен жай түскендей болдым. Қайран ағатайымның өкініш-күдігі аралас шарасыз бейнесі көз алдымнан кетпей, біраз қиналдым. Не айтпақ еді?! Қол алысып, қоштасқан сәттегі сол бір сұраулы жүзде нендей сыр жатты? Жұмбақ! Құлаққа кешігіңкіреп жеткен әр түрлі қауесет сол сұрақтың жауабы болар ма?! Болғанда да, ендігі жерде, онымыздан не пайда?!! Жалпақ қазақтың мұңы мен зарын арқалап, бұл өмірден "Елім-айлап!" өткен есіл ер! Жан аға!!! Саған "Қош, бауырым! Бақұл болдан!" басқа не айтып үлгердік?! Ұйтқи соққан замана дауылымен алыса, арпалыса жүріп, бііз де өмірдің біраз бөлегін өткердік. Уақыт төрімізден көріміздің жақын екенін мойындатты. Өзіңізді қолдап, баяғы Шевченко қаласының Маңдайшасына қазіргі Ақтау қаласының атын қадасқан сонау бір отты күндердің қызуы сөнді. Биік-биік мінберлерден қыран құстай саңқылдап, "Ақтау! Ақтау! Ақтаулата!" атой салған сенің даусыңның жаңғырығы - ол да өшіп барады. Біз аңсаған елдің елдігі мен ұлт-ұлыстың теңдігі - оның да жайы белгілі... "Тұтас тұрса дүние, күйерім бе?! Өшпестейін дақ жатыр сүйегімде! Жайлап барад ел ішін сасық байлар! Шап-шақ бола қалады өңшең сайқал биенің де көтіне түйенің де!" Иә, не деп күлбілтелері бар, Сайын аға, өзіңнен қалған қоғамның бүгінгі бет-бейнесі - осы! Қайтеміз?! Бәрі бір Аллаға аманат !!! Бір ғана шүкіршілік етеріміз - өзің бастаған сонау жылғы күрестерде үзеңгі қағыстырып, өзіңмен бірге жүрген арқалы ақын Сабыр Адайлардың барлығы. Олар барда, Шапағатовтың шапағат-нұрын шалқытқан талай-талай жыр-дастандар жазылар. Әкеден бала оза туып, елді аузына қаратқан ағаларымыздың шешендігің мен көсемдігіңнің тізгінін ұстар. Жақсы мен жаман егесер, бар менен жоғың теңесер. Маңдайым Хаққа бұрылар, қуатты қоғам құрылар! Дүние солай өзгерер,- өзгергенін көз көрер! Илләһи әмин! Баршамызға бір Алла тағала жар болғай!!!
Н.Қошаманұлы
nurlibai@1958yandex.kz
12-10-18 05:41

Нұрлыбай Қошаманұлы обновил статус.
12 октября 2016 г. ·
МҰХТАР ТАЙЖАН БАУЫРЫМА ХАТ
Мұхтар інім, Ақтөбе төңірегінен қытайлықтарға жер телімдері беріліп, жылжымайтын мүліктер алынып, тұрғын үй кешендері бой көтергелі қашан. 2012 жылы сәуір айында Ресейдің шығыстанушы универститетінің ғалымдарының бірі, профессор А. Маслов: «Жақын арада Орта Азияның көптеген елдеріне қытайлар келіп қоныс тебеді, оның ішінде Қазақстан жеріне 5 миллион қытай азаматтары келіп орналасуы мүмкін» деген болжам жасады. Дәл қазіргі уақытта Қытай елдегі (Қазақстан) шығып жатқан мұнайдың бірден-бір «иесі» екенін ескерсек, бұл әңгіменің көпке ұзамай орындалып қалары шындыққа айналатындай. Қазақстан деген жерасты байлығы мол, бірақ халқы кедей тұратын елдің мұнайын жамбасына басып отырған қытайлардың елімізде көбейіп келе жатқаны ащы да болса шындық. Қытайға 25 миилиард доллардан (БАҚ деректерінен) астам қарыз екенімізді тағы да қосып қойыңыз. Мол байлықтан анда-санда түскен салықтың есебінен болмаса, өзге тауып жатырған пайдасы жоқ. Олардың халыққа беріп отырған пайдасынан гөрі экологиялық ауыртпалықтары артып отыр. Жерінен газ беріп отырса да отынға тезек, қи жағып, түтініне тұншығып оның игілігін көре алмай тұрғылықты халық әлі отыр. Қазақша айтқанда Қытай бізді қазанымызда қайнап, тасып төгіліп жатырған байлығымыздан жалатып қойып, қазан толы асымызды өз елдеріне тасып әкетуде. Қытайлықтар және оларды қолдаған өз шенеуніктеріміз тарапынан қазақ жұмысшыларының «екі жақты» әлеуметтік қанауға ұшырауы жылдан жылға тереңдеп барады.
Әлемге аста-төк байлығымен танылған Қазақстанның Тәуелсіз ел атанғанына ширек ғасыр болып қалды. Содан бері не өзгерді, не ұттық? Сонда ғана, біздің елдегі әдеттегідей биік трибуналардан қақсап айтылатын «құлпырып жатырмыз», «гүлденіп келеміз» деген жел сөздердің бәрі бос ұрандар екенін (керек десеңдер, бос сандырақ екенін) анық түсінесіздер. Сөйтіп «қара алтынға» бай екі елдегі, екі түрлі тірлік, бар шындықты ажыратып, ақ пен қараны көзге ұрып тұрып көрсететіні анық ақиқат. Мұны ауыл халқы мен қала арасындағы, бай мен орта тап (қарапайм халықты қоспағанда) арасындағы жер мен көктей тұрмыс, жалақы айырмашылығынан көруге болады. Қарсы уәж айтатындарға мен дайынмын. Сонымен елді тонап, жер байлығының несібесін өзіне бұйыртпау деген қоғам алдында, халықтың алдында, керек десеңдер, тарих алдында кешірілмейтін қылмыс дер едік. Бұл саясат: «Қазақстан мен Қытай әлеуеті өзара бірін-бірі толықтыруда, стратегиялық серіктестігіміз жарқын, келешегі нәтижелі және шынайы достық, түсіністік рухында дамуда» - деген үлкен сөздермен бүркемеленіп, олар мұның барлығын қазақ экономикасын көтеру мақсатында асырып жатырған игі істеріндей көрсеткісі келеді. Қазіргі билік басындағы шенеуніктерге көп жақын жүрсең, көп ұзамай солардың сөзін сөйлеп, ықпалында кетуің де әбден мүмкін екенін айтқаным ғой.
МҰХТАР інім, бүгінгі Қытай саясаты да таза агрессорлық бағытта жүруде. Тибетті, Синцзян-Ұйғыр мемлекетін, 1944 жылы Әлихан төренің басшылығындағы қазақтардың "Шығыс Түркістан" өкіметін соғыспен алғанын ұмытпайық. "Шығыс Түркістан" шын мәнісінде ол мемлекет дәрежесіндегі, республика деңгейіндегі үлкен үкімет болып құрылған еді. 1951 жылғы сәуірдің 29-ында "Шығыс Түркістандағы" азаттық көтерілісінің басшысы Оспан батыр Қытайдағы Үрімжі түрмесінде атылды. Іргелес жатқан ұлт республикаларын күшпен жаулап алып, халқын ассимиляцияға ұшыратуы қытайдың ежелгі агрессорлық ұстанымы. Агрессия тек соғыспен ғана жүрмейді, кей жағдайда жымысқы бейбіт жолмен де жүзеге асып жатады. Олар қазірдің өзінде қазақ еліне енбей жатып барлық қытай компанияларында қытай тілін үйретуді, Қазақстанның ЖО "Конфуции ілімі" деген желеумен қытай тілі факультеттерін ашып, студенттерге (мәселен Ақтөбеде) қытай тілін міндеттеп оқытуды жаппай қолға алды. Соңғы кезде орта мектептерде қытай тілін оқытуды қолға ала бастады (мәселен қалалық №51 қазақ орта мектебі). Мемлекеттік деңгейде "төрт тіл төрт құбылаң" саясатының қолдау табуы да бұған дәлел. Енді міне қазақ жеріне қытайлықтардың адами экспансиясы басталды. Бұл аз болғандай құны 28 миллиард доллар болатын 51 заводы көшірілетін болса, уақыты келгенде олар экономикамызда да абсолютті билікке ие болады. Бәсекелес, жаңадан тәй-тәй басып көтеріле бастаған қазақстандық өндірістерді банкротқа ұшырататынына да ешкім кепілдік бере алмайды. Сөйтіп, банкротқа ұшыраған әрбір қазақстандық кәсіпорындар біртіндеп қытай меншігіне (акцияларын сатып алу жолымен) өте бастайды. Экономикамызда үстемдік алса, ерте ме кеш пе билік те соның қолына көшеді деген сөз. Қазақ: "жаман айтпай жақсы жоқ" дейді, сондықтан қытай агрессор емес деп, өз-өзімізді жұбатып, қамсыз-мұңсыз отыра бергеніміз де дұрыс болмас Мұхтар бауырым.
Н.Қошаманұлы
nurlibai@1958yandex.kz
08-10-18 05:58
Бұл хатты аудан әкіміне 27.08.2017 ж. жазған едім. Өкінішке орай әлі күнге дейін жауап жоқ. Бүгін екінші қайтар жіберіп отырмын, жауап болар деген үмітпен.
Байғанин ауданы әкімі
А.Т.Шерияздановқа
ХАТ
Облыс әкімінің тұрғындармен 2013 жылғы 27 ақпандағы, 2014 жылғы 21 ақпандағы есепті кездесулерінде аудан шаруашылықтарын газдандыру мәселесі көтерілген еді. Әкім өз жауабында 2015 жылы Байғанин ауданы бойынша Қораши, Ноғайты, Көкбұлақ, Қосарал ауылдарын газдандыру туралы ұсынысқа байланысты техникалық – экономикалық негіздемелер әзірленді деген болатын.
2016 жылы аудан әкімі М.Аққағазов та темір жол бойындағы Жарлы мен Ноғайтыға газ тартылатынын айтты.
Аудан халқының негізгі кәсібі — мал шаруашылығы. Ауданда бүгінде 12 мұнай-газ өндіру кәсіпорыны бар. Аудан бюджеті — 3,7 миллиард теңге болса, соның 2,7 миллиарды осы 12 кәсіпорыннан түскен салықтан құралады. Осы аталған өндіріс мекемелерін салық төлеуі есебінен мемлекет басшысы жүктеген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында шаруашылықтарға газ тартуға неге міндеттемеске?. Осы мақсатта мұнай-газ өндіру мекемелерінің басшыларымен кездесіп, келісім-шарт жасағанымыз дұрыс болар еді.
Айтарымыз, аталмыш ауылдарды газдандыруға жобалық – сметалық құжаттар жасалды ма? Газ қашан тартылады? Осы бағытта жұмыстар қолға алынды ма?
Хат Ноғайты ауылы халының сұранысы бойынша екінші қайтара жазылып отыр. Жауабыңызды күтеміз.
Н.Қошаманұлы
(27.08.2017). 08.10.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai@1958yandex.kz
07-10-18 13:08
Роза Мухамбеткалиева Құрметтім, Нұрлыбай-ау, сол қаласына амалсыздан көшер-ау халық, "50 квадрат пəтерді 7000000-ға алуға болады Астанадан"- деп жатыр Елбасымызға, бұл-таза жалған ақпарат қой, президенттің көзін бақырайтып қойып, бұлай өтірік айту-бұйым болмай бара жатыр екен мына халық сенген қалаулыларға. Провинциальды облыстарда да мынандай баға жоқ. Халықты соқыр-мылқау дей ме екен? Олардан сұрағанша халықтан сұрау керек қой бұл бағдарламаның бағының неге жанбай тұрғанын? Аз ғана бір үмітіміз бар еді, енді бəрі бітті. Мынандай "ивансусаниндермен" алысқа бармайтынымыз анық болды. 07.10.2018
Н.Қошаманұлы
nurlibai@1958yandex.kz
06-10-18 17:44
Роза Мухамбеткалиева Бұрын ата-бабамыза шекарамызды қадап, өлшеп-кесіп, алатаяқ қағып бекітпеген, бос жатқан жерлер қалмасын деп, қиыншылыққа, тиімсіздікке, өмір сүрудің қолайсыздығына қарамастан, халықты ру-руымен, тіршілік қалыбымен кең байтақ өлкеміздің аумағын бекітіп тастаған. Қарап отырсақ, батыста: он екі ата байұлы, жетіру, алты əлімдер т.б. қоныстанса, оңтүстікте: үйсін, дулат, қоңырат, найман т.б., арқада: керей, арғын, тобықты т.б. қоныстанып, жеріміздің шетіне өзге иістілерді кіргізбеген, енді айдың-күннің аманында адамдардың өмірі үшін элементарный жағдай жасау қиын деп, ауылды бытыратып, қалаға ұйлықтыру - ешқандай өлшемге сыймайды. Ауылды да кіші қаладай етіп, өмір сүруге лайықтап, өрісті кеңейтудің орнына қалаға көшіріп "ауыл жақтан көш келеді аңырап" -дегенге жеткізбеу керек. "Халыққа қарапайым жағдай жасай алмағандықтан, 21-ғасырда жаппай комуникациясы бар қалаларға көшіру басталды"-деген тарихқа өшпес таңба қалдырмақшымыз ба? Сондықтан айтылғанның бəрі дұрыс, дегенмен, есік алдында 21-ғасыр екенін ұмытпау керек, халық ашығуға да, қиналуға да, газдың жоқтығына да, жолдарының қиралаңына да көнеді, бірақ туған атамекеннің сүйем жерін тастап шығуға көнер ме екен? Бəрін де талақ етіп, туған жерді көркейтетін мəселелерді жергілікті халық өзі шешеді. Қасым айтқандай: "Бермесең, берией-ақ қой баспанаңды, бəрібір тастамаймын астанамды"-демекші, халықтың современный Астанасынан басқа да өзінің туып-өскен астаналары болатынын естен шығармау керек. 05.10.2018


Нұрлыбай Қошаманұлы Ассалаумағаликум "Азат" ардагері Раке! Сізді көргеніме қуаныштымын. Бүгінде экологиялық, экономикалық, саяси, демографиялық дағдарысқа ұшырап, әлеуметтік екі жақты (шетелдіктер мен бүгінгі әкімшілік жүйенің) қанаудан әбден титықтаған ауыл халқының даладан қалаға, қаладан басқа аймақтарға көшуі әлі жалғасуда. Айнала қаптаған Қытай, түрік мұнай компаниялары. Солай бола тұра, жергілікті халық кедейшілікте өмір сүруде. Жерінен 70 жыл бойы мұнай мен газ беріп келсе де отынына әлі күнге дейін көмір, тезек жағып үйлерін жылытады. Ауылдар арасын байланыстыратын тас жол жоқ. Бір күндік жеріңе бірнеше күн жүріп, азып-тозып жетесің. Мұның бәрін мен өзімнің туған ауданымның ауылдарына қатысты айтып отырмын. Бала саны азайып, мектептері жабылуда. Сол баяғы "Ақтбан шұбырынды, алакөл сұлама" кезіндегідей. Билік ен байлығынан жалатпай отыр халыққа. Мұндай жағдай еліміздің көптеген ауылдарына тән. Міне 28 жылда жеткен жетістігіміз... 05.10.2018.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
27-09-18 08:43
ҚЫТАЙДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БҰҒАУЫНЫҢ ЗАРДАБЫ

Қазіргі күні Қазақстандағы ірі инвестор мемлекет Қытай екені жасырын емес. Әуелгі келісім қалай еді? Көршіміз Қазақстанның Қытаймен шекаралас жатқан Батыс өңіріндегі көмірсутектердің көзін тауып энергетикалық қорғанысты нығайта отырып шикізатты тасымалдау керек болатын. Сөйтіп, қытайлық компаниялар мұнай-газ саласында белсенді жұмыстарын бастап кетті. Қазір еліміздегі мұнай өндірісінің 40 пайызы қытайлық компанияның бақылауында. Оның ішінде CNPC – Ақтөбемұнайгаз көш бастап тұр. Дерек көздерінің айтуына қарағанда Ақтөбе мұнайының 90 пайыз акциясы солардың қолында. Көш бастағанда да заң бұзудан да, экономикалық қитұрқылықтан да көш басында тұрған осы компания. Бұл аз болғандай қытайлық 51 заводының көшірілуі және одан тыс ірілі-ұсақты бірлексен кәсіпорндардың Қазақстанға ағылып келе бастағанын тағы қосыңыз.

Әдетте шетелдік монополистер азаттық алған елдерде экономикасының ең табысты салаларын - кен шығару, өңдеу өндірісін иеленеді. Сатып алу, пара беру жолымен билік тетіктеріне де мүдделес лоббистерін кіргізіп, көп жеңілдіктерге ие келісім-шарттарға қол жеткізеді. Қолдары жеткесін өз талаптарын зорлап ұсынып, бұл елдерді іштен қанай бастайды. Шетелдік монополистік қанаудың бірте-бірте мемлекеттік монополистік қанауға ұласуы «жұмысшы табын» және халықтың басқа да бөліктерінің наразылықтарын тудырады.

Осыдан туындайтын елдегі көпті толғантқан жалпыұлттық дағдарыстар ертең тереңдей келе, қалың бұқараны белсенді қимылға, ашық қарсылықтарға баруға итермелеуі әбден мүмкін. Монополист шетелдіктердің зорлық-зомбылығы мен жемқорлықпен былғанған жергілікті шенеуніктердің олармен сыбайластығы, өзгеге тәуелділік, экономикалық тапшылық пен тұрмыстағы мұқтаждық, еңбекшілердің әлеуметтік құқықсыздығы «жұмысшы табы» мен «халықтың басқа жіктерін» көшелерге шығарады. Осылай билеуші тап дәрменсіздігінен халқын қанаушы тапқа қарсы арандатады. Бұл да АКСИОМА.

Қытай секілді державалар Қазақстанды тәуелсіздігін кеше ғана алған отар елдердің бірі ретінде әлеуметтік азаттыққа апаратын жолға түскенін қаламайды. Шетелдіктер әр кезде де отар елдерге кіргенде оның байлығына өз үстемдігін ұзағынан сақтап қалу үшін «өкіметтегі өз сыбайластарын» параға сатып алуды мейлінше пайдаланып, бірте-бірте сол елдің экономикалық және саяси жағдайына бақылауды өз қолдарына алуды көздейді. Себебі, жасыратыны жоқ қазіргі кезде қытайлықтар мен билік арасында экономикалық сыбайластық бар.

Ол аз болғандай қазақтың өз ішінен шыққан қытайлықтардың өндірісін жүргізіп отырған «орташа бастықтары» бар күш – жігерін, ақыл-білімін қандастарын (жұмысшыларын) езіп-жаншуға, қытайы қожаларының бетіне жел тигізбеуге жұмсайды. Біз мұны мойындауымыз керек. Осындай мақсатпен енген Қытай мен басқа да шетелдік трансұлттық корпорациялар бүгінде бізді бағынышты етіп ұстау үшін өздерінің бет-бейнесін бүркемелеген отаршылдықтың жаңа жүйесін енгізіп жатыр. Бұл экономикалық бұғау қазірдің өзінде қазақ елін қылғындыра бастады.

27.09.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
25-09-18 19:54
ҚАБЫЛДАНҒАН ЗАҢНЫҢ АҚЫРЫ НЕ БОЛДЫ?

2016 жылға "Жер реформасы жөніндегі толықтырулар мен өзгерістердің" ақыры немен аяқталды. Жер туралы "Жаңа Заң" халыққа қашан жария болады? Сол тұста жер реформасы жөніндегі Комиссияның құрамында болған қоғам белсенділері неге үнсіз.
Бейресми деректерге қарағанда қазақ жері әлі сатылып жатқанға ұқсайды. Бұған кім жауап береді???

ДОСТАР, жер мәселесін назардан шығармайық!

25.09.2018. Н.Қ.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
25-09-18 19:17
МЕН ПРЕЗИДЕНТКЕ СЕНУДЕН ҚАЛДЫМ, ОДАН ТҮҢІЛДІМ..

«Шексіз билік – шексіз қасірет» дейді дана халқымыз. Үнемі басшылық қызметте болудың адам денсаулығына кері әсерін психология ғылымы былай түсіндіреді: «Ұзақ жылдық тығырық бірте-бірте адамның ақыл-ой қабілетін әлсіретеді. Ондайлар бара-бара өтірік айтуға, жалған сөйлеуге, екіжүзділікке дағдыланады. Айналасына күдіпен қарайды, қызметкерлеріне деген сенімсіздік пайда болады. Тіпті, ондай билік басындағылардың жүйкесі шын мен өтіріктің арасын айыра алмайтын деңгейге жетеді».
Айтарым, біздің Президентіміздің де қазіргі жағдайы осыған ұқсас жағдай. Оның бүгінгі айқындамасы (іс-әрекеті) осыған келеді. Өз басым бұл кісіге үміттенуден қалдым. Мұны өмірдің өзі дәлелдеп берді.

25.09.2018.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
29-08-18 09:13
Айсулу Кадырбаева поделилась публикацией.
9 мин. ·

Айсулу Кадырбаева
27 августа 2017 г.
Құрметті ФБ!!! Сіз осыдан тура бір жыл бұрын жарияланған төмендегі мазмұнды әңгімені менің парақшама қайта қойып, есіме салған екенсіз. Қарап тұрсам, бұл мәселе, әлі де болса, өзінің актуалдығын жоғалта қоймаған секілді. Алайда, сөз төркіні болмаса, өзім жауап жолдап отырған Ербол есімді бауырымның мәтін мазмұны толық жадымда жоқ. Және мен оны қалыпқа келтіріп, бұл әңгімемен бұл парақшаға қайта сала алмаймын. Оған мендегі техникалық мүмкіншілік шектеулі. Осыны ескерте отырып, сіздер қолдап, өзім мақұлдаған төмендегі материалды, аз-кем сипай салды дүзетулерімен оқырман назарына қайыра ұсынып отырмын.

"Алтыным Ербол! Қазақ деген халықты бірінші орынға Құдайды қоймайтын дінсіз халық етіп танытайын деп пе едіңіз?! Керісінше, қазақтың салты, дәстүрі, әдеті, ғүрпы, бүткіл идеологиясы бір Жаратқан иемізді мойындау, халық біткенді соның тәртібінің жолында топтастыру үшін орайластырылған емес пе?! "Тәурәт", "Зәбүр", "Інжіл", "Құран" - бірінен соң бірі бірін-бірі толықтырып түскен кітаптар емес пе?! Бұл төрт кітаптың төртеуі де он сегіз мың ғаламды жаратушының БІРЕУ екенін хабарламай ма?! Сол Жаратушымыздың әр халықтық тілде баршамызға белгілі 99 сыпатты атауы болса, сол 99 атаудың бірі, бізге, яғни, түрік дүниесіне тиесілісі "ТӘҢІР" деген емес пе?!
"Тәңір" атауы Құран Кәрім тәфсірінің қазақша аудармасының өзінде сан рет қайталанып тұрған жоқ па?!
Жаратушыға бағышты қай атау қай халықтың ауызымен айтылмасын, алақанымызды көкке жайып, жоғарыға қарамаймыз ба?! Бұл біздің он сегіз мың ғаламды жаратқан Ұлық күшті құрметтеп, соған табынғанымыз емес пе?! "Бетіңді қалай бұрсаң, Алланың жүзі - сонда",-дегенмен, Құдайды біз (Астағіфир Аллаһ) төменнен іздерміз бе?! Ол сөздің мәні "Ей, пенде, сен қашан, қай жерде болма, бір Алланың бақылауындасың" деген қағидаға ғана саймай ма?! АллаТағала, яки, Раббымыз, бізше айтқанда - Тәңіріміз, біз пенденің не істеп-не қойғанымыз ғана емес, ойға алған пиғылымызға дейін сезетін болса, біздің қай қимылымыз да оның бақылауында тұрғаны ғой! Ендеше, бетіміз қайда бұрылса, Алланың жүзін сонан көріп, желкемізде бір бақылаушы тылсымды сезінгендей, істер іс, қылар қимылымызға тежеу салып жатпаймыз ба?! Шыныңызды айтыңызшы, осындай бір түршініс қай-қайсымызда да бар емес пе?!
Ата-Бабамыздың "Әлмиссахтан мұсылманмын!" деген сөзі "Дүние жаралғалы бері мұсылманмын!"- дегенін біз бүгін тәрік етуге шықтық па?! Мұсылманның мұсылманы - біз, діннің діні бізде екенін айтудан неге қашамыз?! "ИГИЛ" болып кетеміз деп пе?! "ИГИЛІҢІЗДІҢ" садағасы кетсін мұсылмандықтан!!! Ол қашаннан Құранның айтуымен жүр екен?!
Айналайын бауырларым! Біз неге "ДҮНИЕНІ ЖАРАТУШЫ БІР КҮШТІҢ БАР" екенін соқырға таяқ ұстатқандай етіп баян етіп, білім мен ілім атаулының бастауына айналған ҚҰРАННАН неге қашамыз?! Астағіфир Аллаһ!!!
ҚҰРАН ИЕСІ - ҚҰДАЙ, АЛЛА ТАҒАЛА, РАББЫМ, ЖАРАТҚАН ИЕМ, ТӘҢІРІМ деген сөздердің түп төркіні біреу болса, дәл осы ұғымды қабылдау үшін қаншама бас керек?!
Айналайын бауырларым!!! Осыны түсінсек, біз, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ үшін, бөгде дін, басқа ҚҰДАЙДЫ қажет етер ме едік?!
Құдайдан басқа ҚҰДАЙДЫ іздеудің өзі ҚҰДАЙСЫЗДЫҚҚА, ДІНСІЗДІКККЕ саймай ма?!
Сөз соңында айтарым - баршамызға бір АЛЛА жар болғай!!!
( Бұл әңгімеміз "Шыңғыстың ұстанған діні ТӘҢІР" дегенге қарсы уәж ретінде жазылып отырғандықтан, сөз соңында айтарым - ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ мұсылман ендігі ендігі жерде жаңалық болудан қалған!!!)"
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
25-08-18 08:28

Нұрлыбай Қошаманұлы
25 августа 2017 г. в 10:38 ·
Жекені халық қалтасынан инвестициялау сипат алған.

Бізде Қазақстанда жедел индустриялық-инновациялық дамытуға деп әлеуметтік салықтан құралған «Ұлттық қор» және жергілікті «Бюджет» есебінен миллиардтаған мемлекеттің (халықтың) қаржысына салынып іске қосылған жаңа өндіріс орындары көп ұзамай-ақ жекелеген олигархтардың, әкімдердің туыстары мен монополистердің меншігіне өтіп жатыр. Ал, олар өз кезегінде бұған бір тиын да шығармай, халық қалтасынан майлы қасыққа ие болуда. Мемлекеттің иелігінде қалуға тиіс өндіріс кешендерінің жекелердің қолына өтуі өз кезегінде мемлекеттік сектордың әлсіреуіне, шынайы бәсекелестіктің болмауынан бағаның қымбаттауына, тарифтердің тұрақты түрде бақылаусыз өсуіне әкеліп, ал түскен табыс тағы да жекелерді байытып, әлеуметтік қанаудың көрсеткішін ұлғайтуда. Бұған екінші деңгейдегі банктерді ұлттық қор есебінен демеуді және қосыңыз. Меншікті иелену төңірегіндегі жаппай жайлаған осындай сыбайлас жемқорлық та бүгінде Қазақстанда жүйелі сипат алған.
24.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
29-07-18 06:54
Роза Мухамбеткалиева Құрметті Нұрлыбай,үзеңгілес бауырым, біз "бізді білсін, атымызды атап жүрсін" деп емес, Оралдың бас көшесінің шаңын шығарып, керзі етіктерімен дүңкілдетіп, қапталдарына қаруын асынып алған өзге түсті əскерлер ойқастай кіргенде, үйдегі бала-шағаны, нан тауып жеп отырған жұмыс орындарымызды тастап, сыпырыла соңдарынан шықтық. Себебі біздің ет-сүйегіміз күні кешегідей елімізді қан қақсатып, тұтқиылдан соққан фашистерді өзінің шыққан жеріне дейін өкшелеп отырып, өзі қазған орына өзін түсіріп, тізесін бүктіріп, ауылдан бүтін болып кеткен əкеміз 1948 жылдары "тірі өлік" немесе "жарты адам" болып, құр сүлдері қайтса да, өзінен "ел десе, елең ететін ұрпақ" өсіргені үшін кінəлы емес! Əкенің құтымен, шешенің сүтімен дарыған елдік сезім талас тудырып жатқан Қыркүйек оқиғасы күні ешкімді де бейтарап қалдырмады деуге болады. Арам пиғылдылар туған өлкеге өз аяғымен келіп, өзі ұрынып тұрғанда, біздің терезеден қарап тұрмайтынымызды көзіне көрсетіп, сауатты түрде ұқтырдық деп ойлаймын. Қазақ жайшылықта бірін-бірі жүндеп, асты-үстін түрткілегенімен, ел шетін сетінеткісі келетіндерге келгенде қорғасындай жымдасып, елі үшін тұрыста да, ұрыста да тастүйін жұдырыққа айналатынын байқатты. Себебі біздің ата-бабамыз тектіліктің бірінші бабы-еліңді қорғау мен өзіңнің əйел немесе ер екеніңді ұмытып, мына далиған далаңды сақтау -деп, жуан леп белгісін қойған. Нұрлыбай бауырым, елім деген жан болсаң да, жайшылықта көп қазақтың бірісің, бірақ, тарих өзі болашақта таңдап алар ірісін", тек аман -сау жүр, қарағым, құрмет тұтар үзеңгілес інімсіз! 28.07.2018.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
28-07-18 07:00
Дина Елгезек
22 ч.
Қазақ азаматтары! Ел тағдырына, болашағына алаңдайтын болсаңыздар, қолдаңыздар.Бөлісіңіздер! Қол қойыңыздар!

Құрметті достар, бұл хаттың мазмұнын қолдасаңыздар, тек қана лайк-репост емес (ол да керек), астында аты-жөніңізді, тұрған жеріңізді жазыңыздар. Бірнеше күннен кейін, қол жинап болып біз бұл хатты ҚР президент әкімшілігіне ресми тапсыратын боламыз.

Қазақстан Республикасының президенті
Нұрсұлтан Назарбаевқа

АШЫҚ ХАТ

Қауіп қайдан болса, қатер содан болар!

Қазақстан Республикасының әр азаматы еліміздің тәуелсіздігін көзінің қарашығындай сақтауға, елі мен жерін қорғауға, Конституция кепілдік берген құқықтарын пайдаланып, оның орындалуын талап етуге хақысы бар. Біз де сол Конституциялық құқықтарымызды пайдалана отырып, Сізге ашық хат жазғанды орынды деп санадық.

Қазіргі таңда халықты алаңдатып отырған қауіп – Қытай Халық Республикасымен арамыздағы түсініксіз қарым-қатынас. Қазақ халқында «қауіп қайдан болса, қатер содан болмақ» деген ескерту сөз бар, сол айтылғандай, Қытай елі мен арамыздағы бізді алаңдатып, қауіптендіріп отырған күрделі екі мәселе мынау:

Біріншісі - Қытай еліндегі 2 миллионға жуық қазақтың бүгінгі тағдыры.

Екіншісі - Қазақ елі мен Қытай елі арасындағы халықтан жасырын жасалған қаржылық келісім-шарттар мәселесі.

Қытай еліндегі 2 миллионға жуық қазақтың қазіргі тағдыры

Кешегі кеңес үкіметінің 1930 жылдардағы қолдан жасалған геноцид қырғыны кезінде жүздеген мың қандасымыз Қытай елін паналағаны белгілі. Сол елге барған қазақтар 1860 жылғы Пекин, 1864 жылғы Шәуешек және 1881 жылғы Петербург келісімдерінің нәтижесінде отарлаушы империялар тарапынан әділетсіз бөлінген шекараның арғы жағында қалған жергілікті қазақтармен араласып, бір ғасырға жуық кезеңде 2 миллионға дейін өсті. Олар тілін-дінін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұмытқан жоқ. Еліміз тәуелсіздік алған тұста көптеген бауырларымыз атамекенге оралды. Бірақ басым көпшілігі елге келіп үлгере алған жоқ. Соңғы 4-5 жылда қытай еліндегі қазақтардың жағдайы қатты қиындап кетті. Қазіргі естіп, көріп, біліп отырған қытайдағы қазақтың жағдайы елді алаңдататын, екі елдің арасын арандататын дәрежеге дейін жетті. Бұл күрделі мәселені екі мемлекет бірлесіп, бейбіт жолмен шешпесе, екі халықтың арасына ұлт аралық қақтығыс басталып кетуі әбден мүмкін! Бұл жағдайда басты себептерді тауып, соның мәселесін шешуге тиіспіз. Сонда ғана, Қытай еліндегі миллиондаған қандастарымыздың өмірін құтқарып қала алмақпыз.

Ол үшін екі мемлекет арасында арнайы комиссия құрылып, қалыптасқан жағдайды жан-жақты тексеріп, тығырықтан шығар жолды тауып, қандастарымызды аман алып қалуымыз қажет. Біз соны халық болып Сізден талап етеміз!

Қазақ пен Қытай елі арасындағы құпия қаржылық келісім-шарттардың мәселесі болашақта тәуелсіздігімізге қатар төндіруі мүмкін бе?!
Біздің бағамдауымызша, әбден мүмкін!

Біз, Қазақстанның белсенді азаматтары, Қытай Халық Республикасымен саяси-экономикалық қарым-қатынасты сараптау барысында, соңғы жылдары ҚХР Қазақстанның аса маңызды стратегиялық кен орындары мен нысандарының меншік иесіне айналғанын,
Қазақстанның Қытай алдындағы квазимемлекеттік қарызы 5-ақ жыл ішінде 20 миллиард долларға өскенін байқап отырмыз. Бұл – өте алаңдатарлық һәм қауіпті жағдай! Баспасөз бетінде жарық көрген және теріске шығарылмаған ақпарат негізінде, бізге мына жайттар белгілі болды:

Енді қолда бар ақпараттарға нақты тоқталып, деректерді сараптап өтейік.

Қытай елінің меншігіне кеткен қазба байлығымыздың біз білетін есебі:

1. Қазақстанда бір жыл ішінде өндірілетін мұнай және газконденсаттың шамамен 22% Қытай компанияларының үлесінде. 1997 жылы қытайлық CNPC «Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ң 60,33% акциясын иеленді (атауы «СНПС — Ақтөбемұнайгаз» болып өзгерді). Осыдан соң «CNPC — Ақтөбемұнайгаз» ААҚ акцияларының мемлекеттік пакетінің тағы 25,12% Қазақстан қор биржасында 51%-ы CNPC-ге тиесілі компанияға сатылды.

2. 2003 жылдың тамыз-қыркүйек айларында CNPC екі мәміле негізінде Маңғыстау облысының Солтүстік кен орынының 100%-н («Nimir Petroleum»-ның 35%-н, американдық «Chevron Texaco»-ның 65%-н) иеленді.

3. 2004 жылдың тамыз айында "Sinopec" атты қытай компаниясы «First International Oil Company» (FIOC) компаниясын 160 млн. долларға сатып алды. Ал бұл «First International Oil Company» (FIOC) компаниясына «Сазанқұрақ» ЖШС-ң (Атырау облысындағы Сазанқұрақ кен орыны) 100%-ы; «Прикаспиан Петролеум Компани» ЖШС-ң (Атырау облысындағы Мыңтеке Южный және Междуреченское кен орындары) 100%-ы; «Адай Петролеум Компани» ЖШС-ң (Атырау облысының Адай кен орыны) 50%-ы; «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС-ң (Ақтөбе облысының Сағыз учаскесі) 100%-ы; «Уралс Ойл и Газ» ЖШС-ң (Батыс Қазақстан облысының Федоровский мұнайгаз блогы) 22.5%-ы тиесілі.

4. 2005 жылдың басында «China National Oil and Gas Exploration and Development Corporation» (CNODC) қытай мемлекеттік компаниясы «АйданМунай» АҚ-ның (2005 жылдың қараша айында атауы «СНПС — АйДанМунай» АҚ болып өзгерді) 100% акциясын иеленді. Компания Қызылорда облысының Арыс (Арысское) кен орынының меншік иесі болатын.

5. 2005 жылдың қазан айында қытайлық CNPC 4,18 млрд АҚШ долларына «Petro Kazakhstan Inc.» (ПетроКазахстан) компаниясының 100% акциясын сатып алды. Ал "ПетроКазахстанға" Қазақстан Республикасындағы төмендегі жер қойнауын пайдаланушылардың төмендегі акциялары (меншік үлесі): "ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз" АҚ-ң 99,75%; "Тургай Петролеум" АҚ-ң ("ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз" АҚ арқылы) 50%-ы; "Кольжан" ЖШС-ң 100%-ы ; "ПетроКазахстан Венчурес Инк." АҚ-ң 75%-ы; "КазГерМунай" ЖШС-ң 50%-ы тиесілі. Бұған қоса, «ПетроКазахстан» - Қызылорда және Қарағанды облыстарындағы ірі кен орындары шоғырының меншік иесі.

6. Көптеген ауыс-түйіс пен үкімет шешімдерінің нәтижесінде қытай инвесторы «ПетроКазахстанның" мұнайгаз өндіру активінің 67%-ы мен Шымкент мұнай өңдеу зауытының 50%-н өз меншігінде сақтап қалды. Ал қалған 33% және 50%-ын, 2006 жылдың шілде айында «ҚазМұнайГаз» ұлтық компаниясына, 2005 жылдың қазанындағы хақпен берді.

7. 2006 жылдың қазан айында «CITIC Group» қытай компаниясы 1,9 млрд АҚШ долларына «Nations Energy Company Ltd.» компаниясының 100%-н иеленуге қол жеткізді. Ал бұл «Nations Energy Company Ltd.» компаниясына «Каражанбасмунай» АҚ-ң бүкіл акциясының 94,62 %-ы, басқаша айтқанда, дауыс құқығын беретін акциясының 100 %-ы тиесілі. Ал «Каражанбасмунай» АҚ Маңғыстау облысының Қаражанбас кен орынында зерттеу және өндіру құқығына ие еді. Мәміле 2006 жылдың желтоқсан айында, кейін «Каражанбасмунай» АҚ-ң 50% үлесі «ҚазМұнайГаз» ұлтық компаниясына өтетін шартпен жүзеге асырылды.

8. 2008 жылы қытайлар Атырау облысының "Бекайдар" кен орынында мұнай өндіру құқығы бар «Потенциал Ойл»ЖШС-н сатып алды.

9. 2009 жылдың қаңтарында «China Zhenhua Oil Co Ltd.» қытай компаниясы 360 млн АҚШ долларына Қызылорда облысының Қоныс және Бектас кен орындарында көмірсутек шикізатын барлау-өндіру құқығы бар «Куат Амлон Мунай» БК ЖШС-н тұтастай сатып алды.

10. 2009 жылдың тамыз айында, қолда бар мәліметтерге қарағанда, артында сол баяғы CNPС тұрған «Yukon Energy Holdings S.A.» компаниясы 164 млн. АҚШ долларына Ақтөбе облысының Көкжиде, Құмсай, Мортық кен орындарына меншік құқығы бар «Ланкастер Петролеум» (атауы «КМК Мунай» АҚ болып өзгерді) АҚ-ң 86,79% акциясын сатып алды.

11. 2009 жылдың қыркүйек айында «China Investment Corp.» (CIC) қытай мемлекеттік инвестиция қоры 939 млн АҚШ долларына «Разведка Добыча «КазМунайГаз» АҚ-ң 11% акциясын сатып алды.

12. 2009 жылдың қараша айында қытайлық CNPC компаниясы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ң 50% үлесін «ҚазМұнайГаз»-бен бірлесе құрылған (әрқайсысының үлесі 50%) «Mangistau Investments B.V.» компаниясы арқылы сатып алды. Ал «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на Маңғыстау облысының Қаламқас, Жетібай, Жетібай-Южный, Жетібай- Восточный, Асар, Оймаша, Алатөбе, Аққар Северный, Бұрмаша, Карақия Северное, Бектұрлы, Придорожное, Ащыағар, Атамбай-Сартөбе, Айрантақыр атты ірі кен орындары тиесілі.

13. Әрі қарай "SINOPEC" қытай компаниясы «Caspian Investments Resources» (бұрынғы «Nelson Resources Limited») компаниясының 50% үлесін иеленді. Ал бұл «Caspian Investments Resources» компаниясына мына кен орындарының төмендегідей активтері тиесілі еді: «Казахойл-Актобе» ЖШС-ң (Ақтөбе облысындағы Алибекмола и Кожасай кен орындары) 50%-ы ; Маңғыстау облысының Северные Бузачи кен орнының ( «Buzach Operating Ltd.» кен орнының операторы) 50%-ы; «Қарақұдықмұнай» ЖШС-ң (Маңғыстау облысындағы Қарақұдық кен орыны) 100%-ы; «Арман» БК ЖШС (Маңғыстау облысындағы Арман кен орыны) 50%-ы; «Жамбай» ЖШС (Атырау облысындағы Жамбай Южный и Забурунье Южное кен орындары) 25%-ы.

14. 2009 жылдың желтоқсаны мен 2010 жылдың соңы аралығында, қытайлықтарға 11%-ы тиесілі «Разведка Добыча «КазМунайГаз»-ға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы келесі компаниялардағы төмендегідей үлестерін берді: «Петроказахстан» (33%), «Казахойл-Актобе» (50%), «КазТуркМунай» (49%) и «Мангистаумунайгаз» (50%).

15. 2011 жылдың ақпан айында «MEI Holdings Corporation» атты қытай компаниясы «Эмир Ойл» ЖШС-нің 100% үлесін 170 млн АҚШ долларына сатып алу туралы мәміле жасады. Ал бұл «Эмир Ойл» ЖШС Ақсаз, Долинное және Емирблок (АДЕ) кен орындары тобы, Кариман мұнайгаз кен орны, Борлы және Ессен (Южно-восточный блок) барлау құрылымдары, Каспий теңізінің жағалауында (Маңғыстау облысы) орналасқан Солтүстік-батыс блогының барлау аумағындағы қойнауларды пайдалану құқығына ие болатын.

Жоғарыдағы аталған фактілердің негізінде, «бүгінгі күні қытай инвесторлары көмірсутек кен орындарының іліп алуға жарайтындарының БӘРІН пайдалану құқығын иеленіп алды» деген тұжырым жасауға болады.

Мысалы, Ақтөбе облысында қытай инвесторларына «CNPC — Актөбемұнайгаз» атты негізгі мұнай өндіруші компания, сондай-ақ маңызы жөнінен екінші және үшінші орынға ие «Казақойл-Ақтөбе» және «Ланкастер Петролеум» компаниялары тиесілі. Тұтастай алғанда оларға облыста өндірілетін мұнайдың 97%-ы мен газдың 95%-ы тиесілі.
Қызылорда облысында қытай өндірушілері жетекші кәсіпорын "ПетроКазахстанды" өз бақылауына алған және «КазГерМунай» бен «Тургай Петролеум»-де үлестері бар. Сөйтіп, қытайлық компания облыста өндіріліп жатқан мұнай бен газдың 61%-н бақылайды.
Маңғыстау облысында қытай инвесторлары «Мангистаумунайгаз», «Каражамбасмунай», «Бузачи Оперейтинг», «Каракудукмунай» құрамына енді. Сөйтіп, қытайлықтар облыстағы мұнай өндірісінің кем дегенде 30%-н бақылайды.

Атырау облысында қытай компанияларының жұмыс жасай бастағанына көп болған жоқ, соның өзінде қазір өндіріліп жатқан мұнайдың 11%-н өз бақылауына алған. Зерттеуші Аскар Сакаев 01.03.2011жылға алғандағы қытай үлесі бар өндіруші компаниялардың тізімін келтіреді.

Қазақстанның үш облысы –Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары арқылы Қытайға баратын "Азия құбыры" деп аталып жүрген нысанның құрылыс шарттары біздің қатты алаңдатады. Зертеуші Расул Рысмамбетов «Азия газ құбыры» 50/50 пайыздан CNPC БК және "ҚазМұнайГазға" тиесілі деген қортынды жасайды.

Бұл біріккен кәсіпорынға біздің бірпартиялық нұротандық Қазақстан Парламенті салық, кеден, еңбек заңнамалары, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша адам айтқысыз жеңілдіктер ұсынды.

Ең қауіптісі – бұл газ құбырының 8 миллиард доллардан астам соманы құрайтын қытай несиесіне салынғаны. Бұл несиенің шарттары бойынша, егер бұл біріккен кәсіпорын (БК) 2014 жылға дейін несие бойынша есептеспесе, онда аталған БК-ң мүлкі, соның ішінде Қазақстанның үш облысы арқылы өтетін газ құбыры да қытай тарабының меншігіне өтеді!

2009-2011 жылдар аралығында, небәрі екі-ақ жыл ішінде өзге де қазақстандық құрылымдардың Қытайдан 19 миллиард доллар қарыз алғаны зығырданымызды қайнатады! 2009 жылы Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары Қытайдан 10 миллиард доллар, 2011 жылдың ақпанында – тағы 8,7 миллиард доллар қарыз алған (дереккөз: "Эксперт" журналы, Николай Кузьмин). Осы жолы Қазақстанның даму банкі 7 миллиард доллар тартты, оның 5 миллиарды – мұнай-химиялық кешен салуға, ал 2 миллиарды – "Еуразиялық топтың" (бұл топ осы уақытта Бразилияға 3 миллиард долларға түсініксіз инвестиция салып жатыр еді) қажеттіліктерін өтеу үшін алынды. 1,7 миллиард долларға «Самұрық-Қазына». Қоры ие болды. Балаларымыз бұл үшін бізге рахмет айта қоймас!

Өте ауқымды бірлескен іс-жоспарлар жарияланып жатыр. Мәселенки, Алматы-Астана ұшқыр темір жолының құрылысын алайықшы. Бұл құрылысты жүзеге асыруды халықпен ақылдаспай, тағы сол қытайлықтарға тапсыру туралы шешім қабылданды! Біріншіден, бұл жолдың бізге керегі шамалы деп санаймыз, себебі қазіргі жолаушылар айналымы бұндай жолды қажет етпейді. Екіншіден, қытайлықтар ұшқыр темір жол құрылысын салу бойынша үлгі боларлықтай озық ел емес. Үшіншіден, біз тек Алматы мен Астана туралы ғана емес, өзге де қалаларымыз жайлы ойлауымыз керек, себебі ол қалалар қыста қатып қалатыны бар, кей жазда тіпті ауыз судың өзіне жарымай жатады!
Әрі қарай. Жел энергиясы бойынша біріккен кәсіпорындар құрылады. Және бұл біріккен кәсіпорындарға жерді натура грант ретінде беру жоспарлануда (депеккөз: КазТАГ)! Қытайлармен бірлесіп құрылған біріккен кәсіпорындардың ешқайсына грант беруге үзілді-кесілді қарсымыз және біз бұған жол бермейміз!

08.01.13ж.күні Қазақ телеграф агенттігі ұсынған мәліметте 2013 жылдың күзіне қарай қазақ мұнайының 40%-ы қытай компанияларының бақылауында болатынын, ал одан кейін мемлекет аумағында өндіріліп жатқан мұнайдың жартысын құрайтынын айтады. «Разведка Добыча КазМунайГаз» «КазМунайГаз»-дан «Казахойл Актобе», «Казахтуркмунай» и Mangistau Investments B.V.-дағы үлесін алған соң, Қытайдың үлесі айтарлықтай артады. Себебі, "China Investment Corporation" және оның бақылауындағы компаниялар РД КМГ-ң 30%-н дерлік құрайды.
(Дереккөз: Қазақ телеграф агенттігі)

Қытайдың қазақ мұнайындағы үлесі Қазақстанның өзінен және елдегі кім-кімнен болса да көп - 30 млн тоннадан асты және әрі қарай өсіп барады. Мамандар мен өкілетті органдар бұл туралы біледі, бірақ бұқараға жария қылудан тартынады! Қазақстанның жерін Қытайға жалға беруге халық наразылық танытқан соң, өкімет мұнай тақырыбын жария қылмауға тырысады. Сондықтан, олардың үлес салмағын дөп басып айту аса қиын.

Біз ата-бабамыз аманатқа қалдырған қасиетті жеріміздегі Тәңірдің берген қазынасын талан-таражға салып, мемлекеттің емес, қара басының пайдасын көздеп, оңды-солды сатып, ұрпақ алдында күнәға батып отырған жемқорларды айыптаймыз!

Біз Қазақстанның стратегиялық нысандары мен кен орындарын мемлекет меншігіне қайтаруды талап етеміз!

Біз барлық шетел компанияларымен жасалған келісім-шарттарды халыққа ашық жариялауды талап етеміз!

Біз барлық өндіріс орындарында жұмыс жасап жатқан қарапайым шетел жұмысшыларын елден шығарып, орнына жұмыссыз ҚР азаматтарының алынуын талап етеміз!

Біз бүгін Қазақстан мен Қытай арасындағы елді алаңдатқан маңызды деген мәселеге тоқталып, оның шешілу жолдарын ұсындық. Қауіптің қайдан болса, қатердің де содан екенін ашық көрсеттік. Біз бұл ашық хатты саяси арзан ұпай жинау үшін емес, тәуелсіздіктің тағдыры мен азат еліміздің болашағына алаңдағандықтан жазып отырмыз!

Сауал - бізден, жауап - сізден, құрметті Президент мырза!

Муxтар Мұхтар Тайжан (Астана), Сағат Жүсіп (Қызылорда), Жәнібек Қожық (Маңғыстау), Қуаныш Еділхантегі (Куаныш Едилханов) (Маңғыстау), Уайс Ерсайынұлы (Uais Yersaiynuly) (Маңғыстау), Абзал Құспан (Орал), Лукпан Ахмедьяров (Орал), Нұрлан Сәдір (Орал), исатай утепов (Isatai Utepov) (Орал), Берік Шадғали (Berik Shadgali) (Орал), Ерлан Калиев (Алматы), Бакытгуль Макимбай (Бақытгүл Мәкімбай) (Алматы), MQ Aman Qazaq (Алматы)
Н.қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
21-07-18 06:57
«МЕМЛЕКЕТТІК ГЕНОЦИД» ҚЫТАЙ САЯСАТЫНЫҢ ҰСТАНЫМЫНА АЙНАЛДЫ.

Коммунистік партия басқарған қытайда қазақтарға, ұйғырларға қарсы «ҮЛКЕН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕРРОРДЫҢ» тиылмауы әлем жұртшылығын алаңдатуда. Елде қытай емес белсенді қоғам қайраткерлері мен мәдениеттің алдыңғы қатарлы озық ойлы азаматтары ғана емес, қарапайым адамдар да ұлтына, тіліне, ұстанған дәстүріне, діни наным-сеніміне бола отбасымен қамалып, азапталуда. Оларға ешбір негізссіз: «халық жаулары», «шетелдер пайдасына қызмет еткен шпиондар», «терроршылар» деген жалған айыптар тағылып, түрмеге тоғытылуда. Қытай саяси бюросының (политбюро) арнайы шешімімен репрессиялануға тиісті адам басына «квота» белгіленіп, жергілікті партия және құқық органдарымен қатар бірігіп аталмыш шешімді орындауға жанталаса кіріскені жасырын емес. Баяғы 30 жж. кеңес компартиясының «сара жолы»...
Осының барлығы қанішер, жексұрын қытай компартиясының көсемі Си Цзиньпин ісі. Саясат «ішкі ұлтаралық тыныштықты сақтау», «антиқытайлық», «антикомпартиялық элементерді» құрту деген желеумен бүркемеленіп жүргізілуде. Айтарым, тероррист қазақтар емес, терроршылар қытай компартиясы мен мемлекет басшылары.
Ұлттарға, ұлыстарға бағытталған «МЕМЛЕКЕТТІК ГЕНОЦИД» қытай коммунистерінің мемлекеттік саясатының бір бөлігіне, ұстанымына айналды десек те болады. Ендеше, Қытай фашизмінің қарғылы төбеттерінің мұсылмандарға қарсы бағытталған «ҚАНДЫ ТЕРРОРЛЫҚ ІСІ» халықаралық деңгейде БҰҰ мінбесінен және Қазақ Үкіметі, Парламенті тарапынан айыпталуға тиісті. ҚР СІМ жағынан қытай билігіне нота тапсырылсын!
«Ауруын жасырған, өледі» дейді дана халқымыз. Бұған дейін де айтқан едім, тағы да қайталаймын, ерте ме кеш қытай Қазақстанда «ұлтаралық ахуалды» ушықтырушы басты фактордың біріне айналады деп. Бүгінде қоғамдық пікірдің басым бөлігі қытайлықтардың елімізге көптеп келуіне қарсылық білдіруде. Жоғарыдағы жайлардан соң жергілікті халықтың оларға деген адами көзқарас ахуалы да жақсы емес. Бәрімізге қымбат ішкі тыныштығымыз. "Айтпаса, сөз атасы да өледі", билік мұны қатты ескеруі керек.
Ендеше, «адам құқықтары қорғалмайтын бүгінгі қандықол компартия билеген, фашистік қытай режимімен мемлекетаралық экономикалық, саяси, дипломатиялық байланысты тоқтата тұруға, қажет болса үзуге толық негіз бар».

20.07.2018. Н.Қ.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
16-07-18 07:03

Нұрлыбай Қошаманұлы
16 июля 2016 г. ·
Ақтөбе облысы әкімі Б.М.Сапарбаевқа
Ашық хат

Құрметті Б.Машбекұлы! Жалпы мемлекеттік қызмет аясы «ашық, мөлдір болсын» десек те кейде билік басында отырғандар мемлекеттің заңына қатысты заңнан тыс жазылмаған заңдарды ойлап тауып жатады. Осыған орай біздің де Ақтөбеде мемлекеттік қызметкерлер тарпынан қолданыстағы Еңбек Кодексіне өзгерістер енгізу орын алып отыр. Ондайлардың мұндай «шеберлігіне» біз сұға алмайсың. Кез келген мемлекеттік қызметкер, жұмыс беруші ҚР Еңбек кодексінің 23 - бабы 2 -тармағының 1- тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
Себебі, жұмыс берушінің заңсыз актісін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, сондай - ақ еңбек заңнамасына сәйкес келтіру (сәйкестендіру) нормасы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы еңбек Кодексінің нормасында КӨЗДЕЛМЕГЕН. Ресми түсіндіру Қазақстан Республикасы Конституциясының 49, 62 – баптарының 1 – тармақтарына сәйкес заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары ѳкілді органы Парламентпен берілген. Бұл ресми түсіндіру Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 53 – бабында кѳзделген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 - бабының 4 - тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру ресми түрде 23.11.2015 редакциясында Жарияланған: "Егемен Қазақстан" 25.11.2015 ж., № 226 (28704) "Казахстанская правда" от 25.11.2015 г., № 226 (28102) Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ.
Құрметті Б.Машбекұлы! Ұлттық мүдделердің қорғалу дәрежесінің тѳмендеуіне ықпал ететін Заңдылық пен құқықтық тәртіп пен жауапкершілікке тарту деңгейінің тѳмендеуі, соның ішінде сыбайластықтың тамырлануынан бұрыс ақпараттар берудің ѳсуі, заңсыздық пен озбырлықтың белең алуы салдарынан ОБЛЫСТА СІЗДІҢ ТУ СЫРТЫҢЫЗДАН кейбір лауазымды адамдардың әрекеттерімен «жұмыс берушінің заңсыз актісін заңға сәйкес келтіру (сәйкестендіру)» арқылы құрылымдық элемент мәтіні Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің нормасына енгізілу орын алып отыр. ҚАЗАҚША АЙТАР БОЛСАҚ "ҚОЛАЙЫМА ЖАҚСА САҚА ЕТЕРМІН" ДЕГЕНДЕЙ, ОЛАР ҚОЛДАН ЗАҢ ЖАСАП ОТЫР.
Құрметті Б.Машбекұлы! Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың өз құзіретіне кіретін мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін бұзу әрекеттері сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады. Осы жайларды жария ете отырып, Сізден Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы ҚР Заңының 12 – бабын 15 – бабының 2 – тармағының 3, 5 – тармақшаларын, ҚР Еңбек кодексінің 14 – бабын қамтамасыз етуңіз арқылы Ақтѳбе облысындағы заңды бұрмалаған лауазымды адамдардың іс - әрекеттерін назарға алуыңызды сұраймын. Қажет десеңіз дәлелдеме құжаттарды көрсетуге біз даяр.

Құрметпен ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Н.Қошаманұлы.
16.07.2016.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
14-07-18 06:50
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай

ТӘУЕЛСІЗДІК ПИОНЕРЛЕРІ

Тарих өткен өмір айнамыз, болашаққа аманат. Қоғам дамуының негізгі жетекші күші қоғамдық сананы ояту десек, оған тоқсаныншы жылдардағы «Азат» азаматтық қозғалысы зиялыларының әлеуметтік-саяси ойларының ықпалы: ұлттық сана-сезімінің қайта жаңғыруының, қазақ ұлттық идеялогиясының қалыптасуының, тәуелсіз мемлекеттің демократиялық даму жолын анықтаудың жаңа кезеңдерін қалыптастырды. Партияның басында белгілі ұйымдастырушылары болып қоғам қайраткерлері: С.Ақатаев, М.Есеналиев, М.Шорманов, Ж.Қуанышалин. Б.Дәрімбет жүрді. Саяси жүйені көппартиялық етуді, «Тәуелсіздік декларациясын» (14.10.1990) жариялаған да осы «Азат» қозғалысы азаматтары болатын. Сондай-ақ, 1991 жылы қыркүйек айының 13-16 аралығында еліміздің Батысынан (Орал облысынан) автономия жариялап, территориямыздың бір бөлігін бөліп әкетпек болған неоколаниалист орыс-казактарының сепараттық әрекеттеріне қарсы көтерілген «Бүкілқазақстандық наразылық акциясын» ұйымдастырған да осы азаттықтар болатын. Бұл қазақ халқының Ресей тарапынан болған «саяси терроризмге» қарсы көтерілген тәуелсіздік тұсындағы желтоқсаннан кейінгі соңғы бұлқынысы еді. Азаттықтардың құрамында 1986 жылғы «желтоқсан көтерілісіне» қатысқан азаматтар да бар. Қазақ халқының бодандықтан бостандыққа ұмтылысындағы бұл қос бұлқыныс: «Желтоқсан» (1986) мен «Орал көтерілістерін» (1991) «тәуелсіздік қарлығашының қос қанаты» деуіміз де сондықтан. Оралдағы жер даулаған орыс сепаратистеріне қарсылық білдіріп еліміздің 12 облысынан азаттықтар жиналды.
Мәскеуде болған 1991 жылғы 20 тамыз төңкерісі күні Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысы барлық қазақстандық саяси партиялардың арасынан да алғашқы болып әйгілі ТЖМК бүлігін «антиконституциялық төңкеріс» деп қабылдап, республика Президентінен, оның Жоғарғы Кеңесінен еліміздің егемендігі мен территориялық тұтастығына Мәскеу тарапынан болуы мүмкін кез келген агрессияға жол бергізбеуді, қазақстандық қоғамдық-саяси партияларды тек қана Қазақстанның өз заңдарына сүйене отырып жұмыс жасауға шақырып, Қазақстан Республикасы Президентінің елімізде ешқандай төтенше жағдай енгізілмейтіндігі туралы ұстанымын қолдайтындығын білдірген өз мәлімдемесін таратты. Қазақ елін егемендікке алып келген «Конфедерация» идеясын сол кездегі барлық саяси ағымдар ішінен алғаш болып көтерген де «Азат» (Ж.Қуанышалин).
1992 жылдың наурызында саяси ұйымдар арасынан тағы да алғаш болып республикашыл «Азат» партиясы «Қазақстанның Қорғаныс Министрлігі құрылсын» деген мәлімдемесін жариялады. Онда жуық арада сол кездегі қорғаныс комитеті негізінде Қорғаныс Министрлігін құру, Қазақстан жеріндегі барлық қару-жарақ, әскери үй-жайлар, материалдық базалардың түгелдей республика меншігіне алынуы, қауіпсіздігіміздің кепілі ретінде Қазақстан жеріндегі ядролық қарудың республика қарамағына берілуі, Кеңес әскерінің шығарылуы және жергілікті офицер мамандардың жасақталуы қажеттігі жөнінде айтылды. Осы ұсыныс 1992 жылдың 7 мамырында ҚР-сының «Қарулы күштерін құру» туралы президент жарлығының шығуына әкелді. Мемлекетке балама ретінде тұңғыш «Экономикалық концепцияны» (17.06.1992) қабылдаған да азаттықтар болды.
Ақтөбе, Ақтау, Атыру, Орал және Қызылордалық азаттықтар халқымыздың денсаулығына ауыр зардап әкелген экология мәселесінде халықаралық «Семей-Невада» антиядролық қозғалысы аясында Семей полигонын және Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы «Қалдайбек», Атыраудағы «Тайсойған», Ордадағы (Орал облысы) «Нарын» полигондарын жаптыруға, Байқоңыр мен Арал мәселелеріне де араласты. 27.10.1991ж. «Возрождение» аралын жабу жөнінде Үндеу қабылдады. Сондай-ақ, азаттықтар осы жайларды көтерген «Азғыр полигоны құпиясы» (21.07.1991), «Қалдайбек қасіреті» (11.09.1992), «Полигон» (17.10.1992), «Семей полигонының жабылуына 1 жыл» атты деректі фильмдер түсірді. Сол жылдары облыс орталықтарындағы қазақ мектептерінің санын көбейту жұмыстары да азаттықтардың үй-үйді аяқтай жүріп аралаған бастамасымен қолға алынғанын да ешкім жоққа шығара алмас. Азаттықтар әлеуметтік екі жақта қанаудан туындаған 1989 жылғы Жаңа Өзен көтерілісінің, 1990 жылғы Кенқияқ толқуының басы қасында да жүрді. Уақытында Мағыстаулық «Парасат» саяси қозғалысы да жер, тіл, көші-қон, онамастика, егемендік мәселесі төңірегіндегі көптеген бұқаралық іргелі істерді алғашқылардың бірі болып көтерді. Кейін «Парасат» ұйымы да «Азат» саяси қозғалысы аясына бірікті.
Солай бола тұра, тоқсаныншы жылдары «Азат» азаматтық қозғалысы аясында «Тәуелсіздік тартысына» тікелей араласқан тарихи қайраткерлер өкінішке қарай, осы уақытқа шейін қоғам тарапынан ескерусіз қалып келеді. Олар: алматылық Жасарал Қуанышалин, Дәурен Сатыбалдиев, Орал Сәулебаев, қызылордалық Сағат Жүсіп, Әли Жайлау, оралдық Айсұлу Қадырбаева, Орынбай Жәкібаев, Аманжол Зинуллин, Алтай Зеинуллин, Тұрсын Жолманов, Дәрібек Өтегенов, Төлебай Сатқұлиев, ақтөбелік Серік Ерғали, Естай Жайлыбаев, Мұстафин Сейілхан, Қайырбаек Тоқтаров, Сұлтанбек Тәшкенбаев, Көшкінбай Ахметов, Айтқали Италиев, Ізімғали Көбенов, Гүлсамал Аймаханова, Бекарыстан Мырзабаев, Кәрімхан Кикембаев, Серік Сапарғалиев, Мұхамбетияр Аманғалиев, т.б.
Тәуелсіздік жолында империя бұғауына бірінші болып «алдаспанын суырған», бұқаралық игі бастамалардың ұйымдастырушылары болып алғашқылардың қатарында жүргендер де осы азаттықтар еді. «Атажұрт» қоғамдық ұйымын құрып, шетелдегі қазақтар көшіне қозғау салғандар да осы азаттықтар. Олар ата-бабалар рухын тәу етіп, ел тұтастығын сақтап қалу үшін қандай «оқиғаға» болса да бастарын тікті. Нақтырақ айтсақ, бұл азаматтар тоқсаныншы жылдары ірге көтерген жаңа Қазақстан демократиясының «алғашқы пионерлері» десек те болады.
Бір өкініштісі соңғы жылдары барлық жерде тәуелсіздік тұсында «әу» демек түгілі, бұтақ басын сындырмаған шен-шекпенді шенеуніктерді марапаттау дәстүрге айналып барады. Тіптен сондайлардың қатарында кейіннен көз қыстының кебін киіп, сыбайластықпен, жемқрлықпен шаталғандар да қаптап жүр. Қаншамасы небір миллиондарды ұрлап, шетел асып қашып кетті. «Арамза болмай, атақ жоқ, алдамшы болмай бақ қайда» - деген екен қайран Абай, өз заманында қарын мен құлқын қамы жолындағы парақорлықтан, әлеуметтік әділетсіздіктен әбден күйінген соң айтқаны болса керек. Осындайдан кейін «Қожаға сере қазы, кедейге сүйек – саяқ» - деген, әлеуметтік әділеттіліктің ауылы кімге қонған деген заңды сұрақ туындайды? Еліміздің саяси өміріне белсене араласқан шынайы күрескерлерді көзге ілмейтін бұл қоғам қайда кетіп бара жатыр? Біреудің көзі жақсы, екіншінің өзі жақсы, үшіншінің отырған тағы күміс деп, лауазымына қарай сый-сыйапат, мақтау қағазын үлестіре беру, қасиетті датаның мәртебесін түсірмесе, көтермесі анық.
Иә, тоқсаныншы жылдардағы жұмыс жасаған «Азат саяси қозғалысының өмір белестері, алған асулары Қазақстан тарихшылары бара қоймаған, әлі де зерттелмеген тың тақырып. Заман талабына сай «Азат» бастамаларының тарихын білу, зерттеу, қоғамымыздағы әлеуметтік-саяси ғылымдардың міндетінің бірі. Себебі өткен оқиғаларды біраз уақыттан кейін пайымдау, әлеуметтік және саяси – тарихи мәселелерге кейінгі көзқарастардың объективті болуына ықпал етеді. «Азат» азаматтық қозғалысы және жоғарыдағы аты аталған азаматтар уақытында ел тәуелсіздігін айқындаудағы жалпы республикалық әлеуметтік субъектілердің бірі болды.
Сөзімнің тоқетері саяси ағым «Азат» қозғалысы аясында азаттық жолында «Тәуелсіздік тартысына» тікелей араласқан тарихи қайраткерлердің болашақ ұрпаққа үлгі боларлық жүріп өткен жолдары ескерусіз қалмауға тиіс. Ендеше, «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай» Қазақстан қалаларының бір-бір көшесіне «Азат», орталық бір алаңға «АЗАТ» атын беруді осы бастан ойластырсақ артық болмас еді. Айтқанымыздың барлығы жасаған істерді перде етіп, атақ-абырой жинау емес. Керісінше, тәуелсіздік үшін еңбек еткен азаматтарына әділетті баға беріп, бағаламау сол елге, қоғамға сын. Олар халқының құрметіне лайық, марапатталуға тұрарлық тарихтың кейіпкерлері.

Құрметпен Нұрлыбай Қошаманұлы, Орал облыстық \"Азат\" азаматтық қозғалысының тең төрағасы.
14.07.2016.
Ақтөбе қ.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
14-07-18 06:49
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай

ТӘУЕЛСІЗДІК ПИОНЕРЛЕРІ

Тарих өткен өмір айнамыз, болашаққа аманат. Қоғам дамуының негізгі жетекші күші қоғамдық сананы ояту десек, оған тоқсаныншы жылдардағы «Азат» азаматтық қозғалысы зиялыларының әлеуметтік-саяси ойларының ықпалы: ұлттық сана-сезімінің қайта жаңғыруының, қазақ ұлттық идеялогиясының қалыптасуының, тәуелсіз мемлекеттің демократиялық даму жолын анықтаудың жаңа кезеңдерін қалыптастырды. Партияның басында белгілі ұйымдастырушылары болып қоғам қайраткерлері: С.Ақатаев, М.Есеналиев, М.Шорманов, Ж.Қуанышалин. Б.Дәрімбет жүрді. Саяси жүйені көппартиялық етуді, «Тәуелсіздік декларациясын» (14.10.1990) жариялаған да осы «Азат» қозғалысы азаматтары болатын. Сондай-ақ, 1991 жылы қыркүйек айының 13-16 аралығында еліміздің Батысынан (Орал облысынан) автономия жариялап, территориямыздың бір бөлігін бөліп әкетпек болған неоколаниалист орыс-казактарының сепараттық әрекеттеріне қарсы көтерілген «Бүкілқазақстандық наразылық акциясын» ұйымдастырған да осы азаттықтар болатын. Бұл қазақ халқының Ресей тарапынан болған «саяси терроризмге» қарсы көтерілген тәуелсіздік тұсындағы желтоқсаннан кейінгі соңғы бұлқынысы еді. Азаттықтардың құрамында 1986 жылғы «желтоқсан көтерілісіне» қатысқан азаматтар да бар. Қазақ халқының бодандықтан бостандыққа ұмтылысындағы бұл қос бұлқыныс: «Желтоқсан» (1986) мен «Орал көтерілістерін» (1991) «тәуелсіздік қарлығашының қос қанаты» деуіміз де сондықтан. Оралдағы жер даулаған орыс сепаратистеріне қарсылық білдіріп еліміздің 12 облысынан азаттықтар жиналды.
Мәскеуде болған 1991 жылғы 20 тамыз төңкерісі күні Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысы барлық қазақстандық саяси партиялардың арасынан да алғашқы болып әйгілі ТЖМК бүлігін «антиконституциялық төңкеріс» деп қабылдап, республика Президентінен, оның Жоғарғы Кеңесінен еліміздің егемендігі мен территориялық тұтастығына Мәскеу тарапынан болуы мүмкін кез келген агрессияға жол бергізбеуді, қазақстандық қоғамдық-саяси партияларды тек қана Қазақстанның өз заңдарына сүйене отырып жұмыс жасауға шақырып, Қазақстан Республикасы Президентінің елімізде ешқандай төтенше жағдай енгізілмейтіндігі туралы ұстанымын қолдайтындығын білдірген өз мәлімдемесін таратты. Қазақ елін егемендікке алып келген «Конфедерация» идеясын сол кездегі барлық саяси ағымдар ішінен алғаш болып көтерген де «Азат» (Ж.Қуанышалин).
1992 жылдың наурызында саяси ұйымдар арасынан тағы да алғаш болып республикашыл «Азат» партиясы «Қазақстанның Қорғаныс Министрлігі құрылсын» деген мәлімдемесін жариялады. Онда жуық арада сол кездегі қорғаныс комитеті негізінде Қорғаныс Министрлігін құру, Қазақстан жеріндегі барлық қару-жарақ, әскери үй-жайлар, материалдық базалардың түгелдей республика меншігіне алынуы, қауіпсіздігіміздің кепілі ретінде Қазақстан жеріндегі ядролық қарудың республика қарамағына берілуі, Кеңес әскерінің шығарылуы және жергілікті офицер мамандардың жасақталуы қажеттігі жөнінде айтылды. Осы ұсыныс 1992 жылдың 7 мамырында ҚР-сының «Қарулы күштерін құру» туралы президент жарлығының шығуына әкелді. Мемлекетке балама ретінде тұңғыш «Экономикалық концепцияны» (17.06.1992) қабылдаған да азаттықтар болды.
Ақтөбе, Ақтау, Атыру, Орал және Қызылордалық азаттықтар халқымыздың денсаулығына ауыр зардап әкелген экология мәселесінде халықаралық «Семей-Невада» антиядролық қозғалысы аясында Семей полигонын және Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы «Қалдайбек», Атыраудағы «Тайсойған», Ордадағы (Орал облысы) «Нарын» полигондарын жаптыруға, Байқоңыр мен Арал мәселелеріне де араласты. 27.10.1991ж. «Возрождение» аралын жабу жөнінде Үндеу қабылдады. Сондай-ақ, азаттықтар осы жайларды көтерген «Азғыр полигоны құпиясы» (21.07.1991), «Қалдайбек қасіреті» (11.09.1992), «Полигон» (17.10.1992), «Семей полигонының жабылуына 1 жыл» атты деректі фильмдер түсірді. Сол жылдары облыс орталықтарындағы қазақ мектептерінің санын көбейту жұмыстары да азаттықтардың үй-үйді аяқтай жүріп аралаған бастамасымен қолға алынғанын да ешкім жоққа шығара алмас. Азаттықтар әлеуметтік екі жақта қанаудан туындаған 1989 жылғы Жаңа Өзен көтерілісінің, 1990 жылғы Кенқияқ толқуының басы қасында да жүрді. Уақытында Мағыстаулық «Парасат» саяси қозғалысы да жер, тіл, көші-қон, онамастика, егемендік мәселесі төңірегіндегі көптеген бұқаралық іргелі істерді алғашқылардың бірі болып көтерді. Кейін «Парасат» ұйымы да «Азат» саяси қозғалысы аясына бірікті.
Солай бола тұра, тоқсаныншы жылдары «Азат» азаматтық қозғалысы аясында «Тәуелсіздік тартысына» тікелей араласқан тарихи қайраткерлер өкінішке қарай, осы уақытқа шейін қоғам тарапынан ескерусіз қалып келеді. Олар: алматылық Жасарал Қуанышалин, Дәурен Сатыбалдиев, Орал Сәулебаев, қызылордалық Сағат Жүсіп, Әли Жайлау, оралдық Айсұлу Қадырбаева, Орынбай Жәкібаев, Аманжол Зинуллин, Алтай Зеинуллин, Тұрсын Жолманов, Дәрібек Өтегенов, Төлебай Сатқұлиев, ақтөбелік Серік Ерғали, Естай Жайлыбаев, Мұстафин Сейілхан, Қайырбаек Тоқтаров, Сұлтанбек Тәшкенбаев, Көшкінбай Ахметов, Айтқали Италиев, Ізімғали Көбенов, Гүлсамал Аймаханова, Бекарыстан Мырзабаев, Кәрімхан Кикембаев, Серік Сапарғалиев, Мұхамбетияр Аманғалиев, т.б.
Тәуелсіздік жолында империя бұғауына бірінші болып «алдаспанын суырған», бұқаралық игі бастамалардың ұйымдастырушылары болып алғашқылардың қатарында жүргендер де осы азаттықтар еді. «Атажұрт» қоғамдық ұйымын құрып, шетелдегі қазақтар көшіне қозғау салғандар да осы азаттықтар. Олар ата-бабалар рухын тәу етіп, ел тұтастығын сақтап қалу үшін қандай «оқиғаға» болса да бастарын тікті. Нақтырақ айтсақ, бұл азаматтар тоқсаныншы жылдары ірге көтерген жаңа Қазақстан демократиясының «алғашқы пионерлері» десек те болады.
Бір өкініштісі соңғы жылдары барлық жерде тәуелсіздік тұсында «әу» демек түгілі, бұтақ басын сындырмаған шен-шекпенді шенеуніктерді марапаттау дәстүрге айналып барады. Тіптен сондайлардың қатарында кейіннен көз қыстының кебін киіп, сыбайластықпен, жемқрлықпен шаталғандар да қаптап жүр. Қаншамасы небір миллиондарды ұрлап, шетел асып қашып кетті. «Арамза болмай, атақ жоқ, алдамшы болмай бақ қайда» - деген екен қайран Абай, өз заманында қарын мен құлқын қамы жолындағы парақорлықтан, әлеуметтік әділетсіздіктен әбден күйінген соң айтқаны болса керек. Осындайдан кейін «Қожаға сере қазы, кедейге сүйек – саяқ» - деген, әлеуметтік әділеттіліктің ауылы кімге қонған деген заңды сұрақ туындайды? Еліміздің саяси өміріне белсене араласқан шынайы күрескерлерді көзге ілмейтін бұл қоғам қайда кетіп бара жатыр? Біреудің көзі жақсы, екіншінің өзі жақсы, үшіншінің отырған тағы күміс деп, лауазымына қарай сый-сыйапат, мақтау қағазын үлестіре беру, қасиетті датаның мәртебесін түсірмесе, көтермесі анық.
Иә, тоқсаныншы жылдардағы жұмыс жасаған «Азат саяси қозғалысының өмір белестері, алған асулары Қазақстан тарихшылары бара қоймаған, әлі де зерттелмеген тың тақырып. Заман талабына сай «Азат» бастамаларының тарихын білу, зерттеу, қоғамымыздағы әлеуметтік-саяси ғылымдардың міндетінің бірі. Себебі өткен оқиғаларды біраз уақыттан кейін пайымдау, әлеуметтік және саяси – тарихи мәселелерге кейінгі көзқарастардың объективті болуына ықпал етеді. «Азат» азаматтық қозғалысы және жоғарыдағы аты аталған азаматтар уақытында ел тәуелсіздігін айқындаудағы жалпы республикалық әлеуметтік субъектілердің бірі болды.
Сөзімнің тоқетері саяси ағым «Азат» қозғалысы аясында азаттық жолында «Тәуелсіздік тартысына» тікелей араласқан тарихи қайраткерлердің болашақ ұрпаққа үлгі боларлық жүріп өткен жолдары ескерусіз қалмауға тиіс. Ендеше, «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай» Қазақстан қалаларының бір-бір көшесіне «Азат», орталық бір алаңға «АЗАТ» атын беруді осы бастан ойластырсақ артық болмас еді. Айтқанымыздың барлығы жасаған істерді перде етіп, атақ-абырой жинау емес. Керісінше, тәуелсіздік үшін еңбек еткен азаматтарына әділетті баға беріп, бағаламау сол елге, қоғамға сын. Олар халқының құрметіне лайық, марапатталуға тұрарлық тарихтың кейіпкерлері.

Құрметпен Нұрлыбай Қошаманұлы, Орал облыстық "Азат" азаматтық қозғалысының тең төрағасы.
14.07.2016.
Ақтөбе қ.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
13-07-18 05:58
ШЕТЕЛДЕГІ ҚАНДАСТАРЫМЫЗҒА ҚЫСЫМ КӨРСЕТУГЕ ЖОЛ БЕРМЕЙМІЗ.
Құрметті қоғам белсенділері! Қазақстандық қоғамдық ұйымдар мен саяси ағымдардың атынан Қытай елшілігіне, Қытай мемлекеті басшылығыга мәлімдеме жазылуы тиіс. Құжатта Қытай билігі тарапынан ондағы ұлт диаспораларына, соның ішінде қазақтарға негізсіз қысым көрсетіліп, түрлі жазалауға ұшырап, адам құқықтары аяққа басылып жатқанын көрсетіп, Бас Ассамблеяның 1948 жылғы 10 желтоқсандағы қабылданған "Адам Құқықтарының Жалпыға Бірдей Декларациясы" және 1996 жылдың 16 желтоқсандағы қабылданған "Экономикалық, Әлеуметтік және Мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пакт" баптарының өрескел бұзылып жатқанын жария етуіміз керек.
Құжат Қазақстандағы "Қытай елшілігіне", "БҰҰ"-на жіберілсін! Бұлай үнсіз отыра беруімізге болмайды!
Барлық қоғамдық ұйымдарды, саяси партияларды, жекелеген азаматтарды, журналистер қауымын осыған қосылуға шақырамын! 13.07.2017. С.Н.Қ.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
12-07-18 16:24
ҚЫТАЙМЕН БАЙЛАНЫС АСА САҚТЫҚТЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ...

Қытайдың көкейін тескен мақсатына жету үшін таңдап алатын әдісі де айдаһарша – жымиып келіп орап алады, құрбандығын бірден қылғытуға ұмтылмайды, оның кезекті босаңсыған сәтін күтеді, босаңсу мезетін сезе қалғанда, оралған белді қыса қояды, пайда болған мүмкіндікті жібермейді, оңтайлы тәсілдермен жемтігін сығып өлтіреді.

Қазақтар қытаймен байланыста мына факторларды ешқашан ұмытпауы керек:
БІРІНШІДЕН, Қытай үшін Қазақстан – батысқа шығатын транзитті мемлекет, тоталитарлық эксперименттер алаңы.
ЕКІНШІДЕН, қытайдың көздегені – жемқорлыққа бейім қазақ үкіметін сатып алу жолымен оны мәжбүрлі досқа айналдыру.
ҮШІНШІДЕН, елімізде қытай диаспорасын қалыптастыру, меншігін көбейту және сол арқылы Қазақстан экономикасын уысында ұстау. Қытай бизнес көздеріне көлемді субсидиямен қолдау көрсететін «қытай банктерін» көбейту.
ТӨРТІНШІДЕН, үкіметтегі мүдделес лоббистермен бірігіп билікке саяси ықпалын күшейту, сыртқы саясатына бақылау жасау, заңына араласып, жаңа отарлық тәуелділікке мәжбүрлеу.
БЕСІНШІДЕН, сол елде қажетті ахуал қалыптасып, саяси қызу кондицияға жеткенде Қазақстандағы қытай диаспорасының қолтығына су бүркіп, іштегі әлеуметтік тұрақсыздықтың орын алуына жол беру, содан кейін «шет елдердегі «қытай азаматтарын», «меншігін қорғауды» желеу етіп әскер кіргізу. Ал «шетелдегі қытай азаматтарының мүддесін қорғау үшін әскер кіргізе алады» деген Заң бабы қабылданғанын БАҚ құралдары әлденеше рет жазды.

Сөйтіп, қытай уақыты келгенде бар ресурсты қосып, жағдайдың қожасы болып шыға келеді. Ойлан Қазақ!!!

12.07.2018. Н.Қ.
Н.Қошаманұлы
02-07-18 20:20
Нағыз Қазақ Қызы, Сингапурдың 76% қытайлықтар, бизнесі қытай кәсіпкерлерінің қолында. Қытай кәсіпкерлері екінші бір мемлекеттің атынан келіп те бизнес көздерін аша береді. "Қазақстан-Сингапур біріккен кәсіпорнының" түп жебеушісі қытай. Біз мұны қатты ескеруіміз керек. Олар АҚШ, Еворпа мемлекеттері кәсіпкерлері болып та келе береді.

Нағыз Қазақ Қызы
Нағыз Қазақ ҚызыНағыз и еще 2 управляют участниками, модераторами, настройками и публикациями в группе ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДАРЫ КЕҢЕСІНІҢ АЛҚАЛЫ ТОБЫ. Дұрыс айтасыз аға.

Нұрлыбай Қошаманұлы Себебі қытай бизнесмендері кәсібін дөңгелетіп, әлемнің бар түпкірінде өріп жүр және сол елдің атынан келіп жерді, меншікті сатып ала береді. Біздің билік өздерінің амалдарын жасыру үшін, халықты осылай алдап көндіруі әбден мүмкін.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
30-06-18 12:01
26-БАП ТУРАЛЫ АЗАТ АРДАГЕРІ АЙСҰЛУДЫҢ АЙТҚАНЫ

Айсулу Кадырбаева Нұрлыбай! Сен 1991 жыл, 22-ші июньдегі Заңды тауып ал. Заң "Закон о разгосударствлении и приватизации" деп аталады, қазақшасы - "Мемлекеттік меншіктен алып, жекеменшікке көшіру" . (Орысшасын қазақшаға аударғанда да, мағынасын бұрмалап жіберген. "Разгосударствление" деген соз мемлекетті ыдырату деген ғой). Иә, сен өте дұрыс айтып отырсың. Бұл жерде үлкен құйтырқылық жатыр. Жоғарыдағы Заң бойынша, ЖЕРДІҢ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ САТЫЛАДЫ. содай-ақ, ЖЕРДІҢ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІММЕН және 99 ЖЫЛДЫҚ ҰЗАҚ МЕРЗІММЕН ЖЕРДІҢ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ ЖАЛҒА БЕРІЛЕДІ, пайдаланып болғаннан кейінгі мұралық құқығымен қоса. Бұл да сол секілді. Пайдалану құқығын сатып алған адам ол меншіктен айрыла ма? Пайдалану құқығын мұралыққа сатып алғаннан кейін, ол меншік ғұмырлыққа сонікі емес пе? Міне, жер жекенің қолына осылай көшті. Осыны тауып, алдарына көлденең тартыңдар. Естеріңде ме, ЖЕРГЕ екі паспорт берді. Бірі - "ЖЕРДІҢ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫНА" Сосын, оп-оңай өзгерте салды. Пайдалану құқығы алынған соң, енді, "жерге жекеменшік құқығын беру туралы" ,- деп. Менің қызыл кеңірдек боп айтысып келгенім осы еді ғой, Нұрлыбай!

Нұрлыбай Қошаманұлы Есімде Айеке! Бұлар соны қайталағысы келіп отыр, халықты жайылып жүрген мал көргісі келеді. Бұрынғының кейбір жолдарын өздерінше көшіріп, басып жариялапты. Біз бәрін ұмытты деп ойлайды-ау сірә...

Айсулу Кадырбаева Айталық, бір вогонның пайдалану құқығын мұралыққа сатып алсаң, кімді есігінен қаратар едің? Заттың меншіктік құқығын сатып алу оның өзін сатып алудан әлдеқайда пәрменді. Ненің де болса, анау-мынау емес, өмірі қолынан шығармастай етіп, меншіктік тәртібі жан-жақты қаралған құқығын сатып алса, бітті емес пе?
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
29-06-18 22:56
Mahmut Bastas -------------------------------------------------------------------------------Nurlıbay Qoşamanulı-------------------------------------
17 t
QITAY DÏASPORASI NENI KÖZDEYDI?

Soñğı aqparatqa süyensek körşi Qırğız ükimeti Qıtaydıñ qarızınan qutılw üşin xalıqtan jılw jïnamaqqa kiristi. Bul twralı Jas Alaş press-unity.com saytına silteme jasap xabarladı. Ükimet arnayı esepşot aşıp, oğan memleketke bolısqısı keletin adamdar ğana aqşaların awdarwğa şaqırwda. Bul twralı parlamette ötken otırısta qırğız premer-mïnïstr Muxamedqalıy ÄBILĞAZÏEV: «Eki esepşot aşwdı josparlap otırmız. Biri eriktiler üşin. Ekinşisine jemqorlıq boyınşa ustalğandardan tärkilengen qarjat quyıladı. Esepşottar Qarjı mïnïstrliginiñ quramında aşıladı», — dedi. Negizi bul ïdeya eñ birinşi Joğarğı Keñeşte köterilgen. Prezïdenti xalıqtan jılw jïnaw twralı qawlığa qol qoyğan.
Büginde Qırğızdardıñ Qıtayğa qarızı 1,7 mlrd dollarğa jetipti. Al memlekettiñ jalpı qarızı 4,4 mlrd dollar eken. Bolaşağına alañdağan qırğızdar xalqınan jılw jïnawdı josparap jatır. press-unity.com saytı. Ökinişke oray, bul bizge sabaq bolar emes. Käri qurlıq Evropa bizdiñ eldiñ üstinen qurılısı jürip jatqan qıtaydıñ "Bir jol- bir beldew" jobasınan qawiptenip, basqalardı da saqtandırıp otır. Qazaqstan qarızdan qutılwdıñ amalın izdewdiñ ornına, olar kerisinşe jerin berip, jıl sayın qarızğa belşesinen batwda. Qazaqtıñ sırtqı qarızı qırğız bereşağımen salıstırğanda olardı on oraydı.
Qıtayda 150 mïllïonnan astam adam jumıssız eken. Qıtay ükimeti qabıldağan «Batıstı ïgerw» bağdarlamasında osı jumıssızdar Qazaqstan rınogın ïgerwge jumıldırılmaqşı. Qazaqstandağı qıtay ïnvestïcïyası tek jılw-énergetïkalıq salamen ğana şektelip otırğan joq. Sonday-aq taw-ken önerkäsibi, sawda jäne qarjı sektorında da qıtay ïnvestïcïyasınıñ salmağı awırlap kele jatqanı bayqaladı. Al Qazaqstandağı qıtay ïnvestïcïyası birtindep batıs ïnvestïcïyasın ığıstırıp bara jatqanı mälim. Bul rette ïnvestïcïyalar degenimiz sıyğa berilgen aqşa emes, keyin eselep qaytarwdı talap etetin kredït türinde kelip jatqanın umıtpaw kerek.
Qıtay zavodtarınıñ Qazaqstanğa köşirilwi tek qana xalıqtıq referendwm arqılı nemese ökiletti bïlik parlament, jergilikti mäslïxattardıñ quptawımen ğana şeşilwi tïis edi. Biraq bizben sanasatın bïlik bar ma? Läppay depwtattar barlıq deñgeyde saylawşılarınıñ (xalıqtıñ) müddesin satıp ketti. Bïliktegi jemqorlarmen ımdasqan qıtay Qazaqstandı tizerletip bolğasın tayawdağı 15-20 jılda ıqpalın jürgizip, qazaq bïligin kez-kelgen mäsele töñireginde mämileler jasawğa mäjbür ete bastaydı.
Qıtay ékspansïyası neni közdeydi? Kez-kelgen şeteldik memleket sırt elderdegi öz azamattarınıñ müddesin, MENŞIGIN qorğawğa quqı barın tağı eskereyik. Qıtay adam quqıqtarınıñ xalıqaralıq norma talaptarına say öz menşiginiñ qorğalwına asa nazar awdarıp otıratın el. Al Qazaqstandağı ärbir öndiris ornı, munay nükteleri olardıñ jeke menşigi bolıp tabıladı. Menşigin qorğawda olar bärine baradı.
Qıtay dïasporası kimge süyenedi? Olardıñ ïmmïgranttarı älemniñ qay tüpkirinde bolmasın qıtaydıñ äskerï jäne qarjılay kömegine arqa süyeydi. Olardıñ äskerï doktrïnasında, sırttağı qıtay dïasporası müddesi üşin qajet bolsa sol elge äsker kirgize alatın "zañ babı" bar körinedi. Endeşe, bügingi qal-axwalımız şığıstağı körşimiz Qıtaymen baylanısımızğa asa saqtıqpen qarawdı talap etedi. Qıtaydıñ soñğı jıldardağı ékonomïkalıq jağının tez örkendewi men äskerï küşiniñ öswi erte me keş pe aymaqtağı memleketterdiñ özara ıqpalınıñ ara-salmağın özgertwi mümkin. Waqıt öte kele eki ult ökiliniñ arasında keris twındap, ol eki memlekettiñ mäselesine deyin köterilip, teketiresine aynalsa sonda kimniñ müddesiniñ üstem şığatının öziñiz-aq añğara beriñiz. Olarğa äskerï toytarıs beremin dep oylawdıñ da qajeti joq.
Endi qarap otırwğa bolmaydı. Qıtay jumısşıları zañsız keledi. Barlıq qıtay käsiporındarın teksersek zañsızdıq şaş etekten jetip artıladı. Jergilikti bïlikten qıtaymen bolğan eki jaqtı «kelisim-şarttıñ» aşıq bolwın talap etip, buğan zañgerlerdi, qoğamdıq uyımdardı, jergilikti quzırlı organdardı tartw kerek.
Sañırawqulaqtay qaptağan qıtaylıq zavodtardıñ, asxana, meyramxana, kişi käsiporındarınıñ texnïkalıq, ékologïyalıq saraptamadan ötw qujatı tekserilsin. Biz munımen bïliktiñ qıtaymen "birikken sıbaylastığın" jäne aşamız. Zañ ayasında olardı äşkerelew qïın emes. Osı bastan barlıq öñirde qatañ qoğamdıq qadağalawğa alıp, zañsızdıqtı äşkerelep, zañnan tıs kelgen qıtaylıqtardı «deportacïyalaw» kerek.
Talay qandı qırğın, qıp-qızıl soğıspen ala almağan Qazaq jerin eki aradağı osınday quyturqı täsilimen qoldarına iliktirgen qıtaylıqtardı erteñ küştep te ketire almaysıñ!

29.06.2018. N.Q
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
27-06-18 05:15
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ДЕФОЛТТЫ
ЖАҒДАЙДА ТҰР МА?

Қазақстандық ұлттық холдингтер мен компаниялары «Самұрық Қазына» АҚ, «ҚазАгро» АҚ, «Бәйтерек» АҚ-ның 2016 жылдың 1 қаңтардағы мәлiметке қарағанда, қарызы 42 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл жалпы iшкi өнiмнiң 34 пайызы. Нәтижесiнде бiрiктiрiлген мемлекет қарызы мен квази мемлекеттiк сектордың борышы 68,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл жалпы iшкi өнiмнiң 56 па¬йызы. 2015 ж. дерек бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы Нидерландыға - 43092,38; Ұлыбританияға - 26008,69; АҚШ - 12765,67; Францияға берешегі - 11017,09 млрд доллар болған. Кешегі 2017 дерек бойынша Қытайға 12,5 миллиард доллар және қарыз екенбіз. Қазіргі кезде Қазақстан сырт мемлекеттер алдында қарызға белшесінен батты. Жасыратыны жоқ экономикамызға қауiп төндiретiндей қиын ахуал қалыптасты. Қазіргі кезде Үкiмет пен «Ұлттық банк» сыртқы борыш жүктемесiн азайту жөнiнде қандай шараларға барып жатыр ол жағы қоғамға белгісіз, халықтан құпия. Сонау 2011 жылы Ұлттық қор трансферттерi кiрiстiң 43 пайызды құраса, ал бүгінде ЭКСПО-ға және басқаға деп 2016-2017 жж. бұл еселеп өскені белгілі. Соңғы жылдары еліміздің шетелден қайта-қайта қарыз алуына қарағанда ұлттық қорға түскен кіріс жоқтық қасы деген сөз. Бұған осыған дейін ұлттық қордың басты «кіріс көзі» болып келген мұнай бағасының әбден құлдырағанын тағы қосыңыз. Ендеше «ұлттық қордың» ақшасы да түгесілудің о жақ, бұ жағында тұр-ау дейміз. Жорамалымыз дұрыс болса Қазақстанның қазiргi ахуалы «дефолтты жағдайға» жақындағаны. Бұл – үлкен ойланатын мәселе Қазағым.
27.06.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
20-06-18 05:15
БІЗДЕ ҚЫЛМЫСТЫ АШУҒА ЕМЕС ЖАСЫРУҒА ТЫРЫСАДЫ...

ОҚО, Абай ауылында жоғары сынып оқушылырынан жәбір көрген 7 жасар оқушыға қатысты оқиға үлкен резонанс тудырды. Екінші жақтың туыстары да үлкен лауазымды шенеуніктер екен. Ұят іс. Енді ықпалы бар «әлдекімдер» бұған құзырлы органдарды тартып, мәселені жауып тастауға араласып жатыр дейді. Міне бұл бүгінгі қазақ қоғамының бас ауруы.
Әдетте заңның орындалуы биік тұрған құқықты мемлекетте заң жүзінде биліктің қоғам мен жеке адамның өміріне араласуына шектеулер қояды. Талап, заңды сыйлау. Себебі, әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігі заңмен қорғалған. Өкініштісі, бізде бәрі керісінше. Қашанда «Бәкең» мен «Сәкеңнің» жеке бас мүддесі биік. Туындаған жанжал, даулы мәселе заң аясында шешілудің орнына, керісінше құрығы ұзын ықпалды билік өкілдерінің араласуымен, белден басқан жекелеген лауазымды тұлғалардың пайдасына шешіліп жатады. Сөйтіп қылмыс ашылмайды, жасырылады. Аристотель: «Заңның билігі жоқ жерде, ешқандай мемлекеттік құрылыстың формасына орын жоқ» десе, «Заңы өз күшіне енбеген және біреулердің билігінде тұрған мемлекеттің түбін өзін құртады. Ал заң басшыларды билеп отырса, басшылар оның құлы болса ғана ол мемлекеттің ғұмыры ұзақ болады» дейді Платон. Бізде жазылған заңдардан, жазылмаған заңдар биік тұр дейтініміз осындайдан.
Айтарым, өзімізді құқықты мемлекет дейтін болсақ Заң бәрінен жоғары тұруы тиіс. Қылмысты жасыруға тырысқан кіналы адамдар, заңнан тыс іске араласқан лауазымды тұлғалар (Бәкең, Сәкең, Нәкеңдер) жауапкершілікке тартылуы керек. Біздің жағдайды бұл «билік өкілдері», «мемқызметкерлер».
Қоғам мұны басты назарға алуы тиіс.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
09-06-18 20:17
Нұрлыбай Қошаманұлы
17 июля 2017 г.
Біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз осы?

Қазақтың небір жайсаңдары бас көтеруге қанша рет әрекет қылмады. Қазіргі кезде 30-шы жылдарға тән зиялыларымыздың басына түскен қаралы күн, өзіндік саяси көзқарасы үшін қуғындау қайта туды. «Сұм өмір абақты ғой саналыға» - деп Мағжан ақын жырлағандай, азат ойлы азаматтарымыз Заманбек, Алтынбек, Асхат өлтірілді. Белгісіз, күмәнды жағдайда Н.Муфтах пен Б.Дәрімбет қаза болды. Ғалымжан, Мұхтар, Жасарал мен Болатты соттады. Ел басына сын айттың деп белгілі журналист Қ.Тоғызбаевтың үстінен іс те көтерді. М. Әбіләзов шетел асса, М.Жәкішев абақтыға қамалды. Бүгінде Арон, Макс,Талғат, Жанболат түрмеге тағы тоғытылды. Билік тарапынан саяси көзқарасы, ұстанымы үшін азаматтарға негізсіз сот ұйымдастыру, демократиялық көзқарасты тұншықтыру, саяси ағым өкілдеріне, журналистерге қарсы жазалау шаралары әлі де жалғасып жатыр.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
31-05-18 20:44
ҚАТЕРЛІ БАҒЫТ

Қытайдың ұлыдержавалық-шовинистік тобы қазір Қытайдың басшылық жасаушы позициясын иемденіп отыр. Қытайдың кіші ұлттарға, көрші мемлекеттерге бағытталған мен ұлыдержавалық гегемонистік саясаты - мемлекеттік саяси платформасына, тұрақты ұстанымына айналды. Оның ұйтқысы да – қытай социал-милитаризмі. Қытайға бүгінде жаппай қарулану, ішкі және сыртқы мәселелерді әскери қоқан-лоққымен шешуге бағытталған саясат жүргізу тән. Бұған Үндістан мен Пәкістанға, Ресейге басқа да көрші мемлекеттерге қойып отырған территориялық, шекаралық талаптары дәлел болады. Моңғол тәуелсіздігін мойындамау туралы «Моңғолия- Қытайдың жоғалған территориясы» концепциясы моңғол-қытай қарым-қатынастарының елеулі факторы болып табылады. Шекарамыз айқындалып, бекітілсе де «Қазақстанның шығыс бөлігін қытайдың ежелгі жері» дегенді мектеп оқулықтарында әлі оқытып келеді. АҚШ, Европа мемлекеттері әскери және экономикалық күшін еселей түскен Қытайды глобальды бәсекелес мемлекет ретінде, тікелей әскери қауіптің көзі ретінде көреді. Және мұндай қауіптің барын олар ашық айтуда.
Бір мемлекеттің, әсіресе ірі мемлекеттің идеологиясы екінші бір елдің ішкі, сыртқы саясатына шешуші ықпал жасаған кезде, олардың ұлтшылдық өктемдігі соғұрлым қауіпті бола түседі және сол мемлекеттің (біздің жағдайда Қазақстанның) қуатын әлсіретіп, негізін шайқалтады. Қытай коммунистерінің жазылмаған заңы: «Экспансия, ассимиляция қоғам дамуының сөзсіз тенденциясы. Кімде-кім ассимиляциялануға қарсы шығатын болса, тарихи материализмді мойындамағаны». Мұны соңғы кездегі қытайдың өз ішіндегі аз ұлттарға көрсетіп жатқан геноциді көрсетіп берді. Осы бағытты олар ұстанып келеді, әлі күнге дейін өздерінің гегемондық мақсатына жетудің баспалдағы деп біледі. Ал, Қазақстан болса қытай үшін осыны жүзеге асырудың «тәжірибе полигоны». Қазіргі қытайдың жікшілдік әркетін көріп, біле жүріп, өкінішке олрай біздің билік солардың ыңғайына жығылып, келісімпаздық саясат жүргізіп келеді.
Соңғы уақытта «Қытай ықпалы» экономиканың майын ішіп, жілігін шағып жүрген әлемдік сарапшылардың да мазасын алып жатыр. Негізінен қытайлықтардың өздері игеретін қытай инвестициясы Орталық Азия елдерін (соның ішінде Қазақстанды да) одан әрі қарызға батырып, Қытайдың осы өңірдегі экономикалық ықпалын арттыруда. Мысал, қарызға батырып Тәжікстан жерін иемденді. Назар аударыңыз, Қазақстанға салған қытай инвестициясы бүгінде 42,8 млрд. долларға жетіп, несие көлемі 50 млрд доллардан асып түсті. (общий объем инвестиций Китая в экономику РК превысил $42,8 млрд, объем кредитования – более $50 млрд). Бүгінде Қазақстанда қытай капиталының 50-100 пайыз арасындағы үлесі бар 20 астам мұнай-газ компаниясы жұмыс істейді (одан да аз үлестері бар компаниялар жеткілікті). Қазақстандағы қытай инвестициясы тек жылу-энергетикалық саламен ғана шектеліп отырған жоқ. Сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі, сауда және қаржы секторында да қытай инвестициясының салмағы ауырлап келе жатқаны байқалады. Ал Қазақстандағы қытай инвестициясы біртіндеп батыс инвестициясын ығыстырып бара жатқаны мәлім. Бұған ертең жұмысшылары тек қытайлықтардан тұратын 51 заводты тағы қосыңыз. Қытайдың өнідірісі ғана емес, адам саны еселеп өсіп жатыр. Олар да қытай мемлекетінің мүддесі тұрғысынан сөйлейтін іштегі үлкен әлеуметтік саяси топқа, диаспорға айналады.

Бір сөзбен айтқанда, Қытай шикізатқа бай Қазақстанда жаңа отаршылдық саясатын күшейтіп қана қоймай, сонымен бірге инвестиция мен технология есебінен өз өнеркәсібін тез арада техникалық тұрғыдан қайта жабдықтау мен күшейту арқылы да экономикалық тұрғыдан экспансиялауға мықтап кірісті. Экономиканың тетігі кімның қолына өтсе, ертең билік те,саяси ықпал да соның қолына көшетіні ақиқат Аксиома. Қытай мемлекетінің арамза пиғылы мен саяси, әлеуеттік жоспары «қазақ пен қытай халықтары арасындағы кәсіпкерлікті ұлғайту, достық аясында» деген үлкен лепірме сөздермен бүркемеленуде.
Біз бір шекке келіп тіреліп тұрмыз. Қазақ алдында - қазақ тарихындағы ең жоғарғы жауапкершілік кезең «Қаласың ба?, Жойыласың ба?» деген 2 сұрақ тұр! Ойлан Қазақ!!!

31.05.2018.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
28-05-18 06:29
ӘР ҚАЗАҚТЫҢ МІНДЕТІ...
ҚЫТАЙ ҚАУПІ - экспансиясы туралы әрбір қазақ халықты барлық деңгейде мейлінше ақпараттындыра беру керек. Және мұны әрбір ФБ-те отырған достар, барлық қазақ азаматы өз деңгейінде, өз қаласында, ауылында, қызметінде жүргізулері тиіс, және қолдайды деп үміттенемін. Жасыратыны жоқ біздің билік пен қытай арасында мүдде сыбайластығы бар. Бұл сыбайластық қазіргі кезде тек қытай пайдасына шешіліп жатыр. Қытай, "Батысты игеру" бағдарламасы аясында Қазақстанды "бейбіт жаулау" саясатын жүргізіп жатыр. Бүгінде еліміздің барлық өңіріне қытай жағынан келушілердің ағыны толастар емес. Егер алдағы уақытта да осы айтылған жайларға шыныменен көңіл аудармасақ бұл мәселелер болашақта Қазақстан мен Қытай арасында геосаяси жағынан да, этникалық жағынан да ушығады, түрлі әлеуметтік қақтығыстарға апарады. Қытайдың жымысқы мүддесін ескермесек бұл кесел қоғамдық, жалпылық дəрежесіне шықса жер бетінен жойылдым дей бер. Бұлай кете берсе енді бір 20 жылда сан жағынан олар бізді жұтып қояды. Сол кезде еліміздегі үлкен диаспора, абсолютті ықпалды "саяси элита" біз емес олар болады. Сол кезде оларға "әу" демек түгілі, күштеп қару (әскер) күшімен де кетіре алмайсың. Қытай экспансиясына қарсы "бітіспес" күресті әрбір қазақ жүргізулері керек. Мұны бар ҚАЗАҚ ойланулары тиіс.
28.05.2018. Н.Қ.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
25-05-18 23:14
Бәрін бүлдіріп тұрған "Тіл Туралы Заңымыз".

Қазақ қоғамын, қазақ халқын "қазақтіліді", "орыстілділер" деп екіге жарып отырған да ҚР "Тіл туралы Заңындағы" қос тілділік БАБЫ. Тіл туралы заңды бір тілге (қазақ тіліне) өзгертпей ештеңе өзгермейді. Тіл туралы Заңдағы: "Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады" - деген 5-8 баптарын алып тастау керек. Сол кезде ғана елде орыс тілінің ресмилік күші жойылады, заңнан тыс болып барлық орыс мектептерінің жабылуы Заңдастырылады. Өйтпеген жағдайда орыс тілінің үстемдігі сақталып қала бермек. Әйтпесе, қазақ саны 100% жетсе де ештеңе өзгермейді. Ендігі жерде бұл заң тек қана "орыс тілді қазақтардың қалыптасуына" жұмыс жасайды, сөйтіп қазақ қоғамын "қазақ тілді", "орыс тілді" деп екіге жармақ. Айтарым, бәрін бүлдіріп тұрған "Тіл Туралы Заңымыз" болып тұр. Мұндай көптің басын ауыртқан жалқы мәселені шешу үшін әуелі «жалпы мәселені» шешіп алуымыз керек. Заңды өзгертуіміз керек. Мәселенің түйіні сонда ғана шешіледі.

26.05.2018. Н.Қ.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
21-05-18 21:06
ҚР СІМ
ҚР ІСМ
ҚР ҰҚК
ҚР Бас Прокуроры
БАҚ
назарына

ХАТ
(ХАЛЫҚТЫ АШЫНДЫРА БЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ)

Сепараттық пиғылдағы орыс - казактарының әскери құрамалары Қазақстанның әр түпкірінде қайта бас көтере бастады. Түрлі деңгейде жиындар ұйымдастырып, тіпті Ресей казактары одағының мүшелігіне де тіркеліп жатыр. Сепараттық пиғылдағы күштердің бұл ісі – ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНА ҚАРСЫ АРАНДАТУ ӘРЕКЕТ. Енді мына дәлелді дерек көздеріне назар аударайық:
2005 жылы Ресей Мемлекеттік Думасы «Ресей казачествосының мемлекеттік қызметі туралы» арнайы заң қабылдады. Заңдық күші бар бұл құжатта: «казачествоны мемлекеттік қызметке тарту, әсіресе, әскери және құқық қорғау саласына енгізу» болып табылатыны жазылған. Сонымен қатар, 2008 жылы 3 шілдеде «Ресей Федерациясы мемлекеттік саясатының ресейлік казачествомен өз-ара іс-қимыл қатынасын үйлестіру туралы «КОНЦЕПЦИЯ» қабылданды. Сол концепцияның 5-бабында : «Шетелдегі казачествомен қатынас Ресей Федерациясының мемлекеттік саясатының ішкі және сыртқы саясатының құрамды бір бөлігі болып табылатыны» анық көрсетілген.
Ал, Қазақстанның ішіндегі казактар ұйымдарының сыртқы ұйымдарға бағынышты құрылым екендігі «Ресей және шетелдегі казак әскерлері Одағының» www.russiancossacks.ru cайтында жарияланған. Ондағы ақпаратта Қазақстанның оңтүстік шығысындағы және Жетісу казактары Ресейдегі және басқа да шетелдердегі казак әскерлері Одағының құрамына кіретіні туралы «тарихи» шешім» қабылданғаны туралы айтылған. Ендеше, Қазақстан азаматы бола жүріп жергілікті «казактар одағы» кімнің сойылын соғып жүр?
Бүгінде Қазақстанда 4 бірдей ірі казактар қауымдастығы бар. Олар: Орал, Павлодар, Өскемен және Жетісу казактары қаумдастығы. Бұл аз болғандай енді 5-ші болып «Қостанай казактардың әскер ұйымы» және пайда болды. Елбасымыз 2005 жылы казактар қауымдастығының «Құрметті атаман» болып қабылданғаны белгілі. Демек, «Казактар Алқасы» («Үлкен Алқа», «Кіші Алқа» болып бөлінеді) қажет болса президентке де бұйрық бере алады деген сөз. Ақылға симайтын нәрсе. Олар ұлт та, этност та емес. Солай бола тұра, «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» құрамында да бар. Сонда заңнан тыс «әскери сословиелік ұйым» ассамблеяға кім болып және қалай тіркелген деген заңды сұрақ туады. Желеп, жебеушісі кім?
Мен С.Н.Қошаманұлы, тәуелсіздік тұсында, 1991 жылы қыркүйекте Орал облысынан (бүгінгі БҚО) автономия жариялап, жеріміздің бір бөлігін Ресейге қоспақшы болған орыс - казактарының сепараттық әрекеттеріне қарсы - 4 күнге созылған «БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАРСЫЛЫҚ» акциясын ұйымдастырушылардың бірімін. Бұл қарсылықты қантөгізсіз алып шыққан да «АЗАТ» азаматтық қозғалысы еді. Сол кезде Қазақстанның 12 облысынан Оралға жиналған еріктілер, орыс - казактарының жер даулаған «саяси терроризмінің» бетін қайтарды. Казактардың не ойлап, не бүлдіргісі келіп жүргендерін бір кісідей жақсы білемін. Оладың көздегені - АРАНДАТУ.
Айтарым, қазақ сынды көн терілі халықтың да шыдамының шегі бар. «Үндемегеннен үйдей жұдырық күт» - тәуелсіздіктің тәтті дәмін енді тата бастаған, тек қана тыныштық тілеп отырған халық, ендігі жерде ешкімнің де басынуларына көнбейді. Қайта-қайта арандатып, ашындыра беруге болмайтынын есі бар адам болсақ ескерер уақыт жетті. ҚР «Қоғамдық ұйымдар туралы» заңы бойынша да кез-келген әскери қоғамдық ұйымның қызметіне тиым салынған. Істі насырға шаптырмай оның алдын алу, арандатушылыққа қарсы заңды белсенді және бұлтақсыз іске қосатын кез келді. Ішкі тыныштықты, ел бірлігін шайқалтуды көздеген, сыртқы күштердің айтақтауымен жұмыс жасайтын «сепараттық ұйым» ретінде бүгінгі қазақстандағы «казактардың әскери құрамаларының» қызметін тоқтатуды, заңға келтіруді талап етеміз.

С.Н.Қошаманұлы, дәрігер, ҚР Журналистер Одағының мүшесі.
Ақтөбе қ, Герцен к 17-107
Тел: 87785976287
21.05.2018.


Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
19-05-18 16:08
ҚОСТАНАЙДЫҢ ОРЫС КАЗАКТАРЫ ҚАЙТА БАС КӨТЕРЕ БАСТАДЫ.

Казактар қозғалысы сонау тоқсаныншы жылдары «бостандық, тәуелсіздік, теңдік, өзін-өзі билеу» сияқты сол тұстағы ең көп тараған қиялмен өз алдына дербес автономиясын құруды, Ресейге бірігуді көтеріп келген болса, ТЖМК-дан кейін бұл істерінің орындалуының мүмкін еместігін түсінген олар Қазақстанның құрамында өздерін әлеуметтік этнос ретінде, басқарудың кейбір функцияларын дербес атқару құқығына ие ұлттық-мәдени автономия құру қажет деген бағыт ұстанды. Ақырында екеуі де іске аспағасын кейінгі жылдары Қазақстанның әр облыстарында өз қалаулары бойынша әрекетке көшіп, олар қоғами-саяси ахуалды ушықтыру жолында кейбір саяси ағымдар мен үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды пайдалану арқылы бірігіп қимылдайтынды шығарып жүр. Тіптен, орыс, казак және славян қоғамы бірлестіктері «Қазақстан халықтары ассамблеясының» құрамына кіреді.

Кейінгі кездерде олардың өкілдері демократия шапанын жамылып, кейбір партиялар мен қозғалыстардың мүшелігіне өтіп, саяси кеңестерінің құрамына кіріп жер, меншік, тіл, ұлтаралық қатынас мәселесі сөз болғанда, сондай-ақ, саяси науқандық сайлау кезеңдерінде қалаған үміткерді, жергілікті мәслихаттардағы депутаттық фракцияларды қолдау арқылы үлкен әлеуметтік топқа айналып, туындаған кейбір нақты жайлар төңірегінде қоғамдық пікір тудырып, ішкі саяси, ұлтаралық тұрақтылықты шайқалтудың тұрақты объектісіне айналды.

Олар бүгінде өздерінің күрес тактикасын өзгертті. «Жау жоқ деме, жар артында» - деген, жалпы «казак» ұғымын қабылдауға болмайды. Біз бәріне де дайын болуымыз керек. Артымызға түсіп, өкшесі қисайып кетсе екен деп бақылап отырған мысықтілеулестер де аз емес. Бүгін де, болашақта да Ресей мен Қазақстан арасында неше бір келісім жасалса да, олардың бұрынғы отаршыл мінезін қайта жаңғыртуға даяр екендерін ұмытуға болмайды.

Қостанай казактарының бұл бас көтеруіне жол беруге болмайды. КЕШЕГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫН МАЙМЫЛҒА ТЕҢЕГЕН орыс казагы адвокат ВОЖЖОВ -тың айтқаны бекер сөз емес. Вожжов Қостанай казактарының "заңгер-кеңесшісі" деген ақпар тарауда БАҚ беттерінде. Қостанай казақтарының Ресей - Орынбор казактары одағының бөлімшесі болып тіркелуі аса қауіпті қадам. Бұған ІСБ, Прокуратура, ҰҚК назар аударулары тиіс. Сондықтан болашақта да казактар мәселесінде қырағылық танытып, әркез олардың қай жерде қалай бұрылатынын қадағалап отырғанымыз абзал.

13.05.2018. Н.Қ.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
19-05-18 16:05
ДОСТАР, бүгін ІСБ шақыру алған едім, болған әңгіме туралы ақпар берейін.

Біздер, мен және қоғам белсендісі Көшкінбай Ахметов, жеке кәсіпкер Бақытжан Құрманов үшеуіміз Ақтөбе облыстық ІСБ шақыруымен, қабылдауында болдық. Әңгіме әуелі ІСБ басшысының орынбасары А.М.Купеновтың кабинетінде қызметкерлерінің қатысуымен жүрді. Сосын әңгіме облыстық ІСБ басшысы Б.О.Елеусінованың кабинетінде жалғасты. Кездесуге орынбасары А.М.Купенов және бас маманы (заңгер) А. Ж.Тулеуов қатысып отырды. Бұл жерде мен сол қабылдауда айтылған өз пікіріміді ғана жариялап отырмын.

СҰРАҚ - жер туралы заңға қатысты және алдағы 21 мамырға белгіленген жер-жерде митингіге шығуға қатысты қойылды. Қолдайтын, қолдамайтынымызды, пікірімізді сұрады.
Мен өз сөзімде: «Қазақстанда Заңның жоғарылық мәртебесі бұзылып, жергілікті жерлердегі іс-әрекеттер көбіне заңға томпақ келетін бұйрықтармен атқарылатынын, жазылмаған заңдар жазылған заңдардан биік тұрғанын, заңдылықтың сақталуы орындалмайтынын, осының бәрі жинала келе халықтың әлеуметтік наразылығын тудыратынын, ал әлеуметтік наразылық өз кезегінде ерте ме кеш пе халықты көшеге шығаратынын айттым. Бұл Аксиома!

«Жер мәселесі айналасында туындаған жайлар халықтың ең жанды жеріне тиді. Біз, кезінде ақтөбелік "үшжақты" комиссия мүшелері "жер шетелдіктерге сатылмасын, жалға берілмесін, ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылсын, шекаралық аймақтар жалға да сатуға да берілмесін деген т.б. 9 ұсынысымызды басым дауыспен қабылдап, мемлекеттік комиссияға жөнелттік. Ол құжатта Қазақстандықтарға жерді пайдалану құқығы беріліп, жерге ие болу құқығы берілмесін деген баптар да бар. Және барлық ұсыныстар қабылданды. Өкінішке орай, кешегі сенатта қаралып, қол қойылған «жер туралы заңға» халық қандай толықтырулар мен өзгерістер енгенін, қойылған ұсыныстардың қаншалықты қабылданғанын, әлі күнге дейін біле алмай отыр. Халыққа беймәлім, құпия. Қол қойылған заң ашық жариялануы керек. Мұның өзі түрлі әңгімелерді туындатып, тағы да халықтың бір бөлігінің наразылығын тудыруда» - дедім.

Егер, 21 мамырда халық жер мәселесімен көшеге шықса оны қолдайтынымды, себебі бейбіт шеру, пикеттер жасау заңмен шектелмегенін, оларды күшпен таратуға қарсылығымды білдірдім. Күшпен тарату - бейбіт шеру жасау құқығына қарсы әрекет екенін, ал әрбір қарсы әрекет жауап әрекетті тудыратынын ескерттім. Азаматтардың Конституциялық құқығы мен еркіндігін қамтамасыз етуді, керісінше көшеге шыққан халықты аяғына дейін тыңдап, қойған талаптарын, қабылдаған «Қарарларын» (құжатты) түсіністікпен қабылдап, Үкіметке, жергілікті билікке жеткізу қажеттігін айттым.

Қосымша айтарым, 10.05.2018 күні Ақтөбеде өткен бейбіт пикетке шықандардың тағдыры не болғанын сұрадым. ІСБ бастығы Б.О.Елеусінова көшеге шыққандардың бірде-біреуі қамалмағанын, ешқайсысына айыппұл салынбағанын, жазаланбағанын айтты. Барлығы бостандықта. Біз мұны түсіністікпен қабылдадық.

14.05.2018.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
19-05-18 16:02
Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы әкімі
А.Шерияздановқа

Елімізде ақпараттық технологияларды енгізу барысы көптеген шаруаны жедел атқаруға мүмкіншілік береді. Облысымыздың аудандарында радиожиілік желісімен байланысуға бейімделген технологиялық қажеттілікті игілікті шешу жақсы жолға қойылған. Өкініштісі осы орайда, Байғанин ауданының ауылдық жерлері жоғары интернет желісімен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етіліп отырған жоқ.

Байғанин ауданы бойынша ауыл мектептері «сапалы интернеттің» жоқтығынан электронды үкімет, банк қызметтері және басқа да қажеттіліктерге қол жеткізе алмауда. Мәселен, темір жол бойындағы Ноғайты ауылындағы «Сағыз орта» орта мектебі - іргесінен «Қазақтелекомның» үлкен интернет желісі өтіп жатса да өркениеттің жетістіктерін әлі күнге көре алмай келеді. Мәселен, «Орта білім саласына енгізілген «Күнделік кз», «Білімдэнд», Оқулық.кз» жүйелері бойынша уақытылы есеп беру мұғалімдерге жүктелген. Жоғары жылдамдықты интернеттің жоқтығынан ауыл мұғалімдері өз есептері мен басқа да құжаттарын аудан, облыс орталығына барып өткізіп жүр. Жағдайды оңалтудың орнына одан сайын күрделендіріп, мұғалімдерді орталықтарға сабылтып, әуре-сарсаңға салып жатырмыз. Бұл мәселе ауданның басқа да мектептеріне тән.

Қысқасы қарапайым ауыл халқы, мектеп мұғалімдері, оқушылары интернетке кіре алмайды, жедел электронды пошта байланысын пайдалана алмайды. Айдаладағы ақ отау, аузы мұрны жоқ отау күйін кешіп отыр.

СҰРАҚ:

1. Байғанин ауданы елді-мекендерін (халқын) сапалы интернетпен қамту неге жүзеге асырылмай келеді?
2. Ноғайты мектебі қашан интернет желісіне қосылады?
3. Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» заңында ауылдық жерлерге қызмет көрсетілген жағдайда олардың шығыны субсидияланатыны нақты көрсетілген. Ендеше заңның осы талаптары неге орындалмайды?

Құрметпен Н.Қошаманұлы.
Ақтөбе қ. Герцен к 17-10
87785976287.
08.05.2018.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
19-05-18 15:51
Шыңғыс Айнабек с MQ Aman Qazaq.
15 мая в 12:35
Требую расценивать этот пост как заявление в Комитет Национальной Безопасности Республики Казахстан, а также требую немедленно отреагировать на происходящем в стране беспределе в письменном виде.

Данная тема является одной из табуированных тем, на Казахстанском информационном поле. Его не обсуждают на телевидении, не упоминают в аналитических докладах, о нем не говорят на государственных конференциях.

Причина обращения, является угроза национальной безопасности и сепаратизм со стороны казачьих объединений. Так как, эти военизированные организации напрямую угрожают, независимости и суверенности нашей страны. На сегодняшний день Казачьи организации из фольклорных объединений начала 90-ых при активной поддержке РФ перевоплощаются в полувоенные организации, с системой рангов и полноценным обучением. Ношение холодного оружия и знаков отличия другого государства, казаками абсолютно игнорируются - правоохранительными органами, это есть прямое нарушение законодательства РК.

Основной идеологией казаков, является, возрождение Российской Империи, где Казахстан должен находится в составе Империи на правах Губернии. Вот некоторые факты, которые являются тому доказательством:

В 1990 году в Орале местными казаками в центре города был устроен митинг, где была принята резолюция с требованием признать недействительной передачу Уральской области Казахстану в 1920 году. А 4 сентября того же года Уральский городской совет объявил русский язык местным официальным языком.

В 1994 году около 10 тыс. человек вышли на митинг в Оскемене, организованный местным обществом славянской культуры (казаками), с требованием создать русскую автономию в Восточном Казахстане, придать русскому языку статус государственного языка и ввести двойное гражданство.

Весной 1996 года лидеры «Кокчетавского отдела Сибирского казачьего войска» братья Юрий и Виктор Антошко попытались организовать восстание в Кокшетауской области, чтобы затем создать «государство» по типу Приднестровья или Абхазии. Виктор Антошко выезжал в города России с целью вербовки сторонников, которые стали бы ударной силой будущего восстания. Российскими и казахстанскими спецслужбами были предприняты соответствующие меры и планы бунтовщиков потерпели крах.

Так же поводом для беспокойство стало, недавнее высказывание членом адвокатской коллегии города Астаны «Евгения Вожжова», со своей страницы в Фейсбуке он написал, о том, что казаки каждый день тренируются и ждут своего часа.

Не знаю, какие у вас связи и почему казачество имеет в нашей стране, какую та привилегию, но я это так не оставлю. Меня лично напрягает, как эти ряженные расхаживают с холодным оружием, готовятся, тренируются и угрожают моей стране, моему дому и лично мне. Все стрелковые ассоциации и общества охотников на 80%-90% состоят из этих самых вышеупомянутых. Этот факт никак не может не настораживать народ в нашей стране.

Я как гражданин Казахстана, требую провести полную проверку этих организации и расформировать все казачьи объединения, так как это напрямую угрожает моей безопасности и моей стране. Так как проблема казачьего сепаратизма, является проблемой не только в Казахстане, но и во всех странах СНГ, а также России.

Прошу всех заинтересованных лиц сделать репост и довести до сведения Комитет Национальной Безопасности Республики Казахстан.

#Казаки #кнб #Казахстан #заявление #КомитетНациональнойБезопасности
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
15-05-18 15:39
Хадисте былай деп жазады: 37) Алла тағалаға кім ұнайды деп сұралса, Залым патшаның алдында батыл сөйлеген кісі деп біліңіздер. Қиянаттың ең үлкені-әкімдердің жалпы халыққа істеген қиянаты. 114) Залым патшаның залымдығын, оның бетіне айтқан мұсылман, маған бір табан жақын тұрады. Мынадай үш адамның абыройын төгіп айту керек, 1) Өсекші, пәлеқорды, 2) Залым патшаны, 2) Дін бұзушыларды. Жасаралдың батылдығы мен қайсарлығы, халқына адалдығы, тазалығы құрметке лайық! Алла, Жасаралға қалқан болғай деп тілейік!
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
07-05-18 11:30

Естай Жайлыбай
22 июня 2016 г. ·
Бүгін Ақтөбеде облыстық Жер
Комиссиясының отырысы өтті .Бұрынғы ,, АЗАТ " қозғалысының бес азаматы сол
комиссияның мүшесі екенімізді жаздым . Осы отырыста республикалық комиссияға
облыстық комиссия атынан жіберілетін ұсыныстарды дауыс беру арқылы шешу керек деген пікіріміз қолданды .Тоғыз
ұсынысым көпшілік дауыспен қабылданды . Атап айтсам :
- Шетелдіктерге жер сатылмасын жəне
арендаға да берілмесін ;
- Қазақстандықтарға жерді пайдалану
құқығы беріліп , жерге ие болу құқығы
берілмесін .Жер - мемлекет меншігі ;
- Қəзіргі игерілмей жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылсын ;
- Арендаға берілген жердің барлық
құжаттарының түпнұсқасы арнаулы
мемлекеттік мекемеде сақталсын ;
- Арендаға берілетін жердің қəзіргі
технологиялық , экологиялық , заңдылық,
т.б.нормативтері қайта қаралсын ;
- Арендаға алынған жерді тиімді пайдалану
жоспары ( бизнес - план ) белгіленсін ;
- Жерді арендаға беруді шешетін комиссия
құрамына депутаттар мен барлық тіркелген партиялар жəне қоғамдық ұйымдар өкілдері енгізілсін ;
- Осы жəне басқа да келіп түскен өзгерістерге сəйкес қабылданатын жаңа
Жер туралы Заңның кері əсері ( Закон
обратной силы ) бар екені көрсетілсін ;
- Арендаға берілетін жер көлемі заңда
белгіленген нормадан аспауы қажет ;
Міне осы ұсыныс протоколданып ,
көпшілік дауыспен қабылданды жəне
ресми облыстық жер комиссиясы
қабылданған ұсыныстар ретінде респуб.
комиссияға жіберіледі .Басқа облыс
азаматтары да осындай ұсыныстар
қабылдануына ат салысуы өте қажет .
Жұмыс жасайық азаматтар , біз үшін
ешкім ештеңе жасап бермейді .
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
23-04-18 17:34
Шыңжаң басшысы Чын ЧуанГо миллионға жуық xалықты КОНЦЛАГЕРЬ ге қамаған.
By Super User Сәуір 23, 2018 4266 0
қаріп өлшемі Print Email
Шыңжаң басшысы Чын ЧуанГо миллионға жуық xалықты КОНЦЛАГЕРЬ ге қамаған.
Шыңжаң басшысы Чын ЧуанГо миллионға жуық xалықты КОНЦЛАГЕРЬ ге қамаған.

Шыңжаң басшысы Чын ЧуанГо 2017 жылдан бері бір жыл ішінде миллионға жуық xалықты тұтқындаған деп қабарлайды bannedbook.org ақпарат басылымы.
Бір ғана Үрімші қаласының өзінде 33 концлагеьр салып үлгерген Чын ЧуанГо бір жыл ішінде Шыңжаңды біртіндеп үлкен түрмеге айналдырған.

Ол:
1. Өткен жылы Қытай Коммунистік Партиясының «19 құрылтай» ның алды-артында, Шыңжаңның әр жеріндегі үкіметі, саяси-сот жүйесі, барлық "Фалун Кун-Фу" жаттығушыларын тексеріп, бұрын олар "Фалун Кун-Фу" мен айналысып кейін бас тартсын-тартпасын, барлық мүшелерін жергілікті полициялар жағынан тұтқындаған. "Фалун Кун-Фу" мен жаттығу райынан қайтпағандарды лагерлерге жіберіп, не болмаса интернетте іздеу бұйрығын шығарып немесе мырзақамаққа алып, еркіндігіне шектеу қойған, сонымен олардың үйден аттап басуы қйынға соққан.
Қазыргі таңда, Шыңжаңның барлық қала-аудан, ауылдардың кіре берістеріне, барлық үкімет орындарына, заң саласындағы орындарға, әр түрлі базар, сауда орталықтарына, қонақ үйлердің қақпасына, завод-фабрика, кен орындарындың қақпаларына ең озық "сканерлеу тексеру есіктерін" орнатып, барлық кіріп-шығушының денесін сканерден өткізіп, және олардың жеке куәлігін тексереді, егерде жеке куәлігінде ерекше ескертуі болған жағдайда дереу сақтық сигналы белгі беріп, ол адамлы бірден жақын маңдағы полиция мекемесіне жөнелтіледі әрі қамалып отырады. Бұл тексерулер осы күнге дейін күнделікті тұрақты жалғасып келеді.
2. Қытай Коммунистік Партиясының Шыңжаңдағы зорлығы - тек Шыңжаңдағы "Фалун Кун-Фу" жаттығушыларымен ғана шектеліп қоймай, шетелдегі "Фалун Кун-Фу" жаттығушыларында шарпыған, олар ұшаққа мінгенде, поездға отырғанда "сканерлеу тексеру құрылғыларынан" өткен кезде тұтқындалып, қастандыққа ұшыраған.
3. Қытай Коммунистік Партиясы - Шыңжаңдағы қудалауды тек "Фалун Кун-Фу" мүшелеріне жасалып қана қоймай, сонымен қатар «аз санды ұлт» өкілдерін(Қазақ, Ұйғыр, Қырғыз, Мұңғұл. т.б. ) қатігездікпен жаныштаған. Қазыргі таңда Шыңжаңның әрқайсы қала-аудандарында арнаулы түрде «аз санды ұлт» өкілі болған қарапайым бұқараларды қамайтын КОНЦЛАГЕРЬ салдырған, оның атын әдемілеп "тәрбиелеу-баулу орталығы" деп атаған. Онда қамалғандардың саны қазірге дейін бір жыл ішінде МИЛЛИОН ға жеткен.
4.Шыңжаңдағы Чын Чуанго бастаған топ əр саладағы мемлекеттік қызыметкерлерді, заң саласындағы жеке кəсіп-орындардағы адамдарды қорқыту, алдау тəсілдерін қолдану арқылы оларды ИДЕЯЛОГИЯЛЫҚ тәрбиелеуден өткізіп "миын жуу" операциясын жүргізген. Бұл зұлым саясатқа қарсы өз пікірлерін білдіргісі келгендерді дереу "саяси үйрену лагерьне" қамап, барлық саладағы адамдардың өздеріне қарсы өзгеше пікірлерін жойып, өздеріне бағындырып, ең соңында олардыда халықты қудалауға жұмыс жасайтын безбүйрек етіп жіберіп отырған.
5. Шыңжаңдағы Мемелекеттік қызыметкерлерде бұл жолғы "қудалау саясатының" ең қатты ауыр соққысына ұшырады, шын мəнінде мемлекеттік қызметкерлердің басым көп бөлігі Чын Чуанго бастаған залымдарға қарсы болған, бірақ Фашизимдық зұлымдық саясаттың кесірі өз басына тиіп кетуден қорқып, тек жұмған аузын аша алмай, амалсыздан көніп, бой ұысынған, ақыры олар "зұлымдық көрушіден" - "зұлымдық жасаушыға" айналған.
6. Қытай комунистері Шыңжаңда адамдардың құқығын аяқ асты ететін көптеген саяси лагерлерін ашып, халықты кез-келген уақытта жəніштау үшін әскерлерді кең көлемде қару жарақпен және әр түрлі қыйнау құрылғыларымен қаруландырып, қанды қырғынның туын әр жерде желбірете түсуде. Олар Комунистердің "зұлымдық тұқымын" Шыңжаңның әр жеріне септі. Бұл қысымдар жалпы халыққа қатты батып, оған шыдамаған адамдардың жүйке жүйесі төзе алмай, әртүрлі жүйке ауыруларына ұшырып, соңында "ЖЫНДЫ" болушылар көбейген.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
20-04-18 08:23
Рүстем осы ФБ бетінде елдің бәрін ұры қылып болдың. Мен,Мен деп кеуде соққаннан басқа қасиетің жоқ адам екенсің. Абайлап сөйле. Тіліңде кез келгенге безеп, оқырманды ҰРЫ ету қаныңа сіңген әдет пе? Сенің жазып жүргендеріңнің бәрі 27 жыл бойы айтылып, жазылып келе жатқан, жауыр болған идеялар. Соның барлығын қайталап, жаңалық ашқандай көлгірсіме. Абай айтады: ОРЫНСЫЗ МАҚТАН, МАЛ ШАШПАҚ\" деп, \"Пайдасын көру үшін ілімді қандай мақсатпен үйренуіміз керек?\" деген сұраққа исламда: \"Ілімді тек Аллаһ разылығына қол жеткізу үшін үйрену керек. Басқа мақсаттармен үйрену жаиз емес\", - десе, Хадис шәрифтерде былай делінген: «Кімде-кім ғалымдардың алдында (біде оқығанбыз дегендей) мақтану, надандармен, жаһилдермен, ақылы қысқалармен сөз тартысып, олардың үнін өшіру мақсатында және адамдардың сүйіспеншілігіне қол жеткізуді көздеп ілім үйренетін болса, Аллаһу тағала оны тозаққа тастайды», (Тирмизи, Ибн Мажа).
«Ғалымдарға мақтану, надандармен сөз тартысу мақсатымен ілім үйренбеңдер! Жиындарда ілімдеріңмен үстемдік танытпаңдар! Бұлай істеген адамның баратын жері тозақ, тозақ» (Ибн Мажа).
Ал мұны рухани әкеміз, данышпан АБАЙ былай толықтырады: \"Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік - адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез - ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады. Екінші, мақтаншақ деген біреуі «демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да, «десін» деп азаптанып жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді. Ұмытпақ түгіл, әуелі іс екен деп ескермейді\".
Сөйлей білмеген сөзді өзіне келтіреді- ауызыңды абайлап аш. Жауыр болған бұрынғы идеяларды өңін айналдырып, қайталап соғып жүрген ұры кім? мен бе әлде сен бе? Тәубеңе түс! . 20.04.2018.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
20-04-18 06:04
"Билеуші" мен "Заң" бір - бірімен тығыз байланысты егіз ұғымдар. Олар тек бірлік пен ынтымақта болғанда ғана адамдардың бақыты, дұрыс қоғам туралы айтуға болады."Саясатпен жұртын, заңын түзетер, болмаса сол саясатпен елін-жерін күзетер" - дейді атам қазақ, халық мүддесімен санаса жүргізілген билік елге ұнамды, сондықтан халықтың мұраты елбасының басты мұраты болу тиіс. Екіншіден, жақсы заң орнат- оны өзің орында, сонда халық сені сыйлайды. Билеушінің сыйлы болуы онық орнықтырған тәртібіне байланысты. Ал, елдегі тыныштық пен бейбіт өмір жоғары билеуші орнатқан тәртіпке байланысты. Елбасы әділдіктен, заңнан аттамаса ғана қоғамда сый-құрметке ие бола алады. Заңды силамаған, халықпен санаспаған хан түбінде биліктен кетіп тынады.
20.04.2018.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
19-04-18 19:58
ШЫҰ неге үнсіз?

Қытайдағы азаматтарымызды кім қорғайды? Қытай емес, керісінше \"Қазақстан азаматтары\" қорғансыз жағдайға түсті. Бұл Қытай билігінің Қазақстанның ішкі істеріне араласуы. Қазақстан азаматын қамауға алып жатса да Сырты Істер Министрлігі дәрменсіз. Қытайда тек қазақ қана емес, бауыр халық ұйғыр, өзбек, қырғыздар да қудалауға түсуде.
Айтарым, мәселе мемлекеттік деңгейде, қала берді Шанғай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) аясында көтеріліп, бұған \"Шанхай бестігіне\" мүше: Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттері өкілдері араласулары керек. \"Бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара күш қолданбау және қоқан-лоқы көрсетпеу\" ШЫҰ жарғысында анық көрсетілген. Ендеше, Қытайдағы адам құқытарының бұзылуын, қалыптасқан ұлтаралық күрделі мәселені ШЫҰ кіретін бес мемлекет өкілдері назарға алулары тиіс.
Н.Қ. 19.04.2018.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
18-04-18 12:32
Осының барлығы біздің қоғамға тән.

Үлкен Британияның Йемен араб республикасында елшісі болған Джейн Марриотт ханым (Jane Marriott) Британия парламентінің төменгі палатасына «Араб әлеміндегі білім беру жүйесі» тақырыбындағы есебін беріпті. Сол есепте толық ортаны бітіріп, жоғары оқу орындарына жолдама алған талапкерлер арасындағы айырмашылықтың қорқынышты дәрежеде екенін айта келіп, біліміне қарай мамандар төмендегідей топтарға бөлінеді екен.

1. Ең зерек талапкерлер медицина және инженерлік факультеттеріне оқуға түседі екен;

2. Ал, олардан төмен дәрежедегі оқушылар болса экономика және іскерлік менеджмент факультеттеріне түсіп, әлгі бірінші топтың үстінен басқарушы болып шығады екен;

3. Осылардан да төмен деңгейдегі үшінші топ болса саясаттану, бұқараны басқару бөлімдеріне түсіп, өзінен жоғары білімді алғашқы екі топтың үстінен басқарушы болып шығады екен;

4. Мектепте нашар оқыған ең төменгі топ болса әскери оқу орындары мен құқық қорғау орындарына барып, саясат пен экономикаға өктемдік етіп, оларды орындарынан түсіріп, керек болса өлтіріп тастайды екен;

5. Бәрінен де қорқыныштысы, ешбір мектепке бармаған ең надан топ дін жағалап, молда болып, осылардың бәрін өз аузына қаратып, бойұсындыратыны! (Біздің дүмше имамдар тәрізді).

Байқап отырған боларсыздар, осының барлығы қазіргі қазақстандық қоғамға тән белгілер.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
17-04-18 19:35
"ҚҰЛДЫҚ САНА айналасындағы халықтың игі жақсыларын біріне-бірін аңдытады. Санасы құлдық адам өзінің қарақан басын аман сақтау үшін осындай қадамға барса, кейіннен осыған бойлары үйреніп кетеді. Сөйтіп келе, бір-біріне сенбей күдікпен қарау, аяғынан шалу, дараланған тұлғаға тас лақтыру, біреуді сырттай жамандау арқылы өзін жақсы етіп көрсеткісі келу - ұлттық мінездің бөлшегіне айналады". Бұл бүгінгі қазақстандық қоғамды дендеген ауру.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
14-04-18 21:11
АҚТӨБЕДЕ БӘРІ КЕРІСІНШЕ

Жемқорлық пен сыбайластық Ақтөбеде биліктің әр деңгейінде отырған "мемлекеттік қызметкерлер" арасында өршіп тұр. Құжатталған дәлел жетерлік, бірақ бұған назар салып жатқан құзырлы органдар болмай тұр. Қажет десе әрқайсысының атын атап, түсін түстеп беруге де болады. Айнала бір-бірін жебеушілер алынбастай "қытай қорғанын" құрып алған. "Заң" бар, неге екені белгісіз олардың алдында дәрменсіз. ҚР Конституциясының 1 – бабының 1 – тармағын, 3 – бабының 1, 3 – тармақтарын, 40 – бабының 2 – тармағын, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңының 17 - бабының 4 - тармағын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» ҚР Заңының 24 – бабының 3 – тармағын қамтамасыз етуіңіз арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайластықты ашуға жәрдемдескен ҚР-сының кез - келген азаматы мемлекеттің қорғауына алынады және ондайлардың заңмен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтары сақталады және қорғалады" - деген ЗАҢ БАПТАРЫ мүлдем жұмыс жасамайды. Керісінше мемлекеттік мекемелер айналасындағы сыбайластықты әшкерелеуге қатысқан адамдар қудаланып, жазаланады. Осы әділетсіздіктердің бәрін кезінде біздер (дәрігерлер) өз басымыздан өткерген болатынбыз.

14.04.2018.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
13-04-18 11:44
БІЗДЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ ОРЫНДАЛМАЙДЫ...

ОҚО, Абай ауылында жоғары сынып оқушылырынан жәбір көрген 7 жасар оқушыға қатысты оқиға үлкен резонанс тудырды. Екінші жақтың туыстары да үлкен лауазымды шенеуніктер екен. Ұят іс. Енді ықпалы бар «әлдекімдер» бұған құзырлы органдарды тартып, мәселені жауып тастауға араласып жатыр дейді. Біздің жағдайды бұл «билік өкілдері», «мемқызметкерлер» (Селтановтар). Міне бұл бүгінгі қазақ қоғамының бас ауруы.
Әдетте заңның орындалуы биік тұрған құқықты мемлекетте биліктің қоғам мен жеке адамның өміріне араласуына шектеулер қояды. Талап, заңды сыйлау. Себебі, әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігі заңмен қорғалған. Өкініштісі, бізде бәрі керісінше. Қашанда «Бәкең» мен «Сәкеңнің» жеке бас мүддесі биік. Туындаған жанжал, даулы мәселе заң аясында шешілудің орнына, керісінше құрығы ұзын ықпалды билік өкілдерінің араласуымен, белден басқан жекелеген лауазымды тұлғалардың пайдасына шешіліп жатады. Сөйтіп қылмыс ашылмайды, жасырылады. Аристотель: «Заңның билігі жоқ жерде, ешқандай мемлекеттік құрылыстың формасына орын жоқ» десе, «Заңы өз күшіне енбеген және біреулердің билігінде тұрған мемлекет түбінде өзін құртады. Ал заң басшыларды билеп отырса, басшылар оның құлы болса ғана ол мемлекеттің ғұмыры ұзақ болады» дейді Платон. Бізде жазылған заңдардан, жазылмаған заңдар биік тұр дейтініміз осындайдан.
Айтарым, өзімізді құқықты мемлекет дейтін болсақ Заң бәрінен жоғары тұруы тиіс. Қылмысты жасыруға тырысқан кіналы адамдар, заңнан тыс іске араласқан лауазымды тұлғалар (Бәкең, Сәкең, Нәкеңдер) жауапкершілікке тартылуы керек.
Қоғам мұны басты назарға алуы тиіс.

16.03.2018. Н.Қ.

Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
11-04-18 19:48
Сабит Адилов поделился публикацией Жеткізгена Садуақаса в группе «ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДАРЫ КЕҢЕСІНІҢ АЛҚАЛЫ ТОБЫ».\
\ 1 ч · \
\ \
\ Жеткізген Садуақас\
\ 9 апреля в 21:26 · \
\ Зер салып оқи отырыңыздар ағайындар!\
\ Біріккен Араб Эмираты жөнінде қызықты мәліметтер.\
\ \
\ -Халқы 10 миллионға жуық\
\ -Орташа жалақы:\
\ мұнайшы 3000 000 тг. дәрігер 900 000 тг. мұғалім 900 000 тг. пенсия 700 000 тг. \
\ Ең жоғарғы айлықтар тек өз азаматтарына тиеслі. Шет елдіктерге мұндай айлық жоқ. Ал Азаматтық алуға заң бойынша 75 жыл керек.\
\ -Арабтар 1980 жылға дейін құм даланың көшпенді бедуйндері болды. Оларда «Мұнай Дәуірі» 1980 жылдан басталады.\
\ -Араб Эмираты мұнай өндіруден 7 орында тұр.\
\ -Мемлекет жылына 68-70млн тонна мұнай өндіреді. Соның ішінде Дубайдың үлесі 10 млн. тонна. \
\ -Ал Еліміздегі Атырау 40-41 млн тонна, яғни Дубайдан 4 есе көп, Мангыстау 18,4-20 млн тонна, яғни Дубайдан 2 есе көп, ал Қызылорда 8-8.5 млн тонна, Дубайдан сәл аз мұнай өндіреді. Елімізде 5 мұнай өндіруші облыс бар.\
\ \
\ -Тек Атырау мен Маңғыстаудың өзі ғана жалпы Араб Эмиратының шығаратын мұнайын шығарып тұр. Яғни 68 млн. тонна жылға.\
\ \
\ -Егер тек мұнайдың табысы Еліміздің Бюджетіне түссе халық налогтардан босатылады, айлықтар өседі, көптеген өндіріс орындары ашылады, сырттан қарыз алу тоқтатылады, болашақ ұрпаққа «Алтын қор» жиналады. Осы әдісті Араб Эмираты, Сауд Арабиясы, Норвегия және т.б. мұнай өндіруші елдер қолданып отыр.\
\ \
\ -Араб Эмиратында көмір, уран, темір, мыс, аллюмин және т.б. Менделеев таблицасындағы металдар кездеспейді.\
\ \
\ -Жері құмды; бидай, көкөніс кейбір мал шаруашылығына жарамсыз. Және бастысы «Тұщы су» өте аз.\
\ \
\ -Бірақ мемлекет тек мұнай газ есебімен ғана 20 жыл ішінде көтерілді.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
05-04-18 20:16
МЕМЛЕКЕТТІ ЖАЙЛАҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі НАЗАРЫНА)

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік саясаттың бағытын «жалпыұлттық дамудан» мүлдем басқа бағытқа бұрып, елді заңнан тыс «олигархтардың басқаруын» қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде мемлекетті басқарудың «демократиялық негізін» әлсіретеді және халықты «мемлекеттік шешімдер қабылдау» үрдісінен шеттетеді, қарапайым адамдардың демократиялық құндылықтардан көңілдері қалады. Бұл тұрғыда бізде жергілікті өзін өзі басқару заңы болмағандықтан халықтың сөзінде де, өзінде де құқықтық пәрмен қалмайды. Бұған қалың елдің сорын қайнатқан да екі жақты (жергілікті буржуа мен шетелдіктердің біріккен тізе батыруы) қанаушылық қосылады.

Ең қауіптісі құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлықпен байланысуы, елде ұйымдасқан қылмыстың нағайуына әкеледі. Қылмыстық топтар сыбайласқан мемлекеттік қызметкерлер және кәсіпкерлермен байланысын күшейте отырып, саяси билікке қол жеткізу арқылы заңсыз жолмен келген қаржыны сыртқа шағару мен оны заңдастыру секілді зор мүмкіндіктерге қол жеткізеді (Офшордағы миллиардтар). Оның нәтижесі мемлекеттің құқықтық негізінің құлдырауын білдіретін, биліктің қылмыстануына әкеледі. Осының барлығы тереңдей келе экономикаға ауыр соққы болып тиіп, елдегі саяси тұрақтылыққа қауіп төндіріп, әлеуметтік жағдайдың шиеленісуіне әкеледі.

Бұқара тарапынан билікке деген сенім азайады. Заңдылыққа қауіп төнумен бірге, билік пен халық арасындағы алшақтық басқару шешімдерінің сапасын төмендетеді. Ал, бұл өз кезегінде ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндереді. Нәтижесінде биліктің халық алдындағы лигитимдігі жойылып оны күшпен құлату қаупі төнеді.

Қоғамдық, демократиялық институттардың жұмыстары әлсіреп, элита мен түрлі әлеуметтік топтар арасында қарама-қайшылықтар шиеленісе түседі. Себебі елді жайлаған сыбайлас жемқорлық әлеуметтік және экономикалық байланыстардың заңды саяси жолдарын жауып тастайды. Бұл белгілердің барлығы бүгінгі қазақстандық қоғамды дендеген бас АУРУЫМЫЗ. Біз мұны мойындауымыз керек, бұған балта шаппасақ ертең бәрі кеш болады.

05.04.2018. Н.Қ.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
05-04-18 06:27
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚТАР ЖАУЫНГЕРЛІК РУХЫН ЖОҒАЛТҚАН

Қазақ даласы Қытайдың отарлау ошағына айналып келеді. Қазақ тарихында жаңа кезең, Қазақстанды Қытай империясының еркін билеп – төстеуіне беймделген, отарлық бөлігіне айналдыру кезеңі басталды. Оған дәлел, онысыз да экономикамызда абсолютті билікке ие болып келе жатқан Қытайдың 51 өндірісінің Қазақстанға және көшірілуі. М.Әуезовтың: «Их производственно-строительные бригады за сутки могут превратиться в подразделения профессиональной армии Китая»,- деуі бекер емес. Араны ашылған қытай инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа салаларға қызығушылық танытуда. Қытай мен Қазақстан арасындағы күні бүгінге дейін жүргізіліп келген саяси, әлеуметтік-экономикалық байланыстың барлығы жергілікті халықтың қатысуынсыз, оның келісімінсіз ту сыртынан жүргізілуде. Осының барлығы: «қазіргі тұралаған қазақ экономикасын, ауыл шаруашылығын апатты жағдайдан алып шығудың бірден-бір тиімді жолы Қытай көмегі»,- деген үлкен сөздермен бүркемеленуде.
Менің түсінігімде қазақтың жағдайын түбегейлі өзгертуге бағытталған бұл реформа: керісінше кеңес заманындағыдай өңін айналдырған, қазақтың қазіргі өмірін «Қытай отаршылдарының тәртібіне орай қайта құруды, қазақтың еңсесін түсіріп, езуді» көздеген лоббистердің жымысқы, іштегі қытай тыңшыларының жоспарлы саясаты. Жағдайды қытайлықтарға емес жергілікті кәсіпкерлерге жасау керек еді. Инвестиция салып, көмек қолын соза білсек қазақстандық кәсіпкерлердің өздері-ақ кез-келген өндірісті көтеріп, ауыл шаруашылығын игеріп кете алады. Өкінішке қарай олай болмай тұр, билік бар байлығымызды шетелдіктерге (қытайға) пышақ үстінен үлестіруде.
Қытай ата-бабаларымыз айтқандай – ешқашанда мәдениет, өркениет, өндіріс үрдістерін үйретуші де, әкелуші де болған емес. Рухани-адамгершілік салада да қазақ қоғамы мен қытай мүдделері ешқашанда бір арнада тоғысқан емес, тоғыспайды да. Қытай: «қазаққа заманақыр әкелетін қара тобыр». Қытай үшін Қазақстан бар болғаны отарлау ошағы ғана.
Байқаймын, қазіргі қазақтар бұл мәселеде бұрынғы жауынгерлік рухын жоғалтқан. Халқымыз бүгінгі әкімшілік ел басқару жүйесінің бодандығына әбден мойынсұнып, көндігіп болған. Жазушы Қ.Мұхамбетжановтың: «Егер ертең қытай жайлап, құлдыққа түсер болсақ, ұрпақтың қарғысына қаламыз. Қателігіміз үшін өз балаларымыз келіп моламыздың басына тышады», - деген аталы сөзін де ескергеніміз дұрыс. Әлі де кеш емес, бұл мәселеде өкілетті орган жергілікті мәслихат, мәжіліс депутаттары халықтың пікіріне құлақ асады, қытай отаршылдарын кіргізбейтін заң қабылдайды деп үміттенеміз. Бұған жол беруге болмайды...
01.04.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
05-04-18 06:07

Нұрлыбай Қошаманұлы
5 апреля 2017 г. ·
\"Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармалар таратылуы керек.

РЕФОРМА: ҚР БОЙЫНША барлық облыстық деңгейдегі \"ММ Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармалары\" жабылып, оның қызметін (функциясын) Прокуратура органдарына берген дұрыс. Министрлігі де таратылғаны дұрыс. Себебі, бүгінде облыстардағы \"Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармалар\" барлық жерде қарапайым халық, жұмысшылар мүддесін емес, керісінше салық төлеуші халықтық ақшасы есебінен мемлекеттік шенеуніктерді қолдаушы, \"сыбайластықтықты, жемқорлықты\" желеп - жебеуші мемлекеттік органға айналған. Дәлел жетерлік.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
03-04-18 06:31

Нұрлыбай Қошаманұлы
27 марта 2017 г. в 15:51 ·
Қытай данагөйлерінің көрші мемлекеттерді қалай экспансиялау туралы айтқаны.

Қытай данагөйлері ертеден жас ұрпағына: «Әркез судай сабырлы бол! Сен солай жылыстап ағып, қуыс-қуыстың бәрін толтырып, иемденетін боласың. Иемденген жеріңе нәр беріп, гүлдендіресің» дегенді өсиет етіп отырған. Қазіргі жағдай осы өсиеттің орындалуының көрінісі іспеттес. Бұлардың тағы: «Егер жел тұрса одан сақтанып, тығылуға тырыспа, керісінше дереу диірмен жасап, оның күш-қуатын пайдалануға ұмтыл» дейтін ақылына тәнті боласың. Бұл қазіргі қазақстандық қоғамдық пікірдің қытайдан келер қауіпті жарыса жазып жатқанын айтқаны. Ешкімнің намысына тиіп, шамдандырмайтындай «жұмсақ күш қолданып» өзіне қарату саясаты дегеніңіз осы шығар.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
03-04-18 06:30
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚТАР ЖАУЫНГЕРЛІК РУХЫН ЖОҒАЛТҚАН\
\ \
\ Қазақ даласы Қытайдың отарлау ошағына айналып келеді. Қазақ тарихында жаңа кезең, Қазақстанды Қытай империясының еркін билеп – төстеуіне беймделген, отарлық бөлігіне айналдыру кезеңі басталды. Оған дәлел, онысыз да экономикамызда абсолютті билікке ие болып келе жатқан Қытайдың 51 өндірісінің Қазақстанға және көшірілуі. М.Әуезовтың: «Их производственно-строительные бригады за сутки могут превратиться в подразделения профессиональной армии Китая»,- деуі бекер емес. Араны ашылған қытай инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа салаларға қызығушылық танытуда. Қытай мен Қазақстан арасындағы күні бүгінге дейін жүргізіліп келген саяси, әлеуметтік-экономикалық байланыстың барлығы жергілікті халықтың қатысуынсыз, оның келісімінсіз ту сыртынан жүргізілуде. Осының барлығы: «қазіргі тұралаған қазақ экономикасын, ауыл шаруашылығын апатты жағдайдан алып шығудың бірден-бір тиімді жолы Қытай көмегі»,- деген үлкен сөздермен бүркемеленуде. \
\ Менің түсінігімде қазақтың жағдайын түбегейлі өзгертуге бағытталған бұл реформа: керісінше кеңес заманындағыдай өңін айналдырған, қазақтың қазіргі өмірін «Қытай отаршылдарының тәртібіне орай қайта құруды, қазақтың еңсесін түсіріп, езуді» көздеген лоббистердің жымысқы, іштегі қытай тыңшыларының жоспарлы саясаты. Жағдайды қытайлықтарға емес жергілікті кәсіпкерлерге жасау керек еді. Инвестиция салып, көмек қолын соза білсек қазақстандық кәсіпкерлердің өздері-ақ кез-келген өндірісті көтеріп, ауыл шаруашылығын игеріп кете алады. Өкінішке қарай олай болмай тұр, билік бар байлығымызды шетелдіктерге (қытайға) пышақ үстінен үлестіруде. \
\ Қытай ата-бабаларымыз айтқандай – ешқашанда мәдениет, өркениет, өндіріс үрдістерін үйретуші де, әкелуші де болған емес. Рухани-адамгершілік салада да қазақ қоғамы мен қытай мүдделері ешқашанда бір арнада тоғысқан емес, тоғыспайды да. Қытай: «қазаққа заманақыр әкелетін қара тобыр». Қытай үшін Қазақстан бар болғаны отарлау ошағы ғана. \
\ Байқаймын, қазіргі қазақтар бұл мәселеде бұрынғы жауынгерлік рухын жоғалтқан. Халқымыз бүгінгі әкімшілік ел басқару жүйесінің бодандығына әбден мойынсұнып, көндігіп болған. Жазушы Қ.Мұхамбетжановтың: «Егер ертең қытай жайлап, құлдыққа түсер болсақ, ұрпақтың қарғысына қаламыз. Қателігіміз үшін өз балаларымыз келіп моламыздың басына тышады», - деген аталы сөзін де ескергеніміз дұрыс. Әлі де кеш емес, бұл мәселеде өкілетті орган жергілікті мәслихат, мәжіліс депутаттары халықтың пікіріне құлақ асады, қытай отаршылдарын кіргізбейтін заң қабылдайды деп үміттенеміз. Бұған жол беруге болмайды...\
\ 01.04.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1959@yandex.rz
02-04-18 20:39
«Айтпаса – Сөздің атасы өледі» дейді халық. Айтар ауыз болса, тыңдар құлақ табылар. Осындайда айтуға емес, айтақтауға келгенде алдына жан салмайтындар, арандатушылар жетіліп артылады. Иә, бүгінде «үндемеген үйдей бәледен құтылады» синдромы асқынып тұр. Абай: «мықтылары сөз айтса, бас шұлғиды шыбындап» дегендей, қоғамды, бізді құртатын да осы бейжайлық. Іштей тыну белең алған. Ал, үрейден туған үндемеу дендей келе сол адамның генінде сақталып қалады. «Қоғамның ауруын біліп тұрып үндемеу - сол ауруды емсіз қалдыру, асқындыру. Ашық пікір, ашық мінберлерде көрініс тапқанда ғана сол қоғамды емдейді. Өз кезегінде оның орындалуына жауапты адамның, қазақ билігінің бұған құлақ асуы, аспауы басқа тақырып. Ал, бүгінгі қазақстандық қоғамның, оның ел басқару жүйесінің ауруын 30 жыл бойы қоғамдық-саяси жұмыстар аясында жүрген мен жақсы білемін.
2018.
Н.Қошаманұлы
31-03-18 07:35
АЙСҰЛУ еңбектерін ғылыми айналымға енгізу –
«АЙСҰЛУТАНУ» - ға негіз болар еді.

Айсұлу Қадырбаева поэзиясының ұрпағына берер алпыс астарлы ілімі әлі де болса зерттелмей келе жатқан тұңғиық мұхит. Қанша оқысақ та, құмарымыз қанбай тереңіне бойлай бересің. Оның поэзиясының ешкімге ұқсамайтын көркемдік ерекшелігін тіптен поэзияға, әдебиетке қатысы жоқ адамдардың өзі қызығып оқиды. Сұғына оқысаң энциклопедиялық, философиялық дүниелер екеніне көз жеткізесің. Оның қара сөздегі сөз саптауы, поэзясының әдеби тілдік көркемдігі, ұйқасы қазіргі бір-де бір ақындарға ұқсамайтын өзіндік мектеп. Оның өлеңдері өткір. Шындықты шырылдап айтады, заманының реализмі мен цензура қыспағынан көз аша алмаған алдыңғы толқын ағалардай жасқанушылық жоқ. Ұлт болу үшін үш фактор қажет десек, оның еңбектерінен ұлттың тарихы, тілі, оның психологиясы бәрі табылады. Оның лирикалық «Ақ Мама», «Үндеу», «Парыз», «Ақ тілеу», «Арыма хат», «Аққулы көлге бардың ба», «Барып қайт балам, ауылға» секілді кез-келген толғаулары мен жыр-дастандарын алсаңыз да ұлтты «Рухани Жаңғыруға» шақыру бар.
Мәселен, «Барып қайт балам, ауылға» атты тоғауы – түптеп келгенде тағдыр талайымен «темірқазығынан» айырылып, алтын бесігі – ата қонысына қайырылып қайта қона алмай, қасіретті күн кешкен шер көкірек, беймаза көңіл алысқа кеткен баланың өкініш - өксігі аралас сағынышымен астасып жатқан мәуелі туынды. Елге, баба жұртына деген аңсау сезім кез келген ауыл баласының жүрегінде бар. «Нар қала» тундысы 12 ғасырда шығыс үрдісімен тұрғызылған, туған халқымыздың тарихи үлесіне тиесілі алып шаһардың жер асты нардай шөгіп жатқанын терең философиялық пайым аясында толғана баяндайды.
Өмірдегі реализм жазушының көзқарасынан тыс, оған тәуелсізақ көріне береді. Мұны жасырмай жеткізе білу де таланттылық. Шын мәніндегі реалист жазушы өз дәуірінің қайшылықтары мен шындығын ешқандай бұлтарғысыз бейнелейді. Айсұлудың Түркістан қаласының 1500 жылдығына арнаған «Иманға жүгін, ей, пенде!» атты рухани, философиялық, тарихи һәм публицистік толғауы иманын ту еткен әлемдегі 160 миллион түркі халқының білігіне арналады. Осы кітапқа енген «Түркі баба аруағына жүгіну» шығармасында:
«Жын ойнаққа айналып мекеніміз,
Басымызға түрілді етегіміз!
Ар – ұждан – пұл!
Нәпсі құл!
Абырой тұл!»
Тарта берсек осылай, айдан анық
Шыңырау түбі шым батып кетеріміз!» -
немесе,
«Досымыз бен айырмай қасымызды,
У аралас шайнаймыз асымызды!
Ұрпақ азды!
Ел тозды!
Жер бүлінді!
Қасіретке тұншығып, өксігенде,
Кім құрғатар көздегі жасымызды?!» - дейді.
Аталмыш шығармасының енді бір жерінде,
«Топшысынан қанатым қайырылып,
Шөкті кеудем, намысым майырылып.
Нағып шыдап жатырсың, Баба-аруақ?!
Қос бұйірім таянып мен боздаймын,
Арал, Балқаш, Семейден айырылып!» -дейді.
Ащы шындық. Екінің бірі бара бермейтін Автордың өз сөзімен айтқанда: «экологиялық, экономикалық, әлеметтік, рухани, психологиялық, һәм саяси апат жағдайында бірінен бірі саны жағынан кеміп, ақылы жағынан азып туып жатқан» ұрпағымыздың тағдыры, соңғы жылдардағы шынайы өміріміздің көрінісі туралы батыл айтылады. Моралдық жағынан қалай азғындап, құлдырап бара атқан қоғамның шындығын шыншыл жеткізеді.
Сондай-ақ, сонау тоқсаныншы жылдары тәуелсіздік жолында саяси ағым аясында танылған күрескерлігінің, жетекшілігінің өзі зерттеуге тұрарлық тақырып. Оның сол тұстағы: «...қансырап жатқан қазақ тілін аждаһа ажал аузынан аман алып қалу үшін, қай амал, қай айла, қандай әдіс-тәсілмен күресемін десе де – еріктіміз! Оның басты жауы – мәңгүрттік! Ал, мәңгүрттікпен күрес – саяси күрес» - деген афоризмі әр қазақтың ұстанымына айналды.
Айсұлудың «Шыңғыс хан» дастанында:
«Бәйтеректің тамры-түбірінде!
Түбіріне зердемен үңіліңдер!
Шыңғыс - ақыл!
Шыңғыс – күш!
Шыңғыс – батыр!
Жалпақ әлем әскері, дүр Жиһангер
Шыңғыс ханның алдында жүгініңдер!!!» – дейді.
«Жұрт болмашыдан дардай жасап ала қояды, Ал біз болсақ, барымызды бардай етіп көрсете алмаймыз» деп, Шыңғысқа оралуды – бақытымыздың басы, ұлттық жаңғыруымыздың негізі деп танумыз керек, Шыңғысхан айналып келгенде, жалпақ дүниеге шашырай қонған түркі дүниесінің, соның ішінде қазақтың да қайырылып соғар түп қазығы дейді. «Шыңысханның түп-тұқияны түркі, діні мұсылман» деп батыл тұжырым жасауының өзі тарихшыларымыз тіс батыра алмай келе жатқан төл тарихымызды түгендеуге салған тың түрен. Тарихшылырымызға бағыт - бағдар болар сілтеме.
Автордың «Бабырым кім менің» атты тарихи-танымдық толғауында жанына батыр жүген жағдаятты жазады. Бабыр тарихының бұрмалануы, иісі түрікке ортақ саналатын осынау ұлы адамның бітім-болмысын бүгінгі ұрпаққа дәектеп жеткізіп бере алмай келе жатқан тарихшы-ғалымдарға деген өкпесін жеткізеді. Бабыр баһадүрдей алыптарымызды Ильминский сияқты суайттардың қанжығасына байлап, түрги болмыс, имани жорықтарымыздың бағын байлағанымыз біз үшін кешірілмес күнә деп есептейді. Ақиқаттың көзін ашып, шындыққа қол жеткізу үшін барамызға сауға айтып, «Бабырнаманың» түпнұсқасын тауып беруді талап етеді («Шың құз» кітабы, 16 бет).
Қарапайым халықтың өкілі ретінде оның бойында ешқандай мемлекеттік құжатта жазылмаған ұлттық идеяны ұлттық мүддеден іздеу бар. Айсұлу поэзиясының құндылығы – қара қылды қақ жарған шыншылдығы мен өткірлігінде, - ұстанымының табандылығында, айтар ой, берер тұжырымдарын дәл жеткізуінде – қай нәрсені болмасын, «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дегендей, бұлталақтамай, ашық айтуында! Ол бүгінгі қазақ әдебиетінде жазу мәнері мен айтуы ешкімге ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасы бар, дара үнді жазушы. Тақырып таңдауы да әр түрлі, өміріміздің көп саласын қамтиды. Бұл оның көп жазушылардан оқ бойы ерекешелігі, азаматтық формуласы. Айсұлу интелекті жоғары жазушы!
Осының барлығы «Айсұлутануға» негіз бола алады. Оның шығармасын мына бағытта зерттеуге болады деп есептеймін: 1) Айсұлу поэзиясының тілі; 2) Дүниетанымы мен қоғамдағы әлеуметтік-саяси көзқарасы; 3) Нақты мерзімді, оқиғаны суреттей білген шығармасының тарихилығы; 4) Философиялық ой-тұжырымдары; 5) Оның дін туралы ой-пікірлері де назар аударарлық; 6) Фразеологиялық афоризмдері.
Өкініштісі, осы уақытқа шейін Айсұлудың шығарамашылына тіл мамандары, әдебиеттанушылар, сыншылар, ғалымдар тарапынан назар аударылмай келеді. Оның барлық шығармалары ұрпаққа өсиеті мол тарихи - тағылымдық деңгейде жазылған. Ендеше, ақын мұрасын ғылыми айналымға енгізіп, еңбектерін«Айсұлутану» аясында терең зерттеуді қолға алу уақыт сұранысы.

Құрметпен: Сисенбай Нұрлыбай Қошаманұлы, дәрігер. Ақтөбе қ.
Тел: 87785976287
2010 жыл.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
19-03-18 21:00
Нағыз Қазақ Қызы
Модератор · 18 марта в 14:30
Осы жерде отырғандардың бәрі Шыңғыс туралы ең бірінші жазылған Атамәлік Жөбенейдің “Ұлы әміршінің тарихы” деген кітабын оқымағаны анық. Сол кітапта автор Шыңғысты түркі деп жазған. Атамәлік Шыңғыс сарайында қызмет еткен адам, ол кітапты Үгедей тұсында жазып бітірген. Ол кітаптың осы күнге дейін орыс тіліне аударылмауының өзі көп сырды аңғартады. Шыңғысты хан сайлағанда басым көпшілігі түркілер болған, олардың ішінде жалайырлардың саны бәрінен көп болған. “Жалайырға жар салып” деген сөздің тарихи мәні әлі ашылған жоқ. Сондай-ақ Шыңғыстың бесінші ұрпағы Қазан хан иранда жалайырлар (Елхандар) мемлекетін құрған. Рашид ад-Дин өзінің атақты кітабын осы Қазан ханның тапсырмасымен жазған. Ұлытаудағы Жошының мазарынан он сегіз шақырым жерде тұрған алаша хан мазары деп жүрген мазар Шыңғысханның мазары. Бұл мазар Жошы мазарынан үлкенірек. Егер ол Жошының әкесі болмаса оның мазарынан үлкен тұрғызылар ма еді және мұсылмандар ғана мазар тұрғызады, ондағы жазулар арабша жазылған. Моңғол деген сөз қазақтың моғал (моғол) – мықты, берік деген сөзінен шыққан.

Жантеке Жаримбетов парақшасынан.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
18-03-18 15:41
Нұрлыбай Қошаманұлы
14 марта в 14:58 ·
Астананың Есіл аудандық сотының шешімімен ҚДТ қозғалысы экстремистік және ҚР аумағында тыйым салынған ұйым деп танылды. Айтарым, қоғамды демократияландыру, біздегі ел басқарған саяси биліктің ара-жігін айқындау уақыт талабы. ҚДТ қозғалысы бүінде бұқара үшін жабық режимге айналған, жемқорлық пен ұрлыққа, халқын қанауға құралған қазақстандық авторитарлық әкімшілік жүйенің қызметін түбірімен өзгертіп, жаңа саяси-әлеуметтік реформаны - басқарудың парламенттік, шынайы саяси бәсекелестік ортасы бар көппартиялық демократиялық түрін құруды ұсынды. Өтірік емес, аймақтардағы қаржы айналымы, сырттан келіп жатқан миллиондаған инвестициялардың жұмсалуы да тек бір ғана әкімдердің көңіл-күйіне байланысты жүруде. Барлық деңгейде «әкімнің айтқаны жөн» деген қағида қалыптасқан. Офшорда жатқан миллиардтарды қайтаруды айтты. Ешқашанда құрылымды күшпен өзгертуге шақырған жоқ. «Сын болсын, бірақ сының шын болсын» деген, бұл 20 жыл бойы бұқаралық ақпарат беттерінде жаза-жаза жауыр болған, бүгінгі саясат ауқымы көтеретін мәселе. Өз басым ДВК партиясының іс-әрекетінен ешқандай эстремистік пиғыл көріп отырғаным жоқ.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
18-03-18 15:40
БІЗДЕ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ ОРЫНДАЛМАЙДЫ...

ОҚО, Абай ауылында жоғары сынып оқушылырынан жәбір көрген 7 жасар оқушыға қатысты оқиға үлкен резонанс тудырды. Екінші жақтың туыстары да үлкен лауазымды шенеуніктер екен. Ұят іс. Енді ықпалы бар «әлдекімдер» бұған құзырлы органдарды тартып, мәселені жауып тастауға араласып жатыр дейді. Біздің жағдайды бұл «билік өкілдері», «мемқызметкерлер» (Селтановтар). Міне бұл бүгінгі қазақ қоғамының бас ауруы.
Әдетте заңның орындалуы биік тұрған құқықты мемлекетте биліктің қоғам мен жеке адамның өміріне араласуына шектеулер қояды. Талап, заңды сыйлау. Себебі, әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігі заңмен қорғалған. Өкініштісі, бізде бәрі керісінше. Қашанда «Бәкең» мен «Сәкеңнің» жеке бас мүддесі биік. Туындаған жанжал, даулы мәселе заң аясында шешілудің орнына, керісінше құрығы ұзын ықпалды билік өкілдерінің араласуымен, белден басқан жекелеген лауазымды тұлғалардың пайдасына шешіліп жатады. Сөйтіп қылмыс ашылмайды, жасырылады. Аристотель: «Заңның билігі жоқ жерде, ешқандай мемлекеттік құрылыстың формасына орын жоқ» десе, «Заңы өз күшіне енбеген және біреулердің билігінде тұрған мемлекет түбінде өзін құртады. Ал заң басшыларды билеп отырса, басшылар оның құлы болса ғана ол мемлекеттің ғұмыры ұзақ болады» дейді Платон. Бізде жазылған заңдардан, жазылмаған заңдар биік тұр дейтініміз осындайдан.
Айтарым, өзімізді құқықты мемлекет дейтін болсақ Заң бәрінен жоғары тұруы тиіс. Қылмысты жасыруға тырысқан кіналы адамдар, заңнан тыс іске араласқан лауазымды тұлғалар (Бәкең, Сәкең, Нәкеңдер) жауапкершілікке тартылуы керек.
Қоғам мұны басты назарға алуы тиіс.

16.03.2018. Н.Қ.

Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
18-03-18 06:38
Нұрлыбай Қошаманұлы
18 марта 2017 г. ·
МАҢҒЫСТАУДА ТАҒЫ ДА ЖҰМЫСШЫЛАР ЕРЕУІЛІ

Бұл жолы Ақтуда Techno Trading LTD «мұнайсервис» компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты. Неге? Мемлекеттік биліктің - "қанаушылардың" (монополистердің) мүддесін қолдауы, мәселені құқықтық тұрғыдан шешеді деген құзырлы органдарының "бейтараптығы", бұл аз болғандай жергілікті полицейлік-әкімшілік жүйенің жұмысшылардың өмірлік "құқықтары мен бостандықтарына" қысым жасауы, "қоғамдағы теңсіздік", "бай мен кедейшіліктің арасының алшақтай түсуі", "еңбекшілердің қанаушыларға тәуелділігі", "екі жақты қанаудың" тереңдей түсуі жұмысшы табын ерте ме, кеш пе наразылық ереуіліне шығуға мәжбүр етеді. Соңғы жылдары Ақтауда осы бағытта жұмысшылардың кәсіподақ ұйымдарының қимылының да күшейе бастағанын көріп отырмыз. Бұған қаңтардың 5-де басталған «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының кеніштерінде қызмет көрсететін Oil Construction Company (әрі қарай – OCC) компаниясына қарайтын Қаламқас пен Жетібай кеніштеріндегі мұнайшылардың кәсіподақ ұйымының талаптары дәлел болады. Бұл - АКСИОМА. Мұндай жағдайда жұмысшылардың қанаушы тапқа (монополистке) қарсы күресі объективтік жағынан саяси сипат алуы да әбден мүмкін. Сондықтан елдегі әлеметтік-саяси жағдайды ушықтырмаудың алдын-алудың бірден бір жолы жұмысшылардың талабын орындау болып табылады. Мәселе шешілмейтін болса, жұмысшылардың наразылығы, одан туындаған талаптары жалпыұлттық, халықаралық саяси талаптарға ұласуы мүмкін. Кезінде Мәркіс пен Енгіліс аталарымыздың өздері: «Жұмысшы табы қашанда барлық еңбекшілер мен қаналушылардың алдыңғы қатарлы күрескері, қозғаушы күші, гегомоны», - деп ескерткенін де ұмытпайық. Біз мұнымен санасуымыз керек. Олар белден басқан әділетсіздіктерден әбден титықтаған соң көшеге шығады. Оларды көшеге шығуға мәжбүр ететін де осындай жағдайлар. Қазағым айтқан: "жаман келісіп отырып, керіседі, жақсы керісіп отырып келіседі" -деп, ендеше билік және жұмыс берушілер ішкі - сырты дағдарысты ушықтыра бермей, жұмысшы өкілдерімен келіссөз үстеліне отырулары керек. "Керіссек те дұрыс келісімге келейік" ағайындар.
18.03.2017. Н.Қ.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
13-03-18 11:47
Қытайда авторитарлық билікті қытайлық ерекшелікке ие демократия деп атады
Сегодня, 13:20 3034 Бейсен Ахметұлы Написать автору
Ши Жинпиң, В.Путин және Доналдь Трамп
Ши Жинпиң, В.Путин және Доналдь Трамп / informburo.kz иллюстрициясы

2018 жылы әлем үшін шулы оқиғалармен басталды. Қытай төрағасы Ши Жинпиң авторитарлы монархияны заңдастырса, Ресейде Путинді кезекті \"сайлауға\" дайындалып жатыр.
Ал парламенттік басқаруды президенттік билікке өзгерткеніне жылға жақындаған Түркия Сириядағы күрд жасақтарына соғыс ашты. АҚШ болса, Қытаймен саясатын қайтадан қарай бастады.

Оңын – аю Ресей мен солын – екі айыр тілін жалаңдатқан айдаһар Қытай қоршаған барыс Қазақстанның тағдыры кімнің қолында? АҚШ-тан не қайыр?

\"Ши Жинпиң – мәңгілік әрі шексіз билікке кенелді\"
Осы жексенбіде, яғни 2018 жылы 11 наурызда қытайлар ақыры Ши Жинпиң төрағалық еткен компартияның ұсынысын қабылдап, Конституцияға өзгеріс енгізді. Ол кезекті XIII Қытай халық құрылтайының жалпы жиналысында мақұлданды. Бұл өзгерістерді құрылтай өкілдерінің 2958-і \"мақұлдаса\", екі адам қарсы болған. Үш адам қалыс қалыпты.

Сонымен не болды?

Қытай Конституциясының 79 бабы, 3 тармағында \"Қытай халық республикасы төрағасының және төраға орынбасарының өкілеттік мерзімі бүкілқытайлық халық құрылтайының әр сессиясының өкілеттілік мерзімімен бірдей болады және екі мерзімнен артық уақыт қызмет етпейді\" делінген.

Енді осы тармақтағы мемлекет төрағасының өкілеттігін шектейтін соңғы \"екі мерзімнен артық уақыт қызмет етпейді\" деген сөйлем алынып тасталды.

Ши Жинпиң Халық құрылтайы өкілдерімен бірге

Ши Жинпиң Халық құрылтайы өкілдерімен бірге / Шинхуа агенттігі
Бұл туралы Шинхуа (Синхуа) агенттігі мен Қытай халық құрылтайының баспасөзі хабарлады.

Ши Жинпиң – компартияның, мемлекеттің, орталық әскери істер комитетінің төрағасы ғана емес, құқық қорғау органдарын да бір қолына шоғырландырған басшы, онсыз да шексіз билікке ие еді. Енді өз билігін қалаған уақытқа дейін соза алатын мегаавторитарлық тұлғаға айналды.

Мәңгілік билік орнаған көршілеріміз көбейіп жатыр
Прагада тұратын журналист Ғалым Боқаш фейсбук парақшасына: \"Қытай өзгерді. Коммунистік партия диктатурасынан гөрі авторитарлық президент билігін жөн көрді. Жексенбі күні Си Жинпиң \"мәңгі басшы\" болып бекітілді. Енді наурыздың 18-інде Ресей бейресми \"мәңгі президентін\" қайта \"сайлап\" алмақшы\" деп жазды.

Айта кетейік, Ресей президенті В.Путин де Ресейдің ата заңын өзгертпестен-ақ, досы Д.Медведовты бір мерзімге президенттік таққа отырғызып, өзіне қайтадан сайлануға мүмкіндік алғаны белгілі. Осылайша В.Путин 1999 жылы 16 тамыздан бері Ресей билігін қолынан бермей келеді.

Бұл тізімге тағы бір үлкен көршіміз Түркияның президенті Ердоғанды да қосуға болады. Реджеп Тайип Ердоған 2003 жылғы 14 наурыздан 2014 жылға дейін премьер-министр болды. 2014 жылдан бері президент тағына отырды. Және парламенттік түзімдегі басқару формасын президенттік басқару формасына өткізу арқылы өз орнын бекемдеп алды.

Бұл жолы Қытай Конституциясына 21 түрлі өзгеріс енгені белгілі болды
Бұл туралы Қытай халық құрылтайы тұрақты комитетінің заңдық, құқықтық жұмыс жөнінідегі комитет төрағасы Чын Чуняо (沈春耀chén chūnyào) баспасөз мәслихатында хабарлады. Ол:

– Конституция – еліміздің іргелі заңы. Партия мен халықтың ерік-жігерін жүзеге асыратын, ел мен елдің билігінің жалпы ережесі. Сондай-ақ Конституциядағы бұл өзгерістер – ел-жұртқа қуаныш сыйлаған, саяси өміріміздегі маңызды оқиға болды.

Қытай халық құрылтайы тұрақты комитетінің Заңдық, құқықтық жұмыс жөнінідегі комитет төрағасы Чын Чуняо баспасөз мәслихатында. 11.03.2018

Чын Чуняо баспасөз мәслихатында. 11.03.2018 / Қытай халық құрылтайының ресми сайтынан
– Бұл өзгеріс – жаңа дәуірдегі қытайлық ерекшеліктері бар социализм құруда үлкен маңызға ие, Қытайдағы заң үстемдігінің құрылысын жетілдіретін басты жетістіктердің бірі. Сондай-ақ Қытайдың кезекті XIII Халық құрылтайының бірінші сессиясын сәтті аяқтаудың маңызды алғашқы күн тәртібі болып табылады, – дей отырып, осы өзгерістермен қытайлықтарды құттықтады.

Және де \"Бұл Конституциялық түзетулер заңдық, құқықтық нормаларға сәйкес жүргізілді\" деп хабарлады. Тіптен, кейбір Халық құрылтайы өкілдері BBC тілшісіне: \"Бұл – нағыз демократияның бейнесі\" деп те атаған.

Қытай билігі наразылықтар мен қыжыртпаларды елең қылмады
Өзгеріске қатысты ұсынысты биылғы 25 ақпанда Қытай компартиясының орталық комитеті жариялаған болатын. 11 наурызда мақұлданды.

Америкада тұратын қытай жазушысы, саясаткер Чын Покоң (陈破空,Chen Pokong, бұрын Chen Jinsong ретінде белгілі) АҚШ телеарнасына берген сұхбатында: \"Бұл Қытайдың \"Мәдениет төңкерісі\" деген атпен тарихта қалған топалаңын еске түсірді. Қытай билігі өз бет-бейнесін ашты. Қытайлық халық құрылтайы да, Бүкілқытайлық саяси кеңестің құрылтайы да өздерінің саяси көрініс ғана екенін көрсетті. Қытайдың әділет министрі Қытайды айдаған жағына жүретін үлкен отар малдай қабылдады\" деп атаған.

АҚШ-ында тұратын Қытай жазушысы, саясаткер Чын Покоң

Чын Покоң / Youtube.com сайтынан
Чын Покоң – Қытайда туған, Америка Құрама Штаттарында тұратын қытай-америкалық жазушы және саяси сыншы. Қытайдағы Хунань, Шанхайдағы Тоңжи және Құрама Штаттардағы Колумбия университеттерінде оқыған.

Ол \"Қытай билігі халықты қорқытып, тұншықтырып отыр\" деп айыптаған. Онымен бірге шетелдегі жүз мыңдаған қытай қандастары да алаңдаушылықтарын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Чын Покоң мырза 2018 жылы 26 ақпанда АҚШ елінде өткен бір конференцияда Қытайдың Шынжаң өлкесін \"Әлемдегі ең үлкен ашық түрме\" деп атаған болатын.

Бұл Шынжаңдағы ұлттарға қарсы қысымның күшейіп, діни, тілдік және бостандық құқықтарының шектеліп, жабық концлагерлердің көбеюіне қатысты айтылған еді.

Қазақстан үкіметі де Қытайдағы қандастарымызға қатысты алаңдаушылығын білдіріп, Қытайға дипломатиялық нотасын жолдағаны белгілі.

Жоғарыда аталған өзгерісті енгізу туралы партия ұсынысы 2018 жылы 25 ақпанда шыққаннан кейін Шиаңгаң (Гонконг) әкімшілік өлкесі сияқты өңірлерде ереуілдер де болды. Әлеуметтік желіде де қатты талқыланған тақырыпқа айналды.



Алайда Қытай билігі барлық сайттардағы осы заңдық өзгеріске қатысты айтылған пікірлерді бұғаттады әрі қатаң түрде тапсырма беріп, өз қадағалауын жүзеге асырды.

Жеке басқа табынушылық – коммунистік жүйеден қалған таңба ма?
Бесінші наурызда басталған Қытайдың кезекті XIII Халық құрылтайы 20 наурызда аяқталатыны белгілі болды.

2013 жылы биліктің ұшар басына шыққан Ши Жинпиңнің өкілеттілігі 2023 жылы аяқталуы тиіс еді. 1990 жылдан бері келе жатқан \"Төрағалық өкілеттілікті бес жылдан екі мерзімге ғана сайлануға болатын\" норма өзгерді. Себебі, Қытай компартиясын \"бірауыздылыққа\" үйреткен партия басшылығы енді Ши мырзаның айтқанын орындайтыны хақ.

2017 жылы өткен компартияның 19 құрылтайында да осы мәселе көтеріліп, Ши Жинпиңнің мәңгілік билігіне апаруы мүмкін екенін айтқан болатынбыз.

Бұл үрдіс Кеңес Одағындағы алжыса да билікті бермеген басшыларды еске түсіреді. Ең соңында \"денесін игере алмаған бастың\" Кеңес Одағын құлатып тынғаны белгілі.

Қытайдың олай құлай қоюына әлі де уақыт бар шығар. Дегенмен, енді күллі әлемнің Қытайға қатысты саяси стратегияларының да өзгерері хақ.

Мәселе осындай келеңсіз авторитарлық билікке келгендердің барлығының коммунистік жүйеде не сол жүйеден шыққандығында болып отыр.

Ши Жинпиң қорықты, ал оны партия құтқарды
Олай деуге негіз бар. 2012 жылы сегізінші қарашада өткен Қытай компартиясының XVIII кезекті құрылтайында билікке келген Ши Жинпиң өткен бес жылда ауыр тарихи белестерді бастан кешірді.

Ол кезде \"компартия ішінде жемқорлық жайлап, партия беделі төмендеген әрі саяси ділі іріп-шіріген басшылықта бақталастық етек алған\" деген көзқарас таралған болатын. Алайда бұл Қытайдың экономикалық өрлеу кезеңіне дөп келді.

Ши мырза алдымен әскери билікті қолына алды әрі жемқорлыққа қарсы күресті өте қатаң жүргізді. Бұның оған бір жағынан өзінің бақталастары мен жауларын құртуға мүмкіндік бергенін айта кеткен жөн.

Сонымен бірге, Ши Жинпиң бастамасымен құрылған Мемлекеттік жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі де ол үшін оңтайлы қызмет көрсетіп жатыр. Соның арқасында Жу Иңкаң сынды партия мен мемлекеттің орталық тұрақты комитетін басқарып отырған тұлғаларды құлатты. Осылайша прокуратура мен сот саласы да Ши мырзаның қолына өтті.

Егер тақтан тайса, бақталастары мен кегін қуғандардың өзін пісіріп жейтінін Ши Жинпиң де, орталық билік те біліп отыр.
Себебі, Ши мырзаның бақталастары өте қуатты әрі көп. Оның үстіне сотталған және атылған неше мыңдаған басшылар мен байлардың, олардың туыстары мен достарының, сыбайластарының да өшпенділігі бар екені белгілі.

Сол үшін тура бір жарым жылға жуық құрылтайға дайындалды. Әскери және құқықтық тәртіп күшейтіліп, күмәнді тұлғалар бірден тексеруге және саяси үйренуге жіберіліп отырды.

WeChat, Whats App сияқты әлеуметтік желілер қатаң бақыланып, түрлі сала бойынша шетелмен байланыстағы адамдар да тексеруден қағыс қалған жоқ. Сонымен бірге түрлі блогтарда да пікір жазу иқуаттарын (функцияларын) алып тастады немесе шектеді. Бұл – Ши мырза мен оның жақтастарының сақтық шаралары еді.

Қытайда Facebook, Youtube, mail.ru әлемдік әлеуметтік желілер баяғыдан шектелген.

Қазақтар көп, шоғырлана қоныстанған Шинжиаң автономиялы ауданында болған түрлі қысымдардың күшеюі мен жалпылама саяси үйрену науқандарының жиілеуі де осы себептен.

Ресейде саясат өзгермейді
Ресейде жуық арада саясаттың өзгермейтінін емшектегі бала да біледі десек артық айтқандық болмас.

Мұндағы 18 наурызда \"президенттік сайлау\" өтетіні қазір ешкімді де қызықтырмайды. Себебі, Путиннің \"бірауыздан\" сайланатыны белгілі нәрсе. Тек сөз жүзіндегі формалды шаралар халықтың көзқарасына қылау да түсірмейді. Тіптен, ешқандай өзгеріс те болмайтындай.

Бұл жерде қызығы – АҚШ президентін қонаққа шақырған Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Уңның (орысша – Ким Чен Ын) ұсынысы болып отыр. Егер екі қошқар кездесе қалса, бастары бір қазанда піссе – Қытайдың да, Ресейдің де шыр-пыр болары хақ. Екі елдің басына тағы бір қатерлі сыздауықтың шығуы кімге ұнасын.

Оның үстіне, Батыс елдері мен АҚШ Ресейді тұқыртудың себебін іздеп әлек болып жатқаны белгілі. Ал Қытай мен АҚШ арасындағы экономикалық соғыстың енді өңірлік қырғиқабақ соғысқа айналып бара жатқаны жасырын емес.

Түркия Сирияға әскер кіргізді. Ислам мемлекеті ұшқарылары енді қайда бет алады?
Авторитарлық билікке жол ашқан тағы бір көршіміз – Түркия деп айттық.

– Түркия әскерлері Сириядағы күрд жасақтарымен соғысып жатыр. Қазірге дейін Түрік әскерлерінен 40-тан астам адам опат болған, ал күрдтерден екі мыңнан астам шығынның бары белгілі болды. Жалпы Түркия Күрд мемлекетінің құрылуына қарсы. Сол себепті Күрд жұмысшы партиясын халықаралық экстремистік ұйымдар тізіміне қостырды. Тіптен, солтүстік Ирақтағы күрд автономиясына да аса сақтықпен қарап келеді, – дейді саяси сарапшы, аудармашы Амангелді Құрмет.

– Түркия тағы Күрд мемлекеті құрыла қалғанның өзінде олардың теңіз жолымен тұтасатын байланысын болдырмауды мақсат еткен.

Бір қызығы, түріктер осыдан екі жыл бұрын осы күрд жасақтарын Ислам мемлекеті ұшқарыларымен соғысуға өз териториясы арқылы өткізгені белгілі. Енді олармен өзі соғысып жатыр. Ал Ислам мемлекеті ұшқарыларының ендігі барар жері – Ауғанстан болуы әбден мүмкін. Міне, Қазақстанға қауіп осы жақтан туады.

АҚШ көмектесе ала ма?
АҚШ-ның Қытайға қарсы экономикалық қысымды күшейткені белгілі. Атап айтқанда цифрлы технологияларға және энергетикалық өнімдердің кіруіне шектеу қойды. Қытай нарығын шектейтін қадамдар жасап, Қытай инвестициясына тиым салды.

Одан тыс, Въетнам сияқты елдермен бірлесе отырып, Қытайдың оңтүстік теңіз жағалауындағы ықпалының күшеюіне шектеу қоюға ұмтылып жатыр. 2018 жылы ақпанда АҚШ-ның ұшақ тасығыш соғыс кемесі Въетнамға келіп тоқтауы да соның бір дәлелі.

АҚШ-ның бұл саясаттарына батыс елдері де ыңғай танытып отыр. Тіптен кейбір елдер қытайлық \"Куңзы институттарын\" жабуды қолға алған. Яғни, Қытайды жақтаушылар мен дәріптеушілердің ісіне де шектеу қоя бастады.

Дәл осындай кезде, яғни 2018 жылы 7 наурызда біздің Мәжіліс АҚШ-ның Қазақстан арқылы Ауғанстанға жүк тасымалдауын қолдайтын ережені мақұлдады. Енді АҚШ Ақтау мен Құрық портын пайдаланып, тауар тиелген контейнерлерін азаматтық соғыс болып жатқан Ауғанстанға жеткізбек.

Ендеше, желкесіндегі Солтүстік Кореяға ат басын бұруға ниеттенген Трамптың енді оның батысындағы Қазақстанмен тіл табысуы – Қытайдың жүрегін шым еткізгені анық.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
13-03-18 09:59
Алтын Орда мемлекетінің мұрагері орыстар екен

Достар, Қазақтар, Қазақ хандығының тарих сахнасына келуінің өзі Алтын Орданың арқасы екенін ұмытпауымыз керек. Қазақ хандығы – Алтын Орданың тікелей мұрагері. Оның елдік, мемлекеттілік құрылымдарын жетілдіре қолданып, құрылған дербес мемлекет. Сөйтіп, ежелгі түркі қағанаттарынан кейінгі Қазақ мемлекеті тарих сахнасында Алтын Орданың 1266 жылы орталық моңғол империясынан тәуелсіздік алуымен құрылды. Қазақ мемлекетінің түп бастауы Алтын Орданың ыдырауымен 1457 жылы, ал осы заманғы тәуелсіз мемлекетіміз – Қазақстан Республикасы КСРО империясының күйреуімен 1991 жылы құрылды. Орыстар Кеңес заманында тарихымызды ту талақай қылып еді, енді "Алтын Орда" тарихи фильмін түсіру арқылы қазақтың өткен төл тарихын өздеріне теліп, тағы бұрмалауға кірісті. Бейне бір "Алтын Орда" мемлкетінің мұрагері орыстар екен. ҚР Ақпарат Министрлігі, қазақ тарихшылары, зиялы қауым неге үнсіз? Қашанғы бұқпантайлап, үркектейміз. Құлдық санадан арлатын, оянатын кез келді, үндемей отыра берсек тарихтың айтақырында қалатын түріміз бар.


13.03.2018. Н.Қ.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
13-03-18 09:27
Мөлдір, «Айтпаса – Сөздің атасы өледі» дейді халық. Айтар ауыз болса, тыңдар құлақ табылар. Осындайда айтуға емес, айтақтауға келгенде алдына жан салмайтындар, арандатушылар да жетіліп артылады. Иә, бүгінде біздің қоғамда «үндемеген үйдей бәледен құтылады» синдромы асқынып тұр. Абай: «мықтылары сөз айтса, бас шұлғиды шыбындап» дегендей қоғамды, бізді құртатын да осы бейжайлық. Айналамызда іштей тыну белең алған. Ал, үрейден туған үндемеу дендей келе сол адамның генінде сақталып қалады. «Қоғамның ауруын біліп тұрып үндемеу - сол ауруды емсіз қалдыру, асқындыру. Ашық пікір, ашық мінберлерде көрініс тапқанда ғана сол қоғамды емдейді. Өз кезегінде оның орындалуына жауапты адамның, қазақ билігінің бұған құлақ асуы, аспауы басқа тақырып. Ал, бүгінгі қазақстандық қоғамның, оның ел басқару жүйесінің ауруын 30 жыл бойы қоғамдық-саяси жұмыстар аясында жүрген мен жақсы білемін.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
11-03-18 17:18
Нағыз Қазақ Қызы поделилась публикацией Eldeç Orda.
Модератор · 1 мин.
Фото Eldeç Orda.
Eldeç Orda
22 октября 2017 г.
ҚЫТАЙДА ҚАЗАҚ ҚАУПІ БАР МА?

Қазақ Елі қытайдан қауіптенеді, қытай қаупі, қытай үрейі мәселелері Қазақстанда әр деңгейде қоғам пікірін тудырып жатыр. Әлбетте, Қазақ мемлекетінде "қытай қаупі мәселесі" барын жоққа шығармаймыз. Деседе біз "Қытайда Қазақ Қаупі Бар Ма?" дейтін сұраққа жауап іздемекшіміз. Қытайда әрине Қазақ қаупі бар! Әуелі қазақ қаупі мәселесін "Панқазақизм" немесе "Ірі Қазақ Ұлтшылдығы", "Ірі Қазақизім" деп те атап жүр. Бұл термин қытайдың саяси сөздік қорына тым ертеден еніп қалыптасып орныққан термин-дір. Қытайшасы: 大哈萨克主义 немесе 泛哈萨克主义. Суретте көрсетілген (қарап көріңіз).

Қытайда Қазақ қаупінің ТӨРТ кезеңі бар:

Бірінші кезең, Цин мемлекетінен (清朝) Яаң Зыңшин (杨增新) дәуіріне дейінгі кезеңдегі Қазақ Қаупі мәселесі;

Екінші Кезең, Шың Дубан (盛世才) кезеңінде өршіген Қазақ Қаупі мәселесі;

Үшінші кезең, Қытай Көменес (共产党) билігі дәуірі кезіндегі Қазақ қаупі мәселесі;

Төртінші кезең, 1991 ден бергі Қазақ қаупі мәселесінің жаңа кезеңі;

Енді біз осы төрт кезең төңірегінде әңгімемізді өрбітпекпіз...

Қазір кезең-кезеңімен талдау жасап көрейік. Бісмілдә...
Цин мемлекетінің алғаш рет ҚАЗАҚ (哈萨克) атын xатқа түсіруі 17- ғасырдан бастау алады. Содан бері төрт ғасыр өтсе де Қытайлар (қытайдағы төрт ірі үкімет) әлі күнге Цин империясы xаттап құжатқа түсірген 哈萨克 (Ха Са Кы/Қазақ) иероглифін өзгерткен жоқ, бұл термин де, иероглиф таңбалауы да өзгерусіз сол күйі қолданылып келеді. Бұның себебі әртүрлі. Жоңғар мемлекеті күшейе келе Қалқаларды жеңіп Цин іргесіне іркес-тіркес шабуыл жасап мазасын ала берген соң Цин үкіметі Жоңғарға қарсы соғыста өзіне одақтас болатын ел іздеу ниетінде болған. Сол кезде Цин жазбаларына алғаш рет Жоңғар айналасындағы xалықтар әсіресе ҚАЗАҚтар туралы, атауы, тұрмыс-тіршілігі, әскери күші, орталық азиядағы саяси ықпалы қатарлы бірмұнша ақпарат xатталып түсірілген. Бұл 17-ғасырдың соңындағы кезең-ді. Ал, саяси одақтасы Қазақтардан қауіптенуі Жоңғарлар жойылған соң-ақ басталды. Қазақтар ежелгі атақонысы Алтай, Еренқабырға, Тарбағатай, Іле аңғары мен Хан Тәңір бөктерлеріне ағын судай ағытылып үркін-дүркін көшкен кезде ҚАУІПтенген-ді. Цин елінің әскери күші ешқашан бұл көшті тоқтата алған емес. Сол себепті Циннің орда ақылшылары шарасыздықтан "Алтай, Іле мен Тарбағатай айналасындағы жойылуға беталған, сізге қауіп төндірмейтін Моңғол, Ұраңқай, Сұмын торғауыттарына мәнсап беріп, мәртебесін көтеріп қойыңыз, содан солардың қолтаңбасымен бұл өңірді Пекинге төте қаратып алыңыз, сосын ауып келген Қазақтардың ру ақсақалдарына кіші мәнсап беріп әлгі қауқарсыз ұсақ xалықтардың ұлықтарына телміртіп қойыңыз" деп ақыл-кеңес берген. Айтса айтқандайын, Қазақтар мекендеген Алтай, Тарбағатай, Іле мен Еренқабырға аумағындағы ұраңқай, торғауыттардың ТӨРТ ҮЛКЕН УАҢЫ (王) болған. былайша айтқанда қауқары әлсіз, аты бар заты жоқ төрт үлкен КНЯЗЬы болған. Күншығысқа ауған Қазақтың бәрін осы төрт князь арқылы басқарып, саяси тұйықтыққа матап отырған. Қазақтар мұндай саяси дағдарыс кезінде Шыңғыс Хан тұқымдарын алдырып (Қазақ xандығынан) ақ кигізге көтеріп Хан ғып сайлағап саяси, руxани байланысын ҚАЗАҚ Хандығынан ешқашан үзбеге тырысқан. Бұның көп мысалын тариxи деректерден көруіңізге болады. Қазақ Хандығы мен Цин мемлекеті арасындағы шекара келсімшарттар толық аяқталмай жатып араға Патшалық Ресей отаршылдары араласқандығы себепті, бұл өңірдегі шекара сызығы ешқашан ҚАЗАҚ ХАЛҚЫның қалауі бойынша сызылмады. Керісінше Ресей мен Цин заң бұзушы отаршылдары келсе келмес бөліске салды. Тариxи деректерде Зайсан, Аягөз, Іле-Жетісу өңірлерінде ҚАЗАҚ xалқының ұлт тағдыры мәселесін ақылдасқан үлкенді-кішілі құрылтайлары болғанын білеміз. Бұл Қазақ құрылтайлары Пекин мен Петербуркте шешіліп жатқан Қазақ шекара мәселесіне қандай ықпал жасады деп ойлауыңыз мүмкін? әрине, ықпалы болған. Мысалы, екі мемлекетте қалған Қазақтарға қай елге бағынышты болуын таңдау мәселесінің мерзімін он жылға дейін ұзартқан; Қазақ саудагерлері салықсыз кіріп-шықсын дейтін бап қостырған; Құжатсыз шекарадан кіріп-шығуына еркіндік берілсін дейтін баптарды қостырған; Үлкенді-кішілі Қазақ құрылтайларының қарарлары Пекин мен Петербурктегі екжақты келсімдерде ескеріліп отырған. Соның арқасында ел екіге айрылса да арадағы саяси, мәдени әм әлеуметтік байланыстар ешқашан үзілмеген. Ал, Цин үшін Қазақтардың қауіпті сезілуі де осыдан еді. Патшалық Ресей Қазақтарындай емес Цин Қазақтарының саяси әлеуеті басым, жан-саны тығыз еді де, Циннің әскери қосыны қауқарсыз, саны жағынан Қазақтармен мүлде салыстыруға келмейтін. Сол үшін ішкі қытайдан Манжур әскерін, сегіз жалаулы Мұңғол жасағын көптеп Қазақтар тұрған өңірге көшіре бастаған. Неше мың Манжу, Мұңғолдар мен Юннан (云南), Цинxайдағы (青海) бүлікші Дұңғандарды Қазақтар тұрған Алтай, Тарбағатай мен Іле, Еренқабырғаға жер аудартып, тегін жер-су беріп Қазаққа айдап салып отырған. Қоныс аударып орналасқан Манжуларды астық қамбасымен қамтамасыз ету үшін Алтышаһар мен Құмыл, Үштұрпан өңірінен Тараншы мен Ұйғырларды жер аударып зорлықпен қоныстандырған. Олар Қазақтар тұрған өңірге зорлықпен қоныс тепкен соң көбі кері қайтқан, тіпті кері қайтушылар мен қашып кетушілер саны артқан соң Цин үкіметі "бір үйден бір адам қашса, сол үй түгелдей өлім жазасына үкім етіледі" деп заң шығарған. Бұның нәтижесі Еренқабырға өңірінде Шонжы мен Үрімжі, Іле өңірінде Күре мен Құлжа, Тарбағатай өңірінде Дөрбілжін мен Шәуешекте көп ұлтты xалықтардың пайда болуына әкеліп соққан. Цин қанша жерден қолдан көп ұлтты өңір қалыптастырғысы келсе де олардың саны Қазақтардың оннан біріне де жетпеген. Бұның себебі, Қазақтардың ішкі өсімі өте жоғары болды. Сонымен бірге Патшалық Ресейден әртүрлі қысым көріп мың түтіндеп қөшіп келуші Қазақтардың саны ерепайсыз көп-ті. Қазақ санының көбейуіне байланысты ЖЕР мәселесі үздік туындап тұрды. Цин ұлықтары жер мәселесін әділ шешіп бере алмады, бұның аяғы ұлттық қайшылықтарға ұласаты. Осы мәселені болдырмау үшін Қазақтарды Цин ұлықтары белгілі мәнсаптарға тағайындауына мәжбүр болды. Қазақ ру басылары мен игі-жақсыларын "аудан әкімі" немесе "аймақ уәлиі" дәрежесіне дейін танитын құқықтар әперіп қолына заңды Мөр таңбасын ойып жасап берді. Бұған дейін Қазақтар өз ру-тайпасының түтін басы, ел ағасы атанып сайын далада еркін жүрсе, осы үрдістен соң өз руы, түтіні ғана емес, сол аумақтағы Мұңғол, Тараншыларға да үкім жүргізетін заңды мөрі бар әкімші тұлғаларға айнала бастады. Осыдан соң Қазақтардың жер иемдену жылдамдығы екі-үш есе арта бастаған. Жамбыл қорғанында жатқан Цин ұлығының еш қабар-ошарынсыз жайлаулық, көктеулік, қыстаулық бекіттіру науқаны артқан. Одан бір қызығы осы кезеңде Қазақтардың ұзақ шетелге шығуы артқан. Соның ішінде қажыға баратындар саны көбейген. Қазақтар Патшалық Ресей Паспортымен Қажылық сапарын жасайтын болған. Тіпті, Осыманлы Сұлтаны екінші Әбдүлқамидтің жеке қабылдауында да болған. Яң Зыңшін (杨增新) дәуіріне келген жылдары ол көпе көрнеу "Қазақты Тежеу" дейтін саяси бағыт ұстанған. Оның себептерін Яң Зыңшін өз күнделігінде анық жазады. Оның "Бугужай жазбалары" атты күнделігі әлі ашылмаған құпия. Онда "Қазақ қаупі" мәселесі туралы арнайы тақырыппен астын сызып тұрып жазған. Қалқалардың ояну кезеңі мен Алаш-Орда үкіметінің қазақтарға саяси ықпал жасауын тежеу үшін Шыңжаң қазынасын түгелдей сарқып жұмсағанын Бұрқан Шаһиди де естеліктерінде жанамалай айтып ситат келтіреді. Жалпы, Яң Зыңшін дәуірі Цин дәуіріндегі Қазақ қаупі мәселесінің қоламтасы қызара бөртіп бір үрлегеннен қалмай лап ете түсуге бейім тұрған өлара кезең еді. Оның бір жағында патшалық Ресей тарапынан неше жүз мың Жетісу Қазақтары қоныс аударып "қазақты тежеу" мәселесін одан ары ушықтырған-тын. Яң Зыңшін Қазақтың игі-жақсыларын Диxуаға (迪化/Үрімжі) шақырта бастады, оларға мәнсап ұсынып айлық қаражат ажыратып қаймана Қазақтан алыс ұстауға тырысты. Бұл оқиғадан соң Үрімжіде Қазақ зиялы, мәнсаптыларының жаңа ошағы қалыптаса бастады. Бір Яң Зыңшін дәуірі кезінде Үрімжіден қытайша білім алған Қазақтардың ұзын саны жүзден асты. Олардың кейбірі Үрімжіде мәнсапқа ұсынылған, көбі аудармашы болған. Осы барыстан соң қытайдың ішкі-сыртқы саясатын түсіне бастаған қазақ зиялылар шоғыры қалыптасып үлгірді. Олар Яң Зыңшінге әртүрлі әлеуметтік, саяси талаптарды ашық қоя бастаған. Қазақ Қаупі мәселесі Яң Зыңшін дәуірінде де толық сейілмей жаңа кезеңге көтерілді.

Шың Дубан (盛世才) дәуірінде Шыңжаңдағы қытай билігі жаңа кезеңге өткен еді. Билікке қытайдың ірі саяси, әскери оқу орны мен Жапониядан оқып келген қытайдың жаңа сападағы оқымыстылары араласа бастаған-ды. Бұның ішінде Шың Дубанның өзі де бар-тын. Бұл кездері Қазақтар билікке көптеп араласа бастады. Бұның себебі, қытай ұлтшылдары Пекин үкіметін тңкеріп 1928- жылы Нәнкиңде (南京) жаңа ұлтшыл Гоминдаң (国民党) үкіметін құрады. Сосын, Шыңжаң билігін Нәнкиңге өткізіп алу үшін астыртын "төңкеріс" ұйымдастырып Яң Зыңшінді аударып, орнына Гоминдаңшыл кадрларды билікке тағайындайды. Бұл саяси үрдіс толық аяқталмай тұрып Совет одағының қолтығына су бүркуінен пайда болған Құмыл мен Алтышаһарда ұлт азаттық көтерілісі бұрық ете түседі. Шыңжаң әп-сәтте Шығыс Түркістаншылдар мен Орталық билік және Гоминдаңшылдар мен Советшіл қытай күштерінің талас-тартыс саяси майданына айналып кетеді. Осы қым қуыт кезеңде Шың Дубан Совет одағымен астыртын тіл біріктіріп Шыңжаңдағы Шығыс Түркістаншыл күштер мен Гоминдаң күштерді қидай сыпырып Жаңа үкімет құрады. Үкімет Нәнкиңдегі қауқары енді ғана қанат жайып келе жатқан Гоминдаң үкіметінен біржолата ат кекілін кесіседі. Шың Дубан кезінде "Қазақ Қаупі" мәселесі тіптен "өршіп" кетеді. Қазақ мәдениеті, баспасөзі мен оқу-ағарту аясы бұрын соңды болмаған жылдамдықпен арта бастайды. Ташкен, Алматы, Зайсанға оқуға аттанған Қазақ оқушыларының ұзын саны үз жүзден асады; Қазақша басылған кітап саны неше жүз мыңнан асады; қазақша газет-журналдың таралымы неше он мыңнан асады; әр қала, аудан орталықтарынан Қазақ театры ашыла бастайды; әр Қазақ елді-мектебінде Қазақ мектептері ашыла бастайды, мектепке оқытушы дайындау үшін педакогикалық колледждер ашыла бастайды; мектеп саны мен сапасы артып, одан неше он мың қазақ балалары оқу тауысады; Қала қазақтана бастайды, қалаға Қазақ зиялылары мәдениет үйі мен мектеп, театыр салғыза бастайды; бұндай белсенділік Шың Дубанға "Қазақ Қаупі" мәселесін одан ары үдете бастайды. Сонымен 1939- жылдан бастап "Қазақ-Қырғыз Құрылтайы" деген сылтаумен бүкіл Қазақтың игі-жақсылары мен зиялыларын Үрімжіге шақыртып қырғыншылық жүргізе бастайды. Бұл кезең "Қазақ Қаупі" мәселесінің әбден пысып жетіліп саяси күшке айнала бастаған кезі еді. Бұл "қауіпті" Совет одағы, Моңғолия және Шың Дубанның уақытша билігі бірлесіп ортақ тұншықтыра бастайды. Ал, Нәнкиңдегі Гоминдаң билігі Шыңжаңды Советтік күштерден (Үш Аймақ үкіметі, Моңғолия бар) тазарту үшін уақытша "Қазақ Қаупі" бар күштерімен санаса бастады. Бұл кездері Қазақтар бірмұнша саяси билікті қолына ала бастады. Бірақ, Қазақтың дені Советші Шарқи Түркістаншыл болғандықтан саяси жікке бөліну өте ауыр болды. Саяси танымы бөлек болғаны үшін бір-бірінің жағасына жармаса бастады.

Көменес қытай билігі (共产党) орныға бастаған соң Пекин үкіметі "Қазақ Қаупін" сейілту үшін астыртын Шарқи Түркістаншыл Қазақтар мен Чин Түркістаншыл Қазақтарды әдейі ерегестіріп қойды. Сонымен жаңа саяси билікке келуші Қазақ зиялылары біріккеннің орнына жікшілдікке, тапқа бөліне бастады. Шарқи Түркістаншыл Қазақтар билік құрамынан Чин Түркістаншыл Қазақтарды Пекинге жамандап, оларды аластай бастады. Орталық Пекин үкіметі Шарқи Түркістаншыл Қазақтарды пайдаланып Чин Түркістаншыл күштерді саяси биліктен тазартқан соң 1955-жылдан бастап Шарқи Түркістаншыл Қазақтарға да қырғидай тисе бастаған. Сонымен 1955-1962 жылдар арасында жүз мыңдаған Қазақтар (көбі Шарқи Түркістаншылдар) Совет одағына дүркін-дүркін қоныс аударған. Бұл кезең Қытайда "Қазақ Қаупі" мәселесінің бір мезгіл сейілген кезеңі саналады. Көне көз зиялылар аласталып орнына көменес қытай билігі өзі тәрбиелеп шығарған нағыз қып-қызыл белсенді кадрлер келе бастаған дәуір-ді. Бұның соңы қытайда Латын жазуына көшу мен Он жылдың саяси, мәдени былықпалыққа ұласқан еді.

Қытай билігі 1972- жылы әлемдік қауымдастық жағынан ресми мойындалған соң қытай-совет одағының жаңа саяси қарым-қатынасы басталған-ды. Совет одағы мен қытай қарым-қатынасының нәшарлап ушығуына байланысты совет саясатшылары қытайды іштен саяси әбігерге салу үшін "Қазақ қаупі" мәселесін тыңнан қоздырған-тын. Бұл кезеңде "Үшінші Шығыс Түркістан Респубиликасы қайтадан Құрылады" деп даурыққан-тын. Совет әскері қытайға басып кіріп, Қазақ пен Ұйғырға тәуелсіз мемлекет құрып береді деген жеосөз желдей еседі, тіпті 500 кісілік астыртын "Шығыс Түркістан Халық Тқңкерісі Партиясын" астыртын құрғызып әр өңірден бөлімшелерін ашқыза бастайды. Бұл кезең "Қазақ Қаупінің" жаңа өрлеуге көтерілген кезі еді. Өйткені, 1955-1962 де Советке ауған Шарқи Түркістаншыл көне көздер әлі басым-ды. Оның біржағы Шыңжаңда қытайдың саны аз, әскери қауқары шағын-ды. Бұл кездері Мәскеуден "Отан Құтқару" радиосы әуе толқынында еркін таралып, Бішкектен Қазақша-Ұйғырша "Алатау" телеарнасы ақпараттық соғысын дамыл қақпай жүргізіп тұрған-ды. Онымен қоса, қытайда қытай билігіне қарсы әдеби ағым пайда болып оның неше он мың оқырманы бар-ды. Совет одағымен арадағы кірбеңдік кесірінен советпен барыс-келіс тоқтап шекара тарс жабылды. Қытай Қазақтарының Қазақстанмен байланысы тоқтады.

Кейін, Совет ыдырады, қытай билігі саяси, эконмикалық әм әлеуметтік жаңа реформалар жасай бастады. Қытай билігіне ірі саяси тұлғалар келе бастады. Олар ашық әрі жанамалай "қытай ұлтшылдығын" дәріптеп қытайды жаңа алпауыт елге айналдыруды көздеді. Совет одағының ыдырауына байланысты қытайдың батысы мен терістік-батыс шекарасы жаңа тәуелсіз мемлекеттермен толысты. Қытайдың сыртқы саясаты жаңа дәуірге аяқ басты, қытай шекара тың мәселесіне дөп келді, шекара аттаған ұлттардың (мысалы, қазақ) ұлттық мәселесі пайда болды. Осындай жаңа оқиғалар ішінде Қытай назарын айрықша аударғаны- Қазақ Мәселесі. Қытайдың 90- жылдардағы мемлекет басшылары мен Шыңжаң тізгінін ұстаған қытай кадрлары бұл тақырыпқа өте айрықша мән беріп, үнемі бақылап басқару жүргізіп отырды. Қытайдың ПАНҚАЗАҚИЗМ немесе ІріҚазақ Ұлтшылдығы атауын беруі де осы кезде шырқау шыңға шыққан-ды. 90- жылдары ұлтшыл Қазақ зиялыларының жүрегі күпті еді, ол кезде әкімшілікте, саясатта, барлық салаларда Қазақтың қарасы көп еді, Қазақ мектептерінің саны екі мыңнан асатын, Қазақы елді-мекендер басым-ды. Алда жалда саяси толқу немесе референдум жасалса Қазақтар басым түсуі айдан анық-ты. Қазақтар толқыса қытайдағы ұлттық мұраты ішінде қайнап жүрген басқа ұлттардың да толқуы бойбермей елде үлкен былық басталуы әбден мүмкін еді, қытай саясаткерлерінің де үрейі осылар болатын. 91-жылдан соң Қытай билігі "Қазақ Қаупі" мәселесімен қайта әбігерлене бастады. Шекара ашылды, барыс-келіс үдеп, сауда жанданды, ал қытайда ұлттық капитализм мешеу, қауқары саябыр еді, сол себепті ықпал-күші әлсіз болды. Қазақстан туралы саяси таным әлсіз болды, маман-кадр тапшы болды. Осы олқылық орнын толықтыру үшін әрі "Қазақ Қаупін" әлсірету үшін Жаңадан Қазақтану, Қазақстантану, Орта Азиятану салаларына жол ашылды. Қысқа уақыт ішінде Қазақстантану мәселелері өте көп кітаптар мен ғылми мақалалармен толықты. Қазақ тілі мен орыс тіліне айрықша ден қойыла бастады. Қазақстанда да Қазақ жазушылары Шығыс Түркістан тариxы мен Оспан Батыр туралы жалпы қытай Қазақтары мен қытайдың әл-қуаты туралы кітаптар мен мақалалар жарық көре бастады. Екі ел Қазақтарының мәдени, туысқандық ауыс-күйісі жаңа бағытқа түсе бастады.
2000- жылдардан соң екі ел де (Қазақстан-Қытай) жаңа нарытық жолға түсе бастады. Экономикалық, әлеуметтік әлеует артты. Қытайда Қазақтардың Қазақстанға сүйенген ұлттық орта және шағын сауда өнеркәсібі дами түсті. Қазақстан азық-түліктері мен ұлттық өнімдері қытай базарын жаулай бастады; Қазақстан ән-күйі мен көңілашар театрлері қытайда өте белсенді қолдауға ие болды; Талай өнер жұлдыздары мәдени әм ұлттық ауыс-күіс жасады; Қазақстан жазушыларының әдеби шығармалары мен шетел әдебиеті Қазақстан арқылы қытайға бұрын соңды болмаған ғаламат жылдамдвқпен тарап руxани ықпал жасады; Керек десеңіз, Қазақстанның сапалы азық-түліктері базарды жаулаған соң қытайдың Шәуешек, Құлжадағы ұн заводы, сумай заводы күйреп тоқтап қалды; Қытайдағы Қазақ жастары "Қазақстан Акцентінде" сөйлеуді, Қазақстан өнер жұлдыздары мен ақын-жазушыларына еліктеуді МОДЫ немесе МӘДЕНИЕТ санады; Қазақстанға оқуға аттанушы жастардың саны орасан зор молайды; Қазақстан байрағын асып жүрушілер көбейді; Қазақстан телеарналары мен сайт-портал, радиосын тыңлаушылар саны жаңа өрлеу дәуіріне аяқ басты; қытай әлеуметтік желілеріндне KZ деп қолданушы Қазақ жастарының саны ЖҮЗ МЫҢнан асқан; отбасын, тыныс-тіршілік келешегін Қазақстанмен байланыстыратындардың саны ғаламат көп болды. Қытай ұлтшылдары, Қытай ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақтарға сенімі азайып, бұның алдағы нәтижесінен алаңдады... Өйткені, Қазірдің өзінде ҮШ ЖҮЗ МЫҢ ҚЫТАЙ ҚАЗАҒЫНЫҢ ҚОЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЫҚТИЯРХАТЫ БАР. Ал, неше он мың Виза кезегін алушылар мен неше жүз мың Қазақтың паспорт жасауға өтініш беруінің өзі ОҢАЙ САЛМАҚ емес.

Бүгінгі күндері қытайда Қазақ xалқына байланысты әрқандай саяси теріс науқандар бірі, Қазақ Қаупі мәселесін түбегейлі жойып болдырмау мақсатында туындайды. Екіншісі, Қытай ұлтшыл зиялыларының саяси билікте шындап кірісе бастағанының нақты белгісі ретінде байқалады. Әрине, қытай бүгін немесе ертең ҚАЗАҚ ҚАУПІ мәселесінен арылайвн деп тұрған жоқ. Бұл алда жалғасын таба беретін қытайдың көп бас ауыруының бірі ғана.

Елдес ОРДА Таңғы 4:18
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
05-03-18 18:55
«Конфуций институтының» ашылуы Қазақстанды қытайландырудың басты алғы шартының бірі
Әлі есімізде 2010 жылдың 1 желтоқсанында Қытай тілі Кеңсесі (Ханьбань) мен Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты әкімшілігі арасында келісім-шарт жасалды. Нәтижесінде 2011 жылы маусым айында Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты жанынан «Конфуций институтының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Кіріспе сөз сол кездегі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры – Ғ.Ж.Нұрышев сөзімен ашылып, бұған Ақтөбе облысының әкімі Е.Н.Сағындықовтың және Қытай елшісінің Бас кеңесшісі – Чэн Хоңгаңның құттықтауымен құпталды. Қазақстанда алғаш «Конфуций институтын» құру туралы келісім-шартқа 2006 жылы 20 желтоқсанда ҚР-сының Президенті Н.Назарбаев Пекинге барған сапары барысында қол қойыпты.
«Конфуций институтының» мақсаты: «Қазақстан мен Қытай арасында білім-ғылым бағытындағы ынтымақтастықты дамыту, қытай тілін үйрету, қытай мәдениеті мен әлеуметтік өмірі, экономикасы туралы ақпараттар беру, екі елдің достық қарым-қатынасын нығайту, тыңдаушыларды қытай тілі мен емтихандарын тапсыруға дайындау, емтихан өткізу. Негізгі оқыту қазақтарды қытай тілін білу дәрежесіне қарай бастауыш, орта, жоғарғы деңгейге бөліп оқыту. Қытай тілін меңгеру деңгейіне қарай (НСК, ВСТ, ҮСТ) бара-бара дайындық курстарын ашу. Қытай тіліне баулу үшін Қытай еліне тілдік саяхаттар ұйымдастыру. Қытайдың экономикасы мен мәдениетін сұғына оқып, Қазақстанда тарату және уағыздау. Барлық курстардан жақсы өткен соң тыңдаушыға әлемдік деңгейде «қытай тілін меңгерген маман» деген куәлік беріледі» т.б екен.
Бұл тізгендеріміздің барлығы жоғарғы оқу орындары аясында қалса ғой, жоқ олай емес екен. Қытай өз қызметі шеңгелін орта мектептерге де енгізуді көздепті. «Конфуций институтының» басты қызметінің біріне: «мектеп оқушыларына қытай тілін меңгеру деңгейін тексеру емтихандарын» ұйымдастыру еніпті. Тілді анықтау емтиханы «ауызша және жазбаша түрде жүреді». Бұл жаппай тілі шығып үлгермеген бүлдіршіндерімізді қытайландырудың бастамасы болды. Не керек үлкені бар, кішісі бар кез келген қытай тілін меңгергендерге Қытай тілі Кеңсесінің (Ханьбань) келісімімен куәлік беріліп, Қытай елінде оқу гранттары да табысталды.
Орыс, ағылшын тілдерінің аясында әбден әлсіреген қазақ тілінің орнына енді қытай тілдерін оқыта бастасақ, таяу болашақта өзімізді айдаҺардың аузына салып, түпкілікті жұтқызуымыз мүмкін. Конфуций дәрісінің аясында Қытайдың жоғарғы оқу орындарында қытай тілі мамндығына қазақ студенттері тартылатын болды. «Конфуций институты» бұл бағытта «қосымша қысқа мерзімді оқыту курстарын ашуды бастағаны белгілі». Қытай тілін оқыту курстарының жаппай жұмыс жасауының қаншалықты заңға томпақтығын тексеріп, онымен айналысып жатырған жергілікті «Қазақ тілі» қоғамы, ішкі саясат департаменті, құқық қорғау органдары болмады. Қытай тілінің жаппай үйретілуі бара-бара барлық жерде қытайдың мәдени-қоғамдық ұйымдарының ашылуына әкеледі. Ақтөбеде қытай тілінен дәріс беретін курстар ашылып, қытай тілін үйренуге шақырған хабарландырулар көбейді. Ал, бұл біздің елімізде қытай ұлтының бір күндері үлкен диаспораға айналуына әкелетін және Қазақстанды қытайландырудың алғы шартының бірі. Себебі, «қытай диаспорасының» көбейуі бара-бара қытай тілін білу «қажеттілігіне» алып келеді. Қытай қазірдің өзінде біздегі билік өкілдерінің сатылуымен осы басты екі бағытты жүзеге асыруға шындап кірісті және істері нәтижесіз емес те. Бір сөзбен айтқанда Қазақстанды қытайландырудың қарекеті мемлекет тарапынан Ақтөбеде ресми түрде осылай құпталған болатын.
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты жанынан ашылған «Конфуций институты» орталығы аясында қытайлықтар қазірдің өзінде еліміздің әр түпкірінде жарнамаларын үдетіп, өздерінің байланыс телефондарын беріп халықты оқуға шақырып жатыр. Барлық оқыту шараларын қытай жағы қаржыландырады. Қытай қазақ жерінде ұзағынан орнығу үшін барын шашады. «Конфуций институты» дегеніміз бет перде ғана. Біз оны қанша жерден ілім деп қабылдасақ та олар үшін саясат.
Біз мынаны қатты ескергеніміз жөн. Егер біздер «жоғары айтты болды, бәрі дұрыс» екен деп назар аудармасақ, осының барлығы ертең қытай тілін үйренген қазақтарымыздың тұрақты кәсібіне айналып, қытай қазаққа тіл үйретуді өз қазағымыздың қолымен іске асыра бастайды. Бір кезде «біздің басымызды біріктіретін орыс тілі» деген үндеумен орыс тілі де осылай қазаққа орыс тілін кәсіп еткен мұғалім қазақтардың оқытуымен түпкілікті таңылғанын неге ұмытамыз. Қит етсе ойбай, сен үндеме, бізге тыныштық керек, бізде бәрі жақсы, бәрінің бары жақсы деп, біреумен қорқытып екінші жақты үндетпей, қытайдың жымысқы саясатының құрығында кетіп бара жатырған қазіргі биліктің үлкен сөздеріне илануды доғарумыз керек. Қытай тіліне үйрету қазағымызға үлкен қауіп әкелетінін түсінетін уақыт келді. Мемлекетінің қауіпсіздігін ойлаған Малайзия мен Индонезия үкіметтері қытайдың ішке енудегі барлық жымысқы істеріне заңмен тиым салып отыр. Оларға адам құқықтарын шектеп жатырсыңдар деп жатырған бір де бір мемлекет жоқ.
«Жақында АҚШ-тың бірнеше штаттары университеттеріндегі Конфуций институттарын жауып тастады. Ал бірнеше күннің алдында ғана АҚШ-тың халқы Трамптың Ақ Үй үкіметіне хат жазып, АҚШ-тағы Қытай үкіметі құрған барлық Конфуций институттарын жауып тастауды сұрады, әрі бұл қимыл барған сайын үдеп келеді. АҚШ сарапшыларының сараптауы және тәжирбесі "Конфуций институттары АҚШ-тық азаматтардың ұстанымын құрметтемей, керісінше Қытай Коммунистік Партиясының идеологиясын жұмсақ зорлықпен ептеп үгіттейтіндігінен, әрі Конфуций институттарындағы Қытайлар Қытай үкіметіне жасырын мәлімет жіберіп, тыңшылық істейтіндігін" дәлелдеген. Қызығарлығы бұл қорытындыға АҚШ-та тұратын қытайлықтардың өзі де құба-құп келіскен» (Сайран Қожбеков, Abai.kz 27.02.2018).
Тоқетері, қытайлықтарға көрсетілген бұл «қамқорлық» уақыты келгенде олардың қоғамдағы белсенділігінің өсуіне, әсер етеді. Келе-келе қытайлық үстемдіктің сабақтарын үйрете бастайды. Мұның соңы дәлірек айтқанда өздерінің дербес әлеуметтік субъект ретінде жер мәселесінде, меншік бөлісінде бара-бара басқа да жасырын жатқан өмір сүруіне қажетті талаптарды шығарады. Екі дүниенің тайталасы туындай қалса, бір күндері Қазақстан «майдан даласы» болып шыға келуі де ғажап емес. Ауыздықталмаса «Төрт тіл төрт құбылаң» болып, қытай тілінің де өмірімізге енуі де алыс емес ағайын. Өз қолымызбен істегенімізді, өз мойнымызбен көтеретінімізді ерте бастан сезіп, білгеніміз артық болмас. С.Қожабековтың «Қытай қаржыландыратын Конфуций институттарын жабу керек», - деген ФБ парақшасындағы пікіріне өз басым қосыламын. Мемлекеттігіміздің қауіпсіздігі біздің басты бағдарымыз болғаны дұрыс.
28.02.2018. Н.Қ.



Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
02-03-18 17:24
Ш.Мұртаза ағамыздың мүйізі қарағайдай атағына, жазушылығына, шығармашылығына дау жоқ. Бірақ, халықтық мәселеде, жер сатуды заңдастырар тұста 180 гр. өзгеріп, қол қойғаны өтірік емес. Сол тұста қоғамдық пікір, зиялылар, қарапайы халық өкілдері жер сатудың зардабын айтып түсіндісе де елеген олар болмады. Сол депутаттың бірі осы ағамыз болатын. Ғылымда тирандыққа, әділетсіз ел билеушілерге қарсы күресушілерді «Монархомахтар» дейді. Европа елдерінде бұл функцияны орындаушылар әр кезде де зиялы қауымға жататын жазушылар, публицистер болған. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, С.Сәдуақасұлы сияқты Алаш зиялылары да өздерінің елдік танымы, табанды көзқарасы жағынан уақытында билік мүддесінен биік тұрды. Ж.Ақпаев заңгер ғана емес, өз заманының өткір ойлы публицисі болды. Ол жасқаншақтық көрсетпей, өмірінің ақырына дейін режиммен күресіп өтті. Кейінгі қазақ жазушылары да соцреализм тұсында да бостандық сүйгіш, жақсы өмір тілеген жайсаң жандардың шынайы тұлғаларын жасады. Мәселен Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, М.Әуезов т.б. қылышынан қан тамған кеңестік кезеңнің өзінде социалистік ауыл өмірінің шындығы мен көлеңкелі жақтарын сынай да білді. Бастарын қатерге тігіп Сталинге жазған әйгілі «бесеудің хаты» неге тұрады. Өкінішке орай, қазіргі қазақ зиялыларында аға буын ұстанған осы сонылық жоғалған. Тоқыраудан қалған әсіре күдікшілдіктен, кесірлі марғаулықтан арыла алмай келеді. Бойларында бүгінгі әділетсіз биліктің ыңғайына майысып, құбылу әлі басым. Айтарым, жағымпаз, күңгірт сөйлеуші жазушы-зиялыларымыздың пайдасынан зияны көп. Ендеше бүгінгі шынайы өмірімізді «бүркемелеген рецебінің» бізге қажеті жоқ. Қоғамдық ойды ақиқаттан ауытқуға мәжбүр етумен келісуге болмайды. Ауруын жасырған өледі ендеше Шерхан болсын, басқа болсын жазушыларымыз бүгінгі заман шындығын шынайы беруде ұсталық көрсете білу-шарт.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
01-03-18 12:48
Агентов китайского влияния в структурах казахстанской власти великое множество: от районных акимов до министров, от мелкого специалиста в акимате до члена семьи Назарбаева. Каждый из них в меру своих возможностей распродает Казахстан по частям: одни торгуют ресурсами, другие дают разрешения на строительство заводов, третьи оптом продают всю казахскую землю.

Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
26-02-18 16:17
ТАҒЫ ДА ЖЕР ТУРАЛЫ

Елдегі жаппай қарсылық акцияларынан кейін қоғамда қарсылық тудырған жер кодексінің даулы баптарының күші уақытша тоқтатылды, мораторий жарияланды. Бірақ, Жаңа заңға әлі күнге дейін ұсынылған бірде - бір өзгеріс те, толықтырулар нақты қабылданған жоқ. Демек, бұрынғы заң баптары, атап айтқанда халық тарапынан қарсылық тудырған \"төрт норма\" және қоғамдық пікірдің кейіннен қосқан қосымша өзгерістер қажеттігін көрсеткен (\"әркім\", 6-бап, 23-бап, 24-бап, 26 бап, 48-бап, 50-бап, 97 бап, т.б ) баптар әлі күшінде деген сөз. Егер осы аралықта жерді сатуды, жалға беруді тоқтататын жоғарыдағы өзгерістер енгізілмейтін болса, жер бұрынғыша сатылады, жалға беріліп жатыр деген сөз. Қаншама жерден мараторий жарияладық десек те жер саудасы халықтың ту сыртынан қазірдің өзінде жүріп жатуы әбден мүмкін. Бұл \"әлдекімдерге\" тиімді. Сол үшін де Үкімет, Парламент заңға өзгеріс енгізуге асықпай талқылауды созып отырған секілді.

19.02.2018.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
22-02-18 06:33
Мадина Сакен
11 ч ·
http://www.ntdtv.com/xtr/gb/2018/02/19/a1364116.html
Қытай Коммунист партиясының «Күміс оқ шабуылын» ауыр сындады.
Германия Сыртқы істер министрінің Қытай күміс оқтарына шабуыл жасауы: «Бір белдеу – бір жол» - демократия мен диктатура арасындағы дау
[Шин Таң Рын Бейжің уақыты, 18 ақпан, 2018] Жақында жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне назар аударатын 54-ші Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Германия Сыртқы істер министрі Габриэль Қытай «Бір белдеу және бір жол» арқылы бүкіл әлемге әсер етіп жатқанын айтты. Батыс құндылық жүйесі, демократия мен диктаторлық жүйе қайтадан пайда болды. Қытай Коммунистік партиясының «Күміс оқ ату шабуылдарына» қарсы ол Еуропадағы, Орталық Азиядағы және Африкадағы белсенді инвестицияларды шақырды.
18 ақпанда Германия сыртқы істер министрі Сигмар Габриель (Sigmar Gabriel ) Мюнхенде өткен Қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде Қытай бостандық, демократия және адам құқығынан айырмашылығы бар құндылықтар жүйесін құру үшін «бір белдеу, бір жол» іздейтінін атап өтті.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қытай жаһандық геосаясаттың мақсаттарына иелік ететін және батыл қол жеткізетін жалғыз ел болып табылады, батыс елдері қарсы әрекет етуі керек. Ол сондай-ақ Еуропаның бөліну қаупі туралы ескертіп, Еуроодақтың бірлігі Ресей мен қытай диктаторларының дара билеу стратегиясымен бұзылып жатқанын атап өтті.Қытайдың күміс оқ шабуылы науқаны алдында Еуропаны Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Африкада инвестициялауға бастама көтеруге шақырды.
Габриель (Sigmar Gabriel ) өз сөзінің соңында «қырғиқабақ соғыс жылдарынан» гөрі, әлемдегі әлдеқайда күрделі әлемде демократия мен диктаторлық жүйеге қарсы күрестің қайтадан пайда болғанын айтты.Еуропадағы қиындықтарды жеңу үшін батылдық бар ма, жоқ па, «Азия ғасыры» шынымен келе ме?
Мюнхендегі Қауіпсіздік Конференциясы барлық елдердің әскери, дипломатиялық және интеллектуалдық сарапшылары арасындағы диалогтың маңызды алаңы болып табылады. Жиылысқа АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Маттис Матис ( James Mattis ), ҚХР Коммунистік Партиясының Сыртқы істер жөніндегі Комитетінің төрағасы Фу Юн (傅莹) және Ұлыбританяның Премьер-Министр Тереза Май ( Therese May ) , Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ( Benjamin Netanyahu ) қатарлылыр қатысты.
Олардың ішінде Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Май ( Therese May ) 31 қаңтардан 2 ақпанға дейін үш күндік мемлекеттік сапармен Қытайда боглғаны-ды. Аталған мезгілде Қытай тарабы көтерген «Бір белдеу, бір жол» Қытай-Британ ынтымақтастығы турасында қызу талқы болған еді.
Алайда британдық БАҚ Май «Бір белдеу, бір жол» түсіністік туралы меморандумға қол қоймағанын айтты. Қол қоюдан бас тартудың себебі - Еуропадағы және Америка Құрама Штаттарының көптеген тұрғындары осы үлкен инфрақұрылымдық жобаның келісімшарттары қытайлық қаржыландырылатын кәсіпорындарға қолдау көрсетуінен алаңдайды..
Британиялық сарапшы Рафаэлло Пантюччи ( Raffaello Pantucci ) және Біріккен Корольдік әскери зерттеу институтының (Royal United Institute of Military Research) сарапшысы Батыс державалары «Бір белдеу – бір жол»бастамасын қабылдамаудың көптеген себептері бар екенін атап көрсетті, оның біреуі жоспарлау тұжырымдамасы тым қарапайым және нақтылы не нәрсені қолдап тұрғанын тұрақтандыру қйын екендігін атап көрсетті.
Бұдан басқа, Қытайдың жетекшілігімен «16 + 1» Қытай – Орталық және Шығыс Еуропа елдерімен ынтымақтастық жоспары ЕО-ға мүше елдердің кемінде 11 мүшесін Пекиннің ЕО-ны бөлшектеу үдерісін қозғайтынына алаңдаушылық білдірді. Тағы бір себебі - АҚШ «Бір белдеу, бір жолға» күмән келтірді. Бұған дейін Құрама Штаттар Қытайды «Стратегиялық бәсекелес» деп есептейтінін жариялады.
Еуразия, Таяу Шығыстағы және Африканың 70 еліндегі инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын қаржыландыруға бағытталған «Бір белдеу, бір жолға» бастамасын АҚШ, Германия, Франция, ЕО және Біріккен Корольдік барлығы біріккен xаттамаға қатыспаған.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
20-02-18 08:08
ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚТАР КӨК КӨЗДІ БОЛҒАН\\\" ДЕУШІЛЕРГЕ...\
\ \
\ Бүгінде бұрынғы \\\"қазақтар көк көзді болған\\\" деген бір қате ұғым тарихымызға, санамызға сіңіп, орныға бастағандай. \
\ \\\"Қазақтар көз көзді болған екен\\\" деген пікір - белгілі бір мақсатты көздеген шет-ел тарихшыларының құйтырқысы. Түркілердің, соның ішінде қазақтың ежелгі төл тарихын \\\"еуорпалықтарға таңудың\\\" идеолгиялық жымысқы уағызы. Соңғы жылдары түркілердің соның ішінде әлемдік өркениетте \\\"шоқтығы биік\\\" қазақтың бай тарихына қызығушылар көбейді. Өкінішке орай, қазақтың өткен тарихына таласушылардың, өздеріне жазушылардың арасында ассимиляцияға ұшырап, түр-түсімен еуропа пішіндеске айналған кейбір түркі халықтары да бар. Олардың көздегені Шыңғысханды, Бейбарысты т.б. көк көз, сары шашты ету арқылы қазақтың тарихына таласу. Қазақ тарихын иемденіп кеткісі келеді. Бұл саясат. \\\"Көк көз болған екенбіз\\\" деп жүріп бай тарихымыздан айырылып қалып жүрмейік. \
\ Айтарым, келешекте де осындай алдауларға келісіп, бас шұлғи беретін болсақ Шыңғысханның, басқа да қазақ қағандары мен хандарының, тархандарының, ежелгі ғасыр қайраткерлерінің қазақ екенін де дәлелдей алмай, бар жақсымыздан, тарихи байлығымыздан жұрдай боламыз. Мұндайға жеңіл-желпі қарайтын болсақ тарихтың АЙТАҚЫРЫНДА қаламыз. Қазақ ешқашанда көк көзді болған емес. Бұл тарихшылардың қателігі. \\\"Көк көзді\\\" деген ешқандай ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген, негізі жоқ құр пайымдаулар. ҚАЗАҚ ТАРИХШЫЛАРЫ БҰЛ МӘСЕЛЕГЕ ҚАЙТА ОРАЛЫП, ҚАЛЫПТАСҚАН ҚАТЕ ҰҒЫМДЫ ТҮЗЕУЛЕРІ ҚАЖЕТ.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
16-02-18 04:13
Нұрлыбай Қошаманұлы
16 февраля 2017 г. ·
"ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚТАР КӨК КӨЗДІ БОЛҒАН" ДЕУШІЛЕРГЕ...

Бүгінде бұрынғы "қазақтар көк көзді болған" деген бір қате ұғым тарихымызға, санамызға сіңіп, орныға бастағандай.
"Қазақтар көз көзді болған екен" деген пікір - белгілі бір мақсатты көздеген шет-ел тарихшыларының құйтырқысы. Түркілердің, соның ішінде қазақтың ежелгі төл тарихын "еуорпалықтарға таңудың" идеолгиялық жымысқы уағызы. Соңғы жылдары түркілердің соның ішінде әлемдік өркениетте "шоқтығы биік" қазақтың бай тарихына қызығушылар көбейді. Өкінішке орай, қазақтың өткен тарихына таласушылардың, өздеріне жазушылардың арасында ассимиляцияға ұшырап, түр-түсімен еуропа пішіндеске айналған кейбір түркі халықтары да бар. Қазақ тарихын иемденіп кеткісі келеді. Бұл саясат. "Көк көз болған екенбіз" деп жүріп бай тарихымыздан айырылып қалып жүрмейік.
Айтарым, келешекте де осындай алдауларға келісіп, бас шұлғи беретін болсақ Шыңғысханның, басқа да қазақ қағандары мен хандарының, тархандарының, ежелгі ғасыр қайраткерлерінің қазақ екенін де дәлелдей алмай, бар жақсымыздан, тарихи байлығымыздан жұрдай боламыз. Мұндайға жеңіл-желпі қарайтын болсақ тарихтың АЙТАҚЫРЫНДА қаламыз. Қазақ ешқашанда көк көзді болған емес. Бұл тарихшылардың қателігі. "Көк көзді" деген ешқандай ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген, негізі жоқ құр пайымдаулар. ҚАЗАҚ ТАРИХШЫЛАРЫ БҰЛ МӘСЕЛЕГЕ ҚАЙТА ОРАЛЫП, ҚАЛЫПТАСҚАН ҚАТЕ ҰҒЫМДЫ ТҮЗЕУЛЕРІ ҚАЖЕТ.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
15-02-18 19:09
Н.Қошаманұлы Ақтөбе қ. 17 Қаңтар, 2018, 16:43
Қазақстанға АҚШ-тың ірі мұнай компаниялары қазірдің өзінде 50 миллиард доллар инвестиция құйып үлгерді. Президенттің осы сапарында 7,5 миллиард доллардан асатын сомаға 20-дан астам келісім-шарт жасалатын болды. АҚШ пен Қытай арасында Қазақстан үшін талас басталды. Құрығына түсірді, АҚШ енді бізден оңайлықпен айырыла қоймас. 38,5 млрд. доллары бұғатталған Қазақстанды енді Трамп икеміне қарай айтқанына көндіреді, айдағанымен жүргізеді. Аймақтағы саяси, экономикалық ықпалын басым ету жолында Назарбаевты әлі біраз мұрнынан тартып сүйрелейді. АҚШ кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасатады. Әрине экономикалық қарым-қатынас керек. Дегенмен, «Ұлттық қорымыз» ойдан да, қырдан да бұғатталып, түгесілуге жақындап, бүгінде экономикамыз шатқаяқтап тұрғанда, қарыз үстіне қарыз алудың соңы бізді тек АҚШ емес, басқа да алпауыт мемлекеттерге әбден кіріптар етеді. Бұған 169 млрд. доллар сыртқы қарызымызды және қосыңыз. Екі ал арасындағы «5+1» форматындағы ынтымақтастыққа қол қойылуы Ресейдің қытығына тигені. Халықты екі жақты ішкі қанау аз болғандай енді бұған «сыртқы қанау» қосылады. Экономикалық қанаудың салдары біздің қалталы буржуаларға әсер ете қоймас, бірақ қарпайым халықтың әлеуметтік тұрмысына әсері болады. Өзгеге тәуелділіктің қамытын ұзағынан киетін болдық. Бұл ынтымақтастықтың біз үшін пайдалылығы мен зиянының қандай болатынын уақыт көрсетеді. Тірі болсақ бәріне куә болармыз…
17.01.2018.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
15-02-18 14:44
Мальдив мемлекеті Қытайдан қарызға алған ақшасын қайтара алмай, өз жерінен айрылуға мәжбүр!
Мальдив мем қарызының 80% қытайдікі егерде бір жылдан кейін төлемесе территориясының бірәзін қытайға сыйлайт!
https://asia.nikkei.com/…/Maldives-faces-Chinese-land-grab-…
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
15-02-18 08:19
ҚЫРҒЫЗДАР ҚЫТАЙЛЫҚТАРДЫ ҚУЫП ЖАТЫР.
Себебі қырғыз халқын қолдаушы билігі, шынайы сайланған халықтық Парламенті бар. Еркіндік, сөз бостандығы бар. Іс әрекеттерінің заңдық күші бар екенін сезінеді. Алғашқы жылдары бірнеше қанды революцияларды басынан өткерген қырғыз халқы үлкен сабақтан өтті. Бүгінде қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, әлеуметтік тап кез-келген туындаған әлеуметтік-экономикалық бағытты талаптарын, саяси іс-қимылдарын билік құрылымдарымен үйлестіріп отыратын болды. Барлығы заң аясында. Ал, бізде бәрі керісінше. Халық сөзін сөйлейтін бірде-бір өкілетті билік жоқ. Ашық ойыңды білдіре алмайсың, қудалауға ұшырайсың...
15.02.2018.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
15-02-18 08:16
«Асығыстықта ағаттық көп» - мұндай реформаға бару ерте.

Жаңа келген міністір Мәдина Әбілқасымова өз күнін әрең көріп, қалт-құлт етіп отырған «халықтың кедей» бөлігіне салық салмақшы. Олар: базардағы арбакештер, құл базардан жалданып біреудің үйін тұрғызып жүргендер, темір - терсек тапсырып саяжайдағы отбасын әрең асырап жүрген үйсіздер, ауылдағы ата-анасына салмақ салмау үшін түн ұйқысын бөліп мейрамханалар мен кафелерде оқу ақысын тауып жүрген студенттер, бала-шағасы үшін қорасындағы 4-5 ірі қарасы, қаз үйрегіне қарап отырған ауыл тұрғындары.

«Асығыстықта ағаттық көп» - қара халыққа бағытталған мұндай реформаға бару ерте. Оның уақыты келген жоқ.
«Тышқан ініне кіре алмай, құйрығына қалжауыр байлайды»-деген, міністір М.Әбілқасымова мұндай қадамға баратын болса, осыдан туындайтын елдегі көпті толғантқан жалпыұлттық дағдарыстар тереңдей келе, бұл елде әлеуметтік наразылықтарды тудыруы әбден мүмкін. Монополист шетелдіктердің зорлық-зомбылығы мен жемқорлықпен былғанған жергілікті шенеуніктердің олармен сыбайластығы, өзгеге тәуелділік, экономикалық тапшылық пен ауыл халқының тұрмыстағы мұқтаждығы, кедейшілік, халықтың әлеуметтік құқықсыздығы «халықтың басқа жіктерінің» қарсылығын тудырады. Бұл АКСИОМА.

15.02.2018.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
15-02-18 08:15
ШЫҰ МҮШЕ ЕЛДЕР БАСШЫЛАРЫ НАЗАРЫНА

Қытай басшыларының ұлыдержавалық бағыты, гегомонистік даңғойлығы шектен шығып барады. Шовинистік пиғыл мемлекеттік саясаттың негізіне айналды. Қазіргі Қытайда кіші ұлт кадрларын, зиялыларын, қарапайым адамдарды дәстүрі, діни ұстаным-сенімдеріне қатысты жаппай жазалау мен қудалау тоқтар емес. Тіптен өршіп барады. Қытай билігі кіші ұлттардың дәстүр ерекшелігімен санасқысы жоқ. Ұлт аудандарындағы жергілікті халықтың мектептерін жауып, зорлықпен қытай жазуына, оқуына көшіріп жатыр. Қытай үкіметінің мұсылман жұртының құран кітабын, жайнамаздарын, тасбиxтарын тұтас жинап алып, өртеуі кешегі Мао Цзэ-дунның \"Мәдени революциясысының\" қайталануына ұқсайды. Екіжүзділік, ұсақ ұлттарға жүргізіп жатқан \"қастандық тактикасы\" бүгінгі Қытай режимінің тұрақты идеялық және саяси бағдарына айналғандай. Бұл жазалау шаралары, қытайдың өз дамуының объективтік қажеттеріне қайшы келеді. \"Экстремизм, теророизммен күрес\" деген желеумен халықтың бір бөлігін \"тап жаулары\" атандырып, оларға қарсы халықтың екінші бөлігін (қытайлықтарды) қарсы өшіктіру, ұсақ ұлттарға көрсетіп жатқан қысымшылық, ерте ме кеш пе Қытайдың өз ішінде ішкі әлеуметтік тұрақтылықты, ұлтаралық ахуалды ушықтыруға әкелуі мүмкін. ШЫҰ мүше 5 мемлекет басшылары ЖАРҒЫҒА сәйкес бұған назар аударғандары жөн.
14.02.2018.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
28-01-18 04:53
Нұрлыбай Қошаманұлы
28 января 2017 г. ·
\"В ЕНПФ признались в многомиллиардных убытках\" -деп, билік СҮЙІНШІ сұрап жатыр ХАЛЫҚТАН.

Оның \"ПРИЗНАНИЕСІ\" кімге керек, нанға май қып жағып жейміз бе? Кім кінәлы, неге қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды? Неге аты аталып, түсі түстелмейді? Жоғалған, ұрланған шығынды кім толтырады. Мемлекеттің кезінде берген кепілдігі қайда? Олардың призаниесі мен үлкен сөздеріне малданып отыра береміз бе? Құқықтық органдар қайда қарап отыр? Халықтың ақ-адал маңдай терімен жинаған ақшасын сұрауы жоқтай талан-таражға сала береді ме? Зейнетқорының иесі қарапайым халық қой. Халықты кім қорғайды, оның сөзін кім сөйлейді? Туындаған сан сауалға кім жауап береді?
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
26-01-18 18:32
ҚР Сыртқы Істер Министрлігіне!!!
ХАТ

Соңғы кезде Қытайдың шектен шыққаны сол енді "Қазақстан азаматтарын" қамауға алып жатқан көрінеді (БАҚ деректерінен). Сонда өз азаматтарымызды кім қорғайды? Қытай емес, керісінше "Қазақстан азаматтары" қорғансыз жағдайға түскендей. Бұл Қытай билігінің Қазақстанның ішкі істеріне араласуы емеспе. Қазақстан азаматын қамауға алып жатса да Сырты Істер Министрлігі неге үнсіз?
Айтарым, мәселе мемлекеттік деңгейде, қала берді Шанғай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) аясында көтерілуі тиіс. Бұған "Шанхай бестігіне" мүше: Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттері өкілдері араласады деп үміттенеміз. "Бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, өзара күш қолданбау және қоқан-лоқы көрсетпеу" ШЫҰ жарғысында анық көрсетілген. Ендеше, ҚР СІМ-гі Қытай мен Қазақстан арасындағы қалыптасқан күрделі мәселені назарға алса екен дейміз.
Н.Қошаманұлы, Ақтөбе қ.
25.01.2018.

Достар, осы жазылған ХАТ ҚР Сыртқы Істер Министрлігіне жетті. Хат төмендегі азаматтарға тапсырылыпты.
Олар: Тілеуберді М. Б. (Первый заместитель министра) тел. 72-00-12
Мукашев Е. Б. (Заместитель директора) тел. 72-01-91
Айдашев А. И. (Руководитель управления) тел. 72-04-93
Орындалу күні: 08.02.2018 ж. Жауап беру мерзімі 15 күн. Жоғарыдағы телефондарға кез-келген азамат хабарласуларына болады.

Қазіргі кезде бұл мәселе әлеуметтік желілерде үлкен пікірталас тудыруда. Ол жақтағы туғанынан, туысынан хабар ала алмай шерменде жүрген қаншама жандар бар. Халықтың алаң көңіліне жайбырақат қарауға болмайды. Мәселе көтерілді екен, қоғам бұған араласуы керек. ҚР СІМ-гі, Үкімет, Парламент, халқаралық адам құқын қорғаушы ұйымдар бұған назар аударулары тиіс.

Қытай үкіметі де бұған түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз. Жанашырын таппаса, жақсылық қанатын жаймас - қазақстандық барлық қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, саяси партиялар, Парламент, жергілікті мәслихат депутаттары, Жазушылар Одағы, журналистер қауымы барлық деңгейде ҚР СІМ-не, Қытай үкіметіне Хат-тар ұйымдастырып, мәселенің ақ-қарасын айқындауда қолдаушылық білдірсе дейміз.

26.01.2018.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
22-01-18 20:58
Мемлекеттік тілді менсінбейтін тілші
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ - 16 Мау, 2017 224 рет оқылды 0

Қоғамда өкінішпен айтар жағдайлар көп. Тәуелсіздік алған 25 жылда қазақтілді БАҚ өзіне берілген құқық пен бостандыққа толыққанды қол жеткізе алмай отыр. Басқа мемлекеттердің тіл төңірегіндегі тәжірибесіне зер салсақ, алдымен мемлекеттік тілдің үстемдік етуі назарға алынады. Ал Қазақстандағы жағдай қалай?

Таяуда әлеуметтік желіде қызу талқыға салынған жағдай былай өрбіген. Ақтөбеде «Ескерткіштер – ел тарихы» атты шара аясында Әлия Молдағұлова ескерткішінің алдында акция ұйымдастырылады. Сол кезде Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының бас инспекторы Фархад Досмұратов жергілікті РИКА телеарнасының тілшісі Ләззат Сахиеваға орысша сұхбат беруден бас тартып, мемлекеттік тілде жауап береді.

Фархад Досмұратовтың мемлекеттік тілде сөйлеуі тілшіге ұнамаса керек, орысша сөйлеуін талап етіпті. Алайда инспектор үзілді-кесілді қарсылық танытып, сондай-ақ, орыс редакциясының журналисі қазақ болса, оған да тек қана қазақ тілінде сұхбат беретінін айтады. Ол: «Мұндай шараларды орыс халқы қарамайды. Қазаққа, қазақтың тарихына қатысты шараларға қызығатын аудитория бар ма өзі? Мұны айналып келгенде өзіміз көреміз. Бұл өзімізге ғана керек. Сондықтан тек қана қазақша ақпаратпен бөлісемін» дейді. Оның бұл пікірі шамбайына тиді ме екен, РИКА телеарнасының тілшісі инспекторды «нацист» деп негізсіз айыптауға дейін барған.

Журналист эфирге шыққан сюжет соңында мемлекеттік инспекцияның мамандары ескерткішті күту жұмыстарымен ғана емес, өз мәдениеттерін де түзеумен де айналысу керектігін ескертеді. «Біз шара өткізілетін жерге редакция тапсырмасымен барғанбыз. Ұйымдастырушылардан екі тілде ақпарат бере алатын маман тауып беруін сұрадық. Бас инспектормен қазақ тілінде амандастым, сөзімді қазақшадан бастадым. Телекомпаниядан келіп тұрғанымды және екі тілде ақпарат алатынымды ескерттім. Ол кісі бірден орыс тілінде беруден бас тартты. «Орыс тілінде бермеймін» деді. Әрине, орысша сөйлей алмайтындар да болады. Оларға түсіністік танытып, аударма жасаймыз. Қазақ­стан көпұлтты мемлекет. Жақында ғана президент тілге қысым жасамауды ескертті. Еліміздің көп ұлтты мемлекет екенін айтады. Журналистикада 16 жылдан бері жүрмін. Осындай жағдаймен бірінші рет бетпе-бет келдім», – депті журналист Ләззат Сахиева.

Бір Сахиеваның басындағы жағдай күллі қазақ журналистерінің маңдайына баяғыдан жазылып қойылған. Күні бүгінге дейін қазақ журналистерінің көрген күні мәтін аударумен өтеді. Билік басындағылардан бастап, қоғамдағы кез келген ұйым мүшелерінің орысша пікірін қазақшаға аударып жүрген қазақтілді журналистер не деген жансебіл? Ал әлгі тілшінің «Орысша жауап бермеді» деп өкпелеп, шулататын не жөні бар? Дүние кезек…

Біріншіден, «Тіл туралы» заң баптарына жүгінсек, азаматтың мемлекеттік тілде жауап беруі заңды. Және кез келген азамат қай тілде жауап берем десе, өз құқы. Екіншіден, мемлекеттік тілдегі жауапты менсінбестен, мемлекеттік қызметкерді «нацист» деп эфир арқылы айыптаған РИКА ТВ арнасы заңбұзушылыққа жол берді. Ең өкініштісі, мұның астарында ұлтараздық қақтығысты тудыратын элементтер қылаң етеді.

Қоғамдық ұйым өкілдері, сондай-ақ Ақтөбе қаласының тұрғыны Нұрлыбай Қошаманұлы бастаған азаматтар бұл мәселені ҚР Бас прокурорының назарына ұсынып, тиісті шара қолдануын сұрады. Онда: «Ақтөбедегі РИКА ақпарат кеңістігі мен бизнес желілерін ұстап отырған медиа топтың тілшісі Ләззат Сахиева тарапынан «өзінің қызметтік сұхбаты аясында» (ҚР қылмыстық Кодексінің 141-бабының 2 тармағы), қазақ азаматы Фархад Досмұратовтың «тегіне, нәсіліне, ұлтына қарай кемсітушілік» (ҚР-сы Конституциясының 14-бап, 2-тармақ), және «бүтін бір халықтың ар-намысына тиетін» ауыр сөздер айтқаны және «нәсілдік, ұлттық астамшылықты» уағыздайтын «дискриминация» мәселесін көтергені үшін тілшінің үстінен құқықтық шара қозғалуы тиіс. Бұл жөнінде соңғы күндері БАҚ құралдарында, әлеуметтік желілерде көп жазылды. Ұлттық мүдде, ұлттық намыстан биік тұратын ешқандай мұрат жоқ. Саяси тұрғыдан алғанда тілші Ләззат Сахиеваның ісі жүгенсіздік, азаматтық намысты қорлау. Сондай-ақ, Ләззаттың сөзінде Қазақстан халықтарының татулығы мен бірлігіне, ынтымақта өмір сүруіне сына қағатын қарекет барына назар аудару қажет деп есептеймін. Мұны аяқсыз қалдыруға болмайды. Көпшіліктің бұл наразылығы ҚР Бас прокурорының, Ақтөбе облыстық прокурорының назарына алынуы тиіс. Осы мәселеге байланысты, бірінші, РИКА ТВ арнасы ФАКТ бағдарламасының жүргізушісі, тілшісі Ләззат Сахиеваның «астамшылық» әрекетіне байланысты – қоғам белсенділерінің қатысуымен «арнайы комиссия» құрылсын. Комиссия құрамына саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, заңгерлер, облыстық ішкі саясат басқармасы және жергілікті «Ұлттар ассамблеясындағы» диаспора өкілдері де тартылсын. Екінші, ҚР азаматы ретінде оны жауапкершілікке тартып, оның іс-әрекетіне ҚР-ның «әкімшілік, қылмыстық кодексі» тұрғысынан құқықтық баға берілетін болсын. Үшінші, алдағы уақытта мұндай «астамшылықты» қайталамау үшін комиссия жұмысының нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа жария етілсін» делінген.

РИКА ТВ арнасының тілшісі үлгіні алыстан емес, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтан алса болмай ма? Облыс әкімі қытайдың кәсіпкерлерін «Қазақша үйреніп келіңдер!» деп есіктен кері қайтарғанын қалайша ұмытқан? Ал егер облыс әкімін айтпағанның өзінде, Елбасы Н.Назарбаевтан орысша сөйлеуін сұраған тілшіге: «Орысшалап өзің айт» деген жауабы қазақ тіліне қатысты сан сауалдың тобықтай түйіні емес пе? Елбасы неге бұлай жауап берді? Ең бастысы, Елбасының тілге деген құрметі басқа да мемлекеттік шенеуніктерге, жалпы қоғамға үлгі болуға тиіс еді… Бірақ…
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
22-01-18 13:03
Қожаға – сере қазы, құлға – сүйек-саяқ

Ресей, Қытай секілді державалар Қазақстанды тәуелсіздігін кеше ғана алған отар елдердің бірі ретінде әлеуметтік азаттыққа апаратын жолға түскенін қаламайды. Шетелдіктер әр кезде де отар елдерге кіргенде оның байлығына өз үстемдігін ұзағынан сақтап қалу үшін «өкіметтегі өз сыбайластарын» параға сатып алуды мейлінше пайдаланып, бірте-бірте сол елдің экономикалық және саяси жағдайына бақылауды өз қолдарына алуды көздейді. Себебі, жасыратыны жоқ қазіргі кезде қытайлықтар мен билік арасында экономикалық сыбайластық бар. Ол аз болғандай қазақтың өз ішінен шыққан қытайлықтардың өндірісін жүргізіп отырған «орташа бастықтары» бар күш – жігерін, ақыл-білімін қандастарын (жұмысшыларын) езіп-жаншуға, қытайы қожаларының бетіне жел тигізбеуге жұмсайды. Біз мұны мойындауымыз керек. Осындай мақсатпен енген Қытай мен басқа да шетелдік трансұлттық корпорациялар бүгінде бізді бағынышты етіп ұстау үшін өздерінің бет-бейнесін бүркемелеген отаршылдықтың жаңа жүйесін енгізіп жатыр. Бұл экономикалық бұғау қазірдің өзінде қазақ елін қылғындыра бастады.
Бұл аз болғандай түрлі жолмен ірі көлемдегі жерлерді ұзақ мерзімге жалға алғандардың ішінде жерді екінші деңгейдегі банктерге кепілдікке қойылып, қыруар қаржы несиеге алынып, бірақ қайтарылмай кепілге қойылған жерлердің банк иелігіне өтіп кеткен жағдайы бар. Мәселен, Алматы облысы, Райымбек ауданының біршама жері Эксимбанкке өтіп кеткен. Қазір ол жерлерді не мемлекет өзіне қайтара алмай, не халыққа бере алмай жатыр. Ондай оқиғалар республика бойынша аз болмауы мүмкін. Ал коммерциялық банктерді шетелдіктердің сатып алуына немесе банктің өз мүлкін еркін сатуына ешқандай тосқауыл жоқ. «Банктер кепілге қойылған мүлікті несие қайтарылмаса сот шешімінсіз-ақ сатуға шығаруға мүмкіндігі бар, осы жолмен көптеген жер телімдері шетелдіктердің иелігіне өтіп кетуі ғажап «емес» деп жазды «Абай кз» порталы. Құрылтайшысы Ресей болып табылатын «Сбербанкте» қандай меншіктер кепілде барын да текесеріп жатқан құзырлы органдар жоқ.
Қазіргі күні Қазақстандағы ірі инвестор мемлекет Қытай екені жасырын емес. Әуелгі келісім қалай еді? Көршіміз Қазақстанның Қытаймен шекаралас жатқан Батыс өңіріндегі көмірсутектердің көзін тауып энергетикалық қорғанысты нығайта отырып шикізатты тасымалдау керек болатын. Сөйтіп, қытайлық компаниялар мұнай-газ саласында белсенді жұмыстарын бастап кетті. Қазір еліміздегі мұнай өндірісінің 40 пайызы қытайлық компанияның бақылауында. Оның ішінде CNPC – Ақтөбемұнайгаз көш бастап тұр. Дерек көздерінің айтуына қарағанда Ақтөбе мұнайының 90 пайыз акциясы солардың қолында. Көш бастағанда да заң бұзудан да, экономикалық қитұрқылықтан да көш басында тұрған осы компания. Оның үстіне шетелдiк азаматтардың (қытайлықтардың) Қа¬зақстан азаматтарымен некеге тұруы да белгiлi дәрежеде қо¬сымша мәселелер туындатады. ҚР «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» заңының 14-бабы бойынша Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен және басқа адамдармен некеге тұрып және оны бұза алады.
Қазақ мемлекеті мұнай газ саласында отандық компаниялардың үлесін арттыру туралы талап қойып, саясат жүргізіп отырса да, «CNPC –Ақтөбемұнайгаз» өзінің негізгі бас компаниясы «CNPC CHINA» - ның қарамағындағы еншілес компанияларды дамытуға басымдық береді. СНПС тің Қазақстандағы еншілес компанияларының құрылымы төмендегідей:
1. «ChinaPetroleumTechnology&DevelopmentCorporation»
Қызметі: өндіру, тауар және жабдықтарды тасу
Қазақстандағы еншілес компаниялары:
1. «Восточная Корона» ЖШС;
2. «Ақтөбе Мұнай Маш Комплект» ЖШС;
3. «Ақтөбе Нефте Маш» ЖШС;
4. «Каспий Ойл Тех Сервис» ЖШС;
5. «Сырдария Нефте Сервис» ЖШС;
(Дереккөз: CPTDC сайтының түсірілімі
http://www.cnpc.com.cn/cptdc/CPTDCNEW/CPTDCWorldwide/default.htm)
2. ChinaPetroleumEngineeringandConstruction (Group) Corporation
Қызмет түрі: инжиниринг және құрылыс
Қазақстандағы еншілес компаниялары:
1. «ВСП Интернациональ» ЖШС;
2. Чжунте Қазақстан
3. «Арман-Құрылыс» ЖШС;
4. Қытайлық инженерлік-құрылыс мұнай компаниясы
5. Қытайлық мұнай корпорациясының құрылыстық жобалау жұмысы бойынша ашылған қазақстандық ЖШС филиалы
3. Great WallDrillingCompany
Қызмет түрі: бұрғылау операциялары
Қазақстандағы еншілес компаниялары:
1. «ККБК Великая стена» ЖШС
2. «Восток нефть и сервисное обслуживание» ЖШС
3. «Батыс-Мұнай» ЖШС
Дереккөз: Great WallDrillingCompany аталған ЖШС лардың құрылтайшы үлесі
4. ChinaNationalLoggingCorporation
Қызмет түрі: геологиялық және геофизикалық қызмет
Қазақстандағы еншілес компаниялары:
1. БИДЖИПИ геофизикалық қызмет
2. КНЛК Интернешнл Қазақстан
3. М-техсервис
(Дереккөз: http://www.hkexnews.hk/listedco/listconews/sehk/2011/12...225624/E106.pdf)
Шетелдік монополистер (қытайлықтар т.б) Қазақстанды шикізаттың қоймасы, капиталын үстемелу және өнімін тиімді өткізудің нарығы, шектен тыс пайданың көзі деп қарайды. Қазақтардың саяси және экономикалық тіршілігне ықпал жасайтын маңызды тетіктері мұнай, газын әбден иеленген олар, енді міне қалған өндірісі мен ауыл шаруашылығын, жеріне (территориясына) қожалық етуге ұмтыла бастады. Қазақстан олармен 24 млрд доллар тұратын 50-ден аса келiсiмге қол қойды. БАҚ құралдары бүгінде Қытайдың 4 алпауыт ауылшаруашылық компаниясы, атап айтқанда CITIC, COFCO, Rifa Holding Group, AIJIU Қазақстанның ауыл шаруашылығы нарығына тағы кiргенін жазды. Ресей елi Байқоңыр ғарыш айлағы және 7 әскери полигондар орналасқан жерлердi сатып алуға мүдделi. Себебi Ресей Бай¬қоңырды жалға алғаны үшiн жыл сайын 15 млн. доллар әскери полигондар орналасқан жер үшiн 24 млн. доллар төлеп отыр. Егер ол жерлердi жеке меншiкке сатып алса, оған миллиондаған доллар ақы төлеудiң қажетi болмайды.
Бұған қанаудың капиталистік формасын қабат қолданып жүрген жергілікті жер иемденуші үстем тап, бүгінде 4 млн.га жерге ие болып отырған латифундистер мен олигархтарды, заңды тұлғаларды және қосыңыз. Иелігінде 100 мың, 200 мың, 400 мың, 500 мың тіпті 800мың гектардан жері бар В. Школьник, С. Терещенко, С. Кулагин, В. Метте (марқұм), Р. Мадинов сияқты алпауыттар пайда болды. Дамыған капитализм мемлекеттерінде ұлттық байлықтың 40-50%-нан астамы мемлекет меншiгінде. Нарықтық қатынастарға өткен қытайдың өзінде 90% мемлекет меншiгінде. Мәселен, АҚШ өз мұнайының 80% табысына ие болса, Ресей 60-65% - қалдырады екен. Ал, Қазақстан мұнайдан түскен табыстың әр тоннасынан бар – жоғы тек 16 пайыз үлес алады екен. «Осындай жағдайды бiле отырып, жер сатудың неге алып баратынын сезе отырып, ҚР Пар¬ламентi неге жер сатуға мүм¬кiндiк беретiн заң қабылдайды?» - дейді халық. Жер қазақ халқының қолындағы соңғы меншігі, стратегиялық тетігі. Жерінің тұтастығына, халқының бірлігіне, мемлекетінің қауіпсіздігіне төнген қауіпті сезінген қазақ халқы ҚР Жер кодексінің қазіргі нормалары Қазақстан халқының мүдделеріне сәйкес келмейтінін, өз құқықтарының сақталуын талап етіп ереуілдерге шықты.
Әдетте шетелдік монополистер азаттық алған елдерде экономикасының ең табысты салаларын - кен шығару, өңдеу өндірісін иеленеді. Сатып алу, пара беру жолымен билік тетіктеріне де мүдделес лоббистерін кіргізіп, көп жеңілдіктерге ие келісім-шарттарға қол жеткізеді. Қолдары жеткесін өз талаптарын зорлап ұсынып, бұл елдерді іштен қанай бастайды. Шетелдік монополистік қанаудың бірте-бірте мемлекеттік монополистік қанауға ұласуы «жұмысшы табын» және халықтың басқа да бөліктерінің наразылықтарын тудырады. Осыдан туындайтын елдегі көпті толғантқан жалпыұлттық дағдарыстар тереңдей келе, бұл әдетте қалың бұқараны белсенді қимылға, ашық қарсылықтарға баруға итермелейді. Монополист шетелдіктердің зорлық-зомбылығы мен жемқорлықпен былғанған жергілікті шенеуніктердің олармен сыбайластығы, өзгеге тәуелділік, экономикалық тапшылық пен тұрмыстағы мұқтаждық, еңбекшілердің әлеуметтік құқықсыздығы «жұмысшы табы» мен «халықтың басқа жіктерін» көшелерге шығарады. Осылай билеуші тап дәрменсіздігінен халқын қанаушы тапқа қарсы арандатады.
Біз бір нәрсені анық түсінуіміз керек. Кешегі Атырау, Ақтөбе, Жаңаөзен, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Семей, Алматы ереуілшілерінің көздегені: жерінің бүтіндігін сақтап қалу, соның ішінде шетелдіктердің саяси - экономикалық басыбайлығынан құтылу болатын. Өзіңнің ырыздық бұлағыңды өзің билеп, өз қалауыңша өмір сүргенге не жетсін. Халықты «екі жақты қанау» дегеніміз осы. Ал, екі жақты қанау тереңдей келе халықтың екінші бөлігінің наразылығын тудырады. Наразылық ушыға келе еріксізден «қаналушы тапты» (бұқара) көшеге шығаруға мәжбүрлейді, бұл АКСИОМА. Мұның емі: үкімет «Жер туралы кодекстің» 170-бабы, 3-тармағы бойынша қанша адамға қанша жер берілгенін есептеп, қаншалықты заңа аясында орындалғанын жұртшылыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етуі тиіс. Үкіметтің халық алдында есеп беретін кезі келді. Жердi сату, жалға беру мен жер салығының әдiлеттi, экономикалық негiзделген ақысы бел¬гiленiп, заңмен бекiтiлуi тиiс. Алдағы бірер жылда пайдаланылмай жатқан және дұрыс игерiл¬меген жерлердi толық тү¬гендеп, оларды мемлекет меншi¬гiне алу мәселесiн бастау қажет. Қазақ халқы ауыл шаруашылығын шетелдіктерсіз өз күшiне сүйенiп көтере алады. Бұған еш күман болмасын.
Бір ғана Ақтөбедегі митингіде әділетсіздіктен титықтаған халық құнарлы жерді аукцион арқылы өзіміздің ғана емес, шет елдің алпауыттарына сатуды көздейтін кодекс баптарын алып тастауды, жалға бермеуді, жердi сату, сатып алу үдepici шаруаның мүддесiн көздеуi керек, жер шаруашылық айналымынан шығып кетпеуі, шаруаның қолынан саудагердің қолына өтiп кетпеуi қажет дегенді көтерді. Жергілікті жұмысшылар мен қытайлықтардың арасындағы жалақы айырмасының теңсіздігін айтты. Олар еңбек жағдайларын жақсартуды және басқа да тиесілі әлеуметтік теңдіктің, жұмысшы мүддесінің өкімет тарапынан қорғалуын, демократиялық құндылықтардың сақталуын, талап етті. Бұдан ешқандай да құбыжық іздеудің қажеті жоқ. Мұндайға олар шетелдіктермен ауыз жаласқан мемлекеттік монополистердің өктемдігін тежеу, өз құқықтарын қорғау мақсатында мәжбүрліктен барды. Те¬рең талдау мен мониторинг жасап алмай, халықтың келісімінсіз, ту сыртынан ауыл шаруашылығы саласына шетелдiк жұмыс күшiн тарту бастамалары әлеуметтiк қақтығыстарға ұрындырарын мойындауымыз керек.
Халқымыздың өмір сүру деңгейі «қандай деңгейде» деген сұраққа жауап берер болсақ, мынаған қараңыз: The Good Country өмір сүруге қолайлы, қауіпсіздігі жоғары, азаматтардың әл-ауқаты жақсы ең үздік елдер тізімін жасады. Біздің ел тізімде 110-орынды иеленді. Бұл туралы life.ru сайты жазады. Ендеше, «жерінің тұтастығын» ту етіп, іштегі әлеуметтік, қоғамдық қатынастарды ушықтырушы басты фактордың бірі - шетелдік қанаушы таптың заңнан тыс іс-әрекетіне қарсы наразылық келтірген бұқараның «экономикалық тәуелділіктен» туындаған табиғатын түсіністікпен қабылдағанымыз дұрыс болар еді. «Қожаға – сере қазы, құлға – сүйек-саяқ» күйін кешкен, кешегі көшеге шыққан халықтың көздегені бар болғаны қазақ елінің шынайы экономикалық тәуелсіздігін сақтап қалу ғана болатын. Айтарым, еліміздің тыныштығын, бірлігіміздің бектігін ойласақ Жер Кодексіне қатысты құрылған үкіметтік комиссия жоғарыдағы жайларға баса назар аударады деп үміттенеміз.

Құрметпен Нұрлыбай Қошаманұлы
ҚР Журналистер Одағының мүшесі,
Жер кодексіне байланысты Ақтөбе облысы бойынша құрылған үшжақты комиссия мүшесі.
Ұялы тел: 87785976287
07.06.2016 жыл.


Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
21-01-18 05:42
ТАҒЫ ДА ЖЕР ТУРАЛЫ

Біз, әрқайсымыз, тарих алдындағы жаупкершілігімізді сезінуіміз керек. Осындай науқаншылықпен жүргізілген осыған дейінгі жекешелендіру не берді? Нарық экономикасының заңы деп зауыттар сатылды, әлеуметтік маңызы бар электр қуатын да, байланыс жүйесін де шетелдіктердің қолдарына ұстаттық. Жер асты байлығы мұнай мен газды әлі күнге дейін пышақ үстінен үлестірудеміз. 25 жыл болды тұрмысы түзелген ауыл жоқ. Ел 90-шы жылдардағы дағдарыстан әлі де түзеліп кете алмай келеді. Меншікке халықтық бақылаудан айырылудың салдары-экономиканы басқарудың мемлекеттік тетігінің әлсіреуіне әкеліп соқтыратынын түсінетін кез келді. Ауыл халқының 90%-ы жерді жеке меншікке беруге қарсы, мұны қоғамдық пікірді саралаудың, сұраудың нәтижесі көрсетіп отыр. Нарықтың өзінде де сатылмайтын құндылықтардың болуы тиістігін, оның бірі жер екенін қоғам қайраткерлері құяр құлақ болса жеріне жеткізіп жазып та жатыр.
Мемлекет тарапынан дайындықсыз, асығыс жоспарланып жатқан бүгінігі жер реформасы (мәселенің көтерілуі әлі тиылмай тұр) бұған дейінгі жекешелендіруге қатысты жіберілген қателіктерді қайталауы, халықтың саяси, әлеуметтік, экономикалық тіршілігін тұралатуы, сондай-ақ бүгінде мемлекеттік қамқорлықтан әбден жалаңаштанып, өзімен-өзі қалған ауыл халқынның ендігі жерде жоғарғы билікке ықпал ететін соңғы "стратегиялық тетігі" жерінен да айырып, айтақырда қалдыруы мүмкін. Ал, мұның соңы тарихымыздағы тағы бір кезең (ешбір үлесі, пайы, жері жоқ, жай малымен отырған ауыл халқын), демографиялық еріксіз қозғалыстарға (ақтабан шұбырынды) мәжбүр етуі мүмкін. Қазақстанның бүгінгі геосаяси, түрлі этникалық және ұлттық менталитетінің өзіндік ерекшелігі бар азиялық мемлекет екенін ескерсек, европалық дамыған елдердің жер сату тәжірибесін әкеліп бізге таңа беру елде әлеуметтік қайшылықтарды ушықтырады.
Біз, меншік бөлісінде қазіргідей экономикалық, саяси реформаны бастамас бұрын, үкімет төмендегі шараларды іске асырулары және заңдастыруы қажет деп есептейміз. Бұл демократтардың бұған дейін де айта айта ауыздары ауырған, жаза-жаза жауыр болған мәселесі.
Біріншіден: парламент пен мәслихаттардың мәртебесі айқындалып, атқарушы билік пен өкілетті билік терезесі тең сөйлесер күйге келтірілуі қажет. Екіншіден: жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі заңдастырылып, халық әкімдерді өздері сайлауы қажет. Үшіншіден: Әділ сайлау жолымен жергілікті мәслихаттар шынайы көппартиялы қадағалауға көшуі керек. Төртіншіден: барлық облыстардағы жер телімі мүлік объектісі ретінде толық есепке алынып барып, оның кадастрлық құны республика көлемінде ауылдық деңгейге дейін айқындалуы қажет. Бесіншіден: осы заңды жүзеге асыратын мемлекеттік институттар қалыптастырып, айтылған қоғамдық қатынастарды реттейтін механизмдерді жүзеге асыру қажет. Өйтпеген жағдайда халық меншігі-оның жері әкімшілік жүйенің нұсқауымен тағы да хан талапайға түскелі тұр. Біз үкімет халық мүддесінен шығатын осы айтылған жоғарыдағы шараларды жүзеге асырады деп сенеміз...21.01.2018
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
18-01-18 04:19
Нұрлыбай Қошаманұлы
18 января 2017 г. ·
ТАҒЫ ДА ЖЕР ТУРАЛЫ

Біз, әрқайсымыз, тарих алдындағы жаупкершілігімізді сезінуіміз керек. Осындай науқаншылықпен жүргізілген осыған дейінгі жекешелендіру не берді? Нарық экономикасының заңы деп зауыттар сатылды, әлеуметтік маңызы бар электр қуатын да, байланыс жүйесін де шетелдіктердің қолдарына ұстаттық. Жер асты байлығы мұнай мен газды әлі күнге дейін пышақ үстінен үлестірудеміз. 25 жыл болды тұрмысы түзелген ауыл жоқ. Ел 90-шы жылдардағы дағдарыстан әлі де түзеліп кете алмай келеді. Меншікке халықтық бақылаудан айырылудың салдары-экономиканы басқарудың мемлекеттік тетігінің әлсіреуіне әкеліп соқтыратынын түсінетін кез келді. Ауыл халқының 90%-ы жерді жеке меншікке беруге қарсы, мұны қоғамдық пікірді саралаудың, сұраудың нәтижесі көрсетіп отыр. Нарықтың өзінде де сатылмайтын құндылықтардың болуы тиістігін, оның бірі жер екенін қоғам қайраткерлері құяр құлақ болса жеріне жеткізіп жазып та жатыр.
Мемлекет тарапынан дайындықсыз, асығыс жоспарланып жатқан бүгінігі жер реформасы (мәселенің көтерілуі әлі тиылмай тұр) бұған дейінгі жекешелендіруге қатысты жіберілген қателіктерді қайталауы, халықтың саяси, әлеуметтік, экономикалық тіршілігін тұралатуы, сондай-ақ бүгінде мемлекеттік қамқорлықтан әбден жалаңаштанып, өзімен-өзі қалған ауыл халқынның ендігі жерде жоғарғы билікке ықпал ететін соңғы "стратегиялық тетігі" жерінен да айырып, айтақырда қалдыруы мүмкін. Ал, мұның соңы тарихымыздағы тағы бір кезең (ешбір үлесі, пайы, жері жоқ, жай малымен отырған ауыл халқын), демографиялық еріксіз қозғалыстарға (ақтабан шұбырынды) мәжбүр етуі мүмкін. Қазақстанның бүгінгі геосаяси, түрлі этникалық және ұлттық менталитетінің өзіндік ерекшелігі бар азиялық мемлекет екенін ескерсек, европалық дамыған елдердің жер сату тәжірибесін әкеліп бізге таңа беру елде әлеуметтік қайшылықтарды ушықтырады.
Біз, меншік бөлісінде қазіргідей экономикалық, саяси реформаны бастамас бұрын, үкімет төмендегі шараларды іске асырулары және заңдастыруы қажет деп есептейміз. Бұл демократтардың бұған дейін де айта айта ауыздары ауырған, жаза-жаза жауыр болған мәселесі.
Біріншіден: парламент пен мәслихаттардың мәртебесі айқындалып, атқарушы билік пен өкілетті билік терезесі тең сөйлесер күйге келтірілуі қажет. Екіншіден: жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі заңдастырылып, халық әкімдерді өздері сайлауы қажет. Үшіншіден: Әділ сайлау жолымен жергілікті мәслихаттар шынайы көппартиялы қадағалауға көшуі керек. Төртіншіден: барлық облыстардағы жер телімі мүлік объектісі ретінде толық есепке алынып барып, оның кадастрлық құны республика көлемінде ауылдық деңгейге дейін айқындалуы қажет. Бесіншіден: осы заңды жүзеге асыратын мемлекеттік институттар қалыптастырып, айтылған қоғамдық қатынастарды реттейтін механизмдерді жүзеге асыру қажет. Өйтпеген жағдайда халық меншігі-оның жері әкімшілік жүйенің нұсқауымен тағы да хан талапайға түскелі тұр. Біз үкімет халық мүддесінен шығатын осы айтылған жоғарыдағы шараларды жүзеге асырады деп сенеміз...
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
17-01-18 14:04
АУЫЛЫМНЫҢ АУЫР ЖАҒДАЙЫ АЛАҢДАТАДЫ...

Бүгінгі жер реформасы қазақ елін, халқының үлкен бөлігін әлеуметтік күйзеліске, рухани жүдеушілікке, экономикалық босқындыққа ұшыратты. Ауыл халқы жақсы өмір іздеп үдере көшті. Қаншама маңдай термен тұрғызылған өндірістік, мәдени ғимараттардың, тұрғын үйлердің қиратылып, күл қоқысқа айналғанын айтсайшы. Енді міне билік \"игерусіз қалды, бос жатқан жерлер\" деген желеумен қазақ жерлерін шетелге саудаға салмақшы. Қазіргі қазақ билігінің іс-әрекеті баяғы патша өкіметінің жер атаулыны біртіндеп тартып алып, әуелі орыс казактарын, сосын қара шекпенділерді қоныстандырған орыс саясатынан бір аумайды. Бұл өз халқына жасаған қастандық.
Бұл қастандық менің туған ауылым кезінде үлкен шаруашылық болған Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ноғайтыға да қатысты. Туған ауылдың түтініне де түк жетпейді, біздер үшін бейне бір иіс судай. Ауыл біздер үшін әке – шешеміздің табан тіреген жері, сол әулетте дүние есігін ашып, балалық шағымызға куә болған қасиетті мекен. Төсінен түлеп ұшқан сансыз түлектеріне сәт-сапар тілеп, қайта оралғанда сағына кең құшағына алатын қартымыз. Елге жиі барамыз. Бүгінде сол балғын балалықтың куәсі біз тұрған үйдің топырақ болып орны ғана қалған. Үй алдына егілген қарағашта жоқ. Бізден кейін иесі екі рет өзгерген сол үй жөндеуге келмей, қожайыны ауылда жаңа салынған үйге көшіп кетіпті. Төңірек түгел өзгерген. Тек менің жадым сол қалпы: Төрт бөлмелі туған үй, шешеміз екеуіміз еккен қарағаш, көк аспан, уайымсыз балалық шақ - бәрі-бәрі күні кешегідей есімде.
Сондай-ақ, туған жердің қадір-қасиетін аңғартуда ишара, тұспал болып тұрған ондағы мәңгілік жайын тапқан әке-ана, туыс, бауыр бейіті де – шыққан тегін, жерін қастер тұтар ұрпақтың бас иер мекені. Елге шыққан сайын көз алдыма ауыл шетіндегі айдау жолдың бойындағы қауымдағы, ақ көкем мен анамның рухын күзетіп үнсіз жатқан ауылымның жайсаң жандары келеді. Әрі өткен-бері өткеннен бір ауыз дұға дәметіп жаутаңдайтұғын секілді. Осындайда ақын Айсұлу Қадырбаеваның мына өлең сөздері еріксіз ойға оралады, бейне бір ауылымның көз көрген, қазірде өмірден өткен сол бір қарттарына арналғандай:
«Апырмай...
сәті бір түспей қойда-ау кешегі
Қарттарға қайтқан
қайыр да болсын айтарға.
Е-е-е, ендігі барыс
ауырлау болар, байқаймын,-
көбі жоқ көзін
көрген шалдардың Көкемнің...
қауқылдап бәрі
қарсы алушы еді, барғанда...
ендігі жұртқа-бөтенмін!».
Не керек туған жердің айнала төңірегі, қашанда үнемі еске оралатын көнекез қарттар бейнесі, өсіп тұрған тал-терегі, жасыл желегі, саф ауасы, мал – жаны, бала ойынымен бәрі-бәрі қасиетті топырақтан нәр алып тұрғандай сезінетінбіз. Өткен балдәурен шақта көріп өскен, әлеуметтік ортамыз ауыл тірлігінен алған тәрбиелік әліппеміз бізге әлі күнге дейін сабақ, өмірлік азық.
Кезінде өнідірісі гүрлеген Ноғайтым бүгінде осындай күйсіз. Айналасын қытайлық мұнай компаниялары жайлаған. Қытайлықтар тарапынан жергілікті халыққа, ауыл экономикасына деген ешқандай әлеуметтік көмек көрсетілмейді. Жол жоқ. Көрші ауылдармен қатынас та баяғы дала жолы. Олардың көріп отырғаны да осы күйзеліс. Іргесінен 70 жыл бойы мұнай мен газ беріп отырса да Ноғайтыға газ тартылмаған. Халқы отынына орта ғасырдағыдай тезек жағып күн көріп жатыр. Жақсы өмір іздеп халқы әлі үдере көшуде. Ауылдың әлеуметтік күйінің ауыр жағдайын, газдың, жолдың қажеттігін, айтып жоғарғы құзырлы органдарға, әкімдерге жазған хаттары ескерусіз қалып келеді. Кезіндегі 10 төсектік аурухана да жабылды. 460 балаға арналған орта мектеп те 150-ге бір түсіп, жабылудың сәл алдында тұр. Енді бірер жылда ауылда адам қалар түрі жоқ.
ОСЫ МА 27 ЖЫЛДА ЖЕТКЕН ЭКОНОМИКАМЫЗДЫҢ ІЛГЕРЛЕУІ? БҰЛ АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫҒА ТОҚТАУ БОЛАДЫ МА? ҚАШАН?
2017. желтоқсан
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
17-01-18 13:51
ТІРІ БОЛСАҚ БӘРІНЕ КУӘ БОЛАРМЫЗ...

Қазақстанға АҚШ-тың ірі мұнай компаниялары қазірдің өзінде 50 миллиард доллар инвестиция құйып үлгерді. Президенттің осы сапарында 7,5 миллиард доллардан асатын сомаға 20-дан астам келісім-шарт жасалатын болды. АҚШ пен Қытай арасында Қазақстан үшін талас басталды. Құрығына түсірді, АҚШ енді бізден оңайлықпен айырыла қоймас. 38,5 млрд. доллары бұғатталған Қазақстанды енді Трамп икеміне қарай айтқанына көндіреді, айдағанымен жүргізеді. Аймақтағы саяси, экономикалық ықпалын басым ету жолында Назарбаевты әлі біраз мұрнынан тартып сүйрелейді. АҚШ кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасатады. Әрине экономикалық қарым-қатынас керек. Дегенмен, «Ұлттық қорымыз» ойдан да, қырдан да бұғатталып, түгесілуге жақындап, бүгінде экономикамыз шатқаяқтап тұрғанда, қарыз үстіне қарыз алудың соңы бізді тек АҚШ емес, басқа да алпауыт мемлекеттерге әбден кіріптар етеді. Бұған 169 млрд. доллар сыртқы қарызымызды және қосыңыз. Халықты екі жақты ішкі қанау аз болғандай енді "сыртқы қанау" дендей түседі. Экономикалық қанаудың салдары біздің қалталы буржуаларға әсер ете қоймас, бірақ қарпайым халықтың әлеуметтік тұрмысына әсері болады. Өзгеге тәуелділіктің қамытын ұзағынан киетін болдық. Сондай-ақ, екі ал арасында «5+1» форматындағы ынтымақтастыққа қол қойылуы Евразия одағындағы жетекші ел Ресейдің Қазақстанға деген позициясының өзгеруіне әкеледі. Бұл ынтымақтастықтың біз үшін пайдалылығы мен зиянының қандай болатынын уақыт көрсетеді. Тірі болсақ бәріне куә болармыз...

17.01.2018.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
16-01-18 14:05
Нұрлыбай Қошаманұлы обновил статус.
16 января 2017 г. в 17:48 ·
АСА ҚАУІПТІ СИМПТОМ...

Менің байқауымша соңғы жылдары елдегі түрлі деңгейдегі митингілер, мен акциялар "қоғамдық-саяси" емес, керісінше басым көпшілігі "әлеуметтік-экономикалық" сипатта жүріп жатыр. Бүгінгі қазақстандық ел басқару жүйесінің "әлеуметтік-экономикалық" бағытты билік құрылымдарының саяси іс-қимылдарымен үйлестіріп отыратын ортақ механизмі жоқ. Жер дауы, тұрғын айналасындағы меншік даулары мен кешегі жесір даулары, қытай кәсіпорындарын Қазақстанға көшіру мәселесі, жыл сайын қымбаттап жатқан баға көтеріліміне қарсы халықтың наразылығы өкімет тарапынан да жергілікті билік тарапынан да еленбейтін болып барады. Көтерілген барлық "әлеуметтік-экономикалық" сипаттағы акцияларға немқұрайлылық танытады. Өйткені бұл әрекеттердің барлығы олар үшін саяси маңызды емес секілді. Билік кейінгі кездегі жиілеген "әлеуметтік-экономикалық" талаптардың - еліміздің ішкі тұрақтылығына аса қауіп әкелетін "симптом" екенін сезінгісі келмейді.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
12-01-18 08:21
Нұрлыбай Қошаманұлы
12 января 2017 г. ·
ЗАҢ АЯСЫНДА ТИЫМ САЛЫНУЫ КЕРЕК
ФБ-парақшасы Астаналық бір топ азаматтың қазақ қыздарын қытайлықтарға қосуды көздеп отырған агенттікті жабу қажеттігін көтеріп наразылық акциясына шыққандарын жариялапты. Осы жайға өзімнің де алаңдаушылығымды білдіремін және айтар пікірім мынау. Жоғарыдағы азаматтардың наразылығын түсінуге болады. Бұл халықтың әлеуметтік наразылығы, мұнымен санаспауға болмайды. Ендеше, мұндай наразылыққа себеп болған агенттіктің ашылуы, оның қызмет әрекетін реттейтін "Ережесі", мақсаты мен мәні және заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуінің қаншалықты Заңға сәйкестігі (мәселен: "ҚР Неке және отбасы" туралы Заңы) тексерілуі керек. Агенттік қызметінің аумақтық шегі ҚР ішінде ме, оған шет мемлекеттер аумағы кіре ме осы жағы да назардан тыс қалмағыны жөн. Оның қызметтік ауқымы агеттіктің "Жарғысында" көрсетіледі. Себебі, бұл агенттік өзінің іс-әрекетімен шет ел азаматтарын қазақ қыздарымен некелестіру арқылы оларды Қазақстанның ішкі істеріне араласуға мүмкіншілік жасап отыр. Ал мұның терорризмнің өршіп тұрған заманында, мемлекетіміздің ішкі-сыртқы қауіпсіздігіне, ұлтаралық мәселеге, қаншалықты ықпалы бары құзырлы органдар тарапынан зерттеп, зерделенген жоқ. Қытайлықтарға тұрмысқа шығуға ниеті бар қазақ қыздары мәселенің осы жағын сезініп, арандап қалмауын ойласа етті. Ішкі тыныштығымыздың сақталуы біз үшін қымбат. Мен айтар едім бұл Қазақстанда "адам сатуды заңдастырудың" жымысқы жолы деп. Мұның (адам саудалаудың) Конституциямызға қаншалықты томпақтығы құзырлы мекемелдер тарапынан назарға алынса дұрыс болар еді. Агенттік өзінің қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңын, ҚР-ның «Коммерциялық емес ұйымдар» Заңын және Қазақстан Республикасының заңдық актілерін, сондай-ақ Жарғыны басшылыққа алып отыр ма? Міне осының бәрі айқындалуы керек. Заңнан тыс қызметі анықталса әрине мұндай агенттіктердің әрекетіне заңмен тиым салынуы қажет.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
09-01-18 15:18
ҰЛТТЫҚ ҚОР - Норвегия үлгісі бойынша деп құрылды деп айтылғанымен, шын мәнінде тікелей ел президентіне бағынатын жабық құрылым. Ұлттық қордың активтерін де ел президенті басқарады. Оны «Қадағалау кеңесіне» премьер-министр, парламент сенаты мен мәжіліс төрағалары кіреді.

Өкініштісі, қауіпсіздігіміздің кепілі деп Президент бақылауына алынған Қазақстанның мұнай мен газ сатудан түскен ақшасы сақталатын "ҰЛТТЫҚ ҚОР"-ымыз соңғы бір айдың ішінде шетел инвесторлары тарапынан бірінше мәрте ресми бұғатталып отыр....

Иә, осы күнге дейін халық оның активтерін қайда салып, ақшаның қалай жұмсалып жатқанынан хабарсыз болып келді. Мұны да қарапайым халық тағы да халықаралық сот процесі арқасында біліп жатыр. Егер қор қызметі ашық жүргізілгенде, халық бақылауында болғанда мұндай мәселе болмас па еді.

Айтарым, ҚР Президентінің бүгінгі жасар мәлімдемесі "ҰЛТТЫҚ ҚОР" мәселесіне қатысты болады. Не айтар екен?

09.01.2018.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
08-01-18 18:43
ҰЛТТЫҚ ҚОР ТАҒЫ 5,2 млрд. долларға БҰҒАТТАЛДЫ...

"Ұлттық қор" болашақ ұрпақтарға қор жинауды қалыптастыру функциясын атқарады. Сондай-ақ, Ұлттық қордың негізгі мақсаты - тұрақтандыру функциясы. Республикалық бюджеттің әлемдік баға конъюнктурасына тәуелділігін төмендету.
Енді міне Голланд соты ҰЛТТЫҚ ҚОР-дың 5,2 млрд. долларын (Самұрық Қазына акциясы) тағы бұғаттады. Бұған кеше бұғатталған 22 млр. долларды және қосыңыз. Кез -келген мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне ең алдымен мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі және ұлттық мүдделері жатады. "Болашағымыздың сыбағасы", әлеуметтік- экономикалық тұрақтылығымыздың, қауіпсіздігіміздің кепілі деп үміттеніп отырған "ҰЛТТЫҚ ҚОР" шет мемлекеттер тарапынан түрлі санкцияларға ұшырап, қайта-қайта бұғатталып жатыр. Мұндай санкциялардың әлі де жалғасын табатын түрі бар.
Еліміздің экономикалық қауіп­­сіздігін қорғау функциясы ҰҚК органының қызметі аясына кіреді. Ендеше, ҰЛТТЫҚ ҚОР деңгейінде мемлекеттің, халықтың несібесі талан-таражға түсіп жатқанда экономикалық коррупциямен айналысатын ҰҚК мен Бас Прокуратура қайда қарап отыр?

08.01.2018.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
06-01-18 17:16
ҰЛТТЫҚ ҚОР МЕН ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ БІРІКТІРІЛМЕКШІ.

Қалыптасқан ауыр жағдайды: "Себебі, бюджетте тапшылық бар, сол тапшылықты жабу үшін, соңғы дағдарыс уақыттарында біз ұлттық қордың қаражатын белсенді түрде пайдаланып келе жатырмыз. Осы себептен де, біздегі Ұлттық қор азайып келе жатыр деп айтуға болады" - деп, мұны ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Тамара ДҮЙСЕНОВА-ның өзі мойындап отыр.

Біздіңше, екеуі екі бөлек "Ұлттық қор" мен "зейнетақы қоры"-ның бірігуі мүмкін емес нәрсе. Ұлттық қор түгесіліп, Қазақстан экономикасы қаржылық кризистің шырқау шегіне жеткені ме? Норвегияның тәжірибесіне сүйенеді. Біріншіден, тәжірибесін алу үшін әуелі жемқорлықсыз Норвегияның деңгейіне көтерілуіміз керек. Екіншіден, ертең бұл біріктірілген қор қаржысының біздің билік қолымен негізсіз шығындалуына, ұрлануына және АҚШ, басқа да шетелдік мемлекеттер тарапынан тағы да бұғатталуына ешкім кепілдік бермейді. Бұған МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛ БОЛҒАН зейнетақы қорындағы біраз ақшаның Әзірбайжан банкіне салынып, кейін құрдымға кеткені тағы бар. Кеше бұғатталған 22 млр. долларды және қосыңыз. Бұл Ресейдің "резервтегі қаржысының" түгесілуімен бірдей қауіпті жарқабақ. «Айтақтай, айтақтай, қасқырдан да ұят болды» - дегендей, өкілетті билік парламент болса қашанда мұндай жайдан қалыс қалады, үнсіз.

Бұған жол беруге болмайды! Елде әлеуметтік дефолт пен дефляцияның басы қылтиып тұрғандай. Бұған экономистер не айтар екен? Қазақ халқы шын мәнінде "Қаласың ба, Жойыласың ба" деген бір қауіпті жолайрыққа келгендей?

06.01.2018.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
05-01-18 13:44
Қазақ тарихы сұрауы жоқтай, әркімге үлестіре беретін киіз туырлық емес.\
\ ФБ парақшасында елбасымыз: «Біз, «Мәңгілік ел» болуды мақсат еткен халықпыз. Біз артқа қарайламай, жарқын болашаққа қарай қадам жасауымыз қажет. Кей адамдар тарихты еске алып, Томирис пен Шыңғыс хан қазақ болған дейді. Басқа айтатын ешнәрсе жоқ па? Елдің болашағын жасап, келер ұрпаққа дұрыс тәрбие беру қажет. Ал біз ұдайы артқа қарайлаймыз. Алға қарайтын уақыт жетті, Ұлыбритания да ұлы тарихқа ие. Бірақ біз мұражайда өмір сүре алмаймыз. Сондықтан компьютерге отыру керек» депті. \
\ Желіде қолдаушылары да табылып, Шыңғысқанды қазақ қылғаннан көрі, түркілерге жатқызғанымыз дұрыс болар жеп жатыр. Айтарым мынау: Өткен тарихты сызып тастап, Шыңғысханның, Томиристың түп тұқияны қазақ екенін ешкім ұмыттыра алмайды. Олардың Ордасы, айналасы, туыстары, \\\"әкесі мен анасы\\\" қазақтың \\\"төл рулары\\\" болса, неге біз оны қазақ демеуіміз керек. Қазақтың өзі сол ру-тайпалық одақтан құралғанын кім жоққа шығарады? Түркілердің қалың ортасынан шығып, ру-тайпалық ерекшелігі жоқ, білмейтін, түркілердің тілі, ділінің ықпалына түсіп, ассимиляциға ұшырып, мемлекет құрып отырған қазаққа туыс \\\"түркі ұлттары\\\" да бүгінде жетерлік. Түріктердің өздері руларын білмейді, болса неге ұмытады? Тіпті, Шыңғысханға таласып жүрген қазіргі \\\"татарлардың, халхалардың\\\" өздері кезінде түркі империясының құрамында, Шыңғысханның қоластында болған. Бірақ, олар да қазіргі уақыттағы тек қазаққа ғана тән ата-баба рулары дегеннен жұрдай. Ендеше, біз неге олардың тарихына Шыңғысханды жазып беруіміз керек? Мақтап жүрген жаңа тарихымыз да ертең сол мұражайға барады.\
\ Қазақ халқы тек қана өткен өмір тарихымен рухани бай. Қ.Мырзалиев айтқандай: \\\"менің ғана тарихым жұп-жұқа\\\" - деп, күні кешеге шейін \\\"аспаннан салбырап\\\" түскен халық болып келгеніміз де жасырын емес. Ендеше қаншама жерден \\\"мәңгілік ел\\\" болсақ та, жаңа тарих жасасақ та тарихшыларымыз мұндай \\\"әңгімеге\\\" сыни көзбен қарауы тиіс. Біз осындай жалпақшешейлігімізбен, тарихымыздың талай жақсыларынан айырылғанбыз.... Оған дәлел жетерлік. Қазақ тарихы, сұрауы жоқтай, қиып алып, ту-талақай қылып әркімге үлестіре беретін киіз туырлық емес.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
03-01-18 19:45
АУЫЛЫМНЫҢ АУЫР ЖАҒДАЙЫ АЛАҢДАТАДЫ...

Бүгінгі жер реформасы қазақ елін, халқының үлкен бөлігін әлеуметтік күйзеліске, рухани жүдеушілікке, экономикалық босқындыққа ұшыратты. Ауыл халқы жақсы өмір іздеп үдере көшті. Қаншама маңдай термен тұрғызылған өндірістік, мәдени ғимараттардың, тұрғын үйлердің қиратылып, күл қоқысқа айналғанын айтсайшы. Енді міне билік "игерусіз қалды, бос жатқан жерлер" деген желеумен қазақ жерлерін шетелге саудаға салмақшы. Қазіргі қазақ билігінің іс-әрекеті баяғы патша өкіметінің жер атаулыны біртіндеп тартып алып, әуелі орыс казактарын, сосын қара шекпенділерді қоныстандырған орыс саясатынан бір аумайды. Бұл өз халқына жасаған қастандық.
Бұл қастандық менің туған ауылым кезінде үлкен шаруашылық болған Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ноғайтыға да қатысты. Туған ауылдың түтініне де түк жетпейді, біздер үшін бейне бір иіс судай. Ауыл біздер үшін әке – шешеміздің табан тіреген жері, сол әулетте дүние есігін ашып, балалық шағымызға куә болған қасиетті мекен. Төсінен түлеп ұшқан сансыз түлектеріне сәт-сапар тілеп, қайта оралғанда сағына кең құшағына алатын қартымыз. Елге жиі барамыз. Бүгінде сол балғын балалықтың куәсі біз тұрған үйдің топырақ болып орны ғана қалған. Үй алдына егілген қарағашта жоқ. Бізден кейін иесі екі рет өзгерген сол үй жөндеуге келмей, қожайыны ауылда жаңа салынған үйге көшіп кетіпті. Төңірек түгел өзгерген. Тек менің жадым сол қалпы: Төрт бөлмелі туған үй, шешеміз екеуіміз еккен қарағаш, көк аспан, уайымсыз балалық шақ - бәрі-бәрі күні кешегідей есімде.
Сондай-ақ, туған жердің қадір-қасиетін аңғартуда ишара, тұспал болып тұрған ондағы мәңгілік жайын тапқан әке-ана, туыс, бауыр бейіті де – шыққан тегін, жерін қастер тұтар ұрпақтың бас иер мекені. Елге шыққан сайын көз алдыма ауыл шетіндегі айдау жолдың бойындағы қауымдағы, ақ көкем мен анамның рухын күзетіп үнсіз жатқан ауылымның жайсаң жандары келеді. Әрі өткен-бері өткеннен бір ауыз дұға дәметіп жаутаңдайтұғын секілді. Осындайда ақын Айсұлу Қадырбаеваның мына өлең сөздері еріксіз ойға оралады, бейне бір ауылымның көз көрген, қазірде өмірден өткен сол бір қарттарына арналғандай:
«Апырмай...
сәті бір түспей қойда-ау кешегі
Қарттарға қайтқан
қайыр да болсын айтарға.
Е-е-е, ендігі барыс
ауырлау болар, байқаймын,-
көбі жоқ көзін
көрген шалдардың Көкемнің...
қауқылдап бәрі
қарсы алушы еді, барғанда...
ендігі жұртқа-бөтенмін!».
Не керек туған жердің айнала төңірегі, қашанда үнемі еске оралатын көнекез қарттар бейнесі, өсіп тұрған тал-терегі, жасыл желегі, саф ауасы, мал – жаны, бала ойынымен бәрі-бәрі қасиетті топырақтан нәр алып тұрғандай сезінетінбіз. Өткен балдәурен шақта көріп өскен, әлеуметтік ортамыз ауыл тірлігінен алған тәрбиелік әліппеміз бізге әлі күнге дейін сабақ, өмірлік азық.
Кезінде өнідірісі гүрлеген сол Ноғайтым бүгінде осындай күйсіз. Айналасын қытайлық мұнай компаниялары жайлаған. Қытайлықтар тарапынан жергілікті халыққа, ауыл экономикасына деген ешқандай әлеуметтік көмек көрсетілмейді. Жол жоқ. Көрші ауылдармен қатынас та баяғы дала жолы. Басқа ауылдардың көріп отырғаны да осы кедейшілік. Іргесінен 70 жыл бойы мұнай мен газ беріп отырса да Ноғайтыға газ тартылмаған. Халқы отынына орта ғасырдағыдай тезек жағып күн көріп жатыр. Жақсы өмір іздеп халқы әлі үдере көшуде. Ауылдың әлеуметтік күйінің ауыр жағдайын, газдың, жолдың қажеттігін, айтып жоғарғы құзырлы органдарға, әкімдерге жазған хаттары ескерусіз қалып келеді. Кезіндегі 10 төсектік аурухана да жабылды. 420 балаға арналған орта мектеп те 150-ге бір түсіп, жабылудың сәл алдында тұр. Ауыл халқына "әлеуметтік интернет желісі" де тартылмаған. Айналамен, жоғарымен байланыс мүмкіншілігінен әбден оқшаулап тастаған. Үндерін жеткізе алмай шерменде. Енді бірер жылда ауылда адам қалар түрі жоқ.
ОСЫ МА 27 ЖЫЛДА ЖЕТКЕН ЭКОНОМИКАМЫЗДЫҢ ІЛГЕРЛЕУІ? БҰЛ АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫҒА ТОҚТАУ БОЛАДЫ МА? ҚАШАН?

Н.Қ. 02.01.2018.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
22-12-17 06:02
Көңіл күнделігінен.
Қарапайым халық бала секілді, бергеніңді қанағат тұтып, азға алданады, қашанда барға шүкіршілік етеді, жақсылық етсең ұмытпайды. Ал, билік басындағылар болса оларда тұрақ жоқ, ақ ниетіңді бір ренішіңе айырбастап жүре береді. Сынға алсаң болды қадамыңды аңдып, соңыңа шам алып түседі, қас жауыңа айналады. Мен білсем, қазіргі билік алдаушы, қара халық қорғаушың. Ендеше қорғаушыңа қолдаушы бол қазағым. 22.12.2016.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
21-12-17 10:12
НЕОПОТИЗМ – Шыққан тегі Рим империясы. Табысы мол, жайлы орындарды баласына, немересіне, туыстарына, сыбайластарына таратып беру. БҰҰ-ның «Коррупцияға қарсы іс-әрекет конвенциясы» неопотизмді жемқорлықтың бір түріне жатқызады. Себебі, өзі сатып алған лауазымына қол жеткізген соң кез-келген адам жан-жағындағы адамдарға қатысты өз ережесін құра бастайды. Ол орынға қойылған адамның қарым-қабілеті, білімі сол қызметке сай келе ме, келмей ме, бұл жағы белгісіз. Нәтижесінде, осылай құрылған тұтас бір топ пайда болады. Олар осы жолмен тегін табысқа қол жеткізеді, одан әрі тамырын терең жая түседі. Лауазымы өскен сайын қуаттанып, жан-жағындағы жақындары мен жағымпаздарының қолымен бұл топ елде сыбайлас жемқорлықтың негізін қалайды. Бұған сол елдегі қоғамдық, әлеуметтік, саяси құрлым мен мемлекеттік биліктің қандайлығы да мүмкіндік береді. Кез келген мемлекеттің тағдыры мен болашағы адамгершілік құндылықтарға тәуелді. Адами қасиеттер басымдық алмаған қоғамда, ешқандай жаңа технологиялар адамзат баласын жемқорлықтан құтқара алмайды.
21.12.2016.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
21-12-17 06:10
Әдетте теледидардан сөйлегендердің барлығы ел басын тілге тиек ететінін күнде көріп жүрміз. Олар айтайын деп айтпайды, оларды мәжбүрлейді. Бізде журналистерге сұхбат алар кезде алдын-ала ескертіп қояды. Сұхбат берген адам қандай тақырыпта болмасын сөз арасында міндетті түрде Назарбаевты айтып кету керектігін. Мұны журналистер жақсы біледі. Талай мәрте менің өзімнен сұхбат алғандар қатысы болмаса да: "әңгімеңізге тұздық етіп ел басын қосып, есімін атай кетсеңіз дұрыс болар еді" деген. Бірақ мен олардың мұнысына үзілді-кесілді қарсылығымды білдіретінмін. Соным үшін де кейде сұхбат алмай кеткен журналистер де болды. Мұның барлығы бүгінгі қалыптасқан жоғарыдан үрдіске айналған тапсырыс. Солай Ілияс бауырым.
21.12.2017.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
16-12-17 13:44
ҚАРАОРЫСТАР

Соңғы кезде "орыстілді билік" тілдің соңғы мүмкіндігіне тағы пышақ сілтеуде. Барлық деңгейде ұлттың атын жамылып, ана тілін керек етпейтін олигархтар тобы билік басын жайлап болды. Ондайлар кез келген салада (банк, бизнес, әкімшілік т.б) көпшілікке айналып, басшылар корпусын қалыптастыруда.

Олар үшін кадр іріктеуде адамның қазақ тілін білуі шарт емес, басты критерий - орысша білсе болғаны. Бұл орта бүгінде елімізді орыстандыруда ерекше «қызмет» етуде. Бүгінгі барлық деңгейдегі билік айналасында жүрген русофилді шенеуніктер қазақ тілі үшін күресті және бір жетпіс жылға созардай дүлей күшке айналып бара жатыр.

Қазақтың ішінен шыққан бұл субъэтностар, бүгінде өз субъмәдениетін, субтілін, өздерінің субъидеологиясын және субъортасын жасауда десек те болады. Сөз көп, тілге деген нақты бетбұрыс жоқ. Соның салдарынан мұндай субортаның, биліктің айналасына түрі қазақ болғанымен, өзі қазақ емес, орысша ойлап, орысша түс көретін, қазақ тіліне қаны қарайған ұлттық рухтан жұрдай дүбаралар жиналуда. Мәңгүрт қараорыстар бүгінгі қазақ қоғамын "екі әлеуметтік тапқа" бөлді.

Қазақ та емес, емес те емес, бойындағы бүткіл ұлттық болмысынан айырылған мұндайларды 21 ғасырдың жаңа бір этностары дер едім. Қайран сөз, қайран тіл - наданға қадірсіз" деген Абай, біз қазақ ішінен шыққан бұл надан - этностарға ҚАРАОРЫС деп ат қойуымыз керек. Сіздер не дейсіздер Достар?

16.12.2017.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
12-12-17 04:47
Көңіл күнделігінен
- Мұнай қоры жөнінен Қазақстан Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірлігі елдерімен қатар тұрады, ал өмір сүру деңгейі бойынша әлемдегі ең кедей елдермен теңеседі. Қарапайым ғана есепке жүгінер болсақ біз бір ғана Мәскеу қаласының халқына шамалас халықты асырай алмай отырмыз. Бір сөзбен айтқанда мұхиттың үстінде отырып суға жарымаған елге айналдық десек те болғандай. С.Н.Қ.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
08-12-17 06:31
ОРЫНСЫЗ МАҚТАН, МАЛ ШАШПАҚ...
Осы ФБ бетінде соңғы кезде: "Мен, Мен тағы да Мен, Менің ұсынысым, Менің айтқандарым", - дейтін бір жазғыш пайда болыпты.
Айтарым мынау. "Пайдасын көру үшін ілімді қандай мақсатпен үйренуіміз керек?" деген сұраққа исламда: "Ілімді тек Аллаһ разылығына қол жеткізу үшін үйрену керек. Басқа мақсаттармен үйрену жаиз емес", - десе, Хадис шәрифтерде былай делінген: «Кімде-кім ғалымдардың алдында (біде оқығанбыз дегендей) мақтану, надандармен, жаһилдермен, ақылы қысқалармен сөз тартысып, олардың үнін өшіру мақсатында және адамдардың сүйіспеншілігіне қол жеткізуді көздеп ілім үйренетін болса, Аллаһу тағала оны тозаққа тастайды», (Тирмизи, Ибн Мажа).
«Ғалымдарға мақтану, надандармен сөз тартысу мақсатымен ілім үйренбеңдер! Жиындарда ілімдеріңмен үстемдік танытпаңдар! Бұлай істеген адамның баратын жері тозақ, тозақ» (Ибн Мажа).
Ал мұны рухани әкеміз, данышпан АБАЙ былай толықтырады: "Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік - адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез - ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады. Екінші, мақтаншақ деген біреуі «демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да, «десін» деп азаптанып жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді. Ұмытпақ түгіл, әуелі іс екен деп ескермейді".
08.02.2017.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
03-12-17 10:41
Өмеке, уақытында Алтынбек, Болат, Ораз басқарған жылдары жаңа тарихи кезең талап етіп отырған ерекше күрес тәсілі мен стратегиясы болған, елімізде жаңа эволюциялық реформаларға қозғау салған, бұқараны селт еткізіп соңынан ерте білген "Ақ жол" саяси ағымдар арасында жетекші күшке көтерілді. Сол күндердің өзінде "Ақ жолдың" аясында небір ұлтжанды азаматтар қызмет еткенін ешкім жоққа шығара алмас. Осының өзі партия ішіндегі саяси, әлеуметтік топтардың идеялық түсінігінің біртекті еместігін көрсетті. Бірі билікпен ауыз жаласқан қаржылық – өндірістік олигархтарды қолдаса, екіншісі қаржылық-өнеркәсіптік топтардың асырауынан, биліктің байлаулы шынжырынан, шалажансар шындықсымақтың ықпалынан азат болғысы келетінін ашық білдірді. Сол шынайлық жолына түскен "Ақ жолды" билік тапсырысымен Байменов ала қашып ыдыратты. Ұлтшылдар жағы оны қаншама сақтап ақлуға тырысса да, өкінішке орай бәрі бекер болды. Мен мұны осы партияның құрылуы мен ыдырауына дейін басы қасында болғандықтан, әлі де Сіз білмейтін көп жайды білгесін айтып отырмын. Ал партия билік үшін таласты ма басқа үшін күресті ме бұл әрине басқа тақырып. 03.12.2017.
Н.ҚОШАМНҰЛЫ
nurlibai58@yandex.kz
02-12-17 09:42
ДАҒДАРЫСТЫҢ ТҮП КӨЗІ НЕДЕ?
Жезқазған жұмысшыларының (кеншілердің) талаптарын қолдай отырып, мынаны жария етемін. Мәселен осындай жұмыстағы Польша жұмысшылары 1000 евро, Чехияда 1 400 евро жалақы алады екен. Ендеше неліктен Жезқазған кеншілері, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау мұнайшылары кемінде 1 500 евро жалақы алмайды? Қазақстандық жұмысшылардың да жоғары табыс табуға толық мүмкіндігі де құқы бар. Өкініштісі әлі күнге дейін жұмыс беруші тарапынан жағынан жергілікті жұмысшылардың әлеуметтік күйін жақсарту, жалақысын көтерту мақсатында кешенді бағдарлама бары аңғарылмайды. Кен қожайындары мен жергілікті жұмысшылардың табыс айырмашылығы жақындамай тұр. Дағдарыстың түп көзі - табыс келтіретін келісім-шарттарды жария етпей, кен шығарудан түсетін кірістің халықтан «жасырылуы» және «әділетсіз бөлінуінен», "ат төбеліндей шетелдіктер" мен "ішкі шенеуніктер" арасындағы сыбайластықтан шығып отыр. Меніңше екі арадағы келісім шарттар қайта қаралып, жергілікті жұмысшылардың жалақысын 1 500 € дейін көтеруге әбден болады. Екі жақты қанаудың айырмаcының сақталып қалуы әлеуметтік наразылықтардың қайталануына әкелуі мүмкін.
02.12.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
27-08-17 10:52
БЕЙНЕ БІР ЖОЛ АЙРЫҚТА ТҰРҒАНДАЙМЫЗ
Қазақстанда жұмыссыздық жоғары деңгейде. Халықты күн сайын емес сағат сайын көтеріліп бара жатқан қымбатшылық қысып барады. Мұнай мен газға, басқа да қазба байлықтарымызға қатысты шетелдіктер мен мемлекет арасындағы жасалған келісім-шарттар мен түсімдердің халыққа жария болмауы, талан-таражға түсуі халықты ашындыруда. Біздегі «кризис» парақорлыққа батқан биліктің шетелдіктердің алдындағы дәрменсіздігінен, ел басқарудағы ішкі дағдарысынан туындап жатыр. Халық қазіргі кезде сырттан қарыз алу өте қауіпті екенін, алдымызда ауыр кезеңдер тұрғанын сезіне бастады. Өз байлығынан "үлесін" (дивидент) ала алмай халық айтақырда отыр. Халқымыздың алдында "Қаласың ба, жойыласың ба" деген сұрақ тұр? Бейне бір жол айрықта тұрғандаймыз.
27.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
26-08-17 21:31
КӨШЕЛЕРІМІЗ ХАРИЗМАЛЫҚ ТАБЫНУ ҚҰРАЛЫНА АЙНАЛДЫ
Қазақстан қалаларын, қала берді бүкіл аудан, ауыл көшелерін президенттің жолдауымен, портретімен, саяси ұрандармен көркемдеуді әдетке айналдырдық. Билік қоғамды рухани аздырушы әлем-жәлем жарнамалар мен жазуларға қарсы тұра алар идеологиялық құрал тек қана президентіміздің жолдаулары деп түсінетіндей. «Барлығын бір адамға жекешелендіріп бергендей көшелерімізді харизмалық - табыну құралына айналдырып жатыр. Сыйынғаныңнан сүйенгенің мықты болсын» - деген осы.
27.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
26-08-17 21:25
НЕГЕ ХАЛЫҚПЕН ЕМЕС?\
\ Бізде қоғамдық сананы – билеп-төстеуші үстем тапқа, бір адамға табындыру саясаты тиылар емес. «Ел басымен бірге - ел қуатын еселейік» деп ұрандатады (қала көшелеріндегі бильбордтан). Неге ел басымен? Неге «халықпен бірге» емес? Ел қуатын еселейтін де халықтың еңбегі емес пе? Қала берді «Қазақстан-Нұрсұлтан!» деп өңеш кере айқайлатынды шығардық. Барлық жерде «Ұлттық патриотизм», «Ұлттық мүдде» құндылықтырымызды бір ғана адамның есімімен байланыстыруды әкімшілік диктатура өздерінің іс-шараларына теориялық негіз етіп алған.\
\ 27.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
26-08-17 18:52
БҰЛ АКСИОМА.
Әдетте шетелдік монополистер азаттық алған елдерде экономикасының ең табысты салаларын - кен шығару, өңдеу өндірісін иеленеді. Сатып алу, пара беру жолымен билік тетіктеріне де мүдделес лоббистерін кіргізіп, көп жеңілдіктерге ие келісім-шарттарға қол жеткізеді. Қолдары жеткесін өз талаптарын зорлап ұсынып, бұл елдерді іштен қанай бастайды.
Шетелдік қанаудың бірте-бірте мемлекеттік монополистік қанауға ұласуы «жұмысшы табын» және халықтың басқа да бөліктерінің наразылықтарын тудырады. Монополисттердің зорлық-зомбылығы мен озбырлығы, жемқорлықпен былғанған жергілікті шенеуніктердің олармен сыбайластығы, өзгеге тәуелділік, экономикалық тапшылық пен тұрмыстағы мұқтаждық, еңбекшілердің әлеуметтік құқықсыздығы жұмысшы табы мен халықтың басқа жіктерін көшелерге шығарады. Осылай билеуші тап өз халқын қанаушы тапқа қарсы "арандатады". Бұл аксиома.
26.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
24-08-17 20:59
ЕЗІЛГЕН ХАЛЫҚТЫҢ ӘРЕКЕТІ
Соңғы кездегі езілген халықтың бірі ретінде танылған қазақ халқының "қытай экспансиясына" қарсы жиілеген наразылығы - олардың ұлыдержавалық үстемдік саясатын әшкерелеуден, өздерінің экономикалық, саяси тәуелсіздігін қорғаудан туындаған табиғи жауап әрекеті.
24.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
24-08-17 20:58
БІР НӘРСЕ АЙҚЫН.
Бір нәрсе айқын – еліміздің қай түпкірінде болмасын қытай бүгінде Қазақстанның ішкі-сыртқы әлеуметтік, экономикалық, саяси, ұлтаралық қарым қатынасын ушықтырушы басты факторға айналды.
24.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
24-08-17 20:57
ҚАЗАҚ БАЙЛЫҒЫ ҚАЙТАРЫЛУЫ ТИІС
Қазақстан Үкіметі тек қана шетелдіктердің пайдасына жұмыс жасап келген бір жақты экономикасын өзгертуге әрекет етпесе, әлеуметтік екі жақты қанау дағдарысы дендеп, ауыр кезеңдерге әкелетінін халық түсіне бастады. Мұны шешудің бірден-бір жолы шетелдіктерге өтіп кеткен басты стратегиялық қазба байлығымызды мемлекет меншігіне қайтаруды бастауымыз керек. Біріншіден, офшорда жатқан миллиардтарды халықтық қоғамдық ұйымдар арқылы сұрату жолымен (ҚазақГейт тәсілімен "Бота" қ/қ құру) елге алдырту. Екіншіден, Қазақстанға қарыз шет мемлекеттерден алажақтарды қайтару. Солардың есебінен қытайлықтапрдың меншігіндегі иелікті қайтара сатып алу мәселесін көтеру қажет. Әйтпесе ертең кеш болады. Бұған қазақстандық қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, қоғам қайраткерлері, заңгерлер, экономистер, өкілетті билік депутаттар араласулары тиіс.
24.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
24-08-17 13:48
Жекені халық қалтасынан инвестициялау сипат алған.
Бізде Қазақстанда жедел индустриялық-инновациялық дамытуға деп әлеуметтік салықтан құралған «Ұлттық қор» және жергілікті «Бюджет» есебінен миллиардтаған мемлекеттің (халықтың) қаржысына салынып іске қосылған жаңа өндіріс орындары көп ұзамай-ақ жекелеген олигархтардың, әкімдердің туыстары мен монополистердің меншігіне өтіп жатыр. Ал, олар өз кезегінде бұған бір тиын да шығармай, халық қалтасынан майлы қасыққа ие болуда. Мемлекеттің иелігінде қалуға тиіс өндіріс кешендерінің жекелердің қолына өтуі өз кезегінде мемлекеттік сектордың әлсіреуіне, шынайы бәсекелестіктің болмауынан бағаның қымбаттауына, тарифтердің тұрақты түрде бақылаусыз өсуіне әкеліп, ал түскен табыс тағы да жекелерді байытып, әлеуметтік қанаудың көрсеткішін ұлғайтуда. Бұған екінші деңгейдегі банктерді ұлттық қор есебінен демеуді және қосыңыз. Меншікті иелену төңірегіндегі жаппай жайлаған осындай сыбайлас жемқорлық та бүгінде Қазақстанда жүйелі сипат алған.
24.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
24-08-17 13:47
БІЗГЕ КЕРЕГІ ШЫНАЙЫ РЕФОРМА
Жиырма алты жыл болды, елде шынайы саяси реформалар әлі жасалған жоқ. 2011 жылғы Президенттің ішкі және сыртқы саясатымыздың маңызды 30 бағытын айқындаған 2030 жылға дейінгі жолдауында да (24-бағыт) саяси жүйені демократияландыру бағытындағы стратегиялық ұстаным әкімшілік басқару түрінде қала беретіні баса айтылды. Демек таяу болашақта да қанша үміттенсек те басқару тетіктерінде ешқандай «саяси реформа» жүргізілмейді. Мемлекетті басқару «Ұлт басшысы» мәртебесінде құрылған қазіргі біздің қоғамды демократиялық деп айтуға да келмейді. Билік алдағы уақытта да қоғамдық құрылымға қайшы келетін, оның ықтиярынсыз бір жақты «саяси бағдарламаларды» жүргізе беретін болады. Мұның соңы елде жаңа ішкі әлеуметтік қайшылықтарды онан сайын тереңдетіп, онысыз да ушығып тұрған жемқорлықтың өрши түсуіне, зорлық-зомбылыққа құрылған саяси режимнің ұзағынан салтанат құруына әкеледі.
24.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
24-08-17 13:46
БІРПАРТИЯЛЫҚ РЕЖИМ....
Қоғамымыздағы саяси құрылысты түбірлі түрде реформалау – демократиялық қоғамның ең прогрессивті формасы дейтін болсақ, қазіргі қазақстандық биліктің бұл қағидадан ауытқып, президенттің өкілеттігін «ұлт басшысы» мәртебесімен 2020-шы жылға дейін ұзартуы демократиялық құндылықтарды мазақ ету.
Қашанда өз билігін ғұмырлы ету жолында оңшыл күштерге сүйенген үкімет және бірпартиялық (бізде НұрОтан) режим демократиялық құндылықтарды сайқымазақ етіп отырған.
Сырт көзге ішкі жұмыстары қаншалықты демократияшыл көрінгенімен, ат төбеліндей топтың сайлануымен болған президент те, үкімет те демократиялық мемлекет бола алмайды.
24.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
23-08-17 21:50
Демократиялық институттары әлсіреген
мемлекеттердің ішкі істеріне сыртқы күштердің араласу, ықпалын жүргізу қаупі ұлғая түседі. Сондай елдердің қатарында қытайдың дегеніне малтыққан Қазақстан тұр. 24.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
23-08-17 21:48
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ МОДЕЛІ
Билік: «бізде Қазақстандық саяси реформаның өз моделі, дәстүрлі менталитетке сүйенген өзіндік демократиялық жолы қалыптасу үстінде» - деп, бұқараны сендіргісі келеді. Шын мәнінде елдегі барлық басқару деңгейін авторитаризм мен шығыс деспотиясының белгілері бар туыстық отбасылық жайлаған. Тұрмыстық деңгейдегі рушылдық билікке де жетті. Әкімдер айналасына кадрды іскерлігіне қарай емес, әлеуметтік, тектік, рулық (трайбализм) негізде жинайды және ең сорақылығы билік тетіктері сатылады. Бұл өз ара сыбайластықты, жемқорлықты орнықтыруда. Міне қазіргі Қазақстандық саяси жүйенің өзіндік моделі. 24.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
17-08-17 19:31
ҚОҒАМДЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ УАҚЫТ ТАЛАБЫ...
Бүгінгі Президенттік ел басқарудан негіз алатын әкімшілік жүйе Қазақстанды сол баяғы тоталитарлық кеңестік жүйенің екінші бір түрі авторитарлық билікке алып келгенін мойындауымыз керек. Қазіргі қызғыштай қорғап отырған әкімшілік жүйе де бұрынғы Кеңестік жүйеге егіз қозыдай ұқсас режим.
Билік түрлі сылтаулар айтып, шынайы көппартиялық парламенттік ел басқаруға көшуге бармай отыр. Жергілікті өзін-өзі басқару Заңы да қағаз жүзінде қалды. Әкімшілік жүйе әлеуметтік өміріміздің, экономикамыздың тежегішіне айнала бастады. Елде әлеуметтік реформалар заңдылықтар аясында емес, көбіне заңға томпақ жарлықтар мен қаулылар, бұйрықтар арқылы жүруде. Ал бұл өз кезегінде еліміздің саяси дамуын тежеп, демократиялық принциптердің бұрамалануына әкелуде. Айтарым, қоғамды демократияландыру ел басқарған саяси биліктің ара-жігін айқындау уақыт талабы.
17.08.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
29-06-17 13:22
Құрметті достар, кейде «Біртұтас бір қазақты, етпекпізбе құрама, руға бөлінбейік» деп, бір АДАЙ-дың төңірегінде дау туындап, шулап жатамыз. Айтарым, кез келген қазақ кездескенде «шырағым, бауырым қай туғансың» деп сұрайтыны бар. Мұны қазақ «жөн сұрасу» дейді. Руыңды білу, оны мақтана таратып берудің еш айыбы жоқ. Ол да үлкен ру тайпалық одаққа біріккен ержүрек рулардың бірі. «Жеті атасын білген бала (жұрт) жеті жұрттың қамын жейді» дейді тағы қазақ. Жеті атаңды білу – жеті шалдан тарап, өсіп-өнген ұрпақты - ұрымға кеткен ұлдың, қырымға кеткен қыздың барған жерін, келген елін білу, оларды түгендеп отыру деген сөз. Әрбір рудың тарихы оның ерекшеліктері, батырлары - ол қазақтың төл тарихы. Өз руыңның тарихын өзгеге тарата тани білсең ғана ҮШ ЖҮЗГЕ БІРІККЕН бірі туған құдаңның, екіншісі туған нағашыңның үшіншісі туған жиеніңнің жұрты екеніне, барлығы бір ҚАЗАҚ екеніне көзің жетеді. Бұл бірлігіміздің бектігінің бірден-бір кепілі. Әр рудың жақсысы, тарихы - бар қазақтың мақтанышы, қазақтың өзге ұлттан ерекшелігі. Өкініштісі сол, халық сөзінің, жазылған жайдың төркінін танып, түсіну орнына көбіміз мұны таяз пайыммен қабылдап, қырық пышақ айтысып, бір-бірімізге тасырақ мінез көрсетіп жатаыз. Ендеше дауды доғарып, осының барлығын біріміз жөн сұрасып, екіншіміз жөнімізді түсіндіргеніміз деп қабылдайық.
29.06.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
26-06-17 21:44
25 ЖЫЛДА ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІГІМІЗ -ҚАРЫЗҒА БАТУЫМЫЗ БОЛДЫ
25 жылда жеткен жетістігіміз де, жеткен биігіміз де сыртқы ҚАРЫЗЫМЫЗДЫҢ еселеп өсуі болды. 25 жылда экономикамызға келген кірісті - шетелге берер шығынымыз (қарызымыз) он орайды. "Соны шешудің, тығырықтан шығудың бірден - бір жолы" деп, билік қазақтың жер асты, жер үсті бар байлығын өзгеге үлестіруге кірісті. Бұлай жалғаса берсе бір кезде жерді де кепілге салуы әбден мүмкін. Қытай бүгінде Қазақстанның банктерін де сатып ала бастады. Банктерді иеленсе онда кепілдікте жатқан түрлі нысандар мен шаруа қожалықтарының миллиондаған га жерлері де қытайдың меншігіне өтеді. Соңғы кездегі Қытайдың қазақ банктерінің акцияларын сатып алуға ұмтылудағы жымысқы мақсаты онда кепілдікте жатқан қазақ жерлеріне қол жеткізу екенін де түсінетін, сезінетін уақыт келді.
26.06.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
11-06-17 18:12
ҚЫТАЙ және САЙЛАУ
Әубаста мұнайымызды ғана игереміз деп жиырма жылға келген Қытай, бүгінде Қазақстандағы өз мерзімін 50-60 жылға және ұзартып алғаны белгілі. БАҚ ақпаратта қытайлықтар Қазақстан мұнайында әлі де болса қалуды, мерзімін ұзартуды тағы сұрап жатқан көрінеді. Неге? Меніңше, енді олар «келесі кезекте» - деп өз ықпалын мұнайдан «басқа мүліктерімізді» (тұрғын үй, әлеуметтік кешендер, өндіріс орындары-зауттар мен кәсіпорындар т.б) түпкілікті иелену, кәсіпкерліктің мұнайдан басқа да бағыттарын кеңейту үшін Қазақстанда ұзағынан қалу жолында іргесін бекемдей түсуге кірісті.
Менің көңілім алаңдаулы. Қазақстанда сайлау процестерінің қалай өтетіні бізге жақсы таныс. Жазылған заңдардан жазылмаған заңдардың биік тұрғаны тағы бар. Саяси науқандық шаралар кезінде үлкен қаржылық топтардың кейбір саяси ағымдар мен үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың мүддесі тұрғысынан бірігіп қимылдайтыны әлемдік тәжірибеде бар. Демократиясы үлгі боларлық Европа, кешегі АҚШ та өткен соңғы сайлау да бұған дәлел.
Ендеше, ертең үлкен саяси науқан - сайлау кезінде олар абсолютті әлеуметтік субъект ретінде жасырын жатқан өмір сүруіне қажетті талаптарды шығарып жүрмей ме? Болашақта Қытай еліміздегі сайлау кезінде туындаған кейбір нақты жайлар төңірегінде қоғамдық пікір тудырып, белгілі бір депутаттық фракцияларды қолдау арқылы белгілі бір кандидаттың, топтардың, ірі компаниялардың мүддесін көздейтін үлкен ықпалды қаржылық әлеуметтік топқа айналып жүрмесіне кім кепілдік береді?
11.06.2017.
.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
19-05-17 14:22

"БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ"
Форумнан кейін Қазақстанда қытайлық ірі компаниялардың жұмыс істейтіні белгілі болды
16.05.2017.
Қазақстанның маңызды нысандарына қытайлық компаниялар кіре бастады
Kapital.kz
"ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға жасаған сапары барысында екіжақты бірнеше келісімге қол қойылғанын отандық БАҚ өкілдері кешеден бері жарысып жазып жатыр",- деп хабарлайды SN.KZ. - Пекинде бірнеше мемлекеттің басшыларының басын қосқан «Бір белдеу, бір жол» форумынан кейін қытайлық ірі компаниялардың Қазақстандағы маңызды нысандар жұмыс істейтіні белгілі болды".
Солардың бірі - COSCO Shipping корпорациясы. Аталған компания мен Ляньюньган порты «Қорғас - Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағын бірлесіп дамытпақшы. Үшжақты келісімнің нәтижесінде «Қорғастың» 49 пайызы қытайлықтарға беріледі. Ал, қалған 51 пайызы «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ-ның меншігінде қала бермек.
«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ төрағасы Қанат Алпысбаевтың айтуынша, бұл қадамға барудың басты мақсаты - 2020 жылға дейін контейнерлер ағынын ұлғайту, яғни санын 2 миллионға дейін жеткізу болып табылады екен. Енді жұмыс көлемі ауқымды болғандықтан Қазақстанға алдағы 3-4 жылда Қытай жұмысшылары көптеп келуі мүмкін.
Қытайлықтар тек «Қорғасқа» ғана емес, Қызылорда өңіріне де келеді деп күтілуде. Қаржысы талан-таражға түсіп, құрылысы тоқтап қалған Қызылорда шыны зауытын да ел билігі қытайлық компаниялардың қолына тапсырыпты. Зауыттың негізгі операторы болып табылатын "Orda Glass" ЖШС кеше Қытайдың Çina Triŭmph International компаниясымен келісімге отырған. Енді аталған компания құрылыс алаңындағы жұмысты қайта жандандырып, жыл соңына дейін зауытты іске қоспақшы.
Informbŭro.kz порталының жазуынша, Қытайлық инвесторлар құрылыс жұмыстарын бітіріп беруге келісімін берген. Келісімшарттың өзге шарттары туралы "Бәйтерек" холдингі жақ ашпай отыр.
Гүлсамал Аймаханова
17 мая в 13:36 · 2017 ж.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
18-05-17 17:56
АУЫЛЫМ НОҒАЙТЫМА САҒЫНЫШ

Ауыл көк өзегінде көбелек қуып, ақ тақырда асық ойнап, топырағында асыр салып, жалаң аяқ құйындатқан құлын жылдарымыздың құтты қонысы. Бәрі жадымда. Жазы - күзі бөгет суына қой тоғытып, сақман барып қозы қоздатып, сабан тереміз, келдек жинаймыз. Табанымызға кірген тікенекке қарамай дала кезіп жерсағыз, бүлдірген іздейміз. Сөйтіп жүріп ойынға да уақыт табамыз. Тұрғызылып жатқан жаңа құрылыс үйлердің іші-сырты ауыл баласы үшін қылыштасып ойнайтын таптырмайтын мекен, ойын алаңы. Біріміз үйдің ішкі жағын қорған етсек, екіншілеріміз қамал бұзардай шулап, сырттан шабуылдаймыз. Ақ тақырда асық, шүлдік, қашақ ойнап, футбол қуамыз. 15 таяқ шашып жасырынбақ ойнаймыз. Қыздар жағының өздері үйір (бестас, гүл кесе, мак, т.б) ойындары бар.
Туған ауылдың түтініне де түк жетпейді, біздер үшін бейне бір иіс судай. Ауыл біздер үшін әке – шешеміздің табан тіреген жері, сол әулетте дүние есігін ашып, балалық шағымызға куә болған қасиетті мекен. Төсінен түлеп ұшқан сансыз түлектеріне сәт-сапар тілеп, қайта оралғанда сағына кең құшағына алатын қартымыз. Елге жиі шығамын. Кеше ғана ауылға тағы барып келдім. Бүгінде сол балғын балалықтың куәсі біз тұрған үйдің топырақ болып орны ғана қалған. Үй алдына егілген қарағашта жоқ. Бізден кейін иесі екі рет өзгерген сол үй жөндеуге келмей, қожайыны ауылда жаңа салынған үйге көшіп кетіпті. Төңірек түгел өзгерген. Ауыл жүдеу, халқы жұмыссыз. Күйсіз халық көшіп жатыр, кетіп жатыр. Көңілде енді бірер жылда ауылға емес "айтақырға" барамыз ба деген қорқыныш та бар. "Алтын балық" ертегісіндегідей үй сыртында "сынған ескі астауына" үңіліп, бұйығып, ойға шомып отырған бірлі - жарым үлкендер байқалады. Тек менің жадым сол қалпы: төрт бөлмелі туған үй, анамыз екеуіміз еккен қарағаш, көк аспан, уайымсыз балалық шақ - бәрі-бәрі күні кешегідей есімде.
Сондай-ақ, туған жердің қадір-қасиетін аңғартуда ишара, тұспал болып тұрған ондағы мәңгілік жайын тапқан әке-ана, туыс, бауыр бейіті де – шыққан тегін, жерін қастер тұтар ұрпақтың бас иер мекені. Елге шыққан сайын көз алдыма ауыл шетіндегі айдау жолдың бойындағы қауымдағы, ақ көкем мен анамның рухын күзетіп үнсіз жатқан ауылымның жайсаң жандары келеді. Әрі өткен-бері өткеннен бір ауыз дұға дәметіп жаутаңдайтұғын секілді. Осындайда ақын Айсұлу Қадырбаеваның мына өлең сөздері еріксіз ойға оралады, бейне бір ауылымның көз көрген, қазірде өмірден өткен сол бір қарттарына арналғандай:
«Апырмай...
сәті бір түспей қойда-ау кешегі
Қарттарға қайтқан
қайыр да болсын айтарға.
Е-е-е, ендігі барыс
ауырлау болар, байқаймын,-
көбі жоқ көзін
көрген шалдардың Көкемнің...
қауқылдап бәрі
қарсы алушы еді, барғанда...
ендігі жұртқа-бөтенмін!».
Не керек туған жердің айнала төңірегі, қашанда үнемі еске оралатын көнекез қарттар бейнесі, өсіп тұрған тал-терегі, жасыл желегі, саф ауасы, мал – жаны, бала ойынымен бәрі-бәрі қасиетті топырақтан нәр алып тұрғандай сезінетінбіз. Өткен балдәурен шақта көріп өскен, әлеуметтік ортамыз ауыл тірлігінен алған тәрбиелік әліппеміз бізге әлі күнге дейін сабақ, өмірлік азық болып келеді (С.Н.Қ). 16.04.2017.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
18-05-17 17:45
ОЯН ҚАЗАҚ, ҚЫТАЙДАН ҚАУІП БАР.

Қытайдың Білім министрлігінің бекітуі бойынша Шанхай Халықаралық Зерттеулер университеті 2017 жылдан бастап, қазақ тілін үйрететін арнайы бөлім ашады,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі. Иә, Қытайда көршілес елдерді соғыссыз жаулап алудың жолын көздеген Шанхай Халқаралық зерттеулер орталығы бар."Нешауа десең, орыс қызын береді"-деген, қашанда қазақша сөйлеген өзге ұлтқа таңданыс білдіріп, қой сойып, жайлып төсек болып төрімізден орын беретін қонақжай, көңілшек қазақ емеспіз бе? Осылай орыс та жайылған бір кездерде қазақ жеріне. Қазақтың осындай әлсіз тұсын олар жақсы зерттеп, біліп алған. Осындай жағдайларды сараптап отырған Қытай Қазақстанды зерттеу объектiсiне алып отырғанын кездескен қытай ғалымдары да жасырмайды. Қытай қоғамдық академиясының профессоры Гу Гуан Фу: «Қазақстанға жылына үш төрт рет барамын. Қытайдың орталығында және шекаралас аумағында Қазақстан мен Орталық Азияны зерттейтiн бiлiктi институттар бар. Бiр жақсысы, Қазақстанмен қарым-қатынас ұстау өте тиiмдi. Сiздер байланысқа тез келесiздер. Ал Ресейде болса олай емес. Екi ортада саяси қайшылықтар кездесiп қалады», - деп ағынан жарылуында үлкен алпыс астарлы мән жатыр. Орталықтың түпкі көздегені көрші мемлекеттерді қытайландыру. Осы жолда олар қазақ тілін оқыту арқылы қазақ тілін игерген қытайлықтарды қазақ ортасына енгізуді бастайды. Уақыты келгенде қазақ тілді қытайлықтар бірі аудармашы, мектеп мұғалімі, бизнес өкілдері болып келіп Қазақстан нарығын иегеруге ағылады. Сондай-ақ қазақ тілді қытайлықтардың Қазақстан азаматтығын алуына да жеңілдік болады. Бұған бір қытайдың соңынан мың қытайлықтың келетінін және қосыңыз. Қазақстанды қытайландырудың қытайлық жымысқы жолы бұл. Соңғы 20 жылда Қытайдан иммиграцияланғандардың саны шамамен 30 миллионға жеткен. Кейбір дерек көздері бойынша, Қытайдан шыққан іскер топтардың ең кемінде екі триллион доллар қаржысы бар көрінеді. Ол - ол ма, Азиядағы аты жер жарған жүз милпиардердің 39-ы тағы да сол қытайлықтар екен. Мұндай қалталы адамдар, сөз жоқ, ертеңгі Қазақстан саясатына араласады.Мұның соңы не болмақ? Осыған кім жауап бере алады? Аты мәшһүр американдық саясатшы Збигнев Бзежинский: «Көп ұзамай Оңтүстік Шығыс Азияға түгелімен Қытай үстемдігі орнайды» деп үрейленетіні осы себептен. Бұл түптің түбінде Қазақ мемлекеттігінің негізін шайқалтатын, ұлтаралық ахуалды ушықтыратын аса қауіпті қадам. Бұған Синцзян Ұйғыр автономиясындағы қазақтар мен ұйғыр бауырларымыздың өз жерінде азшылыққа айналып, мектептерінің жабылуы, қалыптасқан күрделі әлеуметтік, ұлтаралық хал-ахуалдың жиі-жиі ушығуы дәлел болады. Өкініштісі қытайлықтардың бұл жымысқы саясаты "Қытай мен Қазақстан арасындағы саяси, мәдени, экономикалық қарым-қатынастың нығайуына, сондай-ақ өзара бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді" - деген үлкен сөздермен бүркемеленіп жүргізілмекші. Қытайдың болашақ гегемониясының қазiрдiң өзiнде көзге түсiп қалатын элементттерi жайына келгенде қытай саясаттанушылары пікірлерінен алыстан орағытып, ол жайында ойлауға мұршаңызды келтірмейтіндей етіп шатастырады. Сондықтан да Қытайдың Қазақстанға қауiп төндiруі мүмкін саясатын жоққа шығаруға болмайды. Тiптi, Қытайға көршілес өзге елдердiң бәрiнде де сол қауiп бар. Бұл заңды да. Өйткенi тарихтан да белгiлi, сол мемлекеттегі ішкі қуаты артқан сайын, оның араны да ашыла түспек. Қазіргі кезде әрбір қазақты қытайдың бұғауына өзі келіп кірген Қазақстанның болашақ жағдайы қандай болмақ деген сұрақ мазалайды. Қара Қытай қаптайын деп тұр. ОЙЛАН ҚАЗАҚ!!! 05.05.2017.
Фото Нұрлыбая Қошаманұлы.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
05-05-17 09:02
ҚЫТАЙДЫҢ ЖЫМЫСҚЫ САЯСАТЫ


Қытайдың Білім министрлігінің бекітуі бойынша Шанхай Халықаралық Зерттеулер университеті 2017 жылдан бастап, қазақ тілін үйрететін арнайы бөлім ашады,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі. Иә, Қытайда көршілес елдерді соғыссыз жаулап алудың жолын көздеген Шанхай Халқаралық зерттеулер орталығы бар."Нешауа десең, орыс қызын береді"-деген, қашанда қазақша сөйлеген өзге ұлтқа таңданыс білдіріп, қой сойып, жайлып төсек болып төрімізден орын беретін қонақжай, көңілшек қазақ емеспіз бе? Осылай орыс та жайылған бір кездерде қазақ жеріне. Қазақтың осындай әлсіз тұсын олар жақсы зерттеп, біліп алған. Осындай жағдайларды сараптап отырған Қытай Қазақстанды зерттеу объектiсiне алып отырғанын кездескен қытай ғалымдары да жасырмайды. Қытай қоғамдық академиясының профессоры Гу Гуан Фу: «Қазақстанға жылына үш төрт рет барамын. Қытайдың орталығында және шекаралас аумағында Қазақстан мен Орталық Азияны зерттейтiн бiлiктi институттар бар. Бiр жақсысы, Қазақстанмен қарым-қатынас ұстау өте тиiмдi. Сiздер байланысқа тез келесiздер. Ал Ресейде болса олай емес. Екi ортада саяси қайшылықтар кездесiп қалады», - деп ағынан жарылуында үлкен алпыс астарлы мән жатыр.
Орталықтың түпкі көздегені көрші мемлекеттерді қытайландыру. Осы жолда олар қазақ тілін оқыту арқылы қазақ тілін игерген қытайлықтарды қазақ ортасына енгізуді бастайды. Уақыты келгенде қазақ тілді қытайлықтар бірі аудармашы, мектеп мұғалімі, бизнес өкілдері болып келіп Қазақстан нарығын иегеруге ағылады. Сондай-ақ қазақ тілді қытайлықтардың Қазақстан азаматтығын алуына да жеңілдік болады. Бұған бір қытайдың соңынан мың қытайлықтың келетінін және қосыңыз. Қазақстанды қытайландырудың қытайлық жымысқы жолы бұл. Соңғы 20 жылда Қытайдан иммиграцияланғандардың саны шамамен 30 миллионға жеткен. Кейбір дерек көздері бойынша, Қытайдан шыққан іскер топтардың ең кемінде екі триллион доллар қаржысы бар көрінеді. Ол - ол ма, Азиядағы аты жер жарған жүз милпиардердің 39-ы тағы да сол қытайлықтар екен. Мұндай қалталы адамдар, сөз жоқ, ертеңгі Қазақстан саясатына араласады.Мұның соңы не болмақ? Осыған кім жауап бере алады? Аты мәшһүр американдық саясатшы Збигнев Бзежинский: «Көп ұзамай Оңтүстік Шығыс Азияға түгелімен Қытай үстемдігі орнайды» деп үрейленетіні осы себептен.
Бұл түптің түбінде Қазақ мемлекеттігінің негізін шайқалтатын, ұлтаралық ахуалды ушықтыратын аса қауіпті қадам. Бұған Синцзян Ұйғыр автономиясындағы қазақтар мен ұйғыр бауырларымыздың өз жерінде азшылыққа айналып, мектептерінің жабылуы, қалыптасқан күрделі әлеуметтік, ұлтаралық хал-ахуалдың жиі-жиі ушығуы дәлел болады. Өкініштісі қытайлықтардың бұл жымысқы саясаты "Қытай мен Қазақстан арасындағы саяси, мәдени, экономикалық қарым-қатынастың нығайуына, сондай-ақ өзара бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді" - деген үлкен сөздермен бүркемеленіп жүргізілмекші. Қытайдың болашақ гегемониясының қазiрдiң өзiнде көзге түсiп қалатын элементттерi жайына келгенде қытай саясаттанушылары пікірлерінен алыстан орағытып, ол жайында ойлауға мұршаңызды келтірмейтіндей етіп шатастырады. Сондықтан да Қытайдың Қазақстанға қауiп төндiруі мүмкін саясатын жоққа шығаруға болмайды. Тiптi, Қытайға көршілес өзге елдердiң бәрiнде де сол қауiп бар. Бұл заңды да. Өйткенi тарихтан да белгiлi, Қазақ мемлекетіндегі ішкі қуаты артқан сайын, оның араны да ашыла түспек. Ендеше қытай бұғауна түскен Қазақстанның жағдайы қандай болмақ деген сұрақ өздігінен туындайды. Қара Қытай қаптайын деп тұр. ОЙЛАН ҚАЗАҚ!!!

Н.Қошаманұлы.
05.05.2017.
87785976287
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
12-02-17 09:46
ҚР ПАРЛАМЕНТІ ДЕПУТАТТАРЫ НАЗАРЫНА
(Халқымыз айтақырда қалғалы тұр)
Құрметті ҚР Парламент депутаттары – мүлікті жеке меншікке өткізу төңірегінде тиылмай тұрған мына жайларға көңіл аударады деп үміттенемін. Жасыратыны жоқ соңғы жылдары аймақтарда жергілікті әкімшіліктер заңсыз келісім-шарттар жасау арқылы өздерінің меншігінде болып келген жүздеген шаруа қожалықтарының жерін саудаға салып жіберді. Мыңдаған, миллиондаған гектар жер бүгінде түрлі олигархтар мен латифундистердің, тіпті шетелдіктердің меншігіне өтіп жатырғаны да шындық. 26 жылдың ішінде Конститтуцияға 15-тен астам өзгерістер енгізу жолымен талай «мүліктердің» ірі аграрлық компаниялар мен қаржы топтарының сатып алуына «алғы шарттар» жасалынды. Өкініштісі, осы уақытқа шейін Ата Заңға өзгерістер енгізу мен жерді, басқа да мүліктерді жеке меншікке өткізу реформасы бірде-бір референдумсыз халықтын сыртынан жүргізіліп келді.
Айтарым, мемлекет тарапынан жоспарланып жатқан 26 - бапқа қатысты «соңғы өзгерістер мен толықтырулар» бұған дейін де жекешелендіруге байланысты жіберілген қателіктерді қайталауы, халықтың саяси, әлеуметтік, экономикалық өмірін одан сайын тұралатуы мүмкін. Егер 26-бапты өзгерту күшіне енетін болса, бұл қадам онысыз да өзімен-өзі қалған ауыл халқының «жоғары билікке ықпал ететін», шалқайғанда тіренетін қолындағы соңғы «СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТЕТІГІ» жерінен де айырып (қолындағы қаруы десек те болады), жай малын бағып күнін көріп отырған жекелеген отбасыларын бүгінгі қонысынан да еріксіз көшуге, ауыл халқын үлкен демографиялық қозғалыстарға мәжбүр етеді. Мүлкінен, жерінен, бәрінен айырылған халық «АЙТАҚЫРДА» қалды деген сөз. Бұған қазірдің өзінде жұмыссыз қалып, жері тарылып, қожалығын кеңейтіп мал бағу мүмкіншілігінен айырылған ауылдағы көптеген «шаруа қожалықтары» тарап, олардың даладан қалаға, қаладан басқа облыстарға көшіп жатырғаны дәлел болады. Бұл процесс (ақтабан шұбырынды) әлі жүріп жатыр.
Қоғам қайраткерлері, заңгерлер, халықтың басым бөлігі «Қазақстан Республикасының Конституциясындағы 26 - бапқа өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» Заң жобасының асығыстық екенін, ертең оны біреулер түрліше айналдырып, пайдаланып кетуі мүмкін екенін ескертуде. Бұл да СІЗДЕРДІ ойлантуы тиіс өкілетті билік депутаттар. Әрқайсымыз тарих алдындағы жауапкершілігімізді сезінуіміз керек. Біз, сайлаушылар - мұндай экономикалық, саяси реформаны бастамас бұрын меншік бөлісінде төмендегі шараларды іске асыруымыз қажет дейміз.
Біріншіден – Атқарушы билік пен өкілетті билік Парламент пен мәслихаттардың құзыры әділ сайлау жолымен терезесі тең сөйлесер, шынайы көп партиялы күйге келтірілмейінше;
Екіншіден – Жаңа сайлау заңы қабылданбайынша;
Үшіншіден – «Жергілікті өзін-өзі басқару заңы» қайта қаралып, толыққанды жаңа нұсқасы қабылданып, халық әкімдерді өздері сайламайынша;
Төртіншіден – Үкімет, Парламент, Сот билігі құзыретін айқындап, оларды қадағалайтын «Конституциялық Сот» билігі қалпына келтірілмейінше;
Бесіншіден – заңды жүзеге асыратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін механизмдерді қалпына келтірмейінше - қандайма өзгерістер атаулыны тоқтата тұрғанымыз дұрыс болады.
Парламент депутаттары парасатты келісімге жеткізетін, халық мүддесінен шығатын жоғарыдағы шараларды жүзеге асырады, Конституциядағы 26-баптың бұрынғы нұсқасының өзгеріссіз қалдырылуына ықпал етеді деп үміттенеміз.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
30-01-17 16:53
Ноғайты жұрты неге алаң?
"Түркістан" газетінің авторлары 20 Янв, 2017 / 211 рет оқылды 0

Жақында Сенат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 18 тамыздағы Жарлығын орындау үшін Жер заңнамасына ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады.

«Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына жарияланған мораторий мерзімі 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылғаны белгілі. Қазіргі таңда Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығы жерлерінің сапалы жағдайы, олардың пайдаланылуы, меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтер базасын құруға бағытталған ревизия және топырақтық, геоботаникалық зерттеу, оның кадастрлық құнын анықтауды қамтитын жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, заң жобасы мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беруге байланысты мәселелерді заңнамалық тұрғыда реттеуді қолға алды. Айта кетейік, мораторий нормалары ауыл шаруашылығы мақсатына берілген жерлердің барлығына да қатысты. Яғни, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер заңда көрсетілгендей полигондарға берілмеуі тиістігі де қаралған.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді жауапкершілікпен шешуге мүмкіндік туып отыр. Заңда жергілікті халық тиісті әкімшілік-бөліністің аумағында табыс көзі болып табылатын жердің меншік иесі болып табылатыны, демек тұрғындар өз ауылында, кентінде жоспарланып жатқан кез келген іске араласуы тиіс. Заңда халық экологиялық, демографиялық және өзге де зардаптарға апаруы әбден мүмкін, аумақ халқының мүддесіне қайшы келетін кез келген кешен құрылысын жүргізу, оның табиғи ресурстарын, табиғатын бүлдіру тек қана халықтың келісімімен ғана шешілетіндігі көрсетілген.
Сөйте тұра, қазіргі кезде «Эко Ойл Трейд» ЖШС-і Ноғайты ауылынан 19 шақырым жердегі «жер асты су қоймасының» территориясынан мұнай қалдықтарын өңдеп және залалсыздандыратын полигон құрылысын жоспарлауда. Полигонның жалпы ауданы – 5 гектар, жобаланып жатқан жер телімі­н­ің жалпы ауданы – 3 гектар, бұрғылау қалдықтары фракцияларының сұйық ертінділерін қабылдауға арналған карта аумағы – 1600 шаршы метр. Сұйық мұнай қалдықтарын қабылдауға арналған карта ауданы – 400 шаршы метр. Әрқайсысының сыйымдылығы – 4400 текше метр. Олар халықтың қарсылығына қарамастан осындай полигон құрылысын іске асырмақшы. Ал бұл территория астында алып тұщы су қоймасы орналасқан.
Су қоймасы «Ноғайты – Жамансор ауыз су тасымалдау өндірістік мекемесіне» қарайды. Ноғайты – Жамансор ауыз су тасымалдау өндірістік мекемесі 1973 жылы іске қосылып, осы кезеңге дейін жұмыс жасап келеді. Мекеме Батыс Қазақстан темір жолының ВОДЧ-4 бөлімшесі ретінде Ноғайты территориясының «Қырдасын» маңындағы ұңғымадан жер асты тұщы суын пайдаланып келеді. 1994 жылғы мәлімет бойынша су желісінің ұзындығы 168 км. Бүгінгі таңда мекеме тәулігіне 6 скважина 2000-3000 текше метр суды Ноғайтыдан көрші Атырау облысының Сағыз, Мұқыр, Жантерек, Жамансор елді-мекендеріне және сол өңірде орналасқан басқа да жеке шаруашылықтарға, сондай-ақ, НОД-4; 265; 279; 333; 377 бекеттеріндегі халыққа жеткізіп отыр. Қазіргі кезде бұл су тасымалдау кешені ауылдың инфрақұрылымдарының бірі ретінде оның әлеуметтік өміріне пайдасын тигізіп, 10 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған өндірістік мекемеге айналып отыр.
1970 жылдардан бері Ноғайты ауылында тұратын зейнеткер Зәлжан Сүйеуов те экологтардың сөзіне сенбейді.
– Мұнайдың қалдықтарын өңдейтін полигон салынбақ. Оған мен үзілді-кесілді қарсымын. Өйткені жобалаушылардың айтуынша, жердің бетіне полиэтилен төселеді. Біраз уақыт жерде жатқан мұнай қалдықтары кейін аспанға өздігімен ұшып кетеді екен. Полиэтиленнің орнына темір неге төселмейді? – дейді ол.
40 жыл бойы су бөгетінде жұмыс істеген Зәлжан Сүйеуовтің айтуынша, Ноғайтының астында тұщы судың ірі қоры бар.
– Ойыл ойпаты 80-90 шақырым аумақты алады. Яғни, осы жердің барлығы ірі су қоймасы деген сөз. Ал қазір Ноғайты ауылынан 19 шақырым жерге полигон салынса, ұңғыма су қоймасынан 7-8 шақырым қашықтықта жатса да, ол тоғанға кері ықпал етеді. Судың құрамын бұзады. Бұл бүкіл халыққа жасалып отырған қастандық деп ойлаймын, – дейді ақсақал.
Су бөгетінің бригадирі Қалжан Бекболат та полигон салуға наразы. Оның айтуынша, қазір су таза. Алайда полигон салынса, тұщы судың ластануы әбден мүмкін.
– Бұл нысан 1975 жылдан бері су айдап тұр. 10 мың халқы бар Атырау облысының Сағыз ауылын сумен қамтамасыз етеді. Тұщы суды Мұқыр ауылының тұрғындары да ішіп отыр. Бөгеттен Ноғайты ауылының тұрғындары да су алады. Судың тазалығын жұрттың бәрі мақтайды. Полигон салуға үзілді-кесілді қарсымын. Өйткені жердің астынан су алып отырмыз. Лас қалдықтарды жерге төккесін, ол суға барып сіңеді, – дейді маман.
Ноғайты ауылының тұрғыны әрі кәсіпкері Айқан Борашев та полигонның құрылысына қарсы.
– Ауыл тұрғындарының атынан бұған қарсылық білдіреміз. Себебі бұл жерде мал жайылады. Жер астынан шығып жатқан су Атырау облысына дейін таралады. Қазір малдан басқа қолымызда ештеңе жоқ. Мал бағумен күн көріп отырмыз. Полигонға қатысты жиынға мені ешкім шақырған жоқ. Полигон салып, айналамызды улай бере ме? Ақша жинайтын жиналыс болса, біздерді шақырады. Ал осындай маңызды жиналыс туралы хабарламайды, – дейді жергілікті билік өкілдеріне наразы кәсіпкер.
Полигон құрылысына қарсылық білдіріп Ноғайты, Ебейті, Айрық, Қопа ауылдары халқы қол жинады. Бұл жерлер өңір халқының мал жайылымы, тұтынып отырған «ауыз су» көзі. Өз жерінде жүріп, біреудің отына жылынғандай күй кешіп, құзырлы органдарға ықпал етердей сөзінде де, ісінде де пәрменінің жоқтығы ауыл халқын ашындыруда.
«Полигон жобаланған жер асты көзінен суын ішіп отырмыз, бұл жерге біздің малымыз жайылады. Ал мал ауырып қалса немесе уланып өлсе, оған кім жауап береді? Жерді бүлдіріп кеткендер халықты ойламайды, қалтасын ойлайды. Жерімізді ластамақшы «Эко Ойл Трейд» ЖШС-і неге жауапкершілікке тартылмайды?», – дейді жергілікті тұрғындар. Біздіңше, басым халық қолдамаса бұл жоба тоқтауы тиіс, себебі заң солай дейді. Көпшілік полигон құрылысының жүргізілмейтініне сеніп, құзырлы органдарға үміт артады.


Н.Қошаманұлы,

дәрігер,«Невада-Семей»

қозғалысының мүшесі

Ақтөбе облысы
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
21-10-16 18:44
Құрметті оқырман, сіздерге айтамыз! Ноғайты ауылының анықтамалық жинағы жазылып дайын тұр. Қаржы табылса жарық көреді Әлі де үлгеруге болады. Төмендегі аты аталған азаматтардың өмірдеректері қажет. Деректер мен өмірбаяндарды іздестіріп, жинақты жазуға 15 жыл ғұмырымыз кетті. Әлі де іздестірудеміз, көріскеннен сұрастыруды тиған емеспіз. Солай бола тұра, жинаққа енбей қалған адамдар да баршылық, мәселен, Жаңбырбаев Өскінбай, Жолдасбаев Тәжіғали, Демесінов Стархан, Иманғалиев Шаңдыбай, Қауқаров Қайрош, Құлниязов Бектажы, Раушанов Дауылтай, Шәмшиев Бек, Шонтаев Леш, Отархан, Сейілхан Айтбаевтар, Алдабергенов Аманқос, Әбдіров Таңат, Тәжібаева Саржан, Смағұлов Тұрарбек, Әбілев Маңғыбай, Александр Стрельцов, Александр Лунев, Ілияс Сатаев, Смадияр Беренқұлов, Рахов Үдербай, Хисамединов Қабижан, Нұрмағанбетов Құлет, Өтепов Ашықбай, Сейілханов Жалдыбай, Оразов Өтепберген, Шоманов Меңдібай, Шоманов Әбдіғали, Жаңбырбаев Қылышбай, Білтенов Сағын, Нұртазин Жақсылық секілді т.б. көптеген ауыл көнекөздері. Көмектесіңіздер, Хабарласыңыздар.
тел:87785976287, Нұрлыбай Қошаманұлы. 21.10.2016.
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
21-10-16 18:34
ҚЫТАЙ КЕЛЕ ЖАТЫР!!!!
Қытай ҚАЗАҚСТАН экономикасының әлсіз тұстарын іздестіріп, қолайлы тұсынан кіруге тырысуда. ҚАЗАҚСТАННЫҢ қазіргі экономикалық жағдайы Қытайдың 51 кәсіпорнының (заудтары) ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ жасағалы отырған шаңды жорығы олардың әу бастан жоспарлаған экономикалық экспансиясына аса қолайлы шарттар туғызып берді. Соңғы жылдар ішінде Қытай ҚАЗАҚСТАН экономикасына бірнеше ондаған миллиард доллар ақша салды. ҚАЗАҚСТАНҒА енген қытайлықтар ерте ме кеш пе ішкі рентабелді, аяқтан тұрып келе жатқан жергілікті кәсіпорындарды бәсекелестік тұрғысынан банкротқа түсіреді. Бара-бара Қазақстандық акцияларды сатып алу арқылы экономикамыздың абсолютті билігіне, тетігіне қол жеткізеді. Мысалға қазірдің өзінде Грекия, Португалия, Италия секілді т.б. өзге де еуропалық елдердегі құнды қағаздарды жаппай сатып алып жатқанын айтуға болады.
Қытай шикізатқа бай елдердің бірі ретінде жаңа отаршылдық саясатын күшейтіп қана қоймай, сонымен бірге батыстық инвестиция мен технология есебінен өз өнеркәсібін тез арада техникалық тұрғыдан қайта жабдықтау мен күшейту арқылы да өзге елдерді, соның ішінде ҚАЗАҚСТАНДЫ экономикалық тұрғыдан экспансиялауға мықтап кірісті.
"Қытайдың соғысынан емес, саудасынан қорқу керек. Олар сауда жасап жүрiп-ақ қатын-бала, үмек-шүмегiмен сабанның топанындай ағылып келiп, сенiң жерiңе атақонысындай орнығып алады. Ел алу, жер алу – Қытайға түкiргеннен де оңай. Ол көптiгiмен алады. Қаулаған өрттей басып қалады. Қытай өзiмен қоңсылас елдердi соғысып жойған жоқ, сауда жасап жүрiп-ақ жұтып қойды. Бұл сияқты жер алу, ел алу әдiсiн дүние жаралғалы тарих жүзi көрген жоқ шығар..." деп Жүсiпбек Аймауытов айтқандай енді міне 51 кәсіпорнын арқалап тағы ішке сұғына енгелі жатыр. Оның соңынан мың-мыңдап, миллиондап жұмысшылары ағылады.
Ол аз болғандай алдағы ЭКСПО - аясында да қытайлықтардың адами экспанциясы жалғасады. Қазіргі кезде бізде жемқорлық пен сыбайластықтың, жазылған заңдардан, жазылмаған заңдардың үстемі жүріп тұрған заманы емеспе. Осыны жақсы біліп алған олар ЭКСПО-ны Қытай қытайлықтарды Қазақстанға миллиондап кіргізудің, трамплиніне пайдаланудың "бақай есеп", басты жоспарына енгізіп қойыпты. Қазақстанда тұрақтап қалатын әрбір қытай азаматын қаржыландырудың жолдарын ойластырып, миллиардтаған юанын да әзірлеп қойған. ЭКСПО дан кейін Қазақстанда қытайлықтардың еркін жүріп - тұруына, кіріп - шығуына, барлық бизнесіне, Қазақстанда тұрақтап қалуына да молынан жол ашылады. Бабаларымыз: "қазаққа заманақыр келсе ол қытай жағынан болады" дегені келіп тұр. Қытай жағынан мемлекеттігіміздің, бірлігіміздің, жеріміздің тұтастығының, тәуелсіздігіміздің тігісі сөгіле бастай ма деген қауіп бар. ОЯН ҚАЗАҚ!!!
Н.Қошаманұлы
nurlibai1958@yandex.kz
21-10-16 18:32
ҚЫТАЙЛЫҚ СНПС АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ басшыларының адам шошынарлық жүлдесіне тоқтау салу керек
Қытайлық СНПС АқтөбемұнайГаз компаниясы басшылары (ИДЕОЛОГТАРЫ десек те болады) 500 мың теңге тағайындау арқылы, асханасындағы аспазшыларға иттің, мысықтың т.б мақұлық еттерінен дәмді ас дайындағандарға жүлде белгілепті. Бүгін қазақтарға иттен тағам дайындатса, ертең бақа-шаян құрт құмырсқа етін, сосын сәби етінен ас дайындауға, жеуге үйретеді. Олардың бала етінен жасалған тамақты сүйсініп жейтінін ФБ бетінде әлденеше жариялады. Бейне деректерден (видео) қытайлықтардың бала мүшелерін сүйек мүжігендей тамсанып сорып отырғанына куә болып жатырмыз.
Жер бетіндегі жыбырлағанның бәрін жиіркенбей жей беретін қытайдың бұл жымысқы ісін (саясатын) - қазаққа үйтпеген итті үйттіріп, одан тағам дайындатып, ақшаға алданған қазақты дәстүрінен адастырып, рухани аздыру деп қабылдағанымыз дұрыс болар еді.
Бұлай кете берсе бала етін жеп үйренген қытайлықтар уақыты келгенде қазақ асханаларын да сәби етіне толтырып, қазақ ұрпағын адам етін жеуге үйретеді. Аздырады. Қытайдың мұндай жиіркенішті де арсыз "аспаздық өнеріне" жол бермеуіміз керек.
Бұған Ақтөбе облыстық әкімдігі, Ішкі саясат департаментіндегілер облыстық СЭС мамандары, құқықытық құзырлы органдар жол бермейді деп үміттенеміз. Ата-баба дәстүріне адал болайық Ағайындар.
ОЯН ҚАЗАҚ!!!!
Сапар
сағыз совхозы
24-05-16 05:42
Ноғайтылықтар қайдасыңдар, Ауыл туралы Нұрлыбай жазып жатқан кітапты шығаруға көмектесейік. Деректерің бар болса Нұрлыбайдың адресіне хабарласыңдар.
Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
09-05-16 19:02
Қытайдың қатал ойыны мен жұмсақ экспанциясы
Соңғы жылдары қазақ пен қытай арасындағы қалыптасқан геосаяси жағдай басқаша сипат алып бара жатқандай. Саналы азаматтарды барынша мазалайтын фактор-тәуелсіз еліміздің Қытай сияқты әлемдік ірі державаның саяси және экономикалық ықпал жасау объектісіне айналуы. Бұл ғасырда Қытайдың батысқа кеңею кезеңі басталды. Мемлекеттік меншіктің басым бөлігін уыстан шығармау сияқты жақсы қасиеттерді ұстана білген, нарық пен социализм артықшылықтарын шебер үйлестірудің арқасында Қытай біздер сияқты үлкен экономикалық дағдарысқа ұшыраған жоқ. Қытайдың батысқа кеңею саясаты Ақтөбе мұнайынан басталуда. Аймақтағы экономика тетігін қолына алған олар бүгінде батыс өңіріндегі саяси билікке де өз ықпалдарын жүргізе бастағаны сезілуде. Олар бүгінде қалың Маңғыстау еліне де кіре бастады. Бірполярлық үстемдікті көздеген қытайдың стратегиялық мақсатын түсіну қиын емес. Қос континенттің ортасында орналасқан, халқының саны аз, экономикасы енді ғана даму жолына түсе бастаған, қорғаныс қабілеті әлсіз, бірақ, мол табиғи ресурстарға ие жас мемлекеттің байлығы мен кең жері қызықтырады. «Экономикалық интеграциялық процестер» деген желеумен Қытайдың ақтөбелік мұнай алпауыттары Қазақстандағы субърегионалдық құрылымы ретінде өңірде түпкілікті орнығуға ұмтылуда. Ендеше, қытайдың аймақтағы болашақ пиғылдарына сыни көзбен қарау, оның елдігімізге әкелер қауіпті тұстарын бағамдау алдағы бағдарымыздың бірі болуы тиіс.
Қазіргі кезде ұлтжанды азаматтарды қатты мазалайтын нәрсе ол бүгінгі көрініс бере бастаған қытайлық имиграция болып тұр. Қытай мен Қазақстан арасындағы шекара мәселесі шешілді деп өзімізді жұбата жүріп, екі жақты өзара тиімді сауданың дамуына қолайлы жағдай туғызудамыз деген желеумен қытайлықтардың іскер топтарына мұнайдан басқа мәдени байланыстың, кәсіпкерліктің басқа да түрлеріне жол ашып тастадық. Дипломатиялық қатынасқа қолы жеткен қытайлықтар бүгінде экономикалық, мәдени және әлеуметтік байланыстың түрлі салаларын көбейту жолымен елімізге сыналап кіріп, саны жағынан да көбейіп келеді. Осыған мүмкіншілік жасап отырған билік, Қазақстанды бейбіт түрде экспанциялауға жол ашып берді.
Алғашында тек мұнайды игереміз деп келген қытайлықтар бүгінде батыста одан басқа да мәдени байланыстың түрлі салаларын жедел игеруге көшті. Мұны жергілікті билік басындағылар білсе де, қарапайым халықтан жасырып отыр. Ақтөбеде Қытай компанияларында істейтін жергілікті жұмысшыларды қанау шекетен шығып барады. Қаншама айтылып, жазылып жатса да олардың жалақылары ақыры өскен жоқ. Жергілікті шенеуніктермен сыбайласып алған олар халықты «екі жақты қанауды» тереңдетуде. Осының барлығын билік: «Қытаймен мәдени-экономикалық қатынасқа баруымыз және ШЫҰ бірлестігіне кіруіміз, әлемдік және аймақтық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерге бірлесіп күресу жолындағы еліміздің сыртқы саясатының ірі жетістігі, өзара түсіністік, Қазақстанның көп жақты саясатының жемісі» деген үлкен сөздермен бүркемелеуде.
Бүгінде Ақтөбенің экономикалық мұнай кешендері, бүкіл қаймағы қытайлықтардың қолына толығынан көшіп болды десек те болады. Екі арадағы келісім-шарт әлі күнге дейін халықтан құпия ұсталуда. Ақтөбемұнайгазаға қатысты оның кірісі мен шығысы туралы мәліметтер журналистер үшін жабық. Облыстық баспасөз беттерінде ол жөнінде тұжырым жасауға жарамайтын, толық емес деректер ғана беріледі. Қытайлықтар мен қазақстандық шенеуніктер арасында бірлескен экономикалық коррупция бар. Мұндай экономикалық «ықпалдастық» аймақтағы әлеуметтік қанаушылықты тереңдете түсуде. Құқық қорғау органдары экономикалық сыбайластықты әшкерелеудің орнына керісінше, жергілікті жемқорлық жайлаған жүйенің режиміне қызмет етуде. Құлқынның ғана қамын күйттеген, ұлттық рухтан жұрдай бүгінгі ел басқару жүйесі, қалталы кландар тобы қазыналы Қазақ елінің байлығын өздерінің сыбайластары қытайлықтарға оңды-солды сату жолымен үлестіруде. Кезінде қойнында 340 млн, баррель мұнай қоры бар, тәуілігіне 50 мың баррель мұнай өндіріп келген, Қазақстанның («Nations Energy») басты мұнай активтері жиналған соңғы «Қаражамбас» кен орнын да 1,9 млн долларға қытайлықтарға тағы сатып жіберді. Қазір де сатып жатыр.
Қытай бүгінде аймақта саясат жасауда. Сыналап кіріп өндірісімізді қолдарына алған олар аймақта абсолютті билікке ие бола бастады. Қазақстан парламентарилерінің есебі бойынша қазірде қытайлықтар еліміздің мұнай секторының 70%-ын иеленіп отыр. Ал, бұл ұлттық қауіпсіздігімізге төнген қауіпті қадам. «Экономика тетіктері кімнің қолында болса, билік те соның қолында» деген, Қазақстанның егеменді мемелекет ретіндегі қалыптасуы мен даму стратегиясының бірден-бір кепілі оның байлық көздерін қытайлықтардың қолына беру дегеніміз, болашақ ел билігін де соларға тәуелді ету деген сөз. Олар Қазақстанды бейне бір мемлекет етіп қатарға қосу емес, талан-таражға салып тонаудың, халқын қанаудың, көкпарға тартқандай етіп айнала бөліске салудың объектісіне айналдырғандай.
Батыс елдерінің кез келген газеті және телеканалдары әлі күнге дейін олардың стратегиялық аранының астарын аңғарып, саралап отыру үшін Қытайдың бүгініне арналған хабарларды үнемі жариялап тұрады. Бізде ол жоқ. ҚХР-сы Үкіметі «Батысты дамыту саясаты» деп аталатын бағдарламасын қабылдағанын, «Қытай Батысының» экономикалық даму бағытындағы нақты географиялық және саяси экономикалық аумаққа Қытайдың 12 провинциялық бірліктен тұратын батыс өңірі және Қазақстан экономикасын игеру кіретінін жұрт біледі ме екен? 2001 жылы қытайдың қазақ жерімен шектесетін шекаралық батыс өңіріндегі халық саны 364,5 млн, жеткен. Соңғы жылдары экономикасын көтереміз деп бізбен көрші Шыңжан-Ұйғыр автономиясы өңіріне ішкі қытайдан халықты көшіріп ондағы халық санын еселеп өсіріп жатыр. Ондағы әлеуметтік, ұлтаралық қақтығыстың туындауының көп себептерінің бірі де қытайлықтардың ұйғыр жеріне дендеп енуі, басым көпшілікке айналуы болып тұр.
«Ауруын жасырған өледі» - Қазақстанның оңтүстігінде, батысында түрлі экстремистік көңіл күйдегі ағымдардың жандануы және олардың тарапынан арандату қимылдарының барын, Ауғаныстан жағынан талибандардың Орта Азиялық мемлекеттерге ықпалды ағым ретіндегі саяси ағым екенін, сырттан болуы мүмкін экстремистік бағыттағы түрлі діни ағымдардың қауіптілігін айта жүріп, осының барлығын Қазақстанның мемлекеттік қауіпсіздігіне ықпалы бар күштер қабылдаймыз да, ал, Қытай тарапынан бейбіт экспанцияның төніп келе жатқаны туралы ауыз ашпаймыз. Қытайдың Қазақ жерінде өз саясаты барын, АҚШ, Ресей және іргеміздегі Европа сияқты ірі мемлекеттер де сезініп отыр. Олар да Қытайдың Қазақ жеріне бойлап енуіне алаңдаушылық білдіруде.
Қытайлықтар бүгінде Қазақстанның 134-ші этносы болып қалыптаса бастады десек те болады. Келесі санақта бұл жаңа энос қытай десе оған таңқалмаңыз. Ұлты қытай жиендеріміз де дүниеге келіп жатыр. Бір күндері олар да Қазақстан халықтары ассамблеясы аясында Парламенттен орын сұрауы да әбден мүмкін жай. Уақыт өте келе екі ұлт өкілінің арасындағы керіс туындап, ол екі мемлекеттің мәселесіне дейін көтеріліп, дауына айналса сонда кімнің мүддесінің үстем шығатынын өзіңіз аңғара беріңіз. Кез келген шет елдік мемлекет қазақ жеріне ие болып отырған өз азаматтарының мүддесін қорғауға құқы барын тағы ескерейік. Қытай адам құқықтарының халықаралық норма талаптарына сай, соның ішінде қытай ұлтының қорғалуына аса назар аударып отыратын ел. Олардың иммигранттары қытайдың әскери және қаржылай көмегіне арқа сүйенеді. Талай қанды қырғын, қып-қызыл соғыспен ала алмаған Қазақ жерін екі арадағы сауданың осындай құйтұрқы тәсілімен қолдарына іліктірген қытайлықтарды ол кезде күштеп те кетіре алмайсың?! Оларға әскери тойтарыс беремін деп ойлаудың да қажеті жоқ.
Қытайда жалпы ішкі өнім 35-40 есе, халық саны 100 есе, қарулы әскері бізден 50-60 есе артық. Қытайдың 2005 жылғы әскери бюджеті 81,47 миллиард долларды құрап, сол кездің өзінде әскер саны 2 миллион 225 мың адамды құраған. Бір жылда қытай халқы 15-20 миллион сәбиге өсім береді. Бұл Қазақстан халқының қазіргі санымен тең. Соңғы санақта Қытайда халықтың жалпы санының 1 млрд. 300 млн. жеткені жария етілді. Ол жақта 150 миллионнан астам адам жұмыссыз екен. Қытай үкіметі қабылдаған «Батысты игеру» бағдарламасында осы жұмыссыздар Қазақстан рыногын игеруге жұмылдырылмақшы. Жетісу өңіріне де қытай жағынан келушілердің ағыны толастар емес. Үлкен жауапкершілікпен айтамын, егер алдағы уақытта да осы айтылған жайларға шыныменен көңіл аудармасақ бұл мәселелер болашақта Қазақстан мен Қытай арасында геосаяси жағынан да, этникалық жағынан да түрлі әлеуметтік түсінбестіктерді туындатуы мүмкін.
Әрине бүгінгі жағдайда дербес саясат жүргізу мүмкін емес. Әйтсе де, тек Қытайға ғана басымдылық беріп, есікті айқара ашып тастағанымыз дұрыс болмады. Бізден басқа бірде-бір Кіші Азия, Орта Азия, Араб, Еуропа мемлкеттері оларға есігін ашып тастаған жоқ. Аталмыш нәрсеге көңіл аударғанда барынша мән беретін жай бізге қауіпсіз басқа мемлекеттермен бірлескен іске бару керек еді. Мен мұны Қазақстан билігінің жіберіп отырған «ғасыр қателігі» дер едім. Сонау ғасырлардан бері көшпенді халқымыздың өз мемлекетін, ұлан байтақ шекарасын сыртқы жаулардан қорғауда, соның ішінде қытаймен байланыста оларды ішке енгізбейтіндей бір ізді бағыт ұстанып келді. Елді басқару тізгінін қатаң бақылауында ұстаған билеріміз, солардың ақылына көнген хандарымыздың қытаймен арадағы ұстана білген дипломатиялық сол үрдісі, бүгінгі кезде бұзылды. Қазақ үкіметінің бойында Қазақ хандарының іс-қимылдарына саралап бойлау, сыни талдау жетіспейді.
Осының барлығына осы уақытқа шейін қытаймен болған небір келісімдерді ратификациялап келген үкіметтегі шенеуніктер мен жергілікті әкімдерден құралатын елдегі жалғыз саяси күш - «Нұр Отан» партиясы жауапты. Ресми Астана өзінше Ресей, АҚШ, Қытай секілді ұлы державалардың өзара тартысын өз пайдамызға жаратамыз деп олармен өзінше ойнамақ болады. Сөйте жүріп Қытайдың аузына өздері келіп түскенін байқамайды. Қытай әрі тартып, бері итеруге көнетін ойыншық емес. Күндердің күні сол ойын шеберлерінің ойыны осылып, біз үшін келер күндердің бірі қытай алдында түбегейлі тізе бүккен күн болып жүрмесін?!
Бүгінгі қал-ахуалымыз шығыстағы ұлы көршіміз Қытаймен байланысымызға баға беруді талап етеді. Қытайдың соңғы жылдардағы экономикалық жағынын тез өркендеуі мен оның әскери күшінің өсуі ерте ме кеш пе аймақтағы мемлекеттердің өзара ықпалының ара-салмағын өзгертуі мүмкін. Ағылшын саясаттанушысы Хелфорд Макиндер: «Орталық Азияны кім басқарса, оның бүкіл Азияға үстемдігі жүреді, ал Азияда кімнің ықпалы мықты болса, сол мемлекет бүкіл әлемді билейді» - деген екен. Бүгінде әлемдік сарапшылар да Қытайдың Орта Азия аймағында абсолютті билікке ие болу мүмкіндігі барын қазірдің өзінде жиі айта бастады. 2020 жылдары Қытай экономикалық өсімі және тұтыну қабілеті бойынша АҚШ-ты басып озып, әлемде бірінші орынға шығатынын болжап отыр. Қазақстанды тізерлетіп болғасын Қытай таяудағы 15-20 жылда Еуроодақ елдеріне де ықпалын жүргізіп, оларды кез-келген мәселе төңірегінде мәмілелер жасауға мәжбүр ете бастайды. Қытайдың «қатал ойыны мен жұмсақ экспанциясы» Еуропаға Қазақстан мұнайына иелік ету арқылы ашылған қақпа арқылы жүзеге аспақ. Қазірдің өзінде АҚШ-тың саяси ықпалынан гөрі аймақта Ресей, Қытай және Еуроодақ өздерінің ойындарын жүргізіп, құбылтып отыру мүмкіндігіне ие бола бастағаны сезіле бастады.
Осындайда Қытай алдында қазақ елінің әлсіздігін әркезде де көре білген данагөй бабаларымыздың осындайда: «ұзын арқан, кең тұсау» орысыңа іш тарта біл дегені еріксіз ойға оралады. «Қара қытай қаптаса, мойныңа түскен қыл бұрау» - деп йтып кеткендей, егер Қазақстан Қытай жағынан ішкі экспанцияға ұшырай қалса, қазақ халқын одан тек қана Ресеймен бірлескен іс-қимыл ғана құтқара алады. Себебі, орыстармен ғасырлар бойы қалыптасқан көршілік, этникалық жағынан өзара түсініушілік пен бейімділіктің (адаптация) орнығуы, олар тарапынан қажет болса әскери-техникалық, адами, моральдық көмек алуға мәжбүр етуі мүмкін (әрине ондай басымызға төнбесін деп тілейік).
Бабаларымыз болжап кеткендей, болашақ Қазақ елінде осындай жағдай қалыптасып келе жатқандай. Ендігі жерде Қазақстан Үкіметі қытайлықтарға өтіп кеткен мұнай кешендері төңірегіндегі келісім-шарттардың уақытын ұзарта бермей, керісінше қайтарып алудың қамына кірісуді, оны игеруді отандық өндірушілерге тапсыруды бүгіннен бастап ойластырғандары дұрыс болмақ. Бұлай қайтарып алу араб елдері тәжірибесінде бар. Алып державалармен қалыптасқан сыртқы саяси орта жағдайымыз алдағы уақытта саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың сайлауалды шараларында көтеріліп, күнделікті назарында болса екен дейміз.

Нұрлыбай Қошаманұлы,

08.05.2016
Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
06-05-16 10:21
Қазақстанға ағылып жатырған қытайлықтарың көздеген астарлы мақсаты неде?

Қытайлықтардың өктемдігі соңғы жылдары тым шектен шығып барады. Шындықты көтерген жұмысшылардың белсенділерін, олардың құқықтарын қолдаушы кәсіподақ өкілдерін қуғындаумен айналыcады. Біз қанша жерден демократиялық қоғам құрып жатырмыз десек те, қытайлықтардың «әшекейінің» ту сыртынан аумақтағы қоғамдық, саяси ахуалды ушықтырушы «таптық үстемдігінің» төніп келе жатырғанын көре білуіміз керек. Қытайлықтардың қазақ халқының табиғатымен ешбір сиыспайтын қылықтары: менменшіл өркөкіректігі, қазақ жұмысшыларына екінші сортты қаралар ретінде қарауы, осының барлығы аймақта гегомондыққа ұмтылған ұлы державалық авантюризм саясатынан туындап жатырған жайлар.
Шынайы ынтымақтастық өз жауапкершілігін мойындай жүріп, адам құқықтары мен мүддесіне достық ниетпен қарап, кепілдік берген жағдайда ғана қамтамасыз етілетінін ескерсек, өкінішке қарай қытайлықтардың басқарудың неғұрлым дөрекі әдістеріне көшуі, жұмыста бүтін халықтың ұлттық мүдделерін елемеуі, жалақыларын өсірмей езе қанауы халықтың екінші бөлігін ашындыруда. Жалған дипломмен келіп, жергілікті жұмысшы-мамандардан бірнеше есе артық жалақы алатын қытайлықтардың қолдан жасаған мамандары көбейді. Мұндайлар мемлекеттік қазынаны ғана емес, жеке бастарының байлығын да арттыруға жұмыстануда. Мұны Ақтөбе облысының прокурорлық тексерулерінің нәтижесінде ашылған заң бұзушылықтар дәлелдеген құжаттарға зер салсаң байқайсың.
Соңғы кездегі езілген халықтың бірі ретінде қазақ халқының, оның жұмысшыларының қытайлықтарға қарсы жиілеген наразылығы - әлеуметтік қанаудан, өздерінің экономикалық, саяси тәуелсіздігін қорғаудан, қытайдың ұлыдержавалық үстемдік саясатын әшкерелеуден туындап жатырған табиғи жауап әрекеті. Жасыратыны жоқ 2011 жылы 17 қыркүйекте «Северная труба» кенішінде «Ориол-құрылыс», М-техсервис» ЖШС-іне қарайтын қазақстандықтар мен қытайлықтар арасында жанжал туып, соңы атысқа ұласқан қанды сойқан орын алды. Нәтижесінде бір қытайлық өліп, бірнешеуі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Бұл 200 қытайлықтың заңсыз келіп еңбек еткені аз болғандай, жергілікті жұмысшылардан «бірнеше есе артық жалақы» алуынан ушықты. Қытайлықтар алдында жергілікті жұмысшылар құқықсыз, қауқарсыз тобырған айналған.
Халықтар арасында ұлтшылдық сезімдерді, өзара сенімсіздік пен араздықты қоздыру қытайдың бұрыннан бар саясаты. Бір нәрсе айқын – еліміздің қай түпкірінде болмасын қытай бүгінде Қазақстанның ішкі әлеуметтік, экономикалық, саяси, ұлтаралық қарым қатынасын ушықтырушы басты факторға айналды. Қаналушы тап, қазақстандық жұмысшылар идеялық жағынан да, құқықтық теңдік жағынан да өздерін әлі күнге дейін біртұтас сезіне алмай келеді. Олар жергілікті құзырлы органдар тарапынан да қолдау көрмей, өзін-өзі билеу және қорғану құқынан айырылған. Тыңдар құлақ болса бұл туралы еліміздің мерзімді басылымдары жазып-ақ жатыр. Ақпарат көзінде жарияланғандай шын мәнінде қазіргі кезде 1% ҚЫТАЙ ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫҢ 60% ӨЗ УЫСЫНДА ҰСТАП ОТЫР.
Бұл теңсіздің тыйылар емес, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Сабақ алар қытайлықтар болмай тұр. Кеше ғана Ақтөбенің жергілікті мұнайшылары өз наразылықтарын жеткізді. «Ақтөбемұнайгаз – СНПС» жұмысшылары компанияның әділетсіздігіне қандары қарайған. Ақтөбеліктер, фирма басшылығы оларды негізсіз демалысқа жібергенін, ал кен орындарында қытайлықтар жұмыс істеп жатқанын айтты. «Елімізде мыңдаған жұмысшылар ақысыз демалысқа жіберіліп, дағдарыс қысып жатса, қытай басшылығы қытайлар санын тіпті де қысқартқан жоқ», – деп шағымданды қазақстандықтар. Ашуға булыққан мұнайшылар тіпті кәсіпорында еңбек етіп жатқан қытайлықтардың толық тізімін де түзіп алған. Онда көрші мемлекеттің 113 қызметкері жазылған. «Қытай азаматтары компанияның басшылығында мықты орындарды иемденген. Барлық шешімді қытай жетекшілері қабылдайды. Басқарма аппаратында да солар. Шетелдік мамандар мен қазақстандық мамандардың алатын жалақысының да айырмашылығы жер мен көктей. Қытай басшылары өздерінің жұмысшыларына жақсы қаражат төлеп, дұрыс өмір сүруіне де керемет мүмкіндіктер жасап беріп отыр. Ұшып барып-келуі, тамақтану, көңіл көтеру, өмір сүруінің барлығы компания есебінен қарастырылған. Оларға қазақстандықтар секілді мерекелерде демалып, аптасына 40 сағат істесе де 3 ай еңбек режимі 1 айлық еңбек демалысымен бірге қарастырылған”, – дейді мұнайшылар. Олар Кеңқияқ, Саркөл, Жаңажол, Қандыағаштағы мұнайшылардың отбасы алған жалақыларымен әрең күн көріп отырғанын айтты. «Егер отандық қызметкерлердің қатарын қысқартса, онда тепе-тең қылып қытайларды да қысқарту керек. Бір қытайлыққа сұмдық айлық төлеп Қазақстанда ұстағанша, 3-4 қазаққа жұмыс беруі керек ғой», – дейді шағымданған мұнайшылар. Бұл туралы кеше ғана БАҚ беттерінде timeskz.kz хабарлады.
Қытай бүгінде батыс өлкесінде қазақ экономикасын ұзағынан тізгіндеп ұстау үшін Ақтөбеден «өз банктерін ашып, қытай диаспорасын көбейту» (қытайландыру) мақсатында мұнайдан тыс басқа да бизнес түрлерін кеңейтіп, қала айналасынан жер телімдерін сатып алып, тұрғын - жай құрылыстарын жүргізіп, еңселі әкімшілік орталықтарын тұрғызуға кірісті. Қазақ жеріне терең бойлап енуіне тірек болатын қытайлардың әкімшілік кешендері құрылысы еліміздің өзге өңірлерінде де Алматы, Қызылорда, Атырау мен Маңғыстау облыстарында жылдам қарқынмен жүріп жатыр. Қазақстандағы қытайлық мұнай компаниялары мен басқа да бизнес құрылымдарына тек қана қытай азаматтары жұмысқа алынбақшы. «Адами экспансия» дегеніміз осы. Шетелдік азаматтардың Қазақстан азаматтарымен некеге тұруы да белгілі дәрежеде қосымша мәселелер туындатады. ҚР «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» заңының 14-бабы бойынша Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен және басқа адамдармен некеге тұрып және оны бұза алады.
Кейбір бейресми деректер бойынша 4500-5000 мыңдай қытай еліміздің азаматтығын алса, 500 мыңдай қытайлықтар қазақ жеріне кіріп үлгерген. Салыстырып көрейік. 74 жылдық тархы бар кеңес заманында да қазақтың жеріндегі өзбек те, ұйғыр да мұндай санға өскен емес. Соңғы 10 жылда өзіміз шақырып жинаған оралман қазағымыздың Қазақстанға келгені 800 мыңнан сәл асады. Қазақстанда бұған дейін достығы мен ынтымағы жарасқан 130 ұлт пен ұлыстың өкілі тұрып жатыр дейтін болсақ, таяу болашақта 131 – ші ұлт өкілі қытай диаспорасының тіркелуіне алғы шарт қаланды деген сөз. Ендеше соңғы кезде халықты алаңдатып отырған мәселенің бірі - ауылшаруашылығы жерлерін жалға алушы қытайлықтардың ертең басқа бизнес көздерін ашып, қазақстанның әр түпкіріне шашылып кетпесіне ешкім кепілдік бере алмайды.
«Екі ел арасындағы өзара экономикалық ықпалдастық» деп басталған қарым-қатынас тереңдей келе қазақтың байлығы ғана емес, жерін алу мақсатына ұласып, Қазақстанның ішкі тұрақтылығы мен экономикалық қауіпсіздігіне әсері байқала бастады. Ресейдің белгілі академигі Аганбегян: «Қарыз берушілер қазақтың байлығын сыпырып тасып жатыр. Қазақтар қарыздың кепілі ретінде – қазба байлықтарын қойып отыр» - деп дәл айтты. Ол бекер сөйлемейтін, әлем ғалымдары санасатын экономист. Бұған мына деректі келтірсек те болады. Қазіргі кезде бізде жерден бөлек, жер қойнауындағы стратегиялық қазыналарымыз да аукцион арқылы сатыла бастады. Еліміздегі пайдалы қазбаға тұнып тұрған 100-ден аса кен орны 16-шы маусымда ашық саудаға шығарылмақ, деп хабарлайды КТК арнасының сайты. Яғни, кез-келген қалталы Қазақстан азаматы мен шетелдіктер аукционға қатысып, бағалы, түрлі-түсті металл, алтын, мыс, тіпті алмазы бар кен орнын сатып алуға қақы бар. Ең қымбат баға ұсынған байлар қойнауы қазынаға толы жердің иесі атанады. Бірінші кезең бойынша, Ақмола облысындағы «Комсомол» кен орны саудаға түседі. Оның бастапқы құны 9 жарым миллион. Ал, Солтүстік Қазақстандағы алмазы бар «Қаратал» кен орнының бастапқы бағасы 600 мың теңге. Аукционға қатысуға ниетті инвесторлар мен жергілікті кәсіпкерлер 26-шы мамырға дейін өтініш жазуы тиіс. Жер қойнауындағы байлықты жаппай сату науқаны былтыр басталған болатын. Ол кезде саудаға қойылған 100 кен орнының 49-ы сатылып, бюджетке 1 жарым миллиард теңге түскен (Дерек көзі: Stan.kz). Бүгін мұнайымызды кепілдікке алса, ертең жерімізді кепілдікке қоятындар да табылады.
Сондай-ақ, Қытай қазіргі кезде аймақта қытайша оқып, білім алған тіл мамандарының санын көбейтуге талпынып жатыр. Бұл бағытта Ақтөбе пединституты жанынан «Конфуциий» ілімін оқытатын бөлім де ашылды. Қытайға барып қытай тілін үйренемін деуші қазақ жастарына барлық жағдайлар жасайды. Ойлағандары: қытайша тіл үйренген қазақ жастарын болашақта қытай мемлекеті мүддесін өткізуші әлеуметтік құралға айналдыру. Осы орайда, бір кезде «біздің басымызды біріктіретін орыс тілі» деген үндеумен «ұлы тіл» де осылай қазаққа орыс тілін кәсіп еткен мұғалім қазақтардың оқытуымен, зиялылардың қолдауымен түпкілікті таңылғанын, елімізді отарлауға зор мүмкіншілік жасалғанын неге ұмытамыз?
Біз қанша жерден: «Қазақстан мен Қытай әлеуеті өз-ара бірін-бірі толықтыруда, стратегиялық серіктестігіміз жарқын, келешегі нәтижелі және шынай достық, түсіністік рухында дамуда» - десек те, бабаларымыздың: «қара қытай қаптаса – мойныңа түскен қыл бұрау», - деген ескертуін ұмытпағанамыз, олардың қай саясаты болмасын Қазақстанның емес, керісінше қытайдың мүддесін ғана көздейтінін ескергеніміз абзал. Олар бүгінде қазақ экономикасын ашықтан-ашық тонап жатыр. Жер мемлекеттік қауіпсіздігінің кепілі. Бүгін 5 мамырда Президент жердің сатылуын, жалға берілуін әлі де зерттеп, зерделеу қажеттігін айтып, 1 жылға мараторий жариялады. Барлығы алдағы уақытта халық мүддесі тұрғысынан шешіледі деп үміттенейік. Ендеше жыл сайын миллиардтаған доллар кіріс келтіретін өз мұнайымыздан тамшылатып төлеген салығына малданып отыра бермей (бар болғаны бірнеше миллион теңге), экономикалық жағынан қытайдың шикізат көзіне, боданына айналмау үшін, олардың отарлық езгіні ғана көздеген жымысқы саясатын сезініп, қазақ билігі тәуелсіз экономика құру жолына түскені дұрыс демекпіз.
Нұрлыбай Қошаманұлы, Ақтөбе қ,
05.05.2013

Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
24-04-16 21:18
ХАБАРЛАНДЫРУ
Ноғайты ауылына қатысты Энциклопедиялық жинақ жазылып жатыр
Өскелең ұрпақты тарихпен тәрбиелеуде уақыт, кезеңдер сабақтастығының ұмытылмай сақталуының тәрбиелік маңызы қашанда зор. Неғұрлым өткен мен бүгіннің байланысы берік болса, соғұрлым ұрпағының туған жеріне, тарихына, сол тарихты жасаушы ата-бабаларына деген сүйіспеншілігі арта түседі. Осы тұрғыдан алғанда бүгінде кезінде Байғанин ауданының үлкен шаруашылығының бірі болған «Сағыз совхозына» (Ноғайты ауылы) қатысты тарихи энциклопедиялық жинақ шығару қолға алынып жатыр. Ауылымыздың қалыптасуы және оның даму жолына қатысты тарихи - хронологиялық деректі энциклопедиялық жинақ шығару уақыт сұранысы.
Айтарымыз, болашақ кітапқа жиналар әрбір өмірбаянда қарапайым малшы, механизатордан бастап шаруашылық, мекеме қызметкерлерінің туған жылы, қандай жылдар аралығында қай жерде, қандай қызметтер атқарғаны, лауазымы мүмкіндігінше толық қамтылуы қажет. Сондай-ақ, шаруашылықта қандай мекемелер халыққа қызмет жасады? Олардың ашылу және тараған жылдары туралы мәліметтер де керек. Совхоздың жер–су, елді-мекен атауларының тарихына қатысты ресми құжаттар немесе оның аталу себептері туралы аңыз әңгімелер болса да жиналуы тиіс.
Бұған әр жылдары түрлі баспасөз беттерінде ауылдың өткен кезеңдерінен мәлімет беретін шаруашылыққа қатысты және оның азаматтары туралы жарияланған мақалалар да жатады. Дерек көздері совхоздың құрылған күнінен (1948 жыл) бастап, 1990 жылға дейінгі аралықты қамтуы тиіс және бұл бүкіл ауыл азаматтарын, өмірден өткендердің бүгінде көзі тірі ұрпақтарын сұрастыру арқылы жүргізілгені дұрыс болады. Жекелеген адамдарға қатысты өмірбаян жолдарын егер оның еңбек кітапшасы сақталған болса, сол арқылы да қағазға түсіруге болады. Болмаса естелік түрінде жазылуы тиіс. Кейінгі жылдары ауылдан көшіп кеткендер туралы мәлімет жинау да белгілі бір қиыншылықтарды туғызуы мүмкін. Сонда да әзірге қолда бар мәліметтерді жинастыра берсеңіздер дейміз. Біз бір кезде сонда қызмет еткен (өмірден өткендердің балалары мен туыстарынан), ауылдың тарихына қатысы бар барлық азаматтардан мағылұмат беретін хат, хабар күтеміз.
Құрметті ауыл және аудан азаматтары! - «жанашырын таппаса, жақсылық қанатын жаймас», қолдаушысы бола білсеңіздер алдағы уақытта қолға алатын іс осы болмақшы. Өкше басар ұрпаққа рухани мұра қалдырып отыру, адамзат әулетінің ұлы миссиясы. Ауыл тарихы – аудан тарихы, ал ауданның шежіресінен облыстың, қала берді республикамыздың тарихы құралмақ. Тарихи, рухани мұраларды жиып-теріп, болашаққа тапсыра білу біздің жұмысымыз. Уақыт өткен сайын артыңа бұрылып қарап, ауылдың өткеніне ой көзімен шолу жасау табиғи қажеттіліктен туындайтын нәрсе. Қолға алған ісіміз нәтижелі болып жатса, мұның бәрі шын мәнінде ауыл жөнінде мәлімет алғысы келетіндерге көп пайда тигізетіні кәміл.
Аудан әкімшілігі тарапынан да осы бір маңызды іске ұйытқы болып, совхозға қатысты жергілікті мұрағатта сақталған құжаттар болса оны табуға көмектеседі деп үміттенеміз. Қазіргі кезде кітап жазылып дайын тұр. Қаржы көзінің табылуына қарай шығады. Тың деректер болса әлі де жіберулеріңізге болады.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, «Сағыз совхозына» (Ноғайты) қатысты тарихи энциклопедиялық деректер жинауға қатысты құжаттар төмендегідей:

1. «Сағыз орта мектебінің» негізін қалаушы ардагер мұғалімдердің өмірбаяндары мен бір суреті. Мектептің тарихына қатысты деректер қажет.
2. Ауылдың тарихына қатысты деректер.
3. Соғыс ардагерлерінің өмірбаяны мен суреті.
4. Социалистік және еңбек ардагерлерінің өмірбаяндары мен суреті.
5. «Сағыз совхозында» (Ноғайты) әр жылдары шаруашылық басқарған және түрлі мекемелерде қызмет еткен ардагерлердің, қарапайым жұмысшылардың өмірбаяндары мен суреттері.
5. «Сағыз совхозынан» (Ноғайты) шыққан көп балалы аналардың (алтын алқа, күміс алқа атанғандар) өмірбаяндары мен суреттері.
6. Темір жол саласында қызмет еткен ардагерлердің өмірбаяндары мен бір суреті.
7. Совхоздың өз тарихына қатысты деректі құжаттар.
8. Ауыл халқының бүгінгі саны.
9. Шаруашылықта қандай мекемелер халыққа қызмет жасады? Олардың ашылу және тараған жылдарына қатысты деректер.

Байланыс телефондары: 8 7785976287; 97-51-43. Ақтөбе қ, Герцен к 17 үй 10 пәтер.
Нұрлыбай Қошаманұлы.
25.04.2016 жыл
Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
24-04-16 20:45
Ақтөбе облыстық
мәслихат депутаттарына

Полигон құрылысына тоқтау салайық

Мені «Қазақия» газетінде, (01.04.2015ж. №13(71) жарияланған Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінен ашылмақшы полигон мәселесі селт еткізді. Адам – жердегі биологиялық түрлердің ең құндысы. Адам бір – бірімен және табиғатпен үйлесімді өмір сүруді үйренбесе, адамзат жойылса да, жер сонша уақыт тіршілік ете алады. Адамдар арасында кез-келген зиянды полигон әсері генетикалық деңгейде түрлі туа біткен кемтарлыққа, жүйке ауруларының (психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар науқастар) көбейуіне әкеледі. Биосферадағы зат айналымына келген зиянды мұнай қалдықтары жануарлардың (әсіресе, балықтар мен құстардың) көптеген түрлерінің жойылуына, ежелден қалыптасқан трофикалық тізбектердің үзілуіне, әкелсе, екінші жағынан, ұсақ жәндіктер мен микроорганизмдердің (космополит организмдердің) шамадан тыс көбеюіне аймақта түрлі құбыжық аңдар мен ұсақ жәндіктердің пайда болуына әкеледі.
Бұған дейін де Қалдайбек ядролық полигонының зардабын тартып келген ауданда соңғы жылдары улы мұнай қалдықтарын көметін бірнеше көмбелер салынып үлгеріпті. Мұнай қалдықтары қазірдің өзінде Ноғайты мен Айрықтың зиянды умен және шаң-тозаңмен ластануының басты көзіне айналды. Ол аз болғандай шетелдің мұнай өндіруші компаниялрының ілеспе газды берекетсіз жағуы да айнала ауаны құрғатып жатыр. Салдарынан соңғы жылдары аймақта климаттың ыстығы бірнеше есе көтеріліп, дала өрті жиі қайталанып, жаңбыр тамбай кететін жылдар жиіледі. Бұл құрғақшылық та мал баққан халыққа ауыт тиіп тұр. Мүмкін, баз біреулер үшін бұл өлке вахталық мекен болар. Ал жергілікті халық үшін бұл туған өлке, атамекен. Осы жерде еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, болашағын жоспарлайды. Келешекке баға жетпес байлық — таза да қауіпсіз, қолайлы табиғатты мұра етіп қалдыру ойлайды. Сондықтан бұл — өте өзекті мәселе.
Байғанин ауданы, Айрық ауылының іргесінен не бары үш шақырым жерде салынбақшы полигон құрылысына халық қарсылық білдіруде. Онсыз да экологиясы нашар, тек төрт түлікпен жан бағып отырған жұрт бүгінде бала - шағасының денсаулығына алаңдаулы. Жекенің қалтасына кетепсе қайдам, полигондар құрылысынан ауданның, қала берді ауылдың агроөнеркәсіптік бағдарламсына қосылып жатырған экономикалық түсім де көрінбейді. Осының барлығы жеке бас мүддесі үшін жасалынып жатырған көлеңкелі қарекет секілді. Өкінішке қарай, әзірге мұны естір құлақ, құзырлы органдар, билік болмай тұр? Ал, «Ақтөбе облысындағы жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылайтын мемлекеттік мекемедегі шенеуніктер мұны қалыпты жағдай деп санайды» екен («Қазақия» газеті, 01.04.2015ж. №13(71). Олар көпшілік мүддесін қорғауды қойды. Осы біз табиғатты пайдалану ұранын бет перде желеу етіп, адамзатқа қарсы «ланкестігімзді» қашанғы жалғастыра бермекпіз.
«Қазақия» газетінде басқа да бұқаралық ақпарат беттерінде бұған наразылық білдірген хаттар, мәлiмдемелер жарияланды. Ауданның табиғатына алаңдаған Ноғайты, Қопа, Ебейті, Айрық, Көптоғай тұрғындары құзырлы органдардан араша түсуді сұрауда. «Қанына тартпағанның қары сынсын» - демейме қазақ, өкінішке орай аудандық мәслихат депутаттары, аманатын арқалап жүрген мүйізі қарағайдай облыстық мәслихатта отырған жерлес депутаттары мен басқа да зиялылары да (К.Кенжебаев, Л.Жазықова, Т.Айжарықов, Н.Беріков, К.Есмағанбетов, А.Майтеков, К.Бекмағанбетов, Е.Құрманбеков т.б) үнсіз. Бас шұлғып үйренген ауыл әкімдері бұл мәселеде дәрменсіз, оларға бәрібір. Бұл проблемаға араша түсу «Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң» құзыретiне де жатады. Байқаймыз, олар да үнсіз. Өзгенің қайғысына балтыры сыздап, жаны ауырып, өзегін суырып берген бабаларымыздың қасиеті қайда? Немкеттiлiк, нем¬құрайдылық – қасiреттiң бас¬тауы. Қарапайым халықтың мүддесіне қайшы келетін, тіршілікке зиянды «тажал ошағына» тосқауыл жасауға қауқарымыз бар ма осы?
Айтарымыз, ашылмақшы полигон аймақ халқы үшін экономикалық жағынан да, әлеуметтiк жағынан да тиiмсiз. Бұл жай онысыз да «тантал» азабын тартып, жерінің топырағының құнарсыздығын көріп, ортақ қазандағы мол байлыққа ожауы түгілі, қасығын сала алмай, байлығынан жалай алмай, кедейшілікте, шөлейтте отырған халыққа ауыр тиіп отыр. Аудан халқы тәжірибе жасайтын сынақ лаброториясының жәндіктеріне айналғандай. Бұлай жалғаса беруі мүмкін емес. Осы біз Абай айтқандай: «бастық айтса болды, бас шұлғиды шыбындап», - деп, «көптің» мүддесін ысырып қойып, «бірдің» ыңғайына қарай белден басуды қашан қоямыз. Сондықтан полигон құрылысына тоқтау салып, қажет болса халық арасында «референдум» жариялап, «республикамыздың мемлекеттік өмірінің неғұрлым маңызды мәселесінің бірі ретінде» бұл бастамаға кімнің ісі болса да қарсы болуымыз, мәселенi көпшiлiктiң талқысына салып, заң аясында шешiм қабылдауымыз керек (ҚР Конституциясы 2 бап, 2 жол).
Құрметті депутаттар, зиялылар Сіздерге айтамыз! Мемлекет пен оның әрбір азаматы, соның ішінде билік тұтқасында отырған шенеуніктер қай жерде де қоғамның тұрақтылығы мен елдің әл-ауқатына кері әсерін тигізетін кез-келген шалыс қадамға бармауы керек. Бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында елдегі қоғамдық келісім мен ішкі әлеуметтік, саяси тұрақтылықтың ушығуының алдын аламыз десек, жергілікті билік пен құзырлы мекемелердің қызметі ішкі ведомостволық мүддеден, қарапайым халық пен мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталуы тиіс демекпін.
Халықтың жанайқайын естіген зиялылар тік көтеріліп, солардың төңірегіне жиналар еді. Көптің талабын қолдап, қайталар еді. Ендеше Байғанин ауданындағы көтерілген қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға арналған проблемаға барлық қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар және барлық деңгейдегі халықтық өкілетті орган - жергілікті мәслихат депутаттары бірдей араласады деп үміттенемін. Аудан халқы мұндай ластануға шыдамайды. Полигон құрылысына өз басым қарсылығымды білдіремін. Экология — зардабы әр тұрғынға тікелей қатысты мәселе, одан ешкім тысқары қалмауы тиіс. Ортақ мәселеге бей-жай қарамай, оған тоқтау салу – бүкiл қазақстандықтың парызы.

Нұрлыбай Қошаманұлы,
«Невада – Семей» халықаралық антиядролық
қоғамдық қозғалысының
эксперттік комиссиясының мүшесі.
06.04.2015
Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
24-04-16 20:41
Тәуелсіздік пионерлері

Тарих өткен өмір айнамыз, болашаққа аманат. Қоғам дамуының негізгі жетекші күші қоғамдық сананы ояту десек, оған тоқсаныншы жылдардағы «Азат» азаматтық қозғалысы зиялыларының әлеуметтік-саяси ойларының ықпалы: ұлттық сана-сезімінің қайта жаңғыруының, қазақ ұлттық идеялогиясының қалыптасуының, тәуелсіз мемлекеттің демократиялық даму жолын анықтаудың жаңа кезеңдерін қалыптастырды. Партияның басында белгілі ұйымдастырушылары болып қоғам қайраткерлері: С.Ақатаев, М.Есеналиев, М.Шорманов, Ж.Қуанышалин. Б.Дәрімбет жүрді. Саяси жүйені көппартиялық етуді, «Тәуелсіздік декларациясын» (14.10.1990) жариялаған да осы «Азат» қозғалысы азаматтары болатын. Сондай-ақ, 1991 жылы қыркүйек айының 13-16 аралығында еліміздің Батысынан (Орал облысынан) автономия жариялап, территориямыздың бір бөлігін бөліп әкетпек болған неоколаниалист орыс-казактарының сепараттық әрекеттеріне қарсы көтерілген «Бүкілқазақстандық наразылық акциясын» ұйымдастырған да осы азаттықтар болатын. Бұл қазақ халқының Ресей тарапынан болған «саяси терроризмге» қарсы көтерілген тәуелсіздік тұсындағы желтоқсаннан кейінгі соңғы бұлқынысы еді. Азаттықтардың құрамында 1986 жылғы «желтоқсан көтерілісіне» қатысқан азаматтар да бар. Қазақ халқының бодандықтан бостандыққа ұмтылысындағы бұл қос бұлқыныс: «Желтоқсан» (1986) мен «Орал көтерілістерін» (1991) «тәуелсіздік қарлығашының қос қанаты» деуіміз де сондықтан. Оралдағы жер даулаған орыс сепаратистеріне қарсылық білдіріп еліміздің 12 облысынан азаттықтар жиналды.
Мәскеуде болған 1991 жылғы 20 тамыз төңкерісі күні Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысы барлық қазақстандық саяси партиялардың арасынан да алғашқы болып әйгілі ТЖМК бүлігін «антиконституциялық төңкеріс» деп қабылдап, республика Президентінен, оның Жоғарғы Кеңесінен еліміздің егемендігі мен территориялық тұтастығына Мәскеу тарапынан болуы мүмкін кез келген агрессияға жол бергізбеуді, қазақстандық қоғамдық-саяси партияларды тек қана Қазақстанның өз заңдарына сүйене отырып жұмыс жасауға шақырып, Қазақстан Республикасы Президентінің елімізде ешқандай төтенше жағдай енгізілмейтіндігі туралы ұстанымын қолдайтындығын білдірген өз мәлімдемесін таратты. Қазақ елін егемендікке алып келген «Конфедерация» идеясын сол кездегі барлық саяси ағымдар ішінен алғаш болып көтерген де «Азат» (Ж.Қуанышалин).
1992 жылдың наурызында саяси ұйымдар арасынан тағы да алғаш болып республикашыл «Азат» партиясы «Қазақстанның Қорғаныс Министрлігі құрылсын» деген мәлімдемесін жариялады. Онда жуық арада сол кездегі қорғаныс комитеті негізінде Қорғаныс Министрлігін құру, Қазақстан жеріндегі барлық қару-жарақ, әскери үй-жайлар, материалдық базалардың түгелдей республика меншігіне алынуы, қауіпсіздігіміздің кепілі ретінде Қазақстан жеріндегі ядролық қарудың республика қарамағына берілуі, Кеңес әскерінің шығарылуы және жергілікті офицер мамандардың жасақталуы қажеттігі жөнінде айтылды. Осы ұсыныс 1992 жылдың 7 мамырында ҚР-сының «Қарулы күштерін құру» туралы президент жарлығының шығуына әкелді. Мемлекетке балама ретінде тұңғыш «Экономикалық концепцияны» (17.06.1992) қабылдаған да азаттықтар болды.
Ақтөбе, Ақтау, Атыру, Орал және Қызылордалық азаттықтар халқымыздың денсаулығына ауыр зардап әкелген экология мәселесінде халықаралық «Семей-Невада» антиядролық қозғалысы аясында Семей полигонын және Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы «Қалдайбек», Атыраудағы «Тайсойған», Ордадағы (Орал облысы) «Нарын» полигондарын жаптыруға, Байқоңыр мен Арал мәселелеріне де араласты. 27.10.1991ж. «Возрождение» аралын жабу жөнінде Үндеу қабылдады. Сондай-ақ, азаттықтар осы жайларды көтерген «Азғыр полигоны құпиясы» (21.07.1991), «Қалдайбек қасіреті» (11.09.1992), «Полигон» (17.10.1992), «Семей полигонының жабылуына 1 жыл» атты деректі фильмдер түсірді. Сол жылдары облыс орталықтарындағы қазақ мектептерінің санын көбейту жұмыстары да азаттықтардың үй-үйді аяқтай жүріп аралаған бастамасымен қолға алынғанын да ешкім жоққа шығара алмас. Азаттықтар әлеуметтік екі жақта қанаудан туындаған 1989 жылғы Жаңа Өзен көтерілісінің, 1990 жылғы Кенқияқ толқуының басы қасында да жүрді. Уақытында Мағыстаулық «Парасат» саяси қозғалысы да жер, тіл, көші-қон, онамастика, егемендік мәселесі төңірегіндегі көптеген бұқаралық іргелі істерді алғашқылардың бірі болып көтерді. Кейін «Парасат» ұйымы да «Азат» саяси қозғалысы аясына бірікті.
Солай бола тұра, тоқсаныншы жылдары алғашында «Алдаспан» қоғамдық ұйымы кейіннен «Азат» азаматтық қозғалысы аясында «Тәуелсіздік тартысына» тікелей араласқан Ақтөбелік тарихи қайраткерлер өкінішке қарай, осы уақытқа шейін қоғам тарапынан ескерусіз қалып келеді. Олар: Серік Ерғали (Қаражар), Естай Жайлыбаев (Жарқамыс), Мұстафин Сейілхан (Оймауыт), Сисенбаев Нұрлыбай (Ноғайты), Қайырбаек Тоқтаров, Сұлтанбек Тәшкенбаев, Көшкінбай Ахметов, Айтқали Италиев, Гүлсамал Аймаханова, Бекарыстан Мырзабаев, Молдабек Мырзағұлов, Оразбай Жұматов, Сәбит Сүлейменов, Кәрімхан Қиқымбаев, Серік Сапарғалиев, Мұхамбетияр Аманғалиев, Нұркен Уайдин, Күләш Ибрагимова, Айша Омарова, Зоя Бралова, Зура Ықсанғалиқызы, Мария Құрманғалиева, Әсима Дүйсенбина т.б.
Тәуелсіздік жолында империя бұғауына бірінші болып «алдаспанын суырған», бұқаралық игі бастамалардың ұйымдастырушылары болып алғашқылардың қатарында жүргендер де осы азаттықтар еді. «Атажұрт» қоғамдық ұйымын құрып, шетелдегі қазақтар көшіне қозғау салғандар да осы ақтөбелік азаттықтар. Олар ата-бабалар рухын тәу етіп, ел тұтастығын сақтап қалу үшін қандай «оқиғаға» болса да бастарын тікті. Нақтырақ айтсақ, бұл азаматтар тоқсаныншы жылдары ірге көтерген жаңа Қазақстан демократиясының «алғашқы пионерлері» десек те болады.
Бір өкініштісі соңғы жылдары барлық жерде тәуелсіздік тұсында «әу» демек түгілі, бұтақ басын сындырмаған шен-шекпенді шенеуніктерді марапаттау дәстүрге айналып барады. Тіптен сондайлардың қатарында кейіннен көз қыстының кебін киіп, сыбайластықпен, жемқрлықпен шаталғандар да қаптап жүр. Қаншамасы небір миллиондарды ұрлап, шетел асып қашып кетті. «Арамза болмай, атақ жоқ, алдамшы болмай бақ қайда» - деген екен қайран Абай, өз заманында қарын мен құлқын қамы жолындағы парақорлықтан, әлеуметтік әділетсіздіктен әбден күйінген соң айтқаны болса керек. Осындайдан кейін «Қожаға сере қазы, кедейге сүйек – саяқ» - деген, әлеуметтік әділеттіліктің ауылы кімге қонған деген заңды сұрақ туындайды? Еліміздің саяси өміріне белсене араласқан шынайы күрескерлерді көзге ілмейтін бұл қоғам қайда кетіп бара жатыр? Біреудің көзі жақсы, екіншінің өзі жақсы, үшіншінің отырған тағы күміс деп, лауазымына қарай сый-сыйапат, мақтау қағазын үлестіре беру, қасиетті датаның мәртебесін түсірмесе, көтермесі анық. Мұндай көзбояушылық тек Ақтөбеде ғана емес басқа облыстарға да тән.
Иә, тоқсаныншы жылдардағы жұмыс жасаған «Азат саяси қозғалысының өмір белестері, алған асулары Қазақстан тарихшылары бара қоймаған, әлі де зерттелмеген тың тақырып. Заман талабына сай «Азат» бастамаларының тарихын білу, зерттеу, қоғамымыздағы әлеуметтік-саяси ғылымдардың міндетінің бірі. Себебі өткен оқиғаларды біраз уақыттан кейін пайымдау, әлеуметтік және саяси – тарихи мәселелерге кейінгі көзқарастардың объективті болуына ықпал етеді. Ақтөбе облыстық «Азат» азаматтық қозғалысы және жоғарыдағы аты аталған азаматтар уақытында ел тәуелсіздігін айқындаудағы жалпы республикалық әлеуметтік субъектілердің бірі болды.
Сөзімнің тоқетері саяси ағым «Азат» қозғалысы аясында азаттық жолында «Тәуелсіздік тартысына» тікелей араласқан жергілікті тарихи қайраткерлердің болашақ ұрпаққа үлгі боларлық жүріп өткен жолдары ескерусіз қалмауға тиіс. Ендеше, «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай» Ақтөбе қаласының бір көшесіне «Азат», орталық бір алаңға «АЗАТ» атын беруді осы бастан ойластырсақ артық болмас еді. Айтқанымыздың барлығы жасаған істерді перде етіп, атақ-абырой жинау емес. Керісінше, тәуелсіздік үшін еңбек еткен азаматтарына әділетті баға беріп, бағаламау сол елге, қоғамға сын. Олар халқының құрметіне лайық, марапатталуға тұрарлық тарихтың кейіпкерлері.

Нұрлыбай Қошаманұлы,
01.05.2014.
Ақтөбе қ.
Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
24-04-16 20:33
Тілімізге араша түсейік

Бүгінде бұл мәселе көп көп айтылып, жазылып жүр. Бір өкініштісі бұл идея әу бастан ел басының бастамасынан туындады. Осыдан бірер жыл бұрын осы мәселе көтерілген кезде қазақстандық қоғамдық пікірдің басым бөлігі «үш тұғырлы тіл» деген саясатқа қарсы болды. Мұны елеген парламент болды ма? Ендеше «үш тұғырлы тіл» деген саясаттың бұрыстығын түсінідіріп көрейік:
Мемлекетімізде тек қана «қазақ» және «орыс» тілдері мемлекеттік, екіншісі ресми қатынас тілі ретінде жүреді. Өз кезегінде заңға сәйкес қос тілге республикалық бюджеттен тиесілі қаржыландыру қарасытырылған. Себебі, «ҚР-сының Тіл туралы Заңы» бойынша (4-бап) республикамыздың орта мектептері тек қана екі тілде қазақ және орыс тілдерінде оқытуға бағытталған. Аталмыш заңның 5; 8 бабында «мемлекеттік ұйымдарда (орта мектептер мемлекеттік мекемелер санатына жатады) және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылатыны анық көрсетілген. Құп делік. Олай болса Ғылым және Білім Министрлігінің мектептегі реформа деген желеумен «орта мектептерге» күштеп кіргізіп жатырған «Үш тұғырлы тіл» реформасының қате бағдарлама екенін және «Ата Заңдағы» (7-бап), «Тіл туралы Заңымыздағы» (4;5;7-бап) қарапайым заң талаптарының бұрмаланып жатырғанын неге ескермейсіздер? «Ата Заңымызда» жоқ қайдағы бір ағылшын тілін мектеп программасына енгізіп, сағат бөлуге, оған мемлекет қаражатын шығындауға мүлдем болмайды. Демек, «ағылшынға» деп бюджеттен бөлінген қаржы да заңнан тыс болып табылады. Ал, заңсыздық жолымен мақсатсыз шығындалған әрбір мол ақшаның, тиынның артында «сыбайластық» пен «жемқорлық» жүретінін білуіміз керек.
Осы жерде екінші бір жақ тарапынан: «ақылы оқытуға қазіргі нарық заманында қарапайым ата-аналардың қаржылық мүмкіндігі жоқ, неліктен тегін оқытуға жағдай жасап отырған орта мектеп реформасына қарасы боламыз» - деуші сұрақ та туындауы әбден мүмкін. Жауап біреу: көпшілік «үш тұғырлы тілдің» - бұрыстығын айтқанда мемлекеттің орта мектеп бағдарламасына кіргізетіндей Ата Заңымызда «ағылшын тілі» туралы баптардың жоғына ғана сүйеніп отыр. Себебі, ағылшын тілін бала-бақшадан бастап орта мектеп бағдарламасына міндеттеп оқытуды енгізу Ата Заңымызда жазылмаған. Тағы да қайталап айтамын: ҚР-сының «Тіл туралы Заңында» да ағылшын тілін мемлекеттік тілдің бірі ретінде оқу бағдарламасына кіргізу міндеттелмеген. Жоқ, олай емес, мектептен бастап оқытуды бастауымыз қажет десек, онда «Конституцияға», «Тіл туралы Заңға» үшінші тіл етіп ағылшын тілін жазуымыз керек емеспе. Ал біздің заңда ондай бап жоқ. Ендеше заңды неге бұрмалаймыз? Заңдылықтың бұлжытпай орындалуын бірінші кезекте қадағалайтын заң шығраушы орган парламент депутаттары қайда қарап отыр?
Біз мұны айтқанда ағылшын тілі (және өзге де шет тілдері) мүлдем оқытылмауы тиіс демейміз. Егер оқытылуы қажет болса, онда «ағылшын тілі» әркімнің қызмет бабы қажеттілігіне қарай, еріктілік түрде, тек қана ақылы арнаулы шет тілдері мектептерінде ғана үйретілуі тиіс. Себебі, барлық өркениетті европа, мемлекеттерінде, алты құрылықтың барлығында шет тілін үйрету - мемлекеттік орта мектептен тыс, тек қана арнайы ашылған дербес, «ақылы жеке мектептерде» жүреді. Алысқа бармай-ақ кеше ғана өзімізбен бірге болған поскеңестік республикалардың барлығында бұл мәселе тап осылай шешілген. Өйткені ол елдердің барлығында елдің Конституциясы, тіл туралы заң баптары осыны талап етеді. Және олар мұны бұлжытпай орындап келеді.
Заңның орындалуын және құқықтық жағынан қатаң қорғалуын қамтамасыз ету кез келген мемлекеттік мекемелерде, соның ішінде заң шығарушы орган Парламентте бәрінен жоғары тұруы тиіс. Ол заңды бекіткен де өздеріңізсіздер. Мемлекеттік мекемелердің бірі болып саналатын Қазақстанның орта мектептерінде ағылшын тілін оқытуды енгізу – құзырлы органдар тарапынан ҚР-сы Конституциясы талаптарын мойындамау, «Тіл туралы Заңды» өрескел бұзу болып табылады. Ағылшын тілін орта мектептерде «міндеттеп оқыту» заңнан тыс. Сол себепті де Ғылым және Білім Министрлігінің ұсынып отырған «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасының ҚР-сының «Тіл туралы Заңына» және «ҚР-сы Конституциясы» талаптарына томпақтығын (біздіңше бұрыстығын) сараптамадан өткізу, мұның заңға қайшы әрекет екенін дәлелдеу бүгінгі жаңа Парламент депутаттарының және бейжай емес әрбір азаматтың міндеті демекпін. Кез келген құқық бұзушылық белгілері бар әрекет әкімшілік, қылмыстық жауаптылықтың негізі болып табылады. Жеке адамның да, заңды тұлғаның да құқыққа қарсы «біліп» не «білмей» барған кінәлы қандайма «іс-әрекеті» немесе «әректсіздігі» құқық бұзушылыққа жатады және жауаптылықтан босатпайды.
Осы жайларды жария ете отырып, тез арада, ертеңге қалдырмай ҚР-сының «Тіл туралы заңдары талаптарын бұзылғаны үшін жауаптылыққа» келтіретін 5-тараудың 24-бабына сүйене отырып, «Конституциялық кеңес» алқасы алдында еліміздің орта мектептері бағдарламасына кірген «үш тұғырлы тіл» реформасының Ата Заңымыздағы 7-бап және ҚР-сы «Тіл туралы Заңында» көрсетілген 4-ші; 5-ші; 7-ші бап; 2-тарау 8-ші; 9-шы; 4-тарау 21-ші баптарына (11.07.1997 №151-1 ҚР-ың Заңы) қаншалықты заңнан тыс екенін сараптамадан өткізіп, бұған өз бағасын беруді тапсырғанымыз дұрыс болар еді. Бұл мәселеге қоғам қайраткерлері, тіл жанашырлары, зиялылар, жазушылар одағы, қазіргі парламент, жергілікті мәслихат депутаттары араласады деп үміттенеміз. Ұлты, оның болашағы, тілінің тағдыры ойлантқан әрбір азамат «үш тұғырлы тіл» деген саясаттың ЗАҢНАН тыс әрекет екенін ашық айта білулері керек.
Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
24-04-16 20:14
Полигон құрылысына жол жоқ

2015 жылы 3 шілдеде Ақтөбе облысы, Байғанин ауланы Ноғайты ауылында «Ащы ауылдық округі, Ноғайты ауылының жерінен кірме жолмен және электр беру желісімен бірге өндірістік және тұтыну қалдықтарын қабылдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату технологиялық кешенінің құрылысын салу және пайдалану» деген желеумен халықтың келісімінсіз салынбақшы полигон құрылысына қарсылық білдірген халықтық жиын өтті. Бұл халықтық жиынға мұрындық болған «ынталы топ» өкілдері мен қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар болды. Қоғамдық тыңдалым барысында шығып сөйлеушілер экологиялық, зардаптарға апаруы әбден мүмкін, аумақ халқының мүддесіне қайшы келетін кез-келген кешен құрылысын жүргізу, оның табиғи ресурстарын, табиғатын бүлдіру тек қана халықтың келісімімен ғана шешілеті мәселе екенін баса айтты.
Жиналғандар заң бұзу жолымен, халықтың сыртынан жүргізілмекші құрылысқа бір ауыздан қарсылық білдірді. Өз кезегінде биліктің жүгенсіз мінезі де – әділет, адалдық, кісілік туралы ұғымдар аяқ-асты етіп, халық сөзін сөйлейді деген жергілікті «өкілетті билік» түрлі деңгейдегі сыбайластықтың «жебеушісіне» және халықтық мәселеде өздерінің бейжайлығымен сол дерттің «таратушысына» айналғандарын ашық айтты.
Жиын қорытындысында мұндай талапқа сәйкес келмейтін «ашық-тесік» қырық жамау полигон құрылысының елді-мекеннен әкетіліп, нысан құрылысының елсіздіктен, заңға сәйкес және оның «арнаулы полигон» (сецполигон) түрінде жүргізілуі тиістігін, және оның елсізде орналасуын, және халық пікірі ескерілмей белден басатын болса, аймақтағы әлеуметтік-қоғамдық ахуалды ушықтырушы басты фактор жобаны іске асырушар болатынын айтып, мұнан туындайтын барлық жауапкершілікті соларға жүктейтінін де ескертті. Күн тәртібіндегі: «полигон құрылысы» дауысқа салынып, 99,99 пайыз халық қарсылығын білдірді. Көпшілік полигон құрылысының жүргізілмейтіне сеніп, үмітпен тарқасты. туған жеріне, оның табиғатына алаңдайтын оның ұрпағы, тарих мұны білуі керек. Біз халықтың ту сыртынан жүргізбекші болған мұндай белден басуға жол беормеуіміз керек. Сол себепті де 3 шілде 2015 жылы Ноғайты ауылы клубында өткен халықтық «қоғамдық тыңдалым» хаттамасын оқырмандар назарына ұсынып отырмын.
Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
24-04-16 19:59
Байғанин ауданы аумағындағы мұнай өндірістік және тұтыну қалдықтарын қабылдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату технологиялық кешенінің (полигон) құрылысын салу бойынша қоғамдық тыңдау жиналысының
ХАТТАМАСЫ

3 шілде 2015 жыл Ноғайты ауылы
Ауылдық клуб үйі

Жиналысқа қатысушылар: 1. Халық өкілдерінен құралған «Ынталы топ» өкілдері; 2. Облыстық табиғи ресуртар ж/е табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, 3. Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің өкілі; 4. «Шалқар Тазалығы» ЖШС өкілдері; 5. Аудан әкімінің орынбасары; 6. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы; 7. Ядролық апатқа қарсы халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының БҚ бойынша өкілдері; 8. «Ақ Жол» демпартиясы облыстық бөлімшесінің өкілдері; 9. Ноғайты, Ебейті, Айрық, Қопа, Жарлы, Қарауылкелді, Қандыағаш, Ақтөбе қ, елді-мекендерінің тұрғындары.
Жиналысқа шақырылғандар: БАҚ құралдары: 1. «Облыстық «Ақтөбе» газеті, 2. Тәуелсіз «Қазақия» қоғамдық-саяси апталығы газеті, 3. Республикалық 31-телеарнасы, 4. КТК телеаранасы журналистері.
Жиынға қатысушылардың дауыс беру жолымен қоғамдық тыңдалым төрағасын сайлау жөнінде 2 ұсынысы түсті. Біріншісі, А.Ерғалиев – аудан әкімінің орынбасары, екіншісі, Б.Қанатов – «Ақ Жол» демпартиясы облыстық бөлімшесінің заңгері.
Дауысқа салынды: А.Ерғалиевке 22 дауыс, Б.Қанатовқа 40 дауыс берілді. Басым дауыспен Б.Қанатов жиналыс төрағалығына сайланды.
Жиналыс хатшылығына: аудан әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі: Ж.Шымбаева сайланды.
Төраға - Қанатов Бақтығұл: «Саламатсыздар ма! Бүгін қоғамдық тыңдалым өткізгелі отырмыз. Күн тәртібінде бір мәселе. Байғанин ауданында өндірістік және өнеркәсіптік қалдықтарды қабылдау және оны жою полигонының құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау. Жиналысқа облыстық табиғи ресуртар ж/е табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Көбенов Асхат Иванұлы, Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Молдиманов Айбек Мұратұлы, «Шалқар Тазалығы» ЖШС директорының орынбасары Сәдуақас Нұрлыбек Сәдуақасұлы, «Шалқар Тазалығы» ЖШС экологы Фердерер Елена Викторовна, Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің бас мамны Муфтақов Асхат Есенұлы, аудан әкімінің орынбасары Ерғалиев Азамат Жалғасұлы, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Әуелбаев Дәулетияр Мәдірұлы, Қопа, Ащы ауылдық округі әкімдері, Ядролық апатқа қарсы халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының БҚ бойынша директоры: Көбенов Ізімғали Әбдірахманұлы, Халық арасынан құрылған «Ынталы топ» өкілдері мен БАҚ өкілдері, аймақ халқы мен ардагерлер қатысып отыр. Енді жиналыстың жүргізілу тәртібін белгілеп алайық. Шығып сөйлеушілерге 5-10 мин, хабарлама, сұрақ қойушыларға 3-5 мин. Сұрақтарды ауызша да, жазбаша беруге болады».

Күн тәртібі:
Байғанин ауданы, Айрық пен Ноғайты ауылдарының аумағынан Полигон Жобасы құрылысының жүргізілуі туралы.

Баяндамашы - Фердерер Елена Викторовна: «Шалқар Тазалығы» ЖШС экологы: «Байғанин ауданы аумағындағы өндірістік және өнеркәсіптік қалдықтарды қабылдау және ары қарай жою полигонының құрылысының мақсаты өндірістік қалдықтарды тазарту және өңдеу. Бұның нәтижесінде жолға төсейтін бірінші грунт шығады. Зауыттан өткен қалдықтарды мұнай компанияларына қайтып береміз. Содан кейін жол төсемесі-асфальт салынады. Пластикалық бұйым арнайы зауыттарға тапсырылады. Макулатура арнайы заутқа тапсырылып, нәтижесінде қайта өнім өндірілетін болады».
Залдан сұрақ - «Экологические технологии ХХІ» серіктестігі бас инженері: «Қыс мерзімінде егер қалдықтар қатып қалған жағдайда тазалау жұмыстарын биологиялық препараттармен қалай іске асырасыздар?
Жауап - Фердерер Елена Викторовна: «Бізде биологиялық тазарту емес, себебі бактерияларды қолданбай, механикалық фильтрдің көмегімен органикалық оттегі арқылы насоспен беретін боламыз. Қыс жағдайында арнайы техникалармен, резервуарлармен жабдықтайтын боламыз».
Залдан сұрақ - Садиев Мұхамбетқали, Ноғайты ауылының тұрғыны, «Өсер» ш/қ басшысы: «Кислота қалай өңделетін болады? «кіші Жуалы» көлі мемлекеттің есебінде жоқ. Полигон ауылдан қашыққа салынғаны жөн. Мұнай скважиналарына да жол салуды қарастыру керек».
Жауап - Сәдуақас Нұрлыбек Сәдуақасұлы, «Шалқар Тазалығы» ЖШС директорының орынбасары: «Экологияны сақтау ғаламдық мәселе. Осыны шешу үшін сізден рұқсат сұрай келдік. Сол химияны осы жерден ашып, тазалауды жоспарлап отырмыз».
Залдан дауыс - Ізтілеуов Оралхан, Ноғайты ауылының тұрғыны: «Інім мұнайдан бөлінетін улы заттардың зардабын жақсы білеміз. Мына жерге келіп, бәрі керемет болады деген жылтыр сөздеріңді доғарыңыздар. Ол жерде мен малымды бағып, су ішемін. Сондықтан полигонды ел аумағынан салуға қарсымыз, әкеткендеріңіз дұрыс болады».
Сұрақ - Қанатов Бақтығұл, «Ақ Жол» демпартиясының заңгері: «Қоршаған ортаға улы заттардан бөлінетін зиян мөлшері түтіннен де бөлінетін мәлім. Халық залалы бар деп отыр ғой. Қаншалықты қоршаған ортаға зиянды осыны түсіндірсеңіз».
Жауап - Сәдуақас Нұрлыбек Сәдуақасұлы, «Шалқар Тазалығы» ЖШС директорының орынбасары: «Зауыттың ішінде механикалық фильтрация болады, соның көмегімен улы заттарды жоюға болады».
Залдан дауыс – Сүйеуов Зәлжан, Ноғайты ауылының тұрғыны, зейнеткер: «Полигон ауылдан қашықта салынуы тиіс. Бұл жерден салуға халық қарсы. Казіргі белгіленген жерден «Кереген-Сағыз» ауыз су құбыры жүріп жатыр, полигон құрылысы бұған аса қауіпті».
Залдан сұрақ – Көбенов Ізімғали, ядролық апатқа қарсы халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының БҚ бойынша директоры: «Шалқар Тазалығы» ЖШС-нің басшысы кім, жұмыс орны қайда орналасқан. Осы салада аталмыш ЖШС-тің жұмыс тәжірибесі бар ма, жұмыс сапасы қандай?».
Жауап - Сәдуақас Нұрлыбек Сәдуақасұлы: «Шалқар Тазалығы» ЖШС басшысы Қуаныш Шахабаев, офисі Ақтөбе қаласында орналасқан».
Залдан дауыс: Төремұрат Сақанай, ш/қ жетекшісі, Айрық ауылы тұрғыны: «Аумақты аралап шығып, құрылыстың қазық қазып, белгілеп кеткен жерлерін таптым. Полигон құрылысын жүргізу қырдан емес, су жиналатын ағысты еңістен белгіленіпті. Бұл аумақта жер асты сулары көтеріліп, жер бетіне жақын жатыр. 3-6-7 метр тереңдіктен су шығады. Екі ауыл да осы аумақта мал бағады, шөбін шабады. Ендеше тіршілік ортамызға таяқ тастам жерден полигон салуға қарсымыз. Осыны қойғандарыңыз дұрыс болар еді».
Залдан дауыс - Қалисин Қобылан, Жарлы ауылы тұрғыны, зейнеткер: «Полигон қашықтан салыну керек. Мұнай қалдықтарын сай-салаға төгіп кету фактілері жиі кездеседі, көріп жүрміз. Осы мәселені қадағалайтын мекеме бар ма?».
Жауап - Молдиманов Айбек Мұратұлы, Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін у.а.: «2012 жылдан бастап кәсіпкерлікке мораторий жарияланғаны белгілі. Сол үшін жоспарлы тексеруден тыс тексерулер жүргізуге құқымыз болмай тұр. Департаментте 15 инспектор жылына 1 рет жоспарлы тексеру жүргізе алады. Арыз түскен күнде де арнайы фото, видео дәлелдер арқылы ондай факті тіркелуі керек. Ауызша хабарламаға шара қолдана алмаймыз».
Залдан сұрақ – Өтеген Жүсіп, Қопа ауылының тұрғыны: «Полигон ашылғанда жерасты суы мен ауылдық нысаннан қашықтағы нормативке сәйкес қанша болуы шарт? Қыстай септиктер Сағыз өзеніне құйылып, балықтар қырылып, су ластануда».
Жауап - Молдиманов Айбек Мұратұлы, Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін у.а.: «Учаскені берер алдында комиссия құрылады. Берілместен бұрын жерасты суы немесе пайдалы қазбалардың бар-жоғы жөнінде құжаты болуы керек. Пайдалы қазба орналасқан жағдайда жер бөлуге рұқсат берілмейді. Полигон табиғатты қорғау нысаны болып табылады. Қазылған бақылау ұңғымалары арқылы бақылау жасап отыру керек».
Сұрақ - Қанатов Бақтығұл, «Ақ Жол» демпартиясының заңгері: «Елді мекеннің дәл іргесінен полигон салудың қандай қажеттілігі бар? Неге басқа жерлерде утилизация жасалынбайды?».
Залдан сұрақ – Талдыбаев Жанұзақ, ядролық апатқа қарсы халықаралық «Невада-Семей қозғалысының Мұғалжар ауданы бойынша жетекшісі: «Не себептен Ноғайты ауылы таңдалып отыр. Елді мекен судан айырылса, онысыз да судан тапшылық көріп отырған халыққа ауыр тиеді. Айналада 15 мұнай бұрғылау компаниялары жерді шұрық тесік етіп, сорғылап жатыр. Жарлы станциясы іргесінен бұған дейін салынған полигоннан халық зардап көріп отыр. Тазалаймыз, өңдейміз дегеннің бәрі бос әңгіме болып қалды. Барлығы ашы-шашық жатыр. Әкім қайда қарайды, халық қайда қарап отыр. Полигон салуға қандай мұқтаждық бар?».
Жауап - Сәдуақас Нұрлыбек Сәдуақасұлы, «Шалқар Тазалығы» ЖШС директорының орынбасары: «Мұнай компанияларының жалға алған жерінің уақыты аяқталуына және олардың осы аумаққа жақын орналасуына байланысты біздер осы территорияны жақын көріп, залалсыздандыру мақсатында жоспарлап отырмыз».
Мінбеге шығып сөйлеуші - Қошаманұлы Нұрлыбай, «Ынталы топ» мүшесі: Құрметті халайық, қоғамдық тыңдалымға қатысушылар! «Шалқар Тазалығы» ЖШС-нің 2015 жылғы 15 қаңтардағы №1 жазған арызы негізінде Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 наурыздағы №87–ші қаулысымен «Ащы ауылдық округі, Ноғайты ауылының жерінен кірме жолмен және электр беру желісімен бірге өндірістік және тұтыну қалдықтарын қабылдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату технологиялық кешенінің құрылысын салу және пайдалану үшін» деген үлкен сөздермен Айрық пен Ноғайты ауылдарының ортасынан жалпы көлемі 10,0 га жер учаскелері, оның ішінде 1,3 га 1 жылға, 8,7 га 10 жыл мерзімге пайдалануға берілген. Бұған дейін полигон құрылысын салу 2015 жыл 30 қаңтарда облыстық жер комссиясында қаралып, тапсырыс берушінің өтініші қанағаттандырлыпты. Бұқараны ескертпестен полигон құрылысын бастауға 06.02.2015 жылы Байғанин ауданы әкімдігі өзінің №33-ші келісімін берген. Бұған қоса 2015 жылдың 22 қаңтарында бұқарамен келіспестен «Жер учаскесін алдын-ала таңдау жөніндегі Актісі» берілген.
Біріншіден, өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру мен өңдеуге қатысты полигон құрылысы жобасын бекіткен жоғарыда аталған ресми қаулылар мен шешімдер ҚР Экологиялық Кодексінің 57 - бабына сәйкес тек қана «қоғамдық тыңдаудың келісімі» болған жағдайда ғана іске асатын жұмыстар. Біз Заң талаптарының осы тұстарына баса назар аударғанымз жөн. Заңда көрсетілгендей, полигонға тапсырыс беруші өз жоспарлары мен жобалары бойынша алдын-ала «қоғамдық тыңдауларды» ұйымдастыруға және жұртшылық өкілдерінің «жобаларға қолжетімділігін қамтамасыз етуге», полигон маңы халқынан қағаз немесе электрондық түрдегі ескертулер мен ұсыныстар қабылдау мен тіркеуді қамтамасыз етуге міндетті. Сонан соң барып, ҚР Экологиялық Кодексінің талаптарына, «Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-ө бұйрығына сәйкес: «Белгіленген уақытта және орнына келген мүдделі жұртшылық өкілдері қатысқанда қоғамдық тыңдаулар өткізілуі» тиіс. Солай бола тұра, «жергілікті атқарушы орган» да, бұқараның өкілетті органы деп сеніп жүрген «Байғанин аудандық мәслихат» депутаттары да, полигонға «тапсырыс беруші» де қоғамдық тыңдауларды өткізбеген. Заң талаптарының ең басты осы тұстарын олар мүлдем орындамай, заңды бұзды.
Екіншіден, аз ғана мүдделі билік өкілдері ғана барлық шараларды халықтың ту сыртынан жүргізіп, ал жобаның құрылысына қарсылық білдіруші полигон маңайы жұртшылығы Қопа, Айрық, Ноғайты, Ебейті, Жарлы, Қарауылкелді халқы қоғамдық тыңдауға мүлдем қатыстырылмаған. Полигон құрылысы жөнінде орталық, тәуелсіз БАҚ құралдарына және үкіметтік емес ұйымдарына аудан көлемінде полигон мәселесі туралы қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлама да берілмеген. Мұны «Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-сіндегілер де растады. Олар басқарма атына қоғамдық тыңдау өткізу туралы өтініштің түспегенін айтып отыр (31.03.2015 ж. Шығыс №03-03/321). Осыған дейінгі халықтың сыртынан толтырылған билік қолындағы қазіргі қоғамдық тыңдалымның «хаттама»-сының шынайлығы да күманды. Халық өкілдері осы бір қоғамдық тыңдалым хаттамасының «мейлінше расталған көшірмесін» аудандық әкімдіктен, әлі күнге дейін ала алмай жүр. Олар сол жалған хаттаманың өзін халыққа жария етпей, жасырып отыр.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 298 - бабы 4 тармағының талабына және ҚР-сының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес полигон жобасы «мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан» өткізілуге жатады. Мемлекеттік экологиялық сраптаманың оң қорытындысы болмаса жобаны іске асыруға тыйым салынады. Бұл жерде де полигон жобасы, оның қалдықтарды көму жұмысы мемлекеттік санитариялық - эпидемиологиялық сараптамадан» мүлдем өтпеген. Мұны бізге берген жазбаша хатында Байғанин ауданы прокурорының әділет кеңесшісі Ә.Қ.Балғазин (Шығыс: №2-0304-15-00493.09.06.2015 ж) және «АОСЭСО» директоры С Әлімбаев та растап отыр (Шығыс хат: 3-2-2 №1320. 22.06.2015 ж).
Төртіншіден, «Мемлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті түрде өткізу туралы заң талаптарын орындамау, сол сияқты сараптамадан өткізілмеген жоба мен бағдарламаны қаржыландырған – лауазымды тұлғалар, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілер (мәселен Шалқар Тазалығы ЖШС) болып табылатын заңды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылатыны» ондайларға бірнеше айлық есебінде айыппұл салынатыны анық жазылған (қараңыз: ҚР-ның ӘҚБТ Кодексінің 19 тарау, 240 бабының 1-ші, 2-ші тармақтары және 245 баптары). Мұндай жолдар ҚР-ның Қылмыстық Кодексінде де бар. Міне бұл жерде де жобаны іске асырушылар осындай заң бұзушылыққа барып отыр. Демек, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 наурыздағы №87–ші қаулысы, Байғанин ауданы әкімдігі өзінің №33-ші келісімі, Облыстық жер комитетінің 22.01.2015 ж. 22.01.2015ж «Жер учаскесін алдын-ала таңдау жөніндегі Актісі» де ЗАҢНАН ТЫС.
Құрметті халайық! Жобаны іске асырушы басқа құзырлы мекемелердің жұмыстары да бұқара үшін ақпарат алу мүмкін емес құпия жағдайға көшкен. Заңның орындалуын қамтамасыз етеді деп үміттенген Байғанин аудандық прокуратурасы жазбаша түсірген сұрауымызға: «құжаттарды алып беру біздің құзырымызға кірмейді» дегенді айтып ҚР-сы Конституциясының – 4-бабының 2; 4 тармақтарын, 20-бабы 2-тармағы, 76-бабы 1 - тармағының орындалуын талап ете алмай, полигонға тапсырыс беруші «Шалқар Тазалығы» ЖШС-ін құжаттандырып келген құзырлы мекемелердің адында дәрменсіздік күй кешуде (Құжат: 01.06.2015. №2-03-15-0554).
Құрметті ауыл халқы! Жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және шауапкершілікпен шешуіне араласуына мүмкіндік беріліп отыр. Заңда жергілікті халық тиісті әкімшілік-бөліністің аумағында табыс көзі болып табылатын жердің меншік иесі болып табылатыны анық көрсетілген. Демек тұрғындар өз ауылында, кентінде жоспараланып жатқан кез келген іске араласуы тиіс. Өз кезегінде өкілетті орган - жергілікті мәслихат депутаттары атқарылып жатқан жұмыстарға (біздің жағдайда полтигон құрылысына) қоғамдық бақылау жүргізуге құқылы. «Жергілікті Мәслихаттардың» тиісті әкімшілік бөліністегі халықтың еркін білдіретіні және оны іске асыруға қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын бақылайтыны ҚР-ның Конституциясында белгіленген.
Солай бола тұра, өз өкілеттігін ұмытқан Байғанин аудандық мәслихаты, облыс мәслихаты депутаттары әділдікті аттап қана қоймай, халықтың өздеріне деген сеніміне осылай ақау түсірді. Олар неге бүгін осы жерде жоқ? Әдетте елдің игілігі, бірлігі үшін деп ресми мінберлерден ту етіп сөйлегенде депутаттардан шешен адам жоқ, сөйте тұра, өкінішке орай сырт ала бере өз қызметіне қарай майса жөнеліп, көптің мүддесін лауазымға айырбастай салу, екіжүзділік олардың әдеттеріне айналған. «Бастық айтты болды, бас шұлғиды шыбындап» - деп Абай айтқандай, халықтың сөзін сөйлейді деген жергілікті мәслихат депутаттары әлдекімдердің қолбаласына айналып, Парламент өкілдігі статусын пайдаланып өз деңгейінде қарапайым халыққа осылай астамшылық жасайды.
Жаңа осы жерде мораторий жөнінде және кәсіпкерлік туралы сөз болды. Кәсіпкерлікті тексеруге тыйым салған уақытша мораторий күшін әлдеқашан жойды, тексерістер жүргізуге болады. Ал, кәсіпкерлікке келетін болсақ біз бұл жерге кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіру үшін жиналғанымыз жоқ. «Шалқар Тазалығы» кәсіпкерлігі қаржысын салсын, арнайы Жаңажолдағыдай «спецполигон» құрылысын қолға алсын. Қолдарынан келмейді екен мұндай шалажансар полигонның халыққа қажеті жоқ. Оны сонау Үстірттен, Алатау жақтан салсын.
Құрметті халық мынаған назар аударғанымы дұрыс. Экологиялық, демографиялық және өзге де зардаптарға апаруы әбден мүмкін, аумақ халқының мүддесіне қайшы келетін «кез-келген кешен құрылысын» жүргізу, оның табиғи ресурстарын, табиғатын бүлдіру тек қана халықтың келісімімен ғана шешілеті мәселе. Ауыл халқының әлеуметтік екі жақты қанауға ұшырап, өмірлік құқтары үшін жан беріп, жана алысып жүрген құлдық күйлерін шенеуніктер қорғамақ түгілі, естігісі де көргісі келмейді. Өз жерінде жүріп, біреудің отына жылынғандай күй кешіп, құзырлы органдарға ықпал етердей сөзінде де, ісінде де пәрменінің жоқтығы әрине, ауыл халқын ашындырады. Айнала қазақ ауылы қирап, тозып, ел иесі, жер иесі жұрттың тұрмыс-ахуалы күн озған сайын төмендеп барады.
Белден басар болсаңыздар, онда «Шалқар тазалығы» ЖШС-інің халықтың ту сыртынан, оның келісімінсіз полигон құрылысын жүргізбекші болып жатырған әрекетінің соңы - аумақтағы қоғамдық, ахуалды ушықтырушы басты факторға айналуы мүмкін екенін атап көрсетуіміз керек. Бүгінгі күн тәртібінде бір ақ мәселе: «полигон туралы, ол қажет пе, жоқ па?», - деген сұрақ тұр. Кез-келген кешенді бағдарламасыз, бұйрық әдіспен асығыс жүргізілген өзгерістердің ауыртпалығы ең алдымен ауыл халқына түсетінін тарих талай дәлелдеді. Халық қолдамаса бұл жоба тоқтауы тиіс, себебі заң солай дейді. Ендеше, көп болып, полигон құрылысына жоқ дейік. Біз, «Ынталы топ» өкілдері мынаны айтамыз - мұндай ашық-тесік, шалажансар күйдегі полигон құрылысы әкетілсін. Полигон құрылысы елсізден, аса қажет болып жатырса сонау Үстірттен, Алатау жағы Қарақалпақстанмен шекарадан салынсын. Өндіріс қалдықтрының халық денсаулығына зиян келтірмейтіндей «арнаулы көмбеде» көмілуін (спецполигон), нысан құрылысынының тек қана заң аясында жүргізілуін, оның елсіздікте болуын, мәселенің жергілікті халықтың мүддесі тұрғысынан шешілуі тиістігін жеткіземіз. Бұл мәселеде өкілетті орган «аудандық мәслихат» депутаттары қолдайды дем үміттенеміз. Полигон құрылысы тоқтатылсын! Ауыл іргесінен әкетілсін!
Мінбеге шығып сөйлеуші - Көбенов Ізімғали, ядролық апатқа қарсы халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының БҚ бойынша директоры: «Қопа, Ащы ауылдық округтері малмен күн көріп отыр. Шабындық пен жайылым тапталмау керек, ол олардың ғасырлар бойғы ырысы. Байғанин ауданы – Арал апаты аймағы, әлеуметтік саласы ауыр ауданға енеді. 11 атомдық жарылыс болған аудандар құрамына кіреді. Бұл жиында «полигон ашылу керек пе, жоқ па» деген сауал тұр. Менің жеке пікірім, бұл аймақтан полигон ашылмау керек. Мұның айналасында жемқорлықтың иісі, коррупция бар. Құм-топырақ тоқтататын емге тал-шыбық жоқ. Одан да бұл жерден орман шаруашылығын ашып, ұйымдастыруға болмас па еді».
Мінбеге шығып сөйлеуші – Айсина Салтанат, Ноғайты ауылының тұрғыны, көп балалы ана: «Экологияның әсерінен қазіргі кезде денсаулық сыр берді. 15 құрсақ көтерген анамын. Балалардың дені ауру, науқас. Ізімізден ерген балалар мүгедек болып туады, келіндер түсік тастайды. Өзім қант диабетімен ауырамын. Кеше дәрігерлер келіп тексергенде ауылдың 90-ға жуық тұрғыны қант диабетімен ауыратыны анықталды. Осының барлығы полигонның әсері емеспе. Тоқетері, полигонға жол жоқ».

Байғанин ауданы аумағындағы полигонның құрылысы бойынша «төраға» жиынды қорытындылай келіп: «қоғамдық тыңдалымның өткізілгенін жария етті және полигон нысанының құрылысының салыну, салынбауын дауысқа салу туралы ұсыныс түсірді.
Сол арада «Қоғамдық тыңдалым өткізілмеді» дегенді дауысқа салу туралы және бір ұсыныс түсті.

Ұсыныстар дауысқа салынды:

А). «Қоғамдық тыңдалым өткізілді» деген ұсыныс пен «полигон құрылысының салынуын қолдап» - 3 (үш) адам дауыс берді.
Ә). «Қоғамдық тыңдалым өткізілді» деген ұсынысты қолдап және «Айрық» пен «Ноғайты» ауылдары аумағынан «полигон құрылысының салынуына қарсылық» білдіріп – 59 (елу тоғыз) адам дауыс берді.
Б). «Қоғамдық тыңдау өткізілмеді» деген ұсыныс көпшілік дауыспен қабылданбады, талқылаудан алынып тасталынды.

Барлық ұсыныс-пікірлер мен дауыс берудің нәтижелерін ескере отырып, «Қоғамдық тыңдалым»
ШЕШІМ ЕТЕДІ:

Байғанин ауданына қарасты Айрық, Ноғайты ауылдарының аумағынан полигон құрылысы жүргізілмесін! Басым қоғамдық пікірді ескере отырып, құрылыс кешені заң аясында ҚР-сы Экологиялық Кодексі, ҚР-сы ӘҚБТ Кодкесі және барлық экологиялық, сан-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес елсізден және «арнаулы көмбе» үлгісінде жүргізілгені дұрыс.


Төраға: Қанатов. Б

Хатшы: Шымбаева. Ж.Б
Ойыл баласы
Серік
03-04-16 19:25
Байғанин ауджанының халқының болашағы жоқ секілді. Ауылдары қираған, халқы көшіп жатыр қалаға, жақсы өмір іздеп. Шынымен де қиын екен жағдайлары.
Үміт Берікұлы
Үміт
31-03-16 20:27
Байғанин ауданының болащшағы қиын екен. Халқы жұпыны, күйсіз. Мен Қарабұтақтанмын. Нұрлыбайдың аудан жөніндегі мына мақаласы дұрысын айтыпты. Босқа шулай бергенше аудан туралы неге айтпайсыңдар. Жандарың ауырмайды- ау сірә, байғаниндіктер.
Марлен
marlen_87@inbox.ru
22-02-16 06:35
Байғанин ауданының ресми сайты. Байғанин ауданы туралы мəліметтер, жаңалықтар бар
baiganin.aktobe.gov.kz
Нұрлыбай
Қошаманұлы
19-08-15 08:28
Байтақ Байғанинның қазіргі жағдайы мен болашағы алаңдатады

Қаншама білеміз десек те ауданның ауыр халі, «мені айт, мені жаз» деп жан дауысы шығып тұратынын қайталай еске салмай тағы болмайды. Қазақ Даласының 44 пайызы шөлдала, 23 паызы шөлейт дала екені белгілі. Сол шөлейт аумақтың бірі Ақтөбе облысының Байғанин ауданы. Нарық заманына өткелі онысыз да экономикасы тұралап, тек қана өз малымен күн кешіп отырған халық сонда әлі күнге шейін итшілеп өмір сүріп жатыр. Бүгінде экологиясы әбден өзгерген. Салыстырар болсақ ауа райының құрғақтығы, судың тапшылығы, құнарлы қыртыстың жұқалығы шаруаға жарамды солтүстік аудандарға қарағанда 3-4 есе кем болып келеді. Бұған жол мойынының қашықтығын қоссаңыз, күнкөріс тағы қымбаттай түседі. Жұпар иісі аңқыған көктеулер, көкорай шалғын толқып тұрған жайлаулар, жас өсіндісімен көгере бастайтын күзектер мұнда жоқ. Соңғы жылдары аймақтағы қалыпты жайлау жолдары бұзылған, айнала ала шаң. Жоғарыдағылар қашанда ауданда экономиканың, ел тұрмысының көтерілуі бар дейді, бірақ менің байқағаным аудан халқының күйінің көтерілгенін көрмедім. Кәсіпкерлікпен айналысатын тұрғындарының орташа айлық табысы жан басына шаққанда республикалық көрсеткіштен үш-төрт есе төмен. Аудан жері бейне бір «резервацияға» айналғандай.
Көріп жүрміз облыстың басқа аудандарына жағдайдың барлығы жасалып жатыр. Жерінен мұнай мен газ беріп облыс түгілі, республика бюджетіне кіріс түсіріп отырса да, өкінішке орай байлығының түсімінен тиісті сыбағасын ала алмай, тіптен облысқа аударылып жатқан инвестициядан әділетсіз бөліністі, әсіре теңсіздікті көріп, аудандар арасында кедейшілікте өмір сүріп жатырған да осы жалғыз Байғанин халқы. Байлығының түсімі ортақ қазынаға аударылып, қайтарымсыз кетіп жатыр. Жетпіс жыл бойы жерінен мұнай өндіріп келсе де Дияр, Миялы, Алтай, Абай, Оймауыт, Ебейті, Қопа, Ноғайты, Жарлы, Айрық, Қораши халқы үйлерін баяғы орта ғасырдағыдай мал қиымен жылытады. Қысқы отынға керекті көмірдің де жұмысы көп, қолжетімсіз қып-қызыл ақша. Елге газ тартылмаған. Ауылдар арасын байланыстыратын тас жол жоқ. Аудан үсімен өтетін стратегиялық күре жол аталатын баяғы кеңестік кезеңнен қалған «Ақтөбе – Атырау - Астрахань» тас жолының өзі 80 жылдан бері жөндеу көрмеген (Шұбарқұдықтан Доссорға дейін тас жол мүлдем жол жоқ). Жаяу адам түгілі, көліктердің өзі жол азабын тартып, бір күнде жететін жеріне бірнеше күнде барады. Экономикасын көтереміз деп өңірдің байлығын игеріп жатырған қытайлықтардың ауданның әлеуметтік өміріне деп бөлетін миллиондардың да қайда кетіп жатырғанын ешкім білмейді? Ашық та нақты есеп жоқ, бұқарадан құпия. Мұны қадағалайды деген өкілетті орган қазіргі жергілікті мәслихат депуттатарының үні баяғыда-ақ өшкен. «Жергілікті өзін-өзі басқару» деген заңсымағымыз бар да, күнделікті өмірде ол заңымыз іс жүзінде орындалмайды.
Бұған жерін айналдыра сүліктей сорып жатырған қытайлықтардың мұнайының қалдықтарын көметін көмбе-полигондарды тағы қосыңыз. Бұл жай соңғы жылдары өңір халқының бас ауыртар азабына айналды. Семей атом империясының радиоактивті мұрасы осында ауысып, аудан бейне бір сынақ алаңына, ал малы мен халқы тәжірибе нысанына айналғандай. Өңірдің сай - саласы, өзен, көлі жаппай қытайлықтардың зиянды септиктерін, тамақ, әжетхана жуындыларын төгетін ешқандай санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай келмейтін ірілі-ұсақты көмбелерге айналған. Айта кететін бір жайт осының барлығы: «аталған нысандар ешқандай полигондарға жатпайды, зиянсыз тек экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған, жерасты қоймаларын жасаумен айналысатын кәсіпкерлікті қолдауға арналған» - деген желеумен жүргізілуде. Шыдамның да шегі бар, жуырда ғана ашынған халық малы аралас өрістеп жүрген көршілес Айрық пен Ноғайты ауылдары іргесінен заңдастырыла жаздаған тағы бір полигон құрылысына қарсылық білдіріп, оған тосқауыл қойды.
ДСҰ-ы өнімі шикізатқа емес, соңғы өнімге негізделіп жұмыс жасайды. Біз білсек аудан бұл нарыққа да мүлдем дайын емес. Дәлірек айтсақ дайындаған емес, себебі, жауапты шенеуніктер ДСҰ-на «бейімделу керек, даяр болу» керек деп бұқарамен түсінік жұмыстарын жүргізген жоқ. Ауданның мал, сүт, құс, жүн, былғары және жем-шөптің түпкі өнімін өндіретіндей ресурсы мол. Облыс бойынша түйе шаруашылығы да осында. Орта кәсіпкерлік аясында мал бордақылайтын, ет, сүт, қымыз, шұбат, былғары өнімдерін шығаратын өндірістер ашуға әбден болады. Жоғарыдан қолдауын тапса ауданды мал шаруашылығына негіздеп ірі өндірісті өңірге айналдыруға, тіптен қалауын тапса арнайы жылыжайларда көк өніс егуге де болады. Ендеше жергілікті билік, депутаттар ауылдың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, экономикасының басым бағыттарын аймақта азық-түлік және мал, сүт, жүн-тоқыма, иленген тері өнімдерін шығаратын өндірісті көтеруге неге жұмыстанбайды.
Жасыратыны жоқ аудан кәсіпкерлерінің бар жұмысы тек тұрмыстық қызмет көрсету (алып сату: дүкен, кафе, мейрамхана), шикізат шығару деңгейінде әлі іңгәлап тұр. Ертең ДСҰ-ға енуімізбен тарифтік қорғану деңгейі құлдырап, арзан, әрі сапалы импорттық тауарлардың тасқынының астында қаламыз. Талапқа сай келмейтін, барын тек қана мал азығы - жаздық дақылдар (сұлы, арпа, тары т.б), шөп пен төрт түлік түрінде сатуға бейімделген халықтың тауары шетелден ағылған әрі арзан, әрі сапалы азық-түлік, мал, сүт өнімдерімен қатар тұра алмасы анық. Сапалы, әрі арзан өңделген дайын ет пен сүт өнімдерінің неше түрі дүкен сөрелерін толтырса, әр қазаққа ауылдан ағарған, соғым сатып алып не қажеті бар. Бұл ағын төрт түлікті, оның өнімін тауарлай сатуға үйренген ауыл қазағының саудасын тұншықтырары анық. Мұндай жағдайда тауарын аяғына дейін өңдеп, өнім ретінде шығаратын өндірісі жоқ Байғанин ауданы кәсіпкерлерінің барлық жұмысы әбден тұралап, тіптен бар кәсібінің жабылып қалу қаупі туады.
Агломерация ұғымы - өндірістері шоғырланған үлкен қалалар, елді-мекендер және ішкі-сыртқы миграция мен урбанизаци үдерісінің тартылыс аймағы. Ақтөбе облысы бойынша агломерациялық мегаполиске өндіріс ошақтары шоғырланған кіші қалалы Темір, Шалқар, Эмба, Қандыағаш, Хромтау, Мартук, Қобда аудандары кіріп отыр. Байғанин ауданы жерінен қара майы мен газды отынын беріп отырса да Ақтөбе облысы бойынша осы өндірістік мегаполис аумағына да кірмей қалды. Демек Байғанин ауданы болашағы жоқ ауданның бірі деген сөз. Ғалымдар ХХІ ғасырдың екінші жартысы «Көші-қон ғасырына айналады» деп болжап отыр. Үлкенді-кішілі қалалардың ұлғаюы, болашағы бұлыңғыр Байғанин секілді аудандарды урбанизация көшімен жұтып жіберуіне әкеледі. Ауданның округтеріне, кәсіпкерлеріне әлеуметтік, тұмыстық жағдайдың жасалмауы халықтың еркісіз ата-баба жерінен өндірісі шоғырланған орталықтарға көшулеріне бастайтын «алғы шарт». Осы күнге дейін аудан халқына оның аймақтағы елді-мекендеріне көңілдің бөлінбеуі де алдын ала ойластырылған, әлдекімдердің белгілі бір мақсатты көздеген жымысқы да жоспарлы саясаты секілді.
Ал, аудан экономикасының аймақтақ бағдарламасын жасағанда оның елді-мекендерінің инфрақұрылымының шекарасын анықтап, агроөндірістік аймақ етуде, қажетті қаржыны облыстың бас жоспары қарауына енгізуде, аса қажетті инвестицияны тартуда және табандылық көрсетуде әкімдері де, аудандық, облыстық деңгейдегі депутаттары, шаруашылық департаментіндегі мамандары да дәрменсіз. Олар өз қызметінде, барлық деңгейде әріптестері арасында жалтақ, беделі де берері де жоқ. Билік басындағылар ауданның өркендеуі мен экономикалық өсімінің негізін көрсету айнасы: бар игі жақсыны бір орталыққа жинау, аудан орталықтарын көркейту (мәселен жалғыз Қарауылкелдіні) - деп түсінетін секілді. Агломерация мәселесі көтерілгенде аудан басшылары және шенеуніктері аймақтарды дамыту туралы облыстық бағдарламаға түзетулер енгізуге де құлықсыздық танытты. Сөйтіп, аудан тағы да бұл одақтан (өндірісті мегаполистен) тыс қалды. Сонда алыстағы әрбір бүкір белдің астында, сай-саланың бойындағы қиналып жатқан ауыл халқын кім құшағына алады. «Өз күніңді өзің көр» деп отыра береміз бе? Қазақтың алтын бесігі-ауыл, негізгі тіршілігі қала, аудан орталығы емес, мал баққан дала екенін қашанғы ұмытып-ақ кете береміз. Олардың өндірісті мегаполистен тыс қалуы, ерте ме кеш пе елден, ата қонысынан үдере көшуіне әкеледі? Сонда таяу болашақта мұндағы кілкіген мұнай мен газдың игерушілері кім болмақ? Кімдердің қолына өтпек?
Ауданда екі жақты қанау тереңдеп барады. Қанаушы таптың бірі қытайлықтар сол баяғы Ресейден қоныс аударушы крестьяндар секілді «перселен-арендаторларға» ұқсайды. Олар қазба байлығын игереміз деп әуелі 30-40 жылға деп кіріп, аудан территориясын уақытша пайдаланған болып, түпкілікті орнығуға келгендей айнала іргелерін бекітіп жатыр. Жалпы қытай тарапынан аудан көлемінде ғана емес, батыс өңірінде «игеру» деген желеумен жаңа жерлерге қоныс аудару қозғалысы жыл сайын өрістей түсуде. Халық мұның соңы қытайлардың «адами көшіне» ұласып, отарлауға, таяу болашақта өлке тұрғындарының ұлттық құрамына, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне өзгерістер әкеледі ме деп қорқады. 1893-1896 жж. патшалық Ресей реформасы секілді бір күндері батыс экономикасын көтеру саясатының жалғасы қытай қоныстанушыларына ұласып, жергілікті халық жерінен үдере көше бастаса қайтеміз. Бұлай деуімізге негіз бар, себебі қытайдың бүгінгі жымысқы қозғалысының шаңды жолы кешегі кеңестік заман тұсында жазылған тарихымызда сайрап жатыр. Ресми танылмаған «резервацияда» тұратын Байғанин ауданы халқы әлеуметтік теңсіздік босқындары болуға аз-ақ тұр. Көптеген ауылдар қирап, қоныстары қаңырап бос қалды. Қазірдің өзінде шаңырағы шайқалып, нарыққа бейімделе алмаса да, іргесі берік тұр деген үлкен шаруашылықтар халқының 40-50 пайызы қалған. Ауылда жастар тұрақтамай, орта мектептегі оқушылар саны жыл сайын азайып, тұрғындарының қалаға кетуі тиылар емес. Мәселен, Ебейті ауылындағы 400 оқушылық типтік мектепте 130 оқушы, Ноғайтыдағы 460 оқушыға арналған орта мектепте бүгінде 260 оқушы ғана қалған. Ноғайты, Ебейті тарайды, мемлекет есебінен мұндай ауылдарды ұстап отыру шығынға түседі деген қаңқу әңгіменің халық арасында тарағанына да бірнеше жылдың жүзі болды. Басқа елді-мекендердегі жағдай да осыған ұқсас. Дәрігерлік амбулаториясы, мектебі жабылған ауыл халқы көшпегенде не істей алады. Бұл да елді көшуге еріксіз мәжбүрлейтін «алғы шарттың» бірі. Болашақ қоныстанушылар (қытайлықтар) үшін «бос жерлер» деген осы. Мөңке бабамыз болжағандай, бүтін бір ауданның этникалық, этнографиялық, рухани бірігуінің түп тамыры ауыл үдере көшетін заман туса Байтақ Байғаниның өндірісі, экономикалық, этникалық қожалығы, территориясы кімге өтетінін сезінудің өзі қорқынышты. Осы жерде жоғарыдағы «мұнай мен газ деген байлығымыз кімдердің қолына өтпек, игерушісі кім болмақ» деген сауалымызға жауап тапқандаймыз.
Көпке сын айтудан аулақпыз, десек те осының барлығын сезінетін азаматтар азайған. Жас ұрпақ патриоттық сезімнен жұрдай. Елі, жері, оның адамдары туралы бастарын ауыртқысы келмейтін бейжай болып алған. Болып жатқан келеңсіздіктер жайында ойланбайды. Ол түсінікті де өйткені ойланбауға бүгінгі қарапайым өмірдің ауырлығының өзі де жеткілікті. Бұл сыбайластық, жемқорлық, жеке басын ғана ойлау, сыйламаушылық және кез келген жолмен баю т.б жайлаған жаман қылықтардың салдарынан болуы да мүмкін. Қайда барсаң да қорқыттың көрі - бас көтерер азаматы, зиялысы қалмағандай. Осындайда бүгінгі жастарға тарихымыздан көрі, ертеңгі әңгімемізді, көрер күнімізді, жақсысымен қатар мемлекетіміздің қауіпсіздігіне, ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлігімізге келер қауіптің «көздерін» де көп айтуымыз керек секілді. Қоғамды жасайтын да адам, ендеше біз елдігіміз бен рухани байлығымызды, тұтастығымызды шашу етпейтін келешек өмірді құруға бір кісідей жауаптымыз. Ендеше, сонау 1918 жылы Қопа-Табын ауданы болып құрылып Әлібіи Жанкелдин мен Тобанияз Әлниязұлы негізін қалаған, 1920 жылы Адай-Табын ауданы атанып, алаш қайраткерлері Зұлқарнай Баймырзаев, Жұмағали Омаров еңбек еткен шежірелі де, қасиетті тарихы бар қазіргі Байғанин ауданының ғұмырының мәңгілік болуын бір Алладан тілегеннен басқа қайран қалмаған секілді ағайын!
Нұрлыбай Қошаманұлы,
Ақтөбе қаласы.
Тел: 975143.

Алибаев Багдат Манасулы
87782336702
23-05-15 20:04
Баиганин косарал Оскемен 5518 МВД аскери борышымды отеп жатырм 25 кун калды БАИГАНИН КОСАРАЛ
Бауырдан Бақытов
Қуанышбекұлы
23-02-15 07:07
Сағыз орта мектебі туралы тарих мені қуантты. Мен де сол мектепті бітірдім. Кластастарым қайда жүр екен.
Ордабай
бұрынғы мектеп түлегі
10-02-15 12:25
"Сағыз" орта мектебі туралы тарих баспасөзге шыққан тұңғыш тұшымды дерек. Мектеп тарихын біле алмай жүр едік, мынау бір тамаша болды. Қуанып қалдық. Бұл айтылғандар ұрпақ үшін қажет. Тарихымыз белгісіз болып қалады ма деп жүретін едік. Сол үшін де Нұрлыбай Бідән баласы Қошаманұлына мың да бір рахмет.
Сағыз орта мектебі түлегі
оқушы
06-10-14 11:57
Ноғайты тарихы мен \\"Сағыз\\" орта мектебі тарихы жақсы жазылған. Сол үшін де Нұрлыбайға рахмет.
Сабыр
kaliev_sabir@mail.ru
08-06-14 08:52
Қаражар орта мектебінің тарихы туралы мәлімет.

ХХ ғасырдың 20 – сыншы жылдарында қазіргі Қаражар елді мекені орналасқан жер Көкмешіт деп аталып осы аттас мешітте балалар ескі діни оқуға тартылған.
1928 жылы Табын ауданы құрылғанда халықтың тұрмыс-тіршілігіне қолайлығынан болар 1930 жылға дейін Көкмешіт осы ауданның орталығы болған (63 – қор,292-іс, 17– бет, Ақтөбе облыстық мұрағат).
1927 жылы Көкмешітте алғаш кеңістік мектеп ашылды. Осы мектепте алғаш білім алғандар арасында кейіннен осы мектепте ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен, соғыс ардагері Құлшаров Сары мен еңбек ардагері Әбдірұлы Әжім болған. Өзінің алғаш білім алған мектебі туралы Әжім ақсақал: «1927 жылы Көкмешітте алғаш кеңістік мектеп ашылып , «Көкмешіт» мешітіндегі діни оқу тоқтатылды. Мектепте сол дәуірдегі арабша, орысша сауаты бар Құрмаш деген кісіден сауатымызды ашып, білім алдық. Оны 1929 жылы «халық жауы» деп ұстады. Сол 1929 жылы алғаш серіктестік құрылғанда Көкмешіт мекені Қаражар болып атала бастады. Көп кешікпей «Көкмешіт» те бұзылып 1930-1931 жылдары жаңа орталық Жарқамыстағы мектепті салуға тастары тасылды.
« Көкмешіт » үйі бұзылғасын Қаражар мектебіне «Жұман байдың» үйі беріліп, онда Қырылдақов Оразғали деген мұғалім сабақ бергенін білемін» - деп еске алады. («Ленин туы» газеті, 1967 жыл)
Ақтөбе облыстық мұрағаттарда сол кездегі Табын ауданындағы ағарту ісі жөніндегі құжаттардан Қаражар мектебі жөнінде 1935 жылға дейінгі деректер жоқ. Оған себеп, республикада И.Голощекиннің қанқұйлы саясатының тигізген салқыны болуы мүмкін.
1935 жылдан бастап қана мектеп туралы мәліметтер мұрағат құжаттарында кездесе бастайды. Яғни, 1935-36 оқу жылында Мирзоян атындағы (ол кезде серіктестік те, мектеп те Мирзоян атында болған) бастауыш мектепте мұғалім болып Шалабаев Нәрік, Тоқпанбетов Нығметулла еңбек еткен (281-1,7-сі). Кейін мектеп қайтадан Қаражар аталады.
1937-39 оқу жылында мектеп жеті жылдық болған. Онда оқыған бұрынғы шәкірт, бүгінгі дербес зейнеткер Төкешов Есіркеп те сол оқу жылында бесінші сыныпта оқыдым деп растайды.
1939 жылдан бастап құжаттарда Қаражар орталау мектебі туралы дерек кездесе бастайды.
Осындай бір құжатта 1939 - 40 оқу жылында Қаражар орталау мектебінің директоры Талдықов Қамбар делінген (281-1,89-іс,35-бет). Ал 1940 жылы толтырылған бір құжатта Талдықов Қамбардың бұған дейінгі мұғалімдік қызметін 10 жыл, 1937 жылы аттестациядан өткен, педтехникумда сырттай оқиды деп көрсеткен (281-1,79-іс, 33,35 беттер).
Сонымен бірге ол жылдары І.Есмағанбетов, Абылбаев және Қ.Лұқпанов мұғалім болған. Соғыс салдарынан мектеп 1942 жылға таман бастауышқа айналған, мұғалімі Қ. Талдықов әскер қатарына алынып, содан елге оралмаған.
10 қазан 1939 жылдан соғысқа дейін ҚазақССР-на еңбегі сіңген мұғалім Ермұханбетов Мұқып мұғалім болып жасаған.(219 бұйрық).
Соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі алғашқы жылдары Рахмединова, Қалиевалар мұғалімдік қызмет атқарған.
1947 жылғы 2 маусымдағы Байғанин аудандық кеңесі атқару комитетінің № 201 шешімімен мектеп бастауыштан жеті жылдық мектепке айналған. Аудандық оқу бөлімінің бұйрығымен мектеп директорлығына Жамантаев Марат, оқу ісі меңгерушілігіне Байтауов Тоқпанбет тағайындалған №60).

Жамантаев Марат 1947.06. – 1952.03. жылдары мектепке басшылық жасаған.
Мұңалбаева Теңгежан. 1952.03 – 1952.09, 1955.09 – 1957.01, және 1958.09 – 1959.03.ж.ж. мектеп
директоры болып қызмет атқарған
Қомпаев Түгелбай 1952.09 – 1955.09 ж.ж. мектепе директоры қызметін атқарған. Осы жылдарда
мектепте өмірлерінің соңына дейін ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен Раев Керей мен
Құлшаров Сары жұмыс істеді.
Мырзабекова Шәкен 1957.01. – 1957.07 директорлық қызметті атқарды.
Аухатбаев Мұздақбай 1957.07. – 1958.09. ж.ж. мен директор болды. Сол жылдары келіп, еңбек
еткен мұғалімдер: Артықов Тұрғанбай, Мұқтасаров Кітабай, Меруерт т.б. болды.
Сонымен бірге Елемесов Құсайын 1959.03 – 1961.08 жылдары Медиев Таңбай 1961.08 – 1963.06 жылдары Раев Мақсұт 1963.06 – 1964.01 және Сейталин Ақан 1964.01– 1964.08.ж.ж. мектеп директорлары болса 1959.03 – 1963.08.ж.ж.оқу ісінің меңгерушісі болып Әбиев Жарылғас жұмыс жасады. Сол жылдары мектепте жаңадан Раев Мақсұт, Тажбағанбетов Қорған, Ерғабылов Тайхан, Майлыбаев Өмірзақ (СССР халық ағарту ісінің үздігі), Талыпова Жанат, Нұрманова Бақыт, Аймағанбетов Бақыт және Мәтжанова Сара ұстаздық жолдарын бастады.
1964.08. – 1977.08.ж.ж. «Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім», «Методист – мұғалім», Ы. Алтынсарин атындағы медальдің иегері – Жақанов Бейсен мектеп директоры болып қызмет атқарды.
Ал Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім Тәжбағанбетов Қорған 1963 – 1971 ж.ж., Ерғабылов Тайхан 1971-73, Қонжаров Жеңіс 1973-75 және Нәби Досым 1975-77 ж.ж. оқу ісінің меңгерушілері болды және осы кездері мектепте жұмыс істеген Кірқабақов Қалел мен Айтмұрзаев Зейнолла және жұмыс жолын жаңадан бастағандар: Жұрынбаев Көңілқос, Нәби Досым, Қонжаров Жеңіс, Сейтжанова Лиза, Хасенов Шарибат, Шөкімов Сағибек , Сейталина Мәншүк т.б. боды.

Нәби Досым 1977.08 – 1984.04ж.ж., Хасенов Шарибат 1984.04 – 1992.08 ж.ж. мектеп директорлары болып және қызмет атқарды. Ерғабылов Тайхан 1977-80 ж.ж Шөкімов Сағибек 1980 - 88 ж.ж. оқу ісінің меңгерушілері болып істеді , осы жылдардан бастап мектепте жұмыс жолын бастағандар: Байқанова Құралай, Қуатбаева Күнсұлу, Сарбалина Сәулеш, Күзенбаев Ордабай, Тасымова Лида, Нұрдәулетова Ғайнижамал, Шанина Хабиба, Ұзақбай Бәтима,Өтегенова Халима, Тайғарин Аяпберген, Жұбаналина Нұрбала, Дүйсенов Шадин, Қожиева Базаргүл, Қалиев Сабыр, Ерқасымов Сәрсенбай Тоғаева Мейрамгүл, Ерғалиева Гүлшара, Байдрахманова Қазина, , Мәдіханова Мереке, Ыбраш Шағала, Қуатбаева Анар, Құлданбай Мәншүк, Ашықбаева Алма, Майлыбаева Аягөз, Байқанова Салтанат, т.б. болды. Бұлардан Б.Ұзақбай (1982), Д. Нәби (1986) жылдары Қазақ ССР-і білім, ғылым және кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.

1990 жылдан бастап сегіз жылдық мектеп халықтың сұранысына орай орта мектепке айналды .
1997 жылы үкіметтің үстірт шешімімен қайтадан сегіз жылдыққа айналса да, бұл кемшілік түзетіліп
1999 - 2000 оқу жылынан бастап орта мектеп болып қайта құрылды.

Актөбе Педагогика Институтының физика –математика факультетінің түлегі Қалиев Сабыр Шүкірбайұлы 1992 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі кезге дейін Қаражар орта мектебін басқарып келеді.
Ал 1988 жылдың тамызынан бері оқу ісінің меңгерушісі болып Нәби Досым қызмет етуде.

1990 - 1993 ж.ж. Күзенбаев Ордабай , 1993-1997 жылдары және 1999 - 2011 жылдары Ұзақбай Бәтима мектеп директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болды. Ал 2011 жылдың қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін бұл қызметті Қабиева Айнұр Бейілханқызы атқаруда.
Осы жылдары мектепке келген мұғалімдер: Сәлмұқанова Жұпар , Дербіс Сәндібай, Дөңбай Данагүл, Базылдина Дариға, Қалдығалиева Майра , Айтмұрзаев Мұқтар, Шырақбай Төлеуғазы, Қазанбаев Амандық , Қисықова Сабира, Байниязов Ердан, Алуадинова Нұрбақыт, Қабиева Айнұр, Жұмағанбетова Жанар, Шетеева Лаура, Рахманов Жанболат , Мергенбаев Дәулет ,Жанкина Гүлбану, Бектұрғанова Бағдагүл ,Тақырова Гүлдана ,Жұмағанбетов Бағдат , Жарасбаева Ләззат, Қалдаяқова Гүлдана , Алшағырова Әсемгүл , Мырзабекова Іңкәр , Тынымқұлова Салтанат т.б. жұмыс жасауда. Қазіргі таңда мектеп әр түрлі пәндер бойынша мамандармен қамтылған. 29 мұғалім жұмыс жасайды, 12 сынып бар. Оларда 13 разрядты – 8, 12 разрядты – 11 мұғалім жемісті еңбек етуде. Мектеп жаңа үлгідегі физика, биология , информатика және химия кабинеттерімен жабдықталған. Сонымен бірге алғашқы әскери даярлық және бастауыш сынып кабинеттері мен бейімделген акт залдары жұмыс жасайды. Сонымен қатар 15 техникалық қызметтер мектептегі 185 оқушының қалыпты оқып, білім алуына мүмкіндік жасап отырады. Мектеп КТ - 200 маркалы жылу қазандығы арқылы өзіндік дара жылу жүйесімен жылытылады.
Қазіргі пайдаланудағы мектеп үйі бейімделген жобада 1958 жылы саман кірпішпен салына бастап , 1959-60 оқу жылында алғаш пайдалануға берілген. 2009 жылы мектеп сырты силикатпен қапталып төбесі қайта шатырланды.
Қаражар елді мекені бүгінгі таңда аудандағы өзі қарайлас менекдердін ірісі болып есептелдеді. 112 отбасы турады . Орта мектепте 179 оқушы тартылған. Мектеп тарихы бойынша 2011 жылы орта мектепті Қалиева Айдана Сабырқызы \\" Алтын белгі\\" белгісімен Қарағұлова Айгерім Жексенқызы \\" Ерекше аттестатпен аяқтады. Жыл сайын негізгі мектеп курсын үздік куәлікпен бітірушілер де бар. 2014 жылы 9 сыныпты Бекболатқызы Гүлсая мен Қайнарқызы Гүлден ерекше куәлікпен бітірді. Мектеп оқушылары мен Ұстаздары арасында турлі жарыстар мен байқаулардын жеңімпаздары көптеп саналады.

Сабыр
kaliev_sabir@mail.ru
08-06-14 08:45
Қаражар орта мектебінің тарихы туралы мәлімет.

ХХ ғасырдың 20 – сыншы жылдарында қазіргі Қаражар елді мекені орналасқан жер Көкмешіт деп аталып осы аттас мешітте балалар ескі діни оқуға тартылған.
1928 жылы Табын ауданы құрылғанда халықтың тұрмыс-тіршілігіне қолайлығынан болар 1930 жылға дейін Көкмешіт осы ауданның орталығы болған (63 – қор,292-іс, 17– бет, Ақтөбе облыстық мұрағат).
1927 жылы Көкмешітте алғаш кеңістік мектеп ашылды. Осы мектепте алғаш білім алғандар арасында кейіннен осы мектепте ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен, соғыс ардагері Құлшаров Сары мен еңбек ардагері Әбдірұлы Әжім болған. Өзінің алғаш білім алған мектебі туралы Әжім ақсақал: «1927 жылы Көкмешітте алғаш кеңістік мектеп ашылып , «Көкмешіт» мешітіндегі діни оқу тоқтатылды. Мектепте сол дәуірдегі арабша, орысша сауаты бар Құрмаш деген кісіден сауатымызды ашып, білім алдық. Оны 1929 жылы «халық жауы» деп ұстады. Сол 1929 жылы алғаш серіктестік құрылғанда Көкмешіт мекені Қаражар болып атала бастады. Көп кешікпей «Көкмешіт» те бұзылып 1930-1931 жылдары жаңа орталық Жарқамыстағы мектепті салуға тастары тасылды.
« Көкмешіт » үйі бұзылғасын Қаражар мектебіне «Жұман байдың» үйі беріліп, онда Қырылдақов Оразғали деген мұғалім сабақ бергенін білемін» - деп еске алады. («Ленин туы» газеті, 1967 жыл)
Ақтөбе облыстық мұрағаттарда сол кездегі Табын ауданындағы ағарту ісі жөніндегі құжаттардан Қаражар мектебі жөнінде 1935 жылға дейінгі деректер жоқ. Оған себеп, республикада И.Голощекиннің қанқұйлы саясатының тигізген салқыны болуы мүмкін.
1935 жылдан бастап қана мектеп туралы мәліметтер мұрағат құжаттарында кездесе бастайды. Яғни, 1935-36 оқу жылында Мирзоян атындағы (ол кезде серіктестік те, мектеп те Мирзоян атында болған) бастауыш мектепте мұғалім болып Шалабаев Нәрік, Тоқпанбетов Нығметулла еңбек еткен (281-1,7-сі). Кейін мектеп қайтадан Қаражар аталады.
1937-39 оқу жылында мектеп жеті жылдық болған. Онда оқыған бұрынғы шәкірт, бүгінгі дербес зейнеткер Төкешов Есіркеп те сол оқу жылында бесінші сыныпта оқыдым деп растайды.
1939 жылдан бастап құжаттарда Қаражар орталау мектебі туралы дерек кездесе бастайды.
Осындай бір құжатта 1939 - 40 оқу жылында Қаражар орталау мектебінің директоры Талдықов Қамбар делінген (281-1,89-іс,35-бет). Ал 1940 жылы толтырылған бір құжатта Талдықов Қамбардың бұған дейінгі мұғалімдік қызметін 10 жыл, 1937 жылы аттестациядан өткен, педтехникумда сырттай оқиды деп көрсеткен (281-1,79-іс, 33,35 беттер).
Сонымен бірге ол жылдары І.Есмағанбетов, Абылбаев және Қ.Лұқпанов мұғалім болған. Соғыс салдарынан мектеп 1942 жылға таман бастауышқа айналған, мұғалімі Қ. Талдықов әскер қатарына алынып, содан елге оралмаған.
10 қазан 1939 жылдан соғысқа дейін ҚазақССР-на еңбегі сіңген мұғалім Ермұханбетов Мұқып мұғалім болып жасаған.(219 бұйрық).
Соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі алғашқы жылдары Рахмединова, Қалиевалар мұғалімдік қызмет атқарған.
1947 жылғы 2 маусымдағы Байғанин аудандық кеңесі атқару комитетінің № 201 шешімімен мектеп бастауыштан жеті жылдық мектепке айналған. Аудандық оқу бөлімінің бұйрығымен мектеп директорлығына Жамантаев Марат, оқу ісі меңгерушілігіне Байтауов Тоқпанбет тағайындалған №60).

Жамантаев Марат 1947.06. – 1952.03. жылдары мектепке басшылық жасаған.
Мұңалбаева Теңгежан. 1952.03 – 1952.09, 1955.09 – 1957.01, және 1958.09 – 1959.03.ж.ж. мектеп
директоры болып қызмет атқарған
Қомпаев Түгелбай 1952.09 – 1955.09 ж.ж. мектепе директоры қызметін атқарған. Осы жылдарда
мектепте өмірлерінің соңына дейін ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен Раев Керей мен
Құлшаров Сары жұмыс істеді.
Мырзабекова Шәкен 1957.01. – 1957.07 директорлық қызметті атқарды.
Аухатбаев Мұздақбай 1957.07. – 1958.09. ж.ж. мен директор болды. Сол жылдары келіп, еңбек
еткен мұғалімдер: Артықов Тұрғанбай, Мұқтасаров Кітабай, Меруерт т.б. болды.
Сонымен бірге Елемесов Құсайын 1959.03 – 1961.08 жылдары Медиев Таңбай 1961.08 – 1963.06 жылдары Раев Мақсұт 1963.06 – 1964.01 және Сейталин Ақан 1964.01– 1964.08.ж.ж. мектеп директорлары болса 1959.03 – 1963.08.ж.ж.оқу ісінің меңгерушісі болып Әбиев Жарылғас жұмыс жасады. Сол жылдары мектепте жаңадан Раев Мақсұт, Тажбағанбетов Қорған, Ерғабылов Тайхан, Майлыбаев Өмірзақ (СССР халық ағарту ісінің үздігі), Талыпова Жанат, Нұрманова Бақыт, Аймағанбетов Бақыт және Мәтжанова Сара ұстаздық жолдарын бастады.
1964.08. – 1977.08.ж.ж. «Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім», «Методист – мұғалім», Ы. Алтынсарин атындағы медальдің иегері – Жақанов Бейсен мектеп директоры болып қызмет атқарды.
Ал Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім Тәжбағанбетов Қорған 1963 – 1971 ж.ж., Ерғабылов Тайхан 1971-73, Қонжаров Жеңіс 1973-75 және Нәби Досым 1975-77 ж.ж. оқу ісінің меңгерушілері болды және осы кездері мектепте жұмыс істеген Кірқабақов Қалел мен Айтмұрзаев Зейнолла және жұмыс жолын жаңадан бастағандар: Жұрынбаев Көңілқос, Нәби Досым, Қонжаров Жеңіс, Сейтжанова Лиза, Хасенов Шарибат, Шөкімов Сағибек , Сейталина Мәншүк т.б. боды.

Нәби Досым 1977.08 – 1984.04ж.ж., Хасенов Шарибат 1984.04 – 1992.08 ж.ж. мектеп директорлары болып және қызмет атқарды. Ерғабылов Тайхан 1977-80 ж.ж Шөкімов Сағибек 1980 - 88 ж.ж. оқу ісінің меңгерушілері болып істеді , осы жылдардан бастап мектепте жұмыс жолын бастағандар: Байқанова Құралай, Қуатбаева Күнсұлу, Сарбалина Сәулеш, Күзенбаев Ордабай, Тасымова Лида, Нұрдәулетова Ғайнижамал, Шанина Хабиба, Ұзақбай Бәтима,Өтегенова Халима, Тайғарин Аяпберген, Жұбаналина Нұрбала, Дүйсенов Шадин, Қожиева Базаргүл, Қалиев Сабыр, Ерқасымов Сәрсенбай Тоғаева Мейрамгүл, Ерғалиева Гүлшара, Байдрахманова Қазина, , Мәдіханова Мереке, Ыбраш Шағала, Қуатбаева Анар, Құлданбай Мәншүк, Ашықбаева Алма, Майлыбаева Аягөз, Байқанова Салтанат, т.б. болды. Бұлардан Б.Ұзақбай (1982), Д. Нәби (1986) жылдары Қазақ ССР-і білім, ғылым және кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.

1990 жылдан бастап сегіз жылдық мектеп халықтың сұранысына орай орта мектепке айналды .
1997 жылы үкіметтің үстірт шешімімен қайтадан сегіз жылдыққа айналса да, бұл кемшілік түзетіліп
1999 - 2000 оқу жылынан бастап орта мектеп болып қайта құрылды.

Актөбе Педагогика Институтының физика –математика факультетінің түлегі Қалиев Сабыр Шүкірбайұлы 1992 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі кезге дейін Қаражар орта мектебін басқарып келеді.
Ал 1988 жылдың тамызынан бері оқу ісінің меңгерушісі болып Нәби Досым қызмет етуде.

1990 - 1993 ж.ж. Күзенбаев Ордабай , 1993-1997 жылдары және 1999 - 2011 жылдары Ұзақбай Бәтима мектеп директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болды. Ал 2011 жылдың қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін бұл қызметті Қабиева Айнұр Бейілханқызы атқаруда.
Осы жылдары мектепке келген мұғалімдер: Сәлмұқанова Жұпар , Дербіс Сәндібай, Дөңбай Данагүл, Базылдина Дариға, Қалдығалиева Майра , Айтмұрзаев Мұқтар, Шырақбай Төлеуғазы, Қазанбаев Амандық , Қисықова Сабира, Байниязов Ердан, Алуадинова Нұрбақыт, Қабиева Айнұр, Жұмағанбетова Жанар, Шетеева Лаура, Рахманов Жанболат , Мергенбаев Дәулет ,Жанкина Гүлбану, Бектұрғанова Бағдагүл ,Тақырова Гүлдана ,Жұмағанбетов Бағдат , Жарасбаева Ләззат, Қалдаяқова Гүлдана , Алшағырова Әсемгүл , Мырзабекова Іңкәр , Тынымқұлова Салтанат т.б. жұмыс жасауда. Қазіргі таңда мектеп әр түрлі пәндер бойынша мамандармен қамтылған. 29 мұғалім жұмыс жасайды, 12 сынып бар. Оларда 13 разрядты – 8, 12 разрядты – 11 мұғалім жемісті еңбек етуде. Мектеп жаңа үлгідегі физика, биология , информатика және химия кабинеттерімен жабдықталған. Сонымен бірге алғашқы әскери даярлық және бастауыш сынып кабинеттері мен бейімделген акт залдары жұмыс жасайды. Сонымен қатар 15 техникалық қызметтер мектептегі 185 оқушының қалыпты оқып, білім алуына мүмкіндік жасап отырады. Мектеп КТ - 200 маркалы жылу қазандығы арқылы өзіндік дара жылу жүйесімен жылытылады.
Қазіргі пайдаланудағы мектеп үйі бейімделген жобада 1958 жылы саман кірпішпен салына бастап , 1959-60 оқу жылында алғаш пайдалануға берілген. 2009 жылы мектеп сырты силикатпен қапталып төбесі қайта шатырланды.
Қаражар елді мекені бүгінгі таңда аудандағы өзі қарайлас менекдердін ірісі болып есептелдеді. 112 отбасы турады . Орта мектепте 179 оқушы тартылған. Мектеп тарихы бойынша 2011 жылы орта мектепті Қалиева Айдана Сабырқызы " Алтын белгі" белгісімен Қарағұлова Айгерім Жексенқызы " Ерекше аттестатпен аяқтады. Жыл сайын негізгі мектеп курсын үздік куәлікпен бітірушілер де бар. 2014 жылы 9 сыныпты Бекболатқызы Гүлсая мен Қайнарқызы Гүлден ерекше куәлікпен бітірді. Мектеп оқушылары мен Ұстаздары арасында турлі жарыстар мен байқаулардын жеңімпаздары көптеп саналады.

Нұрлан
yessengazy@mail.ru
23-02-14 19:47
Жеке Куәлігіңіз, аты-жөніңіз қазақ тілінде болмаса, сіз қандай қазақпын деп ойлайсыз?
Әкеңіздің, атаңыздың, бабаңыздың атын ұмыттырам деген заман өтті, аты-жөніңізді, тегіңізді Жеке Куәлігіңізге қазақ тілінде жаздырсаңыз, Алла тағала сізді қолдайды!
Бүгінгі күннен бастан, әр азамат, отбасы, ауыл, аудан, қала, облыс болып, түгел қазағым Қазақ Елінің нағыз азаматы атына лайықты жұмыс жасайық, өмір сүрейік, балаларымыз бен немерелерімізге қазақ екенімізді дәлелдейік.
Не істеу керек:
1. Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш жазып, Туу туралы Куәлігіңізді жаңадан таза қазақ тілінде жаздырасыз,
2. Қазақ тілінде жазылған Туу туралы Куәлік негізінде Жеке Куәлік және қажет болса Паспорт аласыз,
3. Басқа құжаттарыңызды қазақ тіліне аудармайсыз, бәрі жарамды, заңды құжат болып есептелінеді.
Сонда ғана біз аты-жөнімізге қарап қазақ екенімізді, бір үлгіде аты-жөнімізді жазатын Қазақ Елінің, ұлтымыздың төлқұжаты болатын жағдайға жетеміз.

Мысалға: менің атым Нұрлан әкемнің аты Ізден атамның аты Есенғазы. Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуiрдегі № 2923 Жарлығына байланысты Туу туралы Куәлігімді және жеке Куәлігім мен Паспортымды Нұрлан Ізденұлы ЕСЕНҒАЗЫ деп алдым.

Сонда ғана қазақ тілінде жазу сауаты дұрысталады, неге десеңіз сіздің жеке Куәлігіңіз таза қазақ тілінде ғой!

Сіздерге де сондай қуаныш сыйлаймын!

Aianbek
aianbek_9797
17-01-14 08:28
baiganin jastari alga
Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
12-01-14 23:16
Ноғайты ауылы «Сағыз» орта мектебі тарихына назар аударайық оқырман бауырларым.

Ноғайты ауылы «Сағыз» орта мектебі – Уақыт өткен сайын мектептің біздер үшін бағасы артып барады. Өйткені ұстаздарымыз ұстаған, ұстазымыздан қалған жәдігер көзге оттай басылады, ыстық көрінеді. Өтіп кеткен оқушы шағымызды, ұстаздарымыздың ардақ бейнесін, қимас та қайтып оралмас кезеңдерімізді еске түсіріп, жүрегімізді елжіретеді. Қайран сол бір қамсыз-мұңсыз шуақты күндеріміз-ай! Мектеп үйі әлі күнге дейін қажетке асып, бала-бақшаға айналып ұрпаққа қызмет етіп жатыр.
...Жалпы орта білім беретін мемлекеттік оқу орны. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігіне қарайды. Байғанин ауданының Ноғайты ауылында орналасқан. Алғаш рет Ноғайты ауылында «Сағыз» совхозының орталық мекенінің орналасуына байланысты, мектептің негізі 1949-1950 жылы бастауыш мектеп болып ашылудан басталады. Мектептің алғашқы класс бөлмелері қазіргі учаскелік дәрігерлік амбулатория орналасқан үйде болды. 1954 жылы жаңа мектептің құрылысы аяқталып пайдалануға беріледі. 1955 жылы 7 жылдық мектеп болып ашылды. 1955 жылы Байғанин ауданына тың игерушілер келе бастайды. Осыған байланысты 1955-1959 жылдары мектеп жанынан бастауыш 4 класс орыс бөлімшесі ашылып, орыс кластарына Зинаида Александровна Иванова есімді мұғалім сабақ берді. Оқу кешені 1957 жылы 8 жылдық мектепке айналып, қосымша 160 балалық мектеп үйі және 1960 жылы мектеп жанынан сырттан келіп оқитын және малшы балаларына деп 100 балалық интернат үйі салынып берілді. Мұнда соғыс және еңбек мүгедектерінің, зейнеткерлердің, шалғай мал жайылымындағы малшылардың балалары орналасты. Балалар толықтай мемлекет қарауында болды. Өкінішке орай, мұғалімдердің маңдай тері сіңген, көзіндей көрінетін, талай буын өкілдерін өсірген интернат үйі бүгінде жоқ, бұзылған.
Кеңес заңдарына сай сегіз жылдық мектеп бітіргендер орта мектептің 9 класына, кәсіптік – техникалық училищелеріне, арнаулы орта оқу орындарына түсіп, оқи алатын болды. Қазақ ССР-і бойынша 1959 жылы барлық мектептерде оқу бағдарламасы кеңейтіліп, кәсіптік техникалық училищелердің оқу жүйесімен ұштастырылып ашылған жалпы білім беретін орта мектептер құру реформасына сәйкес, 1966-1967 жылдардан бастап класс комплексінің көбейуіне байланысты сегіз жылдық мектеп орта дәрежелі 10 жылдық білім беретін оқу орнына айналып, кешенге «Сағыз» орта мектебі атауы берілді. Оқу орнының «Сағыз» орта мектебі» болып қайта құрылуына байланысты кейіннен бұрынғы мектеп қасынан қосымша мектеп үйі және салынып 4 класс бөлмесі пайдалануға беріледі. Ал, ресми дерек бойынша 1974-75 оқу жылында республикада барлығы 2708 сегіз жылдық мектептер болған.
1968 жылы 8 ақпанда Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің шешімімен Байғанин аудандық үйінің қазақ ұлт-аспаптары оркестріне «Қазанғап» атындағы халық оркестрі» атағын беру туралы қаулы қабылданды. Мектеп жанында республикалық дәрежесі бар осы «Қазанғап» халық аспаптары оркестрінің Михаил Жәленов басқарған домбыра үйірмесі жұмыс жасады. Сондай-ақ, республикалық деңгейде мойындалған оркестр құрамында Ноғайтылық Санақаев Серғазы, Сағынова Қалдан, Баймұратов Боран секілді азаматтар да өнер көрсетті. Мектепте әр жылдары Т.Әлібеков, Т.Жазымов, М.Жәленов, Ж.Әбиев, И.Ермекбаев, С.Санақаев, Е.Имов, Т.Жұмабаев, Т.Төлешов, М.Жұмағазин секілді мұғалімдер «директор» болды. Бұлардың тұсында педагогтық ұжым жұмысы кезеңімен жаңа деңгейге көтеріліп, оқыту сапасы жақсарды. Мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеулеріне жақсы мүмкіндіктер жасалып, оқытудың практикалық жағын дамытудың тың жаңалықтарына кең жол ашылды. Сондай-ақ, ауылдағы білім беру ісіне Қанбай Жапаров, Таубай Әлібеков, Хайролла Бекжанов, Бідән Қошаманов, Қуан Құлданбаев, Тұрғали Жазымов, Ізғали Бөлегенов, Саржан Тәжібаева, Жаңылша Қайырова, Ғайынжамал Қажығалиева, Әділ Тілегенов, Жұмажан Нұрбайқосов, Мінайдар Нәбиев, Нұрғазы Текешов, Сәлима Сағызбаева, Амангүл Көбенова, Болған Қолбасова, Жангерей Жұмабаев, Ибрагим Ермекбаев, Сәуле Досаева, Елеукен Смағұлов, Айша Борашева, Айнаш Борашева, Гүлзия Қазмағанбетова, Жалғас Сатаев, Махамбет Бекжанов, Тұрарбек Смағұлов, Жақан Имашев, Бақтыгерей Тағыбергенов, Берікбай Қайдасов, Жанат Макешова, Зылиха Жолдасбаева, Қатша Нұрбайқосова, Өмірзақ Талдыбаев, Зияш Қарина секілді ауданға белгілі ардагер мұғалімдердің еңбегі сіңді.
Олар осы мектепте жемісті еңбек етті. Бірі білім ордасының негізін қаласа, екіншілері оның іргесін нықтады. Аға ұрпақ мектеп жанында жұмыс жасаған құлақ сіңісті, көз үйреністі болған «октябрят», «пионер», «комсомол» тектес қоғамдық ұйымдар арқылы баланы жастан отансүйгіштікке, білімге қалыптастыра білді. «Сағыз» орта мектебіне қарайтын шаруашылықтың №1 фермасында (Жарлы) 1971 жылға дейін 4 кластық қаракөл бастауыш мектеп жұмыс жасады. Бұл мектепте көп жылдар бойы Сейітов Тойғұл ұстаздық етті. Ауыл өңірінде щәкірт жүрегіне жол тауып, өскелең ұрпақтың санасына тәлім-тәрбие мен білім нәрін құя білген жоғарыдағы ұстаздарымыздың өмір жолдары біздер үшін үлкен таным энциклопедиясындай.
1940 жылдың соңында орта білім беру мақсатында облыстық оқу бөлімі жанынан жұмысшы және жастардың «сырттай оқу орта мектебі» ашылды. Оның негізі мақсаты барлық 16 ауданның әрбір орта және орталау мектептері негізінде 500-ден артық консултациялық бөлімшелер ашу еді. 1945-1950 жж. Облыста осындай жұмысшы және жастардың кешкі мектебі Ақтөбе, Алға, Жем, Шалқарда ашылды. Кейіннен оқуға ниетті жастардың көбейуіне байланысты Хромтау, Шұбарқұдық, Қандыағаш т.б. елдің мекендерінде ашыла бастады. Оқушыларға қолайлы жағдай жасау үшін өндіріс орындарында кластар ұйымдастырып, оқу жұмысшылардың жұмыс орындарында жүргізілді. Кешкі мектептерде жылына 2 мыңнан астам жастар орта білім алып отырды. 1960-1980 жж. облыс көлемінде 26-сында осындай мектеп болса, оның 6-ы Ақтөбе қаласында болды. Мұндай кешкі мектеп бөлімі 1966-1971 жылдары аралығында Ноғайтыдағы «Сағыз» орта мектебі жанында да жұмыс жасады. Кешкі мектеп түрлі себептермен уақытында оқудан тыс қалып, толық орта білім ала алмаған жастарға (15-29 жас арасы) арналды. Мұндай кешкі кластар аймақтардағы сырттай оқу ісінің облыстық әдістемелік орталығына айналды.
Мектепте 1965 жылдан бері негізін совхоз директоры Ө.Тағыбергенов қалаған «Ата жолы» деп аталатын оқушылардың өндірістік бригадасы ауданда алғашқы болып құрылды. Аудан негізінен мал шаруашылығына бейімделгендіктен мектеп жанынан құрылған бұл өндірістік бригада ІХ-Х кластар оқушыларына кәсіптік тәрбие беру, малшы-механизаторлар мамандығын игеру бағытында жұмыс жасады. Оқушылардың мектеп жанындағы өндірістік бригадасында алған қосымша мамандығы орта білімдік аттестатқа қоса тапсырылып отырды. Ауылдың бүгінгі әкімі Жұбанов Сайлаубай да кезінде еңбек жолын осы «Ата жолы» өндірістік бригадасынан бастады.
Жетпісінші жылдар оқушыларды еңбекке баулуға арналды. Оқушылардың оқу-тәжірибе алаңдарындағы, еңбек бригадаларындағы, механизаторлық мамандарды меңгерудегі, егіс алқабындағы еңбектері қорытындыланып, аудан орталығындағы слетте жеңімпаз мектеп істері жарияланып, марапатталып отырды. Егіс алқабында комбайынмен астық орған мұғалімдер еңбегі жоғары бағаланды. Жетпісінші жылдары кәсіби мамандық деңгейін анықтау мақсатында ұстаздарды аттестациалау басталды. Аудандық комиссияның ұсынысымен 5 мұғалімге жоғарғы баға берілді.
3 ұстаз «Аға мұғалім», бірнеше ұстаз «КСРО және ҚР Оқу Министрігінің озық мұғалімдері», «Оқу ісінің үздігі» қатарында мақтау қағаздарына ие болды. 1978-1983 жылдары оқушыларға оқулықтарды тегін беру кезеңі, 1980 жылдары мектепке дейінгі дайындық (бала-бақша топтары) топтарын оқыту жұмыстары басталды. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту алғашқы жылдары қоғамдық негізде атқарылып, кейіннен ақылы топтар қатарына енгізілді. Мұның жұмысына мектеп директорының бастауыш сынып жөніндегі орынбасарлары басшылық жасап отырды.
1980 жылы ескі мектеп жанынан 464 орынды, типтік жобадағы үш қабатты жаңа оқу кешені салынды. Онда жабдықталған оқу кабинеттері, шеберхана, спорт залы, жанында оқу-тәжірибе участогі болды. Мектеп дәрісханаларын көрнекі құралдармен әсіресе, эпидиоскоппен, магнитафон, кең экранды киноқондырғымен жабдықтау жұмыстары жүрді. Жіңішке ленталы киноқондырғылар пайда болды. Оларды жүргізушілер облыстық мұғалімдердің білімін көтеру курстарында дайындап, кино жүргізуші мамандығын берді. Сондай-ақ, лингофон кабинеті мен радио-телефон байланысын қамтамасыз ететін қондырғы РУШ-1 аппараты жұмыс жасады. Бір жағынан 1993 жылға дейін мемлекет тарапынан жыл сайын берілетін тегін отын мен жарыққа бөлінген қаржылар да мұғалімдер мен тәрбиешілердің тұрмыс деңгейін көтеруге себеп болды.
1992 жылдары елдегі басталған қоғами, саяси, әлеуметтік реформалардан туындаған келеңсіздіктердің салдарынан ауылдың білім беру жүйесі де бірқатар қиыншылықтарды басынан өткерді. Қалыптасқан қаржы және көрнекі құралдармен қамтамасыз ету тапшылығына байланысты кейбір оқу кабинеттері жабылып қалды. Мемлекеттік мекеме санатында оқу орнының орталықпен байланысы үзіліп, тіптен мектепті отынмен, электр қуатымен қамтудың өзі күрделі мәселеге айналды. Мұғалімдердің еңбек ақысы уақытылы жеткізілмеді. Мұндай дағдарыс мұғалімдердің білім беру сапасына де әсер етпей қалмады. Әлеуметтік тоқырау кейбір мұғалімдердің басқа салаға кетулеріне әкелді. Жасыратыны жоқ, тіптен, кейбір аудандарда бірлі-жарым мектептер жабылып қалды. Кезеңнің осындай қйыншылықтарын өткерсе де ауыл мектебінің жас мұғалімдері туған мектебіне, алдыңғы буын ұстаздарының ісіне адал болды. Мектептің іргесін шайқалтпай, қатарының тігісін сөктірмей, ұжымды ұстап қалды. Бүгінде көнекөз мұғалімдердің ұстаздық істерін, ізгілікті жарқын ғұмырын бір кездері өздері тәрбиелеген Мұңалбай Құлмұратов, Сатыбай Әбілев, Тілепберген Төлеш, Бақытжан Құрманов, М.Бекжанов, Ж.Имашев, Сәлімгерей Тағыбергенов, Баукыржан Жаулин, Мәрияш Төремұратова, Е.Жаулин, Н.Борашев, Л.Нұрмағанбетова секілді т.б. шәкірттері жалғастырып жатыр. Мектеп жанында дәрігерлік кабинет жұмыс жасайды, меңгерушісі: А.Нұрмағанбетова. Қазіргі мұғалімдер ұжымы да ұйымшыл, біліктері жоғары. Кадрлардың дені де өз ауылынан болғандықтан, әр баланың келешегіне жауапкершілікпен қарайды. Қазіргі кезде мектепте ресми тіркелген жоғары және арнаулы орта білімді барлығы 65 мұғалім еңбек етуде. Әлі-ақ, бұл мектептен болашақта халқының даңқын асқақтатар нағыз азаматтар, қайыспас қайраткерлер, ғалымдар шығарына сенеміз. Нұрлыбай Қошаманұлы. 13.01.2014.


Нұрлыбай Қошаманұлы
nurlibai58@yandex.kz
11-01-14 08:26
Енді өткенімізден қазірімізге ойыссақ, аумақтағы жер - су атауларының қойылу, шығу себептері бұл өлкені қандай тайпалар мекендеген, қашан, қай замандардан бастап өмір сүрген деген мәселелерге және халықтың тарихына, тіліне қатысты өзгерістерге тығыз байланысты болып келеді. Мәселен, филология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Ш.Пангереев: «Байғанин ауданы топонимдерінің тарихи-лингвистикалық ерекшеліктері» - атты зерттеуінде «Ноғайты» атауының шығу тарихын бұл маңайды кезінде Ноғай жұрты жайлағандықтан «Ноғайлы» деп атағанын, кейін дыбыстық ерекшелікке ұшырап, «Ноғайлы» келе-келе «Ноғайты» болып өзгеріп, Ноғай бабамыздың тарихынан бастау алатынмен түсіндірсе (Ақтөбе облысының топонимикалық кеңістігі-2007 жыл, 32 бет), енді бір дерек көзінде қазіргі 239-шы рзд. тұсындағы «Ноғайты» сайының бойында отызыншы жылдары мал шаруашылығымен айналысқан «Ноғайты колхозы болғанын, оның құрылуын: «ХХ ғасырдың 30-жылдарының басында Табын ауданында Ноғайты колхозының құрылуына байланысты негізі қаланды» - деп, ауылдың тарихы Ноғайты сайының бойындағы Ноғайты колхозынан басталатынына сілтеме жасайды (Байғанин аудандық энциклопедиясы - 298 бет).
Ақтөбе облыстық энциклопедиясында берген анықтамада: «Ноғайты 1948 жылы құрылған шаруашылық» - депті. Қазақ Совет Энциклопедиясында: «Ноғайты аудан орталығы Байғанин селосының оңтүстік батысында 60 км, Ақтөбе қаласынан 312 км жерде. Халқы 2 мың (1974). 1948 жылы ұйымдасқан «Сағыз» қой совхозының орталығы» - деп, бұл жерде де ауылдың тарихы 1948 жылдан басталатынына тағы сілтеме жасайды (қараңыз: ҚСЭ-сы, 395-бет). Біздіңше соңғы болжам қате. Сірә, жинақты құраушылар мұнысымен қазіргі Ноғайты станциясының құрылған жылын емес, керісінше 1948 жылы сай бойындағы (№239 рзд) Ноғайты колхозының толықтай тараған кезін көрсете отырып, осыны негізге алған болулары керек. Біздің болжам бойынша 1938 жылы қазіргі Ноғайты темір жол бекетінің толықтай іске қосылып ашылуы, өз кезегінде 1948 жылы сай бойындағы ежелгі Ноғайты колхозының түпкілікті жабылуына әкелген. Ал оған дейін бұл жерде шаруашылығын жалғастырған бірлі-жарым үй болған. Бұлай деуіміздің себебі 1945 жылы сай бойындағы «Ноғайты» колхозында еңбек еткен Серік Дүзбаев сол жылы жұмыс жасап тұрған Ноғайты станциясының 9 околодкасына жұмысқа келеді. Тағы бір дерек сол 1945 жылдың тамызында Сағыз дистанциясынан қазіргі Ноғайты станциясына соғыс және еңбек ардагері Меденов Кенен де жұмысқа ауысады. Демек, қазіргі Ноғайты бекетінде бұл уақытта теміржолшылар қосыны болған. Бұл болжамымыз сай бойындағы «Ноғайты» колхозы 1948 жылға дейін толықтай тарай қоймаған, жұмыс жасап келген деген болжамымыздың дұрыстығына көз жеткізеді.
Жаңа Ноғайты бекетінің ресми ашылуына байланысты 1940 жылы теміржолшылар балаларына арнап шағын «№62-ші Ноғайты бастауыш мектебін» ашу туралы КСРО қатынас жолдары Министрлігінің арнайы қаулысы шығады. Бұл Ноғайты станциясына қатысты біз кездестірген тұңғыш ресми құжат. Бұл дерек те қазіргі Ноғайты бекетінде 1940 жылы жұмысшы - теміржолшылар бекеті болғанын айғақтай түседі. Мектептің 1945-1947 жылдары сабақ берген мұғалімі, Ұлы Отан соғысының ардагері Көптілеуов Қасым. Ауылдың көнекөз ақсақалы, еңбек ардагері, теміржолшы Әбілханов Жұмаш Ноғайты станциясының 1936-1938 жылдардың өзінде іске қосылып, жұмыс жасап тұрғанын, мұнда теміржолшылардың үйлері болғанын айтты. Айтарымыз, біз осы жерде бүгінгі Ноғайтының шынайы тарихын Жұмаш қарттың айтқанындай 1938 жылдан емес, керісінше дөңгелектеп «№62-ші Ноғайты бастауыш мектебін» ашу туралы КСРО қатынас жолдары Министрлігінің арнайы ресми қаулысы шыққан 1940 жылдан бастаған дұрыс демекпіз. Ал, оған дейінгі кезеңді «жол құрылысымен айналысқан теміржолшылардың уақытша тұрақтары» деп қабылдағанымыз дұрыс секілді. Жолды төсеу Гурьев облысындағы мұнай кен орындары өнімдерін Орскідегі мұнай айыру заводына жеткізу мақсатында 1930 жылдары басталып, жолдың әр тұсынан көптеген жұмысшы-теміржолшылардың уақытша қосындары құрылды. 1938 жылы жол толықтай іске қосылған кезде кейіннен ондайлар таратылып, орталықтандырылған ірі бекеттерге біріктірілгені белгілі. Соның бірі қазіргі Ноғайты бекеті. Сөйтіп, ауыл үстімен өтетін темір жол 1938 жылдары төселіп бітіп, 1940 жылдан қазіргі Ноғайты станциясының ресми тарихы басталады. Демек биыл Ноғайты жасы 73- ке толды.

kriminal
kriminal1996@bk.ru
17-12-13 11:14
Baiganin tts
жамал
jamal.s_92@mail.ru
01-11-13 19:01
байганин ауданының суретін салыңыздаршы достар
Шокан
shokan_97.97@mail.ru
14-10-13 16:13
Baiganinge angimelerin bolmasyn
Асанбек
asanbek..92
30-09-13 12:40
Байганин Каражарга салем
Анель
anel_93@mail.ru
05-02-13 15:34
сол рас болса сайтка Байганин ауданының суретттерин енгизиниздерши
бауыржан
baur_1987@mail.ru
24-01-13 18:45
мен байганиндикпин олгенше байганиндик болып кетем
)))ABYLAI(((
97aitjanov97@mail.ru
23-07-12 12:05
ок



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube