Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Махаббат хикаялары


Авторы Xабарлама
Динара
13-01-13 20:18
Бастан откен махаббат хикаяларынызды жазсаныздар..

Авторы Жауап
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
14-03-20 16:41
Кейін мен сол Исматулла Тақсырдың медресесіне барып тәлім алдым. Маған уағыз айтқан көптеген мұсылмандардың Сопылық ілім адасқан ілім деген соң мән бермей келгем. Кейін Сәләфи деген ұғым пайда болып қоғамда келеңсіздіктер орын ала бастаған соң өз көзіммен көріп өз құлағыммен есту үшін әдейі сопылық ілім үйрететін медресеге барып тәлім алдым. Олардың не үйрететінін өз көзіммен көргім келді. Түйіндей келе айтарым сопылық ілім ешқандай да адасқан ілім емес. Иә ол жерде де әр түрлі ғалымдар бар адамдар бар байқау керек бірақ бұл адасқан ілім емес. Керсінше әлемдегі барлық мұсылмандараға сопылық жолды ұстанбаса да Сопылық іліммен танысуға шақырамын. Сопылық ілімі адамды жаңа рухани деңгейге көтеретін, көркем мінезге үйрететін, жүрек тазалығына аса мән беріп Аллаға Зікір қылуды әдетке алуды ұйрететін, әр нәрсені соқыр сеніммен емес көкрек көзімен көріп ақылмен қабылдауды үйрететін өте маңызды ілім. Сондықтан Қазақстан оқулықтарында сопылық ілімнің негізгі қағидалары қабылданса әрбәр жас ұрпақтың санасына құйылса құба құп деп есептеймін.
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
14-03-20 11:56
Келесі күні мамам әпкем папам үшеуі үш жақтып жан жақтан сен неге өйтесің неге болмайтын қайдағы жоқ нәрселерді айтсың деп ортаға алды. Сендер мұны түсінбейсіздер десем мамам әй нені түсінбейміз? нені түсінбейміз? сенің айтқан сөздерің мен істерің логикаға сәйкес келмейді. Ондай адамды жынды дейді сен аурусың жындысың дейді. мен оған мама бұл өмірде логикаға сәйкес келмейтін нәрселер көп деймін. Ол әне жынды дейін десең сөз табады бұл қалай болғаны сонда? деп әпкеме қарайды ол маған қарайды таң қалып. Мама папа мен осында Қарасу деген жерде бір медресе бар деп естідім Исматулла Тақсыр деген кісі осындай ауруларды емдейді екен қамшымен сабап қазақша емдейді екен соған апарсақ қайтеді? деп сұрайды. Мен бармаймын ешқандай медресеге мен жынды емеспін сендер әзір түсінбейсіңдер кейін түсінесіңдер деймін, Сол кезде есік шырылдады. Әпкем барып ашып еді шейх Ризқ пен жас бөтен араб кіріп келді. Ол кісілер ішке кіріп әке шешеме әпкеме қарап шейх Али бүгін келе алмады оның орнына басқа шейхты алып келдім бірақ бұл кісі сіздерге басқа бөлмеге бара тұрсыншы деп өтінеді кухняға бара тұрасыздар ма деп өтінді. Бәрі кухняға кетіп қалды. Мен диванда жаттым. Әлгі келген шейхке қарадым Палестинец дедім. шейх Ризқ жалт қарады да Откуда ты знаешь что он Палестинец? деп сұрады. не знаю Палестинец дедім. Құран оқылды. суға дем салып ішкізді. шейх Ризқ не көріп тұрсың деп сұрайды мен ештеңе дедім. Палестинецке қарадым да столицей будет Иерусалим дедім. Ол жымиып күлді. орысша білмесе де түсінген сияқты. Олар кетіп қалды. Мамамдар бөлмеге кіріп не істейміз енді деп сөйлесе бастады. Мен кухняға бардым неге барғанымды білмеймін. Барсам кухняда бір шөлмек тұр. Оливковое масло Зәтүн майы деп жазылып тұр екен. Ұстап қарап тұрдым да есіме Саяра апай түсіп кетті. Саяра апай өзбек намаз оқитын апай болатын үйіне барып тұратынмын. Кішкентай бөпесі бар сол бөпесіне массаж жасағанда зәйтүн майын жағады. Неге зәйтүн майын жағасыз десем? Зәйтүн майы теріге өте пайдалы бірақ байқау керек аллергия болса болмайды дейтін. Құранда Зәйтүн туралы айтылған. Иә білемін Тин сүресінде. Ағузу билляхи мин аш Шайтанир раджим Бисмилляхир Рахманир Рахим. Уәт тини уәз Зәйтун уә ту рисинин уә хәзәл бәләдиль әмин ләқад хаққал иңсәнә фи әхсәни тақуим. Ұмытпасам осылай деп айтылған болу керек. Хмм деп ойланып тұрдым да мұны шашқа жақса қалай болар екен деген ой келді басыма. Зәйтүн майын шашыма құйып алдым басымды уқалап уқалап шашымды түйіп бөлмеге кіріп келсем мамам маған қарап Ойбай андағың не дейді? Май. қандай май? оливковый. оның не? жәй әшейін маска для волос. Ойбай ойбай мынау жынданыпты. Мам да успокойтесь вы біз қазір қаладамыз. Алматы қаласындамыз бұл әшейін маска для волос қазір шашымды шампуньмен жуып тастаймын бәрі дұрыс болады. Ойбай ойбай енді ауылға қалай қайтамыз мына қызды ел жұрт көрсе не дейміз енді ойбай ойбай. Мама да успокойтесь вы бұл қала мұнда ванная бар міне көрдіңіз бе есікті ашып ванная комнатаны көрсеттім онда душ бар ыстық су ағып тұр қазір душқа түсемін шашымды жуамын бәрі дұрыс болады десем ойбай ойбай деп қоймайды. мама қойсаңызшы сіз өмір бақи ауылда тұрғанмен қалада оқып оқу бітірген адамсыз ғой не болды сонша десем. Енді не істейміз а деп жылап жатыр. Папам әпкеме қарап әй бар қамшы алып келші осы қызды өазір өзім ақ емдеп алам дейді. Әпкем үйден шығып бара жатыр. Ужас неткен адамсыңдар дедім де ваннаға кіріп кеттім. Асықпай жуынып шайынып шашымды шампуньмен жуып шықсам әпкем келіпті қолына камшысын ұстап папам тұр. Қамшымен осып осып жіберді. Ай деп айқай салдым қойыңдаршы. Тағы да осып осып жіберді қоясың ба? Қоям. Болды ма? Болды. Қамшы лақтырып жіберді де ух деп кроватқа отыра кетті жүрегім ай деп жүрегін ұстады. Мамам отағасы қойыңыз су әкел су дейді әпкем жүгіріп барып су әкелді. Мамам маған қарап әй сен бізді өлтіретін болдың ғой. Біз осында неше ай сен үшін сабылып жүргенімізді білесің бе? Далада күз басталған. шөп шабылмай қалды енді малдың бәрі қырылатын болды. Егінді де жинап үлгермейміз енді қардың астында қалатын болды. Біз бар дүние мүлкімізді тәрк етіп сен үшін жан ұшырып жүрміз осында өлтіремісің бізді? мен үндемедім. Бір уақытта папам болды жетер қайтамыз ауылға. Әпкем папама қарап папа арабтар тағы бір ай деп айта бергені сол еді қолын сілтеп Кет де құрсын бәрі жетеді қайтамыз вокзалға барып билет ал деп айқай салды. Мамама қарап Жинал деді. Оқуыммен келісіп бір жыл академиялық демалыс алып ауылға кетіп қалдық.
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
12-03-20 20:00
Сонымен жалдап жатқан пәтерге шейх Али мен шейх Ризқ келіп маған Құран оқып деп салды. диванда көзімді жұмып жатырмын. Бір сағат оқыды өзіңді қалай сезініп тұрсың? деп сұрайды жақсы деймін екі сағат оқыды. Қалай? жақсы деймін. Үш сағат оқыды. Қалай? жақсы. Бір уақытта бір нәрсе көріп тұрсың ба деп сұрайды. Көз алдымда бейнеролик сияқты бірнәрсе көрінгендей болды. Иә деймін. Бір қала. Рим қаласы екен деймін. Бір ғимараттың алдын да екі ер адам тұр біреуі Европалық ер адам екіншісі араб. Саудиялық ақ киімде. Басында қара домалағы бар. Екеуі де кулімсіреп тұр. Европалық кісі официальный киімде костюм шалбар галстук таққан. ұзын бойлы ақ шашты алпысты алқымдап қалған адам. Қолында кілті бар үлкен сары кілт Рим қаласының кілті екен деймін. Кілтті арабтың мұсылманның қолына беріп жатыр. Екеуі де қуанышты сияқты күліп тұр. Араб қара нәсілді ме ақ па? ақ толықша келген орташа бойлы отыздардағы әдемі жігіт тістері аппақ. шейх Ризқ шейх Алиге арабша аударып жатыр екеуі маған таң қалып қарайды. Тағы не көріп тұрсың? Болды басқа ештеңе көріп тұрған жоқпын. Күнде келіп Құран оқиды тып тыныш тыңдап жатамын. Күнде сұрайды не көріп тұрсың? Ештеңе. Бір ай өтті. Арабтар әке шешеме тағы бір ай оқу керек жалдаған пәтердің ақысын төлейміз тағы бір ай Алматыда тұра тұрыңыздар дейді әке шешем ойбай күз болды егін қардың астында қалатын болды қайтуымыз керек. Жоқ жоқ тоқтай тұрыңыздаршы тағы бір ай оқу керек дейді не де болса көрейік енді деп тағы бір айға қалдық тағы оқиды не көрдің. Ештеңе. Бір күні ұйықтай алмай қойдым өз өзімнен қысылып түннің бір уағында сықырлатып жүрмін пәтердің ішінде. Әй жатсай енді ұйықта десе жата алмаймын. Карта керек маған карта деймін. Қайдағы карта. Жер Планетасының картасы. Бәрі оянып светті жақты не дейт мынау мынаған не болды. Карта керек маған карта. Оны не істейсің сызамын. нені? Әпкем география ма бір кітап тауып алды ашып мына кітапта карта бар екен дейді. Қалам беріңдер. Қолыма қалам берді. бір территорияны сыздым. Күн шапаңы сияқты сызықтар сыза бастадым. Біл не? Жаңа мемлекет. Қаайдағы мемлекет? жер бетіндегі. Мынау не дейт ойбай? Әпкем сызған жерге қарап есің дұрыс па ол жерде бір емес төрт мемлекет бар. Израиль Палестина Иордания Сирия. Бірігуі керек. Бірігіп бір үлкен мемлекет құруы керек, Есің дұрыс па ей арабтар мен еврейлер бір бірімен қас өш олардың басы ешқашан бірікпейді. Бірігу керек. Мәә мынау жынданып кетіпті. Жоқ жынды емеспін. Онда неге нереальный болмайтын нәрсе айтасың? Сендер әзір түсінбейсіңдер. Ойбай не істейміз а? Диванға барып жаттым. Қой ұйықтайық. Ертесіне арабтар келді. Мамам шейх Ризққа кешегі кітаптағы сызықты көрсетіп Она сошла с ума. Сумасшедшая нарисовала вот это ночью деп көрсетіп жатыр. шейх Ризқ сызықтарға қарады да Что это деп менен сұрайды. Территория. Какая территория? Нового Государства. И как называется это Государство? не знаю только не Израиль а то подумают что это еврейское Государтво. Там должны жить Все и Евреи и Мусульмане и Христиане. Надо объединиться. Объедеиниться? Да. Только тогда в этом регионе воцарится Мир. А это что? Лучи солнца. Нет Это дороги. Какие дороги? Торговые какие же еще. Торговые дороги на другие Государства. Видите видите она сумасшедшая. шейх Ризқтың көздері бақырайып кеткен. Мамама қарап нет она не сумасшедшая дейді. Не сумасшедшая? нет. Көп нәрсе есімде болмаса да біраз нәрсе осылай болғаны есімде. Бірақ сол кезде сол сәтте неге олай істедің неге олай айттың деп біреу сұраса жауап бере алмаймын. Білмеймін. Неге екенін өзім де білмеймін.
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
11-03-20 19:09
Адамның басына жаман ойлар бірінші келеді ғой шынымды айтайын неге бұлар мені жібермейді деп ашуланғанда неше түрлі жаман ойлар да келді басыма бірақ қазір ойланып отырсам орыстың қыздары қазақтың қыздарынан бөлек қой өмірді ерте жасынан көп көреді бұл сондай аурухана ол жерге әр түрлі адамдар әр түрлі тағдырлармен түседі. Орыстың қыздары маған қарап е бұл байғұс ауылда өсіп ештеңе көрмеген екен ғой осында жатып біраз Өмір көрсін деді ме екен деп ойлаймын. Бір күні ауруханаға бір жас сұлу ұйғыр қыз келіп түсті. Мен қатарлы ма менен де кіші ме білмеймін. Зомби. Тірі өлік. Домалақ үлкен көздерінде тұман. мең зең мәңгіріп қалған. Орыс медбике санитаркалрдың барлығы әлгі қызды тік тұрып қарсы алып асты үстіне түсіп өбектеп жылы жылы сөздерін айтып шашынан сипап еңкейіп аяқ киімін шешіп алақандарына салып аялап жүр. Мен таң қалып қараймын мыналарға не болған деп қайран қалам. Сол күні ме басқа күні ме бір шал қап қара күнге күйген қара қайыстай дей ме қамыстай деуші ме еді беті мыж мыж әжім басқан екі үш ақсиған ақсиған кәрі тістері бар көзі сықси бойы кішкентай, әлгі қыздың еріндерінен сүйе ме тістей ме білмеймін әлгі бейшара қыздың еріндері жара жара ұшық. ішімнен фууу деймін анаған қарап тұрып. Санитаркадан кто это? деп сұраймын таң қалып. Муж. дейді. Муж? Көздерім шарасынан шығып кете жаздады. Ужас. Как это? Ее семья задолжала этому старику огромную сумму денег не смогли вернуть и выдали ее замуж за него. Она уйгурка а он Китаец. Китаец? да. Сол кезде түсіндім Қытайлардың қандай халық екенін.
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
11-03-20 17:50
Уважаемые Боги и Богини всех Больниц обращаюсь к вам с официальным заявлением будьте добры соизвольте иногда спускаться на землю чтобы своими глазами посмотреть как там существуют Рабы Божьи и Божие Твари. К вашему сведению ваши медсестры и санитары тоже из разных слоев населения и никто кроме Аллаха не знает какие тараканы у них в голове. Лучшее один раз Увидеть нежели сто раз Услышать или Прочитать не так ли?
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
11-03-20 17:27
Негізі Алла Тағала сынақтарды сүйген құлдарына береді екен
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
10-03-20 18:25
Мен де оқыған көзі ашық мұсылманмын. Ислам дінінде Ғылымның алар орны ерекше. Біздің Пайғамбарымыз Мұхаммед сас мұсылмандарды әрдайым білім алуға оқуға шақырған үйткені көзі ашық адам шындық пен өтірікті шынайы мен жалғанды жақсы мен жаманды тез айырады. Мұсылмандар Ғылымға қарсы емес керсінше өте қатты қолдайды. Бірақ ғылымның да ғылымы бар адалы мен өтірігі бар. Дінді ғана емес Ғылымды да кейбір мемлекеттер кейбір адамдар кейбір ғалымдар өз мүддесіне қолданады. Бұл шындық бірақ дәлелдеуге қиын шындық өйткені ол жерлерде миллиардтаған ақша жатыр және кейбір билік иелерінің мүддесі жатыр. Өте жоғары лауазымды күшті иманды біреу болмаса көлденең атты кез келген адамның қолынан мұны дәлелдеу келмейді. Мұсылмандар вакцинаға қарсы қараңғылығынан оқымаған соқырлығынан діни көзқарастарынан деп жүр кейбір Оқымыстылар. Зерттеп көріңіздер бұрынғы жылдардың есебімен салыстырып көріңіздер біз қазір Жиырма бірінші ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Ғылым біздің мәселелерімізді шешуі керек болса Аурулардың саны азайып сапасы көтерілуі керек. Ал бізде солай ма? Керсінше бұрын болып көрмеген аурулардың неше түрлі жаңа түрлері пайда болып саны артып сапасы төмендеп бара жатыр бұл қалай? Ғылым бізге көмектесіп жатыр ма әлде астыртын құртып жатыр ма? Неге біз шет елдіктер шет елдік мамандар не айтса соған сеніп қабылдай беруіміз керек ? Біз өзіміздегі фактілер мен статистикаға сүйенуіміз керек қой. Соған байланысты шаралар қолдануымыз керек емес пе? Қытайдан келетін тауарлардың сапасының өте өте нашар болатынын білеміз ендеше неге олардан сатып аламыз? Біз үшін ең әуелі не маңызды баға маңызды ма әлде адамдардың денсаулығы маңызды ма?
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
10-03-20 17:44
Күндер өтіп жатыр. Күнде дәрі береді екі мезгіл укол салады таң ертең кешке. Мен ішімнен бұл не қылған бітпейтін дәрі не қылған бітпейтін укол деп ойлаймын. Палатадан ешкімді шығармайды. Әке шешем келгенде асханаға болмаса кереуеттің үстінде не отырамыз не жатамыз. Жүретін де жер жоқ. Бір күн шыдауға болады екі күн шыдауға болады қаншама күн өтті шыдамның да шегі болады екен. Ауылда емін еркін өскен адамға тар қапаста отыру қиын болады екен. Дәрігерлерді атымен көрмейміз. Санитаркалар кезек кезек ауысып бақылап отырады. Бір күні шыдамым таусылып сөйлей бастадым. Я конечно же не медик но мы в Университете проходили курс по медицине, в школе я хорошо училась по биологии и ботанике у меня были одни пятерки. Если я вижу какие нибудь интересные статьи по медицине я обязательно читаю чтобы быть в курсе последних достижении медицины. и мне кажется здесь вы не правильно лечите людей. Это все таки больница и вы должны помочь человеку а не наоборот. Мне иногда кажется что вы здесь не лечите а наоборот калечите человека. Такое ощущение как будто вы хотите ломать человека морально. Вот например я немножко расстроилась из за того что хотела развестись и все. Ничего такого страшного в моей жизни не было. но потом я поняла что все это сущие пустяки по сравнению с другими проблемами. у меня скажем так была слегка душевные расстройства. У меня болела душа. Лекарствами можно вылечить только тело человека а душа это отдельная другая материя. Как можно вылечить душу человека лекарствами? Она же невидимая не материальная. Любовь понимание сострадание милосердие и душевные беседы мне кажется только так можно вылечить душу человека. Разве не так? Скажи это врачам дейді санитарка. Ну так скажите им чтобы они меня вызвали к себе вы же не выпускаете нас отсюда. Передайте им мои слова деймін. Үндемейді. Нельзя человека держать взаперти столько времени так можно с ума сойти. так можно здорового человека искалечить. у меня уже кончается терпения. мне кажется что я скоро сойду с ума. ваши методы лечения не правильные. Нужно изменить методы лечения. надо как то по другому. деймін. Скажи врачам дей береді. Дәрігерлерді көрмейміз қалай айтуға болады. Бір күні пойдем тебя хочет осмотреть врач с Москвы дейді. с Москвы? да пойдем пойдем деп бір кабинетке алып барды. бір отыздан асқан жас дәрігер ер адам. Оны қоршап уш төрт студенттер тұр. Маған қарап на что жалуемся дейді. Ну мне без конца делают уколы какие та на попу. уменя там уже кровоточить живого места не осталось. мне больно сесть не могу дедім. Өткенде маған сұрақ қойған студент қызға қарап Какие уколы? деп сұрайды. Витамины дейт. Витамины? деп мен одан қайталап сұрадым. Вы столько времени кололи витамины? Зачем? что что с витаминами у меня все в порядке. Я питаюсь хорошо мои родители каждый день приходят ко мне фрукты мясо молочные продукты я хорошо кушаю. да и гемоглобин в норме. зачем мне витамины деп таң қалдым. Сколько можно колоть? мне больно дедім. Так уколы отменить, иодовую сетьку. Что еще? Я хочу домой у меня уже иссякают терпения я больше не могу здесь оставаться отпустите меня домой я хочу домой десем ну это не так сразу решается дейді. ну и когда же это решиться Господи сколько еще вам надо меня тут держать? десем ну все все иди иди в палату деп шығарып жіберді. Құдай ау бұларға өзі не керек неге мені сонша ұстай береді? Қызық көре ма соншама ұзақ уақыт ұстайтындай мен не істедім сонша? Мамам мен папам келіп қызым сен көп сөйлейді екенсің ғой үндемесейші дейді. мам мен айтыппын сонша? Ішім пысты. Сөйлемегеннен басқа не істеуге болады? Бұл жерде бәрі болмайды соншама уақыт түк істемей үндемей бір жерде отырып қалай өмір сүруге болады? бұл мүмкін емес қой? бір ай бітіп екінші ай басталды қазақ медсестра мен дәрігердің жаны ашып мені шығарып жіберейін десе де орыстар жабысып алып жібермейді. Әке шешем олармен олай да сөйлеседі былай да сөйлеседі бар жағдайын айтып түсіндірсе де түсінбейді. Әке шешем оларға біз ауылдық жерде тұрамыз шаруашылығымыз бар. шөп шабу керек егін ору керек әйтпесе малымыз қырылып қалады күз келе жатыр егінді ормасақ қардың астында қалады. Біз мұнда уй жалдап тұрып жатырмыз ақшамыз таусыла бастады бір айдан асты ғой жіберіңдер енді десе жоқ деп көнбейді. Қыздарыңды қалдырып кете беріңдер дейді. Олар жоқ біз кетпейміз соншама жерден сабылып келгенде біз оны алып кету ушін келгенбіз қалдырмаймыз жетер енді жіберіңдер десе жібермейді. Неге өйтетінін түсінбейміз. Мен жылаймын мама папа мені бұл жерде қалдырмаңдаршы бұдан әріге шыдай алмаймын қалдырсаңдар шынымен ақ жынданатын шығармын. Әйтеуір бір күні не деп көндіргендерін білмеймін шығаратын болды. Тура шығаратын күні система салды. Шыққан соң жалдамалы пәтерге баратын болдық мамам араб шейхтары саған Құран оқып дем салады бір ай тағы осында боламыз дейді. Үйге жеттік пе жетпедік пе есімде жоқ өзімді нашар сезіне бастадым бір түрлы аяқ қолым ұйып бір жақ қолым мен аяғым қарысып қалды паралич сияқты қасарысып қалды. Әке шешем тағы шошып кетті саған не болды саған не болды деп сұрайды? Білмеймін жаңа шығарда система салған соның әсері болу керек дедім. Пәтерге келгенде оған телефон соғып көмек сұраған болу керек қайын інім мен медакадемияны бітірген бір жас мұсылман жігіт келді. менің жағдайым одан сайын нашарлап бара жатыр. Тілім күрмеліп аузым қасарыса бастады. Әке шешем не істейміз енді дәрісін берейік пе? Жедел жәрдем шақырып қайтадан апарып тастайық па дейді? жоқ жоқ деп басымды шайқаймын. Ана жігіт дәрілердің рецептісі мен дәрілерін маған беріңізші көрейін деді. Мамам система салыпты шығарда соның әсері ме екен деп те ойлаймыз деді. Қарап оқып оқып тұрды жоқ ешқандай дәрі бермей ақ қойыңыздар дәрілердің әсері болу керек. бір аптадай шыдасаңыздар дәрінің уыты қайтады өз өзіне келеді ин ша Алла. тек шыдасаңыздар болды деді. Жатып тамағын ішіп шәй ішіп дем алсын шыдаңыздар деді. Өз аяғыммен жүріп тұрып өз қолыммен тамақ іше алмай қалдым. Мамама сүйеніп дәретханаға әзер барып әзер келемін. Мамам мен әпкем қолымен қасықтап кезек кезек сорпа шәй ішкізеді. Әпкем күндіз жұмысқа кетеді. Бірдеңе сұраса тілім күрмеліп аузым қасарысып сөйлей алмаймын. Сөздерім түсініксіз. Кәдімгі инвалид болдым да қалдым. Ішімнен нық сенімдімін бұл дәрінің әсері кетеді кетуі керек мен бұған шыдаймын тек әке шешем әпкем шыдаса болды. Бірінші екінші күні олар ештеңе білдірген жоқ мені сүйрелеп апарып алып келіп тамақтандырып жүрді үшінші күні сәл шаршай бастады. Төртінші күн дегенде мен сәл жақсырақ сөйлей бастадым. Әзер әзер сөйлеп Сабырлық қылыңыздаршы мен жақсы болып келе жатырмын дедім. алтыншы жетінші күн дегенде жақсы сөйлеп өз аяғыммен тұрып жүре бастадым. Аллаға сансыз шүкір. Алла сабырлылармен бірге. Бұл жерде бір айта кететін жайт жындыханаларда дәрілер мемлекеттің есебінен тегін беріледі. Психикалық ауруға ұшыраған адамдар тек қана мемлекет тарапынан мемлекеттің қаржысына емделеді. Дәрі дәрмек бизнесі де өте өте үлкен бизнес. Ол жерде миллион ғана емес миллиардтаған ақша айналымы болады. ол ақшалардың барлығы мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Заң бойынша мұндай аурулар тегін көмек алуы керек. Бірақ орыстарда мақал бар Бесплатный сыр только в мышеловке! деген. Ол ауруханаға түсуді ешкімнің басына бермесін! Ал түскен адамдардың ол жерден құтылып шығуы әркімнің басына бұйыра бермейтін бақыт.
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
10-03-20 01:04
Аурулардың бәрі маған қызығап қарайды. Жатқаныма бір аптадай уақыт өтті. Ешкімге ешкім келген жоқ тек маған ғана күнде мамам мен папам келеді. Бір күні барлық төсектерді ауыстыра бастады бәріне таза төсек берді. Санитаркалар ешкімге ұрыспайтын болды. Ауруларға біртіндеп келе бастады ко мне тетя пришла тетя пришла деп біреуі қуанып жүр. Екінші күні біреуі ко мне соседка пришла десе тағы біреуі ко мне брат пришел деп қуанып жүр. Меня завтра выписывают выписывают деп біреуі айқайлап жүр қуанышында шек жоқ. Мама мені қашан шығарады енді десем бұл жердің заңы бойынша мұнда түскен адамды бір ай ұстайды екен дейді. Неге? Әбден тексереміз дейді. Басынан травма алған жоқ па деп сұрап жатыр. Есіңе түсірші ойнап жүргенде құлап басыңды соғып алған кезің болған жоқ па? Жоқ. Аурухананың іші құмырсқаның илеуі сияқты болып кетті. Біреулерді шығарып жатса біреулері келіп жатыр. Бір күні бір жас қара шашты орысша сөйлейтін қазақ келіншек келіп я ваш врач. Поговорила с вашими родителями хотела посмотрет на вас как ваши дела? все хорошо просто домой хочу отпустите меня домой дедім. Завтра будет собрание деді ма бірдеңе болады деді сосын шешеміз дейді. Ертесіне ортада бір еврей ма орыс па үлкен кісі дәрігер отыр айнала ақ халат киген студенттер медакадемияның студенттері. Ортаға отырғызып қойып сұраққа алды. Что случилось? Я хочу развестись с мужем. Почему? Я не люблю его. А зачем разводиться? завела бы в сторонке какого нибудь любовника да и живи со своим мужем дейді бір орыс қыз. Так нельзя. Почему? Это грех. Большой грех. Орыс қыз үндей алмайды қалды. Бер жақта отырған қазақ жігіт А зачем ты тогда вышла замуж? деп сұрады. Түріне қарасам саусақтары сап сары екен А зачем вы тогда курите деп өзіне сұрақ қойдым. От куда ты узнала что я курю? у вас зубы все желтые и руки желтые из за никотина дедім. Я задал вопрос первым. Ну и что я задала вопрос второй. Если вы ответите зачем вы курите я отвечу вам почему я вышла замуж дедім. Почему вы курите вы же врач будущий? Минздрав предупреждает курение вредно для здоровья! дедім. Сол кездері Медиктердің арасында халықтың арасында қызу дебат жүріп жатқан бұрын дәрігерлер Гиппократ Антын Клятва Гиппократа деп аталатын ант беретін оқуды аяқтар алдында. Сонда болу керек ең басты қағида дәрігер үшін Не навреди! Емдей алмасаң емдеме зияныңды тигізбе. Емдеген кезде бай кедей деп бөлмей бәрін құтқар деген де жолдар бар ау деймін. Кейбір Медиктер осы антты бермейміз ант беру рәсімін оқу бағдарламасынан алып тастау керек деп шуылдап жүрген. Осы жастар осы сұрақтарды қойып отырған жастар болашақ Қазақстанның дәрігерлері еді. Олар діни ұғымдардан тым алыс еді. Гиппократ анты имандылыққа жақын нәрсе еді ал бұлар содан бас тартамыз ант бермейміз деп жүрген келешек мамандар еді.
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
09-03-20 23:45
Байлауда қанша жатқанымды білмеймін. Аурулардың бәрі үрпиіп үрпиіп қалған. Көздерінде қорқыныш. үрей. Развяжите меня деп айқайласам да босатпайды. Түні бойы жаттым ба білмеймін, таң атты аурулардың біреуі тебе надо успокоиться как только успокоишься тебя развяжут дейді. Аурулардың біреуі қуанып жүгіріп келді к ней пришли к ней пришли дейді. Мамам мен папам келді олар келмегенде әлі қанша жататынымды білмеймін. Мені босатты. Қолым ісіп кеткен. Мамам мен папам ары қарай дәрігерлерге кіріп кетті. Бір уақытта мамам астына түсті де асханаға кіріп сөйлесе бастадық папаң ана жақта дәрігерлермен сөйлесіп жатыр деді. Сен не істедің? Не істегеніңді білемісің? Мен аң таң мамама қарап тұрмын. Сен өзіңнің болашағыңа балта шапқаның мен қоймай ағаң мен әпкеңнің карьерасына балта шаптың ғой? Қалайша? Олар енді мемлекеттік қызметке ораналаса алмайды. КНБ бәрін тексереді отбасында біреу түрмеге түскен немесе осындай жерде жатқанын анықтаса мемлекеттік қызметке алмайды. Мен басымды ұстап мама мама қайдағы карьера мне так плохо сейчас ужасно плохо. Қолыңа не болған? Мені түні бойы байлап қойды қолым ісіп кетті. Сол кезде папам келді. Ойбай мынаны түні бойы байлап қойыпты. Папам қолдарымды көріп вы за что ее так привязали деп санитаркаларға ұрысты. Она отказывается пить лекарства. Ну хорошо вы что не видите что с ее руками? Как можно привязывать человека всю ночь? Я сейчас буду жаловаться Врачу деп үстіге көтеріліп кетті. Мамам маған қарап қызым іш деген дәрісін іш сен ғылымға сенесің ғой? Иә. Папам астына түсіп санитаркаларға қарап Врач сказала чтобы вы больше не привязывали ее. Екеуі мені құшақтап басымнан сипап ешкіммен ұрыспа төбелеспе ақылды бол дәрісін іш біз ертең келеміз жарай ма деп кетіп қалды. Мен барып төсегіме жаттым да жылай бастадым неткен қорлық. Құдайым ай мұндайды көргенше өлгенім артық еді ғой. неге ғана өліп қалмадым екен. Өмір сүргім келмейді. Өмір сүргім келмейді. Аурулардың біреуі қасыма келіп не плачь здесь нельзя плакать дейді. Как не плакать вы что не видите что мне плохо? Как можно не плакать когда тебе так плохо? Құлағыма сыбырлап дозу увеличат дейді. какую дозу? дозу лекарства. Да что это за место такое а? Кеш болды. К тебе пришли дейді кім десем абысыным кеп тұр самса пісіріп әкепті жеп алдым. Жеп алдым, Таң атты. аурухананың тамағын тағы да жемедім. Бір уақытта мамам мен папам келді. Мамам қызым сен тамақ ішпейді екенсің ғой? Санитаркалар айтады тамақ ішпесе аузына шлянга тығып зорлап тамақтандырамыз деп жатыр. Не? Бұнда жатқаныңа үш күн болды нәр татпапсың олай болмайды қызым. Мам тамағы ужас. Жегім келмейді. Тамақ деп бергендерін итке тастаса ит те жемейді. Бұл жердің тамағын іше алмаймын. Айтыңызшы она кушает только домашнюю еду деп. Она оказывается кушала самсу кушала к ней приходили деп мамам санитаркаларға түсіндіріп жатыр. Бұл қандай сұмдық жер. мам неткен қорлық? өлгім келеді мұндай қорлықты көргенше өлген артық қой. Қой қайдағына айтпа. Олай деме. Сабырлық қыл. Сен мұсылман емессің бе? Мұсылмандарға өзін өзі өлтіруге болмайды. Ауыр күнә. Бәрі артта қалады. Бәрі жақсы болады. Міне қарашы мен саған қуырдақ пісіріп әкелдім қойдың етінен. Жей қойшы жеші. Папам басын шайқап құлыным ай құлыным ай қайтейін енді дәрігерлермен сөйлестім әлі біраз жатады дейді. Не? ЖОҚ. Мам Пап Қалдырмаңдаршы мені бұл жерде. Матрастары түйіншек түйіншек арқама батады, ұйықтай алмаймын. Тамақтары ужас жей алмаймын. Мамам кемсеңдеп ботам ай ботам ай қайдан ғана бұл жерге тап болдың жылай бастады. Папам оған мамасы қой енді қазір қызың да жылайды деп ұрсып тастады. Мамам бірден қоя қойды. кішкене шыда енді. Әпкең пәтер іздеп жатыр әкең үшеуміз бір айға жалдап тұрамыз. Біз саған күнде осылай тамақ істеп әкеп тұрамыз сен шыққанша осында боламыз. Біз сені тастамаймыз қорықпа құлыным жарай ма? Бұл жерден тезірек шығуды ғана ойла ештеңені уайымдама бәрі жақсы болады. Жақсы. Түнде әр нәрсені ойлап дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Санитаркалар бәрін бақылап отырады екен. Біреуі екіншісне ну что не спит? деп сұрайды. не спит. Может позвонить к врачу? Бір уақытта дәрі мен су алып келіп пей дейді. Что за лекарство? Поможет заснуть дейді. Ішіп алдым да ұйықтап кеттім. Түс көріп жатырмын. Түсімде аурухананың іші қара көлеңке ешкім жоқ ештеңе де жоқ палата бос тұр терезелерден күндізгі жарық түсіп тұр. Далада күн жарық ал палатада кереуеттер де жоқ ешкім жоқ тым тырыс тып тыныш. Төбенің ортасында арқанға асылып мен тұрмын. Асылып өліппін. өлі денем салбырап тұр. Терезенің ар жағында далада мамам терезеге үңіліп қарап қолын маңдайына қойып олай бір былай бір қарап жүр мені іздеп жүр. Атымды атап қызым қызым қызым қайдасың деп ана терезеге бір барады мына терезеден бір қарайды ішке үңіліп қарап мені іздеп жүр. Мені осында жалғыз өзімді қамап кетіпті. мен қатты уайымдап тұрмын қазір мамам менің арқанға асылып тұрған өлі денемді көрсе қатты қайғырып қайғыдан жүрегі жарылып өліп қалатын болды ау деп қайғырып жатырмын. Анашым өлмеші. Мен сізді қатты жақсы көрем. мама мама МАМА деп айқайлап жылап атып тұрдым. Палатаның іші жап жарық. Сағат неше болғанын білмеймін далада күн жап жарық. Құлыным қызым мен осындамын деп кереуетіме отырып жатыр. Сіз осындасыз ба? Иә кірген бетім осы жаңа ғана келдім деп мені құшақтап жатыр. Мен оны қатты құшақтап алып мама мен сізді қатты жақсы көремін қатты жақсы көрем деп жылап жатырмын егіліп. Ботам ботам ботақаным қайтейін енді қайдан ғана мұндай күйге душар болғанымызды білмеймін. ешкімнің ала жібін аттамаған сияқты едік бұл неден болды екен Алла ай Алла ай не жаздық деп еңкілдеп бір бірімізді құшақтап жылап жатырмыз. Мама мен өлмеймін мен өмір сүрем. Өмір сүремін. Әрине әрине қызым сен әлі жассың бар өмірің әлі алда. Өмір сүруге тиістісің деп көз жасымды сүртіп маңдайымнан сүйіп сабамызға келдік. Жүре ғой тамағыңды іш. Мама бұл жерде маған намаз оқуға рухсат етпейді намаз оқығым келеді. Намаз оқысам өзімді жақсы сезінемін. Қызым біз сол сендерге уағыз айтқан шейх Ризқи мен шейх Алиден сұрадық мұндай жерде намаз оқымай ақ қоюға болады дейді. Жоқ жаттаған сүрелерімді ұмытып қалатын болдым ғой енді. Іштей зікір салсын дейді. Осы жерден шыққан соң олар саған Құранмен дем салмақшы мүмкін жын кіріп кеткен шығар дейді.
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
08-03-20 22:04
Срнымен не істеймін енді оқуды жалғастырайын ба тастайын ба деп ойланып жүргенде сабақ басталып уақыт өтіп кетті көктем келді әке шешем кураторым оқуды тастама десе абысыным мен қайын інім таста деп қоймайды сен енді күйеуге шықтың күйеуіңнің тілін алу керексің дейді. Ал мен болсам оқығым келеді диплом алғым келеді жақсы жерде жұмыс істегім келеді. Алматыда тұрғым келеді. Басқа жаққа барғым келмейді. Алматы маған қатты ұнайды. Бұл жерде мен ең алғаш Махаббаттың дәмін татып бақытты сезінген едім өзімді. Алматының адамдары да сондай түсінігі мол биязы көркем. Осы қалада тұрып жұмыс істеп шет елдерге шығып талай белестерді бағындырғым келеді. Ойланып ойланып келгенде ол үшін ең алдымен Диплом алу керек яғни бір мамандық иесі болу керек деген шешімге келдім. Сөйтіп Университетке барып мұғалімдермен сөйлесіп сабақты неге жіберіп қойғанымды түсіндіріп сессия тапсыра бастадым рефераттар жазып беріп апайлардың барлығы түсіністікпен қарап зачеткамдағы жақсы бағаларды көріп барлығы баға қойып берді тек үшінші курстың екінші жартысынан педагогика пәні қосылған. Бір ағай беретін. \"Еркек\" \" Педагог Қазақ\" сол кісі ғана баға қоймай қойды телефонын беріп хабарлас деді телефон шалсам пара бер мынша ақша әкел әйтпесе қоймаймын дейді. Ағай сабағыңыздың көбіне қатыспасам да кітаптан оқып экзамен тапсырамын менің анам мұғалім педагогикадан хабарым бар деп жалынсам да пара бермейтін болсаң қоймаймын дейді. Телефонды тастай салдым да жыладым. Бітті енді оқудан шығарады оқудан да шығып қалдым деп қатты уайымдай бастадым. Енді не істеймін? Ауылға қайтқым келмейді ұялам қатты ұялам әсіресе сыныптастарымнан. Бәрі маған күлетін сияқты сол керек саған бізді менсінбей кетіп едің жеткен жетістігің осы екен ғой деп табалайтын сияқты. Абысыным енді не істейсің деп сұрайды ойланып ойланып Ажырасамын дедім. Жоқ олай деме олай істеме өкінесің Алла Тағала ажырасқандарды жақсы көрмейді Құдайдың әміріне қарсы шығасың ба енді қайтіп ешкім саған үйленбейді тағдырыңды мойында мойынсұн күйеуіңе бар дейді. Барғым келмейді. Барғым келмейді. Абысыныма бір екі аптада Қытайдан әпкем келеді ол келген соң екеуміз пәтер жалдап шығып кетерміз мен бұл үйден кетем тек әпкем келгенше осы үйде тұрып күте тұруға рұхсат етіңіздерші дедім. Олар мені аяп жақсы деді. Сөйтіп әпкем де келді ол келе сала жұмыс іздеді Болшақ бағдарламасымен кетсе де жұмыс табу оңай болмады бір жерден бір фирмаға аудармашы болып орналасып таныс қыздармен пәтер жалдады да мен сонда бардым. Пәтерде үш төрт қыз мені ортаға алып орамалыңды шеш намазыңды таста мұсылманбыз деп жүргендердің өзі пәленше туленше керегі жоқ бізбен тұрғың келсе таста бәрін таста дейді. Мен орамалымды да шешкім келмейді намазымды да тастағым келмейді, не істерімді білмей күйзеле бастадым. Айналып қайын інім мен абысынымның үйіне бардым орамалымды шешкім келмейді намазымды тастағым келмейді деп жыладым олар аяп үйіне кіргізді. Бөлмеде отырып не істеймін енді не істеймін бұл үйде де қалуға болмайды қайда барам қайтіп өмір сүрем ойлай берем ойлай берем шешімін таппаймын. Түн болды түннің бір уағы болды бір кезде өзімнен өзім біресе күліп біресе жылай бастадым. Абысыным мен қайын інім түріме қарап жоқ болмайды дәрігер шақыруымыз керек деп дәрігер шақырды. Киін жүр жүр ауруханаға барамыз дейді. Үндемей киіндім де жүре бердім.Таксимен ба жедел жәрдеммен ба бір жерге бардық. Үшеуміз жерге қарап үндемей отырмыз. Кезекші дәрігер алпысты алқымдаған орыс әйел екен үшеумізге кезек кезек қарап Ну и кто же из вас больная? дейді. Аналар үндемейді. Мен басымды бұрып қарадым да Я дедім. В чем проблема? Что случилось? Мне плохо очень плохо дедім. Понятно деді де алдындағы бір қағаздарды толтырып маған аппақ бос парақты ұсынып поставь подпись дейді қаламды алдым да қол қоя салдым. Мені алып кетті. Орамалымды сырт киімімді шешіп алды да бір палатаға кіргізіп кроваттың қасына әкеп орыс санитарка Ложись дейді. Төсекке қарасам кір кір тамған қан лас . Мелшиіп тұрып қалдым. Ложись кому говорят деп айқайлап жатыр. Не буду дедім. Я сейчас покажу а ну ложись давай деп итеріп құлатты. Да вы что не видите постель грязная деп айқай салдым. Смените постель. Щась побегу. Спи давай. Смените постель дайте чистые наволочки простыню. Да ты знаешь где ты? в больнице. Ложись спи давай а то щась привяжу к кровати и будешь спать. Шаршап тұрғам амалсыз жаттым да ұйықтап кеттім. Дабырлаған дауыстардан оянып кеттім. Көзімді ашсам таң атыпты түнде ұйықтап жатқан әйелдер тұрып жатыр жан жағыма қарап шошып кеттім. Фильм ужас дейді ғой қорқынышты кинолар көріп пе едіңіздер? Тура сондағыдай шаштары ағарып кеткен тістері ақсиған арық тұрық қиқайған сиқайған неше түрлі қорқынышты әйелдер орындарынан тұрып қыбырлап жыбырлап жүр. Бұл не өзі? Мен қайдамын? Мына түрлері қорқынышты әйелдер кімдер? Неге бұлар мұндай сонашама бейшара күйге түскен? Бұл не өзі тозақ па? Жоқ мен әлі тірімін. Жұмақ пен тозақты өлгеннен кейін ғана көреді. Мен әлі жердің бетіндемін. Ендеше бұл не? бұл қай жер? Где я? Что это за место? деп сұрасам.Психбольница дейді. Шынымды айтайын шалғайдағы ауылда өскен қызбын ғой мұндай ауруханалардың болатынын білмеппін. Жуыныңдар таңғы ас ішіңдер айқайлап жатыр. Жуынатын жерге барып беті қолымды сумен шайып асханасына кірдік. Тәбетім жоқ сидиған бір арық әйел қолын созып жемесең кашаңды маған берші дейді бере салдым. Мең зең күйде қайда келгенімді әлі түсінбей отырмын. Бір уақытта к тебе пришли дейді. Әпкетайым әпкешім келіп тұр жұмыстан бір екі сағатқа сұранып келдім мамам мен папама звондап айттым сенің мұнда түсіп қалғаныңды. Тек уайымдама ақылды болшы есіңді жишы бәрі жақсы болады. Олар кеше поезға отырды ертең келеді бұйырса. Сәл шыда. Не керек не әкеп берейін? тіс пастасы мен тіс жуатын щетка әкеп берші дедім. Жақсы деп кетіп қалды да сұрағандарымнан бөлек сабын тарақ орамал тағы бір екі зат әкеп берді. Жақсылап сабынмен беті қолымды жуып тісімді тазалап алдым. Шашымды тарап жинап өзімді ретке келтіріп бола бергенім сол еді сені бас дәрігер шақырып жатыр деп бір кабинетке алып барды. Алпыстан асқан орыс әйел отыр. Атың кім? Жасың нешеде? Не болды? Не жағдай деп сұрады. Мен осылай тұрмысқа шыққандығымды күйеуімді сүймейтінімді ұққандығымды. ажырасқым келетіндігін айттым. Бар уайымың сол ма? Сол. Одан басқа қайғың жоқ па? Жоқ. Отбасың толық отбасы ма? Иә. Әке шешең бәрі тірі ме? Иә. Арақ ішіп темекі тарта ма? Жоқ. Балалық шағыңда өткен өміріңде бір қиындықтар келеңсіздіктер болып па еді? Жоқ. Керсінше осы уақытқа дейін өзімді ең бақытты адаммын деп есептеп келген едім. Енді не өзгерді? Енді қалай өмір сүретінімді не істейтінімді білмеймін. Мені оқудан шығаратын шығар. Шығарып жіберсе не істейтінімді білмеймін. Бар проблемаң сол ма? Иә. Бара бер. Орнымнан тұрдым да сізден бір нәрсе сұрасам бола ма? Сұра. Төсекті ауыстырса бола ма өте лас кір екен. Жақсы қазір санитаркаларға айтамын. Палатаға келдім. Бір уақытта жынданып ашуланып бұрқан тарқан бір орыс әйел қолында жуылған төсек бар кіріп келіп где ее кровать да тут оказывается у нас принцесса объявилась постель ей подавай чистую деп жұлқынып төсекті ауыстырып жатыр. А что тут такого? здесь больница или что вообще? Как можно содержать людей в таких условиях? Да у нас в ауле даже животных не держат в таких условиях. да здесь Психбольница Психушка ты что не понимаешь? нет не понимаю. Я вижу здесь людей. Здесь люди. А условия ужасные просто ужасные. Санитаркалар да аурулар да аузын ашып аңтарылып қарап қалыпты. Менің сөздеріме таң қалып қалған сияқты. Қолын сілтеп кетіп қалды. Түскі ас болды көңіл күйім нашар әке шешем келіп мені тезірек алып кетсе екен мына қарғыс атқан жерден. Қандай сұмдық қорқынышты жер деп ойлап отырмын нәр татқан жоқпын. сүтке су араластырып макарон салып пісірген бірдеңке тамақ сияғы жоқ бір ауру әйел қолын созып еді бере салдым. Арық арық ілмиіп қалған бейшара біреулер. Пейте лекарства деп айқайлады. Бәрі сапқа тұрып дәрі іше бастады. Мен ары қарай палатаға кете берейін деп бара жатсам а ты куда а ну иди сюда пей лекарства деп орыс әйел қолымнан тартып жатыр. Қолымды жұлып алдым какие лекарства? что за лекарства? а зачем я должна их пить? У меня ничего не болит. а ну давай кому говорят пей лекарства деп жұлқылап әкетіп бара жатыр. да вы что с ума сошли уберите руки деп итеріп жібердім. Ауылда қара жұмыс істеп шелекпен су тасып үйренген қызбын ғой салмағым 48 килограмм болса да жасы отыздардағы бойы мендей бірақ денелі орыс әйелге дес бермей тұрмын. Ол одан сайын ашуланып маған төніп келе жатыр да ты сука да я шась тебе покажу деп мені ұстаймын дегенше мен оның жағасына жармасып екеуміз төбелесіп кеттік. жап жас кішкентай қызға әлі келмегеніне ызалы сияқты. аурулардың бәрі ауыздары ашылып аңтарылып қарап тұр. Екеуміз жұлқысып жатырмыз бір уақытта маған әлі келмейтінін түсінді ме Люда Катя деп айқайлап көмек шақырды аурулардың біреуі жүгіріп кетті. Жүгіріп екі орыс әйел келді олар мынаған қарағанда ірілеу екен үшеуі жабылып біреуі қолымды қайырып екіншісі аузымды ашып зорлап дәріні жұтқызып кереуетке әкеп байлап тастады. Мен де ызаланып жатырмын. Буйная деп қояды. Бұл қалай? Бұл қалай болғаны сонда? Кеше ғана Университетте Қазақстанның тарихын оқыған кезде Алжир Карлаг Гулаг туралы оқыған кезде баяғыда отызыншы жылдары солай болған деп оқығанбыз. Ол бір баяғы өткен заманда тарих қойнауына кеткен нәрсе сияқты көрінген сөйтсем олай емес пе? сол нәрсенің жұрнағы әлі бар ма? Біз ана жақта жатақханада Тәуелсіздікті тойлап малақайымызды аспанға атып жүрсек оның біәрі бос нәрсе болғаны ма? Бостандық алдық бодаудан құтылдық деп айтуға әлі ерте ме сонда? Сол кезде сол жерде сол ауруханада мен Тәуелсіздік үшін күрестің таңы әлі алда екенін түсіндім. Менің күйеуімді сүймеймін не жұмыс істеймін деп жүрген уайымымның шемішке екнін ұқтым. Өмірде одан да маңызды одан да күрделі проблемалардың барын ұқтым. Біз жастар ана жақта Тәуелсіздік алдық деп тойлап мәз болып жүрсек қағаз жүзінде болмаса іс жүзінде Тәуелсіздіктің таңы әлі алыста екен. Ол үшін әлі талай күресу керек екен. Кеңестік кезде туған адамдар ашаршылықты соғысты таршылықты көрген адамдар әлі тірі және олардың көзқарастары менталитеті мінез құлықтары өз заманында қалыптасқан әдеттері бәрі бәрі сол қалпында еш өзгермеген кейбір өзге ұлттар мысалы украин белорусь еврейлер мойындаса да көптеген орыстардың мойындамақ түгілі түгі де жығылмаған. Олар сол қалпы өздерін жоғары санайды артық көреді бәлкім іштей бұл уақытша ғана нәрсе әлі ақ күшімізге енеміз деп сенетін шығар. Қазақстан әрі қарай да Тәуелсіздігін сақтай алмайды бәрібір қайтарып аламыз бір күні деп іштей үміттенетін сияқты. Сол кезде барлық мемлекеттерде жағдай ауыр Ресей өзнің ішкі проблемаларымен алысып жатқан. Шешенстанда қырғын соғыс жүріп жатыр. Алла жарылқаса деген сол ғой. Біраз мәселелерді Қазақстан өз пайдасына оңтайлы шешіп жатты. Егер сол кезде Ресейде ішкі проблемалары болмағанда олардың бар назары Қазақстанда болушы еді бар қаржысын Қазақстанды уысынан шығармауға жұмсаушы еді. Ал Қазақстанда әлі сол Кеңестік кездегі ғимараттар сол кездегі менталитет әдет ғұрып тәртіп көзқарастар бәрі сол қалпында еш өзгермеген сол қалпында екенін ұқтым. Кеңестік кезде құрылған жүйе Система сол қалпында тұрғанын түсіндім. Мұндай жылдар бойы қалыптасқан системаны Тәуелсіздік алдық деп бір күнде құлату мүмкін емес еді. Бұл жүйені өзгерту үшін әлі ондаған бәлкім жұздеген жылдар керек болар. Мұндай жүйені өзгерту үшін тек бір ақ жол бар Күресу керек. Аяқ қолым байлаулы жатыр. Бір ақ әйел болғанда күресіп жығушы едім бәрі жабылғанда күшім жетпей қалды. Иә білекті бірді жығады деген міне осы білімді мыңды жығады. Айқайлап төбелесіп ешкімді жеңе алмасым анық. Тек қана ақылмен білімнің күшімен жеңу керек. Ол үшін әуелі сабырға келіп ашуымды басу керек. Оқуымды бітіруім керек оқу керек.
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
07-03-20 19:40
Негізінде көптеген сұлу әдемі қыздар айнаға қарайды да өз көркіне тамсанады. Бет әлпеті әдемі сұлу болса пошымы (фигурасы) жақсы болса мен сұлумын деп ойлайды. Ол жәй ғана тән сұлулығы. Тәннің ішінде Жан болады. Сол жан сұлулығына аса мән бермейді. Сөйтіп өтірік айта салады екіжүзділік танытады ешкім көріп тұрған жоқ қой білмей қалады деп ойлайды. Қасында періштелердің жүргенін Алла Тағала бір Құдайдың бақылап тұрғанын білмейді немесе сенбейді. Әрбір өтіріктің сыры ашылатынын білмейді сөйтіп өз жан дүниелеріне зақым келтіреді. Шыншылдық шынайылық адамды ерекше сұлу ететінін білмейді. Мен сұлумын мені неге сүймейді ана қыздың түрі жаман неге оны жақсы көреді деп ойлайды. Шын мәнінде кімнің сұлу екенін тек Аллаһ Тағала білетінін және Махаббат ол Алланың сыйы екенін түсінбейді.
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
07-03-20 19:12
Негізі мұсылмандар көп жақсылық істеуге тырысуы керек бұл өмірде. Мұсылмандардың көбісі шынымен ақ тырысады қолынан келгенше. Көмек беру үшін ақы сұрамау керек. Бірақ неге екенін білмеймін адамдардың көпшілігі мұсылмандар ақысыз жұмыс істеуі керек деп ұғады. Олай емес. Мұсылмандар Періште емес тек қана періштелер Нұрдан жаратылған. Олар тамақ ішпейді жаурамайды пәтерақы төлемейді. Ал мұсылмандар кәдімгі адамдар олар аштан өлмеу үшін тамақ ішуі керек жаурамау үшін ыстықтамау үшін киінуі керек және далада қалмау үшін пәтерақы төлеуі керек. Мұсылмандар да байболуды армандайды. Бай болу күнә емес егер тапқан табысыңыз адал болса. бір екі ғана шарт бар адал еңбекпен адал жолмен баю керек. Байысаң байлығыңның бір бөлігін кедейлерге мұқтаж жандарға беруің керек.
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
07-03-20 18:59
Интересно осы жазып жатқандарымды повест немесе роман етіп жазып шықсам баспаханалар қабылдар ме екен? Қалай ойлайсыздар жазушылық қабілетім бар ма? жазушы болып кітап жазсам маған гонорар төлейді деп ойлайсыздар ма? Әй бірақ маған ешкім ештеңе төлемейтін шығар. Неге екенін білмеймін қайда барып қалай жұмыс істесем де үш ай ақы төлейді үш айдан кейін айлыңымды қысқарта бастайды. Жәй ғана кездейсоқтық па әлде шынымен қабілетім төмен бе білмеймін. Жұмыс істегенде өзімді өзгелермен салыстырып жүрем. Мен қалай жұмыс істеймін басқалар қалай жұмыс істейді бақылап жүремін. ойлап отырсам ешкімнен кем істемеген сияқтымын. бірақ сонда да үш айдан кейін айлығымды қысқарта бастайды. Мүмкін мен орысша айтқанда неудачница шығармын. Қалжың ғой!
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
07-03-20 08:12
Негізі анаммен мұндай мәселелер жайында сөйлеспеген едік. Бар айтатыны тыныш жүріңдер өз өздеріңе ие болыңдар қызмет қылған адамдармыз елден ұят болады сүйекке таңба салмаңдар он сегізге толғанша болмайды он сегізге толған соң рухсат тұрмысқа шыға беріңдер дипломы бар оқыған жақсы адам болса өздеріңе ұнаса болды аса талап қоймаймыз бақытты болсаңдар болды. бар айтқаны осы. Он сегізге толған соң табиғат өз дегенін істейді деп ойлаған болар. Каникул кезі. Алматыдағы қайын інімнің үйіндеміз. Жолдасым басқа қалада жұмыс істейді. Кетуі керек. Ол маған қарайды мен оған оқуымды бітіргім келеді диплом алуым керек деймін. Ол менің көңілімді қимай жақсы ініммен сөйлесейін осы үйде қал оқуыңды бітіре ғой дейді. Сонымен келісіп кетіп қалды. Ол кеткеннен кейін абысыным мен қайын інім оқуыңды таста оқуыңды таста күйеуіңе бар отбасын күйеуі асырауы керек әйел деген үйде отыру керек шәй қайнатып бала ойнатып дейді. Ал мен күйеуіме барғым келмейді. Күйеуімді сүймеймін деп айта алмаймын. Оқығым келеді диплом алып жұмыс істегім келеді деймін. Олар болса мұсылман әйелдерге жүмыс табу оңай емес жұмыс істей алмайсың барлық жерде пара беру керек онсыз жұмысқа алмайды ал сен мұсылмансың пара берушінің де алушының қолын қарғыс атсын деген қарғыс бар қарғысқа қалғың келе ме дейді? мен болсам білімді болсам өз мамандығымды жақсы білсем пара беріп әуре болмаймын жұмыс істеймін Алматыдан пәтер аламын Алматыда тұрғым келеді деймін. Жақсы оқуды бітірдің делік сонда сол мамандығыңмен қай жерде жұмыс істегің келеді деп сұрайды мен шет елдік компанияларда деймін. Кім болып істейсің? Секретарша болып бастаймын әрі қарай тәжірбие жинақтауыма байланысты көреміз деймін. Қайын інім мен сол шет елдік компанияда істеймін бастықтармен араласам көп қыздар секретарша болып істегісі келеді бәрі де әдемі ақылды бірақ олардың ішінде кім бастықпен төсектес болса соны ғана жұмысқа қабылдайды одан жалықса жұмыстан шығара салады. Ал сен мұсылмансың ғой сен ондайға бара алмайсың ғой? Мен сөзден тосылып үндемеймін не айтарымды білмеймін. Олардың айтып тұрғаны рас. Солай екен сөйтеді екен деп талай естігем. Ақылға кел күйеуіңе бар дейді. Барғым келмейді. Күндер өтіп жатыр. Олар қатты қыстамай ақ қояйық деп мені жайыма қалдырады бөлмеде жалғыз өзім ойларыммен қалам. басымда бір ғана сұрақ Не істеймін? Енді не істеймін? Әрі қарай қалай өмір сүрем?
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
06-03-20 13:38
Бойы қысқа ұялшақ жұмсақ мінезді жігітпен таныстым. Келіссең көп ойланудың қажеті жоқ ата анаңа хабар бер қысқы каникулды пайдаланып алып кетеміз дейді. мамама телефон шалып ал дайындалыңдар онша ештеңеге әуре болмаңдар дедім. Поезға отырып жүріп кеттік. Келсек туыстардың бәрі дүрлігіп жүгіріп жүр. Жайғасып жөн сұрасып болған соң бетің бар жүзің бар демей айтып тастайтын азулы татем бар болатын папамның әпкесі Әй қыз соншама Алматы Алматы деп кеткенде тапқаның осы ма? Осындай жігіт біздің жақта жоқ па еді? деп айқай салды. Түрінен жақтырмағаны көрініп тұр. Ол намаз оқиды. Бізідң жақтың жігіттері намаз оқымайды дедім. Өй дегеніңе болайын дегендей қолын бір сілтеп барсын кетсін жіберіңдер мына қызды деді. Әрі қарай ауылға кеттік. Үй іші лық толған адам. Жеңгелерім жігітіме қарап мырс мырс күлетін сияқты. Мамам оңаша бір бөлмеге шақырып алып Бәрі дұрыс па дейді. Дұрыс. Не ғой енді аяғың ауыр ма? Жоқ. Бетіме үңіліп қарайды. Түк те болған жоқ мама бізідң әлі некеміз қиылған жоқ неке қимай болмайды. Онда неге сонша бізді дүрліктірдің? Қалайша? Құдай ау бәрі дұрыс болса асықпай жазға таман жер кеңіп күн жылынғанда шықпайсың ба? Қазір қыс жолдыі бәрі жабық боран аяз. Азық түліктің бағасы қымбат. Бізідң де жағдаймызбен санаспайсың ба? Соны да білмеуші ма едің? Қайдан білейін бірінші рет шығайын деп тұрмын ғой тұрмысқа ондай нәрселерді ертерек айтпайсыз ба. Ешнәрсеге әуре болмаіыздар дедім ғой. Айналайын ау әуре болмағанда не қыламыз енді сені тығып жұрттан жасырып береміз бе? Онсыз да ең жаұынды шақырдық бәрін шақырсаң бұл үйге сыймайды. Өй сен де деп тұрғанда бөлмеге үлкен абысыны кіріп келді. Әңгімені доғара қойдық. Ойбуй елге не бетімді айтам әкелгендеріне қараңыз бір алтын жүзік шуба искусственная и бір банка варенье. Осылар неге варенье әкеледі екен бізді варенье жемей жүр деп ойлай ма? Бөлмеден шығып кеттім. Ертесіне қайтып кеттік. Алматыға келдік некеміз қиылды. Құрбымның айтқаны рас екен бәрі де мені қуана қабыл алды әсіресе енемнің маған көңілі ерекше қуанып жүр. Ауылға бардық беташар болды. Бәрі жақсы бәрі дұрыс бірақ... Жолдасым жақсы адам бірақ.. Бойы да ойы да түрі де мінезі де мен ғашық болған жігіттерге ұқсамайды. Жүріс тұрысы сөйлеген сөзі ұнамайды. Сөйлессек ойымыз бір жерден шықпайды екеуміз екі түрлі адамбыз. тым әр түрлі ортақ ештеңе жоқ арамызда. Пікіріміз еш сәйкес келмейді. Бір бөлмеде отырсақ та ол маған мен оған не айтуға болатынын білмейміз. Ислам дінінде мұсылман әйел күйеуіне күліп қарап қызмет қылуы керек. Күліп қарамақ түгілі қолымды ұстатқым келмейді. Денеме қолын тигізсе болды кірпідей жирылып аяқ қолым мұздап сала береді. Мұндай нәрсенің соншалық қиын болатынын білмеппін. Ақылым қанша басу айтса да жүрегім оны қаламайды. Өзегім өкінішке толып тұр бәрі де кеш. Кеш.
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
06-03-20 01:34
Қайран анашым мен оның сүйікті қызы болатынмын. Негізі аналар балаларының ішіндегі ең әлсізін жақсы көреді. Мен ауылға келгенде балқаймағын қайнатып қазы шұжығымен ет асып қояды. Бір жағынан анамның көңілін қалдырғым келмейді екінші жағынан ауылдың тамағын сағынып келем майлы еттен асап асап жеп аламын да бір апта ауырып жатып қалам, Құсып ішім өтіп әбден мазам кетеді, Жатақханада суға піскен макарон мен борщ қана жейміз. Ондай диетадан кейін ауылдың тамағын жеу оғай емес екен калориясы тым көп. Бірақ ауылдықтар үшін ол түк те емес. Таза ауада біраз жұмыс істесеңіз жеген тамақтың қайда кеткенін біілмей қаласыз. Үш ай жазда үйдің іші сыртын әктеп терезелерді ашып жуып тесіктен суық өтпеу үшін замаскілеп краскілеп мақтасын ауыстыру керек. Ол кезде терезелердің барлығы ағаштан жасалады. Кілем паластардың барлығын өзенге апарып жуып кептіріп көрпе жастық төсектердің барлығын күнге жайып кептіріп қағып сілкіп тазалап кету керек. Үйдің артында кішкене ғана огород бар огурцы помидор укроп жуа егеміз салат жасап жеу үшін, жеті сегіз ағаш бар, есіктің алдындағы құдықтан шелекпен су тасып суарамыз. Жеміс ағашынан шие ғана бар. Не өспейді не өлмейді жарытып жеміс те бермейді су жетіспегендіктен бе білмеймін. Сөйтіп жазғы каникулдың қалай өткенін білмей қаламыз. Жаз аяғында артынып тартынып ала дорба қара сумкаға тамағымызды салып оқуға кетеміз. Үшінші курс басталды. Жатақханада көп нәрсе өзгерген. Ағылшын тілінен сабақ беретін ағайымыз оқу бітіргендіктен жатақханада енді қайтіп тұрмайды яғни сабақ болмайды. маған намаз үйреткен орамал тағатын намаз оқитын екі үш қыз бар болатын. Соларға еріп анда санда ауыз ашарларға бір мұсылмандардың үйлеріне қонаққа паркке тауға шығып демалыс күндері көңілді жүруші едік бірінен кейін бірі тұрмысқа шығып кетті. біреуі Тараз Меркенің қызы болатын. Маған қыз жолдас болшы жолдың ақшасын өзім көтерем ауылға барып келейік маған құда түседі Ақтөбеге келін боламын деді. Жігіті Политехтің студенті Ақтөбенкі екен. Әрине дедім мен Таразда болып кқрген емеспін. Екеуміз автобуспен Меркеге кеттік, Табиғаты неткен керемет! Ол жақта майды күбіге піседі екен өте дәмді. Күркетауық өсіреді екен. Кітаптан суретін көргем. Өте дәмді болады екен. Құдалар тойды Алматыда жасайтын болып кетті. Біз Алматыға қайтпақшымыз. Автобуқа пересадка жасау керек екен. Бір жерде тұрсақ анау жақта Манас аэропорты Қырғызстанның астанасы Бішкек бізге жап жақын дейді. Рас па? Ой мен Бішкекті көрген емеспін. Қаласаң автобусқа отырып Бішкекке барайық сосын сол жақтан автобуқа отырып Алматыға қайтамыз дейді. Ой давай кеттік ақшамыз жете ме? жетеді. Бішкектің орталық көшесінде түстік те ЦУМ ға бардық түрік кафесінен шашлык жеп көшелерді біраз араладық та автобусқа отырып Алматыға кеттік. Ол жақта бәрі арзан екен. Сөйтіп жатақханада орамал тағатын қыздардан жалғыз мен қалдым. Сабақ басталды. Әпкем Қытайға ағам Мысырға болашақ программасымен оқуға кетті. Бөлмеде жалғыз өзім тұрып жаттым. Көрші бір екі қыз болмаса ешкіммен араласпаймын. Сабағыма барам келем кітап оқимын. намаз оқимын кітап оқимын бөлмеден шықпаймын. Өз өзімнен тұйықталып бұрын соңды жарқылдап күліп ойнап жайнап жүретін адам күрт өзгеріп кеттім. Бұрын намаз оқыған кезде жаным жай тауып өмірге риза болып жүруші едім енді намаз оқу бір ауыр жүк сияқты бола бастады. Мойныма тас байлап қойған сияқты және сол тас күннен күнге ауырлай берді. Мұсылман жігіттер уағыз айтқанда намаз оқитын қыздар намаз оқитын жігітке ғана тұрмысқа шыққаны дұрыс сонда отбасы мықты болады шаңырақ шайқалмайды бір бірін жақсы түсініп жамағат болады бала тәрбиесінде де көзқарастары бір жерден шығады дейтін. Сабаққа барам келем кітап оқимын. Сөйтіп қыс келді, күн суытты, Суық тиіп ауырып қалдым. Қатты қызулап жатырмын. Басымды көтере алатын емеспін. Орнымнан тұра алмаймын. Ыстық шәй ішкім келеді шөлдеп жатырмын. О Алла жалғыздық деген осы екен ғой. Қандай қорқынышты. Жоқ болмайды жүре беруге болмайды. Тезірек тұрмысқа шығу керек. Күйеуім болса балаларым болса үстімді қымтап жауып шәй беріп мұндай шарасыз күйде жатпайтын шығармын. Бар күшімді жинап тұрдым да намаз оқыдым Алладан күйеуге шығуымды нәсіп етші намаз оқитын ораза ұстайтын жақсы адам болсыншы деп сұрадым. Келесі күні вахтаға шақырып жатыр сені саған біреу телефон соқты деді. Астына түссем маған намаз үйреткен тұрмысқа шыққан қыз. Үйге келіп кетші әңгіме бар дейді. Жақсы дедім. Барсам ата енесімен тұрады екен. Үйде жалғыз өзі отыр екен. Хал жағдайды сұрасқаннан кейін маған қарап тұрып білесің бе намаз оқитын жігітке тұрмысқа шықсаң оны қанша жақсы көрсең де оның әке шешесі намаз оқымаса қиын болады екен. Намаз оқып орамал тағатын қыздарды келін қылып қабылдағысы келмейді екен. Намаз оқитын жігіттің анасы туыстары намаз оқыса өзіңе де жеңіл болады сондай бір жігіт бар анасы да туыстары намаз оқиды Шымкенттікі танысасың ба деді. Ойланып тұрдым да Иә деп жауап бердім. Ақылға салсам құрбымның айтқаны дұрыс сияқты.
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
04-03-20 00:03
Бір күні жатақханда ағылшын тілін беріп жүрген ағайымыз сабаққа бір американдықты ертіп келді де ағылшын тілі граммаикасынан біраз нәрсе үйреттім енді сол сөздерді пайдаланып сөйлеп үйреніңдер аты Кевин деп танстырды да өзі кетіп қалды. Группада бес алты студент бармыз. Біразы өзіміздің жатақханадан бір екі сырттан келген біреулер бар соның ішінде бір жігіт бізге қарағанда жақсырақ білетін көбірек сөз біледі акцентпен қате қате айтса да ағылшынша жақсырақ түсініп әжептәіур аудара алатын. Американдық жігіт хай май нейм из Кевин. деп өзін таныстырды. Түсінгенім жасы жиырма төртте АҚШ тың Аризона деді ма сондай бір штатынан екен . басқасы есімде жоқ қалғанын түсінбедім де. Бойы ұзын шашы сап сары көздері көкпен көк керемет сұлу жігіт. Әрқайсымыз аты жөнімізді айтып таныстық бір уақытта аяғын созып үстелдің үстіне аяғын қойды. Ноу ноу деп шу ете қалдық. Уай? деп күлді. бір бірімізге қарап есімізге түсіре бастадық аяқ деген қалай еді лег қою деген пут қойма деп айтсақ донт пут деу керек сөйтіп бәріміз құрастырып оған дон пут ие лег он зе тейбл дедік. Аяғыңды столдың үстіне қойма дедік. Бат уай? деп екі қолын созып күледі ит из клин деп табанын сипап қояды носкиі шымен аппақ, неге дейді да түсінбейді. Ин ауа традишн донт пут ё лег он зе тейбл деп қайталадым ноу ноу деп қолымды шайқадым. ОК оу райт айм сорри деп аяғын түсіріп дұрыстап отырды. Жәй сөйлеп жәй қимылдайтын. Сыпайы жұмсақ мінезді мәдениетті американдық екендігі көрініп тұр. Келесі сабаққа келсем біразы келмеген бір екі студент қана жиналыппыз. Кевин арамыздағы жақсы білетін жігітпен бірдеңе деп сөйлесіп тұр екен карта сияқты плакатта сары дала киіз үй артқан арба атқа мінген моңғолдар яғни көшпенділердің суреті салынған. сап сары даланың суреті бейнеленген суретті көрсетіп Кевин қарқ қарқ күледі. Ана баладан неге күледі деп сұрасам қазақтар боқ жағып соған тамақ істеп ішеді екен ғой күліп жатыр дейді, Е дедім тезек қи туралы айтып турғандарын түсіне қойдым, Әлгі жігітке қарап ағаш деген қалай ағылшы деп сұрасам три дейді Кевин дедім де суретті көрсетіп ноу три три ноу дедім, Уат? деп бетіме түсінбей қарады. не деп түсіндірерімді білмей жан жағыма қарасам каленьдар ілініп тұр екен. Календарда жасыл орманның суреті тұр бардым да ағаштың суретін көрсетіп зис из три дедім плакатты нұқып зис из степ ноу три ноу три дедім. Оу зериз ноу три иес зер из ноу три хие деп түсінді. мынау жапан дала ол жерде ағаш жоқ деп түсіндірген түрім ғой. Зей маст кук. әлгі балаға қарап ет деген қалай десем мит дейді, Зей маст кук мит дедім. Ет пісіру керек ағаш жоқ сондықтан қи тезек жаққан деп түсіндірдім, Зәтс уай деп қосып қойдым, Көшпенділер деген қалай еді деп сұрасам номад дейді, Уи уее номадз дедім, Қабағын керіп ойланып қалды, Бат ю хав і коул, зер из і коул ин е каунтри изнт ит? дейді не дейт десем әлгі жігіт көмір бар емес пе дейді сендердің елдеріңде көмір шықпай ма деп жатыр дейді, суретті нұқып зис из оулд тайм, зей диднт ноу дедім, бұл баяғы заманда ол кезде көмірді әлі ашпаған дегенге келтірдім, Уи чейнжед уи а нот номадз, дедім біз тұрмысымыз өзгеріп кеткен біз енді көшпенді емеспіз деп түсіндірген түрім, Маған қарап ойланып қалды басын изеп түсінгендей болды. Жауабыма риза болған сияқты. әйтеуір содан қайтіп қазақтар туралы бірдеңе айтып күлгенін көрген жоқпын, американдыққа ағылшынша бірдеңе айтып түсіндіре алғаныма өзме де риза болып қалдым, Ой осылай шүлдірлеп сөйлей берсе үйреніп кетуге болады екен ғой деп қуанып қалдым. Содан кейін Кевин біздің жатақханаға келіп сабақ беріп тұрды аптасына екі рет пе бір рет уақтылы келіп бір минутқа кешікпейтін бір сабағын да жіберген жоқ неткен тәртіп деп таң қаламыз. он сегізге жаңа толған кезім, жаспыз, жастықтың буымен маспыз, Бұл өмір сондай ғанибет болып көрінеді, Бәрі қызық. Кевин жарты жылдам астам уақыт сабақ берді, Бірде он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік алған күн, Кевин бір топ американдықтарды ертіп келіпті тәуелсіздік күнімен құттықтап келді, Біздің бөлмеге келді, Шәй ішіңіздер деп отырғызып сол баяғы сүт жоқ шәйдің тоты басып сатала сатала болып кеткен кеселерге қара шәй құйып бердім, фейри алатын ақша жоқ, Кевин кесеге қарап тұрды да жымиып күліп ішіп алды, мен одан сайын күлкім кеп кетті ұят ай тым болмаса пищевая сода алып тазалап қою керек еді ойбуй ұят ай деп қоям ішімнен, бір екі жоғары курстың қыздары болатын бөлмеде олар жақсы сөйлейді, Бір уақытта алдыма қарап қалсам Кевин маған тесіліп қарап отыр екен, Оған ұнайтынымды сездім мен де оған күлімсіреп қарадым, Американдық қыздар оған бір маған бір қарады да ооооу деп күліп жіберді, Бірдеңе деп қалжыңдасып жатыр, Иә шынымды айтсам ол да маған ұнайтын қатты ұнайтын, Бірақ,,, Бірақ ол Қазақстанға Христиан дінін жаюға келген миссионер болатын, Егемендікті алған алғашқы жылдары ондайлар көп болатын, Оған дін туралы ештеңе айтпа тек ағылшын тілін үйрет деген ол шынымен ақ дін туралы ештеіе айтқан емес Американдық әншілердің өлеңін айтып тек қана грамматика өтетінбіз, Жоғары курстың студенттері бәзге әрдайым біз қазақпыз мұсылмандармыз деп жатақханаға мұсылман уағызшылары да келіп тұратын өзіміз де құрбан айт тойлап ораза ұстап алғаш намаз үйреніп дін туралы да хабар алып оқып танысып ең алғаш өмірдің мәні не ұшін жаралдық кім үшін өмір сүру керек ойланып пікір таластырып диспут құрып ойымыз ашық айтып деканаттан рұхсат алып бір бөлмені мешіт жасап сонда жамағатпен намаз оқып Айттарды тойлап сабақ оқып сондай қызықты да мағыналы кештер ұйымдастырып жүрген кезіміз еді, Жоғары курс студенттері кейде жиналып бір бөлмеде саясат әлемдік саясат Қазақстанның болашағы басқа елдермен қарым қатынасы тарих және басқа тақырыптарды талқыға салатынбыз, Мен әлі небәрі екінші курс студентімін бірақ осы кештерге мені де шақыратын, сабақты жақсы оқыған соң шығар деп ойлаймын, Сонда кейбір жігіттер қызбаланып қазақтың қыздары тек қана қазаққа тұрмысқа шығуы керек біз аз санды халықпыз, тіл де дін де ана сұтімен беріледі, Қараңдаршы қаншама бірге оқыған достарыңнан қаншасы оқуға түсті? Біз Қазақстанның оқыған азаматтары елге жерге біз ие болмасақ кім ие болады? Мемлекетті ұстайтын біз Қазақстанның білімді азаматтары біз қазақ осы елге ие болмасақ елдің жайы не болмақ? Мұндай пікірсайыстардан қатты ойланып қайтатынбыз, Жүрегім мен ақылым шайқасып қалатын, Сол кездері ішімде қандай арыстандардың айқасқанын айтып жеткізе алмаймын бір Алла біледі, Тек намаз ғана жаныма жәй таптырып күш беретін Аллаға сыйынып тура жолға салуын сұрайтынмын. Кевин сабағын беріп кетеді мен болсам мұсылманшылықты толық мойындаймын деп басыма орамал тағып алдым, Ол мені христиандар бас қосатын жеріне шақырды бардым көрдім олардың қалай құлшылық қылатыны маған ұнамады, Кейін бұл жайында екеуміз оңаша сөйлестік ағылшын тілі ұстазымыз аудармашы болды, Мен оған бар шындықты айттым. Маған олардың қалай құлшылық қылатыны ұнамайтындығын маған тек Ислам діні ұнайтындығын және мен бұл дінді ақылмен қабылдағандығымды ақиқат діні екендігіне сенімді екендігімді және таңдау керек болса тек Ислам дінін таңдайтынымды айттым, Ол маған сен Тағдырға сенесің бе деп сұрады. Мұсылмандардың айтуы бойынша Қиямет күні адамның барлық өмірі көрсетіледі дегенге сенесің бе деп сұрады, Әрине деп жауап бердім, Сізде видео камера бар ма? Иә, Сол камераға туылған жас нәрестенің әрбәр сәтін барлық ғұмырын түсіріп отыруға болады, Егерде жай ғана адамзаттың баласының қолынан осындай қондырғы ойлап табу келген болса Күллі Әлемдерді Жаратқан жаратушының қолынан неге ондай болмашы нәрсе келмесін? Ол бәрін білуші біздің алдымызда не болғанын соңымызда не болатынын білуші, Барлық нәрсе оның хұзырында, Мен одан Ислам діні туралы не ойлайтындығын сұрадым ол өзінің Иса Құдайдың ұлы екендігіне нық сенетіндігін айтты. Сонымен сөйтіп жүрегіме сен қоя ғой енді дедім мен бұл жолы ақылымды тыңдаймын. Жаз келді сессия аяқталды, Кевин отанына Америкаға қайтатынын айтты. Маған бір ой келді оған бір сыйлық сыйлағым келді сувенир отанына барғанда Қазақстан туралы айтса екен мені де есіне алып тұрса екен деп ойладым, Әпкемнен ақша сұрап едім (сен ақшаға ие бола алмайсың деп бар степендиямды алып алатын ) ақша жоқ саған аулға қайтатын билет алып қойдым деді, Поездпен қатынайтынбыз, Кешке отыруым керек екен, Не істесем екен деп ойланып тұрғанда бөлмеде бір шүберектердің бар екендігі есіме түсіп кетті, полкаларды ақтарып бір сары бір ақ шүберектерді тауып алдым, ақ матаның үстіне сары матадан ою ойып ауылда сырмақ текеметтті көргем ғой тіктім де жан жағын кестеледім, Сөйтіп ағылшын тілі ұстазыма апарып бердім мынаны Кевинге бере салыңызшы дедім ол Аэропортқа Кевинді шығарып салуға бармақшы болатын, Сөйтіп өзім поезға отырып ауылыма кеттім, Анамды Әкемді қатты сағынған едім.
Ауыл қызы
Өмірдің өзі Университет
03-03-20 18:39
Жасымның нешеде екнін айтпай ақ қояйын, мен туған жылдары Кеңес Үкіметі деп аталатын мемлекет бар болатын. бала күнімізде мектепте пионер болып үлгердім. Қызыл лозунгтерге Май Мир Труд деп жазып алып парадқа шығатынбыз, Ауылымыз орталық Қазақстанның түкпіріндегі орташа бір ауыл болатын, Кілең қазақтар рулас ағайын көбісі бір бірімен жамағайын тек бірді екілі басқа ұлттардан армян қырғыз қазаққа тұрмысқа шыққан өзге ұлт деген аты болмаса қазақша сөйлеп қазақ боп кеткен адамдар болмаса бәрі қазақтар болатын. Десе де мектепте орыс тілін жақсы оқытатын, Орыс тілін білмесеңдер оқуға түсе алмайсыңдар оқымасаңдар қызмет істей алмайсыңдар ауылда тракторист болып қой бағып жүресіңдер дейді. Қойшының баласы деген қазіргі тілмен айтқанда отсталый артта қалған төменгі дәрежедегі бейшара деген мағына беретін. Ал менің әкем Алматыдан бітіріп келген ауылдағы бастықтардың бірі анам мұғалім мектепте істейді сабақ берген сайын оқыңдар оқыңдар әйтпесе орыстардан қалып қоямыз қазіргі заман білімділердің заманы білікті бірді жығады білімді мыңды жығады деп күнде қақсады, Білімді болу шынымды айтсам өзіме де ұнайтын кітап оқығанды керемет ұнататынмын, Кітаптар арқылы газет журнал телевизордан көретін санаулы бағдарламалар арқылы біздің өмір сүріп отырған ауылымыздан басқа басқа да әлемдердің барлығын басқа мемлекеттерде басқаша өмір сүретіндігін білетінмін, Ауылдан ұзап алысқа шықсам ғой басқа мемлекеттерге барып көрсем ғой деген арманым күшті болды, Сондықтан болар мектепте ғашық болып соңымнан жүгірген балалардың ешқайсысына қарамадым, Ауылдың қарапайым әдемі қызы болатынмын, тәкәппарлықпен бізді менсінбей кетті деп ойлаған шығар кейбіреулер жоқ олай емес бар болғаны менің армандарым басқа болатын, Мен бұл ауылдан да басқа жерлерді басқа өңірлерді басқа да өмірді көргім келетін бар болғаны сол ғана. Ол кезде Кеңестік Үкімет құлап еліміз егемендік алып жатқан кез, Елде береке жоқ жаңалықтарды тыңдасаң бір түзу жаңалық жоқ зауыттар жабылып жатыр халық не істерін білмейді жаппай жұмыссыздық, Бірақ кейбір адамдар керсінше кәсіпкер болып байып жатыр, Бұрын Кеңес Үкіметің аясы болмаса шет елдерге ешкім шыға алмайтын, Ол ыдырап тәуелсідік алысымен адамдар ағылып шет елдерге бара бастады, Соның ішінде Америкаға бару арманның асқақ шыңы болатын, Өйткені ол сол кездегі ең бай күшті мемлекет, Ал біздің мемлекетімізде жағдай қиын болатын, Айлық уақтылы берілмейді халықтың көбі аш киерге киімі жоқ, Дүкендерде сөрелердің бәрі бос. Базарларда адамдар не болса соны сатып тұр, Біздің жақтың қысы қатал. Суық аяз боран. Соның өзінде базарда бүрсең қағып адамдар тұрады, Көбісі бұрынғы мұғалімдер мен дәрігерлер. Мектеп пен ауруханада берілетін айлыққа бала шағамызды асырай алмаймыз деп базарға шыққан. Менің анам бұрын шашын бұйралап тырнағын бояп опа далап жығып иіс су себініп аяғына шпилька туфли киіп сәнденіп жүретін бәрін тастап басына орамал тағып аяғына резина етік киіп төрт сыйыр асырап алды. Мейлі Аллаға шүкір деп қояды ақшамыз болмаса да алдымызда асымыз бар бір жөні болар деп қояды. Әкем де құр отырмай егін еге бастады. Егін шықпай ақша жоқ. Ал мен мектепті бітіріп жатырмын арманым орындалуы үшін оқуға кетуім керек, Ол кезде ең жақсы оқу орны Алматыда. Астана өзгерсе де Алматыға жететін қала жоқ. Әкем жақын маңдағы қалаға түсе салсаң қайтеді дейді жоқ деп жылаймын Алматыға барам. Бетімнен қайтпайтынымды көріп анам жақсы жолыңа ақша тауып берейік бірақ бағың жанып грантқа түссең оқи ғой түсе алмасаң ренжіме сені оқытытын жағдайымыз жоқ өзің көріп тұрсың деді, Жақсы дедім. Оқуға түстім. Жатақханаға орналастым. Өмірімде алғаш рет ата анамнан жырақта. Жатақханада қайнаған өмір өңшең жастар. Балконға шықсаң тау көрінеді, Жасыл ағаш көмкерген Алматы, Бейне бір Жұмаққа түскендей керемет бақыттан жүрегім жарылардай. Сабағым жақсы тек мектепте неміс тілін оқыған едік аздап ағылшын тілін түсінбеймін, Бәрінен өтсем де ағылшын тілінен өтпейтін сияқтымын. Ал мен үшін бәрін беске тапсыру маңызды. Ауылым алыста. Степендияға ілікпесем аш қаламын, Анам құлағыма құйып жіберген жылына бір екі каникулға келгенде не бере алсақ соған рахмет айтыңдар степендияңды жеткіз ешқайда қыдырма ақша сұрама, жұмыс істеме сабағыңды дұрыс оқи алмайсың, басыңда дұрыс білім болмаса дипломнан пайда болмайды сондықтан көңіліңді тек сабаққа ғана бөл. Жатақханада жоғарғы курстың бір жігіті ағылшын тілінен сабақ береді керемет біледі күшті түсіндіреді деп естідім. Ұзын бойлы арықша келген дауысы қатты көңілді жігіт екен. Үнемі бір футболка бір шалбармен жүреді. Шымкенттен екен көп балалы отбасынан шыққан қарапайым түсінігі мол жігіт екен. Өте арзан бағаға сабақ беруге келісті степендиямнан төлейтін болып келісіп сабақтарына қатыса бастадым. Сабағымыз сондай көңілді өтеді қайдан табатынын білмеймін қиқар сөздерімен шымшып шымшып алады күлмейін десең де еріксіз күлдіреді. Өмірімде сондай оптимист көңілді білімді жігітті бірінші көрдім. Сабақтарына сағына асығып баратынбыз. Келе келе сабақтары ғана емес өзі де ұнай бастады. Сөйлеспесек те көргім кеп тұрады айқайлап сөйлеп жұртты ду күлдіріп жүреді дауысын естігім кеп тұрады. Сабағы тезірек болса екен деп асығып жүрем барған соң кеткіміз келмейді. Көрмесем сағынатын сияқтымын оны үнемі көргім кеп тұрады. Бірақ оның жүретін қызы бар екендігін естідім. Ол қыз да сол жатақханада тұратын. Содан бері сәл мұңайатынмын ол болса адамның қас қабағына қарайтын сөз тауып бірдеңе айтып адамды еріксіз күлдіріп жібереді. Бір күні студенттерге степендия бермей қойды кейін естідік бюджетте ақша жоқ береді әне береді міне береді дейді. жоқ. шыдамы таусылған көп студенттер елдеріне кетіп қалды ішерге асымыз жоқ. жатақхана кәдңмгңдей босап қалды. аз ғана студенттердің ішінде мен де бармын. менің ауылым тым алыс каникулға әлі ерте болатын, Бөлмеде жалғыз өзім отыр едім дабырлаған дауысты естідім. Иә соның дауысы сөйлеп қалжыңдап келе жатыр. Бөлменің есігін қақты. Кіріңіз дедім, есікті ашып кірді де менің жалғыз отырғанымды көріп кідіріп қалды. Жоғары шығыңыз шәй ішіңіз дедім. Ол столға барып жайғасып отырды да үнсіз қалды, Кедей студенттерміз қара шәй мен қанттан басқа дастарханға қояр ештеңе жоқ. ақырын шәй құйып беріп едім кесені алды да төмен қарап үнсіз отырып қалды. Үнсіздік қанша уақыт жалғасқанын білмеймін бір екі минуттың өзі бір ғасырдай көрініп кетті. Қалың ойға шомып кеткендей. маған бірдеңе айтқысы келетін сияқты бірақ не айтарын қалай айтарын неден бастарын білмей отырған сияқты. не айтқысы келетінін менің де білгім келеді. Үнсіздікті біреуміз бұзуымыз керек сияқты. не айту керек екенін мен де білмеймін. Ойыма қайдан келгенін білмеймін біруақытта бар күшімді жинап Сізді үйленеді деп естідім тым асығып кеткен жосыз ба дедім. Ол маған жалт қарады да төмен қарап бірдеңе бірдеңе деп сөйлеп кетті. не айтқаны есімде жоқ. құлақтарым шуылдап әлгі сөздерді қалай айтқанымды білмей ұялғаннан қызарып кеттім. Ол кеседегі шәйін сіміріп ішті де орнынан тұрып есікке бет алды есікті аша беріп маған тағы бұрылып тік қарады да Конфуцидің Парыз туралы мынадай трактаты бар деп Парыз туралы бірдеңе айтты. Сөйтіп есікті жауып кетіп қалды. Парыз? Қандай парыз? деп ойланған күйде мен қалдым. Келесі күні түсіндім оның жүретін қызы жүкті екен. Олар сол күні үйленуге кетіп бара жатты жатақханадағы жастар оларды құттықтап жатты мен болсам сылқ етіп кроватьқа отыра қалдым үмітімнің үзілген жері осы еді. тамағыма жас келді жылайын десем жылай алмадым. Хош бол дедім күбірлеп мен сені ұмытпаспын.
Динара
11-02-20 19:48
Менде бурын бир жигитти унатканмын, казыр постоянно ойлаймын, умыта алмадым, алгашкы махаббат деген киын екен
Адик
23-11-19 02:13
Мен мектепте сыныптас бір қызды ұнатқанмын, 12 жыл өтті, әлі сол қыз жүрегімде, умыта алмадым, шіркін уакытты кері айналдыра алсамгой
Актобе93
04-08-19 19:51
Маа айгерим алмасбекты али ойлап журсинба))))))))) коя салшиш болды, армиядаго ол
Макс
22-04-19 01:08
Алмасбекке жазган кыз, Айгерим сенба?
95
11-03-18 08:02
Коканов Алмасбек өтінемін мені кешірші, білемін сен мен айтқан сөзден кейін қатты қиналдың, кезінде саған айта алмадым, арада 8 жыл өтті, бірақ сонда да кешірші мені
Айнур
14-12-15 19:51
Алғашқы махаббат... Алғашқы махаббат ұмытылмайды екен. Осыдан 10 жыл бұрын мен бір жъгітті ұнатып қалдым. Ол кезде мен оқушы едім. Ол біздің мектепке жаңадан келген. Меннен бір сыныпқа жоғары оқыды. Мен оны іштей ұнатып жақсы көріп жүрдім... Оны көргенде жүрегім қатты соғып, не айтарымды білмей абдырап қалатынмын. Күні түні оны ойлаумен болатынмын. Айтуға батылым жетпитін. Ол басқа қызды ұнататын. Сөйтіп
уақыт өте берді... Колледжда оқып жүргенімде оған өз сезімімді айттым. Содан екеуміз жақын араласып, кездесіп тұратын болдық. Бұл менің өмірімдегі ең тәтті, ең керемет кезім болатын. Бірақ екеуміз қызбен жігіт болып жүрмедік. Ол менің оған деген сезімімді сыйлайтынын, өзінің кездесіп жүрген қызы бар екен үйленейін деп жүргенін айтты. Сол кезде мен үшін өмір жоқ, тоқтап қалғандай болды. Сенбедім. Мүмкін емес ойнап айтқан болар дедім. Жоқ... Бәріде дәл солай болды... Көп кешікпей ол үйленді. Әрине біз араласпай қалдық... Мен оқуымды бітірдім
Жұмыс істедім. Ол туралы ойламайтын болдым. Өзімді сүйетін жанды кездестіріп күйеуге шықтым. Ұлым бар. Екеуміздің баламыз бір бала бақшаға барады. Кей кездері кездесіп қаламыз. Сол кездегідей жүрегім соғып, абдырап қалам. Мүмкін мен сезімімді ертерек айтқанда бұлай болмаспа еді...
Айнур
14-12-15 19:09
Бәріңе сәлем
талгат тони
toni--777@mail.ru
07-03-15 04:45
мен оте уялшак бала болгам басында ,кейын өсе келе кыздарды сындыра бастадым,кейыннен сулу болганым ушін қыздар оздері сынып оздері нмек тастап соз сала бастады маган кейыннен кыздар мены бабник кылды бары бабник деп мены мазактай бастады мен кыздардан тжалыга бастадым жай ойын ушын немесе ртпелы куыршагым гыла бастадым .
уакыт оте келе бырден бырнеше кызбен журе бастадым даже жургымде келми калды бырак быр кыызды орныкты жаксы коре алмай калдым .бырден сулу 3-4 кызды унатып кайсысымен каларымды былми калдым ,кейыннен кыздырмен ваще намыстанып бабник дегены ушын жоламай журдым ал олар болса тагыда соз шыгарды сен неге кыздармен журмисын сен голубой емессынба деп.каызыр орныкты кыз ыздеп журмын ... www.toni.48e.ru whatsapps-87783930911
махабат
dj/sabit@mail.ru
03-03-15 16:15
мен санаториадо бир кызды унатып калдым кундер отти оны канша умытам десем де умыта алмадым онын есми аружан болатын казир омен в к де соилесин десем мени подпискге тыгып тастаиды бирак оны шын суем бирак ол екинши махабатым еди алгашкы махабатым ды да таптым онын аты арай болатын оны бир жыл коргим келди ал казир шынаиы махабатым аружан казир соны ган суем деп катты аикаилагым келеди
Белгісіз Жан
16-04-14 15:27
Бәрі бітті.Мен оның таныстарымен сөйлестім.Мен бекерге қиналып,оны суйіп,әлі күнге дейін соны ойлап жүріппін.Бәрі бекер екен.Оның 1 жылдай жүріп жүрген қызы бар екен.Оны естігенде жүрегім қарс айырылды.Онда ол менімен не үшін сөйлесті екен қызы бар болса да.Қазір оны жек көріп кеттім.Жүргеім тас болып қалды.Жігіттерге мүлдем енді сенбеймін.Сүйемін деген сылдыр сұйық сөздеріне сенбеймін.Соны ойлаған уақытым-ай десеңші!Мен үшін махаббат мүлде ЖОҚ.
Белгісіз Жан
31-03-14 16:41
Жаздың бір күнінде менің ішім пысып өзім интернет арқылы 1 мир ашып алдым.Оган өзімнің толық аты-жөнімді жазбадым.Фотоға интернеттен әдемі 1 қыздың суретін қойып қойдым.Басында өзіме ұнайтын баланың атын жазып поисктан іздеп көрдім.Оның атына ұқсайтын аттар көп шықты.Солардың ішінен 1 сүйкімді балаға дружба жібердім.Ол мени қабылдады.Мен ол кезде орыс тілін өте жақсы білмейтінмін.Ол бала маған көбіне орыс тілінде жазатын.Өзінің ұлты қазақ болсада орысша сөйлеп,орысша оқыған.Сонымен ол баламен күнде сөйлесіп жүретінмін.Күндердің күнінде оның достары маған дружба тастады.
-Салем сұлу қыз деп бір баланың атынан хат келіпті.Мен оның авасына қарап түрін онша ұната қоймадым.Ол маған күнде смс жазатын.Мен оған кейде қолым тигенде,ішім пысқанда жауап қайтаратынмын.Ол маған мақтаншақ,өзімшіл боп көрінген.Ал ондайлар маған мүлде ұнамайтын.Ол маған күнде смс жазуын тоқтатпады. 1 айдай сөйлесіп ол жоқ боп кетті.Бір күні агентте отырсам сол жаннан хат келіпті.Салем,қалайсың... -сонымен екеуміз 2 күндей тағы сөйлестік.Келесі күні ол менен номерімді сұрады.Мен ол кезде басқа қалада болатынмын.Ішім пысып отырғаннан сөйлессем сөйлесіп көрейінші деп номерімді бердім.Ол маған телефоныма қоңырау шалып, күнде сөйлесіп телефонмен сөйлесіп тұрдық.Мен ол баламен басқа қыз боп сөйлесіп жүре бердім. 1 күні кешке ол маған звандап ұйықтардың алдында өлең айтып берді.(Қайырлы түн,жаным!)Мен ол балаға бауыр баса бастадым.Ол маған ертесі күні звандағанда оған маған енді хабарласпауын өтіндім.Ол Неге,не үшін деп таң қалды.Мен оны алдап жүргенімді айта салғым-ақ келді.Бірақ мен оған мен тез бауыр басып қалам,сондықтан сөйлеспегеніміз абзал дедім.Ол маған сол кезде телефонмен өз сезімін білдіріп,жауабын менен сұрады.Мен оған келісімімді бердім.1 күн сөйлестік.2-ші күні ар-намысым шыдатпай оған бар шындықты жайып салдым.Яғни мен оны алдап жүргенімді және авадағы мен емес екенімді айттым.Ал ол болса шок күйде қалды.Ол маған сен сонда кімсін соны айтшы деді.Мен ұялғанымнан ештеме айта алмай жылап жібердім.Ол маған ертен жауабын күт.Ертен не сөйлесеміз,болмаса мүлдем хабарласпаймыз деді. Мен ертесі күні басқа қалаға кеттім.Ол маған звандаған мен жолда ұйықтап тел қарамаған күйде қалыптым.Кешке таныс емес номерлер звандап танысайық деп 1 жігіттер звандады.Олар еще менің шын атымды айтып танысайық деді.Мен туралы бәрін біледі.Менің ойыма мені тексеру үшін жігіттерге номерімді беріп қойған ғой деп аздап ашуланып оған звандадым.Ол екеуміз сөйлесіп мән жайды шешіп алдық та ары қарай сөйлесе бердік.Мен оған қатты бауыр басып,сүйіп қалдым.Ол маған күнде звандап тұрды....
Бір күні ол маған звандап өз суретімді жіберуін сұрады.10 шақты суретінді жіберші деді.Менің төбемнен жай түскендей болды.Мен оған кейін жіберейінші деп кунде 1 сылтаулар айтатынмын.Оған суретімді жібере алмағандықтан оған осымен бәрінің тоқтататынымзды айттым.Ол 3 минуттай үнсіз тұрып қалды.Менен неге?себебін айтшы деді. Ал мен болсам іштен жылап тұрып,оған шындықты айта алмадым.Тек қана енді сөйлеспей-ақ қояйық,дос боп қалайық дедім.Ал ол болса үнсіз күйде сәл тұрып, маған қыз емессің бе деді? Жүрегім тоқтап қалғандай болды.Мен не айтарымды білмей абдырап оған таза екенімді айтып ақталдым.Ол маған қош бол деді де телефонды қоя салды.Мен оған артынша смстер жазып ақталдым да бірақ одан не пайда?!Негізгі шындығым менің түрімде емес,менің толықтығымда болатын.Мен одан сұрағанымда оған жіңішке арық қыздар ұнайтын.Мен шындықты айта алмағаным үшін жыладым да,әбден қиналдым.Біреуді алдағанымнан соңында өзім зардап шектім.Мен кейіннен диетага отырып,арықтап та алдым.Бірақ одан не пайда?Ол мені мүлдем басқаша түсініп қалды.
Мен ол жанға қатты бауыр басып қалыппын.Оны әлі де болса сүйем.Агентине жазсам жауап қайтармайды.Мені удалить етіп тастаған.Вк-дан оны жақында тауып алдым .Тағы да жазып көрдім.Ол күнде кіреді,бірақ маған жауап жазбайды.
Ол өте жақсы жан болған мен үшін,Оған шын жүрегіммен бақыт тілеймін.

ELDAR EltN
kli4ka_bond@bk.ru
26-03-14 08:07
Кешігіп неге жолықтың??? Міне, бұл өлеңді тыңдап жүргеніме 1 жылдан аса уақыт болыпты... 2012 жылддың 20 жүлдызында мен сабақтан шаршап келгеннен кейін жатып қалдым. Біраз уақыт өткеннен кейін үйқыдан тұрсам, жүрегім айнығандай болып, біртұрлі болдым. Бірақ сонда да сабаққа бардым, ол кезде мен 11 сыныпты бітіргелі жүргенмін,тестке дайындалып. Сол күні сабақта ұзақ отыра алмай апайдан сұранып кеттім, ауырып тұрмын деп. Үйге жылап келдім. Мамам түрімді көріп шошып кетті, не болды деп. Сол кештен бастап ішім қатты ауыра бастады,Түнімен ауырып шықтым,ұйықтамай. Ертесіне азанда мені больницаға көрсетуге мамам алып келді онда маған аппендицит деген диагноз қойып,сол күні орталық ауруханаға жатқызылдым.

Түстен кейін,яғни түскі үзілістен кейін, врачтар жұмысқа келе бастады,ол кезде мен аурухананың қабылдау бөлімінде отырған болатынмын. Врачтар келгеннен кейін мені тексере бастады,бірінен соң бірі. Сол аурухананың хирургия бөлімінің г л.врачы тексеріп жатқанда ішке бір ағай кіріп келді,жасы 45-46жас шамасында екен бірақ ол тіптен жас көрінетін . Мен ана ағайдан көзімді ала алмай тұрып қалдым, тіпті ауруымды да ұмытып кеттім...Сөйтіп, ол ағайға бір көргеннен ғашық болып қалдым. Сол кұні маған 1 сағаттан кейін операция жасайтын болды, өзім ауырып жатсам да операцияға жаңағы ағай қатысса екен деп ойлап жаттым, маған алдын ала обезболивающий салып қойған еді. Сөйтіп мені 20 минут өткеннен кейін операция бөлмесіне алып келді, қарасам жаңағы ағай жүр екен оны көріп қуанып кеттім.

Содан ол ағай маған наркоз салатын болды. Қолымды ұстап бір нәрсе кигізді, сол кезде байқадым оның үйленгенін, оң қолынан неке жүзігін көргенде жүрегім сыздап қоя берді. Операциядан кейін ертесіне обход болатын болды мен болсам кешегі ағай келетін болды деп қуанып болып жатсам, ол ағай араларында болмай шықты. Сөйтсем ол ағай сол аурухананың реанимация бөлімінің меңгерушісі екен, оны кейіннен білдім. Кейіннен коридорда жүргенде ол ағайды көріп қалам ба деген оймен ешқайда кетпей азаннан кешке дейін сол жерде отыра беретінмін. Бір күні коридорда жүрсем жаңағы ағай кетіп бара жатыр. Оны көріп жүрегім дүрсілдеп кетті,ол ағай да мені көре салысымен атымды атап, "қалай жағдайың? жақсы болып қалдың ба?" деп сұрады. Ол ағай менің есімімді қайдан біледі деген ойда болдым(шын жақсы көрген адамың ең болмаса есіміңді білсе соның өзі бір ғанибет емеспе?) Одан кейін ол ағайды көрмесем тұра алмайтын халге жеттім. Бір күні оны көру үшін реанимацияға да бардым, бірақ әттең...ол жаққа кіргізген жоқ, тек медсестралар мен врачтар ғана жүреді екен. Сөйтіп ол ағайды ойлап жүргенімде әні-мәне дегенше 8 күн өте шықты. Қайран сол ауруханадағы күндерім-ай...
Қазір ол ағай маған тек елес болып қалды, оны күнде ойлаймын ойлай берем. Күнде түнде жатарда сол ағайды ойлап жылап алам. Ол ағайды сағынғаным соншалықты кейде машинаның астына түсіп реанимацияға түссем екен деп АЛЛАдан тілеймін, ең болмаса сол арманға айналған жанымның түрін бір көрсем деп армандаймын. Сол ағайды көргелі бері менің де өмірге деген көзқарасым өзгерді, болашақ мамандығымды реаниматолог-анестезиолог саласына ауыстырдым, кейін оқуды бітіргеннен кейін ең болмаса сол ағайдың жанында жүрсем екен деп...
Айдана Қызылорда
zhakayim-agabalasi@mail.ru
10-01-14 17:23
Еххх...махаббат-ай десеңші...
Махаббаттан аузым күйген.Дәл қазір ол жайлы ойлап,миға салмақ түсіргім келмейді.Бірақ,бір кездері махаббаттың тәтті ертегілерін мен де бастан өткергем.Тек сол ертегінің соңы сәтсіз аяқталғаны болмаса...
Анығын айтсам,біздің әкелеріміз дос болған.Достықтарының арқасында біз де бала күнде бірге ойнап өскен екенбіз.Сол достықтары мың жылдық құдалыққа ұласса деген әкелер арманы болса керек олар өзара \"бесік құда\" болып сөз байласқан екен.Кейін әкемнің \"болашақ құдалары\" мен \"болашақ күйеубалалары\" алыс жаққа қоныс аударып кетті.Ал,мен бала күнгі осы оқиғалардың бірінен де хабарым болмай бой жетіп,бой түзеп,студент атандым.Осылай бейқам жүрген жүрегімнің тыныштығын сол бір түнгі қоңырау бұзды.Анық есімде,тамыз айының 25і.Жаздың қоңырсалқын түндерінің бірі.Ұялы телефоныма белгісіз нөмірден тынымсыз қоңыраулар мен тоқтаусыз смс-хаттар келіп жатты.Бұл қоңыраулар мен смс-хаттардың иесі сол баяғы бала күнгі жігіт екен.Күтпеген жерден біздің таныстығымыз осылай басталып кетті...
Алайда,менің оған ең бірінші айтқан сөзім \"Ата-анамыз сөз байласты деп қиналма!Ол үшін сені кіналамаймын.Қазір заман басқа.Өз жүрек қалауын болса,менімен бекер уақыт өткізбе\" деген ем.Ол бәрін жоққа шығарды.Осылай күндер өте берді.Күн өте бауыр баса бастадым.Бұл жай алдамшы сезім деп өзімді жұбатып жүргенде ол мені көру үшін келіп кетті.Жай кетпеді.Мендегі шынайы сезімді оятып кетті.Және өзінің де менде ойы бар екенін айтып,сол сөзінің дәлелі ретінде алтын жүзік тағып кетті.Осылай бақытты күндерім де басталып кетті...
Біз бір-бірімізден алыста өмір сүріп жаттық.Ол әскери қызметте,ал,мен студент.Арамыздағы алыстықты сағынысқан шегі жоқ сезімдер жалғап тұрды.Тіпті,мен онсыз өмірімді елестете алмайтын халге жеттім.Әр кеште оның сағыныш пен сезімге толы сұлу сөздері мен смс-хаттарымен ғана көз іліндірсем,әр таңдарым да осылай атып жатты.Екеуміздің арамызда ешқандай сыр қалмады.Біздің мұндай керемет қарым-қатынасымыз ға ата-аналарымыз да шексіз риза.Тіпті,ол менің,мен оның үйіне қонақта болып ағайын,дос-жарандарымызбен де танысып та араласа бастадық.Әсіресе,мен оның үйіне алғаш барған кездерім...оның ата-анасының үлкен дастархан жайып үлкендерден бата алып бергені...үлкен қаланы армансаз аралап,алаңсыз қыдырған түндеріміз...бәрі-бәрі тәтті түстей өтіп жатты...Осылай 2жыл да өтіп кетіпті.Әрине,арасында ренжісіп қалатын да кездеріміз де болды.Бірақ,қайта тез татуласатынбыз.Сондай кезекті бір ренжіскенімізде ол 1апта хабарсыз кетті.Бұл кезде мен де дипломымды алып,оқуымды жалғастыру мақсатымен Астанаға,яғни,ол отбасымен қоныс аударған алып шахарға келген едім.Бірақ,Астанаға келерден бұрын күндегідей агентке кіргенімде оның жақын бір досы менің сүйген жігітімнің басқа қызы барын хабарлап сүйінші сұраған болатын.Әрине,бұл \"жаңалық\" маған оңай соқпады.Бірақ,сонда да болса менің сезімім естіген жаңалығына сенгісі келмеді.Алайда,бар шындық мен Астанаға барғанда ашылды.Менің сонда барғанымды естіген жігітім маған келді.Сондағы айтқаны мені ғана сүйеді екен.Тек менен сәби сүйіп бақытты жанұя болғысы келеді екен.Өмірінде менен өзге қызы жоқ,естігендерімнің бәрі өтірік екенін айтып ақталып,татуласқысы келетінін айтты.Қыздар құлағымен сүйетіні рас екен.Осылай екеуміз таласқа түсіп жатқанда ұялы телефонынан,анығырақ айтсам агентінен күдікті нәрсе көріп қалдым.Бірақ,анық қарап үлгермедім.Тек көріп үлгергенім 02.09.89ж қыз екені ғана.Ол қолымнан жұлып алып телефонды сындырып тастады.Ал,мен ішкі күдігіммен арпалыса бастадым.Осылай біздің дауымыз аяқсыз қалды.Өйткені ол мені машинаға сүйреп отырғызып үйіне апарды.Алдымыздан қуанып ата-анасы қарсы алды...
Ал,ертеңгі күні ұйқыдан козімді аша сала түндегі жағдай санамнан еш шықпай қойды.Шындыққа өз көзімді жеткізгім келіп дереу интернетке кіріп жалған атпен Аруна деп жеке парақша аштым да,түндегі көргенім бойынша сол қызға достық ұсындым.Ол қыз да тез қабылдады.Осылай таныстығымыз басталды.Яғни,мен ол қызға \"женгешка\" деп,жігітінің қарындасы екенімді,өзімен жақынырақ болғым келетінін,тағы көп нәрселер айтып жақсы сөйлестік.Сонда білгенім менің жігітім кешегі түнде болған арамыздағы \"разборканы\",менің жанымда болғанын,өздерінің кездесе алмаған себебін \"нарядта болдым\" деп түсіндірген екен.\"Ағам мен жеңгемнің\" арасында болып жатқан көп жағдайларға осылай анық көзімді жеткіздім.Әрине,қазір жазу оңай боп отыр.Ал,ол кездегі менің хәлімді ешкім көрмеді...(((((
Әрине,менің шын мәнінде кім екеніме көзі жеткен \"ағам мен жеңгем\" маған қатты ашуланды.Әсіресе,\"женгем\" аузына келгенін айтты.Ал,менде одан да маңызды жағдайлар болып жатқан болатын.Жыладым,бақырдым,айқайладым.Тамақ та ішпей жатып қалдым.Бірақ,өмірде одан да маңызды нәрселер бар екенін түсініп,тез ес жинадым.Мұнымен ол жігітті ұмыта салдым дей алмаймын,әрине.Бірақ,Алла алдында да,адам алдында мен ешқашан олардың арасына түсіп,орталарына от салып ойрандауды жасамадым да,ойламадым да.Бірақ,бір қызығы ол қыз керісінше маған тыныштық бермеді.Агентте де аузына келгенді айтып,лас смстер жазады.Ал,мен жауап қайтарсам жігітіне,яғни,менің бұрынғы жігітіме барып мені жамандайтын көрінеді.Тіпті,өзімнің бұрынғы жігітім де \"Сен неге арамызға түсе бересің?Бізді айырамыз деп ойлама\" деген сөздермен де талай жылатты.Менің өзінде де,сол бір ғашығында да еш шаруам жоқ екенін қаншама айтып та ақтала алмадым.Осылай бәріне қолды бір-ақ сілтедім.Арада 1жыл өтті.Тәтті ұйқының құшағында жатқан мен түнгі сағат 4те еш себепсіз шошып ояндым.Қолым ұялы телефоныма қарай жүгіре берді.Мені түнгі 4те қандай құдірет итергенін білмеймін агентке кірсем тағы да сүйінші сұраған көөөп хаттар.Тағы да сол баяғы өзім 1жыл бұрын жоғалтқан жігіттен келіп жатқан сүйінші хабар.Сүйінші сұрап жатқан сол баяғы екеумізге ортақ таныстар.Ол шанырақ құрып жатыр екен.Ертең свадьбасы дейді.Сол қызға екен.Сол сәт сол қыздың маған айтқан сөзі есіме түсті.\"Мен сені аяймын.Қандай әдемі жігіт,қызметі де жақсы.Сенің орныңда болсам басын айналдырып тиіп алар ем\" деген болатын.Ақыры дегеніне жеткен екен ғой деп үнсіз ғана бақыт тілеп қала бердім.Өйткені,осылай боларына мен әлдеқашан өзімді сендіріп қойған болатынмын.
Екеуміздің жолымыз екіге айырылғалы да 4жыл өтіп кетіпті...Естіп жатырмын некесі сәтсіз боп ажырасып кетіпті.Бірақ шыны керек ешқашан оған бақытсыздық тілемедім.Кездесіп,бетпе-бет отырып сөйлескім келеді.Оған себеп,бір кездері айтылмай қалған бір сырымды айтқым келеді.Бұл ақталу емес әрине...Сол оймен оған жақында агентте достық ұсынғам,қабылдады.Аздап сырластық.Бірақ,оның бұл қылығымды қалай түсініп қалғанын білмедім мені агентте \"игнорировать\" етіп тастапты.Өзінің ажырасқанын естіп,сол сәтті пайдаланып өзіне жақындағысы кеп жүр деп түсініп қалған болу керек.Бірақ,онымен бірінші ретте қоспаған тағдыр үшін мен екінші рет талпынғым келмейді.Мен тек оған айтылмай қалған жүрегімнің түкпіріне тығылған кішкене ғана сырымды ақтарғым келеді.Бары сол ғана...
Айжан
aizhan
01-09-13 12:22
Салем. мен ешким суйіп кормепти
Райымбек
rayymbek_kvn@mail.ru
28-08-13 23:10
Мен бір қызды бір көргеннен ұнаттым, Есімі Ажар. Бірақ соңғы күндері арамыз суып бара жатқан сияқты, ал мен оны шынайы сезіммен мәңгілік сүйем!!!!
Мен осыдан екі ай бұрын достарыммен көшеде тұрғам. Бізден 5 метрдей жерде воллейболга қатысатын қыздар тұрған. Бірақ біз оларға мән берген жоқпыз тіпті тұрғандарында білмеппіз. Бір уақытта солардың арасында бір қыз қуанып секіріп қалды, мен сол кезде жалт қарадым, шыны керек ұзақ қарадым, себебі ұнатып қалдым. Кейн достарымада айттым, олар айткан сол кезде: барып танысып логин номерин сурап корсенши деп бирақ бір түлі сияқты көрінді. Сол күні түнде сол қыздың логинын таптым және вк.да да таптым. лайк басып коммент жаздым маған жауаптар жаза бастады, мен онымен агенте сөйлестім бірақ ұнатып қалғанымды бірден айтпадым, 2-3күн өткен соң бірақ айттым, ол қыз ойланам деп жауап берді. Одан кейн біз сөйлесе бердік. Ажар тренеровкадан кейн Абай паркіне келіп жүретін менде достарыммен сонда отыратынмын. Ажарды ұнатпау мүмкін емес сондықтан оны көп ұлдар ұнатады, сөз салады, тіпті кейбір ұлдармен менің көзімше парктеде кездескен, шыны керек арен отырдым, мен сол кезде Ажарға ренжуімеде болушы еді бірақ ренжігім келмеді.Соңғы күндері Ажар менімен сөйлеспей жүр. Не болғанын білмеймін. Мен ол үшін шыр-пыр боп жүрм, мен ол үшін бәрінеде дайынмын өлімнен басқа. Менің жүрегім кішкентай болғанымен оған деген махаббатым үлкен және шексіз. Жалпы мен оны өте қатты сүйем, тіпті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, оған деген сезімім шынайы. Мен оған өлеңде шығардым, әнде жаздым. Ол өте сыпайы, сүйкімді, әдемі, ақылды, өте ерекше!!! Мен одан айырылғым келмейді, тек Ажарды бақтты қылғым келеді, мен оны сүйемін!!!
Сүйемін жаным, сүйемін мәңгі өзіңді
Жасыңды аққан құрғатам сүйіп көзіңді
Соңғы сынаққа шыдайық бірге арманым
Бар ғұмырымды бақытың үшін арнайын
29.08.2013

Молдир
mako_94.94@inbox.ru
26-08-13 22:45
Пах, ширкин махаббат! Махаббатты каламайтын жан жок шыгар сира, бул жалган омирде. Гашык болган жан мени де, сезимнин ашщысын да, тушщысын да татып журген ар бир адам тусинер деп ойлаймын. Айтарым, достар асиресе кыз кауымы махаббат деген сезим емес айкайлайтын сиздерди бари бир тусинбес, баримизде Алаш журтынын инабатты, сулу, тарбиели намысымыз типтен болек казак кыздарымыз. Баримиз де биреудин суйиктиси болуга лайыктымыз. Буны айтып отырганым, казирги заманда кыз атаулымыз тым женилтек болып кеткенбиз, алдамшы сезимнин ортасында темселип журмиз, каншама аруларымызда осы сезим жетегинде жан тапсырып жаткандары да малим. Менин кеуде тусымдагы журегим езиледи неге биздин кыздар? Деген ой келеди. Тузелейик, батыл болайык, намысымызды таптатпайык, ен бастысы Аллах тын адал жолымен журсек бариде болады адал махаббатта, бакытты отбасыда. Ал биздин кос аккудай жубайларга айтарым махаббат тек еки нарсени талап етеди дейди. Бакыт пен байлыкты. Баршаныз бакытты болыныздар, бай болыныздар!
гульмира
19-08-13 10:16
салем. Мен бир жанды аса катты жан таниммен суйемин! Екеумиздин танысканымызга бир жыл болганымен небари 3ай журип шанырак котердик. Казактын салты бойынша Куда тусип сырга салып алды. Кудайга шукир казир уйленгенимизге алты ай болды. Казир аягым ауыр. Кудай каласа аман есен дуниеге акелип алсам. Мен оны суйемин олда мени суйеди. Осындай махаббатты сиздерге де тилеймин
Айка...
Aigera_janim92@mail.ru
12-05-13 22:37
мен озимнин колледждеги агайыма гашыкпын....
? ? ? ? ?
12-05-13 15:40
Мен бир жигитти оте катты суиемин.биздин журип жургенимзге 4 ай болды.мине осы уакыт аралыгында 1 сат оны есимнен шыгармай ойлаумен болам.алдын бираз жигитпен жуРдим бирак бул жанды ерекше суием.мен одан айырылып калудан к0ркам.жан дегенде жалгыз жигитим осы жанды гана ЕсТен кетпес нагыз ыстык махаббатым деп айта алам.!
Акшолпан
Vеnеrа_2303 @mаil.ru
06-05-13 13:41
Салем. Мен озимди али тусинбей келем,себеби али осы жаска дейин шынайы махаббатты бастан кеширмеппин. Гашыктык сезим менде али жок...



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube