Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия









Бизнес Номады

Общение

Реклама: Недвижимость в Греции от казахского грека — GREEKLAND.RU
Общение: Список форумов
Форум: Танысу
Тақырып: Shakarim zhayli


Авторы Xабарлама
Jasulan
jason1984@rambler.ru
22-05-06 12:42
Қазiргi таңда сөз ұғатын көпшiлiктi бей-жай қалдырмай, үйiрiп жүрген журналист мамандарды даярлау мәселесi өзектi тақырыпқа айналып бара жатқан сыңайлы. Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында дүниеге келген журналистика бөлiмдерi туралы жүрдiм-бардым мақала жазушылар, тiптi, соның арқасында жалған бедел жинап, су iшкен құдығына түкiрушiлер пайда болды

«Авгийдiң ат қорасындай» журналистика кафедраларының жарылқаушыларының күн жаумай су болып, байбалам салулары заңды ма? Нарық талаптарына сақадай сай тұрудың мүмкiндiктерi мен кемшiн тұстары қайсы? Санаңды сансыз сұрақ мазалайтыны белгiлi. Дегенмен, мәселенiң мән-жайын түбегейлi түсiну үшiн осы салада 1—2 жыл емес, ең кемi 10 жылдың көлемiндей қызмет атқарып келе жатқан журналист оқытушылардың көзбен көрiп, ми қалыптарына түйгендерiне ден қойып, құлақ асқан жөн. Тазалық сүйгiш Гераклдей «жаңалық ашу» қиын ба, қазiр. Оңдысы-сырттай ақыл айтушы «жазғыш» журналистер мен күнделiктi сабағын берiп жүрген оқытушылар күш бiрiктiрiп, ынтымақтасса болғаны. Бұл-хақ. Көк Тәңiрiнiң жердегi тегi түркiлердiң кiндiгi-Түркiстанда өткен республика журналистерi конгресiнде айтылған негiзгi ойлардың бiрi де сол едi.

«Өзге емес, өзiм айтам өз жайымды» деп өзегiн өртеген запыран-өкiнiшiн сыртқа шығара алмай аһ ұрған қайсар Қасымша айтар болсақ, бiз Қазақстан бiлiмiнiң қарашаңырағы, қазақтың Әбунасыр әл-Фараби атындағы мемлекеттiк университетiн тәмамдап, Қарағандының Е. А. Бөкетов атындағы мемлекеттiк университетiнде жаңадан ашылған журналистика кафедрасына оқытушылық қызметке бара батқанымызда қазақ журналистерiнiң әкесi атанған профессор Темiрбек Қожакеев пен журфактың сол кездегi деканы марқұм Юрий Крикунов: «Қарағандыға бал төгiп қоймағаны белгiлi. Қиындыққа төзiп, мойымаған адам болады. Жолдарың болсын!»деп бата берген едi. Бес жыл бойы оқыған бiлiмiмiздiң куәлiгi- дипломды қолға ұстап тұрып ұстаздарымыздың айтқандарына ұйыған сәтiмiз естен кетпейдi. Бiз де, Жұмекен айтқандай, ешкiмге ұқсамайтын өз жолымызды салуды армандап едiк. Қазiр ойлап отырсақ, жүрiп өткенiмiз даңғыл болмапты, бас қатырған, жүрек сыздатқан тұстары жетерлiк екен. Қанатымызды қатайтып, ұшырар тұста жанашырлықпен тiлек айтқан, кеудеге сенiм ұялатқан ұстаздарымыз көреген, сұңғыла екен-ау…

Кiм қалай десе де, бiз, журналистика кафедрасының оқытушылары, өзiмiздiң мiндетiмiздi — журналистиканың жақсы дәстүрлерiн жалғастыратын мамандар даярлап жатырмыз.

Сонымен, кейiнгi кездерi бұқаралық ақпарат құралдары беттерiнде «Кiмдердi даярлап жатырсыздар, шәкiрттерiңiз жазу-сызуды бiлмейдi, хат танымайды» деп лепiрiп пiкiр айтушылар көбейдi. Олардың қатарында кеше өз алдымыздан дәрiс алып, бiрер жылда «сақа» журналист атанғандары да бар. Басқаны былай қойғанда, кеше ғана «iшiмiзден шыққан шұбар жыландарға» не жорық?! Бiз олардың бiреуiне сауал қойғанымыз бар: «Қарғам. Есiңе түсiршi, өзiң қандай едiң университеттi тәмамдағанда, ненi бiлдiң, ненi ұқпай кеттiң?». «Өздерiңiз солай оқыттыңыздар» деп жауап бердi. Дұрыс-ақ. Бiрақ бiздiң бiлiмiмiз оның танымал журналист болуына бөгет болмапты, қайта даңғыл жол ашыпты.

Кемшiлiксiз өмiр бар, ол — жұмақта ғана. Жаңадан ашылған ашылған журналистика бөлiмдерiнде бәрi жақсы деп айту әрине, әбестiк.

Мәселенiң егжей-тегжейi, алдымен оқытушыларға аян. Бiразын санамалап берер болсақ: бiрiншiден, әдiстемелiк бiлiктiлiк, оқытушылық шеберлiк жағы жетiспей жатқандай. Себебi, басқа мамандық иелерiнен бiр ерекшелiгi, журналистика бөлiмiнде «Оқыту әдiстемесi» атты пән өткiзiлмейдi. Журналист сұхбат алу үшiн бiр-екi респондентпен кездеседi немесе бiрнешеуiмен жеке-жеке жолығады. Олардың әңгiмесi қандай деңгейде өткенiне, сауаттылық дәрежесiне куә бола бермейдi. Ал оқытушы аудиториясында сандаған көз саған ғана телмiредi. Мұндай сәтте адамның өзiн-өзi меңгерiп алуы да үлкен сын. Сондықтан, бiлiктiлiгi жетiп тұрса да оқытушы болу оңай шаруа емесi анық. Оның жемiсi де жеңiсi де шәкiрттерiнiң жетiстiгi арқылы бағаланады. Екiншiден, журналистика мамандығы бойынша жасалған оқу бағдарламасы көпшiлiктiң көңiлiнен шыға бермейдi. Онда қазiргi заманғы технологиялармен жұмыс жүргiзуге бағытталған пәндер жеткiлiксiз. Кейбiр пәндер бiрiн-бiрi қайталауда. Мәселен, журналистика бөлiмiнiң студентi оқитын әлем әдебиетi, орыс, қазақ әдебиетiнен бөлек бұл бағытта төрт мамандандыру пәнi бар. Әдебиетшi ағайындардың көңiлiне келмесiн, журналистика бөлiмi құдды әдебиетшiлер даярлап жатқандай, әдебиет тарихы мен теориясына қатысты пәндер шамадан тыс көп. Дегенмен, журналистердiң интеллектуалдық қорын байыту үшiн әдебиет керек, тiл одан да көбiрек керек пе деймiз (Басылым бетiнде жарық көретiн материалдардан тiлдiк-стильдiк кемшiлiктердi жиi кездестiретiндiктен түйген пiкiрiмiз. Ертеректе газет мәтiнi бойынша мұғалiм оқушыларға диктант жазғызған. Қазiр олай жасау сауатсыздыққа үйретумен бiрдей емес пе? Ойланайықшы.) Үшiншiден, ақылы бiлiм алудың салдарынан жоғары оқу орнында қалыптасқан жағдайлардан журналистика бөлiмдерiнiң бағы жанады деу қиын. Қазiр ақшалы талапкер кедергiсiз-ақ журналистика бөлiмiнiң студентi атанады (Ертеректе шығармашылық конкурста үш тур болушы едi. Алдымен, талапкердiң оқуға келерге дейiн бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген материалдары жабық конкурсқа түсетiн. Бұл – 1-тур. Одан соң талапкермен көзбе-көз әңгiмелесуде оның дүниетанымы байқалатын. Бұл – 2 турда. 3-турда еркiн тақырыпқа шығарма жазылатын. Осының бәрiнен сәтiмен өткен талапкер ғана жалпыға бiрдей емтиханды тапсыруға жiберiлетiн.). Қазiр талапкердiң ата-анасы баласының «жарқын болашағы үшiн» мемлекетке қомақты ақша төлейдi. Нәтижесiнде кешегi талапкер – бүгiнгi студент. Ал оқытушы бiлiм беруге мәжбүр. Қалталы студент мырза емтихан мен сынақты уақтылы тапсыра алмаса да, «ақшасы төленген, оқудан кiм шығарып жiберер дейсiң» деп еркiнсидi. Төртiншiден, сабақ барысында қолданылатын техникалық құрал-жабдықтар талапқа сай әрi толық емес. Аталған саланың мамандары жеткiлiксiз болуынан оқу газеттерi жылына бiр-ақ рет, әрi кетсе екi мәрте шығады. Осыдан кейiн журналистiң жеделдiгi жайлы қандай сөз қозғауға болады. Бесiншiден, редакциялар мен кафедра арасында байланыс нашар. Шүкiр, шәкiрттерiмiздiң бiразы оқумен қатар облысымыздағы бұқаралық ақпарат құралдарында өздерiн шама-шарқынша танытып, талпынып жүр. Осындайда бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларындағы журналистер студенттерден әзiрейiл көргендей үрiкпей, ертеңгi iзбасары ретiнде жанашырлықпен қараса деп тiлейсiң.

Алтыншыдан, ана тiлiмiзде журналистика теориясын терең талдаған жақсы оқулықтар аз. Кеңес жүйесiндегi журналистика мен қазiргi тәуелсiз мемлекетiмiздiң журналистикасында түбегейлi айырмашылықтары бары рас. Кеңестiк журналистiк теория идеология құралы болғанымен, оның өзiндiк ерекшелiктерi көзге бiрден түсетiн. Қазiргi таңда көпшiлiк қауым бар бiлiм Америкада ғана шоғырланған деп ойлайды. Мәселен, бiр қарағанда, У. Рендалдың «Әмбебап журналистика» кiтабы сондай әсер қалдырады. Автор жас репортерге «олай iсте», «былай iсте» деп ақыл-кеңес айтады. Идеологиялық сипаты болмаса, кеңестiк журналистика да бұл тұрғыда ақыл айтудан, тәжiрибе бөлiсуден кенде емес едi. Ал қазiргi тәуелсiз Қазақтанымыздың көлемiндегi еркiн баспасөздi дамытуға бағытталған, журналистерге арналған оқулықтардың денi орыс тiлдi. Мәселен, журналистиканың теориясын жiлiктейтiн М. Барманқұлов, С.Қозыбаев, М. Фетисов, С. Матвиенко, Ю. Крикунов тәрiздi ғалымдардың кiтаптары қазақшаға аударылмай отыр. Қаламыздың кiтап дүкендерiнде Т.Қожакеевтiң, Н. Омашевтiң, Ғ. Ыбыраеваның, Б. Жақыптың, А. Шәрiповтың, Р. Алтынбекованың, Қ. Аллабергеннiң, Л. Ноданың және т. б. зерттеушiлердiң кiтаптары жоқ.

Қазiргi кейбiр «бiлгiштердiң» журналистикаға теория қажетi жоқ деген пiкiрлерi мүлде қате түсiнiк. Рас, практикада кейбiр мәселелер теориядан ауытқып, басқаша шығып жататын кездер кездеседi. Ойлы оқырманға танылып қалған жас журналист, алғашқы шәкiрттерiмiздiң бiрi Ж. Бәделұлы: «Маған бұл практика көп нәрсенi ұғындырды» деп жазыпты практика күнделiгiнде. Онымен келiспеске болмайды. «Теория – құрғақ сөз, ал өмiрдiң алғашқы қаулап өсiп кеткен» дептi тағы бiр бiлгiш…

Журналистiк қабiлет талаптанып, талпынса ғана дамиды. Бүгiнгi заманның студенттерi редакцияға интеллектуалды, шығармашылық парасатпен, университет құйған iлiм-бiлiммен барады. Практикалық iсте ең басты көмекшiң – санаға жинаған теориялық қазынаң. Мәселен, кейбiрiмiз «Газет безендiру техникасы» деген пәндi оншалықты жақтырмаймыз. Себебi, ондағы линотип, бабашка, марзан, цицерондар ескiнiң қалдығы деп қараймыз. Аудандық газетке кеткен бiр шәкiртiмiз: «жауапты хатшы ауырып қалған кезде амалсыз лекция дәптерiмдi парақтадым. Себебi, редакцияда журналистiк бiлiмi бар мен ғана едiм. Ақыры газет безендiрудiң небiр қызықты әдiс-тәсiлдерiн өзiм де пайдаландым» дегенi есiмiзде. Мiне, бұл, қалай десек те, университетте алған теориялық бiлiмнiң арқасы.

Тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнi, жоғарыда айтылған кемшiлiктер көп болып көмектескенде, ынтымақтасқанда ғана жойылмақ.

Он жылдық тарихы жазылған журналистика бөлiмiнiң бағы да, балы да онда бiлiм нәрiмен сусындап, байтақ Қазақтанымыздың әр тарапына аттанып, ұлтқа пайдалы еңбекпен айналысып жүрген түлектерiмiз. Олардың iшiнде сыншылар да, жанашырлары да бары рас. Қалай болғанда да бiз олардың өмiрлiк және кәсiби таңдауына әсер еттiк. Әрине, бәрi бiрдей Шерхан Мұртаза, Камал Смайыл бола алмас, дегенмен олардан жалпақшешей, арызқой, арсыз шимайшылар шықпайтынына сенiмдiмiз. Өйткенi, ол бiздiң дәстүрiмiзде жоқ.

Мейрамхан Жәпек,

Татьяна Голубцова



В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 








© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube