Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия









Бизнес Номады

Общение

Реклама: Недвижимость в Греции от казахского грека — GREEKLAND.RU
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: масқар


Авторы Xабарлама
айбек
aibek.1965@bk.ru
04-08-13 07:28
атойнақ масқар барма ?

Авторы Жауап
Асемгуль
asemgulorazova2@gmail.com
25-01-23 12:20
Салем! Руым Маскар Бабаназар акем Едил Оразов Кадыгадиевич Бабаназар
Болимдери н билгим келеди 87789955177

Талгат
talgat.meneev@mail.ru
03-03-17 01:33
Кым быледы маскардын тамбасы калай? Ассалаумагалейкум агаин! Комектесып жеберындер.
Шыңғыс
China9@bk.ru
09-02-17 14:32
ТАЙПАҚТА МЫҚТЫ АТА БАР МАСҚАР ДЕГЕН


"...Есен бе екен, сау ма екен
Сұлтансиық баласы-ай?
Сұлтансиық ішінде
МАСҚАР еді-ау ағасы-ай.
Масқарға тіреу ер еді
Мырзагелді, ер Дөнен,
Алдаберген, Бабас-ай.
Естек, Мәстек, бай Тұман,
Үркін, Сәті, би Шолан,
Тінім, Шәкі, Әжайып
Дәулеттің құйған сағасы-ай
Алыссаң да мұңаймас
Таршылықта қолда жоқ
Арал-сынды арыстан,
Тоғайбай-сынды данасы-ай..." Сүгір жырау Мырзалыұлы.

Өзім туған өлкенің өткен тарихын білуге, тұлғаларын түгендеуге ежелден құштар ем. Осы ізденістеріме інім Қазыбек көп көмек жасады. Жәнібектей (Исмурзин) жас ғалымның тарих қатпарын қазып жинаған ақпары да рухани дүниемізді байытар, рухымызды күшейтер кесек дүниелер еді. Бірақ бір ғана ғалымға сеніп ақпарат күтіп жата беруге болмайды. Әркім өз әлінше құлдық санадан арылып, болмысымыздағы сонау текті бабадан тозбай жеткен рухани қуатымызға қайта қауышуға ұмтылу парызымыз ғой. Осы ниетпен Оралға бір келгенде Қазыбек інімнің үйіне барудан бас тартып, өлкетанушы, шежіре қария, жерлесіміз Әленғали ағаның үйіне арнап бардым. Мақсатым XIX ғасырда өмір сүрген Тайпақтық Сүгір жырау Мырзалыұлы жырларындағы маған белгісіз адам аттары жайлы сұрап-білу.
Ендігі кезекті Әленғали аға айтқан әңгімеге берейін. Маған жақындығы болмаса да елімнің, жерімнің амандығы үшін күреспен өмірін өткізген мен туған өлкенің батырлары жайлы шежіре бұл. Масқарлар, тыңдаңдар!

Сұлтансиықтың үлкен ұлы Масқарды Қыдырқожа атасы бауырына басып бетінен қақпай өсіріпті. Інісі Асқар өлгенде баласы Байбақты жастай жетім қалып, Байбақтының шешесін әмеңгерлік заңымен ақсақалдар Масқарға қоспақ болады. Ол кезде алпысты алқымдап қалған Масқар:
– Менің жасым келіп қалды. Інілеріме жолымды бердім. Келінжан таңдаған қайныңа орамалды өзің таста! – деп рұқсатын беріпті. Танамен келіннің арасындағы көңіл жақындығын сезсе керек. Сөйтіп Алашаның алғысы келгеніне қарамай, Масқардың рұқсатымен Тананың жолы болып осы некеден Жанбақты, Тынбақты туады. Оларды шешелері бір Байбақты:
– Мен атадан жалғыз қалдым ғой. Менің бауырым болсыншы! – деп сұрап алып өзіне қосып Байбақты қылып жіберген. Бұлардан өрбіген Әлтекенің өзінен қанша мықтылар шыққаны, олардың бойындағы қанның кімге жақындығын өзіңіз шамалай беріңіз. Тана жеңгесін алған соң ағасына разылық көңілін білдіріп Масқарға кілем жапқан 9 нар сыйлапты. Масқардың түйелі бай атануына және «түйе» жайлы әңгімелерге осы себепші болған сыңайлы
Масқардың қызуқанды, тентек болғаны дау туғызбаса керек. Кезінде бір аруақты адам: «жапырағың жайылмасын!» деп қарғыс айтып, осының кесірінен үш атаға дейін жалғыз өрбіген. Масқардың ұранына айналған Қаратай батыр әкеден 6 айлығында жетім қалыпты. Қаратай батыр ілкі Сауран соғысында ерлік көрсетіп қаза болған. Қаратай батырдың елі мен жері үшін төккен тері, аққан қаны ата қарғысын жуып, ақ жарылқап, аруақты Масқарлар әулеті қанат жаяды.
Шежірені тарататын болсақ:
Масқар

Ақанай

Қаратай

Жөндібай
Жөндібайдан →Құттықадам, Масақ.
Құттықадамнан→Өтебай, Құрман, Бабаназар
Масақтан→Жәдік, Атойнақ, Қадырқұл, Қырықсадақ, Төлеке-Қанай.
Масқардың ұрпақтарының шетінен қырық садақ асынып, ат ойнатқан батыр болғанын әуелгі аталарының аттары-ақ дәлелдеп тұрған жоқ па?
Осы екі атадан туған сегізінен өрбіген ұрпақ СЕГІЗ АРЫС МАСҚАР атанып негізінен қазіргі Тайпақ өлкесінде өсіп-өнген.
Жауға аттанғанда сегізі ақылдасып іштерінен бас сардар етіп Өтебайды сайлапты. «Бәріміз сыртта жүргенде елді жау шауып кетсе қайтеміз? Ішімізден біреуді қалдырайық» деп шаруаға бас-көз болып, қатын-баланы кездейсоқ жаудан қорғауға шаруа Қадырқұлды қалдырыпты. Қадырқұл құдықты да қазар қайратты, жауды да қашырар айбатты болыпты. Өтебай батыр ұрпақтары елшілікке, ағарту саласына көп қызмет атқарған.
Өтебайдан 5 бала: 1. Сақау
2. Қожанберлі
3. Қошқарымбет
4. Мамай
5. Қабақ.
Қабақ батыр Кіші Жүз ханы Есімхан Нұралыханұлының айтқан асылық сөзіне намыстанып сол жерде ханды өлтірушінің бірі.
Сүгір жырындағы Естек, Мәстек, бай Тұман дегендер Өтебайдың Қошқарымбетінен тараған мықтылар.
Қаракөлде Сақаудан тарайтын Қармыс батыр жерленген. Күмбез бейіті бар. Құрман-Масқар Қожабек батырдың күмбез бейіті екі немересімен қатар орналасқан. Өтебай-Масқар, Қошқарымбет ұрпағы Келбет батыр Сарманнан 12 км Келбет қорымында жатыр. Келбет батыр өте ірі адам болған. Тұман төбесін жайлаған.
Мамайдан→Қожекен. Қожекеннен→Қарсақбай батыр.
Қарсақбай батыр сардар болған. 1858 жылдары қазіргі Қарсақбай төбесінде орыстармен соғысып қаза тапқан. Ол жерде арабша жазылған 30-40 құлпытас бар. Қарсақбай төбесі Мекет шағылында. Дендерден Жаңақалаға қарай 25 км.
Ескі Есім ауылынан Дендерге дейінгі аралықтағы қазақ ауылдарына Мырзагелді батыр Аралұлы старшина болған.
Құрман «қазанына қара су ұйыған Құрман» деп аталады. Қатты еңбекқор болыпты. Мыңдап мал ұстап, жалшы алмаған. Құрманнан Дөнен, Қармыс, Қожабек батырлар шыққан. Діни адамдары да көп болған. Сүгір жырлаған ер Дөнен Байбақты Сырымның көтерілісіне бастан-аяқ қатысқан адам. Сырым батырдың оң қолы болыпты.
1801 жылы 1000 түтін Масқарды бастап Тайпақ Қаракөлінен Дөнен батыр Бөкейлікке көшкен. 1823–1826 жылдары қайтадан Бұхар бетке көшеді. Осы уақыттан бастап Нұғыман Сығаев, Мырзагелді Аралұлы старшина боп тағайындалған.
Бабаназардан батырлар көп шыққан. Соның бірі әулие Қоске батыр. Бейіті Сырым ауданында. Сүгір жырау жырлаған Мырзагелді батыр мен Бабас ақын да осы әулеттен. Мырзагелді батырдың бейіті Жанамада. Бабас ақын «Ақындар айтысы» кітабына кірген ірі айтыскер ақындардың бірі.
Масақтың ұлы Жәдік (1693–1791) би әрі батыр болған. Түркістанда жерленген дейді аңызда. Жәдіктің билігіне риза болған Үйсін Төле би оған қызын беріпті. Олай болса «Дулаттың Жанысымын» дегенге «Құда!» деп қысылмай сыйласа беруге болады. Өйткені «құда 1000 жылдық!

Жәдіктен → Өте, Кете, Өтеміс, Естеміс, Орыс(Игілік) өрбіген. Солардың ұрпақтары Үркін, Сәті, Шолан биді Сүгір жырау жырына арқау еткен. Үркін, Сәті Базаршолан ауылындағы Жаңақұдық қорымында жерленген.
Масқарлар жерді ақылмен, кей жерде айламен алған. Ақсақалдар көзі қырағы бір жігітті жазда кірешілерге арнайы тапсырмамен қосып жібереді екен. Әлгі жігіт малға жайлы, шөбі шүйгін, иесіз жатқан жер болса барлап біліп келеді. Қара күзде өздерінен басқа ешкімге білдірмей ескі құлпытастардың бірнешеуін қазып алып түйе арбаға тиеп әлгі жерге апарып көміп кетеді екен де, келесі көктемде сол жерді жайлауға бір-ақ көшіп барады екен. Алда-жалда біреу келіп жерге талас туып жатса «бұл жерде кезінде пәленше атамыз жайлаған. Құлпытасы міне!» деп бұлтартпас дәлелмен жеңіп кетіп отырған.
Базаршолан ауылдық округіне қарасты Бекет төбесі, Мамай төбесі, Сақау төбесі, Сарман төбесі, Жәдік төбесі, Тұман төбесі, Жанама, Жыра, Орақ төбесі (Орақ батыр), Ақмешіт, Төлеке, Ескі Есім, Сексентөбе; Базартөбе ауылдық округіне қарасты Қадырқұл, Мырзагелді, Жаңакөл, Сырым ауданының жері – Талдықұдық, Қырыққұдық бәрі Масқарлардың кезіндегі өсіп-өнген атақоныстары.

Енді Сүгір жыраудың жырындағы:
«Таршылықта қолда жоқ
Арал-сынды арыстан,
Тоғайбай-сынды данасы-ай»

деген жолдарға арнайы тоқталайық. Бабаназар-Масқар Арал аруақты батыр болған адам. Мырзагелді батырдың әкесі. Мырзагелді батырдың кім болғанына жоғарыда тоқталдық.
Тоғайбай қазірет Масқардың Өтебай тайпасы, Мамай бөлімінен шыққан би, правитель болған адам. 1838 жылы туып 1904 жылы қайтыс болған. Сармандағы Байбатыр қауымында жерленген. Қаракөл, Дендер, Байбатырдан 3 мешіт салдырған. Соналы болысын басқарған әйгілі шонжар Мұхамеджан Сарғожинмен жақсы қарым-қатынаста болып екеуі Романовтардың 300 жылдық тойында патша ағзамға Тайпақ жерінен орысша мектеп ашу жөнінде ұсыныс айтқан.
Тоғайбайдың 3 әйелі болыпты. Бәйбішеден Мұса, Керей. 1866 жылы туған Мұса 1916 жылғы көтерілісте елді бастағаны үшін Дендерде 50 басшымен бірге 50 жасында атылып кеткен. Сол жерде белгі бар.
Мұсадан 5 бала қалған. Үлкен ұлы Нығыметке атасы Тоғайбай қазірет Жұмағазы қазіреттің (Дәдем ата) қызын алып береді. Тоғайбай би Жұмағазы қазіретпен, Мақаш правительмен, Мұхамеджан болыспен жақсы қарым-қатынаста болған.
Тоғайбай қазірет 1870 жылы туған баласы Керейді Қалқаман-Тана Мәулімберлі әулиенің медіресесінде оқытады. Одан соң Керей Сарайшық медресесінде оқиды. Керей қалпе атанған адам. Төрт әйелінен 9 ұл көріпті. Төрт ұлы үйленбей қайтқан. Қалған 5 ұлдан 54 немере сүйіпті.
Сүгір жырлаған текті Тоғайбай қазіреттің Керейден тараған ұрпақтарының бірі Әленғали аға Кереев бүгінде Орал қаласында тұрады. Зейнеткер.

Осы әңгімеден соң Сүгір жырау өлеңіне арқау болған менің туған жерімдегі баһадүр бабаларымыз бір аунап түсіп жатқан шығар.
максим
максаксай10122541230
28-10-15 17:35
мен маскармын кырык саадак аталарым тайпак жермнде коныстаган аргы атамынын аты кенжегали оны уш агасы болган курьангали изтлеу кенжегали шагатай меним аргы атамды 30 жылдарда малды тартып алып поселениеге жиберген арал тениз жагына онда ауа райы жукпаганмен орынборга новосергей ауданына кошкен содан согыска барып аман оралып атам хайрулла алты бала тауп осирген олар рахметулла ахметулла мутиголла улдары оларда уш ул бар тимур азамат жэне мен максим атамнын брат каменен уш ул калды батый кубайдолла сагидолла олардан серик берик жэне болат улдар бар сегиз маскардын ортак батыр каратай батыр жонгарлармен 1700 жылдарда согыскан онын кутыкадамнан курман отебай жэне бабаназар маскар тараган масактан жэдик атойнак кадыркул кырыксаадак жэне толекеканай маскар тараган
Ербол
erbol.rashev@mail.ru
11-04-15 13:16
жәдік масқарларға сәлем. вконтактіде болсаңдар жазыңдар, Ербол Опиев. 87055152150 хабарласыңдар
Расул
rasul.n.m.60g@mail.ru
04-04-15 06:29
Ассалаумугалейкум халайык, мен жадiк Маскар из г. Уральск жадiк Маскардын танбасын кiм бiледi?
Асемгуль Оразова
arai-ashar@.mail.ru
18-02-15 18:09
Салем! Руым Маскар Бабаназар акем Едил Оразов Кадыгадиевич Бабаназар
Болимдери н билгим келеди 87789955177



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 








© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube