Елім-ай! сенің мына айтқан пікірлерің өте орынды айтылыпты,
алайда сол пікірлерді іс жүзіне асыру үшін қанша айтсақа ештеңе шықпайтын көрінеді бұл жай менің пікірім.
Тілді қолға алу үшін өзіміз басқаларменде тек қазақша сөйлеуіміз керек. Мен бірде солай қазақтіліне жаным ашиды деген бір қазақты кезіктңрдім, ол қазақша білмейді екен деп қазақпен (сатқын қазақпен) орысшалап сөйлесіп тұр екен, біз қазақша деп тілмен айтып іс пен көрсете алмасақ онда айтып отырған мәселеміздің барлығы жай бір сөз ғана екенін ұмытпағанымыз абзал. Ендеше бұл пікірім барлық қазақтарға бағытталғай.
Қазақтар тілімізді - дінімізді қорғайық,
Орысшалар өрбуде ғой, зорайып.
Өз тілімізді сақтамасақ ағайын,
Жайғана біреу болдық, жүрген бір сорайып.
Елім-ай
12-08-06 12:00
Қайырлы күн, оқырман. Мен өз ұлтымның өзге ұлттардан биік тұруын бар жан-тәнімен қалайтын жігіттердің бірімін. Иә, мен секілді жігіттер көп. Біз араласып, әңгімелесіп тұрамыз. Сонда, бірнеше пікірлер айтылды. Мысалы, "Аюға намаз үйреткен таяқ". Бұл мақалды түсінерсіңдер деп сенемін. Тағы бір ой мынадай: сендер білесіңдер ме, суға жүзіп үйренгісі келген адамды суға итеріп жібереді. Ол адам , әрине, өлгісі келмейді. Демек, ол жағаға ұмтылады және жүзіп үйренеді. Тіл мәселесі де осындай батыл қадамдарды керек етеді. Үшінші пікір: Балық басынан шіриді немесе Үкіметтен қысым болса, өзге ұлттарды былай қойып, ауладағы иттеріне дейін қазақша үретін болады. Ал ол үшін БИЛІКТЕ нағыз ұлтжанды адам болу керек. Бұлардан түк шықпаған жағдайда, ең соңғы үміт халықта, яғни көп қорқытады, терең батырады. Көп жағдайда қара күштің оң шешімге ықпал етеініні де бізге мәлім. Міне, осындай пікірлер. Сендер қалай ойлайсыңдар?