Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу
English talk
Правила
Поиск по разделу
Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия












Общение

Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Мұқали Мақатаев ақынның өлеңдері

страницы:    46   45    44    43    42    41    40-31    30-21    20-11    10-1    в начало »   

Авторы Xабарлама
Асқар Ш
12-08-06 21:07
Мұқағали ақынның өлеңдерін осында жинақтайық.
АЛЛА барлықтарыңыздың жүректеріңізге иман ұялатсын*

ҚАЗАҚ ЖЕРІ

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!

Жазы бар жалынмен жандырған,
Қысы бар аязға қардырған.
Көктемі - балауса, балдырған,
Ал күзі - алып бір ақ қырман,
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,
Күрең нан жаңа алған тандырдан.
Көлденең көлбеген көкжиек
Қыранның қанатын талдырған.

25-желтоқсан, 1974-ж.


Авторы Жауап
арай
arailym_nazerke@mail.ru
28-09-14 19:56
керемет олен
Арай
arailym.92-92@mail.ru
19-09-14 20:36
Адалдык кордим жаныннан
Ак кардай жауган аспаннан
Ес туссиз гашык болуда
Бакыттын бари басталган деген анди ким орындайды аты калай екенин табуга комектесесиздерме
Бауыржан
bakalek-04 email.RU
13-09-14 07:13
РАХМЕТ СИЗДЕРГЕ!!!!!
бауыржан
bakalek-04 email.RU
13-09-14 06:45
РАХМЕТ СИЗДЕРГЕ!!!!!
фарида
farida_zh
12-09-14 10:40
мұқағалидің өлеңі
Казыбек
kazbek436@gmail.com
09-09-14 20:24
маған ADAM айтатын Гүлістан Қазақстан деген әннің сөзін тауып берулеріңізді сұраймын
айдана
04-09-14 15:30
достар маған қай ақынның болсада тіл тулалы тақпақ тауып беріңдерші ертеңге дейін
акерке
erke03042005@mail.ru
24-08-14 06:49
мүқағали атамыз өте жаксы өлеңдері әдемі
Елдана
dana.04.04.@bk.ru
07-08-14 10:48
Кешіріңіздер Мұқағали Мақатаевтың Бақыт деген атты шығармаын жазып жібере аласыздар ма?
Елдана
dana.04.04.@bk.ru
07-08-14 10:30
Мұқағали Мақатаев

ГУЛИМ
gkupesbaeva@mail.ru
04-08-14 21:53
ким аитты саган ак коилек кирлемеиди деп деген оленнин тауып бере аласыздар ма
жомарт
Zhomart_Tamada@mail.ru
31-07-14 13:46
Құрметті жігіттер және қыздар М.Мақатаевтың
таудан биік секілденіп талғамың
деп басталатын оленинин аты қандай
жомарт
Zhomart_Tamada@mail.ru
31-07-14 13:46
Құрметті жігіттер және қыздар М.Мақатаевтың
таудан биік секілденіп талғамың
деп басталатын оленинин аты қандай
Aidana
aidana_95kz
30-07-14 21:59
Мукагали атамуз каншама журектен журекке жететин кара олен поэмалар жазган бизге каншама осиет создер калдырган:Бир адам омирден баз кешкенде"Шыда жаным,шыдай тус,шыда тагу,Шыдамдыны муна омир унатады"-деген екен,биз осиндай гуламалардын умитин актаиык АМИН!
Бағдат
11-06-14 22:08
Мукагали Макатаевка
Кадирбердин Багдат
Мукан жырын окысам тил битеди алдымнан толкынданган жыр кутеди. Аруагыннан келген бир сый ма маган конилиме ерекше куй битеди. Казактын музбалагы каскалдагым, тербеп жатыр жырларын жастар жанын, тусинбесе ешкимде туснбесн, сендей боп олсем болмас баска арманым. Биракта жырын кудым баска арнанын. Кеще гана жыр суйп басталганым. Мандайымнан сипашы тусимде кеп, атажан акын агам аспан багым. Мен емес жырынды урлар урын балан, Озиндей бир Алланын кулы болам. Тусимде кеп тербеши жырынменен, жанымды поезия деп шырылдаган, озиндей акынменен кил мактанам, озин жайлы айтсаншы бир уак маган. Мен де ата бир жырымды окып берем, аян боп маган келсин шындап баган. Озине жыр арнадым калам алып, кетем деп бел будым мен кала кангып, мен де ата Алматыга барсам деймин, калгым келмес ауылда жараланып. Мен де ата аспанменен тилдесемин. Мен де ата жырымменен ундесемин. Жырыма сенип барам сенип барам, мен де ата жалгыз калсам мун кешемин. Сиздерди жалгастырар изин болам, тусиме крсе аппак жузин маган. Мен дагы мына омирди жырлап отем, жанымды тусинерсин ызылдаган
Бағдат
11-06-14 22:07
Мукагали Макатаевка
Кадирбердин Багдат
Мукан жырын окысам тил битеди алдымнан толкынданган жыр кутеди. Аруагыннан келген бир сый ма маган конилиме ерекше куй битеди. Казактын музбалагы каскалдагым, тербеп жатыр жырларын жастар жанын, тусинбесе ешкимде туснбесн, сендей боп олсем болмас баска арманым. Биракта жырын кудым баска арнанын. Кеще гана жыр суйп басталганым. Мандайымнан сипашы тусимде кеп, атажан акын агам аспан багым. Мен емес жырынды урлар урын балан, Озиндей бир Алланын кулы болам. Тусимде кеп тербеши жырынменен, жанымды поезия деп шырылдаган, озиндей акынменен кил мактанам, озин жайлы айтсаншы бир уак маган. Мен де ата бир жырымды окып берем, аян боп маган келсин шындап баган. Озине жыр арнадым калам алып, кетем деп бел будым мен кала кангып, мен де ата Алматыга барсам деймин, калгым келмес ауылда жараланып. Мен де ата аспанменен тилдесемин. Мен де ата жырымменен ундесемин. Жырыма сенип барам сенип барам, мен де ата жалгыз калсам мун кешемин. Сиздерди жалгастырар изин болам, тусиме крсе аппак жузин маган. Мен дагы мына омирди жырлап отем, жанымды тусинерсин ызылдаган
айдана
aidana_segizbaeva@mail.ru
02-06-14 15:39
Біз көктемді күтеміз,
Күлімдеуді үйреткен.
Уайым қашан бітеді?
Көз жасыңды тый , көктем!

Көктем келді, бәрібір,
Жылап жатыр, ол да, әлем.
Сол мұңайған қалыбым,
Неге күттім сонда мен?

Аспан неге көңілсіз,
Алдандым ба әлде мен?
Күннің көзі көрінші,
Сенсіз атты таң неге?

Қара бұлтты түтер бір,
Таң сәулесі түн ауып!
Біз көктемді күтеміз,
ол негізі жылауық

айдана сегізбаева
Айнура
elikai2008@mail ru.
30-05-14 11:18
АУЫРМАЙ ЖАНЫМ ҚИНАЛДЫ!
(І - нұсқа)
Ауырмай жаным қиналды,
Ауытқып жүрек орнынан.
Уайым қоршап мені алды,
Жігерім жасып болды нан.
Болса да жүйрік ой ұшқыр,
Өзіме өзім жақпадым.
Өміріме жол нұсқар,
Ақылшы адам таппадым!
Бақытты тіршілік өмірге,
Басылмас менің құмарым!
Алысқан көп ой көңілде,
Кім біледі немен тынарын,
Жүректе - сәуле, ойда - шам,
Жарығы шықпай ішімнен.
Ауырмай жаным қиналам,
Жадына сақтар түсінген.
2.Х. 1949 ж., Нарынқол.

Айнура
elikai2008@mail ru.
30-05-14 11:14
Өлең оқығанды жаным сүйеді. "Жігерлендіру" өлеңі толық нұсқасы болса.
Kanagat
Kanagat_@inbox
29-05-14 17:41
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен
Kanagat
Kanagat_@inbox
29-05-14 17:40
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен
Алида
milask_03
24-05-14 13:44
Мұқағали атамыздың өлеңдері керемет кейбір өлендеріне жылағым келеді
куаныш
лщтеш_2001
12-05-14 08:03
менін өмір баяным деген оленди тауип бериниздерш таппай отирм

нуржамал
jet_orp@mail.ru
06-05-14 12:38
еркектер-ай өлеңі
Айерке
aierke_90aika@mail.ru
24-04-14 19:57
Шәлкөде
Жайлау деп, жайлауына Шәлкөденің,
Еңсесі мыңғырман мал әр төбені.
Суы бал суатынан қымыз аққан,
Па,шіркін! Қандай ғажап өлкем еді.

Қ-сы

Шәлкөде ыстықсың сен маған,
Жайнай бер жазира кең далам.
Есейіп алысқа кетсем де,
Шәлкөде мен сенің өз балаң.

Шәлкөде шәкірам бал есек артқан,
Қайқайып текке суы өрке тартқан.
Төртбұрыш төңіректі әнге бөлеп,
Жарқырап ортасында тұз көз жатқан.

Қ-сы

Айғай тас түзу-қисық қарағайлы,
Көрмесем жан құмарым тарамайды.
Арманым саған деген сағынышым,
Тәңімді таным болып аралайды.

Қ-сы (2 рет)

Айерке
aierke_90aika@mail.ru
24-04-14 19:56
Ұят болды - ау

Сен де кеттің,
Мен де кеттім,
Ол да кетті ауылдан.
Осынымыз ұят болды - ау,
Ұят болды - ау қауымнан!
Ұят болды - ау,
Ұят болды - ау,
Ұят болды - ау, буырлар!

Момын жұрттың арқа сүйер,
Азаматы біз едік.
Тұлпарлардан, тұғырлардан,
Қалған бір-бір із едік.
Біз де кеттік,
Басқа жаққа бетімізді түзедік.

... Естимісің, құлақ түрші,
Қырдан ескен самалға,
Сәлем айтып жатыр ауыл,
Саған, оған, маған да.
Телеграф сымы тұрған
Сүйеніп ап бағанға.

Көремісің,
Заңғар таулар жаулықтарын бұлғайды,
Шақырады ақбас шалдар,
Сыбызғы етіп қурайды.
Еске салып қайтқан құстар,
Елдің жырын жырлайды.

Күте-күте,
Көзі талып,
Күн сарғайып батқандай,
Күте - күте,
Жұлдыздардың жанары да аққандай,
Зират екеш зираттар да,
Бізді жақтап жатқандай...

Момын елдің,
Арқа сүйер,
Азаматы біз едік,
Жеке - жеке бақыт іздеп,
Жеке өмір түзедік,
Жетер енді ....
Туған жердің топырағына тізе бүк!


Алма
mamatai@mail.ru
14-04-14 18:20
Мырзалиевтің Кәрі қыран шығармасы керек
аружан
aiko.super.02@mail.ru
05-04-14 08:07
мукагали макатаев оте керемет жазушы фантазия деген олени жети хат жерин мына тонкерилген

Ерасыл
31-03-14 20:01
\"Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да.
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл - жасыл шұғыла шашылганда,
Көк жиек пен көк жиек косылғанда.
Махаббаттан іздедім, сагыныштан,
Арманымнан іздедім алып ұшқан.
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
Сені іздедім жадырау,жабығыстан,
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.
Қуаныштан, түршигу,күрсінуден,
Сені іздедім жүректін дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттардан іздедим, сағаттан да.
Сені іздедім, іздеймин тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан б
Гүлназ
gul2299@mail.ru
31-03-14 19:00
Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!
Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

Myrzash Arujan
arujan_mirzash@mail.ru
29-03-14 09:28
Қара өлең
Қалқам, мен Лермонтов,Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен
Қазақтың қара өлеңі-құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген

Жат жерде жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды мүмкін ағатайым
Қасиетіңнен қара өлең айналайын
Қазақтың дәл өзіңдей қарапайым

Түзу-түзу жыртылған аңыздайын
Аңызыма неге нәр тамызбайын
Қара өлеңі қазақтың қаза болса
Қара көзден неге қан ағызбайын

Ақынмын деп мен қалай айталамын,
Халқымныңөзі айтқанын қайталадым
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып өзіне қайтарамын
ЖАНЫЛСЫН
28-03-14 12:15
ГАШЫКПЫН ШЫН ГАШЫКПЫН СОЛ АДАМГА

Әділер
adik_2002_kz@mail.ru
25-03-14 17:11
Көктем де келер
Мұқағали Мақатаев
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Көгеретін тіршілік көгереді.
Қу бұтағы арса-арса кәрі еменге,
Келер көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Көгереді ауылдың төңірегі.
Ерте кеткен досымның қабірі тұр,
Келер көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Барлық нұрын көл-көсір төгер енді.
Сағынышын сарыққан, жапа-жалғыз,
Менің жесір жеңгеме не береді?
Көгереді...
Барлығы көгереді:
Ой да, қыр да, даланың төбелері.
Әлі құрып баратқан ауру досқа,
Осы көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келіп қалар,
Есінетіп, есіртіп, ерікті алар.
Азан-қазан аспанның қоңырауы,
Жақсылықтан тұрса игі беріп хабар...
Дания
25-03-14 16:29
М. Мақатаев-қазақ тарихындағы ең оқырманы көп қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын. Қазақ жырының құдіреті.
Aselia Hodjanazaroba
aselia.adai-99_99@mail.ru
19-03-14 10:42
Мұқағали Мақатаев Sezveisn goi olen jinagi
аделя
@bk.com
17-03-14 19:58
қандай әдемі өлең шумақтары енді М.Mақатаевтың өлең шумақтарын жаттаймын

Нұрдәулет
nurik_2003.14@mail.ru
14-03-14 19:20
Маған өлеңдер өте қатты ұнады
Сымбат
symbat.zharmuhambet@mail.ru
09-03-14 17:09
Жарыска барушы едім,соған Мұқағалидың қандай өлеңін жаттасам болады?
РАСУЛ АЛИМЖАН
m.r_leo@mail.ru
06-03-14 16:26
Болғанмен менде қанша күш, Не жетсін бауырың болғанға, Жападан жалғыз мен байғұс, Келе жатқандаймын орманда!!!!
Увайдан Балжан
Baljan.12.02@mail.ru
06-03-14 13:56
ҚАРА ӨЛЕҢ!
Қалқаммен лермонтовтың пушкин демен
Есенинмін демедім ешкімге мен
Қазақтың қара өлеңі құдіретім
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген!

Жат жерді жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды мүмкін ағатайым,
Қасиетіңнен қара өлең айналайын
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым!
Авторы Мұқағали Мақатаев




страницы:    46   45    44    43    42    41    40-31    30-21    20-11    10-1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail: (будет виден всем)
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




Изготовление деаэраторов Деаэраторы для котельных. Монтаж и сервис. Доступные цены. Звоните a-g-t.ru Новости сочи сегодня Новости, анонсы мероприятий. Новости по разделам sochi-365.ru Купить трудовую книжку со стажем Мы восстановим печать в трудовой книжке по ее фото! Доставка! Без выходных trudimsya.org

© 2002—2014   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Интернет-агентство «Браффорд»Реклама | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создание и управление —
«Ижанов и Партнеры»