Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Ақындарды айтысуға шақырамын


Авторы Xабарлама
Жеңіс Маткаримов
egipt_2006@mail.ru
15-08-06 18:54
Айтысу сайысына келіңіздер,
Айтысып бақ сынасып көріңіздер.
Ал оқырман ағайындарға айтатыным,
Сайысқа әділ баға беріңіздер.

Авторы Жауап
Самат
berik630@mail.ru
10-03-10 18:39
Акыннынң шарықтасын асқақ әні,
Көтеріп жұрт көңілін тастағалы,
Мен Акынмын ағайын ақынмынғой
Жеңіс Маткаримовты жүрмінғой таптағалы!!!
Уміт
19-03-08 13:39
Қайда ақындарымыз?
Жеңіс Маткаримов
zhenis_2006@mail.ru
29-08-06 13:09
Камшатқа!!!

Камшатау сені көп болдығой күткелі,
Сабырым барады таусылып біткелі.
Енді қашан қолың сенің тиеді?
Көмек керек болса айтсайшы
Болса егер жіктерің ауыр жүкпелі.
Алем
29-08-06 11:59
Бұл форум бәрімізге жиын екен,
Жинасақ төлем ақы тиын екен?
Камшатқыз интернетке кіре алмай жүр,
Жағдайы Ақын қыздың қиын екен?

Камшат
28-08-06 16:46
Сәлем!
мен қашып кеткен жоқпын. Инетім жоқ
Жеңіс Маткаримов
zhenis_2006@mail.ru
28-08-06 15:47
Ағайындар армысыңдар?
Мына форумда бармысыңдар?
Жеңіс Маткаримов
egipt_2006@mail.ru
23-08-06 00:55
Айтыскерлерім қайда кетіп қалдың сен,
Жаза берсең жетеді жай өте кең.
Абай атамыз ұялмай ақ айтады ғой,
Қашып кеткен ақындарым к...тпе екен.


Дастан
22-08-06 14:08
Бахыт деген сұрасан, берем деген жаратушың
Сұрамаған бахытты кімке міңді таққайсын
Сұраудында жолы бар оны өзін білесің
Зарлағанмен сен жұртқа естімейді ол сені
Сұрағаннан қиналмағын Алладан
Жанашырың жоқ сенің одан басқа
Мен бекен сұрамаған, деп кібірленбе
Кібірлігін оған сенін сенбегенің.
Жеңіс Маткаримов
Ақындарға
21-08-06 11:20
Қазақ деп соққан жүректерің,
Жүрегім жүректер болды демек менің.
Қане Қазағымыз үшін бірігейік бауырлар,
Болдыңдарғой сендер менің тіректерім.

Камшат -ау, сен мені қатты толғандырдың,
Қазағым жайлы өте терең ойландырдың.
Ал алеке сен өз шумағыңмен,
Бас шайқатып мықтылықпен таңқалдырдың.
Тікен сен болсаң жұмбақ сөздеріңмен,
Менің ақыл-ойымды аямай қолдандырдың.

Жауаб күтудемін ақындар тоқтамаңдар,
Тез алыңдар тек жатпасын бос қаламдар.
Ойда жүрген сұрақ - жауаб пікірлерді,
Ортаға салып тереңінен қозғалаңдар
Жеңіс Маткаримов
Гүлбаршынға
21-08-06 08:09
Хат жазбастан жолдаймын сізге сәлем,
Сәлемсіз Хат бастайды кандай әлем.
Аман есен, сау саламат журмісіз,
Айта барыңыз Өскеменге де жалынды сәлем.

Сіз мені айтысқалы шақырыпсыз,
Сөз қозғау қиын емес пе екен такырыпсыз?
Ондай болса айтысуға мен келістім,
Айтысайық сөздерімізді сапырып біз.

Гүлбаршын - ау, майыл.ру арқалы айтысқанша,
Осы жер өте қолайлы секілді айтысқынға.
Ал енді бұл жерден ұялсаңыз, амал нешік,
Тура келеді майл.руға қайтысқанға.


Тікен
isamaksim@yandex.ru
18-08-06 18:07
Жеңіс, сенің кеңесіңе рахметімді айтамын
Шынымен де намазды мен оқымаймын
Бұл өлеңді жазған себебім бар
Ол - өмрде жеген "таяқтар"
Әрине өлең - бір сәттің көрінісі ғана
Өлеңнің мәні негізделген эмоцияға
Бұл өлең сол кездегі көңіл күйім ғой
Адамда күнде бола бермейді той
Ақын жүректегі шындықты көрсету керек
Өлең - роман емес, жүрмейді мында өтірік
Не көрдің, не ойладың
Соны айтып, тіке бастың
Болмайды ақында қисық жол
Қалай ойлайсын сен? Сау бол!
Алем
18-08-06 08:51
Қызуы бар тіл дегенде Қазақтың,
Құрсауында болдым менде мазақтың!
Қалада жүр тілі бөтен бауырлар,
Қасіретін кешкеніме азаптың?

Көріп келем көрсем деймін өз жерім,
Өз жерімде өтпей де жүр сөздерім!
Талан тараж тіршілік бұл қайтейік?
Тағдыршығар, куәсіңдер өздерің!

Жеңіс Маткаримовтан ТІКЕНГЕ
egipt_2006@mail.ru
17-08-06 18:33
Тікен! Ойыңды дұрыс шешеалмадым,
Рухани азықтан сен кеш қалмағын.
Сол-ау, сені еш теңеге жібермейтін де жігерлейтін,
Намаз оқы, сонда жеңілдер жүк салмағың.
Жеңіс Маткаримов
egipt_2006@mail.ru
17-08-06 18:25
Амал нешік біздің қолдан не келеді,
Егерде солай ойламасақ нетер еді.
Я, солай ойламай алға бассақ,
Қазағым тек жақсылық жақтарынан
Елу елден озып бірақ кетер еді.

Біз бастамасақ істің басын ниет етіп,
Мәңгүрттік таяп қалар тез-ақ жетіп.
Ілім алайық елім, дінім және жерім деп,
Сонда Аллаһ бергей тұр паш етіп.

Ей, бауырларым! Намыс қайда қазақтық,
Орыстар жүр қазақ - қазақша сөйлейді деп мазақ қып.
Орыс-станда жүрген жоқпызғой ағайын,
Неге өз тілімізге бермейміз біз азаттық.
Камшат
17-08-06 16:18
Бұл дүние не боп барад(ы), не болады?
Көңілім бұл заманға бір толмайды
Қарасаң айналаңа өңкей сылқым
Ұрпақтың қамын енді кім ойлайды?

Төбелес, ұрлық пенен айуандық,
Қыз зорлау, нәпсі тыймау хайуандық.
Жұмыссыз қыздар тәнін сатып жатса
Жігіттер жүр ғой әлі Сайын аңдып.

Қарт үйі, бала үйі толып жатыр
Онымен қазақ қалай оңып жатыр?
50 ел қатарына қосамыз деп
Қазақты тамырымен жойып жатыр.

Тілім ше? Ана тілім, қазақ тілім!
Тілімде алатынмын барлық ілім
Ал қазір өз тілімде кітап таппай
Құриды күнделікті менің әлім.

Ой Жеңіс айта берсең сұмдық екен
Мен өзім буып келем белді бекем
Бір Алла төбемізде бар ғой сірә
Сол кісі бірдеңесін істер ме екен
Тікен
isamaksim@yandex.ru
16-08-06 21:38
Маған бәрібір деп өмір сүргім келеді
Ешкімге ешқандай парыз өтегім келмейді
Ешкімге мен мықтымын деп айтқым келмейді
Күштімін деп ешкімді кемсіткім келмейді
Сүйемін деп біреуге үміт бергім келмейді
Сүймеймін деп біреудің жүрегін жарғым келмейді
Еш өтрікшінің сөзіне сенгім келмейді
Өз сөзіме ешкімді сендіргім келмейді
Ақымақты үйреткім келмейді
Ақылдыдан жеңілгім келмейді
Біреудің бұйрықтарын орындағым келмейді
Біреуді жұмсауға да қарсымын
Осылай өмір сүрсем жүргізбейді
Түрлі ақылдылар мен ақымақтар
Өтірікшілер мен бастықтар
Қалай түсінбейсіндер сендер
Маған бұл дүние бос
Құдай ғана маған дос
Не айталасын сен бұған
Түсінікті болса мағынасы саған
Жеңіс Маткаримов
egipt_2006@mail.ru
15-08-06 19:00
Айтысуға шақырамын ақындарды
Айтысуға жан сүйер жақындарды
Көкпарша шумақтап, қалам алып
Кім алып оза шығар екен тақымдарды

Менің есімім Жеңіс МАТКАРИМОВ болады
Шымкет обылысы, сұрасаң оның тұрағы
Жүлде дайын ұтқанға мен беремін
Айтысатын айтыскерім кім болады



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube