Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Танысу
Тақырып: Намаз окитын 34-38 жас аралыгындагы жигиттермен таныскым келеди


Авторы Xабарлама
Роза
23-09-06 17:17
Мен намаз окитын жигиттермен таныскым келеди.Озим Москвада кызметте истеймин.

Авторы Жауап
Қайрат
18-10-08 10:44
Айтпақшы, мен де намаз оқиды екенмін ғой! Ораза ұстадым дегендей. Келе жатқан Құрбан айты құтты болсын. Шәуел айында алты күн нәпіл ораза ұстаған абзал дейді. Ол аманатты да орындадық. Ал, арақ темекіге келер болсақ, оларды ес білгелі аузыма алмадым десем де болады. Тағы бір сөз, өзбек ағайындардың соңғы фильмдерін видиктен тамашалап өкрдім. "Әттең, қазақтар да солар сияқты фильдер шығарса ғой, жастарымыз жата да, жастана көрер еді ғой", деген ой келді.
Қайрат
18-10-08 10:32
Роза, өзің Ташкенде жүріп қазақ тілін қалай біліп жүрсің? Өзбек тілінің қазақшаға ұқсайтындығына дауым жоқ. Алайда, Ташкентте тұрып, қазақ тілінің қаймағын бұзбай таза сақтау мүмкін емес. Олай дейтінім, өзім ертеректе аталмыш Шығыс шаһарында тұрып көрдім. Чкалов атындағы ұшақ жасау зауытында еңбек еткен бірер жыл ішінде өз басым шала қазақ болып шыға келдім. Ойымды өз тілімде таза жеткізуді айтпағанда, тіпті қағаз бетіне де өзбек сөзін араластырмай хат түсіру мүмкін болмай қалды. Әлде, Низамидегі қазақ филфагін бітірдің бе? Мәскеу де, Еуропа да, ел айтып жүрген АҚШ-та жақсы шығар. Алайда, қазаққа Қазақстаннан артық жер де, ел де жоқ. Өз басым Толстойдай ұлы ғұлама жазушысы бар, Пушкин мен Лермонтовтай ұлы ақындары бар. орыс халқын осы күнге дейін өте жақсы көремін. Жері де, елі де кең, көңілі де кең орыс ұлтының арасында да өмір өткізуге болатын шығар. Бірақ, Роза, саған айтарым, бір кездері ұлы "Жібек жолы" кесіп өткен, Батысы Қара теңізден бастап, Шығысы сонау Теңіз жағалауы(Приморский Край) өлкесіне дейінгі жерді мекендеген Аттиладай әділ патшасы бар, Томиристей ханшайымы бар(Кир патшаның басын алған), Ахмет Ясауйдай әулиесі, Асанқайғыдай абызы, Абайдай хәкімі, Төле, Қазбектей және Әйтекедей дана да турашыл билері бар қазақ перзенті үшін өзге елде өмір сүру мүмкін емес. Миллиардтаған қаржысы, қолында билігі бар жан болса да, (егер ол мәңгүрт болып кетпесе) өз елінде тұрмаған соң ол өмірде не мағына, не мән бар? Сен тұрып жатқан орыс ұлтының да бірер қайраткерлері шетел асқан. Сосын, білесің бе, не болғанын? Өмір бақи өз еліне оралуды аңсап, ішқұса болып өткен. Дана бабаларымыз осындай қиындықтың адам тағдырында кездесетінін сезгендіктен "Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол" деген. Мәскеуді былай қойғанда, өз басым Ташкенге де сыя алмадым. Алматыға бір-ақ рет келіп, қазақ жастарын көрген бетте әке-шешеміз айтып жүретін әлгі мақал ойыма оралды. Ташкентке қайта оралғанымда қазақ халқы болмаған жерде өзімнің жетім екенімді бірден сезіндім. Қазір, өз елімнің ұлтаны ғана болып жүрмін. Оныма өкінбеймін. Туған жерімнің артықтығын сонау неміс жерінде екі жылдық әскери борышымды өтеген кезімде де сезінген болатынмын. Сенің Ташкенге сыймауыңды түсінуге болады. Перзентіңді қазақ ету саған үлкен аманат. Сол қыз ертең бой жеткенде оны бір құт қонған қазақ отбасына ұзату да, оның қазақ ұрпағын өрбітіп тәрбиелеуіне жол ашу да саған құдай алдындағы аманат. Саған жаңа достарың көп тілектер айтқан екен, бәріне де қосыламын. Егер де уақыт тауып Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының "Әдебиет айдыны" деген газетіне, яғни маған хат жазсаң қатты қуанар едім. adebiet-aidyny@mail.ry "Лично Қайрат Дүйсенге" деп осы электронды почтаға хат жолдаңыз. Соткам:87024513266. Жұмыс телефонымыз:272-51-87
Марат
maratzhara@mail.ru
27-01-07 23:23
Роза! танысайық Іздеген адамыңызға ұқсаймын
Дастан
03-10-06 13:46
Алла сіздіњ тілеуіњізді берсін.
Роза
03-10-06 13:02
Ассаламалейкум ! Асем Рамазан айы озинизгеде кутты болсын! тилегиниз ушин улкен рахмет,
маган намаз окуды билмесе де ,арак ишпейтин адам болса деймин . Себеби арак ишу ешкандай жаксылыкка алып келмейди, уйден береке кетеди.
Асем
02-10-06 13:52
Ассаламалейкум !
калыныз калай ?
Рамазан айындагы устаган Оразаныз кабыл болсын !
Тилектериниз орындалып , жаксы мусылман адамды кездестируинизге тилектеспин !


Роза
28-09-06 18:02
Мен озим Ташкенттенмин. Турмыска шыгып, ажырасканмын. Бир кызым бар. Казир 1 жылдан астам уакыт осында ягни Маскеуде фирмада есепши болып жумыс истеймин. Казактар мен сойлесип, таныскым келеди. Рамазан айы кутты болсын баринизге. Ойлаган ниеттеринизге жетулеринизге тилектеспин.
Боря
23-09-06 22:36
Озыныз туралы толык жазсаныз.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube