Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Тез арада әр қазақ білуі тиіс бүкіл қазақтың мәселесі


Авторы Xабарлама
Еркін
20-05-19 15:01
Қытайдағы Шынжаңдағы қазақтардың көріп жатқан қиындықтары мен азаптары адам сенгісіз. Бұл туралы біздің жаңалықтар ештеңе айтпайды. Қазақ пен ұйғыр және басқа түркі тектес ұлттарды түрлі сылтаулармен түрме және концлагерлерге жауып жатыр. Сылтауларының бәрі де ақылға қонымсыз. Мысалы, соңғы естігенім басына операция жасалған бір әйелді таңертеңгі ту көтеру рәсіміне қатысқанда басына орамал тартып барғаны үшін ОН ТОҒЫЗ жылға соттап жіберіпті. Міне, осындай өтірік \\\"қылмыстармен\\\" 60-90 жастағы адамдарға дейін соттай береді. Қазір МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ қазақ еш кінәсіз жабылыпты. Онда ең жеңілі - тамақ бермей, дәретке барғызбай, электрошок беріп азаптап, қытай компартиясын мадақтатып, өздерін жамандатқызады екен. Ал ең қиынында тәулігіне үш сағат қана ұйықтатып, қалған уақытта құлақтарына арнайы психикаға жаман әсер ететін дыбыс жіберіп тұрады, соғады, зорлайды. Бір кішкентай ғана ауданда көп этажды үлкен бір мемлекеттік ғимаратты жындыхана етіп, оның іші толып кетіпті. Тағы бірталайын лагерден босатып, зауыт, фабрика, кендерде тегін құлдық жұмысқа жегіпті. Бұл жағдайдың басталғанына, міне, үшінші жыл кетіп барады. Көп қазақтың үйлеріне бір-екі қытайдан \\\"туысқан\\\" ретінде тұрғызып қойыпты, ал отбасыларының мүшелері сол кезде лагерде қиналып жатыр. Адам ойына келмейтін нәрсенің бәрін көрсетіп, қатты қинап, азаптап жатыр, небір уколдар жасап, тіпті ағзаларын жаппай ұрлап қымбатқа сатып жатыр. Әке-шешесін түрме-лагерге тығып, балаларды түрме сияқты жетімханаларға жіберіп, сен қытайсың деп тәрбиелейді. Ал Қазақстанда қаншама бала Қытай қамап, жібермей отырған ата-анасымен екі жылдан бері сөйлесе де алмай жылап жүр.\r\nНе істейміз? Көмектесейік, қазағым! Бір-бірімізге шындықты жеткізейік. Өйткені Қытай компартиясы тек ол жақтағы қазақтармен шектелейін деп отырған жоқ. Қазақстанның жері Балқашқа дейін біздікі деп отыр. Әлемдегі әлсіз елдерге миллиардтаған қарыз беріп, одан кейін ол елдерге қытайларды қаптатып, кез келген қулықпен жерлерін тартып алмақшы, тартып ала алмаса да сол елдердің басшылары арқылы сол елдерде өз билігін жүргізбекші. Ютубты қарасаңыздар айғақ-дәлел жетеді.\r\nБұл жағдайды елемей қойсақ, ертең Қытай қазақтары сияқты тым кеш қалуымыз мүмкін. Ал дәл қазір Қытай барлық адамның шындықты білуінен өте қатты қорқады және өз заңдары мен халықаралық заңдарды бұзып отырғанын қытайшыл күштер арқылы жасырғысы келеді.\r\nӨтінішім, осы туралы ютуб, фейсбук т.б.-дан көріңіздер, сосын шындықты бәріне жеткізе жүріңіздер. Себебі бүкіл халық білсе, бір шешімі табылары анық.

Авторы Жауап
Еркін
28-06-19 05:05
Басына орамал тартқаны үшін қытайлар 19 жылға соттады https://youtu.be/OVAdBKCf3bw
Обал ғой! Бұл қылмыс па екен?

https://youtu.be/cUmEeAIETPA
Тағы да мен
23-06-19 11:01
Мыңдаған қазақ-ұйғырды осылай айлап-жылдап күні-түні үздіксіз шынжырлап отыр https://youtu.be/se8TC1QriqU
Кытай турмесінде Таңжарық атамыздың көргені https://youtu.be/U29DujWZFdk
Ояныңыздар! Тым болмаса, жауыз қытайдың тауарын алудан және сатудан жаппай бас тартыңыздар!
Тағы да мен
21-06-19 19:34
Бала асырап алғысы келіп, түс жорып, көріпкел іздеп, ру іздеп... т.б. жүрсіздер. Ал қандастарымыз мынадай күйде https://youtu.be/q3tvnuBITbM Ояныңдар!
Men
22-05-19 13:33
Erkin Azat November 6, 2018 (фейсбуктан алынды)

Түрмедегі Азаппен өткен бір Айым

Асан қорғас (Өзгертілген есім)

Менің атым Асан, мен бүгін түрмеден шыққаныма 3 күн болды, бірақ әлі Қытайдың қорғасында тұрамын. Бұлардың әдеттері бойынша мен сияқты адамдар қайтадан түрмеге кіргізілуі бек мүмкін. Сондықтан мен осы бір айда көрген түрмедегі азабымды сіздерге жеткізбекшімін. Мені қайта ұстаса ұстай берсін, бірақ менің көргендерімді Халықара білсін, осы жазылғандардың бәрі шын, егер мен тірі болсам, осы сөздерімнің бәріне куәлік бере аламын.

Мен Көлік қатынасы қателігін жасадым, жеңіл шара, ақшасын төлеп кетуі керек болатын, содан Жол Сақшы мекемесіне бардым. Содан олар мені тексереміз басқа да қателігің бар деп алып кетті. Сосын мені темір орындыққа қол-аяғымды байлап отырғызып қойды. Сосын меннен қайта-қайта сұраққа алды: «Біз сенің қылмысыңды білдік, жасырып отырсың, дереу тапсыр» деп, «Егер қылмысыңды тапсырсаң жеңіл шара, тапсырмасаң ауыр шара» қолданамыз деді. Мен өзімнің ешқандай қылмыс өткізбегенімді айтқанда, олар мені тоқпен соқтырып талдырып тастады.

Бір оянсам басымда қара пакет кигізілген, бір машина мен сияқты адамдармен бірге Қалалық Қамаққананың алдына келдік. Қол-аяғымда кісен, қолым артқа қайырылған. Қасымызда бір-бірден сақшы. Олар бізді түрме сақшысына әкеліп табыстап кетті.

Олар бізді тыр-жалаңаштап бәр жерімізді тексерді, маған түрменің киімін берді, сосын бір камераға алып келді, онда 56 ер адам болдық. Ұғысуымзша біз «жеңіл қылмыскерлер» екенбіз. Ортада ұзыншақ кішкене ағаш орындық болды. Бәр адам тізіліп сонда отырады екен, Қамалғандардың ішінде күш-қуаты барлары, мықтылары кеште сол ұзыншақ ағаш орындықтарда ұйықтайды екен, ал әлсіздері жерде ұйықтайды екен.

Әрбір камерада екі шелек болады, біруіне кіші дәрет, біреуіне үлкен дәретке отырамыз, таңертең үлкен дәретке отырарда мықтылары алдымен таласып отырады, әлсіздері соңынан отырады, ең соңында қалғандарының денесіне дәретке отыру барысында дәрет сулары тамып-жағылып қалады, кейбірелерінің денесі дәрет суы себебі қабынып, іріңдеп кеткендері де бар.

Біз ашық сөйлесе алмаймыз, тек өзара сыбырлап қана сөйлесеміз. Сыбырлап сөйлесу барысныда қоғамдағы әр саладағы адамдардың бар екенін білдім. Мысалы: Профессорлар, Қытай тілі Аудармашысы, Теле жүргізуші, Жеке саудагер, Үкімет қызметкерлері, Тархишылар, Жергілкті ұлттан болған Христиандар мен Тәңіршілдер, дінге сенбейтіндер және Коммунистер, бұлардың бұл жерге кіру себебі, Жергілікті ұлт болғандығында(Қазақ, Ұйғыр, т.б.).

Жейтін тамағымыз Момо(буға піскен қамыр) мен қара суық су, кранның суы.

Осы бір ай уақыт кезімде, Бізді Сыртқы аулаға шығармады, бірақ түрменің есігіндегі кішкене терезеден түрменің қабырғасына қарағанда, түрменің залының Қабырғасында бір сурет тұрды, онда жасы 70-80 жас арасындағы қария мен 21-30 жас аралығындағы екі адамның қолына қызыл ту алып, жүзінде күлкі үйірлген (әдейі жасалған) жарнама тұр, Астында Бұлар «Озат Үйренушілер», «Үйрену Орталығының Түлектері» деп жазылған. Ол жерде бізге Коммнуистік әндер мен Ши жинпиңді мадақтау міндеттелген. Түрме басқарушысы бізге «Егер жақсы жаттасаңдар, Түрмеден шығасыңдар» деп үгіттеді.

Бұл түрменің тәртібі өте нашар, Қытай қылмыскерлер(Есірткі, Ақша жеген, т.б.) мен Қазақ қамалғандар ортасында күнде төбелес, қырылыс болады. Қытай қылмыскерлер бізді: «Сендер тыныш жүрмей, бізге кесірлерің тиді, сендердің кесірлеріңнен бізді де қоса қамап жатыр» деп ұрады. Көбінесе Қытай қылмыскерлер Қазақтарды ұрса түрме сақшысы көп араласпайды, Ал егер Қытай қылмыскерлерды Қазақтар ұрып талдырып тастаса, сол ұрған Қазақты Қытай түрме сақшылары ұрып-ұрып талдырып әкеп тастайды.

Ол жерде бізді ұратын жеке бөлме бар, онда еттерді асып қоятын темір ілгіштер бар, онда адамдардың екі қолына көзір салып, сол темір ілгішпен іліп, ет сияқты тізіп қойып, кілем қаққан секілді ағаш тоқпақпен сабап жатты, мені де бір ілгішке ілді де ағаш тоқпақпен сабап-сабап талдырып тастады. Бір ойансам камераға әкеп тастаған.

Біз олардың ішіндегі жағдайы жақсылары, біздікі «жеңіл қылмыстар», біздің төмен қабатымызда Молдаларды және дінмен қатысы бар адамдарды қамайды, онда адам көп болмайды, әр камераға 20~30 дан болады. Онда молдаларды жазалайтын бөлме бар, ол бөлмеде 1 молдаға 4 қытай қылмыскер қадағалап отырады, молда ортада кіші орындықта, екі қолын тізесіне қойып, басын төбеге қаратып тік отыруы шарт, ал төртеуі төрт жақта молданы бақылап отырады. Егер молданың мойыны талса, не денесі қисайса, ауызы жыбырлап дұғаны іштей оқымақшы болса бақылап отырған төрт қытай қылмыскерлер молдаға ұрысып, айқайлайды.

«Қошқар мен Текені қосатын бөлме»:

Біздің түрмеде жеке бір бөлме бар, оны Түрме сақшылары «Қошқар мен Текені қосатын бөлме» деп мазақтайды. Ол бөлмеге Қамалғандардің әйелдері (Ұсталмаған) әр 6 айда бір келіп, өз күйеулерімен қосылады. Бірақ ол бөлмеде де камера бар. Түрме сақшылары сол камера арқылы олардың қосылғанын көріп қызықтайды. Әрі қосылып болған соң, Қамалғандар мен Қамалғандардың әйелдерін мысқылдап мазақтайды. Мен болған кезде 6 Қазақ әйел кісі өздерінің күйеулерімен сондай масқаралы жағдайда қосылды.

Мен білетін өлім жағдайы:

65 жастағы бір Қазақ қарияның өлгеніне 30 минтуқа толмай жатып, оның «қан басыммен өлді» деген диагнозы шығып қойды, бұл әдеттегі күнделікті жаттамалы жағдай болғаны. Сосын оның өлігін үйіндегілерге тапсырды, денесі көгала қойдай сабағаннан көкпең-көк болып ісіп кеткен, қабырғасы сынып, өкпесіне кіріп кетіпті, үйіндегілер оның өлігін жым-жырыт күйде алды, олар егер арызданса өздерін де қамап тастаудан қорқады.

Сосын менің үйімдегілер бар үйді, көлікті және сатуға болатын барлық затты сатып қомақты қаржымен мені шығарып алды. Менің түрмеден шықты деген қағазымды әлі берген жоқ, кейінірек береміз дейді. Қазір қорғастамын, басқа ешқайда шыға алмаймын. Бұнда Қорғастың шекарасына ұшатын камера (дром, Da Jiang) орнатып қойыпты. 4~5 адам яғни шоғырланған адамдардың үстіне үшіп келіп аялдап не айтып тұрғандарын естіп тұрады екен. Менің таныстарым мені көргенде беттері бозарып қаша жөнелді. Олар менімен сөйлескені үшін қамалып кетулерінен қорқады. Халық бірақ қорқып қалған. Олар өздіренің қашан ұсталатынын, не себептен ұсталатынын білмейді, бірақ бәрібір ұсталатынын біледі.

Бұнда 10000 дай мен сияқты «жеңіл қылмысты» адамдарды түрмеден шығарды, Қытай үкіметінің айтқаны:«Қытайшаны жақсы жаттаған үйрену орталығының үздік түлектері», бірақ олар өз шағын райондарынан шыға алмайды, естуімше Халықарадан тексеру келеді екен, соған әдейі шығарып жіберген сияқты, Халықарадан тексеру біткен соң сол түрмелердің астын жер асты түрмесі қылып үлкен түрмелер салады екен де сол 10000 адамды қайтадан сол жер асты түрмесіне қамайды екен, кейбір құрылысты тіпті жасырын бастап кетіпті. Түрмеден шыққан бірнеше таныстарым естері ауысып жынды сүрей болып қалыпты.

Мен осы хабарды сіздерге жеткізу үшін өліп кетуім де мүмкін, бірақ «Еркек тоқты құрбандық», бәрібір өлгелі тұрмын, осы ақпаратымды Халықараға жеткізіп берсеңіздер, мен осы айтқандарымның шын екеніне куәлік бере аламын.

Бұл шын мәнінде ешқандай үйрену орталығы емес, жергілікті ұлтқа жасалған фашистік түрме екен. Бұның ешқандай дінмен қатысы жоқ, Халықарлақ ұйымдардың тез арада ішкерлей тексеруін үміт етемін. Егерде бұл фашистік түрмені тез арада жаппаса, жергілікті халықтың түбегейлі жойылып кететіне сенімдімін.
Асан Қорғас
03.10.2018



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube