Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Ойыл өзені


Авторы Xабарлама
Нұрлан ЕСЕНҒАЗЫ
yessengazy@mail.ru
28-02-21 04:21
Ақтөбе облысы бойынша: Мұғалжар, Темір, Ойыл аудандарына және Атырау облысы, Қызылқоға ауданына қарасты Ойыл өзенінің суы жылдан-жылға тартылып, ашып, шіріп, кеуіп балықтары қырылып, елдің күн көрісі малдары ішуге жарамай қалғандықтан күрделі экологиялық апат қалыптасқалы отыр. Ойыл өзені осылай кеуіп кетсе 800 шақырым Ойыл өзенінің бойы шөл далаға айналуы мүмкін. \r\n Кітаптарда жазылған деректерге сүйенсек Ойыл өзенінің ұзындығы 800 шақырым, ені 14-80 метр. Ойыл өзеніне 60 шағын өзендер келіп құяды:\r\n1. Қобда ауданы бойынша, Қиыл 193 шақырым, Батпақты 67 ш, Қарағанды т.б.\r\n2. Темір ауданы бойыншы, Шығырлықұмды 71 ш, Кенжалы 64 ш, Жарлы 62 ш, Бабатай 59 ш, Құмды 57 ш, Қайыңды 52 ш, Қарасай 50 ш, Шилі 27 ш, т.б.\r\n3. Ойыл ауданы бойынша, Ащыойыл 114 ш, Лабақсай 55 ш, Құрғақты 21 шақырым және Қуырдақты, Келтесай, Қаңбақты, Ащықара, Жекенді сай, Қарағандысай т. б. ұсақ өзендер мен Жылғалар(тереңдігі 2-6 метр, ұзындығы 2-10 метр, ені 2-6 метр). \r\n Экологиялық апатқа ұшыралағалы отырған 800 шақырым Ойыл өзені бойындағы елді мекендер: \r\n1. Ақтөбе облысы бойынша 27 шақырымы Мұғалжар ауданының (Талдысай, Еңбек, Қызылбұлақ т.б.), 160 шақырымы Темір ауданының(Шығырлы, Ақсай, Шұбарқұдық кәсіпшілігі, Жақсымай, Қопа, Шұбарқұдық, Алтықарасу, Сарытоғай, Бабатай, Қайыңды, Шибұлақ т.б.), 335 шақырымы Ойыл ауданының(Шұбарши, Көптоғай, Құлжабай, Амангелді, Қарасу, Қаратал, Берсиев, Ойыл, Микол, Добыр, Қаракемер, Қипы, Санаторий, Ақшатау, Шиқұдық, Көктал, Кемер, Қоңырат, Көсембай, Аманкелді т.б.), \r\n2. Атырау облысы бойынша 278 шақырымы Қызылқоға ауданының (Миялы, Жангелдин, Дәулетиман, Жасқайрат, Аққора, Қоныстану, Тасшағыл, Қаракөл, Қарабау, Жарыпшыққан, Тайсойған т.б.).\r\n Бүгінгі таңда спутник арқылы 800 шақырым Ойыл өзенін және Ойыл өзеніне құятын бұлақтар мен шағын өзендерді бөгеп тастаған 38 кедергілер анықталып отыр. \r\n Экологиялық апаттың алдын алу мақсатында Мұғалжар, Темір, Ойыл және Қызылқоға аудандарының азаматтары бірігіп 2020 жылы тамыз айының 22 күні ватсап, телеграм желісі арқылы «Ойыл өзені тобы» құрылды. \r\n\r\n Ақтөбе қаласы, Нұрлан Ізденұлы ЕСЕНҒАЗЫ, 87014552854, 87774088898. \r\n

Авторы Жауап
Нұрлан ЕСЕНҒАЗЫ
yessengazy@mail.ru
28-02-21 04:27
Оныншы: 19.01.2021 Ақтөбе облысының әкімі О.С.Оразалиннің қабылдауында болдым. Жазбаша өтінішімді алып бардым. Ауызша Ойыл өзенін экологиялық апаттан құтқару мәселесі бойынша 800 шақырым Ойыл өзені бойында орналасқан елді мекен азаматтарының арызын, өтінішін, ұсыныстарын айттым. Жақсығали Исламұлы Иманкуловпен бірге жоба жөнінде айта келіп, қаржы сұрадық. Облыс әкімі комиссия құрып көтерілген мәселелерді тексеріп, анықтау керектігін айта келіп, қажет болса халықпен ақылдасып, жоба дайындап, қаржы бөлу керек деді.
Он бірінші: 27.01.2021 жылы Ақтөбе облысының әкімі О.С.Оразалиннің бұйрығымен құрылған комиссия төрағасы Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ж.И.Иманкулов Темір және Мұғалжар аудандарына іссапарға барып келді. Жиналысқа қатысуға тілек білдіргендер: Қайыңды ауылдық округі бойынша Тәжімұрат 87012793076, Сарытоғай ауылынан Есбол 87012381472, Ақсай ауылынан Батырғали 87015495409, Жақсымай ауылдық округінің әкімі Руслан 87710825305, Мұғалжар ауданы бойынша Талдысай ауылдық округінің әкімі Қазыбек 87714778686. Тізім алдын ала комиссия мүшесі Болатқа бір апта бұрын жіберілді.
Он екінші: 28.01.2021 жылы аталған комиссия Ойыл ауданына барды. Жиналысқа қатысуға тілек білдіргендер: Қайыңдыдан Есболай 87024919080, Кемерден Аманғали Ө 87012470767. Ақшатаудан Мінсізбай 87026326556, Қаракемерден Төлепберген 87024239762, Аманорман 87712909134, Ойылдан Серік Қ. 87057130626, Берсиевтен Серікқали 87016535639, Көптоғайдан Батырбек 87770766688. Тізім алдын ала комиссия мүшесі Болатқа бір апта бұрын жіберілді.
Аталған комиссия Ойыл ауданына келе жатып Қобда ауданында жиналыс өтізді.
Он үшінші: 09.02.2021 жылы Ойыл ауданы бойынша Ойыл өзені бассейнінің арнасын реттеу және гидрологиялық режимін қалпына келтіру техникалық-экономикалық талқылау 10.02.2021 жылы өтетін жиналысына 800 шақырым Ойыл өзені және Ойыл өзеніне құятын шағын өзендер бойында орналасқан елді мекен азаматтарының атынан ұсыныстар берілді:
1. Ойыл өзені мәселесін ғылыми тұрғыда зерделеу, зерттеу. Ойыл өзенінің өсімдіктерін, суының құрамын, сапасын тексеру. Ғылыми институттармен келісім шартқа отыру.
2. Ойыл өзеніндегі балықтарды, айналасындағы төрт түлік малдарды инфекциялық, паразит(құрт) ауруларына тексерту,
3. Ойыл өзені бойындағы суармалы егіс, бау-бақшаларды егуді, суаруды уақытша тоқтата тұру,
4. Ойыл өзенін, Ойыл өзеніне құятын шағын өзендер мен бұлақтарды бөгеп алғандарды және ластап, таптап тастағандарды тәртіпке шақыру,
5. Ойыл өзенін және Ойыл өзеніне құятын өзендер мен бұлақтарды жылына екі рет тазарту, қорғау және есепке алу үшін жауапты мекеме, мамандар тағайындау, картаға түсіру,
6. Ойыл өзені бойының екі жақ бетіне талдар, алма бағын өсіру,
7. Ойыл өзені мен Ойыл өзеніне құятын шағын өзендерді және бұлақтарды күтіп ұстауды ауыл әкімдерінің құзырына беріп, сол ауылдың материалдық ресурсы ретінде қорғалуын жүктеу,
8. Ойыл өзені мен Ойыл өзеніне құятын шағын өзендерді және бұлақ суын бүлдірушілерді әкімшілік жауап¬кершілікке тартуға құзіретті эколо¬гия¬лық полиция қызметінің мәртебесін өсіру,
9. Ойыл өзені мен Ойыл өзеніне құятын шағын өзендерді және бұлақтарды тазарту мақсатында қаржы сұрау,
10. Ойыл өзенінің суын үнемдеу мақсатында негізсіз, беталды бұрғылап су шығаруға тыйым салу, есепке алу, ақылы қылу,
11. Қосымша күш ретінде С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті мен Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің «Экология» кафедрасының ғылыми қызыметкерлері мен студенттерін жұмылдыру.
Он төртінші: 21.02.2021 жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М.Мырзағалиевтің көмекшісі Сәрсенбай Құрманұлы Еңсегеновтың шақыруымен Ақтөбе қаласында, Ойыл өзенін экологиялық апаттан құтқару мәселесі бойынша кездесіп, осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстар жөнінде жазбаша мәлімет табыс еттім.
Он бесінші: 22.02.2021 жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М.Мырзағалиевтің көмекшісі Сәрсенбай Құрманұлы Еңсегенов Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинмен кездесіп, Мұғалжар және Темір аудандарына барып Ойыл өзенін экологиялық апаттан құтқару тақырыбы бойынша жергілікті халықпен және әкімшілікпен бірлескен жиналыс өткізді. Атырау облысы, Қызылқоға ауданының азаматы Есенбай Сәмекұлы Нұров қасындағы төрт көмекшісімен жиналыстарға қатысты.
Он алтыншы: 23.02.2021 жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М.Мырзағалиевтің көмекшісі Сәрсенбай Құрманұлы Еңсегенов Ойыл және Атырау облысы, Қызылқоға аудандарына барып Ойыл өзенін экологиялық апаттан құтқару тақырыбы бойынша жергілікті халықпен және әкімшілікпен бірлескен жиналыс өткізді.
Нұрлан ЕСЕНҒАЗЫ
yessengazy@mail.ru
28-02-21 04:25
Екінші: 13.10.2020 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры және Экология кафедрасы ғалымдарымен Ойыл өзенін экологиялық апаттан құтқару тақырыбы бойынша кездесу ұйымдастырылды.
Үшінші: Баишев жоғары медициналық колледжінің қолдауымен(Баишев жоғары медициналық колледжінің директоры Бақыт Сағындыққызына, орынбасары Динара Исламқызына ризашылығымды білдіремін) 2020 жылы 20 қазан күні, «Өзендерді экологиялық апаттан құтқару» тақырыбында 81 адам қатысуымен Республикалық идеологиялық-тәрбиелік онлайн конференцияда өтті.
Республикалық идеологиялық-тәрбиелік онлайн конференцияда баяндама жасаған және сөз алғандар:
1. Баишев жоғарғы медициналық колледжінің оқытушысы Нұрлан Ізденұлы(модератор),
2. Баишев жоғарғы медициналық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шалғынбай Өтегенұлы,
3. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы аулылының тұрғыны, зейнеткер Есенбай Сәмекұлы,
4. Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің доценті Гүлнәр Еркінқызы,
5. Ақтөбе қаласы, обаға қарсы станциясының директоры Жайдар Бейсенбайұлы,
6. Мұғалжар аудандық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Светлана Сатқанқызы,
7. Атырау қаласының тұрғыны профессор, гидролог Едіге Сабырұлы,
8. Санкт-Петербург қаласының тұрғыны, профессор Сәрсенғали Аққұлұлы,
9. Қарғалы ауданы бойынша ардагер ана Бибігүл Әбдішүкірқызы,
10. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының ақсақалдары.
Ұсыныстар:
1. Бұлақ көздері бар аумақтардағы мектеп оқушыларын, жастарды және студенттерді экологиялық сипаттағы іс-шараларға жұмылдыру. Балалардың бойында табиғатқа деген жанашырлық пен экологиялық мәдениетті қалыпастыру. Балаларды, жастарды еңбектену арқылы тәрбиелеу.
2. Бұлақ көздері бар жерлерді жалға алған меншік иелері мен табиғатты пайдаланушылар арасында бұлақ суын сатуға тыйым салу(Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер мен оның қойнауы және су көздері мен ресурстары азаматтардың ортақ игілігі болып саналады. Әрі мұның бәрі мемлекет қорғауындағы нысандар қатарына кіреді.).
3. Елімізде бұлақтар мен ерекше қорғалатын су көздері маңын¬да санитарлық нормаларды бұ¬зып, оған залал келтіргендерге ірі мөл-шерде айыппұл төлету тәртіптері ен¬гізу.
4. Білім және ғылым ми¬нистрлігінің Ғылым комитеті су ресурстарына мони¬торинг жүргізу жобасын ұсыну.
5. Бұлақтарды күтіп ұстауды ауыл әкімдерінің құзырына беріп, сол ауылдың материалдық ресурсы ретінде қорғалуы.
6. Бұлақ суын бүлдірушілерді әкімшілік жауап¬кершілікке тартуға құзіретті эколо¬гия¬лық полиция қызметінің мәртебесін өсірген дұрыс.
7. Өзендерді тазарту мақсатында Облыстан, Үкіметтен қаржы сұрау.
8. Ойыл өзені мәселесі бойынша Ойыл, Темір, Мұғалжар, Қобда аудандары және Атырау облысы Қызылқоға ауданының халықтары қол қойып, әр аудан жеке-жеке Президентке, Сенатқа, Үкіметке хат жазу.
9. Ғылыми инстуттармен байланыс орнату.
10. Қажет болған жағдайда шет елдердегі ғылыми инстуттармен бірге Ойыл өзенін зерттеу, тексеру мақсатында бірлесіп жұмыс жасау.
Төртінші: Ойыл өзені тобының атынан 2020 жылы 23 қараша күні Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М.Мырзағалиев мырзаға Республикалық онлайын конференция өткізу жөнінде ұсыныс хат жіберілді.
Жауап хат: Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М.Мырзағалиевтен Республикалық онлайын конференция өткізуге келісім берілгені жөнінде 04.12.2020 жылы келді.
Бесінші: 09.12.2020 жылы Ойыл өзенінің экологиялық жағдайын түсіндіру, өтініш, ұсыныстар айту үшін және министрмен болатын онлайын Республикалық конференция жөнінде ақылдасу мақсатында Ақтөбе обысының әкімі О.С.Оразалинмен кездесуге өтініш жаздым.
Алтыншы: 10.12.2020 жылы Қазақстан Ақтөбе телеарнасының шақыруымен «Сәті түскен сұхбат» хабарына Атырау облысы, Қызылқоға ауданының атынан Бижан ҚАЛМАҒАМБЕТ және Ақтөбе облысы бойынша Нұрлан ЕСЕНҒАЗЫ қатысып Ойыл өзенін экологиялық апаттан құтқару тақырыбында кездесу болып, сұхбат өткізілді.
Жетінші: Ақтөбе обысының әкімі О.С.Оразалинмен кездесуге өтінішім(09.12.2020 ж) облыс әкімінің орынбасары А.Б.Бердалинмен қаралып, Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан 24.12.2020 ж. №ЖТ-Е-21/0. Ойыл өзенін экологиялық апаттан құтқару мәселесі бойынша конференцияға қатысуға қарсы емес екені жөнінде поштамен үйге жауап хат келді.
Сегізінші: 13.01.2021 жылы Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ж.И.Иманкуловтың телефон арқылы шақыруы бойынша Ойыл өзені тобынан төрт адам кездесуге бардық. Ойыл өзені бойында орналасқан елді мекендер халқының атынан: Нұрлан 87014552854, Есболай 87024919080, Тәжімұрат 87012793076, Батырбек 87770766688
Тоғызыншы: 18.01.2021 жылы Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ж.И.Иманкуловтың шақыруымен 800 шақырым Ойыл өзенін мелиорациялық (агроорман-мелиорациялық, агротехникалық, гидромелиорациялық,
химиялық т.б.) іс-шаралар жүргізу бойынша жобаны талқыладық.
Нұрлан ЕСЕНҒАЗЫ
yessengazy@mail.ru
28-02-21 04:24
Екінші: 13.10.2020 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры және Экология кафедрасы ғалымдарымен Ойыл өзенін экологиялық апаттан құтқару тақырыбы бойынша кездесу ұйымдастырылды.
Үшінші: Баишев жоғары медициналық колледжінің қолдауымен(Баишев жоғары медициналық колледжінің директоры Бақыт Сағындыққызына, орынбасары Динара Исламқызына ризашылығымды білдіремін) 2020 жылы 20 қазан күні, «Өзендерді экологиялық апаттан құтқару» тақырыбында 81 адам қатысуымен Республикалық идеологиялық-тәрбиелік онлайн конференцияда өтті.
Республикалық идеологиялық-тәрбиелік онлайн конференцияда баяндама жасаған және сөз алғандар:
1. Баишев жоғарғы медициналық колледжінің оқытушысы Нұрлан Ізденұлы(модератор),
2. Баишев жоғарғы медициналық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Шалғынбай Өтегенұлы,
3. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы аулылының тұрғыны, зейнеткер Есенбай Сәмекұлы,
4. Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің доценті Гүлнәр Еркінқызы,
5. Ақтөбе қаласы, обаға қарсы станциясының директоры Жайдар Бейсенбайұлы,
6. Мұғалжар аудандық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Светлана Сатқанқызы,
7. Атырау қаласының тұрғыны профессор, гидролог Едіге Сабырұлы,
8. Санкт-Петербург қаласының тұрғыны, профессор Сәрсенғали Аққұлұлы,
9. Қарғалы ауданы бойынша ардагер ана Бибігүл Әбдішүкірқызы,
10. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының ақсақалдары.
Ұсыныстар:
1. Бұлақ көздері бар аумақтардағы мектеп оқушыларын, жастарды және студенттерді экологиялық сипаттағы іс-шараларға жұмылдыру. Балалардың бойында табиғатқа деген жанашырлық пен экологиялық мәдениетті қалыпастыру. Балаларды, жастарды еңбектену арқылы тәрбиелеу.
2. Бұлақ көздері бар жерлерді жалға алған меншік иелері мен табиғатты пайдаланушылар арасында бұлақ суын сатуға тыйым салу(Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер мен оның қойнауы және су көздері мен ресурстары азаматтардың ортақ игілігі болып саналады. Әрі мұның бәрі мемлекет қорғауындағы нысандар қатарына кіреді.).
3. Елімізде бұлақтар мен ерекше қорғалатын су көздері маңын¬да санитарлық нормаларды бұ¬зып, оған залал келтіргендерге ірі мөл-шерде айыппұл төлету тәртіптері ен¬гізу.
4. Білім және ғылым ми¬нистрлігінің Ғылым комитеті су ресурстарына мони¬торинг жүргізу жобасын ұсыну.
5. Бұлақтарды күтіп ұстауды ауыл әкімдерінің құзырына беріп, сол ауылдың материалдық ресурсы ретінде қорғалуы.
6. Бұлақ суын бүлдірушілерді әкімшілік жауап¬кершілікке тартуға құзіретті эколо¬гия¬лық полиция қызметінің мәртебесін өсірген дұрыс.
7. Өзендерді тазарту мақсатында Облыстан, Үкіметтен қаржы сұрау.
8. Ойыл өзені мәселесі бойынша Ойыл, Темір, Мұғалжар, Қобда аудандары және Атырау облысы Қызылқоға ауданының халықтары қол қойып, әр аудан жеке-жеке Президентке, Сенатқа, Үкіметке хат жазу.
9. Ғылыми инстуттармен байланыс орнату.
10. Қажет болған жағдайда шет елдердегі ғылыми инстуттармен бірге Ойыл өзенін зерттеу, тексеру мақсатында бірлесіп жұмыс жасау.
Нұрлан ЕСЕНҒАЗЫ
yessengazy@mail.ru
28-02-21 04:23
Осы уақытқа дейінгі атқарылған қоғамдық жұмыстар:
Бірінші: Ақтөбе қаласы, С.Бәйішев Ақтөбе университетінің қолдауымен(Онлайн конференция өткізуге қолдау көрсеткен Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетің ардагері Бекежан Ақанұлына, президенті Серік Бекежанұлына, проректор Дәмелі Таңатарқызына және маған көмектескен С.Бәйішев Ақтөбе университетінің аға оқытушы Астарагүл Бақытжанқызы мен оқытушы Ләззат Есенқызына ризашылығымды білдіремін) 2020 жылы 15 қыркүйек күні «Ойыл өзенін қалпына келтіру» тақырыбында 33 адам қатысуымен Республикалық ғылыми тәжірибелік онлайн конференция өткізілді. Алдын ала бір ай бұрын Республикалық ғылыми тәжірибелік онлайн конференцияға қатысуға Мұғалжар, Темір, Ойыл және Қызылқоға аудандарының әкімдерін және Ойыл өзеніне қатысты басқарма басшылары мен жауапты мамандардың қатысуына ықпал етуі жөнінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин мен Атырау облысының әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетовке өтініш хат жіберілді.
Онлайын қонференцияда Ақтөбе облысы бойынша баяндама жасап, сөз алғандар мен пікір білдіргендер, сұрақ қойып ұсыныс бергендер:
1.Баишев жоғары медициналық колледжінің оқытушысы, дәрігер, ұстаз Н.Есенғазы(модератор)
2.Ойыл ауданының әкімінің орынбасары А.Кенжебаев
3. Мұғалжар ауданының әкімінің орынбасары Н.Ержанов
4. С.Баишев Ақтөбе университетінің экология пәнінің аға оқытушы А.Дадин
5. Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қайыңды ауылының тұрғыны Ә.
Кенжебайұлы
Атырау облысы бойынша баяндама жасап, сөз алғандар мен пікір білдіргендер, сұрақ қойып ұсыныс бергендер:
1.Атырау облысының әкімінің орынбасары А. Наутиев
2.Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Г.Азидуллин
3. Қызылқоға ауданының әкімі Н.Бисембаев
4.Миялы ауылының тұрғыны Е.Нұров
5. Қаракөл ауылының тұрғыны Жалғас М.
6. Қаракөл ауылының тұрғыны Е.Шәріп
Конференцияда айтылған ұсыныстар:
1. Бұл табиғи зардап, сондықтан тасаттық жасау, Алла тағаладан күзде жаңбыр, қыста қар жаудыруын сұрау.
2. Бұлақтардың көзін ашып, айналасын қоршап, Ойыл өзеніне қарай ағуын бөгемеу, өзеннің орнын, жағалауын тазарту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.
3. Бұлақ көздерін жауып тастағандарды, бөгеп алғандарды, заңдылығын анықтау, тәртіпке шақыру.
4. Бұлақ бастау алатын жер асты көлдерінің суын өзенге тарту.
5. Ойыл өзендерін бөліп алып, бөгеп, бөгет салып алған жеке қожалықтарды тексеру.
6. Шаруа қожалықтарының Ойыл өзенін мал тезектерімен ластауына жол бермеу, тексеру, тәртіпке шақыру.
7. Суды барынша үнемдеу.
8. Ойыл ауданы, Берсиев ауылындағы платинаны мұз қатқанға дейін күз айының аяғында жабу, мамыр айында ашу.
9. Ойыл өзені сіңіп кететін аяқ жағындағы Тайсойған құмына жеткізбей платина салу.
10. Ойыл өзені бойындағы суармалы егін, баубақша суаруды, жаңадан егуді Ойыл өзені арнасына толғанша тоқтату.
11. Қиыл өзеніне құятын бұлақтардың көзін ашу және бұлақтарды бөгеп тастағандарды тәртіпке шақыру.
12. Қиыл өзенінің Ойыл өзеніне құятын жеріне платина орнату.
13. Ойыл өзені мәселесін ғылыми тұрғыда зерделеу, зерттеу. Ғылыми институттармен келісім шартқа отыру.
14. Ойыл өзенінің суының құрамын, сапасын тексеру.
15. Ойыл өзені бойында орналасқан тұрғындардың ауыз су мәселесін шешу.
Онлайн конференцияда материалдары түгел дискіге жазылып, өтініш хат арқылы 16.09.2020 ж. №102/101/-36/05 Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалинге және Атырау облысының әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетовке тапсырылды.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube