Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Қазіргі айтыс ақындарының қайсысын ұнатасыз?

страницы:    « в конец    3    2   1    в начало »   

Авторы Xабарлама
Нұрғиса
nurasyl@rambler.ru
22-07-04 12:05
Құдайға тоба, заманауи үрдістердің ағымында ұлттық өнеріміз айтыс кенде қалып жатқан жоқ... Осы сіз қазіргі айтыс ақындарының ішінде қайсысын ұнатасыз? Енді енді телевизиялық нұсқасы қолданылып жатқан жекпе жек айтыстарға көңіліңіз тола ма, дауыс беру барысында жершілдік, рушылдық исі мүңкімей ме?

Авторы Жауап
рпы
жыраулар
05-04-10 15:04

Бұқар жырау
/1668-1781/
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаһқа жазбасқа,
Екінші тілек тілеңіз,
Әзәзіл, пасық, залымның,
Тіліне еріп азбасқа.
....Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақыт бес намаз,
Біреуі қаза қалмасқа....


Мұқағали /Мұхаметқали/ Сүлейменұлы Мақатаев
/1931-1976/
Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,
Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?!
Құбылаға бет алып қол қусырып,
Сәждеге бас қоятын қайда күнім?
Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,
Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.
Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,
Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін....

Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы)
Иман - қой, ақыл - қойшы, нәпсі - бөрі,
Бөріге қой алдырмас ердің ері,
Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,
Жоламас ешбір пәле шайтан-пері.

...Жарлығы екі болмас Хақ құдайым,
Жанында серігі жоқ, дақ құдайым,
Жанымды алсаң, құдая, иманмен ал,
Шайтанның қазасынан қақ, құдайым.

***
Бұл дүниенің мысалы
Ұшып өткен құспен тең,
Өмірде көрген жақсылық
Ұйықтап өткен түспен тең,
Атадан мирас ақылың,
Түзік айтқан мақұлың,
Ләзім болған іспен тең.

***
Өлімнен құтылмассың қашсаң-дағы,
Атадан арыстан туып ассаң-дағы,
Аллаһтан шынымен жарлық келсе,
Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.

Жігіттер, ғибадат қыл маған нансаң,
Намаз оқы, Аллаһты ойыңа алсаң,
Қырық жыл қашқан ажалдан Қорқыт та өлген,
Түбінде сөз сенікі өлмей қалсаң.

Кәрі өлсе соққан дауыл тынғандай-ақ,
Жас өлсе бәйтерегің сынғандай-ақ,
Жігіттер, жас кезінде тәубаға кел,
Ажал деген көзді ашып-жұмғандай-ақ.

Шортанбай Қанайұлы
Атамыз Адам пайғамбар,
Топырақтан жаралды.
Мұсылман, кәпір, халайық,
Сол адамнан таралды.

Ұрлық пенен қорлықтан,
Өтірік, ғайбат1, зорлықтан,
Бойыңды тартып тек жүрсең,
Көрмессің деген залалды.

Белгісі деген бейіштің,
Жазғы салқын самалды.
Тәркі деген тамұқтың,
Қысқы суық амалды.

...Малынан зекет бермеген,
Аузына құдай кірмеген,
Қайыры жоқ сараңды.
Алақандай ай менен күн -
Әлемнің ортақ жарығы.
Жаббардың екі болмайды,
Әмір қылған жарлығы.

Құбылаға2 бас қоймақ,
Мұсылманның тарығы.
Ораза, намаз қаза қылмасаң,
Көңіліңде құдай барлығы.
Жаяулық пенен жалғыздық,
Жалғанның жаман тарлығы.

Сабыр қылсаң жетерсің,
Құдайдың болса берері.
...Құдай деген мүминнің,
Ауыздан кетпес тәубесі.
Иманы бардың белгісі
Тілінен тамар шырасы...

«Сен» демек қиын емес пе
Бұрынғы туған үлкенге?
Атыңды берсең азбассың,
Епті туған ілкімге.

Мал-дүниенің жарығы,
Жаратып шырай көркіңе,
Қызықпаңыз бес күнге,
Бұл дүние қалмас әркімге.

Ағаш көркі - жапырақ,
Адам көркі - шуберек,
Ақыретте жалған жоқ,
Таразысы басқа бір бөлек.

...Аманатын алғанша
Жалғанда бар ма қиғаның?
Аз тартайын десең кінә
Сахарменен3 тұрғаның...

Өлшеулі күнің жеткен соң,
Бұйрық дәмің біткен соң,
Төстіктей қазған бір жерге
Қырыңнан кіріп сыйғаның.

Медресе, мешіт салдырып,
Мүфтиге берсең балаңды,
Азан тәкбір4 айттырып,
Мешітке қойсаң молдаңды,
Сираттың5 желі соққанда,
Ораза - намаз панаңды.
Тірлікте есіңе ал
Өлгенде жанға пайданы.

Жалғанда титтей пайда жоқ,
Адамның аз күн албауы.
Жорға мініп теңселтіп,
Торғын тоның белсентіп,
Мамық төсек салдыртып,
Ыңырантып тұрғызып,
Дүрия көрпе жамылтып,
Дүниенің қалай алдауы?

Мал бақтырар пайдаға,
Зекетсіз мал айдама,
Қайыры жоқ ас сақтап,
Дәмді харам шайнама
...Ғайбаттың жаман екенін,
Біле тұра айтасыз.
Күн шықан соң тұрмасаң,
Намаз қаза боларын
Біле тұра жатасыз.
Аллаһтың берген ақ дәмін,
Шайтанға қайтып сатасыз?!

...Күнә қайдан шығады,
Жарылып жан болып тумаса.
Әділ деп соны айтыңыз,
Турасын қисық бұрмаса.
Бұйырықсыздың бәрі харам
Шариғатқа сыймаса.

...Шын екен деп иланбаңыз
Жалғаншының сөзіне.
Сырттан ғайбат қылғанша
Айт көзі мен өзіне.
Құдайдан қорыққан мұсылман
Қарауыл қояр сөзіне.
Айтқан жөнге жүрмеген,
Менменсіген зор кеуде
Қиық жүріп кете алмас,
Аспанменен өте алмас,
Алдындағы жолығар
Құдайдың құрған тезіне.

...Өткен соң қайтып келмейді,
Өлгенге мал ермейді,
Бұ дүниенің шолағы.
Жиырма тоғыз әріптің
Жайын білмек керек дүр.

...Ақыл сұрасаң азбассың,
Көпті көрген көнеден.
Қасиет кетті төреден,
Ғаділдік кетті билерден,

Абырой кетті әкімнен.
Қайын енесі ас ішпес,
Қабағын түйген келіннен.
Жалғыз құдай болмаса,
Енді үміт жоқ өзгеден.
Есберген
есуха
26-03-10 08:50
аламан айтыс неге болмай кетті екен маған қатты ұнайтын еді. өтініш қайтадан жасаңыздаршы маған алматылық Бағдат Сәрсенбаев,Дәурен Әліпқалиев,Асхат Қылышбеков сынды ұлы ақындар (өздерінің айтуы бойынша) қатты ұнайды.


марат
40_myltyk
20-03-10 10:41
Айтыстан әділдік іздегендер-ай өмірдің өзінде жоқ екенін білеме екен. Сиынғаныңнан сүйенгенің мықты болсын деген заман емеспе. ақынның жаман болмайды наданы болады.

Ержан
erzhan_asker@mail.ru
18-03-10 15:36
АЙТЫС-КАЗАКТЫН ЕРЕКШЕ БАГА ЖЕТПЕС ОНЕРИ, КАЗАКТЫ АЙТЫССЫЗ. НЕМЕСЕ АЙТЫСТЫ КАЗАКСЫЗ ЕЛЕСТЕТЕ АЛМАЙСЫН, АЙТЫС ОНЕРИН ЕШКАШАН ТУСИРМЕУИМИЗ КЕРЕК!ОЛ БАБАМЫЗДАН КЕЛГЕН МУРА. УЛКЕН АМАНАТ!!!АМАНАТКА ЕШКАШАН КИЯНАТ ЖАСАМАЙЫК, БАСКАЛАРГА ЖАСАТПАЙЫК,ЖЕРЛЕСТЕР!АЛ АЙТЫСКЕРЛЕРГЕ КЕЛСЕК,АРКАЙСЫСЫНЫН ОЗИНДИК ЕРЕКШЕЛИГИ БАР, КАЗАК АЙТЫСКЕРЛЕРИНИН БАРИ МЫКТЫ,УЛТЫМЫЗДЫН КОШБАСШЫЛАРЫ, СЕБЕБИ ОЛАР УЛТ ЖАНАШЫРЫ, УЛТТЫК КУНДЫЛЫКТЫ ЖОГАРЫ БАГАЛАЙТЫН ЕРЕКШЕ ЖАНДАР!!!ЖАРАЙСЫНДАР!АЛ КАЗИРГИ ЖАС АКЫНДАРДЫН АЛДЫ,КОШБАСШЫСЫ - СЕМЕЙЛИК - НУРЖАН ОМИРБАЕВ.ОНЫН ШАБЫСЫ МУЛДЕМ ОЗГЕШЕ, АРИ ЕРЕКШЕ,КОЗИ ЖАЛЫНДЫ КОК БОРИДЕЙ,КАРСЫЛАСЫНЫН АЙТКАЛЫ ТУРГАН СОЗДЕРИН АЛДЫН-АЛА СЕЗИП ТУРГАНДАЙ ДАЛ ЖАУАП.УТЫМДЫ ОЙ АЙТАДЫ,СОНДАЙ-АК ПОЭЗИЯ ЖАНРЫНЫН ДА ЕРЕКЕШЕ ШЕБЕРИ, КАЗИРГИ ЗАМАННЫН МУКАГАЛИЫ ДЕП БАГАЛАЙМЫН,,,
Ержан
erzhan_asker@mail.ru
18-03-10 15:17
Армысыздар онер суйер кауым!Жакын арада Астана каласында
женистин 65-жылдыгына орай акындар айтысын откизбек ойым бар, соган демеуши болудан бас тартпайтын,казак онерин багалайтын нар тулгалы ага-апайларымыздын байланыс куралдарын тез арада жиберсениздер,егер мумкиндик болса!РАС.Алдын-ала комегинизге рахмет,АЛЛА каласа,бари он шешимин тапса жоспарланган айтыска сиздерди миндетти турде шакырамын!!!
Дарын
AFP_01
07-03-10 10:57
Ораз ақынның өзіндік стильі қатты ұнайды. Кезінде Ринатты төрт рет жеңді емес пе? Айбек те шыншыл ақын екенін халық мойындаған. Балғынбек ағамыз әзілді керемет келістіреді, ал Мэльс пен Айнұрдың тақырыбы біреу жалықтырып жібереді. Менің ойымша Аламан айтыс әділ болмады. Рушылдық,жершілдік басым болған сияқты. Оны кейін Жүрсін ағамызда мойындада ғой.
дархан
dada__89@mail.ru
06-03-10 13:42
акындардан маган Ринат Заитов, Жандарбек Булгаков, Дидар Хамитов, Бекарыс Шойбеков, Сара Токтамысова, Айнур, Айбек Калиевтар унайды!!!
дархан
dada__89@mail.ru
06-03-10 13:40
маган айтыстын видеосы керек еди кайдан тапса болады?, Алаштын 90 жыл толуындагы видео болса жаксы болар еди.
дархан
dada__90@mail.ru
06-03-10 13:37
маган Алаш 90 жылдыгына болган айтыстын видеолары керек еди кайдан тапса болады, негизи айтыстардын видеолары кайда бар?
Айтыстын фанаты!
25-02-10 07:36
Тауелсiздiк алганнан берi казак акындарына бага бер десе, ол акындарды былай орналастырар едим:
1) Мухамеджан Тазабеков
2) Оразалы Досбосынов
3) Ринат Зайытов пен Айбек Калиев
Бекжан Т‰йеші±лы
bekjan-2007@mail.ru
23-02-10 09:54
Айтыскерлердіњ арасынан Бекарыс Шойбековтыњ айтысын жєне сµз ќ±рау шеберлігін ±натамын.Єрі сол кісіні єдебиет пен µнер саласында пір т±тамын. Ол аѓамен бір жолыѓып пікірлессем деген µмірлік арманым да жоќ емес.
М.Жай:ОЌО Созаќ ауданы
Бекжан Т‰йеші±лы
bekjan-2007@mail.ru
23-02-10 09:49
Бекарыс аѓаныњ айтыс жинаќтарын ќайдан аламын?
Сымбат
sima_lek91
22-02-10 15:01
Ассаламагалаейкум! Ќазіргі айтыс аќындары ішінен Мђхамеджан Тазабеков аѓамызды, Жетісу жерініњ дџлдџлдерін айтар едім. Ал дауыс беру жаѓына келсем, рушылдыќ, жершілдік, тамыр-таныс ќатар жџреді. Оны бір зањдылыќ етіп алѓандай. Ќазіргі кезде неліктен телеарналарда айтыс кљрсетпейтін болды?
baizak
19-02-10 12:56
Бекарыстан мыкты акын жок!! Оразалы шери еди! М9хаметжан курып кетти
жанар
19-02-10 12:13
Бекарыс мен саган гашыкпын. Бекарыс сен мен! естис!н бе? Олердей гашыкпын.
жанар
19-02-10 12:11
дал каз!рг! уакытта Бекарыска жетет!н акын болмай тургой. Бекарыс мен сапуган гашыкпын.
жанар
maral74@mail.ru
14-02-10 16:56
Кызылорда обылысында биыл Республикалык айтыс коп болды. Барлык аудандарында отт!. Олардын б!разын корд!м. Кыздардан Айнур Турсынбаевага жетер ешк!м жок болып тур гой. Бекарыс Шойбековке сиякты соз тауып айтып жауап берет!н акын байкамадым. Созбен барлыгын шайнап тастап жатыр. Аманжолмен шыкса анык женед!. Б!рак казылар с!н!р!н созып адебиеттег! жаттанды уйкастарды созып, б!р айтканын турленд!р!п он айтатын Аманжолга беред!. Ад!лд!к болмайды.Сара Токтамысова барлык айтыстан калмайды. К!ммен айтыска шыксада оз!н б!р керемет койып, бар!не айтары б!р соз жаттанды маган гашык болгансын,мен сен! менс!нбед!м, саган карамай баска сумдык куйеуге тид!м, адам айтып жетк!зе алмайтын бакыттымын деп кайталаумен елд! жалыктырып ж!берд!. ол шыкса не айтатынын алдын ала б!л!п отырамыз. Калай уялмайтынына адам тус!нбейд! сонын.Жын кагып кеткен адамдардай басын жулкылап, аузы коп!р!п шынгырып басты ауыртып ж!беред!.Айнур оте салмакты созд!н паркын б!лет!н Карима жаксы акын.
Рабиєа
robi1988@mail.ru
02-02-10 10:01
Cјлеметсіздерме! ќўрметті айтыс сїйер жамаєат. Айтыс ґнеріміз ќазіргі кезде жоєалып бара жатырєан сияќты, ґйткені ешќандай телеарналардан айтыс болмайды, не себепті? 2008 жылдыѕ ќараша айынан бері ќарай ешќандай айтыс телеарналардан кґрген емеспіз бўєан себеп біздіѕ жоєарыда отырєан басшылар ма јлде телеарналарма? Мјдениет жјне Аќпарат Министрлігіне Мўхтар аєамыз келгеніне ќуанып едік, айтыстын жан ашыры, ґнерді ќолдайтын кісі, айтысты телеарналардан кґп кґретін шыєармыз деп, біраќ ґкінішті айтысты кґре алмай жїрміз. Ґтініш соєан жауап жазсаѕыздар. Білсеніздер айтыныздаршы айтыс ќашан телеарналарєа шыєады немесе диск, кассеталары шыєады. Алдын ала рахмет
Динара
E -mail:
27-01-10 09:13
Нұрдаулет Махамбетов сізге бақыт тілеймін. Қазалының даңқын әрқашан биікке шарықтата беріңіз.Мен сізді арқашан құрмет тұтамын.
Динара
Динара
E -mail:
27-01-10 09:07
Мен сізге Нурдаулет бақыт тілеймін.
Динара
Акылжан
kenje.akil_88.kz
14-01-10 01:35
Ренат З.пен Оразалы Д.тын жекпе жек айтысын берсениздер
Жансая
janka0694@mail.ru
06-12-09 17:35
kazirgi aitistardin adam omirindegi manizi kandai???
amanzhol
amanzhol.1994
30-11-09 19:39


Осы жолғы айтыстың алдыңғыларымен салыстырғанда жайылған өрісі мен өрмелеген биігі көңіл көншітерліктей болды ма дегенге тоқталмас бұрын, көптен бері айтыстың аламан бәйгесіне шөліркеп, халықтық өнерді аңсай күткен астаналық қауым үшін бұл бір кәдімгі қазақтың тілі мен мәдениетінің үңірейген саңлауына тығын, жалбыраған жыртығына жамау болғанын айту керек. Ал ондағы ой көкпарға қатысқан дүлдүлдер дүбірі қоғамдағы кертартпа теріс қылықтарды тереңге көміп, тегістер намыстың нағыз найзасындай арқамызды дуылдатқаны рас. Айтыс өнерінің өзі өнердің басқа түрлеріне ұқсай бермейтін, керек десеңіз, халқымыздың рухани құндылығы құдығынан ең қымбат інжу-маржанды өн бойына құнттап жинақтаған, ”ол мынадай болуы керек“ деген бас-аяғы кесіп-пішілген белгілі бір шектеулі өлшемге сыймайтын шексіз әрі шегесі бекем әлем ғой. Әсем әуез бен майда мақам, сарабдал ой мен салиқалы сөз, тіпті ең арғысы артистизм сияқты негізгі талаптар тамыры көктемейінше, сан алуан қырлар толық бүр жармайынша кісіге киелі өнердің ауылы алыс десек, бүгінде оның осынша күрделілігіне қарамастан шыңында өскен шынарлары көп-ақ екен. Төрт көзі түгел болмағанмен осы бәйгеде олардың бірсыпырасы бақ сынап, баптарын байқап көрді.

Айтыстың басты тақырыбы алдағы келе жатқан Президент сайлауы туралы болды десек, оның әсіресе халық үшін қаншалық орны бөлек қымбат дүние екені түсінікті жәйт. Ол билік пен тірлік арасын жалғаушы, ежелден қалың бұқара қауымның көкірегін жарып шыққан мұң мен шерді жеткізуші өткір құрал болғандықтан, дәл осы бір елдің бірлігі мен татулығы сыналар шақта даланың дара дауылпаз қыранындай өнер көгіне қалықтап шыға келуі заңды құбылыс еді. Мұндайда жыр кеудені ешкімнің өктем үні баса алмасы тағы анық. Ағын судай тасыған асау сезім еш бөгетке ырық бермей, көсіле шарықтап, делебесі қозған халықтың бірде айызын қандырып, бірде айылын жиғызып, нөсерше төпелеген сәт те кездесті. Шағала-шабыт шаңқылдап, Есілдің ерке толқыны елжірей тербелді. Қатпаған жас қауыр­сынның қапелімде қате баса жаздаған қауқарсыз күйін қаумалаған қауым қағытпай, қайта қамқор көңілмен қол соғып демеуі айтыс мәдениетінің тағы бір табысты тұсы еді. Кей ағайындар: “Япыр-ай, бұл өзі қалай өтер екен? Саясат пен өнер – екеуі екі бөлек дүние. Ақындардың аузына дуалы сөз түсе қойса игі еді?” деп дүдәмалданған. Рас, айтыстың алғашқы күні ақындар бір-біріне қай қапталдан келіп сөз айтарын білмей, уақытты сағызша созыңқырап алды. Кейбірі әріптесімен тізгін қағыстырып, ұстаса айтысу орнына жаттап келген өлеңдерін термелетуден әріге аса алмай жатты. Бұл кемшіліктер қазылар алқасы тарапынан орынды ескертілді де. Мәселен, алғашқы күнгі қызылордалық Нұрмат Мансұров пен шығысқазақстандық Сара Тоқтамысованың арасындағы ой сайысы өте бір өзара әзіл-қалжыңы жарасқан, екеуі де бірінен бірі қалыспастан жұртты ғажап әсерге бөлеген тартымды айтыс болды дегенімізбен, тақырыптан басқа жаққа ауып кеткендіктері үшін бағалары төмендетілді.


Жалпы, айтыс өнерінде ақынды ”ананы неге айтпады, мынаны неге тастап кетті” деп жазғырудың өзі кейде қате нәрсе-ау деп қаласың. Ой көкпарында қиялдың көк дөнені қайда алып қашпайды. Бірақ та сол заматта етек-жеңі жиюлы, ойы ішінде саптаулы, қиялы да қиядағыны қалт жібермес қыран тектілердің жөні бір бөлек қой. Бұл ретте ақындардың жәй күнделікті күйбең тірлікті күбіше күрпілдете бермей, мемлекеттік маңызы бар өте келелі мәселелерді де көтере кеткенін айтқан абзал. Алдағы сайланатын Президентке ауыл адамдарының аманатын, жер тағдырын жет­кізген үндер қаншама. Осы бір ғана қырының өзінен айтыс өнерінің қоғамдағы алар орны айқындалып-ақ тұрған жоқ па? Ал енді сол мүмкіндікті кім қалай пайдаланды дегенге келетін болсақ, одан біреудің аты мәреге ерте озып жетсе, енді кейбірі мүлде арбасын алға тарта алмай діңкелеп, артта қалып қойып жатты. Дегенмен тауып айтылған теңеулерді қалай құптамассыз. Соның бірі мәселен, Президенттікке тіркелген бес кандидатты кәдімгі бес саусаққа балап, халқымыздың “Бес саусақ бірдей емес”деген қанатты қағидасы ізімен өте тұшымды ой саптаған астаналық Серікзат Дүйсенғазин еді. Оның осы теңеуі іле-шала басқа ақындардың ойына да қанат бітіріп, кең құлаш сермеуіне септігін тигізіп жатты. Бұл сияқты мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Айтыс мәдениеті дегеніміз ақындардың дер кезінде жүйелі сөз тауып, орамды ой айта білу қабілеті ғана болмаса керек. Оның ауқымы бұдан әлдеқайда кең екені түсінікті. Бұл реттен келгенде, әлі де болса айтыста кей ақындардың қарсыласын орынсыз мұқатып, буынсыз жерге пышақ ұру әдеттері тиыла қоймаған екен. Оны кейбірінің жерге қарай бөліп немесе сынаудың жөні осылай болады екен деп бос сөзбен сүріндірмек болған әрекеттерінен байқаған жайымыз бар. Президенттікке кандидаттардың бірде-біреуін сыртынан сықпыртпай, келемежге айналдырмай, барлығын теңдей көтере жырлау үлгісі де бүгінгі айтыс өнері мәдениетінің бұрын көп кездеспеген тың сүрлеулерінің бірі деуге әбден болады.


Тақырыбы өте кең ауқымда көсілуді қажет ететін және де ақындар ауызынан қандай салиқалы сөз шығар екен деп жұрт құлағы елеңдеген мұндай республикалық айтысқа осы өнердің бағзыдан келе жатқан, кәдімгі нағыз шын дүлдүлдері қатысқан­да еді ғой деген ойлар да қылаң беріп қалған. Бәлкім, шынында да мұндай елдік тұрғыдағы мәселелерді айтыстың майталмандары саналатын алдыңғы толқын қозғағанда әлдеқайда татымды шыққан болар ма еді. Халық ақыны атағы бар айтыскер ақындар осындай үлкен додаларға неге шықпайды? Жастарға ағалық, апалық жол-жосықтарын неге көрсетпейді? Бұл додаға өзі не жетпей тұрды дейтін болсақ, міне, осы бір жерінен демеп, мәртебесін асқақтатар алдыңғы толқынның салмағы жетпей қалған сияқты көрінді.


Есет Досалиев, Нұрлан Мұсаев, Ақмарал Леубаева, Әбдіғали Бәзілжан, Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртаев, Айтбай Жұмағалиев, Шырынбек Қойлыбаев өнерлері бірдей деңгейде өрбіді деп есептеуге болады. Ал, айтыстың бас бәйгесіне ие болған астаналық Балғынбек Имашевты өзге әріптестерінен оқ бойы оздыртып тұратын тұсы –ол қарсыласының қағытпа сөзіне кей әріптестеріндей жасқаншақтап, жақ ашпай қалатын жан емес, керісінше, табан астында, қолма-қол езу тартқызар қалжыңмен, уытты әзілмен жауап беруге шебер-ақ. Әйтпесе соңғы қарсыласы Аманжол Әлтаев бұрын-соңды айтыста арқасына қамшы салдырмаған жанның бірі емес пе. Бұл жолы да ол өзінің нағыз дүлдүл екенін, әдептілік пен парасатты айтысу дегеніміз қандай болатынын тағы бір рет ақаусыз паш еткендей еді. Бірақ Балғынбек те бабында екен. Әуені де, сөзі де осы айтыстың басты тақырыбына толық жауап бергендей. Бас демеушілер “Алматықұрылыс” акционерлік қоғамы (А.Ермегияев), “Ақорда” қоғамдық қозғалысы (Қ.Сатыбалды) тағайындаған бас жүлде –1 миллион теңге оған табыс етілсе, бірінші жүлде –500 мың теңге Аманжол Әлтаевқа, екінші орын –300 мың теңгеден астаналық Айбек Қалиев пен қызылордалық Нұрмат Мансұровқа, үшінші жүлде –150 мың теңгеден тараздық Айнұр Тұрсынбаеваға, сарыағаштық Жарқынбек Наушабековке, астаналық Серікзат Дүйсенғазинге берілді. Тағы қосымша ақшалай сый-сияпаттар жасалып, ақындарға демеушілер ат мінгізіп те жатты. Қазылар алқасының бұл шешімі көпшілік ойымен де түйіскендей. Кейде, шынын айтуымыз керек, өнер бәйгелеріндегі қазылар алқасының құрамы ала-құла болып жатады. Оның соңы дау-дамайға әкеліп соқтыратыны тағы бар. Бұл жағынан республикалық айтыстағы қазылар алқасының құрамына шек келтіре алмайсыз: Мырзатай Жолдасбеков, Рымғали Нұрғали, Ақселеу Сейдімбек, Қойшығара Сал­ғараұлы, Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабеков сияқты тағы да басқа осы саланың білікті мамандары.


Сонымен сөз өнеріндей өткір қару жоқ екеніне тағы бір мәрте куә болдық. Ал енді тілдің алмас қылыш екені тіпті әріден белгілі. Сол алмас қылышты қай кезде пайдалану керек екенін білдік, ал оны қалай пайдалану керектігін ойлаудың ар жағында елдік пен тірлікті сақтап қалудың кілті тұрғандай.
Мавлюда
mavlyuda@list.ru
29-11-09 23:29
Маған жалпы ақындар айтысы керек еди.
Bekzat
beko__kz@mail.ru
29-11-09 15:05
Бәрі бір қызықпаймын
жәке
jan.76
25-11-09 20:56
Бекарыс Шойбековтың руы кім
Азамат
Azok_87@mail.ru
25-11-09 17:47
Камшат ханым с1зд1н олен1зд1 пайдалана турсам бола ма? оз1ь жаздым деп емес жай... керек ед1...
Айгерим
aigerim_95 @list.ru
25-11-09 14:59
Айтыс- сонау ғасырлар қойнауынан бері атадан балаға мирас боп келе жаткан халқымыздың асыл қазынасы. Сондықтанда ағайын еліміздің осындай рухани байлығын бағалайық!!!!!.....


Бахыт
baxa.95@mail.ru
24-11-09 18:29
Айтыс - қазақ халқының төл өнері. Айтыс қазір жоғары дәрежеде өткізілуде деп ойлаймын.
@zZz@
aazzzzzaa@mail.ru
23-11-09 16:36
Super11111
Айнур
03-11-09 19:24
Кимнин есинде бар....Бекарыс Шойбеков Мэлс Косымбаевка кызы туралы не айтканын?
Олжас
olzhas3384
22-10-09 15:23
Ассалаумагаллейкум агайындар! "Акыннын акындыгы атакта емес, Акыннын акындыгы арда гана" деп айткан Мукагали Макатаевтын осы бир ауыз созине токталайыкшы. Шындыкты шырылдап айтып журген акындар жок емес алайда, ар-уятты жинастырып койып, заманнын талаптарын сылтау етип кулкыннын кулына айналып, жогаргы биликке коз кадап жургендер де коп-ак. Мен биреуге кара жагып отырган жокпын, Айналайын Агайындар откен акын-жыраулар шонжарларга тек сын айтып отпеди ме?! "Бас кеспек болса да, тил кеспек жок" содан шыкты емес пе?
Гульнур
60300@ mail.ru
19-10-09 15:13
Мен айтысты оте жогары багалаймын. Асиресе казирги танылып келе жатырган жас акындар оздеринин суырып салма онерлерин айтыс қазақстан чемпионатында корсете билди. Сонын ишинде Асылбек Ишанов, Мурадым, Шынберген Сулейменов, Мельс Косымбаев,Атыраулық Саадат, Еркін Садықұлынын айтыстары катты унайды.
Айша
Aishaaa@list.ru
13-10-09 10:05
Айтыс-қазақтын таза өнері!
Магауин@mail.ru
M___-N
13-10-09 10:03
Маған Оразалы Доспосынов катты ұнайтын еді. Онын түбіне Бақыт Беделхан жетті гой- ақын сымақ, қу үйғыр.
Ниязбек
niyazbek_90
10-10-09 03:36
Маған Оралдық Жансая Мусина қатты ұнайды оның мақамы осы айтыста жүрген қыздарыныздын ішінде ерекше көзге түседі
Нартай
nartai-88
13-09-09 13:42
Айтыста Журсиннн жуйриктери жаксы айтысады
Жазира
semey1982@mail.ru
25-08-09 10:48
Қайырлы күн! Әркім өз жерлестерін теріп жатыр екен, олай болса Семейлік ақындарға ешкім тең келмес.
Айтыстын фанаты!
12-08-09 12:08
Тауелсиздик алганнан бери казак акындарына бага бер десе, ол акындарды былай орналастырар едим:
1) Мухамеджан Тазабеков
2) Оразалы Досбосынов
3) Ринат Зайытов пен Айбек Калиев


Сиздер мумкин сурарсыздар неге уштикке Мэлс пен Аманжол кирмей калды деп.
Осы еки акыннын жулделеринин 90%-ин казылардын комегимен алганына ешкимнин таласы жок шыгар. Типти казылар алкасы женилип турган Аманжолга немесе Мэлске женисти бергенде залда отырган халыктын наразы боп сахнага дейин шыгып кеткен кездери коп болды гой айтыныздаршы?!
Нагыз Ысты
jek75@list.ru
03-08-09 10:09
Казирги жастар айтыс көрмейді, оларға ақындардын дәрежесін бастапқыда былай түсіндіремін; Аманжол -шварценеггер болса, Бекарыс- Сталоне, Ринат- Джеки чан, Айбек- Жан клод Ван дам. Мухамеджан кезінде Брюс ли болғанын ұмытпандар. Мэлс - Чак норис . Содан соң ақындардың ерекшілік потенциалдарын түсіндіремін. Мысалы Аманжол жауды куле қарсы алады, ешқашан қабағын тұтпайды, ондай қасиет бір ақында әзірге жоқ. Бекарыстын барлық ақындарға өз айласы бар, ондай кәсиби шебер ақын әзірге жоқ десе болады , қазіргі жас ақын мықты ақындар шоқтығы биік болған мен әлі Бекарыс секілді тұрақтылығын дәлелдеген жоқ.Ринат- ниндзя секілді айласы өте биік, бабында болса басқа ақындардын 1000 қадам ілгері жүреді- ондай спринтер әзірге жоқ. Мухамеджанның айтқаның қағазға түсірсен - жоғары деңгейдегі жыр-өлен, қысқасы арзан бос сөйлемейді.
Айбек
a.r.a-88@mail.ru
12-07-09 23:20
Жерлестерим Нурдаулет Махамбетов пен Еркин Садыкулына еш акын жетпейди. Жигиттер тек кана алга. Кызылода обл. сыр ели, жыр елин данкын аскактата бериндер.
Amangeldi
amako_a@mail.ru
14-06-09 19:14
Assalaumagaleykum
Қарақыз
18-04-09 09:57
МАҒАН АЙТЫС ҚАТТЫ ҰНАЙДЫ.
Данияр
danyar-89
06-04-09 17:05
Жұрттың бәрі Мэльс ұнайды депті. Маған тек Айбек Қалиев ұнайды. Айтысуы, Елбасына тіке айтуы.
Рабиєа
robi1988@mail.ru
04-04-09 12:58
Саламатсыздарма ќўрметті айтыс кґрермендері, Аламан айтыс пен Жїрсін аєаныѕ айтысы жексенбі кїндері теледидардан болушы еді соѕєы 2 айдан бері ќарай айтысты мїлдем теледидардан кґре алмай жїрміз не себептен екенін білетіндеріѕіз бар ма?
Қаракөз
makpal-maily
03-04-09 08:44
Салеметсіздерме,айтыс жанашырлары!Нұрғиса сіздің пікіріңізбен толық келісемін.Оған көзім жеткен.Маған айтыскерлерден Болатбек ұнайды.Сол туралы білгім келеді.
Мақпал
makpal-maily
03-04-09 08:23
қазір неге айтыстың жағдайы төмендеп кетті?
Динара
Dinko_88_88
19-03-09 10:38
Мухтар қалаи жагдаи? маган e-mail ды жазып жиберші отиниш сізден
Жанар
02-03-09 15:37
Баринин озиндик жолдары бар гой. Бирак, Сара беталды кушенип айкайлай бермеши, отиниш...
шолпан
02-03-09 15:17
ақындардың айтысын қайдан табуға боладыыыыы
Алмасбек
Almasbek1230@mail.ru
24-02-09 11:59
Айтысқа қатысқан айтыскерлердің создерін қандай сайттан алуға болады? Ал қазіргі жас ақындарға қандай демеу бар?
Шындықты айтуға тырысқан жан
24-02-09 09:35
Құрметті айтыскер акындар!Шыныма өкпе болмасын қазір сандарыңыз көп болғанмен сапаларыңыз жоқ-аубсірә?Қыз бен жігіт айтысы махаббаттан әріге аспай қалады аталы сөзге зәруміз,шөлімізді басама десек қарнымызды ашырып барасыздар!Оу,ғажабы поэзиядағыларды ұнатпайсыздар,Дінге бөлінгендей болдық қой өзі?Мен айтыста тарихта қалар Аманжол ақын ғана деп бағалаймын арі қалар ем,себебе болашақ ұрпаққа өз ата-бабасының бет жыртыс айтысы қажет емес!Өнеге аз,менің пікірім осы,домбыра ұстағанға мәз айтыстың әртістері!
Нұрбол
17-02-09 12:06
Былтырғы аламан айтыста Шымкенттен Лаура Тастанбекова ақын қыз қатысқан еді. Биыл неге жоқ. Ол дауыс жинай алмаса да көп көрерменнің есінде қалып кетті. Мәдениеті жоғары екен.Жақынырақ танысып, сөйлескім келеді.
Мадина
madina.80@mail.ru
15-02-09 20:55
Айтыскерлерден Аманжол Әлтаев, Сара Тоқтамысова, Бекарыс Шойбековтер ұнайды
Гүлбану
gulbanu-86@mail.ru
11-02-09 13:38
Жерлесім,Еркін! Мен саған Алла мыкты денсаулык беруіне тілектеспін!Tkl34 v94sy ;tnr3pelty ifhif vf!Көмейің коркем сөзге толсын!Жыр әлемінде қанатың талмасын!Университетіңді,1ғимаратты,журналистиканын қыздарын умытпа! Келіп тур!Сағындық!
Жансултан
mr.jans
08-02-09 16:47
Нұрдаулет Махамбетов Жеткербайұлы
Дина
hokai @mail.ru
24-01-09 23:01
Маған Атыраулық Сағадат Нұрмановтың айтысу шеберлігі,сөзге шешендігі қатты ұнайды.
Айгерим
kuderva.aigerim@mail.ru
18-01-09 11:50
Маған Ыбырай Алтынсарин туралы және фотосы қажет.
Рабига
robi1988@mail.ru
10-01-09 12:07
Аламан айтыс ґте керемет болды Шынберген, Еркін, Нуржан айтыскерлердин бари де жаќсы айтысты бірак мен компьютермен дауыс бергенге келісе алмаймын ґйткені меніѕ кґзім жеткені айтыстын залында отырєан кезде сарапшылардыѕ компьютері істемей калып жјне бір бірініѕ балдары шатысып кетіп жатты мысалы мен Шынберген мен Куаныштын жјне Сырым мен Еркінніѕ айтысына барєан кезде солай болып жатты. Жалпы мен екі айтысты бґліп жармаймын Жїрсінніѕ де Ертайдыѕ айтысын тындаймын айтыс маєан ґте ўнайды, айтыс десе ішкен асымды жерге ќоямын десем де болады, ґзім айтыскер аќындармен сґйлесіп пікір алмассам деймін.
Рабига
robi1988@mail.ru
10-01-09 11:50
Шынымен Сайлаудын айтканына косыламын айтыс туралы кассеталар немесе дискеттерді табу оте ќиын ќай жерден табуєа болады


Рабига
robi1988@mail.ru
10-01-09 11:48
Аламан айтыс туралы не білесіздер
Сайлау
Sailau_turdali@mail.ru
23-12-08 12:40
Мен Айтыс кґрейін десем , касеталарын таппаймын. басќа жерлерде де жоќ.
Ґтініш маєан тегі ќайдан табуєа болатынын айтыѕыздаршы!!!!!"
Дастан
dastan_9ice@mail.ru
15-12-08 20:42
маган біржан мен сара айтысы керек !өтініш тауып беріндерші !
Ахмет Анар
29-11-08 09:17
Маѓан Мэльс ±найды Ол тамша айтысады
Ыдрысова Аќбота
29-11-08 09:15
Маган Біржан мен Сара айтысы ±найды. себебі олардыњ айтыстары µте тамаша
Ботакөз Бекмағанбетова
26-11-08 07:55
Маған қызылордалық Еркін Садықұлы ұнайды.Әсіресе,аламан айтыстың аяғында Нұржан Өмірбаевпен керемет айтысты.Өнерің өрлей берсін,Еркін!
madina
b_madinka@mail.ru
25-11-08 16:46
айтыскерлердин басынан айягына шейин айтыскан олендерин жазып жиберинши отинем
Жанара
zhanyoka_k@mail.ru
25-11-08 14:18
Айтыс
Акнур
aknur78@mail.ru
24-11-08 14:28
Сєлематсыздар ма? Айтыс туралы µз пікірім: ќазіргі телевизиялыќ айтысќа кµњілім толмайды. Айтыс с‰йіп тыњдайтын жанмын. Ќазаќ айтыскерлерініњ ішінде Айбек Ќалиев, М±хтар Ќуандыќов, М±хтар Ниязов, Серікзат жєне т.с.с. сµз мєнерлері ±найды. Айбек Ќалиев сияќты шындыќты шырылдатып айтатын аќын болса ѓой.
Дарын
Daria_93_93@mail.ru
24-11-08 13:56
Айтыс супер
Тахир
Tahup-93
17-11-08 19:23
Айтыскерлер кобееберсин ол биздин намысымыз Бизди АЙТЫС котермегенде кай онер котереди
саранов жасұлан
13-11-08 08:34
Аитысты менде жақсы көрем ал мен өзіміздің батыс аитыскерлерін жақсы көрем Жансаия Мусина, Мэлс Қосынбаев ал менде мэлс қосынбаев туоалы мәлумет бар береиінба мен саиасатан гөрі әдиебиетің құлымын деген оны АИҚЫН газетінен табаласыз №146 (1083)(7.08.2008.бисенбі)
Ренат
03-11-08 12:50
Маєан Ринат деген жігіт ўнайды.

Руслан
esmagambetov-rus@mail.ru
29-10-08 18:11
Иә сан қилы тақырыпты қозғасақта ,айтыс тақырыбы қазақ халқы үшін биік дәреже. Себебі біз айтыс арқылы қуанышымызды, мұң-зарымызды, әділсіздігімізді, парасаттылығымызды білдіреміз. Міне дәл осындай себептер үшін айтыс қарапайым халық үшін юаға жетпес алтыңнаң да ардақты баға жетпес қазына!
Кызгалдак
kizgaldak85@mail.ru
15-10-08 08:22
Туган жер такырыбына шыгарма
Nazerke
VIPstar_Naz@bk.ru
10-10-08 09:23
Қазақтың теледидарда болып жүрген айтысында негізі коптеген әділетсіздіктер бар... Өкінішті-ақ... Бірақ айтыскерлерге айтуым, ренжімей, өкінбей, әрі қарай жүру керек, алда әлі биік шыңдар бар екеніне сену керек. Өзіне өзі сенген, әрі қарай алға жүруге күш тапқан айтыскер нағыз айтыскер, нағыз батыр адам деп есептеймін мен.
Adlan
adlus@mail.ru
29-09-08 16:55
Маған Ыбырай Алтынсаринның "Өнер білім бар жұрттар" өлені керек.Кімде бар бересалынысшы

Гулшара
gulshara_78@mail.ru
22-09-08 21:06
Мэлс Косымбаев
Мұхтар
29-07-08 14:47
Жершілдіктің исі мүңкімек түгіл, бұрқырап тұр. Былтырғы чемпионатқа ғой деймін Павлодарлық бір ақын қарсыласынан оқ бойы ілгері екендігі анық көрініп тұр, бірақ қарсыласы жеңіп кетті. Залдың берген дауысы не болады, СМС пен телефон шалғандардың даусы қарсыласының пайдасына кетті. Ақынға обал болды. Павлодардағы қазақтардың бәрі айтыс тамашалайды деп ойлау қате, олар өздерінің қазақ екендігін тек ет жеген кезде ғана ұғынса керек.
Осиет
Жыр
29-07-08 13:36
Нұргиса және Аққұба, өнеріңізге ризамын. Менде бир отиниш бар, отау курып жатырган кыз бен жигитке осиет жаза аласыз ба? Нұргиса сиз кызга, ал Аққұба жигитке арнап. Мүмкиндик болса жолдасаныз. РАХМЕТ! Азил араластыра отырып.
Салтанат
29-07-08 12:27
Шын суырыпсалма аќындардыњ айтысын ±йымдастыру керек.
Салтанат
29-07-08 12:22
Айтыс б±л к‰нде шоуѓа айналды ѓой. Анау аќын неге жењбеді, мынау неге орта жолда ќалды деп ќынжылу бекер ме деймін.
a87004662408#gmail.com
a87004662408#gmail.com
16-07-08 06:44
Маған мархум Оразәлі ерекше ұнайды, телевизордан төте көшіріп алған видеоны әлі сақтап жүрмін.
саламат кулсары
16-07-08 00:47
кад!рменд! агайын! откен аламан айтыста атыраулык сырымбек пен жан!бек акындарга неге дурыс ад!лд1к бага бермед1:сонымен катар шынберген мен ерк!н айтыскан да???
Аспан
09-07-08 08:04
Айтыс жандана берсін!!!
BAH(Бакытбек)
04-07-08 11:06
Salem barwaga!Kazirgi aitys akyndary jaiynda soz kozgaiyk.Magan negizi myna atpen tanylgan akyndar'Jursinnin akyndary'.Jursin Erman baskaratyn akyndar aitysyn kaldyrmai koretinmin.Al kazirgi Alaman aitys onyn kasynda jai oiynwyk siakty korinedi.Ondagy jas akyndarga karap, bolawakta jaksy akyn wygady dep oi tuiuge bolady.
Мажит
16-06-08 10:38
Неге айтыс дұрыс бағаланбайды сарапшылар сөз қадірін білмесе не үшін отыр (бәрі емес). Сырымбек пен Еркін,Ш.Сулеймен мен Куаныштардың кешегі айтысы туралы Атыраулық ақынмен Ақтөбелік ақындардың кесек-кесек сөздері неге бағаланбайды әлде батыстан болғандықтан ба.Куанышқа 1-ші сарапшы 10 бал артық беріп отыр ұялмай ма, абырой болғанда ұтылып қалды,Сырымбеккеде солай құдай ақындық бергенмен домбыра тарту бермесе тартып алмайды ғой, 3-ші сарапшы неге ескермейді әлде осыған дейінгі сарапшылар білімсіз бе.Жәнібекпен Диналардың айтысыда осы деңгейде бағаланды, бұлай болса ақиқатты айтатын ақындар айтысқа шықпай қалуы мүмкін. Қасымдадағы жұмыстас 3- түрік,1-қырғыз елінің азаматтары бұл қалай дегенде жауап тауып сарапшыларды ақтай алмадым.
Айнұр
10-06-08 15:27
айқын.кз бетінде Сара Тоқтамысова мен бір әдемі жігіт қол ұстасып жас жұбайлар киімінде отырған суреті тұр. Білетіндерден сұрайтыным Сара қызымыз тұрмысқа шықтыма, жолдасы кім екен. Егер рас болса бақытты болсын.
doska
bekpos@yahoo.com
06-06-08 11:15
jerlesine tartadi goi kim bolsada ... semeilik nurjan ademi aitisadi...AKINDARDIN BARINE KOP RAHMETIMDI AITAM KALKININ KUANISHI BOLIP JURE BERSIN...AKINDAR JASASIN
Азорина
azorina@bk.ru
28-05-08 23:54
иааа... айтысты тындайтын адамдар оте коп екен!!керемет...!!шынымды айтсам озім айтысты тындап корген емеспин!!карасам айтысты кобі тындайды ...жаксы::)))
АСЫЛЗАТ (Қызылорда, ШИЕЛІ)
10-05-08 22:18
Маған жалпы ақындар айтысы өте ұнайды. Әсіресе қазіргі "Аламан айтыс". Ал ақындарымызға келер болсақ, жақсы-жақсы ақындар көп. Оның ішінде жас енді танылып келе жатқандар да, үлкен ақсақал ақындар да бар.Менің сүйікті ақындарым: Еркін Садықұлы ( ҚЫЗЫЛОРДА), Ринат, Сара; Нұржан (СЕМЕЙ), Жәнібек (Шымкент). Әсіресе, Қызылордалық жас ақын ЕРКІН САДЫҚҰЛЫ ұнайды. Оның айтыстарын асыға күтем.
Ару
10-05-08 16:07
Салем достар! Мен Кытайдан келген айтыскер акын Кайрат Кулмукамбет жайлы билгим келеди
Нурлан
yeh2030@mail.ru
10-05-08 08:01
Мен Нурланмын, маєане дауыс бергендерінізге оте ризамын. Рахмет. Маєан Семейлік Сара ўнайды айтыскер ретінде. НЎРЛАН
ааа
06-03-08 13:40
Бізге жолдасым екеумізге айтыс қатты ұнайды, әсіресе Ринат пен Балғынбектің айтысын қызыға тыңдаймыз. Жалпы екеуі кіммен айтысса да , айтысты жандандарып жібереді. Сара да жақсы айтыскер. Алдыларынан жарылқасын, қазақтың айтыскерлерін. Кеше теледидардан Парижде өткен айтысты көрдіп бір қуанып қалдық
Алдияр
a_assyl@mail.ru
12-02-08 12:20
Айтыс... жаќсы. Жаќсы єой айтыс. "Бармаќ басты, кґз ќыстылыќпен" јйдік "мјшине" мінсеѕ, айтыс жаќсы, олай болмаса, оныѕ несі жаќсы?! Аќындар да солай сўрыпталады. Ќазаќтыѕ АЙТЫСЫ ґлмесін деѕіз!
РАЯ
saulemail.ru
07-02-08 16:28
Aitysker Erkin Sydykov keremet men ogan gashykpyn

Қарлығаш
05-01-08 12:03
Қазіргілерден ақтөбелік аян сейітов ұнайды.
Мейрам
bairam_K@mail.ru
04-01-08 20:20
Бекарыс! есиндеме мен саган хабарласканым.фотонды жиберши
Мейрам
bairam_K@mail.ru
04-01-08 20:14
Бекарыс сеннен жаксы акын жок. Сеннин аттасынын акеси Мейрам.есинден бар шыгар Атырауда бошлганын,мен саган Курмангазы театрында жакындапэ.бирге суретке тусип едик.
Dzhafa
malik80_05@mail.ru
28-12-07 11:11
Нургисага.
ай Нургиса сен узин форумда отырсын
Сонда мекеменин жумысын ким жасайды ?? )))
Қонақ
19-12-07 16:49
Қалайсындар.Айтыс круто... ш...с...
Рэпер
bekjan97@mail.ru
19-12-07 16:46
Армысыздар .Сіздер қазіргі айтыс туралы қандай ой-пікір айта аласыздар.Оның озықтарын атап айта аласыз ба?


Рэпер
19-12-07 16:39
ЙОу
Мµлдір
batish1984@rambler.ru
29-11-07 12:23
Салем баршаѓа. аќындардыњ ішінде М±хамеджан Тазабеков пен Оразалыѓа жететіні жоќ.
динара
динара
28-11-07 16:54
Мелс Қосымбаев
Қуат
26-11-07 18:00
Бекжан мен Аманкелдінің айтысын білесіздер ме. Джолдасбеков дегенді қойыңыздар дегені ше. ҚазМу әлі өзгертпей жүр. О несі ай, а Өзгерте салмай ма. Негізі айтыста бірдеңелер көтеріліп, сосын шешім шықса ше
Рамазан
talgat_bostan@mail.ru
29-10-07 19:45
Маған айтыскер ақындардан ең ұнайтыны Маңғыстаулық Мелс Қосымбаев, Оны біреулер мұнайлы өлкеден болғасын 1 ші орынды иеленді дейді, менімше олай емес, Оның сөз саптау өнері, ілімі өте күшті, Керісінше оны көбіне қазылар алқасы шеттететін, Ал аламан айтыста халық шын жүйрікті таңдады деп білем,Оған бір ғана 250 мың халқы бар Маңғыстау дауыс берсе жеңыске жетерме еді,Оған бүкүл қазақыстан дауыс берді, Сол үшүн ол бас бәйгені иеленді,Бұдан бұрынырақтада Жүрсіннің телефон арқылы таңдайтын айтысында дд Мелс жеңген болатын, финалга келгенде қайтадан қазылар алқасын тағайындап бәйгені бұрған болатын, Жүрсіннің онысы анық көрініп тұрды,Соған Мелс ренжіген болу керек финалға келмей қалған еді, Мысалға мен даусымды Мелске бердім, жерлесімде, руласымда емес, Мен білетін коп таныстарым Мелске бердік дейді, Демек Мелс ең мықты айтыскер ақын!
1983
08-10-07 15:52
Ақтөбелік Аян өте талантты ақын екен.
Гулзат
guzi_1988@mail.ru
03-10-07 10:17
маєан Айтыскерлердіѕ ішінде Еѕ жаќын кґретінім Сара Тоќтамысова,Јбілхайыр Сыздыќов,Мўхтар Ќуандыќўлы,Мўхтар Ниязов,Ринат Зайытов...Таєысын таєылар.Мен ґзі айтыс десе ішкен асымды жерге ќоятын жанмын.АЛ ОРАЗАЛЫЄА КЕЛЕР БОЛСАЌ ОНЫЅ ОРНЫН ЕШКІМ БАСА АЛМАСЫ АНЫЌ.
Сол айтыстың тұрақты көрермені
12-06-07 06:09
Егер сол телевизиялық айтысқа қазылар алқасы төрелік етсе, қандай пікірде болатындарыңызды шалап білемін...:) Бір адамның шешімімен құрбан болғанша, сол ақындар елдің құрбанына айналсын! Солай емес пе? Егер қазылар алқасы төрелік жасаса, сіз оның шешімімен келіспегеніңізбен, олардың қалауын еш өзгерте алмайтыныз анық. Ондай айтыстарды көзіміз де көріп жүрміз ғой. (Кезінде өзім де айтысқанмын деп қояйыншы:))) Жәрайды, сіздің айтуыңызға көңіл аударып көрейік, жершілдікке бөлінді дейік. "Баласы бәйгеге шапса, анасы үйінде отырып тақымын қысадының" нақ өзі осында емес пе? Ақыны ел атынан түсіп жатса, елі мен жұрты құр қарап отыра алады деп айта алар ма едіңіз? Сіздің де жерлесіңіз шапса, шын жанашыр болсаңыз сіз де құр қарап отырмай "айқайлап" тұрарыңыз анық қой?...
Білесіз бе, Нұреке! Кейде осы біздердің керітартпа қылықтарымызға қарным ашады. Әй айналайын-ау, күллі республика не қарап отыр? Қазағым деп қаны қайнаған ұлтшылдарымыз қайда? Өнерім, елім, салтым дейтін қазақтар қайда қалды? Әр қазақ бір-бір дауыстарын берсе, бір аймақты бүктіріп тастамайды ма?... Жоқ! Келіспеймін! Өнердің әділ төрешісі тек халық болуы тиіс! Бұл айтыста шикіліктер шығып жатса, (дауыс беру жағынан) ол елдің кінаны ел мойнына алуы керек деп есептеймін! Бұндай дайыс беру техн.жаңа ене бастаған заманында енді-енді ғана қолға алынып келеді ғой. Осыны дағдыға айналдыру қажет деп есептеймін! Оптимист болыңыздар! Қазақтар!...
Ерлан
nalre80@mail.ru
11-06-07 15:16
Мен їшін аќындар ќай жерден болсын, ќай рудан болсын бірдей, јрине жерлістік, руєа деген- бїйрек бўрушылыќ орын алады. Ґзініѕ жерлесін, ґзініѕ туєаныѕ болса, јрќашанда баурлыќ сезіміін бойды алады. Ґзім аќындардыѕ суыр-саламалыєын жјне тапќырлыєына, ой-ґрісі кеѕ, тереѕ ойлайап айтатын, аќындарды жанымдай ќолдаймын. Осындай кґріністер табылєан аќындар, кейбір кезде ґзімшілдік танытып, маќтанып, кеѕ пейілдік танытпай,ўрыншаќ, айтысу кезінде сґзге тїсінбей, ґзінше соєып кететін аќындар маєан мїлдем ўнамайды. Бўл кґріністердіѕ жаман ќылыќтар орын алса сайыс кезінде ќолдамаймын.
олжас
17-05-07 15:50
мәке қайда кеттіңіз айтысқа шықпайсыз ба
Досым
kyrbalasy@mail.ru
14-05-07 09:09
Пай-пай шіркін қазақтың қызыл тілі!
Ойып түскен тигенін ор ғып ірі!
Айтыс деген халқымның төлқұжаты
Замандардан келген ол - жаны сірі!

Қыз бен жігіт айтысы, жеңге -қайны,
Сөзбен сылып кетірер қайғы-уайымды.
Жарасар болса әзілі өзге түгіл,
Атасынан тартынып, айыл жимайды!

Тосынн тіліп түскен сөзден ығып,
Қанша қазақ кетті екен жерге кіріп?
Сөздің құны алтыннан асылым-ай!
Сен қашан да оытрсың төрге шығып!

Алаш елі азаматтары мына бір шумақтарды қабыл алғайсыздар! Ақындық ауылынан алыстау болсақ та соның үніне қарап сүйсінер жанның бірі едік! Абай атам айтқандай Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...Артық-кем тұстарына айып етпеңіздер! Себебі олардың бар таңдамасы!
Досым
kyrbalasy@mail.ru
14-05-07 08:48
Ар ма айтыстың аламанын а құдайлап қарсы алар жырсүйер қауым! Мына бір тамаша сайтта өздеріңізбен тілдесіп отырғаным үшін Жаратқанға сан шүкір айтып отырмын! Талай да талай таланттар халық ішінде ғой! Маған мұнда Аққұба қыз бен Нұрғисаның сөз қағыстары қатты ұнады! Тума талант алайда жеңіс Аққұба жағында ғой деймін! Ойлары уәжді, тілі орамды, сөздері мірдің оғындай! Нұрғиса бауырым сәл селқостаусың" қЫЗБЕН АЙТЫСҚАНДА; ҚАНЫҢДЫ ҚЫЗДЫРЫП; ЖАНЫҢДЫ СУЫРЫП; ҚЫЗДЫ ҚЫЗЫҚТЫРЫП БАРЫП ҚИЫП ТҮСЕР СӨздер айтылуы тиіс! Ал осынау жұрттың Оразәлі қазасына деген жоқтау мен арнауын оқып отырып көзден кесек-кесек жастарды сығып тастап отырдым! Қазақ қашанда талантқа кенде емес қой! Алайда әр таланттың орны ерекше, оны жоғалтқанда, үңірейіп бос тұрған орнын көргенде жұлын-қолқаң үзіліп, тамағыңа сондай ащы өксіктің тығылары анық! Алла тағала аларын алса да берерінен қапаса екен! Қазақтай мәуелі бәйтерек аман тұрса оның талантты жас шыбықтары әлі-ақ бір-бір бәйтерекке айналып шыға келері хақ! Дарақ өскен топыраққа қайта айналып орман шықпас демеңіз!
erkin
er_er@mail.ru
28-04-07 13:39
салем Дастар. осы айтыскер акындардын жеке сайттары барма? маган Сара туралы деректер керек еді.

Жадыра студент
@-mail.ru.
31-01-07 14:20
Маєан ґз жерлесім марќўм Оразјлі Досбосынов ќатты ўнайтын. Ол наєыз ќазаќтыѕ жанашыр аќын перзенті ееді. Јттеѕ ќазаќтыѕ маѕдайына сыймай кетті. Јділдікті ќарапайым халыќтыѕ зар-мўѕын жырлап жїруші еді. Иј , оныѕ талай жїлдесін ґзіне бермей, тґмендетті. Оныѕ бар айтќаны шындыќ болєан. Сол шындыќ кейбір дґкейлерге жааќпай оны ылєи тґмендетіп, жїлдесінен ќаєып отырды. Біраќ олардыѕ баєасы мен аќшасы немесе тіккен жїлдесінен де ќымбат сыйлыќ алды. Ол сыйлыќ халыќтыѕ аќ батасы мен алєыстары болєан. Оразјлі кеткелі айтыстыыѕ, јсіресе шындыќтыѕ шамы сґнгендей.
Амал не, ќайталанбас ерекше жан еді. Алар асуы јлі алда еді. Таєдыыыр неткен ќатал еді. Ол - Жетісудыѕ жарыќ жўлдызы еді, сол жўлдыз біраќ сјтте аєып тїсіп , ќараѕєылыќ орнады. Халыќтыѕ жїрегінде оныѕ бейнесі мјѕгіі саќталарына сенемін. Халыќ ешќашан ґз перзентін ўмытпайды. Ол јрќашанда жїрегімізден табылады.
ЖАНАШЫР
14-12-06 14:44
Мен де Серікпен косыламын. АМАНЖОЛ жалдамалы акын.Сөзінде салмак жок.Ақындар оны Мырзатай мен Жүрсінің соғымы деп мазақтайтын көрінеді.Жылтыраған беті ғана.Оған БЕКАРЫСҚА жету қайда. Баяғы ШКОДАСЫН Жүрсінге үш мың доллар пара беріп алғанын елдің барі біледі.Марқұм Оразалының алып тұрған қанша байгесін де осы парақор алып кеткен екен.
АРМАН
13-12-06 22:21
МАҒАН АЙНҰР ТҰРСЫНБАЕВА ҚАТЫ ҰНАЙДЫ; МЕН ОНЫ СУЙЕМІН
кайрат
05-12-06 11:54
Ринат, Сара, Балѓынбек, Бекарыс,Айнур осылар катты унайды.
HAS
has3334@yahoo.com
01-07-06 22:16
Нұрғиса,Ақұба қайдасындар.Форумға кіре жүрсеңдерші.
Касиет
17-06-06 07:49
Маѓан айтыс аќыдарыныњ ішінен Ринат, Сара, Балѓынбек, Бекарыстар унайды, басќаларын тыњдауѓа аса ќ±лќым бола бермейді.
Жайық қызы
amaliya.86@inbox.ru
12-06-06 11:53
Айтыс - киелі дүние! Мен-айтыс жанашырымын! Айтыс сүйіп тыңдаймын, көремін, барамын! Айтыс ақындарының бәрі ұнайды! Алайда Ринат Зайытовты, Айнұр Тұрсынбаеваны қатты бағалаймын!
Женисбек
vip_jenis@mail.ru
01-06-06 10:01
Казирги айтыскерлердин ишинен Балгынбек.Ринат.Мухтар Куандыков. Сара кыз оте тамаша айтысып жур!!! Нургиса Аккуба Онерлеринизге нур жаусын! Омирде кездестиниздер ма?
Женисбек
vip_jenis@mail.ru
01-06-06 09:47
Ассалаумагалейкум айтыс кумар халык!!!Кызылордадан жалынды салем!!! Оздериниздин араларынызга косылуга руксат па? Кызылордалык ешким жок па?Рахмет!!!
Ұнат
has3334.yahoo.com
13-05-06 06:38
Сәлем, Нұрғиса. Атыңнан айналайын. Қандай тамаша өнерің бар? Тек форумда ғана емес сахнадан көрінсең нұр үстіне нұр болар еді. Мен сонау Монғолияданмын, маған бір өлең жазып жіберші. Атамекенге барсам мүмкін кездесерміз. Айтыс ӨнерiІ жасасын! Жауап күтем.
орал
17-11-05 09:44
1. Балєынбек Имашев
2.Дјлеткерей Кјпўлы
Балжан.
07-11-05 13:05
Нұрғисаңда ұят жоқ екен түге. сөздері ұйқаспайды ғой мүлдем. бұлай айтысқанша аузыма қақпақ салар едім.
Аққұба
07-11-05 11:58
Армысыздар! Лейла жылы лебіз білдіргеніңізге рахмет.Ал Нұрғиса ақын жақында қолына құсын қондырыпты деп естіген едім. Бақ құс болып қонғай.Құтты болсын! Шаңырақ көтеріп, жас отау құрып жатқан Нұрғисажанның бұл ауылға келуге қолы да тимей кеткен болар.Сырлы да нұрлы замандасым әрқашан аман жүргейсің.
Лєйлє
04-11-05 16:59
Н±рѓиса, неге ќашќаќтайсыњ? Аќќ±баны ренжіткеніњ барлыќ ќазаќ ќызын ренжіткеніњ. Немесе б±л аѓыл-тегіл нµсер алдындаѓы тыныштыќ па? Жоѓалмањыз.
Аќќ±ба, µнеріње табындым. Баѓыњ ашылсын!
Г‰лбану
10-09-05 14:32
Б±л форум негізінде айтыс таќырыбында еді. Меніњ µзіндік пікірім ,єзірге Сара аќынды аќын деп ианымау. Тіпті ¦стазыныњ µзі меніњ жазып бергендерімді ќашанѓа айта береді деп ќынжылады. Бір жолы кµмектеспей ќойѓан екен, Араѓа Фархатты салып загатовкаларын алып алѓан екен. ¤те ќу ќыз екені сахнадан -аќ белгілі, туп-тура Айн±р мен Аќмаралдыњ кµшірмесі. ¤њкей жаттанды сµздер.Аќындардыњ µзі ќарынды ашытады,бір айтќанын ќайталай береді дегенді айтады. Ќашанѓы Семейліктер ж‰лде ала береді? Ринатќа тілімізді тигізіп отырѓамыз жоќ. Жаттанды сµздіњ аќыры ±заќќа бармайды.Айн±р ќайда кетті. Ќылымсып отырушы еді .Єрі кетсе,екі жыл. Сараныњ да таусылатын кезі бар. егер ±стазы кµмектесе берсе,біразѓа баруы м‰мкін.
Ќазаќ
27-08-05 13:55
Айтысты м‰лде ±натпаймын. Еріккенніњ ермегі деп білемін.
Ажар
26-08-05 16:54
Откен айтыста Ораздын агасы Онгар айтыска шыкты. Жаксы айтысты.
Жанболат
02-08-05 15:42
бул форумды басыннан сонына дейин окуга уакытым жок
Бырак койилган сауалга жауап Нурлан деген акын маган оте унаиды
кµрермен
24-07-05 07:59
айтысты ±натпаймын. ±намайды. Отпен аластау керек барлыѓын да.

Ринат
rakhimov_r@mail.ru
18-05-05 19:46
27-28 мамырда Казақ Көлік және Коммуникациялар Академиясында жоғарғы оқу орын студетері арасында айтыс өткізіледі. Келем деушілерге есік ашық.Басталуы сағат 15.00-де, Шевченко көшесі 97, Масанчи көшесі қиылысы.


Аттас
26-04-05 10:25
Нұрғиса менің аттасым екенсің өзің.Көптен бері сөздеріңе сүйсініп жүр едім.Соңғы кезде біртүрлі болып барасың.
Осымен айтыс бітті
Аққұба Нұрғисаны косякқа тықты
Қызға айтар уәжі болмай,
Нұрғиса жөніне зытты
отқа май құюшы
25-03-05 08:11
Ұят-ай сері жігітім мұның ұят болды енді.Өзеурей айтқан сөздеріңнің бәрі өтірік болып шықты ғой сонда Барып тұрып соқпай кету ер жігітке жараспаған екен.Енді не бетіңді айтасың?
от салушы
24-03-05 19:58
Сонда қалай Нұрғиса Алматыға барып тұрып Аққұбаға сокпай кетен бе
әлде ааа енді түсіндім Нұрғиса как всегда на лево кетіп қалған ғой иә!
Аққұбадан қоқып кеткен ғой шамасы.
Аққұба
24-03-05 11:29
Мәңгілік серік болар сертті жігіт
Кетпегін құр сөзбенен сертке ілініп,
Асықпай арбаменен жетемін деп,
Шаң қауып қалып жүрме епті жігіт

Қыздың жанын жаратқан текті қылып
Қасиеті тұрар ма бетке ұрылып
Жолына қарайлаған қара көзге,
Көрсетер сері жігіт есті қылық

Тізгінді бұра алмадың келіп тұрып
Хатыңмен де жүктемедің жерікті қып
Соныңа қарағанда Нұрғисажан,
Өзіңе тор құрған-ау берік қылып…

Меншігі ме деп қалдым басқа жанның
Ойыншығындай қолға ұстар жас баланың
Асауды арындаған жуасытып,
Өзіңе берк құрық тастаған кім?

Нұрғиса
23-03-05 19:52
Іссапарға шыққан ем біраз уақыт
Қалдым ба екен өзіңді құлазытып?
Жүректегі лүпілің тыным бермес
Жолды тосып өзімді тұрас күтіп

Тізгінді бұрмадым ба келіп тұрып
Саулығымды сұрамай еліктіріп
Өзгелердің жеміне айналмаспын
Меншіктеніп құра алсаң берік құрық

"Бұрымыңды өрмедің еріп тұрып"
Тұрғандаймын іштегі дертіңді ұғып
Сарайыңның төріне шығара алсаң
Мәңгілік сендік болар сертті жігіт...:)


Аққұба
23-03-05 13:07
Ах ұрып қалмағайсың әттең айлап
Сертіңде тұра алмадың дәтке байлап
Қаңбақтайын қалбаңдап қош келіпсің,
Ұшарын желі біліп кеткен айдап

Қонарын сайы біліп қайта әкепті
Нұрғиса әдемі әнін айта кепті
Көңілді жайландырып сұлу сөзбен
Дүниені жырыңменен байтақ етші

Өлеңменен көз сүзсем өкінбеспін
Қамшылап сөзге тартса бекінбес кім?
Қазақ рудай қарқара ауылыңнан
Неліктен көп уақытқа кекіл кестің?

Алматыдай Аруға талмай жеттің
Қарыс қадам жолыңды шалғай еттің
Сәлемді беру парыз, алу сүндет
Ат ізін қызды ауылға салмай кеттің...

Тізгініңді бұрмадың келіп тұрып
Саулығымды білмедің еліктіріп
Сақадай сай саусақпен төніп келіп
Бұрымымды өрмедің еріп тұрып

Нұрғиса
20-03-05 12:49
:))) осындай ішітарлық бізді ұзаққа апармайды :)) көре алмай отырсаңыз, Аққұбаның атын жамылып сөйлемей-ақ қойсаңыз да болар еді :)) Әншейін, сізді аяп айтқаным ғой, көңіліңізге ала көрмеңіз )))

Осы сайттың рейтингі неліктен күрт түсіп кеткендігін айтайын ба? Техникалық әлсіздікте. Әр тақырыпта модер сайланып, кіру тек логинмен болған кезде дұрысы сол болар еді. Ал былайша, осындай олқылықтар қайталанып тұра береді. Қазақтың әдемі айтыс жанрына сөз тигізбегеніңіз дұрыс, жұмбақ адам (Аққұбаның нигін жамылғанға). Бәрін өзіңіздің саяздығыңыздан, өреңіздің деградацияланғанынан көріңіз. Тезірек емделмесеңіз, ертең айықпас кеселге айналып кетер. Сізді аяп айтқаным ғой...
Аққұба
19-03-05 10:13
Нұрғиса, қойшы, сенің өтірік өлеңіңнен шаршадым.
Нұрғиса
17-03-05 16:36
Араға уақыт сап, Аққұба қыз
Шабытты бойға қайта шақ қыламыз
Өзіңдей хас жүйріктен көзді жазсақ
Сан соғып, әттең айлап ах ұрамыз

Заманым тыныш әзір, Аққұба қыз
Мен емеспін жалтарар әккі нағыз
Ләм мимсіз біраз жүрдік тіс жармастан
Шаршы топ алдында да бар кінәміз

Енді қайта күйкілжіт, Аққұба қыз
Сенсің шалқар көлдегі аққу нағыз
Әу бастағы жігіттің табиғаты
Көзін сүзген танаға "сақ бұқамыз" :))
Қанат
15-03-05 10:24
Түууу, сері деп еркелеткен осындай аруларымыздан айналып неге кетпейміз.Нұрғиса сен неге үндемей қалдың? Ағайын, ұлыстың ұлы күні құт әкелсін бәріңізге.Аман болайық.
Аққұба
10-03-05 06:27
Армысың, Нұрғиса сері! Аман-есен жүріп жатқан боларсың.Апталдай азаматтың кімнен тасаланғанын ұға алмай отырмын...Сері жігіт сертке берік келеді деуші еді...Осы форумға кірмеймін деп біреуге сөз беріп қойған шығарсыз...Бірде-екілі керекинфоға бас сұққанымда сенің саусақтарыңның табымен жазылған жыр дестелерін, салиқалы әңгімелеріңді көріп қалушы едім...Дегенмен,қара сөзден қамшы өрген, сұлу сөзге сүліктей қадалған Сері жігіт, келіп қалған екенсіз төрлетіңіз.
Нұрғиса
nurasyl@rambler.ru
06-03-05 13:35
Армысыз, бармысыз жолдас-жарандар! Рас, біраз уақытқа тасалануға тура келді, реті солай болғасын. Кейбір тақырыптардағы "былғаныш" сөздерді оқып, денем түршігіп, қарным ашығасын біржола тәрк етемін бе деп ойлағам. Мына тұста дегбірсізденіп, қызыл тілдің қадірін әспеттеген сіздердің сөздеріңізді оқығасын көңілім жылыды. Маған айтылған сөздер үшін емес, көсегесін көгерткіміз келген ана тілім үшін. Қайткен күнде де, илеген пұшпағымыз бір болғасын...

Жыр додасын қыздыра түсуге ынталылар болса кәнеки! Бірақ жалғыз шарт: арандатушылық, пәксіздік белең алмаса... Біраз жердегі құйтырқы сөздерді оқыған соң айтып отырғаным... Былайша әркімнің санасы бар және өз-өзінен ұяла білу мәселесі ғой түптеп келгенде.

Ал, қыздар, басыңдар!!! Тарпа бас салыңдар! ;)

ізгі ілтифатпен,
Нұрғиса

Зәуре
04-03-05 06:36
Ақын жанды қазақ қыздарымен жігіттері қайдасыңдар? Бәрің жоқ болып кетіпсіңдер.Нұрғиса, Дәруіш, Белгісіз, Бозбала бәріңіз де Қазақстаннан көшіп кеткенсіздер ме? Нұрғиса сіз тіпті форуманан көрінбейсіз ғой.Ұшты-күйлі жоқ болып кеткен жаман әдет.Қыздар жағы да үндемейді.Форумдағы өсек-аяңнан қажып жақсы сөзден,жұмыр жырдан ләззат алып, тынығатын осы ақындар жайлы топик еді... Ақпанның 22-нен бері мелшиіп тұрғанына көп болды.Жаны жайсаң жақсы жандар жақсы бір әңгіме бастаңыздаршы.
Құттықадам
22-02-05 06:23
Камшат қадамың құтты болсын.Әлі де жаза бер.Тек жүрекпен жаз.Сонда бар айтар ойың жұмырланып, қолдан құйған мүсіндей болып шыға келеді.
Камшат
18-02-05 07:12
Өнер алды қызыл тіл,
Түсіне біл, сүйе біл.
Нұрғиса мен Аққұба
Өнер сүйген ғашықтар.

Айтысты жастан ұнатам
Кетпейді үні құлақтан
Қазағым жайлы жырлайтын
Оразалыны жыр тұтам.
Ақыны едің елімнің
Батыры едің жерімнің
Бұйрығы болды, жол жақтан
Ақындар керек "ол" жаққа

Ақындық жоқ өнерім
Жәй ғана тілге сенемін
Сынама мені ағайын
Бұл менің алғаш өлеңім!
Зәуре
18-02-05 06:15
Муха ,Мұхаметжанды қайтесің ол дінге ден қойған.Алланың сүйген құлы болу да бір бақыт шығар.Дегенмен ол айтыс өнерінде жасындай жарқ ете қалды емеспе...
Муха
17-02-05 09:20
Маған Мухаметжан ұнайды.Керемет ақын.Соңғы кезде жоғалып кетті.Ол құайда жүр білсеңіздер айтыңыздаршы.
Аққұба
www.Lia104fm@ok.kz
08-02-05 09:50
Армысыздар,Форумдастар! Ыстық ықылас,жылы лебіздеріңізге көп-көп рахмет.Біздің жырларымыздан рухани ләззат алып, сусындаған болсаңыздар ол сіздердің өнерге деген сүйіспеншіліктеріңіз және сөз қадірін ардақтағандарыңыз деп білемін.Қара қыз, айтысты жалғастыруға да болатын еді...Бірақ, қанша жұртты тоқтатып қойып Нұрғиса екеуіміздің ғана сөйлеуіміз ыңғайсыз болар деп шештім.Қыз құрбылар ортасынан қосылама деп едім олай болмады...Және де Сағын айтпақшы тақырып ақындар жайлы болғандықтан Ақын жөнінде сөз қозғап,елінің, жерінің мұңын жоқтап жүрген жандар жайлы пікір танытсақ деп едім.Қасиетті қазақтың қара сөзінің шырайын кіргізіп,жылы жүректерге жол табар ақын жанының қасиетін асырып,құдіретін паш етсек деп едім.

Айдар құрбым, Аққұбаның жанын түсініп,өзіңше бағалап жатқаныңа мол алғыс.Маған деген ілтифатың Өнерге деген ғашықтықтан туындаған болар.Олай болса,саналы ойдың саңлауына үңіліп, сәруәр сөздің салтанатына бой балқытар құрбым, сенің өтінішіңді жерге тастауға болмас.Менің жеке почтамның адресі Lia104fm@ok.kz Пікір алмасамын дегендерге қарсы емеспін замандастар.
Айдар
28-01-05 05:42
Йә, керемет.Маған да ұнады.Әсіресе, Нұрғисаның өлеңіне Аққұбаның берген жауаптары...Орынды, артық-кемі жоқ.Мені қызықтыратыны тілі шұрайлы,сөз қадірін түсінетін Аққұба-арумен Нұрғиса-сері жолықты ма екен? Сөзі көрікті қыздың өзі де көрікті шығар.Шіркін, мен сені көргім келеді Аққұба-ару. Жүзіңді көрмей-ақ сөзіңе, өнеріңе ғашық болуға болады сенің. Сенен өтінерім е майлыңды қалдыршы.
Қара қыз
26-01-05 16:00
Не деген тамаша сұхбат! Басқа топиктерге кіріп көрдім, бос сөз, болмағыр әңгіме.
Ал, сіздердің мына өлеңмен өрілген сұхбаттарыңыз айызымды бір қандырды.
Өрелі әңгіме бастаған Нұрғисаға, оған өздерінің ойларын білдірген авторларға риза болып отырмын. Бос әңгімеге үйір басқа топиктердегі құрбыларыма айтарым, "болатын бала - болатын әңгіме айтса".
Нұрғиса, Аққұба, Дәруіш, жұрттың назарын аударар әңгіме-дүкендеріңізді жалғастырсаңыздар!
Қаласаңыздар, басқа тақырыпқа сөз қозғаңыздар. Мені қызықтырғаны тақырып қана емес, оған қатысты айтылған сіздердің ой-пікірлеріңіз, өлеңмен өрнектелген диалогтарыңыз. Қандай жарасымды!


Daruish
12-01-05 18:19
Аққұба, Нұрғиса!

Жарадыңдар!!!;-) Өнерлерің өрге бассын!!!

Жулделеріңді алу үшін мына адреске хабарласыңдар: daruish@mail.ru
Орамал тон болмайды, жол болады дегендей...
Аққұба
07-01-05 07:07
Мойымас жан налымас шөккенменен
Құмың көлге айналмас су төккенменен
Ынтық құшақ, тәтті ерін бола қоймас,
Жырларың жүзімнен кеп өпкенменен

Нұрғисажан әңгімеге шақырады
nurasyl@rambler.ru керемет аты бәрі
Әзірге белгісіздеу жеке хатпен
Қызыққа қандай бізді батырары…

Осыменен доғарайын жырларымды
Айтарсың хатыңмен-ақ сырларыңды
Ой бөліссін басқаларда ақын жәйлі
Хош болып тұр сары жігіт жұмбақ үнді

Айтыстың ақындары алдаспандай
Болат жақ, алмас тілді ,талмас таңдай
Сөз өнері халқымның құдіретті ,
Өздеріңмен бір жасап жалғасқандай

Сол ақын, жаныңды өрт қып жандыратын
Сөз тауып құмарыңды қандыратын
Жыр маржанын тамшы қып тізіп әкеп,
Шөліркеген таңдайға тамдыратын

Ындын кепкен тамырға қан жүгіріп,
Қалғандай бір боласың мәңгі күліп
Ақындарды алаламай о, халайық
Сөз қыларсың жырындағы мәнді де ұғып

сагын
06-01-05 17:05
Ау агайын форумнын аты баскаша еди гой Мунда аккуба мен нургисанын айтысы болып кетипти гой, маган унайды озара айтыстары, дегенмен казиргы акындар жайлы да ой болысеикшы
Нұрғиса
05-01-05 11:20
Қиялды ұластыру шындыққа әкеп
Керектірер бойыңнан ұтқыр әдеп
Нұрғисадай марқасқам құтқарар деп
Аққұбадай аруым құт құрар кеп

Налымас шөккенменен, мойымас жан
Болмаушы ед сөзім құнсыз, ойым арзан
Бал тамған әр сөзінен дара арусың
Болмайды сол шәрбәтқа тойынбасам

nurasyl@rambler.ru сабынымыз
Сол жерден хатыңызбен табылыңыз
Арқаны кеңге жайып тояттар ма ек
Сонда мені бір гәпке шақырыңыз...

nurasyl@rambler.ru құт мекені
Инсафтықтың әу баста түп терегі
Небір мықты заңғар ой айтылатын
Электрондық поштамен бүктеледі...
... Жеке хатпен, әлқисса, жүкте мені...


Аққұба
05-01-05 08:14
Ер-Азамат өзіңіздің қолыңызда...деп оқуыңды сұраймын
Аққұба
05-01-05 08:12
Еркелерсің, боларсың бүгін бұзық
Құмарлықтан бой жылып алсаң қызып
Ай-арудың сәулесін суға түскен
Аймаларсың ебін тауып жетсең жүзіп

Осы сәттер қайталанып тұрар ма еді
Жігіттің от шарпыған құмар демі
Ақ тамаққа шөліркеп жете алмай
Амалсыздан орта жолда тынар ма еді

Көз қарақат болғанда ернім тәтті
Сөзіміз әрлі-нәрлі, болмас қатты
Мойыныңа ақ білегім асылар ед,
Түс емес өңім болсын ебін тапшы

Тынысыңыз тарылып кәдуілгі
Батыр жанға ұқсадың адуынды
Қылышыңыз тар жерде керек болар
Қыныңа қайта салғын қаруыңды

Бұл түсті жақсылыққа жорыңызда
Аттаныңыз ертерек жолыңызға
Арманменен-қиялды шындық ету,
Ер-Азамат өзіңіздің қолыңызға

Нұрғиса
03-01-05 17:30
Кірпіктерің қағады күлім, қызық
Еркелермін, болармын бүгін бұзық :)
Ерік берген құшаққа батып кетіп
Оңаша сыр шертеміз үзік-үзік

Құшағым өзіңе ашық, айқара анық
Шөліркесе "сүтіңді" жайпар ғәріп
Жүректі шымырлатып маза бермей
Тұрар ма осы сәттер қайталанып...

Ернің неткен тәтті еді, көз қарақат
Адамды нәрлі де әрлі сөз қаратад
Құшарлана аймалап құшақтайсың
Сүйрік саусақ мойнымда... әз шарапат

Тарылып тынысымыз кәдуілгі
Түндер таңға ұласты адуынды
Қылышымды қыныңа қондырып ап
Астан-кестен қылдым ба қаруыңды...:)

Бозбала
30-12-04 09:13
Көрсем деймін өзіңді,
Аққұба қыз, ару қыз.
Оят мендік сезімді,
Жүректегі мұды бұз.

Аққұба
29-12-04 07:13
Күннің нұры көзімде ал кірпігіме
Жұлдыздары аспанның жыр тізуде
Ай сәулесі аймалап ақ жүзімді,
Тамаша қып ақша бұлт іркілуде

Бір мысқал да салмақ жоқ ұшып жүрмін
Табиғаттың ғажабын құшып жүрмін
Өңімде емес бұл жайдың түсімдегі
Мағынасын түсіндір ұшық сырдың…

Самал желі еркелеп аймалайды
Сөзбен айтып жеткізіп болмас жайды
Нұрғисаның құшағы жұмақтайын,
Боларма көрген түстей жанға жәйлі?
Аққұба
29-12-04 06:57
Жан тәнмен сүю-шың, тұғыр биік
Мейірім нұрын жүрекке жиып
Ұлы сезімді сый қылып тартқан,
Жаратқанға мың шүкір дейік

Оң қабағыммен қарадым күліп
Жанға бір жәйлі ән қалсын
Үлбіреген жалғансын үміт
Жүрекке жүрек байлансын

Жолықтыратын тағдыр да сұлу
Жасайтын сыйы әлі көп
Қан ойнап бойда болғасын жылу
Өмірдің мынау мәні көп
Алмас
28-12-04 14:37
Тағы да қоса салайын дегенім, әрине, дәл осындай қарқында әрі қарай ұстаса әйгілі болмай қайтеді... ;)
Алмас
28-12-04 11:14
Қазіргі айтыс ақындарынан маған бүгінгі күні аттары әлі жетерліктей әйгілі бола қоймаған Нұрғиса мен Аққұба ұнайды... ;-))
Нұрғиса
27-12-04 18:07
Сен барда шаттық, сен жоқта қараң
Сенімсіз маған сенсіздік
... Сонда Құдіретпен тең боп па адам
Сайдың тасындай сен үздік

Жаратқан Ием таптырды сені
Жүректен түлер мың шүкір
Жалғызіліктің ақырғы емі
Жан тәнмен сүю - шың, тұғыр

Көздерің күлер, жүрегің балқыр
Кез келген ол сәт маған да
Көңіл түйісетінін білемін ақыры
Кіршіксіз болсақ әмәнда

Тағдыр да сұлу жолықтыратын
Теңіне теңін телитін
Тентек теліге оң ұқтыратын
Тұғырлылар бар епті тым

Сен келші бермен, өпер ме ем сені
Сабырмен жылы аймалап
Салымға түскен бөтеннің жемі
Болармын тұрсам ай қарап
...Танытшы жаным жай қабақ :)
Аққұба
27-12-04 12:31
Үркектеу едім, нәзік жаным да
Мәрттігіңе бас ұрдым
Сабырлылық қасық қаныңда
Сынығы ма едің асылдың

Серісі десем осы заманның
Артықтау айтқан болмаспын
Төрткүл дүние бүкіл ғаламның
Иесі сені қолдасын

Көздерім күлсін, жүрегім балқып
Сөздегі үмітті орында
Жануы лаулап, сезімімнің шалқып
Барлығы сенің қолыңда
Нұрғиса
24-12-04 11:33
Жолбарыстайын жаралы емен
Тырнақты сұғып батырман
Сайын даланың маралы мемен
Таңдарды бірге атырған

Нәзіксің жаным.. шалдықсаң шаршап,
Боламын ұлпа жастығың мамық
Іңкәр лебізді жанға ұқсап әр сәт
Жұлдызың жанар ақырын, анық

Аспанға қарап, жұлдызды санап
Атқызсақ таңды кірпікті қақпай
Жайына қалар күндізгі сабақ
Жайды ұғынар ынтықты апай

Жүрегім балқып, көздерім күліп
Сезім оянып, махаббат лаулап
Орындалады ау сөздегі үміт
Сен оған дейін қалмашы жаурап :)
Daruish
24-12-04 10:52
...Пай-пай-пай!!! Коңілді сергітер, тас болған жүректі жібітер керім сөздер киелі сезімдерге ұласып, шабыттарыңның шырқауын-ай!!!
Аққұба, Нұрғиса!
Жарайсыңдар! Екеуіңе де менен бір-бір жүлде!!!;-)

Құрметпен,
Даруиш

ЗЫ. Дегенмен бас жүлдені Аққұбаға беру керек шығар. Олай етуге Нұрғисаның мәрттігі жететініне шүбәм жоқ...
Аққұба
24-12-04 06:54
Дидарым нұрлы ақ ұлпа қардай
Жауын алады көзіңнің
Мәңгіге шөлдеп шаңырқағандай
Кәусәрін жұттың сезімнің

Сайын даланың ерке маралы
Мен болсам сенсің қыраны
Найзағайдай өткір жанары
Қиядан шалар қырағы

Жолбарыстай жаралы болып
Тырнағыңды батырма
Шыланып жасқа жанары толып
Қалмасын көңіл мақұл ма?

Жез киіктің лағындай болып
Тығылсам келіп саяңа
Көрсетпеші бөтен бір қылық
Еркелет жанын аяла
Нұрғиса
23-12-04 15:06
Жайдары жүзің, дарының тосын
Атқылар бұлақ тәрізді
Нәпсі хас дұспан, ақылым досым
Жол сілтер ең саф, әрі ізгі

Сезімсіздіктен сақтасын Құдай
Қолыма салам аялап
Бақ құсын кенет тапқасын былай
Жүректе дүрсіл оянад

Олқылығым жоқ көрсеқызатын
Көзіңдей мен де тұнықпын
Қамалды шепсіз төнсе бұзатын
Тамырын шапқам қылықтың

Дидарың нұрлы, ақ ұлпа қардай
Көздің жауын алады
Ұзақ қараймын, таңырқағандай
Сайын даланың ерке маралы...
Аққұба
23-12-04 12:23
Көңілге кірбің ұяламасын
Ибалы сұлу ұяла қалсын
Көрмеген көзі сері жігітке
Ару қыз қалай қияды алмасын

Жатуға зәру шалдыққан дертке
Рухани дәру таптырмас текке
Қымсына басып жақындар едім,
Адалдық атты тұрсаңыз сертте

Ар босағасын мазаламайық
Нәпсіқұмарды жазалау лайық
Арбау-алдауға ұрынып, шашын
Ару қыздарым қалмасын жайып

Ұнағың келсе шынымен маған
Әдептен жұрдай болмасын санаң
Сезім қылдарын күй болып шертсең
Гүл болып жайнап, жұлдыздай жанам
Нұрғиса
23-12-04 09:46
Ұяламасын деп көңілге кірбің
Тапқаным сенсің, өмірде құрбым
Ар босағасын аттамау үшін
Әр осалдықты жөнделеп жүрдім

Шалдыққан дертке жатуға зәру
Рухани ем-дом таптырмас дәру
Болат құрыш қол - біздегі қол ғой
Қиялға беріл, Аққұба ару...

Қолаң шаш ару, бері кел жедел)))
Тастай қатты боп елітер, жебер...
Тояттамаған, "бекем бел" бізді
Сауапқа батып ерітіп жібер:)
Нұрғиса
22-12-04 12:53
Белгісізге:

Сәуегейлік сыбағаң
Неткен көріпкел едің, Белгісіз...
маржаннан жаһұт құраған
ықтансаңыз - еркіңіз!

әр сөзі асыл, ақ тұнба
құлағы түрік, сақ тұрған
құраққа біткен Аққұба
Мөлдір су сен, мен ақ құмған... :)

Аққұба
22-12-04 08:52
Белгісізге.

Ақ төсек ақ қағаздан жақсы дерсің
Аққұба өзгеше әнге басты дерсің
Осы жайдың барлығын сезіп-білген,
О, ағайын Белгісізді бақсы дерсің

Тілім пышақ болғанда, әйел затым
Өлең деген өлерменге болдым жақын
Өнерді үш тоғыз қып үйірмесең,
Ауыздан шыққан сөзде болмас татым

Қайнардан бастау алып өзен шығар
Бір жылдан соң құнаның дөнен шығар
Мерейімді тасытып мақтағаның,
Бағалаған өнерді өрең шығар
Аққұба
22-12-04 08:15
Мен емеспін жиып ақпар жұрттан сұрар
Жақсылығы жігіттің тұнып тұрар
Тал қармап амалдаған қайнысына,
Бір бүйрегі жеңгенің бұрып тұрар

Жетегіне ертекендей жас тайлақты
Нұрғиса жайлы жастық жастай қапты
Таюына қолыңның себеп болған
Майлы емес, қос өркешім тастай қатты

Ирелеңшіл қолдарды жолатпайды
Қазынасын құр босқа тонатпайды
Болаттан құйылған тек құрыш қолдар,
Шырынынан бал сорып тояттайды

Ғұмырын салтына сай мәндес қылған
Ойы ұшқыр,сөзі сырдаң өзі жылдам
Әдептің бетке шыққан нарқасқасы)))
Айналдым сабыр тұнған мұндай ұлдан
Белг1с1з
21-12-04 14:29
Демейм1н шабан торы жуас т1пт1
Кыз жактан Нургисага кысас шыкты
Ауызым дуалы ма о агайын
Ак кагаз ак тосекке уласыпты

Аккуба затын айел, т1л1н пышак
Олен деген олерменге аштын кушак
Ерге басын берг1с1з кыз екенс1н
Пыракка б1ткен ек1 канат кусап.

Нургиса, наркескен1м амалдагын
Кыз -ж1г1т кагысканда к1рер жаным
Онды солды аз1лд1 агыта бер
Аккуба жаксы б1лер айтыс занын.

Кайнардан озендей1н агын шыгар
Кыз жанары жакутпен лагыл шыгар
Нуреке кол серме кеш калмагын
Мумк1н осы жолыккан багын шыгар


Нұрғиса
21-12-04 11:34
Көсемсөзді болғандар тост көтерсін
Қызуқанды өренді "бөспе" дерсің
Қолымыз ирелеңдеп, тайғанақтап
Қымтап алған майлы жер - қос өркеші...

Алайда ерік берген әбестік тым
Еңбегі болар түбі әр бестіктің
Әдеттен жұрдай емес нарқасқамын
Ғұмырымды салтыма мәндес қыппын

Жүрегім тастан ба еді қатпар-қатпар
Жұрттардан сұрастырып ақтар ақпар
Жеңгелерім, аққұба аруларым
Жақсылап өзімізді мақтар, жақтар :)))

Аққұба
21-12-04 07:32

Нар көтерер қиналмай артқан жүкті
Көңіліміз біздердің болмас күпті
Сары майдай өзгеріп бетке ұстадың ,
Өз бетімен тып-тыныш жатқан жұртты

Баста осылай айтуың мақұл еді
Жұрт алдына жүгіну ақыл еді
Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған
Тұщы сөзің таңдайымы татыр енді

Жаңалық сенің ашқан елу тиын
Текті оймен тексіздікті жеңу қиын)
Ертегідей болмайды бұл заманда,
Әтешпенен бұлбұлды телу қиын.

Серілер сұлу сөзге еріп көрген
Оң бағалап өнерді көрік берген
Ерлігін ер жігіттің қыз жақтырып,
Тағдырларын қолына сеніп берген

Әй қайдам,Нұрғиса-жан сондай ма екен?,
Қыздың айтқан сөздерін қолдай ма екен?
Құдай-ау ерімейтін неткен көңіл,
Адамда жылы жүрек болмай ма екен

Әрине періште де ,пір де емеспіз
Айтыс айтыс болмайды жырлы егессіз
Менікі шабытыңды қоздыру еді,
Алайда, тығырыққа тіремеспіз

Шашты да айттың әйтеуір мұртты да айттың
Алмас жүзі тимеген ұртты да айттың
Движение жасайтын қолды да айттың
Енді қалған сол еді бұтты да айтқын).
Нұрғиса
20-12-04 13:47
Аққұба-ау, құным қанша жұрт біледі
Көңілің әлде бұған күпті ме еді?
Мен болман винни пухтың пятачогы
Бес тиын, құнсыз адам, түксіз тегі...

Қолпаштармыз, дәріптер, мадақтармыз
Дәмді сөзге тояттар манап нағыз
Шашабуыңды көтеріп тұрғанымда
Жерге қаратпаңыз...

"Қыздың айтқан сөзіне еру оңай"???
... Көп ұшырастырмаппын шеруді ондай:))
Нақылды түйін сөзге еру болар
Тексіз ой текті ерді жеңу болмай :)

Алайда, тығырыққа тіремес қыз
Десе де, жампоздайын пір емеспіз
Өмір гүлі солмасын, нәрленсін деп
Жағдай жасайтын күлегешпіз....

Аққұба қыз емес-ау, қызыл алма
Нарттай жанса дидарың қызып қалма
Сен айтқан қол ептісі сол болады
"Движенье" жасаса қызықтарға :)))))



Аққұба
20-12-04 09:17
Нұрғиса серіге.

Өтірікке әу баста сену оңай
Қыздың айтқан сөзіне еру оңай
Ер жігіт өзі айтқан сертте тұрса,
Ат сабылтып қызды ауылға келуі оңай

Сүмбіл шашты епті қол өруі оңай
Аялы көз ақ жүзді көруі оңай
Көңілінен шықпаса сері сөзі,
Ару қыздың бұлтақтап жеруі оңай

Еру қиын дейсің-ау қыз сөзіне
Қыздың жылы сөздері күн көзінде
Бес тиын да емес-ау елу тиын,
Аямай-ақ беріпсің құнды өзіңе
Аққұба
20-12-04 08:08
Дәруіш аға,рахмет.Қолымнан келгенінше Қара Өлеңді қамшылар едім алайда, Нұрғисажанның арыны басылып қалдыма көкірегімді сөгіп өрекпи төгілер жыр жолдарына себепші болар сөз сүмбілесін көре алмай тұрғаным...
Шабан жорга (алыстагы Азамат)
19-12-04 20:46
Ак кагазда ак кызбен жагаласкан
Нургисамен мен бир соз таласпан
Аккуба сен курган мыкты турга
тусти деп есептей бер шабан жорга

Шабан жорга журиси майда келер
зарыктырып бир айда арен келер
ойыныз белгили боп серттескен сон
жетемин деп киналып зорга келер

Шабан жорга шапса да жургенмен тен
кыз корки иектеги адеми мен
Туссе де сол бир торга окиниш жок
жетем деп али келед шабан жорга
******************************
Нургиса
16-12-04 10:41
Ай биреуге:

журегин кыздын жараламасайшы
оз созин озине карама кайшы
косе деген ау баста мурт, сакалсыз
атойлауыннын байыбына карайласайшы )))

муртты киса мен косе бола алмаспын
кылдарынан айрылса ортаймас ким?!
муртымды алдырмай ак, "ашык" журем
"маска" кимей, кауымнан болмай кашкын

Аккубага:
Демеймин акикатка сену - тыйым!
Кыздын айткан созине еру киын
Киршиксиз ак пейилмен кушак жайса
Ермесем куным менин елу тиын!

Бир талдап орип берем, сабыр сактап
Орекпип кетер ме едим тапырактап
Оримине жутылып бапа жатсам
Аларсын мен жаманды акыры актап )))


Daruish
16-12-04 10:08
Аққұба-жан, жарадың! Қамшы салдырмас Қара Өлеңіңді төпкпелет енді! Екпініңе кім төтеп берер екен?;-))

ЗЫ. Менен бір жүлде саган, Ақ Маңдай Қарындасым!!!;-)
Аққұба
16-12-04 09:02
Әй біреу ғойға...

Затым әйел,Аққұба атым жақсы
Оғы жоқ берен мылтық атылмасты
Адамның көселігі есеп емес,
Болса болды заты Ер,бақыр басты

Затым әйел болғанда Аққұба атым
Әй біреу ғой, орта жолдан қыстың тақым
Бақыр басты дегенім қазына ғой,
Сара ойлы ,маржан сөз іші алтын
Аққұба
16-12-04 08:48
Нұрғисаға

Нұрғиса мұртыңызды күзеп берем,
Ауызға түспейтіндей түзеп берем
Мұрт пенен сақал дегенмен ештеңе емес,
Таза болсын әрдайым жүрек деген

Бейнеңізді мен сіздің көріп едім
Сары майдай сары жүзге еріп едім
Көз көрмеген қыздардың бұрымдарын,
Түсіңізде…, әлде қашан өріп едің?

Жыр қылыпсыз ән аранап сабын суға
Кір болмайды лықсыған ағын суда
Шашымның түр-түсіне мадақ айтқан,
Бейіміңіз күшті екен жағымсуға
хххххххх

Тор біз болсақ жібіміз мықты келер
Өтіп кетсең затыңыз мықты келер
Өрмекшінің ізіндей құрған торға
Өз-өзіне нық сенген мықтың енер

Келер болсаң өзіңе сеніп келгін
Қыздың айтқан сөзіне еріп көргін
Көзбен көріп,қолыңмен ұстап сонда
Сүмбіл шашты бір талдап өріп бергін.
хххх
Шабытыңыз өрлесін тарқамасын
Ақ қағазда ақ қызбен жанталастың
Саңқ етіп көкке өрлеп шарықтай бер
Мұзды балақ қыраны қарт алаштың

Караторы
15-12-04 19:24
Нургиса ау аккызбен аккагазда арпалысканша кок корпенин
булкилин жандандырмайсыз ба
эй бире у гой
15-12-04 15:41
аккуба атын жаксы затын эйел
эйелди сыйламатын жок бир ел
Нургиса муртын киса болар косе
аккуба тутуар ма екен оган мисе

кап асыктырганнын ай жалгасы бар
Балнур
15-12-04 14:18
Сер1к с1з кайда кетт1н1з? Маган жеке поштанызды бер1н1зш1 мен с1збен жеке араласкым келед1. С1з маган унайсыз?
Нұрғиса
15-12-04 10:02
Ак кагазда ак кызбен арпалыстым
Шабыт сонбей, онайша таркамаспын
Ия, менде арман жок, бакты пенде
Аккуба нарли кызы карт алаштын!


Нұрғиса
15-12-04 08:54
Тор курган майда шабакка
Коргенсиз жаман мен емес
Жорыдым муны сабакка -
Инструкция для кенкелес )))

ххххххххххххх
Тил кеспек жок, макул бул, тилсиз балык
Тасага ыктанбаспын унсиз калып
Назик жанга атылу киын екен
Кире берис биз болсак, тор - Сиз анык!!!!

Муртымды аламын деп жайландырып
Биздерди койдыныз гой ойландырып
Белгисиздин "ойбайы" бекер емес
Ийссиздикке душар кылмагайсыз
Кулыкка бой алдырып )))

Ал мен сумбил шашынды орип берем....
Сакадай сай саусакпен тонип келем
Ойпырмай, Head and Shoulders керемети -
Бурымын корикти екен :)

Белг1с1з
14-12-04 15:00
Нургиса Аккубаны абайлагын
Алады бул сулуын калай арын
Соз1 сулу, жуп жумыр б1р м1н1 жок
Мен танысам осы кыз таза дарын.

Деп жур1п " бул кыздарга ой салайык
Басына кун туды ма алмагайып
Мурт пен мурын катар кет1п журмес1н де
Аккубанын устарасы жолдан тайып.

Б1р аруды жолыктырдык т1л1 жорга
Мундай тоты Нуреке туспес колга
Ак кагазда ак кызбен арпалыстан
Нуреке мына сенде арман барма?

Бел кетер белбеу кетер тауекел де
Такым кыстык б1р жактан с1здей ерге
Кылшыктан урт пен иек ада болып
К1л бор1кт1 карамайык кара жерге

Аққұба
14-12-04 13:28
Нұрғисаға.

Олай болса сөз терме ұсақталып
Орныңнан тұр бел буып, үш оқталып
Қанша жерден тер төгіп тор құрсаң да
Бәрібір сусып кетер ұсақ балық

Ұсақ балық- сөз еді мағынасыз
Мені мақтап несіне жағынасыз
Қысас болған сөздерім жанға тисе,
Тіл кеспек жоқ еріксіз бағынасыз

Жағаңнан жөн-жосықсыз ұстамап ем,
Қу сөзді жіпке тіз деп қыстамап ем
Мұртыңызды шынымен өтінсеңіз,
Өзім-ақ алып берем ұстарамен
Нұрғиса
14-12-04 08:20
Аккуба, создин ретин келтирерсин
Оленге машыктанган епти дерсин
Кирерге тесик таппай отырганды
Кысас болган созинмен олтирерсин )))

Емеурин - кертартпа емес, жаркын кушак
Кыз-келиншек аман жур! Алтын курсак!
Мен Нургиса болып журе береинши
Жургенимше катын уксап )))

Затын бекем болганда душпан алыс
Жагамнан жон-жосыксыз устаманыз ))
Аузымызга муртымыз тускени анау
Болмаса да устарамыз )))

Затын бекем болганда жакын досын
Бул саган дос пейилди хатым болсын!
Тамсанардай касиетке тунган жансын
Созин-зерек, ой-биик, задын-тосын!
можантопай Айткыш
13-12-04 22:49
АККУБА РИЗА СЕРИК ЛАНА ЖЭНГИР НУРГИСА ДАРХАН ДЭУРIШ
РЕСПУБЛИКА КУНИН БИРГЕ КАРСЫ АЛЫП жынды су га тойып куып сойлуге соз жарыстурга шакырамын
шатырым кетип шиборилирден таяк жеп отырган себебим бар
ал калган омиримди ел журттан сырт жерде жырактап откизетин себебим тагы да бар ол жакта
осындай создин казактын кара созин дэл оздериндей багалайтын жандар ды кездестирем ба бир алланын ози биледи букил жол шыгынмен баска каражжатты мойныма алып кезесетин жерди сендердин биликтерние калдырдым енди мен ел журтка келем келмеймин бе ол да белгисиз
АККУБА ЛАНА РИЗА казактын карапайым кана кыздары егер де сендер омирде оздерин айткан соз сиякты болсандар мен азамат басыммен басымды иип кызыгы мен китыгы коп алыс жолга сергим жэне берик корганым ретинде шакырамын
егер ойлансандар осы форумга ойларынды жазындар
уакыт тыгыз 25 желтоксанга дейн мен кужаттарды битреуим керек
можантопай Айткыш
13-12-04 22:34
Риза саган женгетай керек пе элде кыз сезимин багалайтын курдымга кеткен жигит керек пе
егер де ондай жигиттер табылмаса мен можантопай казактын карапйым жигити бармын
Жаксы эйел жаман еркекти адам етеди дейди гой мумкин сиз бен биз болып косылып казактын 20 млн гажетуине ат салысып женгетайлар клубын ашып Лана мен Аккуба га кыз сезимин багалайтын жигит табу дын жолын карастырыармыз Элде сиз 48 емшекке жугирип соны нэпака етесиз бе

можантопай Айткыш
13-12-04 20:03
Иэ мен деймин дангрым не дейди нин кебин киип отырган жэим бар Кияли елдин кияли тургындары
ЧАТ и ЧАТЛАНИН


страницы:    « в конец    3    2   1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов