Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу
English talk
Правила
Поиск по разделу
Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия












Общение

Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Сөз өнері - дерт

страницы:    2   1    в начало »   

Авторы Xабарлама
Lana
lmadali@mail.ru
31-07-04 12:40
Өнерге мінез керек. Мінезсіз өнер - мінезсіз жылқы. Ондай жылқының түсі келуі мүмкін, оның аяңы алшаң, шабысы жойқын болуы мүмкін. Бірақ, аз малтаны ас етіп түн қатар ұзақ жолдарда, таңды таңға ұратын ұзақ жортуылдарда ондай жылқы кісіге серік емес. Үркерге сылтау, туларға себеп іздейтін тұяқ - сеніп жүрген, сеніп мінген серігін жолсоқты болып, қатты қажып, қалғып кеткен бір сәтте топитып түзде қалдырады.

Авторы Жауап
Кітап оқымайтын жігіт
06-04-07 16:14
Жақсы, Сері кітапты тек қана тіл байлығын дамыту үшін ғана оқиды екен. Басқа кім не үшін оқиды? Шіркін, кітап деп ауыздың суын құртқанға шеберміз. Айтып көрейікші, неге олай тамсанамыз?
Олжас
Olzhas1986_86 mail.ru
05-04-07 13:18
Мұхтар Мағауин бәрі бір М.Әуезовке жете алмайды.
Сері
shrj81@mail.ru
21-03-07 09:58
Кітап оқымайтын жігітке:
Оқымасаң да таңдау өзіңде ғой. Классикалық шығармадан да іске асарлық жетерлік. Көркем әдебиет әуелі адамның тіл байлығын көбейтуге әсері зор. Ал, Д.Карнегидің шығармасы психологиялық болғанымен өмірлік мәні зор.
кітап оқымайтын жігіт
20-03-07 16:50
Неге бірден Д. Карнеги? Классикалық шығармалар толып жатыр емес пе? Психологиялық туындыны олардың алдына шығара алмасақ керек. Сірә, сері жігіт менің сауалымды түсінбеген-ау. Кітаптың пайдалы екенін бәріміз де білеміз. Зияны тимейтінін одан жақсы білеміз. Десе де, нақты жауап беріп көрейікші: Кітапты не үшін оқимыз? Бұл - оқу керек пе, керек емес пе деген әңгіме емес. Оқу керек. Дәлірегі, қайсысыңыз кітаптың қандай пайдасын көбірек көрдіңіздер?
Сері
shrj81@mail.ru
15-03-07 09:27
Кітап оқымайтын жігітке:
Менің ойымша кітап оқу көркем әдебиетке деген әуестіктен басталады. Өмір сабақтарынан берері мол кітаптарды оқыған еш зиян көргенім жоқ. Сонымен бірге әдебиетке қызығушылығы бар жандар оқып қана қоймай талдау жасағанды да ұнатады. Әлемдік аренада ойып орын алар әдебиетке қызығушылық білдірмеген, соның ішінде қазақ әдебиетін білмеген, тарихты білмегенмен бірдей болар.
Шетел әдебиетінен ештеңе оқымасаң, ең болмағанда Д.Карнеги шығармаларын оқып шыққаның жөн болар.
к1тап окымайтын ж1г1т
15-03-07 07:46
К1м к1тапты не уш1н окиды? Сыкпытсыз сауал боп кор1ну1 мумк1н. Дегенмен б1р сат ойланып корей1кш1, коркем адебиетт1 кандай себеппен колга аламыз?
к1тап окымайтын ж1г1т
15-03-07 07:43
Козгап отырган такырыптарыныз тамаша екен! Казак руды б1ршама шарлап шыктым. Тушымды ангн1ме таба алмай-ак койганмын. Мынау тын серп1л1с болды. Баска тагы кандай жерлерде манд1 анг1мелер айтылып жатыр, жол корсетпес пе екенс1здер? Лана, с1зд1н де, Дару1ш, Сер1к, Сер1, Балжан, Асыл С1здерд1н де орныкты п1к1р1 бар окыган адам екенд1кдер1н1з кор1н1п тур. Алемд1к адебиет туралы не айтасыздар?
Сері
shrj81@mail.ru
12-03-07 07:59
Cәлем форумдастар!
Тірілей даттаймыз, кейіннен өкінішпен еске алып, көкке шығара мақтаймыз. Қос Мұхтар жайында біраз әңгіме қозғалған екен. Әрқайсысының өзіндік алар орны бар. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ демекші кемшіліктерін тере берсек қай адамнан да табылар. М.М:-ға келер болсақ, қазақ әдебиетінен тарихи шығармаларымен ойып орын алар із қалдырған жазушы екеніне ешкім дау келтіре қоймас. Романдарынан бөлек бір ғана "Алтыбақаннан соң" әңгімесінің өзін оқып көріңдерші. Сезімдеріңді Жорға тауынан да биік шырқатып ала кетеді. Сын түзелмей, мін түзелмек емес. Сондықтан да, жақсымызды асырып, жаманымызды жасырмасақ, ешкім бізге жақсысын әкеліп бермес. Ал, М:Ш.-ға келер болсақ, кез-келген адамнан қай ақынның өлеңдерін білесің деп сұрасаң, Шаханов шығармасынан бір өлең айтатыны күмәнсыз. Ендеше, шоқтығы төмен деп қанша жамандасақ та, халық жүрегінен өз өлеңдерімен орын таба білген ақынды біз қалай жоққа шығармақпыз. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп жатса, ақынды неге сыйламасқа. Және де, тіл мәселесі жөнінде де ащына да, ашыла да сөйлеп жүргендердің бірегейі десе де болады. Депутаттыққа өтетіндер міндетті түрде мемлекеттік тілді білсін деп алғаш ұсыныс жасаған да Шаханов. Шаңы шықпай жүргені үшін де оны кінәлау артық болар. Алтынның қолда барда қадірін білейік, ағайын!
DAUREN
aidos@126.com
11-03-07 19:32
dostar magan Sain Mutatbekov turali bilesing derm?
Аққұба
11-05-05 09:10
Йә, әр нәрсені бағалау алдымен адамдардың түсінік пайымына байланысты болып келетін сыңайлы. Пайым-парасаты пісіп жетілген жандар бағаны әділ бермек.Ал түсінігі таяз,жеке ойы жетілмеген кейбіреулер түйсік-санасына үңіле алмай жатып сын айтатынына таңым бар... (бұл белгілі біреуге қатысты айтылған сөз емес)
Сер1к
18-08-04 13:45
Ау))
Lana
17-08-04 18:51
Серік)))
Сер1к
17-08-04 12:57
Асыл, мен осы "Б1р сом бер1п жырлатып,.. "дегенн1н кеб1н ки1п отырган жокпын ба?
Lana
16-08-04 12:39
Серік, сіздің сөздеріңіз әдеттегідей, орынды. "үреді" дегенім - бұртиып ренжігенім емес, барлық жағдайды еш боямасыз анық көрсету мақсатында қолданған құралым еді. Көңіліңізге қатқыл тиіп жатса, кешірерсіз.
М. Мағауин туралы кімнің не ойласа да, еркі ғой. Дегенмен, М.Шаханов екеуі салыстыруға келмейтін, парасаты жағынан Көк пен Жердей қашықтықта жатқан адамдар. М.М.-ды менің осы пікірталас барысында ақтап шығуым да міндет емес шығар. Маған ұнамайтыны - ол кісіні бағалауға шама-шарқы жетпейтін, әлі пісіп-жетілмеген балалардың соншалықты жайбарақат, соншалықты үзілді-кесілді пікір айтып қарап отыратындығы. (Бұл жерде Сіз жөнінде әңгіме жоқ, Сіз ол кісі туралы еш нәрсе деген де жоқсыз).
Қазір әдебиетке 60-шы жылдары келіп, дүниені дүр сілкіндірген толқын мықтыларынан (мен үшін) Қалихан Ысқақ, Сайын Мұратбеков және Мұхтар Мағауиннің ғана көзі тірі. Тіпті сырттай ренжіткенін қаламаймын ешкімнің бұл кісілдерді.
Сер1к
16-08-04 09:31
Лана сенен б1р от1н1ш. Парасатыннын би1г1нен томен сыргыма. Сен1н кей хаттарынды окып, соз1н журтка тындата алмай буртиып, шыга келет1н еркетотай кыз елестейд коз алдыма. П1к1рталастырушыларды итке тенеп, урд1р1п не кыласын. Ызадан жарылардай болсан да ибадан аттама.
Сер1к
16-08-04 09:31
Лана сенен б1р от1н1ш. Парасатыннын би1г1нен томен сыргыма. Сен1н кей хаттарынды окып, соз1н журтка тындата алмай буртиып, шыга келет1н еркетотай кыз елестейд коз алдыма. П1к1рталастырушыларды итке тенеп, урд1р1п не кыласын. Ызадан жарылардай болсан да ибадан аттама.
Сер1к
16-08-04 09:24
Асыл мен1н саган суйкенген жер1м жок. Сен1н кеп урынганына жон болсын. Тек оз п1к1р1мд1 ашык жазып отырмын. Мен б1лем деп астамсыган емесп1н. Оз ойымды орныкты айтканым уш1н айыптамассын. П1к1рталастын тамыры осындай ой тайталасынан барып аршылмай ма. Жаз. окиык, п1к1р таластырайык. Б1рак такырып шенбер1нде. Сен ондай сияктысын, мундай сияктысын дегеннен аулагырак болайык бауырым.

Лана, Магауин казакка Оразмухаммед хан мен Кадыргали Жалайыр бид1 танымал еткен1н б1лем. Ал Бухар жырау туралы шыгармасы жадымда жок. Есенберлинн1н Кошпенд1лер1нде жаксы корсет1лген жырау туралы Магауинн1н кандай енбег1 бар?
Жѕњгір
16-08-04 09:16
Ынсапсыз адам белгісі - жаќсы затты ѕрќашан арзанѓа сатып алсам деген ойда.
Ењ џлкен сезім мџшесі - жџрек. Басќа сезім мџшелерініњ барлыѓы сатќын жѕне алдамшы.
Сер1к
16-08-04 09:09
Лана. Мен тулгасы к1ш1рейед дегенде оз кон1л1мдег1 Магауинд1 айттым. Мухтар Шаханов та мен уш1н таудай тулга ед1. Жазагер жадынын космоформуласын окып шыктым да ойымнан айнып сала берд1м Казакы аудиторияны кей1н ысырып койып орысша жазган Мукан . Шынгысхан туралы жосыксыз деректер келт1ред. Америка галымынан ест1п ем, Шынгысхан оз карындасы мен шешес1н зорлап, баска адамдарга косыпты деген дулдамал ойлар айтад. Айдаладагы американдык кошпенд1лер тарихын оз тарихшыларымыздан артык б1лет1н болганы ма? Айтеу1р журтка жаман ет1п корсету. Еуропа елдер1н1н коз1не тус1п, азын аулак марапатка ие болу уш1н осекке барган акын туралы не айтуга болад. мен шынгысханды жактаушы емесп1н, б1рак тарихи мал1меттер колдан жасалганына карсымын. Батыс елдер1 Шынгысханды ен жауыз ет1п корсетуге куш салады. Ойткен1 олардын "к1рш1кс1з" тарихында кошпенд1лерд1н кулы болды, салык толед1 деген б1р парак жагымсыз дерек кездесед. Кошпенд1лерд1н косем1н сол кошпенд1лерд1н урпагынын аузымен жамандатканнан артык кандай амал бар. Шаханов солардыцн колындагы каруга айналды.
Жѕњгір
16-08-04 08:41
Кљру бђрышын таба білу - адамтанудыњ ењ ќажетті ѓана шарты. Біраќ жеткілікті шарты емес.
Asil
asilseri@yahoo.co.uk
13-08-04 15:21
Serik,

balkim meniki de jansak pikir shigar, sondiktan da men pikirimdi jakjanimng ishine oz pikirim dep jazganmin.
Birak pikirding duris khaliptasui pikirtalastarda bolmaydi ma? Sening jazgandaringnan Tek meniki duris olay bolmasa men soyleskim kelmeydi dep turganday.
Asil
13-08-04 15:15
Lana,

sening sozderin mening pikirime arnalgan ba?

Lana
13-08-04 12:51
Және, Серік, ол кісінің тұлғасы кішірейіп кете ме деп қорықпай-ақ қойыңыз. Бұл мүмкін емес нәрсе.
Lana
13-08-04 12:49
Серік, мен М.Мағауинды сынайтындар алдымен сол кісінің деңгейіне жетіп алсын деген пікірдемін. Әйтпесе, "Ит үреді, керуен көшедідегі" күлкілі жағдайда оңай қалып қоюға болады. Оқып шығыңыз. Қазақтың өткені мен ертеңі жөнінде көп ақпарат аласыз. Қазақтың тарихын үш ғасырға тереңдеткен, Кеңес кезінде жалпы жұрт комсомолдың жырын жырлап жүргенде, халыққа Асан қайғыны, Бұхар жырауды т.б. қайтарған ғалымның бұл еңбегі Сізді бей-жай қалдырмайтынына сенімдімін.
Және мені бір таңдандыратыны - Бекзат Саттарханов дегенде өзегі қарс айырылатындардың М.Мағауинге (!) қарап, үретіндігі.
Сер1к
13-08-04 08:49
Кеш1р1ндер И1р1м1нен де соракы ма деп окындар?
Сер1к
13-08-04 08:47
Кадыр Мырза Ал1н1н "Жазымышынан" да соракы ма сол Мен?
Сер1к
13-08-04 08:42
МЕНд1 окыган жокпын. Алайда айтылып жаткан сын тым коп болгандыктан соны тауып окысам ба деп кумарта бастадым. Б1рак Магауин тулгасы к1ш1рей1п кете ме деп коркам. Аласапырандай роман, Тазынын ол1м1 сынды керемет повесть, Кияндагы кыстау сынды балаларга арналган тендесс1з шыгарма жазган жазушыга осы МЕН пале боп жабысатындай...
Lana
12-08-04 18:10
Дәруіш, адамдардың бойындағы ең қорқынышты қасиет - өзі білмейтін, өзі ішінде отырмаған тақырыпта сөйлеуі. Сөйлеп қана қоймай, өзгелерге жөн айтуға талпыныс жасауы секілді көрінеді маған. Не уәж айтарыңды білмейсің. Себебі, олар қара тас секілді безірейіп алады. Жылжымайды. Үндемей-ақ қойған дұрыс болар...
Asil
12-08-04 15:57
"kelem de aaytamin dep khanhama soz,
khaladi-au kurgir mina2 til baylanip degen olen joldari MAHABATTING bar ekenin oni sezine alu,

Kundelikti khumarliktan Mahabbatti ajirata alu ar adamning ozine baylanisti dep oylaymin.

Daruish mirzaga: Saf altin jarkiramaydi emes, saf altin tot baspaydi bolsa kerek.
Auirmasiligi jer men koktey.
Балжан
12-08-04 15:54
+Асыл дурыс айтады. Жазушы озінін "Менін" халыкка мойындата алса гана "Мен" дарежесіне котеріледі. Ал, жана заманда баскалардан курт болініп, "Мен" деп менменсуінін жоні жок сиякты. Ал, жарайды Ауезов заманын алмай-ак жана заманды алайык. Жана Мухтармен узенгілес, кай жазушы озі ушін "Мен" деді, барі халык ушін "Мен" деген жок па?
Asil
12-08-04 15:52
"Ойдың бәрі өлең туғызғанмен де, өлеңнің бәрі ой туғыза бермейді..."
Olengning bari oy tugiza almaytini syakti, oyding bari olen tugiza almaydi.
Eki ush joldi shatpaktau, olenge jatpaydi.~ Au~ demeytin kazakh Jok ekenin Eskereyik.

Daruish
12-08-04 09:13
Махаббат Әлем құшағында емес, Әлем Махаббат құшағында...

Күнгейге Күн түссе, Теріскей жылынады...

Көрген көріктіден көрмеген көріксіз сүйкімдірек.

...Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма? Кім біледі, жұмбағы көп болса, қыз ауыр шығар, ылғалы көп болса, тұз ауыр шығар...
Darhan
11-08-04 19:57
Lana da malades,Balzhan da malades.)
Lana
11-08-04 19:20
Асил...
Daruish
11-08-04 18:04
Darhan, рахмет! Бұның бәрі он-шақты жылдан аса уақыт бұрын жазылған. Бір жақын досым айтпақшы, "Құрыған сөздер Хрестоматиясы" жинағымнан;-)
Өмірден көріп-білген, санамен саралап түйген ойларым ғой...
...Біреу үшін жазды ғой деймісің. Бойдағы бар титтей болса да Талант-сымақтың алдындағы борышымды өтеген түрім ғой бұл;-))... Ал енді саңылаулы санаға септігі тиіп жатса, онда бұл сөздердің қажетке жарағандығы да...
Asil
11-08-04 15:43
Ar jazizhining ozindik meni Boladi. Birak bastapkida. MENsiz jazushi jazushi emes. Al nagiz jazushi ozindegi Mendi khalikting MENINE auistira alsa. Sol ghana jasuzhu bola almak.

Soz oneri dert deydi. Bul mulde olak ta sholak ta khate pikir(Bul mening jeke kozkharasim). Soz oneri adam janining emi der edim. Emdi duris khaldanbasa dertke aynalui ongay.

Lana
11-08-04 14:03
Балжан, бұл жерде ХХ ғасырдың ортасындағы дүниетаным мен ХХІ ғасырдың басындағы танымды ескеру керек. "Елу жылда ел жаңа". Ол кездегі дәстүрлі әдебиет қазір классика. Қазір өзге өлшемдер келді. Әдеби тәсіл, оқырман талғамы - барлығы өзгерді. Және, әрине, жазушылар да басқа. Сондықтан екі Мұқаңды бір-бірімен салыстырып, "мынау маладес", "ал мынау онша маладас емес" деп бағалауға болмайды. Әрқайсысының өз орны, өз жөні бар.
Балжан
11-08-04 13:32
Лана, пікіріне косыламын. Дегенмен, єлемдік аренага котерілген "Абай жолын" жазган Мухтар де озінін "МЕНін" жасауга куші жетпеді дейсін бе? Бул Мухтардын ол Мухтардан айырмашылыгы не? Бєрі еркек кіндік. Бірак М.Ауезов аренасына котерілуге М.Магауиннін менінше "МЕНі" аздык ететін сиякты.
Lana
11-08-04 13:18
Ит қапты деп сен қапсаң, аузыңда не қасиет қалады.
"Абай жолынан"
Lana
11-08-04 10:24
*Өз жауабы өзіндегі сауалдан асқан сұм жоқ.
*Ажал келмейді. Ажалға барасың. Барған бетте аудиенция бересің.
*Сүрінгенін секіргендей етіп көрсете білетіндер бар.
*Ән - зар. Зар һәм мінәжат.
*Сауалы бұйрық тектіге солқылдақ жауап жүрмеген.
*Жалғанның жалғандығын жылқының жанарынан асырып көрсетер айна кәне?


страницы:    2   1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail: (будет виден всем)
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2014   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создание и управление —
«Ижанов и Партнеры»