Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Бүгінгі қазақтың ұлттық рухы жоқ


Авторы Xабарлама
Мұхтар
30-11-06 05:40
70 - жыл бойы өзгенің саясатымен жүрген бұрынғы қазақтарда ұлттық рух асып төгіліп жатушы еді.. Ел болып тәуелсіздігімізді қолға алған заманда ұлттық рухымыздың көмескі тартып бара жатқанына кімдер кінәлі?

Авторы Жауап
Dadore Matore
dauren_mate@mail.ru
09-01-10 22:42
Men de Galym mektepty Bydrdm men Japonda okp jatrm!
NurLee
nurlee1992@mail.ru
09-01-10 22:39
Мен Єалым ќазаќ улттыќ гимназиямыныѕ окушысымын! Сендерге айтатыным Базар Жок мектеп!
Арғын
19-02-09 18:58
Бұрын Совет өкіметі кезінде орыстар бізді басқарып отыр, олардан жақсылық күтуге болмайды деп қазақ сақтанатын. Орыс болып кетуден қорқып тілін, дінін сақтап қалуға тырысты. Егемендік алғаннан кейін халық бар жан тәнімен Нан ға сеніп қалды, өзіміздің қазақ, енді біз өлмейміз, біз енді кеттік алдыға деп НАН ның артынан лап қойды. Ол болса бір екі ауыз қазақшасымен халықты алдап, орыстарға қарай сүйрете жөнелді. Міне ұлттың рухының төмендеп кеткен себебі, біз алданып қалдық ағайын. Әрине бар жан-тәніңмен сенген адамың онша болмай шықса, баратын жерің батпақ болып шықса көңілің пәс болады ғой.
...
19-02-09 08:39

Иман жоқ жоқ адамда ұлтына деген сүйіспеншілігі қайдан болсын?! Екі қазақ біріне-бірі қастандық жасап не төбелесіп жатса, көп қазақ "шоқ-шоқ, же біріңді-бірің, аяйсың ба?!" деп күліп шетінде қарап тұра береді... Не қазақтың жігіттерінің кейбірі тіпті, өз қыздарына қорлық көрсетіп те жатады. Шыққан өңіріне қарай келеке етіп, шеттетіп жатады, әй, түбіміз бір қазақ емеспіз бе? қойыңдар, бауырларың ңой - деп айтатын жандар бар болса да некен-саяқ...

Бауырмалдық деген асыл сезімнің ұмытылғаны қашан, кейбір адамдарға бұл жат сезім...
Нұрғайни Мәңкешқызы
12-12-07 14:16
Бүгін желтоқсандықтармен кездесу өткіздік,оқушылар жүзінен ұлттық рухты байқай алмадым.Олар ешнәрсе ұғып отырған жоқ, бұл көтеріліс қай уақытта болған, не үшін.ол кезде заман қалай болды, СССР деген не?Дым білмейді,СССР,Ленин,Аманкелді батыр,Кеңес өкіметі туралы ешнәрсе айта алмады, одан кейін желтоқсан көтерілісі туралы не ұқсын.Оқушылар тарихты жақсы білуі керек,ата бабалар ерлігін білмей, оны мақтан тұтпай ,рухты калай көтереміз.
Сырткөз
12-12-07 10:35
Ұлттық рухты желтоқсан көтерілісінде дүние жүзі көрді.
антивирус
11-12-07 08:09
БАСПАСӨЗГЕ ХАБАРЛАМА

2007 жылы 13 желтоқсан күні сағат 15.00-де «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры, «Ғалым» қазақ ұлттық гимназиясы, және қор жанындағы 30-дан аса салалық «Халық үні» мәдени-ағарту орталықтарының ұйымдастыруымен

« ЖЕЛТОҚСАН 86 – ұлттық жаңғырудың бастауы »
атты тақырыпта кездесу өтеді.
Кездесу ұйымдастырушылардың мақсаты – қазақ өркениетін, қазақ мәдениетін зерттеп, насихаттап жүрген, ұрпақ тәрбиесіне ат салысуға талпынған азаматтарға қоғамдық қолдау керек екенін кең жұртшылыққа жеткізіп, осы істерге араласуға қабілеті-мүмкіндігі бар, ұлттық міндеттерін түсінген жандарды қордың көп салалы «Халық үні» мәдени -ағарту орталықтарының мүшелігіне тарту.
Іс-шараның бағдарламасы:

15.00 – 15.05 - кездесудің өту тәртібін, құрметті қонақтарды таныстыру.
(жүргізушісі: «Аллажар-қолдау»ҚҚ президенті-Марат Бөтеев)
15.05 – 15.20 - Тақырып бойынша баяндама.
( баяндамашы: Алматы қаласы, Самал-1 ауылының «Халық үні»
қоғамдық мәдени-ағарту орталығының жетекшісі – жазушы-дәрігер, педагогика
ғылым. докторы, медицина ғылым. кандидаты, Махамбет сыйлығының
лауреаты Совет-Хан Ғаббасов)
15.20 – 16.20 – тақырып бойынша еркін пікір алмасу.

16.20 – 16.25 – мемлекеттік рәміз-нышандар авторларының «Халық үні» мәдени-
ағарту орталығының тұсаукесері.
(жетекшісі: әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті академигі-
Хайрулла Ғабжалилов)
16.25 – 16.30 – ұлттық батырлар мен балуандардың «Халық үні» мәдени-ағарту
орталығының тұсаукесері.
(жетекшісі:қазақ ұлтының даңқты балуаны-Әбілсеиіт Айханов)

16.30 – 17.00 – гимназия өнерпаздарының «Керуен сазы» ансамблінің
концерті.
(жетекші-дирижері:гимназияның ән-күй пәнінің ұстазы-Күлзия Көпжасарқызы)

Кездесуге ұрпақ тәрбиесі және ұлттық мәдениет мәселелері толғандырып жүрген мемлекеттік құрылым өкілдері, қоғамдық ұйым өкілдері, жазушылар, ғалымдар мен қатар орта мектептерден ұлттық өнерді насихаттаушы-мұғалімдер қатысады деп күтілуде.
Кездесу өтетін мекен-жай:
Алматы қаласы,«Таугүл» ауылы, Тепличная көшесі,58үй,
(Жандосов көшесінің төменгі жағы, Саин көшесінің қиылысы)
«Ғалым» қазақ ұлттық гимназиясы.
Байланыс телефондары:
263-96-99, 293-63-07, тел/факс 225-25-11,
8 701 277 1683, 8 701 712 4511
Шақырылған құрметті қонақтар:

Ш.Ниязбеков-мемлекеттік Тудың авторы, Ж.Мәлібеков- ел таңбаның авторы, Нәсіп Нәжмеденова, Жәмилә Қалдаяқова-Ел ұран авторларының өкілдері, С. Зиманов- Ата Заңды жазуға атсалушы, Х. Ғабжалилов- ұлттық теңгеміздің авторы, Ә. Айханов- ұлтымыздың даңқты палуаны, Қ. Әбенов- «Аллажар» кинофильмінің режиссері, Ж. Бабалықұлы-этнограф, ғалым, А. Османова-әзербайжан мәдени орталығының жетекшісі,М. Шаханов-«Жалын» жорналының бас редакторы, А. Айталы-мемлекет қайраткері, Омар Қаймолдин-өнер танушы, академик.

Малик
02-12-06 13:12
Мари сөйлейтін сөзіңді шайнамай дұрыс сөйле..
Дала
01-12-06 14:32
Мари! Айтуыњыз орынды. Дегенмен, ±лтты алѓа жетелейтін ортаќ идеяныњ жоќтыѓы б‰гінгі ќазаќтыњ соры екенін мойындау керек деп есептеймін. Орыс халќында "истина рождается в споре" деген тамаша сµз бар ѓой. М‰мкін, сіз бен біздіњ осы єњгімеміз, басќа болмаса да µзімізге ой салып, бір келелі істі тындыруѓа серпін беретін шыѓар?!
Мари
01-12-06 12:31
қара түнді жаудыра бермеңдерші. Бір тақырыпта ақтер көк тер боп біз нормальныймыз десең, екінші тақырыпты ашасыңдар. Қашан біз батыр елміз болғанбыз және болып келеміз деп айтамыз. Қиын қыстау кезінде Мағжандар қалай жырлаған еді (қолымда кітабы жоғын қарашы, мысал келтіріп жіберетін). Қазір еркегі болсын, ерге татыр қыздары болсын осындай сарында тақырып бастағыш
Томаға
amed_74@list.ru
01-12-06 12:15
Әр дүниенің өзінің құлдырауы мен шырқау шегі болады. Ұлттық, ұлтымызға тән дүниелерден айналадығы келеңсіздіктің әсерінен құлаздағанымыз, осы құлдыраудың шегі болар. Енді бір 5-6 жылдан кейін бізде, бүкіл әлемде де ұлттық нақыштарға рұқтық сұраныс артатынына мен сенімдімін.
Олай дейтінім "кәзіргі әр тұрлі себептермен қалтасын қалыңдатып құржигендер айналымдағы қорларын ірі өндіріске салғанан кейін бәсеке артады техника одан ары дамиды, енді тек олар өздерінің қайдан шықандарын, тегін, ұлттық намысын жоқтай бастайды"
Тек ол ұлттық жолда казақстандықтан гөрі Қазаққы болса екен деймін. және сол бағытымызда бабалар мирасының жұрнағы басым болып, аталар аманаты бұрмалаусыз баяндалып, аналар тіліегі ақталса.
70 жылдағы жоғалтқанымыз жер тепкілеп жоқтасақта жамалмайды.
Досай
maza.77@mail.ru
01-12-06 10:08
билік кінәлі
Сері
01-12-06 09:10
Бірде Қожекең жүгіріп келе жатса, алдында қазулы тұрған орға кезігіпті. Секіруге оқталса да, құлаудан қорқып, батпай "Қайран жиырма бес" деп кетіп бара жатып, "Әй, 25-те де келістіргенім шамалы еді" деп айтқан екен. Біз де сол күйді кешіп жатқандаймыз ба, қалай?
Дала
01-12-06 07:22
70 µзгені емес, µзіміз ќосылып жасаѓан саясаттыњ ыќпалында ж‰рген деген д±рыс болатын шыѓар. Ал, ±лттыќ рухтыњ болмауына, ±лттыќ идеяныњ жоќтыѓы себеп деп есептеймін.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube