Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Мен бақытсызбын...


Авторы Xабарлама
Нәзік
11-12-06 11:09
Алдымен өз өмірбаянымды қысқаша жазып шығайын:
Менің жасым 19-да, дүниеге қарапайым қазақтың жанұясында келгенмін. Апамның тұңғыш ұлының ұрпағы болғандықтан апам жанынан тастамайтын. Үнемі қасына алып жүретін. Түнде манежкада ұйықтайтынмын. Бірақ түн ұйқысын төрт бөлетін апам өліп қалған адамша ұйықтайтын, мен қараусыз басымнан аяғыма дейін зәріме шомылып жататынмын. Анам болса түнде ұрланып келіп ауыстырып, тамақтандырып кетеді екен. Ал апам көріп қойса, анама тыныштық бермейтін көрінеді. Сол кездегі Малыш деген жасанды сүтпен қоректендіреді екен, оны анам қаладан барып, елмен таласып алып келсе, апамның кіші баласы қасықтап жеп қойып, маған қуырылған ұн беріп қатырады екен. Жылауық болып өстім.
Сонымен, үйтіп-бүйтіп 4 жасқа да келдім. Анам мен әкем бөлек шығып кеткен. Есімді біле бастағаннан кейін, апам қыздарыңды ары қарай өздерің бағып алыңдар деді. Мені бірден қаладағы бала-бақшаға беріп, толық киіндіріп, түрлі-түрлі тағам мен дәрумендер алып бақты. Бірақ кеш еді... Екі бүйрекке әбден суық тиген... Асқазанда нашар жұмыс істейді. Бәрі апамның кесірі дейін десем, бәрі: "сені апаң өле жақсы көретін" дейді. Бала-бақшадан мектеп табалдырығын аттадым, оқудың озаты болдым. Өсе келе тұрмыс жағдаймыз нашарлап кетті. Әкем ауылда өскен қазақ, оқымаған, жұмысқа да ала бермейді. Анамның орта білім бар, не керек 10 жылдай анам асырады бізді. Бірақ жалақысы өте төмен еді. Қара кедей болдық. Әйтеуір атамнан қалған пәтер бар.. Мектепке киетін киім таппай қиналатынмын. Сынып жетекшіміз бәрінің көзінше жағдайы нашар деп ақша жинататын(мен, тағы 3-4 бала). Зардап шектім... жаным ауырды... Жылаумен өтті балалық шағым.. Әкем кейіннен ішіп кетті, 2 жылдай әкемнің концерттерін көрдік. Өмір өмір емес - көмір болып кетті. Бой жеттім, жасым 16-ға келді, анам айлығын жинап жүріп мені оқуға түсіріп жіберді. Әкем арақты қойды, бәрі оңалып келе жатқан сияқты еді. Анам операцияға түсті. Ауыр операция болды... Өмірін әрең сақтап қалды. Енді жұмысқа да қабілеті болмай қалды. Әкемді мемелекеттік жұмысқа тұрғызған, ауыр шыдамаймын деп тағы шығып кетті. Тұрып жатқан үйімізід сатып жіберіп, ауылға кетіп қалдық. Ол жақта да өлместің күнін көріп, қалаға қайта бет бұрдық. Бірақ сол ақшаға үй келмеді. Ипотекаға алдық, 20 жылға. Сонымен не керек, оқуымды да бітіріп шықтым. Үш жылдық оқудың дипломын құшып, жұмыс іздеуге шықтым. Ешкім алғысы келмейді, жап-жас 18-дегі қыз бала.. Үмітім үзіліп бола бергенде бір жерден жұмыс шықты. Құлшынып тұрғаннан кейін сынап көрейік деп 2 айға алды. Өттім сынақтан.. Жұмысқа аса құмарлықпен кірісіп кеттім. Бірақ онда жауларым пайда болды. Артыма түсіп алды..Тыныштық бермейді. Қызын алмай қойыпты бастық қабілеті жоқ, жыбырлып жүріп алады деп. Сонымен ол менің кеткенімді қалады. Ал ол кісі бастықтың орынбасары еді. Сонымен жарты жылдан аса жүріп кетіп қалдым. Басқа жерге тұрдым жұмысқа. Тапқан табысымды анама беріп отырдым. Киінгім келеді, ішіп-жүріп, ойнап-күліп деген сияқты жоқ болды. Сол баяғы жетіспеушілік.. Ол жерден жақсы адамдар табылды, қызым деп бауырына басып алды. Айлығы да жақсы еді.. Тең жартылай бөліп алайық мен адамша өмір сүрейінші десем болмайды, бар тапқан - таянғанымды алып қояды.. Жетпеген соң түнгі жұмысқа шығып кеттім.. Официантка болдым, күніне 1000-1500 теңге табатынмын. Оны өзіме жаратпай артымнан ілескен сіңіліме менде болмаған нәрсені алып беріп, киіндіріп, көңілінен шығуға тырысатынмын. Өзімде жоқ мобильный да алып бердім. тағы да өзіме ештеңе де қалмайды. Ком.услуги, свет, газ т.б менің мойнымды. Айлығымды анам алып ипотекаға жабады. Ай сайын 27 000 теңге аз болғандай тағы да кредит алып алды. Айына 16500 теңге. Сонымен ары тартам бері тартам жетпейді.. Түріме қараса жап-жас құлпырып келе жатқан қыз, ішімде қартайып солып қалған кемпір.. Сыртым бүтін ішім түтін. Білдірмеуге тырысамын. Жай көзге білінбейді, бірақ суретке үңіліп қарасаң жанарымнан мұң байқалады. Оны маған бірнеше адам айтқан. Бәрі білгісі келеді. Міне кеше ғана айлығымды алдым. Официанттың жұмысынан шығып кеттім. Әкеммен жасты ер кісілер тыныштық бермеді, тиісіп, құмарланып тұрады. Ұяттан безгендер.
Күн десе мынау суық. Үстімде ескі пальто мен аяғымда күздік етік.Өзі де құрыған бүйрек одан бетер ауырсынады. Анама аяғым жаурап жүр, папам неге таппайды, аяқ киім алып киейінші, тауып жатырмын ғой, десем кредитті қайтеміз деп шығады. Әкем селкілдейді көзіңді ағызбай түгел өзіңе жарат деп, анам болса , кредит деп шырылдайды. Сонымен банкоматтың карточкасын бере салдым. Енді міне жұмысымда отырмын. Жұрттан ұят, ауыз толтырып айтарлықтай айлығы бар, жүрісі мынау сүмірейіп деп те айтатындар көрінеді. Жағдайым қиындап барады. Әке-шешеммен арамыз да суып бара жатыр. Кет онда бізден, бар квартира тауып тұрып көр дейді. Қазіргі жалға берілетін пәтерлер өте қымбат. Не істерімді білмей жүрмін, менің жасымдағылар әлі күнге дейін ата-анасына еркелеп, алып бер, тауып бер деп міндетсінеді. Мен еркелікті 6 жасымнан ұмытқанмын. Байдың көкбет, көкірек, тәлпіш қыздары жүрісі анау, бұзылып, бастарына "приключение" іздеп.. Интернетті ашып қарасаң өңкей жап-жас қыздар, төсек қызығын іздеуде.
Маған Алла тағала ажарды аямай берген, бірақ бақыт нағыз "қыз бақыты" жоқ. Жаман - жаман біреулер басынғысы келеді. Сөз салып тұрады ұялмай, әке-шешем кедей болса да өзімнің көкірегім мен көркім жетерліктей. Маған ұнаған жіггітер менің материалдық жағдайымды көріп, теріс айналып кетіп қалады. Тауып жатырмын, қиыншылықты осы уақытқа дейін көріп келе жатырмын. Түсінігім сол, ақылым уақытынан бұрын толып, жетіліп қойғанмын. Мен 10 жасымда өмір деген не екенін түсіндім. Менің сыңғырлаған күлкім күлкіден көрі зарлағанға ұқсайды, сырт көзге бақытты болып көрінемін. Ішім жылайды. Қадірімді білмей жүрген жандар.. шіркін-ай, бір сәтке шынымен - ақ кудем бақытқа толып кетсе ғой..
Не денсаулығым жоқ.. Емделетін ақша да жоқ. Аялдамада аяғымнан сыз өтіп тұрғанда жылап жіберемін. Жүйкем де тозған.. Сәл бірнәрсе болса жылай саламын, айқайлап жіберемін.
Неге басқалар сияқты жетістікте өмір сүре алмаймын. Шаршап кеттім.. Шаршадым. Бәрінен, бұл өмірден. Мен 19 жыл емес, 49 жыл өмір сүріп келе жатқан сияқтымын. Неге бұл қу жетіспеушілік мені жібермейді??? Анам бір табысты, ақшалы жігітке тұрмысқа шық дейді, ондайларың маған қарайын деп тұрған жоқ. Менсінбейді, оларға байдың еркелеп, қолдарына қасық алып ас дайындамаған қыздары керек. Ақсаусақ, өзін өзі күтіп қалған қыздар керек. Мені не қылсын? Тақиясына тар келемін. Тең теңімен тезек қабымен...
Мені бақытты деп кім айта алады?
Мүмкін мен дұрыс айтпай тұрған шығармын? Түзететін, ақыл айтушылар бар болар.. Кекетіп, мазақ қылмаңыздар, өмір өткінші, алма-кезек , басымнан аулақ дей көріңіздер!
Бақытты шығармын мүмкін мен, бақытты күтіп жүргенде өтіп кеткен сәттер болған шығар..
Кім айтады?



В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов