Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу
Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Абай

страницы:    4   3    2    1    в начало »   

Авторы Xабарлама
Джоли
zhakamers
29-03-07 09:03
Мен Абайдын барлык олендер жинагын издеудемин.Ол кисинин олендери катты унайды!!!

Авторы Жауап
айжан
айжае2009
27-12-16 07:48
корсе кызар мактаншак кандай кылык
Aidos
aidos-zhan@bk.ru
14-02-16 16:18
абай сыршыл ақын эссе керек еді
АКЕРКЕ
a_erke....
24-10-15 16:15
Magan M.Mukataevtin olenderi unait.....
Ажар
A.angel.aj4@mail.ru
29-09-14 18:24
Абай кай гасырда туылды?
айсулу
akonya.metrkulova@mail.ru
05-09-14 17:11
омірдің арқауы қандай мағынада айтылып тұр?
Мадина
kanai_madina@inbox.ru
22-05-14 20:01
"Абайдың азаматтық лирикасындағы ғасыр үні"жауап тауып бере аласыздарма???
фарида
Fbolekbaeva@mail.ru
18-02-14 08:34
аган Абаи Кунанбаевтын коп аитыла бермеитин умытылып баражаткан олендери керек еди комек сумаимын
ментай
mentai.asia@mail.ru
27-01-14 18:41
муктар ауезовтын олендери керек боп тур
Адлет
Almatybestcity_2012@mail.ru
21-01-14 14:25
Салам Қазақтар Абайдың білімге ғылымға арналған шығармаларын тауып берініздіерші отініш (реферат)
Сабир
ts13ak@mail.ru
26-12-13 08:50
Абайды окып, тусну ушн мидын барлыгы аздау..ойлау кабылет жогары болу керек..
МЖ:
Атақты ақын - сөзі алтын хакім Абайға

Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпесу
Қарадан хакім болған сендей жанды
Дүние қолын жайып енді күтпес.
Сөзіңе құлақ салып, баға бермей,
Қисайып, қыңырайды жұрттың иттес!
Бұртиып,теріс қарап: «Аулақ жүр!»- деп,
Болды ғой жақын туған бәрі кектес.
Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме,
«Қор болды қайрансөзім босқа!»- деме.
Артында қазақтың жас балалары
Сөзіңді көсем қылып, жүрер жөнге!
Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,
Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.
Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,
Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар

Сабитов Бақытжан
baha-s-99@inbox.ru
25-09-13 17:46


Тоты құс түсті көбелек

Жаз сайларда гулемек.

Бәйшешек солмақ, күйремек,

Көбелек өлмек сиремек.

Адамзатқа не керек:

Сүймек, сезбек, кейімек,

Харакет қылмақ, жүгірмек,

Ақылмен ойлап сөйлемек.

Әркімді заман сүйремек,

Заманды қай жан билемек?

Заманға жаман күйлемек,

Замана оны илемек.

NURSAULE
NUR-SAULE-NUR@MAIL/RU
18-09-13 19:08
ABAI KUNANBAEVTIN KOGAM MEN ZAMANAT TURALI OI PIKIRI
гюзел
guzel_kievka@mail.ru
26-05-13 10:09
мған Абайға көркемдік сипаттама керек, кайдан тауып алуға болады))))
мади
madiar_97-65@mail.ru
12-05-13 22:59
Абайдың Ескендір поэмасындағы философиялық түйіні шығарма керек еді тез арада ?жауап күтем достар
Асыл
asil_jan1996@mail.ru
17-03-13 16:11
Абай мен Ыбырайдың қоғам және адам туралы ой пікірі
Айсана
aisan.abai@mail.ru
21-02-13 14:33
Шәкәрім Құдайбердіұлының өлендері шығармалары
РАХИМА
RAHIMA_97_97
15-02-13 14:38
абайдың достық пен махаббат туралы кемеңгер ойы жоқой қайда және қандай сайта?
анеля
anel_anel_97@mail.ru
13-02-13 22:01
маган абайдын алеми туралы шыгарс=ма керек еди комектесиндерш
Назуля
nazi555@bk.ru
11-02-13 21:08
Маган Ескендір поэмасының Жоспары қажет
УЛАНКА
dobra9.huliganka_ulanka@mail.ru
07-02-13 22:03
Salemetsizderme?kaldariniz kalai?sizderden otiniw magan A.Kunanbaevtin omirge degen koz karasi degen takiripka wigarma tauip berinizderw otiniw sizderden
арман
ансар972010
07-02-13 14:43
Ема не шұбыртып реферат жазып койғансындар
Самал
werkewtin_kizi@mail.ru
03-02-13 19:38
салем достар*сиздерге коп кооп рахмет Абай атамыз туралы коп маглуматтар алдым)
асел
asel_1997-97
31-01-13 18:58
Абай Кунанбаевтын канша олены бар
Бахтияр
13-01-13 18:02
Абай сыршыл ақын,
Абай өлеңдерінің құдіреті
Абай шығармалары өшпес мұра
көмектесіндерші
Zhan
jasikosh_1995@mail.ru
10-01-13 14:45
Абайдың ақын шәкірті Шәкәрім


Жоспар

Кіріспе
1. Негізгі бөлім
Абайдың ақын шәкірті
Өмір шындығын суреттеудің хас шебері
Шәкәрім шығармаларындағы көтерілген
әлеуметтік мәселелер
Қорытынды

Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында қазақ, елінің қоғамдық өміріне, мәдениеті мен өнерінде, ұлттық әдебиетінде аса игі жаңғырулар бой көрсетті десек, бұл тұстағы ұлы Абай бастаған жаңашыл бағыттағы реалистік әдебиеттің даму қарқыны айрықша болды. Халқымыздың аса көрнекті ақындарының бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы да, міне, осынау өркенді ортада өсіп, ержетті. Ол 1858 жылы ескіше жыл санау бойынша 11 шілдеде қазіргі Семей облысының Абай ауданында дүниеге келді. Әкесі - Құдайберді -Абайдың ағасы, Құнанбайдың Күңке атты бәйбішесінен туған.
Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Жеті жасқа келгенде, 1866 жылы әкесі Құдайберді 37 жасында дүние салады да, Шәкәрім бұдан былайғы уақытта Құнанбайдың тәрбиесінде, тікелей Абайдың қамқорлығында болады. Шыққан ортасының аса бай дәстүрі мен ақын ағасының тағлымды тәрбиесі табиғатынан зерек те алғыр Шәкәрімнің жетімдік, жоқшылық көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі ретінде қалыптасуына да айрықша ықпал жасайды.
Ұлы Абайдың маңайына шоғырланған талантты жастар туралы айта келіп Мұхтар Әуезов былай деп жазады: "... Ондай ақын төртеу. Оның екеуі Ақылбай, Мағауия - Абайдың өз балалары, мұның екеуі де 1904 жылы Абай өлген жылы өлген. Қалған екеуі Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың толық мағыналы шәкірттері". Шындығында да Шәкәрім Абайдың ең талантты шәкірттерінің бірі, әрі ең мол мұра қалдырған шәкірті.
Абай шәкірттерінің қай-қайсысы да ұлы ұстазының басқан ізін қайталамай, өнер көгінде өздерінше соқпақ салуға ұмтылды. Абай өз шәкірттерінің өлеңдерін үнемі қадағалап отырған. Өзі тақырып беріп жаздырғандары да аз емес. Ұлы ақын жастардың туындыларына сын көзбен қарап, бағыт-бағдар беріп отырған.
Шәкәрімнің ақындық жолын айқындап берген де, міне, осындай ұлы мектеп, Абайдың ақындық дәстүрі болды. Шәкәрімнің терең мағыналы шығармашыл мұрасының өн бойынан Абайдың реалистік сарыны, көркемдік, эстетикалық танымының әсері үнемі белгі беріп отырады.

Арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, өз бетінше іздене жүріп және Абай ағасының басшылығымен жан сарайын байытқан Шәкәрім өз заманында қазақ арасындағы, кала берді, бүкіл Түркістан өлкесіндегі аса білімдар, ойшыл адамдардың бірі атанады. Араб, парсы, түрік тілін білді, орыс тіліне жетік болды.
Жасымнан жетік білдім түрік тілін,
Сол тілге аударылған барлық білім.
Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,
Жарқырап қараңғыдан туып күнім.
Оятқан мені ерте Шығыс жыры,
Айнадай айқын болды әлем сыры.
Талпынып орыс тілін үйренумен
Надандықтың тазарып кетті кірі,
- дейді ақын өзінің "Жасымнан жетік білдім түрік тілін" атты өлеңінде. Бұл арада ақынның білім деңгейінің қаншалықты болғаны айқын аңғарылады. Сонда да болса ақын:
Көп білім жоқ бойымда,
Шын мақтан жоқ ойымда,
- деп, әлі де оқи түссем деген ой-арманынан ажырамайды. Бұл
оның өмірлік нысанасы, сөз өнері әлеміндегі темірқазықтай бағдары болса керек. Сол себепті де оның өз бетімен ізденіп тапқан рухани қазынасы да аз болмаған. Сол арқылы ол өз заманының парасатты азаматы атанған.
1904 жылы Шәкәрімнің ұлы ұстазы Абай қайтыс болады. Осы жылы ол өзінің қос бауыры Ақылбай мен Мағауиядан айырылады. Оның үстіне халыққа бостандық әкеле ме деп үміттенген Росейдегі революция жеңіліске ұшырайды. Замана биігінен, халықтық ауқымда ой толғайтын Шәкәрімге бұл оқиғалар аса ауыр соққы болып тиеді. Ендігі жерде ол айналасындағы тіршілік құбылыстары туралы, тағдыр шырғалаңдары жайында ішкі сауалдарына жауап іздеп, философиялық ойлардың иіріміне беріледі. Білімін кеңейтуге, көп оқуға ден кояды. Үлкен үміт арқалап 1905 -1906 жылдары Меккеге барып қайтады.
"Меккеге барам деп шықтым, - деп жазады Шәкәрім, - ары бара жатқанда Стамбулда 13 күн болып, келе жатқанда, 13 күн болып, қанша тарих ақтарып, керек кітаптарды почтамен үйге жіберіп отырдым. Меккенің де, Мәдиненің да тарихтарын ақтардым, бірак, жол қатынасы жайсыз болып, Египетке баруға рұқсат ала алмадым. Сол кездері Шығыс, Батыс ғалымдарымен көп сөйлесіп, ой-пікірлерімен, Шығыс, Батыстың ертедегі ғалымдарының шығармаларымен танысып, оларды жаздырып алдым. Александр салдырған кітапханада қызмет еткен ғалымдардан сұрап, керекті кітаптарды жаздырып алдырдым. Абайдың ақыл-кеңесі болмағанда мен ол жерлерге бармаған да болар едім". Осыған қарағанда, Шәкәрімнің Меккеге бару сапары ұстазы Абайдың көзі тірісінде айтқан ақыл-кеңесін іс жүзіне асыру мақсатына арналған. Бұл ақынның санасын жаңа биікке көтеріп, білім өресін, ой тынысын кеңейткен ізденіс сапары болды.
1909-1910 жылдар шамасында Шәкәрім елден аулақтап, Шақпақ деген жерде жалғыз үй өмір сүреді. Ондағы мақсаты өмір бойы жинаған білім қазынасын оңашада қағаз бетіне түсіру, кейінгі ұрпаққа жеткізу еді. Өзінің "Кейбіреу безді дейді елден мені" деп аталатын өлеңінде Шәкәрім былай дейді:
Мен жалғыз, сендер елде койдың қалып,
Ешкімнің кеткенім жоқ малын алып.
Елу бес жинаған қазынамды
Оңашада корытам ойға салып.
1917 жылы төңкерістерден кейін ақын ел ортасына оралып, белсенді қызметпен айналыса бастайды. Баспасөзде бірқатар мақалалар жариялайды. Жаңа заманнан жақсылық күтеді. Бірақ көп ұзамай шындыққа көзі жеткен Шәкәрәм Шақпақтағы үйіне қайтады да, өмірінің соңына дейін сонда болады. Ақын 1931 жылы 2 қазан күні қаза табады.
Өзінің жарты ғасырдан астам уақытқа созылған шығармашылық, сапарында Шәкәрім халқына аса мол мұра қалдырып кетті. Осы мұраның ең бір шұрайлы да көлемді көркем саласы - оның поэзиялық туындылары, әсем лирикасы.
Шәкәрім XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің шежіресіндегі Абайдан кейін тұрған тұлғалы ақын. Ол ұлы Абайдың сөз өнеріне деген ықыласы мен пейілін көріп өсті. Содан да болар, ол о бастан-ақ ақындық, өнердегі өзінің биік нысанасын, асыл мұратын айқын сезініп қалыптасты. Халықтың мұңын жырлау, адам қасиеттерін қастерлеу оның шығармаларының алтын арқауына айналды.
Өзінің алдына:
Адамдық борыш, ар үшін,
барша адамзат қамы үшін.
Серт бергем еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін,
- деп қатаң серт қояды ақын. Шәкәрім лирика жанрында Абай қалыптастырған реалистік дәстүрді жемісті жалғастырды. Өз туындыларына өзі өмір сүрген дәуірдің барлық шындығын тап басып суреттей білді. Ол сол кездегі қазақ даласынан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсы білді. Сол себепті де Шәкәрімнің шыншыл лирикасы сол дәуірдегі қазақ өмірінің айнасына айналды.
Шәкәрім лирикасының тақырыптық қамту ауқымы өте кең. Ақын мұраларының ішінде сезімнің нәзік сырларын шертіп, жастықтың жалынды шақтарын мөлдірете зерлеп берген махаббат лирикасын да, өз заманының бүкіл болмыс-бітімін барынша сезіне отырып, уакыт пен қоғам, тіршілік пен адам жайында шабыттана сыр ақтарған саяси-әлеуметтік лирикамен де, даланың әсем көркі мен жаратылыстың тамаша кұбылыстарын шебер өрнектеген табиғат лирикасын да, заттар мен құбылыстар, акиқат пен болашак,, тіршіліктің негізі туралы терең толғанысты ойлар ұсынатын азаматтық, философиялық лириканы да молынан ұшыратамыз.
Шәкәрімнің лирикалық шығармаларында жеке адам бойындағы ұсақ-түйек міндерден бастап, сол кездегі қоғамның саясаты сияқты күрделі мәселеге дейінгінің бәрі қамтылған. Халық өміріндегі кері тартар кемшілік атаулыға жүрегі езіліп, бұқараны саналы әрекетке шақырады. Өз тұсындағы байлық пен мансапты мансұқ етіп, соған жету жолында ел мүддесін құрбан етуге даяр тоғышарлар мен ұлықтарды, шенқұмар әкімдерді өткір сынға алады. Осының бәрінде де ол халық бұқарасынан қол үзбейді, Шәкәрім лирикасындағы Абай дәстүрінің іздері оның өлеңдеріндегі гуманистік, адамгершілік сипаттан да айқын көрінеді. Шәкәрім өлендеріндегі ең басты нысана - адам. Ол адамды үнемі жақсылыққа жеткізуге, оның бойында жаңаша қасиеттер қалыптастыруға ұмтылады. Адамның мінез-құлқындағы салақтық пен еріншектік, жалқаулық пен мақтаншақтық қасиеттерді сынға алды.
Еріншектен салақтық
Салақтықтан надандық.
Бірінен бірі туады,
Жоғалар сүйтіп адамдық, - дейді ақын.
Шәкәрім лирикасының аса бір ауқымды саласы - оның Абай дәстүрінде жазылған ағартушылық сарындағы өлеңдері. Ол өзі өмір сүрген заманның барлық болмысын, бүкіл қазақ қауымының экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуының дәрежесін жан-жақты түсінген қайраткер болды. Өзінің туған жұртының болашағы үшін жаны ауырып, жүрегі сыздады. Осы сезіммен көптеген жырларын жазды. Бұл тұста да ол Абаймен Үндесу Ғылымға қол жеткізудің, халықтың өміріне кішкентай болса да жақсылық жасаудың бірден-бір жолы адал еңбек ету деп білген данышпан Абай:
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім,
- деп білім табуға шакырса, Шәкәрім жырлары да адамды адал еңбекке, ғылым мен мәдениет үйренуге бағыттайды:
Күні – түні дей көрме, ғылым ізде,
Қалсын десең артында адам атың,
- дейді ол.
Абай көтерген әділет идеясы, ар тазалығы Шәкәрім лирикасының да басты сипаттарының бірі болды. Шәкәрім өзінің лирикалық қаһарманың халқының күні сияқты жарық, өзі сияқты ойлы болуға шақырады. "Насихат" деп аталатын өлеңіндегі ойлар соның айғағы:
Сусағанның сусыны бол су сықылды сұп - сұйық,
Бірақ, ондай болма салқын ел көңілін қалдырып.
От сықылды жылы болсын жүзіңіз бен сөзіңіз,
Бірақ ондай махаббатсыз болма өртеп, жандырып.
Ақын өз халқының басындағы кемшіліктерді ең алдымен европалық, әлемдік ғылым-білімнен шет қалуының салдары деп білді:
Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,
Қазақ жүр құмарланып құр атаққа,
- деп күйзелді. Бұл тұстағы ақынның түсінігінде оқу мен білім іздеу, ғылым табу - адамзат баласын нәрлі бастаудан сусындатып, алдыңғы бағытқа жеткізетін асыл қазына, адам бойындағы жамандықтың тамырына балта шабатын ең қуатты қару.
Сондықтан да ол қазақ қоғамының сол кездегі сипатын шыншылдықпен суреттей келе, өмір, болашақ туралы терең ой толғау барысында көзі ашық көкірегі ояу азаматтардың ел ішінде көп болуын, сол арқылы халқын сауаттылық сахнасына шығаруды армандады. Әсіресе "Ашу мен ынсап" атты өлеңінде ақын позициясы айқын көрінеді.
Үйренсе ғылым менен сан өнерін,
Білер еді-ау өнердің не берерін.
Танысса ақын, ойшыл адамымен,
табар еді-ау адалдық ар көмегін,
- деп "Молдалар өзгелерді кәпір дейді" атты өлеңінде әлемдік ғылым мен мәдениеттің биігіне ұмтылды. Сол жақсылықтарға халқының назарын аударуға тырысты. Өзге елдер әдебиетінің үздік шығармаларын қазақ тіліне аудару арқылы осы идеясын жалғастыра түсті.
Қазақ халқының жақсы болашағы туралы ақынның үні 1917 жылғы оқиғалар кезінде ерекше қуатты естілді. "Бостандық таңы атты", "Бостандық туы жарқырап", "Қош, жұртым" сиякты - өлеңдерінде ақын қазақты оянуға, марқаулықтан арылуға шақырды. Бұл кезеңде Шәкәрімге елінің басына тәуелсіз заман туғандай көрінді, содан үміттенді. Ақынның лирикалық қаһарманы да осы сарында үн қатты. Шәкәрімнің кейіпкері шарқ ұра ойланады, кемшілік атаулының себебін, тығырықтан шығудың амалын іздейді.
Мылтық билеп тұрғанда әділет жоқ,
Алдамай-ақ аулақ өл, жарықтығым, - деп ақын қоғам дамуының бүгіні мен ертеңіне ойшылдықпен көз жібереді. Өмір бойы әділет іздеп өткен Шәкәрім зорлық пен зомбылық, өзгені қарудың күшімен бағындыру бар жерде адам баласы ешқашан дегеніне жете алмайтынын айтады. Ол жақсылық пен жамандықтың, дұрыс пен терістің ара жігін тамаша айырады. Тіпті адамзатты бақытқа жеткізеді деген ғылымның өзіне кейде сескене қарайды. "Сен ғылымға" атты өлеңінде Шәкәрім шын иесін таппаған ғылымның аса қауіпті екенін айтады:
Шын залымға берме ғылым,
ол алар да, оқ қылар.
Шәкәрімнің лирикалық қаһарманының бейнелеу ерекшеліктері де көңіл аударарлық. Абай өлеңдеріндегі сияқты Шәкәрімде де "жүрек", "тіл", "сөз" ұғымдары мол ұшырасады. Бұлардың қай-қайсысы да кейіпкердің азаматтық парасатын, адамгершілік тазалығын немесе белгілі бір сәттегі көңіл күйін дәл жеткізуге мүмкіндік береді. Ақын "менінің" басындағы сан алуан сезімдерді, қуаныш пен күйінішті, үміт пен торығушылықты осы ұғымдар арқылы пайымдай аламыз. Шәкәрім заманының құрдеттілігі оның өлендерінен, ондағы лирикалық қаһарманның кейде, "тәтті" кейде "ащы", кейде "долы" тілінен аңғарылып жатады: Көп жағдайда ақынның "мені" "таза жүрек" іздеу жолында "от жүрегін" қолына ап, "сұм жүректермен" айқасқа шығады, заман әмірімен аса алмай қалған шақтарында пұшайман күйге түсіп, "дертті жүрекке", "жаралы жүрекке" айналады. Ашынған сәттерінде Шәкәрімнің "мені"
Мен досыңмын, жау емес,
Еліре берме, қайта ту.
Жүрегім дертті, сау емес,
Сол себепті сөзім у, - деп айғай салады. Бірақ "жартасқа барып, күнде айғай салып" өткен ұлы Абайдың басындағы хал Шәкәрімде де бар.
Айналасынан оң сөзін ұғар жан таппайды. Сол себепті де ол
өзінің "Ашу мен ынсап" деген өлеңінде:
Айырмайды арасын,
Бұлдыр менен анықтың.
Енді қайда барасың,
Түрі мынау халықтың,
- деп тығырыққа тірелгендей, тіршіліктен торыққандай болады.
Шәкәрімнің азаматтық лирикасының ауқымы өте кең. Негізінен адам, хал, қоғам сияқты қадау-қадау категория-ларды нысана еткенімен, ол ондағы тарам-тарам тақырыптардың барлығына дерлік тиянақты зер салып отырды. Оның адамгершілік, имандылық туралы ойлары ақынның азаматтық үнін, гуманистік сипатын танытты, Бұл қатарда Шәкәрімнің "Ескіден қалған сөз теріп", "Насихат", "Мұтылғанның өмірі" атты өлендерді айтуға болады. Адалдық пен әділдікті жырлауға келгенде Шәкәрімнің даусы аса зор. Ол өз замандастарының бойындағы кеселдерге жиіркене қарайды.
Адалдың жолы болар заман бар ма,
Жем болдық шын жексұрын надандарға.
Адастың деп отырмын айқай салып,
Бар тапқаным сол болды амал бар ма?
-дейді.
Әдетте Шәкәрімнің азаматтық лирикасына көз жібергенде оның өлеңдерінде "қазақ" деген сөздің жиі кездесетіні байқалады. Бұл ақынның өз халқының шеңберінде ғана шектелгенін білдірмесе керек. Абай тәрізді Шәкәрім де өз халқының мақсат-мұратын бүкіл адамзат арманынан бөлек алып қарамайды. "Ойласаң, барша адамзат - туған бауыр" деп ұққан ақын өзінің "Анадан алғаш туғанымда" атты философияға толы өлеңінде: Өзімшіл болма көпті ардақта, Адамның бәрі - өз халқың, - деп туған жұртына өнеге ұсынады.
Ақын ойларының дәлдігі, Шәкәрім жүрегінің сезімталдығы мен көрегендігі оның шығармаларын бүгінгі күнмен де үндестіріп, олардың өміршеңдігін танытып жатыр. Шәкәрімнің өз заманында айтқан терең ойларымен сырлы сөздері дәл қазір өмірге келгендей сезілетіні бар.
Мәселен, ақынның "Епті тышқан" атты өлеңіндегі мына жолдарды бүгінгі күннің шындығынан алшақ жатыр дей аламыз ба?
Ойласам, сол тышқандай бұзыктар көп,
Сырты сопы, іші арам қылықтар көп.
Пара алып, не қазынаның ақшасын жеп,
Адалымсып жүретін ұлыктар көп.
Еңбек тақырыбы - Шәкәрім лирикасындағы ең басты тақырыптардың бірі. Қоғам дамуындағы еңбектің ролі туралы Шәкәрімнің алдында өткен ағартушылардың барлығы айтқан. Шоқан, Ыбырай, Абай, өнегелерін бойына сіңірген Шәкәрім де еңбекті адам қасиеттерінің ең тұлғалысы деп білді. Шәкәрім әлеуметтік прогреске жетудің екі жолы бар, оның бірі сауатсыздықты жойып, адамдардың оқуға, білім мен ғылымға ұмтылуы, ал екіншісі адал еңбек ету жолы деп таныды. "Адамдық борышың", "Жолама, қулар, маңайға", "Піскен мен шикі" сияқты көптеген шығармаларында ақын оның бүкіл адамзат баласының дамуындағы биік ролі мен тарихи маңызына зер салды. Адам болғаннан кейінгі ең басты борышың еңбек ету деп түсіндірді.
Мысал үлгісінде жазылған "Піскен мен шикі" өлеңінде анда жүріп елден көз жазып қалған бай баласы мен кедей баласының іс-әрекеттеріндегі, қабілеттеріндегі жер мен көктей айырманы ашып көрсетеді. Үлде мен бүлдеге оранып, қиындық пен таршылықтың не екенін білмей өскен бай баласы күнделікті тіршіліктің тауқыметінде шыңдалып піскен серігінің тапқырлығының арқасында ғана елді табады. Шәкәрімнің ұғымында бай баласы шикі де, кедей баласы піскен. Ақын талаптанып еңбек еткен жан ғана ақылды әрі тапқыр болады, өмірге бейім келеді деген ой тұжырымын ұсынады.
Ақын шығармашылығының бүкіл өн бойына өзек болып тартылған еңбек тақырыбы Шәкәрімнің пайымдауынша, барлық жаман әдеттерден арылудың жалғыз жолы, адамзат баласының алға жылжуының кілті.
Ақ жүрек пен таза ақыл,
Қылсаң адал еңбек.
Бәрінен де сол мақұл,
Артқыға жол бермек.
Арсыздардың арам ойы түкке тұрмай жойылып,
Аяғында хақиұатты бұл үшеуі жеңбек.
Шәкәрімнің "Мен кетемін" деп аталатын өлеңінен келтірілген бұл жолдар ақынның еңбек тақырыбына, жалпы еңбек мәселесінің адамның өміріндегі маңызына қаншалықты ден қойғанын, қандай мұрат ұстағанын айқын аңғартып тұрған жоқ па? Бұл өлеңнен Шәкәрімнің лирикалық мұрасына тән формалық жаңалық та бой көрсетеді. Ақын өзінің жас кезінде жазған алғашқы жырларынан бастап-ақ осындай жаңашылдық қасиет танытқан болатын. Шығыстың дәстүрлі поэзиясынан хабарының және өлең әлеміне, ауыз әдебиетінің үздік үрдістеріне білімдарлықпен зер сала білудің арқасында Шәкәрім айрықша үлгідегі жауһар жырлар тудырды. Формалық жаңалығы айқын байқалатын өлендер қатарына ақынның "Қалжыңшыл қылжақпас", "Достыңыз зор", "Өлген көңіл, ындынсыз өмір", "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек" сияқты туындыларын жатқызуға болады. Бұл шығармаларда сыңғырлаған үйлесім, ішкі ұйқас, сөздер үндестігі, дыбыстар саздылығы мен тілдік бояу-өрнектердің қанықтығы айрықша сезіледі. Сонымен қатар ақын айтар ойын образды түрде жеткізуде де шеберлік танытады. Мәселен, "Өлген көңіл, ындынсыз өмір" өлеңінде кездесетін:
Көшейін деп қыбыллап,
Ел қыстаудан козғалды,
Жаралы жүрек жыбырлап,
Жазылмай жалғыз сол қалды, - деген жолдарды оқығанда данышпан Абайдың әйгілі Татьянасының басындағы жағдайға орай айтқан:

Жас жүрек жайып саусағын,
Талпынған шығар айға алыс,
- деген сөздері еріксіз ойға оралады. Бұл арада "Жаралы жүрек жыбырлап" деген жаңа тіркес арқылы өлеңнің мәндік бояуы, әсерлілік жағы, ішкі динамикасы шырқау биікке көтерілген. Ақын мұнда халық әдебиетінің бейнелі образдары мен сөз өрнектерін дамытып, өзіндік өлшемін ұсынады.
Шәкәрімнің Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырудағы бір жемісті қыры - оның эстетикалық мәселелер, дәлірек айтқанда, ақындық өнер, өлеңсөз құдіреті жайындағы пайымдаулары. Бұл тұста ол Абай салған сокпақты, тамаша әдеби дәстүрді, көркемдік тәсілді басшылыққа алып қана қойған жоқ, өлең әлемінде, сөз патшалығында өзіндік қолын, өз бағытын табуға ден қойды. Шәкәрімнің көптеген өлеңдеріндегі ішкі үйлесім, ғажайып үндестік, сырлы бояу мен жаңаша түр оның осы бағыттағы жемісті ізденісін аңғартады.
Ақынның 1919 жылы жазылған "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек" атты өлеңінде өлең сөздің сиқырын меңгерем деуші талапкерлердің алдында мынадай биік міндет қойылды:
Ауыр
Осы әнге тауып сөз салмақ.
Тәуір,
Татымды ұйқас жиналмақ,
Тереңнен толғанып.
Сырын
Бұл әннің айтып қарайын.
Түрін Сипаттап тізіп санайын.
Өлең тап ойланып.
Буыны - сегіз,
Алтау, егіз,
Үшем деңіз
Екеуі
Кім дәл басты,
Кілтін ашты,
жақсы ұйқасты
Нешеуі?
Шәкәрімнің өзі де алдына міне, осындай биік талап қойды. Бұл қасиет ақынның бүкіл лирикалық шығармаларының өн бойынан айқын аңғарылып тұрды. Сол себепті де Шәкәрімнің лирикалық қаһарманының бейнесі алуан қырлы. Ол өзінің бойына сол дәуірдің бүкіл болмысын, ел тағдырын, халықтың арман-тілегін жинақтады. Онда кей сәттерде заман мен қоғам қайшылықтарынан туындайтын мұң табы да бар. Әйтсе де ол жалаң күйзелу, боркеміктік емес, үмітке ұласатын өршіл мұң. Оның бойында трагедиялық және оптимистік қасиеттер қатар жүреді. Осының бәрін Шәкәрім өзінің лирикалық өлеңдерінде ерекше бір шабытпен өрнектейді.
Махаббат шуағын мадақтаған, жастық қызығын дәріптеген ақын тағы бір өлеңінде адамды қаусатып, бар құмардан айыратын кәрілікгі даттайды. Адам ғұмырын кезең-кезеңге бөле сипаттау, сол арқылы тіршіліктің мән-мағынасы туралы толғану — қазақ поэзиясында тым ертеде қалыптасқан дәстүр, үйреншікті тақырып. Алайда Шәкәрім бұл ретте де өзіндік үн табады. Кәрілік — өмірдің өшуі, құмардың тозуы ғана емес, бар тірліктің таусылуы. Берері жоқ, алары ғана бар, төңірегіне түгел бөгет, сиықсыз, сүйкімсіз. Өзіне бейнет, өзгеге мысал шақ. Сондықган жас ақын өз сөзін:
Алпыстан ары бармаңдар,
Аңдамай шал боп қалмаңдар,
- деп түйіндейді.
Бұл сөз қырыққа жаңа келсе де:
"Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,
Ашуың — ашыған у, ойың - кермек"
- деп отырған,
"Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан"
- деп отырған ақын ағаның шамына тиеді. Бар кілтипан жас ақынның "кәрілікті жамандап, өлім тілеуінде" ғана емес еді. Шәкәрімге "алтын иектің" де салқыны тиген ("Бір сүйіп алтын тамақтан..."), айдаһар жағына баспаса да, Абай жол ашқан реализмнен аулақтау бағдар аңдалған. Зор талантқа өзгеше талап қойған аға інісінің тым жеңілдеп кетпеуін ойлаған еді. Әрине, кезінде ауыр тигені анық. Қазір де ауыр естіледі. Бірақ тек қана пайдаға шықса керек. Шәкәрім өлең өрісін кеңейте түседі. Білім жолына бас қояды. Қазақ тұрмысына ғана емес, бүкіл әлем кейпіне ойшыл көзбен қарайды. Бүгінді жете танып, болашақ сүлбасын аңдайды. Барды байыптап, халық қазынасын жаңаша таразылайды. Өмірге, қоғамға, санаға өзіндік көзқарасы қалыптасады. Ақыр түбінде өнердің өзгеше өрісіне шығады.
Шәкәрімнің қазақ рухани өміріндегі жаңаша болмысы оның дінге көзқарасынан айқын танылады. Әлбетте, Шәкәрім — өз заманының перзенті. Ұғым, наным, түсінік шектеулі шеңберде. Алайда ақын бас ұрған ақиқат өждан, шын иман, -"адаспайтын айқын жол" - адамдық, кісілік. "Атақ, пайда іздемей, — Ойында мақтан жоқ болса, — Қиянатты көздемей, — Қанағатқа тоқ болса", — пұтқа табынған мәжусидің өзі әулиемен тең. Дүние қуып, пайда іздеген, аддау-арбаумен күн өткізген молда, "мешітте мың жыл отырса" да, бейіштің есігінен сығалай алмақ емес. Ақын ұғымында бар кінә иманын малға айырбастаған молдада ғана жатқан жоқ. Бұл күнде Алланың аяты да, пайғамбардың хадисі де бұзылған. Бұзған бірді-екілі адам емес, бүкіл қауым. Және дін бұзған, ізгі уағыз, қасиетті кітап жолынан ауған жалғыз Мұхаммед үмбеті ғана емес. "Таурат" теріс түсіндіріледі, Зәрдөштің өсиеті ұмытылған. Будданың ілімі жаңсақ ұғылып, Айсаның айтқандары бұрмаланған.
Бұл күнде дұрыс иман жоқ,
Шатақ дін нәпсі тыйған жоқ,
Ақылы саудың ойына
Алдамшы діндер сыйған жоқ.
Сонда қандай жолды тандауымыз керек? Ақиқат жолы! - дейді ақын. Бұл — бәріміз құмарланып, бәріміз мұрат тұтатын шын асыл жар, айнымас серік, адастырмас жолбасшы. Ал ақиқатқа жетудің амалы — осы заманғы оқу-өнерді игеру. Жоқтың орнын толтыратын, жеке адамды ғана емес, тұтас халықтарды бақытқа бөлейтін - ғылым-білім ғана. Шәкәрім қазақ қоғамындағы кемшіліктерді, қазақ халқының басындағы ауыр халді ең алдымен осы Еуропа өнер-ғылымынан кенде қалу нәтижесі деп есептейді. "Жер жүзі жабылғанда білім жаққа, — Қазақ жүр құмарланып құр атаққа..." Осының нәтижесінде алға озу қайда, күн өткен сайын кері кетіп, елдіктен, кісіліктен айрылып барады. "Қалың елім, қазағым, қалың жұртым!..." — дейді ақын ағаға үн қосқан парасатты іні. Болашақты бағдарламақ үшін бүгінгіні бағалау ләзім. Шәкөрім қазақ халқының дәл сол тұстағы тұрмыс-ахуалын, жай-күйін нақты байыптайды. Абай бедерлеген өмір суретін кеңейте, айқындай түседі. Қуы алдап, сұмы еліріп, байы бас қамын ғана күйттеген, игі жақсылар дау-дамай ғана қуған елдің бүгінгі тірлігі тым сұрықсыз. Батыстың оқу, ғылымынан, өнер-білімінен махрұм жүрттың тура жолға түсер, оңалар түрі көрінбейді.
Ойда жоқ өнер біліп жол табайын,
Жалмауға жалықпайды өз маңайын.
Мұның түбі не болар деген жан жок,
Ұрлық, ұрыс, араздық күнде дайын,
- дейді төңірегінен түңілген ақын.
Абай: "Өз бетіңмен түзелер дей алмаймын, өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың", — деп еді. Сөйте тұра, заманды өзгертпесе де, адамды түзетуге күш салған. Шәкәрім де сүйектен өтер ащы сөзін, ақиқат сырын айта отырып, туған халқын бақытқа жеткізер амал іздейді. "Қазағым, қам ойла, сен де адам едің ғой!" - деп зар шеккенде ұсынар жолы - ағартушылық. Ғылым -жұрттың бәрін сусындатар шалқар көл, халықты бақытқа, байлыққа бөлер таусылмас кең, рухани дерт атаулының бәрін аластайтын, елге қуат, күш беретін дәру. Күнбатыс халықтарын қуат-құдіретке жеткізген ғылым-білімді игерсе, қазақ та тарих көшіне ілеспек, басқалармен басы теңеспек. Ал ғылым-білімді игеру үшін жас балаларды жаңаша оқыту қажет.
Ақын туған халқын жарық сәулеге үндеумен ғана шектелмейді. Ел тірлігіндегі кеселді құбылыстарды ашады, алға жылжуға бөгесін, кертартпа сананы әшкерелейді, діни және рухни соқырлықтың мән-мағынасын ашуға тырысады. Адам баласының басқа тіршілік иелерінен айырым белгілерін сөз етеді. Адамның өзгеше болмыс-бітімін, оның ақыл-ойын ғана емес, түйсік-сезімін, тіпті физологиялық ерекшеліктерін де өлеңге арқау етеді. Еуропа ғылымының адамтану саласындағы жетістіктерін көпшілік алдына тартуды мұрат тұтады. Ақын шығармаларындағы қазіргі оқырманға әншейін ақылгөйлік көрінуі де мүмкін осындай сипаттардың өзі қазақ халқының қоғамдық ойының даму жолындағы үлкен үлес еді. Жаратылыстану жайын былай қойғанда, гуманитарлық ғылымдардың өзі қалыптаспаған өткен ғасырда әдебиет айрықша ауыр жүк, кейде өз болмысынан тысқары міндет атқаруға тиіс болғанды. Замана кейпі, тіршілік кебі туғызған бұл ерекшеліктің бір ұнамды сипаты — ойшылдықпен астас азаматтық әуен. Ақын араласпайтын, ақын үн қоспайтын құбылыс жоқ десек те, өмір тану, дүние тану, ізгілікке, кісілікке үндеу жолында Абай мектебі айрықша өнеге тастады. Қазан төңкерісі қарсаңындағы елу жылда ақын даусы асқақ естілуі, ақын сөзі өзгеше күшке айналуы кездейсоқ емес. Бейбіт әуезді ағартушылық сарыны уақыт оза келе арқыраған күрес үніне ұласқан еді. Көзіңді аш, оян, есінді жи деп бастап, ғылым-білімге, өнер жолына үндейтін өлең жолдары енді бақыт — күресте, шын — мақсат — бас бостандығы, ел еркіндігінде жатыр дейтін замана шындығынан, халық арманы, тарихи жағдай ауқымынан туындаған жаңаша ұранға айналады.
Батыстың отаршыл мемлекеттерінің түпкі саясатын нақты тану, әсіресе бірінші дүние жүзілік соғыс тек Шәкәрімге ғана емес, сол тұстағы ағартушылық жолын ұстанған бүкіл қазақ зиялысына қатты әсер еткен еді. Бар бақыт, бар ізгілік өнер-білімде болмай шықты. Үстірт қарағанда ғана "ғылымды елдің сырты таза" көрінеді екен.
Еуропа білімді жұрт осы күнде,
Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде,
- дейді импералистік соғыс сұмдықтарынан түршіккен ақын. Тексере қараса, бұл — бір күнде пайда болған келеңсіздік емес. Арыдан басталған, уақыт озған сайын, жұрт білімденіп, қару-жарақ жетілген соң мүдде шектен шыққан ахуал.

Тамам жан өзін өзі "мен" деседі,
Өзгелерді жатырқап, "сен " деседі.
"Біз" дейтұғын бір елді таба алмайсың,
Бұл қайтіп әділетпен теңдеседі?!
Күш-қуаты, өнер-білімі шамалас елдер өзара бақ таласса, барлық жаратылыс байлығын әскер ұстауға, қару сайлауға ғана жұмсаса, үстемдікке ұмтылса, ұсақ халықтардың, әлсіз жұрттардың көрер күні тіпті қараң. Дүлей күш "әлсізді аңша қыруға", момынды құлдануға қызмет етеді. Ақын биіктен барлап, тереңнен толғайды. Жауыз халық жоқ. Жат нәсіл жоқ. Бар кілтипан -теріс пиғыл, жемқор қиянатшылдықта жатыр. Адамда ынсап та, мейірім мен шапағат та мол. Алайда "мылтық билеп тұрғанда әділет жоқ". Адамзат оң жолға — бауырластық, кісілік жолына түсуі үшін "ар түзейтін ғылым" керек. Сонда ғана зұлымдыққа тоқтау салынбақ.
Шәкәрімнің мейір мен зорлық, әділет пен зұлымдық, ғылым мен мораль, адам мен заман туралы толғаныстары екі ғасыр шегіндегі қазақ қоғамдық ойының марқайған қалпын, бүкіл Түркістан өңіріндегі алдыңғы қатарлы, биік өресін айғақтаса керек. Бүл кезде қазақ әдебиеті ел ішіндегі кертартпа құбылыстар сияқты аса мәнді, бірақ кезеңдік тақырыптарды еркін игеріп, бүкіл адамзаттық мәселелерге, әлемдік тақырыптарға біржола ден қойған еді. Бұл тараптағы Абай салған жол кеңейе, даңғылдана түскен болатын. Сондықтан да Шәкәрімнің азаматтық лирикасы тек қазақ қана емес, әлем халықтарының поэзиясындағы, туыстас, тағдырлас жұрттардың барлығының рухани даму тарихындағы өзгеше құбылыс деп бағалануы ләзім.
Шәкәрім лирикасының тағы бір озық сипаты - нәзік те терең психологизм. Сезім қылын шертер, санаға таңбаланар сыршылдық ақынның алғашқы туындыларынан-ақ байқалған. Қаншама әсерлі болғанымен, бұл өлеңдерде жалаң сезім қуанышы, жастық көңіл буы басым еді. Абай ағаның өнердегі әрбір жаңа қадамын, өзгеше лепесін қалт жібермей қадағалап, терең түсіну, Шығыс поэзиясын, оның ішінде әсіресе Хожа Хафиздің сырлы жырын бойына сіңіру, бұдан соңғы жерде орыс әдебиетін етене тану, орыс тілі арқылы бүкіл Батыс сөз өнеріне қол созу ақын талантына өзгеше қуат берді. Қоғам тану, дүние тану өз алдына, өнер мұраты туралы жаңа түсінік қалыптасты. Енді ақын сезім шырғаландарын таңбалауға ден қояды. Адамның ішкі әлемін аша талдауға, — қуаныш, реніш, сүйініш, махаббат жайын байыптауға айрықша көңіл бөледі. Тіршілік мәні, тұрмыс, машақты, әділет пен зұлымдық туралы ой түйеді. Өмір өріне шыққан ақсақал көзімен ғана емес, өнер биігіне жеткен ақылман тұрғысынан өз еткеніне, соған орай, басы жұмыр пенде атаулының фәни ғүмырына баға береді. Шәкәрімнің бұл реттегі сырлары мен толғаныстарын өмірінің соңына қарата жазылған, ел ішінде күні бүгінге дейін өз әуенімен айтылатын ең көркем туындыларының бірі нақты түйіндесе керек.
Қайран
Қайғысыз, қамсыз күндерім,
Сайран,
Сауықты рақат түндерім,
Сендерден не пайда?
Асқан
Алпыстан мынау жасымыз,
Қашқан
Шалдықтан ғаріп басымыз,
Қалайасың қай сайда?!...
Бұл — бір адамға, бір ұлт өкіліне ғана емес, өмір заңын түйсінген, тіршіліктің шектеулі кесімін мезгілінде байыптаған кез келген адамға ортақ сыр. "Өмірдің жолы бұл", — дейді ақын. Мұң бар, түңіліс жоқ. Өйткені бір адамның демі үзілгенімен, табиғат толастамайды. Сенің өміріңді тікелей жалғастырмаса да, ісінді алға апарар, жаны туыс тағы бір кісі дүниеге келмек. Тіршілік мұраты – осы шектеулі өмірді мағыналы, мәнді етіп өткізу. Сен адамдық жолынан шықпасаң, ұрпағың да өз кезегінде артына тағлым тастамақ. Өмірдің өтуі, тіршіліктің арқылуы туралы мұнды сарын о дүние сүлбасы, ахриет жайынан мүлде аулақ сипатта. Құдайдың бірлігіне, пайғамбардың хақтығына күмән келтірмеген Шәкәрім
адамның артында қалар ең үлкен қазына — игі іс, ең үлкен мұрат - ұрпақ жалғастығы деп танығанын көреміз. Бұл ақынның өмір кешуі, өнер мұраты туралы толғаған көптеген өлендерінің негізгі арқауы болып табылады.
Қазақ реализмі Абай тұсында қалыптасты, ұлы ақынның өнерлі шәкірттерінің жан-жақты қызметі нәтижесінде әдебиетте жетекші әдіске айналды десек, бұл реттегі Шәкәрім еңбегі тек лирикалық поэзиямен ғана шектелмейді. Білімдар Шәкәрім эпикалық жанрларға да қалам тартады. Ақынның атын бүкіл қазақ даласына танымал еткен "Қалқаман — Мамыр" және "Жолсыз жаза" ("Еңлік — Кебек") поэмалары.
Өмірде шын болған бақытсыз ғашықтар Еңлік пен Кебек, Қалқаман мен Мамыр хикаялары ескі күндердің өзінде ел арасына кеңінен тараса керек. Бұл трагедиялық тағдырлар туралы алғаш рет қалам тартқан - Абай деп білуге тиіспіз. 1892 жылы "Дала уалаятының газетінде" (ғғ 29, 31-32, 34-40) жарияланған "Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз" атты көлемді прозалық шығарма өзінің таным өресі, ой өрнегі түрғысынан ғана емес, сөз саптау, сөйлем құру, көркемдеу тәсілдері жағынан алып қарағанда да тек Абайға ғана тән сипат танытады. Кейбір зерттеушілер бұл еңбек Шәкәрімге тиеселі деп пайымдайды. Оған дәлелдері де жоқ емес. Алайда Абайдың әуелде өз өлендерін шәкірт достарының атына телігенін, "Дала уалаятында" жарияланған "Жаз" бен "Болыс болдым мінеки" Көкбай атынан шыққанын еске алайық. Оның үстіне, 1892 жылы отыз төрт жасқа жаңа келген Шәкәрім өзін "Ұмытылған" санауы қисынсыз. Бұл лақап есімді кейін иеленсе керек. Әңгімені Абай пайдасына шешуге негіз беретін ең басты дәлел оның бүкіл құрылымында, образдар жүйесінде. "Дала уалаятындағы" "Еңлік - Кебек" кейіпкерлері Шәкәрім жазған "Жолсыз жазадағы" тұлғалардан мүлде басқа, тіпті кереғар сипатта. Екі шығарманың да өзегі өмірде болған, нақты оқиға екенін ескерсек, бар ұқсастық осымен шектеледі, авторлық шешімнен, кейіпкер мүсіндеу тәсілі, көркемдеу жүйесінен ешқандай бірлік таппаймыз. "Дала уалаятындағы" хикая: "... Қазақ ішінде бәрі де өзгеріп кетті — мінездері де, жер-суы да. Жақсы болды ма, жаман болды ма, ендігі жазғанымыздан көрінер", - деген сөздермен тамамдалады. Айтылмақ пікір газет бетіне шықпаған. Бірақ Абайдың "Ғақлиясының" ішінде жүр. "Отыз тоғызыншы сөз" деп нақты атауға да болады, мінез-құлық жайы, тұрмыс-тіршілік кебі байыпталатын басқа санды "Сөздерге" сілтеуге де болады. Түйіп айтқанда, "Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз" және сол "Дала уалаятының газетінде" басылған тағы бір әңгіме - "Ескендір" поэмасының сюжеті нақпа-нақ баяндалатын, кейде тұтас сөз тіркестері қайталанып жататын "Тәкәппар әскербасы турасынан" – екеуі де Абай прозасының үлгілері болып табылады. Абай өнерінің қыр-сырын, өріс-өресін айқындай түсетін, әдебиет тарихын байытатын өзгеше екі әңгіме туралы кеңінен сөз етуге болар еді, біз реті келген соң, жол-жөнекей ғана айтып отырмыз. Көптен ойда жүрген, өзіміз нық сенетін, дәлелді пікірді көп алдына тартуға жаңа ғана мүмкіндік туып отыр.
Енді Шәкәрім поэмалары туралы азғана сөз.
Шәкәрімнің үш поэмасы да ("Қалқаман - Мамыр", "Еңлік - Кебек", "Нартайлақ - Айсұлу") ескі қазақ тұрмысынан алынған. Бірақ бұлардың ешқайсысы да тарихи шығарма емес. Поэмаларда тарих - фон ғана, автордың баса назар аударғаны - әлеуметтік мәселелер, мінез-құлық жайы. Жанрлық тұрғыдан алғанда, "Қалқаман - Мамыр" лиро-эпикалық жырға бейім, "Еңлік - Кебек" — әлеуметтік дастан, ал Нартайлық - Айсұлу" - махаббат драмасы дер едік.
"Қалқаман - Мамыр" 1912 жылы Семейде, "Жәрдем" серіктігінің баспасында басылып шыкқан. Нақты жазылған уақыты белгісіз. Өз ізбасарларының творчествосын жіті қадағалап отырған Абайдың "Қалқаман - Мамырды" оқығаны, пікір айтқаны турасында ешқандай дерек жоқ. Әйткенмен, поэма екі ғасыр шектескен межеде, ақын ағаның көзі тірісінде туған сияқгы. Шәкәрім шығарманың бас кейіпкерлерінің бірі - ел тұтқасы - ғұлама қарт Әнет-Бабаңның қиыннан жол таппай, шалдыққан сәтін сипаттай отырып, оны Абай тағдырымен салыстырады: "Мәселен, көз алдында тұрған жоқ па, - Қойдыңдар Абайға да не қылғызбай!". Рас, поэма алғы сөзінде Шәкәрім: "Өлгенді тірілтпесем де, өшкенді жандырғандай болсын деп, биыл жүз тоқсан жыл болып ұмытылған істі алдыңызға қойдым", - деп жазады. Бұл арада кітаптың басылған жылы туралы айтылып отырғаны аңдалады. "Енлік - Кебек" те ("Жолсыз жаза") сол баспадан, сол 1912 жылы жарық көреді. Бұл поэманың "Қалқаман — Мамырдан" соң туғанын автордың өзі ескертеді. Ал "Нартайлық - Айсұлу" аталмыш екі поэмадан соң, тіпті беріде, 1929 жылы қарашада жазылған. Бұл шығарма біздің заманымызға қолжазба қалпында жетті. (Ескерте кетейік, "Нартайлық - Айсұлу" - Шәкәрім атын ақтай алмайтын, өте әлсіз шығарма).
Қалқаман жігіт пен Мамыр қыздың махаббат драмасының мекені де, мезгілі де нақты. "Мың жеті жүз жиырма екінші жыл, - Қазақгың Сыр бойында жүргені анық", - дейді ақын. Трагедиялық тағдыр шешімі қазақ тарихындағы ең бір қаралы жылдарға сәйкес келеді.
Мың жеті жүз жиырма үшінші жыл
Атысқан қазақ, қалмақ - мұны да біл.
Қалмақтың бастаушысы Суан Раптан
Өзі батыр, соғысқа дым айлашыл.
Қазақты ол соғыста қалмақ алды,
Үш есенің екеуін қырып салды...
Көршілес түркі халықтары қалмақ деп атаған батыс монғол жұрты — ойраттармен жауласу тым арыдан басталған. Жошы ұлысының ыдырау кезеңінде ойраттардың батыстағы ең басты қарсыласы Моғолстан хандығы болды. Ал моғол одағы бұзылып, оның құрамындағы түркі руларының басым көпшілігі, бүкіл Жетісу Қазақстан құрамына қайта енген кезде қазақ пен қалмақ бірме-бір, бетпе-бет келеді. Үнемі дерлік жеңіліске ұшырап отырған, кейде, тіпті алым төлеп, бодан болса да, елдігінен айрылмаған ойраттар ХVІІ ғасырдың орта шенінен бастап күш алады. Көршілес, киіз туырлық көшпенді екі жұрт арасында атадан балаға озған, екі жақ үшін де өлшеусіз шығынға түскен, ешбір халық тарихында болмаған жүз елу жылдық соғыс осы кезеңнен басталып, жаулық түбі аяусыз геноцидқа ұласқан, қазақ пен қалмақ бірін-бірі тақыр-таза қырып бітіруді ғана мақсат тұтқан қасап майданға айналған еді. Ақыры кеселді түйінді құдіретті көршілер шешеді. Ойрат халқы жер бетінен мүлде жойылып, қатары селдіреген қазақтардың туы жығылады. Керісінше болуы да мүмкін еді. Оның айқын дәлелі — Ақтабан шұбырынды. Шәкәрім баяндауында қазақтың құты қашқаны соншалық, тоқсан бес жастағы "ел ағасы, әрі би, әрі ғұлама" Әнет Бабаңның өзі "көшке ере алмай, тірідей дөң басында" қала береді.
"Еңлік — Кебек" шығарманың сюжеттік желісіне қатыссыз, пролог іспетті өлең жолдарымен басталады.
Өткен адам болады көзден таса,
Өлді, өшті оны ешкім ойламаса,
Ол кетсе де белгісі жоғалмайды,
Керектісін ескеріп, ұмытпаса.
Ақыл деген — денеге егілген дән,
Суғарылса кіреді оған да жан.
Ақылдың өсіп-өніп, зораймағы
Көрген, білген нәрседен ғибрат алған.
Сол сияқты ұмытылмауға тиіс, кейінгіні ойға қалдырар, ғибраты мол хикая - Еңлік пен Кебектің тағдыры. Шығарманың негізгі арқауы махаббат трагедиясы болғанымен, автор замана кейпін нақтылау, оқиғаның ескі күндерде өткенін, ендігі жерде ел арасында мұндай келеңсіз істер болмауға тиісін дәлелдей түсу үшін хикаяның өмірлік фонына айрықша мән береді, шағын көлемді тарихи ақпар жасап, Ақтабан шұбырынды күндерін, елдің қырғынға ұшырап, азып-тозуын сипаттай келе, қазақтардың қайтадан күш жинап, жауға қарсы аттанғанын, үлкен жеңістерге жеткенін айтады. Автор мақсаты - жоңғар соғыстарының шежіресін жасау емес, Еңлік — Кебек трагедиясына себеп болған қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды айқындау. Сондықтан да, ақын ойрат одағы жойылғаннан соңғы кезенде шығыс облыстарға ауа көшкен рулардың өзара күресіне арнайы тоқталады. Хандық өкімет құлап, әркім өз басына би болған замандағы бұл қақтығыс ел мүддесінен емес, ру мүддесінен, ағайынға тиесілі жайлау, қыстауды тартып алу мақсатынан туындаған еді. Әрине, тар жерде тек отырып, аштан қырылмадың деп Тобықтыны кінәлау қиын, бірақ кең қонысының бір өңірін қаны қарайып келген ағайынға қимаған Матайды да ақтау мүмкін емес. Енді ағайын арасында аяусыз күрес басталды. Дәл осындай кезенде албырт көңіл, ақ махаббат табыстырған Тобықты жігіті Кебек пен Матай қызы Еңліктің тағдыры қандай болмағы айтпаса да түсінікті.
Сонымен, "Еңлік — Кебекте" де, "Қалқаман — Мамырда" да жеке бас трагедиясы халық трагедиясының бір бөлшегі ретінде көрінеді. Қиын хал, қат-қабат драма нақгы бір кейіпкердің зұлымдығынан туындамайды. Сол сияқгы, жақсылық тілеген, жәрдем жасамақ болған адамның әрекетінен де ештеңе өнбейді. Бабаң - ел қамқоры, ағайын панасы. Алайда әдет-ғұрып заңына тоқтау сала алмайды, Қалқаманды оққа байлап береді. Кеңгірбай — ұнамды кейіпкер, бір өзінің емес, Тобықтының қамын жейді, бірақ жағдай құрбаны, заманадан жапа шегуші, ол да Кебекті амалсыздан өлімге қияды. Тіпті, Мамырды атып өлтірген, Қалқаманды өлім жазасына кесуді талап еткен Көкенайдың өзі қалыпты ұғымдағы "ұнамсыз кейіпкер" емес. "Өзі батыр, мінезі қатты кісі", - деп сыпаттайды Шәкәрім. Канпезер еді, қаражүрек еді демейді. Өйткені ол - ата салтының, патриархалдық ғұрыптың сақшысы, яғни заман мен жағдай құрбаны. Поэмалардың бас кейіпкерлері де өз дәуіріне сай сыр-сипатта. Бірақ өз ортасының әдет-салтын аттап өтіп, махаббат бостандығына ұмтылады. Бұлар да құрбан - асықтық құрбаны. Әсіресе тағдырының немен аяқталарын біле тұра басқа жол тандамаған, махаббатынан айнымау арқылы ажалға қарай қадам басқан Кебек мінезі айрықша кесек. Қандай сипат, кандай тұрпатта көрінсе де, Шәкәрім бейнелеген кейіпкерлер толыққанды реализм жемісі болып табылады. Бұл реттегі айрықша атап айтарлық бір жетістік - Шәкәрімнің психологиялық талдау шеберлігі.
Айшықты сөздің қас зергері Шәкәрім екі поэмасында да кәдімгі қара өлең үлгесіне жүгінеді. Бұл — мазмұнға сай таңдалған трагедиялық халді, өзгеше сезім толқынысын алып ұшпасыз, әсіресіз, қарапайым да нақты жеткізер ең ұтымды түр екеніне көзіңіз жетеді. Поэмалардың баяндау сарыны, көркемдеу жүйесі - бүкіл болмыс-бітісінен кәнігі шеберге ғана тән салқын сабыр, сөз нарқы нақты байыпталған суреткерлік, өткен тарихты, көне тұрмысты, қазіргі ахуалды терең таныған білгірлік көрінеді. Оқиғаға бай, драмаға толы, жанды тұлғалары нақты дараланған, қаламгерлік мұрат айқын таңбаланған екі поэманың да көлемі таң қаларлықтай шағын — "Еңлік - Кебек" небәрі 652 жол, ал "Қалқаман - Мамыр" бұдан екі еседей кем — 372 жол. Бірақ осы шағын көлемге романдық материал сыйған.
"Оятқан мені ерте Шығыс жыры", - деп, "Жасымнан жетік білдім түрік тілін", — деп, өзінің төл әдебиеттен тысқарғы ең алғашқы өнеге мектебін нақты атаған, классикалық тәжік-парсы поэзиясын да, тамырлас, туыстас халықтарға тегіс тиесілі ортаға-сырлық түркі әдебиетін де терең таныған ақынның айрықша қадір тұтқан шайырлары Хожа Хафиз, Физули мен Науаи болатын. Шәкәрімнің Фердауси мен Сағдиді де, Хожа Ахмет Иасауи мен Софы Аллаярды да жақсы білгені күмәнсіз. Осы жұлдыздай жыпырлаған көп ақын ішінде Шәкәрім әсіресе Хафизді жанына жақын тұтады. Германиядағы Гетені де, Россиядағы Пушкинді де баураған, жаңа дәуірдегі Еуропа поэзиясына үлкен ықпал жасаған Хожа Хафизді Шәкәрім өзінің ең ұлағатты ұстаздарының бірі санайды. Үнемі сырласып, мүңдасып отырады. Тіпті өмірінің ең соңғы күндерінде де Хож Хафизді аузына алады, оны түсінде көргенін айтып, бұл — дәм-тұздың таусылғаны, фәнилік жарықтан бақилық даңққа өтудің белгісі деп біледі.
Шәкәрімнің шығыс тақырыбындағы ең көлемді мұрасы "Ләйлі - Мәжнүн" (1922 жылы "Шолпан" журналында жариялаған). Түп негізі Физулиге барып тірелгенімен, бұл еңбекті қазіргі ұғымдағы аударма деп айту қиын. Ләйлі мен Мәжүннің ғашықтық хикаясы Низамиге де, Науаиға да шабыт берген. Шығыстың сөз зергерлерінің жыр жарысы нәзира дәстүрі бойынша, ақынның ең басты мұраты жаңа тақырып табу емес, жаңа жол табу, белгілі сарынды өзгеше түрге бөлеу, өзіндік бояумен бейнелеу десек, Шәкірім қалдырған "Ләйлі - Мәжнүн" дастаны мың жылдық тарихы бар ежелгі сюжеттің ең соңғы көрінісі, шын мәнісіндегі төлтума болып табылады.
Ұлы Абай: "Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім", — дейтін. Абай мектебінен тағылым алған, Абай жолын жалғастырған Шәкәрім де екі жа&#
Айсана
aisa90@list.ru
10-01-13 10:33
Алматыда ұялы телефонға арналған Абайдың «Қара сөздері» жазылған аудио-қосымшаның тұсауы кесіледі http://bnews.kz/kk/news/post/118656/
мерей
merei_9898@mail.ru
18-12-12 11:34
Абай Құнанбайұлы
Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ-даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл-әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы. «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Сондықтан да ол Абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады... Толығырақ...
ДЖумажан
zm.1950@mail.ru
02-12-12 13:40
ер жігітке бірінші ашу керек
ашуды ақылменен басу керек
нурасыл
коктем
01-12-12 22:29
Абайга тил тигизу ол букил казак журтына тил тигизу.Жогарыда бир окырман абайга тил тигизип отыр,Абайдан садагасы кеткир.Ол киси елимен бирге каигырып елинин камын ойлаган данышпан адам.Ал сен осыны ойламай жазып отырган нагыз акмак адамсын
Ая))))))))))
kairli_jan@mail.ru
25-11-12 15:31
Абайдың есім созден туынды сын есім жасайтын сөздері бар олен керек еді өтінемін көмектесіңдерші
Salamat
Salam_Nazar@mail.ru
23-11-12 17:37
кушти
аида
aidok_2304
19-11-12 17:48
балалар отинем сендерден маган абайдын аудармаларын казыр тез тез жазып бере аласындарма ертне болсын ар куни болсын жазып бериндерш тауып жатсандар 24-16-49 га согып дильназ барма деп сурандар ол менин апам мен алматыга жарыска кетип барам дильназ деген синилмнен жазып жибериндерш отиниш
Орынкул
17-11-12 07:11
Абай андеры жылдам керек.Жарыска катысатын болдым.
анель
anelcool02@mail.ru
14-11-12 16:30
тез тез болыныздаршы
Анаргүл
Anar_gul.94
28-10-12 15:04
Абайдың танымал әндеріне жалпы сипаттама керек еді.
Ерааааааа
erlan-231200@mail.ru
24-10-12 20:54
Абайдың шығармалары алған әсері
аякоз
a9koz_11@mail.ru
24-10-12 15:21
халайық,маған "абай жолы" романындағы біріккен ру атауларын тауып беріндерші
almas
almas
23-10-12 20:31
меним атым алмас,менде Кунанбай атам сиякты торт айел алам деп едтм.
бирак ушиншиге жеткенимде шаршап калдым.киын екен 3 айелди баскару.
бирак сиздерге осиетим биреуден артык алманыздар.
БаХа
kozhanbek1999@mail.ru
23-10-12 16:36
Абайдың қара сөдерінің мазмұнына қарай топталуын жазып беріндерш

Ерхан Аманжолов
Eka.microla@list.ru
23-10-12 08:43
Маган Абайдың тіл туралы өлеңдери керек еди кішкене коптеу болса болады.Алдын-ала РАХМЕТ!!! Отініш тез керек еді тауып бересиздерма?
Madina
muba_zhan@mail.ru
14-10-12 22:03
salem! magan Abaidyn jaksi mysaldary kerek edi kaidan izdesem bolaaad taba alami jurmin...aldyn ala RAXMEET!!!
Зауре
jusup_34@mail.ru
12-10-12 05:36
..... Бұларың дұрыс емес

Aygul
ms.aika.0514@mail.ru
10-10-12 09:57
mende bilgim keledi
Ляззат
Lyazzat_7sk@mail.ru
15-07-12 11:35
М.Әуезовтың \"Абай жолы\" эпопеясы алғашқы рент қай жылы басылып шықты?
Нурсаусле
nura_0204
13-07-12 12:06
Мен Абайга арнап шыгарган такпагым.Абай биздин атамыз Ол атакты данышпан окысан ар бир андирен танисин улы Абайды!
Нурсаусле
nura_0204
13-07-12 11:57
Маган тез тауып беринздер.
Нурсаусле
nura_0204
13-07-12 11:54
Мен 3 тен 4ке откен кызбын.Маган Абайдын такпактары керек мен жарыска катысамын.
Гульден
gulden2001
01-05-12 16:27
Мен Абайдын 50 оленин билемин олардин бири:
фзули, шамси,сайхали
науаи.сагди,фердауси
Хожа хаффис бу хаммаси
мададат бер иа фариад
Qazaq
23-03-12 10:19
Абай қанша уақыт қазақтың бас ақыны болса, қазақ сонша уақыт ұлтсыздықта болады. Абайды көтерген сталинизм мен КПСС заманы. Ол қазақты жаншу үшін, орыстардан мәңгі бақи үйрену үшін көтерілген. Оның орнына қазір Мағжан Жұмабай, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай сияқты қазақты қазақ болуға, тәуелсіздікке шақырған ұлыларымызды көтеруіміз керек. Алматыдағы Абай көшесін Мұстафа Шоқай көшесі деп өзгертілсе Қазақтың шын тәуелсіздігі орнай бермек. Қазақ ешқашанда Евразия одағына кіреміз деп ұмтылмас еді.
жаннур
zhan_92.@mail.ru
12-03-12 18:50
Осы интернет куып турат я? казакша керек десен орысша шыгарып куат осы!Куурсыыыын оданда маган Абай Кунанбаевты туып оскен ортасы туралы тауып бериндерш?!

Ернұр
ernur.kazbaev@mail.ru
29-02-12 17:38
Зерені неге "кәрі әжең" деп атаған
Айдана
aikosha_kerei
28-02-12 08:43
Маған Абай туралы керек мен папка жинап соған саламын олендерін,мәліметтерін т,б, туралы жазу керек
ZeMa
perizat1196@mail.ru
22-02-12 20:47
адамда жақсы и жаман қасиет қатар жүреди го АБАЙ атамызда қандай жаман касиеттери бар деп ойлайсындар )))))
Конысбек
serikbaev.konisbek.98
21-02-12 08:53
men men men edim
Abaidan asip kormedim
Omir baki abaidin
Esimin atap jur elim
Balnur
bona_daryn@mail.ru
19-02-12 22:14
Uali mai
jane bai
muni aitkan men emes
avtori:Abai
Жандарбек
jaks_jaks_1993@mail.ru
19-02-12 20:56
Abai atamuzdun olenderin jas kezde atten jattamappun !!!

Жандарбек
jaks_jaks_1993@mail.ru
19-02-12 20:53
Salaumaleikum KAZAHI

Алтын
seka_love_altosha@inbox.ru
11-02-12 14:16
salem!
Айжан
aizhan_kair@mail.ru
08-02-12 15:06
Нұрсұлтанға Абайдың 3 поэмасы бар.Әзім әңгімесі,Масғұ,Ескендір.
daurbek
daurbek.62@mail.ru
21-01-12 13:30


Басқы бет
"Жан аямай кәсіп қыл..."
Абай және құран
Абай және оның ұрпақтары
Шығысқазақстандық абайтанушылар
Әдебиеттер тізімі


Қазақтың бас ақыны
Ұлы Абайды "Қазақтың бас ақыны" деп бағалап, алғашқылардың бірі болып оның ақындық зор тұлғасын дәл сипаттап, әдебиет, мәдениет пен қоғамдық ой-санамыздың дамуындағы орасан зор маңызын тұжырымды түрде айқындап берген Ахмет Байтұрсыновтың осы бір нұсқалы сөзін есте тұта отырып айту парыз деп ойлаймыз. Бұл бүгінгіге дейінгі өрістетіліп, кеңейтіліп, әртүрлі бағытта нақтылай айтылып келе жаткан сан алуан пікірлердің тірегі, алғашқы түйіні, асыл ұрық-дәні, ақиқат түйірі деуге лайық, өйткені ол – жай әншейін әлдеқалай айтыла салмай, әбден барлап, ойлап, тереңіне бойлап, байыбына барып, мәнісін жете аңғарып айтылған түйінді ой-тұжырым.
Абайдың атын әлемге әйгілеп, өзінің ғылыми зерттеулерімен де, атақты "Абай жолы" дәуірнамасымен де абайтануды үлкен сара жолға салған Мұхтар Әуезов те жаңаша ой толғап, соны шешімдер іздегенде Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановтың пікірлерін үнемі тірек еткені ешбір дау туғызбайды. Ахмет Байтұрсынов Абайды бас ақын деп жоғары бағалап, қастерлегенде оның басқадай қасиеттерін, ұлы тұлғасының өзге жақтарын көре білмеді, дарыны, даналығы көп қырлы екенін тани алмады десек, ағаттық болмай ма? Мұны айтып отырғанымыз, бүгін Абайды мақтамақ болғанда кейбір авторлардың ол ақын ғана емес, ойшыл ғұлама деп көтеріп тастағандай болатыны байқалады. Әрине, Абай – ұлы ойшыл, ғұлама, өзгеден мойыны озық философ. Абайды хакім деу де орынды. Ол сөзді Абай өзі де қолданған. Абайды хакім деп Мағжан да бір өлеңінде атайтыны бар. Хакім деген сөз тілімізде жылдар бойы аз қолданылып, мағынасы көнергендей болып келді де, қазір жаңғырып қайта жанданды. Алайда Мағжан Абайды "шын хакім, сөзің асыл, баға жетпес" деп сипаттағанда, оның ойшылдығын, даналығын ақындығынан бөліп айтпаған.
Абайдың ойшылдығы, кемеңгер философ екені терең ашылмай, жете айтылмай келгені рас. Тіпті таптық идеологияның қисынына сәйкес бір жақты айтылған кездері де аз болған жоқ. Абайдың дүниеге, қоғамға көзқарасы, әсіресе алла, имандылық туралы пікірлері бұрмаланып баяндалды. Бұл тұрғыдан қарағанда Абайдың ойшылдығын баса айтудың әбден жөні бар. Абайдың дүниетанымы, философиялық көзқарастары туралы еңбекте солай етудің өзі бірден-бір қажет және мұның өзі – ғылыми зерттеудің тәсілі. Бірақ бірде болмаса бірде кездесіп қалатын қара сөздерінде ойшылдық, даналық басым екен, өлеңдері таза поэзия ғой деген секілді жаңсақ пікірлердің айтылуы еш дәлелсіз. Әрине, дүниенің өзгеріп дамуы, алла мен адамның болмысы туралы арнайы пікір толғаған сөздері өз алдына. Тіпті ондай пікірлердің өзі де өлеңдерінде айтылып отырады ғой. Қалай десек те, қай жағынан келсек те, Абай – алдымен ақын, қазақтың бас ақыны.
Абайдың туған облысы Семей, оған көршілес облыс Ақмола, содан ары Торғай, Орал облысы болады. Кейінірек Түркістан өлкесі түгел алынған соң, Жетісу, Сырдария облыстары жасалды. Сөйтіп, Ұлы Октябрь Социалистік революциясына шейін қазақ жайлаған Сарыарқа, Жайық, Сыр, Алатау өлкелерінің барлығы патшалық құрған алты облысқа бөлінген...
Семей облысының өзін алсақ, ол бес уезге бөлінген: Семей, Қарқаралы, Павлодар, Өскемен, Зайсан уездері. Облыс басында әскери губернатор (жандарал) болады, оның кеңсесін "Областное правление" дейді. Уездің басында уездный начальник – мұны қазақ "ояз" дейтін. Ақмола, Семей облысы бірігіп, бір генерал-губернаторлыққа бағынатын. Оның әкімін степной генерал-губернатор дейді. Қазақ бұл үлкен әкімді – кеңсесімен қоса "корпыс" деп атайтын...
Жоғарыда аталған уездерді алсақ, бұлар 20–21–22 болыстан құралатын. Абайдың елі қараған Семей уезі жиырма болыс болатын да, көршілес Қарқаралы уезі жиырма екі болыстан құралатын. Қазақтың "болыс" деген сөзі - орыстың "волость", "волостной управитель" – деген сөзінен алынған. Қазақша қолдануда және Абай шығармаларында "болыс" деп, әрі әкімдік бөлікті де, әрі соның басында тұратын әкімді де атаған. Ояз бен болыстың арасында тағы бір ұлық бар, ол – крестьянский начальник. Бір уезде 20–22 болыс болса, солар бірнеше учаскеге бөлінеді. Төрт-бес болыстан құралатын учаскенің бастығы жаңағы крестьянский начальник.
Осымен қатар, әкімшілік орындарынан басқа сот орындары болған. Олар қазақ болысында үш жылда, болыспен бірге сайланатын билер, сонан соң мировой судьялар және әр болыстың басында облыстық – окружной суд болатын.
Міне, Абай шығармалырында әралуан кескінде сипатталынып, әшкереленетін, сыналып отыратын ұлық, әкім, ел билеушілер дегендердің саты-саты орындары осылай еді...
Абай осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руының ішінде 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі – Құнанбай, атасы – Өскембай, арғы атасы – Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үлкен үстемдік жүргізген адамдар. Ақынның бұлардан арғы аталары Айдос, Олжай үш ұлы: Айдос, Қайдос, Жігітек. Тобықтының атақты жуан биі Кеңгірбай – осы Жігітектің баласы. Қайдостан Бөкенші, Борсақ тарайды.
Айдос өз басы би де, бағлан да болған емес. Қайта момын, жасық адам болғандықтан, оны: "Шөккен түйеге міне алмайтын жаман Айдос" дейтін мәтел бар. Осы Айдостың Айпара деген әйелінен төрт ұл туады. Бұлар: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай.
Айпара ер қайраты бар, есті, адуын әйел болған. Өзінде бір жағынан тапқыр шешендік, бір жағынан бақсы құшнаштық сияқты сәуегейлік те болған. Айпараның өзінен қалған бір ауыз сөз – төрт баласына берген аналық сын сөзі. Сонда:

Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды, торайғыр Көтібағым,
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә да оңбас Торғайым, –

дейді. Сол шешесі дәме қылған Ырғызбай өзге туысынан анық, артық болып озып шығып, ортасы дәме қылған жігіт болады. Тобықтының сол күндегі биі Кеңгірбай өзге барлық жас-желеңнің ішінен Ырғызбайды сынайды. Ел сөзіне араластырып, баулып жүреді. Ол кез – көп бидің парашыл кезі. "Сыбаға" деп, "жол" деп мол параны бадырайтып алып жатады.
Кеңгірбайға да осы жөнде көп жаманат еретін. Соның мысалы байы өлген қаралы бір әйелдің даусынан байқалады. Ері жанжал-төбелесте өліп, есе ала алмай отырған әйел:

Мойны, басы былқылдап,
Ырғызбай жүрді араға,
Кеңгірбай толды параға,
Параға алған қара атан,
Тігілгей еді қараңа,...

– деген.
Ырғызбайды баулып өсірген Кеңгірбай өзіне серік етіп жүргенде, сол інісі ертерек өліп калады. Ырғызбайдың өзге бір ерекшелігі: жас кезінде үлкен ас, ұлы дүбір жиында күреске түсетін үлкен балуан болған. Уақытында қазақтың көп руларының арасында зор лақап болып жайылған бір күресі бар. Ол – қазақ, қоқан халықтары жиналған бір аста "Қоңыраулы балуан" деген түйе балуанды жыққаны.
Ырғызбайдың бірнеше баласы болған. Олар: Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскембай. Өскембай Ырғызбайдың өзге балаларының ішіндегі ең артығы болады. Кеңгірбай Ырғызбай өлген соң оның орнына Өскембайды ұстайды. Бертін келіп, өзі қартая бастаған кезінде өз орнына Өскембайды би етпек болады. Сол күннің жолы бойынша батасын беріп, Өскембайды би қояды.
Өскембай өзінің ел меңгеру әдісінде ең алдымен көпті мезі қылған парақорлық мінезінен бойын қашаңдау ұстауға тырысқан. Ел ортасында сақталып қалған сөздің бірінде: "Ісің адал болса, Өскембайға бар, арам болса, Ералыға бар", – деген сөз бар.
Өскембай орта жасқа келгенде, баласы Құнанбай ержетіп, атқа мінген. Кұнанбай 1804 жылы туған. Бұның шешесі Зере кісі ренжітпейтін жұмсақ мінезді әйел болған. 1850 жылы 72 жасында Өскембай өледі. Зере ерінен кейін көп жасаған. Ол бертін келіп, тоқсанға жетіп өледі. Мұның ақын болатын немересі Абайдың бала, бозбала күнінде ауылдың бәрі Зерені "кәрі әже" дейді екен. Кәріліктен құлағы естімейтін болады. Балаларына дұға оқытып үшкірте береді. Сонда өз қолындағы немересі Абай кәрі әжесінің кұлағына өлең айтып келіп үшкіреді екен.
Кұнанбай жасында әке-шешесі мен өскен ортасынан алған тәрбиеден басқа оқу тәрбиесін көрмеген. Мұның орайына жас күндегі өмірі, елдің ол кездегі дағдысы бойынша батырлық, жорықшылық сияқты істерге ғана емес, әке-шеше, жанашыр- жақынға да бірқалыпта болған сияқты.
Ел билеп, іс басқаруға келгенде, Құнанбай әкесінен айлалы болған...
Абай Құнанбайдың 41 жасында туған. Құнанбай көп әйелді болған. Үлкен әйелі – қыздай алған Күңке. Бұдан туған баласы – Құдайберді. Екінші әйелі – Ұлжан. Ол Құнанбайдың інісі Құттымұқамбетке айттырылған қалыңдық екен. Інісі өлген соң Құнанбай келінін алған. Бұдан туған балалары: Тәңірберді, Ыбырай (Абай), Ысқақ, Оспан; үшінші әйелі – Айғыз. Одан Халиолла, Ысмағұл деген балалары болған. "Атадан алтау, анадан төртеу" дейтін Абайдың өлеңінің мәнісі осы. Құнанбайдың төртінші әйелі – Нұрғаным. Бұдан бала болмаған.
Ұлжан мен Айғыз бір ауыл болып, Құнанбай осылармен тұрған уақытта, екі шешесінің ортасындағы тел баласы кішкене Ыбырай болады. Бұл екі шешесінен кейінірек Оспан, Ысмағұл деген екі бала туған. Бірақ олардың жасы Абайдан едәуір кіші. Айғыздың үлкен баласы Халиолла болса, оқуда жүрген. Сондықтан Абай алғашқы балалық шағын екі шешесінің ортасында, жалғыз баланың халінде өткізген. Екі шешеге бірдей бала боп жүргендіктен, сол кездегі үлкендері Абайға "Телғара" деп ат қойыпты. Кейін Абай ержеткен уақытта, бірталай жеңгелері ертеде қойылған атпен оны "Телғара" дейді екен.
Абайдың өз шешесі Қаракесек ішінде Бертіс тұқымы болады. Ұлжанның әкесі Тұрпанмен бірге туысқан ағалары Қонтай, Тонтай – қалжыңмен даңқы шыққан, белгілі мысқылшыл, тапқыр күлдіргілер. Бұл әдет – Бертіс, Шаншар руына түгел жайылған мінез. Осы шаншардың бұрын-соңғы заманға шейін аузынан тастамайтын атақты қуы – Тонтай. Тонтайдың барлық өмірі тұтас күлкі болып кеткен. Түгелімен бастан-аяқ жеке-жеке күлкі әңгімеден құралады. Сол әңгімелерге қарағанда, Тонтайлар – қалың қазақ ортасының үнемі көңіл көтеріп жүрген, таусылмайтын думан, ұдайы қызық күлдіргісі. Осы Тонтайдың інісі Тұрпаннан әйел бала – Ұлжан.
Ол сабырлы, кең мінезді кісі болған. Абай – балалық шағын сөз қылғанда, өз шешесіне қатты ырза болып, Айғызға іші ренжіңкірейді екен. Ұлжан күндестікті көп сыртқа шығарып білдірмесе де, Айғыз сол жағынан белгі бергіш болса керек. Бұнысы Абайдың бала шағында көп қатынды тұрмыстың бар зарын татып, тағы да неше алуан ауыр қиыншылықты көріп өскендігін білдіреді.
Абай он жасқа келгенде, әкесі Семей қаласына әкеліп, оқуға берген. Бұдан бұрын қырда да Абай біраз оқыған болады. Семейдегі алғашқы берген молдасы – Ғұбалжаппар деген татар. Артынан бұдан шығарып, Ахмет Риза деген молдаға тапсырған. Екеуі де мешітте имамдық қылады. Және сол мешіттердің жанында медресе де ұстаған. Оқушы шәкіртінің көбі медреседе жатып оқиды. Оқу, әрине, ескіше, ылғи дін сабақтары. Соның көбін араб, парсы тілдерінде оқиды. Жалпы, медреселерде кейінгі заманға шейін сақталып келген салтқа қарағанда, түрікше оқу жолшыбай ғана оқылатын қосымша оқу болады.
Абай осы медреседе үш жыл оқиды. Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арапша кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады.
Медресенің тынысы ауыр, тар ғаламында, қысаң тәрбиесінде жүрген шәкірттің шын сүйетін жандары — Низами, Сағди, Хожа Хафиз, Навои, Физули сияқты шығыстың ескі классик ақындары болған.
Ақынның жас күнінен бізге жеткен өлеңдері көп емес. Сан шығармалары ұмытылып жоғалған болу керек. Абайдың нағыз өнімді өлең жаза бастаған кезі жігіттік шағы өткен соң басталады. Ол кездегі Абай арапшыламақ, парсышыламақ теріс нәрсе деп түсінген.
Медреседе үшінші жыл оқып жүрген уақытта, Абай жалғыз мұсылманша оқумен тоқтамай, Семей қаласындағы "Приходская школаға" түсіп, орысша да оқи бастаған. Бірақ мұндағы оқу ұзақ болмайды. Бас-аяғы үш-ақ аймен орысша оқуы бітеді. Мұсылманша оқуы да доғарылады. Жасы 13-ке толғанда, ерте есейіп, ақыл сезімі ашыла бастаған өткір зейінді, ерекше талапты жас шәкіртке аз да болса оқу, тәрбие беретін мектептің есігі жабылады.
Осындай дүние есігін енді ғана ашқалы жаңа ғана саңлау көріп келе жатқан уақытта, Абай аздаған біліммен үлкен кісінің өміріне кіріседі. Әкесі ел билеу жұмысында оны өзіне серік қылмақ боп, жаңа міндетке арнап, сол жолға баули бастайды. Бала болса да, сол кезде Абай әкесі дәме қыларлық белгілерді көрсете бастаған сияқты. Барлық балаларына қатал, қатты болған Құнанбай Абайдың өзгелерден артық екенін ертеден сезген...
...Енді сол ортаның залалды мінездерімен алысып, еліне тым құрса сонысымен пайдалы азамат болғысы келеді. Бірақ бұның ол жолына ел жуаны – жау. Олар Абайдың өзін де бұрынғы өтірік пәле-жала жабумен жарға жықпақ болады. Солардан бас қорғау ретінде және бір жағынан жаманын жазалаймын, жөнге саламын деген талаппен Абай алысады.
Осындайдан туатын талас-тартыс, жаулықтың екінші бір саласы уез, жандаралдың кеңсесіне қарай ағылған көп шағым түрінде болатын.
Ел ішінде Абай өз бетімен жүре бастаған соң, аз уақытта-ақ талас-тартыстың кіндігі қалаға қарай ауысады.
Сонымен, 28 жасқа келгенде Абайдың үстінен берілген партия басы жалақорлықтың өтірік арызы, көп шағымы Семейдің кеңселеріне түсе береді. Абай бұған орай ешкімді де шақпайды. Бірақ арыздар бойынша мұны жалаламақ болған ұлық 1877–1878 жылдың қысында оны қалаға шақыртады.
Осы жолда Абай 12 үлкен іспен тергеліп, Семей қаласынан 3–4 айға шейін шыға алмай жатады. Бірақ жұмыс саны көп болып, тергеуден-тергеу болса да, Абай бірде-біріне жығылмай, ағарып, аман шығады. Соңғы жылдарда Семейдің архивінен табылған бір іс Абайдың өмірінде бір-ақ жол үш жыл бойында Қоңыр Көкшеге болыс болған кезін танытады. Сонда Абайға қарсы өтірік шағым, жалған, жала жапқан Үзікбай Бөрібаевтың арыздары Абайды көп тергеуге ұшыратады. Ол істі Семейдің оязы, ояздық соты, тіпі Семей губернаторы да колға алады. Бірақ ұзақ тексеру соңында чиновниктер аппаратының өзі де Абайдың жазықсыз, адал, халыққа пайдалы адам екенін ықтиярсыз таниды...
Жігіттік шағына шейін Абайдың барлық орысша оқуы үш-ақ айлық сабақпен бітеді. Әрине, ол білім кейінгі күндерге Абайға азық болды деп айтуға болмайды. Орысша жағынан іздену енді ғана молынан басталады...
Абайға жолығып, онымен дос болған Михаэлистер ол күнде өздері жеке бастары Россияда даңқы шыққан кісілер болмаса да, Абай сияқты кісілерге ала келген жаңалық пікірлерімен қымбат болған өкілдер еді...
Абайдың толық жинағы 1858 жылы жазылған екі өлеңнен басталады. Біріншісі – "Иузи-рәушан", екіншісі – "Фзули, Шамси". Бұлардан соң, 1864 жылы жазылған "Әліфби" өлеңі бар. Ақынның он үш жас пен он сегіз, он тоғыз жастар арасында тудырған шығармалары – осы...
Жалғыз бұл өлеңдер емес, Абайдың сол жылдарда осы алуандас жазған басқа өлеңдері де болса керек еді. Бірақ олардан із-дерек табылған жоқ.
Абай мұраларын зерттеушілердің кейбіреулері "Абай философиясы" деген тақырыпты бөліп алып, тексеруді талап етеді. Абайды философ деп атап жүргендер де табылады. Анығында, бұл жөнде дұрыс түсінік керек. Шын мәнінде алғанда, Абай философ емес. Ғылымдық кең мағынасында Абай философ емес дейтұғынымыз, оның арнап жазған, философиялық жекеше терең толғаулы еңбектері, трактаты жоқ...
...Дана ақынның өз халқынан және жалпы адам баласының өнер-ой байлығынан алған үш үлкен салалы түп-төркіні барын байқаймыз.
Мұның біріншісі – қазақ халқының, есте жоқ ескі заманнан жиып, өсіріп келген өз даналығын халықтың ауызша әдебиет қоры, ақын Абай осы қордан көп нәр алып, сол арқылы өз өлеңін көп көркейтті. Екінші бір қол артқан қазынасы – арап, парсы, түрік тіліндегі шығыстың көркем классик поэзиясы.
Үшінші үлкен өнер, мол азық алған зор саласы – орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Европа мәдениеті. Осы соңғы өріске құлаш созған Абай өз заманы үшін әрі жаңа тарих, жаңа дәуірдің басы, әрі кең майдан келешек еді...
Абайдың "Ғақлия" атанған қарасөзі барлық құрылыс қалпымен, шебер, шешен тілімен және өлеңдеріндегі ой толғауының көпшілігін тереңдеп, еселеп, өсіріп жеткізумен біздің әдебиеттегі тағы бір соны, қызықты жаңалықтың бірі болған. Мұнда да сыншыл, ойшыл Абай көрінеді. Орыс әдебиетіндегі Лев Толстойдың кейбір толғау үлгілеріндей, бірақ қазақ халқының өз тіршілігіндегі күнделікті болмысынан туған аса бір алғыр, жүйрік, кейде шешен орамы мол бір әсер көрініп отырады.
Барынша тұтас ой ықыласымен ілгері, жарқын заманға ұмтылғандықтан, Абай өз халқының ой-санасы өсу тарихында анық прогресс жолын бастаушы болады. Өз заманының тарихтық, кертартпалық бөгетінің бәрінен аттап өтіп, елі-жұртын дүниелік мәдениетке жеткізем деушінің ең алдыңғы бірі болды.
Әрхам жазбасында Абайдың туған айы-күні, дүниеге келген жері нақтылы көрсетіліп жазылған: "Құнанбайдың ауылы Қасқабұлаққа келіп қонғаннан кейін. 1845 жылы ескіше 10 август күні Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжан толғатып, бір ұл дүниеге келді. Құнанбайдың бұдан бұрын дүниеге келген, ер жетіп калған екі ұлы болыпты. Өзінің алғашқы бәйбішесі Күңкеден туған ұлының аты – Құдайберді. Ұлжанның тұңғыш ұлының атын Тәңірберді қойған. Мынау үшінші ұлының атын Ибраһим деп арапшалап қояды", – дейді.
Сөйтіп, Әрхамның берген мағлұматы бойынша, Абайдың дүниеге келген жері – Қасқабұлақ, қазіргі Мұхтар Әуезов атындағы совхоздың орталығы, туған күні ескіше 10 август (тамыз) жаңаша – тамыздың 23-і болады.
Абай – ұлы ақын, Абай – дара. Абай – ұлы ойшыл, Абай – дана.
Иә, Абай – ұлы ақын, Абай – дара дегенде оның поэзиясына әдеби, музыкалық бүкіл шығармашылық мұрасына тән жаңашылдықты айтамыз. Абай – ұлы ойшыл, Абай – дана дегенде де оның үлкен философиялық ой толғаған жеке туындыларын есепке алумен шектелмей, қоғамдық өмірдің сан-алуан салаларына қатысты дүние-болмыс, заман ағымы, халық тағдыры туралы аса маңызды ой-пікірлерін тұтас алып, замандастары мен кейінгі ұрпақтарының ой-санасын жаңа белеске көтерген зор мәнін ескере отырып айтамыз. Оның жаңашылдығы мәдениеттегі, әдебиеттегі, қоғамдық ой-санадағы дәстүр мен жаңашылдықтың жалғасатынын танытады. Ол ақын поэзиясының, әдеби мұрасының халықтық сипатынан туындайды. Абайдың озық ойшылдығы – халық даналығының биік көрінісі. Абай туған халқының арман-мүддесін де, жалпы адамзаттық мұраттарын да терең түсіне алды. Оның көршілес, жақын елдермен жанасып, дүние жүзінің озық әдебиеті мен мәдениетіне қол артуға ұмтылғаны да дәуір талабын аңғара білгендігінен. Сондықтан да Абай өткен тарихымыз ғана емес, бүгінгі асыл мұрамыз және алдағы мақсат-мұратымызды айқындап бере алатын келешегіміз. Абай – бүгін де жастардың ақылгөйі, ұлы ұстазы, жақсылардың жанашыры. Абай десек, Абай туралы ой толғасақ, бүгін біз елдің елдігін, егемендігін, берекелі болуын қоса ойлаймыз.
Абай поэзиясы казақ әдебиетіндегі мүлде жаңа құбылыс, жаңа кезең болғанын айта отырып, ақынның шығармашылық өнерінің негізгі тірегі, сарқылмас қайнар көзі – халық поэзиясы, жүздеген жырау, жыршы, ақындарды туғызған халықтың сан ғасырлық бай әдеби мұрасы дейміз. Халық поэзиясымен терең тамырластығы Абайдың ақындық тұлғасына ана сүтімен біткен қасиеті ұлттық, даралық сипат бергені даусыз. Сонымен қатар ол алғаш ақындыққа бой ұрған кезінен бастап шығыс ақындарының өлең-жырларын көп зерттеп, кейінірек өнерде тың, жаңа өріс іздеген тұсында орыс классиктерінің (еуропа ақындарының да) шығармаларынан мол әсер алғаны талассыз.
Абайдың алдындағы ақындардан Бұқар, Дулат, Шортанбай, Мұрат, Махамбетті айрықша бөліп айтуға да болар еді. Сонда Бұқарды тамыры ерте дәуірден тартылатын, исі қазақ жыраулық поэзиясының ең көрнекті өкілі, насихат, ғибрат түріндегі толғау, терме жырлардың асқан шебері деуімізге болады. Ал Дулат, Шортанбай, Мұратты Абайға жақын, тікелей жалғас заманның, сол замандағы қоғам өмірінің күрделі қайшылықтарын айқын көре білген, әлеуметтік мәселелерді терең толғаған ақындар ретінде атаймыз.
Абай шығармаларында алдымен мейлінше мол, әр қырынан көрінетін, әрине, ақынның өз бейнесі, өз тұлғасы. Лирик ақын қоғам өмірінің шындығын өз көңіл-күйін білдіру арқылы, өз сезім толғаныстары, ой-толғамдары арқылы танытады.
1886 жылы жазылған "Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек", соған іле "Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман", "Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да" өлеңдерінде Абай замана жайын толғай, әр топ өкілдері, әр алуан адам мінезі, іс-әрекетіне көз жібереді. Бұл өлеңдер алдымен ақын ойының тереңдігімен, еркін төгіліп отыратын оралымдығымен, қоғамдық өмір құбылыстарының мәнін ашып, айқын бағалап, талдап беруімен тартымды. Және бір назар саларлық жай – Абай "Қартайдық, қайғы ойладық" деген сияқты өзінің қамыққан, қажығандай көңіл-күйін осы өлеңдердің бастапқы жолдарында ғана айтады. Осылай барып, ішкі сырын ақтаратын рай көрсетеді де, одан әрі бірыңғай айналадағы өмір, әртүрлі адамдардың жағымсыз іс-әрекеттері, қарекет-мінездері туралы айтуға ойысады. Ақынның өзі өмір сүрген ортаны, тағдырдың талқысына түсіп, шырқы бұзылған халықтың, ел-жұрттың бейнесін асқан көркемдік шеберлікпен суреттейтінін "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" өлеңінде айқын аңғарамыз. Осы өлеңде, домбыра сазындағы алғашқы құлақ күйіндей болып, жүрек толқытатындай жылы леп беретін "қазағым", "елім", "қайран жұртым" деген ақын туған халқы үшін жаны ашып, елжіреп отырғанын көрсететін сөздер онан кейінгі айтылғанның бәріне басқаша мағына, өзгеше реңк дарытады. Дәл осындай терең толғаныстан шыққан сыншылдыққа толы өлеңде мұндай сезім жылылығы кездесе бермейді. Сондықтан да елдің күйзелген жағдайын аңдататын:

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,
Жақсы менен жаманды айырмадың.
Бірі май, бірі қан боп енді екі ұртың, –

деген сипаттаулар жалпақ жұрт туралы айтылса да, артық айтылғандай сезілмейді. Ондай сөздерді де, немесе:

Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың, –

дегенді де барлық адамға, сол кездегі қазақ атаулыға түгел бірдей қатысты көрмей, нысаналы жеріне барып тиетін сөз деп түсінгендейміз. Қажет деген жерінде ақын сөз тигізетін адамдар тобын саралап, бөліп айтады. Мысалы, "ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді" дегені өңкей қырт, мылжың адамдарға қатысты болса, "Бас-басына би болған өңкей қиқым" дегені елдің сиқын бұзып жүрген, қолындағы күші азайған ұлыққа, мансабы жоғары шенеунікке бағынышты болыстарға қатысты.
Абай поэзиясындағы бірнеше өзекті, маңызды тақырыптар түйісіп, шоғырланып келетін өлең – "Сегіз аяқ". Осы өлеңінде ақын елдің берекесін кетіріп, көзін аштырмай отырған бір-бірімен дауласу, қастасу, домалақ арыз беру секілді жаман әдеттер екенін нақтылап көрсетеді.
Елді бірлікке, татулыққа шақыру – өлеңнің ең бір күшті сарыны.

Біріңді, қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос, –

деген үлкен қоғамдық мәні бар терең мағыналы түйінді ойын ақын ерекше тебіреніспен айтады.
Ғылым-білімді уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы қандай. Не нәрсеге болсын ақыл – таразы ("ақыл-мизан, өлшеу қыл"), дүниенің сырын танып-білуге ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды.
Абай ақыл туралы айтқанда ақылдылық, естілік деген ұғыммен, ақылмен танып-түсіну кабілетін білдіретін ұғымды ажыратып, оларды екі нәрсе деп қарайды. "Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек" дегенде Абай ақылды осы соңғы мағынасында алған. Философиялық тұрғыдан келіп ой мен сезімді бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы екі ұғым деп қараған Абай, "суық ақыл" мен "ыстық жүрек" (ыстық сезім) бір-бірін толықтырады деп санайды. Осы екеуіне қайрат, жігер қосылса ғана, адамның қасиеті кемеліне келеді деп есептейді.
Абай поэзиясының танымдық, тәрбиелік мәнін терең түсініп, оны адам мінезін, заманды түзетудің күшті құралы деп қарағанын көптеген өлеңдерінен, әсіресе, сөз өнері, ән-күй туралы ой-толғамдарын арнайы баяндайтын "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін", "Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы", "Біреудің кісісі өлсе қаралы – ол", "Көңіл құсы құйқылжыр шар тарапқа", "Құлақтан кіріп бойды алар", "Өзгеге көңілім тоярсың" секілді шығармаларынан толық байқаймыз. Ұлы ақын өлеңді, поэзиялық шығарманы кім қалай қабылдайтынына, яғни тыңдаушыларға үлкен мән береді. Сөзді түсінетін, зейіні жетіп ұғатын, содан өзіне сабақ алатын адамдар болса ғана, оның ықпал-әсері күшті болатынын естен шығармайды.
Абайға дейінгі қазақ ақын-жыршылары шығыс халықтарының аңыз-ертегілерін, дастандарын қызықтап, ел арасына жыр ғып таратып келсе, енді орыс әдебиетін оқып, үйренуге, орыс ақын--жазушыларының шығармаларын насихаттауға көңіл бөле бастады. Әрине, шығыс халықтарының әдеби нұсқаларына кұштарлық та көбеймесе азайған жоқ. Абайдың поэмаларына негізінен шығыс сарындары арқау болғаны белгілі. Шығыс әдебиетінен келген сюжеттер көптен таныс үйреншікті дүние секілді болса, орыс әдебиеті, поэзиясы мүлде жаңа құбылыс еді. Орыс классиктерінің шығармалары қазақ даласында озат адамгершілік идеялардың жаршысы бола алатыны Абай назарынан тыс қалмағаны анық. Орыс әдебиетінен оқығаны қаншалық көп болса да, ол поэзиялық шығармаларды аударуға келгенде үлкен талғампаздықпен қарап, Пушкин, Лермонтов, Крылов секілді ақындардың кейбір өлеңін ғана іріктеп алады.
Абайдың аудармалары жайлы сөз қозғағанда, оларды саралап, жіктеп, орыс классиктерінен аударма және белгілі шығарманың сарынымен жазылған төл шығарма деп екі топқа бөліп қарастыру қажет. Өйткені аударма деп аталып, аударма саналып жүрген бірталай өлеңдері, әрине, осы сөздің бүгінгі қалыптасқан, қолданылып жүрген тура мағынасындағы аударма емес. Олар – не бір белгілі шығармамен сарындас келетін, жарыса жазылған, көп дегенде жартылай тәржімаланған, түгелдей алғанда өзіндік төл тума шығармалар.
Абай қарасөздерінде әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік өзгешелігін толық пайдаланып, адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім-ғылымды игеру, қоғамдағы әртүрлі топтардың қылып жүрген адамгершілік, имандылық секілді бірталай көкейкесті әлеуметтік мәселелерді кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді. Егін салу, сауда істеу, өнер, ғылым іздеу қажеттігін елдің өмір-тұрмыс жағдайына, негізгі қарекетіне, күнделікті атқаратын істеріне байланыстыра айтады, халықтың өмірін, әртүрлі топтың өкілдерінің мінез-құлқын, ой-ниетін нақтылы, жан-жақты талдай отырып сөз етеді. Болыс сайлау мәселесін сөз қылғанда да сол кездегі нақтылы қоғамдық жағдайды, елдің әдет-ғұрпын, ұғым-түсінігін толық ескеріп отырады. Абайдың қарасөздері қазақ әдебиетінде көсемсөз, көркем прозаның қалыптасып дамуына соны із салған елеулі жаңалық еді.
Абайдың шығармаларында ойшылдық пен суреткерлік ажырамас бірлік тауып, аса маңызды, азаматтық, халықтық мәселелерді терең толғайтын жаңа сапалы поэзияның тууына негіз болды. Қазақ әдебиеті шынайы жазба әдебиет үлгісіндегі нағыз лириканың жаңа түрлерімен молықты және осының өзі Абайдың ұлттық поэзиямыздағы ой-сезім жүйесін шексіз байытып, сөздің мағыналық, суреттілік қуатын арттыруына, тіл ұстартуына зор мүмкіншілік туғызып, бұл салада ақынның жаңалық табуына ақ жол ашты.
Кейінгі кездерде Абайды әр қырынан танып-түсінуге себі тиерліктей құнды пікірлер айтылып жүргені құптарлық демекпіз. Сонымен қатар ара-кідік артық-кем айтылғандары да бой көрсетіп калады. Абайды әлемдік кеңістікке шығарудың жөні осы деп оны әркіммен (олар қанша мықты болса да) оп-оңай жақындастыруға бейім тұрушылық орынды дей алмаймыз. Өйткені жекелеген ой-пікір, сөздер мен сөз тіркесінің ұқсастығы деген кімнен де болсын табылады. Өзгеден өнеге алуда әр ақында, ойшыл адамда бола береді. Бірақ басқадан ықпал, әсер алып ешкім де ұлы ақын, дана ойшыл бола алмайтынын естен шығармаған жөн.
Абайдың нағыз дана және дара екенін асқан көрегендікпен тани білген Ахмет Байтұрсыновтың "Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білуі керек" дегенін де еске алған артық болмас. Бұл осы ғасырдың бас кезінде айтылған, алайда бүгін де мәнін жойған жоқ. Қанша жемістеріміз бен жетістіктеріміз бар десек те, қазіргі жастардың жайын ойласақ, жетпей жатқаны да аз емес. Абай сөздерін тек ақындық өнерге, әдебиетке құштар жастар ғана емес, жас буын өкілдері тегіс білуі керек екенін атап айтсақ, Ахаң айтқан осы ойды үнемі есте тұту кажеттігі айқындала түседі.
Ал Абайды басқа елдердің өкілдеріне таныту жағынан да бірталай іс тындырылғаны белгілі дей отырып, бұл бағытта да әлі атқарылуға тиіс шаралар шаш-етектен. Абай мұрасын басқа тілдерге аудару, оны шет тілдерінде насихаттау алдағы кездерде жалғасын таба бергені абзал.
Өзі туған халқының әдебиетімен қатар дүние жүзі мәдениетіне үлкен үлес қосқан ұлы Абайдың өлмес, өшпес мұрасы халқымыздың игілігіне аса берумен бірге, басқа елдердің де кәдесіне жарап, рухани қажетін өтей беретіні кәміл.


страницы:    4   3    2    1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов