Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Йассауи тобы туралы жазыңыздаршы


Авторы Xабарлама
Пікір
12-04-07 03:35
Құрметті жамағат! Осыдан біраз жылдар бұрын Йассауи деген әдемі топ бар еді. Өзін бәріміз сүйіп тыңдаушы едік. Сондай керемет енді. Бірнеше дауыста айтқанда таң қаласың. Жан жүрегіңді жібітіп керемет сезім билейді бойыңды. Құранда адам жүрегі тек Алланың зікірінен тыныштық табады дейді. Кәзіргі біздің қоғамға зікір әбден пайдалы дегім келеді. Дұрыс ел боламын десек алдымен бәріміз жүрегімізді тыныштандырайық! Шіркін сол топ қайта елді дүр сілкіндірер ме?

Авторы Жауап
Сана
15-03-20 16:27
Керемет топ әндерін үзбей тыңдауға кеңес беремін. Сарайыңды ашып жүрегіңді қозғайды.
Анара
Darbaevaanara1986@mail.com
05-02-20 09:09
Яссауи тобынын зикирлер андерин создер к1мде бар? Яссауи тобынын олардын аты жонин Ким биледи?
asan
assamadin@yandex.kz
01-07-15 07:41
salemetsizderme Ismatulla Maksim (karismatulla) bul kisi sottalip ketti bireulerdin koniline tolmadi goi,kore almadi,jala jauip kamauga alindi,13 jilgama sottaldi, sondiktan top shashilip ketti birak ALLA kalasa kaita jinalar degen umittemiz,ol kisinin talau uagizinda bolgam kushti aitadi
нургали
e-mail:асаба
19-06-15 21:59
яссауи тобы мактауга оте лайыкты. Ендь ар баста бьр ой болады. Ерте ма кеш па акты ак- деп караны кара- деп бьлгенге не жетсьн. Соны ажырата алмай жургендерге жаным ашиды. Отан отбасынан басталады. каншама отбасынын ынтымак бьрльгьне тусьньстьгьне акыл ойынын дамуына себепшь болып енбек еткен казактын жанашырларын каралаганымыз ушьн озьмьз гана эардап шегемьз казак ель. Булак корсен козьн аш.-деп Кайта ондай азаматтарга колдау корсеткеньмьз абзал едь. Елдьн ертень ушьн енбек етьп журген халык жанашырларынын жолын буып токтатып кою. Суга зару болган елден шыккан булакты бекьтьп койганмен тен болды. елдьн шоль канбаган куйде кайта курап жаткан сиякты. Осы куйь кетсе халыкка оте киын. Журектегь тазалыгымыз сонбесьн. Таразымыз бузылмасын. Я Алла бьздердь тура жолга жолдай гор.
сымбат
symbat_0108@mail.ru
05-04-13 10:10
сабыр адай туралы издесем неге мынандай шгад
B
hello123!
03-08-12 10:53
Адамның емес, Алланың ғана құлы!
Cен аузыңа Алланың атын ала отырып, қалай осындай шіріген сөздер айтып отырсың, ұятсыз есуас! "Әр қазақ Менің Жалғызым" деп әрбір қазақтың баласын жалғызым деп санап, оны ӨЗ жүрегінде сақтап жүрген САБЫР АДАЙ туралы аузыңа келгенді айтыпсың! Сен, ОНЫҢ түкірген түкірігіне де татымайсың, соны біліп қой! әр қазақтың баласын малша бауыздағанын көріппедің не, солай айтатындай, ШОШҚА! Сен сияқты аузы шіріген боққа толған Шошқаларды жер жұтып кетпей қалай көтеріп жүр екен!! Адамға жала жабу оңай, но на самом деле Оның шын мәнісінде қандай адам екенін білу қайда саған!! Так что аузыңды жауып, көтіңді қысып жүр бұдан былай, қасқаның баласы,! ҚЫЗҒАНЫШТАН ӨЛЕЙІН ДЕП ЖҮРГЕН АДАМНЫҢ ЖАЗҒАНЫ ҒО СЕНІҢ СӨЗДЕРІҢНІҢ БАРЛЫҒЫ, ӨЛ ҚЫЗҒАНЫШТАН, КӨРЕ АЛМАЙ ЖҮРСЕҢ!! Аузымнан бір де бір жаман сөз шыққан адам емес едім, сенің жазған сөздерің принуждать етті! Құдай кешірсін! Осындай Шошқа қорқақтардың Жақсы Адамның артынан сөз сөйлеп, аузына келгенін айтып жүргенін көргенде, оған жол бергің келмейді!! Әр қазақты ӨЗІНІҢ жалғызы деп санап жүрген САБЫР АДАЙ, сол қазақтардың ОЛ туралы не айтып жүргенін қайдан білсін!!.. сен сияқты шошқалардың оттағаны, не ойлағаны кімге керек, бастысы кімнің кім екенін ҚҰДАЙ біледі ғо! сен сияқты шошқалардың жазасын бергей АЛЛА, САБЫР АДАЙ туралы осындай сөздер айтқаның үшін!.

B
hello123!
03-08-12 10:29
Адамның емес, Алланың ғана құлы !
Сен аузыңа Алланың атын алып отырып, қалай осындай шіріген сөздерді айтып отырсың, ұятсыз?! Кімнің кім екенін, оның ойын, осылай анық білетіндей күнде сол ақын-жазушылардың қасында жүрмедің не? аузыңа келгенді оттамай абайлап сөйле! "Әр қазақ Менің Жалғызым" деп әрбір қазақ баласын өзінің жалғызы деп санап, жүрегінде сақтап жүрген Сабыр Адай туралы да аузыңа келгенді оттапсың. Не Сабырдың қазақтың баласын малша бауыздағанын көріппедің не, солай айтатындай, есуас жынды?! Аузыңа келгенді оттағанша сол Сабырдың басқан ізіне жетіп ал бірінші қасқаның баласы, мүрынбоғыңды жинай алмай жүріп, өзіңше болғанша!! қызғаныштан өлуге келген адамның сөздері ғо сенің жазғандарыңның барлығы! Өл қызғаныштан! Сосын, көтіңді қысып жүр бұдан былай!
Дінмұхаммед
ttelevision@bk.ru
20-07-12 16:35
Алла разы болсын сендерге Иншаллах! өзгелер жаман оймен қарасада мән бермеңдер жамағат бауырларым. Зікір деген жаман харам нәрсеге жатпайды, керісінше адамның жанын тазартады оны көпшілігі түсінбейді және де көнбейді. Теледидардағын көріп алып адасқан жастар дейді. Жоқ, жоқ олай емес әуелі оның өлеңдерінің мағынасына көңіл аудар олар өздері жазып шығармаған өлеңдерді, Шәкәрім атамыздың өлеңі де бар Қожа Ахмет Яссауидың де хикметтері жазылған соларды ән қылып айтқан жандарың тазарсын деп. Алғыс айтам оларға! Арғы жағыңа ешбір минус қоспаған жанды дауыс жүректі расында жібітеді. Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи уа бәракатуһ аман болыңыз Әлһамдулиллахи!
Дінмұхаммед
ttelevision@bk.ru
20-07-12 16:15
kiwi.kz ден алсаңыз болады! яссауи тобы деп жазыңыз пойскаға, тыңдаңыз Алла жолында! Шәһкәрімнің әні де бар Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек! жауабыңызды күтем алғаныңызды!
Дінмұхаммед
ttelevision@bk.ru
20-07-12 16:12
ассалаумағалейкум
гулайым
04-04-12 13:22
иншалла аз калды бари орын орына келет казакстанда жабылганмен енди букил алемге ашлат сабыр туби сарыалтын жамагат
Толкын
Towka89 @mail.ru
30-03-12 10:47
Яссауидің Маңғыстау өңіріндегі шәкірттері
Турар
Turar091@mail.ru
27-11-11 17:38
Құрметті жамағат! маған Яссауи тобының андери керек,кандай сайттан алуға болады? айтыныздаршы.!
ислам
islam09_95@mail.ru
10-10-11 21:49
Ей, бейшара, сорлылар! Адасқандар! Иассауишылар, зикиршилер, исматуллашылар дегендердин бари - ата-бабаның атын жамылып, халқымызда жоқ надандық жолы мен жаһил ағымды ойлап тауып, өздери адасқанымен қоймай, өзгелерді де адастырып жүрген ақымақтар ғой. Бір жағы олар - осы арқылы қараңғы халықтың сеніміне кіріп, ата-бабаның аруағын саудаға салып, бизнес жасап, қалталарын қампитып, өздерінің ұпайын түгендеп жүрген ұятсыздар! Олардың қатарында басы анау сиқыршы, жәдігөй Исматулладан бастап, надан Нарынбай Разбекқажыұлы, миын құрт жеген мияу Мекемтас Мырзахметұлы, сандалған Саят Ыбырай, кезінде "Қазақстан" телеарнасынан құйрығына "зікірші" деген қоңырау байлап қуылса да, қазір "Азаттық" радиосының басшыларының бірі болып, алшаң басып жүрген Ғалым Боқаш, зіркілдеген Зікірия Жандарбек, ақын болғансып жүріп, арамзалықпен айналысатын Светқали Нұржан, оның дура қосағы, әдебиет түгілі әліпті таяқ деп білмесе де доктор атанып жүрген долы қатыны Бибайша Нұрдәулетова, өтірік "Әр қаза
Жасулан омар
08-08-11 15:56
Cаят Ыбрайды турмеден шыгарындар онбагандар онбайсындар шыгармасандар
Жасулан омар
08-08-11 15:53
Таксырды турмеден шыгарындар
Адамның емес, Алланың ғана құлы
12-04-11 15:33
Ей, бейшара, сорлылар! Адасқандар! Иассауишылар, зикиршилер, исматуллашылар дегендердин бари - ата-бабаның атын жамылып, халқымызда жоқ надандық жолы мен жаһил ағымды ойлап тауып, өздери адасқанымен қоймай, өзгелерді де адастырып жүрген ақымақтар ғой. Бір жағы олар - осы арқылы қараңғы халықтың сеніміне кіріп, ата-бабаның аруағын саудаға салып, бизнес жасап, қалталарын қампитып, өздерінің ұпайын түгендеп жүрген ұятсыздар! Олардың қатарында басы анау сиқыршы, жәдігөй Исматулладан бастап, надан Нарынбай Разбекқажыұлы, миын құрт жеген мияу Мекемтас Мырзахметұлы, сандалған Саят Ыбырай, кезінде "Қазақстан" телеарнасынан құйрығына "зікірші" деген қоңырау байлап қуылса да, қазір "Азаттық" радиосының басшыларының бірі болып, алшаң басып жүрген Ғалым Боқаш, зіркілдеген Зікірия Жандарбек, ақын болғансып жүріп, арамзалықпен айналысатын Светқали Нұржан, оның дура қосағы, әдебиет түгілі әліпті таяқ деп білмесе де доктор атанып жүрген долы қатыны Бибайша Нұрдәулетова, өтірік "Әр қазақ - менің жалғызым" деп ойбайлағанмен, шындығына келгенде, әр қазақты малша бауыздаудан тайынбайтын зұлым Сабыр Адай, Алла Тағала берген өнерін арамдықтың жолына жұмсап жүрген ақымақ Елдос Емілов, буаз кесіртке құсап бөтекесі бұлтиып, зікірдің арқасында бизнесін де, шығармашылығын да жолға қойып алған Әнуар Бимағанбет, "Үш қиян" деген газетті басқарып, осылардың үнжариясы болып отырған Алмас Ұқан, т.б. толып жатқан өздерінше "сүт бетіне шығатын қаймақ" саналып жүрген сүмелектер бар. Бұлар әсіресе Қазақстанның Алматы, Семей, Маңғыстау өңірінде кең қанатын жайып, күшейіп алған. Соңғы кезде муфтият пен ҰҚК тарапынан жүргізілген пәрменді күрестің арқасында бұлар к...ін қысып, індеріне кіріп, үндері шықпай қалды. Бірақ олар ешуақытта өлмейді де, өшпейді. Олар өздерінің күні туатын кезді күтіп, әліптің артын бағып, сәтті күнін аңсап, екі алақандарын ысқылап отыр. Сондықтан бұлардың ешқайсысының "Елім, жерім, ойбай, қазағым, халқым" деп өп-өтірік мүләйімсіп зарлаған мүттәйім сөздеріне сенбеңдер!!! Олар бұған дейін де талайды жарға жыққан, әлі де сол әрекеттерін жалғастырып келе жатыр. Тілімді алсаңдар, ондай қолдан жасалған идол-"құдайларға" емес, бір Аллаға ғана табыныңдар, бір Алладан ғана қорқыңдар, бір Аллаға ғана сыйыныңдар! Қарапайым қазақ ретінде айтар ақылым осы. Ақылымды алсаңдар, аларсыңдар! Алмасаңдар, амал қанша... Алла сендерге сабыр берсін, адасып жүрген жолдарыңнан түзу жолға салсын! Сөз соңында бірден ескерте кетейін, менің осы сөзімнен кейін, исматуллашылар, бәрің өре түрегеліп, бөрінің к..індей шулайтындарыңды білемін. Бірақ сендерге сөзім шығын, ешқайсыңа да жауап бермеймін. Өйткені, сендер сөздің иесі емессіңдер! Көрге кірмей, көздерің ашылмайтын бейбақсыңдар! Құдай қор қылып қойған қолбала кісәпірлерсіңдер! Мен тек осы әңгімем арқылы сендерге еріп, сеніп жүрген қарапайым қараңғы халықтың біреуінің болса да көзін ашып, дұрыс бағыт-бағдар сілтеп, жүректерін оята алсам, болды. Онда мақсатымның орындалғаны.
ГУЛЯ
gulya_111111@mail.ru
11-04-11 11:11
отиниш аган халык андери жайлы айтып берсениздер
адлет
адлет---1980
15-03-11 15:48
АЛЛА ТАГАЛА РАЗЫ БОЛСЫН БУКИЛ ЖАМАГАТКА,ЖАНЕ ЯСАУИ ТОБЫНА МЫН АЛГЫС!
Оразбек Қасымов
kasimoc_73@mail.ru
12-03-11 21:57
Нағыз қазақтын жігіттерін басып тастадық ау. Ой бауырларым ай аман көрісуге жазғай алла. Аазаматтарым ай ерлерім ай сағындым сендерді
Хабар
f.e.a.r-059@mail.ru
22-02-11 09:34
Ахмет Яассауй

Величие человека определяется не размерами его богатства, не властными полномочиями. Всё это изменчиво, как людская судьба. Всё боится времени, и только время боится мыслей, написанных на бумаге. Один старик процитировал однажды по памяти стихи Ходжы Ахмеда Яссауи, суфистского поэта-мистика, жившего много веков назад. Поэт пережил время. В один утопающий в садах город в Туркестане, в котором жил Ахмед Яссауи, каждый день приезжают мусульмане со всего мира, чтобы только прикоснуться к камням мечети, где покоится прах человека, который принёс кочевникам «свой» ислам. Гении рождаются в смутные времена чаще, чем в мирные. Не случайно свой знаменитый роман Исай Калашников назвал «Жестокий век». 13 и 14-ые века вместили в себя двух самых жестоких завоевателей – Чингисхана и эмира Тимура, которые уничтожили сотни городов и тысячи людей. Такого народа, как казахи, ещё не существовало, а были племенные союзы наших далёких предков. Яссауи родился в древнем Сайраме. Отца звали Ибрагим, мать – Карашаш. Он учился в Бухаре у шейха Арсалан баб. Основал среднеазиатский филиал суфистов. Писал и проповедовал ислам в народе. В возрасте 63 лет он спускается в подземелье, дабы не видеть солнца, чем сам Мухаммед. После себя он оставил сборник «Мудрых изречений», которые пережили столетия. Вот, вроде, и всё. Однако для многих из нас, кто считает себя мусульманином, он остаётся загадкой, ибо мы знаем много больше о походах Александра Македонского, чем о человеке, который по большому счёту является нашим духовным отцом. Так кто же он – Ходжа Ахмед Яссауи? При жизни Мухаммеда ислам стремительно распространялся в мире. За считанные годы Коран стал оказывать на жизнь людей столь же сильное влияние, как Библия и Новый Завет. Однако после смерти пророка в рядах его последователей произошёл раскол. Одни стали требовать от других такого же толкования сур Корана, какое было у них. Появились течения. Стала литься кровь. Казах почитает Коран, но верит и духам своих предков – аруахам. Жизнь в согласии со своей совестью является фундаментальной истиной суфизма Яссауи, с которым он после долгих лет размышлений пришёл в Степь. И казахи приняли такой ислам, «свой» ислам. Наш Аллах нам кажется роднее и добрее. У него глаза наших дедов и мягкие руки наших бабушек, которые живут в наших душах. По большому счёту, кочевники где-то в глубине души всегда были атеистами, но, тем не менее, считали святотатством забвение имён умерших предков. Яссауи переложил всю ответственность на самого человека, как часть божественного смысла. Умеренность – это другой фундаментный принцип Яссауи. В людской жадности и непомерности во всех проявлениях он видел начало многих бед на земле. И с этими проповедями умеренности он ходил во дворцы, утопавшие в роскоши. Это была революция! Одни его высмеивали, другие выталкивали из дома в спину, четвёртые считали за полоумного, но он упорно гнул своё. И его слова произрастали добрыми семенами в душах людей, которые видели очевидную правду. Золотая середина, отсутствие крайностей во все времена почитались признаком ума. Однако божественная истина, как правило, не может быть плодом коллективного озарения. Она посещает избранных. И вот уже, сколько столетий в сознании народа умеренность относится к числу высоких добродетелей, а непомерная тяга к накопительству, жадность сурово осуждались. Самые тяжкие преступления, увы, совершаются за самыми высокими стенами. В каждом районе есть своя маленькая Бастилия. Святые старцы в глубине души всегда были революционерами. И Яссауи здесь не исключение. Достигнув 63 лет, он спустился в подземелье и уже не видел солнца. Он стал писать. Бумага – это последнее прибежище людей, постигнувших суть земной жизни. Здесь он и умер. Его перенесли и погребли невдалёке. Позже эмир Тимур, восхищавшийся глубиной ума поэта и подвигом его жизни, своими руками начертил проект мечети Яссауи. Так возникло это красивейшее творение рук средневековых мастеров – мечеть Ходжа Ахмеда Яссауи. Мечеть – это память народа. Она возводится тем, кто сумел вызвать людское восхищение. Много веков назад осенней порой, простудившись, умерла по дороге к своему возлюбленному дочь поэта Айша. Над её могилой возвышается мавзолей, который и сегодня вызывает восторг людей. Святые предки нужны живым, чтобы их жизнь не превратилась в скотоподобное существование. Вот почему каждый, кто прикасается к стенам мечети Ходжа Ахмеда Яссауи, очеловечивается многократно. Паломники, запрокинув головы, всматриваются в купол мечети, который возвышается на высоте 39 метров и такой же глубиной фундамент. Огромный прямоугольник 50 на 50 метров имеет стены толщиной до трёх метров. Здесь много служебных помещений: библиотека, столовая, молитвенная комната, канцелярия... В центре зала возвышается тайказан, вместимостью три тысячи литров. В глубине мечети усыпальница Яссауи. Надгробие выполнено из тёмно-зелёного нефрита из Индии. Чуть поодаль от мечети пантеон, где покоятся тела многих казахских ханов. Кстати, здесь в свои молодые годы учился известный в Западном Казахстане молда и врачеватель Абдохалат, или Атеш-молда, как называли его в народе. Вот уже 6 столетий стоит мечеть, как символ человеческого гения. И пройдёт ещё столько и будет стоять, ибо на то воля второго пророка. Признаюсь, я ещё не встречал людей, которые бы, скажем так, стояли ближе к богу, чем туркестанцы. Необыкновенная душевная доброта, предупредительность и глубокая внутренняя порядочность отличает жителей благословенного города. Вы можете среди ночи толкнуть двери в первый попавшийся дом и вам откроют. Здесь ещё не утратили то первозданное доверие, которое было в людях в «золотой» век хана Туке. Такого истинного братского отношения человека к человеку не купишь ни за какие доллары. В сердцах туркестанцев царит культ Яссауи. Здесь каждый встречный укажет вам дорогу к храму. Я встречал простых торговцев, которые говорили о поэте, который жил семь веков назад. Прожив столетия рядом с мечетью, они, туркестанцы, стали чем-то вроде душевных ходатаев Яссауи. Человек, который жил много столетий назад, оказывает на умонастроение этих людей такое влияние, как если бы они встречали его каждый день на своих улицах. Туркестанцы буквально каждый день становятся свидетелями того, как велико в мире мусульман почтение к их великому земляку. Теперь эта гордость за второго пророка живёт в их сердцах. Они не в праве уронить эту честь. Они должны сами каждодневной своей жизнью доказывать всем остальным, что самые важные вещи на земле проистекают от доброго отношения людей друг к другу. Поэтому, например, здесь вас запросто могут угостить обедом и доставить в любую точку города. Таковы они, туркестанцы. И всё это от Яссауи. Уже давно укоренилось мнение, что де в этих краях царит культ выгоды. Однако это не так, ибо хозяин дома, где вы остановились на ночлег., примет у вас любую сумму, пусть то десять тенге или сто, ибо гость для него и бог, и судья. Примечательно, что человек с недобрым сердцем и нечистыми мыслями здесь виден сразу, так как в этой атмосфере братства такой человек проявляется как на лакмусовой бумажке. Другая особенность – это религиозная терпимость туркестанцев, интернационализм, как один из жизненных принципов. Возможно поэтому этот город смог продержаться полторы тысячи лет. Только вражда и недоверие сеет смерть и разрешение. Яссауи призывал людей к умеренности, равновесию в желаниях. Так вот эти призывы великого поэта получили здесь, в Туркестане, понимание и поддержку. В здешних домах нет ни роскоши, ни излишества. Всё, что окружает человека, ему же и служит. Вещь для человека, а не человек для вещей. Одеваются туркестанцы просто и красиво. На улицах города нет женщин, одетых как портовые проститутки. Всё в меру. Женщина здесь – добропорядочная мать семейства, хранительница очага. Мужчина – хозяин и пожизненный президент. Отношения между ними равные, уважительные. Здесь ещё сохранились те традиционные отношения казахских семьях, которые были им характерны многие столетия. Пожив в этой среде некоторое время, начинаешь понимать , что здесь, у себя, мы живём без Яссауи в своих сердцах. Другая особенность здешней жизни – это совершенно равнодушное отношение к спиртным напиткам. Здесь не ставят на стол бутылку по поводу и без. На улицах Туркестана невозможно встретить пьяных стариков. Уже прошло много столетий как нет Яссауи, но и сегодня Туркестан живёт так, как будто этот великий старец каждое утро обходит улицы города и постукивает посохом в окна домов с напоминанием о том, к чему он призывал их в своих проповедях много столетий назад. Старые истины так же прочны, как комоды наших бабушек. Всё лучшее в этом мире берёт начало в добром отношении людей друг к другу, в почитании памяти умерших, в бережном отношении к земле, воздуху, воде. Яссауи открыл и оставил эти истины нам в надежде на то, что каждый из нас найдёт дорогу к Храму.
Хабар
f.e.a.r-059@mail.ru
22-02-11 09:33

Қожа Ахмет Ясауи (? – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.
Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға кліп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
«Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.
Түркі халықтарының орта ғасыр кезіндегі Ислам мәдениетінің ықпалының күшеюі және біржола араб жазуына көшуі, өмірге көптеген ойшылдарды алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде сопылық ағымнын әсері күшейіп, бірте-бірте канатын кең жая түскен кез еді. Бұл кезең Орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халыктың татулығын, адамгершілік пен имандылықты, Алла тағала адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен. Ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шықты. Олардың ішінде ерекше талантымен көзге түскендер хорезмдік Ахмет Үтінеки, Ахмег Ясауи, Сүлеймен Бақырғани (Отырар өлкесінен) тағы да басқа көптеген сопылық өкілдер болды. Бұлардың арасында асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен, кайырымдылық пен мейірімділікті өміріне арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыкка, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Қожа Ахмет Хазіреті Сұлтан Ясауи еді. Ахмет Ясауи жөнінде ел арасында көптеген аңыз әңгімелер тараған. Егерде, 0 тарихи деректерге жүгінсек, ақын ежелгі қала Исфиджабта (Сайрам) Ибраһим бин Махмуд деген диханның әулетінде дүниеге келген.
Әйтсе де, Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:
... Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,
Машайықтар ұлығы — шейхым Ахмет Ясауи.
….Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
Машайыктар сарасы — шейхым Ахмед Ясауи.
Демек, Ахметтің тегін Бибіфатимадан тарататын халық аңызы шындык, олай болса, Әзірет сұлтанның он бірінші атасы Ысқақ баб әулие болмақ.
Түрік ғалымы, доктор М. Көпрулу өзінің "Турк әдебиятыңда илк Мутасаввифлар" атты кітабыңда Ахметтің әкесі Сайрамдағы Хазрет Әлидің әулеті Ибраһим атты шейх екенін айтады. Осы пікірге орыс зерттеушісі М. Е. Массон да ден қойғанмен, ол Қожа Ахметті түрік нәсілінен еді дейді.
Сопылық "мистикалық" ағымның түркі тілдес тармағының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидың өмірбаяны жан-жақты. толық бізге белгілі емес. Өмірінің кейбір деректері ғана жетіп отыр. Ол әлі ғылыми зерттеулерді, ізденістерді қажет етеді. Ұлы бабамыздың туған күні мен жылы белгісіз.Бірақ Әбсаттар Дербісалы қажының жазған деректеріне сүйенсек Қожа Ахмет Ясауи 1093 немесе 1094 жылы туған делінеді. Өлген жылы— 1166. Ер жеткен соң Түркістан (ол кезде Ясы деп аталған) шаһарына келіп тұрады.
Белгілі ғалым В. Бартольдтің айтуыңда Түркістан VI ғасырдан XV гасырга дёйін Ясы деген атпен белгілі. Ал, шығыстанушы ғалым Ә. Дербісәлі, қаланың әуелде Шауғар деп аталғанын, кейінірек Ясы болып кеткенін айтады.
Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяңдайды:
... Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне
Он сегізде Шілтеменеи шарап іштім,
Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар кұштым,
Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне...
Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баб және Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие, білім, бата алады. Білімін Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы кайтыс болған соң көп ұзамай туған қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.
XII ғасырдағы көне түркі тіліңде жазылған "Диуани Хикмет" кітабының авторы — Ахмет Ясауи. "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы") оғыз-кыпшақ тілінде өмірге келген, өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған төл әдеби туынды. Ақынның кең өлкені көшіп - қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті ауыз екі сөйлеу тілінде әдемі жеткізе алғандығына күмән келтірмейміз.
"Хикметтің" түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені XV—XVI ғасырлардағы көшірмелері ғана. Көшірмелері өте көп. Олар негізінен Стамбулда, Қоқанда, Ташкентте, Мәскеуде, Алматыда сақтаулы.
Көптеген түркі халықтары "Хикметті" аудармасыз-ақ қиналмай оқый алады. Дін исламнан хабары бар жанға "Хикмет" тілі өте жеңіл. Оны беріліп оқып, тереңірек үңілген адам, Ахмет жырларының қыпшақ тілдеріне өте жақын екенін байқар еді. Шығарманың тілдік лексиконы әсіресе, лексикогеографиялық ерекшеліктері, этносипаттары "Хикмет" тілінің қыпшақ диалектісіне жақындығын айтуымызға белгілі дәрежеде мүмкіндік береді. Кітаптан Орта Азиялық қалалардың мәуелі бақтарындағы алуан жемістер мен райхан гүлдерінен гөрі даладағы қызғалдақ пен қымыздық исі аңқиды. Отырықшы тайпалардың кәсіби тілінен гөрі, көшпенді жұрттың тұрмысына тән сөздер молырақ ұшырасады.
Мәселен, "Құлын", "Гүл", "Қызыл", "Қаршыға", "Сұңқар", "Лашын", "аға, іні", "мал-мүлік", "шейід", "бөрік", "сақал-шаш", "ата-баба", тағы да басқа көптеген сөздер тек мағыналық жағынан да емес, сонымен қатар отардың айтылуы мен жазылуы да қазіргі қазақ тілінде де осы күйде айтылып, жазылатынын ескерсек, шындыққа бір табан жақындай түсеміз.
Әрине, бұл жерде "сенікі", "менікі" деген үғым болмауы тиіс. Жалпы адамзаттық биік мәдениет тұрғысынан қарауымыз керек. Себебі Ахмет Ясауи шығармалары тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ рухани мұра екені бәрімізге мәлім. Тарихтан бізге белгілі, ислам дініндегі сопылық ағым VII—VIII ғасырлардан басталады.
"Диуани Хикметте" негізінен төрт нәрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат. "Шариғат" ислам дінінің заңдары мен әдет ғұрыптарының жинағы "тарихат" сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол, "хақихат" құдаймен бірігу оған жақындау, "мағрифат"— дін жолын танып, оқып білу. Ахмет Ясауидің пікірінше "Шариғатсыз", "Тарихатсыз" "Мағрифатсыз" "хақиқат" болуы мүмкін емес. Ақын мүны өз өлеңінде былай деп өрнектейді:
... Ути ғүмырым шарғатқа неталмадым,
Шариғатсыз тарихатқа уталмадым,
Хақиқатсыз мағрифатка баталмадым,
Катиг иуллар пырсыз ничук утар достлар.
Мөлдір
angelochek121901
11-12-10 22:40
Барша халықтан сұрарым Яссауи тобы немесе Саят Ыбырай туралы мәліметтер бар ма, Оларға карсы сот ісі не болды, Бір хабар беріңдерші өтінемін, Рахмет,
Назгүл
nazgul_shopenova
02-11-10 08:03
Осынау жаһандану заманында, жастарымызға тәләм-тәрбие беріп, мағыналы арі тура жолды көрсетіп жүрген Яссауи тобына улкен алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге АЛЛАнын нұры жаусын!
айбар
dako-dako@mail.ru
21-06-10 10:13
СВЕТҚАЛИ НҰРЖАН АҒАМЫЗ ӨТЕ -ӨТЕ ЖАҚСЫ ЖАЗҒАН
айбар
dako-dako@mail.ru
21-06-10 10:12
"Їш ќиян" республикалыќ газеті өте өте жақсы жазған
Жансерик
o_zhanserik
02-05-10 23:32
Яссауй тобынын ауендерин калай алуга болады екен????
enter your name
сопылар туралы шындық
08-04-10 09:22
Бүкіл қазақстандағы сопылар қол беріп пір тұтып жүрген сопылардың пірі Құрбанәлінің не деп уағыз айтқанын естідініңіздер ме?
Ол президентке сиынуды шақырды халыкты...
Аллахтан президентті жоғары қойды. Сенбесеңіздер мына жерден тыңдаңыздар сопылардың пірінің 5 минуттық уағызын;

http://my.mail.ru/cgi-bin/my/audiotrack?file=ec05834d71...6a8&uid=-823731

Гульмира
Gulmira-talisman
07-04-10 07:46
"Алла жар" Иассауи вокалды тобы жайлы тек жаќсы пікірлер айтуєа лайыќты. Јрбірімізге Алла Таєала сол жігіттердіѕ жјне осы жігіттердіѕ ўстаздарыныѕ иманындай иман берсін. Біз жастардыѕ шатасуымызєа жол бермеуге атсалысып жїр деген жаќсы пікірдемін.
smn
28-02-10 12:51
Йүгінеки туралы мәліметтер бере аласыздар ма?
Айнур
06-12-09 09:26
Йассауи тобынын андери сатылмайды. Мен де коп уакыт издеп арен таптым онда да концерттеринде тусирилген бейнебаяндар! Ал дискке жазып, сатылуга шыгарып ,таратпайды деп естидим! Машалла ол топтын андери кетемет!
Айнур
06-12-09 09:21
Бауырларым Йассауи тобына кумандангандарыныз дурыс па? Олардын андеринен аларымыз коп кой! Олардын андеринин копшилиги Шакарим,А.Йугинеки, А.Йассауи т.б коптеген казактын гулама, ойшыл, галымдарынын енбектеринен алынган гой сонда тарих мойындаган тулгалардын енбектерин жокка шыгаргандарыныз ба? Куманнан сактанайык, кимнин дурыс жолда екенин бир Аллахка аян! Сол ушин гибадат еткен жандардан куманданганнан кори оз иманымызды кушейтейик! Бир топтын атына гайбат айту дурыс па? Олардын жолы дурыс емес деп? Ойланып кориниздер!!!!
doseke
09-11-09 16:35
менің осы топқа күмәнім бар
Gulnara
suyukty@gmail.com
09-11-09 15:52
men uassayi tobunun anderin izdep jurmin, kaidan tabuga boladu?
Нуритдин
nuritdin1986
03-09-09 20:06
Алланын нуры жаусын жыгыттер.
Ғабдолла
Gabdiol@mfil.ru
27-04-09 23:46
Ясауи тобы туралы қанша айтсада аз болады.Жігіттердің әсерлі әуезі жаныңды жадыратады.Құдай жігіттердің еңбегіне қолдау көрсеткендерді құр қалдырмас.Баршамызды осы жігіттердің қатарынан болуды жазсын.
Айболат Жезказган
Aibolat_ospanov@mail.ru
27-04-09 09:54
Казіргі кездегі діннін таза булагы осы "ЯСАУИ" вокалды тобы. Ол кісілерді казір Франция, Россия, Германия шакырып жатыр. Кудай каласа барамыз дейді оздері. Тек алга!!!
Айболат Жезказган
Aibolat_ospanov@mail.ru
27-04-09 09:49
Ас-кум курметті бауырлар! Сауір айынын 22-сінде Жезказган каласында "Балмагамбет Балкыбайулы (Сармолда) жане дастур сабактастыгы" атты республикалык конференция отті.Конференцияга коп акындар,галымдар,жазушылар келді. Оте жогары денгейде отті. Сосын кешкісін осы конференцияга арнайы "ЯСАУИ" вокалды тобынын концерті болды. Ясауи" тобы жанарган багдарламамен келді. Репертуарына Сармолда атамыздын енбегін косыпты,соз жок,керемет! Халык ДК-га сыймай калды,асерлі. Сосын келесі куні Сатбаев каласында да отті. Онда да халык коп болды, жаксы карсы алды. Одан кейін келесі куні ягни 24-інде касиетті Улытауда "ЯСАУИ" тобынын бірінші концерті болды. Адам коп,залга сыймай кетті, халык жаксы кабылдап, концерт асерлі болды.Созбен жеткізу мумкін емес! Одан кейін Улытаудагы аулие бабаларымыздын басына, атап айтканда Алаша хан,Жошы хан, Сармолда, Едіге батыр, т.с.с. барып зиярат етіп кайттык, керемет! Одан кейін ат басын Киелі Сарыарканын кіндігі Жанааркага бурдык, ол жакта да концерт оте жаксы болды. Жанааркада Уахабилік агымдардын кедергілері болганымен де, халык коп жиналды.Барлык концерттердін арасында дінтанушы, устаз Нарымбай Разбеккажыулы, техника гылымынын докторы, профессор Саят Ыбырай, Мангыстаулык акиык акын Светкали Нуржан, дінтанушы-фольклер, галым Болат Корганбек тей кісілер соз сойледі. Енді алдымызда Караганды, Каркаралы,Балхаш калаларында концерттері болады. Келініздер корініздер! Баска да кандай осы топка байланысты сурактарыныз болса, жазыныздар!!! Жезказганнан дугай салем!
Дана
20-04-09 10:12
Сіздерге бір Алланыњ н±ры жаусын! Тастай ќатып ќалѓан ж‰ректерді жібітетін, сєуле шашатын, алѓа жетелейтін єндеріњіз одан єрі кµбейе берсін! Ќадамдарынызѓа Алланыњ н±ры жаусын!!!
Әлібек және Саят
13-03-09 23:42
Құрметті Ясауи вокалды тобы! Біз сіздерді қатты сыйлаймыз және құрметтейміз! Сіздер Шалкар ауданына келейіндеп жатыргандарынызға коп рахмет айтамыз! Сіздерді бір АЛЛАХ колдап биіктерден көріне берініздер! Ал біз сіздерді колдаймызӘ
Жанабергенулы Женісбек
zhenis_1989
13-03-09 18:40
Маган, Яссауи тобының әндері ұнайды. Мен, осы Яссауй атамыздың хикметтерінің арқасында Құдайды таныдым. Зікір туралы білгім келеді. Қазақ Құдайсыз күн көре алмаған халық. Әлі ертең-ақ Қазақ бүкіл әлемге үлгі болады, ИНШАЛЛА!
Бауыржан
04-03-09 11:34
МАШАЛЛА ЯССАУИ

KoishyBAI
AuyL
29-12-08 15:32
Яссауи топ - естігенім бойынша Сопылар, яғни ағымдар!!!
Cабыр Орал Жандос
261596@mail.ru
26-12-08 10:11
Желтоқсанның 21 күні бізде Оралда Ясауи тобының үлкен концерт өтті,ДК Зенитте. Халық өте көп жиналды 2жылға жуық келмеген екен сағынып қалыпты,ыхыластарымен тыңдады.Неге осы жігіттер келмей кетті деп жатыр.Жаңа номерлерімен халықты жылатып кетті,әсер алғаны сонша кеткілері келмей біраз жүрді айналып.
Саѓыныш
ssbp@ok.kz
24-12-08 15:20
"Ясауи" тобыныњ сайты www.yassaui.kz
Ғашықтарға
05-12-08 14:29
ЖАРИЯ ЗІКІРДІ НЕГЕ ЖАТСЫНАМЫЗ?!


Бүгінгі әңгіменің иесі – белгілі өзбек ғалымы, Өзбекстан Республикасы ғылым академиясы, Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі, исламтанушы, тарих ғылымдарының докторы Бахтияр Бабажанов. Орта Азия мен Қазақстан өңіріндегі сопылық дәстүрді терең зерттеп жүрген танымал ғалымға жүздескен жас ғалым, шығыстанушы Темір Жұман оқырмандарды мазалап жүрген бірнеше сауалды қойған еді.


– Бақтияр Бабажанұлы, сұхбат беруге келісіп, уақыт бөлгеніңізге рахмет. Жақында Сіз сопылық ілімге қатысты жаңа кітап шығарғалы жатыр екенсіз. Сол туралы толығырақ білсек?!

– Йә, жария зікірдің шариғатқа сәйкестігіне арналған пәтуалар жинағы «Джами уль Фатауа ли-ибахати Зикр-и Джахр уа самаа» деген атпен жарық көрейін деп отыр. «Пәтуа» деп арнайы мәселелер бойынша жасалған діни-құқықтық шешімді айтады. Аталмыш тарихи құжат орама қағаз (свиток) күйінде табылды, ұзындығы 6 метр шамасы. Мұнда XVIII-XIX ғасырлар арасында әр аймақта өмір сүрген атақты дін ғұламаларының жария зікірдің шариғатқа сай екенін негіздеген жеке пәтуәлары жинақталған. Бұл құжаттың қалай және неліктен, қандай жағдайда пайда болғаны шын мәнінде өте қызық.

Әртүрлі тариқаттың рәсімдік дәстүрі төңірегіндегі тартыс сопылық ілім пайда болған кезден бері бар. Яғни, бұл дәстүрлерге мың жылдан аса уақыт болды. Сондықтан жария зікірді қолдаушылар мен құпия зікірдің (хафи) жақтаушылары үшін бүгінгі талас-тартыс жаңалық емес.

Бұл құжаттар негізінен Бұқарада жинақталған, ал ол жерде жария зікір салушы ясауиа, қадариа және кубрауиа топтары болған еді. Олар өз заманының атақты қазыларынан осындай пәтуәларды жинақтауға көп күш салды. Бұл авторлардың арасында атақты адамдар бар. Біз олардың барлық мөрін оқыдық және оларды да басып шығарамыз. Бұл ғұламалар мен қазылар туралы мәліметтерді біз басқа да тарихи және діни дереккөздерден таптық. Міне, сол заманның барлық атақты ғұламасы жария зікірдің шариғат заңдарымен сәйкестігін растаған.

– Сонда сопылық ислам дінінің негізгі қағидаларына қайшы келмей ме?

– Еш қайшы емес. Өйткені біз дайындаған осы кітапта барлық дәлел Құраннан келтіріледі және ханафит мазхабының бағытына толық сәйкес келеді. Әрине, дереккөздің көбі арабтікі. Ханафит құқығының негізі немесе әдісі – қияс, истихсан және басқалары ханафит мазхабында мойындалған. Бір қызығы, соңғы пәтуәларда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кей қызметкері бұл әдістерді мойындамай, қарсы шығады. Егер Діни басқарма қияс пен үкімді (бұрынғы діни ғұламалардың шешімін) мойындамаса, кешіріңіз, онда ол ханафи мазхабына жатпайды.

Бұл кінә тағу емес (бірақ осындаймен жиі ұшырасуға тура келеді). Мен дәл осы мәселеден қайшылық тудыруға қарсы адаммын. Бір ғұлама маған ислам дінінің жүйесі мен шарттары алуан түрлі және кез-келген ортаға өте бейімделгіш келетінін айтқан еді. Бірақ біз, мұсылмандар, көп жағдайда осы әмбебаптықты (кешіріңіз!) әңгіртаяққа айналдырып жібереміз. Сіздегі кейбір ресми дінбасы өкілдері көне хүкімдерді неге мойындамайтыны – басқа мәселе. Менің ойымша, бұл шетелдің әсері.

Қоғам өзіне не керегін өзі таңдауы керек. Тағы қайталап айтамын, ислам ілімі өте икемді, ол жергілікті ортаның ерекшеліктері мен дәстүріне, белгілі бір тарихи-мәдени жағдайға тез бейімделе алады. Исламда «аз-заман уә л-мәкән» деген түсінік бар. Ал біз оны салафиттік айтаққа еріп, сыңарезу сойылға айналдырамыз!

Мысалы, шейх Исматулла Мақсұм тақсырды алайық. Мен ол кісі негізін салған Шәкәрім атындағы медреседе болып, ондағы шәкірттермен таныстым. Тақсыр ешқашан біреудің сыртқы киіміне тиіспейді. «Сен неге джинсы киесің?» демейді. Исматулла Мақсұмның әйелдерге: «аурухана мен дәріхана бар екенін де ұмытпаңдар» деген сөзін өзім естідім. Егер ол кісі ескішіл болса, осылай дер ме еді? Ол: «Компьютерде жұмыс істеп үйреніңдер, барлық заманауи мамандықты жоғары деңгейде игеріңдер, бірақ жүректі ұмытпаңдар! Оны тазалаңдар!» дейді.

Бұл бүгінгі дамушы Қазақстан мемлекеті үшін әлеуметтік этикалық қажетсіз, пайдасыз нұсқау ма? Қазір көп адам қарапайым жүріс-тұрыс қағидасын да ұмытып барады. Ал Тақсыр дәстүрлі, бірақ өте тиімді этика нормаларын қазіргі заманның ыңғайына лайықтап жаңғыртып отыр. Міне, ең кереметі осы емес пе?! Амал қанша, біз жаппай жаһандану және әркім өз қарақан басының қамын күйттеген қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Бұл ақиқат, одан қашып құтыла алмайсың. Бұл кісі ұсынып отырған тәсіл бәлкім тым қарапайым көрінер. Бірақ фактінің өзі ден қоярлық: егер әлдекім моральдық тұрғыда емделуге, рухани түлеуге шақырса – бұл қоғамның рухани дерттен айығуына әкелмей ме? Пайдалы саясат бар екен, неге оны тиімді пайдаланбасқа? Сондықтан мен бұған көңіл аудару керек деп есептеймін, үкімет маңындағы кейбіреулер бекер қауіптенеді. Қауіптің астарында негіз болуы керек, ал негіз мәселені өз көзіңмен көріп, зерттеп, толық танысқан соң ғана қалыптасады. (Қандай да бір сыпсың сөз бен қыңыр пікірге сүйеніп, дәлелсіз, асығыс қорытынды жасауға болмайды).

– Аталған кітап бұған дейін жарық көріп пе еді?

– Жоқ, бұл алғашқы басылым. Негізінде, осыған ұқсас еңбекті неміс зерттеушісі, Халле университетінің профессоры Ю.Пауль баспаға ұсынған болатын. Ол 2001 жылы жарық көрді. Бір қызығы, ол жариялаған құжат – Нақышбанд тариқатындағы ең танымал теоретиктердің бірінің пәтуасы. «Бір қызығы» деуімнің себебін түсіндірейін: Жария зікірдің шариғатқа қайшы еместігін, яғни заңдылығын негіздеген ғалым-ғұламаның аты – Мухаммад Парса. Ол қазіргі жыл санауға сәйкес 1419 жылы дүние салды, ол Орталық Азия аймағындағы ең танымал сопы, нақышбанд тариқатының негізін қалаған Багауаддин Нақышбандтың шәкірті. Дәл осы адам жария зікірдің шариғатқа сәйкестігін негіздеп бірнеше пәтуа құрастырған. Бұл біртүрлі түсініксіз сияқты. Неліктен?

Мәселе мынада, бір кездері Нақышбандия тек құпия зікірге (зікір-хафи) негізделеді делінетін. Ал шын мәнінде бұл пәтуа мүлде басқа пікірді көрсетеді! Мен кейін атақты ғалым Мағдуми Ағзамның шығармаларын арнайы қарап шықтым. Ол қазіргі жыл санаумен 1542 жылы дүниеден өткен. Айта кететін жайт, ол Қожа Ахмет Яссауи туралы өте қызық пікір қалдырған. Сонымен қоса ол жария зікірді құптап, өзі де соған қатысқан. Міне ол – нақышбандия тариқатының жарқын өкілі, оған артында сақталып қалған өмірбаяны мен 30-дан аса шығармасы дәлел.

Бұхарада Түркі Джандидің атақты ханакасы (рухани орталығы, медресесі) бар. Оның негізін қалаушы Джендіде туған, Бұхарада тұрған. Міне, осы ханакада Махдуми Ағзам жария зікірді меңгерген. Бізге сақталып жеткен құнды деректе жария зікір кезінде оған қатысушылардың экстазға жетіп, ең жоғарғы рухани ләззатты сезінгені айтылады – оны сопылар «хәл» деп атаған. Бұл ерекше психологиялық, психофизикалық экстаз жағдайы. Сол дерекке сүйенсек, зікір кезінде зікір алқасынан «нұр», яғни ерекше қуат шығатын болған, сөйтіп төңірегіне халық жиналған. Әйел адамдар еркінен тыс өздері де түсінбей, жария зікірді орындай беретін болған. Біз сыры терең осы бір діни сезім күшін әлі толық зерттеген жоқпыз. Болашақта зікірдің жекелеген қатысушыларға әсерін және тұтас қоғамға қаншалықты пайда әкелетінін жан-жақты зерттеп, тану қажет.

Махмуди Ағзамға келсек. Ол кісі бәсекелес Нақышбандия тариқатының өкілі бола тұра, Қожа Ахмет Яссауи және жария зікірдің ерекшелігі туралы көңіл аударарлық еңбек жазған. Ол былай дейді: Қожа Ахмет Яссауи Бұхараны қалдырып, Түркістан жеріне аяқ басқанда, мұндағы адамдардың дүниені өзгеше қабылдайтынын, олардың өзгелерден бөлектеу екенін т.б. байқайды. Махдуми Ағзам осы жерде «Исти’дад», яғни, басқа, өзгеге ұқсамайтын қабылдау қабілеттілігі деген терминді қолданады. Ахмет Яссауи бұл түркі тайпаларының көзқарасы мен менталитетін зерттегенде, олардың исламды тек жария зікір арқылы қабылдайтынын ұғады. Неге? Өзіңіз елестетіп көріңіз. Махмуди Ағзамның еңбегі бұдан бес жүз жыл бұрын жазылған, ол сіз бен бізге қарағанда мұны жақсырақ түсінген. Оның айтуынша, сол кездегі қоғамның қабылдау дәрежесі сондай. Ол өмір сүру салтынан туындаған жергілікті мәдениетті, дәстүр мен ғұрыпты негізге алып отыр. Екінші жағынан, дінді күштеп енгізуге болмайды дегенді анық тұспалдайды. Махмуди Ағзамның жазуынша, ислам – зорлықшыл дін емес.

Қараңызшы, осы сөз бүгін айтылғандай! Оның жазуынша, ислам әлем халықтарының мәдени ерекшелігін жоққа шығармайды. Сондықтан жергілікті түркілер исламды нақ осындай түрде қабылдады. Бес жүз жыл бұрын адамдар мұны түсінді, ал қазір бізге неге түсінуге тырыспасқа? Бұл туынды, айта кетейік, қазіргі санаумен 1500 жылы жазылған.

Қазіргі зерттеушілер «исламның жергілікті түрі» туралы айтып жүр. Өйткені кез-келген этнос исламды қабылдағанға дейін қандай да бір мәдени дәстүрді ұстанды ғой. Қазіргі таңда оларды архаизм деп айыптау, одан бас тартуға тырысушылық – мен үшін нонсенс!

Жария зікірді жау көріп, айыптау тек білімсіздіктен туындайды. Мен ешкімді айыптайын деп отырған жоқпын. Бірақ факт факт күйінде қалады. Мамандардың пікіріне құлақ асу керек, ал сіздерде мұны терең зерттеген ғалымдар бар. Мен Әшірбек Муминовты атадым, пікірімен санасуға тұрарлық өзге де ғалымдар жеткілікті.

Негізі, жария зікір – өте қызықты феномен болып табылады. Көптеген көне деректемеде зікірдің емдік қасиеті туралы жазылған. Бұған сенбеске амалымыз жоқ, себебі біз нағыз жария зікірді көріп отырмыз. Зікірші жамағат тек Қазақстанда ғана емес, өзге мемлекеттерде де бар.

Мәселен, Наманғанда әріптесім Әшірбек Муминовпен бірге мынадай оқиғаға куә болдым. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Гулам-ото Норматов ауыр жараланады. 1942 жылы Харьков маңында оның алдынан мина жарылған. Майданнан оралған соң ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып, зікір салады. Сенесіз бе: аяғын әрең басып жүрген адам зікір кезінде, одан кейін теректей сымбаттанып кетеді, ешқандай ауруды сезінбейді. Ал бір апта зікір салмаса қайтадан мүгедекке айналады. Бұл феномен емес пе! Адам таңқаларлық жайт!

Сондықтан, қазір зікірді айыптап, «бұл ескіліктің қалдығы, бізге қажеті жоқ» деп жүргендердің сөзі түсініспеушіліктен туған. Бізде модернизация үрдісі, жаңару жүріп жатыр дейді олар. Сонда жаңару жүрексіз, рухсыз, бәрінен бос болуы керек деп кім айтты? Сіз Исматулла тақсырдың не дейтінін, қайда шақыратынын тыңдаңыз: бұл адам жанын тазартудың терең тамырлы, көне тәсілі ғой. Сіз жаһандану мен модернизация дәуірінде адамға рухани тазалық керек емес дегенді қайдан естідіңіз? Және осы жаһандану үрдісінде жүйкеге түсетін қысымды серпіп тастайтын психологиялық технология керек емес деп кім айта алады? Модернизация, индустриализация жүйкеге, санаға аса ауыр психикалық жүк салады. Жолдан өтесіз бе, автокөлік руліне отырасыз ба, күн сайынғы стресс, мұның бәрі – жүйкеге түсетін салмақ екенін дәрігерлер баяғыда-ақ дәлелдеген. Қарбалас қала өмірі, абыр-сабыр тірлік жүйкені жұқартпай қоймайды. Ал рухани тынығу, жария зікірдің арқасында дем алу жағдайы «тасқын» деп аталады. Яғни рухани және психологиялық тұрғыда дем алу деген сөз. Мұны түсініп, сопылыққа бет бұрған жандар Батыста да бар (олар зиялы және өте білімді адамдар).

Бұған мысал көп. Бүгінде Еуропа үрдісіне көз жүгіртіңіз: мыңдаған, он мыңдаған адам зікірге, соның ішінде жария зікірге қатысады. Олар күнделікті жан күйзелтер қобалжу мен технократтық өркениет қысымынан осылай арылады. Мен бұл феноменді де зерттедім, Америка мен Еуропада көптеген адамнан сұхбат алдым. Жапонияда, мысалы, буддизм ішкі жан-дүниеге үңілуге, рухани қуат алуға жәрдемдесіп, психологиялық тұрғыда күш беретін құрал тәрізді көрінеді. Бірақ ол жақта зікірге деген ықылас күрт артып отыр. Мен Жапонияда болғанда осыны көріп, таң қалдым. Сенесіз бе, ұлттық бас киімін киген жапондықтар «ля илаһа илля Алла» деп зікір салады. Бұл деген ғажап қой!

Біз сопылық ілімді қаншалық көнерді дегенімізбен, суфизмнің қазіргі үлгісі, Исматулла тақсыр ұсынып отырған үлгі қазіргі ортаға ыңғайланған, лайықталған ең тиімді жолдың бірі екенін есте сақтау қажет.

– Сонда оның құпиясы немесе ерекшелігі неде?

– Ең алдымен таза психологиялық аспектіде алып қаралық. Мен, өкінішке қарай, бұл тұрғыда толыққанды зерттеу жүргізе алмадым, бірақ ол қажет. Бір таңқаларлығы, мұндай әрекетті жүз жыл бұрын орыс психологтары да жүргізіпті – олар зікірді тек қана оң тұрғыда сипаттаған. Содан соң орыс психологы Позднев кітап жазды. Осы әрекеттен кейін зікір салуға қатысатын (қай үлгісі болса да) зікіршілерді зерттеп, олармен сұхбаттасып және өз тәжірибемнен (мен бірнеше рет зікірге қатыстым) олардың ортағасырлық деректемелерде жазылғандай, ерекше психологиялық хәлге түсетінін байқадым. Ал біз, мамандар, көне қолжазбаларды оқып, көбіне түсіне алмай дымымыз құриды ғой. Мен бұл құбылысты Қазақстан мен Өзбекстаннан ғана емес, Еуропадан да көрдім – уақыт пен мекен бұл жерде ешқандай рөл ойнамайды. Қысқасы, зікір салу – адамға психологиялық тұрғыдан өте оң әсер береді. Сондықтан оған тыйым салғанша, оны зерттеу керек. Ал, «болмайды» деп жаба салу – ең оңай жол.

Екінші өте маңызды мәселе – біз посткеңестік елдерміз. Бірақ қазір Орталық Азия елдерінде, соның ішінде Қазақстанда «түп тамырды» іздеу процесі жүріп жатыр. Өзбекше айтқанда – «ozlikni anglash», қазақша – «өзіңді өзің тану». Міне, осы факт өте маңызды. Кезінде «жаңа адам» жасамақ болып, бізге қаншама тәжірибе жүргізілді. «Қазақ жоқ, өзбек жоқ, тек «кеңес халқы» ғана бар» деп сендіруге тырысты. «Бұл жаңа тарихи қоғам» деп мінберлерден жар салды. Құдайға шүкір, біз өз ұлтымызды ұмытпай, салт-дәстүрімізді сақтап қалдық. Кеңес келмеске кеткен соң біз өзіміздің дәстүрлі рухани құндылықтарымызға қайта ораламыз деп жарияладық. Ұрандап, «Диуани хикметті» жариялайық, сопылық шығармаларды аударайық, тағы басқа жұмыстарды атқарайық дедік. Осылайша біз барлық өткеніміз бен тарихымызды түсіне қоямыз деп ойлаған едік…

Бірақ мұнымен шаруа тынбайды. «Ежелгі дәстүр» деген не осы?! Бұл – осы сопылық, соның ішінде жария зікір ғой! Бұл – нағыз мәдениеттің, қайталап айтам, нағыз мәдениеттің бай қабаты. Саф, яғни таза және алғашқы үлгідегі мәдениет. Мұны түсініп, бағалай білу керек. Құдайға шүкір, Президент Н.А.Назарбаев мұны түсінді, ол өз сөзінде нағыз ұлттық мәдениетке қайта оралу керектігін анық айтты. Бұл тамаша сөз, ақылды және мықты басшының пікірі. Бірақ іс жүзінде ол қалай болады? Осы сопылық пен зікір дәстүрі қайта жандана бастағанда, неге екені белгісіз, біз одан шошып кеттік.

Жаңа пайда болған «кеңестік идеологтар»: «көрдіңіздер ме, бұл жамағат, бұл қауіпті нәрсе» дейді. Жоқ! Мен сіздерге айтайын, бұл қауіпті емес! Сіз әуелі оларды тыңдаңыз, таспаларын алып көріңіз, зікіршілер тығылып жүрген жоқ қой. Таспалар сатылып жатыр, тіпті олардың медресесіне барғыңыз келсе де – есік ашық. Жария деген сол.

Сіз олардың қазақ тілінде қалай сөйлейтінін тыңдап көріңіз бе?! Қандай терең дәстүр, қандай ғибрат! Зікір алқасынан шыққан балалармен сөйлесіңіз, олардың қоғамдағы орнын көріңіз. Мен сондай қыз-жігіттің он шақтысымен әңгімелестім.

Түркістанда бір жігіт темекі тартып, арақ ішіп, әйелін сабаған екен. Қанша тырысса да жаман әдетінен арыла алмаған. «Екі рет зікір салдым» – дейді өзі, – «Содан кейін жүрегім тыныш тапты». Міне, ғажап өзгеріс! Қоғам осыны неге пайдаланбасқа? Біз үнемі «қазақшылық», «қазақшылық» дейміз. Ал кеңестік кезеңнен кейін сол қазақшылық қайда қалды? Иә, әдебиет бар. Иә, Сізде Абай бар. Бізде, Өзбекстанда да ауқымды әдеби дәстүр бар. Бірақ олардың барлығы қандай да бір дәрежеде кеңестік ықпалда болды. Ал қазақтың нағыз дәстүрі қайта жандана бастағанда, кедергілер қойылады, теріс ақпарат жүреді, жала жабу басталады…

Мен мемлекеттік органдардың неден қорқатынын түсінемін. Бірақ, әуелі бұл не деп зерттеу керек емес пе? Мақтанды демеңіз, мен мұны зерттеп келемін. Әзірге ешбір теріс жағын көре алмадым. Мүмкін кейбіреуге жамағат деген сөз ұнамайтын болар, ертең олар саяси деңгейге көтеріліп кетеді деп сақтанатын болар. Бірақ, басқару тетігі мемлекет қолында ғой, қадағалап отыруға күш-қуаты жетеді. Бұл – біріншіден. Екіншіден, мен жария зікіршілердің мың жылдық тарихын білемін. Жай сыбыстан емес, түпнұсқа деректерден оқыдым. Көне қолжазбаларды зерттедім. Сондықтан мен жария зікіршілердің әрқашан бітімшіл болғанын айта аламын. Олар кез-келген билікпен мәмілеге келе алатынына көзім жетеді. Олардың мақсаты саясат емес, дәстүрді сақтау. Міне, Исматулла тақсыр сол дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу міндетін арқалап отыр. Мен осыны байқадым. Қалаған адамға мұны тексеру оңай. Зерттеу керек.

Мен Қазақстанда оларға Діни басқарма тарапынан қысым жасалып отырғанын нақты байқадым. Зікіршілерге қарсы шығарылған пәтуа – салафиттердікі, оны біз қазіргі тілмен «уаххабиттер» деп атап жүрміз. Және сол пәтуа, кешірім етіңіз, Интернеттен алынған. Мен оны «екі жерде екі төрт» дегендей дәлелдей аламын. Осыдан кейін Діни басқарманы «уаххабиттер» деген пікір қоғамда, соның ішінде діни ортада да қалыптасып кетті. Менің түсінбейтінім, Діни басқарма осыны сезінбей ме? Әлде сезінгісі келмей ме? Зікіршілерге келіп, дұрыстап әңгімелесуге, пікір алмасуға тырысқан біреу бар ма? Бәлкім ойыңыз өзгеретін болар. Ал Исматулла тақсырдың айтуынша, мұндай әрекетті олар бірнеше мәрте жасаған, бірақ муфтият қабылдамаған да.

Ал неге солай етпеске? Мүмкін біз нағыз пайдалы, керек нәрсеге кезіккен шығармыз? Ол қоғамға қажет пе? Қазір қоғам ұлттық мәдениетті жаңғыртамыз деп жар салуда. Ал сопылық дәстүрсіз қазақтың ұлттық мәдениеті – қанаты қырқылған құс сияқты. Сіз қаласаңыз да, қаламасаңыз да солай. Мен сырт көз адаммын, сондықтан мұны жақсы түсінемін. Мен мұнда болып жатқан оқиғаларға «күл болмаса бүл болсын!» деп қарап отыра алмаймын. Қатты алаңдаймын. Өйткені, Қазақстан – тұтас аймаққа үлгі болардай ел екенін байқап отырмын. Ел көркейсін, дамысын, бірақ капитализм мен индивидуализм шектеусіз өсіп, мәдениет пен дәстүр жойылып кетпесін!

Еуропа қазір рухани жұтаңдықтан шаршады! Батыс тұрғындары біресе кришнаизмге, сопылыққа бет бұрып жатыр. Біз Еуропаның қателігін қайталамауға тырысайық. Олар өз ұлттық ерекшелігін сақтап қала алмады. Қазір олар рухани құндылықтарды жаңғырту үшін миллиардтаған доллар құйып жатыр. Ал сіздерде, Қазақстанда ондай тамаша мүмкіндік бар және болашақта бұл мүмкіндіктің қайта келуі екіталай! Мен мәдениет тек сопылықпен жаңғырады демеймін. Әрине, олай емес. Бұл алуан қырлы процесс.

Бірақ бұл сопылық – бүгінгі мәдени құбылыстың бірі, нақты айтқанда қазақы ұлттық дәстүр құбылысы.

Ал «уаххабиттер» немесе «салафиттер» не дейді? Олар: «ұлттық еш нәрсе жоқ, тек қана ортақ ислам бар» дейді. Жоқ, кешіріңіздер! Міне, мен бүгін Исматулла тақсырмен сөйлесіп, осы сұрақты қойдым. Ол кісі қазір Меккеде фундаментализмнен бас тарту басталғанынан хабардар екен. Салафиттер бұрын құтпа мен уағыз тек араб тілінде жүруі керек дейтін. Қазір бұдан бас тартып жатыр. Ал біз, неге екені белгісіз, олардың өткен қателігін қайталаудамыз. Олар исламның жергілікті дәстүрлі формасы болатынын мойындады және онымен санасу керектігін айтты. Мекке, «Рабита аль-исламийа» мұны мойындап отыр: мысалы, малайзиялық ислам бар. Яғни, ислам ортақ, бірақ ол алуан қырлы.

Мен Исматулла қаридің іліміне қатысты соңғы пәтуәларды мұқият зерттедім. Ол дәйектер маған несімен ұнамады? Біріншіден, ешқандай қабылдауға тұрарлық, келісуге боларлық аргумент жоқ. Ең бастысы, бұл «пәтуа» интернеттен, салафиттердің сайтынан алынған. «Бұлай емес» деп дәлелдеп берсінші! Мен өзге мамандармен де сөйлестім. Біз арабша мәтінді қазақша нұсқамен салыстырып шықтық. Салафиттердің сопылыққа қарсы риторикасы мұнда толық пайдаланылған. Сонда бұл пәтуаны құрастырған кім? Бұл екінші мәселе.

Үшіншісі де өте маңызды. Біз қайтадан ұлттық мәдениетке ораламыз. Мен Шымкентте бірнеше жігітпен әңгімелестім. Олар Пәкістанда «Дибанд» жүйесі бойынша тәжірибеден өткен. Олар маған сұмдық нәрселерді айтты. «Егер менің еркімде болса», – дейді біреуі, – «мен Қожа Ахмет Яссауидың кесенесін бульдозермен күреп тастар едім». Себебі ол – бидғат (жаңашылдық) және хурафат (көне)». Бұл – жабайылық қой, варварлық! Мұны кез-келген мұсылман, тіпті дінсіздер де түсінеді! Бірақ ең қорқыныштысы, «пәкістандық өңдеуден» өткен жас имам соншалық қаныпезер болғаны…

Сондықтан да діни саясатты жүргізетін адамдарға таңдау жасау қажет: міне, мынау – агрессивті уаххабизм, ал мынау – ұлттық, сан ғасырлық тарихы бар, сынақтан өткен, мәмілешіл, саяси тұрғыда сенімді балама. Айта кетейік, қазіргі таңда Араб түбегі мен Сауд Арабиясында және өзге араб мемлекеттерінде уаххабилер бұрынғыдай беделді емес. Олар халықтардың ұлттық, мәдени ерекшелігін жоюға тырысады. Егер менің өзіндік мәдениетім болса, мені исламға қарсы деген ой тууы керек пе? Олай емес! Мен өз ата-бабамның ислам дамуына өзіндік үлес қосқанын білемін. Сығанақи сияқты өте танымал ғұламаны еске алайық. Оның ғылыми өмірбаянын Р.Б.Сүлейменов атындағы шығыстану институты директорының орынбасары Әшірбек Мүмінов өз диссертациясында тамаша сипаттап жазды. Міне, сізге мысал. Егер сол кезде ондай термин болмаса, оны қазақ емес немесе қазақтың тегіне жатпайды деп кім айтады?! Бұдан бас тартуға болмайды.

Сондықтан мемлекет сопыларды қолдамаса да (себебі мемлекет шартты түрде діни ұйымдардан бөлінген ғой), оған бөгет болмауға тырысқаны жөн болар еді. Әрине, діни және діни емес ұйымдардың іс-әрекетін бақылау, назарда ұстау қажет. Саясат саналы, ұтымды, таңдаулы шешімдерге құрылуы керек. Ал оны басып тастауға тырысу, тіпті әшейін сөзбен, уағызбен болса да жоққа шығару қарама-қарсы реакция тудырады. Көптеген қалыпты діни ағымдар қысым басталғанда экстремизмге өтіп кеткені белгілі. Бұл жауап реакция. Мұны халықаралық тәжірибе де дәлелдеп отыр. Міне, содан қорқу керек.

– Қазір Қазақстанда сопылықты экстремизмге, тіпті терроризмге жатқызу құбылысы байқалады. Сіз қалай ойлайсыз, тарихи тұрғыдан алғанда ол мүмкін бе?

– Сіз білесіз бе, шындығын айтсақ, сопылық әртүрлі қырынан көрініс берді. Қауіп-қатер төнген сәтте ол экстремальды да болды. Мұны Кавказдағы имам Шәмілдің мысалынан көруге болады. Бұл орыс отарлаушыларының қысымына жауап болатын. Бірақ, менің білуімше, Қазақстанда да, Орталық Азияда да жария зікіршілер тарапынан мұндай әрекет туындаған емес. Олар әрқашан мемлекет заңдарын мойындайды. Егер мемлекет белден басып мешіттерді жаппаса, дөрекі түрде қысым көрсетпесе болғаны. Орыс отарлауы кезінде жергілікті сопылар бас көтерді. Бірақ сол кезде де жария зікіршілер мәмілеге келу жолын іздеді, себебі олар күш тең еместігін сезді. Бұл жария зікіршілердің негізгі ұстанымы. Мұны дәлелдейтін көптеген дереккөз бар. Оның бір бөлігін мен жарияладым. Олар орыс отаршылығын монғол шапқыншылығы секілді қабылдады. Олар Шыңғыс тұқымының алғашқы толқыны «кәпір» болса да, екінші толқын билеушілері мұсылманға айналғанын айтты. Яғни, «дінсіздермен» бейбіт қарым-қатынас жасасаң, түбінде олар исламның артықшылығын түсінеді дегенді айтқан. Ислам саяси шынайылық пен бейбітшілік әкеледі, адамзаттың рухани тазаруына жетелейді деген.

Міне, сіздердің Исматулла тақсырларыңыз да «жүрегіңе қара», «жүрегіңді тазала», «жүрек», «жүрек», «жүрек» дегенді өте жиі айтады. Бұл өте маңызды. Міне, осы тұрғыдан алғанда мен сопылықты экстремизммен байланыстыру бәсекелестіктен туындаған, ойдан шығарылған бұрмалаушылық деп есептеймін. Қарапайым діндәрлар мүфтиатты мемлекеттік құрылымның бір бөлігі деп қабылдайды. Сондықтан қарапайым діндәр мен мүфтиаттың арасында біраз алшақтық жатыр. Ал суфизмде бұл қашықтық жоғалады. Себебі шейх өзінің барлық мүридін туған баласындай қабылдайды. Бәрі бауырмалдық сезімнен туындайды. Бұл өте маңызды.

Ең бастысы Тақсыр әрқашан өз шәкірттерін ұлттық қасиетін, «қазақшылығын» жоғалтып алмауға шақырады. Бұл құр жадағай ұлтшылдық, шектелу емес. Жоқ, ол нағыз дәстүр, мәдениет туралы айтып отыр.

Әлде Сізге нағыз дәстүр, мәдениет керек емес шығар?! Онда, қатты айтсам кешіріңіз, одан безініңіз, жойыңыз, құртыңыз!

Мен «қазақшылықты» жалғыз ғана Исматулла Тақсыр іске асырып жатыр демеймін. Бірақ бұл кісі осы мәдениеттің аса маңызды тасымалдаушысының бірі болуы мүмкін. Ол кісі Ислам дәстүрімен қатар, ұлттық сыр-сипат та бар дейді. Ол мәдениет, әдет-ғұрып және салт-дәстүрді жақсы түсінеді. Бұл өте маңызды.

– Жалпы, сопылық ілім Орталық Азияда қай кезден пайда болды?

– Ең ерте мәліметтерді біз Бұқарадағы «Тарихи Гунжар» дерегінде кездестіреміз. Ол сопылардың IX ғасырдың басы мен ортасында болғаны туралы айтып кеткен. Олар «таңдаулы сопылар», басқаша айтқанда теоретиктер болғанға ұқсайды. Оларды «заххиди» деп атады, яғни дәруіш болған, Құдайды жеке-жеке іздеген. Ал ұйымдық құрылым, толыққанды тариқат ретінде моңғолдық кезеңнен кейін әрекет жасай бастады. Моңғол билеушілерін исламға кіргізуге кубрауия, ясауиа және аз мөлшерде нақшбандия шайхтары атсалысқан. Мұны ұмытпаған жөн. Шыңғыс хан тұқымы жақсы ұйымдасқан жүйені көріп, исламды құшақ жая қарсы алды. Біріншіден, бұл әлеуметтік және саяси ынтымақтастық. Себебі, империя құрамында әртүрлі тайпалар болды. Міне, осы ынтымақтастықты көптеген билеушілер, соның ішінде қазақ хандары да жақсы пайдалана білді. Екіншіден, қоғамның әлеуметтік реттеушісі ретінде тамаша пайдаға асты. Сопылық – әлеуметтік реттеуші ретінде ғасырлар сынынан өткен өте тиімді құрал болды.

Қазір қоғамда әлеуметтік жікке бөліну күшті. Оны байқау қиын емес. Көп адам өз жағдайына қанағаттанбайды. Міне, бұл – беймаза бүліктерге апарар алғашқы қадамның бірі. Бізге оның керегі жоқ. Мемлекеттің дамуы кезінде әлеуметтік реттеуіш керек. Неге осы сопылықты әлеуметтік реттеуіш ретінде пайдаланбасқа? Сіздер тыңдап көріңіздер, Исматулла шайх не дейді?! Иә, ол кісі қарапайым сөзбен айтады, бірақ қандай тиімді және түсінікті! Ол кісінің қазақшасы қандай тамаша. Оның дәлелдері қарапайым және түсінікті – «Алладан», «Алла берген». Осыған риза болу керек. Сонымен қатар, Алла саған ақыл берді, Ол саған аяқ-қол берді. Тақсыр өз шәкірттеріне айтады: «Қолың бүтін бе? – бүтін», «аяғың бар ма? – бар», «құлағың бар ма? – бар». Онда әрекет қыл.

Мен бұл сөздің ескілікті ұғым екенін жоққа шығармаймын. Бірақ ол кісі түптеп келгенде экономикалық белсенділікке шақырып отыр ғой. Енді не керек? Бұл керемет емес пе? Барлығын үкіметке сілтеп қойма дейді.

Мұнда екі нәрсені терең түсіну керек: әрекет қыл да ізден, ізден де әрекет қыл. Бұл қарапайым, бірақ өте тапқыр философия. Міне, күнделікті тірлікте осы қарапайым сопылық ұстаным өте қажет. Осыны неге өмірде пайдаланбасқа? Себебі жемісі жоқ насихат машинасы (сіздің елде де, бізде де) мол ақшаны жұтып жатыр. Сондықтан, жан-жағымызға қарайық, қазіргі қазақ қоғамына, күнделікті өмірге қажет, пайдалы нәрсе бәлкім, тарихымызда бұрыннан бар шығар?!

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Темір Жұман,

Шығыстанушы,

Алматы.


ТҮРКІ
04-12-08 22:39
Түп атамыз Адамға ғ.с. жан ауенмен кірген, біз туыла бітісімен анамыз бесік жырымен әльдилеп уататын, және қазақтың жаны шығып ол дүниеге кеткенде әжелереміз жоқтау айтып ауенмен шығарып салады, демек Яссауи тобы айтқан хикметтер жанымызға ауадай керек, оны жай тындамай, айтылған өсиеттерін орындай жүрсек ел боламыз
ғалым оспан
gala-ospan@mail.ru
28-11-08 19:07
Құрметті Гүлбаршын Алла жазса 08.12.08 "Конгресс-Холл" сарайында Ясауи тобы құрбан айты мерекесіне орай концерттік бағдарлама қояды. Келіңіздер көріңіздер!
гүлбаршын
gulbarshyn31033@mail.ru
13-11-08 16:47
Яссауи тобынан сұрайтыным Астанаға келіп концерт берсеңіздер болар еді. Халықыты осындай рухани әуендермен сусындатып жүрген сіздерге АЛЛА разы болсын!
ғалым оспан
gala-ospan@mail.ru
24-10-08 01:03
Алла тағаланың ілімі шексіз, пайғамбардың ілімі Мұхит секілді, сахабалардыкі теңіз, таблиғиндардың ілімі көл таблиғиннің көздерін көргендердікі өзен болса, қалғандары тартылған өзен секілді бөлек бөлек бұлақ болып кеткен. сопылардың ілімі теңіз оның тереңіне сүңгіп көрмегендіктен онда маржан және алуан түрлі Алланың жаратылыстары мекендейтінін суға ең болмағанда жалдап көрмеген адам қайдан біледі. Ондай ілім маған қайдан келсін. Іргеміздегі Қожа Ахмедтің сопылық жолын мойындамай отырғанда шет елге барып танымайтын, кімнен дәріс алғанын білмейтін біреуден ілім менгеріп бабамыздың мазарын қиратамыз деп жүргеннен аулақпын әйтеуір. Оданда мына Ясауи тобының айтатын зікірін балаларымызға жаттатайық. Хикмет пен Құранды бірдей қойатын көрінеді деген адам қателесті, мен сол медіреседе дәріс алдым. Алланың сөзі мен адамның сөзі еш уақытта салыстырылмаған, әрі салыстырылмайды. Менің ойым осы бұлақтай бөлектеніп кеткен арықтардың басын қосып өзен, өзеннің басын қосып көл, көлдің басын қосып теңіз ал мұхиттің дәрежесі Иса мен Маһди келгенде болады. Болашақ ертеңнен емес бүгінгі күннен басталарын ұмытпайық, бөлінгенді бөрі жейді. Албасты секілді билеген адамды көрсек жынды демей, Алланы ұлықтап төрт жақтан келетін шайтаннан Лә иләһә иллаллаһ деп ишарат қылып Алладан пана тілеген адамды соққыға жығып өлтіріңдер ендеше. Намазда екі жаққа сәлем беру деген мәселе не Құранда не хадисте жоқ ол ғұламалардың сөзінен алынған сол секілді ишаратқылып зікір етуде ғұламалардың еңбегінде. Тоғыз тоңқылдақтың ішнде бір шіңкілдек болады демекші медіресеге қазір көп ата аналар наркоман, алқаш әке - шеше демейтін не бір бауырларымызды әкеледі. Сондай адамның бір екеуін сіздің үйіңізге қоя берсе екінші күнге жетпей ақ жынданып кететін шығарсыз. Ол балаларды көбі несе әке шешесі күштеп ертіп әкеліп тастап кетеді. не хабар жоқ, не ошар жоқ құтылдықпа дейдіме әйтеуір жоқ болып кетеді бір неше күн өтпей жатып қайран аналар жалғызда болса жалмауызым ғой деп іздеп келгенде ол балаларының рухани дерті асқынып кеткен жөнге келе қойса жақсы ғой әке шешесін тепкілеп бұрынғы ісіне қайта көшпесін деп қолынан келгенін жасап бағады бірақ қазақ қосып айтады қоспаса несін айтады демекші әлгілер көгерген не сырылған бір жері жоқ сабады байлады күштеп отырғызды деген секілді нәрселерді айтады. Мен әке шешеме керегім жоқ екен деп өз - өзіне қол жұмсайтындарда кезесетін көрінеді зорға дегенде аман алып қалса мені мына жындылар өлтірмекші болды деп өздеріне бәле жауып масқарсын шығарып жатыр. Мен Исматулланың шәкіртінен дәріс алдым намаз оқуды да сол кісілер үйретті. енді өткенде біреу сендер намаз оқымайтын көрінесіңдер дегенде Алла сақтасын Мұсылман мен кәпірдің айырмасы намаз болса. Момынның миғражы сәждеде деп пайғамбарымыз айтса, Шындығында жын баласы мен адам баласын Мен құлшылық ету үшін жараттым деп Алла Тағала құранда айтса, Қияметте адамнан ең бірінші намазы сұралады десе оны оқымаған адам исламның екінші шартын жоққа шығарғанмең тең емеспе? Құрметті бауырлар өздеріңді ғана білімді санамаңдар ислам діні бізге кеше ғана келген дін емес қой, өзіміздің жаухарларымыз тұрғанда каирге барудың қажеті жоқ, ислам дінін бізге кең жайған Ясауи бабамыздың хикметтерін тыңдағанда қандай қылмыс бар? Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық демекші Ясауидың Аллаға деген ғашықтық ілімін меңгеріп Құран оқу арқылы көздің ғибадатын қылсақ, зікір ету арқылы тіл ғибадатын қылсақ, намаз деген жария ғибадатты орындап, ораза деген құпия ғибадатты орындап Аллаға жақындай түсейік
Зікірлердің абзалы Лә иләһә иллаллаһ.
Иманымыздың нышаны Лә иләһә иллаллаһ.
Жақсылықтың бағзы әні Лә иләһә иллаллаһ.
Амалдардың мысалы Лә иләһә иллаллаһ.
Сеігз жәннат кіліті Лә иләһә иллаллаһ.
Жеті тозақ құлыбы Лә иләһә иллаллаһ.
Жарқыратып жаныңды Лә иләһә иллаллаһ.
Тазартатың тәніңді Лә иләһә иллаллаһ.
таразыға жеті көк
жеті жермен қойылса
бәріненде салмақты Лә иләһә иллаллаһ
кәлимәй тойбә
кәлимәй шәһадәт
кәлималар жүрегі Лә иләһә иллаллаһ
тақуалық кәлима Лә иләһә иллаллаһ
тарыққанның тірегі Лә илләһә иллаллаһ
көк қақпасы ашылып шарықтайды ғарышқа
ықыласпен айтсаңыз Лә иләһә иллаллаһ
риуаятта Муслимнің
жан тәнімен берілген
жан жәннатқа кірер Лә иләһә иллаллаһ
ағартады көңілді
жаңғыртады өмірді
сипаты бұл Алланың Лә иләһә иллаллаһ
шын сағынып жүдесең Лә иләһә иллаллаһ
хақтың нұрын тілесең Лә иллаһа иллаллаһ
балдай дәмін татқандар
таң сәріде жатпаңдар
білем десең кәлима айт Лә иләһә иллаллаһ
күнәларды жоюға
хақ нұрына тоюға
бұдан өткен амал жоқ Лә иләһә иллаллаһ
сатып алар жаныңды
жаһәннам отынан
жетпіс мың мәрте айтсаң Лә иләһә иллаллаһ
шексіз жәннатқа кірер
есеп, азап кім көрер
соңғы сөзі болса егер Лә илләһә иллаллаһ ( Алладан басқа тәңір жоқ)
Айналып кетейін қара көз бауырлар, апа қарындастар Ясауи деген Алашымыздың ғана емес бүкіл ислам әлемінің мақтаны ол кісілер ислам дінінің маржанын терген, жеміс беріп тұрған алма ағашы секілді бұл рухани ілімнің қайнары Аллада ал адамдардың ішінде пайғамбарымыз Мұхаммедте. пайғамбарымыз тұнығы шайқалмаған ілімнен сусындағандықтан ол адамдардың алма ағаштары сондай биік оған қолдың жетуінің өзі оңай емес біз оған сатылап жетуіміз қажет он сегіз мың ғаламға симайтын Алла мен момынның жүрегінде боламын деген. Бала кезімізде анамызды сағынсақ көзімізден жасымыз, мұрнымыздан ақбазаттар жарысқанша сағынып жылайтынбыз ал ұлық Алланы сағынып жылаған адамды көрсе мынауың тырансқа кіді деп өз бетінше лағады біреулер. Жүректің кірін кетірер көзінен аққан жастары деген ұлағатты сөз бар. Ең бірінші халықты Аллаға ғашық қылдырайық одан соң Оның әмірін өздер ақ мойындап ненің шындық ненің сұмдық екенін ажыратып алады.


Самал
24-09-08 15:34
Мен Яссауи тобы баска диннин (ягни, ислам дини емес) адамдары деп осыдан еки жыл бурын бир газеттен окыдым.Ол динди Авганистаннан келген бир адам таратып жур. Сол рас па
Гулназым
gulnazim@List.ru
24-09-08 12:34
Яссауии тобыныњ сайты іске ќосылмаѓан єлде жабылып калѓан
Тан
22-09-08 09:50
Сматулла таксыр ол пір. Тиіспеңдер оған. Тіпті Яссауи бабамыз:
Зар илесем босағаңа еңсемді ұрып,
Алқа құрып қойсам жұртты теңселдіріп,
Зікір айтып сол сұхбаттың терсем дүрін,
Жан жүректен Хай зікірін айтың достар!, демей ме? Тиіспеңдер ешқайсына. Отпен ойнамаңдар!
Арман
19-09-08 13:02
Ғалым, авторы кім екен бұл өлеңнің? Кім болса да, шын жүректен жазылғаны көрініп тұр.

Жанат
shcooL_eginbaev@ maiL.ru
18-09-08 09:08
Йассауи тобы оларга куманим жок? Ал зикир деген кулшылык, Исматулла елинин камын жеген адам, Йссауи тобы маган унайды
Ғалым
gala-ospan@mail.ru
11-09-08 21:40
Мұсылман деген әншейін атымыз ғана,
Сыртымыз аққой ішіміз түндей қапқара
Мәнісін ұқпай жалғанның бізде кетеміз
Не істедік баурым? бір мезгіл артыңа қара
Ананың сүтін емізген ақтай алдық па?
Біреумен арбастық Ібіліс дейтін дұшпан тұрғанда.
Ағыл да тегіл имам Ағызамда жылай беріпті
"Тозаққа кетем ау деп" сақтай көр Жаратқан Алла.
Кеудеміз кердең жүректің қатайған көзі
Ұлық алламай жылаймын амалым қанша
Ғашықтық дерті, жаныма дауа таппаймын
Құтқаршы мені тозақтан Субханаллаһ
Көп адам көрмеген, аямай көзді де бердің
Бұл бейбақ айтсын деп қылыштай тілді де бердің
Жер жаһанның қызығын сезінсе екен деп
Айтпай ақ жүрер аяқты қалайша қидың.
Мейірімі шексіз жалғызым жаратқан Алла
Көз жастан асқан алдыңда куәгер бар ма?
Төрт жақтан келер шайтаннан пана тілеймін
Ишарат қылып сөзімен Әғузубиллә.
Жасырмай айттың құранда осы жайында.
Зікірдің мәнін жалғанда ғашықтар ұғады
Лә һәулә уәлә қуәтә иллә билләһ.
Олардың саны ешқашан көп болмақ емес
Сапалы бол бауырым көп болғанша.
Дәретіңді толық ал көз бояма
Дәретсіз намаз болмас әр қашанда
Ең жақын сәт намазда сәжде деген
Не сұрасаң Алладан сонда сұра
Уақытынан кешіктірмей дереу оқы
Сол жарасар Алланың Құлдарына.

OKA
oka@ok.kz
17-07-08 16:17
Гулнур Яссауи тобынын суреттерин www.YASSAYI.kz сайтынан ала аласыз. Сайт жакында иске косылады. Ыкласынызга Алланын нуры жаусын...

Мен
16-07-08 08:14
Ќўдай оларєа екі дїниеніѕ сыйын берсін. ќатќан жїректі жібітетін, ќарайєан жїректі аєартатын, тас болєан жїректі жўмсартатын јндері неткен керемет.
Хай-зікірі....
жок
15-07-08 21:49
Ясауи тобы, бул Алла Тагаланын казакка берген сиы. Биз казак халкы мунын кадирин билуимиз керек. Дини вокалды тобы барша Казакстанды аралап, макрум калган журектерин тыныштандырсын деп тилеик. Дастурли Сопылык казак жеринде болган, жане будан кеинде бола береди, Иншалла !
SMRKND
adxam_kipchak@mail.ru
30-06-08 08:54
Adamdardi imang'a shaqirg'an Yassaui tobine raxmet.
Ержан
deleted
05-04-08 23:03
Иассауи тобың өлеңдері жаксы ғой, бірақ ана Сматулла деген туралы еш жақсы дерек таппадым. Иассауи Тек Халқымыздың игілігіне еңбек етсе... Сматулланың идеалогиясын насихаттамаса екен
Жадыра
zhakonti@mail.ru
05-04-08 13:22
Пікір мына сайт www.YASSAYI.kz
Ғалымжан
04-04-08 21:21
Ақ жол жігіттер!
Ғалымжан
Sadok_b@mail.ru
04-04-08 21:18
Керемет.Құдай тілеулерін берсін
Тан
03-04-08 10:52
Ана жолы Қырғызстанда концерт беріп қайтыпты. Керемет болған көрінеді. Қырғыз ағайын бізден бұрын түсінейін деген сияқты.
†Даурен†
03-04-08 10:13
Қожа Ахмет Яссауи (? — 1166 ж.) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы.
Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Яссауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Яссы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.
Ахмет Бұқар қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.
«Диуани Хикмат»
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.
Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
«Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.


Қожа Ахмет Яссауи сағанасы
Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Яссауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына 14 ғ. аяғында атақты Ақсақ Темір күмбезді сағана орнаттырады.

КАНАТ
30-01-08 14:06
Йассауи тобына коп рахмет!!!
RS
rs2007@yahoo.com
28-11-07 13:27
Иассауи вокалды тобына шын жїректен, бїткіл Ќазаќ жўртыныѕ атынан шексіз алєысымызды білдіреміз! Бјлкім біреулер біздіѕ Ќазаќ атынан жазєан алєысымызды кґпсінер, біраќ уаќыт барлыєын кґрсетеді, Ќўдайдыѕ шын сґзін ќаралаудан ќорыќыѕыздар дегім келеді! Бір екі ауыз лаєынетіѕізбен ана жаќтаєы мјѕгі ґміріѕізбен ќатар, ўрпаќтарыѕызды кїл ќылып алмаѕыздар деймін. Ќўдай туралы сґз болєанда артты ќысќан абзал болар!
Кєрім
jbb@ok.kz
16-10-07 21:47
"16-10-07 17:48"-даѓы Кєрім мен емеспін.
КАНАТ
16-10-07 14:21
Корсет ЖАРДЫН ДИДАРЫН!
Жұтаған жүрек
14-10-07 16:20
...Олар сахнада тұрған жеті періште болып елестеді менің көзіме...
...Жүректері имани нұрға толы осы жігіттерге Алладан мейір тіледім...
...Олар дүние мен малды тәрк етіп, Алланы өз жүрегіне сыйдырған керемет жандар...
...Олар Алланын жерге жіберген жеті кереметі секілді...
...Олар тек тазалықтың үлгісі...
...Олар ғашықтықтан жандары нұрланған мүминдер...
...Олар...
...Олар...
Жеѕіс Маткаримов
mailto:egipt_2006@mail.ru
12-10-07 16:06
Сіздерді бїгін "Ясауи" тобыныѕ "Аллажар" концертіне Алла Таєаланы еске алып, жїректеріѕ жай табуы їшін шаќырамын.
"Їш ќиян" республикалыќ газеті
ushkiyan@mail.ru
10-10-07 10:44
“Ясауи” тобы келгенде клубты ќўлыптап ќашып бара жатќан Шегірќўмныѕ јкімі Жебірќўлєа айтќан ќызандыќ ўзанныѕ толєауы

Затыѕ – јкім, атыѕды да жаќсы єып
Ќойєан екен – жаќсылыќќа тапшы єып.
Жан атанып жїрсіѕ јттеѕ,
Мал болсаѕ
Иеѕ “етке” жіберер ед тапсырып.

Ал ит болсаѕ –
Айналар еѕ кґпекке,
Ґле-ґлгенше байланар еѕ жетекке.
Садаєа кет тґбеттіктен! –
Шјуілдеп
Жат ќўлыпты кїзетер еѕ кетекте.

Тґр не теѕіѕ! –
Шермендесіѕ,
Шерменде,
Кірер едім – болмай ќалды кґр менде!
Жер ќылдыѕ єой – сергелдеѕнен сексен жыл
Ясауидіѕ Нўрын алып келгенде.

Иманыѕ – жоќ,
Жыйєаныѕ – боќ,
Дау бар ма! –
Сен рухыѕды сатќан жансыѕ жауларєа.
Ит кетектей клубыѕды ќўлыптап
О, Зјнталаќ! Зытып кеттіѕ ауданєа.

Сен ќашпадыѕ, ќашќан сеніѕ сайтаныѕ,
Кґріп тўрмын, білгеннен соѕ айтамын.
Тойлатар еѕ тґріѕ емес, тґбеѕде
Жґйіттердіѕ жалаѕ бўтты сайќалын.

Ўрпаќ ќолын жеткізбейтін кенішке –
Ел билеткен кім сен сынды кеміске?!
Сайтан біткен безіп берді сол кїні
Жеткеннен соѕ жеті бірдей періште.

Топастыќтыѕ топанына сал ќўлаш! –
Ей, сјбетќўл, ісіѕ енді мандымас.
Шырлап тўрды – ќонатын жер таба алмай
Жыл ќўсымен жеткен жеті ќарлыєаш.

Сен ќашќанмен, тырна келді тыраулап,
Ќўм да келді – тґрт тїлігі ќўраулап.
Сексен жылдай сеспей жатќан кґрінде
Јулиелер тїсті сол кїн бір аунап.

Дјл сол кїні Нўр ќўйылды аспаннан,
Дјл сол кїні Жыр ќўйылды дастаннан.
Дјл сол кїні – ќаша берсін ќашќан жан,
Дјл сол кїні – саса берсін сасќан жан. –
Гїл жырлады ќауыздарын ашќаннан,
Тарам-тарам жас білінді тастардан.
Сексен жылєы єимаратым – бос ќалєан,
Ендім саєан, енді ешкімнен жасќанбан!
Сексен жылєы сетінеген соќпаєым,
Тїстім саєан, жоќ-дїр менде басќа арман!
Тїркістан мен Оєыландыєа тап салєан,
Мекке менен Мјдинадан басталєан.–
Хаќты кґрер бўл соќпаќты басќан жан,
Баќты кґрер бўл ќаќпаны ашќан жан.

Айдар ишан1, уа, Сјт-еке2, тїрегел!
Сендерге енді ќуып жеттім, міне, кґр!–
Їн тґгіп тўр жеті бўлбўл кґгімде,
Бар єаламныѕ Иесініѕ Нўры еді ол.

“Тґбет ќашса – ґлекшінге!..” – осы да,
Ќой, кґѕілім, итке ґкпелеп жасыма!
Жеттім, шїкір, “Ќариша ахун”3 ќасына,
Тґлеудейін халифаныѕ4 тасына.
Несібек-Нўр5, Јуеталыќ-Ќожырдан6
Кґшкен Баќыт ќонды ќайта басыма!

Алды-артымды кїндіз-тїні торыєан
Ќашсын – шайтан! –
Аќиќаттыѕ жолынан.
Мен ќумаймын – Ясауиден ќашќанды,
Ќуамын мен бабаларды – соѕынан!

Ол бабалар кіргізеді Жјнатќа,
Жїргізеді, енгізеді Санатќа.
Жарќ етеді Жїрегімніѕ Жанары,
Жан бітеді семік шалєан Ќанатќа!

Тїйгіштеген тїрен менен кетпен ќўр,
Тіріл сен де, кенезесі кепкен ќыр.
Ґлі Јруаќты, Тірі Рухты оятар
Ясауидіѕ Хикметі тґккен Нўр.

Тебірен, тау, теѕсел, тґбе, ўлы жер,
Кїніѕ туды сапќа тўрар, бірігер.
Басталады шын ќўрылыс – бір ўлы іс,
Біріккесін Ґлілер мен Тірілер.

Ол ќўрылыс жїргізбейді маѕынан
Жаралєанды – шайтандардыѕ шаѕынан.
Ол Ўлы Істі тірі ґліктер кґрмейді,
Маќўрымдар – јулиелер зарынан.


Сол Ўлы Істі ќолыѕ барда ќолдап ќал,
Їніѕ барда сјлеміѕді жолдап ќал.
...Платонныѕ “Троглодиті”7 сыќылды
Айтќанменен еш сенбейді кґрбаќтар.

Жўтатыны – зымыйанныѕ заћары,
Зытатыны – шайтандыќтыѕ шаћары.
Ќай ауданєа ќашар екен ол бейбаќ–
Ќысќан кїні Жаббар Хаќтыѕ ќаћары?!.

Мјлјкїл-Мјуіт8 салєан кїні ќармаєын
Жалмауыздай ќарманады ол жан-жаєын.
Јулиеге жалынады ол содан соѕ,
Ыѕырсыйды ол атын атап Алланыѕ.

Јулиелер – жїзін бўрып теріске
Кґз салмайды бўл баратын ґріске.
Жетпейді оєан сјлемін ап Алланыѕ
Жебеуші боп жеті бірдей періште.

Ол јзірше – Троглодит! – Ўќпайды,
Тас ќараѕєы зынданынан шыќпайды.
Періштелер јкелердей жўт-ќайєы,
Клубтардыѕ ќўлыптарын ќўнттайды.
Ясауидіѕ Хикметінен ќашарда–
Ґзінен де зор шайтан бар шаћарда,
Соныѕ барып кґлеѕкесін ыќтайды.

Ал јзірге... керез-сґзді айтам ќўр,
Јкім біткен шаћарларда шайќап жїр.
...Клубтарда ќўлыптар тўр ќап-ќара,
Жїректегі мґрі ќўсап – Шайтанныѕ!..
03.10.2007 жыл.

Айдар ишан1,Сјт-еке2 (Сјттієўл Жанєабылўлы), “Ќариша ахун”3 (Ермаєамбет Тґлешўлы), Тґлеу халифа4, Несібек-Нўр5, Јуеталыќ-Ќожыр6 – оќиєа ґтіп жатќан аймаќтаєы јулиелер.
“Троглодит”7 – Платонныѕ “Республика” атты кітабындаєы їѕгірде ґмір сїретін кейіпкерлер. Олар – абайламай жарыќ дїниеге шыєып кетіп, осынау жарыќ дїние туралы “осындай ґмір бар екен” деп хабарын айтќан адамєа сенбей, оєан ќастыќ ќылады.
Мјлјкїл-Мјуіт8 – Ажал періштесі

Авторы - Айт-ман (Светќали НЎРЖАН)
"Їш ќиян" республикалыќ газеті, № 41, 11.10.2007.

Зікірші
fatima.is.mariam@gmail.com
05-10-07 21:26
Адамның жүрегін күйрететін төрт нәрседен сақ болыңдар:
1. Ақымақтармен сөз таластыру.
2. Жеңіл күнәлардың шамадан тыс көп болуы.
3. Бөтен әйелдермен үнемі қоян – қолтық араласу.
4. Көңілі соқыр, көкірегі тар адамдармен ұзақ мерзім бірге жүру.

Зікірші
fatima.is.mariam@gmail.com
05-10-07 21:19
Толстой күнделігі, Санжар аганың аудармасы

Адамдар махабатпен ғана өмір сүреді. Өзіңді жақсы көру-өлімнің басы, Құдайға деген махаббат пен адамдарға арналған сүйіспеншілік нағыз өмірдің басы.

Қажеті жоқ керексіз көп білімді жинап алғаннан көрі пайдалы әрі ақиқат азғантай ғана ілім жинаған әлдеқайда пайдалы болмақ.

Құдай – ол мөлдір махаббат. Өз ішінен Махаббат тапқан адам Құдайды да табады. Яғни Құдай ол адамның ішінде деген сөз. Құдайды ешкім ешкім ешқашан көрген емес. Егер біз бір бірімізді шын жақсы көріп сүйетін болсақ Құдай да біздің кеудемізді өзінің мекеніне айналдырады. Және оның бізге деген шексіз махаббаты сөзсіз бізбен бірге болады. Кімде кім: «Мен Құдайды жақсы көрем, -деп ағасын жек көретін болса ол-барып тұрағн өтірікші; Не болмаса көзінің алдында жүрген бауырын көріп тұрып оны сүйе алмаса онда ол қалайша көзден таса тұрған Тәңірі тағаланы қалайша жақсы көреді? Бауырлар бір-бірімізді жақсы көрейік. Кеудесінде махаббат нәрі бар адам Құдайдан солай келген. Себебі Құдай деген Махаббат. Адамдарға махаббат тапқан пенде Құдай нұрының ішінде өмір сүретін болады. Ал Құдай оның жүрегінде өмір сүріп тұрады».

Адамдар жасаған жақсылықтарына қайырым көрмейтіндерін айтып шағынып жатады. Керісінше жақсылық жасаған адамға не үшін біз алғыс айтып оған қарыздар болуымыз керек? Адамдар титімдай жақсылық жасаса да бір нәрсені анық біледі. Ол жақсылық жасаудың ең ұлы бақыт екендігі. Жақсылық жасаудың осынашама рақаты мен ләззаты тұрған кезде оған қосымша ақы сұрап қажеті қанша?
Зікірші
fatima.is.mariam@gmail.com
05-10-07 21:15
Толстой күнделігі, Санжар аганың аудармасы


Діни кез-келген оқу тәлім тәрбиенің негізі болуға тисі. Діни оқытусыз тәрбие болатын болса онда бұл тәрбие боп саналмайды. Кез келген дінсіз тәрбие адамның азуына әкеп тірейді. Немесе оның дарқан дарындарының бәрін жойып топастандыра түседі.


Зікірші
fatima.is.marim@gmail.com
05-10-07 21:10
Атадан қалған ақ сауыт
Арамға әбден былғанды.
Басшысы жоқ сорлы елдің
Малы мен басы ылғанды.
Тасбиықты тастап тас алып,
Сәлде аяққа шұланды.
Өнер қылды «жақсылар»
Қасқырша елін жұлғанды.
Жала жауып жалмайды
Жазасыз қарап тұрғанды.
Елеріп, еріп көп ел жүр,
Білмейді құдай ұрғанды.
Түпсіз жауға санайды
Түзу жолға барғанды.

Марат
05-10-07 08:33
Йассауи тобы біздіѕ Орал ќаласына жыл сайын келіп, концертін ќойып жїр. Не деген талант, не деген єажап дауыстар! Кґзіѕнен ќалай жас шыєып кеткенін білмей ќалады екенсіѕ. Ґз-ґзімнен ќымсынып, жан-жаєыма ќарасам, жанарына жас тыєылєан жамаєат кґп екен. Меніѕше, мўндай жаєдай тек шынайы, шын жїректен шыќќан ґнердіѕ нјтижесінде болады! Ендеше олар туралы неше тїрлі балаєат, жаланыѕ бјрі жалєан екендігі аныќ. Јттеѕ, Алматыдаєы концертіне ќатыса алмайтынымды ќарашы!
Ана
05-10-07 07:36
Концертке келіңіздер
Ана
03-10-07 07:20
Мен сол концертке баратын шыгармын. Кұрметті жамағат келіңіздер...
Ана
01-10-07 12:49
Енді олардың концерті болады. Жаңа хикметтерін айтады.12 қазан күні. Бұйырса керемет өтеді. Я, сол концертке жеткергейсің...
Айнура АЛБ
17-09-07 15:43
жаксы топ болатын, андери оте жаксы, оз жеке концерттеринде берген, былтырлары шатаспасам, казир жок болып кетти гой, оз алдыларына ыдырап кеткен де шыгар...
Кана
17-09-07 14:26
Садық, мен де бар. Оны не істейін деп едің. Почтаң қандай?
Садык
17-09-07 10:36
Ешкімде Толстой жайында мағлұмат жоқ па?
Райхан
14-09-07 09:46
Мен сол топты қатты жақсы көремін
Садык
zooloom_sadik@mail.ru
12-09-07 07:32
және де жауап...
әрине қайта жаңғырады!
ЖАББАР ХАҚҚА ҰНАЙСЫҢ ЗІКІР АЙТЫП ЗАРЛАСАН
ЖАМАҒАТҚА ҰНАЙСЫН ПІКІР АЙТЫП БАРЛАСАҢ (Қожа Ахмет Йассауи)
ал олар бұның екеуін де істейді емес пе!!!
ал ол уақыт келгенше сабырлық таныту керек

Садык
zooloom_sadik@mail.ru
12-09-07 07:25
Л.Н. Толстой жайында білетіндерін бар ма?
ол мұсылмын екені жайында мағлұматтар болса


Ќуаныш
KUANISH_31@mail.ru
04-09-07 00:36
дін ќазіргі тањда ењ к‰рделі мєселе сондыќтан осындай артында кімніњ немесе т‰пкі маќсатыныњ не екенініњ не екенін білмей табынып сенудіњ ќажеті жоќ жамаѓат біз ќаншама діндердіњ арбауында ж‰ргенімізді ешкім дµп басып айта алмасы аныќ тек ќанк ислам жолындаѓы 20 ѓа жуыќ аѓым ЌАЗАЌСТАНДА ж±мыс істеуде. НЕГЕ
Канат
03-09-07 16:26
Я солармен бирге болсам гой
Пікірім
баріңе!!!
29-08-07 03:20
Иассауи тобың өлеңдері жаксы ғой, бірақ ана Сматулла деген туралы еш жақсы дерек таппадым. Иассауи Тек Халқымыздың игілігіне еңбек етсе... Сматулланың идеалогиясын насихаттамса екен

Тілекші
29-08-07 00:55
"Олардыѕ жаѕа хикметтері шыєып жатыр. Алла бўйыртса, бїкіл Ќазаќстан келешекте сол хикметтермен жїректері жай табады".
Рас, тек Ќазаќстан єана емес, бїкіл јлем јлі алаќанында ўстайды оларды!

Мен
29-06-07 12:46
Олардың жаңа хикметтері шығып жатыр. Алла бұйыртса, бүкіл Қазақстан келешекте сол хикметтермен жүректері жай табады.
Джоли
21-06-07 14:46
Алла, Алла, Жаппар Алла
Алла, Алла, Саттар Алла
НАН
13-06-07 12:03
Аллаху Акбар
А7
05-06-07 16:45
Алла Мәңгілік!
Шынар
04-06-07 15:00
Мен оларды тыњдаѓан кезде Ќ±дайдыњ бізді ќаншалыќты жаќсы кµретінін жєне Ќ±дайды да сонша махаббатпен жаќсы кµруге болатынын сезінемін. Секта дегенге сенбеймін. Ќазаќстан телеканалынан олар б±рын осы жайлы хабар берді емес пе? Сонда бєрі т‰сінікті айтылды ѓой.
Жеңіс Маткаримов
egipt_2006@mail.ru
03-06-07 12:37
Сіздерді Ақиқат ауылына Аллаһты еске алып жүректерің жай табуына үлесін кішкене болсада тигізердеп шақырамын. www.zheniskaz.clan.su www.akikat.ucoz.ru
Гүлнұр
_G_U_L_I_2_3
02-06-07 10:23
Мүмкін болса,Иассауи тобы мүшелерінің жеке суреттері мен өмірбаяндарына қысқаша шолу берсеңіздер,почталық жәшігіме жолдасаңыздар нұр үстіне нұр болар еді.
Ер
27-05-07 23:23
Найза почтанды берши
найза
23-05-07 13:42
Яссауидің концерттері интернетте барма екен. адресін жазыңдаршы қаумдастар.
Гүлнұр Топаева
_G_U_L_I_2_3@mail.ru
22-05-07 13:32
Жақында ғана Ясауи вокалды тобы концерттерін Жетісай каласында ОҚО өткізіп кетті,Алланың шарапатымен концерт өте тамаша өтті.Елім,жерім,Отаным деп соққан пәк жүректерінен айналдым!Бойларынан адамгершілік,ізгілік қасиеттері байқалған ағаларыма Жаратушы Ием осы Хақ жолды насихаттап,бүкіл әлемге паш етулерін нәсіп еткей!Әмин!
Гүлнұр
_G_U_L_I_2_3
19-05-07 15:07
Assalaumagaleikum,jamagat!Jetisay kalasinan habarlasip otirgan Gulnur esimdi karindastariniz bolamin.
Eger Altinbek aga,Eldos aga,jane Yassaui tobinin musheleri,menin joldagan hatimdi okisanizdar menin potshtama habarlasularinizga boladi.
Esterinizde bolarmin,Bolat aganin karindasi bolamin.
Sizderge 2 dunienin bakitin tileimin,Allanin suikti kuli bolinizdar!Alla ardaim sizderge,otbasilarinizga,ruhani ustazdarinizga,dostarinizga densaulik pen bakit bergei!Amin!
Гүлнұр
_G_U_L_I_2_3
19-05-07 14:44
Ассалаумагалейкум,жамагат!Жогарыдагы жазылган пикирлерди окип шыктым.Аркимнин пикири ар турли,жалпы Иассауи тобы десе ишкен асымды жерге коямын. 7 карлыгаштай ардакты агаларыма АЛЛАНЫН нуры жаусын демекпин!
Ыскак
sseit87@mail.ru
16-05-07 00:37
Molodtsy, Yassaui! Alga!!! Zhurt ne dese o desin
Ыскак
16-05-07 00:35
Молодцы, Иассауи Только вперед!!! Ешкімнін созіне карамандар!!!

ар
11-05-07 17:18
...мен олардың хилметіне ғашықпын...
-= Baur=-
02-05-07 11:56
мен олардың түп төркінін білмегенімдіктен сөз қоспаймын, жалпы олардың әндерін тыңдаймын
Аскар
29-04-07 19:35
Ж‰рек ќылын тербете алатын тек адамныњ даусы ѓана.

«Ясауи» тобындаѓы Алтынбек Ахметовтыњ дауыс ырѓаѓы ±найды. М‰мкін болса, «Алтын Орда» басылымы арќылы оныњ дауыс ерекшелігі, шыѓармашылыѓы туралы сµз етсењіздер...

Абат Н., Аќтµбе.

Алтынбектіњ шыѓармашылыѓы, жеке µмірі туралы µз аузынан естиік:
Меніњ даусымныњ алып бара жатќандай ерекшелігі де, артыќтыѓы да жоќ. Ќарапайым тенор дауыс екені рас. Тенор дауыспен жоѓары нотадаѓы єуендер орындалады. Иє, ќазірде мен ‰шінші, тµртінші, жоѓары жаќтаѓы дауыстарды айтып ж‰рмін. М±ныњ алдында, єу демейтін ќазаќ жоќ ќой, музыкалыќ училище бітірдім, кейін консерваторияда оќыѓанмын. Негізгі мамандыѓым контрабасс орындаушысы. Ќазірде єншілікке кµшіп, осы топта хикмет айтып ж‰рген жайым бар. Бір кездері, эстрадаѓа єуестеніп, бірнеше µлењді таспаѓа жаздыртќанмын. Егер «Ясауи» тобымен болмаѓанда, бєлкім б‰гінде оркестрант болып ж‰ретін шыѓармын. Тенор даусы бар адамдар кµп ќой, эстрадада, театрларда ж‰р. Олардыњ осы дауысќа ерекше мєн беріп, осы дауыспен ж±мыс жасайтындыќтары жаќсы, ал мен аса кµп мєн бермейтін шыѓармын, єйтеуір ќ±дайдыњ берген ќабілеті болѓан соњ, халыќ алдында µнерімді кµрсетіп ж‰рмін.

«Ясауи» тобыныњ кµркемдік жетекшісі Елдос Еміл Алтынбек пен топ туралы:

Негізі Алтынбек – контрабассист. Єн айтуѓа бейімі бар, топтыњ орындайтын єуендерініњ жоѓары дыбыстарын Алтынбек алып ж‰р. Топта, негізінен тенор мен баритон дауыстар ѓана. Єрі ерекшелігіміз, музыкалыќ аспаптарды ќолданбауымызда ѓой. Тіпті пайѓамбарымыздыњ µзі адамныњ даусынан артыќ жаралѓан дауыс жоќ дегені бар. Адамныњ даусы кез келген адамныњ ж‰регініњ ќылын тербете алады. Сондыќтан бірден бір аспап адамныњ таза даусы. Бір жанынан шеберлігімізді кµрсетсек, бір жаѓынан адам даусыныњ µзі ерекше єсер ќалдырады ѓой. Жалпы, ТМД елдерінде м±ндай топ жоќ деп айтуѓа болатын шыѓар, ал кµптеген ислам мемлекеттерінде діни єуендер орындайтындар бар. Айта кету керек, олардан ерекшелігіміз ешќандай аспап ќолданбауымызда.
Жігіттерге тоќталар болсаќ, алды отыз жасќа келіп ќалды, ењ жас дегені 26-ѓа ќарады. Жылына, он ай уаќыт далада ж‰реміз. ‡йімізде де бес к‰н, бір апта уаќыттан боламыз. Жаќында жања альбомымызѓа енетін єндерді жаздырттыќ. Енді єрлеу, техникалыќ жаќтарына мєн беріліп жатыр. Б±рынѓы екі альбомнан ерекшелігі оѓан тањдамалы шыѓармалар мен жања єндер енгізілмек. Топ жања ќ±рылѓан кезде сегіз адам болдыќ, кейін он бір адам болѓан кездер де болды. Аќырында жеті адамѓа т±раќтадыќ. Арамызда музыкалыќ сауаты жоќ жігіттеріміз де болды. ‡лкен сахнаѓа шыѓатын болѓан соњ, талапќа сай музыкант жігіттерді ќабылдадыќ. Фонограмма ќолданбай, µз даусымызбен айтатын болѓандыќтан тек кєсіби музыканттар ѓана ќалды. Топ 2000 жылы ќ±рылды, алѓашында кµне т‰рік тілі мен шаѓатай тілдерін араластырып айтып ж‰ретінбіз. Т‰сіну ќиын болды. Ќазірде араб жєне ќазаќ тілдерінде орындап ж‰рміз. Соњѓы уаќытта бірыњѓай хикметтерді орындап ќана ќоймай, халыќтыњ с±рауымен, ќара µлењдер, халыќ єндері, жырлар айта бастадыќ.

Єзірлеген Аскар Актобеден
kurmanay@ok.kz

ќара ќыз
25-04-07 08:15
Вейбарыс бізді тїбі ќўртатын сіз сияќты ўлтшылдар!
Эма
24-04-07 13:40
Beybarys өз ұлтыңның көсемдерін атап шықшы.
СӘНИ
24-04-07 13:12
Кешегі Димекең де жұманы оқып
Шариғатты білген ғой бойлап тегі
Тек құдайдан қорыққан текті атамыз
Мәскеудің сан қаулысын жоймап па еді
Өліктерді өртейтін Алматыда
Криматорий салдырмай қоймап па еді
Дүние жыйып нәпсіге ермеген соң
Қырық жыл елге басшы болмап па еді
Сол Алматы бұл күнде тәнін сатқан
Тірі өлікке толар деп ойлап па еді

Beybarys
23-04-07 14:14
Sen ozin kai Beybaryssyn?
Beybarys
22-04-07 12:29
Бұл Бейбарыс қай Бейбарыс?
Beybarys
21-04-07 08:14
Йассауи тобы Сматулланың етегін сүйгендерден тұрады емес пе?
Біз ұлтжандымыз дейді Олай болса айдаладағы ауған ауып келген шетелдікке неге табынады?
Ұлтшыл болу үшін ұлтыңды және өз ұлтыңнан шыққан көсемдерді ғана сүю керек.
мен
20-04-07 15:22
Мен оларды колдаймын
Айна
12-04-07 15:32
Йассауи тобы олар зікіршілер. Яєни олардыѕ јндері де, кґздеген маќсаты да істеген ісі де аты айтып тўрєандай йассауидыѕ атын жамылып сматуллаєа табыну болып табылады. Ќазаќстан телеаранасынан бўрын кеткен топтыѕ бўларєа тікелей ќатысы болєандыќтан, олар кетісімен бўлар даыѕ да їні ґшті. Лайым солай болєай.
Досай
maza.77@mail.ru
12-04-07 11:50
...Йассауи тобы аман болсын...
Джоли
zhakamers
12-04-07 10:35
Иа мен сизге толык косыламын.маганда катты унады.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube