Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу
English talk
Правила
Поиск по разделу
Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия












Общение

Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Туған жер ыстық әрқашан

страницы:    2   1    в начало »   

Авторы Xабарлама
А7
05-06-07 16:19
Құрметті достар!Барлығымызға туған жеріміз Қазақ сахарасы қандай қымбат екенін түсінемін.Сондықтан бір уақыт туған жеріміз туралы өлең-жыр енгізіп, оның байлығы мен алыптылығын дәріптеп қоялық.

Авторы Жауап
Алуа
aluat03@inbox.ru
01-04-14 18:18
Блин комектесиндерши оздерин шыгарган такпактарын бар ма?туган жер туралы
Saliya Suindykova
saliya_1996@mail.ru
16-03-14 18:01
Ауылды аңсадым, тәкәппар тауымды аңсадым
Арқалап жүрмін қазір мен ауыр қанша мұң
Ауасы тарлау қалада ауаның жері
Ауыр бір дертпен бұл менің ауыр қанша ағым

Сағындым бәрін, өлердей сағындым бәрін
Сағым қырларым, құмдарым, қалың мұңдарым
Сұрай да алмай қалдым-ау сабырым таусып
Сарғайып жатыр көз жұмған қартымның хәлі
Сағындым бәрін, өлердей сағындым бәрін...
Aruzhan
Aru_vip_00
13-03-14 20:58
Отан десем оралады ойыма
Ақсақалды, ақ шапанды қария,
Туған жерім - құт мекенім, дариям,
Егеменді елім, туым, әнұран,
Қанатымды қағып ұшқан жанұям.

Осы жолды аңсап еді еліміз,
Ар-намысты батыр туған жеріміз.
Мақтан етер бай мұрасы, салты бар,
Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар.

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары... Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін.
Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 20 жыл өтті. Қазақстанның жиырма жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар.
Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние жүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып жатқан қыруар істері дәлел бола алады. Кемеңгер Елбасымыздың «Қазақстан – 2030» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешекте Қазақстан мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін.
«Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын.
Барша Қазақстандықтарды елімнің мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, ашық аспан көгінде қалықтаған қырандай еркіндік пен даму, асқан бақыт және шексіз қуаныш, биік белес пен шығар шың тілеймін.


Аружан
13-03-14 18:14
Достар маған туған жер туралы шығарма керек еді. Өтініш тауып жатсаңдар мына нөмірге хабарласыңдар. 87057296077
журсин
jursin_99.249@mail.ru
05-02-14 17:24
Көмейнен кәусәр жырлар ақтарған.
Шабыт алып көкте тұрған шоқтардан.
өртенген-өзі, өртеген талай жүректі
сезімі-өлең .өлені-өмір боп қалған
жыр жаухары махабатпен сомдалған
Үзік сырлар қызғанышпен мұнды арман
Қаламгерлер өлең көшін әкелсін
Әр тармағы сағынышпен сырланған
Күтеді бақыт ақынды сірә көп алдан
Жүректе- туып,жүректе ғана жырланған
Өмір сүрде өленге сен ей халқым
Себебі өлең өмірлерден құралған
Жыр қанатты мініп ап пырақтарға
Арта қалған асуда, қыраттарда
Түнге асылған жұлдыздай туындысы
Енді бізге келместей жырақтарда
Биік қойған сағыныш сары өленің
Өзіңнен үлгі алады жас өренің
Поэзяға қолтаңба қалатындай
Бейнеңнен айтылмаған сыр көремін
Түнгі аспан шуағы арайлы
Мін тағып жұлдыздар қарайды
Жетімдей жылаған сезімдер
Сағынад Рүстем жанайды.

Малика
princesska.001
04-02-14 15:15
ооооо барыне РАХМЕТ
Olzheke
vip_besoba@mail.ru
29-12-13 15:14
Менің туған ауылым - Қарағанды қаласы Қарқаралы ауданы Бесоба ауылы. МЕН ӨЗ АУЫЛЫМДЫ МӘҢГІ СҮЙЕМІН
нуржамал
kadirbekova2002
11-12-13 16:41
туған жер адам өмириндеги киели орын
карина
adil_karina
03-12-13 18:27
Туган жерим байтак елим
Туган елим оскен жерим
Сыйлаймы да коргаймын
Ол туралы ойлаймын
айсәуле
aisaule.003.@mail.ru
26-11-13 09:01
маған туған жер туралы ойдан шығарылған өлең тауып беріңіздерші
алтаев саят
altaev.sayat.boxs@mail.ru
24-11-13 10:41
Атымды халқым қойған соң
Қайтіп надан болайын.
Халқым надан болған соң
қайда барып онайын!
Айша
aisha-003@mail.ru
25-10-13 09:50
ия
Aselia
aselia.adai-99_99@mail.ru
09-10-13 09:24
Шагалали Шардара
балбобек
asilbekoba03
13-05-13 13:33
туган жерге деген сагыныш
айбол
aibol1902@mail.ru
13-04-13 08:42
туған жердің ауасы да шипа
Аяжан
09-04-13 21:11
туған жердің ауасы өте шипалы .Олардың ішіне Көкшетау өңірін айтуға болады .
Сана
найманка жалайырка
22-03-13 20:49
Ой қойыңдаршы тегі Ұлытауға еш жер жетпейді бәрібір
Максат
maxamir@mail.ru
22-03-13 13:43
Маган оленнин созин тауып бериндерши. Жупар иси анкыган туган жерди сагындым. Деген
НУРИ))))
Nuri_zhan4iik@mail.ru
15-03-13 10:20
жаман емес)))))
Әлішер
adilbekov_alisher@mail.ru
06-03-13 19:35
Бәріңе рахмет достар
Ақмейір
erketai.2001@bk.ru
05-03-13 17:50
Анашым менің анашым
Ақылшымсың данасың
Жанымда жүрші әрдайым
Жетелейтін баласын
Ақмейір
erketai.2001@bk.ru
05-03-13 17:48
Туған жерім тірегім
Елжірейді жүрегім
Туған жерім асылым
Ата - анамдай сүйемін
кошка на сапогах
13-02-13 19:07
Алыс кетсем, мен сені аңсай жүрем!
Сағыныштан өзіңе ән сап жүрем, туған жер!
Ауылымның түтіні қымбат маған,
Қымбат маған белдері күн қақтаған, туған жер!

Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!

Көзді тартып жайнайды-ау далаң гүлден,
Қасиетіңді қашан да балаң білген, туған жер!
Бұл өмірде, шіркін-ай, не жетеді,
Құшағыңда әкем мен анам жүрген, туған жер!

Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!

Сенсіз ән-күй жанға саз береді ме?
Жарар ма екем сәл ғана керегіңе, туған жер!
Сенсіз көрген жарығым су қараңғы,
Сенсіз көрген қызықтың керегі не, туған жер!

Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!
кошка на сапогах
13-02-13 19:03
ТУҒАН ЖЕРГЕ САҒЫНЫШ
Сағыныш мені жетелеп өткенді аңсап еске алдым,
Балалық балғын сол бір кез ойыма менің оралды.
Аңсадым өткен күндерді алаңсыз біздер өткерген,
Балылық балғын дәуренді шаттықпен біздер өткерген.

Келемін беттеп ауылға, алыстан сапар шегіп мен,
Қауышқым менің келеді туған жер туған еліммен.
Қырғада шыққым келеді аулыма әсем сән берген,
Көз салып көргім келеді айдың көл дала жерімді.

Жүрегімде бар бір сезім сөзбенен айта алмайтын,
Толқума әлде білмедім жанымды баурап барады.
Өткенді ескеап санамда, іздеймін күннің шуағын,
Есіме түссе жайсыз кез, жүрегім сыздап қалатын.

Сағыныш мынау сарғайған жетелеп мені келеді,
Ауылдың көріп төбесін қуаныш жүрек кернеді.
Түсе сап мына көліктен жусанын алдым даланың,
Құмарланып мен иіскеп жанарға тамшы оралды.

Алыста жүріп шалғайда сағынып қаптым жерімді,
Ағайын туыс барлығын алты алаш мына елімді.
Тау тасы маған ыстық боп жанарыма жас оралды,
Тоқтата алмай өзімді ырқына жасты жібердім.

Сағыныш жасы бұл менің бұлақтай ақан жанардан,
Бетімді менің ол шайып өткен күндерді еске алдым.
Ел жерді көріп жасарып еңсемді қалқам көтердім,
Сүруге өмір құштар боп жерімде қалқам мен тұрдым.

Түсірдім бала күндерді сай сала қуып жүгірген,
Асықта ойнап таласып, доптыда қуып бір жүрген.
Ауылдың маңын думанғып жатушы еді ауыл балары,
Үлкендер шығып қыр басы әңгіме дүкен құрушы еді.

Кеш бата қайтып өрістен малдары оның жататын,
Қозы лақ қойлар жамырап қарбалас болып жататын.
Қазанда қайнап кешкі ас, ошақта оттар жанатын,
Дастархан әр үй мәзірлеп, мәре сәре болып жататын.

Ыстық қой соның барлығы айналдым сенен туған ел,
Өзіңде жүріп есейіп,өзіңде жүріп мен өскем,
Тал терек мына сенде өскен куә ғой соның бәріне,
Айлы аспан мына ауылым куә ғой соның бәріне.

Сағыныш сазды әуені тербеткен менің жанымды,
Өзіңе деген туған ел айтарым көп қой бір менің.
Өзіңде өскен бір балаң сағынышпенен оралды,
Жүректен айтқан бұл жырды өзіңе аулым арнадым.
кошка на сапогах
abi_zh@mail.ru
13-02-13 19:00
просто супер мне нравится все стихи !!
назерке
динара жаным
13-02-13 16:02
ой казакстаным коркейе берсын

Asem
kurmanbaeva-2001
12-02-13 17:20
Баринизге салем!маган Туган жер туралы олен шыгарып беруинизди отинемин!Алдын ала алгыс айтамын!
Asem
kurmanbaeva-2001
12-02-13 17:18
Бәріңізге сәлем!Маған туралы өлең шыңарып беруіңізді өтінемін!Алдын ала алғыс айтамын!!!
aigerim
kaumetova03@mail.ru
08-02-13 15:05
туған жер әнінің сөзі деген жолдар барма
еркежан
erke.@list.ru
07-02-13 18:30
Туған елім, топырағыңа не жетер?
Өз басыңа нелер келді, не кетер?
Отанынсыз тірі жандар не етер,
Отаным жоқ, жетіммін мен деп өтер.

Таң шапағың аймалайды жүзімді,
Сағындым мен қысың, жазың, күзіңді.
Жүрегіме мәңгі салған ізіңді,
Елестетіп бір тамшы жас үзілді.

Айналайын, дархан далам, кең далам,
Бір һзіңді арқа тұтар мен балаң.
Сұлулықтың сырын жидың сен маған,
Сен сияқты дархан болам, кең болам.

Қойнауыңда қазына, құт-береке,
Сенде өткізген әрбір күн бұл мереке.
Жадыратар жанымды бұл сен екен,
Құшағыңда құлдыраған бұл мен екем.

Тауларым бар мендей сен бол биік дер,
Қойнауында ойнақшыған киіктер.
Баурайында бұлақтары құйып тұр,
Өз байлығын өзендерге жиып тұр.

Топырағың жаратты асылдарды,
Артқа тастап сан жылдар, ғасырларды.
Саған деген махаббатым басылмайды,
Мәңгілікке нұрың солай шашылғай-ды!
гулмира
Gula_m-16@mail.ru
07-02-13 16:36
туган олкем караганды шыгарма поже\\өөөөө

Ауылдын кызы
Ауылдын кызы
05-02-13 22:43
Турсынбектiн \"Туган жерге сагыныш\" деген оленi тамаша екен.Тiптi жылап та алдым. ТАЛАПТЫны сагындым...
асем
zairova02
17-01-13 08:43
рахмет
Айбике
zhagiparova_aibike@mail.ru
11-01-13 19:44
Шықшы тауға, қарашы кең далаға
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Уа, дариға, алтын бесік туған жер
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей
Ақын болмай тасың болсам мен егер

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің
Нендей күйге жүрегімді бөледің
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім

Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім
Қызығыңды көріп еркін келемін
Сен де аямай бердің маған барыңды
Мен де аямай барым саған беремін

Болдым ғашық туған дала мен саған
Алыс жүрсем, арманым - сен аңсаған
Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың
Өз советім - өзім туған босағам

Тұрсынбек
Tursynbek-
15-12-12 06:52
АУЫЛЫМ СЕНІ ЕСКЕ АЛАМ.

Ұзаққа сонша қарадым, тау, тасқа мынау далаға,
Әр талың, бұтаң, жусаның, ыстық қой маған әр уақта.
Тастақты қуып сарқырап, Аспара өзен ағатын,
Мәз-майрам болып балалар, суғада түсіп жататын.

Қой тастар мында көп еді, қалмапты бүгін біреуі,
Секіріп сонда ойнаушек, балалық балғын кез еді.
Әкелер атын суғарған, аналар алған мұнан су,
Айналдым менің Аспарам, еске алам сені мен тегі.

Бүгінде жоқ қой ауылым, қалмапты одан белгіде,
Тек қана көңіл шіркіннің, құлазығанын қарашы.
Көрсетер балам бұл жерден, үйдіңде орны қалмапты,
Жүрегім менің егіліп, жанымда мұңға бөленді.

Егістік дала болыпты, баяғы менің ауылым,
Көзіме келіп қалыпты, ыстық жас тамшы оралып.
Еске алдым сол бір ауылды, елес боп көзге оралды,
Бар еді онда көшелер, жоғарғы, орта, төменгі.

Төбелі сайлы орыны, ыстық қой сол бір ауылдың,
Орныңды көріп бүгінгі, қан жылап тұр ғой жүрегім.
Қаз қатар тұрған үйлер жоқ, сән берген туған жеріме,
Қалыпты шетте мазарлар, өткен күндерге ол белгі.

Алпысыншы жылдардан, ауылдан елдер көшіпті,
Жақсы бір өмір іздесіп, қара жол бойын қоныпты.
Ақ шатыр үйлер салысып, жақсылық жолын қалапты,
Бақытты ұрпақ болсын деп, жаңаша өмір құрыпты.

Беу жалған мынау дүние, кімдерге пана болмаған,
Қалауын тапсаң қаланып, тарихыңды олда құраған.
Бабалар салған сол жолдан, айнымас бидас ұрпағы,
Оқ бойы озып әр кезде, артық боп әр кез тұрады.

Кешегі тастақ бұл бір жер, мекені болды бидастың,
Арықта тартып, жер жыртып, еңбекті онда мол төккен.
Терекпенен тал тігіп, бау бақшамен жайқалтқан,
Жер жанатын жасаған, жайсан менің ел-жұртым.

Кешегі бала, жігіттер, болған ғой бүгін ақсақал,
Кешегі қыз бен келіншек, бүгінде әже ақ шашты.
Бұл бір құбылыс табиғи, қайталанып келетін,
Ғасырлар солай жалғасып, күндерде солай өтетін.

Қаншама өмір өтседе, ұрпақтар жалғар өмірді,
Мінекей бидас руының, жиналды үлкен-кішісі.
Бабаларды, аруақты, еске алып бата оқысып,
Сәуірдің мынау күнінде, ас берісті жиылып.

Өткенді ұрпақ ұмытпа, қадірлей білгің әр қашан,
Бабалар мұра қалдырған, Аспара сенің мекенің.
Айбарлы бидас руының, жалғасы сенсің жалғанда,
Шыққан бір текті ұмытпау, парыз ғой әр бір қазаққа.

Қояйық халқым ел жұрт боп, белгіні сол бір ауылға,
Ұрпақтар келер ұмытпай, еске алсын Қызыл Еңбекті.
Бабалларымыз мекен ғып, жалғанда ғұмыр өткізген,
Туған жер, туған еліміз, Аспара ыстық мекен бар,
бидастай менің рухым бар.
10.03. – 15.04.2012ж

анель
honnan.anel
12-12-12 13:22
мен елимди суйемин шыгарма
Айсауле
ajsaulea@mail.ru
05-12-12 20:11

Туған жер, өзің дегенде Печать E-mail

с., ә. Б. Тәжібаевтікі

Алыс кетсем, мен сені аңсай жүрем!
Сағыныштан өзіңе ән сап жүрем, туған жер!
Ауылымның түтіні қымбат маған,
Қымбат маған белдері күн қақтаған, туған жер!

Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!

Көзді тартып жайнайды-ау далаң гүлден,
Қасиетіңді қашан да балаң білген, туған жер!
Бұл өмірде, шіркін-ай, не жетеді,
Құшағыңда әкем мен анам жүрген, туған жер!

Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!

Сенсіз ән-күй жанға саз береді ме?
Жарар ма екем сәл ғана керегіңе, туған жер!
Сенсіз көрген жарығым су қараңғы,
Сенсіз көрген қызықтың керегі не, туған жер!

Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!
Ероха
туган жер
22-10-12 15:03
Туған елім, топырағыңа не жетер?
Өз басыңа нелер келді, не кетер?
Отанынсыз тірі жандар не етер,
Отаным жоқ, жетіммін мен деп өтер.

Таң шапағың аймалайды жүзімді,
Сағындым мен қысың, жазың, күзіңді.
Жүрегіме мәңгі салған ізіңді,
Елестетіп бір тамшы жас үзілді.

Айналайын, дархан далам, кең далам,
Бір һзіңді арқа тұтар мен балаң.
Сұлулықтың сырын жидың сен маған,
Сен сияқты дархан болам, кең болам.

Қойнауыңда қазына, құт-береке,
Сенде өткізген әрбір күн бұл мереке.
Жадыратар жанымды бұл сен екен,
Құшағыңда құлдыраған бұл мен екем.

Тауларым бар мендей сен бол биік дер,
Қойнауында ойнақшыған киіктер.
Баурайында бұлақтары құйып тұр,
Өз байлығын өзендерге жиып тұр.

Топырағың жаратты асылдарды,
Артқа тастап сан жылдар, ғасырларды.
Саған деген махаббатым басылмайды,
Мәңгілікке нұрың солай шашылғай-ды!
Guma from U-Ka
gumagumagum@mail.ru
15-09-12 19:11
Апамның шығармасы:

Өр Алтай менің жерім,Найман менің елім! арғы жагым Каратайым....
Жағасында Ақбұлқақпен Бұхтырманың кіңдік қаным тамған жерім.
Таулары биік, заңғар көк, заттарына аты сай Қайнар атты тауым бар,
Сарқырап аққан аққан бұлағы,бұғылары тағы бар.
Қара-Шоқы тауым бар, таңқурай мен қарақат жайнап турады қашанда.
Мың-Бұлақ атты тауым бар,өзі жайлау, кең өріс,не керегін табасын.
Кең жайлауда өріп жүреді елігім, рауғаштары желкілеп өседі сай-салада.
Орманы мен жемісі,жайнап тұрған өрісі – Ойсып атты жайлау бар,ата-бабам мекені
Мекендеген аңдары – аю,қасқыр, түлкілер;кезіп жүреді орманды.
Бөкен атты аңым бар, қарасаңыз көз тоймас.
Сары-Шоқы даласы – кең-байтақ, үлкен өрісімен шабындығы жайнап тур.
Балғарағай өседі төр жайлаудың тосінде,\
Армансыз жесең болады, жерінде өскен жидегін.
Көз ұшында жатады Шындығатай таулары;ондағы аң мен қусқа шек жок.
Келеді онда Европа өкілдері зерттеуге.
Жануарлардың саны көп:сапасы Еуропаға әйгілі.
Ну орманы кең-байтақ, жері өте құнарлы: қазық қақсаң өседі.

Арасаным тағы тағы бар,шипалы суы қайнап шыққан жер астынан.
Арасаннын беткейінде отырады малшылап қымыз сауып,
Қымызының саумалы тәтті балдың дәміндей; тең келмеес еш жердің қымызы
Қатон-Қарағай жерінен аямаған Аллам барлық жақсылық пен молшылықты.

Көк-Көл жатыр алыста,ну орманды жағалай.
Жеріндегі шөптері мен гүлдері дәрі болып шығады.
Мыңбұлақтың арғы беті «Бадан чаймен»,тау сарымсақпен көмкерілген.
Етегінде орманның көкбүлдірген өседі,
өзі дәмді, өзі ем:бүйрегіңді емдейді,
Самырсын ағаш өседі,майы болса дәрі ғой.
Алысқа бармай көресің суыр менен борсықты.
Марал менен бұғысы мыңдар өседі бұл жерде,
Теректері сылдырлап,аңгімесін айтады,
Қайыңдары еңкейіп,мұңдарын олар шертеді.
Талдары болса тобылғы,қамшыға сап болады,
Тастарынан аққан май, дарі болып табылады.
Бал арасы тағы бар,балын жесең оның сен жеміс жегендей боласың.
Қатон-Қарағай өлкесінің балына таң қалады еліміз.
Зәулім ағаш – Қайтерек пен Қарағай: жақсаң отын,тілсең тақтай.
Катон-Қарағай өлкесі көміртегін қолданбайды,отқа жағады қарағай.
Жазғытұры тасиды, ағаш басына шыққандай- Ақбұлқақ пен Бұхтырма.
Екі ауыл арасы қатынаспай қалушы еді бұрында.
Қазір екі көпір бар:студенттер күшіменен салынған.
Суына Ақбұлқақтың кір жусаң кір сабынмен,көбігі төгіледі ыдысыңнан,
сусабын қосып қойғандай. Сілкіп жайсаң киімді үтіктеу де керек жоқ.
Алланың жаратқаны Катон-Қарағай өлкесін.
Суын ішсең тоймайсың, ауасын жұтсаң таңертен,башпайына жетеді.
Сондай менің туған жерім, КАТОНЫМ!
авторы:Туматаева Гүлжан Қанышқызы 1954 ж.т. туған жері Берель.

аэлита
ailita_1999_98@mail.ru
10-09-12 11:50
менің туган жерим Атырау қаласы, Туған жерім -алтын бесігім жәнеде туған өлкем әрқашанда ыстыққ


страницы:    2   1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail: (будет виден всем)
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2014   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Интернет-агентство «Браффорд»Реклама | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создание и управление —
«Ижанов и Партнеры»