Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу
English talk
Правила
Поиск по разделу
Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия












Общение

Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Бала тәрбиесі

страницы:    2   1    в начало »   

Авторы Xабарлама
Қаракөз
14-11-04 04:36
Қазіргі заман жағдайында бала тәрбиесі жөнінде сөз қозғайық, бауырлар. Қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен қорғау және дені мен рухы мықты ұрпақ өсіру жайлы пікір алысайық.

Авторы Жауап
Молдир
molya_taraz@mail.ru
19-05-14 15:54
Суйинши !!! Алғаш рет қазақтилиндегі жүкти аналарга арналган андроид программасы шыкты.Аты \"Мен анамын\"
*Әр аптада сәбидің салмағы мен өлшемін біліп және көлемі қандай жеміс-жидекке ұқсайтынын көре аласыз.
*Болашақ аналар өздерінің тәбеті,сырқат белгілерін және көңіл -күйлерін жазуларына болады.
*Бос уақыттарында болашақ сәбиіне есімдер тандауына болады.800-ден астам есімдер және олардың барлығы мән -мағынасымен жазылған.
Google Play-дагы ссылкасы https://play.google.com/store/apps/details?id=com.moldir.diploma
Акнур Абдуллаева
luchik_best@mail.ru
23-10-13 08:48
Бирде бир киси кишкентай баласы татти жеуин койдыра алмай баласын бир галым кисиге алып келген екен.Ол галым киси оте дана болгандыктан халык оган турли киын маселелерин шешуге акыл сурап келеди екен.Алги кисинин баласынын жагдайын мукият тындап алып еки аптадан келулерин отинеди.Жанагы киси жарайды деп баласын еки аптадан кейин галым кайта алып келеди.Сонда галым киси баланын басын сипап Енди татти жеме деп айткан екен.содан бери кишкентай бала татти жеуин токтатыпты.танкалган баланын акеси галымга кайта келип танкалысын айтыпты.Сонда галым озимнин еки апта бойы кант жемеуиме тура келди деген екен.Сондыктан айтарым балага озимиз орындамайтын нарсени айтпастан бурын озимиз сол нарселерден бас тартайык!Акеси темеки шегип,арагын ишип онын денсаулыкка зиянын баласына айтканмен балага онын тук асери болмасы созсиз.менимен келисерсиздер деп ойлаймын.
тлектес
tika85
11-06-13 19:29
менин кызым 2 де ал улым 2 айлык. кызым баламды еркелетсем кызгананы калай тарбиелесем екен акыл берсендер екен
Bagdat
25-04-13 19:39
byl ote ote orindi is eken birak mende bala jok kargada oz balasin appagim deidi kim balasin jaman bolsin deidi
аманкул
miras-ramazan mail.ru
08-04-13 15:51
менің үш балам бар, үшеуі де ер балалар, Болашақтары қатты алаңдатады. Себебі үлкен балам бірінші күйеуімнен. ол кісі қайтыс болды. Екінші рет түрмысқа шықтым. екі балам бар.
Айгерим
aiko_1306@mail.ru
08-03-13 19:01
менин кызым 4те, ал улым 2де. кызым нервная ашушан ештенени котермейди, кейде бауырын тистеп, тырнап, согып алады. ал сабак жагынан, сурет салу жагынан оте жаксы. кандай акыл кенес бересиздер? жауапсыз калмасыншы.
Жұмаділов Абылай
abilay2010@mail.ru
20-02-13 12:09

Тәрбие тал бесіктен басталады
Қазақ халқы әуелден-ақ бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, оны ата-ананың борышы санаған. Өйткені, бала – болашақ иесі. Оны Аллаһ жаратқанда жаман болсын деген жоқ. Сол себепті келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік әрдайым қатал сын саналған. Баланы өсіру, оны азамат етіп тәрбиелеу – елдік мәселе. Оның алдан күткен бағыты, үміті күмәнді болса, не болмақ? Сол үшін де халқымыз бала тәрбиесін жөргегінен бастаған. Сәби өмірге келгенге дейінгі қамқорлықтың өзі үлкен сын, ауыр сынақ боларын білгеніміз жөн. Ұрпақ өсіру жолында қазақ халқында қалыптасқан небір тамаша салт-дәстүрі бары да сондықтан. Құрсақ тойынан басталған рәсімнің, отау тігіп, шаңырақ көтергенге дейін сан алуан ғұрыппен астасуында да мән бар.
Қазіргі уақытта баланың сана-сезімін улайтын телеарнадағы түрлі ұрыс-керіс, атыс-шабыс, алдау-арбау, жазықсыз жанды оп-оңай тонай салу секілді бейне көріністер мен автомат ойындары және тағы басқа да алдамшы батыстық желөкпелік желігіне телміре қарау өз алдына тіпті, өмірде соларға еліктейтіндер де бой алдырғандар да баршылык. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бала психологиясына кері әсерін тигізбей қоймайтыны сөзсіз. Әттеген-айы сол – осылардың барлығының алдын алуға болатын, әсіресе, оның иманды ұл-қыз қалыптастырудағы басты шарт екенін, бірақ көпшілігіміз аса көңіл бөле бермейтін қарапайым ғана бір ақиқат бар. Осыған мысал ретінде бір ғибратты оқиғамен баян етпекпін. Қалғанын оқырман өзі сараптап алар деген ойдамын.
Ыстамбұл шаһарында Сүлеймения мен Шахзадабасы мешіттері арасында Уафа хазретінің қабірі бар. Өз заманында аты баршаға мәшһүр болған бұл кісі бай мен кедейге бірдей мейірбан да, әділ болған. Күндердің бір күнінде бір сүт сатушы әйел Уафа хазреттің құзырына келіп, тізе бүгіп отырды. Оның түрінен бір қиын жағдайға тап болғанын байқаған хазрет сатушыдан:
– Балам, бір бұйымтаймен келдің бе?– деп сұрады.
– Тақсыр, сізге қалай айтарымды да білмей отырмын,– деп бастады сатушы.
– Қысылмай айта бер,– деді.
– Мен сүт сатып күнелтіп жүрген адаммын. Сіздің ұлыңыз менің сүт тасып жүрген шелегімді тесіп тастады. Бүгін, міне, алтыншы шелегімді бізбен тағы да тесті. Өзіңіз көріп отырғандай, мен бір кембағал жанмын. Енді не істерімді білмей отырмын,– деді сатушы.
– Баламның тентектігі үшін кешірім өтінем. Сен, оған қайғырма, бір мәнісі болар. Әзірге мына ақшаға бір шелек ала тұр. Мен істің себебін анықтаймын,– деп сатушыға азын-аулақ ақша ұстатты.
Сатушы одан сайын қысылып, басын көтермеген күйде алғысын айтып үйден шығып кетті. Уафа хазреті үйіне жеткенше «Балам неге мұндай бұзақы іске барды екен? Оған не себеп болды?» деп ойлаумен болды. Үйіне келісімен әйелін шақырып:
– Ақылдасатын шаруа бар. Біздің баламыз бір бейтаныс сүт сатушының шелегін тесіп, бұзақылық жасапты. Бұған не себеп болды екен?– деді. Әйелі:
– Үйге азық-түлікті сіз алып келесіз. Егер арам нәпақаның кесірінен болса, оған сіз кінәлісіз,– деді. Ол кісі байсалдықпен әйеліне:
– Мен көп ойландым, бірақ қандай қателік жасағанымды білмедім. Сен де жақсылап есіңе түсірші. Бұл қателік сенен яки менен болуы мүмкін,– деді. Әйелі сыртқа шығып кетіп, көп ұзамай қайта кіріп:
– Отағасы, менің есіме түсті,– деді басын төмен салып.– Мен осы балама аяғым ауыр кезімде көрші әйел тамаққа шақырған болатын. Сол үйде қонақта отырып, дастархан үстіндегі апельсинге көзім түсіп, көңілім қалап, жегім келді. Сол жерде үлкен әжелердің: «Аяғы ауыр келіншек жерік болған нәрсесінен ауыз тимесе, баласы әлжуаз болып туылады» деген сөзі есіме түскені. Жеріктік дерті және оған қоса үлкендердің сөзінен соң «Баламның бір ағзасы кем болып қала ма?» деп те қорықтым. Бірақ, үй иесінен сұрауға ұялып, бата да алмадым. Сосын оған бір шыны су алып келуін сұрадым. Осы сәтті пайдаланып, жағамда түйреулі тұрған түйрегішпен әлгі апельсинді тесіп, сорып іштім,– деп сөзін бітірді.
– Міне, міне, бар бәле, бар кілтипанның көкесі де осында ғой. Енді сенің қателік жасағаның белгілі болды. Сен, тез арада сол көршіден барып, кешірім сұра,– деді Уафа хазреті.
– Қойыңызшы, арада қанша уақыт өткенде сол болмашы нәрсеге бола қалай кешірім сұраймын?– деп жұбайы наразылық білдірді.
– Жоқ, ол көрші әйелден міндетті түрде кешірім сұрауың керек. Аллаһ алдында біреудің ақысының үлкенді-кішісі болмайды. Сен, не болып жатқанын білесің бе? Біздің ұлымыз қазір небәрі алты жаста. Осы оқиғадан кейін 5-6 жыл өтпей жатып, сенің қолыңдағы түйрегіш бізге, ал апельсин шелекке айналды. Сенің жасаған қателігің баламызды бұзық іске жетелеуде,– деп әйеліне мән-жайды ұқтырды.
Ақыл иесі үшін осы бір қысқа ғана хикаяда қаншама мән-мағына, мол ғибрат бар десеңші?! Бала бойындағы елп еткен жат қылық нышанын аңғартып қалсақ, «Неліктен ұл-қыздарымыз мұндай теріс қылықты болып барады?» деген сауал тілге тиек, сезімге тірек болып, баршамыздың көкейімізде шырақтай жылтылдап тұрса да, шыныңызды айтыңызшы, оның себеп-салдарын іздейміз бе? Әрине, жоқ. Әлбетте, ойлансақ, бейтарап қалдырмасақ, қаншалықты олжалы болар едік. Шынтуайтында, хикая кейіпкері тақуа, діндар Уафа хазреті тәрізді әрбір ата-ана бала тәрбиесіндегі кемшілікті өз бойынан іздеп, жіберген ағаттығын түзете білсе, нұр үстіне нұр болмақ. «Ата көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» деп бабаларымыз ұрпақ тәрбиесінде әке-шеше маңызды рөл атқаратынын дөп басып айтқан. Демек, бала тәрбиесі ана құрсағынан бастау алып, ананың ақ сүтімен дарып, әкенің үлгі-өнегесімен өріс таппақ. Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әкенің баласы үшін жақсы тәрбие беруден артық сыйы жоқ»,– деген (Бұхари мен Мүслим). Бала тәрбиесі – маңызды және күрделі мәселе. Сол себепті әуелі ата-ана өзгенің тапқан табысына, адал тауып жеген күнделікті тағамына, тағы басқа іс-әрекеттеріне аса мұқият болуы қажет. Мұның баланың биязы, көркем мінезді және ең бастысы, иманды ұл-қыз болып қалыптасудағы орны айрықша

Абылай
abilay2010@mail.ru
20-02-13 10:23
Бала тәрбиесі әуелі бала дүниеге келместен алдын басталады мысалы айтар болсақ екі ерлі зайып үйленген уақытта ешқандай күна істер істемесе харам тамақ жемесе сонда бала дүниеге келгенде ерекше жан болады сол кезден бастап бала тәрбиесі тал бесіктен басталады, ең біріншіден ата анасы иман жүзді мейірімді білімді болса бала шағалары да сол ата анасына қарап үлгі алып тәрбиелі болады қазақ атамыз анасына қарап қызын ал депте бекері айтпаған қыздың анасы иманды, инабатты, ибалы болса оның қызыда анасы секілді тәрбиелі болады, ал әкенің тәрбиесі де балаларына өте маңызды әке байсалды, сабырлы, жомарт болса балада әкесіне қарап тәрбиеленеді. Ал кәзіргі уақытта көбінесе балалар теледидардан неше түрлі филімдерді көру арқылы тәрбиеленіп өсіп жатыр кейбір отбасында отағасы ішімдік ішіп баласына тәрбие берудің орнына баланың психалогиясын бұзып жатыр, баламен ойнасаң күлерсің итпен ойнасаң үрерсің дегендей кейбір әкелер үйге мас болып келіп әйелінің қонында емес даладағы иттің қойнында итпен бірге үріп жатқан әкелер аз емес. Балаларымыз тәрбиелі болсын десеңіздер ең біріншіден өзіміздің тәрбиемізді түзетейік.
Анар
anar.84.07.08 mail.ru
18-02-13 10:39
Саламетсиздерме. менде бала тарбиесин коп ойлаймын. Мен 5 жасда кызым, 3 жаста улым бар.солардын тарбиесине коп аландаймын.
ЖАННА
Zhanna.saduanova@mail.ru
13-02-13 17:14
Бала тарбиеси омирде манызды роль аткарады,кишкене бир жерден кате кетсе омир бойы сол катенин жемиссин жеймиз,менин ойымша мына киын заманда бала туудын кажети де жок.Омир киын кай жерге барсанда жумыссыздык,уй жоктык,озинин кара бастарын бага алмай журип омирге бала акелу не тенимиз.
Арман Бимаханбетов
arman.bimahanbetov@mail.ru
12-02-13 12:29
Бала тәрбиесі жөнінде Абай: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады», - деп, осы үшеуінен баланың болашағы шешілетінін ескерткен. Ал, шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің: «Адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамның дұшпаны» – деген сөзін біле жүрген жөн. Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсат-жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Негізгі тұлғаның өз өміріндегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниесінің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін үздіксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу. Ал, кейбір ата-аналар отбасыларында жиі жан-жалдың орын алуы, жасөспірімнің пікірімен санаспауы салдарынан перзенттерінің психикасына кері әсер етіп жатқандарын мүлдем сезбейді. Керісінше, мұндай кезде баласымен үлкен адам ретінде сөйлескені жөн. Оның әрбір сөзін мұқият тыңдап, тең адамша сөйлесіп, керек кезде өз бетінше шешім шығаруына да мүмкіндік беру керек. Жасөспірімнің «өтпелі кезеңде» жүргенін де ескеру қажет. Абай атамыз: «Өмірдің алды – ыстық, арты – суық, алды – ойын, арт жағы мұңға жуық» деген екен. Ендеше, осы елдің ертеңі-жасөспірімдерге ғасырға лайықты тәрбие беру басты міндет екенін ұмытпайық, ағайын.
Сүйініш
siko_s97.kz
31-01-13 13:30
Қаізіргі біздің қоғамымызда бала тәрбиесіне өте үлкен көніл бөлу қажет.Балаларга өнегелі тәрбие беріп,елінің арқа сүйер азаматы болатындай етіп тәрбиелеу керек.
алма
аlmagul-83@mail.ru
26-11-12 11:32
егеде апасы атасы бакпаса нестеу керек?
мерейли
melli_92
07-11-12 09:25
Бала жайлы тарбие козғағандарыныз оте дурыс.Бирак кенес сұрап отырган аналар айтыныздаршы егер сіздер балаларынызға калай тәрбие беруді білмесеніздер калай тұрмыска шыгып жүрсіздер?Сонда сіздер тұрмыска шыкпай тұрганда сол уакытка дейін не істедініздер?
жако
cool.jako
26-10-12 00:19
myna jerde ewkandai bala tarbiesi jaiynda tolyk,sauatty jazylgan ewtene jokko arkim ozinin jeke problemasyn aityp ketken
жадыра
zhadok...84@mail.ru
26-08-12 22:52
курметти окырман кауым! сиздердин барлыктарынызды толгандырып журген бир сурак екен - ол бала тарбиеси,менин сиздерге берер кенесим - негизинде баланы 5 ке дейн тарбиелен ал 5 тен асып кеткен балаларга тарбие беру кеш дегенге мулдем келиспейм. Ен алдымен баламен сойлесу онын ойын тындау.2. баланы урмантексилкилеп оз кушинди корсет.3. балага буйрык берип сойле.4. бала1 жаста болса оган сабырлы оленди коп тындаткыз сонда баланын ойлау кабилети жаксы дамиды бирак оленин магынасы тусиникти болсын.5. баланы 2 жастан бастап жумсап уйретиниз. 6.баланызды 6 айдан бастап 70% катты устанызда калган 30% еркелетиниз орнымен осыны бала жаска толган сайын еркелету % тин аз аздан азайтуыныз тис ол мектепке барганда сиз оны тек 10 % кана еркелетиниз одан артык еркелик болмайды.Баланын нервный болуы ол сизге байланысты оган, 1- себеп сиздин бала тилин тусинбеуиниз осы себепти баланын ар бир созине жауап берруге тисиздер.
такон
tinka_091093
10-08-12 11:34
бала тарбиеси когамдык уйымдарда
зауреш
zauresh_25.78@mail.ru
18-01-12 20:31
маган лериннин тарбие туралы видиосы керек еді срочно менин почтам zauresh_25.78@mail.ru
Жамал
zhamal.89
08-01-12 16:24
саламатсыздарма менин еки кызм бар. улкени 2жастан кетти кишиси 1жастан кетти.мен олардын болашагна аландаймын. кызымды садикке де бергим келмид. ойткени онда арбир адамнын ерке балдары бар. биреуи боктайд.тагы кырсык .сондай минездеримен создерн жатап алама деп коркам. мен кызмды ислам шариаты бойнша уйретким келед. ойткени намаз окитын адамдардын балдарна катты кызыгам.олардын балдары оте сыпайы тариели. сонымен мен кызмды садикке жибермитн болп шештим.оган керегнше ойншык ар турли ертеги сурети бар китаптар алп беруге тырысам. мен онын жаксы ортада осип жетилун калайм. негизи кыз баланы тарбиелеу оте киын сиякты. мен ойлайм кина ата анадаг сиякты ойткени казирги тв.да тарбиелик мани бар киноны корсетпид.ата анасымен отрп ол киноны карайд.онда да ар турли актерлар бар биреуи жаман болп ойнаса баска актер жаксы болп ойнайд бала соган уксап еликтеуи мумкин. мен кыздарма катты конил болем. акесине де айтам олармен ойна конил бол. деп. кыздармды анда санда балдар ойнайтын жерге апарамыз. олар тентек болган жагдайжа акесинен урста естид. кейде урпта аламыз.бала уйде акеснин не анасынан корку керек.жане оларды еркелетипте туру керек .мен оз басым аже не ата тарбиесине беруге карсымын.ойткени ол сонын касында жатад соган бауыр басп калад. ертен ол кайтыс болп калса бала ози сенген катты жаксы корген адамынан айрлп камыгад. оз туган ата анасынан алшактап. бирге туган бауырларнан алшактап кетуи абден мумкин. сондыктан баланы ата анасы оз тарбиесимен тарбиелеу керек. баланын айткан создерн тындап пикирлесу. сырласу нени калайд нени каламайд сонын билу. ар нарсени тусндрп отру. уйде баланын кознше урспау. керек. баланы урп тындатам деп онын ар булдирген нарсеси ушн ура беретин болса балада соган уйренип кететин сиякты сондыктан оган жаймен айтп тусндру кажет
Бахытгуль
baxa_a @mail.ru
04-12-11 14:57
бала тәрбиесі ең алғаш отбасынан басталады. отбасы балалның осип онер ортасы,ата-анасының мейірім шуағын сезінетін ортасы.содан соң балабакша тарбиеси. ата-ана мен балабакша арасында оте тыгыз байланыс болуы керек.сонда гана тарбие мен білім нәтижелі болады.
Murat
mor-peh.1.b.m.p
22-11-11 23:05
bala tarbiesy jonynde akyl kenes
Kypalbek
Haliev1978
09-11-11 20:43
оте орынды масел
Kypalbek
Haliev1978
08-11-11 19:15
балдарымды тарбиелеу кыйындап барады
жанар
Zhanar.1981.17
19-07-11 22:24
оте каркынды суракекен бала т2рбиси менин еки балам бар мени де каты толгандыратын сурак
шырын
funtik.kz mail ru
12-06-11 21:44
Салеметсиздер ме?менин балам 2 жас 4 айда мени уайымдататыны балам балалармен тил табысып ойнауы киын.мазасыз айкайлап.урып тилимди алмайды кейде урып .урсып аламын да артынан коркам дурыс истедим ба деп сестрам неврапатологка ма психологка ма апар дейди не истей керек деп ойлайсыздар
Балауса
akerke0604
01-06-11 21:13
Cалеметсиздерме!Мен жануямда жолдасым балам кызым тортеумиз турамыз! Балам 7 де орыс сыныбында окиды .Онын тарбиеси мени аландатады .Ол ашуланшак не болса соган ашуланып бетин тыржитып мени кеи кезде тындагысы келмеид. мен ойлайм ол орыс сыныбына бергеннен болар деп жартылый орысша жартылый казакша сойлеген сон бала тусинбеи бир турли озгерип бара жаткан сиякты! ЕНди казак сыныбына берген ге кеш .Мен де оны ашуланган кезде урып жиберем жасканшак та болып кетти!калаи басынан бастап тарбиелеу керек .Акыл кенес берсениздер\\"
Ўлбосын
ulbosyn9
21-04-11 11:19
менде казіргі кезде бала тјрбиесіне коп коніл бґлу керек. Себебі ќазіргі
Райгүл
www.raigul.kz
26-03-11 09:26
Менің ойымша, бала тәрбиесі әр кезде басты назарда болуы керек. Ол адамзаттың болашағы. Мейлі, бала 5-те болсын, 15-те болсын, ол бәрібір ата-анасына сол сәби күйінде қалады, сол себепті ата-анасы әр кез оның қамын ойлап жүреді. Бірақ бұл баланың есеюіне кері әсерін тигізуі тиіс емес, себебі ол өз қамын ойлаудан, өз бетінше шешім қабылдаудан қалады. Тәрбиелегенде де баланы болашақта елін, жерін, өз туған ортасын сүйетіндей, құрметтейтіндей етіп тәрбиелеу керек. Ал ата-әже сол тәрбиенің қайнар көзі емес пе?! Сондықтан балаларды ата-әжесін тәрбиеге беру дұрыс деп есептеймін. Келіспесеңіздер, өз ойларыңызды жазыңыздар...
Бакытгул
bakitgul81
16-03-11 15:54
ойын ойыннын манызы тарибеилик жумысы
Нурзила
nuya.91@mail.ru
16-08-10 19:22
Маган комектесе аласыз дар ма. стенд жасау керек еді тәлім тәрбие деген такырыптарға байланысты
Бекжан
Bekzhan_Sagindikov_90
27-04-10 13:01
Мен ойлаймын адам дүниеге келгенде ең алғаш анасын көреді. ұяда не көрсең ұшканда соны ілесің дейді ғой атам қазақ.
Динара
din_91
18-04-10 01:21
Баланын ішкі жан дуниесин білу кажет

Улболсын
smadiyarova.akzh@mail.ru
14-01-10 13:04
Ескі тәрбиенің құпиялары жайында не билесіздер?
баяндамага дайындалу керек! Әр көмегіңізге рахметимді айтамын!
Жанар
tjanar@mail.ru
02-01-10 19:41
Бала тәрбиесі туралы лекция керек.
Али
Ali05@mail.ru
04-12-09 09:01
казіргі жастардыњ кµбі шылым шегеді баска да нашакорлыќты пайдаланады. Єкесі жас болѓанда не колданды, баласы да соны кµреді.Баланы сєби жастан ќолѓа алмаса бала б±зылып кеттеді.
Нургул
03-11-09 16:49
Салеметсиздерме?Менин де 1 жас 8 айлыкбалам бар .Баламнын тарбиесине конил болуге тырысамын.улым ерке ,минези кырсык болатын тури бар.Алдасан гана конеди.Кип кишкентай болган сон урсада алмаймын.оиткени ол тусинбейди гой.егер мен 5 жаска дейин еркелетип одан кейин тартипке салатын болсам кеш калмаймын ба?
Айшат
aishat_89
12-04-09 13:01
Менім ойымша қазіргі заманда ең басты көңіл бөлетін жайт - балаға дұрыс тәрбие беру. Баланы жастайынан дұрыс өсірсе, ер жеткенде сол тәрбие арқылы өзін қоршаған ортаға бейімдейді. Расында да, қарап отырсақ бала өміріндегі ең құпиялы сыр - ана сезімі. Оны ешкім ешқашан біле алмайды. Сондықтан бала өмірін сақтаймын десең, баланы дұрыс жолмен үйретем десең, көп ізден, қолыңдағының барлығын аямай бер, оқыт.т Міне, сонда ғана бала өскен ортасына жақсы бейімделе алады.
Еркежан
ерке_jan@hotmail.com
21-11-08 14:12
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы " Исламда тәрбие" Қазақша материал табуыма көмек сураймын.
Еркежан
21-11-08 13:57
Ассаламалейкум, Сіздерден бір өтініш. Маған бала тәрбиесі жайында қазақша мағлуматтар табуыма көмектесесіздер ме?
саранов жасұлан
13-11-08 08:21
Бала тәрбиесі туралы келетін болсақ баланы 5 жасынадиін еркелету керек ал 5-18 диін сенің құлың сиақты болу керек ал 18-арғараи сенің досың болуы керек ал сендер білесіңдерме Қытаида баланы 5 жасқа диін көтеріп жұреді екен ал ол мәдениетіліке тәрбиелеиді екен


страницы:    2   1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail: (будет виден всем)
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2014   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Интернет-агентство «Браффорд»Реклама | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создание и управление —
«Ижанов и Партнеры»