Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Қандас бауырларыммен қызу байланыс.


Авторы Xабарлама
Сәнтай
m-santay@mail.ru
16-06-07 09:04
Ассалаумағалейкум, бауырларым! Мен "Қазақ.ру-ды" кеше ғана білдім. Білдім де, дереу ішке ендім. Көңіл қуантатын біраз жайлар бар екен. Өте жақсы! Бірақ, көңіліме кірбің түсіргені, жеңіл сөздер жиі қылаң бергендей. Әркім өзін тиісті дәрежеден түсірмей ойын мықтап, сөзін нықтап жеткізгені жөн. Қазақ сөз қадірін білген халық, майдаланбайық. Қазақтық қаны, намыстан жаны күйіп жүрген өзіндік айтары бар ойы өрелі, сөзі жүйелі қандастарымды қызу байланысқа шақырамын!!!
Әзірге бұйымтьайым: өз басым ҚАЗАҚ деген атына кір келтірмей ӨР НАМЫСТАН лапылдаған, ақиықтай жарқылдаған біртуар азамат Мұстафа Өзтүрікті айрықша құрметтеймін. Марқұмның жаны жәннатта болсын.Осы азаматтың ҚАЗАҚ НАМЫСЫН таныту үшін "Алатай" деген фильмде басты рөлде ойнағанынан хабарым бар. Қанша жылдан бері сол киноны көруге іздеп таппай жүрмін. Ендігі сенім: Мұстафамен тығыз байланыста болған Түркиялық бауырларымда. Мұстафа түскен 6 фильмнің барлығын да тауып берсеңіздер бір арманымның орындалғаны болар еді. Осы бұйымтайымды орындаған бауырыма алғысым шексіз. Мақсат: АРЫНДЫ АЗАМАТТЫ кейінгі ұрпақтарға ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ жарқын бейнесі ретінде үлгі етіп көрсету. Ел намысын асқақтатқан ЕРДІҢ ісі еш уақытта ұмтылмауға тиіс!!!

Авторы Жауап
Сәнтай
m-santay@mail.ru
30-12-07 08:39
Берік, талабыңа аса қуаныштымын! Уақыт тығыздау, кейінірек осы мәселе жөнінде кеңінен пікірлесуге уәде беремін. Әзірге мәліметім, Мұстафа ағамыздың нақты қай күні қайтқанын білмедім, ал, жаназасы оқылып, денесін Алматыдан Түркияға алып кеткен күні - 17 наурыз, 1995 жыл. Еске алу кешін ойдағыдай өткізуіңе тілекткспін. Келешекте Республика көлемінде өткізу жоспарымда бар. Кештің жайын айтып хабарлас.
Берік
Berik_mktu@mail.ru
11-12-07 09:02
сјлем Сјнтай маєан Мўстафа бауырымыздыѕ ґмірден ґткен кїні керек болып еді. Еске алу кешін ўйымдастырсам деп едім.
Сәнтай
m-santay@mail.ru
28-06-07 22:21
Рахмет, Әсел сіңілім! Қатты қуанарым, Мұстафаны шын көңілімен қадірлейтін ойлы жастар көп екен. Елі үшін жаралған асыл Ерді елі қалай сүймеске!!! Өзің байқаған оның бойындағы үлкен қүш ТУҒАН ХАЛҚЫН ШЕКСІЗ СҮЙГЕН ҮЛКЕН ЖҮРЕКТІҢ ҒАЛАМАТ ҰЛТТЫҚ РУХЫ болатын!!! Ол түскен қиноны іздеуімнің себебі, саналы жастардың жүрегіне осындай Ұлы Жүректің Ұлттық Рухының Ұшқынын себезгілеу болатын. Сенің көргенің ол туралы документальді фильм. Менің ерекше іздегенім, барша халыққа Қазақтың Ұлттық Рухының Қаншалықты Биіктігін жарқыратып көрсету үшін әдейілеп өзі ойнаған "Алатай" фильмі болатын. Бұл жағынан Түркиялық бауырлар көмек көрсетер деген сенімдемін. Қай жақта екенімді білгің келсе, Шымкенттемін, қызылордалықпын. Ой бөлісіп, хат жазып тұрғайсың.
Әсел
27-06-07 08:36
Сәлеметсізбе Сәнтай! Осы көтерген ойыңыз менің де санамда жүрген. Мустафа марқұмның қазақ еліне келіп, кетуі бір жарық жұлдыздың пайда болып, ағып кетуімен теңдестей. Ол кісі қазақ жеріне келген кезінде елде- халықтың тоқырап, тәуелсіздігін алып жатқан ел едік. Жұмыссыздық, жастар бос жүрген кез. Ол кісінің көзі, жанары ерекше еді. Қасында жүрген сол кездегі жолдастары ол кісі қайтқан кезде кино шығарды. Сол киноны тек жылына бір рет туған күні қарсанында көреміз. Менің бір есте сақтағаным ол кісіде қарапайым адамда жоқ бір улкен күшті көресін. Сол кісі өзінің бар білетін өнерін сол кезде бос жүрген қазақ баларын спортқа тарту арқылы көрсете білді.
Мустафа ағамыздың туған жері Шығыс Қазақстан облысы Зайсан өңірі дейді. Анасы менің білуімше Алматы қаласында немересінің қолында тұрады.
Сәнтай ағасы, жасыңызды білмеген соң , Мустафа ағамыздың сол Қазақстанға келген, елді аралап, жастар мен болған бір киносын көргем. Өзіңіз қай жақтасыз?
Сәлемет болыңыз


Сәнтай
m-santay@mail.ru
26-06-07 22:08
Сәлем,Кәмшат! Үніме назар аударғаныңа бек рахмет! "Қазақ.ру" беттерінен орнықты ойларың мен намысты жырларыңды оқып, қуанып жатқан жай бар. Сөз ұғатын жастар көп, айтылуы келіссе.
Мұстафа түскен киноны көрмеуіңнің себебі бар, ол кинолар Қазақстанда көрсетілмеген. Ол жайында кезінде Мұстафаның баспасөз, теледидардан берген сұхбаттарынан хабардар болғанмын. Өкінішке орай, содан бері көруді аңсап, іздеумен келемін. Жастарымызға патриоттық-идеолегиялық тәрбие беретін сондай кинолар өте қажет. Бәлкім, интернет арқылы көрудің жолдары табылар. Сәтін күтемін. P.S. Басқа қандай қазақша сайттар бар екен, хабардар етуіңді сұраймын.
Камшат
25-06-07 16:03
Салем Сәнтай! Қазақ сөз қадірін білген халық дегеніңізге қосыламын. Бірақ қазір сол сөз қадірін ұғатын жастар бар ма?
Мұстафа Өзтүрік туралы айтқан ойыңызға қуанып қалдым. Мен де ол кісіні өте құрметтеймін. Бірақ ол кісі түскен киноны көрмеппін.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube