Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия









Бизнес Номады

Общение

Реклама: Недвижимость в Греции от казахского грека — GREEKLAND.RU
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Студенттік кездер-ай!!!


Авторы Xабарлама
Тоғжан
04-07-07 15:37
Студент жолдастар! Есте қаларлық қызықты оқиғаларыңыз болса бізбен бірге бөлісіңіздер. Студенттік шақтың қызы мен шыжығы көп емес пе? Мөлдір махаббат,жатақхана, сессия, дискотека...

Авторы Жауап
Bagila
lexsus_mercedes@mail.ru
10-03-14 12:59
Кайран махаббат кызык мол жылдар!
Bagila
lexsus_mercedes@mail.ru
10-03-14 12:59
Кайран махаббат кызык мол жылдар!
madonna
madina-modi@mail.ru
07-11-13 07:18
Мен 11окимын.студенттик кезди бари жаксы,кызыкты деп жатады.студент болгым келет бирак мектепти да кимаймын
Дана Мамбеталиева
my.love_dana@ist.ru
20-06-13 09:41
сәлем достар қалдарың қалай!!!!! иа дұрыс ең қызық сәт ол студенттік сәт!!!! Мен 1курс студентiмiн! Кызыгымен коса киындыгы катар журетiн студенттiк кундерiм отiп жатыр...
Студенттік кездер..... Қандай қызық және шыжық... студенттик кез керемет кой! Еске алсан конилин босап, кайтадан сол кезге кайтып оралгын келеди
Аиий студенттік дәуір ай!
сәлеммен сендердің достарың Дана Мамбеталиева 1997
Бірде қуаныш,бірде мұң.
Осылай оте берер талай ай мен түн,
ай не деген қызыққа толы студенттік омір ай.

Жазира
mengo@mail.ru
29-05-13 14:56
Мәәәә студенттік өмір қызық ғо, кызык жерін сызып кой...)))
Мен биыл 1 курсты битирдим, жатакханада турдым. Не бәле кормедім десенші.. Бірде ток, бірде аш... Тіпті екі турлі макаронды бір майга куырып жеген кундеріміз де болды.. Арасында улкен улкен макаронды как картошка, куйіп калган жерлерін как ет деп козді тарс жумып жеген кундер де болды... Бірак сол кундерім ен бакытты кундеріимнин бири еди., кунде кездесуге шыгамын, свабода еді гооооо
Нурболат-Химик
nurxxx91@mail.ru
09-05-13 16:06
Студенттік кезең - Өмірге баспалдақтың екінші сатысы
Аида
aida.bigazieva@mail.ru
09-05-13 14:37
студенттердің соңғы қоңырауына арналған мерекелік сценарий керек комектесіңдерш???
Erkebulan
jan_b94_94@mail.ru
15-04-13 17:12
Аттен студенттик омирге не жетсин. . .
МАРТА
marta_2010kz@mail.ru
11-04-13 15:28
Студенттік шақ ... керемет қой !!! Казну салем ҚФ - 11 - 01f үздік группа!!!))
Қырбаласы
26-03-13 11:18
Жылдар жылжып өткен сайын, сол жылдарға деген сағыныш санаңда сыздап тұрады екен. Бір шүкір етерім, сол кездегі достармен әлі араласып тұрамыз. Тіпті, қазір отбасымызбен араласамыз... Жасымыз біразға барса да, достарды көргенде сол 17 мен 22-ң арасы юоп кететініміз бар)))
Жания
jania1996@mail.ru
31-01-13 12:13
нууу студентт1к ом1р кызык кой,кызык жерын сызып кой демекш1)студентт1к ом1рдын 1-ши кунынен бастап кызыктар пайда болды)ен биринш1 автобуста адамдар коооп до того автобустын ишинде дем жетпей калады и еще сол куны автобустардын багыттары озгерып кетыпты каланы онша былмейсын адасып адасып бырнарсе 1нарсе кылып бардым и мен 1сентябрь куны барган жок едым группаларымды да танымайм содан кейын 1 апкиден сурап группамды таптым сойтсем группамда к11111лен балалар гой денетарбиесы болганнан кейын кобынесе балалар тапсырады сол мамандыкка)бырак куратормен сойлесып ауыстып 2-группага кыздар бар екен)казыр группадагыларды жанымнан артык жаксы коремын хех до того коникулга шыксак сагынасын катты)
Жади
jadira_1994@inbox.ru
29-01-13 00:28
Studenttik omir rasindada kizik eken. Ia, omirdin ozi kizik pen wijkkoooooi. Omirdi 3 satiga boler bolsak: balalik, jastik, karttik waktar dep, en istigi da,kiskasi da, kizigi jastik wak ekengo. Bagalaik altindiiiii.
Тогжан
toksh.k@mail.ru
27-01-13 18:39
куштиииии студент болган,маган катты унайдыыыы
хакер
16-01-13 23:55
ауылда турып акша табуга да
болады екен...ол ушин
интернет желиси керек!!!
http://akwa-tap.fo.ru осы
жерден рекламаны басасыз!!
ари карай онай....
Гулайна
Gulaina@list.ru
19-11-12 20:09
студенттік шак қызықғы мен шыжығы қатар журеді
Досхан
93doskhan@mail.ru
17-11-12 21:01
Студенттик омир керемет кой, асиресе политехта ))
Мерей
mereika_2027@mail.ru
06-11-12 14:13
Құрметті студенттер!Студенттік кез - өмірдің ең бір қызықты,ұмытылмас,керемееет шағы.Сондықтан,Жалынды Жастар босқа құр 4 жылды өткізбеніздер!Біраз жыл өткен соң осы бір тамаша кезеңді еске алатын боласыздар.
Нурбуби
ntekesbaeva@mail.ru
30-10-12 12:37
Студенттік жылдарым

абитуриент:

талапкерміз абитуриент
келген алғаш ауылдан
түріміз де киген киім,
оқшау еді қауымнан.

Оқшау еді жүрісіміз,
Қолымызда кітап бар,
Жастық асты толып кеткен
неше түрлі кітаптар

ертең сынық деген күні
өтпей қойды түніміз
тест болатын сол бір сәтке
жетті әрең күніміз

періштенің құлағына
ілініпті үніміз
бүгін біздің ең бақытты
адам болған күніміз

1-курс
Корпус іші қандай ғажап
таңырқаймыз қараймыз
жылы сөйлеп біреу келсе
жақсыға оны балаймыз

бәрімізде сай-саладан
келген қазақ баласы
жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
дарасының дарасы

ешкім дағы бес минутқа
сабақтан да қалмайды
лекцияны жазудан да
қол шіркін де талмайды.

ешқайсымыз ерінбейміз
Д/Ш-ға да барамыз
сабақтан соң оқу залда
кеш батқанша боламыз

2 курс

сентябрьде келе сала
перваштарды сынадық.
әр қайсысын шақырып ап
мекен жайын сұрадық

былтырғыға қарағанда
біраз бізде стаж бар
перваш кездей емес бәрі
тіл табысар ұстаздар

3 курс

ойхой шіркін, студент шақ
неткен қызық тамаша,
бір күнімнен бір күн қымбат
салыстырып қараса

күнде қызық, күнде думан
бәрімізде бойдақпыз
туған күндер неткен көп ед,
құр жібермей тойлаппыз.

қала шықсаң, дала шықсаң
қыз-жігіттер мекені
Студент шақ қандай әсем
бәрін ғажап етеді.

4 курс

қадірлейміз бұл мекеннің
жасыл шөбін тасында
ақыл айтар қариямыз
төменгілер қасында.

тіпті мүлдем қартайып та
қалғанбыз-ау шамасы
группалас кейбіреудің
еріп жүр ғой баласы.

думан қуып жүргенімде
үйленіпті біреулер
ойбай енді бар қызықтың
шегі жетті тірелер.

өмір деген қызық екен,
Алшаң бассаң талтақтап,
4 жыл күткен өміріміз
бос өткенбе салпақтап.

деп біреулер жар іздейді
сабақ бітер кезінде
аласұра от жағады
жүрек деген сезімге

сынақ бітер аяқталар
диплом да қолында
сыңарларын таппағандар
махаббаттың жолында

қорытынды:
шіркін, шіркін қандай рахат
студенттік жылдарым.
таусылмайтын дастандар көп
жазылмаған жырларым..

сенде сұлу, менде сұлу
кездер еді кешегі,
студент шақ - елес қана
жер жұмағы деседі

2002 жыл. Алматы


Азамат
jakenov_azamat@mail.ru
17-10-12 08:45
Студенттік кездер..... Қандай қызық және шыжық... Азанымен 6:30 да тұрасын бір жау шауып келе жатқандай... Бетіңді жусаң жудың жумасан сол туннен қалған көздің былшығымен сабаққа кете бересін Ерте тұрғанымды қайтейін бәрібір сабаққа кешігіп барамын. Күнде бір сылтау айтасың.. Автобус бұзылып қалды деп.. ұят жоқ, автобус тегі күнде бұзыла береді,мен оны жүріп тұрсада бұзып тастаймын.. Кіресің.. Соңғы парта саған дайын.. Артында отырып алдыңғы партаға тыныштық бермейсің.. Қоңырау болғанша асығасың..Қоңырау болған соң үйге қарай қашасың.
Балжан
bal.k.94
14-10-12 12:57
студенттик омир жаксыгой, бомаса неси жаксы
Гулимай
mg.95@bk/ru
23-09-12 15:56
салем достар! маган студенттер туралы манжазба керек еди
Ма4о
maratkopesv@mail.ru
27-08-12 20:51
койше студент болу деген ен жаман нарсе танертен турып сабакка бару деген 3 уйктаса тусиме кирмеитин нарсе
Алтынай.
Aakhmet93@mail.ru
16-06-12 19:43
Салем студенттер.студенттiк омир жаксы гой.казнпу,алга.жигитер танысайык.87757923718
Досан
windows.xp.01
15-05-12 09:19
студеттік ґмір деген не ?
Кулек
kulekszs@mail.ru
17-04-12 22:42
негизи кызык коп кой битируге 2 айдай уакыт кана калд уакыт аз калган сайын кимай барам
жансая
saya_2491kz
16-04-12 00:14
Студенттік өмір-ай!
жансая
saya_2491kz
16-04-12 00:13
Студенттер ен бақытты жандар! мен студент атанып жүргеніме қуанам.
AIGERIM
AIGERA_883@INBOX.RU
15-04-12 00:49
Гүлжан,Нұржамал;Гүлханым,Асел сендерді жақсы көремін
айгерім
AIGERA_883@INBOX.RU
15-04-12 00:43
қҰРМЕТТІ ПВ-115-ТІН СТУДЕНТТЕРІ: САРЫ \"Аділхан\" ЖАНЕ ШОКОЛАДКА \"Гүлханым\" СЕНДЕРДІ АЛДА КЕЛЕ ЖАТҚАН ТУЫЛҒАН КУНДЕРІНМЕН ШЫН ЖУРЕКТЕН ҚУТТЫҚТАЙМЫЗ!,,,СЕНДЕРГЕ ТАУСЫЛМАС БАҚЫТ,ҰЗАҚ ӨМІР,ШАТТЫҚ ПЕН ҚУАНЫШ,БАҚЫТ ТІЛЕЙМІЗ. ОРТАМЫЗДА АРҚАШАН КҮЛІП ОЙНАП ЖҮРЕ БЕРІНДЕР! ІЗГІ ТІЛЕКТЕРМЕН ГРУППАЛАСТАРЫН
батыс
05-04-12 09:31
салем достар!
мен озим Алматыда окыдым. сол студенттик кундер мен ушн оте керемет кездер,бар де кызыкты болды жатакханада да патерде жалдап турдык барлык жерде турып шыктыкко! ен бастысы достарынды билесин кандай екенн сырттаа журген кезде. ким кандай екени белгили болады сол кезде. студент болганынды тек баска калага окуга барган кезде сезинуге нагыз студенттик омрди сезинуге болады.
Дария
daria_ermekkizi
05-04-12 07:50
Студенттік өмір керемет!!!!!
Акмарал
akmaral.87@mail.ru
30-03-12 21:27
Студенттик шагымнын бир кунин басыма кайта акелсе шiркiн. Асiресе, жатакханадагы естен кетпес кайран кундер. Калай сагынганымды жеткизе алмаймын.
Аймереке
Aimiko_94@mail.ru
19-03-12 00:09
Мен 1курс студентiмiн! Кызыгымен коса киындыгы катар журетiн студенттiк кундерiм отiп жатыр...
ПВ-115
aigera_883@inbox.ru
16-03-12 00:46
ПВ-115 группамыздын старостасы Турсынқұлова Нұржамалды туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Нуржамал мы тебя любим...
Айгерім
aigera_883@inbox.ru
16-03-12 00:37
Біз ең бакытты студнетпіз. Себебі Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде оқимыз. Біз болашакка сенімдіміз. ПВ-115 алға
Жандос
s.zhan.kz
18-02-12 15:02
Аиий студенттік дәуір ай!
Бірде қуаныш,бірде мұң.
Осылай оте берер талай ай мен түн,
ай не деген қызыққа толы студенттік омір ай.
Тимур
14-02-12 15:40
Журеги махаббатка сенетин барлык адамдарды Махаббат мерекесимен куттыктаймыз! Десек те,казах ултына сую,суйикти болу,отбасы куру мен калыптастырудын кагидаттарын ешбир улт,ешбир халык уйрете алмас еди.Казах-алемде тендеси жок эстетикалык кундылыктар мен мазмунга бай гашыктар жырын тудыра алган бирегей улт.Отбасы барлар жарынын суйиктисине айналып,жалгыздар сынарын тапсын.БЕКТЕР МИНЕР СУР КАСКА,ШАБА АЛМАСА УР БАСКА.БАТЫРЛЫК,БАЙЛЫК КИМДЕ ЖОК,ГАШЫКТЫК ЖОНИ БИР БАСКА .("КЫЗ-ЖИБЕК ЖЫРЫНАН).
Даулет
daulet93_anwi@mail.ru
13-02-12 10:05
Ыстық кола Салқын пирожки боса гой

Дастан
19-01-12 12:31
студенттик кез керемет кой! Еске алсан конилин босап, кайтадан сол кезге кайтып оралгын келеди
Nazgul
Naz_mi_94
19-01-12 11:57
Қиын екен махаббаттың тартысы,
Сені сүйдім балкім өмір талқысы.
Мендік мейлі болмасанда аман жүр,
Жаным менін жүрегімнің жартысы!

Міне осылай достар!

Жігітке көп сенбендер,жүрер болсандар 2-3 жігітті ұстагандарын дұрыс,өйткені олардың арасынан өз сүйген жігітіңді,армандаган жанынды,сүйіктіңді табасын!Бұны озіммен қатарлас қыздарга айтамын,дұрыс жол таңдаңдар.....
Сабина
sabina_katon@mail.ru
17-12-11 18:32
Мен али студент емеспин, мектепте оким, Сиздерге кояр сурактарым бар коисам болады ма???
сайко
saya_mila
17-11-11 00:07
Курметти студенттер!!!!! Сендерди мейрамдарынмен шын журектен куттыктаймын
Майра
mayra_9208@mail.ru
13-11-11 15:26
қурметті оқырман маған студенттер куніне сценарий екрек боп турб кайдан табуға болады? сендерден көмек күтем.
Арай
araika2190
22-09-11 18:51
Салем! ЖОО-нын бітіргеніме енді 1 жыл болады. Группаластарымды каттыыыыы сагындым
Сана
20Sana88
11-08-11 12:08
Мен жогары оку орнын битиргениме 1 жыл болды. Менин группам катты сагынам. Есиме алсам козиме жас келеди. Казир кездеспеймиз. Колдар босамайды. Жумыстары бар,менин жумысымда киын. Кездеским келеди баримен. Улдарымыз уйленбеди. Кыздар турмыска шыгып жатыр. Ой айтсам журегим аурады! Алматы каласы КазНАУ ИС-103 тобы жалынды салем Мен сендерди сагындым. Мен сендерди ешкашан умытпаймын"
Бека
бек
11-05-11 15:39
к‰шті
ДИАНА ДАРБЕКОВА
darbekova_diana
20-04-11 00:23
Студенттерге!!!
Студенттер, аяулы ақ мамандар,
Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар.
Қыз қуып терезеге қарағандар
Білім қуып бөлмеге қамалғандар.
Студенттер, аптыққан пәк көңілдер,
Өкініштер, шаттықтар, тәтті өмірлер,
Ауылға жиі айтатын сәлемдері:
“Ақша сал”, “Жетпей жатыр”, “Ап жетіңдер!”
Студенттер, сарылып ой қуғандар
Қарынды қанағатқа тойдырғандар
Қара нанды достарымен қақ бөліп жеп,
Күн сайын, апта сайын той қылғандар.
Студенттер, болашақ жас мамандар,
Үй жоқ деп үйленуден қорықпағандар.
Бастарына тек кітап жастағандар,
Студенттер, ұстазға ұнағандар.
Сүрінгендер, кей жерде құлағандар
Қайтадан тапсырам деп жылағандар
Тәттіні, ащыны да татып тұрар
Студенттің жан сырына құлақ саңдар,
Сонда да жандарында жанып тұрар.
Студенттік шақ қайтып бізге оралмайды,
Студенттер, студенттер, бақыттылар!!!
Естіледі бүгін назды асыл ән.
Ешбір жан жоқ ойға түсіп жасыған,
Қиналса да, қабақ шыту білмеген.
Студенттер қуанышы тасыған,
Жаса жарқын жас білімгер ендеше.
Сендер үшін бүгінгі күн мереке,
Бәрі – бәрі саған ғана жарасар.
Ойын сауық, әзіл – қалжың келеке,
Өтер қыста, өтер көктем өтер күз,
Бір кездері тарап – тарап кетерміз.
Қанша алыс, қиыр шетте жүрсек те,
Сағынысып, еске алысар ма екенбіз.
Қуаныңдар жасымаңдар бұл күн де.
Жоқ қой сенен бақытты жан өмір де,
Шаттық жолы студенттік күндер – ай,
Әр бір бұл күн, ыстық біздің жүректе


Ерлан
nor1.ergaliyev@mail.ru
14-04-11 10:58
Ернар серпініп қалыпсын гой
Лязко
ledi.11
10-04-11 20:44
маған қосабаның сурети және қосаба туралы мәлімет керек маган комектесиндерши ертенге дейін болуым керек
Сана
31-03-11 15:17
Ех шіркін ай қартайып барам
Жаннұр Абдулғазиева
Zhan_28.02.92
31-03-11 09:30
КӨМЕК КЕРЕК! не істейм айтындарш?! Қыздар,ұлдар!
Жаннұр Абдулғазиева
Zhan_28.02.92
31-03-11 09:23
биологиялық ырғақ(ритм) туралы кімде слайд немесе суреттер бар? өзім информатикпін , биология туралы түк түсінбеймін! 8 де қорғаймын! СТУДЕНТТЕР КӨМЕК КЕРЕК! Өскемен қ.
Жаннұр
Zhan_28.02.92
31-03-11 09:14
Баріне салем! өлеңдерің өте жақсы екен!ал,мен қазір қатты қиналып отырм. сабағым бастан асады! ғылыми жоба жазуға көмектесіңдерш!
Juldyz
310591
10-02-11 07:42
Студенттік µмір-ай кызыкты µтіп жатыр-ай
Bayan
bayan_1991
10-02-11 07:40
Ќайран Студенттік µмір-ай
Олжас Қасым
Olzhas_kasym
24-11-10 17:51
Келдік біз оқимын деп сенімменен,
Қиялға талай шапты көңіл-дөнен.
Көшеді бастан өткен бұлттай болып,
Кезіміз бір бөлкені бөліп жеген.
Олжас Қасым
Olzhas_kasym@mail.ru
15-11-10 15:41
Cтуденттік жылдар деген өте қызық қой. Мен ҚазҰУ-да төртінші курста білім алудамын. Бұйыртса бітіремін.
Арайлым
tleubekova_arail@mail.ru
10-11-10 18:38
Құрметті Ернар !!! Маған сіздің студенттерге арналған олеңдеріңіз ұнады. Өлеңдеріңіз шындыққа жарасады. Осылай әрі қарай жазуыңызға тілектеспін!!!
айжан
aijan088
08-10-10 14:40
ЕРНАР ӨЛЕҢДІ ӨЗІҢ ЖАЗАСЫН БА, ӘЛДЕ .... ДЕГЕНМЕН ӘСЕРЛІ, ЖАҒЫМДЫ ӨЛЕҢДЕР ЕКЕН.
ЖУКА
zhyldyz__91
21-09-10 15:01
СТУДЕНТТІК КЕЗДЕР ҐТЕ КЕРЕМЕТ!!! ЌЫЗЫЌТЫ ОЌИЄАЛАРДА КҐП ЄОЙ!!!
Z
27-04-10 16:23
Ал маган шамалы калды бiтiруге
Бибінұр. Орал қаласы
M_Baby_K
27-04-10 13:32
Студенттік күндер!!!!! Әрине оған не жетсін! Биыл міне 4 курс аяқтағалы отырмын..... Студенттік жылдарымды сағына еске алатын боламын.....
Азаматќа
аza-91kz@mail.ru
26-02-10 11:05
Ґте керемет!!! Ґмірінде ќызыќты оќиєалар кґп болсын!!! Біз мыќтымыз!!!
Дарибаев Азамат Боранбайўлы
aza-91kz@mail.ru
17-02-10 07:58
Студенттер-ай студенттер
Неге ќыѕырси бересіѕдер
Ќарным ашты деп їйіѕе
Неге жылай бересіѕдер

Сандугаш
crazysanti@mail.ru
13-02-10 08:39
Ашық жарқын әзілдесіп жүретін,
Сәл нәрсеге мәз болысып күлетін.
Күндіз түні уйді көрмей шапқылап,
Кей сәттері ұйықтап қап парағада бармайтын.
Сол күндеріміз өтеді гой армандай
Көз ұшқында қолын былғап қалғандай.
Есейген сон есімізге алсақ соларды
СТУДЕНТТІК ӨМІР тек ертегі боп өткені...
Мұғәлім.
6.12.2009 ж.
06-12-09 19:58
Шіркін студенттік кезге ешнәрсе жетпейді ғой.Ол кездерді ойласам жастық кезіме қайтадан барғандай боламын...
Ернар
Ernar_Kaiyrbaev
26-11-09 10:00
Студент сөздігі мен тарих намасы.
Студенттік өмір – соғыс пен бейбітшілік
Екілік –қырсызға қамшы
Үштік – үміт шоғы
Төрттік – тәңір сыйы
Бестік – бақыт құсы
Куратор – студенттің өгей шешесі
Ректор – күн құдайы
Декан – жан құзыры
Пар – ұзақ уақыт қаңтарылу
Аудитория – ұйықтайтын орын
Зачет – ұйықтамай өтілетін түн
Емтиханда отырған студент – жанталаса қаруланған мемлекет
Емтихан тапсыру – табада тірідей шыжғырылу
Сессия – қияметтің қыл көпірі немесе қатерлі кезең
Курстық жұмыс – жан беріп жан алмасу
Сәлемдеме – аңқылдап жеткен ақ жарма
Шпаргалка – жедел жәрдем
Оқу орны – жастардың сән үйі
Лекция – отты жылдар шежіресі
Үзіліс – бармысың бауырым іздеудегі жан құрбым
Кітапхана – білім кафесі
Оқу залы – тапқаныңды кеміру
Абаномент – білім бюросы, немесе ломбард.
Қоңырау – сүйкімді симфония
Сокурсник – Ұяластар
Стипендия – аштық арашасы
Диплом – тіршілік тірегі немесе өмірлік наның

Ернар
Ernar_Kaiyrbaev
26-11-09 09:57
Студенттер....
(Мұқағали ізімен)
Студенттер, студенттер қандайсың?
Оқудан еш шаршамайсың талмайсың,
Болашағың, біліміңнің қамы үшін.
Портфель, толы кітап – дәптер, арқалапсың әрқайсың,

Студенттер, студенттерге обал – ай.
Жүргендері ақшаны еш табалмай,
Жол ақысы бірде бары, бірде жоқ
Болсадағы оқудан еш қалмайды,

Студенттер, студенттер салмақты.
Барлық қиын оқуыңа жарамды,
Күндіз – түні білімге бас ұрғаннан.
Студенттер, шаршамайтын қажырлы,

Оқып жүрген студенттер көп дейді!
Ойбай – ойбай, бола берсін көп мейлі,
Студенттің көмегі көп елімізге.
Аяласаң олар өсіп көктейді,

Ернар
Ernar_Kaiyrbaev
26-11-09 09:55
Сен жыладың...
(Мұхтар ізімен).
Сен жыладың студент,
Көп оқыдым деп, лексияның барлығын.
Қонбады деп, миыма еш бір сабағың,
Сен жыладың, бір қатты соққы алдым деп.
Бақытсыз болып қалдым деп,
Жә - жә жарар!
Өткен лекцияң оралар ма?!
Қарау керек студент саған алға,
Қолыңдағы пакет па, әлде портфель ма?!
Көтер қане, қолыңды қалай бұның,
Мұз боп еріп кеткен бе бар білімің?
Көтер қане қолыңды,
Уақытыңды босқа өткізіп пе едің?
Тағдырың неге сыр айтты сараң,
Оқудың барлық сәтсіздіктерін,
Бақытсыздық деп кім айтты саған?
Кім айтты саған?!
Бестік қойылмайды деп,
Екілік жойылмайды деп.
Қате жазған лексияң,
Штрих пен түзелмейді деп.
Кім айтты саған?!
Мұғалімнің бәрі мейірбан арайлы деп,
Мұғалімнің бәрі өтірікті қалайды деп.
Оқудан шығармайды,
Асылды қорлатпайды деп.
Қиналып бекер алаңдадың – ау,
Ойыңды шығар өріске.
Өзің – ақ, айтшы.
Оқуда мына, жеңілудің бәрі жеңіс пе?!
Студентке арман жеткізіп пе еді,
Өз сорын өзі жеңбесе.
Оқудың барлық сәтсіздіктері,
Бақытсыздық емес ендеше,

Ернар
Ernar_Kaiyrbaev
26-11-09 09:49
Күн келбетті ай мүсін.
Махаббатқа мың өртеніп, мың күйіп.
Мөлдір көзге алғандаймын мұң кұйып,
Көз деймін – ау көз емес бұл талайды.
Тереңіне тартып жатқан тұңғиық,

Ол дегенде қолдан басқа не келер,
Ол қараса орныма мені шегелер.
Кірпіктері күн нұрынан суырып,
Ай нұрына малып алған жебелер.

Ғашық болып әрі суып, әрі ысып,
Жаттым ойлап ертелі кеш дәрі ішіп.
Қыпша белге жетпейді ғой – жетсе бір,
От құшағым қалар еді – ау қарысып.

О, жүрегім босамашы – босамаш,
Мен жалынсам, ол ерінін тосама.
Анар емес кеудедегі қос алма,
Бекежандар бұғып жатқан қосаба.

Қайран сұлу, Күн келбетті Ай мүсін,
Көзін сүзбей қалады оған қай мүскін?
Бір адамның, бір адамның бақыты ол,
Не қылсын – ау мың адамның қайғысын.

Ернар
Ernar_Kaiyrbaev
26-11-09 09:45
Студент достар!
Естіледі бүгін назды асыл ән.
Ешбір жан жоқ ойға түсіп жасыған,
Қиналса да, қабақ шыту білмеген.
Студенттер қуанышы тасыған,

Жаса жарқын жас білімгер ендеше.
Сендер үшін бүгінгі күн мереке,
Бәрі – бәрі саған ғана жарасар.
Ойын сауық, әзіл – қалжың келеке,

Өтер қыста, өтер көктем өтер күз,
Бір кездері тарап – тарап кетерміз.
Қанша алыс, қиыр шетте жүрсек те,
Сағынысып, еске алысар ма екенбіз.

Қуаныңдар жасымаңдар бұл күн де.
Жоқ қой сенен бақытты жан өмір де,
Шаттық жолы студенттік күндер – ай,
Әр бір бұл күн, ыстық біздің жүректе.

Ернар
Ernar_Kaiyrbaev
19-10-09 15:18
С-ақта ішке сырыңды ешкім білмес,
Т-оқтат достым жамандық керек емес.
У-ақыт деген барады зымыраумен,
Д-аналықты ойға сал күшің кетпес.
Е-шкім саған айтпайды ақыл ойды,
Н-адандық бар өмірдің кезеңі көп.
Т-аба білсең сен соны біліміңнен,
Ернар
Ernar_Kaiyrbaev
19-10-09 15:10
Кез емеспе, білімге біз бататын,
Кез емеспе, тура жолдық қадамың.
Кез емеспе, еліңнің ертеңін сен ойлайтын,
Қазағыма бар игілікті шашатын.


Ернар
Ernar_Kaiyrbaev
19-10-09 15:05
С-айып қыран көгімде қалықтаған,
Т-арбағатай, Алатауға қонақтаған.
У-ығы боп елімнің шаңырағын,
Д-аламның көк жиегіне ұштастырған.
Е- лімнің болашағын ойлап қоймай,
Н- амысымен еліме мың танылар.
Т-ура жолдың тарланы сайыптылар,
"Болашақ" колледжі білімгері Қ.Е.М

Ернар
Ernar_Kaiyrbaev
19-10-09 14:57
С-уретіңе қарап тамсанам,
Т-үсінбес адам болмаған.
У-айымды қойып тек қана,
Д-әрежеге қолдарын көп созған.
Е-ш ойламай басқаны,
Н-иеті түзу білімге.
Т-амсанам саған студент, білімді жүрекке сақтаған.
Ернар
Ernar_Kaiyrbaev
19-10-09 14:52
Студенттер аштыққа төзімділер,
Тек асқа қолдары тимегендер.
Барлығын жиып тастап ойға батқан,
Абономентті банк етіп сезінгендер,
////////ЕРСІН ЕРКІН*******
ALFA@mail.ru
29-03-09 20:01
КАзактын сайты 2-ғанама?????
Қырбаласы
30-07-08 09:18
Студенттік шаққа да каникул келген-ау сірә)))
123
26-06-08 16:14
Керемет! Сері ағаның, Қырбаласының өлеңдері сол шақтарды еске түсіреді!
Біз студенттік кезімізде университеттің жанындағы наубайханадан бөлке нанын бірнешеуін алып, ортага койып улап шулап таласып, тармасып жеп алатынбыз. Сол кезімізді қазір кафеде тамақ ішіп отырып жиі еске аламыз.
Arunia
25-06-08 22:44
Кун1 ертен колыма диплом алайын деп отырмыз. Студентт1к ом1рд1н каншалыкты кымбат екен1н енд1 сез1не бастагандаймыз. Жатакканада турмагандыктан бар1м1зге ортак кызыктар аз. Кызыктын бар1 сабак уст1нде немесе сессия кез1нде басталады.
Есте калганынын б1реу1 ен алгашкы жылы АЛТЫН КУЗ мерекес1нде басталды. Басталуга б1р кун калганша бас тартамыз деп жур1п, 1 кун кун калганда топтын намысын бермейм1з деп шешт1к. Сонымен сабак б1т1с1мен жарты сагат акылдасып (ол кезде корпуска байлап коймаса 1 минут калмаушы ед1к) ертес1не бар1м1з ак матадан кара бояу жагып ак акйын болып, сценарий бойынша ойнап шыгып, 1 орынды иеленген1м1зде куанышымызда шек жок ед1. Келес1 жылы Ханшайым ЖАНБЫР рет1нде шашынын ортасына баклашкамен суы бар болатын. Ол суды б1з перваштарга шаш деген ек, ол саскалактаганынан шаша салган Сойт1п мугал1мдерд1 б1раз "жуындырдык". Кей1н б1р апайымыз сабак уст1нде айтып отырганда еске алып, сол кызды б1р кызарткан

Айнура АЛБ
Салем!!!
20-06-08 14:15
Студентік кезімді есіме алсам, бір тунді РУВД да откізгенім есіме туседі. 2 курста окып жургенде Квартира жалдап вечеринка откіземіз деп, ортасында тобелеске уласып, коршілер милиция шакырып, барлыгымызды камап алып кеткен, бас-аягы 15 шакты адамбыз, 3 кыз кашып кетті, калганымыз усталып, РУВДга барып обяъснительный жазгызып тан ертен арен шыгарган. Бір кызыгы, бір кызымыз оншакты кассета магнитафонга уйінен алып келген болатын, уйде тобелес болып жатса біз сол кыз екеуміз жан жакка шашылып кеткен, улдардын аяктарынын арасынан кассетаны жерден теріп ауреміз (айтпесе бізде кашып улгеретін едік-,)). Тастап кетейік десек ол кассеталар не ол кыздыкы емес, коршісінен алган екен. Сойтип барлыгын арен дегенде жинап улгергенде милициялар келіп калганы. Ешкайда кашып кутыла алмадык, усталдык та кеттік... бірак казир еске тусіріп куліп отырмын. Кашып кетпегенімізде дурыс бопты, зато еске алатын окига бар.)
Тоғжанбай
21-11-07 15:16
Хат жазыңдар суденттер!!! Қайдасыңда-а-а-ар? : )
Сері
shrj81@mail.ru
21-11-07 06:17
Арай:
Міндетті түрде орындаймын.
Арай
Алматы
20-11-07 10:35
Сері, сенің сонша өлеңді жатқа білетініңе қайран қаламын!!!
Керемет-ақ! Алматыға жолың түссе менің өтінішімді орындап, іздеген өлеңімді ала келесің деген үміттемін
Арай
Алматы
20-11-07 10:32
Қырсық жан, менің атымды нег атағаныңды, не айтқың келгенін түсіндедім
Қырбаласы
20-11-07 08:37
Студенттер азайып кетіпті ғой!)

Сері
shrj81@mail.ru
12-11-07 09:24
Бірде оқып жүріп бір баланың орнына физиологиядан зачетқа кіріп кеттім. Маған көздің құрылысы деген сұрақ түсті. Көздің құрылысын біз байғұс қайдан білейік. Апайым ал сайра, сен баланы алғаш көруім дегені. Содан не керек, "Көз" дегеніміз Қадыр тілімен айтқанда "Аяқ екеу, қол екеу, көз жанарың ол да екеу" демекші адамда екі көз болады. Сөзімді Мұқаңның тілімен жалғар болсам, көздің өзі түпсіз терең тұңғиықтан жаралады. Ол тұңғиықты ақтың ортасындағы қарашыққа жасырынады екен. Сүйемін деп айта алмайтын сыры көп, айтары аз қыз балалардың сыры мен жабырқаған жанның қуаныш-мұңын да айғақтап тұратын осы көз жанары емес пе, деп шұбатып бара жатсам апайым тоқтатып: тұра тұр сен қайда кеттің, тілің шебер екен, оралман емессің бе?, - деп сұрағаны. Туып-өскен жерім Ақтөбе, ата қолында тәрбиеленген ем, атамның қанымен, анамның сүтімен дарыған ана тілімде еркін сөйлемесем қазақ ұлтының азаматы атағына сай келем бе? Мұрын астынан міңгірлеп көрген күнім құрысын, екі сөздің басын құрай алмай,- дегем. Апайым риза болып, сыннан өткізген. Келесі жылы сол пән өзімізге болып, сол апайым түспей ме? Зәрем зәр түбіне кетті. Сол жылы барлық мүшеге байланысты өлеңдер жаттап, шаққа құтылғам
ZXCVB
11-11-07 04:20
bir kuni korwimiz, oibai kazanymdy bireu urlap ketti...iwinde endi piken palau bar edi, aulada pisirip Zhatyr edim, bireu telefon sokty da uige kirgenim...urlap ketipti dep aikai saldy... sony urlagan studentter shygar...)))
Қырбаласы
30-10-07 14:53
Тоғжан семинар басталып бас көтере алмай жатырсың ба?
Серіден көшірілді
28-10-07 13:51
Бес жыл бойы қызартып имендіріп,
Біреуі үшін қуанып, күйген бірі.
Бірін-бірі ұзатып өз қолынан
Бірін-бірі қолынан үйлендіріп.

О жастық-ай.
Алмайтұғын өлмей тыным,
Ойын-тойсыз өмірге көнбейтұғын.
Биге барса баратын бір топ болып
Жалғыз жүру дегенді білейтұғын.

О, жастық-ай!
Мойымас тау-тасыңа.
Омыртқаңды үзеді ол, дау тасыма.
Ортақ оның қайғысы, қуанышы
Ортақ оның қалтасы, малтасы да.

Ғашық болсаң түн пана, терек пана,
Сұлу демі - дем емес, шарапхана!
Қызға барсаң кигенің өзгенікі
Өзіңдікі жалғыз -ақ жүрек қана.

Өмір, өмір,
деп жастық ұрандай ма?
Көкіректі кернейді бір ән майда.
Бір жігітке он қонақ мейрам күні
Он жігітке бір билет трамвайда.

Алматымыз жастықтың бағы іспетті,
Қаншама гүл сол баққа қоныс тепті.
Бір жігіттің ойында он арманнан
Он жігітке жалғыз-ақ конспект.

Тауысса да ақыры нандық пұлды,
Тартпай қойған серілік-салдық кімді.
Түніменен дуылдап, келесі күн
Отырғаны сабақта қалғып-мүлгіп.

Керемет қой,
қызық қой сезім деген,
Көктемеде кім үйден безінбеген.
Он ай бойы масайрап ойнағандар
Емтиханда отыз күн көз ілмеген.

Лайланып кетсе-дағы тұнық ойы,
Қыдыруға болмайды мұны қойып.
Баррикада жасап ап қалың томнан
Бас алмайды енді олар күні бойы.

Шақырады қол бұлғап тау алыстан,
Шырқап кеткің келеді жалау ұстап.
Өстіп жүріп бітеді емтихан да
Өстіп жүріп болады демалыс та.

Сонан кейін әлгіні ащысынбай,
Жұтып-жұтып жіберіп тұщы судай.
Туған жерге ұзатып тұрғандары
Бірін-бірі бір елдің басшысындай.

Қырбаласы
23-10-07 10:34
Тоқабай баста тұрған дәуреніңді баянды қылып өткізе көр! Себебі кейін талай да талай таңдарда тағатыңды тауысар сағынаштар ортасында шырмаласың!
Қырбаласы
23-10-07 10:26
Албырт жастық әуеніңді аңсадым,
Бұла дәурен өттің шіркін қас-қағым!

Милана
17-10-07 14:29
Салем Тоғжан! Әрине , өкінбеймін. Қызықты оқиғалар көп болды ғой.Мынаусын айтайын: бірде бөлмеде 0,5 кг вермишельден баска пісіріп жейтін ештеңе қалмады.(кулмеңіздер, бундай хал бәрінің де басынан өтті) соны дос қызымыз пісіріп кояды (тамақ ортадағы секцияда болатын), "ал, қыздар тамақ дайын, столға отыра бериндер" деп тамаққа шақырды да өзі тамақты алып келуге секцияға кеткен бір уақытта жан даусы шыға "тамақты урлап кетіпті " деп айқай салды.Енді не істедік? және соңғы тамақ.Әрі қарадық, бері қарадық тамақты ыдысымен таба алмадық.Содан басымыз салбырап бөлмеде отырдық.Қанша отырғанымыз есімде жоқ, біраздан кейін секцияға шықсак, тамақ пісірген ыдысымыз тур, қуанып кетіп какпағын ашып карасақ, дөңгелене піскен тамақты как ортасынан бөліп алып қалыпты да, бетіне кағазға"Спасибо! было очень вкусно" деп хат жазып тастап кетіпті.Жалпы студенттер ең бай адамдар гой, олар ештенеден тарылмайды, соңғы тиыны калса да құртады.Меніңше ,студенттік өмірдің әр куні қызықты гой.
ҚЫРБАЛАСЫ-на!
12-10-07 13:09
Та-ама-а-ша!!! Қырбаласы өлеңдерің сондай керемет өрнектелген. Әсіресе студенттерге арналған өлеңің. Маған қа-а-а-атт-т-т-ты ұнады!!! Рахмет. Хат жазып тұруды ұмытпа! :))) Тоқабай (Тоғжан)
МИЛАНАҒА
12-10-07 13:06
Милана сәлем! Студенттік күндеріңіз өтіп кеткені өкінішті-ақ. бірақ ойдағыдай қызықты өткізгеніңе еш өкінбейтін шығарсың. Иә, сіз сияқты біз де шынайы махаббаттың не екенін және студенттік өмірдің ең қызықты шағы екендігін түсініп жүрміз. Өтінем, қызықты әңгімелеріңіз болса жазып тұрыңызшы. Бізден хат үзбеңіз. :) Сәлеммен: ТОҒЖАН студент.
Милана
10-10-07 12:04
Салем, Тоғжан! жақсы тақырып бастаған екенсің.мен КазГУ-де оқыдым, қазір еңбекке араластым.Әрине, студенттік кезім есіме түссе қуанам да мұңаямын.Керемет еди ол жылдар, КазГУград қалашығын бәрі де біледі ғой, іші толған жастар, қол ұстасқан ғашықтар,,, Студенттік кез лезде өтті де кетті...
Оның үстіне Алматыда оқығандар бәрінен де жақсы біледі студенттік өмірдің қызығын.Мен әлі сағынамын сол жылдарды.Алғашқы махаббатымды да сол кезде кездестіргенмін, біздің махаббатымызға Алатау да, көгілдір Көктөбе де, биші аққайыңдар да куә еді.
Достарымыз көп болды (қазірде олармен араласамын).Алматының көп ЖОО-ның студенттерімен араластық...
Ал біз тұрған 17 жатақхана қандай қызық еді, той-думаны бір тарқаған емес, у-шу,қуаныш, кулкі...
Қысқасы, мен студенттік бір кезеңді ешқандай байлыққа ауыстырмас едім, өйткені ол бақытты да қамсыз шағым болған, себебі, мен сол жылдары сүйудің не екенін түсіндім, сағыныш дегеннің қандай екенін сезіндім.Алматы мен студенттік өмір мені көп-көп жақсы нәрселерге үйретті.
Сондықтан қазіргі студенттерге айтарым, студенттік кездеріңізді қызықты да ұмытылмастай етіп өткізіңіздер демекпін.
Ќалима
rustemov@mail.ru
10-10-07 11:23
Бірде общагаѓа досымды іздеп бардым. Барсам тџскі ас уаќыты екен. Аќ пиязды ќуырып подлибіне кљк пияз салып жеп отыр екен, біраќ олар џшін олда бір ас ќой, біраќ нандары жоќ екен.кейін аќша жинап нан сатып алдыќ
Бота
10-10-07 10:16

Салем кырбаласы

Рахмет
Қырбаласы
Ботадан көшірілді
05-10-07 14:11
Студенттер аяулы ак армандар
Кун сайын жасаргандар,жанаргандар
Кызык куып терезеге кадалгандар
Былым куып болмеге камалгандар

Студенттер аптыккан ак конылдер
Бакытты да шаттыкты татты омырлер
Ауылга жиы салем айтатындар
Акша сал,жетпей жатыр ап келындер.

Студенттер болашак жас мамандар
Уй болып уйленуден кашпагандар
Кысылып киындыктан саспагандар
Бастарына тек кытап жастагандар

Студенттер устазга унагандар
Сурынып кй-кезде кулагандар
Кайтадан тапсырам деп жылагандар
Студенттык омырды сурамандар

Сонда да жанарына жакын турар
Татты ны де ащы ны да татып турар
Студенттык кез гой бул умытылмайтын
Студенттер,студенттер,бакыттылар...

Қырбаласы
03-10-07 16:24
Өмір, өмір, өмір өстіп өтерде,
Адам сірә қиналмайды бекерге.
Сен де қимай, мен де қимай жылармыз,
Біз бір күні Алматыдан кетерде.

Таңғалтып та жиі көрген түсімде,
Ұқсастық бар өңінде де, ісінде,
Өкінемін өлең сүйген өрім қыз,
Қап қояды жатақхана ішінде.

Өкінеміз мұны да көп айтқанбыз,
Басымыздан қаз да ұшып, қайтқан күз.
Қап қояды көп бөлменің ішінде,
Жарым түнде жандай сырын айтқан қыз.

Жүректері мың шертілер күй аңсап,
Арман қуған жастар едік ұялшақ.
Біз кетерміз Алматыдан бір күні,
Бір көрісу үшін тағы жиі аңсап.

Қырсық
25-09-07 10:23
Арай, Тоғжан, тағы да кімдер... қысқасы Әридаштар тудентік естеліктерің ерін ұшында ғанақ алдыма, не?
Қыңыр
24-09-07 08:39
Кездер-ай! Ерке кездер-ай!
Қыздар-ай! Қыпша белдер-ай!
Саягул
Saygul_n@mail.ru
11-09-07 13:34
иә қазір де ұқсаймыз Тоғжан. Бірақ адамдар біраз көргеннен кейін айырып кетеді.Менін мінезім басқаша,құрбымнын мінезі тұйыктау келген.
Тоғжан
10-09-07 09:32
Саягүл қазірде ұқсайсындар ма? Әлі де дос болып, талай жігіттерді таңдандырып, шатастырып жүрген болсыңдар? Ұқсаған әрине жақсы... :)
Қырбаласы
Тоғжанға
07-09-07 15:07
Е-е-е қалқам-ай саған қандай әңгіме айтсам екен? Бұл күндері асау жастық алыста қалып, қазірде сабырлы жастыққа иек артқан жайымыз бар. Шіркін сол күндер-ай! Албырт жастықтың әсерімен талай-талай әлеметтерді де салып, атаңның басы қалғандай адам баспас жерлерге табан тіреп, қазір атам десе де аттап баспас істердің быламығын шығарып жүретініміз жынды жастық әсері емегенде не дейсіз!
Бірде біз топтағы бес-алты жігіт бірігіп тура жын қаққандай тауға бармақшы болдық түнемелге. Бұл кез зачеттар бітіп емтихандар арасында бір дамыл тауып қалатын уақыт, яғни маусым айының орта шеніне таяу мезгіл. Алматының балауса қыздай бар сәніне еріп балбырай қалатын шағы. Содан ортамызда Нұрлан атты тау десе танауы талыстай болып, шатыры кетіп қалатын маньягымыз бар еді. Сол айтты "Жігіттер біз ғой міне үшінші курсты Алла қаласа аяқтайық деп жатырмыз. Тіпті мынау іргеде тұрған Абай шыңына бір шығып қайтпадық. Кейін Алматыда қалсақ жақсы, ал жан-жаққа тарап барған жерімізде тауға шықтың ба деп сұраса ай қарап жүрдік деп айтамыз ба" деп қоймаған соң нағыз студенттік азық-түлікті (колбаса, консерві, қара нан, май) қамдап алып тартып кеттік. Сенбі күні шыққан біз кеш бата Алатаудың Құмбелінен асып қар етегіне жете тоқтадық. Түн болды. Арқалай алып келген бес жігіттің бес арқа отыны таусылуға жақындады. Ал тау деген масқара сұмдық суық. Отын дегеніңіз ту-у-у төменде қалған оған барам деп құз-жартастан ұшып өлгің келмесе тып-тыныш отырғаның жөн. Ал тып-тыныш отырсаң отсыз мәңгі жас болып қаты-ы-ып қаласың. Содан ортамызда сҰЛТАН АТТЫ ЖІГІТ БАР ЕДІ. Өлшеусіз күшіне орай бәріміз де оны "аю" дейтінбіз. Сол алақтап сәл тұрды да төменге тартып кетті. Кешқұрым жолда көтеріліп келе жатқанда жолдан қурап қалған биіктігі шамамен үш метрдей ағаш көргенбіз. Ол ағаш та әудем жерде. Сұлтан мен тағы екі жігіт біраз әуреленіп сындыра алмай қойған едік. Біраз уақыттан соң тау ішін дүр сілікіндіре "шатыр" етіп сынған ағаш дыбысы естілді. Ал жарты сағаттан соң бет-паузы терден көрінбей "Аюымыз" жетті ырсылдап. Сөйтсек қатып өлуден қорыққан Сұлтан біз не істейтіндігімізді ақылдасып жатқанда төменге барып әлгі ағашты бұтақ-мұтағымен қосы сындырып алып, арқалап алып келіп тұр. Таң атқанша сол бір ағаштың жылуына бөленіп Сұлтанға "Ода" айтып Абай шыңына таң атқан соң қарасақ пішту тау басы көкбет қатындай долырып алыпты. Амал жоқ сол тойғанымызбен кері қайтып Жатақханаға жексенбіде жау қиратқан батырларша оралдық. Ой Тоғжан таудың қызықтары өз алдына бір бөлек әңгіме ғой. Қазір сол кездегі суреттерге қарап отырамын да өз-өзімнен күліп алатын кездер де болады.
Саягул
Saygul_n@mail.ru
06-09-07 14:30
Мен биринши курска тусип 31 тамыз куни жатакханага орналастым.Сол кезде менин жаныма Айнаш деген кызды орналастырыпты. Енди екеумиз далага шыгып студенттермен танысып журдик. Барлыгы сендер бир-бирлериннен аумайсындар деп айтканда нана коймайтынбыз.Бир куни бир танымайтын бала маган кунде амандасып калымды сурайды. Мен бул ким мен оны билмеймин деп журсем,ол жанагы Айнаштын группаласы екен. Бир куни Айнаш екеумиз тамак писирип турсак ол жанымыздан отип бара жатып тан калган туримен карап сендер екеусиндер ма?-деп айкайлап жиберип шеги катып кулип жатыр. Сойтсе ол менимен мен Айнаш екен деп амандасып жур екен.Сонда Айнаш екеумиз Казакстаннын еки шетиненбиз, бир-биримизге соншалыкты уксауымызды айтсанызшы,тагы бир болмеге келип тускенимиз бари кызык екен.
Тоғжан
05-09-07 13:13
Қырбаласы сенін әңгімелерің сондай қызықты. Мен тіпті қайталап оқысам да күле беремін. 3-курс болсақ та дәл сендердей қызықты оқиғалар болған емес. Күндерің қандай қызықты өткен... Өзіңнен тағы да, яғни одан да қызықты естелік әңгімелер күтемін. Алдын ала рахметімді білдіремін. Тоғжан. Са-а-а-ау! :)
Қырбаласы
Тоғжанға
04-09-07 09:59
Тоғжан көкем-ау менің студенттік дәуренім бақандай жеті жыр бұрын өтіп кеткен. Ал қазіргі сол бір қимас шақтарды аңсау ғой!
Қырбаласы
03-09-07 12:11
Алыста қалған албырт шақ,
Аңсарымды мәңгі біліп пе ем!
Тоғжан
03-09-07 08:20
Қырбаласы қалың қалай? Байқаймын атсалысып форумға өз үлесіңді қосудасың. Нағыз студент!!! :)
Қырбаласы
29-08-07 14:18

Біздің студенттердің бәрі де сайлаудан кейінгі қарбаластан соң демалып жатыр ма деймін-ау! Басқасын қайдам өзімнің қанатымды қатайтқан АГУ-ң ректоры Садықов көкем ректор болғанына қатты қуанып жатырмын. Оған сонда оқитын студенттердің де қосқан үлесі мол болыпты деп естідім. Оған дәлел тура сайлау алдында Алматыға келіп дауыс беру үшін жан-жақтан ағылған студенттер және билет таппай сенделген адамдар!
Қырбаласы
20-08-07 10:08
Бұл тақырып алғашқы беттен тусуге тиісте емес. Себебі студенттік шақ адам өмірінің ең бір асқаралы белдерінің бірі, оның үлкен өмірге басқан алғашқы қадамы!
Тоғжан
14-08-07 10:24
Студент жолдастар! Бізбен бірге ой-бөліскендеріңізге көп алғыс айтамыз. Алдағы уақытта әлі де болса жазады деген ойдамыз. Әрине, студенттің естен кетпес қызық сәттері өте көп. Сіздерден асыға хат күтеміз! Құрметпен: Тоғжан, Айгүл.3-курс студенттері.
Қыңыр
10-08-07 13:03
Ауылдан қыз болып кеп обшәгәда,
Қатын болып жататын қайран қыздар!
Ұшырап дәл осындай масқараға,
Қайран қыздар қаріп боп қалмаңыздар!

Жасайтын қызды қатын қызыл шарап,
Ауызға ала көрме аруларым.
Қаныңа шайтан шіркін тез-ақ тарап,
Белгілі жаман жолға баруларың!
Қырбаласы
09-08-07 10:22
Түнгі он бірде жатақхана есігі,.
Жабылатын қалмай ешбір тесігі!
Бірақтағы тартып алар біздерді,
Алла берген "лифті" деген несібі.

Қауіптілеу болсадағы сол шіркін,
Оны ойлатып жататын ба қу құлқын!
Аппақ қыздар аппақ қана сейсеппен,
Тартып алар ойлатпай-ақ ешбір мұң!

Төменгі этаж "перваштардың" мекені,
Ал олардың маңдай соры екі елі.
Түнде дәліз болатұғын бөлмесі,
Жұдырық та жанап өтіп шекені!

Cјндібек
07-08-07 12:38
Ой, рахмет. Бўл біраќ менікі емес.
Қырбаласы
07-08-07 07:29

Студенттер азайып кетіпті ғой!)
Кәмшат
Өзіміз ғой;)
30-07-07 14:31
Сәндібек қызық өлең екен, нағыз студент өмірін жан жақты ашады ма деп отырмын...
Алия Ануар
30-07-07 09:35
Бирде жатаханада туратын ерли зайыпты, жас семьянын уйне бардым, сабакка бирге дайындалайын деп. Мен негизи жатаханада туратындарга кызыгатынмын. Себеби озим патерде турдым, студенттик омирдин кызыгы сонда деп ойлаймын.
Тус мезгили жеткенде группалас дос кызым тамак истеди де бизди де тамакка шакырды, кара нанды турап, ортага пискен макорон койды, дамин корип едим, енди керемет, жан-жагыма карамай... терлеп-тепшип ал токтай алсамшы... Камырлы тамак жемеуге тырысатын мен барин бир мезгилде умытып кеттим. Сосын сумдык дамди екен не костын деп сурап едим жолдасы анкылдаган жаксы жигит еди, Кемпир айтпа рицепти деп куледи. Тагы сурап коймаган сон кулип курбы кызым, Кишкене май, пияз, макорон деди...
Қырбаласы
27-07-07 12:47
3 курстың қысқы сессиясында Америка мен Еуропаның орта ғасырлар тарихынан сынақ болатын болды. Дәл сол кезеңде құдай атып қыдыруым да көбейіп кеткен еді. Яғни шекесі қызған дайындық жоқ. Жайлауға кеткен жағаны қымтап, етек-жеңімді жиғанша уақыт деген зырқырап келіп қалды. Бәрін бір құдайға тапсырып зачетқа қойдым да кеттім. Өте қатал ағай, дүрдей профессор. Қырсыққанда билеттің 3-ші сұрағы қисықтау келіп қалды. Мақұл не болса да 4 бар ғой дедім де, екі сұраққа жан-жақты жауап жазып, үшіншісін білгенімше толтырып соңына:

Сайранды салып жүрген мен бір сері,
Жігіттің өзім деуші ем ақтаңгері.
Шашаға шаң жұқтырмас бұл батырдың,
Алдында Өмекеңнің өлген жері! - деп жаздым да бере салдым. Ағай жауабымды оқып көрді де "тарихшылардың да жан-жақты болғаны дұрыс",-деп рахаттанып күліп алды да 5 қонжитып шығарып салды. Кейіннен сол кісі диплом жетекшім болып өте жақсы араласып кеттік.
Кәмшат
Өзіміз ғой;)
27-07-07 10:46
Біз көркем-өнерпаздар ұйымының мүшелері болғандықтан, сабақтарға кейде қатыспай, сессия кезінде "ағай", "апай" деп жүретіндер қатарында едік;)
Бірде математикадан беретін ағайымыз сол концерттік бағадарламаға қатысып қалған екен, онда мен "кемпір" ролінде едім, кейін сол кісінің алдына барып, ағатай сондай сондай концерт болып келе алмадым десем, уақытыңнан ерте кемпір болғаныңнан сенің, келесі жылы қыздың ролін ойнаймын десең ғана сынақ қоямын дейді, "Құп болады" деп қуанышым қойныма сыймай сынағымды алып кеттім. Уәде бергенімдей ақ келесі жылы "Ақан Сері -Ақтотыдағы" Ақтоты ролін ойнап шықтым;)
Кәмшат
Өзіміз ғой;)
27-07-07 10:38
Сол қыздың тағы бір қызық сөздерінен:
Бізде Политехта орыс мұғалімдері дәріс оқитын, барлығы еврей ме, орыс па, әйтеуір қазақша дым білмейтіндер...
Сол дәріс оқитын мұғалімнің аты-жөні Белла Борисовна болатын. Бір күні Салта оған тілі келмей, Булька Барисовна дегенде бәріміз құлап қалғанбыз;)
Кәмшат
Өзіміз ғой;)
27-07-07 10:34
Біздің қасымызда Салтанат атты Қызылорданың топ-томпақ қызы бар болатын, 8 қыз болып бірге жүруші едік, бірде жаңағы Салтанат бір жігітпен танысып, орысша міңгірлеп сөйлескен көрінеді, сөйтсе ана жігіт, "возьми своих подруг, покатаемся на машине" десе, Салта: "ой, нас много" депті, ана жігіт: "а сколько?" деп сұраса, Салта: "нас восьмера!" деген ғой;)
Сјндібек
27-07-07 08:54
Бїгінгі студенттіѕ ґкпесі

Осы жўрт неге бізді бейшара дейді?
Ел кимегенді біз киеміз,
Ел мінбегенді біз мінеміз.
Ел ішпегенді біз ішеміз,
(Сонан соѕ... не арєы жаєын ўмытып ќаламыз,
Не бір-бірімізбен сїзісеміз.)
Осы жўрт неге бізді байќўс дейді,
Ешкім бјрібір ќамымызды жеп, ќайєы ішпейді.
Кґргенімізден кґреріміз кґп,
Алєанымыздан береріміз кґп.
Береріміз болмаса, ешкімге керегіміз жоќ.
(Сондыќтан болар, тізімде атымыз бар,
Біраќ еш жерде дерегіміз жоќ)
Жїре береміз, жїре береміз,
Керек десеѕ, стипендиясыз-аќ жаќсы ґмір сїре береміз.
“Кґ-ґ-п” стипендияны бір-аќ кїнде тауысамыз,
Содан соѕ бірден јке-шешеміздіѕ стипендиясына ауысамыз.
Жатаќхана бермесе, бермей-аќ ќойсын,
Пјтер жалдап кїн кґреміз,
Сабаќќа да, жўмысќа да,
Тамаќќа да, ўрысќа да їлгереміз.
Ґкімет бізден
Мынасын да аяйды,
Анасын да аяйды.
Меніѕше, оќулыќтыѕ жаѕасын да аяйды.
Ол аздай, мўєалімдер ќаламмен оп-оѕай ќойылатын
Баєасын да аяйды.
Арќасын ќоздармайын деп,
Жїйкесін тоздырмайын деп,
Сабаќќа бармай ќалсаѕ,
Жаќсылыќты тїсінбей бадырайтып тўрып “енбі” ќояд.
(Оншаќты енбі жабылса, неѕді ќояды?)
Біраќ біз жўрт ойлаєандай байќўс емеспіз.
Мынау керек болса да,
Анау керек болса да жґнін табамыз,
Оќулыќтыѕ тіпті керегі жоќ,
Ќыздардан конспект алудыѕ жолын табамыз.
Апайєа жалынамыз, жаєынамыз,
Сессияда діттеген нїктесінен табыламыз,
Ол да болмаса, одан јріге шабыламыз.
Сґйтіп жїріп кґктемегір “енбілерден” арыламыз.
...Бўлай жїрсек те, шетімізден данышпанбыз,
Шоќандармыз, Абайлармыз, Ќаныштармыз,
Кейде арыстанбыз,
Ґйткен талайлармен айтысќанбыз, тартысќанбыз, алысќанбыз.
Мысалы, комендантпен аѕдысып, ала алмай жїрміз,
Вахтершаєа кґрінбей ќала алмай жїрміз.
Ал сантехник, мантехник, электрик дейтін ґѕшеѕ иттерді,
Ой кешірім ґтінемі “иктерді” таба алмай жїрміз.
Мґрдіѕ арќасында кондукторлармен жўлыспай,
Ќарауылдармен ўрыспай жїрміз,
Бјрініѕ бетін ќайтарар ек,
“Просто” жўлысуєа тырыспай жїрміз.
Байќасаѕ, біз де јжептеуір “семіз” ўлтпыз.
Ќазаќтар сияќты емес, сат-дјстїрге берік ўлтпыз.
Ана тіліміз – ќазаќша араласќан орысша,
Ўлттыќ таєамымыз – ботќа да, борщ та...
емес, ќытайдыѕ мыѕжасаєыр кеспесі.
“Ол денсаулыќќа зиян єой” деп сґйлеѕіз, сґйлемеѕіз,
бјрібір “Аш жїргеннен ауырып ґлген артыќ” деп жей береміз.
Ўлттыќ киіміміз.
Ќос аяќќа ќос ќанар,
Кеудемізге кенеп киіп шіріп жатырмыз.
Ќыздарымыз їшін бір шалбардан он шорты тігіп жатырмыз,
Беторамалдан кґйлек жасап,
Жыртыќ-тесіктен ґрнек жасап,
Етекті жойып тастап,
Кіндік пен омырауды ойып тастап,
Мата тапшылыєынан осылай шыєып жатырмыз.
...Батырымыз бар, аќынымыз бар,
Єалымымыз бар, јкіміміз бар.
“Тјтті” су мен “сыйластыќќа” жаќынымыз бар.
Ашќараєымыз бар,
Ґзгелерден басќараєымыз бар,
Семізіміз, егізіміз бар,
Арыєымыз тўрыєымыз,
Бґренеміз, шыбыєымыз бар,
Біреуіміз тїсіп, біреуіміз бітіріп,
Біреуіміз ўтып, біреуіміз ўтылып
Жїріп жатырмыз,
Ќўдайєа шїкір,
Ел ішпегенді ішіп,
Ел кимегенді киіп,
Ел мінбегенді мініп,
Ел білмегенді біліп жатырмыз.
Осы жўрт неге бізді бейшара дейді?

Тїсіпалып Бітермегенўлы

Сері
shrj81@mail.ru
26-07-07 12:21
Бірде каникулдан жана жиналған кезіміз болатын. Аудиторияға жаңа апай кіріп, екінші курсқа өтуімізбен құттықтады. Сәлден соң: шығарма жазуға қалайсыздар? - деп сұрақ қойды. Жыбырлап қалған ауыз тыйылсын ба: Уақыт жетсе болғаны жаза берем дедім шошаңдап. Мен бір тамағын жеп қойғандай апайым қабағы қатулана: АЛ, 1,5 сағат уақытың бар, жаза ғой, тақырыбың Фердоуси" деп, дүрсе қоя берді. Тақырып алдағы семестрде өту керек тақырыбымыз болатын. Алдыңғы партаға қонжиып, "Рүстем-Дастан", "Шахнама" туралы бірдеңе жазып, шаққа дегенде 6 бетке толтырып, енді не жазам деп отырғанымда шпорды көріп қуанып кеттім. Жарықтықты ешкімге көрсетпей ашып оқысам, өзі группадағы еркек атаулыдан жалғыз жұбым Қаныш екен. Оқысам жазғаны мынау:
Басыңа бәле тілеп ұзын тілің
білмеймін не боларын енді күнің.
Арттағы мына отырған бізге жетсін
күңіреніп Фердоуси деп шыққан үнің, - депті. Артына:
Қойыпсың соңына қол Қаныш деген,
Нең қалды енді сірә, қан ішпеген, - деп жазып қайтарып жатырсам апайым байқап қап, тартып алды. Шпорды оқып бір армансыз күлді де, бұлай жасамасаңдар филолог болармысыңдар, екеуіңе екі 5 дегенде сенер-сенбесімізді білмей аң-таң болғанбыз.
Алия Ануар
26-07-07 11:31
Мен орыс группасына барам деп кигалак салдым жанымдагы дос кыздарыма.
Олар неге деп сурады менен. Мен айттым биздин группада 2-ак жигит, онын ози кезектесип келед сабаққа, жылына 2 рет болатын сабақтын дедим. Олар кулип ауыса гой деди...
Бирак айтканым орындалып 2 курстан кейин солармен бирге сабак отетин болдык.
Алия Ануар
26-07-07 11:27
Бирде бир апай отырып алды осы сен кыздан бирде бир пара алгам жок деп. Сосын мен айттым Апай арине мен сизден ештеме аямаймын гой бирак бала-шагама жетпейди тапкан таянганым дедим. Ол танырқап сенин бала-шаган бар ма деди? Мен арине куйеуим жумыссыз. 3 балам сыртта, 1 балам иште деп койып калдым. Шын сенип калды...(

Ай-Ару
26-07-07 09:50
Сессия кезі. Қазақстан тарихынан емтихан.Қасымдағы Ельмира шпорды өкіртіп жазып алып қалай алып кірді дейсіздер-ау, көкірегіне тықты. Фигурасы 90 60 60 болып шыға келді!!Емтиханға кірдік,Ілияс ағай көзінің астымен қарап отыр, аудиторияда 5 -ақ адамбыз.Бір уақытта Ілияс ағай қарамай тұр-ау деген шақта Ельмира шпорларын шығара бастады..Сол сәтте ағай Тұр орныңнан!!Шығар тыққандарыңды!!деп айқай салмасы бар ма? Сасып қалған Ельмира атып тұрып біресе ағайға, біресе шпорларының бір шеті көрініп қалды ма екен деп көкірегіне кезек кезек қарайды.Ағай оның жалтақтауынан шпорлардың қайда жатқанын түсінді де шыдай алмай күліп жіберді,бәріміз қосыла күлдік.Ельмира байқұс қып-қызыл!!!
Лунара
26-07-07 09:42
Бірде үйде свет өшіп қалды. Екі Құрбым кешке келе сала тез киін кафеге барамыз деді. Қыс уақыты болатын. Сіріңкенің жарығын түсіріп жүріп тез-тез киініп шығып кеттік.Екеуі жігіттерімен таныстырды,қастарында тағы үшінші біреу бар.6-ымыз кафеге бардық, отырдық, биледік, мен биде ортада жүрмін. Не керек жақсы отырып қайттық, уйге келдік, свет қосылыпты, асықпай отырып аяқ киімімді шешейін деп аяғыма қарасам, о тоба, екі аяғымда екі түрлі аяқ киім!Біреуінің басы домалақ,біреуінікі үшкірлеу.Өкшесі бірдей болған соң байқамай киіп кете бергенмін ғой.Ертеңіне сабаққа барып қыздарға сендер байқадыңдарма десем, олар жоқ дейді.Үшеуіміз қыран-топан күлкіге кенелдік-ау.Бәрінен қызығы бізбен бірге барған жігіттер байқап қойған болса ұятай!!!
Ай-Ару
26-07-07 09:33
Менің 1-курста оқып жүрген кезім.1-курстықтар арасында Таланттылар сайысы болды.6-номер бойынша сайысқа түстік Жанар деген қыз екеуіміз жүргізушіміз, үстімізде вечерный көйлек!Біздің кезек басталды,бәрі ойдағыдай басталды,соңғы 6 -шы номер спортық би , оған Жанар да қатысады.Биден соң Бибігүл өлең айтып жатқанда қалғандары (әсіресе Жанар) киімдерін ауыстырып үлгеру керек болатын. Өлең да аяқталды, Жанар екеуіміз сахнаның екі жағынан шығып келе жатсақ бүкіл зал ду күлді.Түсінбей қалдық..Қарасам Жанардың үстінде көйлек, аяғында красовки!!Сөйтсек асығып жүріп туфлиін киюді ұмытып кетіпті. Жанар жүгіре жөнелер деп едім, жоқ ол саспай қасқайып тұрып красовкимен соңына дейін жүргізіп шықты ғой!! Тіпті 1-ші орынды да иелендік!
Қырбаласы
Еркеге
26-07-07 09:21
Онда группаңызда ортақ мүдде жоқ, әркім өз-өзімен жүретін болуы керек! Жаңылысуым да мүмкін
Қырбаласы
26-07-07 09:20
Бірде бір жатақханаға барып қыздардың бөлмесіне қонақ болмақшы болдық. Ал жатақханаға обходттан кейін бөгделердің кіруі тек терезе арқылы№ Ал біздің гөзалдардың бөлмелері екінші қабатта. Содан жолдас жігітті қыздар екі-үш сейсепті жалғап "лифтімен" көтеріп жатқан. Ана жарықтық та доп-домалақ еді. Қырсыққанда бірініші қабаттың ортан белінен өте бергенде сейсептің байланғанг жері ағытылып кетіп, жолдасым жон арқасымен жерге "дүрс" ете қалсын. Қайта сәл бұрын өткінші жаңбыр жауып, жер жұмсақ болып тұрған. Біраз тұрып есі жиған соң "Құдай бір қақты" дедік те абайлап өрмелеп аман-есен шығып алдық!
Ерке
Басымды катырмашы!!!
25-07-07 22:51
Мен мысалы 1-курсты бітірдім... осы журттар айтушы еді: Студенттік жылдар-ең қызық жылдар деп..." бірақ дым-да олай емес!!!
Кәмшат
Өзіміз ғой;)
25-07-07 13:21
Мына диплом алғанша өліп-өшіп жүгіресің ғой, біз бірде осы жарықтықты қолымызға алғанымызда, қуанышымыз көкке жетпей, барлық курстастар боп капеге бардық қой, сосын не дейсің, ақымақ сусыз қызық болмайтындай жігіттер бәрімізге баяғы Сәбет өкіметінен списанияға кеткен 100 грамдық стақандарға жаңаы "суды" құйып, ішіне алған елтаңба мен тағы бірдеңе жазылған значогымызды ішіне салып, "Ал қыздар осыны ішсеңдер, өмірде жолдарың ақ, жұмыстарың жемісті болады" - деп еді, бәріміз сол рас болатындай сеніп, жаңағы значок салынған ақымақ суды тартып жібердік, менің көзімнен от жанып кеткендей болды, ата-бабамның аруағы көз алдыма келді ғой, сөйтсем жаңағы значогымның қыстыратын жері ашылып кетіп, тамағыма тұрып қалғаны бар емес пе? Сосын, не болғанын білмеймін, есімді жисам, курстас бір жігіт "бірбәле" қылып ап шығыпты значогымды...;)
Қырбаласы
25-07-07 08:40
Бірде бүтін курсымызбен тауға демалуға шықтық. Неге екенін қайдам біздің бір қыз аяғына биіктеу өкшесі бар туфли! киіп шыққан ғой! Ол немесі таудың басына шығып, қайта түсерде бір өкшесі түсті де қалды. Ана қыз болса біздің бір жігітке мынаны бірдеме қылып берші депті. Ал оның таудың басында дайын тұрған біз бен желімі бар ғой дейсіз бе, алған да екінші өкшесін де қағып тастаған. Етекке түскенде қарасақ ана қыздың аяқ киімі шаңғының басындай болып қайқиы--ы-ы-ып тұр. Елдер шаңғыны қыста тебуші еді, сіз аса құрметті ханым жаздық шаңғы ойлап тапқан екенсіз де, - деп бәріміз бір күлісіп алғанбыз.
Қиқар
24-07-07 07:55
Жастык, сен1 махаббат деп угамын,
Саргайганга сый кылатын сынарын.
Б1рак маган кез1кпед1 б1р ару,
Содан болар, таркаган жок кумарым.

Содан болар сан сулуга асыктым,
Талай рет куй1н кешт1м гашыктын.
Талай рет алып-уштым, сан марте
Ж1гер1 мол журег1мд1 жасыттым.

Жастык, саган айтам титтей арыз, сын.
Гашыктыктан неге сонша алыссын?
Рас, саган борышым коп кайтпаган,
Сен де маган шын махаббат карызсын!

Жыл сайынгы кайталанбас адетпен,
Кокием маган б1р сулуын уаде еткен.
Кутт1м узак, коктен ару келмед1,
Алма жуз1н Алматынын таны опкен.

Жастыгымнын айтылмаган жарлары,
Сыбырлап кеп шабытымды урлады.
Шерт1лмеген сырлары мен мундары -
Домбырамнын шанагында тур бар1.

Даурен1мн1н таркамаган кумары,
Махаббаттын жазылмаган мын ан1,
Анык каз1р кок1рег1мде жатканмен
Картайганда ок1н1ш боп шыгары,
Саргайганда сагыныш боп шыгады.

P.S.Гибратты жиып алган бойына,
Жастык деген - мен1н коркем анг1мем,
Окигасы оралганда ойыма,
К1мд1 ес1ме алар екем алдымен?..

Алия Ануар
Жалгасы кайда Кикар?
20-07-07 10:15
Кутем...
Қиқар
19-07-07 11:02
Жастық дәурен таусылмайтын ән білем,
Жастық дәурен, сен осынша мәнді ме ең?
Қадіріңді әлі ұға алмай келемін
Жас боп жүре беретіндей мәңгі мен.

Қыдыруға, сыр ұғуға еп келмей,
Желігіңді жүрдім бастан өткермей,
Еркелікті есерлік деп ұғындым
Туа сала ақсақал боп кеткендей.
(жалгасы бар)


Кәмшат
Өзіміз ғой;)
19-07-07 08:07
Бірде қыздар боп бөлмеде іш пысып жаттық. Сосын арамыздағы бір қыз ой тастады, қыздар кафеге барып билеп қайтайық деді. Сосын бәріміз сумкаларымызды қопарып ақша жинай бастадық, жинағанымыз тек 1000 теңгеге жетер жетпес... енді не істейміз деп отырып, мынандай ой келді. Бәріміз жаңа алаңға барып, өсіп тұрған раушан гүлдерді жинап алып, жолда тұрып сатқанымыз бар;) жап жақсы "табыс" тауып, кафеде аяқ ісігенше билеп қайттық;)
Усойқы
19-07-07 07:46
Өмір, өмір, өмір өстіп өтерде,
Адам сірә қиналмайды бекерге.
Сен де қимай, мен де қимай жылармыз,
Біз бір күні Алматыдан кетерде.

Таңғалтып та жиі көрген түсімде,
Ұқсастық бар өңінде де, ісінде,
Өкінемін өлең сүйген өрім қыз,
Қап қояды жатақхана ішінде.

Өкінеміз мұны да көп айтқанбыз,
Басымыздан қаз да ұшып, қайтқан күз.
Қап қояды көп бөлменің ішінде,
Жарым түнде жандай сырын айтқан қыз.

Жүректері мың шертілер күй аңсап,
Арман қуған жастар едік ұялшақ.
Біз кетерміз Алматыдан бір күні,
Бір көрісу үшін тағы жиі аңсап.
Қырбаласы
17-07-07 16:46
Бірде біз топ болып (аса ұйымшылдығымызды қараңыз) ұл-қызымыз бар түнгі клубқа дискотекаға бардық. Бардық та ортаны ойып тұрып алдық. Әрине ортаны алу үшін кәп-кәдімгідей "разборка" болғанын жасырып қалуға болмайды. Алайда курстас қыздардың ортада билегіміз келеді деген сөздері біздің жігіттерді осыған мәжбүрледі. Оның үстіне сол клубтың күзетші жігіттері де қазақ екен,"Ой жарайсыңдар қазақтарым! Осында сендерге дейін ешқандай да қазақтар ортада болмап еді", - деген су бүркуі бізді тіпті еліртіп жіберсе керек. Дегенмен соңы қайыр таң атқанша биледік. Сол кезде Лаураның әлде Шолпанның туған күні құрметіне бардық қой деймін. Ертесі содан шыққан бетімізбен сабаққа барайық. Дес бергенде алдыңғы үш бірдей пар да бір апайдың сабағы еді. Ал кісі біздің топты сұмдық жақсы көретін еді. Ол кісі бізден бар жағдайды сұрап білген соң "Жарайды 270 минут жақсылап тұрып ұйықтап алыңдар. Есікті ішінен бекітіп алыңдар бірақ бұл ендігәрі қайталанбасын" деді де өзі шығып кетті. Ал біз болсақ есікті жабар-жаппастан парталардың үстіне куртка-пальтоларымызды төсеп тәтті бір қорылға бастық! Дес бергенде төртінші парға дейін бәріміз дыңдай болып тынығып алдық та Қазақстан тарихынан Қасымбаев ағайдың сабағында семинарды дүрілдетіп тұрып өткіздік. Жастықтың осындай да қызықтары болған.
???
17-07-07 10:38
Менин есимде тек озиме байланысты жайттар гана калыпты. Бирде ашык сабакка такырып тандамай дайындалып келгем салгам сойтсем группада бир жигитте сол такырыпты дайындалып келипти. Мен не истесем екен деп катты ойландым. Ал бага тагы керек. Мен окыган оку орын кезинде жатахана болган зданияны алган гой, сосын кабинеттерде улкен терезелер кейбиреулеринен шыгып балконга шыга аласын. Сосын ойыма арам ой келди егер ана жигитти тыста устасам мен гана дайындалаган такырыпты айтам деген. Сосын биздин кабинет сонгы кабинеттин алдында еди, колидордын соны биткен жери Деканатта биздики содан кейин. Кайтим дейсиз гой сабак басталмай турып алги жигитти балконга шыгардым терезе аркылы негизи баска жак аркылы шыга алмайды сосын сол жерде алдаусыратып сойлесип тура бердим де лып етип кабинетке кайта кирип кеттим, казир келем али сабак басталмайды, апай кешигип жатыр дедим де оны тастап кеттим куте тур деп. Сосын иле шала мен кабинетке терезеден тусип келе жатканда апай кирип келди мен тырс етип кулдим де орныма отыра бердим сосын терезе жакка карап калсам алги жигит тусе алмай ынгайсызданым тур конечно аудиторияда 25 адамдай бар еди. улкени бар жасы бар дегендей енди оган терезеден тусу ынгайсыз гой ози денеси улкен жигит еди, шын меники уят тирлик жасы менен улкен еди. Заочна окыдым гой мен. Шыкканнан кейин ой жынды кыз мени ынгайсыз жагдайга калдырдын гой дейди. Ол айтады деканаттан шыга алмайтыным козиме жетти, енди биздин терезе тусымыздан оте шыгып келеси терезеден тусейин десем ол жактада сабак журип жаткан болар деп ойладым дейид. Сосын кунин астында шыжып ровна 90 мин турдым гой деди.

Сері
shrj81@mail.ru
17-07-07 08:31
Бес жыл бойы қызартып имендіріп,
Біреуі үшін қуанып, күйген бірі.
Бірін-бірі ұзатып өз қолынан
Бірін-бірі қолынан үйлендіріп.

О жастық-ай.
Алмайтұғын өлмей тыным,
Ойын-тойсыз өмірге көнбейтұғын.
Биге барса баратын бір топ болып
Жалғыз жүру дегенді білейтұғын.

О, жастық-ай!
Мойымас тау-тасыңа.
Омыртқаңды үзеді ол, дау тасыма.
Ортақ оның қайғысы, қуанышы
Ортақ оның қалтасы, малтасы да.

Ғашық болсаң түн пана, терек пана,
Сұлу демі - дем емес, шарапхана!
Қызға барсаң кигенің өзгенікі
Өзіңдікі жалғыз -ақ жүрек қана.

Өмір, өмір,
деп жастық ұрандай ма?
Көкіректі кернейді бір ән майда.
Бір жігітке он қонақ мейрам күні
Он жігітке бір билет трамвайда.

Алматымыз жастықтың бағы іспетті,
Қаншама гүл сол баққа қоныс тепті.
Бір жігіттің ойында он арманнан
Он жігітке жалғыз-ақ конспект.

Тауысса да ақыры нандық пұлды,
Тартпай қойған серілік-салдық кімді.
Түніменен дуылдап, келесі күн
Отырғаны сабақта қалғып-мүлгіп.

Керемет қой,
қызық қой сезім деген,
Көктемеде кім үйден безінбеген.
Он ай бойы масайрап ойнағандар
Емтиханда отыз күн көз ілмеген.

Лайланып кетсе-дағы тұнық ойы,
Қыдыруға болмайды мұны қойып.
Баррикада жасап ап қалың томнан
Бас алмайды енді олар күні бойы.

Шақырады қол бұлғап тау алыстан,
Шырқап кеткің келеді жалау ұстап.
Өстіп жүріп бітеді емтихан да
Өстіп жүріп болады демалыс та.

Сонан кейін әлгіні ащысынбай,
Жұтып-жұтып жіберіп тұщы судай.
Туған жерге ұзатып тұрғандары
Бірін-бірі бір елдің басшысындай.
Қырбаласы
Кәмшатқа
17-07-07 08:12
Бешбармақ дегенің орекеңнің қазаққа таққан жанама "ас мәзірі" деп ойлаймын! Яғни бес саусақты салып жейтін тағам деген мағынаны білдіреді. Ал азия халықтарының соның ішінде Орталық Азия халықтарының көбі тағамды бес бармағын малып жейтіні ескерсек палау, нарын, дамлама т№б№ тағамдарды да "бешбармақ" класына жатқызуға әбден болады ғой деп ойлаймын!
Қырбаласы
17-07-07 08:08
Арай замандас! "Ел болам десең - бьесігіңді түзе",- деген Омарханның дана да дара баласы Ұлы Мұхаңның қазақ үшін мәңгі ұран болар алтынға бергісіз сөзі бар. Сол кісі оны тектен-тек айтпаса керек. Бесікті негізгі иесі АНА екеніне ешкімнің дауы болмас сірә! Ал ана дегеніміз бүгінгі қыздар! Қазақ әсіре қызыл тез оңар деген сөзді ойдың елегінен өткізіп, екшеп барып айтса бүгінгі әсіреқызылдар соны тіпті ескере бермейтін болды. Олар үшін өмірдің мәні "ойна да күл!". Ертең ойынының осылып, күлкісінің орнын күңірену басатынын сезбейтін жарым ойлы, жатырынан қағынған, текірек қаққан тексіз ұрпақтан не қайыр, не үміт! Біздің көп жастарымыз еуростандарт осы екен деп шайтанның жолын жарнамалап, тозақ отыны болуға өздерін осы бастан дайындап жатыр-ау! Одан бір өздері азап шексе мейлі, алайда сол жеке адамдардың әрекетінен бүтіндей ҰЛТ сорлап жатыр емес пе! Бұл тақырыптар да біздің топтың назарынан шет қалмайтын-ды. Яғни мен бүгінде қандай да бір тұщымды ойлар айттым дей алсам ол сонау студент кездегі негізі қалаған, көзі ашық, көкірегі ояу курстас достарымның арқасы!
Арай
arajj@rambler.ru
16-07-07 20:07
Қырбаласы, кермет-ақ! Шынымен студент өмірінің өзі, әсіресе жастық шақ нағыз бақыт!!! Қалай айтсаңыз да жарасады, ақылы асса аға тұт деген қазақ.
Ал ауылдан қалаға келіп, бұзылып жүрген жастарға әсіресе қыз баларға қарап налимын. Ұлт болашағы ананың қолында десе, сол қалай болса солай сөйлейтін, шылым мен ішімдікке әуес қыздарымыз қандай АНА болып, ұрпақ тәрбиелеп жетістірмек???!!!
Кәмшат
Өзіміз ғой;)
16-07-07 16:21
Бірде біздің бөлмеде ауылдан әкелген жаңа сойған қойдың етінен дәмділеп тұрып бешбармақ пісіргенбіз. 7 қыз бірге жүруші едік, барлығы жігіттерімен кеп жеп жатыр. Сонда менің жігітім ғана келмей қалған. Оның бойы сорайған ұзын жігіт еді, ех... Сосын бір кезде терезе тырс ете қалды, екінші қабатта тұрушы едік, сөйтсе менің жаңағы қыздарым әй Кәмшат жігітің терезені ұрып тұр дегені бар емес пе...
Қырбаласы
Арайға
16-07-07 14:57
Арай замандас (бәлкім құрбым, әлде қарындас боларсыз. Оңтайлысы замандас қой деп осылай атауды ұйғардым, сөге жамандамаңыз!)! Томаға-тұйықтық турасында көңіліңізге тиіп жатсам кешірім сұраймын. Ал анадай темекі шегіп, ауыздарынан ер баланың өзі айтуға ұялатын сөздер шығып жататын, бейәдеп қылықты қыздарға менің де жаным қас еді. Тіпті біршамаларына жөн сілтеймін деп біраз "алғыс" та естігенмін. Дегенмен де Алматыда студент болу деген ерекше бақыт деп ойлаймын өзім. Біздің топқа тән қасиет - сабақ арасында немесе жатақханада түрлі тақырыптағы қызу талқылаулар еш толастамас еді. Ал біз үшін семинар дегеніміз - нақ сабақ үстіндегі қып-қызыл дау, қызыл кеңірдек айтыс, тіпті кейде қызыл шеке төбелес (әрине ұлдар арасында) болып өтетін еді. Бұл жайт әсіресе қазақ пен оған қатысты мәселелерді талқылау барысында жиі орын алатын.
Кикар
16-07-07 12:42
Студенттіѕ кїн тјртібі:

07:00 Шырылдап жатќан саєатты ґшіру
08:00 Екінші шырылдамастай етіп ґшіру
10:00-11:00 Ўйќыдан тўру
11:00-12:00 Сабаќќа дайындалу (кеше Ќуаныш алып кеткен їтікті іздеп тауып, киім їтіктеу)
12:00 Сабаќќа бару
13:00 Сабаќтан ќайту (ќашу)
13:00-15:00 Оќу залында... ќыздармен јѕгімелесу
15:00 Ауыз ашар - Тїскі ас
16:00-17:00 “Тихий час”... оќу залында
17:00 Жатаќханаєа ќайту
18:00-21:00 Кјрістердіѕ, тїріктердіѕ, орыс, испан, аєылшын, Латын американдыќтардыѕ їй шаруашылыєымен танысу (тїгесілмейтін телесериалдар)
21:00 Кешкі серуен...
22:00-23:00 Дїкенге баратын адамды аныќтау
23:00-23:30 Вахтерша апайды жатаќхана есігін ашып беруге кґндіру
24:00 Ќонаќасы – кешкі ас
01:00 Дјліздегі јн сабаєы
02:00 Ќыздар туралы ќўпия кеѕес
03:00 Таѕєы ас
04:00 Кітап оќу
04:03 Ўйыќтау

Арай
Алматы
16-07-07 10:25
Қырбаласы, төмендегі ойындарымызды жазған едім, одан тұйық деп айтуға мені болмаса, керек.
Барлық жерде белгілі-бір шек бар. Қыз бала болғандықтан, тәуліктің 3-4 сағатында келуге рұқсат беретінбіз. Ешкім жазбаған, шығармаған, келіспеген заңымыз бар еді. Кешкі сағат 11-ден кейін көршілерімізді де шулатпайтынбыз. Оқу жылының басында барып, бір рет айтатынбыз.
Кейіннен бірінш курстың қыздарымен тұрғызып қойған. Олар түнімен ұйықтамай жүре беретін, еркіндік деген осы екен деп. Темекі шегетіндерінен, салақтықтарынан шаршап, әпкемнің үйіне кетіп қалдым.
1-2 курстарда өте қызық болған.
Қырбаласы
Арайға
13-07-07 14:08
Әрине сендер сынды қыз балалар қолдарынан неше түрлі өнер шығарып жоқты бар ғып ұқсата алады да, қарны онша ашпайды. Ал мен ер бала оның ішінде асханаға аса ебім жоқты. Оның үстіне өз курсымның, тіпті менен 1-2-3-4 жыл кейін оқыған курс қыздарының көбімен жақсы қатынаста болдым. Содан соң ас әзірлеуді үйренуге деген қажеттілік болмай қалды. Өз басым жатақханада томаға-тұйық өмір сүру дегенді елестетіп көрген емен! Қайран қыздар, қазірде бір-бір үйдің бағы болып отырғандарына сенімім мол!
Арай
Алматы
13-07-07 09:48
Қырбаласы, сондай қарындарың ашушы ма еді??? Күшті ғой, біз ондайды көрмей қалдық қой. Біз жатақханада ет асып, лағман, қуырдақ жасап тамақ істейтінбіз. Онша ешкіммен жақын араласа қоймаған соң, сен сияқты кіріп келуге ешкім батпайтын. Біздің бөлмеге қыздар конфет жеуге келетін. Өзіміз тәтті аса жемейтінбіз...
Сері
shrj81@mail.ru
12-07-07 17:11
Басталмаған қаланың дастаны әлі,
Бірінші жыл дала деп жас тамады.
Бірінші жыл ауылы естен кетпей,
Бесінші жыл қимайды Астананы!

Жалғасы бар!
Қырбаласы
12-07-07 15:33
Әлі есімде 2 курста жатақхананың ортақ асханасында газга тамақ жасайын деп кірсем бір қазан ет (әрине ауылдағы апаңның қазаны емес, студенттік қазан ғой) былқылдап пісіп тұр екен. Жан-жағыма қарадым, ешкім жоқ! Ет болса кел де мені жей қал деп тұр! Тіпті қыстан майы сорғалап шыққан сүр ет. Танау дегеніңіз сүр еттің исіне елтіп талыстай болып ол кеткен, асқазан ойбайын салып ол... Не болса да деп етті қазанымен көтеріп курстас қыздардың бөлмесіне кіріп бардым. Ойымда - қыздарға жақсы атты көріну де бар. Кіріп келгенде бөлмедегі екі гөзалым да бір-бірімен жарыса: - Ой біздің ет пісіп те қалған ба,-деп шулап қоя берсін. Мен де сол арада: - Сендер осылай өсек соғып отырғанда еттеріңді біреу ұрлап кетпесін деп қарауылдап жүріп пісіріп алып келіп тұрмын ғой,-деп жалтарып кеттім. Сөйтіп студенттің бір тойғаны - шала байығаны деп мұртты майлап алып, маужырап тұрып ұйқыға кеткенім бар.
Қырбаласы
12-07-07 15:24
Менің курстас досым бар. Сол оқып жүрген кезде-ақ жұбымыз жазылмайтын! Ең қызығы группаның ішінде ең ұзыны мен де, ең аласасы - ол. Қызық екеуміз сабаққа кешіккенде болады. Есікті тақылдатамыз, содан соң мен үстінде, ол - астында екі бірдей бас кіруге рұқсат сұрап тұрады. Біздің бұл түрімізді көрген ұстаздар да, курстастар да қыран жапқандай күлкіге қарқ болып қалады.
Қырбаласы
12-07-07 15:21
Кездер-ай, қайран кездер-ай!
Көздер-ай, қара көздер-ай!
Аштықты да, тоқтықты да, сарсаңды да, самғауды да бастан өткізіп жүрсек те әзілі мен қалжыңы таусылмайтын, өмірге деген құлшынысы мен талабы басылмайтын ол да бір дәурен екен-ау!
Мен өзім құлай сүйген курстас құрбы қызымның "Дәл осындай сәттер, дәл біздің курстастардай ақжарқын достарға толы, сезімнің айдынында бақытты сәт өткізген студенттік өмір қайта келеді дегенге сенгісізбін",-деп бітіріп бара жатқанымызда көзінен аққан мөлдір тамшыларымен мөлдір сырларын жеткізіп еді-ау!
Арай
Алматы
11-07-07 15:00
Маған осы тақырып қатты ұнаған еді, ешкім естелік жазғысы келмей ме?
Арай
05-07-07 11:57
Ең алғаш 4 алып емтиханнан жылағаным әлі есімде. Оқымағаныма өзіме қатты ыза болдым.
Бірде жазғы сессиядан соң үйге кетіп бара жатып шашымды кестірсем, қысқа қылып тастапты. Жыным ұстап, үйге келіп сумкамды лақтырып тастап жыладым. Папам, мамам, інім теледидарды өшіріп тастап маған су әкеліп, дәрі беріп жатқызып қойды. Біраз уақыттан соң, қарным ашып тұрдым. Сосын не болғанын сұрай бастады. Мен шашымды қысқа қиып тастағанын айтқанымда, папам күлгенін қоя алмай қойды.
Осындай студент ерке қыз едім...
Арай
05-07-07 11:49
Студент кезімде қашан оқу бітіремін деп, дүйсенбіден сенбіге дейін өмір сүруш едік... Үйге кеткіміз келіп, апта сайын барсақ та, мамамыздың асқан сүр етін, қатық қосқан сорпасын сағынушы едік... Біз құрбым екеуміз есте қалсын деп, неше түрлі нәрсе істейтінбіз. Жатақханада бірінші курста тұрғанда курстас достарымызды, сендерді 3-4 курстың балалары нан әкелуге жұмсады деп, ақшамызды беріп алғызатынбыз. Бөлмелеріне барып аяқ киімдерін терезеден лақтырып жіберетінбіз. Бірде олар қайтадан ішке терезеден лақтырып жатып, терезені сындырып алды, сосын сол бала екеуміз не істерімізді білмей, әбден уайымдадық. Терезе сынған бөлменің қыздарына барып, кешірім өтініп, жатақхана әкәмшәләгәне айтпауын өтінген едік, бірден қабыл алды өтінішімізді. Сырттай бізді бағалап тұрған бізден 1 курс жоғары оқыған бала, бізге ұрысып кеткені бар емес пе?! Ұрысып-ұрысып, соңында, "ойнап туұрмын" деді. Ал ол кезде менің көзіме жас келіп үлгенген :) Терезені ешкім сұраған да жоқ. Күн суыта бастағанда, екінші қабаттын салып берді.
Аяқ киімдерін алып кетіп, терезелерінен жіпке байлап төмен түсіріп ұстатқызбай тартып алатынбыз. Аяқ киімдерді терезеден лақтырып жүріп, жоғалтып, бауларын үзіп те алғанбыз.
Класстастарымызбен киноға барамыз деп, жатақхананың есігі жабылып қалып, екінші этаждың терезесінен кірген кездеріміз де болды.
Қыс кезінде кездескен адамдардың бәрінің мойнына қар салып кететінбіз. Сосын бір күні магистрант балалар бізді қуып жүріп ұстап алып қарды пакетпен алып келіп салды ғой мойнымызға, ол арқамызға кетіп қалды. Онысымен қоймай, арқамыздан қағып-қағып қояды ғой тезірек ерісін деп. Сол күні кешке келіп, аяқтарыңды ыстық суға салыңдар, ауырып қаласыңдар деп, кеңестерін беріп кеткен :)
Қар қалың түске кезде, жатақханадан бәріміз шығып, қармен ойнайтынбыз.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 








© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube