Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу
English talk
Правила
Поиск по разделу
Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия












Общение

Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Бесік жыры және бесік тәрбиесі


Авторы Xабарлама
Тамаша
kz_sch_102@mail.ru
27-08-07 09:55
Маган бесік жыры және бесік тәрбиесі туралы материал қажет
тез қажет еді көмектесіңіздер

Авторы Жауап
Арайлым
akos.20@mail.ru
13-01-14 17:30
Бесік Жыры — тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған Бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының Бесік жырылары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметі — бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1 — 5 жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз Бесік жырының мәні де, сәні де келмейді. Қазақ Бесік жырының үлгілерін алғаш Ә.Диваев хатқа түсіріп, 1905 ж. жариялаған. Содан бері там-тұмдап жиналып келе жатқанымен, халық жырларының асыл үлгілері әлі де толық хатқа түсе қойған жоқ.
A.

А. Бурго, Бесік Жыры .
Бесік жырыларын мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай дәстүрлі Бесік жырылары және суырып салма Бесік жырылары деп екі топқа бөлуге болады. Дәстүрлі Бесік жырылары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерлерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: “Әлди, әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем!” деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады. Сонымен қатар ана:
“...Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің!
Бармақтары майысып,
Ою-өрнек ойысып,
Ұста болар ма екенсің!
Таңдайларың тақылдап,
Шешен болар ма екенсің!
...Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Қызмет қылар ма екенсің?!
Қолымыздан іс алып,
Бақытымызға жан балам,
Бізді бағар ма екенсің?!” деп баласының болашағын, ел мүддесін, өз арман-мұратымен астастыра жырға қосады. Ал суырып салма Бесік жырыларында айтушы жанрлық түрді пайдалана отырып, кезеңдік жағдайларды, өзінің ішкі мұң-сырын өлеңге қосады. Мәселен, Г.Н. Потанин хатқа түсірген Бесік жырының бір үлгісінде: “Таудан Тоғас түскен жоқ, Секемен тары піскен жоқ. Тоғас түссе етекке, Қой жүреді жетекке. Жылама, бөпем, жылама” деп жарты құрсақ жатақтар өмірінің ауыр тірлігі суреттелді. Сырлы сөз бен сазды әуен астасып келетін Бесік жыры халық педагогикасының бастау бұлағы ғана емес, қазақ әйелінің жан дүниесін танытатын, кезеңдік ел тұрмысынан мол мағлұмат беретін шалқары кең жанр. Оның осы мүмкіншілігін кейінгі жазба әдебиет өкілдері мен сазгерлер де кеңінен пайдаланып келед
сара
erke-kyz_98_22@mail.ru
12-12-13 16:26
неге сураушылар аз
дияра
diara@mail.ru
25-04-13 10:03
бесыкке салу керек
Алия
Aliy_92_92@mail.ru
15-03-13 10:12
Озим суйер аппагым оленинин матинин кайдан табуга болады
адилмурат
adilmurat_99@inbox.ru
13-03-13 15:01
oi blin jokko ewtene saittarnda
аружан
aruka_sericova@mail.ru
26-02-13 18:50
маган бесик тои туралы малимет тауып беринде быстреи
замира
nurai_03_2012
29-01-13 23:18
маған мани бар,тарбиелик жолы бар бесік жырын тауып берлерінізді өтінемін!
назиля
adylgazinova.nazilya
08-12-12 12:22
маган бесік жыры керек ойдан курасытылган отинем жибериндерши
Ұлжан
ulzhan_060794@mail.ru
28-11-12 16:16
Бесік жырының тәрбиелік маңызы көп болғанмен, мәлімет табу қиын.
тупой еще тупее
Бесік - сан ғасырлар бойы ұлттың ұясы, қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік, қой үстінен бозторғай жұмыртқала
17-04-12 21:05
Бесік - сан ғасырлар бойы ұлттың ұясы, қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік, қой үстінен бозторғай жұмыртқалаған мамыражай тіршіліктің белгісі іспетті. Бесікті қатты қадірлейтіндігі соншалықты, қазақ атасы жатқан бесікке бала, немер, шөбере, шөпшек, тіпті туажатына дейін бөлейді.
Бесік тек қана қазаққа тән емес, ол Орталық Әзұя, Қапқаз, Үндістан, Қытай жерін мекендеген көп халықтың ұл мен қызын ұйықтатып, оянғанда қолын шешіп ойнатып, анасының ақ сүтін беріп, тіл-көзден сақтайтын ағаш төсегі. Тек олардың әр халықта жасалу ерекшеліктері түрліше болып келеді. Қазақтар бесікті негізінен қайың, қарағай, талдан иіп жасаған әрі жеңіл келеді.
Жасалу жолы мен құрылысына зер салып қарасаңыз, ата-бабаларымыз бесікті өте тапқырлықпен, данышпандықпен жасағанын айқын көреміз: 1) ол екі жаққа қарай тербетіліп, тепе-теңдікті сақтап тұратындықтан, сәби есейе келе қаншама бұлқынса да, аударылып кетпейді;
2) тербеткенде адам қолы шаршамайды, баланың басы ерсілі-қарсылы шайқалмайды;
3) жыл әрі таза.
Желдің өтінен, жердің сызынан, аптаның лебінен қорғайтын бесік жасалуы мен оған пайдаланылатын материалдарға байланысты:
ЖЕР БЕСІК және
Мұндағы ЖЕР БЕСІК жасалуы бойынша:
* иіп жасалған бесік;
* тік жасалған бесік болып,
ал ЖЕЛ БЕСІК материалы бойынша:
* тал бесік;
* қайың бесік;
* қарағай бесік боп бөлінеді.Әлқисса, енді бесіктің жабдықтарына келейік.
1. ШИ. Бесік жабдықтарының үстінен ұзына бойы жайылатын түбек бекітілетін тұсы ойық тоқылған ши төсеніш.
2. ЖӨРГЕК. Шидің үстінен төселетін, түбек тұсы ойық келген, жұқа киіз немесе арасына мақта, жүн салынып сырылған көрпеше.
3. ҚҰС ТӨСЕК. Түбек тұсында дөңгелек ойығы бар, жөргектің үстінен төселетін, арасына құс мамығы салынып, қабылған жұмсақ төсеніш.
4. ЖАСТЫҚ. Бесік енімен бірдей етіп жасалады. Арасына құс мамығы толтырылады.
5. КӨРПЕ. Ол жаздық және күздік болып бөлінеді. Жұқа матадан тігілгені - жаздық, арасына мақта, түйе жүні салынып, қабылғаны - қыстық.
6. ЖАЯЛЫҚ. Сәбидің денесін орайтын жұмсақ шүберек.
7. КЕПІЛ. Түбек ойығын төңіректеп төселетін, сәбидің жалаңаш тәнін қажамас үшін жамбас тұсына, тізесіне қоюға арналған кішкене жұмсақ жастықшалар.
8. ҚОЛБАУ, ТІЗЕ БАУ. Оны таңғыш (тартпа) деп те атай береді. (штары бесіктің екі жанындағы сабау ағаштарға таңылады, біреуі бөленген сәбидің көкірек тұсынан, келесісі тізеліктің үстінен түседі. Ол биязы жүннен тоқылады немесе екі-үш қабат матадан сырып, кеуде, тізеден оралатын тұстары жалпақтау етіп жасалады. Тартпаның екі ұшы арқалыққа байланады.
9. ???. БҰЛ ЖАБДЫҚТЫ басқалардың табуы үшін қалдырып кетіп отырмын. Қане, КІМ табар екен?
10. Бесік жапқыш. Бөленген сәбиді маса мен шыбыннан, желден, күн көзінен, суықтан қорғау үшін бесіктің үстіне жабылатын кестеленіп тігілге сәнді мата.
. АРҚАЛЫҚ. Ұзындығы 70-75 см., ұстап тұруға ыңғайлы, бесіктің ең үстінде көлденең орналасқан жұмыр бел ағаш. Оны АРЫС деп те атайды екен.
2. БӨГЕН. Бұл бөлік алдыңғы бас, артқы бас деп те аталады. Бөген - негізінен жас тал мінсіз жонылып, жақсы әрленіп, морға қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің екі басы.
3. ЖАҚТАУ. Оның саны - 4. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең болып келеді.
4. ШАБАҚ. Бұл да - төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік еніндей тақтайша.
5. САБАУ. Ол - екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.
6. ???. (Бесіктің осы бөлігін жұмбақтап отырмын, КІМ табар екен?) Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама-қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы - бесіктің табаны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқалыпты жеңіл тербетілуін қамтамасыз етеді. Бесіктің осы бөлігін ТАБАН деп те атай береді.
7. ТАҚТАЙ. Бесіктің түбегі орналасатын, төсек салынатын ортасындағы бөлігі.
8. ШҮМЕК. Бесіктегі баланың кіші дәреті үшін қойдың асық жілігінен бір басы тесіліп, екінші басының төменгі жаны ойылып жасалған түтікше. Кейде айрықша әппақ болуы үшін оны алғаш пайдаланар алдында сүтке қайнатып алады екен. Міне, Кендебай жазған шүмек осы!
9. ТҮБЕК. Сәбиді бесікке бөлегенде жаялығы былғанып қалмас үшін бесіктің ортасындағы тақтайды тесіп орналатын алмалы-салмалы киіз қалта. Шағын шыны құтылар пайда бола салысымен содан түбек жасалатын болды. Шүмектің ұшы түбекке сұғынып тұрады.

Қазақ шаңырағында жас сәби бесікке негізінен омыраудан шыққанша жатады. Иткөйлегі тозып, қарын шаршы алынған баланың талпынып, артынан бақа тірсегі бір бүктеліп, бір созылып, оның еңбектей бастайтынын бәріміз білеміз. Міне, дәл осы кезде бала дөңбекшіп, бесікке жатқысы келмей, қарсылық көрсете бастайды. Баланың қарсылығын көрген ата-анасы, әжелері сәбиді бесіктен шешіп алып, бесікті әдемілеп тұрып тазалайды. Сосын келесі ұрпақ дүниеге тезірек келсін, сол жатсын деп, оны үйдің құлап-сынып қалмайтындай сенімді бір жеріне апарып сақтап қояды.
Көнекөз қариялардың айтуынша, бесіктің биіктеу болғаны жақсы. Себебі, аласа бесікке қарағанда мұндай бесікке ауа жақсы барып, сәби кең тыныстайды.
Бесіктің тағы бір ерекшелігі - оның көшіп-қонуға ыңғайлылығы, алып жүруге жеңілдігі. Бөленген баланы алыс-алыс жерге шеру тартқанда ат үстіндегі кез келген адам алдына өңгеріп алып, емін-еркін жүретін болған. Жау жаугершілік заманда тұтқиылдан шабуыл жасалғанда бесіктегі сәбиді әке-шеешсі ат үстінен оңай іліп алып, дұшпан тырнағынан тез сытылып кетіп отырған.
Бесік құрылысында әр бөліктің өзіндік атауы мен атқаратын қызметі бар. Оның жабдықтары да әртүрлі әбзелдерден тұрады.
Халқымыз баланы бесікке бөлеуді зор салтанатқа жатқызған. Бұлар турасында кейіннен әңгімелеп берермін.


diana
nazli_nurshat
09-04-12 17:58
Бесік жыры және тәрбиесі туралы материалдарды іздестірудемін
Назгүл
halima.75@mail.ru
01-03-12 11:24
Атасының бұзығы,
Апасының қызығы,
Айналайын ай
Балапаным ай
Әнін табуға көмектесіңіздерші
Назгүл
halima.75@mail.ru
01-03-12 11:21
былдыр-былдыр тіліңнен, құлыншақтай жүгірген, Кәмпитке де алданған , айналайын түріңнен Әнін қайдан табуға болады көмектесіңіздер
Бесік жыры туралы
20-02-11 07:52
Бесік жыры туралы http://bit.ly/gKCYwG
казах
каз_01@mail.ru
03-01-11 12:20
бесіктің дәл өлшемдері керек,сызбасы
Жази
hazi_98_07@mail.ru
20-12-10 18:44
өтінемін маган бесік туралы мәлімет және де бесік жыры туралы мәлімет тауып беріңізші қазір керек болып тұр
мустава
mustafa.ghgh
12-12-10 18:44
besek jiri kerek!!!!!
Аят
ayat_maratov95
14-09-10 16:49
бесік жырын жіберіндерші
Аида
aida_marat96
14-09-10 16:41
осы оленнің минусовкасын кайдан табуга болады
Азамат
kazakhnomad77@gmail.com
24-03-10 19:00
Аршадан жасалѓан бесікті ќайдан табуѓа болады, немесе кімге жасатуѓа болады.
Мейрамбек
miko_7_96@mail.ru
24-02-10 09:02
Баскаша олени комектесиндерш табуга керек боп тур катты жане Бауыржан Момышулынын Ушкан Уя созин табалмаи журмин!

жако
mmuxanov89
30-12-09 00:44
Өзім колдан ағаш бесік жасаймын.Ен пайдалы бесік Арша ағашынан жасалған бесік дейді үлкендер, ол коптеген ауруларға шипалық қасиеті бар корінеді. Бесікке тапсырыс беруге болады...
Інкєр сезім
madinai@kazakstan@kz
09-09-08 10:41
Бµбек бµлеу

(Ана жыры)

Бµл-бµл бµбек, бµл, бµбек,
Бµлейін бері кел, бµбек.
Бедерлі бесік, тµрт есік,
Тµгілте салдым тµр тµсек.
Бµпешім-бесік отауыњ,
Отауыња кір бµбек.

Бµл-бµл бµбек, бµл, бµбек,
Б‰лдіршін ш‰мек бєйтерек.
Балалы ‰йрек, бас бармаќ,
Кішкене бµбек – бес бµлек.
Саусаќайы салбырып,
Бµлене ќойсын ќос білек.

Бµл-бµл бµпем, бµл, бµпем,
Бµлесем жµнге кµн кµкем.
Кµк ала жылќы кµлде екен,
Кµк ала тайыњ сонда екен.
Торсыѓыњды тосайын,
Т±мсыќ тµсей сор, кµкем.
Бµл-бµл бµпем, бµл бµпем,
Бµлейін бері кел, бµпем.

Ж±лдызыњды ж±м, кµкем,
Жуынып ерте т±р, бµпем.
Алшая атќа мін, бµпем,
Аќтан ќара біл, кµкем.

І. Жанс‰гіров

Тєй-тєй
¤лењін жазѓан – Е.Елубаев
Єнін жазѓан – Ш.Жаѓыпаров

Сені ќашан кµрем деп,
‡йге асыѓып жетем.
‡лбір беттен µбем деп,
¦шып-±шып кетем.
Ќайырмасы
Тєй-тєй,
Тєй-тєй,
К‰ле ќойшы, бµпешім.
Тєй-тєй,
Тєй-тєй,
Ж‰ре ќойшы, бµпешім.

Ќатарыњнан кем болма,
Ер жеткенде, бµпем.
Ќанаттасым, сен барда,
Жетер кµкке тµбем.

Атаныњ єлдиі
Ал, Ќуаныш, Ќуаныш,
Сені етейін ж±баныш.
Алѓадайым µлгелі
Боп кетіп ем жылаѓаш.

Ермек болып отырсањ,
Мен бір єнге салайын.
«Ата, ата» деп келген,
Айналайын, алайын.
Аќ бетіњнен µпкен соњ,
Ж‰регімді жамайын.

Кµњілімді шат ќылсањ,
Кµтеріліп ќалайын!
Ж. Жабаев

Дана
Danuiya-94@mail.ru
09-09-08 10:00
Тез арада Бесік жыры(олен турінде) кажет болып тур
Гїлмира
gulmira_sem
14-05-08 11:42
Бесік жырыныѕ тїрлері,алєашќы нўсќалары
Баубек
20-04-08 16:20
Ассалаумағалейкүм, Дана Мұратқызы!
Ұжымдасым, қабыл алғың...

Баубек
19-04-08 12:23
Ассалаумағалейкүм!
Бесік - сан ғасырлар бойы ұлттың ұясы, қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік, қой үстінен бозторғай жұмыртқалаған мамыражай тіршіліктің белгісі іспетті. Бесікті қатты қадірлейтіндігі соншалықты, қазақ атасы жатқан бесікке бала, немер, шөбере, шөпшек, тіпті туажатына дейін бөлейді.
Бесік тек қана қазаққа тән емес, ол Орталық Әзұя, Қапқаз, Үндістан, Қытай жерін мекендеген көп халықтың ұл мен қызын ұйықтатып, оянғанда қолын шешіп ойнатып, анасының ақ сүтін беріп, тіл-көзден сақтайтын ағаш төсегі. Тек олардың әр халықта жасалу ерекшеліктері түрліше болып келеді. Қазақтар бесікті негізінен қайың, қарағай, талдан иіп жасаған әрі жеңіл келеді.
Жасалу жолы мен құрылысына зер салып қарасаңыз, ата-бабаларымыз бесікті өте тапқырлықпен, данышпандықпен жасағанын айқын көреміз: 1) ол екі жаққа қарай тербетіліп, тепе-теңдікті сақтап тұратындықтан, сәби есейе келе қаншама бұлқынса да, аударылып кетпейді;
2) тербеткенде адам қолы шаршамайды, баланың басы ерсілі-қарсылы шайқалмайды;
3) жыл әрі таза.
Желдің өтінен, жердің сызынан, аптаның лебінен қорғайтын бесік жасалуы мен оған пайдаланылатын материалдарға байланысты:
ЖЕР БЕСІК және
Мұндағы ЖЕР БЕСІК жасалуы бойынша:
* иіп жасалған бесік;
* тік жасалған бесік болып,
ал ЖЕЛ БЕСІК материалы бойынша:
* тал бесік;
* қайың бесік;
* қарағай бесік боп бөлінеді.Әлқисса, енді бесіктің жабдықтарына келейік.
1. ШИ. Бесік жабдықтарының үстінен ұзына бойы жайылатын түбек бекітілетін тұсы ойық тоқылған ши төсеніш.
2. ЖӨРГЕК. Шидің үстінен төселетін, түбек тұсы ойық келген, жұқа киіз немесе арасына мақта, жүн салынып сырылған көрпеше.
3. ҚҰС ТӨСЕК. Түбек тұсында дөңгелек ойығы бар, жөргектің үстінен төселетін, арасына құс мамығы салынып, қабылған жұмсақ төсеніш.
4. ЖАСТЫҚ. Бесік енімен бірдей етіп жасалады. Арасына құс мамығы толтырылады.
5. КӨРПЕ. Ол жаздық және күздік болып бөлінеді. Жұқа матадан тігілгені - жаздық, арасына мақта, түйе жүні салынып, қабылғаны - қыстық.
6. ЖАЯЛЫҚ. Сәбидің денесін орайтын жұмсақ шүберек.
7. КЕПІЛ. Түбек ойығын төңіректеп төселетін, сәбидің жалаңаш тәнін қажамас үшін жамбас тұсына, тізесіне қоюға арналған кішкене жұмсақ жастықшалар.
8. ҚОЛБАУ, ТІЗЕ БАУ. Оны таңғыш (тартпа) деп те атай береді. (штары бесіктің екі жанындағы сабау ағаштарға таңылады, біреуі бөленген сәбидің көкірек тұсынан, келесісі тізеліктің үстінен түседі. Ол биязы жүннен тоқылады немесе екі-үш қабат матадан сырып, кеуде, тізеден оралатын тұстары жалпақтау етіп жасалады. Тартпаның екі ұшы арқалыққа байланады.
9. ???. БҰЛ ЖАБДЫҚТЫ басқалардың табуы үшін қалдырып кетіп отырмын. Қане, КІМ табар екен?
10. Бесік жапқыш. Бөленген сәбиді маса мен шыбыннан, желден, күн көзінен, суықтан қорғау үшін бесіктің үстіне жабылатын кестеленіп тігілге сәнді мата.
. АРҚАЛЫҚ. Ұзындығы 70-75 см., ұстап тұруға ыңғайлы, бесіктің ең үстінде көлденең орналасқан жұмыр бел ағаш. Оны АРЫС деп те атайды екен.
2. БӨГЕН. Бұл бөлік алдыңғы бас, артқы бас деп те аталады. Бөген - негізінен жас тал мінсіз жонылып, жақсы әрленіп, морға қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің екі басы.
3. ЖАҚТАУ. Оның саны - 4. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең болып келеді.
4. ШАБАҚ. Бұл да - төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік еніндей тақтайша.
5. САБАУ. Ол - екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.
6. ???. (Бесіктің осы бөлігін жұмбақтап отырмын, КІМ табар екен?) Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама-қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы - бесіктің табаны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқалыпты жеңіл тербетілуін қамтамасыз етеді. Бесіктің осы бөлігін ТАБАН деп те атай береді.
7. ТАҚТАЙ. Бесіктің түбегі орналасатын, төсек салынатын ортасындағы бөлігі.
8. ШҮМЕК. Бесіктегі баланың кіші дәреті үшін қойдың асық жілігінен бір басы тесіліп, екінші басының төменгі жаны ойылып жасалған түтікше. Кейде айрықша әппақ болуы үшін оны алғаш пайдаланар алдында сүтке қайнатып алады екен. Міне, Кендебай жазған шүмек осы!
9. ТҮБЕК. Сәбиді бесікке бөлегенде жаялығы былғанып қалмас үшін бесіктің ортасындағы тақтайды тесіп орналатын алмалы-салмалы киіз қалта. Шағын шыны құтылар пайда бола салысымен содан түбек жасалатын болды. Шүмектің ұшы түбекке сұғынып тұрады.

Қазақ шаңырағында жас сәби бесікке негізінен омыраудан шыққанша жатады. Иткөйлегі тозып, қарын шаршы алынған баланың талпынып, артынан бақа тірсегі бір бүктеліп, бір созылып, оның еңбектей бастайтынын бәріміз білеміз. Міне, дәл осы кезде бала дөңбекшіп, бесікке жатқысы келмей, қарсылық көрсете бастайды. Баланың қарсылығын көрген ата-анасы, әжелері сәбиді бесіктен шешіп алып, бесікті әдемілеп тұрып тазалайды. Сосын келесі ұрпақ дүниеге тезірек келсін, сол жатсын деп, оны үйдің құлап-сынып қалмайтындай сенімді бір жеріне апарып сақтап қояды.
Көнекөз қариялардың айтуынша, бесіктің биіктеу болғаны жақсы. Себебі, аласа бесікке қарағанда мұндай бесікке ауа жақсы барып, сәби кең тыныстайды.
Бесіктің тағы бір ерекшелігі - оның көшіп-қонуға ыңғайлылығы, алып жүруге жеңілдігі. Бөленген баланы алыс-алыс жерге шеру тартқанда ат үстіндегі кез келген адам алдына өңгеріп алып, емін-еркін жүретін болған. Жау жаугершілік заманда тұтқиылдан шабуыл жасалғанда бесіктегі сәбиді әке-шеешсі ат үстінен оңай іліп алып, дұшпан тырнағынан тез сытылып кетіп отырған.
Бесік құрылысында әр бөліктің өзіндік атауы мен атқаратын қызметі бар. Оның жабдықтары да әртүрлі әбзелдерден тұрады.
Халқымыз баланы бесікке бөлеуді зор салтанатқа жатқызған. Бұлар турасында кейіннен әңгімелеп берермін.


Дана Мұратқызы
dens_dana@mail.ru
17-04-08 17:37
Бесік жыры және тәрбиесі туралы материалдарды іздестірудемін
Алтынай
bojbik@bk.ru
03-12-07 11:51
Бесік жыры жјне тјрбиесі
Калжанова Майя
juantobe@mail.ru
15-11-07 06:51
маган да керек болып тур
Арстек
arstek1@rambler.ru
13-11-07 22:40
маған бесік жыры және жыры тәрбиесі керек ,,,қазір керек,,көмектесіңізші өтінем




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail: (будет виден всем)
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2014   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создание и управление —
«Ижанов и Партнеры»