Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: "Жақсы сөз - жарым ырыс"


Авторы Xабарлама
Муратбек
Murat2005@rambler.ru
20-09-07 14:14
Сәлем достар!
Атамыз қазақ амандасқанда мал-жаның аман ба? деп жөн сұрасқан.Одан қалды той-думанда бір-біріне жақсы тілек тілеп, материалдық құндылығы мен рухани жан байлығының артуына ниет етіскен. Жолға шығарда, бала дүниеге келгенде, үй болып отау көтергенде т.б. жағдайларда қуанса бірге қуанып, қайғырса қайғысын бөлісіп, демесе білген.Сол секілді қазіргі кезде бір-бірімізге деген ыстық ықыласымыз бен жылы сөзіміз, ақ көңіл, ниетіміз одан әрі арта берсін деген ниетпен осы тақырыпты бсатп отырмын. "Бітер істің басына, жақсы келер қасына" дейді ғой. Тоқсан ауыз сөзден тобықтай түйін түйіп, тыңдар құлақ, ұғар ұғымы бар жастарға үлгі көрсетіп, ой бөлісейік, рухы биік, көкірегі ояу достар!
Тілек.
Алдыңнан аңсап шығар ағаң болса,
Әруағым бар деп біл,
Артыңнан ерер інің болса,
Бақытының барын содан біл.
Бақыт деген құс екен,
Қонса ұшып кететін.
Байлық деген мұз екен,
Ұстасаң еріп кететін...

Авторы Жауап
Сана
15-12-18 09:12
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Жақсы сөз айтқан барлық қандастардың денсаулығы мықты болсын! Жақсылыққа ұмтылғандардың барлығын Құдай қолдап ешқандай пәлекет жуымасын!
Дамира
s.d.m_don@mail.ru
02-12-18 07:01
Бақыт құсы деген не?
Sultan
koksegenov_sultan@mail.ru
25-02-13 16:20
Абайдын 31 кара созын талдап бериндершы?
Жасұлан
Jasik_kz_mz@mail.ru
04-02-13 17:04
Жақсы сөз – жарым ырыс тақырыбында ойтолғау жазып беріндерші 5 сөйлем керек өтініш қазір керек болып тұр.
диана
diko_bekenovna
24-01-13 20:14
өтінем маған жақсы сөз жан азығы
Айжан
aizhan-2002@mail.ru
18-10-12 20:12
Маған А әріпіне басталатын жақсы сөздер керек! көмектесіңізші!
Ерген
e_ergen_96@mail.ru
01-10-12 20:45
"бакыт деген" эссе керек боп тур

гулжайна
zh_17@bk.ru
14-03-12 18:38
карлыгаш кұсы жайлы айтып берерсиздер ма
Нурахмет
Nurka.85kz
19-11-11 15:35
Сәлем калайсындар
Медина
r-rm-rm8
19-12-10 22:15
жаксы соз-жарым ырыс!Бул сайт маган оте унайды!!!
Медина
r-rm-rm8
19-12-10 22:12
тылек ушын рахмет Гулимхан!!!Барыне денсаулык,абырой тылеймын!!!Жана жылдарымен!!!
Медина
r-rm-rm8
19-12-10 22:08
Кым кыс туралы быледы?Маган оте крек!!!
Медина
r-rm-rm8
19-12-10 22:06
маган кыс туралы макалдар керек!!!
Галия
galiya_bm@mail.ru
10-09-10 09:16
ертен мен тілішар мен сундет тойга барамы жаќсы тілек керек
Маржан
maro_92_267@mail.ru
06-09-10 07:16
маган жаксы соз жарым ырыс деген такырыпка макала тауып бериндерши, отинип сурайм


Маржан
maro_92_267@mail.ru
06-09-10 07:12
жаксы сөз жарым ырыс туралы эссе катты кажет болып тур рети келсе тездетип жазып бериндерш отиниш
Гулимхан
gulim-95_95
15-08-10 14:01
Омирде кыс тай катты денсаулык тилеймин
бирак ызгарлы болмасын
Коктемдей конилди омир тилеймин
Бирак жанбырлы болмасын
Жаздай ыстык махаббат тилеймин
Бирак куйип кул болмасын
Куздей мол табыс тилеймин
Бирак саргайып солмасын дегим келеди жанеде
Арманын алдамасын
Омирин окиндирмесин
Махаббатын мунайтпасын Аркашан Алла жар болып Алланын нуры мен шапагаты жауа берсин!


Гулимхан
gulim-95_95
15-08-10 14:00
Омирде уш бакыт кусы бар: Когершин, Карлыгаш,Акку.Когершиннин мейрмдилигин,Карлыгаштын кайырылымдылыгын,Аккудын ак махаббатын тилеймин!Откенге окинбе,болашакты болжама,осы шакты багала. Омир -тениз жузе бил,махаббат келсе куте бил,Омир-адеми баспалдак,тек суринбей оте бил!!!
Ақерке
akerke.tuleuova
09-01-10 12:54
Қазақ тіліне,салт-дәстүріне әләде болса жан ашыр жастардын барына өтө-өте қуаныштымын,дәл осы қалыптарыннан таймандар жастар!
Жамила
03-02-09 13:41
неге антропогенез туралы жазбайсыњдар? Ататектеріњ ќызыќ емес пе?

Муратбек
Murat200881@mail.ru
05-01-09 14:42
Құрметті Отандастар!
Сіздерді Тәуелсіз еліміздің 17 жылдық мерекесімен және кеше ғана есік ашып кірген Зеңгі бабаның ұрпағы Сиыр жылымен шын көңілден құттықтаймын.
Рухы биік, парасаты мол ата-бабаларымыздың арқасында Қазақ ұлты көп нәрсеге ИЕ болған:
1. - асты-үсті байлыққа толы ұлан-байтақ ЖЕРГЕ ;
2. - ең әдемі, біртұтас бай ТІЛГЕ ;
3. - ежелгі ұлттық ӘЛІПБИГЕ ( Күлтегін жазбалары );
4. - табиғатпен және қоғаммен үйлесімді өмір сүруге бағыттайтын қазақтың ежелгі
САЛТ-ДӘСТҮР, ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫмен үйлескен және үндескен Ислам ДІНІНЕ.
Осы байлықтарымыз бен ұлттық құндылықтарымызды жоғалтып алмай 21 ғасырда Азия барысына айналайық дегім келеді.
Ел ертеңін сенімді қолға тапсыратындай, ойымыз азат, тұлғамыз биік, санамыз сергек, абзал азаматы болайық!
Мұратбек
Murat2005@rambler.ru
27-11-07 18:15
Сәлем форумдағы достар.
Сіздерге мен данышпан әрі көреген Абай атамыздың 31-ші қара сөзін жазудағы мақсатым - бұл сөздің маңызы өте зор екендігін және біздің өмір сүріп отырған қоғамға керек екенін айтқым келгені. Қазіргі жастарға не қажет? Біз қоғамнан бәрін де тез үйреніп алдық және үйрене де береміз. Бірақ, бір сәттік уақытымызды бөліп, өзіміздің ұлттық құндылығымыз бен төл мәдениетімізге де көз жүгіртейік те. Шынын айтсақ, Батыстан алар нәрсе қалмады.Бәрі де қанымызға сіңісті, салт-дәстіүірімзге жұғысты болып алды. Біздің мәдениетіміз төл әдебиетіміз, әсем әніміз бен жарасымды сәніміз ешкімнен де кем емес. Осы құндылықтарымыздың жойылмауы үшін бүгінгі күннен бастап атсалысайық. Сіздер не айтасыздар, ұлтжанды азаматтар, бауырмал достар!
ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі — көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші — ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе — күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Ой қосып, сыр бөлісем деушілерге көңілім де пошта жәшігімнің есігі де ашық. Ізгі ниетпен: Мұратбек.

Мұратбек
Murat2005@rambler.ru
27-11-07 18:05
Сәлем Лаура! Хатыңды бүгін көріп отырмын. Көптен бері қол тимей осы сайтқа кірмеп едім. Өзімнің бітірген мамандығым филология факультеті.2002 жылы Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетін бітірдім.2 жылдай орыс мектеп-лицейінде сабақ бердім. Қазір Орал қаласындағы университетте жұмыс жасаудамын. Қалғанын жеке поштама хат жазғаныңда айтармын.Жарай ма. Көріскенше күн нұрлы болсын.хат жазып тұр. күтем.
Лаура
1984 ж
27-11-07 15:44
Мұратбек қай жақтансың? Өзің бір өнерлі жігіт екенсің. Тілің де бар. Жақсы тақырыпты қозғаған екенсің. Риза болып отырмын. Бірақ... шынымен де Айнура АЛБ. дұрыс айтады. Әруақты неге қозғадың Түсінбедім. Әлде өлең жолдары солай ма?
Бану
Бану-777
27-11-07 13:24
Тілеуің жақсы болсын! мен осыған да келісемін, біздің ойымыз космоспен байланысты, сондықтан да жақсы тілек тілеп, дурыс ойлану керек, Алланың нуры жауып, адамдар бір-біріне мейірймді ьолар!

Бану
Бану-777
27-11-07 13:18
Тілеуің жақсы болсын дейді! мен келісемін біздің ойымыз космоспен тікелей байланысты, жақсы тілек тілек тілеп, ниетің түзу болса, Алла өз шапағатын білдіріп, адамдар бір-біріне мейірімді болады деп ойлаймын.

Мўратбек
Murat2005@rambler.ru
04-10-07 12:30
Сјлем Манас! Ой ќосып, сыр бґліскеніѕе кґп рахмет.Ќазаќта ат ќоюда їлкен мјн бар єой. Сол секілді егер айып болмаса сеніѕ атыѕды неліктен Манас ќойєан? Ата-анаѕ есіміѕді ќойєанда неге сїйенді екен? Ќырєыз жыры " Манас" туралы естіп пе едіѕ? Хабарласып тўрайыќ.
Манас
26-09-07 20:40
Мұратбек, ассаламу алейкум! тақырыбың табысты болсын. Жақсы сөздер мен жастарымыздың жігерін оятарлық үндеулерге толсын.
Арқаның ақ аруы
24-09-07 19:46
Мұратбек, өте орынды тақырып ашыпсыз. Менің көңілімнен ерекше шықты. Осындай көңіл көркейтерлік тақырып біздің форумда жоқтың қасы еді. Форумға кірер кірместен оқитынымыз жастарымыздың сауатсыздығы мен жастарымыздың қазіргі ізет көрсету, үлкенге құрмет көрсетуден жұрдай болғаны еді. Мына тақырыбыңызды ашып, қуанып қалдым. Әрі қарай әдемі, әдепті, тартымды, үлгілі күйде жалғаса беруіне шын жүректен тілектеспін.
Муратбек
Murat2005@rambler.ru
24-09-07 08:38
Сәлем Айнұр! Бұл тілектің сіздің ағаңыздың тойына жарағанына өте қуаныштымын. Хат жазып, хабарласып тұрайық.
Айнура АЛБ
21-09-07 15:05
Муратбек салем! ия, мен тура магынасында тусингенмин, аруак-деген басында окыганымда бир турли естилеген, бирак жаман емес, арине озим адебиет саласына жакын болмасамда, естуим бар сен келтирип откен мысалдарынды, коп рахмет, ким калай тусинсе солай тусинсин агамнын тойында жаттап алып айтып беремин..))
Муратбек
Murat2005@rambler.ru
21-09-07 10:45
Сәлем Айнұр! Жағдайың қалай? Менің "әруағың" деген сөзімді тура мағынасында түсінген секілдісің. Қазақ атамызда "әруақты, арқалы адам екен" деген тіркестер бар. Негізінен "әруақты адам" деген сөзден қорқудың қажеті жоқ. Бұррынғы кезде жауға шапқан батырларымыз "Әруақ!" деп аттандаған ғой. Ол адамға үлкен күш-қайрат береді. Спорттық жарыстарда да балуандар күрескенде "әруақ деп бір жамбасқа лақтыр" деп жатады. Алдыңнан шығар ағаңның бары саған үлкен көмек, қиналғанда демеу болып, күш береді деген мағына.Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар" деген де сөз бар. Егер де дұрысын білем десең әдебиет саласының мамандарымен ақылдасып сұрап көр. Хабарласып тұрайық.Ізгі ниетпен Мұратбек.
Ґрімтал
21-09-07 09:57
Негізі, былайша ќараєанда... ґзі тјп-тјуір жаќсы тілек екен!
Айнура АЛБ
20-09-07 15:14
ой жарайсын Муратбек осындай такырып ашып жатканына, менин жакында туган агамнын тойы болады соган жаксы бир тилек издеп журген едим, сенин мына бир жазган тилегин жаксы екен, маган сайкес келеди, себеби менин кудайга шукир агамда, инимде бар, бирак та мына жолдары Алдыңнан аңсап шығар ағаң болса,
Әруағым бар деп біл, - тусинбедим, неге "әруак" , шатасып кеткен жоксын ба?
Кәмшат
Өзіміз ғой;)
20-09-07 14:29
Тура осындай такырып ашып едім мен де...;)



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube