Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Танысу
Тақырып: Оразаның кереметі...


Авторы Xабарлама
Сұлтан
naiman-999@mail.ru
01-10-07 11:00
Қазір көп жерде, әсіресе Алматыдағы мекемелердің 90 пайызында ораза ұстайды..Ораза қоғам өміріне дендеп еніп, ауыз бекіту бұқаралық сипат алып барады..Тіпті біздің телеарнада да биыл көп адам ауыз бекітті..Кешке жақын асханада барлығы ауыз ашады..ауыз бекіткендердің ауызын ашып сауап алғысы келдендерде есеп жоқ..Олар жұртқа ауыз аштыру үшін асханаға кезекке жазылауда..Мен биыл ұстай алмадым..Белгілі себептермен..Бірақ бір-екі күнде кезекке жазылып ауыз ораза ұстағандардың ауызын аштырсам деп жүрмін...
Аз-маз оразаның артықшылығы туралы...
Оразаға тең келер құлшылық жоқ. Пайғамбар хадисінде алла тағала " Адам баласының барлық іс-амалы өзіне тән. Алайда оразаның жәйі бөлек. Өйткені ол мен үшін ұсталады. Сол себепті мен оның сауабын жеке-дара мол етіп беремін"-дейді. Дегенмен оразаға ниет еткендердің кейбірі оның мақсатына жете түсінбей жатады. Ораза ішіп-жеуден ғана тыйылу емес. Алла тағала: " мен ішіп-жеуден ғана тартынғанның оразасын қабыл етпеймін" деген. Яғни ораза жылына бір рет барша барша жаман әдеттерден бойды аулақ ұстап аллаға бір қарыс жақындау деген сөз. Сондықтан ораза ұстау бәлиғатқа жеткен ақыл-есі бүтін барлық мұсылманның парызы. Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі- пайғамбарымыз шынайы иман, ықыласпен ауыз бекіткен адамның барша өткен күнәлары кешірілетінін жеткізгенін айтты. Ауыз бекіткен адам сәресін ішуді намазға 10 минут қалғанда тоқтатып содан күн ұясына батқанға дейін тамақ пен жаман әдеттен тартынуы шарт. Ал ашығудың адам ағзасына пайдасы шексіз. Оразада ашығу бауырдағы шекерлерді, тері астындағы май қыртыстарын, бұлшық ет, без, көк бауыр жасушаларындағы протеиндердің қимылын арттырады. Барлық мүшелер өз құрамы мен жүрек біртұтастығын қорғау үшін жанын салады. Осылайша ағзамыз барша артық заттан арылмақ.Ораза жыныстық гормондардың қандағы мөлшерін азайтып нәпсіқұмарлық сезімді де басады. Әбсаттар қажы дербісәлі - ораза кезінде садақаның шамасы екі келі бидайдың бағасы яғни 30 тенге болып белгіленгенін мәлімдеді. Бас мүфти оразаны бұзатын нәрселерді де атап өтті.
Ораза туралы нақты мәліметті көрермендер өзі тұратын жергілікті жердегі мешіт имамдарынан толық ала алады. Ораз үлкен сауап айы. Оразаны денсаулығына байланысты ұстамаған адамдар ауыз бекіткен жанды ауыз ашарға шақырса да соншалықты сауапқа ие болады. Өйткені қайырымды алла тағаланың өзі құран кәрімде " мен адамға көтере алмайтын жүк беруді қаламаймын дегенді айтқан.



В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube