Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Танысу
Тақырып: Күлсең, осыған күл...


Авторы Xабарлама
Мұхтар ШЕРІМ
16-10-07 08:48
Жер басып жүруге болмайды

Адам болған соң, жер басып, асып-тасып, жан-жағыңа мейірім шуағын шашып, шатыңды шатынатпай, көңілді көлеңке баспай, көңілді жүргенге не жетсін?!
Тротуарды тырп-тырп басып келе жатыр едім, ортасынан тіліп жіберсе, екі адам шыға келетін еңгезердей еркек алдымнан шыға келді.
– Бұл жермен жүрмеңіз! – деді ол салған жерден.
– Е, жер астында алты жүз албасты жатыр ма?
– Жоқ, тротуар менің жекеменшігім. Анау жерге дейін госактім бар. Пожалыста, әр қадамыңызға қырық теңге төлеп жүре беріңіз.
– Өй, сен кімсің?
– «Жол жиегі» ЖШС-нің қызметкерімін.
– Атың кім?
– Жолдыбай.
– Жолдыбай болмақ түгілі, Асфальтбай болсаң да, ары тұр!
– Әр қадамыңызға қырық теңге!
– Өй, құрып кетші, әрі! – дедім де, аялдамаға келдім. Сөйтсем, мұнда автобус күтіп тұрғандар қораз сияқтанып бір аяқпен түр, бәрі. «Бұларға не болған» деп ойланып үлгергенімше, бір әйел жетіп келді.
– Мұнда тұрыңыз, бұл жер менікі! Госактім бар! Мына жерлер платный! Бір аяқпен тұрсаңыз 30 теңге, екі аяқпен түрсаңыз 60 теңге!
– Сұмдық қой бұл! Қала әкімі, жерком осындай сұмдыққа барған ба? Ақша берсе, жекешелендіріп, жер біткенді сата беру керек пе?
– Айқайламаңыз, – деді әлгі әйел. – Әне, бір аяғы жоқ ақсақал да тұр ғой. Оларға «льгот» бар, 29 теңге төлейді!
Қайран алпауыттарым-ай! Қайран шенеуніктерім-ай, аман болыңдар, әйтеуір! Халықтың қамын қашан ойлайды екенсіңдер?!
Көшенің арғы бетіне өтіп, келесі жол жиегімен жын қаққандай аласұрып келе жатыр едім, бір кісі жетіп келіп:
– Әр қадамыңыз 41 теңге дегені!
– Сізде ұят бар ма?
– Бар.
– Еңбектеп жүрсем ше? – деп жата қалып, еңбектей беріп едім, желкемнен бүріп ұстап алған анау:
– Еңбектегенге 200 теңге! – деді.
– Солай ма? Маған жер басып жүруге болмайды екен ғой! Алла Тағала маған жер басып жүруді сыйлаған. Оны да көп көрдіңдер ме? Осы қалада сатылмаған жер қалды ма өзі?
– Былай інішек, менің қадамым үлкен. Секіріп-секіріп, қадамдар санын азайтсам, аз төлеймін ғой?
– Өзіңіз біліңіз.
Мен кері шегіндім де, секіріп-секіріп, жәй жүріс қадамының жартысын ғана төлеп құтылдым.
Мына жалған дүниеден безіп, билікте билеп, халықты илеп жүрген кейбірін табаныммен езіп кеткім келді.
Содан, «емін-еркін» демалайыншы деп ойлап, саябаққа келейін. Мұнда небір кафе, құмар ойынханалар салынып тасталған екен. Адамдар демалатын жерді де бизнеске айналдырыпты.
Бір кезде біреу келді.
– Сіз неғып тұрсыз?
– Демалып.
– Демалуға болмайды.
– Неге?
– Бұл жердің ауасы жекешеленген. Міне, мемлекеттік актісі де бар.
– Сонда немене, ауа жұтпай тұншығып өлуім керек пе?
– Онда шаруам жоқ. Ауа жұтқаныңызға 70 теңге.
– Мен ауа жұтып тұрғаным жоқ.
– Қалай?
– Солай. Мен мүлде ауа жұтпаймын. Қаланың сасық ауасы дәрі ме маған?
– Қалай тірі жүрсіз, егер ауа жұтпасаңыз?
– Кеше тауға барып, таза ауадан жұтып, өкпемді толтырып, «заправка» жасап алғанмын.
– Ондай әзіліңіз өзіңізге! Кетіңіз бұл жерден!
Салым суға кетіп, саябақтан шығып, көше жиегіндегі ағашқа сүйкеніп тұр едім, бір шал шалқасынан түсердей, баж ете қалды.
– Е, не боп қалды? – деп сұрадым мен.
– Ол ағашқа сүйенуге болмайды! Ағаш менікі! Жекешеленген.
Құдайым-ау, мына заман не болып кеткен өзі? Жер басып жүруге болмайды, ойнап-күлуге болмайды, қалай өмір сүреміз? Енді біз құс емеспіз ғой, ұшып жүретін. Үйге келсем, көршілерім көп қабатты үйлеріне терезелері арқылы арқан тартысып, амалдап кіріп жатыр екен. Бір оңбаған подъезге кіре беріс жерге мемлекеттік акт алып үлгеріпті. Енді қайттім? Мен сегізінші қабатта тұратын едім. Балконда тұрған әйеліме айқайладым.
– Ендігі жылға дейін көшеге шықпаңдар! Мен саты іздеуге кеттім! – дедім. Басқа не дейін. Адам болған соң, өз отанымда жер басып жүргенге не жетсін?!

Мұхтар ШЕРІМ


Авторы Жауап
Марал
maral_makhan
17-10-07 05:43
Сіз мына әңгімемен, өмірдің өзгергенін көрсеткіңіз келді ме жоқ, адамдардың қаныпезер болып бара жатқанын көрсеткіңіз келді ме? Өзіңіз жаздыңызба жоқ, бір жерден оқығаныңызба? Не болсада ойландыратын дүниенің бір өзі деп ойлаймын!!!



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube