Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Алтын журек


Авторы Xабарлама
samira
samira@kazakh.ru
06-11-07 10:55
Жаќында µткен Алтын Журек сыйлыѓы туралы ой бµліссек...

Авторы Жауап
sekret
Skype: diamond10.000
21-01-10 20:50
Өте жақсы бастама!!!

Көпшілікті "Алтын жұректің" әрі қарайғы қадамдарынан толыққанды хабардар етсеңідер.

Жағымды жаңалық күтеміз!!!
Бек
bekjigit80@mail.ru
08-11-07 06:41
samira! ЕгеменҚазақстандағы мына мақалада биылғы өткен Алтан жүрек туралы “Бұл марапатқа бізден де лайықтырақ адамдар бар” деген мақаланы жіберіп отырмын. Қабыл ал!

Көптен бері көпшілік кө­мекке мұқтаж жандарға қарай­ласып, қайырымдылықты өзіне борыш санаған тұлғаларды, ұйымдар мен компанияларды марапаттайтын ұлт­тық жобаның жасалынып жат­қанынан хабар­дар болатын. Жу­ыр­да Ал­матыдағы Қазақтың мем­лекеттік Абай атындағы акаде­миялық опера және балет театрында “Алтын жүрек” сый­лығы тұңғыш рет өз иелеріне табысталды.


Мұнан былай жыл сайын берілетін қоғамдық ұлттық сый­лықты “Бауыржан” қайырым­дылық қоры тағайындап отыр. Қай салада болмасын атаулы сыйлық, арнаулы жүлделер жоқ емес. Алайда, “Алтын жүрек” сыйлығының орны ерекше. Қазірдің өзінде бұл ізгі бастама, елі­міздегі меценаттық дәстүр­лерді қол­дауға бағытталған жоба жұрттың ық­ы­ласына бөленетіні байқалып отыр. Әрине, пейілі кең, жүрегі дархан адам­дар өзгелерге жасаған жақсы­лығы үшін өтем сұрамайды. Бірақ, жақсын­ың жақсылығын айтып отыру да парыз.

Сонымен коммерциялық ұйым­­дар мен жеке тұлғалардың ел аума­ғындағы қайырымдылық бағдар­ламалар мен жобаларды жүзеге ас­ыруға қосқан үлестері үшін тағай­ындалған тұңғыш “Алтын жүрек” сыйлығы кімдерге бұйырды?

Аталмыш сыйлықтың иегер­лері 13 номинация бойынша анықталған болса, алғашқы “Ұлт­тық мақтаныш” номинация­сына 20 бала туып, сол 4 ұл, 16 қызының бәріне бірдей жоғары білім беріп, тәрбиелеген Алматы қаласының тұрғыны Қаныш Сейіт­жанова апамыз лайық деп таныл­ды. Қаныш апа сахнаға көтерілгенде театрға жиналған жұртшылық тікесінен тік тұрып, қошемет көрсетті. Ал, “Халық әртісі” сыйлығы қай­ырымдылық қорын құрып, 20 жыл­дан бері көмекке мұқтаж жандар мен зейнеткерлерге қарасып келе жатқан сүйікті әншіміз Роза Бағлановаға берілсе, “Ана мен баланы қорғағаны үшін” номи­нациясы бойынша Ал­маты қаласындағы балалардың қала­лық клиникалық инфекциялық аурухана­сының жетекшісі Күләш Нәдірова марапатталды. Атаулы сыйлықты иесіне табыстау үшін заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматов Бішкектен салтанатты марапаттау рәсіміне асыға жетіпті. Қырғыз-қазақтың ортақ мақтанышы болған Айтматов өздеріне бауырлас елде меценаттық мәдениетті ұлықтау үшін тағайын­далып жатқан “Алтын жүрек” сыйлығы туралы тебірене сөз сөйледі.

“Жыл құтқарушысы” сыйлығы Петропавл қаласының тұрғы­ны, 28 жылдан бері Солтүстік Қазақстан облыстық құтқару қызметін бас­қарып келе жатқан Олег Шагимар­дановқа берілді. “Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін” номинациясына оңтүстік астана­дағы “Сәби” қайыр­ымдылық қоры ие болды.

Атаулы сыйлықтың барлығын сол салада аты мәшһүр адамдар иелеріне табыстап жатты. Мәселен, “Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін” жүлдесін “Жыл мұғалімі” атанған Нұрлан Адамов пен ғалым Әбдімәлік Нысанбаев Қостанай қаласындағы “Алғабас” ЖШС-нің директоры Бақытгүл Түменбаеваға табыстады.

Еліміздегі “Дипломаттар клубы” қайырымдылық жолында аз тірлік атқармаған екен. “Мүгедектерге көрсеткен ықыласы үшін” атаулы сыйлығын алу үшін сахнаға Бриджит Шлефли ханым бастаған Қазақ­стан­дағы елшілердің жұбай­лары көтерілді. Аталмыш клуб құлағы естімейтін, мылқау жандар үшін үш тілдегі ымдық сөздікті шығаруға, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатқа және Үштөбедегі балалар үйіне қарайласып келе жатқан жайы бар.

Осыдан кейін сөйлеу-есту қабілеті жоқ жігіттерден құралған “Кватро” тобы сахнаға көтеріліп, өнер көрсеткенде көпшілік арманы көп, тәубесі аз мына жалғанда денсаулықтың өзі Тәңірдің баға жетпес сыйы екенін ұққандай болды...

“Спортты дамытып, қолдағаны үшін” сыйлығын Олимпиада чем­пио­ны Ольга Шишигина мен белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітханов Рудный қаласындағы “Соколов-Сарыбай кен-байыту өн­дірістік бірлестігі” АҚ-ы жетек­ші­леріне табыстады.

“Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін” номинациясы бой­ынша Пав­лодар қаласындағы об­лыстық қыл­мыстық-атқару жүйесі басқару ко­митеті марапатталса, “Жыл меценаты” “Атамекен Хол­дингі” дирек­торлар кеңесінің төрағасы Ұзақ­бай Айтжанов атанды.

Бұқаралық ақпарат құралдары бұған дейін де Ұзақбай Айтжанов­тың Арал өңіріне, Семей, Маңғыс­тау обл­ыстарының тұрғындарына көрсеткен көмегі, танытқан аза­маттығы жайлы талай қалам тербесе, “Егемен Қазақ­стан” газеті қазақтың екі бірдей қызының абыройын сақтап, қорқау келім­сектерден құтқарып қалған қос жігіттің жасаған ізгілігі туралы жазған болатын. Ұзақбай Рүстем­ұлы тұңғыш “Жыл меценаты” сыйлығын алып тұрып, адам қайырымдылықты халықтан бірдеңе дәметіп жасамай­тындығын, ол әр адамның өзіне борыш еткен асыл міндеті екендігін айтты.

– Бұл марапатқа бізден де лай­ық­­тырақ адамдар, мәрт және жомарт азаматтар бар! – дей келіп, ол бір ғана мысал ретінде академик Төрегелді Шарманов­тың жасап жүрген тірліктерін тілге тиек етті.

Қарап отырсақ, ізгіліктің жолында журналистер де талмай қалам тербепті. Бұл жолы БАҚ-та қайырымдылық тақырыбын, әлеу­меттік мәселелерді көтергені үшін тағайындалған “Ақпараттық қол­даушы” номинациясының ал­ғашқы иегері Ақмола облысын­да­ғы Щучье аудандық “Бурабай” га­зеті атанса, “Жылдың қайыр­ымды адамы” сыйлығын Ақмола облысы Сандықтау ауданында балабақша ашып, оның бар шығынын өз мойнына алып келе жатқан “Сво­бодное” ЖШС-нің директоры Александр Закулисов иеленді .

Ең елеулі қайырымдылық жобасын іске асырған ұйымға не­месе компанияға берілетін “Жыл ұйымы” номинациясына 13 бірдей жетімдер үйін жебеп келе жатқан Beelіne сауда белгісіндегі “Кар-Тел” ЖШС лайық деп табылыпты.

Қысқасы, тұңғыш берілген “Алтын жүрек” ұлттық сыйлығы арнайы құрылған Сарапшылық кеңестің ұсынуымен, қоғамдық кеңестің шешімімен лайықты иелерін тапты.

Тәуелсіз елімізде алдағы күн­дерде, алдағы жылдарда да қайы­р­ымдылық ісі жалғаса беретіні сөз­сіз. Өйткені, ізгілік атаулының ең биік шыңы – қайырым­дылық!

Егемен Қазақстан, №347 (24920) 07 ҚАРАША СӘРСЕНБІ 2007 ЖЫЛ
Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.





Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube