Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Танысу
Тақырып: СЕРІ СЫРЛАСАЙЫҚ


Авторы Xабарлама
Ақтоқты
Jalaiyr_@yandex.ru
14-11-07 05:59
Амансыз ба, Сері! Ежелгі қызылбастар елімен жайлауда малымыз кездеспесе де, теңізде балықшымыз ау сұрасып қалатын кәрі Каспий толқындарының бойынан нәр алған Маңқыстау кентінен жазған осынау бір қарындасыңыздың хатын құп алғайсыз. Сергелдеңде сені іздедім, сенделдім, шөліркесем қанар құмарым да сен бе едің, жырың баурап әкетуде жүректі, айтшы бірақ оны қалай емдермін?! Күннің өзі жылуын ерекше еселеп беретін оңтүстіктен түлеп ұшқан аққу ем, батысқа кеп қазақ сахарасын тағы бір қырынан танып жатырмын. Кең сахаралы құмы алтын, суы - күміс сайын даланың күйлері мен кіші жүзге ғана тәнті төкпе жырлармен танысып, қазақ өнерінің тағы бір кенішін ашқандай күйдемін. Фариза жырларымен ұштасқан сезімімді селк еткізген сенің қаламыңның нәрестелерін күніге тосып оқимын. Көңіл шіркін қиялмен тербеліп, бір кездері Сымбат болып ару қалаң Ақтөбеге ат басынн тірейді, сол жерде, сол елде, сол ерге мәңгі дос, ажырамас жан болсам деп армандайды. Бірде Жалын боп, сенің жаныңа іздеп кеп, жолданбай қалған хаттарыңның сырына қанығып, сені аялаған құшағын жазбасам дейді. Білесіз бе, мен кеше түс көргем. Түсімде екеуміз ару қалаң Ақтөбеде серуендеп келеді екенбіз. Ия, қол ұстасқан екеуміз. Әсерлі арманның құшағында сіз келесіз маған қарап тамсанып. "Мен тесіліп қарамасай, ұяламын" деп сызылып келем. Сол бес қабатты үйінің алдында отырған қарт. Азанда жауған қармен бірге айрықша күйге бөленіп тұрған табиғатқа сүйсінуде. Көлденең жұртқа көз тастайды, алайда "Уақыты жоқ, құрғұрлар" мойын да бұрар емес. Сен менің аялы алақандарымды өз саусағыңа қысып ап, енді бірдеңе айтуға оқтала бергенсің. Кенет... Бәрі де ғайып болды. Үйдің алдына бір дәу мәшине тоқтап, ұйқымнан шырт бұзды. Қысылғаным соншалық бейнеңді де қарап үлгермеппін. Әттең... сол түсімді қайта жалғай алсам. Не айтқың келді екен...

Авторы Жауап
Ақтоқты
Jalaiyr_@yandex.ru
20-11-07 10:47
Армысың Сері! Жабығулы сәтіңе тап болған секілді екем. Мұңға толы қалың қабағыңыздың қыртысын жазбасам да, қолымнан келгенше қарманып қалайын. Қазақ қыздарының іздеген жігіттері сіздей-ақ болсын! Көрмесем де сізге деген ілтипатым жоғары.Нағыз Романтик жандардың бірісіз,(қыздарға романтиктер ұнайды емес пе?)сондықтан іздеген аруыңызды тез табатыныңызға сенімдімін!!! Бәсе! Форумда сіз жоқ, сіздің сезімнің терең сырына бойлаған өлеңдеріңіз жоқ, орныңыз ойсырап тұр еді! Өлеңдеріңізді оқып шығып көңілім жадырады. Осы бағытыңыздан таймаса екен деймін. Сізге ақ жол тілеймін! Оқырмандарыңыз күннен-күнге көбейсін! Болашақта сізді әйгілі ақын ретінде көретініме сенімдімін! Өмірдің мәні туралы сөз қозғаған екенсіз, меніңше өмірдің мәні өмір сүру тактикасына байланысты, әркім әрқалай ойлайтындығы сияқты әр біріміздің әрекет амалдарымыз да ешкімге ұқсамайды. Оны тағдыр деп анықтама койып, өзгертуге пендешілікпен қорқатындығымыздан бекітіп тастаған адамдардың өздері. Бір жырау кісіден естігенім бар ойшылдардың айтуы бойынша өмірде ең бағалы нәрсе -адам. Адам адамдармен өзара қарым - катынасты ойлап, шешім қабылдап, қажеттісін сайлап, тіпті жанына серік болар адамды таңдап, туыс, дос - жаранмен сыйластықты жобалайтыны - бұл өнер. Өнердің қай шамада болатынын адамның ақылы мен көзқарасы, қиялы мен арманын ақылына жеңдіргеніне байланысты көзқарастан кейін қағида, одан кейін тәртіп деген ережелер туындатамыз да, соның айналасында өмір кешеміз, тек адасып жаңылыс қадам жасамасақ болғаны. Өмірдегі қателіктерден қиыншылық туындайтынын да мен өз амалдарымыздың бұрыстығынан деп білемін, қағидалар әрине адам болу, сосын жаныңа серік болар адамды табу, сосын өзің не жарыңа ұқсайтын адамдарды жер бетіне ізбасар етіп қалдыру. Өмір сабақтастығын үзбеу, білгеніңді үйретіп жасаған ғумырдағы көргеніңді жалғайтын ұрпақты дайындап қалдыру. Атам казақтың бақыт деген артта қалған ұрпақ дейтіні сондықтан болса керек. Ал әзірге осы да жетер, жұмысым бар, амандықта хат алысайык, айтпақшы руыңыз кім мүмкин бауырым шығарсыз. Ақтоқты
Сері
shrj81@mail.ru
19-11-07 07:00
Сәлем Ақтоқты! "Амандығыңның жаршысын" алып қуанып жатырмын. Жасынға мінезің ұқсамасын деп жазған екенсіз. Маған Жасынның бірбеткей, өжеттігі ұнайды, ана бір жерінде қыздың бастық әкесінің қалауын орындамаған қырсықтығы ұнайды. Жан-жақты білімділігі бөлек әңгіме. Арайлай атқан таңмен таласа келіп, жұмыс орныма жайғасқан сәттен бастап, өзіңнен келген хат бар ма екен деп жәшігімді аударыстырам. Көңілдің түкпіріне ұялаған балдай сөздеріңмен компьютерімдегі әсем бейнеңе қарап, қуаттан жұмысқа кірісемін. "Лашын құсқа лайық қарағым-ай, бөктергіге қор болып барасың-ай" деп Ақан жырлаған өлең жолдары есіме түссе, осы тағдыр бізді айналып өтсе деп тілеймін. Дәл авторы есіме түспей отыр, "Екеумізді табыстырған бір тағдыр, екеумізді айырмаса не қылсын" деп жырлаған бір ақын ағамыз, бір аптадан соң қызынан айрылып, егілген әке бейнесі есіме түссе жүрегім шымырлайды. Мынау бір пессимист жан екен деп те ойлап қаларсыз, қызығы мен бұзығы мол бұл өмірде "Жаман айтпай жақсы жоқ" демеуші ме еді бабаларымыз. Кейде терең ойдың тұңғиығына батып, салғырт күйге де осылай түсетін кездерім аз емес. Ақынға тию үшін бала да, қарт та , сабырлы да жан бола білу керек деген ұстаным барын білерсің. Адамның құдайдан да өзгешелігі қайғыра білуінде екен. Өмірде қуаныштан арылмай жүруіңе тілекші Сері
Сері
shrj81@mail.ru
16-11-07 06:40
Алагеуімде жұмысқа кеп, почтамды тексерсем Ақтаулық арудан жеке хат келіп түсіпті. Белгісіз жаннан келген хатты ортаға салып, жұрт назарына ұсынуды жөн көрдім. Бұл үшін маған Ақтоқты да ренжімес деп ойлаймын. Жалайыр руынан шыққан осы бір арудың тән сұлулығы да жанды арбағандай екен. (Жігіттердің құлағына алтын сырға).
Сері
shrj81@mail.ru
16-11-07 06:35
Иә, таңданысқа түсірген хатым да біраз әурге салғанына сенімдімін. Осы саитты жағалай отырып біраз сырыңа қанық болдым. Бет-жүзіңді көрмесем де жан айнаңды бес саусақтай зерттеп келем. Құдайым-ау, тулаған намыс жігері, елім деп соққан жүрегі, сезімі бойда тулаған, жүрген де жері думан-ән өзіңмен бір кездесіп, шүйіркелесудің сәті түсер күн бар ма екен? Қазақта "Жаны сұлудың тәні сұлу" деуші еді, жан-дүниеңнің сұлулығы ме сыршылдығына тәнті болдым, енді өзіңді бір көру арман боп жүр. Екеуміз ұлан-ғайыр қазақ сахарасының батыс бөлігіндегі екі шаһардамыз, көрші облыс жақынбыз, жақын бола тұра алыспыз. Неге алыс екенін өзің де жете түсінетін болуың керек. Білесің бе, жақын арада Д. Исабековтің "Қарғын" повесін оқыдым. Повестегі қыз бейнесі маған тағдырлас болып көрінді, десе де мен сені Жасынға ұқсатқым келмейді. Әсем жырың ұқсаса да, өмірге деген қатал көзқарасың ұқсамайды деп ойлаймын. Уақытымның аз боп тұрғаны, кейін тағы жаза жатармын. Жақұт жырлы жауабыңды күтуші, өнеріңе, өлеңің арқылы өзіңе ғашық Ақтоқты.
Ceрi
shrj81@mail.ru
15-11-07 15:04
Салем Актокты!Бiрiншiден мын алгыс менiн онерiмдi багалаганына.Аман болсак талай жырды да жазармыз.Екiншiден булай Алты Алашка жар салып хат жазганша менiн жеке эл.жашiгiме хат жаза салсан болмады ма?Туске келетiн болсак, арине сен ойлап жургендiктен кунi бойгы ойларын тус болып енбей кайтедi?
Актокты, менiн саган агалык айтар акылым: тек онерге гана гашык болганын жон.Одан артык ештене болмайтынына козiн жетiп отыр деп сенемiн.i
Сері
shrj81@mail.ru
15-11-07 05:57
Жұмбақ жан.

Көз алдымда күнбе-күн,
Сағым болып есілді.
Сол жұмбақ жан тіпті енді
Арбады менің есімді.

Елес боп келіп ұрлады,
Жүректегі жырларды.
Бейнені сол салмақ боп
Тіземін күнде жырларды.

Аруым менің аңсаған
Кездесуге асықпын.
Көрмесем де бейнеңді
Өзіңе шын ғашықпын.

Ақтардым сыр сандығын,
Толғандырып жүректі.
Клавиатура - жабдығым
Жыр жаздым шумақ бір-екі.

Сері
shrj81@mail.ru
15-11-07 05:56
Армысыз, Сері жүрегін толқыныстың тегеурінімен сан қиялға самғатқан Ақтоқты! Арайлап атқан таңдарым мен қызарып барып батқан күндерімнің қиялындағы куәсі болған жалындаған жастық шағымның ажырамас бір бөлігіндей сезімді сергелдеңге түсірген де осы махаббат емес пе?! Оңтүстіктен қанаттанып, батысқа ат басын тіреген екенсіз. Құрманғазының кәусар күйімен құмарланып, Ақтан, Нұрымдай жыраулардың жырларымен сусындап жатқан боларсыз?! Ең әуелі, күндізгі күміс күлкіңді, түндегі тыныш ұйқыңды бұзып, әсем ерніңнен төгілер маржандай сыңғырыңыз бен асау өмір арнасындағы тыныштығыңызды тұтқындаған жалпы өзімнің атымнан кешірім өтінемін. Тәтті ұйқы құшағындағы түсіңіздің кейіпкері болып, өміріңіздегі бір бөлік болып енсем, бұл қайшылыққа қалай таңдаспын: Сәрсенбіге ауар түнде мен де қызық түс көргем. Толқынды теңіз жағасы. Жаздың жайма-шуақ кезі ме, білмедім, әйтеуір теңіз жағасындағы майда қоңыр желдің ескен лебі ыстық сезіледі. Әлде, теңіз жағасы қоңыр күзде де жылы бола (диірмен көрмеген ұнның қалай жасалатынын қайдан түсінсін) кім білген, бір жылылық бойға тарап, қасымдағы бұрын-соңды өзім танып білмеген бейтаныс аруға ұрлана көз тастап қоямын. Сол, жағалап жүргеннен қанша жүргенімізді кім білсін, қояланып қараңғылық түскенін де байқамаппыз. Көңілдің өзі де ымыртты тілегендей, бойда сезім тулап, санама мына өлең жолдары оралып келе жатқан.
Дегендей-ақ қызығып қараса ақын,
Айдын жатыр тарту ғып тамашасын.
Күн көзінен көл бетін қалқалаған,
Жайып тастап түн-әйел қара шашын.

Думандары басталып күндіз күткен,
Үн шығарар бақалар мұңды, үздіккен.
Ай сұлуды ортаға ап мәз боп жатыр,
Су бетінде шомылып жұлдыз біткен.

Қамыс басын сыңсытып самал әні,
Сол бір үнге елтиді бар алабы.
Сылқ-сылқ күліп ақ толқын сипап жатыр
Арудың аяқ ізін жағадағы.

Әсем тартып тұрғанда дала көзге,
Санама кеп жан бары жағада өзге.
«Сұлусың,-деп бәрінен» айту үшін,
Қасымдағы бұрылдым қаракөзге.
Барлығы да қоңыр күздің симметриясы ма, ол жағын білмедім, бір байқағаным менің көзқарасымнан ұяң тартқан ақ жүзің піскен алманың түсіндей боп, қызғылт тартыпты. Ойымды әрең жинақтап, сүйріктей саусақтарыңды алақаныма салып тұрып саған ұзақ сөйлегенім есімде, алайда не туралы, және саған естірттім бе әлде іштей қайталай бердім бе, есеңгіреген сезімнің құрсауындағы жаным жадыма сақтамапты. Соны есіме түсіре алмай әуре боп жүрген күндерімде кездескен сенің хатыңа таңым да аз емес...



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube