Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Жана жылдарымен КАЗАКТАР!!!


Авторы Xабарлама
Азамат
mcaza@mail.ru
05-01-04 12:52
Калайсындар Казактар!!!
Жана

Авторы Жауап
muslim
ЖАҢА ЖЫЛ БІЗГЕ НЕ БЕРЕДІ?
07-01-10 21:40
ЖАҢА ЖЫЛ БІЗГЕ НЕ БЕРЕДІ?
немесе өзгенің сойылын соғу
Құрлысшымын десең құрлыстан, инжинермін десең техникадан, зергермін десең зергерліктен қысқаша айтқанда қандай кәсіппен айналыссаңыз да сол мамандықты жете меңгеру шарт болғандай, өзімізді мұсылманмын десек сол атқа лайықты әрекетті жасау біздің басты міндетіміз. Мұсылман болып Аллаһқа мойынсұнған соң Аллаһ сүймейтін нәрселерден бойымызды аулақ ұстауымыз тиіс. Осы тұста қандай әрекеттерді Аллаһ сүймейді? деп сұрарыңыз заңды.
Мәселен, алда келе жатқан жаңа жыл қандай мейрам? Ол жайлы Ислам не дейді? Оны тойлаудың мұсылманшылығымызға кері әсері бар ма? Жаңа жылды алаңсыз тойлап жүрсіз бе, ақырым не болады деп ойлап жүрсіз бе? Міне осы мәселеде ақ пен қараның арасын дұрыс ажырата алмасақ, тура жолдан жырақтап, басың қайда дегенге құлақ көрсетуіміз ғажап емес. Сізге ұсынылған заттың іші жылтыр, адам қызығарлық болып көрінгенімен, іші сасық, құбыжық болмасына кім кепіл. Ал енді осы мәселені қолдан келгенше тарқатып айтып көрелік:
Жаңа жыл - Христиандардың хазіреті Исаның туған күні деп тойлайтын мейрамы (Рождество). Христиандардың сенімі бойынша хазіреті Исаның туған күні 25 желтоқсанға сәйкес келеді.
Ал Батыс әлемінде Жаңа жыл 354 жылдан бері тойланып келеді. Хазіреті Исаның туған күнін 6 қаңтар деп тойлап жүрген Шығыстағы христиандар болса, Ионес Христомос пен Григори деген қасиетті әкейлердің бастамасымен жаңа жылды тойлайтын күнді батыстағылармен бірдей етіп 25 желтоқсанға ауыстырды. Міне Жаңа жылдың тарихы қайда барып тірелігі тұрғанын қараңыз. Негізі христиандардан шығып отыр. Сіз, біз жаңа жыл болғаны үшін ғана тойлаймыз, мұнда ниет дұрыс болса болды ғой деуіңіз де мүмкін. Егер солай дейтін болсаңыз, мен арақты жақсы ниетпен ішіп отырмын ғой дегенге саяды. Мұнда ең маңызды мәселе осы мейрамды христиандардың белгілеп беріп отырғанында. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім бір қауымның әрекетін істейтін болса, ол сол қауымнан болып есептеледі», - деген.
ШЫРША ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?
Христиандарда шырша безендіру үрдісі болмаған. Христиандардың жаңа жылда безендіріп жүрген арша ағашы алғаш рет 1605 жылы Германияда қолданыла бастады. Кейіннен XIX ғасырдың орта шенінде Францияға да өтті. Армяндардың сенімі бойынша жаңа жылдың тәңірі Аманор деп аталды. Пагандықтың дәуірінде ауланған аңдар Аманордың құрметі үшін арша ағашына ілінетін болған. Жаңа жылда әртүрлі әсем бұйымдармен безендірілу арқылы өтетін бұл үрдіс пагандықтардан христиандыққа осылай өткен. Шырша - өзін Құдаймын деп жариаға жар салып, дүниеден озған Нәмрут патшаның белгісі. Нәмрутқа табынушылар біздің Тәңіріміз мәңгі тірі деп жыл он екі ай бойы жап жасыл кейпін өзгертпейтін шыршаға теңеген. Сондықтан шыршаны, айналғанда өзгелердің Тәңірлерін айналшықтап жүретініңізді ұмытпаңыз. Римдегі пұтқа табынушылар: «Егер кімде-кім өз үйінде қысты күні лавр ағашын әсемдеп қойса, ол үйден еш уақытта бақыт кетпейді» деген сенімде болған. Міне сіз де дәл осы сенімде болсаңыз иманыңыздан айырылып Аллаһтың азабына лайықтылардың біреуі болып шығасыз.
АЯЗ АТА
Аяз ата - Люклю өңірінің бас епископы болған Сантоклаустың еңбегін бағалауынан бастау алады. Христиандардың сенімі бойынша әрдайым күлімсіреп, адамдарға қолғабыс таныту жағымен танымал болған Аяз ата, қазіргі христиандардың мәдениетіне сіңісіп кеткен. Сантоклаус адамдарды қорғайтын қайырымды жан болып табылады. Жаңа жылда балалардың көңілін көтеретін ақсақал.
Мұның астарында да үлкен саясат жатыр. Жас бүлдіршіндердің ақ парақтай таза санасы мен кіршіксіз – жүрегінен орын алып, жастай уландыру. Бейкүнә бала Мұсылманшылықтан ұзақ қалып, өзге діннің дәстүрін жаңғыртып жүргенінен хабарсыз күйде қала береді.
Жаңа жылды тойлаудың адамға тигізер зияны шаш етектен.
Бірінші, сізді сеніміңізден айырып, өзге діннің дәстүрін уағыздауға үгіттейді. Яғни Исламға қайшы әрекет істейсіз. Ең сорақысы осы болса керек. Өйткені шындықтың тамырына балта шауып, өтіріктің сойылын соғасыз. Яғни Аллаһқа серік қосып, кешірілмес күнәға бой алдырасыз.
Екінші, қанша шығын, ысырапқа жол ашады. Ал Құранда Аллаһ Тағала ысырап етушілерді сүймейтіндігі баяндалған. Бұл тағы да Аллаһқа қарсы істелген шараңыз болып қала береді. Болмашы жылтырақтармен өз-өзіңізді алдап, от шашатын (салют) құралдарға қыруар қаржы жұмсайсыз. Осылайша өзгенің түкке тұрғысыз дүниесін аласыз. Олар сізді ақымақ қылып қалтасын томпайтып кете барады. Сондай-ақ осы ойыншықтар қанша жасөспірімдерді он екі мүшесінен айырып, жарымжанға айналдырады.
Үшінші, ішімдік атаулының қып-қызыл саудасы жүреді. Бұл күні көңіл көтерудің төте жолы осы тентек суға барып тіреліп тұрады. Осылайша тағы да Аллаһтың тыйым салған ішімдігін ішіп, қарсылығыңызды көрсетіп шыға келесіз.
Төртінші, үнділер айтпақшы, «Арақ ішкенде адам әуелі туыс боп сыланып, сұлуланып, байпаңдайды. Одан кейін маймыл болып ойнақыланып, қылжақтайды. Содан соң кәрлі арыстан болып қоқияды. Ең ақыры шошқа болып тынады». Міне мұндай халге түскен адам жанұясының шырқын бұзып, өзгелерді ренжітеді де ақыретте жауап беретін тағы бір істі мойнына арқалап алады.
Бесінші, қыз-қырқындар дәл осы күні абыройынан айырылып орны толмас өкінішке душар болса, қаншама адамдар пышаққа ілініп аурухананың терінен шығады. Сенбесеңіз бірінші қаңтар күнгі теледидарға жаңалықтар легіне көз салыңыз.
Алтыншы, сіздің бар назарыңызды осы бір жалған мейрамға аудартып, өмірлік негізгі мақсатыңызды ұмыттырады. Өз-өзіңізді «мұндай мейрам күніне келіп жатқан жоқ», «жаңа жыл күні қандай болсаң жыл бойы сондай болып жүресің» деп Исламға сай келмейтін неше түрлі негізсіз ырымдармен, өзіңізді де өзгелерді де алдап соғасыз. Міне, нағыз өтірік. Бұл үшін жауап бересіз.
Жетінші, қаншама оқу орындары мен мекемелер безендірілуі тағы бар. Бұл да қыруар ақшаны талап етеді. Дәл соған кеткен қаржыға жетімнің халін сұрап, көңілін ауласаңыз болмас па еді?
Сегізінші, мейрамнан кейінгі жағдайды бір көріңізші. Жаңағы сәнделген жылтырақтардың барлығы шашылып қала береді. Алаңдарда атылған от шашарлардың қалдықтары саңырау құлақша самсып жатады. Бұл да біреуге жұмыс. Оны жинайтын адам неше түрлі қарғыс айтып, жеті атаңа жеткізіп асырады. Міне өтіріктің барлық жері былғаныш болады. Басынан соңына дейін. Мұның жамандығын, тізе берсең соңына жете алмайсың. Сондықтан Аллаһтың мына бір бұйрығына құлақ салып, одан берік ұстанғанымыз жөн: «Олар (мүмин-мұсылмандар) өтірікке айғақ болмайды да бос (пайдасыз) сөздерге кездессе көңіл аудармай өте шығады» (Фұрқан 25/72).
Әсемгүл
as_18777@mail.ru
18-03-08 07:53
Барша мұсылман халқын,Жыл басы-Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Жаңа жыл жақсылыққа. молшылыққа толы жыл болгай!
Ұлыс оң болсын. ақ мол болсын!
Береке-бірлік,ынтымақ болсын!!!
Баршаңызға тек бақыт тілеймін!!!
Нурмахан
AGABEKOVNURMAXAN@MAIL.RU
01-10-06 10:04
Мен өте қуаныштымын! Барлыққа сәлем, қазақ тарихына тиісті мәліметтер болса,
жазыңдар!!!
Наурызг‰л
13-01-06 15:02
Есі т‰зу єњгіме таппадыњдар ма.Ќараѓандылыќтарѓа сєлем Аќтµбеден.
aidar
i_dar@mail.ru
22-03-04 18:52
Мен де маспың :)
Маған да хат жазыңдар қазақ қыздар ;)
Жанар
21-03-04 19:05
Бәсе.... Али мастығың білініп тұр....
Али
19-03-04 19:16
Кұтты болсын? мен кәзір маспын маган хат жазыңдар казак кыздар! alegan@ngs.ru
Н±р- Айша
Nuraisha@ok.kz
19-03-04 08:36
Ќазаќ халќы наурыз мейрамыны ерекше кµњіл бµлген. Наурыз жастар арасында да айрыќша тойланѓан. Ќыздар жаѓы наурызды ќарсы алу кешіне орай "¦йќы ашар" деген таѓам єзірлеген . Сол т‰нгі кеште ±лдар жыѓы ќыздарѓа арнап, "Селт еткізер " деген сыйлыќ єзірлеген екен. Єрине "Наурыз-кµже" турала білетін боларсыз.
Наурыз молшылыѓымен, тыныштыѓымен ,0 берекесімен келсін!
¦лысоњ болсын! Аќ мол болсын!
Алтынай
t_adilbekova@minfin.kz
19-03-04 08:29
қазақ халқына сәлем, наурыз ұлттық мерекеміз құтты болсын, елімізге береке бірлік әкелсін.
оразвек
komiga2002qyahoo.com
14-03-04 00:12
slm agailar men sizderden nauiriz kalai toilatadi kazakta kandai ultih narseleri bar bolsa magan jazuinizdi otonon e_mail adresime agailara jane de apailar
Куан
K.Kalidullin@mail.ru
07-03-04 01:36
Рахмет Азамат! Азамат десе Азамат екенсн Б!рге болсын!



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube