Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Танысу
Тақырып: Өзіңді-өзің жеңсең ғана мықтысың!!!


Авторы Xабарлама
Қазақ
naiman-999@mail.ru
06-12-07 15:31
Кеше кешкісін теледидардан қызын көріністі көрдім. Арыстанның ауызы түскен қара нәсілді жігіт соңғы сәтте Құдайға жалбарынады..Сол тұста тісін батыра берген арыстан кілт тоқтап оған қарап тұрып бұрылып кете барды. Кейін оның өзі Құдайға құтқара гөр деп жалбарынып едім, Алла тілегімді қабыл етіп мені құтқарды..алла өзіне сенген пендесіне қай кезде де қол ұшын береді деп тебіреніп тұрып айтты. Бұны көрген мен үлкен ойға кеттім. Адам бұл дүниеге ішіп-жеу үшін ғана келген жоқ қой..Бұл дүние адамға сынақ үшін, тәжірибе мен білім жинау үшін берілген. Адам-өз нәпсісін жеңгенде ғана "Кемелдікке" жететін көрінеді..Өкінішке орай осы уақытқа дейін нәпсінің (Сезімнің) құлы болып жүргеніме өкіндім. "Нәпсінің сан түрі бар..Мен солардың ішіндегі ең үлкені (Мен үшін) үшеуіне жихад (Күрес) жарияладым.Біріншісі арақ-шарап..Оны ішпегеніме 4 ай болды..Осымен оған нүкте қойдым.Екіншісі темекі..Оны да қасиетті жұма күні түбегейлі тастауға бел буып отырмын..Үшіншісі ең ауыры етегіңе ие болу..Яғни нәпсіқұмарлық сезімді ауыздықтау. Пайғамбар "кімде-кім екі аяғының ортасындағыны (Зина жасамай) таза ұстап, Аллаға серік қоспаса күнәдан кешірілетінін" айтыпты. Темекіні тастасам намазға жығыламын. Алла жәрдем берсе соңғы нәпсіге де тұсау салатын шығармын деп ойлаймын..Бұндай қадамға түрткі болған бірнеше себеп бар. Бұл бірақ жеке шаруам..Бұған дейін талай рет оқталғанмын осы жаман әдеттерден арылсам ғой деп. Талай рет жатарда дұға оқып, Аллаға жалбарынатынмын. Бірақ шәйтани ойлардан ойым бөлініп, шын ықылас жетіспегендіктен әрекетім жасанды болып шыққандай күй кешетінмін. Кеше ғажап іс болды..Аллаға шындап жалбарынып, одан көмек сұрағанда арамызда әлдебір шынайы сұхбат орнағандай күй кештім. Алла тағала әрекетімнің қаншалықты ықыласпен атқарылғанын бақылап тұрғандай болды. Иншаллах! Енді менің нәпсімен күресім басталады. Өзін-өзі жеңген адам ғана өзге нәрсеге қабілетті болады.


Авторы Жауап
GULNUR
07-12-07 11:22
ALLAH SUBHANAKA TAGALA SIGE OZ-OZINIZGE BERGEN SOZINIZDE TURUGA JARDEM ETSIN !
IHLASLPEN ISTEGEN AMALDARINIZDI KABIL ETSIN !
ALLAH RAZI BOLATIN AMALDARDI KOPTEP KILUINIZGA TILEKTESPIN!
Қазақ қызы
06-12-07 19:16
... Бәрін де оқып шықтым. Алла разы болсын сізге!
Иә, адамды шайтан азғырамын десе, бір сәтте ғана. Бәрақ, онымен күресу үшін мықты білім, иман қажет. Білесіз бе, Аллахты еске алып, құдыреттілігін сезінген сайын, ана әлемге асығамын. Мәңгілі өмірді, жұмақты көргім келеді. Алайда, жұмақтық болу үшін көп сынақтардан өтуіміз керек. Күпірлік жасамауымыз қажет! Адамнан емес, АЛЛАХТАн көмек сұрауымыз тиіс. Аллах бізді жаратты және бізге не керек екенін біледі. Аллах ешқашан да өз құлдарын тозақтық еткісі келмейді . Көп ескертулер беріп жатыр. Достарым, құрбыларым, мүсылман бауырлар бәрімізге де екі дүние бақытын Аллах нәсіп етсін.ӘМИН! Әр нәрсенің хайры мен берекесін беруін сұрайық! Кешірімді болайық! Жалған дүниелік нәрседен аулақ болып, мәңгілік өмір, яғни жәннаттік болуға асығайық! Амал жасайық!



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube