Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Танысу
Тақырып: Ислам және Нацизм


Авторы Xабарлама
Исламды қаралаған материал
naiman-999@mail.ru
27-02-08 14:27
Нацизм және Исламшылдық..
Поль Бельен


Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер Amerikabomber деген атпен бомбылаушы ұшақтарды құрастыруды жоспарлай бастады. Мақсаты: Манхэттеннің көк тіреген ғимараттарына жойқын шабуыл жасау. Үшінші рейхтағы қарулы күш министрі Альберт Шпеер өз күнделігіне былай деп жазды: Гитлер танти бастаған тәрізді. Ол Нью-Иорктің жалынға оранатыны туралы бірдемелер деп жүр. Ол алып үйлердің қалай отқа оранатынын, олардың шыққан алаудың түнгі аспанды қалай жарық тандыратыны жөнінде айтатын. Манхэттенді өлердей жек көрген Гитлер оны «әлемдік жөйтшілдіктің орталығы»деп атады.. Арада алпыс жыл өтпей жатып Гитлердің арманын Алманияда тұратын мұсылмандар жүзеге асырды. 2003 жылы Бонингті әлемдік сауда орталығына қарай бағыттаған Мұхаммад Аттаның тобы сот алдында жауап берді. Онда исламға кірген Аттаның жақын досы ұлты неміс Никельс, исламшылар Манхэттенді «әлемдік жөйтшілдіктің орталығы және олардың бақылауындағы қаржы мен коммерция оралығы болған соң» таңдағанын жеткізді. Бұл жерде нацизм мен исламшылдықтың жария түрде айтуға болмайтын, бірақ өте ұқсас тұстары бар. Наурыз айында «Жихад пен юдофобия: Исламизм, нацизм және 11 қыркүйектегі оқиғаның бастауы» атты еңбектің авторы,неміс тарихшысы Маттиас Кюнсел мұсылман-студенттердің қарсылығынан кейін Ұлыбританиядағы Лидс университетінде дәріс оқу ойынан бас тартты. Жихадшылар мен Батыс арасында майданға барабар үлкен текетірес жүріп жатыр... Біз тағы бір айқастан жеңілдік. Себебі бұған дейінгідей біздің саясаткерлер соғыстың аяқталып қойғанын тағы кеш түсінді.. Қазір исламшылдықтың қауіпті екені туралы айтқан еуропалықтарды ксенофобтар, нәсілшілер, тіпті неонацистер деп атап, кей ретте олар қуғындала бастады. Исламшылармен одақтасқан Еуропаның солшылдары Гитлер туралы жиірек сөйлеп, Еуропа өркениеті әуелден жамандықпен басталғаны туралы сөз таратып жүр. Олар кәрі құрлықтағы осы жамандықты ондағы еврейлермен бірге сылып тастағысы келеді. Өкінішке орай, америкалық кейбір «консерваторларда» таяздық танытып жүр. Былтыр New York Post-та Ральф Питерстің еуропалықтардың ашкөздігін сөз қылған мақаласы басылды. Онда Питерс еуропалықтарды « геноцид пен нәсілдік тазарту өнерін керемет жетілдірген», жекөруден әлем чемпиондары деп атады. Германия мұсылмандары одағының басшысы Айюб Аксель Келерде осындай ой айтады. Маусым айындағы християн шіркеуінің өкілдерімен болған кездесуде Келер, Еуропа ғасырлар бойы жалғасып келген өз тарихының қанды беттеріне ұялуы керек деді. Біреулерге Еуропаның «тұтастығын» қорғау неонацизмнің белгісі сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ Гитлердің нағыз ізбасарлары бүгінгі жихадшылар болып табылады. Еуропалықтардың арасында Холокосты болдырған айыпты шуып-шаю екінші Холокосқа дайындықты үнсіз бақылау деп қабылдайтындар жеткілікті. Жеме-жемге келгенде Гитлер бәрібір жеңетін сияқты. Бізде Гитлер Еуропаға алаңдаған тіпті болмаса Германияның тағдырына араша түскен деген пікір қалыптасқан. Анығында бұлай емес. 732 жылы Турдың түбінде арабтарды талқандаған Карл Мартеллдің ерлігіне мақтанатын Еуропалық ұлтшылдар өздерін бекер неонацистерге жатқызады. Себебі Гитлер бұл соғыста арабтардың жеңгенін қалады. 1942 жылы жақтастарымен болған кішігірім жиналыста Гитлер былай деді: Егер Карл Мартелл жеңілгенде біз, нағыз ержүрек жауынгерлердің ғана тәңіри көкпен табысуына жол ашатын, батырлықты дәріптейтін культ, Мұхаммед дініне өтер едік. Онда гермен нәсілі күллі әлемді жаулап алар еді». Гитлер Шпеерге исламның Герман темпераментіне тамаша үйлесетін айтты. «Егер Турдың түбінде мұсылмандар жеңіске жеткенде күллі Еуропа 8-ғасырда-ақ Исламды қабылдайтын еді. Бірақ арабтар нәсілдік кемшілігіне байланысты ұзақ уақыт бойы Еуропаның қатал климатына бейімделе алмады. Олар жергілікті жігерлі тұрғындармен көпке дейін текетіресе алмас еді. Нәтижесінде Мұхаммед империясының бастауында арабтар емес, Исламға бой ұсынған Германдықтар тұрар еді». Бүгіндері Германия батыстың өзге елдері сияқты қарқынды түрде исламданып барады. Саны барған сайын артып бара жатқан мұсылман иммигранттарынан бөлек жыл сайын төрт мыңға жуық неміс Исламды қабылдайды. Әдеттегідей Исламды есейген шағында қабылдағандар барынша радикалды болып келеді. Қыркүйекте Фриц Геловиц және Даниэль Шнайдер деген мұсылман болған қос неміс Франкфурттың халықаралық әуежайында жарылыс ұйымдастырмақ болған сәтінде қолға түсті. Гитлер бұл сабаздармен мақтанатын еді.
The Washington Times-газетінен. 2007 жыл. 8 қараша. Баспаға дайындаған ...



Авторы Жауап
Исламды қаралаған материал
naiman-999@mail.ru
27-02-08 14:29
Батыста исламды жақтаушылардан бөлек оған қара күйе жағуға тырысатын бірнеше лагерь бар. Бұл солардың бірінің пікірі..



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube